close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 15-Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
№15 (9728), 24 наурыз, 2016 жыл
Халық өз қалауын таңдады
Барша халық көз тігіп, әркім өз қалаулысын таңдау үшін көптен күткен саяси науқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және облыстық, аудандық мәслихаттарға
депутаттар сайлау 20-наурыз күні ауданымызда ұйымшылдықпен өткізілді. Сайлау барысында халықтың белсенділігінен олардың саяси көзқарастарының өскендігін,
ұрпақтарының болашағына алаңдайтынын байқауға болады. Сайлау күні таңғы сағат 7.00де барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру бір мезетте басталып кетті. Сайлау
қорытындысы бойынша сайлауға қатысатын аудан тұрғындарының 91,33 пайызы учаскелерге келіп, өз дауыстарын берді. Сайлау науқаны ауданымызда өз дәрежесінде, талапқа сай
жүргізілді.
Біздің ауданымызға қарасты 29 сайлау учаскелеріндегі дауыс беру сайлау заңдылықтарына
сай өткізілді. Атасу кентінде орналасқан 6 сайлау учаскесінде өткен сайлау қарқынды жүрді.
Сайлауға түсетін партия мүшелері мен
бақылаушылар атсалысып, сайлаудың өз
мәнінде талапқа сай өтуін қадағалады.
Сайлауға қатысушыларға ақ тілегін білдірген
қариялар бұл жолы да көшбасшы бола білді.
Мәселен,
еңбек
ардагерлері
Қамбар
Сейітқамалов, Есенкелді Бейсенбаев, Шәрбан
Рысмағанбетова, Елекен Адамовтар сайлау
учаскелеріне ертемен келіп, ашылу салтанатына қатысып, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, 18
жасқа толып, сайлауда алғаш дауыс берген жеткіншектеріміз Мерей Үмбетжанов, Айғаным
Әдиева,
Асхат
Қаппасовтар
еліміздің
өркендеуіне осы үміткер үлкен үлес қосады
деген сеніммен дауыс берді. Сайлау учаскелеріне алғашқы болып келгендерге, тұңғыш дауыс берушілерге, осы күні туған күндерімен сәйкес келгендерге ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Алғашқы келгендердің қатарында аудан әкімі Ғ.И.Омаров
жұбайымен бірге дауыс беруге келді. Сайлауға тұңғыш дауыс беруші Мерей Ерұланұлы өз ойын былай жеткізді: “Тәуелсіз елдің
егемен ұрпағы болғаным үшін, осы елдің азаматы ретінде болашақ
үшін дауыс бергеніме өзімді бақытты санаймын. Еліміздің өсіпөркендеуіне куәгер болып, ер жеткен біздің таңдауымыз
жастарымыздың оқып, білім алуына үлкен мүмкіншілік жасаймын
деген партия мен үміткерлерде болмақ”.
Ал, ұзақ жылдар басшылық саласында қызмет етіп, бұл күнде зейнеткерлікке шығып, еңбек ардагері атанған Елекен Адамов: -Елімізде өтіп жатқан бүгінгі сайлауға әлемнің жіті көз тігіп отырғаны
САЙЛАУ - 2016
белгілі. Өйткені, дамыған қазақ елін дүние жүзі танып отыр. Бірлік пен татулықты берік ұстап, жедел алға басып келе жатқан елімізді түзу жолмен бастайтын іскер партия мен азаматтарды тап
басып, әділ таңдау азаматтығымызға сын. Сайлаудың
бірауыздылықпен тыныш өтуі, елдігімізге сын,-дейді шын
көңілден тебірене. Ауданымыздың тұрғындары айрықша белсенділік танытқан сайлауға халықаралық байқаушылар қатысып,
сайлаудың өту барысын қадағалады. Жандарына аудармашы ерткен Дания азаматшасы – Хусум Сорен Бо және Германия
Федералдық Республикасының азаматы – Лангенбах Сандра Николе ауданымыздағы 11 сайлау учаскесінде болып, өздерінің оң
бағаларын берді. Сайлау күні таңертеңнен бастап барлық сайлау
учаскелерінде мекемелердің, білім орындарының, мәдени-сауық орталығының өнерпаздары
сайлаушыларға арнап мерекелік концерт қойды. Бұл күні сайлау учаскелерінің жанынан арнайы
дайындалған орындарда мал өнімдері мен сүт тағамдары арзан бағаға сатылса, аудандағы барлық
жеке меншік тағам дүкендері өз тауарларын ұсынды. Денсаулығына, қарттығына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмаған сайлаушылардың дауысы арнайы бөлінген көлікпен сайлау
комиссиясының мүшелері және бақылаушылардың қатысуымен үйлеріне барып алынды. Осылайша, Парламент мәжілісіне және түрлі деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлау ауданымызда
адамдардың сайлау құқығын тең дәрежеде толық сақтай отырып, әділ, таза, мәдениетті түрде
өткізілді.
Өз тілшімізден
VІ - шақырылған Жаңаарқа аудандық мәслихатының
І - сессиясын шақыру туралы
Атасу кенті
24 наурыз 2016 жыл
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару
туралы” Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихаттың І - сессиясы 2016 жылғы 29 наурыз күні сағат 12.00-ге аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақырылсын.
Күн тәртібі: 1.Ұйымдастыру мәселесі. 2.Әртүрлі мәселелер.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Н.Әкішев
Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлаудың нәтижесі туралы округтік сайлау комиссияларының хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 9, 44, 111 баптарына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаттары сайланды.
Мәслихат
депутаттығына
кандидаттарға
берілген дауыстар
саны
Жарамсыз деп
танылған
сайлау
бюллетеньдерінің
саны
1
Сайлау округінің нөмірі
мен атауы
Округ бойынша
сайлаушылардың жалпы
саны
Дауыс беруге
қатысқан
сайлаушылардың
жалпы саны
№2 Сарысу сайлау округі
1552
1252
1069
1398
1184
№1 Сәдуақасов сайлау округі
№3 Орталық сайлау округі
№4 Абай
сайлау округі
№5 Теміржол сайлау округі
№6 Қызылжар сайлау округі
№7 Ақтау
сайлау округі
№8 Байдалы би сайлау округі
№9 Ералиев сайлау округі
№10 Қараағаш сайлау округі
№11 Сейфуллин сайлау округі
№12 Түгіскен сайлау округі
1648
1594
1622
1526
1679
1631
1476
1508
1599
1490
1649
1386
1308
1175
1096
1252
1071
1626
1356
1674
1202
1505
1595
1486
1645
1396
1016
1267
1330
1258
1351
3
4
3
1
5
6
3
5
8
9
6
Мәслихат депутаттығына сайланған кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты,
атқаратын қызметі, тұрғылықты жері, саяси партияға қатыстығы
Рахимов Рысқали Серікбайұлы - 1964 жылы туған, қазақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Рымбеков Сәулет – 1963 жылы туған, қазақ, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы
директоры, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Орынбасарова Нұргүл Охасқызы – 1968 жылы туған, қазақ, «Данияр» шаруа қожалығының мүшесі, Атасу
кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Әбілдинов Мейіржан Хамзеұлы – 1962 жылы туған, қазақ, «Жаңаарқа Жылу» КМК директоры, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Рахманқұлова Әлия Сахытқызы – 1965 жылы туған, қазақ, «Аудандық орталық аурухана» КМК
директорының орынбасары, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Мұсаев Төлеубай Қадірұлы – 1960 жылы туған, қазақ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ Қызылжар станция
бастығы, Қызылжар кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы – 1966 жылы туған, қазақ, «Жаңаарқа Жылу» КМК бас механигі, Атасу
кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Бекежанова Бағдат Шакарбайқызы – 1966 жылы туған, қазақ, кәсіпкер, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан»
партиясы мүшесі.
Жуанышбаев Жанболат Ондыбайұлы – 1970 жылы туған, қазақ, «Қоғалы» шаруа қожалығының жетекшісі,
Ералиев ауылында тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Имантүсіпов Қуат Анасұлы – 1978 жылы туған, қазақ, «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі
Жаңаарқа шаруашылығы» КММ директоры, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Айтжанов Өмірбек – 1963 жылы туған, қазақ, Бидайық орта мектебінің мұғалімі, Бидайық ауылында
тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Абюров Жұмаділда Елеусізұлы – 1961 жылы туған, қазақ, «Сәкен и К» ЖШС бөлімше бастығы, Түгіскен
ауылында тұрады, Нұр Отан» партиясы мүшесі.
Жаңаарқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
2
Төрлет, елге құт болып, Мешін жылы!
Өнерді сүйген көпшілік тапжылмастан мерекенің ән-би,
күйден шашылған шашуына қарық болды. Өнер десе ішкен
асын жерге қоятын аудан халқы үшін барлық мекемелер мен
оқу орындары бірінен бірі өткен өнерлерімен көпшіліктің
көңілін шарықтатып, нағыз думанның көрігін қыздырды.
Толас таппаған ән мен биден көз ала алмаған көпшілік өз алдына бір төбе болса, киіз үйлердің қонақжай дастарханын
дәм ішіп, үйден үйге қыдырып “Ұлыс оң болсын!” айтып
жүрген қалың нөпір халықта есеп жоқ. Алтыбақан тепкен жастар мен балалардың көңілдері бірге тербеліп, жарқын
күлкімен қызыққа толған. Алаңды айналаға тігілген шатыр-
Біздің халқымыз Наурыз мерекесіне үлкен мән беру арқылы
береке, бірліктің, ынтымақ пен достықтың, тәртіп пен
тазалықтың терең тамыр жаюына ықпал еткен. Адамдар
Ұлыстың ұлы күніне аман-есен жеткеніне шүкіршілік етіп,
өкпе-реніштері болса ұмытып, алдағы уақыттың жақсылық
әкелетініне үлкен сеніммен қараған. Жаңа күнді лайықты
қарсы алу үшін айналасы мен үй ішін тазартып, бар ынтамен
әзірлік жасаған. Бұл күн көпшілік ортасында кешірім мен мейірім, ізгілік пен сыйластық кең орын алуымен ерекше.
Күн мен түнді теңестірген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі бұл күні шарықтау шегіне жетті. Жаңа күн, жер дүние
жаңғырған шуақты көктемнің шұғыласы нұр болып
“Жеңімпаздар”
форумы өтті
Наурыздың 21-і күні Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауында
«Нұр Отан» партиясының жеңіске жетуіне арналған
«Жеңімпаздар» форумы өтті. «Нұр Отан» партиясының
Жаңаарқа аудандық филиалы 20 бастауыш партия
ұйымында 3106 партия мүшелерін біріктіріп отырған
саяси күш. Өткен сайлау қорытындысы – бұл заңды
нәтиже. Себебі, қазақстандықтар біздің еліміздің әлемдік
қауымдастықтағы беделін, Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің жиырма бес жыл ішіндегі қол жеткізген
барлық табыстарымызды «Нұр Отан» партиясымен байланыстырады.
Біздер
осы
таңдауымызбен
ел
экономикасының қарыштап дамып, бейбітшілік пен
тұрақтылықтың сақталуына үлес қостық. Осылайша «Нұр
ларда сауда қызып, қол өнер бұйымдары мен тамақ өнімдері
саудаланып жатты. Әр кезеңге бөлініп, ұйымдастырылған
мәдени көпшілік мерекенің маңызын арттыра түскен байқау
сайыстар мен ұлттық спорттық додалар өткізіліп, өзінің қызу
қанды жанкүйерлерін жинады. Қазақ күресі, кір тасын
көтеру, арқан тарту, қол күрестіру, асық ату және көңілді
старт тәрізді спорттық сайыс түрлерінің жеңімпаздары
анықталып, марапатталды. Осындай мерекелік іс-шаралар
жарқырады. Жарқыраған жарқын күннің аясында дүбірлеп
өткен мереке ел мен елдің, жер мен жердің, түрі басқа болса
да жүрегі мен тілегі бір жұрттың берекелі ұжым бірлігін
айшықтады. Бұл күні таңмен таласқан әсем әуенді ән мен
күйдің сазы барша жұртты орталық алаңға асықтырды. Мереке өтетін орталық алаңның әсемдігі мен әдемілігі тіптен
өзгеше. Наурыз-көктемнің жылы шуағына қанатын тосқан
айдындағы аққулардай қатар-қатар тізілген ақшаңқан ақбоз
киіз үйлер маңайы тойшыл көпшіліктен көзді сүріндіреді.
Той басы Қызыр бабаның бата беруімен басталды. Мұнан соң
барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылды.
Бұл күні жұртшылықтың көңіл күйі ерекше болды. “Наурыз
күні той тойлап, жақсы тілек тілеген адам келесі наурызға
дейін қуаныш пен бақытта, бейбіт өмір сүреді”-деген ертеден
келе жатқан ұғым бар. Міне, Әз Наурыз дүние есігін ашты.
Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір
сахнаға аудан әкімі Ғабдырахман Игілікұлы Омаров шығып,
халықты мереке күнімен құттықтады. Өмір жылнамасында
тағы бір жылды артқа тастап, мешін жылына қарымды қадам
басқан өңір тынысын тілге тиек еткен аудан басшысы межелі
биіктерді бағындыруда, келешекке қарымды қадам жасауда
ел бірлігінің үлкен септігін, өткенге салауат айтып, келешекке
үмітпен қараудың, ұрпақтарға айтулы аманат, ізгі тәлімтәрбие қалдырудың артықшылығын атап өтті. Ауыз бірлігі
жарасқан халқымыздың жарқын келешегін қамтамасыз етер
салауатты да салиқалы бағытты атап, ізгі тілегін білдірді. Келесі сәтте аудан орталығындағы Б.Амалбеков, Ю.Гагарин
атындағы жалпы орта білім беретін мектептердің ұжымдары
мен аудандық мәдени-сауық орталығы өнерпаздарының
қатысуымен
«Жаңаарқа-наурызнама-2016»
атты
театрландырылған көрініс, «Наурыз гүл көктем» атты мерекелік концерт, «Ең үздік ұлттық тағам» сайысы, мерекелік
сауда, «Ауыл береке» ауылшаруашылық өнімдерінің
жәрмеңкесі ұйымдастырылды және № 132 жалпы орта білім
беретін мектептің ұйымдастыруымен «Бауырсақ фестивалі»
өтті.
24 наурыз 2016 жыл
жыл табалдырықтан аттады. Жаңа күн төңірекке нұр
шапағатын төкті. Наурыздан наурызға аман-есен жетейік!
Өз тілшіміз
Отан» партиясын қолдау арқылы гүлдену мен көркею
жолын таңдаған жаңаарқалықтар «Жеңімпаздар» форумында бас қосып, қуаныштарымен бөлісті.
Форум аудан орталығының мектептері оқушылары мен
колледж студенттерінің флеш-мобымен басталды. Жеңіс
туын желбіреткен «Жеңімпаздар» форумында «Нұр Отан»
партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғабдрахман
Омаров, партияның сайлауалды қоғамдық штабының
төрайымы Дәмеш Әрінова, аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Ғалым Төтеев, «Жас Отан» жастар қанатының
атқарушы хатшысы Еркебұлан Мергенбаев және
ауданымыздың намысын қорғап жүрген жас спортшы,
қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» Дәурен Ізтөлеуов шараға қатысушыларды Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті
мәслихаттар сайлауында «Нұр Отан» халықтық
партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуімен
құттықтай келе, «Нұр Отан» партиясының жеңісі қазақстандык демократияның және Елбасына әрдайым
зор үмітпен сенім артып отырған бүкіл Қазақстан
халқының жеңісі екенін айтты. «Жаса, Қазақстан!»,
«Қазақстан - алға!», «Жаса, Нұр Отан!», «Жайна,
Қазақстан!», «Алға, Нұр Отан!» деп ұран еткен форумда
аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер
орындап, қатысушылардың рухтарын арттыра түсті.
Өз тілшіміз
24 наурыз 2016 жыл
Участникам ТОО «Кредитное Товарищество «Жанаарка»
Уведомление
ТОО «КТ «Жанаарка» уведомляет Вас о проведении общего собрания участников ТОО
«КТ «Жанаарка», назначенного на «11» апреля 2016 г. в 10 часов 00 минут, которое будет
проведено по адресу: пос. Атасу, пр. Независимости, 22, 2-этаж, актовый зал здания РУПС
(Каз.почты) на котором будут рассматриваться следующие вопросы повестки дня:
Рассматриваемые вопросы: 1. Распределение чистого дохода. 2.Об открытии в АО «Аграрная кредитная корпорация» кредитной линии на последующее финансирование участников
КТ, на срок 15 лет, со ставкой вознаграждения до 20% годовых. 3.О предоставлении в залог
АО «Аграрная кредитная корпорация» в качестве обеспечения исполнения обязательств
ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка» перед АО «Аграрная кредитная корпорация»,
с правом внесудебной реализации следующего имущества: Денежные средства, размещенные в Банке второго уровня не менее 25 (Двадцать пять) % от уставного капитала КТ. 4.О
предоставлении в залог АО «Аграрная кредитная корпорация» в качестве обеспечения исполнения обязательств ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка» перед АО «Аграрная
кредитная корпорация», с правом без акцептного списания денежных средства, размещенные в Банке второго уровня в АО «Цесна Банк». 5. О предоставлении согласия АО «Аграрная кредитная корпорация» на предоставление информации о Кредитном товариществе,
касающейся полученных в рамках запрашиваемой кредитной линии Кредитным товариществами индивидуальных займов/траншей, и исполнения обязательств по ним, подтверждения целевого использования и/или освоения, оплаты вознаграждения и основного долга
уполномоченным органам в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, а также АО «Холдинг «КазАгро».
6.О наделении полномочиями Председателя Правления ТОО «Кредитное Товарищество
«Жанаарка» – Рымбекова Саулета на подписание рамочного соглашения, договора займа,
кредитного договора, договоров залога, гарантии, дополнительных соглашений к ним и
иных документов, необходимых для открытия кредитной линии, и внесения изменений в
уже открытые кредитные линии от имени ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка».
7.Утверждение новых ВНД по программам кредитования КТ.
Явка строго обязательна! При себе иметь печать!
Аудан көлеміндегі жеке және заңды тұлғалар назарына!
1. Жылына бір рет техникалық байқаудан заңды және жеке тұлғалардың иелігіндегі
және «Жанаарқа ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
техникалық инспекциясында есепте тұрған тракторлар мен монтаждалған арнайы
жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда , мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизімдері сонымен қатар комбайндар өткізіледі. 2.Машиналарға мемлекеттік техникалық байқау, машиналардың техникалық жай- күйін бағалау , олардың санын
, иесін және басқада техникалық көрсеткіштерін анықтау , техникалық қауыпсыздық ережелерін өрескел бұзуды болдырмау шараларын іске асыру мақсатында жүргізіледі.
3.Мемлекеттік техникалық байқау жүргізілгенде тракторист- машинистердің жүргізу
куәлігінің уақытылы екендігі тексеріледі 4. Тракторлар медициналық қорапшамен және
сыпырғышпен ,1,0х1,0 м кигіз , өрт сөндіргішпен жабдықталуы қажет. 5.Иеленушіде (сенім
хат иесінде) машина жүргізу құқын беретін куәлігі жоқ болған жағдайда техникалық
байқау жүргізілмейді , машинадан номерлік белгі алынып , байқауды өткізудің жана мерзімі белгіленеді. 6. Машиналарды басқару жағдайында мемлекеттік байқау өтпегендігі
немесе техникалық байқаудан өткен бірақ ақауы бар, пайдалану қауіпсіздігіне қауып
төндіретін жүру қауыпсіздігіне немесе экологиялық жағдайды төмендететін
қолданыстағы заннамаға сәйкес кінәлі адамдарға әсер ету үшін іс- шаралар қолданылады
,ондай машиналарың нөмірлік белгілері алынып пайдалануға тиым салынады. 7.
Ауылшаруашылық ,мелиоративтік , жол- құрылыс ,занды тұлға ,жеке тұлға , ұйымдарымен
мекемелер ушін олардың ведомстволық бағынушылығына қарамастан сондай-ақ басқада
машиналары бар азаматтар үшін техникалық байқау міндетті болып табылады. 8.Машиналарды техникалық байқаудан өткізу олардың тұрақты тіркелген жерінде өткізіледі.
Техникалық байқауды “Жанаарқа ауданының ауылшаруашылығы бөлімі” мемлекеттік
мекемесінің бас маман инженер – испекторы Б. Мүскінов өткізеді
«Жанаарқа ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ
3
Еске алу
Қараағаш ауылының тумасы, ардақты әке, қадірлі ата Райымбаев
Қайрулла арамызда болғанда наурыз айында 80 жасқа толар еді.
Ағайын-туыс болып атамыздың мерейтойын атап өтер едік. Бүгінде
атамызды сағына еске алып, рухына дұға бағыштап, қол жаямыз.
Болып еді отбасының тірегі,
Бала үшін терін төккен үнемі.
Артында оның қала берді жаутаңдап,
Жабырқаулы ана, бала жүрегі.
Көркем мінез, ашық пейіл, сай қылық,
Асыл әке қалдық сізден айрылып.
Дұға жасап, жаратқаннан сұраймыз,
Жатқан жерін ете көрші жайлығып.
Еске алушылар: жұбайы-Кенжегүл, балалары, немерелері-жиендері.
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданы Сәкен ауылының тумасы, шаңырақтың шырағы,
бауырларының қорғаны, абзал әже, береке құтымыз болған аяулы анамыз Шалғынбайқызы Көкемай Ахметбеккеліні биыл 2016 жылдың
20-наурызында тірі болғанда 70 жасқа толар еді.
Жан анашым, өркенім,
Ошағымның көркі едің.
Жүректерді өртедің.
Анажан, зарығамыз, сағынамыз,
Алланың бұйрығына шара бар ма?
Қол жайып, дұға жасап бағынамыз.
Аула, үйің сені еске салады-ай,
Әзинаңа артық еді бағаң-ай.
Сенсіз қалай таң атады, күн батып,
Аспандағы күнім едің, Анам-ай.
Сағына еске алушылар: балалары, немере-жиендері
СОБОЛЕЗНОВАНИЕ
Выражаем искренние соболезнование родным и близким, по поводу безвременно ушедшей,
на 65году жизни, старейшего работника ясли-сада, воспитателя Зубаревой Ольги Васильевны
Коллектив ясли-сада “Ертөстік”
*****
Выражаю соболезнование родным и близким по поводу безвременной кончины моей бывшей напарнице по работе Зубаревой Ольги Васильевны. Вечная ей память.
Воспитатель ясли-сада “Ертөстік” Стрыгина Тамара Васильевна
СҮРІНГЕНДІ СҮЙЕЙ БІЛЕЙІК
Сотталған адамдарды қоғамнан оқшаулау олардың жасаған қылмыстары үшін жазасын
өтету мақсатында Қазақстан Республикасының Коституциясына ,Қылмыстық Кодексіне,
басқада қылмыстық тәртіптік заңнамаларға сәйкес соттың заңды күшіне енген үкімін,
қаулысын жүзеге асыру бағытында жүргізіледі. Пробация қызметі олардың пайдалы
еңбекпен айналысуына, білім алуына, қоғамға қауіп тудыратын маскүнемдік, нашақорлық
сияқты жат қылықтардан бас тартуына, салауатты түзу жолға түсуіне ықпал ететін тәрбиелік
іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырады. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес
жазаларға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Қоғамның мақсаты елімізде
заңдылықтың бұзылуына жол бермеу, әрбір азаматтың қайталап құқық бұзбауын және оның
қылмысқа ұласып кетпеуінің алдын алу. Пробация қызметі өз тарапынан сотталғандарды
қайта тәрбиелеу, дұрыс жолға салу, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу және болдырмау, сотталған жасөспірімдерді үнемі бақылауда ұстау, ата-аналарымен және
көршілерімен тығыз байланыс орнатуда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Сонымен бірге
Пробация қызметі ішкі істер органдарымен бірігіп алдын-алу іс шараларын өткізіліп тұрады,
аудандық әкімшілікпен тоқсан сайын ақыл-кеңес отырысы өткізіліп тұрады, сонымен қоса
бос жұмыс орындар жәрменкесі ұйымдастырып тұрады, жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімімен қоғамдық ақылы жұмысқа және жұмыспен қамтамасыз етіліп
тұрады, кәсіби даярлау, атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар
жәрдемақысын алуға көмек көрсетіледі, мекеме ұйымдары, орталық ауруханадан тегін
медициналық тексерістер мен психологтан көмек алып тұрады, сот, прокуратура органдарымен өзара тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды.
Бүгінде біз қоғамнан оқшауланбаған жаза мерзімі тағайындалғандарды есепке алып,
олардың қылмыс жасауына, құқық бұзуына жол бермеудің оңтайлы жолдарын тауып, бұл
бағыттағы шараларды жетілдіре түсіруді көздеп отырамыз. Сондықтан бұған көп болып атсалысу, көмекті қажет ететін қоғам мүшелерін назардан тыс қалдырмай, дұрыс жолға
бағыттау біздің негізгі мақсатымыз.
Н.С. Мухаммедин,
Жаңаарқа аудандық ПҚ-нің инспекторы, әділет аға лейтенанты
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі азаматтық
қызметшінің бос лауазымына орналасуына
конкурс жариялайды
Атауы: «Жаңаарқа ауданы әкімдігінің «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «Кенжебай-самай негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі бағыты: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
Орналасқан орны:(мекен-жайы): Жаңаарқа ауданы Түгіскен с/о, Кенжебай-самай ауылы, телефон 5-11-07. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар: жоғары
педагогикалық білім және біліктілік ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан
кем болмауы, сонымен қатар басқарушылық қызметтегі жылдан кем болмауы тиіс.
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы
Санаты
G-4
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы(теңге)
бастап
дейін
103085
124985
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасының тіл
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы»,
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі болып асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемдесу туралы», «Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,
«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалау
және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың
бағыттары мен кешенін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, педагогика мен психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты; педагогика, педагогикалық
психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық
қызмет туралы заңнамалар, еңбек туралы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қарсы
қорғанудың ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі Конкурс
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 қаулысымен бекітілген «Азаматтық
қызметке кіретін азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесі». ҚР Білім және ғылым Министрі 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары конкурстық тағайындау
қағидалары» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс бойынша
құжаттар қабылдау аяқталған соң 5 жұмыс күні ішінде аудандық білім бөлімінде
әңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық
ақпарат құралдарының басылымдарында (Жаңаарқа газеті) жарияланған сәттен бастап 15
күнтізбелік күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 100500 Атасу кенті
Абай даңғылы №37. Анықтама үшін телефон 2-83-94, факс 2-74-98
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі азаматтық
қызметшінің бос лауазымына орналасуына
конкурс жариялайды
Атауы: «Жаңаарқа ауданы әкімдігінің «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «№140 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі бағыты: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыру.
Орналасқан орны:(мекен-жайы): Жаңаарқа ауданы Ералиев с/о 189 разъезд,телефон 5-1978, 5-02-48. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар: жоғары
педагогикалық білім және біліктілік ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан
кем болмауы, сонымен қатар басқарушылық қызметтегі жылдан кем болмауы тиіс.
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы
Санаты
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)
G-4
бастап
дейін
103085
124985
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасының тіл
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы»,
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі болып асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемдесу туралы»,
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың
қадағалау және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді
дамытудың бағыттары мен кешенін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, педагогика
мен психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты; педагогика,
педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржышаруашылық қызмет туралы заңнамалар, еңбек туралы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі
және қарсы қорғанудың ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды
білуі Конкурс ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық қызметке кіретін азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс
өткізу Ережесі». ҚР Білім және ғылым Министрі 2012 жылғы 21 ақпандағы №57
бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары
конкурстық тағайындау қағидалары» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге жіберілген
үміткерлер конкурс бойынша құжаттар қабылдау аяқталған соң 5 жұмыс күні ішінде
аудандық білім бөлімінде әңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында (Жаңаарқа газеті)
жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 100500 Атасу кенті Абай даңғылы №37. Анықтама үшін телефон 2-83-94, факс
2-74-98
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі
Сатылады
Германиядан, Япониядан келісім-шарт бойынша әкелінген моторлар мен коробкалар сатылады. Мотор аудиға, пассатқа, гольфқа (көлемі 1,8) 95000 теңге, коробка аудиға, пассатқа,
гольфқа- 35000 теңге. Автобазар аэропорт, 7 қатар, 5 контейнер, телефон: 8 700 522
08 77, 8 747 522 08 77, 8 776 522 08 77.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Құттықтаймыз!!!
Аяулы да ардақты анамыз, Ақтүбек ауылының тұрғыны, баға жетпес
байлығымыз, ақ жаулықты әжеміз Дүйсенбекова Нюся 70 жасқа толып
отыр. Тілеуімізді тілеген, еркелігімізді көтерген, біз ауырсақ жаны
ауырып, тыным таппаған, көрмей қалса сағынып, жолымызға
қарайлаған аяулы анашым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі
қазына, сөзі қасиетті асыл әже! Бар тәттіні аузымызға тосып, бар
жақсыны үстімізге кигізіп, еркелетіп өсірген анашым ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп, жүре беріңіз. Жасыңыз ұзақ,
деніңіз сау болсын.
Жан ана, бастау алдық Сізден гүлдеп,
Жан-жақтан ағыламыз сағындым деп.
Жетелеп ұл-қызыңды, жеткізем деп,
Төрт бөліп түн ұйқыңды сабылдың көп.
Ұрпаққа үлгісіз сан өнегемен,
Жайғансыз әкемменен кереге кең.
Ауырмай аман болып ұзақ жаса,
Шөпшекті көрші Анашым шөбереден.
Игі тілекпен: балалары-Сәнім-Айгүл, Дүйсен-Ғалия, Ерболат-Қаршыға, БақытжанҚарлыға, Ғазым-Гүлмира, Ербол-Гүлзира, Бекзат-Лалагүл, немерелері Мұхтар, Диас,
Ақжігіт, Ақерке және жиендері.
Құттықтаймыз!!!
Құрметті, Ғани Шайхауұлы! Алпыстың шыңына шығып отырған Сізді,
көпшілік, санаулы ғұмырын еліміздің темір жол саласына арнаған зиялы
азамат ретінде таниды. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын,
қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін! Жаңаарқа жол дистанция
ұжымы, наурыз айынның 25 жұлдызында 60 жасқа толуыңызбен шын
жүректен құттықтайды! Алдағы өмірде отбасы, бала – шағаңызбен
немерелеріңіздің ортасында, қосағыңызбен бірге ұзақ та бақытты,
қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне
бөлене беріңіз!
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортасында аман-есен жүріңіз!
«Жаңаарқа» жол дистанция ұжымы
Құттықтаймыз!!!
Құрметті бауырымыз Гүлшат Кадірсізқызы! Сізді өміріңіздің айтулы белесі
– 50 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірден
тоқығаны мол, тереңнен ойлап, кімге болса да қамқорлық танытып, қол
ұшын созатындығыңыз, ешкімнің көңілін қалдырмайтын ақ көңіл
мінезіңіз баршаға аян. Сіздің жүрегіңіз кең, жаныңыз жомарт, ақ жарқын,
қамқор да мейірімді, аяулы да қымбатты бауыр ретіндегі абзал
қасиеттеріңізге бәріміз тәнтіміз. Бүгінде, жолдасыңыз Қайрат екеуіңіз қыз
ұзатып, келін түсіріп отырған жарастықты отбасы, ауданымызға белгілі
кәсіпкерлерсіздер. Тағдыр бақыттарыңызды ұзағынан сүйіндірсін,
шаңырақтарыңыздан лайым шаттық, құт-береке үзілмесін, мерейлеріңізді
дәйім үстем етсін, балаларыңыздың қуанышына кенеліп, кәсіптеріңіздің нәсібін
көріңіздер!
Балалардың қызығына тоймаған,
Туған-туыс қадіріне бойлаған
Сыйластықтың сырын білер, бауырым
Үш жұртының қамын әркез ойлаған.
Тілек білдірушілер: ата-аналары: Кәдірсіз-Кәлен, Аманкүл, Боранбай-Ғайша,
Бақытжан-Ләззат, Ғалым-Сымбат, Ғазиз-Айнұр, Ғани-Бағлан, Бота-Бақыт, НоянГүлзат, Бека-Ырыс, Сәкен-Гүлден
Құттықтаймыз!!!
М. Жұмажанов ауылының тұрғыны ардақты ана, мейрімді әже,
отбасының ұйытқысы Еркінай Төлеутайқызын 50 жасқа толған
мерейлі тойымен құттықтаймыз! Анамызға мың алғыс айта отырып, денінің саулығын, отбасының амандығын, ағайын-туысының
сыйластығын, еңбегінің жемісін, өсірген ұл-қызының қызығын,
жарының амандығын тілей отырып, мына жыр шумақтарын арнаймыз.
Тағдырыңның қыңыр қисық соқпағымен өткелін
Көз алдымда қасқайып кеп артқа тастап кеткенің.
Жыласаң да жабықсаң да өмірден,
Жаратқанға шүкір айтпай жүрген күнің жоқ сенің,
Қолдауыңның арқасығой жетістікке жеткенім,
Сен бар жерде бақыттымын қуанышым көп менің.
Алтын жүрек, аппақ жүзді періштедей Анашым
Құтты болсын мерейлі 50-ші көктемің.
Дәл өзіңнен аумай қалған қайсар, мықты мінезім,
Тура сенің жүрегіңдей өлең сүйген жүрегім.
Сан мың мәрте дұға жасап, жаратқанға жалынып,
Ұзақ өмір сүруіңді шын жүректен тіледім.
Ізгі тілекпен: ата-енесі- Егінбай-Тәжікен, жолдасы-Серғазы, балалары-АйбатАйнұр, Құрман-Айгерім, Жангелді, Әділет, немерелері: Әли, Қуаныш.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1460 дана
Тапсырыс №15
Автор
zhanzbc
zhanzbc148   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Журналы и газеты
Просмотров
15
Размер файла
10 312 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа