close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Ұзақбай Доспанбетұлы 75 жаста

код для вставки
С.Сейфуллин атындағы
Алматы облыстық әмбебап
кітапханасы
ҒҰМЫРНАМА
Доспанбетов Ұзақбай 1941 жылы 30
наурызда Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал
ауылында туған.
1960 жылы сол ауданындағы Шұбар орта
мектебін күміс медальмен бітірген.
1966
жылы
Қазақ
мемлекеттік
университетінің филология факультетін, 1977
жылы ҚКП Алматы облыстық комитетінің Кешкі
марксизм-ленинизм университетін тамамдағаннан
кейін,
мектепте,
Алматы
облысы Балқаш
аудандық газетінде, республикалық радио үйінде,
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
Баспа,
полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі
мемлекеттік комитетінде, «Қазақстан коммунисі»,
«Жұлдыз» журналдарында, «Ұлан» газетінде
қызмет істеген.
Әдебиетпен 1962 жылдан бері айналысып
келеді. 1983 жылы жарық көрген «Ел есінде» атты
алғашқы романы соғыстан
күйзелген ауыл
шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіне, ал «Шың
мен Шыңырау»
роман –дилогиясы атақты
Нұрмолда Алдабергенов өміріне арналған.
«Жылусыз от» романының, «Қызыл
жолбарыс»,
«Абылайдың
ақ
туы»
деген
атауларымен белгілі төрт томдық тарихи роман –
эпопеяның, сондай-ақ көптеген повестердің, әдебисын, ғылми, публицистикалық мақалалардың,
очерктердің авторы.
Бірнеше
медальдармен,
Құрмет
грамоталарымен марапатталған.
Ақпараттық-библиографиялық
бөлім
«Қаламы кеппеген
ақын»
Талдықорған қаласы
Тәуелсіздік көшесі,91/99
Тел:24-07-85, 27-63-45,
40-01-45, 40-01-46
Факс: 24-74-67
E – mail: Bibseyfull_ tald@mail. ru
ҰЗАҚБАЙ
ДОСПАНБЕТҰЛЫ
75 – ЖАСТА
/ Ұсыныстық тізім /
Талдықорған, 2016
Доспанбетов
Ұ.
Ғарыш
әні:
Повестер,
очерктер,
публицистикалық
мақалалар.- Алматы: «Қайнар», 2006. – 368
бет.
Белгілі жазушы,
публицист
Ұзақбай
Доспанбетовтың бұл жинағына ауыл өміріне
арналған «Сырғалы қыз», «Ғарыш әні»,
«Қардағы гүл», «Гауһар тас» атты повестері,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің көкейтесті
мәселелері
қарастырылған
очерктері,
проблемалық
мақалалары енгізіліп отыр.
Доспанбетов Ұзақбай. Ел есінде: /
Роман. – Алматы: Жазушы, 1983. – 280 бет.
Ұзақбай Доспанбетов «Ел есінде» атты
романына соғыстан кейінгі колхоз өмірін,
оның өсіп-өркендеуін арқау еткен. Төрт жыл
бойы өзі үшін де, майданнан қайтпай қалған
ер азаматтар үшін де қабырғасы қайыса
еңбек еткен әйелдердің және басқалардың қоғамдық игілік
үшін күресі, жақсылық пен жамандықтың тайталасы
шығармадан үлкен орын алған.
Доспанбетов Ұ. Жылусыз от. Роман./
Ұзақбай
Доспанбетов.
–
Алматы,
«Баянжүрек», 2009. – 320 бет.
Жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың бұл
романы 1983 жылы «Ел есінде» деген атпен
жарық көрген еді. Алайда, ол басылым сол
кездегі саяси идеологияның қатаң талаптары
салдарынан көптеген қысқартулар мен
орынсыз өзгертулерге ұшырап, бастапқы мән-мазмұнынан
айырылып қалған болатын. Бұл кітап – сол романның
қайтадан
толықтырылып, оқырман қауым
пікіріне сай
күрделі өңдеуден өткізілген соңғы нұсқасы.
Доспанбетов Ұзақбай. Қардағы гүл./
Повестер, әңгімелер. – Алматы, «Жалын»,
1978. – 208 бет.
Жас жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың
шығармалары жастар өмірін бейнелейді.
Оның
туындыларында
тың
өңіріндегі
диқаншылар
Ырысбай,
Сағилаш,
жас
композитор Дәлелхан, агроном жігіт Досбол, Қызылшашы қыз
Жазира және басқаларының ойлары мен армандары, аға
ұрпақ алдындағы борыш, ар алдындағы, махаббат алдындағы
жауапкершілік мәселелері әңгіме болады.
Доспанбети Ұ. Қызыл жолбарыс:
Тарихи роман. – 1-кітап. – Алматы: Ғылым,
2000. – 432 б.
Ұзақбай Доспанбетидің «Қызыл жолбарыс»
атты тарихи романы екі кітаптан тұрады.
Романның бас кейіпкерлері Ескелді би
Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан
жырау (Қабылиса) Асанұлы – ХҮІІІ ғасырда Жетісу
өлкесіндегі жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қанды
оқиғалардың бәріне бастан-аяқ қатысқан тарихи тұлғалар.
Жазушы өз шығармаларында ел аузында сақталған қыруар
аңыздарды жинаумен қатар Алматы, Талдықорған, Шымкент,
Ташкент, Мәскеу қалаларындағы архивтерде сан салалы
үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Доспанбети Ұ. Қызыл жолбарыс:
Тарихи роман. – 2-кітап. – Алматы: Жоғары
аттестациялық комиссияның баспа орталығы,
2000. – 396 б.
Ұзақбай Доспанбетидің «Қызыл жолбарыс»
атты тарихи романы екі кітаптан тұрады.
Романның бас кейіпкерлері Ескелді би
Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау (Қабылиса)
Асанұлы – ХҮІІІ ғасырда Жетісу өлкесіндегі жоңғар
шапқыншылығы кезіндегі қанды оқиғалардың бәріне бастанаяқ қатысқан тарихи тұлғалар. Басынан бағы көшкен,
намысы тапталған, ұшарын жел, қонарын сай біліп
сырғанаудың, тар жол, тайғақ кешулердің тауқыметін еселеп
тартқан елдің ендігі тағдыр-талайы хақындағы келесі
«Абылайдың ақ туы» атты кітап бетінде қайта қауышуға
құдай жазсын!
Романның соңы 1989 – 1997 жылдар.
Доспанбетов У.А. Мелодия старого
кобыза: Повести, рассказы. / Пер. с казах.. –
М.: Советский писатель, 1989. – 320 с.
Творчество Узакбая Доспанбетова живо
связано с казахской историей, фольклором.
Его писательское слово учит добру и
милосердию,
помогает
переносить
превратности
судьбы,
призывает к осознанию
ответственности перед людьми и временем. Привлекает
разнообразие стилей, особая доверительность повествования.
Эпическая повесть «Мелодия старого кобыза» тяготеет к
поэтической прозе, рассказам У. Доспанбетова присущи
публицистичность и психологическая острота.
Доспанбетов
Ұзақбай.
Сағым:
Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жалын,
1981. – 144 бет.
Ұзақбай Доспанбетовтың бұл кітабында
негізінен
жастық
сезім,
адамгершілік
мәселелері сөз болады. Аяғын шалыс басқан
жас қыздың өкініші, өзінің өмірлік дұрыс жолын табуға
талпынуы әр алуан оқиғалар арқылы баяндалады.
Доспанбетов Ұ. Тіл өнері дертпен
тең: / Әдеби-көркем сын мақалалары,
зерттеулер. – Алматы: «Мария», 2006. – 400
бет.
Қазақтың
белгілі
жазушысы
Ұзақбай
Доспанбетов өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарынан бері прозалық шығармалармен
қатар әдеби-көркем сын мақалаларын, зерттеулер жазумен де
шұғылданып келеді. Республикалық газет-журналдарда
жарияланған ол мақалалар кезінде жұртшылық ортасында
көптеген пікірлердің қоздауына ұйытқы да болған. Белді де
беделді, аға буын сыншылардың жақсы бағасын да алған.
Сол мақалаларының, зерттеулерінің ең таңдаулыларын « Тіл
өнері дертпен тең» деген жалпы тақырыппен біріктіріп, кітап
етіп ұсынып отыр. Кітап күллі әдебиет сүйер қауымға
арналған.
Доспанбетов Ұ. Шың мен шыңырау./
Роман. Алматы: «Қайнар», 2009. – 1-кітап. –
320 б.
Өмір
қанша
өзгергенмен,
қоғамдық
құрылыстар бірін-бірі қанша алмастырғанмен,
өзгермейтін, қайта жарқырап жаңа қырлары
ашылатын
нәрсе
адам
мен
адамның
арақатынасы, олардың туған елге, жерге деген көзқарасы. Бір
кезде атақ-даңқтары жер жарған екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда
Алдабергенов, Еңбек Ері Әбдіқадыр Дайыров және олардың
үзеңгілестерінің, ауылдастарының өмірлері негізінде жазылған
белгілі қаламгер Ұзақбай Доспанбетовтың «Шың мен
шыңырау» атты екі томдық романында солардың тірлігі,
сүйініш-күйініштері
арқылы замана бейнесі шеберлікпен
суреттелген. Әрі мұнда кешегі ғана емес, бүгінгі күнге,
болашаққа
қатысы бар көптеген философиялық ойлар
түйілген. Сосын да бұл роман-дилогия өз туған халқын сүйген,
сезімтал оқырманды бей-жай қалдырмас.
Автор
zhadyraiskakova
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
72
Размер файла
246 Кб
Теги
қаламы
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа