close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 29qxp Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Мәртебесі биік мереке
Елдігіміз бен егемендігімізді жарқырата бейнелейтін мемлекеттік рәміздер – халқымыздың
рухын, ұлттық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгілер. Өйткені, Отанға деген
сүйіспеншілік – өз еліңе деген мақтаныш, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен бастау
алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңы – 2007
жылы 4 маусымда қабылданды. Бейбітшілік туы биіктен желбіреген сүйікті еліміз Қазақстан
Республикасының күн дидарлы бейнесін айқындайтын тарихи мереке, ол – мемлекеттік
рәміздер күні.
Мәртебесі биік күн ауданымызда
жыл сайын жоғары деңгейде аталып
өтіледі. Биыл рәміздер күні
аудандық
мәдени-сауық
орталығында мерекеленді. Салтанатты шараға аудандық мекемелер
мен кәсіпорындар және түрлі
салалардың қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен еңбек озаттары
қатысты. «Көгінде көк туы желбіреген ел» тақырыбындағы салтанатты
жиын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Туының салтанатты
түрде енгізілуі мен мемлекеттік Гимннің орындалуынан басталды. Мерекелік жиында
құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Ғабдрахман Омаров жаңаарқалықтардың отбасына
амандық, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі. Мерекелік шара марапаттау сәтіне
ұласты. Аудан әкімі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше
үлестері үшін бірнеше азаматты Құрмет грамотасы мен Алғыс хатпен марапаттады. Атап
айтсақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Абдрахманова Шолпан Аманжолқызы, мәдени сауық орталығы директорының орынбасары Абединова Сәуле Абайқызы, «Ақерке» балабақшасының директоры Абенова Гүлнар Абайқызы,
жұмыспен қамту орталығының қызметкері Башкенова Бибінұр Бақытжанқызы, жастар
ресурстық орталығының маманы Мырзашев Байғазы
Жанатұлы, білім бөлімінің
бас маманы Бекеев Нұрбек
Хабылмажитұлы,
білім
бөлімінің әдіскері Аяпбергенов Медет Мэлсұлы, С.Сейфуллин
атындағы
кітапхананың қызметкері Ахметова
Айнагүл
Дүйсенбекқызы сияқты азаматтар мен азаматшалар
құрмет пен алғысқа ие
болды.
Шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан тұрған
– Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімінің басшысы
Көпеев Талғат Мақсұтұлы және С.Сейфуллин әкімі аппаратының жетекші маманы Елеуов
Жандос Жайлыбайұлы салтанатты түрде ант қабылдады. Мерекеде мәдени-сауық
орталығының өнерпаздарының орындаған «Қазағымның қанаты», «Көк байрақ», «Мекенім
- Қазақстан», «Қазақстан» сынды патриоттық әндері жиналған жұртты рухтандыра түсті.
Баспасөз қызметі
Тағайындау
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27 және 30 баптарына
сәйкес Қанат Шубайұлы Қожықаев 2016 жылдың 23 мамырынан бастап Жаңаарқа ауданы
әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалсын.
Негізі: аудан әкімі жанындағы бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі (2016 жылғы
13 мамырдағы №2-3 хаттама, Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысының 20.05.2016
жылғы №04-27/66 келісім хаты).
Құттықтаймыз!!!
Биылғы ҰБТ-ға аудан бойынша 174 оқушы қатысып, орташа 75,67 балды көрсетті. 19
оқушы 100 балдан жоғары баға алды. Ал, 4 түлек “Алтын белгі” иегері атанды.
Олар: Зекенов Бекболат Хамитұлы (Б.Амалбеков ЖОББМ), Қызбалина Дәмелі
Бейсенбайқызы (О.Жұмабеков ЖОББМ), Әбікенова Айжан Ғалиқызы (О.Жұмабеков
ЖОББМ), Аманжан Саян Аманжанқызы (№132 ЖОББМ).
Жоғары нәтиже көрсеткен барлық түлектерді, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын осы
қуаныштарымен құттықтаймыз!
№28 (9758), 11 маусым, 2016 жыл
Дін-Діңгегің
Орамды ойлар ортаға салынды
С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапханада дөңгелек үстел өтті. Аудандық ішкі
саясат және ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен бұл дөңгелек үстелге аудан
басындағы мешіттердің, ауылдық округ мешіттерінің имамдары, ақсақалдар қатысты.
Ардагерлер ұйымының басшысы Ғалым Төтейұлы бүгінгі басқосудағы күн тәртібіндегі
негізгі мәселелер яғни діни жұмыстарды жандандыру, сонау ата-бабадан келе жатқан
салт пен сана, дәстүрмен біте қайнасқан дінді дұрыс ұстай білу, басқа діни бағыттағы
адамдармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп дәстүрлі дінге икемдеу екенін айтып
өтті.
Басқосуда көкейде жүрген көп ойдың тиегі ағытылды. Алдымен той-томалақ, өліктіріктегі жас-қәрінің жүріс-тұрысы, қыз-келіншектердің ер азаматтардың алдын кесіп,
есікке ентелеуі, ақ дастархан басынан сарқыт аламыз деп өре түрегеліп, дастарханды
талан-таражға салу туралы сөз қозғалып, дәстүрлі діннің ағымынан асып, халық арасында
кең
талқыланып
жүрген,
соңғы
жылдары
бой
көрсетіп жүрген
өзге
дін
ағымдары жайлы
ой қозғалды.
Кеңестік кезеңде
қатаң
тыйым
салынғанымен
аузынан Алласы
т ү с п е г е н
ү л к е н д е р
қауымының ойы
өткір, сөзі өтімді,
жүріс-тұрысы үлгі екенін сөз еткен қариялар қауымы бүгінгі жастарымыздың санасын
улап жатқан түрлі ағымдардың етек алып келе жатқанын тілге тиек етті.
Байдулат Құдайбергенұлы (Халық мешітінің имамы): Алла ұлы, Мұхаммед оның
елшісі. Бұны шыр етіп дүниеге келген әр мұсылман біледі. Ислам дінінің арасына
сынадай болып қағылып, сіңісіп келе жатқан ағымдар дін пердесін жамылып,
жастарымыздың санасын улап, өздеріне тартып жатыр. Солардың уысына түскен
қандастарымыз ата-анадан безініп, отбасынан алшақтап, өзгелердің сойылын соғуда.
Олардың санасының уланғаны соншалық айтқан ақыл кеңес пен ақиқатқа бой ұсынбай
тек өздерінің ұстанған діндеріне ғана мойынсұнуда. Осы тұрғыда отбасындағы әр
адамға, немере-шөберелерге дұрыс тәрбие берген жөн. Ұлттық үрдіс салт-дәстүрімізді
насихаттап, ата-баба құндылықтарын кішкене кезінен бойына сіңіру керек.
Қ.Нақыпов (Целинный а/о имамы): Дін саласы өте өзекті болып отыр. Бұл салада
қорқыту, үркіту мәселесі етек алып келеді. Қазір ата-аналар балаларын мешітке жіберуге
қорқады. Олардың ойында басқа ағымның жетегінде кете ме деген үрей бар. Осы
тұрғыда мектептердегі оқушылар сол жерде жүріп, дәстүрлі дінімізден дәріс алғаны
жөн деп санаймын.
Айболат Мұқымбайұлы (Тлеуханов атындағы
мешіттің
имамы): аудан
орталығындағы қос мешіттің бірінен- бірін айырмай тең ұстаған жөн. Халықтың мешітке келуі әлі қарқынды емес. Мешітке келіңіздер. Өзге дін өкілдеріне тосқауыл болуымыз үшін біз біртұтас болғанымыз абзал.
Дәстүрлі дінмен қоса бүгінгі таңда ауданымызда өзге діни ағым өкілдері де бой көрсетіп
жүр. Осымен қалай күресу керектігі туралы ой өрбіткен ақсақалдар мен имамдар отбасы ошақ қасында бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Өзгеге
ақыл-кеңес беру үшін өзіңнің де үлгі болар тұстарың көп болу керектігі де қалыс
қалмады. Қарапайым халықтың діни сауатын ашу үшін мектептермен байланыс жасау
керектігі де қажет екені ескерілді. .Халық арасына іріткі салатын өзге діни ағымдағы
адамдарды анықтап одан өзгелердің бойын аулақ салуы қажет екені де айтылды.
Жиын соңында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Казимов:
-дәстүрлі дінімізді насихаттауда, исламның құндылықтарын жамағатқа түсіндіру бәрімізге
ортақ мүдде. Жолынан тайғанды түзеуде бізге ортақ. Бүгінгі таңда Сирияға кеткен
қандастарымыздың барлығы сайттар арқылы мағлұмат алғандар. Сондықтан үйде де,
түзде де балалардың, жастардың
қандай кітап оқитындығы, қандай іспен
шұғылданатындығы көз алдымыздан тыс қалмауы керек. Имамдарымыздың,
ақсақалдарымыздың халықпен жасаған жұмысы жандануы арқылы біз радикалды
тұстарға тосқауыл қоя аламыз. Сонымен қатар бұндай басқосулар алдағы күндері
жоспарлы түрде жолға қойылады. Аудан жастарымен аға буын өкілдері өздеріңізбен
кездесулер ұйымдастырып, дәстүрлі дін туралы пікір алмасамыз,-деді.
Әркім өз ойын ортаға салған бұл басқосуда өмірден озған адамға жайылатын ақ
дастарханның ас та төк болуы, қаралы үйдің қарайған халыққа қалта ұсынып, жол
беруі, 2-3 мал сойып қонақасы мен жаназа дастарханын жаюы дастархан үстіндегі
тәтті-дәмділердің шектен тыс болуы кейбір отбасына ауыр соғып жатады. О дүниеге
аттанған жан артындағы ұрпағын қарызға батырып кетіп жатқанында көріп жүрміз
деген ақсақалдар әр отбасында болатын қайғылы жағдайда аста-төк ысырап жасамау
керектігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілу керектігіне тоқталды.
Салтанат Аманқызы
ӨнеР
Ән салсаң Жалындай сал, жалындатып...
Жақында аудандық мәдениет үйінде қР мәдениет қайраткері, әнші Жалын
Сыздықовтың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және өзінің шығармашылығына
25 жыл толуына орай ән кеші өтті.
Атағы алты алашқа мәлім, Арқадағы ән өнерінің дүлдүлі, аққу үнді
әнші Игілік Омаровтан бастау алып, Көлмағанбет
Нұрмағанбетұлы, Байзақ Сейілов, Қайрат Байбосынов, Сенбі,
Ғалым Мұхамединдер, Бекболат Тілеуханов, Серік Оспанов, Жақсыкелді Кемалов, Айтбек Нығызбаев, Ержан Базарбеков, Балтабай Қызыров, Теміржан Ұлмағанбетовтер
жалғастырған қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінің қалпын
бұзбай алға апара жатқан бірден бір өнерпаз - осы Жалын
Сыздықов.
Әйгілі әнші Жәнібек Кәрменовтің "Жаңаарқа толғауымен"
басталған ән кеші тыңдармандарды бірден баурап алып,
қазақтың халық әндерінің ғажайып иірімдеріне тарта жөнелді.
Әншінің "Назқоңыр" халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамбліне қосылып шырқаған халық әндері, сырнаймен әуелеткен термелері, үш ішекті
домбырамен орындаған әндері оның ерекше қырларын көрсетті.
Жалын Айтбекұлы тек қана әнші емес, ол әуесқой сазгер, актер, қол өнер шебері. Осы
кеш барысында жергілікті ақындар Қ.Асанов,
П . Ж ү к е н о в ,
Д.Жұмасейітовтің
сөздеріне
жазылған
Жалын Сыздықовтың
әндері
орындалып,
тыңдармандардан
лайықты бағасын алды.
Кеш барысында Жалын
Айтбекұлының кешегі
шәкірттері, бүгінгі таңда
өнер колледжінің студенттері Жәкіш Фархат
пен Гүлімай Қазкенова
өнердегі
ұстаздарын
құттықтап, әннен шашу
шашты.
Осы кеш барысындағы
ең әсерлі шақтың бірі ол
Жалын Айтбекұлының өзінің осы өнер саласындағы ұстазы болған марқұм Қарақойшы
(Сенбі) Мұхамединді еске алу сәті еді.
-Ол кісі әр өлеңді әбден үйретіп, иін қандырып барып айтуға рұқсат беруші еді. Біраз
әндерін үйрендім, үйренбегенім одан да көп. Әсіресе, "Қанатталды" мен "Аңшының әнін"
сол кісінің мәнерінде үйренуге үлгермедім. Қарақойшы - ерен әнші еді. Әттең, өмірден
ерте кетті,- дей келе, ұстазынан үйренген халық әндері "Қарғам-ау" мен "Сұржекейді"
аса бір тебіреніспен орындады.
Жалын әншінің өнерінің тағы бір қыры - эстрадалық әнге де кезек келіп, өмірлік жары,
өнердегі жанашыры, ҚР мәдениет қайраткері, "Балдәурен" үлгілі бишілер тобының жетекшісі Ләззат Жұмабековамен қосылып жарасымды, үйлесімді әуенмен тамаша бір ән
орындап берді.
Әдемі ән кешінде құттықтаулар қатары да көп болды. Алғашқы болып аудан әкімі Ғ.Омаров пен мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов сахнаға көтеріліп, аудан әкімі Жалынды
бүгінгі ән кешімен құттықтап, Құрмет грамотасын тапсырып, ескерткіш сый-сияпат
ұсынды. Облыстық мәслихаттың депутаты, өнер жанашыры Ғ.Жарылғапов ақ тілегін
арнап, сыйлықтар жасаса, әйгілі күйші М.Тілеуханов күйден шашу шашты. Сондай-ақ,
Астанадан арнайы келген ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері А.Есмұханов,
А.Мұсаходжаева атындағы өнер университетінің деканы М.Нөкеев құттықтау лебізден
соң бірі әннен, бірі күйден тарту жасады. Көпшілікті елең еткізген бір жақсы жаңалық
сахнаға Жалынның Қарағандыдан келген жолдастары шыққанда болды. Әнші жерлесіміз
Б.Тілеуханов бір кездері өзінің домбырасын астаналық Нұрлан Хасенұлы деген кәсіпкер
азаматқа сыйға тартқан екен. Бүгінгі ән кешіне шақырылған Нұрлан өзі келе алмаса да,
Бекболат әншінің сол домбырасы босқа тұрмай, көрермендерінің көзайымы болсын
деген ниетпен Жалынға беріп жіберген екен. Сол сыйды әкеліп тапсырған жолдастары
әнші досқа деген ақ тілектерін ақтарып, өнер жолына сәт-сапар тіледі.
Үш сағаттан астам уақыт тапжылмай отырып, тамылжыта шырқалған әсем әндерді
сүйсіне тыңдаған, қошеметтеп қол соққан көрермендерге Жалын Айтбекұлы шынайы
ризашылығын білдірсе, ал тыңдармандар әнші Жалыннан әлі талай тың дүниелер
күтетініне, талай ән кешінің куәгері болатынына сеніммен тарасты.
Дүйсенбай Жұмасейітұлы
2
11 маусым 2016 жыл
БАлАлАРғА БАзАРлық
Бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
аудан прокуроры Асылхан
Әділханов қызметкерлерімен
бірге ауданымыздағы екі отбасына барып, сый-сияпат
жасады. Бақытты балалық
шақтың
базарлы
шағын
өткеріп
жатқан
періште
жүрек, ақ пейіл балалардың
шат-шадыман
күлкісіне
жетер
ештеме
жоқ.
Ауданымыздағы көп балалы
отбасының
бірі
7 бала
тәрбиелеп
отырған
Гүлбаршын Муситнаның балалары Ризагул, Бақдаулетке
әдемі
машина
мен
қуыршақтар жиынтығын, бес
балалы Калимулина Айгүлдің
отбасындағы
Бибігүл,
Дәмежанға көйлектер және
осы екі отбасының балаларына тәтті-дәмділер
мен
жеміс-жидектер
және
ақшалай сыйлықтар ұсынды.
Қолдарына ойыншықтарын
ұстап, үстеріне көйлектерін
киген балалар аудан прокурорына алғыстарын білдірді.
Бұндай игі бастама алдағы күндері де жалғасын таппақ.
Салтанат Аманқызы
Мұражай ісі талқыланды
СеМИнАР
Жақында «Мұражай ісі және ұлттық мұраларымызды сақтау, насихаттаудың қазіргі жай күйі»
атты тақырыптағы облыстық семинар С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихиөлкетану мұражайында өткізілді. Семинарға Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнерді ұйымдастыру жұмыстарын
қамтамасыз ету бөлімі» бастығы Қ.Т.Әшкеев, «Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы» басшысы Е.Н.Нұрмағамбетов, «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, Шет, Ақтоғай,
Қарқаралы, Жезді, Нұра, Осакаровка аудандарының мұражай басшылары, қызметкерлері
қатысты. Келген қонақтарды мұражай басщысы З.Аманов қарсы алды. Қонақтар Алғабас
ауылындағы Бала Бақсы кесенесіне, Ақселеу Сейдімбек зираты басына барып, таныстырушы
Е.Шубаев осы тұлғалардың өмірбаяндарын, атқарған еңбектері туралы кеңінен айтып берді.
Бұдан соң, қуғын сүргін құрбандарына арнайы ашылған ескерткішке гүл шоғын қойып,
«Мәңгілік мұра» аллеясының басында аудан әкімі Ғ.Омаровпен кездесті. Аудан әкімі келген
қонақтарға ауданымыздың тарихынан сыр шертіп, мұражай ісінде сәттілік тіледі. Мұражайда
мәжіліс отырысын З.Аманов жүргізді. Видео ролик арқылы Жаңаарқа ауданының көркем жерлері көрсетіліп, мұражайдың атқарған іс-шараларын слайд арқылы қор қорғаушы К.Жангелдина таныстырды. Семинарда мұражайдың атқарып отырған жұмыстарын, болашақта дамуын,
заман талабына сай экспозициялық бөлмелерді жасау талқыланды. Аудан мұражайларының
мамандары өз ұсыныстарын білдірді. «Мәдениет және өнерді ұйымдастыру жұмыстарын
қамтамасыз ету бөлімі» бастығы Қ.Т.Әшкеев мамандардың біліктілігін арттыру, семинар жылына екі рет өткізілу керек деп шешімін айтып, арнайы әкелген сыйлықтарын мұражайға
табыс етті. Келген қонақтарға мұражайда экскурсия өткізілді. Семинарға қатысушылар
З.Амановқа және ұжым қызметкерлеріне осындай семинар өткізгені үшін өз алғыстарын,
ризашылықтарын білдірді. Мұражай ұжымы келген қонақтарға ескерткіш сыйлықтар тарту
етті.
Е.Б.Шубаев, мұражай таныстырушысы
Жерлестеріміздің жеңісі
СПОРТ
Дойбы. 3-4.06.2016ж. күндері Қарағанды қаласында «Сарыарқа-2016» ауыл спортшылары
спартакиадасы аясында дойбы ойынынан жарыс өтті. Осы жарысқа ауданымыздың үздік
спортшылары іріктеліп, облыстық спартакиадаға қатысты. Команда құрамы 4 адам: Мейізбеков Самат, Хасенов Қайрат, Ермекқызы Ләйлім және Жақсыбаева Мөлдір. Екі күнге созылған
бұл жарыста Жаңаарқа ауданы ІІ орынға ие болды. Спартакиада жүлдегерлері облыстық дене
шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен, медальдарымен марапатталды.
Дзюдо. 3-4.06.2016ж. күндері Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында дзюдо күресінен
ІV халықаралық 2003-2005 ж.т. және 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында турнир өткізіліп,
26 кг салмақ дәрежесінде Әрмия Мадияр ІІ орынды(жаттықтырушысы - Е.Ізтөлеуов), 46 кг
салмақта Тілеуберген Ернұр ІІІ орынды (жаттықтырушысы - Е.Қаракесеков) иеленді.
Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі
11 маусым 2016 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
Атасу кенті
№52/01
06 маусым 2016 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы «2016
жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №01/01
қаулының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі
«Құқықтық актілер туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және
Қарағанды облысы Әділет Департаменті басшысының орынбасары Н.Кенжебаеваның
08.04.2016 жылғы №8/-18/1629 хатына орай, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы «2016 жылға қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №01/01 қаулыныңкүші жойылған болып танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3645 болып тіркелген, 2016
жылғы 13 ақпандағы №7 (9720) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық
жүйесінде 2016 жылғы 08 ақпанында жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Қожықаевқа
жүктелсін.
Аудан әкімі
Ғ. Омаров
Постановление акимата Жанааркинского района
пос.Атасу
№52/01
06 июня 2016 года
Об утрате силы постановления акимата Жанааркинского
района от 6 января 2016 года №01/01 «Об организации
общественных работ на 2016 год»
В соответствии Законов Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 6 апреля 2016 года
«О правовых актах», «О занятости населения», письма заместителя руководителя Департамента юстиции Карагандинской области Н.Кенжебаевой от 08.04.2016 года №8/-18/1629,
акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Считать утратившим силу постановление акиматаЖанааркинского района от 6 января
2016 года №01/01 «Об организации общественныхработ на 2016 год» (зарегистрировано в
Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3645, опубликовано
в газете «Жаңаарқа» от 13 февраля 2016 года №7 (9720), в информационно-правовой системе
«Әділет» 08 февраля 2016 года).
2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района
Кожукаева К.
Аким района
Г.Омаров
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Ұлттық тәрбие негізі - имандылықта
Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша жыл сайын жас
ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, тазалық пен адалдыққа тәрбиелеуге арналған ісшаралар өткізіледі. 3 маусым күні аудандық кітапхана жасөспірімдер кітапханасының
қызметкерлерімен бірлесе «Ұлттық тәрбие негізі - имандылықта» тақырыбында дөңгелек
үстел ұйымдастырып өткізді. Бұл іс шараға Халық мешітінің бас имамы Б.Қ.Нұрғалиев,
ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Ә.Казимов мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, жастар орталығының мамандары, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі
филиалының студенттері, Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің студенттері
қатысты. Іс шараны әдістемелік бөлім меңгерушісі Г.Қ.Төребаева жүргізді. Шара барысында
ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиялық Жолдауында елдің дәстүрлері мен
мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыздың маңыздылығы мен
қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне мән берілгендігі атап өтілді. Бас имам Б.Қ.Нұрғалиев ұлағат
аларлық өзара құнды ақыл-кеңестер айтып, дін мен дәстүрдің бір-бірімен тығыз
байланыстылығын нақты мысалдармен түсіндірді. Дәстүрлі дініміздің артықшылықтары
мен жат ағымдардан айырмашылығына тоқталып, өзге елден келіп жатқан діни ағымдар,
яғни теріс жолды насихаттаушылар туралы айтып өтті. Дөңгелек үстел соңында жас мамандар, студенттер көкейлерінде жүрген маңызды сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Г.А.Жақыпова,
Жаңаарқа ауданының ОКЖ әдіскері
ЖеМқОРлықПен күРеС
Ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр
жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты,
біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бұл бағытта нәтижелі
жұмыстар жүргізілуде. Елбасы биыл да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында:
«Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз
құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі
қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу
үшін, халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі
мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы
қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс- қимыл қолдану
керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Біздің бөлімде де осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Айта кететін болсақ,
техникалық бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттармен бекітілген. Қызмет
көрсету барысында стандарттан ауытқу жоқ.
Мемлекеттік субсидиялау барысында да барлық стандарттармен бекітілген заңдылықтар
қатаң сақталады. Тиісті құжаттардың барлығында заң талаптарынан ауытқушылық болмайды. Ол туралы клиенттермен үнемі дәйекті түрде түсініктеме жұмыстары мен шаралар
жүргізіліп отырады.
Бөлім қызметкерлерінің қызмет көрсетулерінде заңдылықтар сақталып отырады. Қызмет
көрсету заңнамаға сәйкес және жариялылық түрде болуына бақылау жасалады. Заңды және
жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты сұрақтарды уақытында шешу
жүзеге асырылады.
Д.Ахметов,
«Жаңаарқа ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы
3
Өсiмдiк шаруашылығы бойынша субсидиялар алуға арналған
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін айқындау
үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын жүзеге асыру
мақсатында:
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi
дала мен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп
өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177
бұйрығына сәйкес субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тізімін
айқындау үшін төмендегідей ведомствоаралық комиссиясы құрылсын
Бекқожин
Юржан Асанович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы, комиссия мүшелері - Ахметов Дюсембек Сарсекович, «Жаңаарқа ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы, Аманжолов Данияр Жумажанович«Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі” ММ бас маманы, Динов Биржан Рымкулович-«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММ бас маманы,
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (келісімі бойынша),Рымбеков
Сәулет-Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңаарқа ауданының филиалының
директоры (келісімі бойынша), Шумбулов Саят Кабдуллинович-Айнабұлақ ауылдық
округ әкімі, Тажитов Жанат Зарубаевич-Байдалы би ауылдық округ әкімі, Аманбаев Айдархан Тапашович-Ақтүбек ауылдық округ әкімі, Оспанов Гафиз Камиевич-Қарағаш
ауылдық округ әкімі, Кокин Кенжетай- С.Сейфуллин ауылдық округ әкімі, Баязитов Сарсенбек Амангельдинович-Бидайық ауылдық округ әкімі, Садвакасов Мейрхан Алпанович-Целинный ауылдық округі әкімі, Букирбаев Думан Зейнуллахабдинович М.Жұмажанов атындағы ауылдық округі әкімі, Мукажанов Медет ФайзрахмановичАқтасты ауылдық округ әкімі, Отарбаев Ахметжан- Ақтау ауылдық округ әкімі, Мамбетов
Ербол Шубаевич-Ералиев ауылдық округ әкімі.
2. Осы өкімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожинге
жүктелсін.
Аудан әкімі
Ғ.Омаров
МүлікТі ЖАРИя еТу
Мүлікті жария ету рәсімінің жаңа әдісі
2015 жылы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және
Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария
етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына мемлекет
Басшысымен қол қойылды. Заң 18 қарашада жарияланды, сәйкесінше жаңа өзгерістер 2015
жылдың 29 қарашасында күшіне енді. Мүлікті жария ету мәселелері туралы заң мүлікті
жария етуді жүзеге асыру рәсімдерінің жаңа тәсілдерін айқындады.
Ақшаны жария ету рәсімі түбегейлі оңайландырылды. Енді қаржыны заңдастыруды екі
тәсілмен жүзеге асыруға болады (8-бап): 1. Оларды банктік шоттары арқылы көрсету және
кез келген қажеттіліктерде пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып
алу және т. б., немесе жай ғана шешіп алу. Осылардың барлығы 10%-дық ақысыз жүргізіледі.
2.Банктік шоттарда көрсетпей шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны
заңдастыру. Бұл кезде бюджетке 10%-дық жинау төлейсіз. Аталған жағдайларда жария ету
субъектісі мемлекеттік кірістер органдарына декларация тапсыруға тиісті. Мемлекет Басшысы айтқандай: «Жария ету – соңғы мүмкіндік, одан кейін ешқандай жеңілдік жоқ.
Заңдастыру – бұл жалпыға бірдей декларация алдындағы соңғы акт». Аталған акция
аяқталғаннан кейін шетелдік шоттар бойынша барлық ақпарат бүкіл әлем бойынша тексерілетін болады.
Шетелдегі шоттары бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаның қатаңдауы,
шетелдегі мүлікті міндетті декларациялау заңда көзделеді. Осыған байланысты, жария ету
бойынша акцияны аяқтауды синхрондау үшін және жалпыға бірдей декларациялау үрдісі
үшін рақымшылық жасау мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды (4-бап).
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Рақымшылықтың жолдары түсіндірілді
Қазақстан Республикасының 2014 жыл 30 маусымдағы № 213-V «Қазақстан Республикасы
азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар
адамдарға олардың мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына
сәйкес елімізде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін
мүлікті жария ету акциясы жүргізіліп жатыр. Осыған орай М.Жұмажанов атындағы ауылдық
округі әкімі Д.Бүкірбаев наурыз айында ауыл тұрғындарымен өткен жиналыста аталған
акцияның уақыты шектеулі болғандықтан ауыл тұрғындарына өздерінің рәсімделмеген
мүліктері бар болатын болса, үкімет тарапынан беріліп отырған осы рақымшылықты пайдаланып өз мүліктерін заңдастырып алуға шақырған болатын. 2016 жылдың 8 маусымында
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округі бойынша мүлікті жария ету жөнінде әкімшілік
ғимаратында ауыл әкімі аппараты қызметкерлері мен бірге ауылдық округінің ақсақалдар
алқасының төрағасы Қ.Есжанов, шаруа қожалықтары жетекшілері қатысқан дөңгелек үстел
отырысы өтті. Ауылдық округ әкімі Д.Бүкірбаевтың басшылығымен жүргізілген отырыста,
әлі де болса ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жоспарлап жүргізу керек екендігі
айтылды.
А.Құдабаев, жетекші маман
Тұрғындар назарына!
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының өкімімен, прокуратура қызметкерлері құрамына және Қарағанды облысының кәсіпкерлерінің тәуелсіз ассоциациясы өкілдері кіретін, кәсіпкерлердің құқықтарына қарсы құқық бұзушылық
әрекеттердің фактілерін анықтау бойынша жедел тобы құрылды. Заңсыз және кәсіпкерлік
қызметке тосқауыл жасалған тексерістер жайында, сіздер - 8(7212) 41-48-24, 41-45-06 сенім
телефондарына хабарласа аласыздар. Аталған сенім телефондарына экологиялық және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жөнінде әрі кейбір аймақтың
жағымсыз
экологиялық жағдайы туралы да хабарлауға болады.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры
Мұқашев Т.Б., Қарағанды қаласы, Кривогуза көшесі №3 адресі бойынша, күн сайын, табиғат
пайдалану, экологиялық нормалардың бұзылуы, табиғи ресурстарды қолдану және қоршаған
ортаны қорғау саласында бақылаушы-қадағалау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды
тұлғаларды қабылдайды.
Кәсіптік даярлау
«Жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
бағдарламасының III бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс
аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 2016 жылға барлық ауданның
жұмыс берушілерінен (ШҚ, ЖК, ЖСШ, АҚ, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардан) қажет
мамандықтарды оқытып алу үшін сұраныс қабылдаймыз: оқыту жас аралықтары: жұмыс
істемейтін жастар 18-24 жас аралығында - 8 адам; жұмыссыз зейнеткерлік жас алдындағы
58-63 жас аралығындағы - 2 адам; жұмыссыздар арасынан қайта даярлау -6 адам; кәсіптік
даярлау- 2 адам (оқу мерзімі 12 ай).Осы сұраныс бойынша кәсіптік даярлау (12 ай), қайта
даярлау (3 ай) курстарына баруға жұмыссыз азаматтар өтініш білдіруге болады. Бұл курстар
мемлекет тарапынан тегін оқытылады және де шәкіртақы, жолақы, жатақхана шығындары
төлендеі.Қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі; мектеп
бітірушінің куәлігі, аттестат немесе диплом; еңбек кітапшасы; халыққа қызмет көрсету
орталығы мекен жай анықтамасы (Цон); емханадан 086-У анықтамасы. Мамандықтарды
оқыту бойынша сұраныс берушілер мен оқуға ниет білдіруші азаматтар төмендегі мекен
жайға хабарласуға болады: Тәуелсіздік даңғылы, 1 (2 қабат) «Жұмыспен қамту орталығы»
2-80-40,2-68-64. Эл.адрес: jannarka_centr@mail.ru
ХАБАРЛАНДЫРУ
2016 жылдың 15 маусымы күні, сағат 15-00 де аудандық мәдениет үйінде ауданның барлық
жұмыс берушілерін және жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтарды бос жұмыс орындар
жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.
Хабарласу мекен-жайы: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 1, кабинет 3, «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тел: 5-00-05, «Жұмыспен
қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел:2-80-40, 2-68-64
ОБЪЯВЛЕНИЕ
15 июня 2016 года в 15-00 час. в районном доме культуры будет проводиться ярмарка свободных рабочих мест и вакансии. Просим принять участие всех работодателей района независимо от их формы собственности, а так же безработных граждан ишущих работу.
Обращаться по адресу: пос.Атасу, пр.Тәуелсіздік 1, кабинет 3, ГУ «Отдел занятости и социальных программ», тел: 5-00-05, КГУ «Центр занятости Жанааркинского района».
тел: 2-80-40, 2-68-64
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
«Аудандық жұмыспен қамту орталығы» 2016 жылы жоғарғы және орта кәсіби оқу орындарын бітірген түлектерді «Жастар тәжірибесіне» қатысуға шақырады. Аудандық жұмыс беруші: мекемелер, кәсіпорындар, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары биылғы жоғарғы
және орта кәсіптік оқу орындарын бітіріп келген түлектерді жастар тәжірибесіне алып,
жұмыс орындарын ұсыну үшін «Аудандық жұмыспен қамту орталығына» сұраныс беруге
келесі мекен–жайға маусым айының 13-14-шы жұлдызына дейін хабарласуды сұраймыз:
«Аудандық жұмыспен қамту орталығы» Тәуелсіздік даңғылы 1. тел: 2-80-40, 2-68-64,
Эл.адрес: janaarka_centr@mail.ru
Хабарландыру
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің шешімі бойынша осы жылдың
қыркүйек айынан бастап Ақтөбе қ. Әуе қорғаныс әскери институттың әскеримедициналық факультетіне 11 сынып бітірген түлектерді әскери-медициналық
мамандықтарға оқыту жоспарланды. Әскери медицина: әскери дәрігер; хирург; терапевт;
әскери провизор; эпидемиолог-гигенист; стоматолог. ҰБТ ден 50 балдан төмен бал алған
түлектерге Шоқан Уалиханов атындағы Кадет корпусына тез арада құжаттарын тапсырып түсулеріне болады.
Сұрақтармен Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері бөліміне мына мекен-жайға
хабарласыңыздар. Транспорт орамы 9 үй. Тел 2-71-66.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі халыққа отындық ағаш сатады.
1 м3 ағаш бағасы 4 648 теңге, шамамен бір кесілген ағаштын (чурбак) бағасы 80 - 100 теңге.
Отындық ағашты «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа
шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің KAZKOM банкындағы мына есеп
шотына KZ050703022542260001 ақша төлеп сатып алуға болады.
Ағаш Лесхозная көшесі 1 үй мекен-жайы бойынша босатылады. Байланыс телефондарымыз: 2-62-60, 2-70-58
Хабарландыру
Жаңаарқа аудандық сот ғимаратында 2016 жылдың 15 маусым сағат 16.00-де сот төрағасы
міндетін атқарушы Баубеков Абай Отыншыұлының қабылдауымен жеке және басқа да
сұрақтармен «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлайды.
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз орталығы
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас
жемқорлықпен күрес туралы» заңдарының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі
нормаларының бұзылу фактілері туралы ақпаратты Сенім телефоны: 2-76-51 бойынша хабарлай аласыз.
ЖАСТЫҚ ТАЗАЛАУ!!!
Жастықтарға қайта өңдеу, шаң-тозаңнаң тазарту, кварцтау, дезинфекциялау, жаңа технологияны пайдалана отырып толық өңдейміз және тысын жаңарту жұмыстарын жүргіземіз.
Мекен-жайымыз: Халық мешіті жанындағы “Индира” дүкені.
Телефон: 8 701 743 46 61, 8 700 926 64 02
Сатылады
Абай көшесі №26 мекен-жайында орналасқан “Қарлығаш” дүкені сатылады.
Тел.:87759891088. 28888
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
ФОРуМ
Тарихтан тағлым – өткенге тағзым
2010 жылы
А с т а н а
қаласының
«АЛЖИР »
қуғын – сүргін
құрбандарына
арналған мемориал-музейінен
басталған шара,
2011
жылы
КАРЛАГ
–
Қарағандыда,
2012
жылы
Талдықорған –
Үштөбеде, 2013
жылы – Шымкентте «Қайтпас қасіреті», 2014 жылы – Семейде "Алашорда тарихы", 2015 жылы – Оралда
«Шерлі шежіре аманаты» тақырыбымен өтті. 2016 жылы 29-31 мамыр аралығында бұл жоба
Қарағанды облысы Жезқазған өңіріндегі Степлаг, Жезлаг тарихтарына негізделіп өткізілді.
Халықаралық деңгейде өткізілген алқалы жиынға еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы
қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар арнайы қатысты. Аталмыш форумға Жаңаарқа ауданының
жастар ресурстық орталығының психолог маманы Н.А.Аубакирова қатысып келді. Қуғын –
сүргін құрбандары күніне арналған жиын Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген мәжілісімен жалғасын тапты. Форум қатысушылары қаладағы
сұрапыл жылдардан хабар беретін тарихи жерлер мен мұражайларды аралап, «Сәкеннің соңғы
сәті» атты спектакльді тамашалады.
Қазіргі заман тарихы құжаттамасы мұрағатының Алаш ардақтылары және күштеп жер
аударылған халықтардың тарихына қатысты сирек те құнды құжаттар көрмесі
қатысушылардың қызығушылығын оятты.
Жастар ресурстық орталығы
Медиаторлардың қызметі түсіндірілді
Жақында Жаңаарқа ауданы әкімшілігінде медиация бойынша жиналыс болып өтті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Қожықаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Жаңаарқа
аудандық сотының судьясы Б.К.Кәрімова, Атасу кентінің әкімі Р.Т.Түсіпов және мекеме басшылары мен қызметкерлері, кент және ауыл әкімдері, кәсіби емес медиаторлар қатысты.
- Өздеріңізге белгілі 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация
туралы» заңы күшіне енді. Осы заңның талаптарын орындау барысында жергілікті
қауымдастықтың маңызы артып, аудан жұртшылығының құқықтық мәдениетін арттыру
және істі сотта қарау барысында азаматтарға дауды медиация тәртібімен реттеу үшін соттарда кәсіби және кәсіби емес медиаторларды құру мүмкіндігі туды. Осыған орай Жаңаарқа
ауданының 14 әкімшілік бірліктерінде кәсіби емес медиаторлар тағайындалды- деді
Қ.Қожықаев өз сөзінде.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жаңаарқа аудандық сотының судьясы Б.К.Кәрімова баяндама жасады. Ол өз баяндамасында медиаторлардың жұмысы жайында толық әңгімеледі.
Жиналысқа қатысушылар баяндамашыға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып,
қанағаттанарлық жауаптар алды.
Өз тілшіміз
СОТ зАлынАн
Көлік құралы салығын төлеу – міндет
Жаңаарқа аудандық сотына Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан
борышкер А.- дан көлік құралына 12968 теңге берешек салығын мемлекет пайдасына өндіру
жөнінде сот бұйрығын шығару туралы арыз түсті. Қазақстан Республикасының Салық
кодексінің 365, 366 баптарының талаптарына сай борышкерге МКБ-сы көлік құралына
12968 теңге мөлшерінде салық салған. Борышкер А. салық берешегі салынғаны жөнінде
хабарламаны ала отырып, салық заңнамасын бұзған яғни белгіленген мерзімде салықты
төлемеген. Жоғарыдағылардың негізінде Қазақстан Республикасының АПК 134, 135 бап.5
тарм., 139,140 баптарын басшылыққа ала отырып судья борышкер А-дан Жаңаарқа ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік пайдасына көлік құралына берешек
12968 теңге салық берешегін және мемлкет пайдасына 195 тенге мемлекеттік бажды өндіру
жөнінде сот бұйрығын шығарды. «Судың да сұрауы бар» демекші өздеріңізге тиесілі
көліктердің салығын уақытында төлеуді, әр нәрсенің заңды сұрауы бар екенін естен
шығармайық, ағайын!
Ә.С.Рахимжанова,
Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
Жарамсыз
Алинов Куман Отырсыновичтің атына 30.11.1993 ж. берілген С.Сейфуллин а/о Саябақ
көшесі №4/2 үйдің №71 жеке меншік келісім шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп
саналсын
******
Тусупова Корлан Кенесовнаның атына 1897 жылы берілген О.Жұмабеков атындағы орта
мектепті бітіргендігі жөніндегі №А284397 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*****
Утеряно контрольно-кассовый аппарат марки Samsung ER-250RF, заводским номером
втд980438, года выпуска 2001 и книга учета наличных денег, книга товарных чеков, регистрационная карточка под номером 30008678 на имя индувидуального предпринимателя Байшулакова Алма Сайрановна
******
Утеряно контрольно-кассовый аппарат марки Datecs MP-500, заводским номером 60000565,
года выпуска 1998 и книга учета наличных денег, книга товарных чеков, регистрационная
карточка под номером 30015297 (номер паспорта 60000565) на имя индувидуального предпринимателя Касенова Зауреш Копбаевна
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1480 дана
Тапсырыс №28
Автор
zhanzbc
zhanzbc148   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
22
Размер файла
7 323 Кб
Теги
29qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа