close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 23qxp1 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
№23 (9753), 14 мамыр, 2016 жыл
МЕРЕКЕЛІК РЕПОРТАЖ
7-МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Байтақ жеріміздегі байрағы желбіреген еліміздің тыныштығын күзетіп, бейбітшілікте
салтанат құруында Отан қорғаушылардың атқарар рөлі орасан. Тәуелсіз елдің
тыныштығын күзеткен сарбаздар, яғни Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы
күштерінің құрылғанына 24 жыл толуына арналған салтанатты шара аудандық
мәдениет сарайының алдындағы далалық сахнада өтті. Сән-салтанаты жарасып, мерекелік безендірулерге оранған алаңда әскери киім киген бозбалалар мен бойжеткендер
бірден көз тартады. Әдеттегідей сауда-саттық қызу жүріп, көпшілік алаңдағы салтанатты сапта жүру шеруін тамашалауға асығуда. Ауданымызға қарасты барлық мектеп оқушылары қатысқан бұл шараға сонымен бірге Отан қорғауға, әскер қатарына
аттанатын жас сарбаздар да қатысты.
Мерекелік шара басталып, салтанатты түрде көк Туымыз ортаға әкелініп, Әнұран
шырқалды. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын кірпік қақпай көзінің қарашығындай сақтап,
бейбіт өмірімізге қорған болып тұрған Отан қорғаушыларды құттықтаған аудан әкімі
Ғ.И.Омаров:-«Бұл шыдамдылық пен төзімділіктің, қайсарлық пен өжеттіктің,
отансүйгіштік пен патриотизмнің айтулы мерекесі»- дей келе Отан үшін от кешіп,
ерліктің туын желбіреткен, бүгінгі
бейбіт күннің
орнауына атсалысқан
ардагерлеріміздің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екеніне тоқталды. Отан алдындағы
борыштарын өтеуге аттанғалы тұрған бозбалаларға
ер -азаматтарға міндеттелген
әскери өмірді абыроймен атқарып, ортамызға аман-есен оралуларына тілек білдірді.
Аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы Ә.Биғарашев та құттықтап, облыстық
байқауда жеңімпаз болған Р.Елекеновке мақтау грамотасын табыс етті.
«Ақерке» балабақшасының бүлдіршіндері
би билеп, Қарулы күштер қатарына
шақырылғандарға ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
Мектеп оқушыларының сапта жүріп ән айту байқауы басталып, керемет көріністі
жиналғандар тамашалап, мектеп оқушыларының бірдей аяқ алысы мен бірдей
қимылына риза болысты. Байқауда жеңімпаздар марапатталды.
Өз тілшімізден
Жер Кодексіне түзету енгізуге мораторий жарияланды
Көңілімізден шықты
Жақында Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысының халықты алаңдатқан
жер мәселелері бойынша қабылдаған шешімін теледидар арқылы тыңдадық. «Жер
халықтікі! Тек ел үшін қызмет етуі тиіс. «Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге»
деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіндегі бірқатар жаңа түзетулерге мораторий
жариялаған сәтте кеудемізді қуаныш кернеді, жүрегімізге мақтаныш сезімі ұялады.
Осындай шешімнің арқасында Президентіміз халық көңілінен тағы бір мәрте шыға білді.
Халықтың пікіріне құлақ асты, түсіндірме жұмыстарын тиісінше жүргізбеген басшыларға
тиісті шара қолданды. Халық үшін өзекті болып табылатын мәселеде шешім қабылдауда
халықпен кеңесуді қадап тапсырды. Осылайша, бірлігіміз бекемделіп, елі мен Елбасының
бағыты бір арнаға тоғысты. Қазіргі таңда әлемде орын алып жатқан геосаяси шиеленістер
мен экономикалық дағдарыс салдарынан сүрінбей өту – кез келген мемлекет үшін үлкен
сын. Қазақта «Бөлінгенді бөрі жейді» деген сөз бар, бізді ешкім сырттан келіп
жарылқамайды, олай болса, саяси-экономикалық дағдарыстар мен рухани-мәдени тоқырау
қатар түрен салған алмағайып кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, «Мәңгілік
елдің туының астында» Елбасымыздың маңайына топтасуымыз шарт.
Заркеев Нұркеш, еңбек ардагері
Оңтайлы шешімін тапты
Көптен бері қарапайым халықты алаңдатып, бірлігімізге сызат түсіруге шақ қалған жер
дауы Елбасы тарапынан оңтайлы шешімін тапты. Ұлт Көшбасшысы халыққа төніп тұрған
алауыздық қаупіне тойтарыс берді. Бұны халық жылы қабылдады, көкейіне тоқыды,
Көшбасшысына алғысын жаудырды. Ендігі кезекте, бұндай маңызды мәселелер халық пен
билік тарапынан келісіле отырып пішілетін болады. Алайда, мемлекетімізді өркендету бір
ғана Президенттің қолынан келмейді. Біртұтас еліміз – Мәңгілік елдің қуатты болуы үшін
Елбасының жанына ұйысатын, сарабдал саясатын қолдайтын халық керек. Әрқайсымыз
патриот болуымыз керек. Патриот болғанда да қолға қару алып, соғысу емес, одан бұрын
еліміздің гүлденуі жолында әрқайсымыз тиіттей де болса үлесімізді қосып, өз
жұмысымызды, өз миссиямызды адал атқару, дамыған құқықтық қоғамға ұмтылу. Сонда
ғана Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы дала еліне бата қонып, бақ даритыны сөзсіз.
Д.Ахметов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Қоғам үшін тиімді шешім
Елбасымыз кейінгі кездегі қоғамдық резонансқа айналған жер мәселесі бойынша былтырғы
жылы енгізілген 4 норманы күшіне енгізуге мораторий жариялады. Өз сөзінде Елбасымыз:
«Халыққа бұл бастама түсіндіріліп, Парламентпен келісімге келген жағдайда ғана заң
күшіне еніп, мораторий алынып тасталады» - деп атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы - Бізге,
халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ , -деп басып айтты.
Бұл тұрғыда, менің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде айтар пікірім мынау: қазақ
халқы көптеген қиыншылықты бастан кешірді, ашаршылық та қазақтың басынан өтті. Ел
экономикасы едәуір жақсарған кезеңде мұндай, билік пен халықтың түсініспеушілігі ең
әуелі өзімізге сын. Дәл қазіргі сәтте халық, жер мәселесін егжей-тегжейлі түсінгенше, осы
мораторийдің жарияланғаны қоғамға өте тиімді деп ойлаймын.
Б.Мырзашев, Жастар ресурстық орталығының маманы
9-МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
Шоқтығы биік Жеңіс күніне арналған шара мәдениет үйінің алаңында өтті. Мерекелік нақышта безендіріліп, «Даңқ» монументіндегі мәңгілік алауы лапылдаған алаңға
жиналған қауымның
қарасы көп. Осы айтулы мерекеге байланысты
арнайы
ұйымдастырылған
м е к т е п
оқушыларының
марафонының
жеңімпаздары алаңнан
өтіп,
салтанатты
шерудің басталғанын
паш
етті.
Желаяқтардың соңын
ала безендірілген лимузин
автокөлігі
алаңға келіп тоқтады да, еліміздің азат болуына атсалысып, майдан көрген, сұрапыл
соғысқа қатысқан ардагерлер Зейнулла Қуанышбеков, Петр Тимофеевич Тарада, Николай
Павлович Седусов қошеметпен қарсы алынды. Өздерімен бірге Отан қорғауға атсалысқан
жауынгер жолдастарын
еске
алған ардагерлер
«Данқ» монументіне,
Кеңес
Одағының
батыры
Амантай
Дәулетбековтың
ескерткішіне
тағзым етіп, гүл
шоқтарын
қою
рәсімін бастады.
Аудан
әкімі
Ғ.И.Омаров
ж и н а л ғ а н
көпшілікті
айшықты мерекемен құттықтады. Аудандық саз мектебінің өнерпаздарының хоры
мерекенің шымылдығын түріп, О.Жұмабеков пен С.Сейфуллин атындағы орта
мектептерінің ұжымы
соғыс
басталған
жылдардан
бастап,
майдан даласындағы
ерлік,
ауылдағы
еңбек майданындағы
жұмыс, Ұлы Жеңістің
о р н а у ы
аралығындағы
оқиғаларды
тартымды етіп суреттеп
керемет
әсер
қ а л д ы р д ы .
Көпшілікті
мәдени
сауық
орталығы
ұ ж ы м ы н ы ң
ұйымдастырған конц е р т т і к
бағдарламасы
ұйытып әкетті.
Мерекелік
шарада
қаз-қатар
тізілген
с ө р е л е р д е
ау ы л ш а руа ш ы л ы қ
ө н і м д е р і н е н
ж ә р м е ң к е
ұйымдастырылды.
Мерекелік
шараға
жиналған
аудан
тұрғындары
мен
қонақтар
риза
көңілмен тарқасты.
Өз тілшімізден
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА
Іс-шаралар. Кездесулер. Құттықтаулар.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбековпен кездесу өтті. Бұл жиынға барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары, ардагерлер, ауыл әкімдері, шаруа қожалықтарының жетекшілері, кәсіпкерлер, жастар өкілдері
қатысты. Кездесуді ашып жүргізген аудан әкімі Ғ.И.Омаров бүгінгі жиынның күн
тәртібімен және келген қонақтармен таныстырып өтті. Ж.Ахметбековке алғашқы сөз беріліп, ол бүгінгі кездесудің негізгі мәні Елбасының «Мәңгілік ел» патриоттық актісін ел
ішінде таныстырып, насихаттау екендігін, осы ұлттық идеяны дамытып алға апару үшін
халқымыздың бірлігі, бірігіп жұмыс істеуі керек екендігіне тоқталды. Ел қауіпсіздігі
бәрінен де жоғары екендігін әңгімеге өзек еткен мәжіліс депутаты сол тыныштықты
сақтау керектігін айтты.
***** ***** *****
Аудан әкімі Ғ.И.Омаров Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз Зейнолла
Қуанышбековтің, Николай Павлович Седусовтің және Петр Тимофеевич Тараданың үйлеріне
барып, соғыс жауынгерлерін
Жеңіс
күнімен
құттықтап,
құшақтарын гүл шоқтарына толтырып, сый-сияпаттар жасады.
Мұндай сыйға риза болған
қариялар
аудан
әкіміне
алғыстарын айтып, мемлекет тарапынан өздеріне көрсетіліп
отырған
көмектерге,
Елбасымыздың жасап отырған
қамқорлықтарына шексіз риза
екендіктерін білдірді. Сондай-ақ,
тек қана мереке күндері емес,
жыл бойы өздерінің жағдайына
қарасып келе жатқан аудан
әкіміне, тиісті мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына рахметтерін айтты. Майдангерлерді
құрметтеуге аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожин, аппарат басшысы
Қ.Қожықаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Ибраева
қатысты.
***** ***** *****
Аудандық мәслихат депутаттары Ұлы Жеңістің 71 жылдығына байланысты 7-10 мамыр
күндер аралығында ауданымыздағы үш қарт майдангер Зейнулла Қуанышбеков, Петр Тарада,
Николай
Седусовтің
шаңырақтарына
барып
құттықтап, сый-сияпаттар
жасады.Бұл
акцияға
қатысқан барлық аудандық
мәслихат
депутаттары,
атап айтқанда Р.Рахимов,
Р.Рымбеков, Н.Орынбасарова,
М.
Әбілдинов,
Ә.Рахманқұлова,
Т.Мусаев, Ж.Рыспеков, Б.Бекежанова, Ж.Жуанышбаев,
Қ.Имантүсіпов, Ө.Айтжанов, Ж.Әбүйіров ауызбіршілік
танытып
өз
үлестерін қосты. Акция барысында аудандық мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов, осы
акцияның ұйытқысы болған мәслихат депутаты М.Әбілдинов және мәслихат депутаттары
бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғысын айта келе, дендеріне саулық тілеп, ерліктеріне
мәңгі тағзым ететіндерін айтты. Өз кезегінде ардагерлер өздеріне көңіл бөліп, шынайы ілтипат
жасаған халық қалаулыларына ризашылықтарын білдірді.
***** ***** *****
"Жастар ресурстық орталығы" КММ-ң ұйымдастыруымен, №132 ЖОББ, О.Жұмабеков
атындағы ЖОББ, Б.Амалбеков атындағы ЖОББ, Ю.Гагарин атындағы ЖОББ мектеп
оқушылары және Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледж студенттерінің қатысуымен
сапта жүріп ән айтудан қыздар арасында жарыс өтті. Үздік танылып, алға сурылып шыққан
№132 ЖОББ мектеп оқушылары 1-орынды иеленсе, Б.Амалбеков атындағы мектеп
оқушылары 2-орын, ал О.Жұмабеков атындағы мектеп оқушылары 3-орын иеленіп,
жеңімпаздар арнайы кубокпен және грамоталармен марапатталды.
***** ***** *****
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Бидайық ауылында өткен «Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші»
атты мерекелік іс-шараға ауданымыздың басшылары аудан әкімі Ғ.Омаров, аудандық мәслихат
хатшысы Қ.Имантүсіпов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Казимов қатысты. Бұл
мерекелік шара ауылымыздың Орталық көшесінде «Жасталап» ш/қ жетекшісі Баязитова
Шайстың
демеушілігімен
еліміздің ұлттық рәміздері бейнеленген «Тәуелсіздік алаңы»
атты монументі бой көтеруіне
арналған еді.
Аталған монументтің салтанатты ашылуында аудан әкімі
құттықтау сөз сөйлеп, осы монументті
ашуға
ұйытқы
болған, демеушілік жасаған
азаматтарға рахметін айтып,
ауыл тұрғындарын алда келе
жатқан мереке күндерімен
құттықтады. Ауыл әкімі С.Баязитов ауылдастарын Жеңіс
күнімен құттықтап, 90 жасқа толған тыл ардагері Д.Иманбаеваны және 70 жасқа толған еңбек
ардагері Б.Аманжановты Алғыс хатпен марапаттап, иықтарына шапан жапты. Тыл және еңбек
ардагерлеріне «Тұяқбай» шаруа қожалығының жетекшісі Бекежан Садуовтың демеушілігімен
дәм берілсе, «Құда» шаруа қожалығының жетекшісі Исабаев Дауылдың қолдауымен ақшалай
сыйлықтар таратылды.
***** ***** *****
Аудан әкімі Ғ.И.Омаров жұмыс сапарымен Түгіскен ауылында болды. Аудан әкімі мәжіліс
депутаты Ж.Ахметбековті қарсы алып, ауыл тұрғындарымен өткізілген кездесуге қатысты.
Сондай-ақ, ауылдың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан, бүгін 70 жасқа толып отырған Смағұл
Сәлкебаевтың үйінде болып, еңбек ардагерін мерейтойымен құттықтап, аудан әкімінің Алғыс
хатын тапсырып, ұлттық дәстүрмен иығына шапан жапты.
Өз тілшімізден
2
14 мамыр 2016 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
Атасу кенті
№32/02
6 сәуір 2016 жыл
(Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық акт 2016 жылдың 26 сәуірдегі
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3763 болып енгізілді )
Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015
жылғы 23 қарашадағы Енбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымындағы №49/01 «Жаңаарқа ауданында азаматтық
қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№2694 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 тамызында №34 (9628) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) және
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №82/01 «Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы
26 маусымындағы «Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық
жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» №49/01 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2828 болып
тіркелген, 2014 жылғы 6 желтоқсанында №54 (9648) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттыққұқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) қүші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге
жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудан мәслихатының хатшысы К. Имантусупов _____________ 4 сәуір 2016 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі
№32/02 қаулысына қосымша
Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық
жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1.Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша: 1)бөлім меңгерушісі; 2) к е ң е с ш і ; 3 ) ә л е у м е т т і к
қызметкер; 4) бухгалтер; 5)жұмыспен қамту орталығының директоры; 6) жұмыспен қамту орталығының
маманы. 2. Білім беру саласы бойынша: 1)басшы; 2) басшының орынбасары; 3)психолог; 4)барлық
мамандық бойынша оқытушылар; 5)медбике; 6)кіші медициналық қызметкер; 7) тәлімгер; 8)балабақша
меңгерушісі; 9)тәрбиеші; 10) әдіскер-психолог; 11) ән-күй маманы; 12) көркемдік студия үйірмесінің жетекшісі; 13) шаруашылық басқарушы; 14) бухгалтер; 15) әдіскер; 16) заңгер-кеңесші; 17) интернат
меңгерушісі; 18) экономист; 19) тәрбиешінің көмекшісі; 20) емдәм медбикесі; 21) іс жүргізуші. 3.Мәдениет
саласы бойынша: 1) басшы; 2) басшының орынбасары; 3) басшының көмекшісі; 4) көркемдік жетекші; 5)
сектор меңгерушісі; 6) кітапханашы; 7) әдіскер; 8) библиограф; 9) аймақтану бөлімінің редакторы; 10)
кітап қорын есепке алу маманы; 11) дыбыс режиссеры; 12) хореограф; 13) музыкалық жетекші; 14) концертмейстер; 15) нұсқаушы; 16) жастармен жұмыс бойынша маман; 17) клуб меңгерушісі; 18) оркестр
жетекшісі; 19) барлық түрлер шебері; 20) шаруашылық бөлімінің басқарушысы; 21) суретші; 22) бухгалтер; 23) экономист; 24) кассир; 25) билет контролеры; 26) іс жүргізуші; 27) кадр жөніндегі инспекторы;
28) техник-электрик; 29) дыбыс операторы; 30) жарық операторы; 31) заңгер-кеңесші. 4.Ветеринария саласы бойынша: 1) ветеринариялық мал дәрігері; 2) ветеринариялық фельдшер;3) бухгалтер; 4) экономист.
Постановление акимата Жанааркинского района
пос.Атасу
№32/02
6 апреля 2016 года
(Нормативный правовой акт зарегистрирован в Реестре нормативных правовых актов за №3763 от
26 апреля 2016 года в Департаменте юстиции Карагандинской области)
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Жанааркинского района
В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пункта 9 статьи 139 Трудового Кодекса
Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения,
образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в
сельской местности Жанааркинского района, согласно приложению.
2. Признать утратившим силу постановление акимата Жанааркинского района от 26 июня 2014 года
№49/01 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального
обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Жанааркинского района» (зарегистрировано в Реестре государственной
регистрации нормативных правовых актов №2694, опубликовано в газете «Жаңаарқа» от 2 августа 2014
года №34 (9628)) и постановление акимата Жанааркинского района от 3 ноября 2014 года №82/01 «О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 26 июня 2014 года №49/01 «Об
определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения,
образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в
сельской местности Жанааркинского района» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов №2828, опубликовано в газете «Жаңаарқа» от 6 декабря 2014 года №54
(9648), в информационно-правовой системе «Әділет» 12 декабря 2014 года).
3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Беккожина Юржана Асановича.
4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его
первого официального опубликования.
Аким района
Г. Омаров
«СОГЛАСОВАНО»
Секретарь районного маслихата К. Имантусупов _________ 4 апреля 2016 г.
Приложение к постановлению акимата
Жанааркинского района от 6 апреля 2016 года №32/02
Перечень должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и
работающих в сельской местности Жанааркинского района
1.В сфере социального обеспечения: 1)заведующий отделением; 2)консультант; 3)социальный работник;
4)бухгалтер; 5)директор Центра занятости; 6)специалист Центра занятости.2.В сфере образования: 1)руководитель; 2)заместитель руководителя; 3)психолог; 4)преподаватели по всем специальностям; 5)медсестра; 6)младший медицинский служащий; 7)куратор; 8)заведующий детского сада; 9)воспитатель; 10)
методист-психолог; 11)специалист музыки; 12)руководитель кружка художественной студии; 13)заведующий хозяйством; 14) бухгалтер; 15)методист; 16)юрист–консультант; 17)заведующий интерната; 18)экономист; 19)помощник воспитателя; 20) медсестра по диете; 21) делопроизводитель. 3. В сфере культуры:
1)руководитель; 2)заместитель руководителя; 3)помощник руководителя; 4)художественный руководитель;
5)заведующий сектором; 6)библиотекарь; 7)методист; 8)библиограф; 9редактор регионального отдела;
10)специалист учета книжного фонда; 11)звуковой режиссер; 12)хореограф; 13)музыкальный руководитель; 14)концертмейстер; 15)инструктор; 16)специалист по работе с молодежью; 17)заведующий клубом;
18)руководитель оркестра; 19)мастер по всем видам; 20)заведующий отделом хозяйства; 21)художник;
22)бухгалтер; 23)экономист; 24) кассир; 25)контролер билетов; 26)делопроизводитель; 27)инспектор по
кадрам; 28) техник – электрик; 29) оператор звукозаписи; 30) оператор световой аппаратуры; 31) юрист–
консультант. 4. В сфере ветеринарии: 1) ветеринарный врач; 2) ветеринарный фельдшер; 3) бухгалтер; 4)
экономист.
14 мамыр 2016 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
3
Атасу кенті
№25/02
24 наурыз 2016 жыл
( Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық акт 2016 жылдың 27 сәуірдегі
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3770 болып енгізілді )
Жаңаарқа ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1)
тармақшасына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Жандаулетов Марат
Жандаулетұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ. Омаров
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 25/02 қаулысымен бекітілген
Жаңаарқа ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі
Мектепке дейінгі Бір тәрбиеленушіге
Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту
білім беру
бір айға
йымдарындағы ұйымдардағы жан ба- ұйымдарындағы атажұмсалатын
Мектепке тәрбиеленушілерді сына шаққандағы бір аналардың бір айға шығындардың орайға қаржыландыру
ң саны
ақы төлеу мөлшері таша құны (теңге)
дейінгі білім
мөлшері (теңге)
(теңге)
кем емес
беруйым
№ дарының түрі мемлекеттік жеке мемлекеттік жеке мемлекеттік жеке мемлекеттік жеке
1. Балабақша
570
0
17875
0
9900
0
17875
0
Мектепке дейінгі шағын
2.
Орталық
1383
0
8164
0
4500
0
8164
0
Постановление акимата Жанааркинского района
пос.Атасу
№25/02
24 марта 2016 года
(Нормативный правовой акт зарегистрирован в Реестре нормативных правовых актов за №3770 от 27
апреля 2016 года в Департаменте юстиции Карагандинской области)
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание
и обучение, размера подушевого финансирования и родительской
платы на 2016 год по Жанааркинскому району
В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном
государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и подпунктом 8-1) пункта 4
статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» акимат Жанааркинского
района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Утвердить прилагаемый государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по Жанааркинскому району.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Жанааркинского
района Жандаулетова Марата Жандаулетовича.
3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
Аким района
Г. Омаров
Утвержден постановлением акимата
Жанааркинского района от 24 марта 2016 года № 25/02
Государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение,
размер подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по
Жанааркинскому району
Количество воспи- Размер подушевого Размер родитель- Средняя стоимость растанниковорганиза- финансирования
ской платы в до- ходов на одного воспиций дошкольного дошкольных оргашкольных
танника в месяц
Вид донизаций в
организациях обране менее
школьной воспитания и обучения
месяц (в тенге)
зования в
(в тенге)
организамесяц (в тенге)
ции
образовагосудар частгосудар
государ
государ
ния
ственный ный
ственный частный ственный частный
частный
ственный
№
1. Детский сад
570
0
17875
0
9900
0
17875
0
Дошкольный мини2. центр
1383
0
8164
0
4500
0
8164
0
Сенім телефоны
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларын бұзған
фактілері жөніндегі хабарлары үшін сенім телефоны жұмыс атқарады. Департамент 8/7212/
426386, e-mail:karseu@mail.ru; басқарма 8/71030/26948, e-mail: ougsen@mail.ru
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Ынтымақ ОМ ұжымы осы мектептің
оқытушысы Туғанбаева Бақытгүлге әкесі Ілиястың қайтыс болуына байланысты
қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық ардагерлер кеңесі Жұмажанов Жетпіске күйеубаласы Байғали
Зейнелғабденұлының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Құрметті жерлестер!
Аймағымыздың
тынысы мен айнасы “Жаңаарқа” газетіне жазылуға
асығыңыздар!
“Жаңаарқа” газетіне алты айға жазылу бағасы:
Заңды тұлғалар үшін: (индекс 16282)
6 айға - 1114,26 теңге, 1 айға - 185,71 теңге
Жеке тұлғалар үшін (66282):
6 айға - 922,26 теңге, 1 айға - 153,71 теңге.
ЕСКЕ АЛУ
Сәкен ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, адал жар, асқар тау, ақылгөй
ата, әкеміз Мәжит Смайылұлының дүниеден өткеніне 1 жыл толады.
Адал еңбегімен, биік адамгершілік қасиеттерімен елге сыйлы, жүрген
жерінде беделді болды. Жан әке! Бұл біз үшін дүниедегі ең асыл да
ардақты есім. Жүрегіміздің түкпіріндегі маржандай сақталып келе
жатқан асыл қазынамызсыз. Сізге ұсынсақ қолымыз жетпес, ұмтылсақ
бойымыз жетпес арманымыз болғаныңызға міне бір жыл толды...
Адамның небір жасамайтын іс-әрекеттері көп қой. Бірақ та, оны
жүргізе білу өз қолымызда. “Әке - асқар тау” деп бекер айтылмаған,
басыңа қиын іс түскенде демеу беріп, әкелік күш-қайрат беретін адамың
болса қандай жақсы. Қиналған сәттеріңде, жаның аналық мейірімділікпен қоса әкелік
қамқорлықты да іздейді екенсің. Әкеміздің балаларына деген қамқорлығы аса биік еді. Кез
келген істе бас болып, сенімді жол сілтеген ақылы ізгі, сөзі маржан әкемізді бүгінде сағына
еске аламыз. Қайта айналып келмейтін бұл жалғанда көзге алданыш, көңілге медет
тұтарымыз ұрпағына мәңгілікке мұра еткен асыл қазынасы, тәлім-тәрбиесі, адал еңбегі,
қарапайымдылығы, басқаларға үлгі болатын қайталанбас қасиеттері мен қимас жанның суреттегі жарқын бейнесі ғана... Амал не, енді осындай қайталанбас қымбат сәттер мен аяулы
сезімдерді тек қана өткен шақта еске алатындығымыз өкінішті-ақ.
Жатқа да, жақынға сая болған,
Туған-туыс, ағайынға адал болған.
Жыл толды жоқсыз сіз ортамызда,
Ардақты әке, бәрімізге пана болған.
Хақ Тағалам, ақ нұрға малындырсын,
Жәннатта жайнап жүзің, жанып жүрсін.
Артта қалған ұрпағың бағыштайды,
Құранменен қосақтап сағынышын.
Еске алушылар: жұбайы - Майдаш, ұлдары-келіндері, қыздары-күйеубалалары, немере, жиендері.
Әкеміздің қайтқанына 1 жыл толуына орай мамыр айының 27-сі күні сағат 13.00-де
“Диас” тойханасында құран бағышталып, құдайы дәм беріледі
ЕСКЕ АЛУ
Жарты ғасырдан аса жарасымды, сыйластықта өмір сүрген сүйікті
жар, балаларының ардақты анасы, немерелерінің аяулы әжесі Мәкіш
Әбсаламқызының мына жалған өмірден өтіп, бақида жатқанына таяу
күндерде бір жыл толады. Тіршілігінде денсаулығына қарамай намысы
мен жігерін ұштап ауданымыздың оқу-білім саласында қырық жылдан
аса жемісті еңбек атқарды. Аралықта екі жылдай аудандық партия
комитетінің саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, үш жылға тарта
Жезқазған мұғалімдер училищесінің оқытушы қызметінде болды. Жас
ұрпақ - оқушыларды болашақта адал да, жемісті еңбек етуге тәрбиелеп,
оған бар білімі мен күш-жігерін жұмсады. Қазіргі уақытта оның шәкірттері қоғамымыздың
әр саласында жауапкершілікпен еңбек етуде. Кезінде марқұмның еңбегін бағалап “Қазақ
ССР халық ағарту ісінің үздігі” атағы беріліп, көптеген мақтау қағаздарымен марапатталған
еді. Мәкіш марқұмның жарқын бейнесі, иманды жүзі біздің көңілімізден еш уақытта
шықпайды. Жүрегімізде,көз алдымызда өмірбақи сақталады. Жаның жәннатта, жатқан
жерің жайлы, болсын, Алланың рахманын, пайғамбардың шапағатын берсін дейміз.
Сағына еске алушылар: жұбайы - Зарлық, балалары - Айдар, Жанна, сіңлілері Сәуле, Динара, інісі - Жандос, немересі - Олжас, туған-туыстары.
Марқұмның қайтқанына 1 жыл толуына байланысты мамыр айының 23-күні сағат
13.00-де “Жаңаарқа” тойханасында құран бағышталып, құдайы дәм беріледі
ЕСКЕ АЛУ
Қарағанды облысы, Жанаарқа ауданының тумасы, елінің абзал азаматы,білім мен ақыл иесі,адамгершілік пен парасаттылықтың барлық
үлгісін бойына жинақтаған асқар таудай әке, аяулы жар, үлкенге
сүйікті іні, бауырға қорған, ағайынға қамқор бола білген
Боқаев Назымбек Мұқамеджанұлының өмірден өткеніне 1 жыл
толып отыр. Елінің елеулісі, халқының қалаулысы, дос-жолдас
ағайынның аяулысы болған арысымызды, азаматымызды сағына еске
аламыз.
Тағдырдың жазғанына шара бар ма,
Сен жоқсын бүгін арамызда.
Мінезің, жарқың бейнең, жүзін дара.
Сақталар мәңгі біздің санамызда
Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған
Жәннәтта жаның болсын,рухың биік,
Топырағы торқа, тәні рахатта болсындеп, дұға бағыштаймыз.
Сағына еске алушылар: Мұқамеджановтар әулеті.
Марқұмның қайтыс болғанына 1 жыл толуына орай 2016 жылдың 20-мамыр күні
сағат 14.00-де «Жанаарқа» мейрамханасында құран бағышталып ас беріледі.
ПАМЯТЬ
В эти скорбные дни мы утешаем себя тем, что Туебаева Кульсагира
Смаиловна была благой и святой во всем. Это был кристальной чистоты человек, с завидной моральной и физической стойкостью. Это
была сама доброта, отзывчивость, безотказность, душевная человеческая щедрость. Она пользовалась исключительным уважением и почитаемостью
за
свое
огромное
трудолюбие,
высокий
проффессионализм, добропорядочность. Для нас она была не просто
опытнейшим коллегой-фармацевтом, но и наставником, советником,
сестрой, подругой. В ее трудовой книжке была единственная
запись”Жанааркинская аптека №19“. Всю свою сознательную жизнь она отдала охране и
укреплению здоровья людей. Ваш светлый образ надолго останется в наших сердцах.
Пусть земля для Вас будет пухом!
Садыкбекова Айткеш, Жанибекова Майра, Садыкова Алмагуль, Бекбергенова Батес,
Абдембекова Айсулу, Рсалдина Куралай, Шаймерденова Ляззат.
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 71 ЖЫЛ
Менің атам - майдангер
Менің майдангер атам - Дәрібай Ысқақұлы, әкемнің айтуынша 1906
жылы дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанып, Днепр бойында
Украинада жаяу әскер қатарында неміс басқыншыларымен соғысқан.
1943-1944 жылы ерлікпен соғысып, оң аяғынан айырылып, екінші
аяғына оқ тиіп, ауыр жараланып елге оралған. Отан үшін от кешіп,
елі үшін, жері үшін аянбаған азамат. Атам елге келген соң, жары
Рәзия екеуі қосылып, Ленин атындағы колхозда еңбек еткен. Дәрібай
атамыз жалғыз аяғымен қойма меңгерушісі, одан кейін пошта таратушы болып жұмыс істеген. Еңбегі еленген сол заманда жақсы адал
өмір сүрген. Қазіргі уақытта немерелері 60-ты алқымдаған азаматтар.
Баласы Дәрібайұлы Құсайын Ескене ауылында балаларының ортасында «Дәрібай» шаруа қожалығын құрып, үлкен ұлы Абзал еңбек етуде.
Немерелері: Әсем - Жаңаарқа ауданының зейнетақы бөлімінің басшысы, Тілеулес - ұстаз,
Гүлмира - балабақша тәрбиешісі. Ата батасы оңынан тиген үбірлі-шүбірлі, ордалы жанұя
болып отырған біздің әулет атамыздың есімін құрметтеп, жиі еске алып отырады. Мен
атамды мақтан тұтамын.
Шөбересі Әлихан Құсайын
8-сынып оқушысы,
Талдыбұлақ орта мектебі
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне
және соларға теңестірілген азаматтарға қолдау
көрсету
Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні құрметіне Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен
мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтарға (бейбітшілік уақытта қайтыс болған
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектердің жұбайлары - 22 адам, 6 айдан кем емес
соғыс уақытында жұмыс атқарған тыл еңбеккерлері – 122 адам, бейбітшілік уақытта қайтыс
болған әскери қызмектерлердің отбасылары -14 адам, Персидский залив пен Суэцкий каналда әскери қызметтерін атқарған – 2 адам,) жергілікті бюджет есебінен 163 адамға 1970,0
мың теңге материалдық көмек көрсетілді: Үш Ұлы Отан соғасының ардагерлері жалғыз
басты қарттармен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде тіркеуде тұр,
әрбіріне әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тұрмыстық
материалдық актісі жасалды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері абаттанған, орталық жылу
жүйесі қосылған, жөндеу жұмыстары жасалған пәтерлерде тұрады. Үш тыл еңбеккерлеріне
Қарағанды қаласында № 2 медициналық-әлеуметтік мекемесінде әлеуметтік қызмет
көрсетілді және бір ҰОС ардагеріне портал арқылы Қарағанды қаласында көзіне тегін ота
жасалды. Үш Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне «дабыл түймеше» құрылғысы
тапсырылған. ЧАЭС апатының зардаптарын жоюға 30 жыл толуына байланысты Чернобль
атом электрстанциясындағы апатқа қатысқандар мен мүгедектеріне 11 адамға жергілікті
бюджет есебінен 1100,0 мың теңге бір реттік материалдық көмек көрсетілді.
Ш.К.Ибраева,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
Байдалы би ауылдық округінің Ленино ауылын Ескене ауылы
деп қайта атау туралы жергілікті қоғамдастық жиналыстың
№ 8 ХАТТАМАСЫ
Ленино ауылы
2 мамыр 2016 жыл
Жиналыс төрағасы: Байдалы би а/о. әкімі - Ж.Тажитов
Жиналыс хатшысы: Байдалы би ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы К.Ильясов
Қатысқандар:Байдалы
би
ауылдық
округі
әкімі
аппаратының жетекші мамандары - А.Кыдыралин, Т.Сатбергенов және ауыл тұрғындары
(79 адам).
Күн тәртібінде: Байдалы би ауылдық округіне қарасты Ленино ауылын Ескене ауылы деп
қайта атау туралы
Тыңдалды: Байдалы би а/о. әкімі Ж.Тажитов - Құрметті ауыл тұрғындары, бұл ауылға
ертеде совхоз құрылған уақытта Ленино атауы берілген. Кейінгі заман талабына сай Ескене
атауын беру жөнінде ұсыныстар айтылып келгенімен, сол қалпында өзгеріссіз қалған. Осы
мәселені бір жақты етіп шешу мақсатында сіздердің пікірлеріңізді білсек дейміз.
О.Сатжанов, ауыл ақсақалы: Ауылдың атын өзгерту туралы бұған дейін де бірнеше
мәрте айтқанбыз. Соған қарамастан ауылдың аты әлі сол Ленино болып тұр. Осы Ленино
ауылының атауын мен Талдыбұлақ ауылы деп өзгергенін қалаймын. Себебі, Талдыбұлақ ертеден келе жатқан атау.
С.Осмағамбетов, ауыл тұрғыны: Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр өтті, соған
қарамастан Кеңестік кезеңнен қалған «Ленино» ауылымыздың атауы әлі өзгермей тұр.
Осыны тезірек қолға алсаңыздар екен. Ауылдың аты Талдыбұлақ болуына қолдау білдіремін,
бұл ауылдың тарихи атауын өзіне қайтару. Ауыл тұрғындары бірауыздан осы ауылдың
атауы Талдыбұлақ болғанын қалайды.
Қорытынды:
Жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұрғындардың пікірлерін тыңдай келе,
төмендегідей ШЕШІМ қабылдансын:
1.Байдалы би ауылдық округіне қарасты Ленино ауылын Ескене ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстың күші жойылсын.
2.Байдалы би ауылдық округіне қарасты Ленино ауылының атауын көпшіліктің қолдауымен
Талдыбұлақ ауылы деп қайта атау тиісті орындардың қарауына ұсынылсын.
Төраға:
Байдалы би ауылдық округінің әкімі:
Хатшы:
Байдалы би ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші маманы:
Ж.Тажитов
К.Ильясов
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Ауданымыздың көптеген мекемелерінде қаржы саласының білімді маманы ретінде қызмет атқарған, аумағымыздың өсіп-өркендеуіне өз
үлесін қосқан еңбек ардагері Қажымұрат Жылқыбаев 70 жасқа
толып отыр. Мерейтой иесін туған күнімен құттықтай отырып, ұзақ
өмір, мықты денсаулық, отбасылық бақыт, бала-шағасының қызығын
көре берсін деп тілейміз.
Нұрға толсын әрқашанда жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Аудандық ардагерлер кеңесі
Құттықтаймыз!!!
Түгіскен ауылының тұрғыны ардақты әке, сүйікті ата, құдамыз Сопақов
Айтмұханбет асулы асқар 60 жасқа толып отыр. Осы мерейтойымен құттықтап,
бар жақсылықты тілейміз. Өмірі ұзақ болып, қызық-қуаныштарға кенеле берсін демекпіз.
Алпыс жас - өзенді өмір, сыршыл ағын,
Мәуелеп жеміс берген бір шынарсың.
Айтеке құтты болсын 60 жасың,
Өмірдің біз тілейік нұр-шуағын.
Еңбекқор талаптанған адал жансың,
Құрметтеп барша қауым ортаға алсын.
Алпыстың асуына шыққан кезде,
Ойдағы арман тілек орындалсын.
Игі тілекпен: құдасы- Мұзафар, құдағиы- Раушан, күйеубаласы- Оразхан, қызы
- Гүлнұр, жиендері - Ақжүніс, Бекарыс, Нұралы, Іңкәр, Бексұлтан.
Құттықтаймыз!!!
Бесмаршал ауылының тумасы, Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ардақты
ана, аяулы жар, мейірімді әже, отбасының ұйытқысы Әйшікентегі
Рыскүл Қасымбеккелінін 15-мамырда 50 жасқа толатын мерейтойымен құттықтаймыз! Анамызға мың алғыс айта отырып, денінің
саулығын, отбасының амандығын, еңбегінің жемісін, өсірген ұлқызының қызығын көруді тілейміз.
50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,
50 деген алтын той некеліге.
“Елу жылда ел жаңа” деген сөз бар,
Сол елуге өзің де келдің міне.
Қыздарың қиясына қонып жатыр,
Бәрі Алланың қалауымен болып жатыр.
Дүниеге келе берсін немерелер,
Алданыш қып солармен таңыңды атыр.
Құтты болсын мерейтой 50 жасың,
Әрқашанда домалап өрге тасың.
Бақытты боп өмірде, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.
Туған күнің құтты болсын, анашым,
Біз үшін сен орны бөлек дарасың.
Алтыннан да ардақтысың, данасың,
Бақытымыз, байлығымыз сен ғанасың!
Ізгі тілекпен: жолдасы - Қуанышбай, балалары - Алмаз-Әйгерім, Әли-Айна, Тілеубай-Алуа, Ерқанат-Әсем, Жұмабике, Әділбек және жиендері
“Көк сандықты” ашып қара...
АКЦИЯ
Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасында алыстан «Көк сандық» саяхаттап келді. Германия елшілігінің бастамасымен «Көк сандық» Мәскеу облыстық мемлекеттік кітапханасынан
Қазақстанға келді. Қазақстанның барлық аймақтарын аралап келген бұл акция біздің ауданымызда жалғасын тапты. «Бірге оқимыз! Әрқашан оқимыз! Барлық жерде оқимыз!» ұранын
ұстана отырып, аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен барлық кітапханаларға
саяхат жасалып, «Көк сандықтың» ашылу рәсімі өткізілді. Қазақ және орыс тілінде балаларға
арналған сапалы кітаптар салынған «Көк сандық» ашылып, бетіне салынған тәттілер
балаларға таратылды. Бұл акция Жаңаарқаның кітапханасында және Орынбай, С.Сейфуллин,
Байдалы би, Ақтүбек т.б. ауылдық кітапханаларда жүргізілді.
М.Ахметова,
Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі
Хабарлама
Жол бойындағы “Тәуелсіздік” саябағында (стадионда) ұлттық құнарлы шипалы сусын ішетін
қымызхана ашылды. Сапасы жоғары, бағасы аса қымбат емес балдай қымыз ішкіңіз келсе,
таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін есік ашық. Бауырсақ, балқаймақ пен
қуырдақ, әртүрлі сусындар мен халал отырыстарға тапсырыс қабылдайды.Тел.: 8 777 8932701
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Продаем суточных гусят и подрощенных из элитных хозяйств Башкирии.
5 пород. Вывоз с 18.04 до 10.06. 8 705 765 64 33, 8 777 894 84 75
Жарамсыз
Шумбулов Бауыржан Кабдуловичтің атына берілген автокөлік жүргізу куәлігі жоғалуына
байланысты жарамсыз деп саналсын
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1480 дана
Тапсырыс №23
Автор
zhanzbc
zhanzbc148   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
23
Размер файла
5 621 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа