close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 22 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
№22 (9753), 7 мамыр, 2016 жыл
ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!
Мемлекет басшысының
Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері
және тыл еңбеккерлері!
төрағалығымен өткен кеңес
Кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент
Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары
қатысты. Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі бағыттарына, соның ішінде жер реформасына тоқталып, Үкімет қызметіне баға берді және тиісінше бірқатар шешім қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан Бес институционалдық реформа дағдарысқа
қарсы кешенді жоспар болып саналатынын атап өтті.
– Әлемде қазір инвестиция тапшылығы орын алып отыр, дамушы нарықтардан капиталдың
кетуі байқалуда. Дамушы елдердегі инвестициялар ағынының қарқыны 20 жылда алғаш рет
кері сипатқа ие болуда. Егер 2008-2014 жылдары Қазақстанға келетін тікелей инвестициялар
көлемі жыл сайын орта есеппен 24 миллиард долларды құраса, былтыр ол 15 миллиард доллардан аз болды. Елдер арасында сыртқы инвестиция үшін бәсеке күшейіп, мемлекеттер
инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасап жатыр, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы елдің ауыл шаруашылығы саласында 2 миллион 300 мың адам
жұмыспен қамтылғанын айтты.
– Сөйте тұра бұл салада еңбек өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Отандық фермерлер
бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардың өнімін алады. Дәл осы көрсеткіш АҚШ-та
1,5 мың долларды, Германияда – 2800, Францияда 3200 долларды құрайды. Ауыл
шаруашылығы жаңа техникаға, жаңа технологияларға, суғару жүйелеріне инвестиция салуға
мұқтаж, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы әлем елдері шетелдік инвестиция тарту үшін
барынша қолайлы жағдай жасап жатқанына назар аударды.
– Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына салынған қаражат өзін ақтау үшін 10-15 жыл
керек. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 10 жылға, соның ішінде
шетелдіктердің жалға алуы туралы заң ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Алайда бұл
салаға әлі айтарлықтай инвестиция келген жоқ. Шетелдіктер 65 мың гектарда ғана жұмыс
істеп жатыр, яғни жалға алынған жердің 0,06 пайызы ғана. Бірақ жоғары өнімділікті
қамтамасыз етіп отыр. Жерді ұзақ мерзімге жалға беру – бүкіл дүние жүзі бойынша инвестиция тартудың амалы. Бельгия, Германия, Грекия, Нидерланд сияқты елдер шетелдік
инвесторлардың жерді меншікке немесе жалға алуы мәселесіне қандай да бір шектеу
қоймайды. Францияда шетелдік инвесторлар үшін жер ресурстарын жалға алудың ең ұзақ
мерзімі 99 жылды құрайды. Жер кодексі нормаларын әзірлеу барысында бұл тәжірибелер
ескерілді. Бірақ жерді шетел азаматтарына сату мәселесі болған емес, қазір де жоқ, – деді
Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нормалардың мәні тиісті топтарға жеткізілмегенін атап өтті.
– Қабылданған заңның тетіктері мен нормалары жұртшылықты кеңінен қатыстыру арқылы
талқыланбады. Сондықтан көп жағдайда халықтың алаңдауы дұрыс. Егер қазақстандықтар
қабылданған шешімге сенбейтін болса, демек бұл дұрыс емес деген сөз. Өйткені, бұл
өзгерістер халық үшін жасалып жатыр. Қоғамда жерді жалға алу жөніндегі бірқатар
заңнамалық нормаларға қатысты күмән туғанын ескеру маңызды, – деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған
бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін тоқтау салды.
– Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыру керек. Егер талқылаудан кейін Парламент ортақ
шешімге келетін болса, мораторий алып тасталады, ал егер олай болмаса, күшінде қалады.
Біз халыққа ұнамайтын заңға зәру емеспіз. Бұл ретте мораторий сақталған жағдайда ауыл
шаруашылығының жағдайы нашарлауы мүмкіндігін түсіндіру қажет. Сондай-ақ Үкімет жанынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен комиссия
құруды тапсырамын. Комиссия барлық мүдделі органдарды және қоғамдық бірлестіктерді
тартуы тиіс. Резонанс тудырған ережені кеңінен талқылап, ортақ ұстаным әзірлеп, Парламентке беру керек. «Нұр Отан» партиясына демократиялық күштер коалициясы аясында
кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Бұған барлық партиялар,
қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысуы тиіс. Түсіндіру
жұмыстарына Үкімет пен Парламенттің қос палатасының депутаттары белсене қатысады
деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанда 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 178
мыңнан астам шаруа және фермерлік қожалықтар, 1,5 миллионнан астам жеке қосалқы
шаруашылық бар екеніне тоқталды.
- Олар күн ұзаққа алқапта, фермада, жайлауда еңбек етеді, сіздердің жаңалықтарыңызды
күтіп, теледидар алдында отырмайды. Бірақ сіздер өз ұсыныстарыңызды әзірлеу барысында
министрліктен шықпай отырып, бәрін өз араларыңызда шешесіздер. Кімнен жасырынасыздар? Сонда біздің заңдарымыз кім үшін жазылған? Ауыл шаруашылығы министрлігінің де,
Ұлттық экономика министрлігінің де, әкімдіктердің бір де бірінің де ресми сайтында жер
реформасы жөнінде қолжетімді және көрнекі ақпарат болған жоқ. Ал бұл дегенің халықтың
игілігі үшін, экономиканы дамытып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жүргізіліп
жатыр ғой, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексі жөніндегі жұмысқа жауапты екі мемлекеттік органның,
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өз міндетін тиісінше атқара алмағанына назар аударды.
- Бұл министрліктердің жұмысы нашар дей алмаймын. Бірақ өздерінің ұстанымы елдің
бәріне ұғынықты болып, дұрыс қабылдануы үшін түсіндіру жұмыстарымен айналысқан жоқ.
Қазақстан Президенті Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың қызметінде жіберілген кемшіліктерге байланысты отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады.
(жалғасы келесі бетте)
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Адамзат тарихындағы ең қайғылы беттердің жабылған кезінен бізді қазір жеті онжылдық
алшақтатып тұр. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталу сәті неғұрлым алыстаған сайын,
Отан қорғаушылардың ерлігі біз үшін соғұрлым маңызды бола түседі.
Сол Жеңіс және соғыс жылдарында біздің жауынгерлер көрсеткен ерлік пен қаһармандық
ерекше еді.
Майдан даласында қан кешкен мыңдаған жерлестеріміздің көпшілігі өз отбасына оралмады.
Олардың жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгілік сақталып қалды. Ал, сұрапыл
соғыстан аман шыққандарды қалың ел батырлар ретінде қарсы алды. Бүгінгі күні соғысты
көрген буынның көптеген өкілдері ортамызда жүріп, ауданымызда жүзеге асырылу үстіндегі
барлық оң өзгерістерге қатысуы – қуанышты жайт. Оларға тағдырдың қатал тәлкегінен өтіп,
бойларындағы бар қуатын қоғам мүддесіне, жастар арасындағы тәрбие жұмысын жүргізуге
бағыттағаны үшін алғысымыз орасан. Ардақты тұлғалардың ерлігі мен өз Отанына шексіз
берілгендігі қазақстандықтардың қазіргі буыны үшін қашанда өнеге бола береді. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тұрақты қамқорлық көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Мемлекет тарапынан осы мақсатта барлық жағдай жасалуда.
Баршаңызды Ұлы мереке – Жеңіс күнімен тағы бір мәрте құттықтаймыз! Сіздерге, құрметті
ардагерлер, мықты денсаулық, жайлы тұрмыс және балаларыңыз, немере-шөберелеріңіздің
бағына орай, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ғ.И.Омаров,
Қ.Имантүсіпов,
Жаңаарқа ауданының әкімі
аудандық мәслихаттың хатшысы
ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды. Бірақ, Ұлы Жеңістің
ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан
мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса
да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. Бұл мереке – бейбітшілік пен
қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен
офицерлердің айбынының, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің
мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Ұлы Отан соғысының тарихы еш уақытта ұмытылмайды. «Ұлы Отан соғысы» деген түсінік
дәл бүгін қарт тарихтың бетіне жазылған елеулі ұғым екенін тағы да дәлелдей түскендей. Бұл
да өмір заңдылығы болар. Өкінішті болса да, күн сайын сол бір сұрапыл соғысты көзімен көрген
майдангерлердің қатары сиреп барады, сондықтан да біз бүгінгі көзі тірі әр майдангердің алдында бас иіп, құрмет көрсетуіміз керек, оларды көзіміздің қарашығындай сақтауға тырысу баршамыздың азаматтық парызымыз. Сонымен қатар, біз майданнан қайтып оралмаған, жерін,
елін, Отанын қасық қаны қалғанша қорғау үстінде қаза тапқан қаһармандарымызды да еске
алуымыз керек. Олар ел басына күн туған қиын шақта ар-намысын жалау етіп жауға аттанған
ел ұландары. Отанымыздың байтақ жерін, айдын-көлін, халқымыздың өмірін қорғады. Өзі
туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады, парасатты
данасын қорғады! Олай болса, Жеңіс туының желбіреуіне үлес қосқан ардагерлерімізді
әрдайым құрмет тұту парызымыз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға
көмектеседі. Ауданымыздың соғыстан кейінгі әлеуметтік жағдайын өркендетуінде нағыз ел
азаматтығына тән қайсарлық пен қайраттың үлгісін көрсеткен бүгінгі күні көзі тірі соғыс ардагерлері Николай Павлович Седусов, Зейнолла Қуанышбеков, Петр Тимофеевич Тарадалар
ауданымыздың құрметті қариялары. Біздер өмір көрген, тәжірибесі мол, салиқалы, салмақты
ой – өрісі кең ардагерлерімізге құрмет көрсете отырып, Ұлы Жеңістің 71 жылдық торқалы тойы
қарсаңында елімізді, жерімізді жаудан қорғап, аман-есен ортамызда жүрген қарт майдангер аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді Жеңіс күнімен құттықтап, басымызды иеміз.
А.Әділханов,
Жаңаарқа ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі
Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс II сессиясы
төрағасының шешімі
Атасу кенті
3 мамыр 2016 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясын шақыру туралы
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы 2016 жылғы 11 мамыр күні сағат 12.00-ге
шақырылсын (аудандық мәслихат хатшысының мәжіліс залында, Тәуелсіздік даңғылы, 4).
Б.Бекежанова, сессия төрағасы
ХАБАРЛАМА
2016 жылғы 11 мамыр күні өтетін аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясының қарауына
келесі мәселелер ұсынылады:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №49/335 «2016-2018
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көмуге
және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы.
3. Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы.
4. Басқа да мәселелер.
Қ.Имантүсіпов, аудандық мәслихат хатшысы
Мемлекет басшысының
төрағалығымен өткен кеңес
Соңы. Басы 1-ші бетте
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтің қызметіне толықтай
сәйкестігі толық деңгейде емес екенін жария етті. Ұлттық экономика вицеминистрі Қ.Өскенбаевты қызметінен босатуды, Ұлттық экономика
министрлігінің салалық комитетінің басшы қызметкерлері мен басқа да жауапты тұлғалардың қызметіне сәйкестігі туралы мәселені қарауды тапсырды. Сондай-ақ, Үкіметке жер қатынастарын реттеу бағытындағы
салалық функцияларды Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру жөнінде
тапсырылды. Мемлекет басшысы ақпараттық саясат мәселесін де қозғады.
– Бүгінде бұл функциялар профильді емес министрліктің құзырында.
Үкіметте бұл саланы ешкім үйлестірмейді, мемлекеттің ақпараттық саясатқа
бөлетін қаражатын ешкім бақыламайды. Сондықтан қазіргі ақпараттық сынқатерлерді еңсеру үшін, Бес институционалдық реформаның барысын тиімді
қолдау үшін өкілетті орган – Ақпарат және коммуникация министрлігін
құруды тапсырамын, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл ведомствоға мынадай маңызды міндеттерді
жүктеуді ұсынды. Атап айтқанда, мейлінше өткір мәселелерді жедел анықтау
және әрекет ету мақсатымен кез келген меншік формасының, соның ішінде
интернет ресурстар мен әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістігін мониторингтеу; барынша өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша қоғамдық
пікірді зерттеу, халықтың ақпараттық сауалдары мен тілек-қалауын талдау
және болжау; мемлекеттік ақпарат саясатын әзірлеу; барлық мемлекеттік
органның ақпараттық қызметі мен белсенділігін үйлестіру және бақылау;
мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды жоспарлау және мемлекет бөлген
қаражаттың тиімділігін талдау; Отандық БАҚ-ты экономиканың қазіргі
заманғы сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция және инновация тарту;
Электронды және баспасөз кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердің сапарын арттыру;
дағдарыстық коммуникациялардың барынша пәрменді моделін құру;
Халықпен, соның ішінде Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл арналарын қамтамасыз ету.
Бұл ретте жаңа органды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, қаражат бөлу
және оған барлық міндетті жүзеге асыру үшін айрықша өкілеттік беру тапсырылды.
Қазақстан Президенті ел дамуының өзге де негізгі мәселелеріне тоқталды.
– Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты жұрттың күмәнкүдігі бар екенін білемін. Сондықтан Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі бұл мәселе бойынша іс-әрекеттің жол картасын әзірлеуі
тиіс. Бұл реформа барлық қазақстандықтарға қатысты, сондықтан оған
ықылас жоғары болады. Білім және ғылым министрлігінің орта мектептердегі оқу жылын ұзарту, үш тілде білім беруге көшу мерзімі туралы
мәлімдемелеріне қатысты да жұрттың сұрақтары бар екенін білемін. Үкімет
бұл ретте дәстүрлі тамыз мәслихаттарын пайдалана отырып, қоғамдық пікірге мұқият зерттеу жүргізуі керек. Туындап отырған мәселелерді талқылау
және шешу үшін осы мәселелердің барлығына жаңа диалог тетіктерін –
Қоғамдық кеңестерді белсенді түрде қатыстыру керек. Олар мемлекеттік
органдардың шылауында қалмауы керек, оларда өткен пікірталастар БАҚ
пен жұртшылық үшін ашық болуға тиіс. Әрбір министр мен әкімге
реформалардың барлық бағыты бойынша қоғамдағы көзқарасты өз құзыреті
шеңберінде мұқият талдаудан өткізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бастамаларының мұқият түсіндірілуі
маңызды екенін айтты.
– Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына
қарай жылжып, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына ұмтылып
отырғанымызды айтып жатырмыз. Бұл елдерде тағы бір ең басты стандарт
бар, ол – Үкіметтің және оның мүшелерінің қоғам үшін күнделікті
ашықтығы. Онда министрлер барлық туындаған мәселелерге қатысты
әрдайым шұғыл пікір білдіріп отырады. Ал бізде ше? Ақпараттық жұмыс
тек журналистер алдына брифингке шығып, қағазда жазылғанды оқып беруден ғана тұрмайды. Біздің министрлер тіпті брифингтерде де журналистерден қашқақтап, қарапайым сауалдарға жауап бермейді. Қазіргі кезде біз
министрліктерді қандайда бір саладағы саясатты айқындайтын органдарға
айналдырдық. Саясаткер жұртпен тілдесуге, өз ұстанымын түсіндіруге,
қоғамның сеніміне ие болуға тиіс. Халықпен, ең алдымен жаңа заңдарды
қолданатын жұртпен кездесу керек, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы тек бірінші тоқсанның өзінде қазақстандықтар
«Электрондық Үкімет» порталы арқылы 1 млн 200 мыңнан астам мемлекеттік қызметтерге қол жеткізгенін атап өтті.
– «Электрондық Үкімет» бірыңғай байланыс орталығына күн сайын 700
қызмет түріне қатысты 20 мыңнан астам сұрақ түседі. Бұл ресурс неге іске
қосылмаған? Онлайн режімінде бірде-бір түсіндірме немесе кеңес болған
жоқ. Халық сауал қоя бастаған кезде ғана «ояндыңдар». Жұртқа барлық нормаларды, оларды қалай қолдануды, кімге жүгінуді түсіндіру үшін Үкімет
жанынан бірыңғай колл-орталық – «қызу желі» құруды тапсырамын. Бірдебір сұраққа біліктілікпен жауап берілмей қалмауы үшін жауапты адамдарды
да бекітіңдер. Бұл өңірлерге де қатысты, олардың әрқайсысында осындай
кеңес беру орталықтары жұмыс істейтін болсын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті әлемдік дағдарыс біздің елдің дамуына да
әсерін тигізгеніне назар аударды.
– Одан зардап шегіп, жұмысынан немесе табысының біраз бөлігінен
айрылған көптеген адамдардың бар екенін білеміз. Мұндай жандар кез келген қоғамда бар. Барлық қазақстандықтарға қырағы болу қажеттігін,
тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген сый-құрметімізге сызат түсуіне жол
бермеу керектігін ескерткім келеді. Өз тарапымнан айтарым, біз ешкімнің
ортақ шаңырағымыздағы татулық пен тұрақтылықты бұзу үшін дағдарысты
пайдалануына жол бермейміз. Құқықтық тәртіпті бұзған әрбір адам заңның
қатаң талабына сай жауап береді. Қоғамдағы тыныштықты нығайту – әрбір
азаматтың, барлық қоғамдық ұйымның, барша қазақстандықтардың ісі, –
деді Мемлекет басшысы.
Шара барысында елдің бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық
дамуының алдын ала қорытындылары жөнінде Премьер-Министр
К.Мәсімов сөз сөйледі.
2
7 мамыр 2016 жыл
Татулықты ту еткен мамыр мерекесі
МЕРЕКЕЛІК РЕПОРТАЖ
Татулықты ту еткен 1-Мамыр мерекесі халықтар
арасындағы
достық пен
бірліктің,
ынтымақтастықтың мерекесі. Мамыражай көктем
Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар,
даму» атты Жолдауын одан әрі жүзеге асыруда
айындағы шуақты мейрамның шоқтығы биік.
Ұлттар мен ұлыстардың арасындағы береке мен
бірліктің мекені болған қазақ жұрты бұл мерекені
айырықша атап өтеді. Барлық елге ата-қоныс,
жайлы мекен болған қазақ елі түрі мен түсіне, тілі
мен дініне бөлінбей көк байрақтың астында бейбітшілікті асқақтата
өмір сүруде. Елдігіміз
бен
бірлігіміздің басты
себебі
халықтар
арасындағы
татулық
пен
достық. Осы айтулы мерекені атап
өтуге ауданымыз
арнайы
дайындалды. Аудандық
мәдениет
үйінің
алдындағы жазғы
сахна алаңы мерекеге сай безендірілді.
Алаңның
қос
қапталына
орналасқан сауда
орындары
тәттідәмді мен қоса
арзан бағадағы ет, сүт, нан өнімдерін келушілерге
ұсынды. Мерекелік кештің кішкентай қонақтары балаларға арналған алуан түрлі ойыншықтар мен
әуе шарлары, балмұздақтар мен тәтті шырындар
көздің жауын алады. Иісі бұрқыраған кәуәптің түртүрі әзірленіп, тұтынушыларды маңына топтастырды. Мерекеге жиналған тұрғындар мен
қонақтарды аудан әкімі Ғабдрахман Омаров
құттықтады.
-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биыл Тәуелсіздіктің
Жаңаарқаның әр тұрғыны зор жауапкершілікті сезініп,
Отанымызға деген патриоттық сүйіспеншілікті
жоғары ұстап, екпінді еңбек үлгісін көрсететініне сеніміміз мол.
Біздің елімізде, біздің жерімізде әрқашан бейбіт өмір
мен халықтар арасында ынтымақ жалғаса берсін! Жас
ширек ғасырлық мерейтойына жаңа қазақстандық арманмен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты
жүзеге асырылып жатқан "Қазақстан – 2050" Стратегиясымен пара-пар екенін және өзіміздің жаңа
арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жасаудан бастағанымызды атап өтуде.
Жылдан-жылға алдымызға қойылып отырған міндеттер санаты артып келеді. Сондықтан да келешекте
достық пен бірлікті үнемі қадірлей отырып,
мемлекетіміз өркендеп, дами берсін!-деген аудан
әкімінің құттықтау сөзінен соң мерекелік шара басталып кетті.
Бұл мерекенің қойылымдарын өз дәрежесінде өткізу
№132 ЖОББ мектебінің
ұстаздары
мен
оқушыларына жүктелген екен. Аталған білім
ордасының ұжымы бұл сенімнен шыға білді. Әр
ұлттың билері мен әндерін тартымды орындап,
көпшілікті керемет әсерге бөледі. Ұлттар достығы
туралы, тәуелсіз еліміздің даму жолдары туралы
с а х н а л ы қ
қойылымдар
көрсетті. Келесі кезекте
«Жастар
р е с у р с т ы қ
орталығы» КММн
ы
ң
ұйымдастыруымен,
С.Сейфуллин ЖОББ,
Ю.А.Гагарин
атындағы
ЖОББ,
Б.Амалбеков
атындағы
ЖОББ,
О.Жұмабеков
атындағы
ЖОББ
және Г.Жарылғапов
атындағы аграрлық
к о л л е д ж
с т уд е н т т е р і н і ң
дайындаған мерекелік флешмобтары
көрермендерге
ұсынылды. Елімізді мекендеген бауырлас ұлттардың
ұлттық тағамынан
арнайы
ұйымдастырылған
байқау да көпшілік көңілінен шықты. Олар ұлттық
асханалардың тіл үйірер дәмдерінен ауыз тиіп, арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеден арзан бағаға
ет-сүт өнімдерін алып жатса, екінші жақта
спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар
марапатталды. Шуақты күннің шырайлы мерекесі
көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өз тілшімізден
7 мамыр 2016 жыл
Өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау
Таяуда аудандық кәсіпкерлер палатасының ғимаратында облыс әкімінің орынбасары
Ә.М.Ахметжановтың тапсырмасына сәйкес облыстық кәсіпкерлік басқармасы және
кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен Жаңаарқа ауданы Атасу кентіне өңірлерде
кәсіпкерлікті дамытуға байланысты насихат жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшы топтын
қатысуымен кенейтілген жиналыс өтті. Жұмысшы топтын құрамында облыстық «Даму»
қолдау қорының өкілдері, қаржылай қолдау қорының менеджері Т.Нұрбек,«Халық банкі»
аудандық филилалының директоры Ж.Кошеметова және аудандық кәсіпкерлік палатасының
кеңесші менеджері М.Абишева.
Жиналысқа кент және ауылдық округ тұрғындары,жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілері қатысты. Жиналысты кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы М.Ибраев
ашып, келген қонақтарды таныстырды. Кіші және орта бизнесті қолдауға байланысты мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланып өз ісін ашам деушілерге мүмкіндіктер бар екенің
атай отырып, іске асырылып жатқан бағдарламалар аясында толыққанды ақпарат алу үшін
сөзді жұмысшы топ өкілдеріне берді. Жиналыс барысында жиынға қатысушылар мемлекеттік бағдарламаларға байланысты, атап айтсақ «Бизнестін жол картасы-2020»,
“Жұмыспен қамту-2020”, «Агробизнес-2020» және екінші денгейлі банктердін бағдарлама
шеңберінде атқаратын қызметтері туралы толық ақпарат алып, өз ойларын ортаға салды.
Жиын сонында аудандық «кәсіпкерлік және өнеркәсіп» бөлімінің басшысы М.Ибраев
жұмысшы топқа алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп» бөлімі
МЕРЕКЕЛІК ТОПТАМА
Орынбай ауылында
1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Целинный ауылдық округінің
барлық елді мекендері мен Орынбай ауылы көшелері тазартылып, ағаштар егіліп, мекемелер
алдында ұрандар ілінді. Он екі ұлттың өкілі тұрып жатқан Орынбай ауылының мәдениет
үйінде мектеп мұғалімдері С.Күлмағанбетова мен Г.Қосқұлақовалар ұйымдастырған "Бірлігіміз жарасқан, менің елім Қазақстан" атты мерекелік іс-шарада жиналғандарды ауыл әкімі
М.Сәдуақасов құттықтап, бейбіт өмір, ашық аспан тіледі. Одан кейін сахнада мектеп
оқушылары әр ұлттың ұлттық тағамдарынан дәм таттырып, билерін билеп, әндерін
шырқады. Кешке жастарға би кеші ұйымдастырылды.
С.Қазбекова
*** *** ***
М.Жұмажанов атындағы ауылда
Мерекеге орай, ауылдық мәдениет үйінде “Татулық – достықтың киелі бесігі” атты мерекелік концерт өткізілді. Салтанатты жиында сөз алған ауылдық окург әкімі аппаратының жетекші маманы А.Алпысов, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Қ.Есжанов, Жаңаарқа
негізгі орта мектебінің директоры К.Бимендина ауыл тұрғындарын айтулы мерекелерімен
құттықтады. Ауыл кітапханашысы Д.Қайырова «Достық – біздің тірегіміз» тақырыбында
баяндама оқып, кітап көрмесін өткізді. Іс-шара ауыл өнерпаздарының қатысуымен өткен
мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
А.Алпысов
*** *** ***
Сейфуллин ауылында
Ауыл кітапханасында «Достық, бірлік, ынтымақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінде «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта мерекелік мәдени шара өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жиналған жұртшылықты ауыл әкімі К.Кокин құттықтады.
Ауыл өнерпаздары мен ауыл жастары әр ұлт өкілдерінің әндері мен билерін орындап,
көрермендердің ризашылығына бөленді. Кеш соңы жастардың көпшілік биіне ұласты.
Н.Туғанбаева
*** *** ***
Қараағаш ауылында
Ауыл әкімі Ғ.Оспановтың мерекелік құттықтауымен басталған думан әрі қарай кітапханашы
Ж.Есқараеваның дайындаған көрінісімен жалғасты. Шара барысында әндер шырқалып,
билер биленді. Түрлі спорттық жарыстар өтті. Мереке соңы би кешіне ұласты.
Т.Жухин
*** *** ***
Қызылжар кентінде
Ынтымақ пен татулықтың пәрменін әспеттеген мейрамда, сахна мінбесіне көтерілген кент
әкімі Р.Балкенов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірді. Мереке
аясында, әр түрлі ұлыстардың тірлігі мен танымын өрендер киімдерімен келістіріп,
өлеңдерімен өргені арадағы алтын қазық саналған сыйластықты көзге оттай басады. Кент
жастарының бірі тамылжыта ән шырқады, бірі мың бұрала би биледі.
Қызылжар кентінің әкімдігі
Емдері шипа болды
РИЗАШЫЛЫҚ
Қазақта “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген тамаша сөз бар. Ауырмасақ ауруханада да, дәрігерлерде де не ісіміз бар, ойымызға да алмас едік. Мен қатты ауырып, әл
үстінде аудандық орталық ауруханаға түсіп қалдым. Мұндағы дәрігерлер мен медбикелерге қатты риза болдым. Қан қысымым жоғарлап, қос өкпеме бірдей суық тиіп, қатты
қиналып жатқанымда дәрігерлер Дәурен Қанатұлы Смағұлов пен Ботакөз Назымбекқызы
Байдилдина қолдарынан келген көмекті аямай, бір тәулікке жеткізбей дертіме шипа
болар ем жасап, қалпыма келтірді. Аурухананың медбикелері де науқастың аяғынан
тік тұруына бар күш жігерлерін салып еңбек етіп, өздеріне міндеттелген жұмысты
мүлтіксіз орындайтындарына риза болдым. Адам өмірі үшін күресіп жатқан жандарға
алғысым шексіз. Еңбектеріне жетістік, өмірлеріне қызық, отбастарына әрқашан қуаныш
тілеймін.
Жеңіс Елеуов, зейнеткер
3
Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің «Көктем -2016 жыл» Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына
шақыру
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери
қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына байланысты 18-27 жас аралығында азаматтарды
әскер қатарына шақыру жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне денсаулығы мықты, жоғары, орта білімді
және шыныққан жас ұрпақ шақырылады.
«Отан үшін отқа түс күймейсің» «Отан оттан да ыстық» деген жалынды сөздер жастардың
елжандылық рухын көтереді.
Қасиетті Отанымызды ішкі және сыртқы қауыптерден қорғауда әскеріміздің атқарар ісі
маңызды. Осының мән-мазұмынын жақсы білу керек. Өйткені, әскерлік – Отан деп аталатын
ұлттың киелі ата-мекенін қорғауды, қажет болған жағдайда өз жанын Отан үшін құрбан
етуді ең жоғары рухани дәреже деп білуді талап ететін кәсіп.
Әскери өмір – адамды қатаң тәртіпке бағындырып, шыдамдылыққа жауапкершілікке
үйретеді. Армия-қашанда азаматтарды батыл ержүрек, шымыр да шыныққан етіп баулыйтын
үлкен өмір мектебі. Қарулы Күштеріміз тәуелсіздігіміздің, азаматтығымыздың, еліміздің
тұтастығының, болашақ ұрпағымыздың амандығының мызғымас қорғаушысы екенін естен
шығармайық.Әскери қызметтегі азаматтарымыздың Отанды қорғау бағытындағы
мақсаттарды толыққанды орындауы Отан деген ұғымды толық түсүнуіне және Отанды өз
жанынан артық сүйе білуіне тікелей байланысты. Әскери қызмет қатарына шақырылатын
азаматтардың Отан алдындағы парызын адал өтеуге деген ынта-жігері жоғары.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына шақырылғандарға барлық
жағдай жасалған. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында әскери борышын
өтеп жүрген азаматтарға әскери қызметін одан әрі жалғастыруына мүмкіндіктері мол.
Қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің тапсырысы бойынша Қарағанды қаласының
әскери бөлімдеріне, Теміртау, Приозерск, Балқаш қалаларына әскери қызметке келісім-шарт
бойынша қабылдайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына және шет елдерінде
11-сынып бітірген талапкер жастар қабылданады. Жоғары әскери оқу орындарына
қабылданғандар үшін киім-кешек, жататын орын және тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, жастарға жоғарғы әскери оқу орнын бітіргендігі туралы дипломмен қатар лейтенант шені беріледі. Жылына екі мәрте канкуллярлық демалыс беріліп, жол жүру жолақысы
тегін болады. Жоғары әскери оқу орыннын бітіргеннен кейін жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтар Отан
алдындағы қасиетті борышын мүлтіксіз атқарып, еліміздің көк байрағын желбіретер сарбаздарымыз азаймасын дегіміз келеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке және жоғарғы әскери оқу орнындарына ниет білдірген талапкерлер Жаңаарқа аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінен анықтама алуларына болады. Әскерге шақыру бөлімше бастығының аға көмекшісі А.Р.Сейсекеева.
А.Биғарашев,
Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы
ТАЗАЛЫҚ - 2016
Кентте тазалық жұмыстары жалғасуда
2016 жылдың 11 сәуірі мен 28 мамыры аралығында елді мекендерді абаттандыру,
көгалдандыру және санитарлық тазалау екі айлығы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Шараға кенттің барлық мекемелері мен кәсіпорындары қатысуда. Санитарлық айлық
аясында кенттің аумағын тазарту, көшелер, тротуарлар мен аула ішілік аумақтарды
тазалау, заңсыз қоқыс
орындары мен ластанған
телімдер жою жұмыстары
жүргізілді.
Екі
айлыққа
кент
тұрғындары, мекемелер,
жеке
кәсіпкерлік
нысандарының
ж ұ м ы с ке р л е р і ,
м е к т е п
оқушылары
қатысты. Барлығы
15 көлік пен арнайы
техника,
оның ішінде 4
жүк тиегіш мен
11 автомашина
жұмылдырды.
Жөнделген
және сырланған
қоршаулар – 420
қ.м.
Кесілген
ағаштар – 50 дана.
Отырғызылған
ағаштар
- 650
дана. Бақылаушы
органдар тарапынан жүргізілген тексерістер саны - 147, осының ішінде 51 жеке
тұлғаларға, 13 заңды тұлғаларға ескертулер жасалды. Атқарылған жұмыстары
қорытындысы бойынша 310,0 га аумақтан қоқыс, қатты тұрмыстық қалдықтар
полигонға
шығарылды. Кент тұрғындарынан көше, аула аумақтарын
тазалау
жұмыстарына ұдайы қатысып отыруларыңызды сұраймыз.
Атасу кентінің әкімдігі
Сенбілік сәтті өтуде
Ақтау ауылдық округінде тазалық айлығы жарияланғаннан бері әр сенбі сайын ауыл
тұрғындары сенбілікке қатысуда. Сенбілікке ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары
да бір кісідей ат салысуда. Ауыл көшелерімен аулалар тазартылып, ретсіз өскен талдар кесіліп жөнге келтірілді. Сонымен қатар талдардың түптері мен қоршаулар сырланды. Ауылды көркейту мақстында мекемелер мен тұрғындардың аулаларына 100 түп
талдар мен гүл егілді. Сыртқа 50 тонна күл-қоқыс шығарылды. Ауыл тазалығына
техникаларымен «Мирас» шаруа қожалығы жетекшісі Искаков Нұрлан, “Сырымбет”
шаруа қожалығы жетекшісі Күлмағанбетов Боранбай МТЗ-82 тракторымен көмектесуде.
Сенбілік алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ғ.Кәрібаев
4
КӘСІБІҢ-НӘСІБІҢ
Өз ісін өркендеткен Өмірзақ
«Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» немесе «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»дегендей ерінбей еңбек етіп ел алдына шығып,
еңсесін түзеп, елге үлгі болған шаруа қожалықтар
мен жеке кәсіпкерлердің маңдай терінің өтеуін
көріп, сүйсінесің. Он екі мүшені еңбекке жеккен
жандардың алға қойған мақсаты айқын, алар
асуы анық. Олардың басты көздегені шаруаны
шашау шығармай дөңгелетіп,
қолға алған
жұмыстарының нәтижесін көріп, пайдасын еселеп,
өзінің өмір сүру үрдісін жақсарту. Иә, осы
мақсатқа жеткендер бір орында тұрып қалмай алға
жылжуды инновациялық тұрғыдан жүзеге асыруға
құлшынады. Елбасының 100 нақты қадамындағы
бағыт пен бағдарға қарышты қадам жасап, жол сілтейді. Алға жылжыған сайын алар асу мен шығар
биікте асқақтай түседі.
Күре жолдың қапталындағы көк майсада жаңа төлдеп қозы-лағын ерткен қой мен ешкіден бөлек жас
бұзаулар да жүр. Бақташының ысқырығына: “маған не етерсің”,- дегендей бірін-бірі қуалай шапқылауда.
Бұл біз келе жатқан Целинный ауылдық округіне қарасты Ақшағат бөлімшесіндегі «Бекарыс» ШҚ
тиесілі малдың ауыл маңындағысы ғана. Анадайдан зәулім үй көзге түсті. Одан беріде әктеліп, заманауи тұрғыда салынған баз бен қатарлана сап түзеген техникалар қойылыпты. Өткен жылғы алапат
су басуда судың кемері биіктігі метрге жететін жаңа үйдің іргетасына дейін көтерілген екен. Ескі үйдің
албарындағы қаз қатар жуылып, төңкерілген флягтар кешкі сиыр саууға әзірлігін байқатқандай. Баз
жақтағы бітпейтін шаруасымен жүрген шаруа қожалықтың иесі Балажанов Өмірзақ ағаймен тілдесуге
асықтық. Жып- жинақы болып салынған баз кешені мен қора қопсының маңайын реттеп жүрген, жүзі
күнге тотыққан ағай алдымыздан шығып, сиыр тұратын баз бен сүт салқындататын орынмен таныстырып, әңгімені үйінде жалғастыруды ұсынды.
Барлық жағдай жасалынып, үй иесінің қалауымен, талғамға қарай ыңғайланып салынған үйге енгенімізде жылылық пен жайлылықты бірден сездік. Үй иесінің жұбайы Айткүл апай ақ дастарханын
жайғанша Өмекең балалық шағына оралып кете барды.
-С.Сейфуллин ауылына қарасты Киров бөлімшесінде 1952 жылы өмірге келіппін. Әкем Балажан еңбекке
ерте араласқан жан. Жастайынан жер қазып шахтада істесе кейін ауылда қарапайым шаруа болды. Ал,
анам Артық Шолаққызы үй шаруасындағы жан еді. Марқұм 19 құрсақ көтеріп, өмірге әкелген жан.
Кішкене кездерінде сол кездегі ел ішін меңдеген қылша, шешек, сүзек науқастарына шалдығып, шетінеп кеткен. Ел болып тілеп, атымды өмірі ұзақ болсын деп ырымдап қойған мен, 19 баланың арасынан ата-анамның соңынан ерген жалғыз қарамын. Бала кезімде ерке, тентек, бұзық болдым. Біреудің
жалғызымын. Бірақ әкей мен шешей еңбекке баулыды. Бұғанамыз қатып, буынымыз бекімей-ақ
жұмысқа жегілдік. Мектепте сол Кировта оқып, кейін жоғары сыныпты Сәкенде оқып бітірдім. 1970
жылы әкей өмірден озған соң, анамыз екеуміз жамағайын туысқанды сағалап, темір жол бойы
Көктіңкөлге қоныс аудардық. Сонда механизатор болып жұмысқа шықтым. Әлихан ауылының тумасы
Айткүлмен сөз байласып, отбасын құрғаннан кейін, әскерге шақырылып, КомиАССР-інде абыроймен
өтеп қайттым. Әскерден оралған соң, жол бойына жұмысқа тұрдым. Ол уақытта Бидайық совхозының
дүрілдеп тұрған кезі. Содан осы ауылға көшіп келдім де, жеміс өсіріп, баптауға, жинауға атсалыстым.
Жолдасым осы ауылда есепші болды. 1978 жылы Ақшағат бөлімшесіне ауысып, сауын сиыр бақтым.
«Сиырдың сүті тілінде» демей ме, сиыр баптай білгеніңізге қарай өнім береді. Әр малдың өз қыры
бар. Оны бағу мен өсіруде де сондай тәсілдер аз емес. Еңбегіңе қарай өнім беретінін білгендіктен
малды жақсылап күтіп, соның арқасында жетістіктерге қол жеткіздім. «Ауылшаруашылық өнімін
белсенді тапсырушы» атағын жеңіп алып, сол кездегі ұзақ кезекке тұрып алатын машиналардың бірі
«Москвич» автокөлігін алған болатынмын. Еселі еңбектің арқасында көштен қалмай еңбек еттік.
1994 жылы жекешелендік. Содан бері ел қатарлы тырбанып, тіршілік етудеміз. Алғаш жекешеленгенде
МТЗ-80, мен Т-40 техникасы мен 80-ге тарта тайша-торпақ болды. Соның жем-шөбін даярлау, азықпен
қамтамасыз ету, техникаға жанармай мен қосалқы бөлшектер табу оңай болған жоқ. Отбасымыздың
береке-бірлігінің арқасында еңбектене жүріп, талай қиыншылықты артқа қалдырдық. Мал басы өсті,
одан алатын өнім де көбейді. Қос балам Рүстем мен Манасым сенімді серігіме айналды. Еңбекпен
тапқан әр зат қадірлі. Соны бала жастарынан түсінген екеуі үнемдеудің, жоқтан бар жасаудың мәнісін
білгеннің арқасында жетістіктерге қол жеткізді. Басында барлық сиырды жабыла жүріп сауып, сүтін
өткізсек, бірте-бірте тоқпен саууға көштік. 2011 жылы осы үйді салып кірсек, 2014 жылы стандартқа
сай етіп базды салдық. 2014 жылы Ресейден сиыр сауатын аппарат пен сүт таситын машина алдық.
Былтырғы жылы сүтті суытып, салқындататын орын (молблок) салып, 2 бөлімшеден, Бидайық, Қарамола,
Көктіңкөлі, №69 разъез, Ақшағат елді мекендеріндегі тұрғындардан сүт жинап, өткізуге кірістік Қазір
Теміртау қаласындаға «Рен Милк» ірі сүт зауытына күніне 4 тонна сүт өткізіп отырмыз. Сүтті
бағытқа берілетін субсидияны 2010 жылдан бастап алып келеміз.
Елбасының тапсырмасын орындау, ауылшаруашылық саласындағы оң бетбұрыстарға қадам жасау
басты бағыт болмақ. Қазіргі таңда сүтті бағытпен бірге етті бағыттағы асыл тұқымды малды өсіруді,
құнарлы мал азығын өсіруді алдағы жылдарға жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жетістік бұл - таза еңбектің
жемісі. Оның ішіндегі есеп-қисап, кірі-шығыс, түсім мен табыстың барлығын есептейтін, анықтайтын
жарым Айткүл, үлкенім Рүстем Бидайық елді мекенінде жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Сол ауылдағы
мектепке іргелес жатқан елді мекендердің оқушы балаларын мектепке тасымалдайды. Келіншегі Мәдина
мұғалім. Манас осы шаруа қожалықтың жұмысының жүруін қадағалайтын басты адаммын. Келін
Бидайық мектебіндегі асханада еңбек етеді. Немерелерімнің алды биыл жоғары оқу орынын бітіреді.
Төрт құлыным жоғары оқу орынының студенттері. Биыл олардың сапына кейінгі немерелерім
қосылмақ. Жұмыстың нәтиже беруі ұйымдастырудан болса, осының бәрін ұйытып, бір арнаға
тоғыстырып отырған Айткүл екеуміз” -деген ағай өнерденде құр алақан еместігін байқатты. Елге танымал ақындардың өлеңдерін жатқа оқып отырған Өмекең кезінде үлкен сахналарда ән шырқап, өз
бағасын алған екен. Әр жылдардағы «Ұлытау үні», «Байқоңыр» фестивальдарының жеңімпазы екендігінің
дәлелі болған Мақтау қағаздары қатталып тұр. Сонымен қатар ұлтымыздың тұлғалы азаматтарының
мерейтойларына қатысып, өнер көрсеткені үшін алған жүлделері де бар екен. Кезінде сан келіннің
бетін ашып, той-томалақты жүргізген асаба болған Өмекеңді қатарластары: «Күндіз малшы, кешкеәнші» деп өнеріне тәнті болып, өз бағаларын берген екен.
Мал бағу оңай емес. Ол үкіметтің 8 сағаттық жұмысы емес, апта соңында екі күн, жыл ортасында 24
күн демалыс беретін. Бұл күні мен түні еңбекті талап ететін, шаршап-шалдығуды сезінсең де елең етпеуді талап ететін жұмыс. Оған тек шыдамдылар мен өз кәсібін сүйетіндер ғана бара алатыны ақиқат.
Төрт түлігін төскейге өргізіп, ырзық-несібесін малдан тапқан Өмекең өз кәсібіне дән риза. Шашы
буырыл тартып, жүзі күнге тотыққанымен еңбегінің рахатын көрген жан: “Адам еңбектен ғана бақыт
табады. Еңбек- адамды өсіреді. Өзіңнің биіктерге қол жеткізгеніңді көріп марқайасың, мақтанасың, Аллаңа
разылығыңды білдіресің. «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» -дейді еңбекпен жеген нан тәтті,
еңбекпен өскен мал берекелі-дейді ризашылықпен.
Иә, қиыншылығы мен жауапкершілігі зор кәсіпті нәсіп еткен «Бекарыс» ШҚ иесі Өмірзақ ағаймен
Айткүл апайдың ақ дастарханына бата тілеп біз де аттандық. Атасының соңынан томпаңдаған немересі
баз жаққа тартып барады. Нысанасы жайылымнан келе жатқан бұзауларға сүт беру. Еңбектеріңіз жана
берсін деп біз де аттандық.
Салтанат Аманқызы
7 мамыр 2016 жыл
МАРАПАТ
Кәсіподақтар кеңесі марапаттады
Жақында Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының төрағасы Марат Сейілбекұлы Қоңырбаев жұмыс сапарымен ауданымызда болды. Ауданымыздағы білім саласы кәсіподағының басшыларымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, осы саладағы болып
жатқан өзгерістер
мен
жаңалықтар
туралы
әңгімелеп, біздің
ауданымыздың кәсіподақ кеңесінің жеткен жетістіктері туралы да айтып
өтті. Осыған орай аудан әкімі Ғ.И.Омаровқа «Білім және ғылым
қызметінің қәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Сондай ақ, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы
О.Ә.Мұхамеджанов ҚР кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға
сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Өз тілшімізден
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ МҮМКІНДІГІ
Мүлікті заңдастыру акциясы шеңберінде тұрғындарға түсіндіру
жұмыстарын өткізу шараларын жүргізу, Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасының азаматтарына,оралмандарға және Қазақстан
Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті
жария етуіне байланысты рахымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес
ауылдық округ әкімі аппаратында 6 сәуір күні дөңгелек үстел отырысы,
18 сәуір күні ауылдық Мәдениет үйінде халықпен жиын өткізіліп, мүлікті
заңдас- тыру мүмкіндігі 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатыны туралы,ниет білдірген азаматтарға осы берілген мүмкіншілікті пайдалана отырып жылжымайтын мүлікті заңдастыру ұсынылып, әкімшілік тарапынан
түсіндіру және қолдау көрсетілетіні жайлы айтылды.
З.Қоңырова
Мүлікті жария ету түсіндірілді
Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде сәуір
айының 19 жұлдызы күні ауыл әкімі А.Т.Аманбаевтың басшылығымен
тұрғындарының қатысумен жиналыс өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты
мүлікті жария ету жөніндегі акция туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізу.
Жиналысқа шаруа қожалықтардың жетекшілері, ауыл тұрғындары және аппарат қызметкерлері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламашы А.Т.Аманбаев
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30
маусымдағы №213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар
адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына толығымен тоқталып, түсіндіріп өтті. 2014 жылдың 1-ші
қыркүйегінен 2016 жылдың 31 желтоқсаны дейін мүлікті жария ету акциясын жүргізіліп жатқанын ескертті. Осы орайда, әрбір тұрғындар: жер телімдерін, үй, қора, гараж, жазғы ас бөлме және қосымша салынған құрылыс
нысандарын заңдастырып, үкімет тарапынан көрсетіліп отырған осы акция
уақыт тиімді пайдалануға шақырды. Ақтүбек ауылдық округінің әкімі
А.Т.Аманбаев осы мәселе бойынша қойылған сұрақтарға тиісті жауап беріп,
жиналысты аяқтады.
Ж.Зайыров
5
7 мамыр 2016 жыл
МЕРЕЙТОЙ
ҰСТАЗДЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ
Есімі аудан жұртшылығына кеңінен танымал,
ғұмырының қырық екі жылын ұрпақ тәрбиесіне, оқуағарту ісіне арнаған қадірменді азамат, ардагер ұстаз
Ижанов Балдай Жаңаарқа ауданының Ынтымақ колхозында ферма меңгерушісінің жанұясында 1951
жылы мамыр айының 10 жұлдызында дүниеге келген.
Әкесі Қалжанов Ижан мен анасы Нақан балаларын
еңбек пен өнерге, адами жақсы қасиеттерге,
естиярлық пен тиянақтылыққа баулыды. Бастауыш
сыныптарда оқып жүрген кезінен Балдай әкешешесінің тындырымды қолғанатына айналды.
Қыста өзге малдармен қоса әкесінің арба-шанаға жегетін, қасқыр қуатын, бәйгеге қосатын аттарына
күтім жасады, ат бәйгелерінде бәйге атымен оза
шауып, шабандоз атанды.
4-сыныптан бастап шөп шабатын машинаға отырды,
6-сыныпты бітіре кеңшардың қой қырқу науқанына
қатысты.8-сыныпты
аяқтаған
жылы
бөлімше
меңгерушісі жұмысын атқарып жүрген әкесі тракторшы жетіспегендіктен оны тракторға
отырғызды, сабақ басталғанға дейін пішен дайындауға үлесін қосты. Аз уақытта трактор
мен оның тіркеме машиналарының қыр-сырын меңгеріп алған оған орта мектепті бітіргенге
дейін шөп шабу бригадасының бригадирі: “Жазғы демалысың басталды, тракторың әне тұр,
мініп ал да шабындыққа қарай тарт!” –дейтін, Балдай болса, оның айтқанын екі етпей,
қыркүйекке дейін уақытын шөп щабумен өткізетін.
Өткен ғасырдың 60-жылдары спорт аудан көлемінде жаппай бұқаралық сипат алғанын білеміз. Жастардың спортқа деген қызығушылығы, спорт саңлықтарына деген сүйіспеншілігі
ерекше-тін. Аудан спортшыларының арасынан республика, одаққа есімдері мәшһүр спорт
тарландары шыға бастаған кез. Cәкен Сейфуллин атындағы кеңшар жастары Әбдахмет
Қалжанов, Меркеш Өскенбеков, Ғазиз Әбдіков, Әкіман Айтбеков сынды майталман балуан ағаларына еліктеді. Балдай туған ағасы, Арқа өңірінің біртуар перзенттерінің бірі,
самбо күресінен спорт шебері, Әбдахмет Қалжановтан күрес тәсілдерін үйреніп, 9-10 сыныптарда оқып жүргенде күрес сайыстарына қатыса бастады. Үзбей шыңдалу, жалықпай
жаттығу оның тұлғасын жеңістің биік тұғырларына көтерді. 1967 жылы 52 кг салмақта, 1968
жылы 57 салмақта ересектер арасында өткен еркін күрестен екі рет аудан чемпионы атанды.
Ол күресті Алматы қаласының Абай атындағы педагогикалық институтының физика факультетінде оқып жүргенде де жалғастырып, 1972 жылы еркін күрестен Алматы каласының
чемпионы, Ақтөбе қаласында өткен Динамо спорт қоғамының республикалық біріншілігінде екінші орынды иеленді.
1973 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, өзінің курстасы Дүйсенбинова Елімгүлмен отбасын құрды. Екеуі жолдамамен Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшардың Алғабас
бөлімшесіндегі сегіз жылдық мектепке мұғалім болып қызметке кірісті. Балдай мектепте
сабақ берумен ғана шектелмей, бойындағы бар қабілет-қарымын оқушылар мен ауыл жастарын өнер мен еңбекке, спорт пен салауатты өмір салтына баулып, олардың өмірге дұрыс
көзқарастарына, этикалық, эстетикалық талғамдарын дамытуға жұмсады. Мектепте күрес
секциясын ұйымдастырды. Ол бастаған жас палуандар аудандық, облыстық күрес додаларында жүлделі орындардан бой көрсетті, өзі 1973 жылы 78кг салмақта күресіп, аудан чемпионы атанды.
1975 жылы Ынтымақ орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып орналасқаннан бастап,
физика пәнінің оқу кабинетін жабдықтауға құлшына кірісті, кабинетті әр оқу жылында
үздіксіз жетілдіріп, заманауи талапқа сай жабдықталған үлгілі оқу кабинеті дәрежесіне жеткізді, физика пәнінің оқыту деңгейі, оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы артты.
1978 жылы Ынтымақ орта мектебінің физика пәні кабинеті облыс бойынша ауылдық жер
мектептерінің ішіндегі ең үздік физика пән кабинеті деп бағаланады. Сол жылы Балдай
Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар одағы Орталық Комитетінің ‘Ең үздік комсомол мұғалім’’ төсбелгісімен, обылыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.1980 жылдың сәуір айында аудандық оқу бөлімінің инспекторы қызметіне
тағайындалды.
1983 жылдың қазан айында Айнабұлақ орта мектебіне директор болды. Өзі басқарған
уақытта Айнабұлақ орта мектебін облыс бойынша үздік мектептер қатарына көтерген Балдай Ижанұлы 1986 жылы аудан орталығындағы Ю.А. Гагарин атындағы орта мектепке директор болып ауысты.Әрине бұл қызметке өзі сұранып келмегені анық еді. Мектептің
көнерген ғимараттарын талапқа сай жөндеп, әрлеп, істен шыққан жылыту қазандығы мен
жылу, су құбырларын жаңарту, пән кабинеттерін заманауи озық әдістемелік талаптарға сай
жабдықтау, мұғалімдердің біліктілігі мен әдістемелік іс- тәжірибелерін жетілдіру, білім беру,
тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, оқушыларды спорт пен өнерге, еңбекке баулу ісін
жақсарту, спорт алаңын құру, абаттандыру т.б. шараларды жүзеге асыруға қабілетті деректор
қажет еді бұл мектепке.
Ол басшылық еткен жылдарда мектеп өміріндегі толағай жетістіктерді аудандық, облыстық
білім басқармалары басшыларының берген жоғары бағасынан, оқушылардың алған білімі
мен тәжірибесіндегі, спорт пен өнердегі үздік көрсеткіштерінен, ұстаздардың санаттарының,
атақтарының, марапаттарының құрметке лайықтылығынан айқын аңғаруға болады. Мектепте жас білімді, ізденімпаз мұғалімдер жұмыс істеді. Олар өздерінің іс- тәжірибелерін
осы мектептің қабырғасында жинады, көпшілігі қазір Қарағандының үлгілі мектептерінде
жемісті еңбек етуде.
Балдай аудандық білім бөлімінің шешімі мен 1989 жылы аудандық білім бөліміне инспектор
болып қайта оралды, зейнетке шыққанға дейін 25 жыл осы қызметті абыроймен атқарды.
Ұлағатты ұстаз, дарынды ұйымдастырушы, талантты басшы, даңғайыр тәлімгердің
ғибратты еңбегі облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым Министрінің Құрмет грамоталарымен, Ы.Алтынсарин медалімен, Алғыс
хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен атап өтілді.
Ол-үлгілі отбасының отағасы, адал жар, балаларына қамқор әке, немерелеріне сүйікті ата,
ел-жүртына қадірлі, ағайын туысына сыйлы, бауырларына сая бола білген ардақты да абзал
азамат.
Үш баласының үлкені Әлібек Абай қаласындағы спорт мектебінің директоры, екінші үлы
Айбек “Тау-Кен ” корпорациясында геология және табиғат байлықтары департаментінің
басқарушы директоры. Қызы Айгүл Қазпошта саласында қызметкер. 8 немересінің үлкені
Камила- Н.Ә.Назарбаев университетінің студенті.
Бәйбішесі Елімгүл де 30 жылдан астам мұғалім болған ардагер ұстаз,зейнеткер отбасының
ұйытқысы, ордасының отанасы.
Өзінің саналы ғұмыры жас ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім беру ісіне қажырлы еңбегімен
елулі үлес қосқан өмірі ғибратты тұлғаға зор денсаулық пен бақ пен бақыт, шаңырақ
шаттығын, ғасырдың жасын тілейміз!
Қалкен Смайыл, ақын,
жазушы-журналист,
Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің оқытушысы
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 71 ЖЫЛ
БІЗ ӘКЕМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ
Біздің елімізде 9Мамыр - Ұлы
Жеңіс
күнінен
шоқтығы биік мереке жоқ шығар,
сірә. 1945 жыл
алыстап, тарих
қойнауына енген
с а й ы н
әкелеріміздің
жасаған ерліктері
маңыздана түсіп,
Жеңіс күнінінің
қадірі арта түседі.
Ал Өскембаев
Тілеуғабыловтың
отбасы үшін бұл
күн бір жағынан
қуанышты болса,
екінші жағынан Ұлы Жеңіс күніне санаулы күндер қалғанда 2013 жылдың 22-сәуірінде
бақилық болған әкемізді еске салатын орны толмас өкінішті күн.
Біз әкемізді мақтан тұтамыз. Оның өмірі балалары үшін қашан да үлгі-өнеге. Әкеміз
балаларға пайымды тәлім-тәрбие беріп, дұрыс бағытты нұсқап, сол арқылы соғыс жылдарынан кейінгі ел үшін ауыр жылдарды еңсеруге ат салысты. Ардақты әкеміз 50 жыл бойы
Жаңаарқа мектептерінде еңбек етті. Оның өз кәсібіндегі беделі талассыз еді. Оның алдынан
білім алған оқушылары ұстаздарын қашан да ізетпен, жылылықпен, құрметпен еске алады.
Ол өте қатал бірақ әділетті ұстаз болғандықтан мектепте жоғары сынып оқушылары оны
қадірлеп "батя" деп атап кеткен. Әкеміз жан-жақты, іздемпаз, білімді адам еді. Кітапті өте
көп оқитын. Қолынан маршал Василевскидің "Дело всей жизни" атты маршал Жуковтың
естеліктері жайындағы 3 томдық кітабы түспейтін.
Ол кісі бізге де кітаптар әкеліп беретін. Оларды күндіз оқуға уақыт болмайтындықтан, түн
ішінде көрпе астында шаммен жатып оқитынбыз.
Анамыздан ұрыс естігенде, әкеміз қашан да бізді қолдайтын. Егер біз оқудан, жұмыстан
бір жақсы жетістіктерге қол жеткізсек, әкеміз марқайып: "менің балам"-дейтін. Біз үшін бұл
сөз ең жоғарғы баға болатын.
Біздер әкеміздің әр айтқан сөзіне құлақ асып, ақыл-кеңесін бағалап өстік. Себебі ол балаларын жанынан артық жақсы көрді, мақтан тұтты, біздерден бар мейірімін аямады.
Ал, бала кезде қыс мезгілінің жексенбі күндерін қалай күтетінімізді айтып жеткізу мүмкін
емес. Өйткені бұл күні әкеміз сыртқа бірге шығып, шана теуіп, шаңғы, конькидің тілін табуды үйрететін. Күз айларында кешқұрым баларымен волейбол ойнап, қуыспақ ойнап ылғи
жеңіп кететін. Бұл күндер балалық шақтың ең ыстық, ең жарқын, ең қымбат күндері ретінде
жүрегімізде сақталып қалды.
Ал, жаздың жылы кештері есік алдына әкеміз мандолинасын алып шығып, анамыз екеуі ән
шырқайтын. Біз де оларға қосыла кетіп, гармоньмен ән айтып, би билеп кететінбіз. Осындай
кішігірім концертімізге көрші-қолаң қызықтап жиналатын.
Біздің отбасымызда 7 бала болғандықтан, үлкен жанұя ретінде есептелдік. Тату-тәтті
болдық. Қандай жұмысты болсын ерінбей атқарып тастайтынбыз. Өйткені әкемнің:
"Еңбекпен тапқан нан тәтті" деген ұраны болатын. Бірлесе ойнап жүрып, әзілдеп жүріп
ұйымшылдықпен қандай жұмыстың болмасын бетін қайтарып тастайтынбыз.
Ата-анамыз балаларына үлкенді сыйлауды, білімді бағалауды үйретті. Әке-шешеміздің бірбіріне деген сүйіспеншілігі мен құрметі аса жоғары еді. 67 жыл бойы осындай берекесі
ұйыған шаңырақта бірге өмір сүрді. Ойлап отырсам, сол кезде бір-біріне қымбат сыйлық
жасап немесе айырықша ілтипат та білдірген емес, тек бір-біріне деген қалтқысыз
сыйластық болды. Бүгінде сол әкеміз арамызда жоқ, жүрегіміз қаңырап қалғандай.
Қазір жасым 50-де, өз отбасым бар, балаларым ер жетіп, немере сүйіп отырсам да, әлдене
мазағаланда әкемінің жанына жүгіріп келіп, жанына отырып, иығына басыңды қойып жаның
жай табатын бала кездерді аңсаймын.
Міне, Ұлы Жеңіс күні қарсаңында әкемді еске ала отырып, анам екеуіне "рахмет" деп
айтқым келеді. Біздерді армандауды, сүюді үйреткені үшін, мақсатқа жету жолында еңбек
етуге баулығаны үшін, қолда барды бағалап, аяулауды үйреткені үшін, жақсылық жасауды
үйреткені үшін. Жүректегі махабатты өшірмей, алдағы күнге деген сеніммен өмір кешу керектігіне өздері үлгі болды. Соншама өмірді жалмаған соғыстың отынан аман-есен келіп,
өздерінің балаларына, немере-шөберелеріне өмір сыйлағаны үшін РАХМЕТ!!!
Айша Тілеуғабылқызы
ӨНЕР ӨЛКЕСІНДЕ
Жүлдемен оралды
26 сәуірі күні Қарағанды қаласындағы Банк колледжінде облыс колледждері студенттері
арасында Қазақ хандығының 550 жылдығы және «Мәңгілік Ел» бағдарламасы шеңберінде
өткен «Тарихы терең халпыз» атты сахналық көріністер байқауына қатысушыларды
даярлағаны үшін Ғалым Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінің оқытушысы Қуанышева Жадыра Кенжеқарақызы Қарағанды облысында
білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының «Алғыс хатымен», осы колледждің
3 – курс студенті жас ақын Өсерхан Жарқын Қалкен Смайылдың «Ұлы Дала – Мәңгілік Ел»
поэмасы мен өз өлеңдерін мәнерлеп оқып, көркем сөз жанрын орындаудағы үздік жетістігі
үшін «Шабыт» номинациясын иеленді және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың
оқу – әдістемелік орталығының Грамотасымен марапатталды.
Бұл жетістік Жарқынның жоғары деңгейдегі екінші өнер табысы. Жарқын 2015 жылы Алматы қаласында өткен «Жас таланттар» атты республикалық өнер байқауында Қалкен
Смайылдың «Далалықтар» поэмасын мәнерлеп оқып, байқаудың бірінші орын жүлдесін
алған болатын.
Сондай-ақ, 2016 жылы 27 сәуірі күні Қарағанды қаласында үшінші рет өткен «Тұлға
халықаралық байқауы» фестиваліне Жаңаарқа ауданы атынан қатысқан Ғалым
Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледжінің қызметкерлері, талантты әншілер Жаннұр
Мұсылманбекова мен Марат Казенов те өнердің өрелі биігінен бой көрсетті. Жаннұр
Мұсылманбекова фестивальдің бірінші орын жүлдесін, ал Марат Казенов екінші орын
жүлдесін олжалап оралды. Колледждің жас өнерпаздарына: “Өнердің ақ жолында қашан
да жүздерің жарқын болсын!” – деп, ізгі тілектестігімізді білдіреміз.
Өз тілшімізден
Қарлығаш ұя салған жыл
6
(эссе)
Арқаның төсіне орналасқан Ескене таулы бұйраттары күзде суық жел, қыста боран шакыратын
әдеттінен айырылар емес. Көктем ерте шықса да, қалың түскен қардың жерге сіңген ылғалы, ызғар
ұрып, жерді де, малды да, адамды да ширатар емес.
Сұңғақ бойлы, шоқша сақалын аңда-саңда сипап қойып, Кокас ақсақал көк шолағына ертоқым
салып жатыр, табиғатынан әдемі, кербез ақсақал, реңсіздеу киімдеріне көркемдік беріп тұрғандай.
Әкесінің осы әуресін көріп, кенжесі Сафиолла көнетоздау шекпеннің етегінен тартады: «Әке, әке,
қайда барсың?» деп, ақ шалған қыран қабағын көтеріп, әкелік мейіріммен баласына қарап: «Жайлауды көріп келем» -деп аяғын үзенгіге кіргізе, ширақ қимылмен ертоқымға отырды.
Ақсақалдың жайлауы Ескененің шығыс жағында үлкен шатқал ішінде. Жеті-сегіз шақырым жерді
бүлкіл аяңмен ақсақал тез-ақ меңгерді. Шатқал аңғарына кіргенде, солтүстік қираттар әлі қармен
бүркеліп жатыр екен, мал су ішетін Қосбұлақ әлі лайлы, мал кең өріс алатын жер әлі дегдімеген.
Аттан түсіп жылдағы әдетіне салып, Қосбұлақтың көзіне төне екі алақанымен уыстап су алып
ішті, бұлақтың мұздай мөлдір суы денені дір еткізді. Көз алдына ертеде әкесі Нақып осы бұлақтан
сусындайтыны, есіне түсті, әкесі сабырлы пейілмен бұлақ жағасында отырып, өз әкесі Арқаға аты
әйгілі Болтай болыс туралы әңгіме шертетін. Туған жері Ақтауда ол кісі жиырма жылдан астам
болыс болды, Ақтаудың бір белі «Болтай асуы» деп аталады. Әділдігі, мейірімдігі үшін, табиғат
берген көркемдігі өзіне жарасқанына, ел ол кісіні «әдемі болыс» деп атап кеткен, съезд жиындарға,
елде берілетін асқа барғанда, сол елдің қыз-келіншектері шұбап, болыс түскен үй маңына жиналып
«әдемі болысты» көреміз деп, топ топ болып шұбырып жүретін, сол еске түскенде Қоқаңның
(Ақсақалдың шын аты Ибрагим – жеңгелері Қоқас деп атап кеткен) көзіне жас оралды.
Есіне, әкесінің айтуы бойынша, сәби кезінде үлкен атасына апарып тізесіне отырғызыпты, міне
осы ойлар, шалдың ойына өз баларын түсірді – оқуда оқып жүрген Ендаман, нағашыларының
қолында жүрген Қайролла, қасындағы кенжесі Сафиулла – бұларды не келешек , не тағдыр күтіп
тұр деп толғанып бұлақ басында отырып қалды.
Жайлаудан келген соң біраз күннен кейін, дәм үстінде отырып былай деді: «Жайлауға барып киіз
үй құру керек , қарлығаштар келетін уақыт болды», деп, бата қайтарып тұрып кетті.
Біраз жылдардан бері Қосбұлақтағы жайлауда отырғанда бұлардың үйлеріне қос қарлығаш үйір
болды, шаңыраққа ұя салды, балапандарын өсіреді. Күзде балапандарын ержеттіріп қайтады, әлі
жер дегдімесе де, ақсақал сол жайлауға киіз үйін тігіп, түңлігін ашып қойып қарлығаштарды
күтпек. Қарлығаштар ұя салып қонған жерде бақ-береке орнап, құт келеді деген ырым бар қазақта.
Көштің қамын ыңғайластырып, көк шолақты арбаға жегіп,жақын бауырларын, кенжесі Сафиулланы ертіп, ертемен Қосбұлаққа барып, кешке шейін үй тігіп, түңлігін ашып, қыстаққа кешке
оралды.
Оншақты күннен кейін Қоқаң, мал-жанмен жайлауға көшті, Қосбұлаққа бір-екі шакырым қалғанда
көштің үстіне түйіле аспаннан, төсін күнге шағылыстырып қарлығаштар қанаттарымен ойнап,
тәтті дауыстарымен шиқылдап көшті айнала ұшып, ылтипат сәлемін жеткізіп жатыр, аса мейріммен ақсақалға, баланың бастарына қанатын тигізе ұшып, киіз үйге шейін көшті қоршалап келеді.
Ақсақал есіктен үйге кіргенде байқағаны шаңыраққа құстар ұя салуды бастаған екен, шал өзінің
тілсіз, адал серіктеріне бір жылдан соң қауышқанына қуанышы қойынына сыймай, тізерлеп отыра
қалып дұғаларын оқи бастады. Сол кезде қарлығаштар тып-тыныш шаңырақ ағаштарына
қонақтап, дұғаға мінажат қылғандай сынай білдіріп, бата қайырғаннан кейін шаттана аспанға
самғай жөнелді.
Жайлаудың күйкі тірлігі, жаңа төлдеген мал қалыпқа түскенше көп қадағалауды қажет етеді, тынымсыз бақылау қажет, ақсақал осындай шаруалармен мұрнына су жетпей жүр. Шаңырақтағы
қарлығаштарда құрылыстарын бітіріп, ұяларын беріктеп, жылқы қылымен байлап, төрт-бес қылын
ұзын қылып салбыратып қойды. Балапандар шыққан уақытта, ұядан құлап кетпесін деп
аяқтарынан қылмен байлап қояды.
Қарлығаштар балапан басуға кірісті, басқа құстарға қарағанда олардың жұмыртқа басуы, үйде
адам болғанда, ұрғашысы үнсіз жатады, кісілер шығып кеткенде еркегі басып ерекше ырғақпен
жұмыртқаларды шайқап отырады.
Алла қарлығаштарға тіл бермесе де, табиғат оларға адам әрекетін, сезімін біле алатын қасиеттер
берген деуге болады. Кей кездерде ақсақал шаршап, күннің ыстығынан қажыған кездері, он-он
бірдегі Сафиулланы атқа міңгізіп малды қарап, не қайыруға жұмсайды. Сол кезде қарлығаштар
атқа мінген баланың маңына шиқылдап, неше түрлі ұшу әдісімен баланың қоңілін аулағандай, оған
серік болып, киіз үйге қайтқанша қасында болады. Немесе, ақсақал мал бағып жүріп мөлшерлі
мезгілден кешіксе, ұяларынан тура ұшып, өрісті шолып, ақсақал жүрген жерге дейін барып,
қайтады. Осы қасиеттерінің, жұмбақ сырларын, біз пенделер әлі шеше алмаймыз. Бұл не? Ел аңыз
қылып айтатын, өрт болып жатқанда, соған қанатымен су себетін қамқорлық ісі, адамдарға апат
қауіп уақыт кезінде, бірігіңдер,сол әрекеттерге күрес ұйымдастырыңдар деген ұран ба, әлде адам
санасына ұялатқан рухани нышаны ма, неге олар адамды паналап, адам іс әрекетіне қамқор шашады. Әлде, Алла, санасыз адамдарға осы періште құстардың іс әрекетінен үлгі алсын деп, оларды
адамдардың қасына тірі көлеңке ғылып берді ме?
Жұмбақ, біз олардан үлгі алмақ түгілі бишаралардың табиғи ортасын ойрандап, пана беру орнына,
жауыздыққа барған жоқпыз ба?
Ақсақал кей кейде малдан шаршап, малдасын құрып көк орай шалғында отырғанда, шалдың жан
дүниесін түсінгендіктен бе, қарлығаштар ойнақтап, сан түрлі әсем дауысқа салып ақсақалдың
төбесінде әсем ойындар көрсететін, көзін көлеңкелеп ақсақал періштелердің әрекетінен ләззат
алып, рахат сезім әлеміне кіріп, шаршау құрсауынан босанып, ерекше жігермен қуаттанғандай болатын, көз алдына ескі қазақи табиғатпен қоян-қолтық араласқан өмір күйлерін естігендей, сезгендей маужырап, қалғып кететін.
Май айының соңына қарай ұядан балапандардын шиқылы естіле бастады – үлкен құстар тыным
таппай балапандарды қоректендіруде кезектесіп балапандарды бір сәт көзден таса қылмайды.
Таңертең тұмсықтарымен балапандарды, ұяның ішін тазалайды, жерге, көрпеге түскен нәжістерін
шұқып алып, далаға апарады, өскен сайын балапандары мазасызданып, ұяның ішінің әлегін
шығарады. Үй иесілері үйде отырғанда, тамақ ішкенде балапандарын шулатқызбайды, адамдардың
берекесін алмайды, егер де үстел ұяның астына орналасып қалса, кісілер тамақ ішетін кезде
қарлығаштар балапандарын аңдып отырады. Байқамай нәжісін сыртқа саңғытса, ұшып барып
қағып алып, далаға апарып тастайды.
Адамдар құстардың осы әрекетіне қайран қалады, мұндай өз тектестерге, адамға жасаған ілтипат
адамдардың бойында болса, қоғам мәдениеті қандай болар еді.
Қарлығаштар тілсіз мақлұқат болса да, ес дәрежесі жогары санатта ма деп түйсіктейсің, адамдармен бір тылсым байланыста ма деп зерделейсің.
Адамның алуан әлемін періштелік қасиетпен толықтыратын қарлығаштар, адам тағдырының
сақшылары іспеттес, парасатты рухтастарға Алла бізге қосқан серігімә дерсің. Қарлығаштардың
адамды тани білу, оның ой сезімін бағдарлауы, оларды, пендені жамандықтан қорғайтын «қанатты
періштесі» деп түсінеген абзал адамға.
Көне әфсанаде Сүлеймен пайғамбар құстардың тілін білген. Жарықтық қарлығаштармен не
сөйлесті екен, әлде парсының ғұламасы Фарид-ад-дин Аттар «Құстар тілі» дастанында осы
жұмбақтың түбіне жетті ме екен?
Уақыт қашан бізге «күш» береді, қарлығаштармен ашық сөйлесуге? Онда, қандай жұмбақ ашылар
еді, адам үшін! Үркер көтеріліп, күздің алғашқы салқындары шөпті қыраулап, Арқаны жайлай
бастағанда балапандарының қанаттары қатайып, қуаттарына жеткенде, қарлығаштар алғаш күзгі
күн сәулесімен ойнақ салып, өріс өлкесін айналып, жайылған малды түгендегендей болып, үстінен
шолып, киіз үйді ерекше дауыспен шиқылдай бірнеше айнала, үйден үріккендей болып, жүгіріп
шыққан адамдарға теңселе қанаттарын қағып, қош бол дегендей, көкке шарықтап, оңтүстікке бет
алды.
Бұл қарлығаштардың қайтқаны! Көріскенше қош бол қарлығаштар! Біз сендерді сағына күтеміз
– менің қарлығаштарым!
Саин Омар
7 мамыр 2016 жыл
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
Тел өскен төл едік
Марқұм Назымбек Мұхамеджанұлы Боқаев екеуміз жастайымыздан бірге өстік. Жаңаарқа
ауданының орталығы – Атасуда үйіміз көрші тұрды. Әкесі Мұхамеджан ауданда ең алғаш
тракторға отырған механизаторлардың бірі болатын. Жауырыны жерге тимеген балуан еді.
Анасы Бәтеш өте балажан болатын. Ата-аналарымыз жақсы араласты. Екі үйге кезек қонатын
сәттеріміз де болатын. Бірімізді-бірімізден бөлмелі.
Назымбек екеуміз оразамызды ашар-ашпастан өзен жағалап, балық аулауға кетеміз. Бәтеш апай
ұстаған балығымызды ерінбей-жалықпай қуырып беретін. Қала берді ауладағы балалармен асық
ойнаймыз, кешке дейін доп қуамыз. Ойын арасында Қорабай ағамызға еліктеп, гитара тартуды
үйреніп алдық.
1970 жылы Назымбек аудан орталығындағы орыс мектебін, мен қазақ мектебін бітірдік. Оқуға
барғанда көмегі болады деген соң жол пайдалану мекемесінде бір жылға жуық жұмыс істедік.
Келесі жылы Назымбек Алматыдағы педагогикалық институттың филология факультетіне түсті.
Мен Қарағандыдағы Кооператив институтына құжаттарымды тапсырдым.
Назымбек оқып жүргенде жан-жақты өнерімен көзге түсті. Көркемөнерпаздар үйірмесіне
қатысты, студенттер кеңесінің төрағалығына сайланды. Қатарынан үш жыл студенттік құрылыс
отрядының командирі болды.
Назымбек институтты бітірген бойда Жаңаарқа аудандық комсомол комитетіне нұсқаушы, көп
ұзамай ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Содан кейін аудандық
тұтынушылар одағында қатардағы товаровед болып жүрген мені аудандық комсомол комитетіне
нұсқаушылыққа шақырды. Сол тұста аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Қадыр
Иманбаев есімді азамат еді. Еңбек жолындағы алғашқы ұстазымыз болды. Үнемі ақыл-кеңесін
беріп отырды. Бізді інісіндей көрді.
Екі жылдан кейін мен Жезқазған облыстық комсомол комитетіне ауыстым. 1977 жылы мені
Мәскеудегі жоғары комсомол мектебіне оқуға жіберді. Оқуды бітіріп келгеннен кейін облыстық
комсомол комитетінің үгіт-насихат бөліміне меңгерушілікке тағайындады. Ол кезде Назымбек
аудандық комсомол комиттетінің бірінші хатшысы болып жүрді.
Мен қызмет атқарған жылдары Жезқазған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
болып Марат Қартжанов, Қасымхан Ахметов, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушілері болып
Қадырбек Әбдіров, Марат Елубаевтар істеді. Осы ағалардың қамқорлығы арқасында комсомол
жұмысына ысылдым, өмірлік тәжірибе жинақтадым.
Шамалы уақыттан кейін Назымбек облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып ауысты да
мен оның орнына аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшылығына сайландым.
1982 жылдың шілде айында мені республика комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
Серік Әбдірахманов жауапты ұйымдастырушылық қызметке шақырды. Ал, Назымбек сол жылы
желтоқсан айында Орталық Комитеттің мәдениет бөліміне меңгеруші болып келді.
Екеуміз Орталық Комитеттің қарамағындағы «Молодежный» қонақ үйінде бірге тұрдық.
1983 жылдың қыркүйегінде Серік Әбдірахманов мені ауыл жастары бөлімінің меңгерушілігіне
тағайындады. Мұның өзі үлкен әңгіме туғызды. «Республикада үш жүзге жуық аудан бар.
Орталық Комитетте он төрт бөлім бар. Соның екеуінің меңгерушісі Жаңаарқа ауданынан. Бұл
қалай?» деген тұрғыда.
1984 жылдың желтоқсан айында маған үш бөлмелі пәтер берді. Назымбек үш айдан кейін алды.
Соған дейін зайыбы Мағиямен, екі баласымен біздің үйде тұрды.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» деуге әбден лайық жігіт еді. Күй де шертетін, ән де салатын, спортқа
да жақын болды. Ал, гитара тартуды бірге үйрендік деп жоғарыда айттым. Ұйымдастырушылық
қабілеті өз алдына. Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жүргенде аудан
шаруашылықтарында бірнеше комсомол-жастар шопандар бригадасы ұйымдастырылды, жастар
спортқа, соның ішінде, күреске көптеп тартылды.
Ауданда атқарылып жатқан игілікті істер туралы сол тұстағы «Лениншіл жас» газетінің
Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Айқын Несіпбаев талай-талай тұщымды мақалалар
жазды.
Ал Орталық Комитетте мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жүргенде қазақ өнерінің
өркендеуіне елеулі үлес қосты. Консерваторияның сол тұстағы ректоры Дүйсен Қасейінов екеуі
тізе қосып, көптеген игілікті шараларды жүзеге асырды. Қазақстанның бауырлас республикалармен мәдени байланысы нығая түсті.
Мамандығы филолог болғандықтан, әдебиетке бүйрегі бұрып тұратын. Көркем аударма жасайтын, баспасөзде жарияланбаса да өлең жазумен шұғылданатын. Есениннің өлеңдерін жатқа
оқитын. Евтушенкомен, Мұхтар Шахановпен тығыз достық қарым-қатынаста болды. Соның
әсері шығар, Қазақстан Жазушылар одағында біраз жыл жұмыс істегені.
Алматыдағы Пионерлер сарайының тұңғыш директоры ретінде тындырған шаруалары да аз
емес.
Назымбек екеуміз Жаңаарқада комсомол қызметінде жүргенімізде әр саланың тізгінін ұстап
отырған Хамзе Сәтжанов, Өмір Кішенов, Қазкен Мүсілімов, Нұрғали Кенжетаев, Тоққұлы
Әбішев, Игілік Омаров, Отаншыл Түсіпбеков, Баян Күжікенов, Диханбай Биткөзов, Ғазым
Жарылғапов, Елекен Адамов, Рахат Зәрубаев, Сайын Омаров, Сағынай Ордабаев, Меркеш
Өскенбеков, Алпыс Тайгөков, Жетпісбай Әлиев, Көкаман Әлхамин, Қорабай Есенов, іргелес
жатқан Шет ауданындағы Талды совхозының белгілі директоры Дулат Смайылов, маған жезде
болып келетін Юсуп Кішенов есімді азаматтар бізді әр кез қолдап, тілектестік көңілдерін білдірді. Назымбек қашан келсе де Юсуп жездеміздің үйіндегі Райхан апамыздың дастарқаны
жаюлы тұратын. Бүгінде көп¬шілігі өмір¬ден озған. Асыл азаматтардың қамқорлығын, әсте,
ұмытпаймын.
Тағдырдың жазуымен Назымбек екі рет отау құрды. Алғашқы жары Мағиядан екі перзент көрді.
Қазір тұңғыштары Гауһар «Хабар» агенттігінде істейді. Мағиямен отбасылық байланысымыз
әлі үзілген жоқ. Екінші зайыбы республикамызға танымал биші Гүлжан Талпақовадан Айжан,
Бақтияр есімді екі перзент сүйді. Ол балалар да бүгінде өз орындарын тапқан, әр салада қызмет
істеп жүр.
Ауру мен ажал айтып келмейді. Назымбек 2010 жылы инсультке ұшыраған соң, Гүлжан өзінің
туып-өскен жері Атырауға алып кетті. Назымбек содан оңалмады. Ақыры, былтыр мамыр
айында туралап келген ажал алып тынды. Мәйітін Атыраудан жақындары алып келіп,
Жаңаарқадағы үлкен қорымға арулап жерледі. Топырақ салуға қызметтес болған достары, Алматыдан Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай келіп,
қабір басында толғана тұрып, асыл азаматты еске алды.
Назымбектің екі ағасы бар. Үлкен ағасы Аманжан Ақтау совхозында тұрады. Қазыбек есімді
ағасы – Атасуда. Жеңгесінің есімі – Алтын. Назымбекті осы Қазыбектің шаңырағынан
шығардық.
«Аллаға да жақсы адам керек» дейді. Аққан жұлдыздай жарқ етіп көрінді де, зейнет жасына
жетпей көзден ғайып болды.
Топырағың мамық, жатқан жерің жарық болсын, абзал дос, аяулы азамат!
Батырхан ЖАНАТОВ,
«Қазақмыс»
корпорациясына» қарасты «Молодежный» көмір разрезі бас директорының кеңесшісі.
7 мамыр 2016 жыл
ДІНІҢ - ДІҢГЕГІҢ
Мәзһаб дегеніміз не?
Араб тілінің сөздігінде "жүрілген жол" мағынасын білдіретін "мәзһаб" Пайғамбарымыз
Мұхамедтің (с.ғ.с.) адамдарға жеткізген Ислам діні сенім және ғибадат жүйесінде кейбір
мәселелерін дәлелдеп одан үкім шығарып оларды түсінуде ғалымдар бір-бірінен өзгеше
көзқарастар айтқан. Міне, бұл көзқарастардың жиынтығын "мәзһаб" деп атаған.
Ханафи мәзһабы - біздің жолымыз
Ислам дінінде әһлі сүннә уәл жәмаға болып есептелетін төрт мәзһаб бар. Осы мәзһабтар
құрылып, жүйеленгеннен бері мұсылман үмметі төрт мәзһаб арқылы құлшылықтарын, діни
міндеттерін атқаруда. Исламның алғашқы дәуірінде Пайғамбарымыз хазіреті Мұхамед
(с.ғ.с.) қасиетті Құран және өзінің уахиға сүйенген сүннеті арқылы мәселенің шешімін
айтып отырды. Пайғамбарымыз бақилыққа аттанғаннан кейін мұсылмандардың саны көбейе
түсті. Мәселелер өз арнасынан асып, жауабын күткен жаңа мәселелер шыға бастады. Мінекей, осындай кезде сахабалар Құран мен сүннет негізінде өз білімдеріне сүйене отырып,
мәселелерді шешіп отырған. Сахабалардың көзі тірісінде де арнайы жинақталып,
жүйеленген фиқһ мектептерін көре алмаймыз. Дегенмен, уақыт өте (құлшылық, құқық,
әлеуметтік хәл т.б. шариғи міндеттер) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және
хадистерді зерттеу арқылы шариғатты жүйелеп жинақтаушы, жалған діни көзқарастарға
қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші, имам Ағзам Ханифа (699-767 ж.ж.) имам
Мәлік (717-795 ж.ж.), имам Шафиғи (767-820 ж.ж.), имам Ахмат ибн Ханбал (780-855 ж.ж.)
секілді ислам ғұламалардың мәзһабтары дүниеге келді. Ислам діні қазақ даласына келгеннен
бері, яғни, ХІІ ғасырдан аса уақыт халқымыз атақты ислам ғұламасы Әбу Ханифа Нұғман
ибн Сәбит (р.а.) (699-767 ж.ж.) негізін қалаған Хәнифи мәзһабын ұстанып келеді.
Имам ағзам Әбу Ханифа
Имам Ағзам Әбу Ханифа һижраның 80 (699 ж.) жылында Ирактың Куфа қаласында дүниеге
келген. Ханафи мәзһабының алғашқы үлкен өкілі болғандықтан мәзһаб соның атымен толық
аталған. Толық аты-жөні Нұғман ибн Сәбит, ұлты парсы. Өз ғасырының ірі ғалымы
болғандықтан оны - "имам Ағзам", "Ұлық имам" деп атаған.
Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуына туған жері Куфа өз әсерін тигізді. Куфа
көне мәдениеттердің бесігі болуымен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының да
көптеп қоныс аударып, сол сахабалардың ілім кәусарынан сусындаған табиғиндардың өмір
сүріп, ілім шырағын шартарапқа таратқан айтулы өңіл болатын.
Оның дұрыс та, тура тұжырым жасауында - қоғам құрылымын жақсы тануының, әрі
теориялық біліміне қоса бұларды күнделікті өмірде жүзеге асырып жүрген саудагерлер арасында жүруінің үлкен әсері болды. Туралықты ұстанып өтірік пен бақталастықтан ұзақ
тұруымен және кішіпейілділікпен аты шыққан.
Жалпы Имам Ағзам ӘбуХанифаның тұлғалық келбеті мен дәрежесін замандас ғалымдары
мен кейіннен оның еңбегінен сусындаған ғалымдардың ол жайлы айтқан сөздерінен
аңғаруға болады.
Имам Әбу Юсуф: "Хадистердің түсіндірмесін Әбу Ханифадан артық білген адамды
көрмедім. Сондай-ақ, Әбу Ханифа "сахих хадистерді" де маған қарағанда көп білетін еді".
Фиқһ саласындағы орны
Имам Шафиғи: "Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға тәуелді".
Наср ибн Шамил: "Әбу Ханифа келіп фиқһты талдап, тарқатып адамдардың көкірегін
оятпағанда, олар сол күйінде фиқһ ілімін білместен ұйықтап жата берер еді".
Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақыл-парасаты мен зейіні
Харижа ибн Мусғаб: "Мыңдаған ғалым-машайықтарға жолықтым. Солардың ішінен үшеуі
зейініне, біліміне таң қалдым. Олардың бірі Әбу Ханифа болатын".
Оның тақуалығы және шыдамдылығы
Ибн Һишам: "Әбу Ханифа аманатқа өте ықтиятты адам еді. Егер бір сұлтан оны қазынаның
басшысы етіп тағайындауды немесе арқасында дүре соғуды үйғарса, ол сөзсіз Алланың азабынан гөрі бұл дүниедегі азапты қалап, өзіне дүре соғуды таңдап алар еді"-дейді.
Имам Зуфар: "Әбу Ханифамен 20 жылдай сұхбаттас болдым. Адамдар арасында одан бауырмашыл, одан шыншыл пенде көрмедім. Бар күш-жігерін ілімге және Аллаға құлшылық
жасауға арнайтын. Мәжілістен тұрғаннан кейін аурулардың көңілін сұрайтын немесе
жаназаға қатысатын немесе кедей адамдарға қарайласатын немесе олардың мұқтаждығы
үшін ары-бері жүгіретін. Күн батып, түн болған кезде құлшылыққа отырып, Құран оқитын.
Осы тәртіппен өмірінің аяғына дейін осылай күн кешірді".
Ханафи мәзһабының үкім шығарудағы қайнар көздері: 1.Кітап (Құран Кәрім), 2.Пайғамбар
сүннеті, 3.Ижма: Қандай да ғасырдағы мүжтахит ,ғалымдардың бір мәселеде бір үкімге
тоқтауы. 4.Қияс: Аят пен хадисте үкімдері болмаған бір мәселені шариғи үкімі белгілі, ерекшеліктері ортақ мәселемен салыстырып, арнайы шарттар арқылы соның үкімін белгісізге
беру; 5.Сахабалардың сөзі: өйткені сахабалар, Пайғамбарымыздың іс-әрекетін және уахидің
келуін көздерімен көрген. Олар аят және хадис арасындағы сабақтастық пен байланыстарды
білетін еді. 6.Истихсан; 7.Әдет-ғұрып. (Соңғы екеуі арнайы қағидалар мен шарттар арқылы
қолданылатын қосымша дәлелдер көздеріне жатады).
Ханафи Мәзһабының дамуы және жайылуы
Ханафи Мәзһабы Куфада туды. Әбу Ханифаның мыңнан астам шәкірттері арқылы қысқа
бір уақытта дүниенің түкпір-түкпіріне тарады. Куфадан кейін бағдат осы мәзһабтың ең
маңызды орталығына айналды. Ирак халқынан кейін Сирия, Мысыр, Анадолы, Мауараннахр, уақыт өте келе Қытай мен Үндістанға да жеткен болатын. Бүгінгі таңда араб елдерінен
басқа Әбу Ханифа Мәхһабы Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Кавказ, Орта
Азия мен Қазақстан жұртына кеңінен таралған. Әлем мұсылмандарының жартысына жуығы
осы мәзһабты ұстануда.
Мәзһабтың өткені мен бүгініне үңілсек, мәзһабтардың Пайғамбарымыздың заманына ең
жақын уақытта; дін ғылымының және ғұламалардың дәуірлеп тұрған кезінде;
Пайғамбарымызға дейінгі ұстаздар тізбегі үзілместен; сенімді, тақуа білгір, парасатты
жүздеген ғұламаның талқысымен құрылып, олардың артындағы өздері секілді сенімді білгір
ғалым шәкірттерінің ғасырлар бойғы зерттеп, толықтырумен, әлемдегі бүкіл әһлі сүннә
жолындағы ғалымдардың және мұсылман үмметінің үздіксіз ұстануымен, тарих бойы
мұсылмандар арасында бірлікті сақтап, алауыздықты алдын алып, исламның ғылыми және
діни мұраларын байыта отырып, бізге дейін бұзылмай, сақталып жеткен сенімді жол екенін
көреміз. Сондықтан Құран мен Сүннетті алғашқы буын мұсылмандарының түсінгеніндей
түсінем деген кісіге мәзһабқа ілесуден басқа жол қалмақ емес. Мәзһабтан бас тарту бүкіл
үммет жүрген жолдан ауытқу, тегі белгісіз, күмәні басым, сенімсіз біреулердің артынан еру.
Мәзһабтарды қаралау - Исламның, мұсылман үмметінің ең үлкен құндылықтарының бірін
жығуға, Пайғамбар мұрагерлері саналатын ғұламаларды тәлкек етуге, Құран мен Сүннетті
әркім өз нәпсісінің қалауына қарай қолданылатын құнсыз нәрсеге айналдыруға итермелейтін
мұсылман баласына жат қылық.
Дін саласына қатысты барлық мәселелер бойынша сұрақтарыңызға 114 сенім телефоны жауап береді. Қазақстанның кез келген нүктесінен қоңырау шалу тегін.
Қарағанды облысының Дін істері
басқармасының тапсырысы бойынша әзірленді
7
ЕСКЕ АЛУ
Ардақты ата, сүйікті әке, тыл ардагері Дайыров Шамкен
Әлмішұлының арамыздан алыстап, мәңгілік сапарға аттанғанына
40 күн толады. Отбасының алып бәйтерегі ақылман әкемізді сағына
еске аламыз.
Өзің ең ақылшымыз айбарымыз,
Өзіңнен өмірде көп алғанымыз.
Жақсы атыңа ешқашан кір жуытпай,
Өзіңдей адам болсақ арманымыз.
40 күн болды әке сізді жоқтағалы,
Алып жүрек, ақылшы тоқтағалы.
Жүргенде жер бетінде ұрпақтарың,
Есімің әке сенің сақталады.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Күлпаш, балалары.
Әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 14-мамыр күні сағат 13.00-де
«Жаңаарқа» тойханасында құдайы дәм беріліп құран бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Баршамыздың ер жетіп өсуімізге аянбай тер төккен, аялаған, мәпелеген ардақты анамыз Амансарина Айтжамалдың өмірден озғанына жыл толды. Қанаттыға қақтырмай
бағып-қағып, барша мейірімімен шуағын аямаған асыл анамыздың жарқын бейнесі
мен аяулы нұр жүзі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Анашым қамқоршы едің, тірек едің,
Сіз кетіп құлағандай ірі еменім.
Дәулеттің бақ-ырыстың қазынасы ең,
Әулеттің дүрсілдеген жүрегі едің.
Ажал да жақсы адамды жүреді аңдып,
Сіз жоқсыз енді кімге сүйене алдық.
Жұмақтан бұйыртсын деп тұрақ ана,
Рухыңа бағыштаумен дұға арнадық.
Сағынышпен еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, шөберелері.
Анамыздың қайтыс болғанына жыл толуына орай 21- мамыр күні 13.00-де Ақтау
ауылының тойханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Орынбай ауылының тумасы, осы ауылдың тұрғыны сүйікті ұл,
қимас бауыр, ардақты аға, сүйікті жар, асқар тау әкеміз Қаппасов
Берікбол Жақыпұлының өмірден өткеніне жыл толады. Қапияда
қаза болған Берікболдың соңында анасы, жары, бауырлары, балалары қалды. Алдына қойған мақсаты көп, арманы асқақ жанның
арамыздан алыстағаны жанымызға батқанымен тағдырдың ісіне
дауа бар ма? Өмірден көргенінен көрмегі көп бауырымыздың
жарқын бейнесі мәңгі жадымызда жаңғырып тұрары анық. Жатқан
жерің жарық, топырағың мамық болсын. Алладан медет тілеп
құран бағыштаудан басқа амалымыз жоқ. Бақұл бол арда азамат.
Езуіңе күлкі үйріліп, жүзіңде ойнап нұр-арай,
Жүруші ең досқа- туысқа қолқанат болып қарайлай.
Жемісін жеп еңбектің, қызықтарда ұл-қызды,
Ортамыздан алыстап кеткенің не, бұл қалай?
Келер ме деп жолыңа көзім талды жол қарай,
Жүрміз сені сағынып, арадағы күн санай,
Жұмақ болсын тұрағың, жаның болсын жаннатта,
Жолыңа қарап елеңдеп, күтерміз әлі біз талай.
Сағына еске алушылар: анасы-Зияда, жары-Сандуғаш, ағалары-Уалихан-Сәуле,
Жамихан-Жазира, інісі-Бекзат-Дидар, қарындастары-Құралай-Боранбай, Шынар,
Гүлзат, Әсел-Бауыржан, балалары-Ғабділмәлік, Темірлан, Аружан.
Көңіл айту
Аудан әкімдігі ардақты ана Ақбөпе Кәдіркейқызы Оспанкелінінің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, балаларына, ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып
көңіл айтады
*** *** ***
“Жаңаарқа” газетінің редакциясы осы мекеменің бұрыңғы редакторы Оспанова Күлше
Жайлаубайқызына ардақты анасы Ақбөпе Кәдіркейқызының қайтыс болуына байланысты
қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Жаңаарқа негізгі орта мектебі осы мектеп
қызметкері Жанпейісова Бақытқа ұлы, осы мектеп ұстазы Сапаров Айдарға інісі, мектеп
медбикесі Сапарова Тұмаркүлке қайын інісі Сапаров Сырымның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
Құрметті
жерлестер!
Аймағымыздың
тынысы мен айнасы
“Жаңаарқа” газетіне
жазылуға асығыңыздар!
“Жаңаарқа” газетіне алты айға
жазылу бағасы:
Заңды тұлғалар үшін
(индекс 16282)
6 айға - 1114,26 теңге, 1 айға 185,71 теңге
Жеке тұлғалар үшін (66282):
6 айға - 922,26 теңге, 1 айға 153,71 теңге.
МАМАНДЫҒЫ - МАҚТАНЫШЫ
ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ
Сәкен Сейфуллин атындағы аудандық орталықтандырылған кітапханасы
ақпарат - библиографиялық бөлімінің бөлім меңгерушісі Оралбаева
Ақбөпе Картайқызы осы салада 34 жыл қызмет атқарып келеді.
Ол аудандық, ауылдық кітапханашыларға семинар тренинг өткізіп,
әріптестер арасында жаңаша жұмыс түрлерін оқытып үйретеді. Н.В
Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасына, Алматыға білімін жетілдіруге жыл сайын барып дәріс алып келді. Қазіргі
заманның ағымына сай электронды бағдарлама бойынша жаңаша
түрлері «Power Point», « Fain Reder», «Publisher», «Excel»,
«PАБИС» бағдарламалары мен жұмыс жасап, сол жұмыстарын барлық
кітапханашыларға үйретуден жалыққан емес.Ақбөпе Қартайқызы бірнеше мәрте облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары, мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Ұжымда сыйлы Ақбөпе отбасында асыл жар,
мейірімді ана, ардақты әже. Жолдасы Тәңірберген екеуі 3 бала тәрбиелеп өсіріп, олардан
немере сүйіп отырған бақытты отбасы.Балаларының барлығы да жоғары білімді.
"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей , әріптесімізге: "Әрқашан еңбегіңіз
жемісті болып, өркеніңіз өсе берсін"- дейміз.
Ж.С.Сьезқызы
Мамыр мерекесіне арналды
СПОРТ
Футбол. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне және футбол маусымының ашылуына байланысты үлкен футболдан аудандық стадионда жарыс өткізілді. Ойынға 11 командадан (Бидайық, Ыңтымақ, Байдалы би, Ералиев, Қараағаш, Жұмажанов а/о және кент
орталығынан жасақталған ) 130 дан астам спортшы қатысып тартысты ойындар көрсетті.
Жарыстың нәтижесі бойынша:«Жаңаарқа» командасы I орын, «Сарыарқа» командасы II
орын, ДЮСШ командасы III орынды иеленді.
Жарыста жақсы өнерімен көзге түсіп, жарыстың үздік ойыншысы атанған Шайдаров
Думан, үздік сұрмерген Нұрланов Жансаят, үздік қақпашы Оразбеков Әсет, үздік корғаушы
Қартпин Дінасыл атты спортшылар атанды.
Арқан тартыс. Жарыстың бұл түрінен командалық І орынды БЖСМ, ІІ орынды №132
ЖОББМ, ІІІ орынды аграрлық колледж иеленді.
Қол күресі. І орынды Д.Ибраибеков, ІІ орынды А.Тажкенов, ІІІ орынды Ә.Амиров жеңіп
алды.
Кір тасын көтеру. Каримов Мақсат І орын, Мұхамедия Айдын ІІ орын, Мейзбеков Самат
ІІІ орынды иеленді.
Осы жарыс түрлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және
спорт бөлімінің бағалы сыйлықтары, мақтау қағаздары және кубоктармен марапатталды.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі
Құттықтаймыз!!!
Бір әулеттің тірегі, қамқор әке, адал жар, ел-жұртына сыйлы бола білген
ардақты әкеміз Айтбай Үрпековті 60 жасқа толып отырған мерейлі мерекесімен шын жүректен қуана құттықтаймыз!
Асыл әке, ардағы ұл-қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.
Анамыз Шолпанменен қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.
Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.
Құттықтаушылар: жұбайы - Шолпан, балалары - Мұхтар-Нұргүл, Абай-Маржан, немерелері - Зарина, Сабина, Айсәуле
Құттықтаймыз!!!
Құрметті құдамыз Айтбай Үрпеков! Мерейтой күні Сізге деніңіздің
саулығын, шаңырағыңызға ырыс-байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз! Әрдайым осы
тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа
жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды
білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында
абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете
беріңіз!
Құтты болсын, Айтбай құда, тойыңыз,
Орындалсын арман-мұрат, ойыңыз.
Ел-жұртыңның құрметіне бөленіп,
Әрқашанда биіктерде болыңыз.
Шаттық пен нұрға толсын жүрегіңіз,
Жайнасын мерейтойда гүл өңіңіз.
Бөленіп қызығына балалардың,
Әрқашан сау болыңыз - тілегіміз!
Ізгі тілекпен: құда-құдағиы -Жетпісбай-Қорлан
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданы «ЕрТөстік» бөбекжай меңгерушісі Кадина Каукен
Зекенқызын 50 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен
құттықтаймыз. Отбасында аяулы ана, ұжымында іскер басшы, өз
мамандығының шебері Каукен Зекенқызының ұстаздық еңбек жолына
биыл 30 жыл толды. Ертеңгі ел болашағы, бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне
тынымсыз еңбегімен үлес қосып, ұжымдағы әріптестерінің, атааналардың, бөбек-жай бүлдіршіндерінің ерекше ықыласына бөленіп
жүрген іскер басшымызға алғысымызды білдіріп, ұрпақ тәрбиесіндегі
еңбегіңіз жемісті болып, әрдайым алғыс пен мәртебеге бөленіп, биік белестерден көріне беріңіз. Сізге шығармашылық жетістіктер, зор денсаулық,
бақытты да ұзақ өмір тілейміз.
Тілек білдірушілер: «ЕрТөстік» бөбек-жай ұжымы
Жарамсыз
Қыдыралин Ардақ Нұрғалиұлының атына 1994 жылы берілген Ақтүбек ауылының орта мектебін бітіргендігі жөніндегі №0065572 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
ЖАҢААРҚА
АЖАЛДАН БАСҚАНЫҢ БӘРІНЕ ЕМ
ЛЕКАРСТВО ОТ ВСЕХ БОЛЕЗНЕЙ
КРОМЕ СМЕРТИ
Е
Баланың ақыл ойы жедел дамиды
Для умственное развитие ребенка
Д
Бал өнімдері: прополис, подмор, балауыз
(воск), бал
М
ИП Жумажанов
Тел. 8 (71030) 2-78-77
Б
А
Л
Ы
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Продаем суточных гусят и подрощенных
из элитных хозяйств Башкирии. 5 пород.
Вывоз с 18.04 до 10.06.
8 705 765 64 33, 8 777 894 84 75
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Требуется курьеры! График работы - свободный.
Оплата сдельная от 2000 тг. в день.
Проезд оплачивается. Телефон: 8 705 295 87 52.
Звонить ежедневно с 9.00 до 18.00.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1460 дана
Тапсырыс №22
Автор
zhanzbc
zhanzbc148   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
35
Размер файла
7 859 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа