close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Научный проект

код для вставкиСкачать
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы «№11Қоскөл жалпы орта
білім беретін мектебі»КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы:Қазақстанның дәрілік өсімдіктері.
Жұмысты орындаған: 7-сынып оқушысы
Елубай Сымбат Елубайқызы
Жетекшісі: Бахадырова Мадина Серікқызы
Зерттеудің мақсаты:
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің,жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін,
олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік
қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс.
Зерттеудің міндеті:
- дәрілік өсімдіктердің түрлерімен танысу.
- дәрілік өсімдіктердің пайдасына тоқталу.
- дәрілік өсімдіктерді ішкі ағзаларды, тері ауруларын емдеуге
пайдалану.
Өзектілігі:Қазақстанда кездесетін өсімдіктерді соның ішінде емдік
қасиеттері бар шөптерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін,
халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді
қорғау және мақтан тұту.
Зерттеудің жаңалығы:
Қазақстандағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы біле отырып
олдардың көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым.
Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.
Болжам:
Ғылым мен техниканың шарықтап дамыған шағында жүйке жүйесін емдеу үшін,
бөртпелерге, ішек, ұлтабар ауруларына, қанды жақсартуға, авитаминоз, ревматизм,
асқазан ауруына өне-бойды жел-құз шалғанда, дене сырқырап ауырғанда, көз ауруларын
емдеуге шырғанақтың, итмұрынның, қарақаттың жапырағынан , жемісінен, жидегінен
дайындалған сусындар, тұнбалар, шырғанақ майын ем жүргізуді қамтамасыз ету.
Мазмұны
•Кіріспе
Туған өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктер.
•Негізгі бөлім
I.Әр өңірде өсірілетін өсімдіктердің емдік қасиеті.
II.Дәрілік өсімдіктер тарихы.
III.Жаңа дәрілік заттарды табу әдістері мен жолдары.
IV.Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу.
•Қорытынды
•Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге
дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай,
әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік
өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда
ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда
синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға
болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде
көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың
нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни
қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге
деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге
өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер
халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ.
Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние
жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде,
мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина
жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.
Туған өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктер.
Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.
Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Мал
бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы
өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға
шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен
таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және
орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық
медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен
ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін
өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері
бар.
дәрілік шөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан
тікенектері бар. Сол тікенектері
түбінде кішкене жабырақтары
орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері
болады. Мамыр айында және тамызда
гүлдейді.
Еліміздің барлық Оңтүстік
аудандарында, Орта Азия, Кавказ.
Негізінен далада, құрғақшылық
аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С
витамині өте көп болады. Дәрілікке
жантақтың шөбі және тамыры
пайдалы.
Жалбыз- Ерін гүлділер тұқымдасы, хош
иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық
шөптесін өсімдік. Жалбыздың
жапырағында ментол бар. Бұл
өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт
жолдарын емдеуге шипалы. Ол
жағымды иіс беретін әрі
антисептикалық зат ретінде сұйық
дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың
Итмұрын жидектері.
Итмұрын Жемісінің құра-мында илік заттар, С,
К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант,
лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде
белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі,
тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.
Орман бүлдіргені Биіктігі 5-25 сантиметр, көп
жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда
піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан
– ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту
органдарының қабынуын басады, бауыр,
бүйрек ауруларына ем.
Қызыл мия
өсімдігінің
сипаты.Қызыл
мия
көпжылдық өсімдік.Биіктігі 80-120см,бұтанаң диаметрі 48см,тамыр
мойнының
диаметрі
2
см.Көлденең бағытталған
тамырсабағы 20 стереңдікте,
жоғары қарай шашыраңқы,ал тігінен төмен қарай жана
ма тамырлар шығады.Жер астына 152 см тереңдікке ше
йін
енеді.Жер асты суынан көтерілген ылғалдылықпен қор
ектенеді.Сабағы тік бұтақталған.Жапырағы
қандауыр,
сопақша жұмыртқа тәрізді.Күлтесі күлгін немесе ашық
күлгін.Көп
тұқымды,сопақша
тік,ұзындығы
23,5
см тегіс
бұршақ қабы болады.Тұқымдары
Жусан өсімдігі.
Зерттеу
жұмысы
кезінде
қазақ
даласында кездесетін жусан түрлері
кесте жусаны, қара жусан, шымырауық
жусан және т.б. Жусан тіркеліп, олар өсу
ортасына, таралуына, кездесуіне қарай
жіктелді. Зерттелген жусан түрлерінің
ішінен тек біреуінен ғана ісік ауруына
қарсы дәрі шығатыны анықталды.
Сондықтан,
әрі
перспективті
эфирмайлық, әрі дәрілік өсімдік ретінде
қолданылатын жусанды тиімді, күтіп
ұстауды ұсынамыз.
Дәрмене жусан – тұқымдасына жататын
дәрілік өсімдік. Оның дәнінен адамның
ішкі
ағзаларына
ем
ретінде
пайдалануға арналған дәрі-дәрмектер
жасалады.
Қазақ
халық
медицинасындаоныдәріжасамайда емдомға пайдалана береді. Оны дәрілік
шикізат
ретінде
көп
пайдаланғ
андықтан, жылдан-жылға сиреп бара
жатыр.
Адыраспан-
емдік қасиеті.
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын,
жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық
емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке
ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның
тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын
емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық
медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады,
қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді.
Сондай-ақ малдыңқотырын да жазады. Адыраспаннан жүн
мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы
мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан
шаруашылықзиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады.
Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар
бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас
денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.[1]
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз
қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем
дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның
буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін
адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте
булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін
адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға
тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде
адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған
адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне
ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда,
адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады.
Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын
бірге қайнатып ішеді.
Еліміздің оңтүстігііндегі шөл және шөлейт алқаптарында изен, жусан, тарлау, сексеуіл
секілді қазір сиреп бара жатқан өсімдіктер әлі де көп кездеседі. Орталық Қазақстанның
таулы-қыратты өңірінде арша, қайың жиі ұшырасады. Мысалы, Қарағанды облысының
бұрынғы Жезді ауданының Бұланты, Қарақұм, Байқоңыр, Жетіқоңыр, Киік, Құлжанбай,
Қоскөл өңірінің жайылымдарында мия, бозғанақ, бұйырғын үш түрлі: ақ белек, тікен
бұйырғын, ірі бұйырғын, тобылғы, жусан үш түрлі: боз жусан, қоңыр жусан, жер жусан,
көкпек, жантақ, балық көз (ащы шөп), түйеқарын, тұзжапырақ, ажырық, доңыз, күңшаш,
жұмыр, қарашағыр, ақшағыр, қарғатұяқ, қоңырбас, ақселеу, тарлау, арпақан, кәріқыз,
түйежапырақ, бәйшешек, теміртікен, қияқ, бидайық, қамыс, ұшхат, тораңғы, алабота,
шоңайна, итсигек, шытыр, буылдырық, бақбақ, бүлдірген, тұңғиық, қоға, ши, жалбыз,
қазоты, бетеге, есекмия, додана, меңдуана, шыралжың, қымыздық, атқұлақ, райхан,
ақеркек, майқара, ебелек, жуа, қызылша, баялыш, теріскен, қараған, күйреуік, әдіраспан,
итмұрын, жыңғыл, ошаған, жиде, жоңышқа, таспа жоңышқа, шырмауық, терек, шілік,
қараөлең, құланшайыр, шайыр, бұйрашайыр, түйесіңір, сексеуіл, жүзгін, боз тал, құба тал,
қайың, қоянсүйек, сарсалма, таспа боз, изен, айырауық, текесақал, тәнтәку секілді
төрттүлік мал сүйсініп жайылатын өсімдіктер ұшырасады. Менің бұл мәселеге көңіл бөліп
отырғаным: өсімдік шаруашылығына ауыспалы егіс жүйесін енгізу мәселесін қолға алудың
керектігі. Қазіргі Қазақ елі мен жеріндегі жаңа агроинновациялық саланың табысты дамып,
мол өнімді агрорынокқа ұсынуы үшін әрине, өсімдік шаруашылығын зерттеп, оның өнімді,
пайдалы түрлерін соған ұқсас аумақтарға ауыстырып, біртіндеп жерсіндіруі пайдалы
болады. 1982 жылы бұрыңғы Жезқазған облыстық тәжірибе стансасына жоғарыда
аталынған шыралжың, изен, бозғанақ, тарлау секілді өсімдіктерді ауыспалы егіс жүйесімен
өсіріп, одан кейін облыстың басқа да шаруашылықтарына тұқымы таратылған еді.
Нәтижесінде сол кезеңде сол өңірдегі елді мекендердің азық-түліктік өнімдерге сұранысын
қанағаттандыруда ілгері қадам жасалынды. Мұндай тәжірибенің қазір де ортақ іске пайда
келтірері анық. Ғаламдық жүйеде халық тұтынатын азық-түлік өнімдеріне жыл санап
сұраныстың артып келе жатқаны белгілі. Соған орай жер ресурстарын барынша толық
пайдалана білгеніміз жөн.
Жиде – көптеген дертке шипа. Гүлінің
құрамында эфир майы,
жапырағында аскорбин қышқылы болады.
Сабағы мен бұтағының
құрамында илік және бояу заттары бар.
Жидегінде қант, органикалық
қышқылдар, ақуыз, көмірсулар, фруктоза,
аздап илік заттар, дәрумендер бар.
Жидеде Едәрумені көп болады. Жидені іштің
ауырғанын басу, иммунитетті көтеру, ас
қорыту органдарының жұмысын жақсарту
үшін пайдаланады. Жүрек-қан тамырлары
ауруларын жидек жемісімен емдейді. Жиде
құрғақшылыққа төзімді.
Оны құм тоқтатуға, жыра, арық, өзен
бойын, қаланы көгалдандыруға пайдалану
керек. Гүлінен хош иісті май, иіс сулар
алынады. Жиде балы адам денсаулығына өте
пайдалы.
Жуа(Allіum) – көп жылдық шөптесін
өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты
шарда 500-ге жуық түрі кездеседі.
Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық
шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы
аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде
бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр
тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы
тұтас қынапты, сабағын орап тұрады.
Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті.
Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары
домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек
кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы,
түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға
алынып, Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген. жуа мал азықтық,
тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де
бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше
сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени
түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де
кездес
Дәрілік өсімдіктер тарихы.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы
географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі
өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан
үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік
өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері
Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қайбөлігі болса да пайдалы,
оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол
өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым
сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын
айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің
дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол
өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір
заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды
қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің
қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған
дәрімен емдеді.
• Ұсыныстар
•
1.Туған жерімізде өсірілетін дәрілік өсімдіктерді
күнделікті тұрмыста көп өсіріп, олармен күтіммен
қарауын өз достарыма ұсынамын.
• 2.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетіне байланысты
халық еміне арналған қоспа жасау әдістерімен қолдану.
• 3.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін ескере отырып,
сауықтыру орындарында көптеп өсіру жүзеге асырылса.
• 4.Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері
күнделікті тұрмыста қолданысқа енгізіліуіне ұсыныс
жасалынса.
•
.
Алтын тамыр
Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес
өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық
түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып,
сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін
шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың
құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына
шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан
тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке
жүйесінің ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан
қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса,
кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та
жібереді. Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде
шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен
гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық
емшілері адыраспанды адамның құяңын,
сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған.
Мал-дә-рігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен
Дәрмене жусан.
Онымен емдеу ғылыми
медицинаға қосылған үлкен
үлес. Қазақтың халық
емшілері ішек құрты ауруына
қарсы қолданған.
Бабаларымыз бұл өсімдікті
атам заманнан бері шет
елдерге сауда керуендері
арқылы көп мөлшерде жіберіп
отырды. Қара жусанның
тамырын тәбет ашуға, ішек,
асқазан, бауыр, өт қалтасы
ауруына пайдаланады.
Арша
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр,
қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде
өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып,
ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі
ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын
дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау
пайдалы. Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық
шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем
болатын аурулары: жедел және созылмалы ди-зентерияға;
асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық
және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара-ларға; қышыма,
бөріткен, ес-кілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі.
Абайлап қолдану қажет. Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш
сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі
етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем
болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына;
кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып
ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; жұтқыншақ
ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп
ауруына ем болады.
Женьшень.
Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия
тұқымдасы панак туысына жататын көп
жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50
сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған,
сыртқы қабы-ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп,
10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның
тамырында тритерпен глюкозидтері
(сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі.
Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрідәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға
төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және
жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге
қолданылады.
Мойыл.
Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш
немесе бұталы өсімдік, жемісі –
қара сүйекше. Дәрілік шикізат –
жемісі. Жеміс тұнбасы жас
бұзаулардың іш өтуін тоқтатады.
Шыбын-шіркей, кене т.б.
зиянкестерді қыру үшін ағаш
қабығының тұнбасы
пайдаланылады. Ол үшін ағаш
қабығының 100 граммы 5 литр
суға ерітіліп, шыбын-шіркейі
мол жерге шашылады.
Қара пышақ ,күшәлаш– биіктігі
20-40 сантиметр болатын, көп
жылдық шөп тектес, жартылай улы
өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті.
Өзбектер оны күшәла деп атайды.
Ортаңғы қабыршақ жапырақтың
ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр
болатын, қарындаш тәрізді өзек-ше
өсіп шығатын болғандықтан,
орыстар оны карандаш дейді.
Медицинада осы өсімдік тамырынан
дәрі жасап, онымен өкпе
туберкулезін емдеп келеді.
Қарандыз.
Сазды жерде өседі. Түбін дәрі
ретінде пайдаланады.
Жөтелгенде түбірін аршып
ауызға салады. Жербауырсақ
Жусанға, басқа шөпке жабысып
өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны
қуығы тұтылған адам емге ішеді.
Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса
жуан емес, іші сары қатты ағаш.
Оны ыстық-суық болып
ауырғанда емдік дәрі ретінде
қолданады.
Долана.
Долана Раушан гүлділер
тұқымдасына жатады, бұта не ағаш.
Қазақстанда 7 түрі Алтай,
Тарбағатай, Іле және Жетісу
(Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі
тамыз – қыркүйекте піседі,
дәруменге бай. Долананың 50 түрі
қолдан өсіріледі, ол – дәрілілік
құнды шикізат. Жемісінің
құрамында аскорбин, лимон
қышқылдары, флавоноидтар,
каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің
жиырылуын күшей-теді, қажығанда
қуат береді, қан қысымын
Жөке.
Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің
қайнатпасы мен тұнбасы микробты құр-тады, ісік
қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан,
ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да
қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жө-ке
гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жиі кездесетін улы
өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдік-тердің қай-қайсы да
шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы1
өсімдіктерді дәрі-дәр-мек ретінде пайдаланғанда аса
сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет. Негізінен, біздің
даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:
1.Шашақ жемісті гелиотроп. 2.Батпақ қалтагүл шөбі. 3.
Түйе шырмауық, түйе-табан. 4.Жатаған темір тікен.
5.Мүйізді шөңгебас. 6.Дала қылшасы. 7. Дала қырық
буыны. 8.Тегеурінгүл. 9.У балдырған. 10.Сасық
меңдуана, т.б.
Қорытынды.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да, өзіндік маңызын алі күнге дейін
жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оның құндылығы артып келеді. Сондықтан, соңғы
кезде қолданылатын химиялық препараттарға қарағанда «дәрілік өсімдіктерден»
дайындалған дәрілерге сұраныс басым. Дәрілік өсімдіктерден жасалған препараттардың
адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде
«фитотерапия»айтарлықтай дамып отыр. Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді
зерттеу барысында биологиялық белсенді заттарын анықтауда тек бұрыннан белгілі
түрлердің ғана емес басқа да перспективті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін
ескеріп анықтау маңызды болып табылады. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне
дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.
Қалай атаған күнде де адамзат баласы үшін дәрілік өсімдіктердің пайдасы өте
зор. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасын нығайтады, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, асқазан
және ішек жолдары мен әр түрлі бездердің (мәселен, ас қорыту бездерінің т.б.)
қызметтерін жақсартады, қан қысымы мен зат алмасуды ретке келтіреді, ағзаға
жиналған улы заттарды несеп, нәжіс, қақырық, тер арқылы сыртқа шығарады,
микробтар мен бактерияларды, вирустарды жояды, ауырған жерді, дене қызуын басады
қан тоқтатады орталық жүйке жүйесін тыныштандырады және т.б. Сондықтан
халықтың өсімдіктер туралы: «өсімдік – жанға шипа, дертке дауа; өсімдік – денсаулық
кепілі; өсімдік – дәрі-дәрмек қоймасы; өсімдік - ауруға ем, сауға қуат»деген қағидалардың
шынайылығына көз жеткізу қиын емес. Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми
медицинада 216-дан астам дәрілік өсімдік түрлері қолданылады. Оларды қалай болса
солай ысырапсыз жинап, тұқымын құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал.
Табиғат «тегін» сыйға тартқан қымбат қазынаны қорғауды, сақтауды, келешек
Пайдаланған әдебиеттер.
«Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік қасиеттер»
Қажымұратов М. «Қайнар» баспасы, Алматы- 1975ж
2. «Жасыл аптека» Л. К. Сафина Е.П. Петров Алматы
Қайнар 1992ж
;
3.«Мен- емшімін» Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажы
Шымкент 2008ж
4.Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматыкітап 2008ж
.
5. Стрижев А.н. Лесные травы. 1979
1.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
125
Размер файла
1 163 Кб
Теги
проект
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа