close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 20qxp Жанаарка газеті

код для вставкиСкачать
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
СЕМИНАР
Ауылшаруашылық саласындағы жиын
Егемен елдің ертеңін
ойлаған
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
Республикасының
дамыған мемлекеттердің
отыздығына
кіру
жөніндегі «100 нақты
қадам»
-жоспарын
жариялағаны
баршаға
аян.
Осы «100 нақты
қадам»
жоспарында
ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану,
ауылшаруашылық тауарын өндіруді күшейту
баса айтылған.
Ауылшаруашылығы оның ішінде көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы,
көпжылдық азық-түлікті дайындау мен агроөнеркәсіп кешенінде болып жатқан
өзгерістер жайлы сонымен қатар ауылшаруашылық саласында берілетін жеңілдетілген
несиелер мен субсидиялар туралы мағлұмат беруге облыс әкімінің орынбасары
Ш.К.Мамалинов бастаған мамандар ауданымызға келіп үлкен семинар кеңес өткізді.
Бұл кеңеске арнайы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Қ.Асанов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы А.Шалмағанбетов, жердің
пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары
Ж.Ысқақов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қ. Тұрсынбеков, ҚР ауыл
шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы М.Мұхтаров, ҚР ауыл
шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция
комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Қ.Шушиков,
«Қарағанды өсімдік және селекциялық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС егіншілік
бөлімшесінің меңгерушісі Н.Ющенко, «Аграрлық кредиттік корпарация» АҚ-ның директоры М.Төлешов, «Ауыл шарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директоры
Ө.Торғаев, «»Қазагромаркентинг АҚ директоры Б.Омарханов, «ҚазАГРОҚаржы» АҚ бас
менеджері Д.Асанов, «МТС Жаңаарқа» ЖШС құрылтайшысы И.Бодякина қатысты. Семинар кеңеске ауылшаруашылық саласының бөлім басшылары, мамандары, ауыл
әкімдері мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Аудан әкімі Ғ.И.Омаров семинарды ашып, жиынға қатысушы басшылармен таныстырып, күн тәртібіне тоқталып, сөз кезегін облыс әкімінің орынбасары Ш.Мамалиновқа
берді. Облыс әкімінің орынбасары бүгінгі семинардың өзегіне айналып отырған
тақырып, жер ананы дұрыс пайдаланып, сапалы өнім алу орасан еңбек пен көп
қаржыны талап ететініне, сондықтан сапалы өнім алу үшін басты мақсат дұрыс және
жоғары репродукциялы тұқым таңдай білу, ғылыми негізделген бағыттарды және
оңтайлы мерзімде егін себу, қазіргі заманға сай технологияларды қолдану, техникаларды
уақытында дайындау және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.
Осы аталған мәселелерді дұрыс жолға қоя білгенде ғана мол өніммен орасан табысқа
қол жеткізілетінде атап өтті. 2016 жылы өсімдік шаруашылығын субсидиялау, көктемгі
дала жұмыстарына дайындық барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы Б.Қ.Асанов хабарлама жасады. Көктемгі жұмысқа облыс
көлеміндегі дайындық барысына тоқталып, оның ішінде ауданымыздағы көктемгі дала
жұмыстарына дайындығының сандық пайыздық көрсеткіштерін бағамдады. Дәндідақылдар мен көпжылдық мал азықтарына берілетін субсидиялар мен жеңілдіктерді
кеңінен баяндады. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған ірі
инвестициялық жобалардың жүзеге аспай жатқаны да, әсіресе мал басын көбейткен
біздің аудандағы мал бордақылау алаңдарының аздығы сөз болды. Облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан Қоңырбайұлына ауданымыздағы
шаруа қожалықтарының басшылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті
жауаптарын алды. Мәжіліс барысында жиынға арнайы келген басқарма басшылары
мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдіктер жөнінде терең түсіндіріліп,
ауылшаруашылығы саласындағы бүгінгі жетістіктеріне тоқталды. Шаруа қожалықтары
иелері субсидияның кеш алатындығын ол уақытта шөптің пісіп-жетіліп, ағарып кететінін айтса, бірі малды асылдандыру мақсатында алынған бұқалардың кей түрінің
субсидияға жатпайтынын сөз етті. Мал басын өсіруді қолға алып, қой тұқымын
көбейткенімен жаз жайлауға шыққанда малға су тапшылығына тоқталып, қой түлігінің
жүнінің керексіз болып, өтпей жатқанын айтып, жүн алатын пунктер ашыла ма? деп
сауал тастады. Малдың етін өткізетін, сүтін өткізетін орындар болса деген ойларын
да жасырмады. Жалпы бүгінгі таңда мал басын көбейтіп енді оның өнімінің сапалы
болуына көп көңіл бөлу керектігі ол үшін дәнді-дақылдармен құнарлы шөптерді
өсіру керектігі сөз болды. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ш.Мамалинов
аталған бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырып, құзырлы мекеме лер басшыларына нақты тапсырмалар берсе, аудан әкімі Ғ.И.Омаров облыс әкімінің орынбасары
Шагурашид Қалиұлы мен облыстан келген басқа да басшыларға алғысын білдіріп,
ауданымыздың шаруа қожалықтары Елбасының саясатын жүзеге асыруда еңбек етіп,
жетістіктерге жетеді деп сенім білдірді.
Өз тілшіміз
№20 (9733), 23 сәуір, 2016 жыл
СЕМИНАР-КЕҢЕС
Рәміздерді пайдалану мәселелері қаралды
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында «ҚР Мемлекеттік
рәміздерін пайдалану мәселелері» жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Жаңаарқа ауданының
әкімі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия төрағасы Ғ. Омаровтың төрағалығымен
өткен семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары қатысты.
«Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Р. Казимов мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде жиі орын алатын кемшіліктерге тоқталып,
тиісті слайдтар көрсетті. Сондай ақ мемлекеттік рәміздерге арналған бұрыштар, мемлекеттік
рәміздер бейнеленген стендттер, басшының кабинетінде, мәжіліс залдарында мемлекеттік
рәміздердің ішкі көріністе орналасуы, Елтаңбаның мөр және плакат өнімдерінде дұрыс пайдаланылуы, мекемелердегі рәміздер жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы сөз болды.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елтаңбаның ҚР СТ 989-2014 жаңа стандартының енгізілуіне байланысты мекеме басшыларының тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап
берді. Тағылымы мол жиынды қорытындылай келе, аймақ басшысы Ғабдрахман Игілікұлы
еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айғақтайтын ҚР мемлекеттік рәміздеріне аса
құрметпен қарауды және дұрыс пайдаланылуын мұқият қадағалауды әр мекеме басшысына
тапсырды.
Баспасөз қызметі
Қоғамдық кеңес жұмысын бастады
Таяуда аудандық Қоғамдық кеңесінде кездесу өтті. Кездесуді қоғамдық кеңестің
төрағасы Хамзе Сәтжанов жүргізіп, кеңес мүшелері және мекеме басшылары қатысып
отырды. Кеңесте аудан әкімі Ғ.Омаров ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарды айта
келе, алдағы уақытта қолға алынатын істерге де тоқталды. Қар кетіп, жер құрғасымен басталатын тазалық жайлы сөз етіп, аудан ажарын айшықтайтын жерлердің көркіне көрік
қосатын көгалдандыру жұмыстарын бірлесе жүргізіп, тазалықты бірлесе сақтасақ
деген ойын білдірді. Бүгінгі таңда ауданымызда қолданысқа берілген саябақтардағы
мүсіндерді қалыпқа келтіру, сырлау, әктеу жұмыстарымен бірге ғимараттардың
қасбеттері мен алаңдарын сәулеттендіру, жарықшамдармен қамтамасыз ету қолға
алынуы керек. Әрине ол үшін барлық тұрғындардың қатысқаны дұрыс. Кеңеске
қатысушылар басқа да өзекті мәселелерді ортаға салып, олардың шешілу жайындағы ойларын білдірді. Аудан әкімінің қатысуымен алғашқы жұмыс отырысын бастаған Қоғамдық
кеңестің кеңсесі “Нұр Отан” партиясының ғимаратында орналасқан.
Өз тілшіміз
Сенбілікте қарағайлар отырғызылды
Осы жылдың 16 сәуір күні елді-мекендерді көктемгі санитарлық тазалау, абаттандыру
және көгалдандыру екіайлығы аясында кент аумағында мекемелер, орта бизнес нысандары орналасқан жерлерге талдар отырғызылды. Жалпы кент аумағында 650 түп
тал, оның
ішінде 210 қарағай егілді. Тал егу жұмыстарына аудандық
жастар
орталығының бастамасымен, С.Сейфуллин,О.Жұмабеков, Б.Амалбеков, Ю. Гагарин
атындағы орта мектептердің оқушылары және Агротехникалық колледж оқушылары
белсене қатысты. Тәртіп пен реттілікті мүдде тұтқан іс-шараға мемлекеттік мекемелер
мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері ғана емес, жалпы кент тұрғындары
қатысты. Мәселен, аудан әкімі Ғ.Омаров бастаған аудан әкімдігінің қызметкерлері Абай
даңғылындағы жол жиегіне қарағайлар отырғызып, басқаларға үлгі болды. Осы шараны
өткізу үшін арнайы үнпарақтар таратылып, халықтың өзге де ақпараттандыру тетіктері арқылы құлақтандырылуы еске алынды.
Кент орталығында қоқыс қалдықтары мен рұқсат етілмеген күл-қоқыс үйінділерінің
жылдар бойы жиналып қалуы - өзекті мәселелердің бірі. Екіайлық кезеніндегі
қарымды әрекеттер шенберінде осы мәселеде ерекше ескерілетін болады.
Атасу кенті әкімі аппараты
Тұқым шаруашылығы бойынша субсидиялар алуға
арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
тізімін айқындау үшін ведомствоаралық
комиссия құру туралы
2
Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, 2005
жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12
желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына сәйкес субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілердің тізімін айқындау үшін төмендегідей ведомствоаралық комиссиясы құрылсын
Бекқожин Юржан Асанович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Комиссия мүшелері: Ахметов Дюсембек Сарсекович - «Жаңаарқа ауданының ауыл
шаруашылығы» ММ басшысы, Аманжолов Данияр Жумажанович - “Жаңаарқа ауданының
жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, Сагиева Салия Акзановна - «Жаңаарқа
ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, Рымбеков Сәулет - Қарағанды
облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңаарқа ауданының филиалының директоры (келісімі бойынша)
2. Осы өкімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожинге
жүктелсін.
Аудан әкімі
Ғ.Омаров
Сәулетті құрылыс – дәулетті тұрмыс
Қыс мезліглі бітіп, шауқты көктем шығып, алдағы уақытта жайдарлы жаз айлары келе жатыр.
Республикамыз бойынша барлық деңгейдегі облыс, аудан, ауыл округтері аумағында сенбіліктер өткізу басталады. Осыған орай көркейіп келе жатқан ауданымызды, оның орталығы
әсіресе Атасу кентін таза күтіп ұстауға, безендіруге, сәулетті келбетін бұзбауға байланысты
бекітілген Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру
Ережелн бұзбауымыз және оны сақтауымыз қажет. Осы Ережедегі сенбіліктерге қарамастан
тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылардың
тарапынан сәулет, құрылыс нормалардың күнделікті сақталуы туралы тармақтарына
тоқталсақ. Қаптаманың, сылақтың, фактуралық және боямалы қабаттардың бүлiнуi, сылақтағы
сызаттар, қаптама, кiрпiш және шағын блок төсеменiң жiктерiнен ерiтiндiнiң боялуы, тұтас
жинамалы ғимараттардың жiктерiндегi герметикалық сылақтың бүлiнуi, қабырғалардың
шығыңқы бөлiктерiндегi металл жабынның бүлiнуi немесе тозуы, су ағар құбырлардың
бүлiнуi, дымқыл және тот басқан орындар, су аққан және тұздалған жерлер, үстіртін жалпы
ластануы, парапеттердiң бүлiнуi және осыған ұқсас басқа да аталған бүлiнулер анықталу шаралары бойынша, одан әрi дамуына жол берiлмей, оларды ғимарат, үйлер иелерi және (немесе)
пайдаланушылар жоюы қажет. Кiреберiстерді, жертөле қабатын, сөрелерді, маңдайшаларды,
сыртқы жарнама орналастыру құралдарын үйлер мен (немесе) құрылыстың иелерi және (немесе) пайдаланушылары таза және жарамды күйде ұстауы қажет. Көп қабатты үйлерде балкондар мен лоджияларды өздiгiнен қайта жабдықтауға, терезелер мен балкондардың сыртқы
жағына гүлге арналған жәшiктердi орнатуға; белгiленген тәртiпте берiлген рұқсатсыз үйлердің
қасбеттерiн, олардың конструктивтік элементтерiн өздiгiнен қайта жабдықтауға; алдын ала
сәулеттiк бөлiктердi қалпына келтiрмей үйлер мен құрылыстардың қасбеттерiне сырлау
жұмыстарын жүргiзуге жол берілмейді. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтердi ретті
түрде бояп, тот басудан сақтау қажет. Барлық құбырлардың қабырғалар мен іргетастар арқылы
өтетiн орындарында ашық орындардың болуына жол берiлмейдi. Коммуникациялар арқылы
өтетiн көпiршелер, ғимарат және (немесе) құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушыларымен дұрыс және таза күйде болуы қажет. Дүкендер мен офистердiң, көшелер жағына шығатын
сөрелерi жарықпен безендiрiлуi тиiс. Тұрғын үйге қоса берілген аумақ көріктендірілуі,
көгалдандырылуы, жарықтандырылуы және қоршалуы қажет, кiреберiс жолдары және жаяу
жолдардың қатты жабыны болуы қажет.Объектiлердiң құрылыстан және жолдардан бос
аумағы көріктендірілуі және көгалдандырылуы қажет. Ортақ пайдаланудағы
көгалдандырылған аумақтар көріктендірілуі және шағын сәулет нысандарымен: фонтандар
және бассейндер, сатылар, пандустар, тiрек қабырғаларымен, күркелермен, шамдармен
жабдықталуы қажет.
Аулаларда түрлi шаруашылық немесе қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар)
өз бетінше салуға және коммуникацияларды (антенналар, электр, телефон кабелдерiн) өз бетінше орнатуға жол берілмейді. Үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үюге жол
берілмейді. Көркем ресімдеудің құралдары, сыртқы жарнама құралдары және ақпараттар таза
күтіп-ұсталуы, қаланың эстетикалық бейнесін бұзбай белгіленген тәртіпте орналастырылуы
қажет. Жарықты жарнамаларды және маңдайшаларды пайдаланылатын кәсіпорындар оларды
күн сайын қараңғы түсе қосуы қажет және жанып кеткен жарық элементтерін уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуі қажет. Қандай да бір плакаттарды, хабарландыруларды және
ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, ағаштарға, жарық тіректеріне, қалалық жолаушылар көлігінің күту павильондарында, шарбақтарға, сондай-ақ осы мақсаттарға арнайы бөлінген
орындардан жапсыруға және орналастыруға жол берілмейді. Құрылыс және монтаж
жұмыстарын жүргiзу кезінде жұмыстарды орындаушы бекiтiлген аумақтың құрылыс алаңы
аумағын тазалауды қамтамасыз етуi қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар
Қазақстан Республикасының санитарлық қағидаларымен белгіленген тәртiпте және мерзiмдерде уақтылы шығарылуы тиiс.
Қоныстану аумақтарында құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде қалдықтар мен
қоқысты ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан лақтыру жолымен тастауға жол берiлмейдi. Осы Ерженің 19 тармағында Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексімен белгіленген жауапкершілікке тартылады делінген. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы» Кодексі, әрі қарай 505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң
аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер
инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру туралы бөлігі
қарастырылған. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу,
сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін
жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне
– қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады. Осы Кодекстің 729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар. 505-баптарында
көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің
аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы. 685 бап. Ішкі істер органы,
яғни жергілікті әкімшілік полиция Ережені бұзған жеке нмесе заңды тұлғаларға жаңа айтып
өткендей әкімшілік жазаларды қолдана алады. Алдағы уақытта аудан әкімдігінің
ұйымдастыруымен Ереженің орындалысын қадағалау шараларын жүргізу бойынша жергілікті
әкімшілік және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, көшелерді аралау жұмыстарын,
күндізгі, түнгі рейдтерді жүргізетін болады. Құрметті аудан тұрғындары! Сіз бен біз болып,
жоғарыда жазылған мән жайларды ескере отырып, Ережені бұзбай, ауданымызды таза ұстауға,
көгалдандыруға, безендіруге, дүкен, офистерімізді түнгі жарықтармен қамтамасыз етіп, бұдан
әрі көркеюіне ат салысайық.
«Жаңаарқа ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
Мәні зор кездесу
23 сәуір 2016 жыл
2016 жылдың сәуір айының 11-ші жұлдызында
Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин атындағы аудандық
кітапханасында
аудандық
мұрағаттың
ұйымдастыруымен «5 институттық реформаны жүзеге
асыру бойынша “100 нақты қадам” атты дөңгелек үстел
өткізілді. Дөңгелек үстелге бір топ еңбек ардагерлері,
мекеме және кәсіпорын басшылары, қоғам белсенділері мен саяси ұйымдардың өкілдері қатысты. кездесуде
кіріспе сөзбен мұрағатшы К.Жакупова баяндама жасады. 1 реформа бойынша « Мемлекеттік қызмет туралы» сөз сөйлеген Қоғамдық кеңестің төрағасы Х.Сатжанов, 2 реформа бойынша « Құқық
тәртібі және заңдылық» туралы аграрлық колледждің директоры Ғ.Ж.Жарылғапов, 3 реформа бойынша «Индустрияландыру экономикалық өсім » туралы еңбек ардагері
Ш.Әбілдин, 4 реформа бойынша «Азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайту» туралы Іскер әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы Д.Әрінова, 5 реформа бойынша «Транспарентті және есеп беретін мемлекеттер» туралы мұнай айдау станциясының маманы
Р.Өтешева баяндады.
Дөңгелек үстел барысында еңбек ардагері Ш.Әбілдин үшінші реформа- индустрияландыру
–экономикалық өсім бойынша фермерлермен,прокуратура, әкімшілік,сот, мәслихат басшыларымен бірлесе отырып, семинар өткізейік деп ұсыныс жасады.
Кітапханашы М,Түсіпбаева «Қазақстан -2050» атты жаңадан жарық көрген кітаптар
көрмесімен таныстырып өтті, слайд шоу көрсетілді.Қатысушылар жан- жақты пікір алмасып, сұхбаттасып, өз ойларын ортаға салды.
-Біз, қазақстандықтар Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді болуға, Елбасымыз берген мүмкіндікті барынша пайдалануға күш
жұмылдыратынымызға сендіреміз- деген сөздермен іс –шара аяқталғаннан кейін
қатысушылар естелік суретке түсті.
К.Ө.Жакупова,
Жаңаарқа ауданының жоғарғы санатты мұрағатшысы
Елбасы Жолдауын басшылыққа алудамыз
Біз еліміздің азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет
атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ бастық. Тәуелсіздікті баянды
ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын
мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі,
өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар!. Аса күрделі , қиын
кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлі мен тың мүмкіндіктері қатар
өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені
тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің
дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал- біздің
жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз –бәріміз үшін, бәрімізбіріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыран
заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар.
Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз-елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды
«Мәңгілік Ел» ету! Біздің дағдарысқа қарсы басты стратегиямыз: Өсім: Қазақстанның
әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік беретін экономика өсімінің ырғағын
қалпына келтіру жекеменшілік бастамалар арқылы дамудың жаңа ішкі бастауларын табу.
Реформалар: экономиканың, қоғамның және мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мемлекеттік және корпоротивтік менеджментті,
қаржылық және фискальді секторды терең реформалау. Даму: жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
принциптері негізінде барлық мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшік институттарды
ауқымды түрде жандандыру, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, тұрғындардың әлсіз топтарына адрестік көмек. . Бұл жолдау халықтың көз қуанышына айналды десек те артық емес,
бұған біздің сараптама саласы да куә. Мысалға, өз жұмысымызды тыңғылықты
атқарып,шағын және орта бизнестің көзін ашып,жол сілтеу – біздің де мақсатымызға
айналған.
Сараптама саласы бойынша бактериологиялық және санитарлық-гигиеналық зертханалары
аудан халқына қызмет атқарып, заманауи құрылғылармен мемлекеттік тапсырыс және жеке,
заңды тұлғалардың өтініштері бойынша барлық зерттеулер жоғарғы деңгейде жүргізілуде.
Біздің аудандық бөлімше ұжымы Елбасының халыққа бастаған Жолдауына үлкен сенім
артып, алға қойған мұраттарды игеру үшін ертеңгі күннің жарқын болашағына еш шүбәсіз
сеніп, зор ілтипатпен ерен еңбек етуде.
С.Б.Сапарова,
ҚР ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша
филиалының Жаңаарқа аудандық бөлімше бастығының м.а.
Су шайып кету қаупінің алдын алды
Жаңаарқа жол дистанциясы аумағында 38 көпір, су ағатын 112 ірілі – кішілі құбырлар бар.
Биылғы қыста қардың қалың түсуіне байланысты, ерте көктем айынан бастап дистанция
директоры Ғ.Мұқұшевтің басшылығымен, директордың орынбасары С.Тоқжұманов, көпір
жөндеу шебері М.Елеусізов бастаған қызметкерлер бірнеше тәулік бойы дамыл таппай,
темір жолдың суы мол жиналатын шақырымдарына жөндеу жұмыстары мен теміржол
төсемдерін су шайып кету қаупінен аман алып қалу жолында көп жұмыстар атқарды.
Үлкенді –кішілі көпірлерді қардан тазартып, қауіпті аймақтарға әсіресе Атасу, 239
телімдерінің су көп жиналған жерлеріне қиыршық тас төгіліп, кейбір жерлерге құм
толтырылған қалқан қаптармен толықтырылып, қауіптің алдын алды. Теміржол ұсынған
қызмет түрлерінің бел ортасында қиындықты бірге көтеріскен дистанция тәлім басшылары
М.Қоранов, Қ.Оңғарбаев, С.Акпаров, А.Сүлейменов, жолшылар А.Рахымжанов,
Ж.Мұқатаев, Ж.Шырынбеков, Б.Бекежанов, Н.Сафаргалиев, Д.Желібаев, Қ.Бейсенов,
Е.Майкеновтерді атап айтуға болады. Бүгінгі таңда пойыз қозғалысы тоқтаусыз жүріп,
өндірістік көрсеткіш табысты орындалуда.
С.Б.Әлтаев
23 сәуір 2016 жыл
ЖЕМҚОРЛЫҚ - ІНДЕТ
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға
сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру,
бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс
- әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып
алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға
негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа
делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының
жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден
жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың
сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың
барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және
қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп
төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық
қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою
бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын
табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың
құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір
құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты
жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен
күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен
азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері
деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту
бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық
қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау
органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды
қамтамасыз етеді.
Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама
мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін
қарау белгіленген.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі
басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,
осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы
ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға
жиырма бес жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып,
нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын
айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам
дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет
етіп қойды. Ол жол - алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы
азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Сенім телефоны:2-79-38
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
Мал ұрлығының алдын алайық!
Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 28.02.2015 жылғы №165 бұйрығымен бекітілген
2015-2017 жылдарға арналған "Бөтен мүлік ұрлығына қарсы" бағдарламасын іске асыру
үшін аудан аумағында бөтен мүлік ұрлығының алдын алу, оның ішінде мал ұрлығының
алдын алу және болдырмау мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Статистикаға сүйенсек, аудан аумағында мал ұрлығы қылмыстарының жоғарылауы
байқалады. Тіркелген мал ұрлықтарына сараптама жасасақ, тіркелген 10 мал ұрлығының
8-і жайылымдағы малдардың бағусыз жүргенінен болады. Мұның негізгі себебі - малдың
тиісті бақылаусыз қалуынан. Малы жоғалған тұрғындардың "жақын арада табылып
қалады" деген үмітпен дереу полицияға хабарласпауы қылмыстық істің жедел ашылуына
кедергі келтіреді.
Тәжірибе жүзінде мал ұрлығын жасаған қылмыскер тез ізін суытады. Қылмыстық топтар
арнайы бөлінген функциялар (хабар беруші, орындаушы және таратушы) арқылы жұмыс
істейді. Ұрлау және өткізу санаулы сағат ішінде іске асырылып, айғақты табу қиынға
соғады. Сондықтан, малға сенімді күзет, жайылымда күндіз-түні бақылауды нығайту
керек.
Мал иесі мал ұрлығын болдырмау мақсатында мынадай қағиданы есте сақтап, оны
орындаған жөн: қораларының техникалық бекінісін ретке келтіріп, түнгі мезгілде құлып
салу, малды жасырын ұрлап кетуден қорғау тәсілін қолдана білу, аудан аумағында
орналасқан селолық округтерде келісім негізінде мал бағуды ұйымдастыру, малдарды
таңбалау.
Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімі
3
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету
бағыты
Мемлекет Басшысы жариялаған «Баршаға арналған қазіргі
заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заң
үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағыты бойынша еліміздің сот жүйесінде бірқатар өзгерістер болды.
Соның ішінде ең маңызды өзгерістердің бірі – 16 қадам яғни
бұрынғы бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық,
кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу
болып отыр. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мәселесі Елбасы назарынан қашанда тыс қалған емес. Яғни, сот жүйесі инстанцияларын оңтайландырудың біздер үшін де, қарапайым халық үшін де тиімділігі бүгінгіден де
жоғары болмақ. Қолданыстағы 5 сатылы сот жүйесі үш сатылы болып өзгерді. Таратып
айтар болсам, бұрын тараптар бірінші сатылы сот шешіміне қанағаттанбаған жағдайда
апелляциялық, одан кейін кассациялық алқаға шағымданып, кейін қадағалау, қайта қадалағау
сатыларына дейін шағымдануға мәжбүр болатын. Реформа жасалғаннан кейін бұл бес саты
бірінші, апелляциялық және кассациялық сот төрелігіне жүгінуге, яғни, үш сатылық
инстанцияға көшу жүйесі енгізілді. Үш сатылы сот жүйесі – халықаралық тәжірибеде бар
үрдіс. Әлемдегі сот тәжірибесінде көрсетілгендей, аралық сатылардың көп болуы сот процестерін қасақана ұзартуға және сот шешімін сөзбұйдаға салуға ықпал етеді. Сот шешімінің
бірнеше рет өзгеріп, күшін жоюы-республика атынан шешім қабылдайтын соттардың беделіне нұқсан келтіретін факторлардың бірі. Себебі, апелляциялық және кассациялық
сатылардың бір облыстық сотта шоғырлануы сот істерін қараудың созылып кетіп, шешім
қабылдаудың қиындауына негіз болуда. Бұған қоса кассациялық алқа іс жүзінде Жоғарғы
Сотқа жүктелген қадағалау сатысының қызметін атқарып, күшіне енген сот шешімін қайтақайта өзгеріске ұшырауына алып келуде. Осындай мәселелерді ескере келе, Жаңғырту
жөніндегі ұлттық комиссия сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру туралы бастаманы
қолдап бірінші саты- аудандық соттар, апелляциялық саты – облыстық соттар, кассациялық
саты – Жоғарғы Сот болады деген шешім қабылданды. Ұлт көшбасшысы: «Ұлт жоспары –
100 нақты қадам мемлекетті жаңғырту жолындағы бағдарлама ретінде жаһандық және ішкі
сын-қатерлерге қарсы күресуге жұмылдыратын әрі еліміздің әлемдегі дамыған
мемлекеттердің отыздығы қатарына қосылуына жол бастайтын қауқары зор маңызды құжат»
- деп атап көрсетті. Елбасы бағыт-бағдарын айқындап берген нақты міндеттерді мінсіз
орындау - біздің басты міндетіміз демекпін.
Б.С.Сергалиев,
Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы
Гендерлік саясат – құқықтық мемлекетте
Құқықтық мемлекет- тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге, адамның бостандығын, қадір- қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш.
Қоғамның алдында тұрған осы мүдде- мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал, осы
бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты,құқықтық
тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу көпшіліктің парызы.
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары: мемлекеттік биліктің үш саласының
жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру, нормативтік
актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін,
мәдениетін жақсартып, көтеру, қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару
бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту, бостандықты,
теңдікті, әділеттілікті, демократияны дамыту, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау.
Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді.
Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді.
Барша адамдар, ең жоғары дәрежелі лауазым иелеріне қатардағы азаматтарға дейін
заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар
адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуіне,
өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдау
туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы №1190
қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасы»
қабылданды. Тұжырымдамада Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары,
басымдықтары мен міндеттері көрсетілген.
Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен
кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.
Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк
құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң
барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында
iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау,
жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен
жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы
және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті.
Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ер мен елге
қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін
атап өтті. Парламент пен мәслихат депутаттары сайланды. Қазақстан Республикасының
2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған.
Стратегия ─ мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны
іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге
асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.
Гендерлік теңдік стратегиясында 2006 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен
әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің
шешілуі үшін мақсаттары мен бағыттар көзделген.
Бағыттарының бірі бойынша ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты
теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Мақсаты, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің
тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың
қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуына мүмкіндік беру болып табылады.
Бүгінде елімізде әйелдерге жасалған қамқорлық жоғары. Осы жауапкершілікті сезінген
нәзік жандылар да қоғамды дамытуға бар күш жігерін жұмсап келеді.
Б.К.КАРИМОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының судьясы
Ғылымға құштар жас өрен
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген нақыл сөзден халқымыздың ықылым
замандардан-ақ білімнің қадірін білгендігін аңғару қиын емес. Бұл күнде осы аталы сөздің
өзектілігі артпаса, кеміген жоқ. Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең
қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің
міндеті. Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ.
Биыл алғаш рет 5-ші сәуір күні №132 жалпы білім беретін орта мектепте жалпы білім бе-
ретін пәндер бойынша «Ғылымға құштар жас өрен» атты ғылыми-практикалық
конференцияның аудандық кезеңі өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты – оқушылардың
ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандырып, ең талантты және дарынды
жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету. Білімі мен біліктілігін ұштап, өнерге,
сауаттылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, сонымен қатар халқымыздың дәстүрлі
құндылықтарын сақтай отырып, бәсекеге қабілетті зерделі жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сондай-ақ бұл шара қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді
әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарға деген
қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету,
оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
Аталмыш шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Әштаев ашып, байқаудың
қатысушыларына игі тілегін жеткізіп, алдағы сайыста жеңіс, оқуларына табыс тіледі. Сондай
–ақ 2015 жылғы республикалық және облыстық кезеңінде ауданымыздың намысын қорғап,
топ жарған жеңімпаздарын құттықтап, марапаттау рәсімін аудандық білім бөлімінің әдіскері
А.Х.Айтжанова жүргізіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнаулы бағалы сыйлықтар табыс
етті.
Конференцияның аудандық кезеңіне ауданымыздың барлық мектептерінен 80 оқушы
қатысып, өздерінің тың жобаларын ұсынды. Ғылыми зерттеулер барлық гуманитарлық және
жаратылыстану пәндері бойынша болды. Өз жаңалықтарымен таңқалдыруға келген болашақ
елдің жас ғалымдары өз ғылыми жұмыстары мен зерттеулерін көрсетті.
Төрт бағыттан, он секциядан тұратын жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми
конкурстың екінші кезеңіне 16 жалпы білім беру ұйымдарынан 59 жұмыс қатысты.
Оқушылардың арасында ұлтымыздың мұрасы болып табылатын халықтың мәдени
құндылықтары мен дәстүрін дамыту мәселелері талқыға түсті. Бірі аңыз-әңгімелерге сүйене
отырып, ен даланың шетінде
қонысы жоқ жазиралы құтты
мекен шағын ғана ауылды
тілге тиек етсе, бірі математика есептерін шығару жолдарын,
асыл тастардың
пайдасын,
отбасылық
қаржыны үнемдеу жолдарын
айтып дәлелдеді.
Жеңімпаз болған оқушылар
осы сайыстың облыстық
кезеңіне қатысуға жолдама
алды. Ғылыми-практикалық
ко н ф е р е н ц и я н ы ң
қорытындысы
бойынша
облысқа
жолдама
алған
оқушылар: Бақтыбай Ділназ 4
сынып О.Жұмабеков ЖОББМ
тақырыбы: «Қытырлақтың
адам ағзасына әсері» (жетекшісі Алпысова Б.Д.), Тәжібай
Аяулым 4 сын. № 132 ЖОББМ
«Асыл
тастардың
емдік
қасиеттері» (жет.Мустафина
Ж.К.), Төлеубек Заңғар 10
сын. О.Жұмабеков ЖОББМ
«Ғаламдық экология және Қазақстан» (жет.Касымова Ш.М.), Несіпбекова Алтынай 9 сын.
Кенжебай Самай НОМ «Бетегелі-бетпақ жері, тілге жүйрік –қалың елі» (жет.Қожагельдиев
Б.Ж.), Қалмағанбет Шұғыла 7 сын. Ю.А.Гагарин ЖОББМ «Ерте жастан шет тілін оқыту»
(жет.Акибаева Б.А.), Саламатова Ақниет 10сын. Б.Амалбеков ЖОББМ «ҰБТ есептерін тез
шығару жолдары» (жет.Абильдина Ш.Ш.), Мағазұлы Әділ 8 сын. О.Жұмабеков ЖОББМ
«Роботты шаруашылықта пайдалану» (жет.Бөгенбаев Т.Д.), Шалабай Жәннат 8 сын.
О.Жұмабеков ЖОББМ «Иіс сабындарды алу және пайдасын анықтау» (жет.Касымова
Ш.М.), Болатова Индира 9 сынып Айнабұлақ НОМ «Айқап» журналының қазақ
тарихындағы орны» (жет. Серікбаева Т.Б.), Бозмағанбетова Жұлдыз 11 Б.Амалбеков
ЖОББМ «Тәуелсіздікті жырлаймын» (жет.Акпупенова А.Д.), Абикаев Рамазан 8 сынып
О.Жұмабеков «Балама энергияның көзі- жел энергиясы» (жет.Жарылғапова Н.И.), Смаилова
Асель 7 сын. Б.Амалбеков ЖОББМ «Фразеологизмы из басен И.А.Крылова и их аналоги в
казахском языке.Уровень употребления фразеологизмов в речи» (жет.Хасенова Л.С.)
Барлық сайысқа қатысушы оқушыларға білім беру бөлімінің басшысының мадақтамалары
мен алғыс хаттары табыс етілді.
Алғаш рет ауданымызда бастау алған ғылыми жоба конкурсына қатысатын үміткерлердің
саны жылдан-жылға артып келеді деп үміттенеміз. Алдағы уақытта еліміздің болашағы –
білімге құштар дарынды балаларымыздың үлкен жетістігінің талай куәсі боламыз деген сенімдеміз.
А.Х.Айтжанова, АББ әдіскері
4
23 сәуір 2016 жыл
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі азаматтық
қызметшінің бос лауазымына орналасуына
конкурс жариялайды
Атауы: «Жаңаарқа ауданы әкімдігінің «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін Тірек мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі бағыты: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыру.
Орналасқан орны:(мекен-жайы): Жаңаарқа ауданы Атасу кенті, Акселеу Сейдімбек көшесі
№60, телефон 2-75-42,2-81-09
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар: жоғары педагогикалық
білім және біліктілік ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы,
сонымен қатар басқарушылық қызметтегі жылдан кем болмауы тиіс.
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы
Санаты
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)
G-4
бастап
дейін
103085
124985
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасының тіл
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы»,
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі болып асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемдесу туралы»,
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың
қадағалау және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді
дамытудың бағыттары мен кешенін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, педагогика
мен психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты; педагогика,
педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржышаруашылық қызмет туралы заңнамалар, еңбек туралы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі
және қарсы қорғанудың ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды
білуі Конкурс ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық қызметке кіретін азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс
өткізу Ережесі». ҚР Білім және ғылым Министрі 2012 жылғы 21 ақпандағы №57
бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары
конкурстық тағайындау қағидалары» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс бойынша құжаттар қабылдау аяқталған соң 5
жұмыс күні ішінде аудандық білім бөлімінде әңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысу үшін
қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында
(Жаңаарқа газеті) жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекен-жай
бойынша тапсырылуы тиіс: 100500 Атасу кенті Абай даңғылы №37. Анықтама үшін телефон
2-83-94, факс 2-74-98.
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі азаматтық
қызметшінің бос лауазымына орналасуына
конкурс жариялайды
Атауы: «Жаңаарқа ауданы әкімдігінің «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «Көктал жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі бағыты: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыру.
Орналасқан орны:(мекен-жайы): Жаңаарқа ауданы, Целинный селолық округындағы Орынбай ауылы, Мектеп көшесі 6 үй, телефон 5-22-47, 5-21-89
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар: жоғары педагогикалық
білім және біліктілік ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы,
сонымен қатар басқарушылық қызметтегі жылдан кем болмауы тиіс.
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)
бастап
дейін
103085
124985
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасының тіл
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы»,
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі болып асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемдесу туралы»,
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың
қадағалау және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді
дамытудың бағыттары мен кешенін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, педагогика
мен психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты; педагогика,
педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржышаруашылық қызмет туралы заңнамалар, еңбек туралы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі
және қарсы қорғанудың ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды
білуі Конкурс ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық қызметке кіретін азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс
өткізу Ережесі». ҚР Білім және ғылым Министрі 2012 жылғы 21 ақпандағы №57
бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары
конкурстық тағайындау қағидалары» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс бойынша құжаттар қабылдау аяқталған соң 5
жұмыс күні ішінде аудандық білім бөлімінде әңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысу үшін
қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында
(Жаңаарқа газеті) жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекен-жай
бойынша тапсырылуы тиіс: 100500 Атасу кенті Абай даңғылы №37. Анықтама үшін телефон
2-83-94, факс 2-74-98
Санаты
G-4
5
23 сәуір 2016 жыл
Жаңаарқа ауданы бойынша азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары 20.04.2016 ж.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
Литр мен кг., бағалар
Тазартылған күріш, кг
Бірінші сұрыпты бидай ұны, кг
Ұн жармасы, кг
Қара құмық жармасы, кг
Сұлы жармасы, кг
Арпа жармасы, кг
Тары, кг
I - сұрыпты бидай наны
Вермишель, кг
кеспе, кг
Рожки, кг
Сиыр еті , кг
Қой еті,кг
Тауық еті, кг
Тауық сан еті, кг
Қоюлатылған сүт, майлылығы 2,5%
Қоюлатылған сүт ,майлылығы 3,2% литр
Айран майлылығы 2,5%, литр
Айран, майлылығы 3,2%,литр
Ірімшік,майлылығы 5-9%, кг
Сыр, кг
22 Тауық жұмыртқасы I-II санатты,10дана
Литр мен кг.,бағалар
Тұздалмаған сарымай, майлылығы 72,5%,
23 қоспасыз
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
Сұйық, өсімдік майы, 1 литр
Маргарин
Орам жапырақ, кг
Пияз, кг
Асхана қызылшасы, кг
Асхана сәбізі, кг
Картоп, кг
Қант, кг
Тұз ( "Экстрадан" басқа), кг
Түйіршектелген қара шай, кг
"Әлеуметтік"
19.Сәу
20.Сәу
165
165
85
83
100
110
228
228
98
98
85
85
100
100
65
65
125
125
145
145
125
125
0
0
0
0
650
650
565
560
225
195
245
225
195
0
200
0
430
430
1100
1200
І кат- 220
І кат- 210
ІІ кат- 210 ІІ кат- 190
"Әлеуметтік дүкен"
19.Сәу
20.Сәу
575
мөлшерлі
1литр 330
1 л. бутыл.
355
340
70
58
75
65
60
200
45
1200
570
мөлшерлі
1литр 330
1 л. бутыл.
355
340
70
50
75
80
60
0
35
1200
Бала біздің ертеңіміз
"Жандос"
19.Сәу
20.Сәу
190
190
86
90
130
130
240
240
90
90
95
95
130
130
65
65
140
140
150
150
140
140
0
1100
0
0
650
650
560
540
230
230
230
240
225
220
235
235
0
0
1400
1400
І кат- 230
І кат- 230
ІІ кат- 0
ІІ кат- 0
"Алем"
19.Сәу
20.Сәу
750
мөлшерлі
1литр 0
1 л. бутыл.
380
0
65
50
85
70
65
222
50
1350
750
750
750
мөлшерлі мөлшерлі мөлшерлі
1литр 0
1литр 0
1литр 0
1 л. бутыл. 1 л. бутыл. 1 л. бутыл.
380
380
380
0
0
0
125
65
125
55
50
55
115
85
115
85
70
85
70
65
70
230
222
230
50
50
50
1350
1350
1350
Өткен айдың 29 жұлдызында Жаңаарқа ауданы білім бөлімнің «Жаңаарқа ауданының
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-сінде «Ұсақ және жалпы моториканы
дамытудың баланың жан-жақты дамуына әсері», және «Ерте жастағы балаларды
психологиялық зерттеу жолдары» атты аудандық семинар –практикум ұйымдастырылды..
Мекеме директоры Сарбасова Жанар Амангельдиновна семинар-практикумды ашып беріп,
мақсаты, бағдарламасы туралы таныстырып өтті. Семинардың негізгі мақсаты: баланың
жан-жақты дамуына ұсақ және жалпы моториканы жетілдірудің және қол бұлшық еттерін
дұрыс қамтамасыз ету, ол мидың және сөйлеу тілін жетілуін,қимыл-қозғалыс қабілеттерін
арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, икемділігін арттыра түсу, танымдық деңгейінің
дамытуына тікелей байланысты. Семинар-практикумның алғы сөзі аудандық білім бөлімінің
әдіскері М.Жакеновқа берілді. Мекеме әдіскері Шожина А.И. мекеменің жұмысы туралы
қысқаша мәлімет беріп өтті. Семинар-практикумға ауданымыздың бастауыш сынып
мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен психологтары, мектеп психологтары, әлеуметтік
педагогтары және даярлық топ пен шағын орталық мұғалімдері қатысты. Әр бір маман
өздерінің практикалық сабақтарынан үзінділер көрсетті. Логопед-маман Абельдинова А.Б.
«Р дыбысы», дефектолог –маман Шубаева Н.Б. «Геометриялық пішіндер», ЕДШ-маманы
Мукунбаев Б.О «Тепе-теңдікті қалыптастыру» атты ашық сабақтарын өткізді. Сабақ барысында мамандар қолдың ұсақ моторикасына әр түрлі жаттығулар, әдіс-тәсілдер мен технологиялар қолданды. Дефектолог маман «Ұсақ және жалпы моториканы дамытуда
баланың жан-жақты дамуына әсері», және психолог –маман «Ерте жастағы балаларды
психологиялық зерттеу жолдары» , уқалаушы Дүйсенова Ғ. «Уқалаудың түрлері» атты баяндамаларын слайд – презентация түрінде қорғап келген мұғалімдерге тақырыпқа байланысты ұсыныстар мен кеңестер берді. Семинар қатысушылар ұсақ және жалпы маториканы
дамытуда көп мәлімет алып, өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мекеме балаларының өздері
әзірлеген қолдың ұсақ моторикасына арналған қолөнерлері, монтессори материалдары
мен әдістемелік материалдар мен көрнекіліктерді қатысушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар семинар-практикум соңында психолог –маман Игенова М.Қ семинар
қатысушыларымен психологиялық тернинг ойындарын өткізді. Әрбір маман семинардан
алған әсерлерімен бөлісіп, «Ақерке» балабақшасының әдіскері Сыздыкова Г.С. және
«Балдырған» балабақшасының әдіскері Наурзбекова С. осындай семинар-практикумдар
жиі өтіліп тұрсын деген ұсыныстар айтып, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілеп,
үнемі бір-бірімізбен қарым-қатынаста болып тәжірибе алмасуға ұсыныс жасады. Аудандық
білім бөлімінің әдіскері М.Жакенов және мекеме ұжымы атынан Ж.А. Сарбасова келген
қонақтарға алғыстарын айтып қорытындылады.
А.И.Шожина, мекеме әдіскері
Жедел коронарлы синдром
"Алем"
19.Сәу
20.Сәу
190
190
86
90
130
130
240
240
90
90
95
95
130
130
65
65
140
140
150
150
140
140
0
1100
0
0
650
650
560
540
230
230
230
240
225
220
235
235
0
0
1400
1400
І кат- 230
І кат- 230
ІІ кат- 0
ІІ кат- 0
"Алем"
19.Сәу
20.Сәу
Қазіргі кезде елімізде жүрек қантамырлары ауруларымен ауыратын науқастардың саны
көбеюде, одан болатын өлім жітім көрсеткіші де азаймай тұр. Оған бірнеше фактор әсер
етеді; 1.Психологиялық күйзеліске түсу. 2.Қандағы холестерин мөлшерінің жоғарылауы.
3.Қант диабеті. 4.Артериялық қан қысымының жоғарылауы. 5.Шылым шегу, спирттік ішімдіктерді қолдану. 6.Дене қозғалысының аздығы. 7.Артық салмақ. 8.Тұқым қуалаушылық.
9.Дұрыс тамақтанбау. Жедел коронарлы синдром дегеніміз жүректі қоректендіретін
қантамырлардағы қан айналымының бұзылуы. Жүрек қыспасының салдарынан қан тамырлары тарылады. Тамыр тарылған соң жүрек өзіне қажетті қоректік заттар мен оттегі ала
алмай зардап шегеді. Мұндайда адамның кеуде сырты немесе жүрек тұсы күйдірген тәрізді
ауырады, қысады немесе кеудені басып тұрғандай сезінеді. Оның әсері сол қолға,
мойынға,арқа тұсына, төменгі жақ сүйегіне беріледі. Кейде ауру белгісі басқаша болып келеді. Іштң жоғарғы жағы ауырады, адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді. Кейбіреулер
мұны асқазан ауруы деп түсініп, басқаша ем алуы мүмкін. Егерде осындай белгілерді
байқасаңыз дереу дәрігерге көріну керек. Қанның қүрамын, қандағы холестерин деңгейін,
қант мөлшерін анықтап, ЭКГ ЭХОКГ жасатып, кардиолог дәрігерінің кеңесін алу қажет.
Жүрек ишемиялық ауруы бар адамдар міндетті түрде коронороангиографиялық зерттеуден
өтеді Бұл зерттеу арқылы жүрек қантамырларының қанша пайызға тарылғандығын
анықтайды, соған байланысты емдік шаралар қолданады. Консервативтік емдеу( дәрілік
препараттарды қолдану), тамыр ішіне стент қою, аорто- коронарлық шунттау операциясы
жасалады. Жүрек ауруларының алдын алу шаралары: 1.Дұрыс тамақтану , ас тұзын
тәулігіне 4- 5 грамнан артық қолданбау, құрамында холестерині көп тағамдарды шектеу(
қой еті, сиыр еті, жануар майы, түрлі консервант қосылған тағам өнімдері ,қуырылған,
қақталған ет өнімдері ). 2.Темекі шекпеу, спирттік ішімдіктерді пайдаланбау, спортпен
шұғылдану. 3. Жылына 1 рет медициналық бақылаудан өту, уақытылы скринингтік тексерулерден өту.
А.А.Қоңырова,
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
Аудандық орталық аурухананың кардиолог дәрігері
"Алия"
19.Сәу
20.Сәу
175
175
84
89
120
120
245
245
120
120
95
95
140
140
65
65
145
145
190
190
145
145
0
1100
0
0
730
730
570
540
220
220
240
240
210
210
230
230
0
0
1300
1300
І кат- 230
І кат- 230
ІІ кат- 210
ІІ кат- 210
"Алия"
19.Сәу
20.Сәу
"Асхат"
19.Сәу
20.Сәу
170
170
96
96
170
170
0
0
0
0
0
0
0
0
65
65
160
160
0
0
160
160
0
0
0
0
0
0
600
600
240
240
260
260
240
240
0
0
0
0
1400
1400
І кат-230
І кат-220
ІІ кат- 0
ІІ кат- 0
"Асхат"
19.Сәу
20.Сәу
690
690
380
380
мөлшерлі
мөлшерлі
мөлшерлі
мөлшерлі
1литр 340
1литр 340
1литр 0
1литр 0
1 л бутыл.
1 л бутыл.
1 л. бутыл. 1 л. бутыл.
400
400
380
380
300
300
400
400
95
145
80
120
50
65
70
60
95
110
80
90
80
105
80
100
75
75
80
60
224
224
240
240
36
36
50
50
1200
1200
1520
1520
Аудандық өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі
Туберкулез-аса қауіпті және жұқпалы ауру
Туберкулез қоздырғышы төменгі сатылы өсімдікті орган сәулелі саңырауқұлақ немесе актилучистые грибы тобына жатады. 1882 жылы 24 наурызда Роберт Кох туберкулездің таза культурасын алғанын дәлелдейді. Туберкулез таяқшаларын-Кох бациласы деп атаған. Қазіргі кезде
туберкулез микобактериясы деп те атайды. Туберкулез таяқшаларының ұзындығы 2-5 микрон,
ені-0,2-0,5 микрон. Таяқшалары күшті қышқыл ертінділері,сілтілер, спирттер және
дезинфекциялық заттар әсер ете қоймайды. Таяқшалар минус 260С-та да өмір сүре алады, ал
80-90С-қа дейін қыздырғанда 30 минуттай өмір сүре алады. Өлі организмдерде туберкулез микобактериялы көбеймейді, бірақ 1 айдан 1 жылға дейін өмір сүре алады, әсіресе қараңғы және
ылғалды бөлмелерде. Тура түскен күн сәулелерінен туберкулез таяқшалары 1-2 сағатта өледі,
ал ультракүлгін сәулелерде (кварцтан) 5-10 минутта өледі. Дезинфекциялық заттардың ішінде
хлор әктеріне сезімтал. Туберкулез таяқшаларының 5 түрі бар: 1.Адам түрі. 2.Ірі қара мал түрі.
3.Құс түрі. 4.Тышқан түрі. 5.Африкалық түрі. Адамдарға ең қауіпті түрлері- адам түрі мен ірі
қара мал түрі. Сау адамдарға туберкулез микобактериясының жұғу жолдарының 2-көзі бар: 1.Туберкулезбен ауырытын адам микобактерияларын үнемі мол бөлетін. 2.Туберкулезбен ауырытын
адам микобактерияларын мардымсыз бөлетін. Мардымсыз бөлетін аурулар өзімен бірге тұратын
туыстарына жұқтыра алады. Туберкулез ауруымен тікелей жақындасу жолы: 1.Ауа-тамшы жолымен жұғады. Науқас түшкіргенде, жөтелгенде-құрамында сілекей тамшылары 10-15 метрге
дейін беріледі. 2.Ауа-шаң жолы-тікелей емес жұғу жолы. Инфекцияның 2-ші көзі-ірі қара малдар. Ауру малдардан сау адамдарға жұғады. Сонымен қатар сиырдың сүті, қаймақ, май
тағамдары арқылы жұғады. Адамдардың ең көп ауыратын түрі-адам микобактериясы түрімен.
Туберкулез ауруына шалдыққан науқас қазіргі кезде ДОТS стратегиясының 4 - (І, ІІ, ІІІ, ІV) категориясымен 2 этапта емделеді: 1.Қарқынды кезең. (Интенсивная фаза). Бұл кезде науқас емін
ауруханада алу керек. 2.Жалғастыру кезең. (Поддерживающая фаза). Дәрігердің көрсеткіштеріне
байланысты ауруханада, амбулаториялық жағдайда немесе туберкулезге қарсы санаторилерде
болу керек. Туберкулез ауруының емі өз уақытында басталу керек. Ауру емделгісі, жазылғысы
келсе дәрігердің берген емін, кеңесін тыңдауы қажет. Егерде кеш басталған ем болса, толық аурудан айығу болмайды, туберкулезді процесстер қалып қояды. Кей кездерде науқастар ем алмай,
емнен бас тартатын кездері болады. Ондай науқастардың өкпесіндегі қабыну процесстері тез
өршіп, өкпенің тесілуіне әкеліп соғады. Және де бұндай науқастар өзіне кесірін тигізп қана
қоймай, жанұясындағы адамдарға жұқтыру қаупін тигізеді. Бізді қоршаған ортадағы адамдардың
арасында туберкулезбен ауыратын науқас жоқ деп ешкім кепілдік бере алмайды. Ол адамдармен
біз магазинде де, көпшілік жерде де, қонақтарда да бірге боламыз. Сол себептен дәрігерлердің
берген нұсқауларын адамдар өздерінің денсаулықтары және болашақтары үшін бұлжытпай
орындаулары тиіс. Яғни, жылына бір рет флюрографиялық тексерістен өту, жоғарыда айтылған
туберкулез ауруына әкеп соқтыратын симптомдардың бірі байқалған кезде дер кезінде дәрігерге
қаралу, және тексеріске берген жолдамалармен уақытымен тексерістерден өтіп отыруы қажет.
Туберкулез ауруы қойылған науқастар дер кезінде Облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне
жатып емделіп, емін үзбей ішсе ондай науқастардың өкпе процестері тез жазылады.Туберкулез
препараттарының өзі екі топқа бөлінеді, яғни,Бірінші қатардағы препараттар (ППР) және Екінші
қатардағы препараттар (ПВР). БҚП-дәрілер жаңадан пайда болған өкпе процестерінің жазылуына көмегін өте жақсы тигізеді, егерде науқастар емдерін үзілді-кесілді ішетін болса, бұндай
науқастарға туберкулезге қарсы БҚ-ғы препараттардың көмегі тимей қабыну процестері үдей
түседі. Ондай науқастар ЕҚП-ға ауыстырылып өте ұзақ (1жылдан 4-5 жылға дейін) емделеді,
өйткені бұл қатардағы препараттар қабыну процестеріне баяу әсер етеді де, туберкулездің созылу
процессіне айналады. Туберкулез ауруымен ауырған науқастарды емін бітірген соң ауруының
ауырлығына байланысты ІІ-топ диспансерлік бақылауда болу керек.
Диспансерлік бақылау негізінен 4 топтан тұрады: І-топ. Активті туберкулез. (жаңа процестер)
ІІ-топ. Активті емес туберкулез. (ем аяқталғаннан кейінгі бақылау). ІІІ-топ. Туберкулез ауруымен
қатынаста болған адамдар, тубдиагностика сынамасының оң нәтижесі болған балалар жатады.
Егер бәрі жақсы болса «Д» есептен шығарылады. Туберкулез ауруының белгілері: 1.
3 аптадан артық жөтелу. 2.Дене қызуының көтерілуі ( субфебрильді температура). 3.Түнде
тершеңдік. 4.Салмақ жоғалту, арықтау. 5.Тәбетінің төмендеуі. 6.Кеуде тұсының ауырсынуы.
Егер осы белгілерді байқасаңыз, туберкулез ауруына тексеріліңіз. Тексерілу тегін жүргізіледі!
Дұрыс және уақытында емделсе, туберкулезден құлан-таза жазылуға болады.
А.А Мұқанова,
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, фтизиатр-дәрігері.
6
23 сәуір 2016 жыл
ҰБТ - 2016
Ұлттық бірыңғай тестілеудің 2016 жылғы ережесі мен өзгерістері
1.2016 жылғы қорытынды аттестаттау
Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау: ұлттық
бірыңғай тестілеу (ҰБТ); жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі. ҰБТ-ға: ағымдағы оқу жылында орта білімнен кейін және жоғары білім
беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер; жалпы орта білім туралы үздік аттестатын
алуға үміткерлер; «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлер; ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар
жарысының жүлдегерлері; өзбек, тәжік, ұйғыр тілінде оқытатын жалпы білім беретін
мектептердің оқушылары (мемлекеттік немесе орыс тілінде – ерікті түрде) қатысады. Бітірушілер дәстүрлі түрде қорытынды нысанында өтетіндер: ағымдағы жылы республиканың
жоғары оқу орындарына (ЖОО) оқуға түспейтіндер; халықаралық оқушылар алмасу желісі
бойынша шетелдерде білім алатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылы
халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың жеңімпаздары, республикалық
музыкалық мектеп-интернаттар бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған
бітірушілер.
2.ҰБТ-ны өткізу тәртібі
ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы,
орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс
тілі және таңдаған мамандыққа байланысты бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдау
пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау
пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс
әдебиеті), шет тілі. Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды
таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті, олар одан кейін қосымша
шығармашылық емтихан тапсырады. Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін таңдау пәні бекітілген тізбеге байланысты таңдалып, ары қарай арнайы емтихандар (психологиялық тестілеу және педагогикалық жағдайды шешу) өткізіледі. ҰБТ жалпы
білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен
өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын
айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. Әрбір пән бойынша тест
тапсырмаларының саны - 25. ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы
орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
Баллды бағаға ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі:
№
Пән
1 Қазақ тілі
2 Орыс тілі
3 Қазақстан тарихы
4 Математика
5 Физика
6 Химия
7 Биология
8 География
9 Дүние жүзі тарихы
10 Қазақ әдебиеті
11 Орыс әдебиеті
12 Ағылшын тілі
13 Неміс тілі
14 Француз тілі
Орыс тілінде
оқытатын мектептер15 дегі қазақ тілі
Қазақ тілінде
оқытатын мектептер16 дегі орыс тілі
2 (қанағат
сыз)
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
0-3
3 (қанағат
танарлық)
4-13
4-13
4-13
4-11
4-11
4-11
4-13
4-13
4-13
4-13
4-13
4-13
4-13
4-13
4 (жақсы)
14-20
14-20
14-20
12-19
12-19
12-19
14-20
14-20
14-20
14-20
14-20
14-20
14-20
14-20
5(үздік)
21-25
21-25
21-25
20-25
20-25
20-25
21-25
21-25
21-25
21-25
21-25
21-25
21-25
21-25
0-3
4-11
12-17
18-25
0-3
4-11
12-17
18-25
Аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша жылдық баға
есептелген орташа арифметикалық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны
дөңгелектеу көтеру жағына жасалады.
3. Тестілеуге өтініш беру
ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 10 наурыздан 25 сәуірге дейін бере алады. Өтініш
өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады. Өтініш беру үшін қажетті
құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат; 2 фотосурет (3х4 өлшемді). Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге: мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде
анықтама; тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі. Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан
жағдайда, ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып, өздігінен өтініш беруге болады.
4. Емтихан мерзімі мен ұзақтығы
Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі. ҰБТ-ның басталу уақыты
– сағат 09.00. ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
5.Тестілеудің нәтижелерін жариялау
Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң ҰБТӨП-тің ақпараттық қабырғаларында емтихан ведомостерін ілу жүзеге асырылады. Берілген ведомостерде бітірушілердің тегі мен атыжөні, әкесінің аты ЖСН-ға ауыстырылған. ҰБТӨП-те емтихан материалдарын өңдеу аяқталған
соң тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады www.testcenter.kz. Бітірушіге нәжижесін сайт арқылы көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен
ЖСН енгізу қажет.
6. Тестілеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тестілеу кезінде бұзушылықтардың алдын алу және тестіленушілерді қорғау мақсатында тестілеуге кіргізу кезінде металіздегіштер қолданылады. Тестілеу кезінде ұялы байланыс желісін
сөндіру құралдары мен бейнебақылау қондырғылары қолданылады. Тестілеу басталардан
бұрын ҰБТ өткізілетін ғимаратты жарылғыш затқа тексеру жүргізіледі (міндетті түрде акт
толтыру арқылы)
7.Апелляция
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан
кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды. Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға
кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек. Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мынадай жағдайларда беріледі: тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған; дұрыс жауабы жоқ;
бірнеше дұрыс жауабы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда
қарастырылады: дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2
дөңгелекше ретінде оқыған; дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені
сканер оқымаған. Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің
дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.
8. Сертификат
ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі: ҰБТ нәтижесі туралы сертификат; жалпы орта білім
туралы аттестат. Сертификаттың жарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына
дейін. Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.
9. Білім беру гранты
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту
тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі. Конкурсқа
қатысу үшін 50 баллдан («Жалпы медицина» мамандығы үшін 65 баллдан төмен емес), ұлттық
жоғары оқу орындарына түсушілер 70 баллдан төмен жинамауы тиіс («Білім»,
«Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ветеринария» топтарының мамандықтары үшін 60
баллдан төмен емес), соның ішінде бейіндік пәннен 7 баллдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 баллдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын
орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 баллдан төмен болмауы керек.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан
1 шілдеге дейін қабылдайды. Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында, болашақта
оқуын жалғастыруды жоспарлаған ЖОО-да тапсырады. Педагогикалық мамандықтарға түсу
үшін арнайы емтихандар қатысу бойынша өтініштер қабылдау ЖОО қабылдау комиссияларымен 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі. Педагогикалық мамандықтар үшін арнайы емтихан 2-14 шілде аралығында Тәуелсіз мемлекеттік комиссия қызметін жүзеге
асыратын ЖОО базасында тапсырылады (Облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Арқалық,
Түркістан, Жезқазған және Семей қалалары). Педагогикалық мамандықтар үшін арнайы
емтихандардың нәтижелері білім беру гранттарын бөлу кезінде есепке алынады, төменгі шектік баллына әсер етпейді. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23
– 31 шілде аралығында жүргізіледі. Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі. Білім беру
грантының иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады
www.testcenter.kz.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ағымдағы жылы тестілеу
ұорытындысы бойынша белгіленген төменгі шектік деңгейден өтпеген немесе
«қанағаттанарлықсыз» (4 балдан кем) баға алған тұлғалар үшін, тестілеу нәтижелері
көрсетілген сертификаттарымен қайта кешенді тестілеуге кіруге рұқсат беру туралы шешім
қабылданды. Бұл ретте аудиторияда тәртәп сақтау ережесін бұзғаны және тестілеу кезінде
тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеуден шығарылғандарға қайта тестілеуден
өтуге рұқсат берілмейді. Қайта кешенді тестілеу тамыз айының соңында, шетелдік жоғары оқу
орындарынан ҚР жоғары оқу орындарына ауысу үшін студенттердің кешенді тестілеуімен
бірге өткізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі- тамыз айының бастапқы он күнінде.
Өтініштерді қабылдау және тестілеуді өткізу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігімен бекітілген ЖОО қабылдау комиссияларымен жүзеге асырылады. Тестілеу
ақылы түрде, бекітілген прейскурант бағасына сәйкес өткізіледі (ҚР ЖОО-на түсу үшін
өткізілетін тестілеудің бағасы -2242 теңге). Қайта кешенді тестілеу 4 пән бойынша, оның 3-і
міндетті пән: оқыту тілі (мемлекеттік немесе орыс тілі) математика, Қазақстан тарихы және
таңдайтын мамандығына байланысты І таңдау пәні. Тестілеу уақыты 2 сағат 30 минут.
Тестілеудің нәтижелері емтихан материалдарын өндеу аяқталғаннан кейін тестілеу күні жарияланады. Апелляцияны өткізу рәсімі тестілеудің бұл түрінде қарастырылмаған. Қайта кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша белгіленген төменгі шектік деңгейден өткендер ҚР
жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне оқуға тапсыруына мүмкіндік алады.
Ата-ана назарына:
Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл
уақытында өзімен бірге келесі құжаттарды алып келуі керек: ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама; жеке
басын куәландыратын құжат; қара сиялы қалам; ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
сөйлесуге; орнынан тұруға; орын ауыстыруға; кез-келген материалдар және заттармен алмасуды жүзеге асыруға; аудиторияға калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы байланыс телефон, планшетник, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалка және
анықтамалық құжаттарды (Менделеев пен тұздардың ерігіштік кестелерінен басқаларын) алып
кіруге және қолдануға; Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым
салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады және оның тест нәтижелері жойылады.Тестілеуге берілген уақыт аяқталған соң (3,5 сағат) емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан
мектеп бітірушінің жұмысы өңделмейді. ҰБТӨП ғимаратына кіргізу барысында бөтен тұлға
ұсталған жағдайда, ұсталған тұлға да және орнына бөтен тұлғаны кіргізуге заңсыз әрекет
жасаған түлек те тестілеуге жіберілмейді. Аудиториялардан шығарылғандардың нәтижелері
жойылып, 2015 жылы ЖОО-ға түсу құқығынан айырылды.
ҰБТ кезінде мектеп бітіруші: сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің
санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс. Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек; Мұқият болу керек!
Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті
мағлұматты хабарлайды; Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз
аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз,
орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан
материалдарының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі; Ойыңды жинақтау! Бланктің
қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін,
айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма
мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;
Қорықпау! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек!
Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз
жеткізіңіз; Тапсырманы соңына дейін оқу! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы
сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп
соқпауы тиіс;
Тексеру! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп
шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.
Назарыңызда болсын! Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, нақты тапсырма бойынша
Сіздің апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.
Сіздің Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз біліміңізді дәлелдейтін нәтижелерге қол жеткізуіңізге
тілектеспіз!
С.Ж.Ускембекова,
ҰБТӨП-773 филиал№61 жетекшісі
23 сәуір 2016 жыл
ТАЗАЛЫҚ - 2016
Көктемгі тазалық жұмыстары
Сәуір айының 16-ші жұлдызында Бидайық ауылдық округінде жаппай сенбілік өтті. Бұндай
сенбіліктер ауылымызда жылда өтетіндіктен ауыл азаматтары бір ауыздан жұмыла кірісіп
кетті. Жалпы облыс бойынша өткен шарапаты мол шараға ауыл тұрғындары, мемлекеттік
мекеме қызметкерлері, ұстаздар және оқушылар жаппай белсене ат салысты. Оқушылар
Орталық, Жеңіс көшелерін ретке келтірсе, тұрғындар өз үйлерімен, аула маңдарын тазалап
қойды. Атына заты сай Бидайық ауылының үйлері мен көшелеріне ерекше бір түр бітіп
құлпырып, жайқалып тұрды. Ауылдық округке қарасты елді мекендердің барлығында да
бұл сенбідегі тазалық жұмыстары ойдағыдай өтті. Атап айтқанда Ақтайлақ, Қарамола, 69
РЗД. Бұған қосымша фермерлер өз аулаларын өз күштерімен тазалап, сыртқа шығарды.
Ауылдық округ әкімдігінің жетекші маманы Н.Жамауов сенбілікке қатысқан барлық
азаматтарға өз ризашылығын білдірді. Алдағы уақыттарда осындай іс-шаралар жиі өткізіліп
жатса, ауылымыздың одан әрі көркейіп, гүлдене берері сөзсіз.
Ж.Жакиянова
********
Тазалықтың бастауы –сенбіліктер
Аудан әкімінің нұсқауымен басталған тазалық айлығы біздің Көктал ауылында да
қолдау тауып, жүзеге асуда. Сенбілікке шыққан ауыл әкімдігінің мамандары ауыл
тұрғындарын белсенділікке шақырып, ауыл арасын тазалауға атсалысты. Көше бойы
сыпырылып, талдар әктеліп, қоқыстар бір жерге үйілді. Қыстағы малдың қиын
сыртқа шығаруға ауылдағы кәсіпкер А.Тевспен келісім шартқа отырылды. Бірақ
көктемгі судың жайылу себебінен қоқыс төгетін аралықта жолдың болмауы салдарынан
күл-қоқыстар үйіліп реттелді. Алдағы сенбіліктерде әркім өз ауласы мен үйлерінің
қоршауларына жөндеу жұмыстарын атқармақ.
Ш.Шуданбеков
Жолдама алды
Облыстық дарынды балаларға талантты ұстаз атты ХІ республикалық педагогикалық
олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңінде “Жас педагог” номинациясы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Паринтаева Гүлдәурен Оразғалиқызы жүлделі ІІ орын алған болатын.
Алдағы 3-4 мамыр айында бастауыш сынып мұғалімі Паринтаева Гүлдәурен “Дарынды
балаларға таланатты ұстаз” атты республикалық педагогикалық олимпиадасының облыс намысын қорғауға жолдама алды. Жарыс жеңімпазына сәттілік тілейміз!
*****
*****
*****
Жүлделі оралды
Өткен жұмада С.Сейфуллин орта мектебінің оқушылары ағылшын пәнінің мұғалімі
Толғанай Қазыбековнаның ұйымдастыруымен облыстық педагогикалық олимпиадасына
оқушылар Қасым Айым, Қасымова Гүлім, Талкешова Таңсұлу, Төлеутай Гүлсая, Әбілдина
Үміттер қатысып “Ең үздік команда” номинациясын жеңіп алды. Барлық оқушылар мен
ұстазды облыстық Алғыс хатпен марапатталды.
Бағила Үкенқызы
Ауыстыру жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі уақытта «Қазтелерадио» АҚ ұлттық жерсеріктік телерадиотарату желісін "Intelsat
904" космостық аппараттан "KazSat-3" космостық аппаратқа ауыстыру бойынша жұмыстар
жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. «Otau TV» жерсеріктік телерадиотарату желісі
абоненттерінің
жинақтарын
қайта
күйге келтіру 2016
жылдың
1
қыркүйегіне
дейін
аяқталуы
тиіс.
Осыған орай, қазіргі
таңда
облыстың
барлық тұрғылықты
жерлерін
қамту
м а қ с а т ы н д а
Қарағанды
ОРТД
а й т ы л ғ а н
жұмыстарды орындау
үшін жұмыс топтары
құрылып,
олардың
жүру маршруттары
анықталуда.
Атқарылатын
жұмыстар ақылы болады – 2000 (екі мың)
тенге. Барлық қайта
қосылған
абоненттерге
«Толық»
топтамасының
бір
айлық көрсетілімі тегін қосылатын болады.
Аз қамтылған жандар деп танылған жеке тұлғалардың құрылғылары «Қазтелерадио» АҚ
қызметкерлері күшімен тегін ауыстырылады.
Осы айтылғандарды ескере отырып, Сізден өзіңізге қарасты тұрғын мекендерінің халқын
ақпараттандырып, жұмыс топтарының істеріне қиындық тудырмауы үшін жәрдем
көрсетуіңізді сұраймыз.
Бірге атқарылатын шаралардың үйлесімділігі үшін барлық сұрақтар бойынша
«Қазтелерадио» АҚ өңірлік кеңселеріне хабарласуды сұраймыз:
Қараганды қаласы, Жауынгер Интернационалистер көшесі, 14а.
Телефон (7212) 413414, 559444, факс 420181, эл.пошта krg_otau@mail.ru
КӨҢІЛ АЙТУ
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Ынталы орта мектебінің ұжымы осы
мектептің жұмысшысы Төлешова Бағланға әкесі Зәрубайдың қайтыс болуына байланысты
қайғысына ортақтасып көңіл айтады
7
ЕСКЕ АЛУ
Аяулы анамыз, немере, шөбере, неменелерінің сүйікті әжесі болған
Бәтилә Ахметқызының өмірден озғанына 16-мамыр күні бір жыл
толып отыр. Ардақты да, асыл анамыз туған – туысына қадірлі,
отбасының ұйытқысы еді. Бүгінде анамыздың жарқын бейнесін
сағына еске ала отырып, аруағына қол жайып, құран бағыштаймыз.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, орны пейіштің төрінде болсын.
Бір жыл өтті орның, Ана, толмайды,
Бізді тастап кеттің мәңгі, сол қайғы.
Өзің егіп, мәпелеген гүлдерің,
Жалғасың боп желкілдейді, солмайды.
Жабырқаған кезде ылғи іздейміз,
Жапырақтан айырылған күздейміз.
Есік жаққа алаңдаймыз әлі біз,
Күлімдеп өзің, есіктен еніп келердей.
Қадірлеп өткен халқы шын,
Абзал жан едің, жалпы үшін.
Жәнаттың төрі дайын боп,
Пейіште нұрың шалқысын.
Бұл қаза бізге сынақ па,
Пейіште мәңгі тұрақта.
Әз Ана, әркез естесің,
Жебей көр, бізді жұмақта!
Мінезің жұмсақ еді, шуақ күндей,
Жан-жақты құлпыртатын раушан гүлдей.
Адамдық қасиетті биік қойған,
Іздесең де табылмас, Ана сендей!
Еске алушылар: балалары, немерелері, шөберелері, неменелері.
Анамыздың қайтқанына 1 жыл толуына орай 8-мамыр күні сағат 13:00-де «Сәт»
мейрамханасында құдайы ас беріліп, құран бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Бауыр ет бала, ардақты ата, асқар тау әке, сүйікті жар Елемес
Байтуғанұлы арамызда болғанда 21-сәуір күні алпыстың
асуына аяқ басар еді. Әттең келте ғұмыры елу жасында үзіліп
кете берді. Өмірден өткеніне он жыл болған әкемізді сағына
еске аламыз. Тірі болғанда бүгін ақ дастархан басында 60
жасқа толған мерейтойын атап өтер едік. Бізге оны Алла жазбай
тек құран бағыштауды нәсіп етіпті. Біз үшін мәңгі тірі әкеміздің
ақыл кеңесі, нұрлы жүзі санамызда жаңғырып тұр.
Тағдырдың басқа салғанына шара бар ма?
Жоқсың ғой бүгін біздің арамызда.
Ақкөңіл жүрегіңмен жарқын бейнең
Сақталар мәңгі біздің санамызда.
Жатқан жерің жайлы болсын, асыл әкем, ардағым,
Сен кеткелі сезгендейміз сағыныштың салмағын.
Топырағың торқа болып, жаның болсын бейіште,
Жаратқаннан тілейміз,ғой жарық болсын жан-жағың.
Сағына еске алушылар: анасы-Шолпан, жұбайы-Қалқажан, інісі-Сембай, балалары-келіндері, қыздары-күйеубалалары, немерелері-жиендері.
ЕСКЕ АЛУ
189 РЗД тұрғыны болған, ардақты әке, қамқор ата Бақтыбаев
Ғабдулла Сүлейменұлының өмірден өткеніне 30-сәуір күні 1
жыл толады. Әкеміздің жарқын бейнесі жүрегімізде жаттаулы,
санамызда сақтаулы.
Асыл жан, ардақты әке, мейрімді ата,
Аруағың болсын енді бізге пана.
Жүректі қан жылатқан жұбатамыз,
Үздіксіз суретіңе қарап қана,
Әкешім, не шара құдіреттің әміріне,
Жыл өтті өзіңсіз жылжып міне,
Топырағың торқа болсын мәңгілікке,
Алланың нұры жаусын қабіріңе.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Қалдыбала, балалары: Мейіржан, Мереке, Гүлден,
Гүлназ, Дильназ.күйеубалалары-Болсын, Бекболат. Жиендері-Қызғалдақ, Исламбек,
Сабина, Аяулы, Нұрахмет, Нұржамал.
Әкеміздің қайтыс болғанына жыл толуына орай 30-сәуір күні сағат 13.00 -де 189
РЗД құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
Бір ел – бір кітап акциясы
Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР
Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық
кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген
туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын
зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға
деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау.
Ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы
2016 жылғы кезекті жыл кітабы таңдалды. Басым дауыс ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің
көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» шығармасына берілді. Дулат
Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сандықтас қонысында
дүниеге келген. Қазақ ақындары дәстүрінде тәлім алған талант иесі. 1880 жылы Қазан
қаласында жарық көрген «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болады. Жинаққа
ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси – әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған
ой-толғаныстары енген. Дулат Бабатайұлының шағын сюжетті тымсал өлең, дастан
жанрларындағы терең ойлы, көркем бейнелі, маңызы мен мәнін мәңгілік жоғалтпайтын жыр
жаухарлары қашан да тағылым мен тәрбиенің құралы, өлең – өнердің өлмес туындылары
қатарында тұра берері кәміл.
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана барша аудан тұрғындарын Дулат
Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырады!!!
Г.С.Ахмедина,
Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Құттықтаймыз!!!
Ел-жұртына қадірменді, ағайын-туған, ауыл-аймаққа сыйлы, ұл-қызының
ардақты анасы, немере-жиендерінің сүйікті әжесі, жайдары да жайсаң
құдағиымыз Мұқашқызы Рысбаланы жетпіске келген мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбекке қуат жеккізіп,
Жеті баланы жеткізіп,
Ұлғайғанда ұрпақтан,
Отырсыз көріп тек қызық.
Бидайбай ісін тоқтатпай,
Балаларға жоқтатпай,
Қырықта қалып, жасымай,
Түйілдіңіз тоқпақтай.
Құттықтаймыз!!!
Ақтүбек ауылының тұрғындары елге сыйлы, ағайынға
қадірлі асқар таудай әкеміз Сағындықов Біргебай мен
аяулы анамыз Қорабаева Рымкеш сәуір айының 30жұлдызында 60 жасқа толады. Ардақты әкеміз бен
қымбатты анамызды туған күндерімен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз.
Көңілдеріңізден шаттық, жүздеріңізден күлкі кетпесін.
Ортамызда балапандарыңыздың қызығын көріп, немере
мен шөберелердің қуанышын қызықтап жүре беріңіздер.
Қайыспады беліңіз,
Сыйлайды Сізді еліңіз.
Кірбің шалмай көңілді,
Жүз деген жасқа келіңіз!
Өткен өмір – ол да сын,
Әрқашан Құдай қолдасын.
Босағаға бақ беріп,
Қуаныш-шаттық жолдасын!
Тілек білдірушілер: Әбдіғазымовтар әулеті атынан - құда-құдағиыңыз Мағаз-Бәтима.
Құттықтаймыз!!!
Үлкенге ізет көрсетіп, кішілерден қамқорлығын аямайтын, ағайынға
сыйлы, дос жаранына қадірлі бауырымыз, Атасу кентінің тұрғыны
ардақты бауыр, сүйікті іні, құрметті аға Молдабаев Оралбай
Нәсенұлын мерейлі 50 жасқа толған
мерейтойымен
құттықтаймыз. Кішкентай күнінен елгезек болып ержетіп,
бәрімізге
қолқанат болып, қолғабыс жасаған,
өзінің
еңбекқорлығының арқасында белестерді бағындырып, биікке
көтерілген, еңбекқор да өжет бауырымызға бар жақсылықты тілейміз. Қосағыңмен қоса ағар. Отбасылық бақытқа ие болып, өсіріп
отырған балапандарыңның қызығын көр. Ақсақалды ата болуды Алла
нәсіп етсін. Немере-шөбере сүйіп, бақыттан –бақытқа кенеле бер.
Бір ұяда өскен едік үпір-шүпір арамыз,
Бір-бір үйміз бүгінгі күн бәріміз де дарамыз.
Құтты болсын мерейтойың айналайын бауырым,
Еңбекпенен өсіп-өніп болдың қазір панамыз.
Тілеулес боп жатқан шығар сенің туған күніңе
Көрмесе де бұл қызықты біздің ата-анамыз.
Бала жастан жақсы күнге ұмтыласың, сенесің,
Арманыңның жетегінде алға жылжып келесің.
Ұзақ болып ғұмыр жасың, денсаулығың зор болып,
Көре бергін аман-есен 100 жастың да белесін.
Қорғап, қолдап, жүрсін Алла ұлы мінген кемесін.
Ізгі ниет, ақ тілекпен: ағалары-жеңгелері: Рзық, Оразалы-Күлайса, ӨркенМейрамкүл, апа-жезделері: Хабиба, Рзық-Уалихан, Ұрқия-Бағдат, Нәсіп, Ырзықия,
қарындастары-Қалдыбала-Аманай, Алтын-Жанат, інілері: Серік, Ерік, Арман,
Азамат, Асқар.
Құттықтаймыз!!!
Құрметті Оралбай Нәсенұлы! Көктемнің шуақты күнімен қатар келген
мерейлі 50 жасың құтты болсын! Еліңнің елеулі, халқыңның қалаулы
азаматысың. Мерейтойың құтты болсын, көңіліңе шаттық, әулетіңе
бақ-дәулет тілейміз!
Елуге келіп елге білінгенің,
Ақсақалдық атқа міне ілінгенің.
Қалың елің қаумалап келіп отыр,
Тойларың тойға ұлассың, көршім біздің.
Тілек білдірушілер көршілерің: Қайрулла-Майра, Қорлан, Аманкелді, Жақсыбала, Рыскүл, Асан-Меңдігүл, Сақанай-Дәмежан,
Күмісай, Бәстен-Бибіғайша, Алеша-Жұмакүл, Жабай-Ләззат, ӘлияҚайрат, Бауыржан-Дана, Сергей-Наташа, Жарқын-Сағдат, Жаскен-Рая, ЖанболатҚұралай, Съез-Алтынкүл, Дәуіт-Мереке, Ермек-Айгүл, Бейбіт-Ақмарал
Сатылады
Балабақсы көшесінде орналасқан №10А/2 үй сатылады. Сонымен қоса үймен қатар
орналасқан Сейфуллин даңғылы №31А мекен-жайындағы жүргізіліп тұрған кәсіпкерлік
(действующий бизнес) “Адина” дүкені мен “Браун” мейрамханасы сатылады. Бағасы келісім
бойынша. Хабарласу телефоны: 8 702 471 70 19, үй 2-76-99, дүкен 2-71-12.
*** *** ***
Сары Тоқа көшесіндегі №3 үй сатылады. Үй кең, 5 бөлмелі, 20 соток жері бар. Жуынатын
бөлме, әжетхана үй ішінде орналасқан. Аулада 3 қора, гараж, су құбыры бар. Мал ұстауға
ыңғайлы жер. Бағасы 5.000.000 теңге. Тек ақшаға. Телефон: 27692, ұялы 87013043136.
Саудаласамыз.
*** *** ***
Германиядан, Япониядан келісім-шарт бойынша әкелінген моторлар мен коробкалар сатылады. Мотор ауди, пассатқа, гольфқа (көлемі 1,8 - 95 000 тг), коробка ауди, пассат, гольфқа
- 35 000 тг. Қарағанды қаласы, автобазар, аэропорт 7 қатар, №5 контейнер. Тел.:
87015262134, 87075262134, 87765262134.
ХАБАРЛАМА
Усукбаев Серик Алпысбаевичтің қайтыс болуына байланысты жеке нотариус
Ш.Жолдаспаевада мұрагерлік іс ашылды. Мұрагерлерге Абай көшесі №19/2 мекен-жайына
10-маусымға дейін хабарласуларын сұраймыз.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Ашып өмір есігін, нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Айналаға мерейлі шуақ сыйлар,
Құтты болсын 60 жас, туған күнің.
Көп болсын Сіздер үшін таң да атар,
Төгілсін ырыс-құт пен дәм де татар.
Қызығын қызықтаңыз ұрпағыңның,
Өмірдің теңізінде жүзіп қатар.
Игі тілекпен балаларыңыз: Арыстан-Салтанат, Жандос-Айзада, Жүсіп-Жібек,
Әсел, немерелері, жиендері
Құттықтаймыз!!!
Бірге жүріп, қатар өскен жолдасымыз, досымыз Қазбектің адал
жары, балаларының сүйікті анасы, мектеп оқушыларының аяулы
ұстазы Әбдіғожина Қарлығаш Фазылқызын 60 жасқа толған
мерейтойымен құттықтаймыз. Өз ісінің шебері, ұлағатты ұстаз,
білікті басшы, жас мұғалімдердің тәлімгері, отбасының ұйытқысы,
отанасы, аяулы досымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз.
Әрқашан жайдары мінезімен жарқылдап, айналасына шуақ төгіп,
балаларының қуанышына тоймай Қазбек екеуі бақытты ғұмыр
кеше берсін. Білім саласындағы ұшан теңіз еңбегінің жемісін көрсін.
Жүзе бер өмір- өзен тасуына,
Жыр арнайық тойыңның шашуына.
Құтты болсын мерейтой қуанышың
Қоныс тепкен алпыстың асуына.
Орындалсын өмірде басты арманың,
Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.
Ұлы тойға ұлассын туған күнің,
Жақсылыққа жайылып дастарханың.
Ізгі тілекпен: достарың Марат-Маржан, Өмірзақ-Айткеш.
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тумасы, ата-анасының сүйікті ұлы,
құрметті бауыр Әбішев Жанат Балташұлын 27-сәуір күнгі
туған күнімен құттықтаймыз! Және жары Нұршат екеуінің
шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толып отыр.
Әрқашан бақытыңыз ортаймасын,
Ел-жұртыңның тек алғысын тере бер.
Бақ-беделің артып әркез ортада,
Еңбегіңмен өркен жайып, өне бер.
Құтты болсын күміс тойың - белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып, жарың - Нұршат екеуің,
Алла жазса, талай тойды көресің!
Ізгі тілекпен: ата-анасы - Балташ-Жақсылық, бауырлары - Жібек, Жасұлан-Эльмира, Света-Қымбатбек, Гүлшат-Қаныш, балалары және жиендері
Табыс туралы мәлімет
“Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ басшысы Ибраева
Шолпан Қалуқызының 2015 жылға қаржылай табысы - 2285251 теңгені құрайды. Мүлкі
- Сары Тоқа көшесіндегі №11/2 үй, Ә.Оспанова көшесіндегі №2-5 үй.
Жарамсыз
Хафарова Мария Райнгольдовнаның атына 01.03.1992 ж. берілген №1-307 сатып алу келісім шартының жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*********
Жаманғарин Нұрбек Кәрсенбайұлының атына Жаңаарқа жоғарғы кәсіптік училищетехникалық лицейінен ауылшаруашылық өндірісінің шебері мамандығы бойынша 1994
жылы берілген №1865 дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
Хабарландыру
"Жаңаарқа Жылу" КМК-ны 2016 жылдың 28-ші сәуірінде сағат 15.00-де Тәуелсіздік көшесі
№8 үйде 1-ші кабинетінде жылу беру қызметі туралы кәсіпорын басшысының тұтынушылар
алдындағы 2015 жылғы есебі тыңдалады. Келем деушілерге есік ашық.
"Жаңаарқа Жылу" КМК
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1460 дана
Тапсырыс №20
Автор
zhanzbc
zhanzbc148   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
39
Размер файла
6 414 Кб
Теги
газета, 20qxp, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа