close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 34qxp Жанаарка газеті

код для вставкиСкачать
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының
қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мемлекеттік мекеме
басшыларының 2016 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына арналған
қабылдау кестесі
№
1
2
3
4
Мекеме атауы,лауазымы
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-басшысы
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы
бөлімі» ММ-басшысы
«Жаңаарқа ауданының білім беру бөлімі»
ММ-басшысы
Қабылдау уақыты
Әр айдың төртінші сейсенбісі 16-00 – 17-00
Әр айдың үшінші
сәрсенбісі 16-00 – 17-00
Әр айдың төртінші сейсенбісі 16-00 – 17-00
Әр айдың екінші
сәрсенбісі 16-00 – 17-00
Т.А.Ә
Аманжолов Әсет
Жұмажанұлы
Ибраева Шолпан
Қалуқызы
Жылқыбаев
Амангелді
Аштаев Тілеш
Бейсенбайұлы
«Жаңаарқа ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі»
Әр айдың үшінші
Бөгенбаев ЖанММ-басшысы
сәрсенбісі 16-00 – 17-00 гелді Тлектесұлы
Әр айдың үшінші
Дәрібаева Әсем
6
«Жаңаарқа МЗТО» басшысы (келісім бойынша) сәрсенбісі 16-00 – 17-00
Құсайынқызы
Әр айдың екінші жұмасы
Ахметов
«Жаңаарқа ауданының ауылшаруашылығы және
16-00 – 17-00
Дүйсенбек
7
ветеринария бөлімі» ММ-басшысы
Сәрсекұлы
«Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі»
Әр айдың екінші
Хамзе Шолпан
8
ММ-басшысы
дүйсенбісі 16-00 – 17-00
Қошанқызы
«Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы» ММ- Әр айдың үшінші бейсенӘбдіразақов
басшысы (келісім бойынша)
бісі 16-00 – 17-00
Әбдіқадыр
9
Қаураұлы
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
Әр айдың үшінші жұмасы Тоқанова Венера
10
орталығы» КММ-басшысы
16-00 – 17-00
Ералықызы
«Жаңаарқа ауданының салық басқармасы» бас- Әр айдың үшінші сейсен- Қасымжанов Жана11
шысы (келісім бойынша)
бісі 16-00 – 17-00
бек Оралбекұлы
«Жаңаарқа ауданының Орталық ауруханасы»
Әр айдың бірінші сейсен- Кұлмағанбетов
12 КММК басшысы, бас дәрігер (келісім бойынша)
бісі 16-00 – 17-00
Серік Әуезханұлы
5
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы, Қоғамдық қабылдау
бөлмесінің мекен-жайы: Тәуелсіздік № 3, Байланыс тел: 8 (71030) 2-87-60
Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының және әкім орынбасарларының 2016 жылғы
азаматтарды қабылдаудың қоғамдық қабылдау КЕСТЕСІ
№
1
2
3
4
Аты-жөні,
Қабылдау
Атқаратын қызметі
Жауапты қызметкер
тегі
уақыты
Аудан әкімі, «Нұр
Омаров
Отан» партиясы
Ғабдрахман Жаңаарқа аудандық
Игілікұлы филиалының төрағасы
Қожықаев Әлеуметтік мәселелер
Қанат
жөніндегі аудан
Шубайұлы әкімінің орынбасары
Экономикалық
Бекқожин мәселелер жөніндегі
Юржан аудан әкімінің орынбаАсанұлы
сары
Ә.Ж.АманжоловМұқанов
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа
аудандық филиалы төрағасының
Бақытжан
ТҮКШ мәселелер
Мылтықбай
жөніндегі аудан
бірінші орынбасары
ұлы
әкімінің орынбасары Тоқсанына бір рет
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының
қоғамдық қабылдауында аудандық Мәслихат депутаттарының
2016 жылдың тамыз айына арналған азаматтарды қабылдау
КЕСТЕСІ
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Депутаттың Т.А.Ә
Рахимов Рысқали Серікбайұлы
Рымбеков Сәулет
Орынбасарова Нұргүл Охасқызы
Әбілдинов Мейіржан Хәмзеұлы
Рахманқұлова Әлия Сахытқызы
Мұсаев Төлеубай Қадырұлы
Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы
Бекежанова Бағдат Шәкарбайқызы
Жуанышбаев Жанболат Ондыбайұлы
Имантүсіпов Қуат Анасұлы
Айтжанов Өмірбек
Әбүйіров Жұмаділдә Елеусізұлы
Қабылдау өтетін күн
Қабылдау уақыты
3 тамыз
5 тамыз
8 тамыз
10 тамыз
12 тамыз
15 тамыз
17 тамыз
19 тамыз
22 тамыз
24 тамыз
29 тамыз
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
15-00 – 17-00
11-00 – 13-00
10-00 – 12-00
15-00 – 17-00
10-00 – 12-00
10-00 – 12-00
15-00 – 17-00
11-00 – 13-00
16-00 – 18-00
1 тамыз
16-00 – 18-00
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы,
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мекен-жайы:
Тәуелсіздік № 3, Байланыс тел: 8 (71030) 2-87-60
№34 (9764), 23 шілде, 2016 жыл
МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ
Бағымсыз мал – оңай олжа
Ауданымызда мал ұрлығына қатысты қылмыс өршіп тұр. Бұл жағдай аудан прокуратурасын
аландатуда. Соған байланысты, аудан прокурорының төрағалығымен 27 маусым күні
аудандық әкімшіліктің ғимаратында ведомствоаралық жиналыс өткізілді.
Онда, аталған санаттағы қылмыстардың алдын алу үшін бірнеше тапсырмалар берілді. Кент,
ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті полиция қызметкерлеріне өзара бірлесе
жұмыстар атқарып, ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарымен кездесу өткізуді
ұйымдастырып, малдарды қараусыз қалдырмау сондай-ақ, малдары жоғалған жағдайда
қылмыскердің ізін суытпай дереу ауылдық округтің әкімшілігіне немесе жергілікті полиция
қызметкерлеріне хабарлау туралы түсіндіру тапсырылды.
Статистикалық мәліметке тоқтала кетсек, Жаңаарқа аудандық ішкі істер бөлімінің сотқа
дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне мал ұрлығы бойынша 2015 жылдың 6 айында
2 қылмыс тіркелсе, ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде 18 қылмыстық іс тіркелген.
Дәлірек айтқанда, (Атасу кентінің басында – 2, Түгіскен ауылдық округінде - 3, С.Сейфуллин ауылдық округінде - 3, Қараағаш ауылдық округінде - 2, Жұмажанов ауылдық округінде
– 2, Байдалы би ауылдық округінде - 1, Ералиев ауылдық округінде – 1, Целинный ауылдық
округіне қарасты Ақшағат елді мекенінде – 1, Ақтүбек ауылдық округіне қарасты Манақа
бөлімшесінде- 1, Байдалы би ауылдық округіне қарасты Ескене бөлімшесінде – 1, Ақтасты
ауылдық округіне қарасты Алғабас бөлімшесінде– 1) тіркелген. Мал ұрлығының өсу себебі, мал иелерінің өз малдарын бағусыз қалдыруларынан орын алған.
Негізінен, аудан көлеміндегі мал ұрлығының басым көпшілігі жылқы малдарына қатысты
орын алған. Жылқы малының жүрісі жылдам және желдің бағытына қарсы жайылып, жайылым жерін тез өзгертуіне байланысты үнемі бақылауды қажет етеді. Сондай-ақ, базарлық
құны қымбат болғандықтан қылмыскерлерге жылқы малын ұрлау тиімді.
Алайда, малы жоғалған жәбірленушілер, алғашында өз күштерімен іздеп, кейін таба
алмағаннан кейін барып, ішкі істер бөліміне жүгінеді. Бұл аралықта қылмыскерлер ізін суытып үлгереді және ішкі істер бөлімімен қылмысты ашуға қиындық туғызады.
Көп жағдайларда жәбірленушілер, мал ұрлаған қылмыскерлерді «бір тұяққа – төрт тұяқ» деп, жәбірленушіге қылмыскер тарапынан шығын өтелген уақытта, қылмыскерлерді кешіріп, ал қылмыскер болса қылмыстық жауапкершіліктен босатылып кетеді.
Нәтижесінде, қылмыстық жауапкершіліктерден құтылып, тиісті жазаға тартылмаған
қылмыскерлер, кейін тағы да қайталап қылмыстар жасайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, халыққа құлақ қағыс ретінде айтарым, егер
жәбірленуші қылмыскерді кешірмей, қылмыскерге қатысты іс сотқа дейін барған жағдайда,
қылмыскер қылмыстық жауапкершіліктің зардабын сезініп, жасаған қылмысына өкінуі
мүмкін. Бұл қылмыстың азаюына ықпалын тигізер еді.
Сондықтан, адал еңбекпен бағып өсірген малды, ұрылардың оңай олжа ретінде пайдалануларына жол бермеуіміз қажет екенін назарымыздан тыс қалдырмайық.
А.Әділханов,
Жаңаарқа ауданының прокуроры
әділет кеңесшісі
Жазғы дала жұмыстары науқанындағы
өрт қауіпсіздігі
Қазіргі уақытта шаруа қожалықтары және жекелеген азаматтар қысқы мал азығын дайындау
жұмыстарына қолда бар техникаларын дайындап, дала жұмыстарына кірісіп те кетті.
Өкінішке орай кейбір азаматтар және шаруа қожалықтарының жетекшілері дайындық кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға немқұрайлы қарайды. Дала өрттерінің арты орны толмас
шығындарға әкелетіні белгілі. Сондықтан жазғы дала жұмыстарына жұмылдыратын техника
иелеріне төмендегідей кеңестерді және ережелердің талаптарын жеткізуді жөн көрдік.
Жазғы дала жұмыстарына кіріспес бұрын жұмылдырылатын техникалар техникалық
байқаудан өтуі керек. Механизаторлар, трактористер және жұмыскерлер арнайы бағдарлама
бойынша өртке қарсы нұсқауды өту керек. Жинау агрегаттары және дала жұмыстарына
лайықталған техникаларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау керек. Әр техника бірлігіне 2 өрт сөндіргіш, 2 шапалақ, 2 күрек, 2 сыпырғыш, көлемі 1,5х 1,5 киіз немесі
брезент. Бұдан бөлек әр шаруа қожалығында жазғы дала өрттеріне қарсы ерікті өрт сөндіру
құрылымдарын ұйымдастырып өрт сөндіруге лайықталған техникаларға өрт бола қалған
жағдайда тиісті жанар жағар маймен қамтамасыз ету керек.
Бұл шаралар орындалмаған жағдайда арнайы рейдтік тексерістер жүргізіліп дала
жұмыстары тоқтатылып кінәлі тұлғаларға заңдылыққа сай тиісті шаралар қолданылатын
ын ескертеміз.
Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайларды
алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы
ХАБАРЛАМА
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, салымшылар
(алушылар) үшін байланыс орталығына қоңырау шалатын 1418 қысқа нөмірін іске қосты.
Енді БЖЗҚ салымшылары (алушылар) күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін қысқа әрі тез
жатталатын нөмірді тере отырып, қорға қоңырау шалып, өздеріне керекті барлық сұрақ бойынша кеңес алатын болады. Осы нөмірге ҚР кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегін әрі
қолжетімді.
“БЖЗҚ” АҚ баспасөз орталығы
Депутаттардың жұмысы басты назарда
2
20 шілде күні «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалында аудандық Мәслихат депутаттарымен жиналыс болып өтті. Жиналысты «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары Ә.Ж.Аманжолов ашып, жүргізіп отырды. Шара барысында Жаңаарқа аудандық
Мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жұмысы туралы, алдағы уақыттағы мақсат пен міндеттер, аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдау өткізу жұмыстарын пысықтау, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және аудандық филиалдың партиялық бақылау
комиссия төрағалығына үміткерлерді анықтау секілді өзекті мәселелер қаралды. Фракция жұмысы туралы
оның жетекшісі Ж.С.Рыспеков, аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Қ.Қ.Матин баяндама жасап,
алдағы уақыттағы іс жоспарларымен таныстырды. Партия халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір іспеттес. Бұл тұрғыда партия атынан сайланған депуттаттардың атқарар жұмысы мен қосар үлесі зор.
Сондықтан да, депуттаттардың өткізетін қоғамдық қабылдауы қағаз жүзінде қалмай, шынайы жұмыс жүргізіп,
тұрғындардың әр түрлі мәселелерін шешуге, олардың ұсыныс-пікірлерін тиісті деңгейде ескерілуіне жұмыс
жасауы қажет. Аудандық партия филиалының алдағы қойған негізгі мақсатының бірі партияға деген халықтың
оң пікірін қалыптастыру, оның имиджін көтеру, аймақ дамуына серпін беру. Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясы
жұмысын күшейтіп, өз деңгейінде жұмыс жасауы керек. Жиналыс барысында осы бағыттағы жұмыстар қызу
талқыланып, депутаттар тарапынан түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.
“Нұр Отан” партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы
СОТ ЗАЛЫНАН
Қылмыстық жазаға тартылды
Жаңаарқа аудандық сотында ҚР ҚК 346 б. 1 б. бойынша қылмыстық әрекет жасағаны яғни көлік құралдарын
басқару құқығынан айырылған, алкогольдік күйдегі адамның көлік құралын басқаруы туралы қылмыстық
теріс қылық жасаған үшін А.Б.деген тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Жаңаарқа аудандық сотының
10 шілде 2014 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 467-бабының 3-бөлігімен 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, 30 мамыр 2016 жылы сағат 20.30 шамасында Жаңаарқа ауданы Атасу кенті Жамбыл көшесінде Ваз-2106 маркалы мемлекеттік нөмірі 781 CHА
09 автокөлігін алкогольдік мас күйінде басқарған. Сот тергеуінде сотталушы А.Б. өзіне тағылған айыпты
толығымен мойындап, аудандық сот қаулысымен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан
айырылғанын, соған қарамастан жолдасы К.Ж. үйінің жанында тұрған Ваз-2106 маркалы мемлекеттік нөмірі
781 CHА 09 автокөлігін теуіп кетіп, содан кейін өзін полиция қызметкерлері тоқтатқандықтарын; автокөлікті
басқарар алдында алкогольдік ішімдік ішкендігін; өзінің тарапынан заң бұзушылық орын алғанын мойындайтынын; заңсыз әрекеті үшін шын жүректен өкінетінін айтып жауап берді. Сотталушы Б.Г.Абдикадировтың
жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы өзінің мойындап берген жауаптарынан басқа, іс құжаттарымен толық
дәлелін тапты. Сот үкіміне сай, азамат А.Б.-ға 150 сағат мерзіміне қоғамдық жұмысқа тартылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.
К.Д. Алпысова, Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
Қысқы маусымға дайындық
Атасу кенті әкімі аппаратының, аудандық ТКШ, ЖТ және АЖ бөлімінің, аудандық тұрғын үй
инспекциясының қызмешілерінен құрылған комиссия 2016-2017 ж.ж. жылу беру маусымына арналған
қазандықтардың дайындық жұмыстарын және Школьный квартал, А.Сейдімбеков, Тәуелсіздік, Абай,
Ералиев, Ә.Байбосынов көшелері, Транспорт орамы, С.Сейфуллин даңғылында орналасқан көппәтерлі
үйлердің қысқа дайындығын тексеріп шықты. Бүгінгі күнде жылу беру қазандықтарында қысқы жылу
беру маусымына дайындықтар жүргізілуде. Атасу кенті бойынша бүгінгі күні 82 көп қабатты тұрғын үйлер
болса оның ішінде 64 тұрғын үй кондоминиумға тіркелген үйлер, 3 тұрғын үй коммуналдық меншікте, 15
тұрғын үй жалдамалы үйлер. Жалдамалы және коммуналдық үйлерді күтіп ұстау мақсатында бүгінгі күні
басқару компаниясы құрылған болатын. Сол мекеменің жұмысын айтар болсақ, биылғы жылдың қаңтар
айында А.Сейдімбек көшесіндегі №53 үйдің ішкі және сыртқы кәріз су жүйесі жөнделіп, уақытша қосымша
септик орналастырылды. 19 қаңтар 2016 жылда Байбосынов көшесіндегі № 30/а тұрғын үйдің ішкі кіреберіс
су жүйесінің кранигі ауыстырылды. Бүгінгі күні Байбосынов көшесіндегі үйлерге қысқы дайындық барысында подъездері әктеліп сырланып, подвалдары күл-қоқыстан тазартылуда. Болашақта су және жылу
жүйесін, краниктері тексеріліп, кіре беріс есіктері жөнделмекші. Екі айлықтың жүргізілуі кезінде ағымдағы
жылдың 11 сәуірі мен 25 сәуір аралығында көп қабатты тұрғын үйлердін аулаларынан 32 тонна күл қоқыс
және талдың кесінділері шығаралды. Атап айтқанда, Мектеп орамының 1 рейс, Транспорт орамындағы
№1,2,14 үйлерден 1 рейс, №4,5,6 үйлерден 1 рейс, №7,8 үйлерден 2 рейс және №9,10,11, 2 рейс. 82 көпқабатты
үйлердің 8-і 3 қабатты үйлер болса, 74-ті 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер. Қондоминиум обьектілерінің
техникалық ахуалын тeкcepу барысында көп қабатты 82 үйдің 64 үйі 20 ғасырдың 60-80 жылдары салынған
анықталып отыр . Бұл үйлердің басым көпшілігінде ішкі су, жылу ,кәріз желілері тозған, үйлердің шатырлары
ескірген, ауыстыруды қажет етеді. Бұл үйлердің жалпы көлемі 56,3 мың шаршы метр, оның ішінде,
жөндеуден өткізу керегі 43,1 мың шарша метр, яғни 76%. Осыған орай жоғарыда аталған үйлердің
тұрғындармен арнайы 42 кездесулер өткізіліп, кездесу барысында тұрғындарға елімізде жүргізіліп жатқан
бағдарламаға сәйкес өздеріне қарасты үйлердің коммуналдык жүйелеріне, қасбеттеріне, шатырларына, кіреберістеріне есік-терезелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатындығы және осы жұмыстарды
жүргізуге мемлекет тарапынан қолдау керсетілетіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 20162017 жылдары 32,6 млн. теңгеге 8 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге құжаттар әзірленді, Мектеп
орамында №1,2,3,5,7,9 тұрғын үйлер, Ералиев көшесі №17 үй, Садуақасов көшесі №39 үй. Осы аптада «Теміртау-Қызмет» мекемесі аркылы Мектеп орамында №5,7, тұрғын үйлер тұрғындармен кездесу өткізіп, келісім-шартқа отырып, жөндеу жұмыстарын бастамақшы. 2016-2017 кысқа дайындық барысында 2011 жылы
пластик трубасымен салыған алты көпқабатты үйге, атап айтсақ Тәуелсіздік даңғылындағы №26,28, Ә.Оспанова көшесіндегі №56 үй, А.Сейдімбек көшесіндегі №51,55,59 үйлерге кездесулер өткізіліп биылғы жылға
қысқа дайындық есебінде пластик трубаларды темір трубаларға айырбастау керектігі айтылуда. Сонымен
қатар Сейфуллин көшесіндегі №17,19,21,24 жэне А.Сейдімбек №39 көпқабатты үйлердің тұрғындарымен
кездесулер өткізіліп, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу мақсатында дәнекерлеушімен (сварщик)
кездесіп, келісіп осы аптада жұмыстары басталмақшы.
Атасу кенті аппараты
Атасу кенті тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңын іске асыру
мақсатында Атасу кентінде төменде көрсетілген кесте бойынша кент тұрғындарымен кездесу өткізіледі:
р/с
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
Көппәтерлі тұрғын үйлердің атауы
Садуақасов №39, Сары тоқа 38,39
Ж.Дүйсенов орамы
С.Сейфуллин №17,19,22
Абай көшесі, №20,22
Абай көшесі, №24,26
Ералиев көшесі, №22,24
Ералиев көшесі, №17,19,21
Ералиев көшесі, №23,25
Транспорт орамы №1,2
А.Сейдімбек көшесі №51,53,55,59
Транспорт орамы, №3,4,5
Транспорт орамы, №6,7,8
Транспорт орамы, №9,10,11,12,
Транспорт орамы, №13,14
С.Сейфуллин көшесі, №55/а,58
С.Сейфуллин көшесі, №60,61,62
Абай көшесі, №45,51,53
Абай көшесі, №50,54
Ә.Байбосынов көшесі, №26/а,26,27,28
Ә.Байбосынов көшесі, №29,29/1,29/2
Ә.Байбосынов көшесі, №30/а,31,32,33,34,35
Жиын өтетін күні
25.07.2016ж.
26.07.2016ж.
27.07.2016ж.
28.07.2016ж.
29.07.2016ж.
30.07.2016ж.
31.07.2016ж.
1.08.2016ж.
2.08.2016ж.
3.08.2016ж.
4.08.2016ж.
5.08.2016ж.
6.08.2016ж.
7.08.2016ж.
8.08.2016ж.
9.08.2016ж.
10.008.2016ж.
11.08.2016ж.
12.08.2016ж.
13.08.2016ж.
14.08.2016ж.
Өтетін уақыты
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 11-00
сағат 11-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 11-00
сағат 11-00
сағат 18-00
сағат 19-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 18-00
сағат 11-00
сағат 11-00
Жиындардың күн тәртібінде қаралатын мәселелер: 1.Пәтер иелерінің кооперативін құру. 2.Көпқабатты
тұрғын үйлерді қүтіп ұстау. 3.Көпқабатты үйлерді модернизация бағдарламасына енгізу. 4.Көппәтерлі
үйлерді 2016-2017 жылғы жылу беру маусымына дайындық шараларының барысы. Тұрғындар жиындарына
тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет түрлерін кәсіпорын басшылары мен өкілдері қатысады:“Жаңаарқа Жылу
» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (КМК ); «Тазасу» КМК; «Сәкен және компания» ЖШСі; «Жаңаарқа
–көркем » ЖШС-і; «Арқа» тұрғын үйлерді басқару компаниясы; Барлық кент тұрғындарын өз аумақтарында
өткізілетін жиындарға бір кісідей қатысуға шақырамыз.
Атасу кенті әкімінің аппараты
с
23 шілде 2016 жыл
ТАҒЛЫМ
Арғынның ардақтысы – Нұрбай батыр
Атамекенін, туған жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен, қасық қаны
қалғанша қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігі бүгінгі ұрпаққа өшпес тарих,
өлмес мұра. Елін сыртқы жаудан, басқыншылардан қорғау кезінде ерекше ерлік
көрсеткен батырларымыздың бірі Арғын тайпасынан шыққан даңқты Нұрбай
батыр. Бізге жеткен ауызша-жазбаша тарихи деректерге үңілсек, батыр баба 1609
– 1675 жылдары шамасында өмір сүрген. Арғын, Қуандық, Алтайдан шығып,
Арғынның көшін бастаған Нұрбай батыр елден ерекше ірі денелі адам болған
екен. Ол жасынан атқа үйір, ештеңеден беті қайтпайтын өжет бала болып өсіпті.
Он жасқа келгенде ешкім үйрете алмаған талай асауды шынықтырып, үйретіп
мініп алады екен. Ат үстінде өзінен 5-6 жас үлкен жігіттерді аударып кететін
болған. Бір бетті, айтқанынан қайтпайтын, морт мінезді, көзсіз батыл болып өсе
бастайды. Сонымен қатар ақылды, алғыр, кез-келген қиындықта дұрыс шешім
қабылдай алатын, қасындағы балаларға өте қамқор, әділ болатын. Әкесі Алтай,
Алсай мен Нұрбайды жиі аңға алып шығатын, аңды Нұрбай бір атқаннан жібере
қоймайтын, ондағы әке мақсаты балаларын соғыс тәсіліне тәрбиелеу еді.
Нұрбайдың жастау кезі болса керек, бір аңшылықтан келе жатқанда тосыннан бір
жолбарыс тап береді. Нұрбай саспай, қорықпай қолындағы қысқа шоқпарымен
атылған жолбарысты маңдайдан қағып қалады, қараса жыртқыштың басы екі
бөліп қалыпты, артынан келген ағасы інісінің күліп тұрғаның көріп, аман
қалғанына қатты қуанады.
Нұрбай батыр 1627 жылы 18 жасында Есім хан бастаған жорықта қалмақтың батыры Барғаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Осы ерлігі үшін Есім хан
Нұрбайға ақ сауыт, дулыға, алмас қылыш, алты қанат ақ киіз үй сыйға тартады.
Барлық жауынгерлердің алдында: "Сарбаздарым дәл мына Алтай батыры
Нұрбайдай болыңдар!", - деп батасын береді. 1628 жылы Есім хан қайтыс болып
ел билігі Жәңгір ханның қолына көшеді. 1640 жылы Жәңгір хан қырғызды таптап
өткен ойраттарға қарсы күресіп, елді аман алып қалады. Осы ұрыста Алтайұлы
Нұрбай батыр асқан ерлік көрсетті. 1643-47 жылдары болған қазақ-жоңғар
соғыстарында Жәңгірдің әскери өнерінің дамуына, дұрыс шешім қабылдауына
Нұрбай батырдың тапқырлығы, айла-тәсілі, батылдығы көп көмегін тигізді. Сол
уақыттағы ақын, жыраулар Нұрбай батыр туралы қисалар шығарып, халыққа
оның батырлығын, ер жүректілігін жеріне, халқына, отанына, от басына берілген
жан қияр батыр екенін жырлады. Олар қазір бізге жетті ме, жетпеді ме әзірше белгісіз. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Мес» жинағында Қуандық Нұрбай батыр
жөнінде көптеген тарихи деректер баршылық.
Бала күнімде 90 жастағы үлкен әкем Қаужан (Смағұл) Ер Нұрбай туралы қиссаны
толық білмегенімен бір сағаттан артық айтушы еді. Кейіннен Мұқаш ақсақалдан
толық тыңдағаным бар еді. Сол қиссаны көп іздедім. Сөйтсем Нұрбай батырдың
ұрпақтарында үзінділері қалған екен, ешкімге бермей жүргенін біліп, есебін тауып
бір үзіндісін алдым. Нұрбай батыр туралы қиссаның өңделген шамалы беттері
қалған екен. Толық нұсқасын таба алмадым. Міне, сол дастанның қолда қалған
барын назарларыңызға ұсынып отырмын:
Қорықпай өткен жер көктен,
Семсерін сілкіп селдеткен
Еңкеймеген дұшпанға,
Астындағы қара тұлпары,
Жүйрік болған құстан да.
Тасты кесіп семсермен,
Көңілді оймен көмкерген.
Жау келсе егер кенеттен
Өшпенділігі өртенген.
Айдарлы ел Арғында,
Нұрбай деген ер өткен...
Шікірден бермен өткенде,
Қушыққа келіп жеткенде,
Қос қолтық төбе етегін.
Қалмақтың бір топ әскері,
Түн қатып, бір күн жатқанын
Нұрбай батыр білгенді.
Сақтандырып бар маңын,
Мініп алып қара тұлпарын
Шажағайдан шаңдатып
Әскерімен кеп жеткені.
Қақтығыс бірден басталды
Найза, қылыш жарқылдап,
Бұлт торлады аспанды,
Қос қолдап ұстап найзасын
Ортада жаудың қалғанда,
Нұрбай батыр, ержүрек
Қаймықпады қашпады.
Семсерімен топты бұзғанда,
Сегізін бірден құлатты.
Қайта айналып соққанда,
Тоғызын тағы сұлатты.
Қалмақтың Барғай батыры,
Нұрбайдың көріп қаһарын,
Зәресі кетті қаймықты.
Шегіндіріп әскерін,
Тым-тырақай қашты кеп,
Нұрбайдың қалың әскері,
Құдаймендіден өткізбей,
Қараағашқа жеткізбей,
Жаудың бетін қайтарды.
Қосқолтық төбе алаңы,
Қызыл қанға боянды.
Қара киген қалмақтың,
Жүз елуін тұтқындап,
Тастан қорған салуға,
Олардың бәрін қалдырды...
Нұрбай батырдың ерлігі, қаһармандығы, өжеттігі жөнінде халық аузында жатталып қалған дастан-қиссасынан табылды. Мұқаш Молдабаев ақсақалдың аузынан
екі сағат естігенімді қағазға түсіріп алмағаныма әлі өкінемін. Қиссаның бір жерлерінде Нұрбай жас кезінде аты шыққан палуан болған деген жерлері бар болатын. Батырдың жағасынан ешкім ұстамасын деп үлкендер палуандыққа
шығармаған.
Алтайдың ақ сауыты Нұрбай батырға қалған. Қалмаққа олжаға түсіп кеткен жерінен Нұрбай батыр өзі барып алып келген, онымен қоса жүзге тарта адам мен
мыңға тарта малды әкелген. Ақ сауыттың аты – Шежекөз. Сондықтан Нұрбай
ұраны – Шежекөз болған. Шежірешілер арасында Нұрбайлар туралы Мәшһүр –
Жүсіптен асып сөз айтқан ешкім жоқ. Бүкіл өмірін Арғын шежіресін түзетуге
сарп етіп, осы қауымға шежірелі шешен сөзбен таңба салып кеткен МәшһүрЖүсіп бір сөзінде былай деген екен:
Арғыннан ары барсаң адасасың,
Ми жетпес көп дүниеге шатасасың.
Ол кезде сен де жоқсың, мен де жоқпын,
Несіне шежіреге таласасың.
Қазақ мемлекетінің негізін салушылар осы Арғынның ұрпақтары екенін тарих
дәлелдегендей. Оның ішінде Мейрамның ұрпақтарының үлесі қомақты.
Көзінің тірісінде Нұрбай батыр Алтайдың қылқұйрық қадаған туын ешқашан
түсірген емес, барған жерінде тігулі тұрғызған. Батыр әулеті сондай өскен ұрпақ
болмаса да, талай саңылақтардың шыққаны бізге белгілі. Ұрпақтарының көбі елін
жаудан қорғаймын, жерімді жаудан азат етемін деген мақсатта ылғи соғыста
болған, көбі қаза тапқан. Сөздеріне берік, баба өсиетін берік ұстаған, бабасының
ерлігін келесі ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп жатқан ұл, қыздары
қаншама. Қорыта келе айтарым, Нұрбай батыр – бір рудың ғана батыры емес, ол
бүкіл қазаққа ортақ - қазақ елінің батыры.
Жеңіс Елеуов
23 шілде 2016 жыл
Анамның түсі
ТАҒЗЫМ
Қой жылы.Тамыздың тоғызы.Ұлы бесін ауа
Анамның соңғы демі үзілді. Көз алдымда,
өмірдегі ең қымбат, ардақты, аяулы Анам фәни
дүниеден бақилыққа аттаннып кете барды.
Дүние төңкеріліп түскендей...Аспан асты, жер
үстінде Анасыз аңырап қалдым. Адыра қалған
дүние-ай...
Менің Анам... Анамды ойласам көкірегім қарыс
айрылып, жанарыма жас үйірледі. Анамды Тәте
деуші едік. Есіме бұлдыр-бұлдыр бозымық
күндер
оралады.
Нарқамыс
жайлауы.
Қойшының қараша үйі. Таң бозынан әкеміз
қойды өріске шығаратын.Тәтем сыйыр сауып,
самаурынға шай қойып, бізді аялап оятатын. Боз
даланың керімсал жұпары киіз үйдің іргесінен
баяу есіп, таңғы ұйқының тәттілігін
қимайтынбыз. Әлі есімде сүт тартып отырған Тәтем ыңылдап ұзақ бір әуенге салатын.
Қолмен айналдыратын сүт мәшинесінің дамылсыз дыбысы мен Анамның үні үйлесім тауып,
ұзақ сонар таусылмайтын мұңлы әуенге ұласатын. Мен бес-алты жасар бала едім. Тәтемнің
ыңылдап айтқан сағынышқа толы әуені мен жанарынан тарам-тарам болып аққан жасынан
Ана жүрегінің тереңінде бір мұң барын аңғаратынмын. Бәрін кейін түсіндім... Анам бәлкім
сол кезде тағдыр-талайы қиыншылықпен өткен балалық шағын есіне алған болар... Анасынан
бес жасында айрылып, жетімдіктің кермек дәмін татқан қаршадай қызға тағдыр не
көрсетпеді?! Өле өлгенше туған әкесі Мұқашты аға деп Омарды әкем деп кеткен Анамның
балалық шағы тауқыметке толы болды. «Әкем Омардың жиырма бес баласы болған»,- деп
отырушы еді жарықтық. Бәрі отыз екінің ашаршылығында, аштықтан, сүзектен қайтыс бола
берген. Омардан қалған жалғыз тұяқ Ескендір соғыстан оралмады. Өгей шешенің (татар)
қаһарына, таяғына талай ұшырады. Бір жолы күзектен қыстауға көшкенде (ол кезде қайбір
дүние бар) ат шананың үстінен ұн елейтін елеуіш түсіп қалыпты. Елеуіштің түсіп қалғанын
көрген татар шеше бес жасар қаршадай қызды аяусыз шыбықтың астына алып, тауып кел
деп ат шананың ізімен жаяу қуады. Ол кезде жоқшылық заман ғой, жетім қыз жалаң аяқ
қардың үстімен елеуіш іздеуге кетеді. Қозы кеш жер жалаң аяқ қар кешкен бес жасар жетім
қызды аталас әкесі жолай атына мінгізіп ауылға алып келеді. Бұл Анамның бала кезінде
көрген көп қиыншылықтарының бірі ғана. Сөйтіп жүріп сауат ашып, жеті кластық білім
алады. Мектепте оқып жүрген кезінде атақты жазушы Сәбит Мұқановпен кездесу болғанын
айтып отырушы еді. Әкеммен дәм тұздары жарасып, шаңырақ көтереді. Кейін ойлаймын
Анамның ең бақытты, алаңсыз шақтары әкем Дәулеткелдімен кешкен отбасылық ғұмыры
шығар. Дүниеге он бір перезент әкелді. Үшеуі жастай шетінеп, төрт ұл, төрт қыз азамат болып
ер жетті. 1964 жылы Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтау совхозы құрылды. Мұқаш нағашым
әке-шешемді қасына көшіріп алады. Ақтауға барып қой бағамыз деп жүргенде дүниеге келген
менің атымды Қойлыбай қойыпты.
Біздің балалық дәуреніміздің дені сайын далада өтті. Көшпелі елдің үзік-үзік дәстүрін Совет
заманындағы қойшылар аз-кем болса да сезінді-ау деп ойлаймын. Жаз жайлауда жайдары
ғұмыр басталса, күздің күрең күндері қыстың қамын еске салатын. Сөйтіп қамсыз тіршіліктің
қоңырқай күндері сырғып өте беретін. Аналарымыз шын мәнінде қазақы салт-дәстүр, әдетғұрыптың табиғи төл болмысын сезініп, соны ұстанған жандар еді. Біздер шешелеріміздің
ши жұлып, оны өргенін, жүн сабап, киіз басқанын көзімізбен көріп өстік. Тулақтың үстінде
жүн сабап, киізге ою-өрнек жабыстырып дуылдаса күліп отырған қайран Аналардың асыл
бейнесі әлі көз алдымда. Балалар қызыл, жасыл шымқай бояуларға асығымызды салып мәз
болатынбыз. Зекім тәте, Сара апа, Сәкім шешелеріміз мәңгіліктің сары белін сапарлап кеткеніне де біршама жылдардың жүзі болды. Шешелеріміздің қалжыңы қандай жарасымды
еді. Неге екенін білмеймін сол кісілер қалжыңдаса қалса, Сәкім тәтені қолға алып жататын.
Ол кісі де ешкімге дес бере қоймайтын.
Қойшылар көбіне «қазынаның қараша» киіз үйінде отыратын. Бір жылы әкеміз ту биеге алты
қанат қазақы ақ боз үй сатып алды. Сән салтанаты жарасқан ақ боз үй өзіміз кітаптан оқитын
кәдімгі ертедегі байлардың үйіндей еді. Керегені бойлай түскигіздер құрып тастайтын.
Қызылды-жасылды қошқар мүйіз оюлар көздің жауын алатын. Бітпес, сырмақ, алаша кілем
төселген ақ боз үйдің ішінде асыр салып, хан талапай ойнайтынбыз. Шопандардың қыстақтан
жайлауға, одан күзеуге көшуінің өзі біздер, балалар үшін ұлы мереке еді. Кейде алпыс, жетпіс
шақырымдық жерлерге мал айдаймыз. Күні бойы аттан түспеген кездерімізде болып еді-ау.
Мұның бәрін бекер еске алып отырғаным жоқ. Өйткені бұл кезеңдер менің Ана мейріміне
бөленген ең ғажап дәуренім еді...
Шешем ғұмыр бойы нанды қатты қадірлеп өтті. Кешегі бала кезіндегі жоқшылықтың,
ашаршылықтың қасіреті жүрегіне жазылмастай жара салғандықтан шығар деп ойлаймын.
Белі бүкірейіп, қартайған шағының өзінде жердегі нанның қиқымын теріп, адам аяғы баспайтын жерге көтеріп жүретін. Анамның сол әдеті маған да жұқты. Әлі күнге жерде жатқан
нан көрсем жоғары көтеріп қоямын.
Тәтем керемет әнші еді. Ол кезде ауылдың тойлары кеш басталатын. Айлы түнде асқақтатып
салған әні Ақтаудың кербез сұлуы Сұлушоқының ұшар басына қонақтап жатқандай әсер ететін маған. Анамның әншілік өнеріне тәнті болған ауылдас қайнысы Еламан: «Ее бұл Манаш
қидың ішінде қалған алтын ғой»,- деп отыратын. «Әттең оқи алмай қалды оқыса бәлкім
Жамал Омаровадай әнші боларма еді»,- деген ауылдастар әңгімесін сан рет естіп өстік.
Анамның нағашысы қырғыз. Есімін Манасқа ұқсатып Манаш деп қойған. Бәлкім әуел бастан
Манас болуы мүмкін.
1981 жылы Ақтау орта мектебін бітірдім. Мектеп қабырғасында жүріп, өлең-әңгімелер жаза
бастадым. Жазғандарым аудандық, облыстық газеттерде жарияланып тұрды. Жетінші сыныптан бастап ауылда «тілші» бала атандым. Журналист болуды армандадым. Анам
оқығанымды қалады. Сол жылы Алматыға аттандым. КазГУ-дың журналистика факультетіне
құжат тапсыруға үлгермей қалдым. Ауылға келіп, әкеме көмекші шопан болып орналастым.
1981-ден 82-ге қараған жылғы қыс өте қатты болды. Он алтыдан енді асқан бозбала едім.
Қаражал қыстағында жалғыз үй отырамыз. Қыстың күні қысқа болғанымен түні тым ұзақ.
Анам оқуға түсе алмай қалғанымды уайымдайды. Бір жағынан қара жұмысқа жегілген мені
аяйды. Күндер осылай өтіп жатты. Бірде таңертеңгі шәй үстінде Анамның жүзі нұрланып:
«Қойлытай бүгін бір жақсы түс көрдім. Түсімде көктем шыққан екен деймін. Дала жапжасыл. Көк орай шалғынның үстінде етпетіңнен жатып, кітап оқып жатыр екенсің, кітабың
өте үлкен, бір қолыңда тұтас таба нан». Көрген түсін Анам жақсылыққа жорыды. «Алла
қаласа оқуға түсесің, білім жолында бағың жанады»,- деді.
Арада отыз бес жылдай уақыт өтті. Жылқы жылының қарашасында Қарағандының қара
шаңырағы Сәкен театрында мерейлі жасқа келуіме орай шығармашылық кешімді өткіздім.
Ауылдан арнайы Анамды алдырдым. Бар ғұмыры Ақтаудың ұлы байтағында өткен, санасына
қоңыр қаздың қаңқылы мен сары белдің самалын сіңіріп өскен Анам Сәкен театрының
төрінде отырды. Жай отырған жоқ перезентінің азамат болғанын, абыройлы болғанын көріп
марқайып отырды. Астанадан, Алматыдан, республиканың әр шалғайынан келген қадірлі
қонақтар, менің ғылым, өнер жолындағы азды-көпті жетістігімді асыра мадақтап жатты. Мен
Анама көз салдым. Мерейленіп, өзі айтқандай – төбесі көкке екі-ақ елі жетпей отырды.
Бәлкім сол сәтте баяғыда... қияндағы Қаражал қыстағындағы көрген түсін есіне алған болар...
Тәтем Совет заманында-ақ Аллаға сенген, өте діндар адам еді. Көрген түсі дәл келетін, әрі
жас сәбилерді тіл-көзден аластайтын емсектігі де бар. Сол қыста ғой көрші қыстақтағы Жүніс
ақсақалдан құран аяттары жазылған қағаздарды Тәтеме әкеп беремін. Жасы сексеннен асқан
Жүніс ақсақал Тәтеме біраз аяттар жазып берді. Әр қатынаған сайын беріп жібереді. Анам
оны жаттап алатын. Жетпіс сегіз жыл ғұмырының отыз жылында намаз оқып, ораза ұстап
өтті. Жалпы Анам туа бітті имандылыққа ден қойған адам еді. Бәлкім үш немесе төртке келіп
ес біле бастаған шағымнан үйреткен сөздері санамда әлі жаңғырып тұр. «Құдайдың
құлымын, Мұхамедтің үмбетімін, Жауап әлімсақтан бері мұсылманмын. Е, Алла кең дәулет
бейбіт өміріңді бере гөр, досымызды аманда, дұшпанымызды табанда қыла гөр»,-деген
сөздерді ұйқыға жатар алдында үнемі қайталатып, айтқызатын. Айтқан сөздерін шамалап
бағамдаймын. Бірақ дұшпанның кім екенін түсінбеймін. Тіпті мектеп бітіріп, есейген
шағымның өзінде Совет заманында дұшпан болушы ма еді деп ойлайтынмын...
Шіркін өмір-ай десеңізші... Еліміз Тәуелсіздік алған тұста дін мұсылман баласына Меккеге
баруға кең жол ашылды. Меккеге барып, қажылық парызын өтеу Анамның ұлы арманы еді...
Қойлыбай Асанұлы,
Филология ғылымдарының докторы, профессор
ҚР мәдениет қайраткері
Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы
3
ЕСКЕ АЛУ
Осы жылдың 9 тамыз күні 79 жасына қараған шағында
ардақты Анамыз Манаш Мұқашқызы (Омар) және 29
тамызда 47 жасқа аяқ басқан аяулы қарындасымыз
Сандуғаш Дәулеткелдіқызының бақилық болғандарына
жыл толғалы отыр. Бар жоғы жиырма күннің ішінде
өмірдегі ет бауыр ең жақын жандарымыздан айрылу біздің
әулет үшін оңай болған жоқ. Әрине, бәрі де тағдыр жазмышы, Алланың өлшеулі ғұмыры деп өзімізді қанша
сабырға шақырғанымызбен, жүрекке түскен қайғы салмағы
әлі талай жылдар жеңілдемесі анық. Төрт ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсіріп, немере, шөбересін көрген
ардақты анамыз бен артында тұлымы желбіреген қос қызы қалған аяулы қарындасымыздың рухына
бас иіп, дұға бағыштаймыз.
Осы екен ғой ғұмырдың жалғандығы,
Көздеріңе ағайын түскен жоқ па?
Ана деген адамзат – Арман гүлі.
Ботасы бар қасында Аруана...
Қандай қиын аяулы қарындастың,
«Сарыарқаны сандалып із кесейін,
Мезгіл жетпей ертерек солғандығы...
Мауықымды басайын, жүздесейін»,Өмір керуен, ертеңге барады асып,
Келмес жолы бәрібір жеткізбеді,
Ажал шіркін қалмайды-ау жағаласып.
Табанымнан таусылдым күзге шейін...
Анам кетті жетектеп құлыншағын,
Тағдыр осы пенденің бәрі көнген,
Сары белде сағыммен араласып.
Көрген ғұмыр, кешкен бақ –мәні дәрмен.
Дұға қылдым рухыңа, жаным Ана,
Бақилық пен фәниде байланыс бар,
Сендік мейрім біздерге табыла ма?!
Сағынышым жетсінші сары желмен...
Еске алушылар: ұл-қыз, немере-шөберелерінің атынан Қойлыбай Асанұлы
Ардақты анамыз Манаш пен аяулы қарындасымыз Сандуғаштың бақилық болғанына жыл толуына орай тамыз айының 5 жұлдызы күні сағат 13:00-де Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылы
«Аманкелді» дәмханасында құран бағышталып, ас беріледі.
ЕСКЕ АЛУ
Аяулы, қадірлі жездеміз Файзрахман Тұрсынов саналы ғұмырында еліне,
жұртына адал еңбек етті. Ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп, бақты. Туған-туысқандарға,
құда-жегжатқа сыйлы болып, қызық-қуаныштың басында жүретін.
Барлығымыздың той-томалағымызды апайымыз екеуі атқарып еді.
Асқар таудай бір үйге пана болған,
Адал жар, қамқоршы жезде болған.
Өзіңмен бірге кетті көп арманың,
Не келеді айтқанмен енді қолдан.
Ақ жүрек, адал еді бәрімізге,
Сөз қылып айта берем енді кімге.
Жүрегімізде сақталады жарқын бейнең,
Жүргендейсің “тірі” болып көңілімізде.
Еске алушылар: Біләловтер әулеті
ЕСКЕ АЛУ
Асқар таудай абзал азамат, аяулы жар, ардақты әке, асыл ата Сәнуар Жарылғапұлының (руы Тұңғатар) фәниден бақиға озғанына 40 күн толады.
Нұр жолыңнан көмескі жарық қалды,
Түсесің дидарыңмен еске, міне.
Қайғы тартқан қырық күн болып қалды,
Бұл фәниден шырағыңның өшкеніне!
(Керуенімен келместің көшкеніне... )
Сағынумен өзіңді өтеді әр күн,
Дүние-жалған қысастықта бар ма шегің..?
Ойда жоқта қайырылмай кете бардың,
Текті атаның қабырғалы жалғасы едің!
Еске түссең көкірекке толады мұң,
Биік едің көк сеңгірмен таласатын.
Бағамдаған ағынын заманыңның Іскерлігің, қабілетің, парасатың.
Бақытыңның бүршіктері гүлдеп, жарып,
Ұл-қызыңды білімді, білікті еттің.
Ұрпағыңның ошағын үрлеп жағып,
Қазаны қайнар шақта жүріп кеттің...
Жазмыштан озғандар жоқ, тағдыр солай...
Соңғы сапар екенін шамаладың.
Күңіреніп кеудеде әрбір сарай,
Еске алады бауырларың, балаларың!
Еске алушылар: жолдасы - Торғай, балалары, бауырлары
Марқұм әкеміздің қайтқанына 40 күн толуына орай тамыз айының 4-жұлдызында сағат 13.00де Ақтау ауылында құран бағышталып, құдайы дәм беріледі.
ЕСКЕ АЛУ
Күні кеше отбасының тірегі, бір әулеттің тілеуі болған, жайдары мінезді,
жарқын ойлы, білікті де білімді отағасы, бауыр ет бала, ардақты әке, сүйікті
жар Жақаев Серік Әбүйірұлының өмірден озғанына ай толды. Серіктің
арамыздан алыстауы, қапияда көз жұмуы бәрімізді түнде шошып түс
көргендей етті. Пешенесіне жазылған келте ғұмырында ізетті іні, қамқор аға,
ардақты әке, сүйікті ұл, жұмыста білікті басшы, мықты ұйымдастырушы бола
білді. Үнемі жайдары мінезімен әзіл-қалжыңымен топ ішінде ерекше болатын
жанды сағына еске аламыз. Қанаты қатаймаған балаларының арқа сүйер айбыны, мықты қорғаны еді. Әттең сол балапандарының қызығын қызықтау
маңдайына жазылмапты. Секманның алар асуы мен шығар биігі алда еді, тек Алла үкімін ерте
шығарғаны өкінішті. Жатқан жері жарық, топырағы мамық, көрмеген көшесі жарық болсын.
Жоқсың енді, арамыздан алыстадың мәңгілік,
Өзіңменен атушы еді арайланып, таң күліп.
Армандарың аяулы еді, мақсаттарың көптін сан,
Бейнең менен үнің қалды жүректерде жаңғырып.
Өтіп кеттің қас-қағымда барша жұртты таң қылып.
Атыңа сай азамат ең, сертке берік сенімді,
Таңдамайтын жігіт едің ауыр тұрып, жеңілді.
Гүлдентем деп еңбек еттің, көркейтуге күш салып,
Өзің өскен атамекен, туып-өскен жеріңді.
Жаннан артық жақсы көрер ата-анамен ұл-қызды,
Артқа тастап кете бардың ағайын-жұрт, еліңді.
Сағына еске алушылар: ата-анасы Әбүйір (Бұқпа) - Ғайша, қарындастары-Соня-Самет,
Гүлдана, бауырлары Еркебұлан-Гүлзира, жары-Ләззат, балалары-Диана, Бекболат, Ділназ, балдызы Азамат-Гүлнұр, ағайын-туыстары.
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 3-тамыз күні сағат 13.00 де «Диас»
тойханасында құран бағышталып, құдайы дәм беріледі.
Көңіл айту
Аудандық аурухана ұжымы осы мекеменің қызметкері Бақтыбала Әбдішеваға аяулы анасы Карагозина
Күлзипа Нұрғалиқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Хабарландыру
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31-шілдеде Қарауылтөбеде ұлттық ат ойындарының аламан
бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу түрлерінен жарыс өтеді.
Бал қымыз қайда баяғы?!.
ЖАНАЙҚАЙ
Қазақ тарихындағы даналықта шек жоқ. Ғұламалар жерден жеті қоян тапқандай болып
қазір ашып жатқан жаңалықтың барлығын біздің бабалар өткен ғасырларда ашып,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, мұра еткен. Ен далада қойын құрттап, айранын ұрттаған қазақ
талай дүниені өмірге әкеліп, тұрмысқа пайдаланып, қажетіне жаратты. Төскейге өрген төрт
түлігінің басынан бақайшағына дейін кәдеге жаратты. Терісінен тон мен жарғақ тігіп, қайыс
илеп, ат әбзелдерін жасаса, жүнінен киім-кешек, текемет, сырмақ, бірсалардың түр-түрін жасады. Сүтінен құрт, ірімшік, қатық, қаймақ, майдан бөлек сусыныңды қандырар, ішсең дәмі
таңдайдан кетпейтін, құнары қаныңа тарап, бойыңды тоқтық билейтін сусындар дайындады.
Соның бірі - қымыз. Жанға дәру, науқасқа шипа болған қымыздың құдіретіне жетерлік дүние
жоқ.
Патентін өзгелер алғанымен түбі бізден шыққаны анық қымыздың шетелдіктерде бағасы аспандап, өзі тек дәріханаларда сұйық дәрі мен сықпа май ретінде қолданысқа енгеніне
таңырқап қараймыз. Таңдай қаққанымызбен ондай дайындау қайда бізге. Сол қымыздың
тәттісі мен дәмдісі Жаңаарқада.
Жаңаарқаның қымызы-Жаңаарқаның бренді. Дәмі тіл үйірер Жаңаарқаның қымызы жержерлерде біздің еліміздің түкпір-түкпірінде сұранысқа ие.
Қымыз-жылқының сүтінен дайындалатын керемет сусын. Бала кезімізден қымыздың қалай
пайда болатынын көріп өстік. Сәуірдің орта шенінде құлындаған жылқының құлынын мамыр
туысымен қара құлақ етпей ұстап, ноқталап желіге байлайтын. Сағат сайын шешелеріміз
шелектерін алып бие саууға баратын. Қыстай құр тұрған күбіні суға салып кіріктіріп,
ішіне итмұрын талының тамырын сақырлатып қайнатып құйып, жуып тазалап, қаймақ
жағып, тобылғының бүршікті шырпысын емес толысқан бұтақтарын жағып, күбі мен піспекті ыстап, қор құюға дайындайтын. Қор құйылған соң сауым сайын салқындаған сүтті
құйып, пісетінбіз. Сағат сайын екі жүзден санап тұрып, күрпілдетіп піскендегі иісін-ай.
Бетін жапқан торғын орамалдан өтіп, танауыңды қытықтайтын. Жылқыны ағытып, соңғы
сүт құйылған соң кезек-кезек күбі пісу басталатын. Әбден пісілген саумал түні бойы ашитын. Ертемен шешелеріміз қайыра пісіп, біссімілләсін айтып, шыны шелекке қотаратын. Ол
уақытта тоңазытқыш деген жоқ. Іргедегі шұңқырға құдықтан әкелген мұздай суды құйып,
шелегімен суға салатын немесе шелегімен құдыққа салатын. Күн көтерілгеннен қымыз ішеміз деген қауымға сапырып-сапырып, тостағандарға құйып, бұйырсын деп ұсынатын.
Қымызға қанған көпшілік әңгіменің тиегін ағытып, қымыздың қасиеті жайлы, осы ауылдағы
қай үйдегі келін қымызды қалай ұстайтыны жайлы сөз етіп, арқа –жарқа болатын еді. Шешелеріміз қариялардың қас-қабағынан қымызға берген бағасынан-ақ қымызының күйі кетсе
дереу жөндеуге тырысатын. " Қымыз кінәмшыл ас, бір бүлінсе орынына келтіру оңай емес"деп үй маңына жылқы жолатпай отыратынының сан куәсі болғанбыз.
Бүгінде бұл үрдіс ауыл-ауылда әлі де бар шығар. Дегенмен нарыққа бейімделеміз деп, ақ
сатуға әуес болып алғанымыз ақиқат. Бұрындары әр үйдің желісінде 1-2 құлын тұрса, қазір
жоқ дегенде 3-4 құлын тұрады. Көбейгені дұрыс. Дегенмен саудаға шығарамыз ғой деп
қымыздың қасиетін жойып алып жатқан жайымыз бар. Күбісі қымызға толғанымен құдайы
қонаққа тостаған қымыз ұсынбайтын болдық. Себебі қымызға тапсырыс алып қойған. Делдал келіп дедектетіп күбідегі бар қымызды сарқып құйып әкетеді. Қымыздың қаржыға айналып, қажет өтегеніне үй іші дән риза. Бие байлап отырып өздері қымыз іше алмай
қалатындар да жетерлік. Қымыз қаржыға айналғаннан-ақ ауыл арасында баяғыдай үй-үйді
аралап, сары қымызды сапыртып ішіп кәукілдесетіндердің қарасы азайған. "Бар болса батып
іштің" заманы өтіп, "көршіңнен сатып іштің" заманы келді. Әрине көршіге сатуға ұят,
сондықтан қазір ұлттық үрдісіміз ұсақталып, есіктен енгенге жоғары шығыңыздан бұрын,
“жай жүрсіз бе?”-деген сұрақты қойып қалады. Келген адам тосын сұрақтан тойтарысқа
түсіп, қымыз ішпек ниетінен сап тиылып, сытылып кете барады. Баяғыдай көрші көлемнің
аяқ-табағы араласып, қазан ошағының бірге қайнауына осы нарықтың нәтижесі ағарғанның
сатылуы сызат түсіргендей. Бірақ сол қымызды сатып алып тұтынған ел не дейді, ешкімнің
шаруасы жоқ. Қымыз ба, қымыран ба, іркіт пе аңғармай жатқан көпшіліктің тостағанға еріні
тигенде тітіркенгеннен тұла бойы дірілдеп жатқанын да ешкім елер емес. Бәлкім қымыз
деген осындай деп ойлайтын шығар.
Жаңаарқа- қымыздың отаны дедік. Таңдайда дәмі қалар қымызды той-томалақтан да татып
жүрміз. Негізі қымыз ғой деп ұрттағаныңмен құрамы бұзылған қымыз асқазанда ақырып,
ішегіңді қуалай, қайта-қайта далаға жүгіртері бар. Сондайда ойлайсың. Ауданымыздың
аумағының жерінің, бетегесі мен беліндегі жусаны мен көдесінің негізі бір. Сол жерде
жайылған малдың сүтіндегі құнар да бірдей. Олай болса қымыз неге сан түрлі. Бірі
өңешіңді күйдіретін удай, бірі дәм де жоқ, тату да жоқ судай, бірі қоймалжың қатықтай, бірі
бетіндегі көбіршігі көкпенбек, сапырған сайын көбігі көтеріліп, шайқасаң атылатын шампандай. Ал ішіп көріңіз.
Жаңарқада қысы-жазы қымыз сатылады. Бағасы жазда қол жетімді болғанымен қыста
қалтаңды қағады демесең қажет болған соң аласың. Қазір денсаулығы үшін саумал ішетіндер
мен бөбегіне жылқы сүтін беретіндер көбейген. Жылқының құнарлы сүті мен қымызына
сұраныс бар. Сұраныс болған соң тапсырыс беріледі. Тапсырыс алған жылқылы ауыл
қымызды ашытуға кіріседі. Қос саусақтың құдіретімен сауылдаған сүт темір шелекке (капрон
шелекті ұмытқан) сыздықтай құйылғанда қалтаға шылдырлай теңге түскенмен бірдей.
Сауылған сүтті күбіге құйғанымен оны пісетін уақыт жоқ. Саумал күйінде қолданыстан
кеткен «Алматы» кір машинасына құйып ал да ерсіл-қарсыл айналдыр, болмаса өнертапқыштар
тапқан күбі шайқағыш құрылғыға қос та оңды-солды шайқа. Қымыз дайын, көк кәністірге
құйып, тапсырыс берушіге аттандыр. Қаржы қалтаға түсті, іс бітті. Көк кәністірдегі қымыз
діттеген жеріне жеткенше мұздатқышта мұздап, ыстық күнге қақталып, пласстмастың дәмі
сіңіп, бықыра ашып, быршып, бетіндегі сары майы топталып, іркіттің бетіндегідей үлбірге
айналып қымыз емес басқа бір сусынға айналып шыға келеді. Бұл түн асқан бесті қымыз
емес. Бұл-бірнеше күн асқан, құнарынан айрылып, құрамына күбінің емес бақалшақ пен
кәністірдің иісі сіңген, сапырсаң көпіретін, шайқаған сайын ақыратын, байқамасаң тығынды
көкке ұшырып, атылатын түсі ақ болғанымен тұнса сүті мен сары суы екіге бөлінетін
қымыз емес басқа сусынға айналады. Сөйтеді де, “Жаңаарқаның қымызы” деген атпен
Қарағанды, Жезқазған, Астанаға барады. Барады да сол атқа селкеу түсіреді.
Тобылғыға ысталып, күбіде күрпілдете пісілмеген қымыз қымыз ба? Үнемі ат үстінде жүрген
ата-бабамыз саумалды торсыққа құйып, қанжығасына байлап, аттың жүрісімен шайқап, неге
қымыз жасамады екен. Жоқ қымыздың құдіреті үйеңкі мен қайыңнан жасалған күбіні (басқа
ағаштан емес) жас қаймаққа шылап (май емес), тобылғыға (қараған, шырғай емес) ыстап ашытуында болып тұр ма. Биені ерте заманда ағаш шелекке, кейін капрон шелекке саууында
да бір ерекшелік бар. Кім білсін құрамы тәтті сүт мүмкін темір ыдыста тотығуға ұшырайтын
шығар. Әйтеуір жылқы көбейіп, қымыз сатылымға шыққаннан бері құнары түсіп, құрамы
бүлініп бара жатқаны анық. Құмарлана жұтатын балдай тәтті қымызды ауылдарға шыққанда
анда-санда бір кездестіремін. Үй иесінен (ұят болса да) қанша бие сауып отырғанын
сұраймын. Көбінікі 3-4, болмаса 5-6 бие. Сол кезде мүмкін күбіге құйылатын саумал сол
ыдысқа шақ болу керек пе деген ой қылаң береді. Не дегенмен қазір ауданымыздың атын
асқақтатып отырған қымыздың құнары түсіп барады. Алаңдайтын жай. Қадірлі қонаққа
сырлы тостағанмен сыпайы ұсынатын қымыздың қасиетін жоғалтсақ асқақтаған атымызғы
сын, қазақтығымызға мін. Сондықтан дәруменге бай шипалы қымызды ашытуда абай
болайық.
Салтанат Аманқызы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қадырменді Байдәулет Мырзашұлы! «Жетпіс деген жас келді, шідер салған
аттай»- деген жасқа «не өрені», «не тұсамысты» салдырмай жеткен мерейлі
мерекеңізбен құттықтаймыз. Алдағы сексеннің сеңгірінен көрейік,
торқалы тоқсаныңызда өлеңнен өрмек өрейік, жүзіңізде жырдан жауһар
терейік. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілей отырып,
төмендегі шашу шумақтарын арнаймыз:
Ойда туып, қырда өскен баласың, Қашан көрсең жүгіріп бір жүргенің,
Балық аулап, кезген Атасу жағасын. Жарастырып ағайынның арасын.
Отбасыңның тұғырысың, тағасың,
Бұл күндері бір әулеттің тірегі,
Еркелетіп өсірген ұл, баласын.
Бастау болар бұлақтарға сағасың.
Басыңызға тәңір берген бар сыйды
Қиын істің шешімін тез табасың,
Қыр мен сырды өзіңнен тек табасың.
Кеудемсоқтың түсіресің сабасын.
Ел беруде аға өзіне бағасын,
Сіңді еңбегің облыс пен ауданға,
Әр кездерде басқарған сан саласын. Жақсыларға торқалы тон, жағасың.
Жас келген соң тұлғаланып барасың, Біздер үшін қайталанбас өр тұлға,
От ауызды, орақ тілді Ағасың.
Игі істерің үлгі болып тарасын.
Игі ниетпен құттықтаушылар: жолдастары Бабажан-Орынтай, Ісләм-Дәмкен,
Амантай-Гүлнар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жанұяның тірегі, ағайын-туысқа беделді, ардақты әкеміз
Жұмажанов Байбол Ыдырысұлын 27-шілде күні 60 жасқа
толатын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Мерейлі мереке үстінде деніне саулық, қажымас қайрат, дос-жарандар арасында абыройлы болсын деп тілейміз! Өмірлік
жары Алтынбала Аманжолқызы екеуі балаларының
қуанышын қызықтап, немерелердің тәтті қылықтарына тоймай, ұзақ жасасын деген ізгі тілегімізді жеткіземіз.
60 жастың асуларын еңсеріп,
Еңбегіңмен сен келесің тер төгіп.
Армандардың аттағанда шыңына,
Қызыр баба болсын саған жол серік.
Құтты болсын қуанышты той күні,
Шуақ шашсын Күн мен Жұлдыз, Ай нұры.
Әрбір күнің мерекеге айналып,
Ұрпақтарың көрмей өссін қайғыны.
Құттықтаушылар: анасы - Бағаш, балалары - Ботакөз-Данилл, Назкен, ЖібекАйбат, Мөлдір-Нұркелді, немерелері
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ауданымыздың тұрғыны ардақты аға, НОРП-14 мекемесі, өрт сөндіру
поезінің аға өрт сөндірушісі, әріптесіміз Жүсіпбеков Ахат
Мұқатайұлын 60 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз.
Еңбекте табыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз.
Құтты болсын мерейтой 60 жасың,
Әр уақыт домаласын өрге тасың.
Қосағыңмен қоса ағарып шөбере сүй,
Ешқашан көңіліңді кір шалмасын.
Сарқылмасын күш-қуат бойыңызда,
Таусылмасын қызық-думан тойыңызда.
Отбасынан қашанда қызық кетпей,
Жүрейік 100-ге келген тойыңызда.
Игі тілек, ақ ниетпен: әріптестеріңіз-Айдын, Қуаныш, Қайыркеш, Қанапия,
Кәртай, Болат, Жанат, Ерлан, Қанат, Махсұт, Ертай, Нүриден, Аманғали, Серік.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Аудан орталығындағы С.Сейфуллин атындағы мұражайдың қызметкері,
аяулы ана, құрметті әріптес Жангелдина Гүлғайша Уайсқызын 50
жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз. Аудандық мұражайда 25
жыл еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған әріптесімізге өмірдегі бар
жақсылықты тілейміз. Отбасылық қызық-қуанышы көп болып, балалары мен немере-шөберелерінің қызығын көруді Алла нәсіп
етсін.
Арай тілеп әр атқан таңдарыңа,
Тілектеспіз биікке самғауыңа.
Жомарт жүрек, жайдары мінезіңмен,
Жете беріңіз аңсаған арманыңа.
Жүзіңізден ешқашан нұр таймасын,
Ұл-қызыңыз гүлдей болып жайнасын.
Қуаныш пен шаттық болып жаныңда,
Мерейтойың талай-талай тойлансын.
Игі тілекпен: Зәмзәм, Рабиға, Ерболат, Анар, Зәуреш.
Хабарландыру
2016 жылдың 25 шілдесі күні сағат 11.00-де Целинный ауылдық округінің Орынбай
ауылдық мәдениет үйінде Орталық көшені Ақан Досаев деп қайта атау мәселесі бойынша
ауыл тұрғындарының қатысуымен жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді.
Барлық ұсыныстар мен ескертпелер “Целинный ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
Целинный ауылдық округі әкімдігі
Сүйіншісі бар!!!
Танауов Бауыржан Балтабайұлының атына берілген жеке басының куәлігі жоғалды.
Тауып алған адамдар болса 8 775 781 18 37 номеріне хабарласуларын өтінеміз! Сүйіншісі
бар!!!
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1157 дана
Тапсырыс №34
Автор
zhanzbc
zhanzbc190   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
49
Размер файла
3 117 Кб
Теги
газета, жанаарка, 34qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа