close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 33qxp Жанаарка газеті

код для вставкиСкачать
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Мәжіліс депутаттары ауданымызда болды
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»
атты Жолдауында экономикамызды, мемлекетімізді өркендетуге бағытталған жаңа
бағыттарды белгілеп бергені бәрімізге мәлім. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік басқару ісіне аса үлкен мән берілді. Осыған орай биылғы жылдың басынан бастап
жергілікті полиция қызметі құрылып, қоғамдық кеңестер өз жұмысын бастады. Ал жергілікті полиция
мен қоғамдық
кеңестің
қоғамдағы
рөлі қандай?
Олардың
а л д а ғ ы
уа қ ы т т а
а т қ а р а р
жұмыстары
мен негізгі
миссиясы не
болмақ? Осы
сұрақтар
төңірегін
қамтыған кездесу 8-шілде күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Кездесуге Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Т.Қожахметов, Н.М.Әбдіров,
Қ.С.Мусин, Н.О.Дулатбековтер арнайы келіп, көкейде жүрген сұрақтарға жауап беріп,
ұсыныстарды тыңдады. Кездесуді аудан әкімі Ғ.И.Омаров жүргізіп, оған аудан прокуроры
А.Қ.Әділханов, Жаңаарқа аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Х.Сәтжанов және
аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті полиция қызметкерлері, мемлекеттік мекеме
басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Ауданымыздағы жергілікті полиция мен қоғамдық кеңестің жұмыстарымен танысқан
мәжіліс депутаттары бірқатар міндеттерді айқындап берді.
Баспасөз қызметі
ҚЫЗЫҚТЫ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕ
Әр күндері көңілді
Жылдағы дәстүр бойынша Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінде «Еркетай» жазғы ІІ
маусым лагері жұмысын бастады. Бүгінде жазғы демалыс орнында 45 балдырған
уақыттарын көңілді өткізуде. Олардың ішінде көп балалалы және әлеуметтік жағынан аз
қамтылған отбасы балалары бар. Балалар денсаулықтарын қалыпты ұстау үшін әртүрлі
жаттығулар жасайды. Жазғы лагерде балалардың
с а п а л ы
тамақтануы да назардан
тыс
қ а л м а ғ а н .
Балалардың
көңілді демалуына
әр түрлі іс-шаралар мен спорттық
ойындар өткізіп
ж ү р г е н
тәрбиешілер мен
ж ат т ы қ т ы ру ш ы
бар. Күнде жоспар
бойынша тәңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. «Кітап - біздің досымыз»
тақырыбы бойынша аудандық балалар кітапханасына саяхатқа барды. Онда балалар өздеріне
көп әсер алды. Лагердегі әрбір күні көңілді және балалар өз қимастықтарын білдірді.
Р.Жақыпова,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі
Жаздағы жақсы демалыс
Көктал ЖОББ мектебінде балалардың жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Лагерде
жаз уақытында балаларды демалыспен қамтуға байланысты «Білім көкжиегі» зияткерлік
лагері, «Спортпен достас» спорттық лагері, «Ағылшын клубы» үйірмесі, «Өнерпаз» үйірмесі
бағдарламаларын іске асырып отыр. Әр сынып оқушылары жаз бойы өздерінің қалаған
үйірмелеріне барып, өз уақыттарын әрі тиімді, әрі қызықты өткізеді. Астана күніне орай
«Астана - арман қала» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Онда оқушылар Астана туралы ән,
жыр мен қызықты ойындар ойнатылып, қатысқан ата-аналар тілек тілеп, алғысын айтты.
Көктал ЖОББ мектебінің жанындағы жазғы лагерь әрқашан балалардың жазғы демалысын
ұмытылмастай етіп іске асыруға бар күш-жігерін салуда. Жаздағы жақсы демалыс - жыл бойына қажетті күш –қуат.
Ш.Ш.Жакупова, Көктал ЖОББ мектебі
№33 (9763), 16 шілде, 2016 жыл
Түлектер сыйлығы
Өткен жұма күні
Атасу
кентінің
тұрғындары жақсы
бір бастаманың,
игілікті істің куәсі
болды. Бұл жолғы
қ у а н ы ш т ы
шараның иелері –
осыдан 30 жыл
бұрын мектеп бітірген Ю.Гагарин
атындағы
орта
м е к т е п т і ң
түлектері
еді.
Олар бір-бірімен хабарласып, биыл туған жерде бас қосуды ойластырып, сонымен қатар
аудан халқына пайдасы тиетін бір сыйлық ұсынуды жөн санапты. Ж.Төлепбеков,
Қ.Сүлейменов, Е.Аяпбергенов, Ж.Мұқанов, С.Базарбеков, К.Беспаев, Ғ.Ысқақов,
Т.Кәрімбеков, Д.Мұхамеджанов
тәрізіді іскер, қалталы азаматтар
дереу мәселені қолға алып,
аудан орталығындағы О.Баубеков атындағы саябаққа 1 млн
100 мың теңгенің тренажерн
орнатты. Осылайша спортпен
айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастырғысы келген
Г.Н.Зайцева үлкен-кішіге тамаша тарту жасады. Осы қуанышты шараның
ашылу салтанатына Қазақстанның
түкпір-түкпірінде жүрген және
шет елдерде тұрып жатқан сыныптастар
мен
ұстаздары
шақырылыпты.
Кездесудің ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі
Ғ.Омаров барлық түлектерге, олардың ұстаздарына бүгінгі тамаша бастамалары үшін алғыс айтты. Сондай ақ келген қонақтарға ауданның
тұрмыс тіршілігінен, атқарылған
жұмыстардан
С.Ж.Балмағанбетова нәтижелі
мағлұмат берді.
Өз кезектерінде сөз алған СанктПетербург қаласынан келген, 10
«А» сыныбының жетекшісі
болған Вербицкая Наталья Александровна,
Қарағанды
қаласынан келген, 10 «Б»
сыныбының жетекшісі болған
Балмағанбетова
Салтанат
Жұмабайқызы және Шахтинск
Н.А.Вербицкая қаласынан
келген,
10
«Б»
сыныбының жетекшісі болған Зайцева Галина Николаевна осыдан 30 жыл бұрынғы мектептегі
өмірге шолу жасап, бүгінгі бір-бір жанұяның
тұлғасы болып отырған азаматтар мен азаматшалардың балалық шақтағы қызықты сәттерінен
естеліктер айтып, қимас күндерді еске алысты. Жақсы тілектерден соң лента қиылып, спорттық
тренажерларды іске қосып, осы шараға келген үлкенді-кішілі көрермендер жаттығу жасап,
қызықтады.
Өз тілшіміз
ТАҒАЙЫНДАУ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес, партия
Орталық аппаратының 2016 жылғы 16-маусымындағы №ШҚ-2-0518/4639 хаты негіізінде Әсет Жұмажанұлы Аманжолов 2016 жылғы
4-шілдеден бастап “Нұр Отан” партиясы Жаңаарқа аудандық
филиалының төрағасының бірінші орынбасары лауазымына
қабылданды.
Негіздеме: Әсет Жұмажанұлы Аманжоловтың 2016 жылғы 28-маусымы күнгі өтініші, 2016 жылғы 4-шілдеден №157 еңбек шарты.
Әсет Аманжолов 05.03.1985 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Жанұялы. Білімі жоғары. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2006
жыл. «Филология»
факультеті, филолог мамандығы. Жұмыс
тәжірибесі:06.09.2006- 19.02.2009 ж.ж – Жаңаарқа ауданы, Ақтайлақ
негізгі мектебінінің тәрбие ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі; 19.02.2009 – 01.09.2011 ж.ж –Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімінің
бас маманы; 01.09.2011-04.04.2014 ж.ж – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасының ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің бас
маманы; 04.04.2014-01.07.2016 ж.ж. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасының ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің
басшысы. 04.07.2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының
қоғамдық қабылдауында облыстық және аудандық мәслихат
депутаттарының 2016 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына
арналған азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ
№
Депутаттың
п/п
Т.А.Ә
1 Рахимов Рысқали Серікбайұлы
2 Рымбеков Сәулет
3 Орынбасарова Нұргүл Охасқызы
4 Әбілдинов Мейіржан Хәмзеұлы
5 Рахманқұлова Әлия Сахытқызы
6 Мұсаев Төлеубай Қадырұлы
7 Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы
8 Бекежанова Бағдат Шәкарбайқызы
9 Жуанышбаев Жанболат Ондыбайұлы
10 Имантүсіпов Қуат Анасұлы
11 Айтжанов Өмірбек
12 Әбүйіров Жұмаділдә Елеусізұлы
Қабылдау өтетін күн
Әр айдың төртінші сәрсенбісі
Әр айдың сәрсенбісі
Әр айдын бейсенбісі
Әр айдын бейсенбісі
Әр айдың төртінші сәрсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының сәрсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының сәрсенбісі
Әр айдын бейсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының жұмасы
Әр айдын бірінші
аптасының жұмасы
Әр айдын бірінші
аптасының дүйсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының сәрсенбісі
2
Қабылдау уақыты
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
10-00 – 12-00
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы,
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мекен-жайы:
Тәуелсіздік № 3, Байланыс тел: 8 (71030) 2-87-60
Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының және әкім орынбасарларының 2016 жылғы
азаматтарды қабылдаудың қоғамдық қабылдау КЕСТЕСІ
№
1
2
3
4
Аты-жөні,
Атқаратын қызметі Қабылдау күні
Жауапты қызметкер
тегі
Аудан әкімі, «Нұр
Ә.Ж.АманжоловОмаров
Отан» партиясы
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа
Ғабдрахман Жаңаарқа аудандық
аудандық филиалы төрағасының
Игілікұлы филиалының төрағасы Тоқсанына бір рет
бірінші орынбасары
Қожықаев Әлеуметтік мәселелер
Қанат
жөніндегі аудан
Шубайұлы әкімінің орынбасары
Экономикалық
Бекқожин мәселелер жөніндегі
Юржан аудан әкімінің орынбаАсанұлы
сары
Мұқанов
Бақытжан
ТҮКШ мәселелер
Мылтықбай
жөніндегі аудан
ұлы
әкімінің орынбасары
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының
қоғамдық қабылдауында облыстық және аудандық мәслихат
депутаттарының 2016 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына
арналған азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ
№
1
2
3
4
Депутаттың Т.А.Ә
Рахимов Рысқали Серікбайұлы
Рымбеков Сәулет
Орынбасарова Нұргүл Охасқызы
Әбілдинов Мейіржан Хәмзеұлы
5 Рахманқұлова Әлия Сахытқызы
6 Мұсаев Төлеубай Қадырұлы
7 Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы
Бекежанова Бағдат
8 Шәкарбайқызы
Жуанышбаев Жанболат
9 Ондыбайұлы
10 Имантүсіпов Қуат Анасұлы
11 Айтжанов Өмірбек
12 Әбүйіров Жұмаділдә Елеусізұлы
Қабылдау өтетін күн
Әр айдың төртінші сәрсенбісі
Әр айдың сәрсенбісі
Әр айдын бейсенбісі
Әр айдын бейсенбісі
Әр айдың төртінші сәрсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының сәрсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының сәрсенбісі
Әр айдын бейсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының жұмасы
Әр айдын бірінші
аптасының жұмасы
Әр айдын бірінші
аптасының дүйсенбісі
Әр айдын бірінші
аптасының сәрсенбісі
Қабылдау уақыты
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
15-00 – 17-00
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
10-00 – 12-00
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы,
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мекен-жайы:
Тәуелсіздік № 3, Байланыс тел: 8 (71030) 2-87-60
16 шілде 2016 жыл
Мүлікті жария ету дегеніміз не және
ол не үшін жүргізілуде?
Мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан
шығарылған мүліктер мен қаржыларды заңдастыру және жақын арадағы жылдарда табыстар
мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялауға көшуге дайындық кезеңі.
Мүлікті жария етудің осы кезеңі Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап енгізілетін жалпыға бірдей декларациялаудың қарсаңындағы соңғы мүмкіндік.
2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жеке тұлға өзінің «көлеңкелі» жинағын жария етіп
үлгерсе, онда декларациялау кезінде кіріс көзі мен табу жолдары бойынша сұрақтар туындамайды. Ал ол тексеріс барысында анықталып қалса, тиісті шаралар қолданылады.
Жария ету акциясында нені жария етуге болады және қайда жүгінеміз?
Жергілікті атқарушы органдарда - жылжымайтын мүліктер, үйлерді (құрылыстар,
ғимараттар) жариялайды. Құқықтары рәсімделмеген, ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті заңдастыру жергілікті әкімшіліктер жанындағы комиссияға тиісті
құжаттарды және бекітілген нысанға сәйкес өтініш табыс ету арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік кірістер басқармаларында - шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар, шет
мемлекетте тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктерді жария етеді.
Ал ақшаға келер болсақ, ол туралы да бүгінгі күнде туындайтын сұрақтар болады.
Қазақстанға өзінің қаражатын әкелген адамдар заңмен қудаланбайды. Ол салық төлеуін
мүлік ретінде заңдастырады. Ал бизнес үшін жақсы жағы – активтерді кредит алу үшін
қолдануға болады.
Екiншi деңгейдегi банктер - ақша, банкте ашылған ағымдағы шотқа ақша салу және
тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру
арқылы, банк шотына ақшаны салмай жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу
және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру
арқылы заңдастыруға мүмкіндігі бар.
Заңдастыру акциясына қатысудан адамдар өздеріне қандай мүмкіндіктер алады?
Адамдарға объектілерін көрсетіп, өз еріктерімен заңдастыруға мүмкіндік беріліп отыр. Ол
жалпыға бірдей декларациялауға дейін өзінің мүлкін заңдастырғанын көрсете алады.
Біріншіден, ақшасын заңдастырады. Екіншіден, ол мемлекет үшін де экономикалық актив
ретінде пайдасын көрсетеді. Әр азамат өзінің активтерін заңды түрде қолдана алады. Активтер, кірістер, барлығы да елімізге әкелініп, экономикаға салынуы керек, әрі қарай
кәсіпкер болса бизнесін дамыту керек.
Мемлекет бизнестен экономиканың өскенін, жұмыс орнының көбейгенін және салықтардың
түсімдерінің артуын күтеді.
Жекешелендіру мен заңдастыру бұл еліміздің жағдайын жақсарту үшін бағытталған және
алдағы уақытта өзінің оң нәтижесін береді.
Заңдастыру үшін құжаттарды қабылдау уақыты қанша күн ішінде болады?
Жергілікті әкімшіліктерде 30 жұмыс күні ішінде,егер заңдастыруға тапсырылатын құжаттар
дұрыс болса, одан да ерте мерзімде қарастырып бітіре алады. Мемлекеттік кірістер
басқармасында 5 жұмыс күнін қамтиды.
2016 жылдың соңында заңдастыру акциясы аяқталады ма?
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті заңдастыратын адамдар үшін, заңдастырудың соңғы
уақыты 2016 жылдың 30-қарашасында аяқталады. Себебі ар жағында қарастыруға 1 ай қалу
керек. Жылдың соңына дейін шетелдегі мүлік болса, қажетті құжаттарды 5 күннің ішінде
тапсыру керек.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Оқулықтармен қамтамасыз ету
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және ҚР «Білім туралы» Заңына
24.10.2011 жылы енгізілген түзетулерге сәйкес, 2012 жылдан бастап оқулықтарды барлық
оқушыларға тегін беру қарастырылған. Жыл сайын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік және
көркем әдебиетті алуды жоспарлауда білім бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігі
қолдануға ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік және көркем әдебиет тізілімін басшылыққа
алады. Тізімге бір пән бойынша 5-тен аспайтын балама оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер кіреді және оларды білім беру ұйымдарының таңдау мүмкіндігі қарастырады.Нормативтік құжаттарға сәйкес, оқулықтар әр 4 жыл сайын қайта басылады және сол басылған
жылы тиісті сынып оқушыларының барлық құрамына сатып алынады. 2016 жылға 1 және
8-сыныптарға арналған оқулықтар түгелімен қайта басылып шықты. Осыған орай жергілікті
бюджеттен қарастырылған 22460,00тг. қаржыға 24303 дана жаңа оқулық сатып алуға тапсырысты «Атамұра», «Мектеп», «Бөбек», «Макмиллан», «Арман -ПВ», «Білім», «Келешек»,
«Алматы кітап», «Express Publishing» баспаларымен келісім-шарт жасалды. Баса назар аударатын жайт, оқулықтар алдағы оқу жылында пайдаланылатын жаңа оқулықтарды сатып алу
жобасы жасақталып, бұдан бірнеше жыл бұрын басқаша оқушы санымен есептеліп алынған
болатын оқулықтарды оқу жылының аяғындағы оқушы құрамына сай сатып алады.
Оқушылардың артық санына тапсырыс беруге заңнама жол бермейді. Тұрғындардың
демографиялық өсуіне байланысты оқулықтар да жетіспейді, осыған орай оқулықтарға
қосымша тапсырыс берілді. Жыл сайын қаржыландыру көбейсе де барлық оқушыларды
оқулықтармен толық қамтамасыз ету үшін әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты, атааналарға айтарымыз, бұл мәселені тамыз айына қалдырмай, қазірден бастап қолға алғандары
абзал, бұл мәселе алдымен бала баратын мектептің кітапхана қорымен келісілу керек.
Оқулық жеткіліксіз болған жағдайда кейбір сынып оқушыларының ата-аналары
оқулықтарды өздігімен алуына тура келеді. Әр мектепте ақпараттық стенділер жасалған,
қажетті оқулықтар тізімі және оқулықтарды сатып алу туралы дүкендердің мекен-жайы
көрсетілген.
Оқулықтармен тегін қамтамасыз ету мақсатында айырбастауға мүмкіндік беретін «Оқулық»
(«Учебник») электрондық бағдарламасы арқылы барлық мектептер өз қорларындағы
оқулықтар бойынша деректерді енгізді, мектептер арасында өзара оқулықтарды ауыстырып,
бірінің жоғын екіншісі толтырады.
Дегенмен, "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Cол
себепті балалар келешегі үшін бірігіп жұмыс жасайық.
Б.Ташимбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері
16 шілде 2016 жыл
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
ЕСІМІ – ЕлДІҢ ЕСІНДЕ
Адамның бұл өмірде ата-анадан кейінгі ардақтап өтер
адамы ұлағатты ұстазы ғой.
Ұстаз дегенде менің ойыма өмір жолымда өшпес өнегесін
қалдырған ардақты азамат, ұлағатты ұстаз Мәжит
Ақмағамбетов оралады.
Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты
Атасу станциясының сегіз жылдық мектебін өз қолымен
құрып, табаны күректей 37 жыл бойы осы оқу ордасын
біліктілікпен басқарған ардагер азамат еді. Мәжекең мектеп директорлығымен қатар, шәкірттеріне қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінен сабақ берді.
Мәжекеңнің сабақтары өте қызықты өтетін. Ол сынып
оқушылары әрбір шығарма жазған сайын «бес» деген баға
алған шығарманы мағұрланып отырып, мәнерлеп оқып
беретін. Оқушыларды ана тіліміздің асыл байлығын терең
меңгеруге, сөздерді ойната білуге үйрететін.
Ауылымыздың мектебінде оқыған, бүгінде көңіл төріндегі сарғайған сағынышқа айналған
сол бір алаңсыз жылдарда Мәжекеңнің тікелей ықпал етуімен мектебіміздің шағын
кітапханасындағы әдеби кітаптардың барлығын түгелге дерлік қызыға оқып шықтық.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын, Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу»
романын, Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабын, Ілияс Есенберлиннің «Қаһар»,
«Алмас қылыш», «Жанталас» романдарын, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол
жылдар» және «Ақиқат пен аңыз» романдарын, Бауыржан Момышұлының «Москва үшін
шайқас», Қасым Қайсеновтің «Жау тылында», Талғат Бигелдиновтің «Аспандағы айқас»
деп аталатын кітаптарын Атасу станциясы мектебінің 5-8 сыныптарында оқып
шыққанымызды бізбен қатар оқыған қыздар мен жігіттердің кез келгені бекітіп бере алады.
Артына өшпес із қалдырып кеткен ұлағатты ұстаз Мәжит Ақмағамбетов 1931 жылы
Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келген. 20 жасында Қарағанды
педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп шыққан. 1951 жылдың тамыз
айында Қайрақты жеті жылдық мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқытушы және
оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалған.
Арада бір жыл өткен соң әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы азаматтық борышын
өтеп қайтады. 1955 жылдың қаңтар айында Атасу станциясындағы № 135 сегіз жылдық
мектептің директоры болып тағайындалады. Ұлағатты ұстаз, ардақты азамат осы қызметін
1992-ші жылға дейін абыроймен атқарып, жүздеген шәкірттеріне сапалы білім мен саналы
тәрбие берді.
Атасу станциясының мектебінен білім алып шыққан шәкірттер жүрген орталарында беделді
болды. Қаражал қаласы мен Жаңааарқа кентіндегі басқа орта мектептердің ұстаздары, Абай
атындағы Саран педагогикалық училищесінің оқытушылары сол жылдары Атасу
станциясының мектебінен келген балаларды өз сыныптарына алуға ерекше құштар еді.
Бұған өз басымнан өткерген жағдай нақты айғақ бола алады.
Мәжекеңнен өмірлік өнеге мен тағлымды тәрбие алған шәкірттері ұстаз сенімін абыроймен
ақтады. Солардың қатарында заң ғылымының докторы, профессор Жұмаш Қосанов, экономика ғылымының кандидаты, профессор, марқұм Жангелді Бөкенов, заң ғылымының кандидаты Болат Сыздықов, филология ғылымының кандидаты Мейірбек Аманбаев, ауыл
шаруашылығы ғылымының кандидаты Қыдырбай Майхин, Құрманғазы атындағы консерваторияда сабақ берген Бәтура Дүйсембекова, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары
қызметін абыроймен атқарған ардагер азамат Бейбіт Хасенов, ішкі істер қызметінің ардагерлері, запастағы полиция подполковнигі Жомартхан Бейсембаев, запастағы полиция капитаны Жұмахан Батталов, Қарағанды теміржол бөлімшесінде жауапты басшылық қызмет
атқарып жүрген Мұқан Акпаров, Қарағанды қаласындағы музыка мектебінің директоры
Бектөре Бөкенов, Атасу станциясы мектебінің директоры Бекетай Сайманов, Жезқазған теміржол станциясы бастығының орынбасары Асылхан Ермекбаев, «Қарамұрын» теміржол
станциясының бастығы Нұрлыхан Бейсембаев, «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық
филиалының директоры Жанбота Бөкенов, шаруасы шалқыған жеке кәсіпкерлер Марал Бейсембаева, Самат Кадрин және тағы да басқа бірқатар елге танымал азаматтарды ауыз толтыра атап айтуға болады.
Олардың арасында ұстаз да, заңгер де, дәрігер де, журналист те, теміржолшылар да,
кәсіпкерлер де бар. Аядай ғана Атасу ауылы осы аты аталған перзенттерін ерекше мақтан
етеді. Ал олардың осындай абыройға жетулеріне еңбек ардагері Мәжит Ақмағамбетов
бастаған Атасу станциясы мектебінің ұлағатты ұстаздарының еңбегі ерен еді. Ұстаз үмітінің
ақталғаны, еңбегінің өтелгені осы емес пе?
Мәжекең өзінің ұстаздық қызметімен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты.
Ауылдық кеңестің депутаты болып сайланды, мұғалімдердің аудандық, облыстық және
республикалық конференцияларына бірнеше мәрте делегат ретінде қатысты. Адал еңбегі
лайықты бағаланып, республика халық ағарту ісінің үздік қызметкері атанды. «Еңбек ардагері» медалімен, Оқу министрлігінің Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұлағатты ұстаздығымен қатар Мәжекең үлкен отбасының үлгілі отағасы болды. Өмірлік
жұбайы Ғалия Үсенқызы екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Ұстаздық қызметке
қанымен де, жанымен де берілген абзал әке бұл мамандықты өзгеше пір тұтып, өз
балаларының да бойына дарытты. Содан да болар, қыздары Ақшагүл, Алмагүл, Бағлан,
Сымбат әке жолын қуған ұлағатты ұстаздар атанды.
Амал нешік, Мәжекеңнің азамат ұлдары Жанайдары мен Бегайдарының өмір жолы тым
ерте тұйықталды. Көңілге бір медеу болары сол, олардың артында ұрпақтары қалды. Ал
Мәжекеңнің аузынан түскендей әкесінен айнымайтын Жанбегі бүгінде осы үлкен әулеттің
көшін бастап, салиқалы азаматқа айналды. «Орнында бар оңалар» деген осы да!
Ұлағатты ұстаз, абзал азамат, еңбек ардагері Мәжит Ақмағамбетовтің өмірден өткеніне де
бірталай жылдың жүзі болды. Күн артынан апта, апта артынан айлар мен жылдар сынаптай
сырғып, өтіп жатыр.
Уақыт деген шіркінге не дауа бар екен? Мен оқыған сыныптың да Атасу станциясының
мектебін бітіргеніне табаны күректей 40 жыл болыпты! Алайда, қанша уақыт өтсе де,
ұлағатты ұстаз Мәжит Ақмағамбетовтің өнегелі тәрбиесі мен берген білімі бұл күндері
жүздеген шәкірттерінің жүректеріне шапағат шуағын шашып келеді.
Бала жанының бағбаны ретінде елдің есінде қалған ардагер азаматтың ардақты есімі мен
нұрлы бейнесін Жаңаарқа ауданының жұртшылығы мен Атасу станциясының тұрғындары,
Мәжекеңнің шәкірттері ешқашан ұмытпайды. Себебі ол – өзінің адал еңбегімен туған
халқының көңілінің төрінен ойып тұрып орын алған ардақты азамат.
Төлеубай ЕРМЕКБАЕВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
3
ЕСКЕ АлУ
Жаңаарқа ауданының тұрғыны,еңбек ардагері, арқа сүйер азамат
Тұрсынов Файзрахманның дүниеден өткеніне 31 шілдеде 40 күн толады. Адал еңбегімен,биік адамгершілік қасиеттерімен елге
сыйлы,жүрген жерінде беделді болды. Файзекең 1969-1973 жылдары
ПМК -1105 Карагандасельстройда
есепші,1975-1987 жылдары
ауданаралық құрылыс жөндеу бөлімшесінде басшы ,1988-1990 жылдары ПМК -77 есепші, 1990-1995 жылдары АТП да есепші, 1996-2000
жылдары шаруа қожалығында есепші қызметтерін атқарды.2000 жылдан бастап 2013 жылға дейін аудандық мұрағаттың басшысы қызметін
атқарды. Біз осы кісімен бір мекемеде ұзақ жылдар қызмет етіп, білгір
маман ретінде тәлім-тәрбиесін көріп, тәжірибе жинақтадық. Ардақты азаматты еске алып бір Алладан иман тілеп, жатқан жері жәйлі, топырағы торқа болсын деп
аруағына дұға бағыштаймыз.
Еске алушылар: Айдос – Назым, Ғалия, Ғайша, Гүлім, Қайыржан, Өркен, Адина,
Думан
ЕСКЕ АлУ
Ералиев ауылының тұрғыны, аяулы да ардақты ана, асыл әже
Байдулатқызы Қамардың дүниеден озғанына 28-шілдеде жыл толады. Ардақты жанның аяулы бейнесі ақыл-кеңесі, аялы алақаны
мәңгі жадымызда сақтаулы. Қадірлі де қымбатты жанды сағына
еске аламыз.
Байқалмай өтеді екен өмір деген,
Өткені өмір көшпен білінбеген.
1 жыл болды асыл жанның жоқтығына,
Көрінбей жарқын жүзі күлімдеген.
Жыл өтті өзің жоқсың арамызда,
Басыңа қол жаямыз барамыз да.
Алланың жазуына көнбес жан жоқ,
Елеспен көңілдегі қаламыз да.
Еске алушылар: Әтір, Батыр, Ғалым-Бақыткүл, Жақас-Бану, Аманкелді-Жанна,
Ғалия, Әлия немерелері-жиендері.
16-шілде күні анамыздың қайтыс болуына жыл толуына орай Ералиев ауылында
ас беріліп, құран бағышталады.
ЕСКЕ АлУ
Ауданымыздың тұрғыны, асқартау әке, ардақты ата, қамқор жар
Әлиханов Ғабдулланың (Кабдеш) арамыздан алыстап, бақилық
болғанына 10 жыл толды. Өмірден ертерек өткен әкеміздің соңында
қалған біздер әке салған сүрлеумен өсіп-өніп ержеттік. Әкеміздің
мейірімді жүзі, ақыл-кеңесі біздің мәңгі жүрегімізде. Қорғанымыз
әкемізге деген сағыныш ешқашан үзілген емес. Оның жарқын бейнесі үнемі жадымызда.
Ардақ тұтқан асыл ер, азаматым,
Жадымызда сақталар адал атың.
Осы он жылда балаларың ер жетіп,
Орындалды әкетай аманатың.
Өзіңізсіз өтті айлар, өтті жыл,
Айтылмастан кете барды талай сыр.
Жайлы болсын мәңгі тұрақ жайыңыз,
Қабіріңді аяласын шуақ-нұр.
Еске алушылар: жұбайы-Жаңылсын, бауырлары, балалары: Аңсаған, ЖанботаРоза, Жанболат-Мақпал, Ерболат-Айдана, Бекболат, немерелері.
Әкеміздің қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай 22-шілде күні сағат 14.00де «Диас» тойханасында ас беріліп, құран бағышталады.
ЕСКЕ АлУ
Ауданымыздың тұрғыны, бауыр ет бала, қимас бауыр, сүйікті жар,
ардақты әке Мақсат
Қайырбекұлы Рысқұловтың өмірден
өткеніне ай болды. Айналасын шуақ мейрімге бөлеп, бәріміздің
көңілімізге қарайтын аңғал бауырымыздың артында аңырап анасы,
адал жары, балалары мен бауырлары қалды. Небары үш мүшел
жас жасап, аққан жұлдыздай өмірден өтіп кеткен бауырымыздың
жарқын бейнесі біздің мәңгі жадымызда. Оны әрқашан сағына
еске алып, дұға бағыштаймыз. Жатқан жері жайлы, топырағы
торқа болсын.
Өмір барда өлім бар тірі жанға,
Ажалға қарсы тұрар адам бар ма?
Қара жерге қимайтын құлын едің,
Әттең-ай, Алла ісіне амал бар ма?
Нұры жауған Алланың құлы едің,
Елден ерек ақкөңіл ұлы едің.
Жаннан артық көретін жан әкешім,
Жайлы болсын жұмақта жатқан жерің.
Еске алушылар: анасы-Күлаш, ағалары - Қайрат, Дулат, бауырлары, жұбайы-Альфия, балалары-Нәби, Мәлика
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 23-шілде күні сағат 13.00де халық мешітінде ас беріліп, құран бағышталады.
КӨҢІл АЙТУ
Аудан әкімдігі ауданымыздың қарт тұрғындарының бірі, батыр ана Гүлшәйім
Аханайқызының қайтыс болуына байланысты марқұмның балаларына, бауырларына,
туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудан әкімдігі зейнетақы төлеу орталығының басшысы Әсем Дәрібаеваға туған жеңгесі
Қалиаш Собетқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудан әкімдігі “Жанбаба” шаруа қожалығының жетекшісі Әбдірахманов Файзуллаға бауыры Әбуәлидің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық білім беру бөлімі мен кәсіподақ ұйымы және Талдыбұлақ ЖОББМ
педагогикалық ұжымы осы мектептің жұмысшысы Қарлыға Айтбаеваға жұбайы
Әбуәлидің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Еңбекпен есейген азамат
Аймағымыздың ауыл шаруашылығының өркендеуіне зор үлес
қосқан, киелі Жаңаарқа өңіріне танымал, еліне елеулі
азаматтардың бірі - Қали Айнабеков 70 жастың белесіне
шықты.
Қали Айнабекұлы 1946 жылдың 24-қазанында, Жаңаарқа
ауданының орталығы, Атасу кентінде дүниеге келген. Ұлы
Отан соғысынан кейінгі күйзелген ел тұрмысының енді ғана
түзеле бастаған кезі. Соғыс жылдарының әкелген зардабы бұл
отбасын да айналып өтпеген. Қали екі жасында әкесінен айырылады. Әкесі Айнабек кезінде сол елге белгілі, темірден
түйін түйген әйгілі ұста екен. Ауыл адамдары тұрмысқа
қажетті бұйымдарын, арба, ат әбзелдерін жасатып алады екен.
Істеген жұмыстары сапалы болған. Сұраған адамға
көмектесетін, ауылдастарына сыйлы, адамгершілігі зор кісі
болған.
Ерінен екі қыз, бір ұлымен қалған анасы - қайратты, ер мінезді адам еді. Ол кездегі
аналардың мықтылығына таң қалуға болмайды. Тағдырдың ауыр тауқыметін тартса да балаларын ел қатарлы қылып өсірді. Текті жерден текті бала шықса керек, Қали жасынан намысшыл, алдына қойған мақсатын орындайтын, үлгілі бала еді. Ана сенімін ақтады.
Атасу орта мектебін бітірген Қали еңбекке жастай араласты. Аялы алақанына салып өсірген
қарт анасының қасында болып, көмектеседі. Бірер жыл өткеннен кейін анасының
рұқсатымен Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылық институтына келіп оқуға түседі.
"Баламды ертерек үйлендіріп, немере сүйем" - деген ана тілегін де орындайды. Институтта
оқти жүріп, өзімен мектепте бірге оқыған қызбен отау құрады. Жары - Әзима Күлкенқызы
да осы институтта оқитын.
1971 жылы айтылған институтты "Зоотехник" мамандығы бойынша бітірген Қали жолдамамен сол кездегі "Красная поляна" совхозының бөлімше зоотехнигі болып орналасады.
Алғашқы күндерден бастап, жас маман өзінің еңбекқорлығымен таныла бастайды. Екі жылдан кейін табысты еңбегімен көзге түскен, қажырлы Қалиды Жаңаарқа ауданындағы
Бидайық совхозының бас зоотехнигі қылып тағайындайды. Қайда жүрсе де, еңбек десе ерінбейтін, өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен, тиянақты атқаратын Қали Айнабекұлы
1981 жылы Дружба совхозына директор болып тағайындалады. Дружба совхозы мал
шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығымен де айналысатын. "Жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын" - дейді халқымыз. Осы жылдары ел тізгінін ұстаған Қалекеңнің
басшылығымен совхоз ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде өте жоғары көрсеткіштерге
жетті.
Еңбек адамдарының мұң-мұқтажына қарасып, оларға дер кезінде қол ұшын беруі Қалидың
басты қағидасы болды. Осындай істері оны көпшіліктің құрметіне бөледі. Уақытпен санаспай, керек кезінде күндіз-түні жұмыс басында болатын. Әсіресе күзгі егін алу науқанында
совхоз басшысы комбайыншылар мен механизаторлардың арасында болатын.
1992 жылы Қали Айнабекұлын Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары етіп тағайындайды.
1995 жылы дағдарыс кезінде тұралап қалған, өзі басшы болған Дружба ауылына әкім
қызметіне жіберіледі.
1999 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Қарағанды облысы бойынша борышкерлермен
жұмыс жүргізетін мемлекеттік департаменттің конкурстық басшарушысы болып қызмет
атқарды. Еңбектегі табыстары үшін ауыл шаруашылығы министрлігінің, Совет
министрлігінің грамоталарымен марапатталады. Бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты
болып, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. Сондай-ақ, Мәскеуде, Алматыда,
ВДНХ-ның грамоталарымен марапатталды. Еңбекпен есейген азамат атақ-даңқ қумаған жан.
Бүгінде Қали Айнабекұлы жан жары Әзима Күлкенқызымен мәуелі бәйтеректей, төрт ұлды
ұяға қондырып, немере өсіріп отырған ата-әже. Осындай отбасында тәрбиеленген, саналы
балалары қоғамдағы барлық салаларда лауазымды қызмет атқарып жүр.
Әлкен Байбурин, еңбек ардагері
Ауылдағы айт мерекесі
Барша әлем мұсылмандары қасиетті Рамазан айында Алла
тағаланың разылығы жолындағы ғибадаттарын жасап, парыздарын
орындап, аман-есен жылдың ең ұзақ күн мерзіміне келетін 29
күндік оразаларын бекітіп болды. Аталған қасиетті мереке Байдалы би ауылында асқан маңыздылықпен аталып өтті. Таңғы сағат
8 де жаңадан бой көтерген ауыл мешітінде мұсылман ережелеріне
сай Айт намазы оқылып, дұғалар айтылып, айт мерекесінің
маңыздылығы туралы хадистер айтылды. Мерекелік шара ауыл
жастарының ұйымдастыруымен және ауыл әкімшілігінің
қолдауымен жасалған мерекелік шараға ұласты. Мерекелік шараға
ауыл ақсақалдары, мектеп жасындағы балалар, ауыл тұрғындары
шақырылды. Шараны ауыл ақсақалы, мұсылмандық тәрбие беру
ісінің жалғастырушысы, тәуелсіздік жылдарынан бергі
ауылымыздағы ислам мәдениетін қалаушылардың бірі Төлеубай
ақсақал ашып, жиынға қатысушыларды құттықтап, имандылықтың адамзат баласының
өміріндегі маңызы мен парыздылғы туралы тәрбиелік мәні зор сөздерін айтып, өскелең
ұрпақтың рухы имандылықтан басталуын тіледі.
Одан кейін сөз алған ауыл мешітінің имамы Мақсат Сапышұлы ауыл тұрғындарын, 29 күнге
созылған Рамазан айындағы ораза ұстап, ғибадат етуші азаматарды құттықтап, оразаның
маңыздылығы жайында хадистер айтып, тұрғындарды имандылық жолында аянбай
құлшылық етуге шақырды. Сонымен қатар осы игі іс-шараны ұйымдастырушы жастарға
шексіз риза екендігін білдірді. Өз кезегінде сөз алған ауыл әкімі аппаратының маманы
А.Қыдыралин құттықтау сөзімен қатар ауылдағы ислам дінін қолдау бойынша атқарылып
жатқан игі істерді атап өтті.
Мешіттегі ғибадат етуші жастардың ұйымдастыруымен театрландырылған қойылым өтіп,
Абайдың имандылық жөніндегі «Қара сөздері» оқылып, рухани маңызы зор әндер айтылды.
Мерекелік іс-шараның екінші бөлімі ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстарға ұласты. Сайыстар жас ерекшеліктеріне байланысты өткізілді. 14 жасқа дейінгі балар асық ату, арқан
тартыс сайыстарына қатысса, үлкендер кір тасын көтеру (24 кг), желке тартыс, арқан тартыс,
қол күресі (армрестлинг) сайыстарында өз бақтарын сынады. Сайыс жеңімпаздары естелік
сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ұйымдастырылған шара ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, алғысқа кенеліп,
ақсақалдардың батасына ие болып жатты.
Баспасөз қызметі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Ауданымыздың тұрғыны, аяулы әже, қамқор жар, ардақты ана
Садықбекова Айтбала Жампейісқызы 20-шілде күні 60 жастың
асуына шығады. Мерейтой иесін, үйіміздің береке-шуағын, аяулы
жанды туған күнімен құттықтаймыз. Ұлықты ұл, қылықты қыз
өсіріп, олардың білімді де білікті маман болуына атсалысқан
қамқор көңіл аяулы жанға бар жақсылықты тілейміз. Сүйікті
де сүйкімді балаларының, балдан тәтті немере-жиендерінің
қызығын көруді Алла нәсіп етсін. Арамызда атқан таңдай арай
төгіп жүре берсін демекпіз. Аудан халқына қызмет етіп, жасап
жатқан кәсібіңіздің жемісін көріңіз.
Бірге жүзіп, қол ұстасып келесіз,
Жақсылықтың дәнін әркез себесіз.
Алла қолдап, келін сүйіп көрікті,
Немеренің қызығын да көресіз.
Сыйлы болып, ағайынмен жолдасқа,
Арамызда көшбасшы боп жол баста.
Әр жыл тойлап туған күнді әкеммен,
Аман- есен жетіңізші 100 жасқа.
Игі тілекпен: жолдасы-Өмірзақ, балалары, күйеубаласы, жиендері.
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданы, М.Жұмажанов ауылының тұрғыны, жиендерінің
сүйікті атасы Иманбеков Қайрат Жаңбырбайұлын 18-шілде күні 50
жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Осы мерейлі жаста
бай-қуатты өмірдің көші жалғаса берсін, дархан көңіліңізге кірбің
түспей, ортамызда төріміздің сәні мен мәні болып жасай беріңіз дейміз!
Ал, Аға, құтты болсын 50 жасың,
Әр уақытта домалап өрге тасың.
Ұшырған бәрімізді осы ұядан,
Әрдайым аман болсың алтын басың.
Шаңыраққа ие, біздерге аға болар,
Ағасы бардың дейді жағасы бар.
Өткізіп өміріңді қызықпенен,
Келешекте қосағың мен қоса ағар.
Айтарымыз ақ шашты апамызға,
Мерейтой куәгері болыңыз да.
Осындай қызықтарға куә болып,
Жүре бер әрдайым ортамызда.
Ақ тілекпен құттықтаушылар: қарындасы - Айжан, жиендері - Нұрдәулет, Бекзат,
Жансая, келіні - Айнұр, жиеншарлары - Нұрасыл, Нұрай, Айару, Мадияр, Данияр.
«Алғыс» эстафетасы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылдың 1-наурызын «Алғыс айту» күні етіп бекіткен
болатын. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ елінің басынан өткен небір нәубеттерде
ұлтымыз өзге ұлыс пен ұлттардың өкілдеріне қамқорлық танытып, құшақ жая қарсы
алды. Олардың өсіп-өркендеуіне, еңбек етуіне, оқып білім алуына жағдай жасады. Бұл
алғыс айту қиналғанда құшақ жая қарсы алып, бауырына басқан біздің елімізге
деген өзге ұлттардың ризашылығы мен рахметі. Мәңгілік елдің саясында бейбіт
өмір кешіп жатқан біздің ауданымызда да өзге ұлт өкілдері жетерлік.
Жақында аудандық «Модуль» спорт кешеніне жиналған спорт сүйер қауым «Алғыс»
эстафетасын бір кісідей қарсы алды. Осы эстафетаны бастап келген Теміртау қалалық
жүзу мектебінің директоры, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбекеева
Сағат Ибрагимова ақ тілегін білдіріп, эстафетаның «Алғыс» кітабына қолтаңба
қалдыруды өтінді. Аудан әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев жиналған көпшілікті
айтулы мерекемен құттықтады. Келесі кезекте «Алғыс» кітабына спорт ардагері Ә.Майшин, КСРО спорт шебері, жаттықтырушы, аудандық жасөспірім спорт мектебінің директоры С.Тынысбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.Барменов өз пікірлерін
жазып, қолтаңба қалдырды. Спорт кешеніне жиналған жазғы сауықтыру орталығының
оқушыларының арасында көңілді старт ойындарының жарысы басталды.
Өз тілшіміз
Продается
Продам жатку прицепную ЖВП-6.4 2008 г\в ; грабли, сенокосилки "Шумахер" . КУНы
новые Россия. Рассрочка. Тел.: 8 7028491110 ; 8 7713580031
Айырбасталады
Балабақсы көшесінде орналасқан жеке үй 3 бөлмелі пәтерге айырбасталады. Пәтер
мүмкіндігінше Мектеп орамы немесе аурухана маңайында болса.
Телефон: 2-74-75, 87013818065
Жұмысқа шақырамыз
«Әсем Қазақстан» компаниясы жұмысқа шақырады. «Аяжан» сауда үйі.
Тел: 87770494724; 87009849252.
Жарамсыз
Ақтау орта мектебінің 1979 жылғы түлегі Аманова Балбала Қауановнаның атына
берілген №167 білім аттестатының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
*****
Агазова Кульбагила Каимолдиевна Байдалы би көшесіндегі №7 үй, 2 пәтерді (жалпы аумағы
104,8 ш. м. кадастрлық номері ЗУ 09-104-002-752, ПО 09-104-002-752:1) Абишева Айгуль
Кенесовнаға сыйға тарту туралы 14.06.2006 жылы берілген №3769216 келісім шарты
жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын. Аталған келісім шарт жеке нотариус Жолдаспаева Шолпанда жасалған.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1157 дана
Тапсырыс №33
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
53
Размер файла
6 625 Кб
Теги
33qxp, газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа