close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

25 газ Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Құрметті аудан тұрғындары!
Осыдан 24 жыл бұрын ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері –Ту, Елтаңба, Әнұран туралы заңдарға қол
қойды. Сол арқылы біз Жер шарында Қазақстан Республикасы атты егемен мемлекет
барын көрсетіп, оның мәңгілік азат ел болып қалатындығын таныттық. Аталған уақыттан
бері 4 маусым мереке күні ретінде аталып өтіліп келеді.
Барлығымыз үшін Мемлекеттік рәміздер күні патриотизм мен ұлт бірлігі көрініс тапқан
мереке ретінде маңызды. Және осы дәстүрді біз өз ұрпағымыздың бойына сіңіруге міндеттіміз. Себебі, мемлекеттік рәміздер – ұрпаққа мирас болып қалатын баға жетпес мұра.
Біздің еліміздің рәміздері өткен тарихымызды, мәдени мұраларымызды, кемел келешекке
деген ұмтылысымызды көрсетіп, ұлттық намысымызды айғақтайды.
Мемлекеттік рәміздер арқылы Отанға деген сүйіспеншілігіміз қалыптасып, ар-ұждан,
Отан алдындағы парыз сияқты сезімдеріміз оянып, ел болашағы үшін жауапкершілігіміз,
мемлекетке деген құрметіміз артады. Әлемдік қауымдастық алдында қазақстандық қоғам
туралы түсінік қалыптасады.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген ел дамуының бөлінбес бөлшегі. Мемлекет
азаматтарының рәміздерге деген көзқарасына қарап, олардың өз еліне деген
сүйіспеншілігін, оның келешегіне деген сенімін анықтауға болады. Сондықтан,
қазақстандықтардың бойында, бірінші кезекте, жастардың бойында мемлекеттік
рәміздерге деген құрметті қалыптастыру – басты саяси міндеттердің бірі болып табылады. Қазір атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы ел ертеңі үшін жасалуда. Жастар
еліміздегі реформалардың ойдағыдай жүргізілуіне, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет
сезімінің қалыптасуына белсенді атсалысуда.
Құрметті жерлестер!Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға мықты
денсаулық, бақыт пен береке тілейміз! Барлық өмірлік жоспарларыңыз іске асып,
шаңырақтарыңызда шаттық пен бақыт орнасын!
Ғ.Омаров,
Қ.Имантүсіпов,
Жаңаарқа ауданының әкімі
аудандық мәслихаттың хатшысы
ҚР мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми
хатталуының да өз тарихы бар. Президент
Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні
«ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік
әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды. Егеменді
елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш
етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің
мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба,
Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік
туымыздың түсі–көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі түс – бірлікпен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайымт
ыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған. Көк түс қазақ халқының ұлттық
реңі деп саналады. КезіндеТүркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983
жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының
(1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920
- 1991 жж.) мемлекеттік жалауындада шағын көк жолақ республиканың төл болмысының
нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы
«шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты
географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер
шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры
тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай. Ал, күн бейнесі –
байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық
құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін
аңғартып тұр. Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік,
бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дүниесінің кеңдігі, асылмұрат, жүрек
тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады. Ал, енді саяси тұрғыдан
келсек ол–мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер – белгілі
бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен
байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәденитарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Мемлекеттік рәміздерімізге
шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
Ел тәуелсіздігімен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым.
Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас
мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын,
отаншылдықпен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
М.А.Құсайынова,
Жаңаарқа аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
№25 (9755), 28 мамыр, 2016 жыл
Құрметті аудан тұрғындары!
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, 31 мамыр күнін біз саяси
қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу ретінде атап өтеміз.
Елбасының бұл құжаты бұрынғы кеңестік елдер арасында бірінші болып қуғын-сүргін
жылдары жапа шексе де, жігер мен рухтың нәтижесінде есімдері өшпеген жандарға деген
әділдікті жандандырудың бастауында тұр. Жалпы есеп бойынша, аштық пен аурудан
Қазақстан, Белоруссия, Ресей және Украинада 7 миллионнан астам адам қаза тапты. Сол
уақытта қаза тапқандардың бір жарым миллионнан астамы – қазақстандықтар. Аштық пен
аурудан аман қалуы үшін, жүз мыңдаған қазақ туған жерінен жаппай көшуге мәжбүр болды.
Біз тоталитарлық жүйенің салдарынан өмірдің тәлкегіне түскен, қаза болған мыңдаған
адамдарды ғана емес, тұтастай халықтарды құрметпен еске аламыз. Заңға қайшы сол
кезеңнің қасіретін жаңаарқалықтар жақсы біледі. Себебі, біздің облыс шекарасында саяси
тұтқындар тоғытылған КарЛАГ және өзге де қасіретті ошақтар орналасты. Дәл біздің жерге
елдің әртүрлі өңірінен дүние-мүлкі тәркіленген шаруа қожалықтары мен Қырым және Кавказдан қуғынға ұшыраған халықтар топтастырылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандар
қатарындағы өз халқының бостандығы үшін бас көтерген көзі ашық қандастарымыз да
үлкен зардап шекті. Сондықтан, біз оларды ұмытпай, есімдерін ардақ тұтуымыз қажет.
Көптеген қазақстандық сталиндік басқару жылдарынан бөлек, тоқырау және қайта құру
кезеңінде де жапа шекті. Оның нақты дәлелі ретінде, тоталитарлық жүйе өз билігін сақтап
қалу үшін халқына қарсы шығатындығын көрсеткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын
айтуға болады. Әрине, өткенді қайтару, лагерьлерде қаза тапқандарды қайта тірілту мүмкін
емес. Бастысы, Қазақстан жерінде осынау әділетсіз кезеңнің енді қайталанбасына кепілдік
берілді. Ол – біздің демократиялық ұстанымды айшықтайтын Мемлекетіміздің негізгі Заңы.
Тәуелсіз Қазақстанда қуғын-сүргіннен, азаматтық құқығына қол сұғудан және адамның
жеке басын қорлаудан зардап шеккендер үшін әділеттілік орнады. Тарихтың түрлі кезеңінде
мезгілінен бұрын арамыздан кеткендерге арналып ескерткіш белгілер орнатылды. Алайда,
олар үшін азаматтық қоғам институттары дамыған, әлемдік қоғамдастықта беделді орны
бар демократиялы Қазақстан еңселі ескерткіш болып қалуы тиіс.
Ғ.Омаров,
Қ.Имантүсіпов,
Жаңаарқа ауданының әкімі
аудандық мәслихаттың хатшысы
Құрметті аудан тұрғындары!
1 маусымда біздің елде, әлемнің бүкіл елдеріндегідей, балаларды қорғау күні аталып
өтіледі. Бұл мереке барлық азаматтардың өскелең ұрпақ пен бүлдіршіндердің тағдырына,
амандығына жауапты екендігін еске салады. Бала - біздің болашағымыз! Сондықтан, біз
балалардың бақытты өмір сүруі мен олардың құқығының қорғалуын қамтамасыз етуге
міндеттіміз. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен
қазақстандық балдырғандардың бейбіт күнде бақытты күн кешуі үшін барлық жағдай
жасалуда. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» дәстүрлі
Жолдауы да осыған бағытталған. Егер, мемлекет гүлденсе, халықтың тұрмысы
жақсарады. Яғни, ата-ананың балаға қамқорлық жасауына мүмкіндігі артады. Мемлекет
басшысы жас ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі өзекті мәселелерді шешуге, әлеуметтік базаны
нығайтуға, барлық сала бойынша дарындыларға қолдау көрсетуге, ата-анасының мейіріміне мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге биліктің барлық
органдарының назарын аудартады.
Біздің ауданда экономиканы дамытумен қатар, әлеуметтік мәселелер де оң шешімін
тауып келеді. Балаларымыздың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін, заманауи
қоңдырғылармен жабдықталған жаңа мектептер салынуда. Бүлдіршіндердің рухани және
тұлғалық тұрғыдан дамуы үшін толықтай қолайлы балабақшалар ашылуда.
Жаздың алғашқы күнінде ауданымыздың барлық кенттері мен ауылдық округтерінде Балаларды қорғау күніне арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осы күнгідей, балаларға
көрсетілетін қамқорлық пен ерекше көңіл әрдайым және жан-жақты болса игі еді. Сонда
біздің балалар толыққанды азамат болып өседі. Қазақстан Республикасының баянды
болашағын бірге қаласады.
Мерекелеріңізбен, қымбатты достар! Сіздерге денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!
Ғ.Омаров,
Қ.Имантүсіпов,
Жаңаарқа ауданының әкімі
аудандық мәслихаттың хатшысы
Құрметті ән сүйер қауым!
2016 жылғы 1-маусым күні сағат 17.00-де аудандық мәдениет үйінде көрнекті композитор,
белгілі жазушы, өнер зерттеушісі, суретші Илья Жақановтың 80 жылдық мерейтойына
арналған “Арқадағы үзілмеген сағыныш” атты кездесу кеші өтеді.
Бұл кездесу кешіне белгілі өнер қайраткерлері: мемлекеттік “Дарын” сыйлығының лауреаты, профессор, айтыскер ақын А.Әлтаев, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері,
профессор М.Тілеуханов, ҚР еңбек сіңірген әртісі С.Оспанов, ҚР еңбегі сіңген мәдениет
қайраткері Қ.Есенов, ҚР мәдениет қайраткері А.Нығызбаев, ҚР мәдениет қайраткері А.Шуланбаев, ақын З.Шәкентаев, сазгер Е.Амиров, ақын Б.Әлеуханов, әнші Е.Базарбеков, ҚР
еңбегі сіңген әртісі Ғ.Мұхамедин, әнші Д.Алдажанова қатысады.
Келіңіздер, әдемі ән кешінің куәсі болыңыздар!
Жаңаарқа ауданының әкімдігі
СоңғЫ ҚоңЫрАу-2016
Сәт сапар, саған жас түлек
25-мамырда барлық мектептерде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Тарыдай
болып еніп, таудай болып шығатын алтын ұя мектептегі түлектер үшін соғылатын
қоңыраудың соңғы сылдыры мәңгілік есте қалмақ. Жазу –сызуды білмей келген әр үйдің
ерке тотайларына 11 жыл бойы білім сеуіп, тәлім мен тәрбиенің дәнін егіп, үлкен азамат
еткен ұстаздар легі оқушыларын қимай қараса, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған
оқушыларда алтын ұяларына деген шексіз ризашылық бар. Иә, кеше ғана кіп-кішкентай
еді, бүгін балаларының ер жетіп, есейгенін саналы да сабырлы болып қалыптасқанына
қарап ата-аналары да бақытты.
Биыл ауданымызға қарасты 16 орта мектептерінен 264 түлек қияға қанат қақпақ.
Солардың арасында 7 оқушы алтын белгіге ұсынылса, 1 оқушы ерекше аттестатқа
ұсынылып отыр. 264 түлектің 174-і алдағы өтетін сынақ - ҰБТ-ға қатыспақ.
Ауданымыздағы №132 орта мектебінің «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты жиыны
Тәуелсіздік саябағында өтті. Мерекеге сай безендірілген стадион алаңында осы мектептің
ұстаздары, түлектері мен үздік оқушылары, 1 сынып оқушылары сапқа тұрған. Түлектердің
әр қайсысының жетістіктері аталып өтіліп, ортаға шақырылды. Салтанатты шара ашылып, көк туымыз ортаға алынып, әнұран шырқалғаннан кейін аудан әкімі Омаров
Ғабдрахман Игілікұлы түлектерге ақ тілегін білдірді. Келесі кезекте мектеп директоры
М.Балабаева, ардагер ұстаз Қ.Әбдіғожина, сынып жетекшілері, бастауыш сыныптарында
сабақ берген ұстаздар, ата-аналар жас түлектерге ақ жол тілеп, сәт-сапар айтты.
Мектеп түлектері өздерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына деген алғыстарын білдіріп, өлең оқып, ән шырқап, мектеп вальсін биледі. Мектеп табалдырығын енді аттаған
1-сынып оқушылары аға-апаларына жоғарғы оқу орындарының студенттері атанып, жақсы
маман болуларына ізгі тілектерін білдірді.
Жас түлектер үшін мектеп қабырғасындағы соңғы күн, соңғы сәттегі соңғы қоңырау
соғылып, өмір мектебінің есігі айқара ашылды. Барлық алған білімнің нәтижесін
көрсететін білім сынағынан сүрінбей өтулеріне тілекші көпшілік мектеп түлектерімен
естелікке суретке түсіп, арқа-жарқа болып, ақ жол тілеп жатты.
Өз тілшіміз
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары. Мемлекетік
атаулы әлеуметтік көмек туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикассының
Занын сәйкес әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және
төлеу тәртібін айқындайды. Уәкілетті орган отбасының жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықы әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №
5757 болып тіркелген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның
жиынтық табысын есептеу ережесіке сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін
жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді. Осы қағидаларда мынадай негізгі
ұйымдар пайдаланылады:
Әлеуметтік келісімшарт жумыспен қамтуга жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына
қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз,өз бетінше жұмыспен айналысатын
және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту
орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім:
Жан басына шаққандағы орташа табысы –отбасының жиынтық табысының айына
отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі: жиынтық табыс -атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау кезінде ескертілетін табыс түрінің сомасы: орталық аткарушы орган –халықы
жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасыда көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын
мемлекеттік орган:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы
белгіленген кедейшілік шегінен төмен отбасыларга берілетін төлем: учаскелік комиссия –
атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың материалдақ жағдайына тексеру
жүргізу үшін тиісті әлеуметтік аумақтын бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия:
Атаулы әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақшалай нысанда
көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек алу ққұқығы тоқсан сайын табысы туралы құжаттар
ұсыну расталды.
Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтінішпен және мынадай құжаттармен тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға Мемлекеттік корпорацияға не кент,ауылдық округ әкіміне жүгінеді: байланыс телефоны 2-63-60
Ш.Қ.Ибраева,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
2
28 мамыр 2016 жыл
31-мАмЫр - САЯСИ ҚуғЫн-Сүргін ҚұрбАндАрЫн еСКе АЛу Күні
Нәубет жылының құрбаны
Мен асыл әжем Бәди Ақшалқызы туралы өздеріңізге баян еткім келіп қолыма қалам алып
отырмын. Жасымнан жанымдай жақсы көрген нағашы әжем туралы бір үзік сыр - естелік
айту менің балалық парызым деп білемін.
Әжем аласа бойлы, аққұба, көзі көк, дөңгелек жүзді, шапшаң қимылдайтын адам еді. Шашы
қалың болмаса да екі бұрым етіп өріп қоятын. Көйлегінің етегі ұзын, жерге төгіліп, ал
барқыт қамзолының белі қыналып, аппақ кимешек киетін. Аяғынан үнемі мәсісін тастамайтын. Дене бітімі толық та емес, арық та емес еді. Тойға немесе құрбан айт кезінде әдемі
көйлегін, күміс қаптырмалы қамзолын киіп, ақша қардай жаулықтың үстінен биік шаршысын көтеріп салып, аяғын шеки басып көшеге шыққанда, тура ертегідегі ханымдардай
көрінетін... Таңертең ерте тұрып, кеш жататын әдетін өмірінің соңына дейін өзгертпеді. Бес
мезгіл намазын да қаза қылмауға тырысатын. Мен күн бата көрші тұратын нағашымның
үйіне әжемнің қасында жатуға баратынмын. Жатарда ол Алладан жақсылық тілейтін, мен
де оның айтқандарын қайталайтынмын. Үнемі тек «әже» дегендіктен, оның атын да білмей
өсе бердік. Ол біздің сүйікті әжеміз болды, бізге айтқан бесік жыры әлі құлағымда, мен енді
әлдиімді өз немерелеріме айтамын. «Әлди, әлди, аппағым, қозы жүні қалпағым, жұрт
сүймесе сүймесін, өзім сүйген аппағым» деп әлдилеуші еді. Ол тойларда өз ойынан өлең де
шығарып айтатын. Есіміз кіргенде ғана әжемнің Бәди Ақшалқызы екенін, 1891 жылы
туғанын, ол кісінің 1932 жылы аштық кезінде Жаңаарқадан жер ауып келгенін білдік. Тоқа
руынан, Күшікбай ауылынан, ақын Сәкен Сейфуллиннің елінен, Қазақстанда қолдан
жасалған аштық кезінде «Қызылжарда аштық жоқ екен» деген қауесетке нанып, қаншама
халық поезбен Қызылжарға келген. Солардың ішінде әжем де отбасымен болған. Бейсенбі
деген баласы Қарағандыда шахтада қалған. Жолда отбасы мүшелерінің бәрі көз жұмып,
әжем ғана тірі қалыпты. Қызылжардың вокзалында у-шу болған, аштықтан есі ауған
халықты жергілікті тұрғындардан аулақта қоршап ұстаған. Ауып келгендерді милиция
қоршап, күніне жарты стақан бидай беріп баққан. Сол бидайды қуырып жеп күн көрген аш
адамдардың кейбірі түнде өліп қалса, таңертең жүрегі, бауыры орнында болмаған...
Қасіретті жылдардың тауқыметі таудай болған, қазақтың бір жарым миллионы аштан өлген
1932-1935 жылдардың куәсі, қандай қиындыққа да қарсы тұра білетін қайратты қазақ
әйелдерінің бірі - сол менің әжем еді... Менің нағашы атам - Байқас Төлебайұлы әйелі қайтыс
болады да әжеме үйленеді. Шешем сол уақытта төрт жаста екен. Үлкен отбасы болатын,
шешемнен басқа бес ұл: Фазыл, Жағыпар, Құдайберген, Қалинұр, Қамза бар еді. Өзі тумаса
да сол отбасының анасы болды. Ерте жатты, кеш тұрды. Еңбекқорлығымен елге де құрметті,
қадірлі болды. Осы отбасының ендігі қуанышы мен қасіреті көп тағдыры, ауыртпалығы
әжемнің иығына түсті. 1937 жылы үлкен ұлдары Фазыл жазықсыздан жазықсыз жапон
шпионы - «халық жауы» болып он жылға айдалып кетті, кейін Сталин өлген соң ақталды.
1941 жылы екінші дүниежүзілік соғысқа қалған төртеуі кетіп зар жылап қалды. 1946 жылы
бес баланың біреуі ғана елге қайтты, қалғаны қаза болды. Атам Жағыпар нағашым келмей
тұрып дүние салды. Әжем аман келген жалғыз ұлы 1966 жылы қайтыс болғанға дейін бірге
тұрды. Солардың тілеуін тіледі. Соғыстан кейін қанша жыл өтсе де әжем біреумізді атау
үшін қаза болған балаларын түгел атап шығатын. Өзі тумаса да сол балаларына деген аналық
махабба-ты жүрегінде мәңгі қалған болар... Жазда әжеммен бүлдірген теруге баратынбыз.
Біздің Ортақкөл ауылы әдемі қос көлдің ортасында орналасқан, маңайы көкорай шалғын
шөп өскен, көң-қоқыссыз таза, көшесі де түп-түзу сәнді еді. Көлдерден әрі қойнаулары
бүлдіргенге толған ақ қайыңды ормандар болатын. Таңертең ерте кетіп, кеш түсе шаршапшалдығып, құлап-сүрініп келетінбіз. Әжем жасы ұлғайған кісі болса да, шаршамай бізбен
он-он бес шақырым жерге жүре беретін, өте қажырлы, қайсар адам еді. Бүлдірген қосып
тәтті құрт пісіретін, жесең тоймайсың, тағы да жегің келіп тұрады. Әжемнің қайнатқан құрт,
ірімшігінің дәмі әлі есімнен кетпейді. Кейде сөреге жайған құртын сұрамай алып жеп
қоятынбыз. Бізге көз ғып ұрсатын. Қолынан келмейтіні жоқ та, қыстағы соғымның
сүйектерін бір жерге жиып, жазда сақар сабын пісіретін. Сабын қайнап жатқанда ешкімді
кіргізбейтін, біреу қараса сабыны іріп кетеді екен. Балаларға бұзаушық таратушы еді. Алаботаны жағып шаш жуатын ертінді дайындайтын, қайыңның қабығынан тәтті сағыз
қайнатып беретін. Ол жіп иіріп, алаша тоқып, киіз басуды жақсы көретін. Жылқының
қылынан жаңа туған құлыншақтарға ноқта, жылқыға шылбыр, сиырдың бас жібін, мықты
арқан есіп дайындаушы еді. Өзіне ғана емес ауыл-аймаққа, туған-туыстарына да қолқабысын
аямайтын. Маған арнаған соңғы алашасын қырық жылдан асып кетсе де әлі ұстап жүрмін.
Ауырып отырып маған бір шәлі тоқитын түбіт иіріп берді де, «осыдан бармақтай жіп
қалмаса менің атымды басқа қой» деп күлген. Шынында да солай болды. Қысқы демалысқа
келгенде «Әже, атыңызды басқаша қоймайтын болдым» деп әзілдемекші едім, болмады.
Оқудан келгенде «Ақжарқыным, аман келдің бе?» деп балаша қуанатын әжем алдымнан бұл
жолы шықпады... Неше түрлі тағдырдың талқысын көрген қайран әжем тамағынан ас
жүрмей жатса да Аллаға наразылық білдірмей, бір ыңқыл-сыңқылсыз, асқан төзімділікпен,
бір түйір дәрі қабылдамай көз жұмды. Ол 1975 жылдың қаңтарының соңғы күндері ауыр
науқастан 84 жасында қайтыс болды. Көзі тірісінде баласы Бейсенбіні, туыстарын іздегенмен, табылмады. Өзі де жарты ғасыр Солтүстік Қазақстанда тұрып, туған жерін көре алмады. Әр кімге де туған жерден ыстық не бар?! Мүмкін Орталық Қазақстанда Жаңаарқада
туған-туыстардан, үрім-бұтақтарынан қалған біреулер бар шығар... Табылса шын қуанар
едік. Әжемнің зираты Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ортақкөл ауылының
қорымында, басына ескерткіш тас қойылған, барып дұға оқып тұрамыз. Аштық жылы ең
жақын адамдарынан, туған жерінен айырылып, қаңғып кеткен, неше түрлі тағдыр
талқысына түсіп, өзінің жан-жүрегін суытпай, өле-өлгенше жан-жағындағы адамдарға мейірім шуағын шашып өткен менің асыл әжемді ешқашан ұмытпаймын.
Бұл мақаланы жариялап отырғаным – мүмкін әжем Бәди Ақшалқызының туған-туыстары,
ауылдастары оқып, пікірлерін жазар деген үміттемін. Балалары табылса тіптен жақсы.
Осындай үкілі үмітпен сөзімді аяқтайын.
Марал Оспанова
ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Жас келсе - іске
Аудан әкімінің тапсырмасымен сәуір айынан бастап барлық ауылдық округтерде және ауданымызда тазалық акциялары бастау алған болатын. Бұл акцияларды өткізудегі басты мақсат жастарды
жер ананы құрметтеп, табиғатты таза ұстауға баулу. Себебі, тазалық - денсаулық кепілі, ал
денсаулық – адамзат үшін ең басты байлық болып табылады. Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін
жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік, ізгі
қасиеттерге тәрбиелеу мәселесін алғашқы орынға қойған. Осы қағидаларды ұстана отырып егемен
елдің ертеңі болатын, білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы
азаматтардың өсіп – жетілуі бізге парыз. Осы мақсатта өткізіліп жатқан акциялардың жалғасы ретінде ауданымызда 19 мамыр күні ауқымды көлемдегі «Таза жағалау» акциясы өтті. «Жастар
ресурстық орталығы» КММ және аудандық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен, Атасу кенті
әкімдігінің қолдауымен өткен аудандық акцияға №132 ЖОББ мектеп, С.Сейфуллин атындағы,
О.Жұмабеков атындағы, Ю.Гагарин атындағы, Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектептері және
Ғ.Жарылғапов атындағы колледжден 430 шақты жастар және ұстаздар қатысты. Жастарымыз
Жезқазған тас жолынан бастап Сарысу өзені бойын жағалай отырып Қарағанды бағытындағы айналма жолға дейін және С.Сейфуллин даңғылын қыс бойы жиналған күл - қоқыстардан тазартты.
Осындай игі шаралар өскелең ұрпақты қоршаған ортаны таза ұстауға бағыттайтын бірден бір жол
болып табылады және еліне, жеріне, табиғатының тазалығына бей - жай қарамайтын, тазалықты
басты ұстаным ететін жастар тәрбиелеудегі басты құралдардың бірі.
П.Әбілжанова,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
28 мамыр 2016 жыл
Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы
комиссиясының отырысы өтті
Мамырдың 20-сы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғабдрахман Омаровтың
төрағалығымен Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының
отырысы өтті. Комиссия отырысына Жаңаарқа ауданы прокуратурасының прокуроры Асылхан
Әділханов және терроризмге қарсы комиссияның мүшелері қатысты. Комиссия отырысының
күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе - діни экстремизмге
қарсы жұмыстарды күшейту жөніндегі кешенді жоспарда қабылданған іс-шараларының орындалуы және діни мұсылман қауымдастығының мешіт ғимаратын және террористік тұрғыдан
осал обьектілерді бүгінгі күннің талаптарына сай ұстауға байланысты жұмыстар туралы
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрлидин Әкімжанов баяндады.
Сонымен қатар, шетелден діни білім алуды жоспарлаған жастар арасында түсіндіру және алдын
алу шараларын жүргізу, өз аумағында діни білім алу үшін қолдау көрсету, мәдениет
орталықтарында жастармен тақырыптық кештер өткізу мәселелері туралы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Амангелді Түсіпов хабарлама жасады.
Ал жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шолпан Ибраева
бостандыққа шыққан, басқа да жұмыссыз жүрген адамдарды жұмысқа, кәсіпке тарту, жұмысқа
орналасуына көмек көрсетіп, мекен-жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде
қабылданған шаралар туралы мағлұмат берді. Дін мәселесі бүгінгі таңда қоғамның өзекті
мәселесіне айналып отыр. Түрлі кері бағыттағы діндер, секталар жаңа ғана жетіліп келе жатқан
жастардың ой-өрісін, сана-сезімдерін улап, олардың болашақтарына іріткі салуды мақсат етіп
алған. Жастардың осындай теріс ағымдардың жетегінде кетуінің алдын алу – баршамызға ортақ
мақсат. Жиын соңында тереризмге қарсы күрес жүргізу комиссиясына түскен материалдар
қаралып, оларға сараптама жасалды.
Баспасөз қызметі
Бәрімізге жауапкершілік жүктейді
Бидайық ауылдық округ кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың 5 халықтық реформаны жүзеге
асырудағы 100 нақты қадамды түсіндіруге байланысты дөңгелек үстел өткізіліп, ауыл әкімі
С.А.Баязитов жүргізіп отырды.Оны ауыл әкімдігінің жетекші маманы Ж.Жакиянова
ұйымдастырып, жиынға ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Алимбаев, аудандық кеңес мүшесі
С.Хутжанов, мәдениет үйінің меңгерушісі Э.Ким, Бидайық мешіттің имамы Ж.Абеуов
шақырылыды. Келбетті келешек жолындағы жүз нақты қадамды іске айналдыруда Т.Алимбаев,
С.Хутжанов, Э.Ким өз ойларын ортаға салып, бірнеше қадамдарға тоқталды. Әсіресе, С.Хутжанов ақсақал қадамдарды жіктеп, оның ел болашағына жасайтын игі ықпалын тілге тиек етті.
Келесі кезекте сөз алған Бидайық мешіттің имамы Ж.Абеуов еліміздің бірлігі, дінаралық
татулық жайында әңгімеледі. Имам сонымен қатар Қазақстан әлемге саяси тұрақтылық пен
қоғамдық келісімді сақтау саясаты бойынша танымал мемлекеттің бірегейі екендігін, ел
тұтастығына қауіп төндіретін экстремизммен күреспен, ата дініміздің құндылықтарын құрмет
тұтудың маңызын, жаһандану аласапыранында біртұтас халық болып қалу үшін тіліміз бен дініміз, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге берік болу қажеттігін, жаһандану заманында бейбітшілік пен тыныштық, татулық пен достықты қастерлей білудің маңызына тоқталды. Дөңгелек
үстел басына жиылған мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл тұрғындары да тақырып аясында
ой бөлісті.
Ж.Т.Жакиянова,
Бидайық ауылдық округінің жетекші маманы
Маңызды мәселелер талқыланды
С.Сейфуллин ауылдық округі Ынтымақ ауылында жиын болды. Жиынға әділет
басқармасының басшысы Ә.Әбдіразақов, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің басшысы А.Жылқыбаев, жылжымайтын мүлік орталығының басшысы
А,Құрмашев, аудандық ветеринарлық мекемесінің басшысы Қ.Мұқанов, кәсіпкерлер
палатасының төрағасы С.Рымбеков және ауыл тұрғындары қатысты. Әділет басқармасының
басшысы Ә.Әбдіразақов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты
ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауындағы басты бағыттарды насихаттаса, аудандық
экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Жылқыбаев ҚР 2014 жылғы 30
маусымдағы №213-Ү ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және
Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне
байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінен
2016 жылдың 31-желтоқсанына дейін мүлікті жария ету акциясы жүргізіліп, жатқандығын
айтып, заңдастыру тәртібін және заңдастырмаған жағдайда қандай салдары болатындығын
түсіндірді. Ветеринария мекемесінің басшысы К.Мұқанов сөз алып малды уақытында
сырғалау керектігін және ол тегін жүзеге асырылатынын мал ұрлығының алдын алу үшін
жылқы малын азотпен таңбалайтындығын айтып өтті. Ауыл тұрғындары түсінбей шешімін
таба алмай жүрген мәселелері бойынша мекеме басшыларына сұрақ қойып, толық жауаптарын алды.
Н.Туғанбаева, жетекші маман.
Мүлікті заңдастыру мәселелері қаралды
2016 жылдың 12 мамыры күні Қызылжар кентінің мәдениет үйінде халықпен жиын өткізілді.
Жиынға Жаңаарқа ауданының Мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов, Қызылжар кентінің мәслихат
депутаты Т.Қ.Мусаев, Әділет басқармасының басшысы Қ.Әбдіразақов, «Жаңаарқа ауданының
жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Ш.Хамзе, аудандық архитектура және қала құрылысы
бөлімінің басшысы Қ.Бакиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаментінің Жаңаарқа аудандық бөлімшесінің басшысы
А.Құрмашев, Жезқазған көлік прокуратурасының аға прокуроры М.Т.Тәнібаев, Жаңаарқа
аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Қ.Қ.Матин, Жер ҒӨО РМК Жаңаарқа аудандық
бөлімшесінің ІІ санаттағы инженері А.Абдрахманов, Қызылжар станциясының желілік полиция
бөлімшесінің басшысы, полиция аға лейтенанты М.С.Кусенов қатысты.
Аталған жиынды кент әкімі Р.Балкенов ашып, халықтың сұрауымен жиынға арнайы шақырылған
мамандармен таныстырып, ел көлемінде кең ауқымда атқарылып жатқан үрдістің мән – жайы туралы, яғни мүлікті заңдастыру бойынша жүргізіліп жатқан мүлікті жария ету (легализация)
жұмыстарын жандандыру шаралары туралы жұртшылыққа айтып өтті. Жиналысқа 175 адам
қатысып, жиын барысында әр мекеме басшысы сөз сөйлеп, қарастырылып отырған мәселелерге
байланысты халыққа қажетті мәліметтер беріп, сұрақ қойған азаматтардың тиісті сұрақтарына
жауап берілді. Осы орайда мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген, яғни, рәсімделмеген жылжымайтын мүліктерді заңдастыруға мүмкіндік беріліп отырғандығы және кент тұрғындарының
қолданыстағы жер телімдері, осы жер телімдерінде орналасқан үй, қора, гараж, жазғы ас бөлме
және қосымша салынған құрылыс нысандарын заңдастырып алуға халықты шақырып, оның
алдағы уақытта мүлікке иелік етуде толық құқық беретінін атап өтті. Сонымен қатар, халыққа
Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған мүлікті жария ету акциясының уақытының шектеулігіне
байланысты өз мүліктерін жариялауда белгіленген уақытта, бекітілген заңнамаларға сәйкес, әрі
жауапкершілікпен жүзеге асыруға шақырды. Жиналыс барысында қаралған тағы бір маңызды
мәселе, яғни жер кодексіне тоқталып, бүгінгі күні жер кодексіне енгізіліп отырған өзгертулер
жайлы да айтылды. Аталған шарада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жер туралы кодекстің бірқатар
нормаларына мораторий жариялағаны жайлы және басқа да мәселелер қарастырылды.
А.Сыздық
3
1-мАуСЫм ХАЛЫҚАрАЛЫҚ бАЛАЛАр Күні
Бала-өмірдің гүлі
Біздің басты міндетіміз –мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің табиғи бейілін дарынын
тәрбиелеп, олардың немен еге жан-жақты қабілетті азамат болуына ықпал ету. Ата-ана үшін
бала өмірдің жалғасы, көздің нұры үміт күткен шырағы, келшекте қызық көрсетер болашағы
десек артық емес. Әр педагог тәрбиеші. Өзіне жүктелген жұмысына жауапкершілікпен
қарап, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне өз үлестерін аянбай қосуы керек.
Бала тәрбиесі оңай емес. Баланың санасы дамып, бойы өсе бастаған сайын әр жаңа нәрсені
танығысы келеді. Бірақ соны ойын түрінде өткізбесе жалығып қызық іздей бастайды. Сол
үшін әрі ойын, әрі таным, әрі тәрбие түрінде болуы керек. Тәрбие ақыл айтумен шектелмей
үлгі көрсетумен болатыны белгілі. Мектепке дейінгі балаларды жас әрі ештеме түсінбейді
деп ойлау қате. Олар тура осы уақытта мінездерін, әдеттерін қалыптастырады. Өмірді
өзінше танып үлгереді. Баланың жан-жақты дамуына отбасының тікелей қатысы бар. Атаапа, әке-шеше, апа-ағалары да сәбилердің алғашқы тәрбиешілері отбасындағы қарым-қатынас
нәтижесінде адамгершілік эстетикалық үлгісі қалыптасады. Сондықтан әрбір ата-ана өзінің
үй ішіндегі ісіне, сөзіне, басқалармен қарым қатынасына ерекше мән беруі керек.
Кейбір ата-ана балаларының үйде отырғанын қанағат тұтып, олардың немен
шұғылданатынына көңіл бөлмейді. Бұл да қате тәрбие. Отбасында ішкі қарым қатынастың
үлкен әлеуметтік маңызы бар. Күнімізді шуақты ету үшін, елімізді қуатты ету үшін
баршамыздың ортақ парызымыз болып табылатын тәрбие мен оқу бір-бірінен бөлек алынып
қарамайтын күрделі процесті жаңашылдықпен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуіміз
керек. Болашағымыздың егесі балаларды мерекелерімен құттықтаймыз.
ү.Шекимова,
шағын орталық ұстазы, С.Сейфуллин ОМ
дӨңгеЛеК үСТеЛ
Жер мәселесі сөз болды
Өткен аптада аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Жер Кодексіне байланысты дөңгелек
үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық қоғамдық
ұйымдарының жетекшілері, аудандық әділет басқармасымен ауылшаруашылық бөлімінің басшылары және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» аудандық бөлімшесінің өкілі
қатысты.Дөңгелек үстелді аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.А.Имантүсіпов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде өкінішке орай Жер кодесіне енгізілген жаңа түзетулер бойынша қалың
бұқараға тиісті мемлекеттік органдардың тарапынан еліміздегі жасалынып жатқан пәрменді шаралар туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жеткізілмегендіктен, күмәнді сұрақтар
көбейгені рас. Осыған байланысты Елбасы Жер кодексінің әрқилы қоғамдық пікірлер тудырған
бірқатар нормаларына белгілі мерзімге мораторий енгізу шешім қабылдады. Сонымен қоса
Елбасының тапсырмасымен Жер реформасы бойынша құрамында үкімет мүшелері, Парламент
депутаттары, саяси партиялар жетекшілері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, сарапшылар, ауыл
шаруашылығы саласының білікті мамандары, қоғам белсенділері, зиялы қауым, ақпарат өкілдері
құрамында Үкіметтік комиссия құрылып, олар өздерінің алғашқы отырысын өткізді. Бүгінгі
күні жер мәселесі бойынша күрделі мәселелер ақпараттық құралдарында қызу талқылауға түсіп
отырғанын тілге тиек етті.
Алғашқы сөз алған «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» аудандық бөлімшесінің ІІші санаттағы инженері А.Әбдірахманов Жер Кодексінің аудан бойынша орындалысы жөнінде
егжей-тегжей айтып, аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Әбдіразақов Жер мәселесіне
байланысты заңнамасына түсініктеме берді. Аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы
Х.Сәтжанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төтеев күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды. Аудандық мәслихат депутаттары Н.Орынбасарова, Б.Бекежанова, Р.Рахимов бұл мәселе жөнінде өз сайлаушыларының ұсыныс-тілектерін жеткізді. Дөңгелек үстелді
қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов жер мәселесі бойынша өз ойпікірлерін ортаға салып, жиынға белсенді қатысқандарға алғысын білдірді.
Аудандық мәслихат аппараты
Тазалық мәселесі қаралды
2016 жылдың 17 мамыры күні Атасу кенті әкімдігінде кент аумағында жұмыс жасайтын
кәсіпкерлерлік нысандарының иелерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді. Кездесуге
кенттегі кәсіпкерлер палатасының төрағасы С.Рымбеков, кәсіпкерлер ассоциациясының
төрайымы Б.Бекежанова, кәсіпкерлік бөлім басшысы М.Ыбраев, жергілікті полиция
басшысының орынбасары Қ.Әлмаганбетов қатысты.
Кездесу барысында кент әкімі Р.Тусупов кент орталығын көркейту, абаттандыру мақсатында
кәсіпкерлермен ортақ келісімнің, өзара тиімді іс-қимылдың қажет екенін атап өтті.
Абаттандыру екіайлығы барысында елді-мекенді тазалау, абаттандыру, көгалдандыру
бағытында біршама
жұмыстар атқарылуда. Кент әкімі кентте атқарылып жатқан
жұмыстарға тоқтала келе осы бағытта жіберіліп отырған кемшіліктерге де тоқталды.
Солардың негізгілері ретінде Қарағанды облыстық маслихаты бекіткен облыстағы
қалалар мен елді мекендерді абаттандыру Ережесінің ғимараттар мен
кешендерде
қоқыс шығару қызметі бойынша қызмет көрсетуші кәсіпорынмен келісім-шарт жасау
жөніндегі талаптары орындалмай отырғанына тоқталды.
Мұндай жағдай кенттегі жеке кәсіпкерліктің барлығында дерлік орын алып отыр. Сонымен қатар көптеген жеке кәсіпкерліктер аталған Ережесінің абаттандыру паспортын
бекіту туралы талабын да орындамай отыр.
Кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
Кодексінің №505 бабына сәйкес, кәсіптік нысандармен жер телімінің абаттық және
санитарлық тазалығына жауапты екендігі және кент көлемінде қоқыс шығару қызметін жоспарлы және сұраныс бойынша ұйымдастыру қолға алынып, қоқыс шығару «Жаңаарқакөркем» ЖШС-не жүктелгені жеткізілді.
Қоқыс шығару жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында кәсіп иелеріне қоқыс контейнерлерін сатып алып, оны өздеріне қарасты жер телімінің көше жақ бетіне, бетондалған
алаңға орналастыру және қызмет көрсетуші кәсіпорын «Жаңаарқа-Көркем» ЖШС-мен келісім-шартқа отырып, 10 күн ішінде контейнерді орнату жүктелді. Қызмет көрсетуші
кәсіпорынмен келісім-шартқа отырмау және қоқыс контейнері болмау Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы Кодексінің №505 бабына сәйкес 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни
63 630,0 (алпыс үш мың алты жүз отыз) тенге мөлшерінде айыппұл салуға әкелетіні ескертілді.
Атасу кенті әкімінің аппараты
Б іРыңҒАй КеңеС БеРу КүНі
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы әр аптаның бейсенбі күндері
сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін салық төлеушілер үшін «Бірыңғай кеңес беру күнін»
өткізеді. Оның барысында салық және кеден заңнамалары бойыша туындаған барлық
сауалдарға қатысты кеңестер мен түсініктемелер алуға болады.
Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз.
Жаңаарқа ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
28 мамыр 2016 жыл
4
Халқымыздың біртуар перзенті, көп қырлы талант иесі
Илья Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,
қазіргі Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультетін бітірген (1959). 1959–1963 жылдары
«Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінің
меңгерушісі, 1963–1984 жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын
тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ
радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметін атқарған. 1984
жылдан шығармашылық жұмыста.
«Қайта оралған ән» (1968), «Қош бол, вальс» (1969) повестері шықты.
Қазақтың ұлы қобызшысы Ықылас жайлы «Кертолғау» (1989) романы алғаш
қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде «Ықылас» (1990) деген атпен жарық
көрді. «Екі жирен» (1976), «Бірінші концерт» (1979), «Махаббат вальсі»
(1983), «Аққулар қонған айдын көл» (1988) атты деректі әңгімелер, эсселер
және новеллалар жинағы, сондайақ «Қарабура» (1977) тарихитанымдық
шығармасы, «Сынған қылыш» (1981) атты қырғыз тілінен аударылған
(Қасымбеков шығармасы) тарихи романдары шықты. «Біржан сал», «Ақан
сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ», т.б
да сал-серілер, Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов,
Қ.Мусин, Б.Байқадамовтардың шығармашылық портреттерін сомдаған шығармалары,
«Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музыка» атты телесериалдары
бар.
«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1990); «Қырғызстанның еңбек сіңірген
мәдениет қайраткері» (1994); Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі
(1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), Халықаралық Жамбыл атындағы
сыйлықтың иегері (1997). «Сырлы жүрек пернесі» атты лирикалық эссе кітабы 2008 жылы
«Ұшпақ» баспасынан жарық көрді.
Әндері жайлы әңгімелесек...
“Теміртау түні” әні туралы
Желтоқсан айының бірінші жұлдызында Астанада “Конгресс-Холл” залында “Еділ-Жайық”
атты авторлық кешім өтті. “Теміртау түні” әніне қол соққан жұрттың сол дүбірін еш уақытта
ұмыта қоймаспын. Ол да әндеткен өмірімнің бір сәулелі күні!
Сол желтоқсанның он алтыншы жұлдызында мен қазақтың бір топ зиялыларының қатарында
“Парасат” орденімен наградталдым. Осы қуаныш үстінде президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүйім жұрттың алдында маған осы орденмен қоса бір конверт ұсынды. Жұрт бұған елең ете
қалды. Сәлден соң жүрегім толқып, конвертті ашып қарасам президенттің өз қолымен жазылған
хаты екен. Міне, сол хат:
“Құрметті композиторымыз Илья Жақановқа!
Леке, өзіңізді және әндеріңізді аса құрметтейтінімді Сіз білесіз. Қуанышы да, ауырлығы да
мол осы Тәуелсіздік жылдарында әр уақытта қолдау көрсетіп, жанымда болдыңыз. Зор рахмет!
Бұл Сіздің елге, Отанымызға істеген еңбегіңіз деп білемін. Әндеріңіз басылған табақшаны
алдым. “Теміртау түні” әнін бізге (жанұямызға) арнапсыз. Рахмет!
Аман-сау болыңыз. Әлі де талай тамаша әндер күтуші Н.Назарбаев.
15.Х11.2004 ж. Астана”
Осы хатта қаншама жан жылылығы бар, ізгі жүректің лүпілі... әр кез көзіме оттай басылады.
ТеМіРТАу ТүНі
Әні: Илья Жақановтікі, сөзі: Қасымхан бегмановтікі
Жарқылдаған сырғаң-ай,
Көл тербетiп жағаны,
Толықсып бiр туған-ай.
Жұлдыз жымың қағады.
Темiртаудың аруы,
Алаулаған жүзiңдi,
Жаным саған, жаным құрбан-ай. Айда қимай
батып барады.
Қыз сөзiне елiткен,
Жiгiт едiм желiккен.
Темiртауда мақпал түн,
Көрген сәтте өзiңдi,
Жан сырыңды ақтардың.
Толқыдым мен
Армандай бiр ән қалды,
айтшы нелiктен.
Белгiсi боп қимас шақтардың.
Сарыарқаның самалын,
Аймалатқан жамалың.
Жүрегiмдi жандырды,
Сырға толы мөлдiр жанарың.
“Толағай” әні туралы
“Толағай” Қайрат Байбосыновтың орындауында көптеген шетелдерде шырқалды. Токио
теледидарының муызка редакторлары Алматыға келген бір сапарында Қайраттың біраз әндерінің
ішінде “Толағайға” ерекше қызығып, оны тоғыз рет түсірген.
“Толағайды” Қытайға гастрольдік сапармен барған “Сазген” ансамбілінің бір әнші қызы Пекинде,
Шанхайда тамылжытқаны концерт-фильм ретінде теледидардан әрдайым беріліп тұрады.
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы қазақтардың әншілері де “Толағайды” домбырамен, баянмен айтады екен. Олар сыйлаған аудиокассета бар біздің үйде. “Толағай” орындалған осындай
бір аудиокассетаны Германияның Кельн қаласындағы қазақ әншілері жіберді.
Шетелдік гастрольге жиі шығатын аққу әуезді Сәуле Жанпейісова Голландияның Амстердам,
Германияның Браденбург және Бельгияның біраз қалаларында “Толағайды” сол жерлердегі жат
жұрттың қалай қызығып тыңдағанын әркез сүйсіне әңгімелейді.
“Толағай” бұл күнде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ең сүйікті әніне айналды. Бір
жолы теледидарда Нұрекең жайында деректі фильм көрсетілді. Фильмде Нұрекең өз отбасында
бір көңіл көтерген мамыражай сәтте домбырамен “Толағайды” айтып отырды.
Ел жүрегіне орныққан “Толағайым” бүгінде менің ғана әнім емес, халықтың әні!
ТОлАҒАй
Әні мен сөзі: Илья Жақановтікі
Мамырдың желпілдеген жұпер лебі,
Қиқулап келді тағы құстар легі,
Дүние,шіркін,жайнайды,еркем!
Толқытып Толағайдың мақпал түні,
Арманың кеткендей бір болмай шегі,
Беймаза көңіл сайрайды,еркем!
Қайырмасы:
Ахоу, асыл еркем, асыл еркем,
Толғанып салған әнім жетер ме екен?
Жайлауы Толағайдың қоңыр салқын,
Тербеген түні қысқа,таңы жақын,
Ғашықтар сыры шертіледі,еркем!
Өзге емес өзіме де қимайтындай,
Жарқылдап жүретұғын ашық-жарқын,
Көрсем бір шіркін көркіңді,еркем!
Қайырмасы:
Жылқым көп Толағайдың етегінде,
Ақ боз ат өзің көрген жетегімде,
Сен жоқсың әлі сағындым,еркем!
Мұратқа жеткізгендей шаттандырып,
Қол бұлғап қалып едің көтерімде,
Сертіңе сол бір бағындым,еркем!
“еділ-Жайық” әні туралы
Өнер өлкесінде өз үні, өз өрнегімен ерекшеленетін Ильяның шығармашылық
өміріне сонау студенттік кезеңнен куәгер жанның бірімін. Оның әндерінің
қайсысы қай кезде, қандай жағдайда, нендей оқиғаға байланысты дүниеге
келгені менің есімде. Олар біздің жастық дәуреніміздің ескерткіштері іспетті
дүниелер. Әрбір әннің өз тарихы бар. Қазақы рухты айқын танытатын әндері
әуез бен ойдың һәм сезімнің өзара қабысып, тұтасуынан туындап жатады.
Сонымен бірге Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай секілді сал, серілердің
табиғатынан танылатын суырыпсалмалық (импровизаторлық) қасиет те бар.
“Асылым”, “Даниярдың әні”, “Әсел”, “Жан жолдас”, “Нені ойладың”,
“Жаулаукөл кештері”, “Толағай”, “Сырымбет”, “Кеңгірдің қоңыр кештері”
тағы басқа да әндер табиғаты осы пікірге айқын дәлел. Егемен еліміздің
мәдени өміріндегі елеулі оқиғаның бірі ретінде оның “Еділ мен Жайық” әнін
айырықша атауға тура келеді. Бұл әннің де өзіндік сыры, тарихы бар.
Ильяның үлкен ұлы Бауыржанды үйлендіріп, ерекше шаттыққа бөленіп, шабыттанып жүрген тұсы болатын. Дәл осы кезде Ильяның кеудесін өзгеше бір
қуатты сарын кернеді. Сөйтіп қас-қағыс сәтте ән туды. Сөзін ақын Жұбан
Молдағалиев көп бейнетпен зорға жазды. Ақын мен композитордың бірлесе
еңбектенуінің нәтижесінде әруақты ән бірден қазақ жерін, келе-келе әлемді
шарлай жөнелді. Әрбір кеудеде отаншылдық сезімнің отын маздатқан бұл ән
шын мәнінде бүкіл халықтық сипатқа ие болды. Оны айтушы да, тыңдаушы да қазаққа тән
рух қуатын сезінбей тұра алмайды. Шамасы, әннің осындай қасиетін байқағандықтан болар,
қазақ музыкасындағы парасат пен ойлы сезім иесі Сыдық Мұқамеджановтың Ильяға айтқан
мына бір сөзі еріксіз мына бір сөзі еріксіз еске түседі: “Мен “Ғасырлар үні”” атты ораторияма “Елім-айды” негіз етіп алып едім. Ораторияны ұстап тұрған да осы ән. Ал, сен “ЕділЖайық” арқылы “Елім-айдағы” қаһармандық мұңды халықтың аңсаулы арманы етіп
патетикаға көтердің”.
Ильяның Данияры қайтыс болғанда, соған көңіл айта келе Нұрғиса Тілендиев: “Елім-ай”,
“Сарыарқа”, “Сарыжайлау”, “Еділ-Жайығы” бар ел құдіретті ел ғой” дегені де үлкен
музыканттың жүрекжарды сөзі еді.
Иткөйлекті бізден бұрынырақ тоздырған сұлу әуезді Шәмші “Еділ-Жайықты” тыңдап отырып: “Мощно! Бұдан кейін бізге не қалды?!” дегені бар.
Өмірзақ Айтбайұлы,
Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы бірлестігінің бірінші вице-президенті,
ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
еділ МеН ЖАйыҚ
Әні: Илья Жақановтікі, сөзі: Жұбан молдағалиевтікі
Құлпырады дала, гүлдейді орман,
Емізеді егіз Еділ мен Жайық.
Ақ шағала айдын, ақталған арман,
Тербетеді кеме, ойнайды қайық.
Қайырмасы:
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!
Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр,
Сылқылдайды сұлу Еділ мен Жайық.
Әуелейді адам, самғайды сұңқар,
Шығандарға, шыңға қанатын жайып.
Қайырмасы:
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!
“Жаңаарқа самалы” әні туралы
Тамыздың он төртінші жұлдызы. Қарағандыда күз салқыны біліне бастапты. Арқа. Ата-бабам
жайлап, ғұмыр кешкен алтын арқа. Әркез аңсаулы көңілмен келетін әдетім. Бұл жолы
жұбайым Тиыш екеуміз қаланың желегі майысқан бір әсем көшесіндегі қонақ үйіне
жайғастық. Сол күні кешкі бесін кезінде біз орналасқан бөлмеге облыс әкімі Нұрлан
Зайроллаұлы Нығматулин келіп, сәлемдесті. Қасында өзінің орынбасары Рысқали Әбдікеров,
облыстық Мәдениет департаментінің бастығы Рымбала Омарбекова бар. Күтпеген ізгі ілтипат.
«Біздің келгенімізді қайдан білді? Кімнен естіді?» деп іштей ойлана таңғалдым. Еш тосырқау
жоқ, Нұрлан бірден баурай сөйледі.
-Аға, Тиыш жеңгей екеуіңіз елге келдіңіздер, білем Жаңаарқа жаққа баруларыңыз керек... Елжұртыңыз. Рысқали ініңіз қастарыңызда болады. Алдағы күндерде Жаңаарқа ауданы өзінің 80
жылдық торқалы тойын тойламақшы. Ол жақ , әлбетте өзіңізге аян, өнерлі жұрт.
Барғандарыңыз жөн... әндетіп көңалды қайтыңыздар. Сергисіз. Арқаның шуақты күндері
бәлкім, сізді тағы да бір толқытып, тебірентіп жіберер. Ал, Рысқали ағаны Жаңаарқаға апар...
өзіңде соны тілеп тұрсың,-деп ізетті сөзін әзілдеп айтты.
Ертеңінде біз Жаңаарқаның бір көркем жері - Ақтас су қоймасының жағасында аудан әкімі
Хамит Омаров, орынбасары Марат Жандаулетов, мәслихат хатшысы Дүйсенбай Жұмасейітов
және басқада зиялы жандармен ақбоз үйдің ішінде әңгіме-дүкен құрып, сары қымызды сапыртып, өнерпаз жастар шырқаған Арқаның сұлу әндерін... менің «Толағай», «Арқаның аруы»,
«Қыземшек».. осы секілді басқа да әндерімді тыңдап, думандатып отырдық. Әлсін-әлсін тысқа
шығып, мүлгіп тұрған төңірек.. көк белес,,,жасыл алқапқа, Иманақ тауына ынтық көзбен
қараймын кеп. Жібек самал лып-лып етеді. Бір жан дауасы ол. Аспан да тұп-тұнық. «О шіркін,
жарық дүние пәктігі... адамдар көңілі арқа аспанындай кіршіксіз таза болс а ғой!»-деймін
толғанып. Бір жылы сезім жүрегімді тебіреніс лүпілімен қозғай бастады...
Жаңаарқада бір күн, бір түн болдық.
Ертеңінде Жаңаарқадан Қарағандыға қайтар сәтте аудан әкімі Хамит Омаров:
-Аға, 80 жылдық тойымыз қыркүйектің жиырма алтыншы жұлдызында болады. Солай деп
шештік. Әзірленіп жатырмыз. Тойға келесіз.. жай ғана келмейсіз, тойға шашу етіп жаңа ән
әкелесіз,-деді сыпайы ғана жымиып. Бұл сөзді Марат, Дүйсенбайлар да қоштап:
-Аға, әнмен... тек қана әнмен!-деп масаттана дүрілдеп, көтермелеп қойды.
Пәлі, әннің шығуы оңай дүние ме екен? Мен бұл уәжді жөн көрсем де іштей бөгеліп, үндей
алмадым. Менің жүрегімдегі осы бір сезім түйткілін сезген Тиыш: -Егер ағаларың алмағайып
тойға келе алмай қалса, онда әннің шыға қоймағаны деп білерсіздер-деді емен-жарқын күле
сөйлеп. Сері көңілді жігіттер: -Аға әнмен келеді! Әнмен!-деп бізді жамыраса гуілдесіп
шығарып салды. Осындай тілектен туындаған «Жаңаарқа самалы» әні Жаңаарқаның 80
жылдық салтанатты тойында дүйім жұрт жиналған стадион төрінде Қарағандылық әнші Саят
Әбдіғалидың орындауында шалқыды. О, халықтың сол кездегі шаттығы. Оны тек көзбен көру
керек. Көзбен!Бұл-қыркүйектің жиырма алтыншы жұлдызы! Ұлан асыр той болған күн!
ЖАңААРҚА САМАлы
Әні мен сөзі: Илья Жақановтікі
Толықсып толқиды, жағасы жасыл ну.
Келер ме сол күндер, көктемін жайнатып?
Алтын ай қалқиды, төсінде Сарысу.
Келер ме сол түндер, бұлбұлын сайратып?!
Көктегі жұлдыз да жымыңдап қарады,
Желпісе аялап, Жаңаарқа самалы,
Жанымды желпиді Жаңаарқа самалы.
Тербейді әлі де қалқаның жанары.
Көз салсам әріге, оралсам бал дәурен.
Өтіпті бәрі де, есімде, жан сәулем.
Баяғы Сарысу алысқа ағады,
Менің де қиялым шарықтап барады.
ең соңғы қайырма үшін:
Беу, шіркін, Жаңаарқа жазира жайнаған,
Айтшы сен, дәл мендей сүйеді қай балаң?!
5
көрнекті композитор Илья Жақанов 80 жаста
28 мамыр 2016 жыл
Шыңғыс шуағы
немесе “даниярдың әні” ашқан даңғыл жол
Сірә, Құдайдың өзі әу баста қабілет, талантты әркімге өлшеп-пішіп берсе керек. Тәңірінің де ғалымдарымен өтеді. – Сол кездесуде кең тынысты, биік әндерді көп айттым. Әр кездесуден
бұған деген алабөтен сыйы мен оң қабақ танытуын халқының кәдесіне жұмсап келе жатқан бір әсер алып қайтасың, иә, өзің күтпеген керемет жайға тап боласың ғой. Осы кездесуде бір
Ілия Жақанов шын мәнінде бақытты жан. Таланттың ең үздік баламасының бірі – бекзаттық еңселі, көркем жігіт, елулер шамасындағы грек пішіндес бір азамат соншалықты ынтызар,
болар. Ендеше, оның шығармаларындағы кісі баурағыштық қасиеттің сырына үңілгенде ең ойлы күйде отырды. Бір кезде әлгі азамат: «Мен италиялықпын. Мәскеуде оқыдым.
алдымен осы бекзат болмыстың түп-төркініне ден қойған жөн-ау... Қадыр Мырза Әлі: «Мен Мұнайшымын. Біздің Италияда да әнді осылай шырқап салып айтады. Кең тынысты, биік
әндерді жақсы көреді. Сіз ән шырқағанда өз халқымды ойлап, кеудемді қуаныш сезімі кернеді.
жақсы ақын болмағанда, жақсы оқырман болар едім», деуші еді. Сол кісі
Сіздің соншалықты жүрекпен айтқан әндеріңіз өз халқыңызды қалай сүйетініңізді байқатып
айтпақшы, жақсы оқырман, жақсы тыңдаушы болсаң Жақанов туралы
кетті. Сіз, сірә, «музыканың динозаврысыз» деп қатты толқыды», – дейді
жазу қиынға соқпайды. Өзі сені жетелеп отырады. Содан кейін басыңды
даниярдың әні
Ілекең сол кездесу туралы. Көкірегі ояу, көзі ашық адам қашанда
анда-санда сілкіп қой да жаза бер. Жақановтың ерекшелігі сол, оны жазу үшін
Мен едім елімді сағынған
байқампаз, талғампаз келеді. Әлгі, шетелдік азамат Ілекеңнің болмысын
оқырман да, тыңдаушы да болуға тура келеді. Өйткені, ол екі ананы – сөз бен
Туған жер дәміне табынған
қалай тап басып таныған. Бір бойына бірнеше өнер жиғанын қалай
сазды тел емген талант. Бір заманда «Аққулар қонған айдын көлді» жазған
Келемін ұзақ жол алдымда
бағамдаған?! Шіркін, осындай тыңдаушысы, бағалаушысы бар ел екі есе
Махаббат күтемін ауылдан
бақытты ғой.
Шыңғыс Айтматов десе, Ілекеңің өнердегі жолын ашқан «Даниярдың әні»
Қайырмасы:
еске түсе береді. Осы әнге көңілі құлағаны соншалық, ұлы жазушы оны
Бар әнім сен, Жәмила
әркез себеп тауып әңгімесіне қосып отырған. Қайсы бір жылы жазушы
Арманым сен, Жәмила
барған бір сапарында «Даниярдың әнінің» нотасын өзбектің НаТашкентке
Ардағым сен
уайы атындағы опера және балет театрының бір дири жеріне табыс етіпті.
Абзалым сен, қалқажаным
Әнді сол театрдың актері, Жұмағұл есімді қарақалпақ жігіті халықаралық
әншілер конкурсында орындап, үшінші дәрежелі сыйлық алыпты. Міне,
Жүректе көп сыр бар қайнаған
сөйтіп, даланың үнін, махаб ба тын әлемге паш еткен ән дүниені шар- лап
Армансыз өтетін қайда адам
жүр. Ілия Жақановты қырғыз халқына сүйікті еткен әндердің құдіреттілігі
Күніне жүз көрсем, Жәмила
сонша, арамызға қылау түспейтін елдігіміздің ынтымағын жарастыра беКөзімнің жанары тоймаған
реді. Сол ықылас-пейілдің бір айғағы 1999 жылдың қоңыр күзінде Ілекеңе
Қайырмасы:
Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық берілді. Бұл оқиға БішБар әнім сен, Жәмила
кекте екі-үш күн бойы қырғыз жұртын шаттыққа бөлеген ұлан-асыр конАрманым сен, Жәмила
церт болып өтті. Егіз елдің осы бір сүйінішті туыстығына Шыңғыстың өзі
Ардағым сен
де мәз-мәйрам болып қуанғаны есімізде. 2004 жылдың маусым айының
Абзалым сен, қалқажаным
төртінші жұлдызында Алматының Республика сарайында Ілия
Жақановтың үлкен концерті болды. Міне, осы концерттің көркі Шыңғыс
Ілекеңнің өзі қазір сол шалқып жатқан айдынға айналды. Жатқан бір шалқар
Айтматов шығармалары негізінде жазылған әндер, оны орындаған
кеңістік. Жазуы ның өзі де жатқан бір саз. Сөзде саз болады дегенді Ілекеңді
қырғыздың екі бұлбұлы –Дариға Жалғасынова мен Керим Тұрапов
оқығандар растайтын болар. Сон- дықтан, оның ұшы-қиырына көз жетпейтін байтақ әлеміне
қазақ композиторының атағы мен беделін мүлде асқақтатып жіберді.
ену биік өре, деңгейді, пайым-парасат- ты қажетсінеді. Мына пақырыңыз да сол өре биігінен
көрінуге әлденеше рет талпыныс жасап, кішкентай ғана сәттіліктермен шектелген. Эссе, но- Сол жылдың 1 желтоқсанында Астанада «Конгресс- Холл» залында өткен осы концертте де
велла, элегия дегендерді Ілиядай құйрық-жалы төгілген жүйріктей жұтындырып жазатындар қырғыз бен қазақтың мызғымас туыстығының белгісі ретінде сүйсіне ардақтап отырған әндер
си- рек. Әсіресе, өнердің өзін өнерге арқау етудің қанша азап екенін жаның жәннатта болғыр тағы да шалқыды. Ілия Жақанов осы қуаныш үстінде қырғыздың «Дәнекер» орденімен мараӘбіш аға, Ақселеу мен Әшірбек, Ілекеңнің осы бір болмысын тебірене жазып еді. Әлгі жанр- патталды. Осы жарастықты өмір осылайша жалғасып жатыр. Өте шығар дүние-ай! «Ілия,
ларды қомсынсаңыз роман, повестердің небір нәзира үлгілерін де осы кісіден табасыз. Ал, жүрегімді ұйытып жүрген бір лирикалық повесті жазып бітірдім, соған музыка жазшы» деп
енді Қазақ радиосының мұра- ғатынан арагідік берілетін радионовелла, эсселерді жайбарақат үні жан жылытар лебізге толып шығатын ұлы қаламгердің дариға дидарын қара жер
тыңдау мүмкін емес. Кей-кейде жол үстінде келе жатып, машинаны тоқтатып қойып жасырғалы да жылдар өтіп барады. Сол «Даниярдың әніне» тенор біткендер әлі күнге жабытыңдайтын жағдайға жеттік. Халқымыздың рухани алтын бастауларын былай қойғанда, сонау лып жатыр. Неге жабылмасын?! Көңіліңді шалқытып, асқақтататын бір байтақ әлем ғой ол.
Моцарт, Шопен, Бах, Бетховен, Чайковскийдің өзін сол заманда жүргендей дәйекті Соңғы жылдары жас әнші Қайыржан Бердібаев «Даниярдың әні» деген фильмге бергісіз
толғаныспен жаза ты нын айтсаңшы. Небір диалог, монологтарды тың дағанда таңдайыңыздың
суын жұтып, тамсана бересіз. Қысқасы, бүгінде бір өзі бір рухани универси- тетке айналған
аңыз адамның әлеуетін біз қалай пайдаланып жүрміз деген сауал да осындайда тіл ұшында
тұрады. Баяғыда Алматыдағы Әуезов үйінде халық университеті деген қоғамдық ме- кеме болушы еді. Онда әр кез әдеби-музыкалы қоңыр кештер өтіп жататын. Оның қонақтары: бір күні
ғұлама ғалымдар Әлкей Марғұлан, Ақжан Машанов, тағы бір күні, сонау Созақтан келген
күйші Төлеген Момбеков... тағы басқалар... біздің тәрбиеміздегі осы университеттің орны
ерекше болды. Білімге тойымсыз кезімізде соған баратын- быз, білімпаздарды тыңдайтынбыз.
Ал, қазір сол университеттің рөлін неге Ілиялар атқармайды? Ұлт өресін биіктету үшін мұндай
ұсынысқа Ілекең бір тиын сұрамай қуанып барар еді. Сонда біз де қазіргі қаптап жүрген адам
танымайтын, мәселен, Меруерт Өтекешоваға барып: «Сіз қандай киноға түстіңіз?» дейтін
ұрпақтың алдын алған болар едік. Ілиялардың лекциясын тыңдау ғажап қой. Егер осы үрдіс
қолға алынатын болса, Ілияны «бір кісідей білеміз» деп жүрген біздің өзіміз «біршама білеміз»
демес едік. Оны үзбей тыңдаған қазіргі ұрпақ енді он-он бес жылдан кейін біршама білеміз
деп айта бастаса, жетістік деген осы емес пе?! Ілиялар кешеден гөрі бүгінге көбірек керек. Интеллектуалды ұлт тәрбиелеудің төте жолы осы емес пе? Тіпті, әлгі жыпырлаған
«жұлдыздардың» бәрін бір жерге жинап, Ілекеңді тыңдатса солардың талайы жерге түсіп, талайы өшкен болар ма еді?! Өзі үнемі қайталайтын Шопеннің: «Сөз біткен жерден музыка басталады», деген құдіретті сөзін Ілия қалай сабақтар еді дейсің. Бойындағы бар бол- мысын
сөзбен де сомдауға қабілетті Ілекең бір сәт сөздің қадірін ойлағанда музыкаға ауысып, сөз бен
сазды қатар шапқан қас жүйріктей шалқытар еді. Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағандыда
көзіне сәтті жасалған операциядан кейін ахуал сұрап, арасында Атырауға бір жолымыз түсіп,
ағыл-тегіл әңгімелесіп, сол баяғы қазақ өнері мен мәдениеті туралы ұзақ-ұзақ ойға берілгеніміз
және еске түсіп отыр. Сол жолы бір құшақ кітап алып қайттым. Ғажайып қолтаңбалар берді. бейнебаян түсірді. Қысқасы, біреу білді, біреу білмеді, «Даниярдың әнінің» таңғажайып екінші
Ғажайып дейтін себебім, Ілекеңнің қолтаңбасының өзі шағын тәмсіл секілді оқылады. Алыста өмірі басталды. Бізді бір ғана «Даниярдың әні» осылай баурай береді. Не құдірет бар онда?
жүрген ағамыз рухани ағалары мен інілерін де қатты сағынады екен. Сағынышпен өмір сүру Ілекеңнің қырғыз тақырыбындағы әр әні аңыз- әңгіме боп жайылып бара жатыр. «Даниярдың
шын өнер адамы- на ғана тән шығар. Сол жолғы атақты Әшірбек Сығайға жазған әні» сол рухани төлдің көшбасы, арналы бұлақтың мөлдір бастауы еді. ... Таяуда бір үлкен
қолтаңбасының өзі бір тақырып. Атырау дегеннен еске түседі. Қайсыбір жылы қазақ тойда атақты әнші Кенжеғали Мыржықбаймен сағынысып қауыштық. Көп әңгімелестік. Өткен
руханиятының жанашыры Иманғали Тасмағамбетовтің шақыруымен Тиыш апамызды күндер, ғажайып концерттер еске түсті. Кенжеғали тойда ән салды. Сол баяғы жан жүйеңді
қолтықтап, бір чемоданы мен тіс щеткасын ғана алып Атырауға бет түзеген Ілия аға қазір осы босатар қоңыр дауыс. Бірақ, «Даниярдың әнін» айтқан жоқ. Айтпағаны да дұрыс болды.
жердің тұрақты тұрғынына айналды. Әу баста: «Мынау батыста шашылып жатқан мол рухани Тойдың аты – той. Біреу мас, біреу жас дегендей. Бұл әнді үлкен дайындықпен келіп тыңдаса
мұраға ие болсаңыз, бір жүйеге салып берсеңіз», деген Имекеңнің ізгі мақсаты, игі мұратын ғой, шіркін! – «Даниярдың әнін» бір естігім келіп жүр, – деп едім, әншінің жүзі нұрланып
қазір бұл кісі асыра орындаған күйде. Оған дәлел ретінде батыс өлкенің тұмадай тұнып жатқан кетті. – Алдағы уақытта Ілағаның әндерінен бір компакт диск дайындамақ ойым бар. Соған
ән-хикаясы шертілген «Зәуреш» атты толымды еңбегін атасақ та жетіп жатыр. Ол кешегі кіргіземін, өзім де сағынып жүрмін сол әнді, – деді, Кенжеғали. Қазақта «Даниярдың әніндей»
ғұлама Ахмет Жұбановтардың қолы тимеген, назарына ілікпеген беймәлім тарих. Қазақтың ән көп емес қой. Ол сирек орындалады. Сонысы да жақсы. Ондай ән өлмейді, бірақ, әсіресе,
жер асты байлығы қанша болса, оның төрт бұрышы, бар ала- бы да өнерге тұнып тұр. Әзелден мынау тірі дауыстар жұтылып бара жатқан заманда жүрек толы асқақ сезіммен, биік үнмен
осы тақырыпқа түрен тартып, алдына қара салмаған Ілекең осынау байтақ әлемге құныға кі- айтылғаны да керек-ақ! ...Созақ деген қасиетті жер бар, онда Қожа Ахмет Ясауидай мұсылман
рісті. Қазақтың дәстүрлі музыкасының, оның ішінде ән өнерінің асқан білгірі, қадірін бірде әлемінің пірін өз қолымен арулап қойған Қарабура әулиенің кесенесінің төңірегі бүгінде
біліп, бірде білмейтін, үнемі жоқ іздеп жүретін Жақанов тың соңғы жылдары тапқан асылда- құдіретті пантеонға айналды. Осы қауымда мұсылман жұрағатының ұлылары мен асылдарына
рын жүйе леп жазып айтатын адам табылса бұл заманда бір бақыт сол болар еді. Біреу арғы- қара граниттен ескерткіш тастар қойылады. Сондай тастардың бірін Ілия Жақанов Шыңғыс
бергі тарих тан бірдеңе тауып алса, жанын қоярға жер тап пай безілдеп кетсе, Ілекең үн-түнсіз, Айтматовтай ұлы ағасының рухына арнап қойғанын жұртшылық біліп жатыр. Бұл –мәңгі
аспай-таспай, өзін-өзі жарнамаламай, өзін де, өзгені де таңғал дырып, тамсандырып еңбек ете достықтың белгісі!
Қали СӘРСеНБАй,
береді. Іші толған тол ғанысқа, қазынаға айналған бірінен бірі өтетін кітаптар шыға береді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бірақ, солай екен деп қарап жатпай, тіпті, демін алмастан келесі бір сырлы әлемге соқа салады.
“Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы
Мұндай рухани тойымсыз адамды көрмедім. Алматы мен Астанадан алыста жүрсе де, сол
“егемен Қазақстан” газеті, 2016 жыл, 5-мамыр
Атыраудың өзінде де мұның бағасын білетіндер жетіп-артылады. Рухани шежіре дәл қасына
(Қысқартылып алынды)
келіп жантайып жатса жұрт неге қуанбасын, неге баға- лама сын?! Ілекеңді әр жерде кездесуге
шақырып жатады. Сондай кездесудің бірі мұнай ғылыми- зерттеу институтының
Жаңаарқа
Көз алдым
Қайырмас
Арқаның
Ақтарып е
“Ағажан”
Бір үміт ж
Мақпал тү
Бақытқа б
Қайырмас
Алдап, ар
Сол бір кү
ТІЛІҢ - ТҰҒЫРЫҢ
«ҚазТест» жүйесі бойынша тестілеу өтті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылы бекіткен «Қазақстан Республикасында тілдерді
дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»
көзделген нысаналы индикаторларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың 18 мамыры күні
Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде орналасқан Бименде Амалбеков атындағы жалпы орта білім
беру мектебінде «ҚазТест» бағдарламасының аясында Жаңаарқа ауданынан 60 мұғалім және 30
аудандық 4-полиция батальоны қызметкерлері - диагностикалық, 10 мемлекеттік қызметкер сертификаттық, Қаражал қаласынан 60 әр түрлі сала мамандары - диагностикалық, 10 қызметкер
- сертификаттық, жалпы саны - 170 адам тест тапсырды.
Тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу
орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын мамандары Тоғызбай Нұргүл
Батырбекқызы, Жұмағұлова Шарапат Мейірханқызы және «Қарағанды облысы тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімі
басшысының міндетін атқарушы Рахметова Салтанат Бейбітқызы жүргізді.
Тестілеуге барлық белгіленген қызметкерлер қатысып, қойылған талаптарды толық орындап
шықты. Тестілеу нәтижесі бойынша қызметкерлердің тілді білу деңгейлері анықталады,
сетрификаттық тест тапсырғандар тиесілі сертификаттарын алатын болады.
М.Қанапин,
Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы
Тіл мәртебесі-ел мерейі
Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін
айқындайтын негізгі конституциялық құқықтық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекеттік тілдің мемлекеттің бүкіл аумағында кеңінен қолданылуына септігін тигізбей отырған кедергілердің қатарына, қазақ азаматтарының қоғамдық көпшілік және қызмет
орындарында бір – бірімен орысша сөйлесуді күнделікті әдетке айналдыруы, мемлекеттік
басқару орындарында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің өздерінің ана тілдерін
нашар білуі немесе мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді еркін меңгерген
мамандардың аз болуы және тағы да басқа себептер жатады.
«Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңның 4-бабында, мемлекеттік тіл – мемлекеттің
бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданатын мемлекеттік басқару,
заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі деп атап көрсетілген.
Егер де, « Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңның 9-бабының талабына сай, мемлекеттік басқару органдарындағы барлық бұйрық мен нұсқаулар, басқа да актілер мемлекеттік
тілде дайындалып, көпшілік назарына жеткізілсе, осының өзі мемлекеттік тілдің мәртебесінің
көтерілуіне орасан зор септігін тигізер еді. Сондықтан да мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарды
жүргізу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актілерін әзірлеу мен қабылдау саласында
да кеңінен қолданылуына назар аударған жөн. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай
қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты
айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де
кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге
көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған.
Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін
жоғары мәртебеде ұстауы керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен
толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана
тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында
қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік
тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы
ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың
басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде
еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік
саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге
асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тіліміз құрып кетті,
құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып,
жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Тілді насихаттауда, үйретуде
жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық
әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс. Әрбір азаматтың жүрегінде
тілге деген жанашырлық болса, «тамшыдан тама-тама дария болар» дегендей, тіл мәртебесі –
ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің
жұлдызын биіктетуіміз керек ағайын!
д.Ж.Батталова,
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының
бас маманы, заңгерлер одағының мүшесі
Ауданда жалпықазақстандық ашық диктант
ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы негізінде Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 18 мамырында Сәкен Сейфуллин атындағы
орталықтандырылған кітапханада «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді
шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы
бағдарламасы» іс-шараларының 31-тармағын орындау мақсатында Абай шығармаларының аясында жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Ашық диктанттың мақсаты: мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты оятып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, қазақстандықтардың бойына
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру, мемлекеттік тілді
білу арқылы этностық топтардың қоғамдық белсенділігін арттыру болып табылады.
Жалпықазақстандық ашық диктантқа сауатты жазуын анықтау мақсатында комиссия құрылды.
Диктантқа жастар ұйымдары және әр этнос өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам
қайраткерлері, студенттер, оқушылар, жалпы саны – 83 адам қатысты.
Қатысушылардың барлығы дерлік, диктанттан жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары бағаланды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара
студенттер мен оқушылардың білімдерін жетілдірсе, мемлекеттік қызметкерлер мен әр сала
мамандарының сауаттылығын жаңғыртты.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
6
28 мамыр 2016 жыл
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ
Азаматтық асыл қасиеттердің бастауы
Бүгінде мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының
патриоттық рухын көтеру болып табылады. Бұл мәселе аясында ауданымызда көптеген
жұмыстар атқарылуда. Ауданымыздың атын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың тізімі күн
сайын көбеюде. Бұл әрине қуантарлық жайт. Отансүйгіштік – шағын ғана ауданымыздың, келешек ұрпақ жастарымыздың санасымен қалыптасатын қасиет. Еліміз егемендігіне қол жеткізіп, тәуелсіздіктің туын желбіретіп отырған бүгінгі күн ұрпақ тәрбиесінде ерекше назар аударуды
қажет етеді. Бұл орайда елбасымызды айтпай кету ағаттық болар. Бүгінде осылай көк туымыз
желбіреп азат елдің азаматы болып, «қазақ» деген атымызды дәл осындай дәрежеге көтерген
тек қана Елбасымыздың арқасы деп ойлаймыз. Қазірде мемлекетіміз басқа елден қарағанда дәл
осындай жетістіктерімен алдыңғы қатарларда бой көрсетуде. Осы жетістіктер аясында жас
ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу – әр азаматтың басты
міндеттерінің бірі. Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға
деген сүйіспеншілік арттады.
Қазақстандық патриотизм дегеніміз не? Біздің ойымша, отандық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр
басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған
жеріңе деген адалдық және азаматтық сезімдер, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау,
ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы,
маңдайтеріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм
деген ұғымның ішіне сыйады.
Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа
мазмұнмен толыға түседі. “Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең
ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.
Қорыта келгенде, өз өмірін, ұрпағының болашағын Қазақстанмен байланыстыратын кез келген
саналы азамат ата-баба қаны тамған жерде бейбіт ғұмыр кешуді ойласа ғана, ата-баба қалдырған
жолды ізденсе ғана болашағымыз жарқын боларына кәміл сенеміз.
Г.Әбдікәрімова,
ҚР БП Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша
басқармасының Жаңаарқа бойынша прокуроры
Сотқа құрмет-еліңе деген құрмет
Қазіргі таңда соттың құзыры кеңейіп, тәуелсіздігі нығайған. Заңдылықтың сақталуына,
әділдіктің салтанатына қатаң көңіл бөлінуде. Еліміздің сот жүйесінде жаңа технология
мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, оған қарапайым халықтың қол жетімділігін қамтамасыз
ету жолында жасалып жатқан жұмыстар жеткілікті. Сот жүйесіне заманауи жаңа технологияларды енгізу және пайдалану бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда, Солардың бірі Президент Жарлығымен жүзеге асырылып жатқан «Электрондық үкімет» мемлекеттік
бағдарламасы. Бұл бағдарламалар жеке және заңды тұлғалардың жедел әрі сапалы қызмет түрін
тұтынуына тікелей әсерін тигізуде.Қазіргі таңда істерді дер кезінде қарап, уақыт оздырмай шешу
тек судьяға ғана емес, іске қатысушыларға да байланысты екенін тараптар түсінуге тиіс. Міне
осы қарапайым қағидаларды көпшіліктері ұстана бермейді. Яғни істің уақыты мен күні ескертіліп хабарланса да еш себепсіз келмеген жағдайлар сот отырысын өткізуге кедергілер жасайды.
Аталған кедергілерге жол берген тұлғалар үшін атап айтқанда, процеске қатысушылардың және
өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда,
олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа келуден дәлелді
себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта
белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты құрметтемеушілік сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік), ҚР
ӘҚБК-ң 653 бабы бойынша - ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Ал,
егер жоғарыда көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап
жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) танытса, онда – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады делінген.
Әр сот залында ту мен ел таңба мемлекеттік рәміздер тұрады. Істі сот қарайтынын, ал сот мемлекет атынан үкім, шешім,қаулы шығарады. Сондықтан, азаматтардың сотты сыйлағаны - өзінің
елін, мемлекетін сыйлағаны.
Сотты сыйлап әр процесске уақытында қатысып өз
уақыттарыңызды үнемдеңіздер ағайын!
Ә.С.Рахимжанова,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы
Жем дайындау кезінде ауыл шаруашылық өндірісі объектілерінде өртті болдырмау үшін келесі
өртке қарсы шараларды орындау қажет: і. дала жұмыстарына дайындалу кезінде. 1. Жем дайындау алдында: а) жинау машиналарды және агрегаттарды өртке қарсы дайындау,
механизаторларға өртке қарсы нұсқау беруді ұйымдастыру және жем дайындау кезінде өрт
қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорынның басшысы жауапты адамдарды тағайындау керек; ә) жем дайындауға қатысатын трактористтер, комбайнерлер, олардың
көмекшілері және басқа механизаторлар арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқауды өту
керек; б) пішендік қоныстарға жинау машиналарын және тракторларды шығару алдында оларды
жөн ұшқын сөндірушілермен жабдықтау керек, жем тасымалдайтын автокөліктерді алдыңғы
буферға шығарылған заводта жасалған жөн сөндіргіштермен жабдықтау керек; в) жинау агрегаттарды және егін жинау жұмыстарына лайықталған ауыл шаруашылық техниканы бірінші өрт
сөндіру құралдарымен жабдықтау керек (2 өрт сөндіргіш, 2 күрек, 2 сыпырғыш, өлшемі 1,5х1,5м
киіз немесе брезент); г) жинау жұмыстарына техниканың өртке қарсы жағынан дайындығы әр
ауылшаруашылық кәсіпорында құрылатын арнайы комиссиялармен тексерілу керек; д) өрт
сөндіру көліктерінің, мотопомпалардың және өрт сөндіруге лайықталған техниканың
техникалық жағдайын тексеріп, оларды жанармай-майлайтын материалдар қорымен жабдықтау
керек; ЕӨСҚ жауынгерлік есептерді толықтыру және жүргізушілердің тәулік бойы кезекшілігін
қамтамасыз ету қажет.
іі. дала қостары орналасқан орындарда: 1. Уақытша дала қостарын егін массивтеріне,
мехқырмандарына, маяларға және т.б. 100 метрден жақын орналастырмау керек. Дала қостарына,
жанармай қоймаларына және көліктердің уақытша далалық тұрақтарына белгіленген алаңдарда
ені 4 метрден кем емес жол жыртылады. 2. Дала қостарын өрт сөндіру үшін су қорымен, өрт
сөндіргіштерімен, күректермен және сыпырғыштармен қамтамасыз ету керек. 3. Асхана
ошақтарын әртүрлі салуларға 30 метрден жақын емес және егін массивтеріне 100 метрден жақын
емес орналастыру қажет. Осы ошақтарды ені 6 метрден кем емес жыртылған жолмен қоршау
керек. 4. Егін массивтерінде және оның жанында ашық отты пайдаланатын жұмыстарға, темекі
тартуға рұқсат етпеу керек. 5. Дала қостарында, қырмандарда және пішен мен сабан маялайтын
учаскелерінде темекі тартуға жабдықталған “Темекі тартатын орын” деген жазуымен орындар
бөліну керек.
Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайларды
алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы
28 мамыр 2016 жыл
еСКе Алу
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ардақты әкеміз Мұқатай
Асанұлының өмірден озғанына биылғы жылдың 29-мамырында 5 жыл
болады. ХХ ғасырдың барлық тауқыметі мен тағдырлы жылын бастан
кешіп, өз еліне адал еңбек еткен қадірлі әкеміздің рухына бас ие отырып,
төмендегі жыр жолдарын арнаймыз.
Жатса асқақтап бақытпен байтақ елің,
Сіздер құрған қоғам деп айтар едім...
Әулет емес халықтың қамын ойлап,
Өтті өмірің жан Әке, бәйтерегім!
Елің еркін ашушы ед есігіңді,
Өзің жоқсың Арқаның кеші мұңды...
Жаңаарқаның жұртына айбар болған,
Ұмытпайды ұрпақтар есіміңді.
еске алушылар: қыздары - Ғайни, Майя
еСКе Алу
Көзі тірісінде асыл жар, ардақты әке, мейірімді ата, қамқор бауыр бола
білген Біргебаев Орынбайдың бақилық болғанына да 40 күн толды.
Иманжүзді, қарапайым, үлкен-кішіге "сіз" деп кеткен, ақкөңіл, адамгершілігі таудай мінезді адам ретінде талайға сыйлы болған әкеміз мәңгілік
есте сақталады. Алланың нұры - көктемгі ақ жауындай көпке пайдасы
тиген әке еді! Бұл фәниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ.
Анамыздың сүйеніші, бауырларының қамқоры, балаларының тірегі
болған әкемізді өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де
қиынның қиыны екен. О дүниеде орныңыз жұмақта болып, қабіріңізге
Алланың нұры жаусын деп дұға бағыштаймыз.
Аяулы әке, жүзіңнең нұр төгілген,
Өзіңді іздеп жүрегіміз езілген.
Сағыныштан сарғаяды санамыз,
Көңіл шіркін уайымға берілген.
Сенсің бізге жақсылықты сыйлаған,
Тек өзіңсің өмірдегі сыйлы адам.
Бақ-дәулеттің бәрі, бәрі бір өзің,
Ғұмыр бойы ізгілікті жинаған.
еске алушылар: жұбайы - думан, балалары, немерелері, бауырлары
Әкеміздің қайтқанына 40 күн толуына байланысты 4-шілде күні "Жаңаарқа"
тойханасында сағат 13.00-де құран бағышталып, құдайы ас беріледі.
еСКе Алу
Ауданымыздың тұрғыны адал жар, ардақты әке, сүйікті ата Искаков
Байдәулет Орынбайұлы арамызда болғанда 30 мамыр күні туған
күнін атап өтіп, ақ дастархан басында арқа-жарқа болып отырар
едік. Әкеміз 1949 жылы өмірге келген. Көп жылдар бойы теміржол
саласында қажырлы еңбек етті. Әттең әкеміз арамыздан ертерек о
дүниелік болып, туған күнін атап өтуді жазбапты. Қамқор жар,
ардақты әкемізді сағына еске алып, жаны жәннәтта болсын деп
құран оқып, дұға бағыштаймыз.
Бұл дүние-басқа дәурен басқа ғұрып,
Сізді еске аламыз жылап- күліп.
Жан әке қабіріңіз нұрға толып,
Пейіш нұрда шалқысын асқақ рух.
Топырағың гүлденген құрақ болсын,
Жатқан жерің, жан әке, жұмақ болсын.
Сағынышпен әрқашан еске аламыз,
Жұмақ төрі өзіңе тұрақ болсын.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Бақытжамал, балалары Гүлмира-ержан,
Гүлзира-Құрал, Әсем-Жанұзақ, диана, немерелері.
еСКе Алу
Қамқор әке, аяулы жар Мұрат Амангелдіұлының бұл дүниеден
озғанына да 4 жыл өтті. Сағынамыз, әр жасаған істерін көзімізге жас
ала, жүрегімізде сағынышпен еске алып, қабырғамыз қайысады.
Жатқан жері жайлы болып, қабырғасы Нұрға толсын!
Сағындым ғой .. .сол күндердің ғажабын,
Сары күннің, сәулесіндей ажарым...
Қоңыр күзде қайтқан құспен жетсе екен,
Саған деген көңілдегі наз әнім.
Өтіп жатыр, күн күрсініп, ай аунап,
Жыл келеді, жылыстайды баяулап.
Жүрегімді жылытады сол күннен,
Қалып қойған бір өкініш, қаяу бақ.
Еске аламын... өксік толы өзегім,
Дүниенің кім болжаған кезегін.
Қиялымда қол ұстасып, өзіңмен,
Көз жетпейтін кеңістікті кеземін.
Құлағымда «Жаным» деген үндерің,
Бұл фәнидің мен қайтейін дүрмегін...
Өмір өтер ... бәрі бекер екен ғой,
Жасқа малып... өтті талай түндерім.
Арманымыз асқақ еді...арлы еді,
Өмір неткен қатыгез еді, зарлы еді.
Жылытатын қараша үйдің ошағын,
Жетпейді екен Ер азамат, жар лебі.
«Төзімді бол» дейтін едің әрдайым,
Кермек жастың дәмін сезді-ау таңдайым.
Өзіңді ойлап өзек жара күрсіндім,
Тиген кезде тағдыр тасқа маңдайым.
Осқылайды жүрегімді нала мұң,
Ұрпағыңды ер жеткізу талабым!
Топ ішінде оғыландай жүруші ең,
Жатқан жерің жайлы болсын, Дарағым!
еске алушылар; жұбайы Зәмзәгүл, балалары: Темірлан, Аслан, ержан.
7
еСКе Алу
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ардақты азамат, еліне елеулі,
халқына қалаулы бола білген ардақты әкеміз Қаңтай Жүсіпбекұлы тірі
болғанда биыл 100 жасқа келуші еді. Төрге шыққанды төбедей, төбеге
шыққанды төредей, жақын мен алысты тең көрген, елінің жігері,
отбасының тірегі бола білген еді. Елбасына күн туған шақта ойланбастан
ел-жерін қорғау үшін кеудесін оққа тосты. Тайсалмай жаумен шайқасты.
Әкеміздің көзсіз батырлығы, өшпес ерлігі біз үшін қашан да мақтаныш.
Соғыстан кейінгі жылдары тұралап қалған ауылдың әлеуметтік жағдайын
көтеруге білек сыбана кірісті. Басшылық қызметте күн-түн демей еңбек
етіп, халқының алғысына бөленді. Өзінің талапшылдығымен, әділеттілігімен баршаға
қадірлі болды. Оның тау тұлғасы мен өнегелі өмірі ұрпақтары үшін асыл қазына.
Өзің барда әр таң ерек, арайтын,
Келбетіңнең ерекше нұр тарайтын.
Мына жұртың қадірлейтін өзіңді,
Өр тұлғаңа құрметпенен қарайтын.
Асып-таспай басқа қонған баққа да,
Көрмегенсіз кеуде кере мақтана.
Жалған сөйлеу жаныңызға жат еді,
Сізге анық көрінетін ақ-қара.
еске алушылар: балалары, немерелері
еСКе Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны ардақты әке, сүйікті ата, қадірлі жар
Мұқатай Рақымжанұлының өмірден өткеніне жыл толды. Абзал
әкеміздің біздің жүрегімізден алар орыны ерекше еді. Үйіміздің
алып бәйтерегі әкеміз момын жантын. Өмір бойы біздерді жеткіземін деп еңбек еткен әкеміз тыл ардагері болатын. Шаңырақ
көтергеніне 68 жыл болғанда өмірден озған әкеміз анамыздың сенімді серігі болса, біздің, жеті баласының арқа сүйер асқар тауы,
немере-жиендерінің сүйікті атасы еді. Баға жетпес асыл әкеміздің
жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.
Әке болған баршамызға мейрімді,
Шуақ төккен жүрегің кең мерейлі.
Қалай әке ұмытайық бейнеңді,
Балаларың ұрпақтарың кейінгі.
Жатқан жерің нұр төгілер тұрақ болсын,
Ол жақта әке жеңіл сынақ болсын.
Мәңгілік мекеніңде тыныш ұйықта,
Алланың берері тек жұмақ болсын.
еске алушылар: Зайыбы-Рымтай, қызы Айман, Рахымжановтар әулеті.
еСКе Алу
Ынтымақ ауылының тумасы әулетіміздің үлкені, ардақты әже,
сүйікті
ана, қимас бауырымыз Күлсағира Жексенбекқызы
Тұрғымбекованың өмірден өткеніне жыл толды. Қашанда жауапкершілігі зор, ұстанымы мықты, қамқорлығы ұшан-теңіз апайымыз
бәріміздің өмірге деген көзқарасымыздың қалыптасуына, аяғымыздан
нық тұруымызға атсалысып, көмегін аяған емес. Өмір белесінде тек
жақсы қырымен танылып, ер мінезділігімен, өжеттігімен биік белестерді бағындырып, өзгелерге үлгі өнеге болған апайымыздың
жарқын бейнесі, нұрлы жүзі біздің жадымызда жаттаулы, санамызда
сақтаулы. Сүйікті ұлының өсіп өнгенін, қызығын көргенімен, сүйкімді немерелері
Інжу мен Маржанның өмірге келгенін көре алмады. Аяулы жанды қимағанымызбен
Алланың ісіне не шара. Жатқан жері жайлы топырағы мамық болсын дейміз.
Қанатын жайған кереге едің іргелі,
Бізбенен мәңгі жүрегің апай бірге еді.
Қамқор боп бізге, сая болып баршаға,
Ұнатушы едің пана болып жүргенді.
Келісті келбет, мінезің майда жібектей,
Немереңді қалдырдың апай түлетпей.
Жұмақтан болып жаныңыз жатсын тыныштап,
Мекеніңізді жаратқан өзі гүл еткей.
Сағына еске алушылар: бауырлары-Исатай-Қоңыр, Айтқожа-Жамал, Балтабайдина, баласы-Жеңіс-Махаббат немерелері-інжу, Маржан.
Апайымыздың қайтыс болғанына жыл толуына орай 2-маусым күні сағат 13.00де «Жаңаарқа» тойханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
еСКе Алу
Кеше ғана арамызда жүріп, ұжымымыздың ақылшысы, бәріміздің
сүйікті әріптесіміз Күлсағира Жексенбекқызы Тұрғымбекованың
мәңгілік сапарға аттанғанына да жыл толды. Барлық бауырларына
ана орнына ана болған Гүлекеңді бауырлары «Көке» дейді. Бізде сол
қалыптан аспай ақылшымызды Көке дедік. Өз жұмысына ықтиятты,
ұқыпты, өзгелерге
жұмыс істеудің қыр-сырын үйретуден
жалықпайтын, жаңашыл, жақсы идеяларды жүзеге асырушы
алдымыздағы үлгі тұтар апайымыз, жас қызметкерлердің екінші анасына айналған Көкенің орыны бүгінде ойсырап тұр. Қиналған кезде
қол ұшын беріп, ақыл-кеңесін аямайтын, көргенімен көңілге түйгені көп Көке
бәріміздің көшбасшымыз еді. Білмегенімізді үйретуге жалықпайтын әріптесіміз әттең
арамыздан ертерек кетті. Жұмыс бабындағы кездесетін қиыншылықтар мен кереғар
мінездерді үнемі басу айтатын жанның алдында айыбымыз болса, артық кеткен
тұсымыз болса әрине Көке оны кешіреді деген ойдамыз. Алла жатқан жерін жайлы
топырағын майда етсін. Көрмеген көшесін жарық болсын.
Ақылшы едіңіз үйреткен істің талайын,
Нұр шуаққа бөленуш еді маңайың.
Жарқылдап күліп, жадырап әркез жүретін,
Жылылық сыйлап, таратып шуақ арайын.
Өтті де кетті арада міне жыл ағым,
Баурап алды сағыныш деген бір сағым.
Пейіште жаның шалқысын мәңгі көкетай,
Жұмақта болсын мәңгілік енді тұрағың.
еске алушылар: «Гүлмира» және «Керемет» дүкендерінің ұжымы.
АРНАу
(Аяулы, асыл азамат, қадірлі құда Қабікен Әбаханұлының рухына)
Туыстан да жақын болған құдам-ай,
Бұл фәниде кім мәңгілік тұрады-ай.
Сылтау тауып жүз көрісіп тұрушы ек,
Жердің алыс-жақынына қарамай.
Кездесуге асығушы ек далаңдап,
Еш нәрсеге қарамаушы ек алаңдап.
Жаға жайлау, жайраң қаққан алаңсыз.
Сол бір күндер, қайда міне қараңғап.
Шіркін өмір тәттілігің бір бөлек,
Өткінші деп жатыр оны кім елеп.
Еске алғанда жүрген күндерді,
Түнеріп бір кеткендей ме төңірек.
Қабекеңнің орны бөлек осындай,
Өтті өмірден қайтқан жылдың құсындай.
Ел-жұртына абыройын асырды,
Тиыштығын басынан құс ұшырмай.
Аңқылдаған арқаның бір ұлы еді,
Адалдықтың туын ұстап тұр еді.
Қимастыққа, сыйластыққа ескерткіш,
Болсыншы деп Сізге арналған жыр еді.
Құдашасы: Жақан естайқызы
мАрАПАТ
Өнерліге өріс кең
Аудандық
мәдени-сауық
орталығының қызметкері, ҚР мәдениет
қайраткері, дәстүрлі әнші Жалын Сыздықов
мәдениет қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында
облыс әкімінің арнайы Алғыс хаты мен 200 мың
теңгелік сертификатына ие болған еді. Таяуда
аппараттық кеңесте аудан әкімі Ғ.Омаров өнер майталманы Жалын Айтбекұлын осы табыстарымен құттықтап,
өнерінің өрісі кеңейе беруіне тілектестігін білдірді.
Ән сүйер қауымның назарына: 3-маусым күні
сағат 18.00-де аудандық мәдениет үйінде
Ж.Сыздықовтың шығармашылық кеші өтеді.
бұл кешке Астана, Қарағанды
қалаларынан белгілі әншілер келеді.
ұЛТТЫҚ СПорТ
Жиырма жыл өткен соң
25-мамыр күні жылдағы дәстүр бойынша Ескене ауылында мектеп бітіріп кеткендеріне
20 жыл уақыт өткен түлектер басқосып, өздері демеуші болып, тамаша спорт жарыстарын ұйымдастырды. Ауыл шетіндегі арнайы дайындалған атшабарға халық өте көп
жиналды. Көрермендерді қызықтырған спорт ойындары алдымен кішкентай балалардың
жаяу жарысымен басталды. Орташа
қашықтықты жүгіріп өткен кішкентай
желаяқтардың озып келгендеріне, жақсы нәтиже көрсеткендеріне арнайы дайындалған
сыйлықтар табысталды. Халықты елеңдеткен негізгі жарыс бұл тай және құнан бәйгесі
еді. Ұлттық ат спортының бұл түріне құмарлар әрине көп. Сондықтан болар бұл
жарысқа Ағадырдан, Түгіскеннен, Ақтүбектен және басқа да ауылдардан атбегілер тайқұнандарын әкеліп, қосқан екен. Жарыс нәтижесінде 3,5 шақырымдық тай жарысында
І және ІІ орынды Ескене ауылының, ІІІ орынды Түгіскен ауылының тайы иеленді. Ал,
6,5 шақырымдық құнан бәйгесінде І орынды-Ескенелік Имашев Матайдың, ІІ орынды
Ескенелік Пазылов Қазыбектің, ІІІ орынды Ағадырлық Мақышев Бауыржанның
баптаған құнаны иеленіп, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бірнеше командалар
арасында өткен футбол ойынының жеңімпаздары мен жүлдлегерлері де мақтау мен
марапаттарға ие болды. Жиналған көпшілік осыдан 20 жыл бұрын мектеп бітіріп кеткен, бүгінгі күнде әр тарапта еңбек етіп жүрген түлектерге ризашылықтарын айтып
тарасты.
Өз тілшіміз
ӨрТ - ТіЛСіЗ ЖАу
Оқу - жаттығу өтті
Өрт маусымы уақытының басталуына байланысты ауданымыздың орманды алқабы
Қараағаш орманшылығында орманды өрттен қорғау жөнінде бірлескен оқу – жаттығу
өткізілді.
Аталған шараға «Жаңаарқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімі», «№ 50 Өрт сөндіру
және авариялық құтқару – жұмылдыру қызметі» мемлекеттік мекемесі және «Орман
және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жанаарқа шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Жаттығуға 34 адам және қолда бар барлық
өрт сөндіру техникалары жұмылдырылды.
Жаттығудың мақсаты – өрт шыққан жағдайда өртті жедел түрде сөндіру және орман
шаруашылығының Орман өртін сөндіру станциясының өрт болған жағдайда іс әрекеттерін
қадағалау және техникалар мен өрт сөндіру құрал жабдықтарының өрт сөндіруге
жарамдылығын тексеру.
Өрт маусымы басталысымен «Орман өртін сөндіру» негізінде өткен оқу жаттығу барысында
өрт сөндрушілер мен өрт сөндіру техникаларының өрт маусымына толық дайын екенін іс
жүзінде анықталды.
Б.Т.Арыстанбеков,
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі
Жаңаарқа шаруашылығы» КММ орман қорғау
және күзету жөніндегі инженері
Құрметті аудан тұрғындары!
Той-думандарға, үлкен ауқымдағы жиындарға қымызға тапсырыс қабылдаймыз.
Хабарласу телефондары: 87755351109, 87059724261
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСейіТОВ дүйсенбай
МеНШіК ИеСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОд 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Алтын жүректі ардақты апамыз Жүсіпбекова Береке Қаңтайқызы 31мамыр күні 70-жасқа толғалы отыр. Ардақты жанға зор денсаулық, ұзақ
та бақытты ғұмыр тілейміз! Балаларың мен немерелеріңнің қызығына
тоймай, шаңырақтарыңда береке-бірлік, қуаныш пен бақыт қалықтай
берсін! Жүрегімізді жарып шыққан барлық ізгі тілектерімізді арнаймыз.
Жақсының әрқашанда жаныңдасың,
Жетті ме 70 деген ғибрат жасың.
Туған-туыс, бауырларға ұйытқы болған,
Көл дария көңілің тарылмасын.
Алла саған ұзақ өмір сыйласын,
Қуанышың құшағына сыймасын.
Өмірдегі бар жақсыны бір саған,
тБерсін Аллам аямасын, тыймасын.
Шын жүректен: Мереке-Әлия, Сәуле-Арғын, Бақыт-Мейіз
Құттықтаймыз!!!
Сыйластығымыз жарасқан ардақты досымыз Гүлжаухар Ибраева 70
жастың асуына шықты. Аяулы жанға көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, денінің
саулығын, отбасының амандығын тілейміз. Ұзақ жылдар бойы қаржы
саласына еңбек етіп, абыройға бөленіп едің. Алдағы уақытта да
қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен
құрметіне, ризашылығына бөлене бер.
Кең болсын әрқашанда керегеңіз,
Көбейсін немереңіз, шөбереңіз.
Сізді Тәңір әр жыл сайын жақсартып,
Сізге Тәңір бақ сыйласын демекпіз.
Аяулы жан 70 жасың құтты болсын,
Өмірің шаттықпенен нұрға толсын.
Қартаймай ортамызда жүре берші,
Әрдайым бізден ізгі тілек болсын.
Құрметпен: Абет-Сұлушаш, Төлепберген-Бақыш, Асхат-Ажар, Қошкен-Рымбала,
Жұмағали-дәмен, есен-Мүслима, Аманкелді, Қорабай-Галя, Зипаш, Серік-Гуля
Құттықтаймыз!!!
Ардақты ұл, асқар тауымыз, аяулы жар, қамқор әкеміз,
немерелерінің абыздай атасы Сәрсенбаев Қаламбек
Төкенұлын 1-маусым күні 50 жасқа толу мерейтойымен
шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырағымыздың тамыры
терең бәйтеректей тірегі болып, ортамызда жүре беріңіз.
Сізге алдағы жарқын өмірде зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,
қуаныш пен бақыт тілейміз. Тойыңыз тойға ұласып, берекелі
өмірді жалғай беріңіз.Сол сияқты 30-мамыр күні немересі
Нияз да 4 жасқа толғалы отыр. Құлыншағымыз Нияз
өмірімізді шуаққа толтырып, тәтті қылығымен жанымызды
жадыратсын. Әкесі мен анасының ақ тілегін орындар тәрбиелі болып ер жетсін!
Думанды болып өтсінші осынау шақ,
Үйіңізге орнасын арайлы бақ.
Бұл туған күн - мерейтойдың баспалдағы,
Талай тойға жетіңіз ғұмыр жасап.
Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Келіп қапсың 50 жасқа сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.
ізгі тілекпен: анасы - дәмежан, жұбайы - Бақыт, балалары - Жасұлан-Риза, Инабат,
немерелері - Нияз, диас
ОБЬЯВлеНИе!
Требуется КУРЬЕРЫ!
График работы: свободный. Оплата сдельная, от 2000 тг/день.
Проезд оплачивается.Телефон:87052958752.
(Звонить ежедневно с 9.00 до 18.00)
Сатылады
Абай көшесі №26 мекен-жайында орналасқан “Қарлығаш” дүкені сатылады. Тел.:87759891088.
28888
*** *** ***
Ә.Оспанова көшесінде орналасқан №34/2 үй және жүргізіліп тұрған кәсіпкерлік (действующий
бизнес) “Атамекен” дүкені сатылады. Үй 3 бөлмелі коттедж. Жөндеу жұмыстары жасалған.
Бағасы келісім бойынша. Тел.:27753, 87016263322
*** *** ***
Ә.Оспанова көшесіндегі №5А үй сатылады. Үй бес бөлмелі, 2 қорасы, 3 фазалы моторы, 12
сотық жері бар. Тел.: 87788439246, 87089077238
Жарамсыз
Балташев Темірғали Балташевичтің атына 28.01.2004 жылы берілген №2 өкімі жоғалуына
байланысты жарамсыз деп саналсын
*** *** ***
Рахметов Айтбай Айқынбековичтің атына берілген еңбек кітапшасы жоғалуына байланысты
жарамсыз деп саналсын
*** *** ***
Кумарханова думан даутовнаның атына 05.04.2007 жылы берілген жылжымайтын мүлікті
заңдастыру жөніндегі комиссияның №3234 шешімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1480 дана
Тапсырыс №25
Автор
zhanzbc
zhanzbc148   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
83
Размер файла
5 536 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа