close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 13qxp Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы
Президенттің халыққа арнаған Жолдауы - әр жылдың басты құжаты ретінде бүгінде
халқымыздың жыл бойындағы қам-қарекетінің басты мақсаттарын айқындап беріп келеді.
Биылғы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының да орны бөлек және ол бәрімізге жаңа
міндеттерді жүктейді. Халыққа ұсынар жақсылығы тұрғысынан қарасақ алға тартары да аз
емес. Сонымен қатар жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық
жағдайында «Қазақстан - 2050» Стратегиясының өзектілігі арта түседі. «Нұрлы жол»
экономикалық саясаты және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесі де өздеріңізге
белгілі. Біз осы қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз.
Президент білім саласы бойынша, үш тілді оқуға кезең – кезеңімен көшу мәселесі бойынша
ұсыныстар әзірлеуді, қазақ тілінің басымдығын сақтауды, одан әрі қарай дамуына зор көңіл
бөлуді тапсырды. Елімізде «Робототехника негіздері» бөлімдерінің мектептерге арнайы енгізілгені де – жағымды жаңалық! Мұның өзін жаңа ғасырдың бағалы бастамасы деп ұққан
жөн. Мектептегі оқушының коммуникативтік қабілетін осындай шығармашылық тұрғыдан
көтеруге болады. Робот техникасын оқыту оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырады. Робот техникасымен айналысатын оқушылардың инженерлік және программалау
қабілеттері дамиды.
Аудандық маслихаттың депутаты, аудандық маслихаттың депутаттық фракциясының жетекшісі ретінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесе отырып,
ауданымыздағы мекемелерде, кәсіпорындарда Елбасы Жолдауын насихаттау, оны халыққа
кеңінен түсіндіру мақсатында да жоспар бойынша халықпен кездесулер өткізудеміз.
Егер кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі ең алдымен халқының тұрмыс жағдайы арқылы
өлшенеді десек, Елбасының әлеуметтік әлеуетті көтеру бағытында міндеттелген тапсырмалары оның ішінде білім сапасын арттыру, кадрлардың біліктілігін жетілдіруге, кәсіптік –
техникалық білім беруге үлкен мән беруі біз үшін үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан алдымызда атқарар жұмыстар көп. Біз шәкірттерімізді осы құндылықтарды бойына сіңірген,
бәсекеге қабілетті жаңа заман азаматтары болуға тәрбиелеуіміз керек.
Р.С. Рахимов,
О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінің директоры,
аудандық маслихат депутаты
Аудан әкімдігінде
Кезекті аппараттық жиын өткізілді
Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғабдрахман Омаровтың
төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде қаралған бірінші
мәселе – әлеуметтік маңызы бар нысандарды және тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуде
«Жаңаарқа-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның атқарып отырған жұмыстары
туралы болды. Бұл туралы аталған мекеменің директоры Мейіржан Әбілдинов баяндама
жасады. Сонымен қатар, жиында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жангелді Бөгенбаев аудандағы
жылу беру маусымының өту барысы туралы ақпар берді. Кеңес соңында аудан басшысы күн
тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Баспасөз қызметі
Жемқорлыққа қарсы күрес толастамайды
28-наурыз күні
аудан әкімдігінде
қылмысқа және
с ы б а й л а с
жемқорлыққа
қарсы
күрес
ж ү р г і з у
комиссиясының
отырысы өтті.
К о м и с с и я
төрағасы, аудан
әкімі Ғабдрахман
О м а р о в
төрағалық еткен
жиынға
аудан
прокуроры,
а у д а н д ы қ
мәслихат
хатшысы,
аудан
әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары және комиссия мүшелері
қатысты.
Комисия отырысының күн тәртібі бойынша сөз кезегін алған «Нұр Отан» партиясы
Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов аталған
филиалмен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында 2016 жылы атқарылған жұмыстар
туралы ақпар берді. Тағы осы стратегияны іске асыру мақсатында 2015-2017 жылдарға
арналған іс-шаралардың орындалуы бойынша өткен 2016 жылы Атасу кенті әкімі
аппаратының атқарған жұмыстары жайлы кент әкімі Рахым Түсіпов баяндады.
Баспасөз қызметі
№13 (9802), 1 сәуір, 2017 жыл
Мерекелік репортаж
Наурыз келді, жыл келді!
Біздің халқымыз Наурыз
мерекесіне үлкен мән беру
арқылы береке, бірліктің,
ынтымақ пен достықтың,
тәртіп пен тазалықтың
терең тамыр жаюына
ықпал еткен. Адамдар
Ұлыстың ұлы күніне аманесен жеткеніне шүкіршілік
етіп, өкпе-реніштері болса
ұмытып, алдағы уақыттың
жақсылық
әкелетініне
үлкен сеніммен қараған.
Жаңа күнді лайықты
қарсы алу үшін айналасы
мен үй ішін тазартып, бар
ынтамен әзірлік жасаған. Бұл күн көпшілік ортасында кешірім мен мейірім, ізгілік пен
сыйластық кең орын алуымен ерекше.
Күн мен түнді теңестірген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі бұл күні шарықтау шегіне
жетті. Жаңа күн, жер дүние жаңғырған шуақты көктемнің шұғыласы нұр болып жарқырады.
Жарқыраған жарқын күннің аясында дүбірлеп өткен мереке ел мен елдің, жер мен жердің,
түрі басқа болса да жүрегі мен тілегі бір жұрттың берекелі ұжым бірлігін айшықтады. Бұл
күні таңмен таласқан әсем әуенді ән мен күйдің сазы барша жұртты орталық алаңға
асықтырды. Мереке өтетін орталық алаңның әсемдігі мен әдемілігі тіптен өзгеше. Наурызкөктемнің жылы шуағына қанатын тосқан айдындағы аққулардай қатар-қатар тізілген
ақшаңқан ақбоз киіз үйлер маңайы тойшыл көпшіліктен көзді сүріндіреді. Той басы Қызыр
бабаның бата беруімен басталды. Мұнан соң сахнаға аудан әкімі Ғабдырахман Игілікұлы
Омаров шығып, халықты мереке күнімен құттықтады. Өмір жылнамасында тағы бір жылды
артқа тастап, қарымды қадам басқан өңір тынысын тілге тиек еткен аудан басшысы межелі
биіктерді бағындыруда, келешекке қарымды қадам жасауда ел бірлігінің үлкен септігін,
өткенге салауат айтып, келешекке үмітпен қараудың, ұрпақтарға айтулы аманат, ізгі тәлімтәрбие қалдырудың артықшылығын атап өтті. Ауыз бірлігі жарасқан халқымыздың жарқын
келешегін қамтамасыз етер салауатты да салиқалы бағытты атап, ізгі тілегін жеткізді.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шараларға ат салысып, қолдау көрсеткен Ғ.Жарылғапов атындағы
«Аграрлық колледжінің» директоры, облыстық мәслихат депутаты Ғ.Жарылғапұлына; Локомотивтік ДЕПО АҚ директоры А.Салжановқа, ПЧ-28 мекемесінің директоры
Ғ.Мұқышевқа, жеке кәсіпкер М.Сүлейменовке, аудандық кәсіпкерлік қауымдастығының
төрағасы Б.Бекежановаға және аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры
С.Рымбекұлына; «Жаңаарқа жылу» КМК-ның директоры М.Әбілдиновке, аудандық орталық
аурухана директоры С.Күлмағанбетовке, білім бөлімінің басшысы Т.Әштаевқа, жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Ибраеваға, «Ветеринариялық
станциясы» КМК-ның директоры Қ.Мұқановқа, ауданымыздың коммуналдық сала
бөлімдеріне аудан әкімдігінің атынан зор алғысын білдірді.
(жалғасы келесі бетте)
Мерейтой
Аудан басшысы қос академикті құттықтады
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ғалым, филология
ғылымдарының докторы, профессор және Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» Серік
Қирабаев биыл 90 жасқа толып жатса, жерлесіміздің өмірлік серігі, ауданымыздың
«Құрметті азаматы», география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлия Бейсенова 85 жасқа толуда. Бір шаңырақтағы қос академиктің мерейтойларына арналып, Қазақстан Ұлттық ғылым
академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты және Қазақстан Жазушылар одағының
ұйымдастыруымен Алматы қаласының Ғалымдар үйінде Республикалық көлемде салтанатты мәжіліс өтті. Қоғам қайраткерлері, ірі ғалымдар және республика көлеміне танымал
тұлғалар мен зиялы қауым қатысқан ауқымды шараға облыс әкімінің тапсырмасымен аудан
әкімі Ғабдрахман Омаров барып, қатысып қайтты. Мерейтой иелеріне облыс әкімі Ерлан
Қошановтың құттықтау хаты мен арнайы сыйлығын тапсырды. Сонымен қатар, жерлестері
– жаңаарқалықтардың атынан құттықтау лебізін білдіре отырып, дәстүрімізге сай шапан
жауып, ат мінгізді.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы
Мерекелік репортаж
Наурыз келді, жыл келді!
(жалғасы. Басы 1-бетте)
Келесі сәтте аудан
орталығындағы Ю.Гагарин,
С.Сейфуллин, О.Жұмабеков
атындағы жалпы орта білім
беретін
мектептердің
ұжымдары мен аудандық
мәдени-сауық орталығы
өнерпаздарының
қатысуымен «Жер жаһанды
бусандырған Әз-Наурыз»
атты
театрландырылған
көрініс және мерекелік концерт, «Ең үздік ұлттық
тағам» және “Ең дәмді
наурызкөже” сайысы, мерекелік сауда, «Ауыл береке»
ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды және “Балдырған” балабақшасының
ұйымдастыруымен «Бауырсақ фестивалі» өтті. Мекемелердің ұйымдастыруымен дастархандар жайылып, аудандық әлеуметтік бөлімі және жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен көп балалы және
аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық асы берілді. Ауданымыздың кәсіпкерлері С.Тойымбаев
пен Б.Дүйсенбаевтың демеушілік жасауымен азық түлік жиынтығы салынған себеттер және ұн таратылды. Тыл және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер киіз үйлерде арнайы дайындалған мерекелік дастарханнан дәм татты. Жалпы бұл күні мереке алаңына келген адамдардың барлығы наурызкөжеден
дәм татып, ұлтымыздың салт-дәстүріне қанықты.
Өнерді сүйген көпшілік тапжылмастан мерекенің ән-би, күйден шашылған шашуына қарық болды.
2
1 сәуір 2017 жыл
Аудандық Мәслихаттың кезекті XІ сессиясы
туралы ақпараттық хабар
2017 жылғы 28 наурыз күні аудан әкімдігінің
мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХІ
сессиясы болды. Сессияны сессия төрайымы, депутат Н.О.Орынбасарова ашып, жүргізіп отырды.
Сессияға аудан әкімі Ғ.Омаров, мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов, аудан әкімінің орынбасары,
аудан әкімдігінің бөлім басшылары, кент, ауылдық
округтер әкімдері, аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің, «Нұр Отан» партиясы
Жаңаарқа аудандық филиалының өкілдері, мекеме, кәсіпорының басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі қаралған «Жаңаарқа
ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді
ауылшаруашылық мақсатына тарту мәселесі туралы» аудан әкімінің орынбасары Б.М.Мұқанов, сонымен қоса өздерінің әр сала бойынша атқарып
отырған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы
Ш.Қ.Ибраева, аудандық ішкі саясат
бөлімінің
басшысы Р.Ә.Қазимов,
аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп
бөлімінің басшысы М.Е.Ибраев есептерін беріп, баяндамаларын жасады.
Сессияда
қаралған
«Жаңаарқа
ауданының
бюджеттік
комиссиясының», «Жаңаарқа ауданы
әкімдігінің
жанында
құқықтық
бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі
ведостволық
комиссиясының»,
«Қылмысқа
және
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу
комиссияның » құрамдары бекітілді. Сонымен қатар сессияда аудандық аумақтық, округтік, учаскелік
сайлау комиссияларына өзгерістер енгізілді. Аудандық Мәслихаттың келесі сессиясының
төрағалығына №11 Сәкен Сейфуллин сайлау округінің депутаты Ө.Айтжанов сайланды.Сессияда
талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты
Еңбек заңнамаларының сақталуы аудан
прокуратурасының үнемі қадағалауында
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын аудан халқы үшін барлық мекемелер мен оқу орындары бірінен
бірі өткен өнерлерімен көпшіліктің көңілін шарықтатып, нағыз думанның көрігін қыздырды. Толас
таппаған ән мен биден көз ала алмаған көпшілік өз алдына бір төбе болса, киіз үйлердің қонақжай дастарханын дәм ішіп, үйден үйге қыдырып “Ұлыс оң болсын!” айтып жүрген қалың нөпір халықта есеп
жоқ. Алтыбақан тепкен жастар мен балалардың көңілдері бірге тербеліп, жарқын күлкімен қызыққа
толған. Алаңды айналаға тігілген шатырларда сауда қызып, қол өнер бұйымдары мен тамақ өнімдері
саудаланып жатты. Әр кезеңге бөлініп, ұйымдастырылған мәдени көпшілік мерекенің маңызын арттыра
түскен байқау сайыстар мен ұлттық спорттық жарыстар өткізілді. Қазақ күресі 26кг салмақ
дәрежесінде І-орын Н.Біргебай, ІІ-орын Т.Абзалов, ІІІ-орын Ә.Амангелді. 29кг салмақта І-орын
М.Армия, ІІ-орын С.Даулет, ІІІ-орын С.Әбетбай, А.Лұқман 32кг салмақта І-орын Д.Сембин, ІІ-орын
Ж.Мінасип, ІІІ-орын Р.Темірбай,
Ү.Қазкенов иеленді. 35кг І-орын
Д.Қайруллаұлы, ІІ-орын Р.Лұқман,
ІІІ-орын О.Амангелді, Н.Тілеу. 38
кг салмақта І-орын Е.Тайлақов, ІІорынды Ж.Даулетов иеленді. 42кг
салмақта І-орынды С.Сағиев, ІІорынды Ә.Сейдахмет, ІІІ-орынды
Е.Мейрамбеков, Е.Ырысбаев 46кг
салмақта І- орынды Қ.Қанатов, ІІорынды Н.Өмірбай, ІІІ-орынды
Н.Есенжолов
иеленді.
50кг
салмақта І-орынды М.Айтқожин,
ІІ-орынды Ғ.Хамзин иеленді. 50кг
жоғары салмақта І-орынды Н.Тәжікенов, ІІ-орын Ж.Мақашов, ІІІ-орын Б.Тайлақов иеленді.
Тоғызқұмалақ. І-орынды Д.Комунар, ІІ-орынды Г.Қасымова, ІІІ-орынды Т.Жағыппар иеленді.
Командалық жарыста І- орынды Ақтайлақ мектебі иеленді, ІІ- орынды №132 ЖОББМ иеленді, ІІІорынды О Жұмабеков атындағы ЖОББМ иеленді. Қол күресі. І- орынды Н.Алин иеленді, ІІ-орынды
Е.Түсіпов иеленді, ІІІ-орынды Н.Бекешов иеленді. Кір тасын көтеру. І-орын А.Демесинов иеленді,
ІІ-орынды А.Мұхамедия иеленді, ІІІ-орынды Н.Шегіров иеленді. Арқан тартыс. І-орынды Залиния
иеленді, ІІ-орынды Жамағат иеленді, ІІІ-орынды Ақтүбек ауылы иеленді. Асық ату. І-орынды
Б.Нұркеев иеленді, ІІ-орынды
Д.Елеусіз иеленді, ІІІ-орынды
Д.Әмір иеленді. Жарыс женімпаздары мен жүлдегерлері
аудандық дене шынықтыру
және спорт бөлімінің мақтау
қағаздарымен және бағалы
сыйлықтарымен марапатталды.
Осындай мерекелік іс-шаралар
барлық ауылдық округтерде
ұйымдастырылды.
Бұл күні жұртшылықтың көңіл
күйі ерекше болды. “Наурыз
күні той тойлап, жақсы тілек тілеген адам келесі наурызға дейін қуаныш пен бақытта, бейбіт өмір сүреді”-деген ертеден келе жатқан
ұғым бар. Міне, Әз Наурыз дүние есігін ашты. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы
бір жыл табалдырықтан аттады. Жаңа күн төңірекке нұр шапағатын төкті. Наурыздан наурызға аманесен жетейік!
Өз тілшіміз
Аудандық
әкімшілік
ғимаратының мәжіліс залында наурыз айының 29-шы
жұлдызында
аудан
прокуратурасының
ұйымдастыруымен
ведомствоаралық жиналыс
өтті. Аталмыш жиналысқа
ауданымызға қарасты мемлекеттік
және
ЖШС
мекемелерінің басшылары
мен қызметкерлері қатысты.
Ведомствоаралық
жиналыстың
қаралған
мәселесі Еңбек кодексі және
мекемелердегі
еңбек
заңнамаларының сақталуы
және дұрыс жүргізілуі жайында болды. Елімізде бүгінгі
күні еңбекақыны уақытылы төлеу өзекті әрі маңызды болып отыр, себебі қазіргі таңда еңбекақы күн
көрістің басты көзі болып табылады. Еңбек заңдары бұзылған жағдайда қоғамда наразылық тудырмау
үшін аудан прокуратурасы үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізіп отырады. Соның бір айғағы, бүгінгі
жиналыста аудан прокуратурасы аудан көлемінде еңбек заңнамаларының сақталуына назар аударып,
құқық бұзып отырған мекемелерге талдау жасап, нәтижесін
ортаға салды.
Жиналысты ауданымыздың
прокуроры
А.Қ.Әділханов
жүргізіп отырды. Алғаш боп өз
баяндамасын
аудан
прокуратурасының аға прокуроры
Р.Н.Кенжетаев оқып
берді. Баяндамада алдын ала
бақылау
жасалған
еңбек
заңдарын бұзған, оның ішінде
жұмыс берушілер тарапынан
жұмыскерлерге еңбекақыларын
уақытылы
төленбегендігі
жөнінде
мәліметтерді
жиналысқа қатысушыларға таныстырып, бірқатар дәлелдер
мен пайымдау актілерін айтып
өтті.
Баяндамадан соң, Еңбек Заңын
бұзған мекеме басшыларына сөз беріліп, жіберілген кемшіліктің себебін түсіндіруді талап етті.
Жиналысқа қатысушылар осы мәселелер жайында сұрақтар қойып, басшылардан нақты жауаптар алды.
Аудан прокуроры А.Қ.Әділханов Еңбек заңнамалары бұзылған кейбір мекемелерге ескерту берсе,
«Сәкен және оның компаниясы» мен «Сарыарқа ENERGY» мекемелерінің басшыларына
жұмыскерлердің уақытылы төленбей келген еңбекақыларын белгіленген мерзімге дейін төлеуді
қадағалайтынын айтты. Жиналыс соңында аудан әкімінің орынбасары Б.М.Мұқанов туындаған
мәселелерді бірге шешіп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Р.Айтжанова
Хабарландыру
Құрметті аудан тұрғындары!
Жаңаарқа ауданының прокуратурасы 2013-2016 жылдары агроөнеркәсіп кешендерін
субсидиялауға бөлінген қаражаттардың заңдылығына тексеріс жүргізуде. Осыған байланысты, аталған мәселе бойынша орын алған заң бұзушылықтар туралы ақпараттар мәлім
болған жағдайда сіздер аудан прокуратурасының сенім телефондарына хабарласа аласыздар:
2-62-33, 2-62-93.
Сонымен қатар, субсидиялау тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстарыңызды
7103004@prokuror.kz электрондық адреске жолдауға болады.
1 сәуір 2017 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
Атасу кенті
№14/03
27 ақпан 2017 жыл
(Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық акт 2017 жылдың 27 наурызында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4188 болып тіркелді)
«Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар
депутаттығына сайлау кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру
орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайларды анықтау туралы»
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы
22 қарашадағы №323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
3
Постановление акимата Жанааркинского района
пос.Атасу
№14/03
27 февраля 2017 года
(нормативный правовой акт зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных
правовых актов за №4188 от 27 марта 2017 года в Департаменте юстиции Карагандинской области)
О внесении изменений в постановление акимата
Жанааркинского района от 22 ноября 2011 года №323 «Об определении помещений длявстреч с избирателями, мест размещения печатных агитационных
материалов на период выборов депутатов Мажилиса Парламента и
маслихатов Республики Казахстан»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28
қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №323 «Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығынасайлау кезеңінде үгіттік баспа материалдарынорналастыру орындарын, сайлаушыларменкездесу үшін үй - жайларды анықтау туралы» (нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-12-118
нөмерімен тіркелді, 2011 жылғы 24
желтоқсандағы №56-57 (9475) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысыАлмас Қазбекұлы
Әбдіғожинге жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ.Омаров
В соответствии с пунктами 4, 6 статьи 28 Конституционного Закона Республики Казахстан от 28 сентября
1995 года «О выборах в Республике Казахстан», Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года
«О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акиматЖанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Внести изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 22 ноября 2011 года №323
«Об определении помещений для встреч с избирателями, мест размещения печатных агитационных материалов на период выборов депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан»(зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №8-12-118,
опубликовано в газете «Жаңаарқа» от 24 декабря 2011 года № 56-57 (9475)) следующие изменения:
приложение 1, 2 к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложений 1, 2 к
настоящему постановлению.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Абдигожина Алмаса Казбековича.
3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.
Аким района
Г.Омаров
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы №14/03 қаулысына 1 қосымша
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №323 қаулысына 1 қосымша
Приложение 1 к постановлению акимата Жанааркинского района от 27февраля 2017 года №14/03
Приложение 1 к постановлению акимата Жанааркинского района от 22 ноября 2011 года№323
Жаңаарқа ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуге арналған үй – жайлардың мекенжайлары
№ Елді мекенінің атауы
1. Атасу кенті
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Қызылжар кенті
Айнабулақ ауылы
Ақтау ауылы
Ынтымақ ауылы
Орынбай ауылы
Ералиев ауылы
Атасу ауылы
Талдыбұлақ ауылы
10. Бидайық ауылы
11. Қараағаш ауылы
12. Түгіскен ауылы
13. М.Жұмажанов ауылы
14. Ақтасты ауылы
15. Ақтубек ауылы
Үй-жайлардың мекенжайы
«Бименде Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, А.Оспанова көшесі, 43
«Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, 40 лет Победы көшесі, 1
Мәдениет үйінің акт залы, Достық көшесі, 7
Мәдениет үйінің акт залы, Жеңіс көшесі, 65
Мәдениет үйінің акт залы, Саябақ көшесі, 15
Мәдениет үйінің акт залы, Мектеп көшесі 7
Мәдениет үйінің акт залы, Мектеп көшесі, 160
Мәдениет үйінің акт залы, Достық көшесі, 1
Мәдениет үйінің акт залы, Бейбітшілік көшесі, 39
«Бидайық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің акт залы, Орталық көшесі, 6
Мәдениет үйінің акт залы, Төлебай сал көшесі, 1
Мәдениет үйінің көрермендер залы, Ы.Жумабеков атындағы көшесі, 49
Мәдениет үйінің акт залы, Тәуелсіздік көшесі, 1а
Мәдениет үйінің акт залы, Бейбітшілік көшесі, 13
Мәдениет үйінің акт залы, Байтерек көшесі, 1
Жалпы орны
80 орын
40 орын
50 орын
150 орын
120 орын
150 орын
150 орын
110 орын
60 орын
40 орын
160 орын
150 орын
120 орын
35 орын
120 орын
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы27 ақпандағы №14/03 қаулысына 2 қосымша
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №323 қаулысына 2 қосымша
№
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
Жаңаарқа ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орындары
Елді мекенінің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Атасу кенті
Телекоммуникация ғимараты алдындағы ақпараттық қалқан, Тәуелсіздік көшесі, 22
Атасу кенті
Абай көшесіндегі «Диана» кафесі жанындағы жарнамалық қалқан
Атасу кенті
С.Сейфуллин даңғылындағы компьютерлік орталығы алдындағы жарнамалық қалқан
«Ғ. Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Атасу кенті
жанындағы ақпараттық қалқан, Б. Қүжікенов көшесі, 2
Атасу кенті
«Аяжан» дүкенің жанындағы ақпараттық қалқан, С.Сейфуллин даңғылы, 35
Фельдшерлік- акушерлік пунктінің ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқан, 40 лет
Қызылжар кенті
Победы атындағы көшесі, 7
Айнабулақ ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі, 7
Ақтубек ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Байтерек көшесі, 1
Ақтау ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Жеңіс көшесі, 65
Ақтасты ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Бейбітшілік көшесі, 13
М.Жумажанов ауылы «Мирас» дүкенінің жанындағы жарнамалық қалқан, С.Сейфуллин көшесі, 7
Атасу ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі, 1
Бидайық ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан,
14. Ералиев ауылы
15. Талдыбұлақ ауылы
16.
17.
18.
19.
Түгіскен ауылы
Қараағаш ауылы
Орынбай ауылы
Ынтымақ ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Мектеп көшесі, 160
Жеке кәсіпкер А.Толеуовтың дүкенінің жанындағы жарнамалық қалқан, Достық көшесі,
5
Ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы ақпараттық қалқан, Ы.Жумабеков
көшесі, 37
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Төлебай сал көшесі, 1
Байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқан, Мектеп көшесі, 8
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Саябақ көшесі, 15
ЭКСПО-2017 көрмесі үшін БАҚ өкілдеріне
арналған аккредитация ашық
АҚ « Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Халықаралық
мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі үшін БАҚ аккредитациясы 2017 жылдың 20 наурызынан бастап ашық деп жариялайды. Аккредитация 20 наурыздан бастап Көрменің соңы, 9-шы
қыркүйекке дейін жалғасады. БАҚ өкілдеріне арналған аккредитация
іс-шараның өту барысын жеткізе отырып, кәсіби
мақсаттарды жүзеге асыру үшін Медиа-центр мен арнайы
аймақтарға кіруге рұқсат етіледі.
Қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған аккредитация мына
тәртіп бойынша жүргізіледі: 1.БАҚ өкілі компанияның «Аккредитация» деген мәзірге кіріп, «БАҚ
үшін Аккредитация» бөлімін тауып, келісімді алу үшін арнайы үлгіні толтырыту керек; 2.Интерактивті үлгіні толтыру кезінде қандай да бір қиыншылықтар туса, БАҚ өкілі сайттан сол үлгіні
жүктеп, Word пішінінде толтырады. Сұралған құжаттарды тіркеп, мына электронды адреске жолдайды: accr.media@expo2017astana.com
Аккредитацияға өтінім беру үшін мына құжаттарды толтыру керек: Журналистің уақытша немесе
тұрақты аккредитациясы туралы БАҚ басшылығының жазған хаты; Аккредитация үлгісін толтыру ( үлгі компания сайтында «БАҚ үшін Аккредитация» бөлімінде жарияланған ); Мына
талаптарға сай БАҚ өкілінің фотосы: Түрлі түсті болуы керек; gif, .jpg или .png. форматында
болуы керек, көлемі кем дегенде 512 Kb, фото пішіні 3Х4; фотоның 70-80 % -ын бет пішін алу
керек; фото алты айдан бұрын жасалмауы керек. ҚР жеке куәлігі немесе паспорттың түрлі түсті
көшірмесі (тек Қазақстан Республикасының азаматтарына)
Үлгіні жіберіп, арнайы тексеруден өтіп, оң нәтиже алғаннан кейін БАҚ өкіліне аккредитация картасы беріледі.
Аккредитациядан өту кезінде қандай да бір сұрақтар кездессе мына байланыс телефоны арқылы
хабарласыңыз: +7 (7172) 93-89-43 дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9-00- ден 19-00-ге дейін,
немесе мына электоронды поштаға жазсаңыз болады: accr.media@expo2017astana.com
АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ
Қоғаммен байланыс Департаменті
Адреса помещений для встреч кандидатов с
избирателями по Жанааркинскому району
№
Наименование населенного
пункта
1. поселок Атасу
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
поселок Кызылжар
село Айнабулак
село Ақтау
село Интумак
село Орынбай
село Ералиево
село Атасу
село Талдыбулақ
10. село Бидайык
11. село Караагаш
12. село Тугускен
13. село М.Жумажанов
14. село Актасты
15. село Актубек
Адреса помещений
Актовый зал коммунального государственного учреждения «Опорная
школа (ресурсный центр) на базе «Общеобразовательной школы
имени Бименде Амалбекова», улица А.Оспанова, 43
Актовый зал коммунального государственного учреждения «Кызылжарская общеобразовательная школа», улица 40 летия Победы, 1
Актовый зал дома культуры, улица Достык, 7
Актовый зал дома культуры, улица Жеңіс, 65
Актовый зал дома культуры, улица Саябак, 15
Актовый зал дома культуры, улица Мектеп, 7
Актовый зал дома культуры, улица Мектеп, 160
Актовый зал дома культуры, улица Достык, 1
Актовый зал дома культуры, улица Бейбітшілік, 39
Актовый зал коммунального государственного учреждения «Бидаикская общеобразовательня школа», улица Орталық, 6
Актовый зал дома культуры, улица Толебай сал, 1
Зрительный зал дома культуры, улица имени Ы. Жумабекова, 49
Актовый зал дома культуры, улица Тәуелсіздік, 1а
Актовый зал дома культуры, улица Бейбітшілік, 13
Актовый зал дома культуры, улица Байтерек, 1
Общая
площадь
80 мест
40 мест
50 мест
150 мест
120 мест
150 мест
150 мест
110 мест
60 мест
40 мест
160 мест
150 мест
120 мест
35 мест
120 мест
Приложение 2 к постановлению акимата Жанааркинского района от 27 февраля 2017 года №14/03
Приложение 2 к постановлению акимата Жанааркинского района от 22 ноября 2011 года №323
Места для размещения агитационных печатных материалов
по Жанааркинскому району
Наименование населенного
№
пункта
Места для размещения агитационных печатных материалов
1. поселок Атасу
Информационный щит перед зданием телекоммуникации, улица Тәуелсіздік, 22
2. поселок Атасу
Рекламный щит возле кафе «Диана» по улице Абая
3. поселок Атасу
Рекламный щит возле здания компьютерного центра по проспекту С. Сейфуллина
Информационный щит возле коммунального государственного учреждения «Аг4. поселок Атасу
рарный колледж имени Г. Жарылгапова» по улице Б. Кужикенова, 2
5. поселок Атасу
Информационный щит возле магазина «Аяжан» по проспекту С.Сейфуллина, 35
Информационный щит возле здания фельдшерско-акушерского пункта по улице 40
6. поселок Кызылжар
летия Победы, 7
7. село Айнабулак
Информационный щит возле дома культуры, улица Достык, 7
8. село Актубек
Информационный щит возле дома культуры, улица Байтерек, 1
9. село Актау
Информационный щит возле дома культуры, улица Жеңіс, 65
10. село Актасты
Информационный щит возле дома культуры, улица Бейбітшілік, 13
11. село М.Жумажанова
Рекламный щит возле магазина «Мирас», улица С.Сейфуллина , 7
12. село Атасу
Информационный щит возле дома культуры, улица Достык, 1
13. село Бидайык
Информационный щит возле возле дома культуры, улица Жеңіс, 15
14. село Ералиево
Информационный щит возле дома культуры, улица Мектеп, 160
Рекламный щит возле магазина частного предпринимателя Толеуов А.,улица
15. село Талдыбулак
Достық, 5
Информационный щит возле здания сельской врачебной амбулатории, улица Ы.Жумабекова, 37
16. село Тугускен
17. село Караагаш
Информационный щит возле дома культуры, улица Толебай сал, 1
18. село Орынбай
Информационный щит возле здания узла связи, улица Мектеп, 8
19. село Интумак
Информационный щит возле дома культуры, улица Саябак, 15
Италияндық пианист Андреа Луккезини
ЭКСПО-2017 алаңында өнер көрсетеді
2017 жылдың 2 шілдесінде көрнекті музыканттың Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық
оркестрмен бірге жалғыз концерті өтеді.
Астана тұрғындары мен қонақтары Людвиг ван Бетховенді
саусағынан бал тамған Луккезинидің орындауында ести
алады.
Мария Типо жетекшілігінде оқып үйренген Андреа Луккезини Ла Скала театрындағы Халықаралық байқауда жеңімпаз
атанып, өте ерте халықаралық танымалдылыққа ие болады.
Сол кезден бастап, ол әлемнің жетекші дирижерлері және оркестрлерімен өнер көрсетіп келеді.
Итальянский пианист Андреа Луккезини выступит
на площадке ЭКСПО-2017
Единственный концерт выдающегося музыканта состоится 2 июля 2017 года совместно с Государственным академическим симфоническим оркестром Республики Казахстан. Жители и гости столицы
услышат Людвига ван Бетховена в виртуозном исполнении Луккезини.
Андреа Луккезини обучался под руководством Марии Типо и получил международное признание в
очень молодом возрасте, выиграв Международный конкурс в театре Ла Скала. С тех пор он выступает
с ведущими дирижерами и оркестрами мира.
*****
За дополнительной информацией обращаться в Департамент по связям с общественностью:
тел.:+7(7172)938766, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com
4
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ.
Жылжымайтын мүлікті электрондық
тіркеу тәртібі
Бүгінгі таңда үкімет порталы арқылы әділет органдары электронды форматта 22 қызмет түрін
көрсетеді. Осындай қызметтердің бірі, 2013 жылғы 1 қаңтарда енгізілген жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу болып табылады. Ол үшін Қазақстан азаматтары нотариус¬та келісім рәсімделгеннен
кейін 1 күн ішінде әділет органдарында өз құқықтарын тіркей алады. Келісімге қол қойылғаннан кейін
нотариус сатып алушының жазбаша келісімімен өзінің электронды цифрлы қолтаңбасымен құпталған
құжаттарды электронды түрде «Е-нотариат», яғни бірыңғай нота¬риалды ақпараттық жүйенің бағ¬дарламасы арқылы аумақтық әділет органына жібереді. Жылжымайтын мүлікті сатып алушы келісімге қол
қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы электронды үкіметінің төлем шлюзі арқылы тіркеу үшін
алым сомасын төлеуі қажет. Электронды тіркеу үшін азаматтардың электронды цифрлы қолтаңбасы
қажет етілмейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласына электронды тіркеуді
енгізу мемлекеттік тіркеу мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін қысқартты, сонымен қатар жедел тіркеу үшін
алым төленбейді. Электронды тіркеудің жеке және заңды тұлғалар үшін ең басты ар¬тық¬шылығы –
уақыт пен мате¬риалдық шығынның азаюы. Енді нота¬риуста келісім жасалғаннан кейін азବмат¬тар
құжаттарын ХҚКО-ға тап¬сырып, әділет органдарының шеші¬мін күтпейді. Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркеудің электронды түрі рәсімдеу шараларын түбегейлі жеңілдетіп, кедергілерді жойып,
азаматтарға қолайлы жағ¬дайлар туғызуда. Қазіргі таңда осы жеделдетілген мемлекеттік қызмет түрін
қолданушылар саны күннен-күнге өсуде.Нотариаттық қызметті жүзеге асыратын барлық жекеше нотариустар жылжымайтын мүліктің Тіркеу базасымен біріктірілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық
жүйеге (БНАЖ) қосылған. 2016 жылы жылжымайтын мүліктің Тіркеу базасындағы мәліметтерге
сәйкес, нотариустармен жылжымайтын мүлікпен куәландырылған және тіркеуші органда 259 өтініш
электронды форматта тіркелген. Ал 2017 жылдың 2 айының мәліметі бойынша, нотариустармен
куәландырылған 63 өтініш электронды тіркеу арқылы өткізілген. Сонымен қатар, электронды форматта
тіркелген мәмілелерді қарастыру барысында Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімімен мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкелетін жағдайлар кездесетіні ескеріледі. Жылжымайтын мүліккее
құқықтарды электронды мемлекеттік тіркеуден өткізуден бас тартуға негізгі себептер болып жылжымайтын мүлікпен мәмілерлерді куәландыру кезінде заңнама талаптарының бұзылуы және тіркеуге
заңнама талаптарына сай емес құжаттардың ұсынылуы табылады. Электронды тіркеудің жеке және
заңды тұлғалар үшін ең басты ар¬тық¬шылығы кәсіпкерлердің қызмет жағдайын түбегейлі жақсарту,
сондай-ақ, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде индикатор «Меншікті тіркеу» бойынша
ақпараттық жұмыстың жоспарының іс-шараларына қатысты коммерциялық ұйымдарының тіркеуі туралы туындайтын мәселері және уақыт пен мате¬риалдық шығынның азаюы. Жоғарыда
айтылғандардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеудің сапасын
жоғарылату мақсатында Жаңаарқа ауданының әдлет басқармасы жеке нотариустардын қатысуымен
куәландырылатын жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелер бойынша тұрақты түрде құқық түсіндіру
жұмыстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер және ашық есік күндері жүргізіліп отырады.
Е.Н.Әкібаев,
Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының бас маманы,
Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі
Зейнатақы бойынша сұрақтар
1. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бере ала ма?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының
5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы
жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты
енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді
қорғалған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен зейнетақы төлемдерін
алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау Қағидалары бекітілген. Бұл Қағидалар зейнетақы
төлемдерін алушыларға зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырманы төлеу тәртібін айқындайды. Қағидалардың 2 тармағына сәйкес айырма төлемі зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген
міндетті зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде
айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем. Барлық қажетті
құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тапсырылған
соң, мамандар жеке зейнетақы шотындағы жинақтар сомасының инфляцияны ескере отырып, келіп
түскен зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жұмысын жүргізеді. Мемлекет зейнетақы
төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалардың барлығына айырма сомасын төлейді. Зейнеткерлікке шығу
негізіне (жасына немесе мүгедектігіне байланысты) байланысты шектеулер қарастырылмаған.
2. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы азаматтарға міндетті түрде хабарлау науқаны
қаншалықты жиі өткізіледі?
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына міндетті хабарлау науқаны жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың басында жүргізіледі. Жеке зейнетақы
шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал оны алу тәсілін салымшылар мен алушылар
өз еріктерімен таңдайды. Үзінді-көшірме салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде,
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша
келісімде көрсетілген мекенжайға, оның ішінде электрондық мекенжайға жіберіледі. Егер салымшы
(алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін Қорға хабарламаса, онда 2016 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып келеді. Одан басқа, бұл жағдайда
БЖЗҚ-ның ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес алдағы жылы үзінді-көшірмені жібермеуге құқығы
бар. Естеріңізге сала кетелік, салымшы (алушы) белгіленген тәртіпте Қордың өз міндеттемесін орындауға
әсер ететін өзгерістер жайында, осындай өзгерістер орын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде
хабарлауға міндетті («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының
39-бабының 4 тармағының 1 тармақшасы). Мұндай өзгерістерге егер тиісті хабарлау тәсілі таңдалған
болса, электрондық және пошталық мекенжайлардың өзгергендігі жатады. БЖЗҚ ағымдағы жылдың 1
қаңтарындағы не хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімде көрсетілген кезең аяқталғаннан
кейінгі айдың бірінші күндегі жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-ында ақша болмаған
немесе хабарлау тәсілі таңдалмаған жағдайда салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі
туралы ақпарат жібермейді. 2016 жылы шамамен 1,6 млн. салымшы (алушы) үзінді-көшірме ала алмады.
Өйткені, олардың ЖЗШ жай-күйі туралы хабарлау тәсілі таңдалмаған. БЖЗҚ мамандары салымшыларды
өздерінің жеке деректерін өзгерту және/немесе хабарлау тәсілін таңдау бойынша Қордың дербес қызмет
көрсету орталықтарына жүгінуге шақырады.
3. Қордың есептемелері және көрсеткіштері туралы мәліметтерді қайдан алуға болады?
Қор қызметінің маңызды көрсеткіштері ай сайын www.enpf.kz сайтында жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасының ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін
ҚР Ұлттық Банкі басқарады. Ұлттық Банктің инвестициялық қызметінің нәтижесімен Қордың
www.enpf.kz сайтынан танысуға болады. Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша зейнетақы
активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпараттар ай сайын жаңарып отырады. Барлық құжаттар
хронологиялық тәртіпте жарияланады және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге қол жетімді.
БЖЗҚ тоқсан сайын пайдалар мен шығындар және бухгалтерлік теңгерім туралы мәліметтер жариялап
отырады. Сонымен қатар жыл сайын сыртқы аудитті жүргізу нәтижесі бойынша есептеме жариялайды.
Сенім телефоны
“Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі” ММ қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңдылықтарды бұзған фактілері жөнінде
хабарлау үшін 2-62-64 номерлі сенім телефоны орнатылғанын хабарлаймыз.
*** *** ***
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін 2-75-00 сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
1 сәуір 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің рөлі мен маңызы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурысының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шегінде құқықтық статистиканы
қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу бойынша мемлекеттік органның қызметі мен
өкілеттілігін жүзеге асыратын ведомство болып табылды.
Комитеттің басты мақсаты міндеті - жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жолымен Қазақстан
Республикасының бірыңғай мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйе жасап шығару.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының негізгі міндеті бірыңғай статистикалық
қағидалар мен стандарттар негізінде мемлекеттегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы туралы
жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды тиімді және жеткілікті ақпараттық қамтамасыз
ету болып табылады.
ҚР БП ҚСжАЕК-де қылмыс жасаған, мемлекеттік қудалау органдарының іздеуінде жүрген, іс-түссіз
жоғалған тұлғалар және танылмаған мәйіттер туралы бар ақпараттар жинақталған. Құқықтық статистика субъектілерінен статистикалық ақпараттар, ведомстволық статистикалық есептілік, бастапқы
есептің құжаттары мен нысандары күнделікті келіп тұрады.
ҚР БП ҚСжАЕК қызметінің басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға
бағытталған заңнамалардың қолданылуына қадағалауды қамтамасыз ету. Бұл қадам кіші және орта
бизнестің дамуы үшін кедергілерді жоюға мүмкіндік жасайды.
Комитеттің ақпараттық сервистерінің және интернет-ресурстарының арқасында азаматтар: мемлекеттік
органдарға жазған өтініштерінің қаралу барысы мен нәтижелерін бақылай алады; кімнің қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүргендігін біле алады; қызметіне қатысты жүргізілетін тексерістің Комитетте тіркелгендігін және заңды негіздерде басталғандығына көз жеткізе алады; «соттылық туралы
анықтаманың» жарамдылығын тексере алады; әкімшілік айыппұлдардың болуын және төлемін тексере
алады; автокөліктің адам өліміне немесе жарақаттануына алып келген ЖКО-на қатыстылығы туралы
ақпарат ала алады; баласын асырауға алимент төлемегендерді көре алады; картада жасалған қылмыстар,
жол-көлік оқиғалары жөнінде, тағы да басқа көптеген мәліметтер көрсетіледі.
Осылайша, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметі құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу аясының шегінен асып түседі және ол
Елбасының құқықтық мемлекет қалыптастыру бойынша іске асырып отырған реформалары үшін
маңызды рөл атқарады.
Г.Х.Әбдірәрімова,
Жаңаарқа ауданы бойынша құқықтық статистика және
арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры
АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІ БОЙЫНША
Сот орындаушыларының жұмысы сот шешімдерін орындаудан құрылады және бұл оңай жұмыстың
бірі емес, өйткені сот орындаушылары өздерінің жұмысының әр кезінде адамдар тағдырымен, жан
дүниесімен және күйзелісімен жолығады.
Мемлекеттік сот орындаушыларының жүктемесін қайткенде жеңілдету үшін 2011 жылы атқарушылық
іс жүргізу баламасы — Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы
құрылды.Енді азаматтар өздерінің таңдауын жасай алады — мемлекеттік сот орындаушыларына әлде
жеке сот орындаушыларына жүгінеді.
Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы түбегейлі реформалар аясындағы 27-і қадам
сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту арқылы жеке сот
орындаушыларының институтын одан әрі дамыту болып табылады.
Осы бағытта арнайы заң қабылданып, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке сот орындаушылардың
құзыретіне мемлекеттен өндіріп алу, одан әрі мемлекет пайдасына 1000 айлық есептік көрсеткіштен
асатын соманы өндіріп алу туралы құжаттарды, мемлекет мүддесінде жүргізілетін үйден шығару, бұзу,
жер учаскелерін алып қою туралы құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары берілді.
Жеке сот орындаушыларының қызметiне ақы төлеу өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде iске асырылады,
яғни оның iс-әрекеттерiне ақы борышкерден талап етiлетiн қаражат есебiнен жүргiзiлетiнi туралы
заңнамада белгiленген. Сонымен қатар, жеке сот орындаушы атқару құжатын орындауға қабылдайтын
кезiнде өндiрiп алушымен шығындардың алғашқы төлемiн төлеу туралы келiсiм-шартты жасайды. Кейiннен төленген алғашқы төлемнiң сомалары борышкерден өндiрiлген қаражатынан ұсталады.
Алимент мәселесі бойынша жаңа заң нормаларында азаматтарға төлем талап етiлмейтiн жеңiлдiктер
қарастырылған, яғни атқарушылық құжаттарды ұсынатын өндiрiп алушылардан жеке сот
орындаушылардың қызметiне алдын - ала төлемдердi талап етуге тыйым салынған. Алименттердi
өндiру туралы құжаттар әлеуметтiк маңызы бар iстер санатына жатқызылып, бұл түрдегi iс жүргiзулер
бойынша борышкерлердiң кiрiстерi және атына тiркелген мүлiктерi болмаған жағдайда жеке сот
орындаушылардың қызметiне ақы төлеу республикалық бюджет есебiнен жүргiзiлетiнi көзделген.
Ғ.Т.Омаров,
Бөлім басшысы, аға сот орындаушы
Тауар таңбасы туралы не білесіз?
Мемлекетімізде 1999 жылы 26 шілдеде «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар
шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң (бұдан әрі-Заң) қабылданған. Бұл Заң 13 тарау, 48-баптан
тұрады. Аталмыш Заң тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің
атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайлануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасында тауар таңбасы құқықтық қорғау Заңда белгіленген тәртіпте оларды
тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тіркеусіз беріледі. Тауар таңбасына куәлікпен куәландырады, тауар таңбасының иесі көрсетілген тауарлар мен
қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айрықша құқығына
ие. Сонымен қоса, қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.
Тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе бір
тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе
қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына: 1) фирмалық атаулар;
2)тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері); 3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары
(шығатын жерін көрсету), 4) Азаматтық Кодексте және заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық
айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады. Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінім тапсыру қажет. Заңда белгіленген негізде өтінімге қойылатын
талаптар: өтінім бір тауар таңбасына қатысты болуға тиіс.
Өтінім бір үлгі бланкіде берілуге және өтінім берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немес
тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргізу туралы өтінішті; мәлімделген белгіні; тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және қызметтердің
тізбесін қамтуға тиіс. Өтінімге сараптама жүргізу жөніндегі сараптама жасау ұйымы қызметтерінің
ақысы төленгенін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Төлем мөлшері Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес белгіленеді; іс жүргізу өкіл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенімхат; ұжымдық
тауар таңбасына өз атына тіркеуге уәкілетті ұйымның атауын, бұл таңбаны тіркеу мақсатын, осы
таңбаны пайдалануға құқылы субъектілер тізбесін, ұжымдық тауар таңбасымен белгіленетін тауарлар
мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен бірыңғай сапасын немес өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртібін, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерін бұзғаны үшін жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы қоса тіркелуге тиіс.
Өтінім және оған қоса тіркелетін құжаттар қазақ немес орыс тілінде табыс етіледі. Егер құжаттар басқа
тілде табыс етілген болса, өтінім беруші бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын тапсырады.
Д.Ж.Батталова,
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының бас маманы,
Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі
1 сәуір 2017 жыл
ҰБТ-ның жаңа форматы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды аттестациясының
өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап
түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын
белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын
атқаратын ҰБТ тапсырады. Бұл өзгерістер оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖООға түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді. Сондай-ақ бұған түлектердің білімдерін
сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен,
оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болды.
Қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыз болмаған. Жыл сайын ҰБТ-ға қатыспайтындар үлесі 30
пайызға жеткен. Бұл ҰБТ қорытындылары бойынша еліміздегі орта білімнің сапасы туралы тұжырым
жасауға болмайтынын білдіреді. Жоғарғы оқу орнына түсуге ниетті оқушылар үшін мектептерде
қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: 1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу). 2. Қазақ тілінде
білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен
(тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан). 4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша)
5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет,
информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады. Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы
дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды. Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде
өтеді. Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017
жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9
маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілмек.
Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім
басқармаларына жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді.
ҰБТ жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы
(қорыта білу, салыстыра білу, т.б. «Қазақстан тарихы») бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен
(«Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет + «Тарих», «География»
+ «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма. Сауаттылық бойынша тапсырма оқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау
және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТге енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, сол
көздерден алынған ақпараттарды салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді. Демек, бұл дағдылар
мектеп түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет болады. Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар
ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың
ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты
қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады. Жалпы 120 сұрақ қойылады.
Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі
өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша
берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан
10 мамырға дейін қабылданады. ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. ҰБТді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018
жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар
үлгілері желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады. «Алтын белгі» иегерлері, жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық және
халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ
жалпыға бірдей негізде тапсырады. Алайда, тапсырған ест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ
талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде олар басымдыққа
ие болады. Жалпы білімдік пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиадаларының жүлдегерлері мен
жеңімпаздарына ранайы гранттар бөлінеді.
Новый формат ЕНТ
На последнем брифинге Министерства образования и науки РК был объявлен новый формат проведения итоговой аттестации выпускников и принципы проведения для поступления в ВУЗ. С 2017 года
выпускники будут сдавать:экзамены в школах (для получения аттестата о среднем образовании и получения “Алтын белгі”). ЕНТ, который будет выполнять функции экзамена для поступления в ВУЗы и
системы распределения государственных грантов. Данное изменение было вызвано тем, что учащиеся,
учителя, родители воспринимали ЕНТ только как вступительный экзамен в ВУЗ. Количество участников никогда не было стопроцентным. Ежегодно доля не участвующих в ЕНТ достигает почти 30 процентов. Это означает, что по итогам ЕНТ нельзя делать выводы о качестве среднего образования в
Казахстане. Итоговая аттестация в школах будет проводится по предметам: 1.Родной язык и литература
(письменно в форме эссе); 2.Казахский язык в школах с русским, узбекским, уйгурским и таджикским
языками обучения. Русский язык в школах с казахским языком обучения (тестирование); 3.История Казахстана (устный экзамен); 4. Алгебра и начала анализа (письменно); 5.Предмет по выбору (физика,
химия, биология, география, геометрия, всемирная история, литература, информатика, иностранный
язык (английский, французский, немецкий) в форме тестирования. Оценивание письменных и устных
экзаменов, а также листы ответов тестирования будут проверятся в школе экзаменационной комиссией
по предмету на основании предоставленных им кодов правильных ответов. Все выпускные экзамены
пройдут на базе школы по месту их обучения. Сроки итоговой аттестации будут устанавливаться приказом Министерства «О завершении 2016-2017 учебного года» (до 30 апреля 2017 года). Ориентировочно с 29 мая по 9 июня 2017 года. И до 15 июня 2017 года будут проведены выпускные вечера. Все
материалы итоговой аттестации составляются и доставляются Национальным центром тестирования
до управлений образования, управлениями образования до школ. Новый формат ЕНТ будет состоять
из 2-х блоков, включающий в себя 3 обязательных предмета по 20 заданий: математическая грамотность,
грамотность чтения (проверка умения обобщать, сопоставлять, сравнивать и т. д.) история Казахстана
и 2х профильных предметов по 30 заданий (математика + физика, математика + география, история +
география, биология + химия, биология + география, иностранный язык + история, язык обучения и
литература (каз.или рус.язык) + история, география + иностранный язык, химия+физика, история + Человек. Общество. Право., творческий экзамен). Задание по грамотности чтения направлено на проверку
следующих умений: умений обобщать, сопоставлять, сравнивать и т.д. Задания на проверку грамотности чтения вводятся на ЕНТ, т.к. во время обучения в вузе абитуриенту необходимо работать с различными источниками, анализировать эти источники, сопоставлять информацию из этих источников и
делать выводы. Эти навыки выпускнику пригодятся в последующем обучении в вузе. Профильные
предметы будут состоять из 20 вопросов с выбором одного правильного ответа из пяти предложенных
и 10 заданий с выбором нескольких правильных ответов из множества предложенных. Несколько вариантов ответов в тестировании профильных предметов дают проверить насколько хорошо абитуриенты
знают конкретную тему. Также тестирование с несколькими вариантами ответами препятствует “заучиванию” и угадыванию ответов. Итого 120 вопросов. Время проведения тестирования составит 3
часа 30 минут. Проходной балл в 50 остается без изменений. Максимальное количество баллов составит
140 (за счет нескольких правильных ответов в заданиях по профильным предметам). Прием заявлений
на участие в тестировании будет осуществляться с 10 марта – 10 мая. Сроки проведения ЕНТ будут с
20-го июня по 1 июля. Остается возможность пересдачи на платной основе ЕНТ в августе 2017 года и
в январе 2018 года. Образцы заданий по всем предметам ЕНТ в декабре будут выложены на сайте НЦТ
(Национальный центр тестирования) и МОН РК.
Обладатели “Алтын белгі”, победители и призеры республиканских, международных олимпиад по общеобразовательным предметам и научных проектов сдают ЕНТ на общих основаниях, при этом если
их их результаты будут равными с теми кто не обладает вышеперечисленными наградами, будут преобладать в получении грантов. Победителям и призерам 5 международных олимпиад по общеобразовательным предметам будут выделены специальные гранты.
С.Ж.Ускембекова,
ҰБТӨП-773, №61 филиал жетекшісі
5
Жаңа форматтағы ҰБТ-ге дайындалуға арналған
онлайн байқау сынағы
2017 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматына сәйкес пәндер бойынша online байқау
сынағы қызметі іске қосылды.
Тестілеу келесі пәндер бойынша өткізіледі: 1-блок: математикалық сауаттылық – 20 тапсырма, оқу
сауаттылығы – 20 тапсырма, Қазақстан тарихы – 20 тапсырма.
2-блок: 1 бейінді пән – 30 тапсырма, 2 бейінді пән – 30 тапсырма.
Байқау сынағынан өту кезінде оқушы ҰБТ-да пайдаланылатын тест тапсырмаларымен танысуға және
таңдаған пәні бойынша білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасы білім беру
ұйымдарында білім деңгейіне тестілік бақылау жүргізу кезіндегі қосымша қызметтердің бекітілген
бағалар Прейскурантына сәйкес, онлайн байқаусынағының бағасы – 260 теңге. Тестілеуге төлемді
«Халық банкі» немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:
ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, 010011 Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60, РНН 600300086081,
БИН 000140001853, ИИК KZ536010111000001515, БИК HSBKKZKX, КБЕ 16, «Қазақстан халық банкі»
АҚ. Түбіртектерде міндетті түрде – «Онлайн байқау сынағы үшін төлем» деп көрсету керек. Төлем
жасалғаннан кейін түбіртектерді ҰТО филиалына тапсыру қажет. Филиал қызметкерлері онлайн байқау
сынағынан өткісі келгендерді тіркеп, пароль береді. Пароль алғаннан кейін оқушы интернет желісіне
қосылған кез-келген компьютерде отырып, білімін тексере алады.
Подготовка к ЕНТ нового формата через пробное
online тестирование
Запущена процедура прохождения пробного online тестирования по предметам нового формата проведения единого национального тестирования (ЕНТ) 2017 года.
Тестирование будет проводиться в пределах следующих предметов: 1 блок: 1. Математическая грамотность – 20 заданий, 2. Грамотность чтения – 20 заданий, 3.История Казахстана – 20 заданий.
2 блок: 4. Профильный предмет 1 – 30 заданий, 5. Профильный предмет 2 – 30 заданий.
При проведении пробного тестирования ученик имеет возможность ознакомиться с тестовыми заданиями, используемыми на ЕНТ и проверить уровень своих знаний по выбранным предметам.
В соответствие с утвержденным Прейскурантом цен на дополнительные услуги при проведении тестового контроля уровня знаний в организациях образования Республики Казахстан, стоимость пробного
online тестирования составляет 260 тенге. Оплата за тестирование осуществляется через АО «Народный
банк Казахстана» или отделения АО «Казпочта» по следующим реквизитам: РГКП «Национальный
центр тестирования» МОН РК, 010011 г. Астана, пр. Победы, 60, РНН 600300086081, БИН
000140001853, ИИК KZ536010111000001515, БИК HSBKKZKX, КБЕ 16, АО «Народный банк Казахстана. В квитанциях необходимо указать – «Оплата за онлайн пробное тестирование».
После оплаты квитанции сдаются в филиалы НЦТ. Сотрудниками филиалов осуществляется регистрация желающих пройти пробное онлайн тестирование и выдача паролей. Получив пароль для доступа,
ученик может проверить свои знания на любом компьютере имеющего выход в интернет.
А.К.Кусбекова,
ҰБТӨП-773 №61 филиал сарапшысы
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы
Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкіміне сәйкес өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға
және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін
арттыруға бағытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңін өткізу
жарияланды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген конкурстың ережесіне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық (қалалық), өңірлік
және ұлттық кезеңдерде өтеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қалалық және аудандық әкімдіктерге 2017
жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі. Толық ақпаратты Қарағанды облысы ішкі саясат
басқармасының ресми сайтынан www.uvpko.gov.kz алуға болады.
Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды
іріктеу бойынша іс-шараларды өткізудің критерийлері
Әдістемелік ұстанымдар Қарағанды облысында «Қазақстан іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды (бұдан әрі-іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді. Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал
топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайда тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір
сүру денгейін көтеру мақсатныда әзірленді.
1.Іс-шараны ұйымдастырушы. 2.Іс-шараны облыстық деңгейде ұйымдастырушы Қарағанды
облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі –
Басқарма), өңірлік денгейде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әріБөлімдер) болып табылады. 3.Облыстық денгейде іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру
үшін Басқарма Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады. 4.Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік
емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік
филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын
кеңесшілері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.
2. Іс-шараларды өткізу тәртібі. 1.Өңірлік денгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың
өтініш түскен уақыттан бастап тамыз айына дейінгі кезеңде Комиссия жүргізеді. 2.Әлеуметтік
жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын
жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған
қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар
және басқа да үкіметтік емес ұйымдар болады (бұдан әрі-Қатысушылар).
3.Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеуді үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау
өлшемшарттарын айқындайды: 1)жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың
әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа
салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;
2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы; 3)жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды
жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру); 4) жоба нәтижесінің қолжетілімділігі;
5)осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және
кеңейту); 6)қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайымдырылық,
әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты); 7)аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау); 8)өмірлік қиын жағдайға
тап болған халықтың қамтылу үлесі; 9)жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес); 10)жобаны іске асыруға
еріктілерді тарту.
4.Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар: 1)ұсынылған құжаттарды,
презентация материалдарын ресімдеудің сапасы; 2)жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру; 3)өткен жылғы
республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды. 5.Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшем шарттарына түзетулер енгізеді. 6.Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша (№ 1 қосымша)
өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады. 7.
Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылдағаны туралы хабарламалар беріледі. 8. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия
қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып береді. 9. Жобаларды іріктеу кезінде даулы
сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болады. 10. Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1 тамызына қарай Министрлікке
республикалық Көрмеге жолданады. 11.Туындаған барлық сұрақтар бойынша Тәуелсіздік көшесі 5 үйде
орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінең білуге болады, байланыс телефоны 50005 (Г.Д.Накипова) және электрондық мекен жайлары janaarkasobes_8@mail.ru
6
1 сәуір 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы
№
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанаржағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының
құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1.Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) тиiстi қаржы жылына
арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiндебасым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) оператор –майлы дәндерді сатып алуды жүзеге асыратын «Азықтүлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік
қоғамы;
2) сатып алу бағасы –майлы дәндерді сатып алу аясында оператор
ұсынатын баға деңгейі.
3.Қандай да бір аудан (облыстық маңызы бар қала) бөлінген
қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оларды
облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында қайта бөлуі мүмкін.
4. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың
егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) жергілікті
атқарушы органның қаулысымен, ал республикалық маңызы бар
қала, астана бойынша республикалық маңызы бар қаланың,
астананыңжергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленеді.
5. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым
дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы
өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп
өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) екі данада жасалады
және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол
болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған
ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынылады.
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар
нормаларын Министрлікке келісуге берген кезде субсидиялардың
белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (ғылыми және ғылымитехникалық қызмет саласында аккредитациясы бар аграрлық бейінді
ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептері) қоса беріледі.
Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар
нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады.
Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік басым ауыл
шаруашылығы
дақылдарының
тізбесі
мен
субсидиялар
нормаларының екі данасын да дәлелді негіздемесі бар хатпен
пысықтауға жолдайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және (немесе) субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
және астананыңжергілікті атқарушы органыныңқаулысымен бекітіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне және (немесе) субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен
жүзеге асырылады.
Қаулы интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін, Министрлік
екі жұмыс күні ішінде басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бүрын келісілген тізбеге және субсидиялар нормаларына сәйкестігін салыстырып
тексереді.
2. Субсидия алушылар
6. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан
әрі – ауылшартауарынөндірушілер) осы Қағидаларда белгiленген
тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдарды және ауыл
шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру
шығындарын ішінара өтеуге бөлiнедi.
3. Субсидияларды алу шарттары
7. Субсидиялар басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1
тоннаға және (немесе) 1 гектарғаМинистрлікпен келісім бойынша
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгілеген субсидиялар
нормалары бойынша төленеді.
8. Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге
асырылады:
1) майлы дәндер бойынша – операторға, қайта өңдеу кәсіпорнына
өткізілген немесе қайта өңдеуге тапсырылған не өзінің қайта өңдеу
құрылымындарына берілген майлы дәндердің1 тоннасына.
Майлы дақылдардың әр түрі бойынша субсидиялар нормалары
аймақтардағы басымдылығына қарай сараланып белгіленеді;
2) күрiш, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiржылдық шөптер,
жемшөптік тамыржемістілер бойынша – егiс науқанының
қорытындысы бойынша 1 гектарға 100%.
Күрiш өсiрумен айналысатын және 200 гектардан кем күріштің егіс
алаңы бар ауылшартауарынөндірушілерге, егер олар ауылшаркооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50%
мөлшерінде субсидия төленеді;
3) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп
жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп
жатқан көп жылдық шөптер бойынша – 1 гектар егіске 100 %;
4) қант қызылшасы бойынша (фабрикалық) қант зауытына өткізілген
немесе қайта өңдеуге тапсырылған 1 тонна қант қызылшасына;
5) мақта бойынша:
егіс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға – 50%;
мақта өндеу зауытына өткізілген немесе өңдеуге тапсырылған 1
тонна шитті мақтаға – 50%.
Мақта өсірумен айналысатын және 50 гектардан кем мақтаның егіс
алаңы бар ауылшартауарынөндірушілерге, егер олар ауылшаркооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50%
мөлшерінде субсидия төленеді;
6) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс
дақылдары бойынша – жылыжай типіне және тип тармағына қарай
сараланған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай қорғалған
топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау сызбасына
сәйкес, алынған өскiн қорытындылары бойынша (1 шаршы метрге
өскен көшеттің кемiнде 95 %-ы)бiр гектарға көзделген
субсидиялардың жылдық нормасы бойынша.
Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi –
ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1
қыркүйектен 31желтоқсанға дейiн (қысқы-жазғы және күзгi-қысқы
кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу
күндерінен күнтізбелік 15 күнге ауытқуға жол беріледі.
Жылыжайлар типтері бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері
және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.
Өнеркәсіптікжылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын
пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір
қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 10 000 м2 жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту
(орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау
(оның
ішінде
ауаны
қосымша
ылғалдандырудың
автоматтандырылған жүйесін), жарық беру (бар болса), перделеу,
тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың
құрылыстар кешендері.
Бұл ретте өнеркәсіптікжылыжай кешендеріжарық беру жүйесі бар
және жарық беру жүйесі жоқ тип тармақтарына бөлінеді.
Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және
төбе жабыны, жылыту және тамшылатып суару жүйесі бар үй-жай
түрінде орындалған, кемінде 10 000 м2 жалпы мүкәммалдық ауданы
бар,көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін
олардың көшеттерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған
және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін көзделген
жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың
техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған
топырақ құрылысы.
Бұл ретте фермерлік жылыжайлар жылыту жүйесі бар және жылыту
жүйесі жоқ тип тармақтарына бөлінеді.
9. Майлыдәндерді сатып алу көлемдерін облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананыңжергілікті атқарушы органы Министрлікпен келіседі.
10. Министрлік облыстар келіскен майлы дәндерді сатып алу
көлемдерін операторға хабарлайды.
11. Оператор майлы дәндерді сатып алуды ерікті нысандағы шартқа
сәйкес жүзеге асырады.
12. Операторсатып алу бағасын Министрлікпен келіседі.
13.Субсидиялар егiстiк жерде өңдеп өсiрiлетiн егілген басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарға шөп егiп жаңарту және (немесе)
түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына
ғана төленедi.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым
дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар
алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 3қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл
шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) ауылшартауарынөндірушілері тiзiмiне (бұдан әрі – субсидиялар алуға арналған тізім) қосу үшін ұсыну
мерзімдері республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы
органының
қаулысымен
субсидияланатын
басым
ауыл
шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша айқындалады.
14. Ауылшартауарынөндірушілер бөлім орналастырған өтінім
қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруда
көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей бөлімге өтiнiмді және нөмiрi
көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі
банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады.
15. 1 тоннаға субсидия алу үшін ауылшартауарынөндірушілер
өтінімде қосымша:
оператормен жасалған майлы дәндерді сатып алу туралы
шарттардың;
қайта өндеуші зауытымен жасалған алыс-беріс шикізатын қайта
өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттардың;
қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін
сатып алу туралы шарттардың бар болуына қатысты мәліметтерді
көрсетеді.
16. Қорғалған топырақта көкөнiс өндірумен айналысатын
ауылшартауарынөндірушілер субсидиялар алуға арналған тiзiмге
қосу үшін өтінімде қосымша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ
ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының қөлемі туралы
техникалық паспортының бар болуына қатысты мәліметтерді
көрсетеді.
4. Субсидияларды есептеу тәртібі
17. Субсидиялар оператор өтініш берген сатып алынған өнім
көлемдері, ауылшартауарын өндірушілер – субсидиялауға жататын
басым ауыл шаруашылығы дақылдардың алқаптар немесе қайта
өңдеуге тапсырылған өнім көлемдері және облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының
қаулысымен бекітілген субсидия нормалары бойынша есептелінеді.
5. Субсидиялар төлеу тәртібі
18. Бөлiм республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында
өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады.
19. Бөлiм осы Қағидалардың 15-16-тармақтарында көрсетілген
өтiнiмдер мен құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) алғаннан кейiн үш
жұмыс
күнi
iшiнде
олардың
толықтығын
тексередi.
Ауылшартауарынөндіруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған
жағдайда, өтінім мен құжаттар бес жұмыс күні ішінде
ауылшартауарынөндірушіге пысықтауға қайтарылады.
20. Ауылшартауарынөндірушілер өтiнiмдерi республикалық маңызы
бар қалаға, астанаға, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау
көлемінен асып түскен жағдайда, басымдық ауылшаркооперативтерi
мүшелерiнің өтінімдеріне берiледi, ал қалған көлем берiлген
өтiнiмдерге барабар бөлiнедi.
21. Бөлiм ауылшартауарынөндірушілер ұсынған құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күні iшiнде субсидиялар алуға арналған тiзiмдi жасайды, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға, ауданға
(облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген басым ауыл
шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемiн
бөледiжәне оны аудан әкiмiне, ал облыстық маңызы бар қалалар,
республикалық маңызы бар қала, астана бойынша – қала әкiмiне субсидиялар алуға арналған тiзiмдi бекiтуге жолдайды.
Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы
бар қала) әкімі екі жұмыс күні ішінде субсидиялар алуға арналған
тiзiмдi бекітеді.
Ауылшартауарынөндірушіні субсидиялар алуға арналған тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, екi жұмыс күнi iшiнде бөлiм
ауылшартауарынөндірушіге бас тарту себептерін көрсете отырып,
тиiстi анықтама береді.
Сатып алынған, өткізілген (тапсырылған, берілген) өнім санының
немесе егіс алқаптарының мәлімделген мөлшерлерге сәйкес келмеуі
субсидиялар беруден бас тартуға себеп болып табылады.
22. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
әкiмдерi бекіткен субсидиялар алуға арналған тізімді, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi
көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк,
ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады.
23. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгiленген
талаптарға сәйкестiгiн тексередi және бес жұмыс күнi iшiнде осы
Қағидаларға
4-қосымшаға
сәйкес
нысан
бойынша
ауылшартауарынөндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге
арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады.
Төлем жүргізген кезде басқарма аумақтық қазынашылық
бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, екі данада төлем
шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін ұсынады,
ал төлем шоттарын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі
арқылы жүргізген кезде, төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.
Тиесілі субсидияларды ауылшартауарынөндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылдың 15 желтоқсанына дейін
жүзеге асырады.
6. Субсидиялау бойынша есептілік
24. Басқарма тиiстi жылдың 5 шілдесіне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке субсидияларды пайдалану туралы
жиынтық ақпарат бередi.
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым ауыл
шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға бөлінген бюджеттік
қаражатты игеру жөніндегі жиынтық ақпарат облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдарының интернет-ресурсында жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орнастырылады.
Назар аударыңыздар!
Ауданның жұмыс берушілеріне!
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы №532
бұйрығымен бекітілген ағымдағы бос орындар мен болжанатын
жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар
мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерге беруге арналған
әкімшілік есепке алу нысанды Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-не ұсыну қажет.
(Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден тіркеліп баспа басылымдарында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми
жарияланған).
Ақпаратты жинау кезеңділігі: жыл сайын 1-сәуірдегі және 1қазандағы жағдай бойынша жылына екі рет.
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы экономикалық қызметтің
барлық түрлерін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар
ұсынады.
Барлық сұрақтар бойынша Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-не келесі
мекен-жай бойынша хабарласу қажет.
Атасу кенті, Тәуелсіздік №1, тел. :5-00-05, электрондық мекенжай Janaarkaotdelzan_2015@mail.ru
1 сәуір 2017 жыл
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, ардақты әке, асыл жар, қамқор ата
Ахметов Аманке Мекебайұлының дүниеден өткеніне 2-сәуір күні 1 жыл
толды. Ардақты жанды қимастықпен еске ала отырып, көрмеген көшең
жарық, жатқан жерің мамық болсын деп Алладан тілейміз. Жасамаған
жасыңды соңыңда қалған балаларыңа берсін.
Алыстасың, енді Әке оралмайсың,
Қызығында ұл-қыздың бола алмайсын.
Сағынышпен көз жасты төккенменен,
Тұғырыңа үйдегі қона алмайсың.
Сәт сайын еске алып сағынамыз ,
Тағдырға іштей налып жабығамыз.
Күн сайын шын ниетпен дұға арнап,
Салғанына Алланың бағынамыз.
Сағына еске алушылар: жұбайы- Шәрипа, балалары – Мұхтар-Тиішкен, Бибісара,
Ғали-Дидар, Қанат-Анар, Досик-Манар, немерелері, жиендері
ЕскЕ
алу
Ақтау ауылының тұрғыны, ұл қызының аяулы анасы, немерелерінің
сүйікті әжесі ардақты жан анамыз Мәшімова Торғайдың өмірден
өткеніне ай толды. Аяулы анамыздың мейрімді жүзі мен аялы алақанын
сағынғанымызбен қайта оралмасы есімізге түссе жүрегіміз сыздап,
көңіліміз құлазиды.
Сүрлеуін салып, мына дүние дүрмекте,
Серттесіппедіңіздер мәңгі бірге жүрмеске.
Әкемізді жоқтатпайғана 3-4 ай,
Соңынан ана кете бардыңыз келмеске.
Қаңырап қалды қараша үйдің базары,
Сіздермен бірге көшкендей ме ажары.
Алладан медет, тәңірден тілеп шапағат,
Болсыншы дейміз Жаратқанның назары.
Сағына еске алушылар:балалары, немерелері.
Анамыздың өмірден өткеніне 40 толуына орай Ақтау ауылында 8 –сәуірде құран
бағышталып, құдайы дәм беріледі.
Су тасқыны болған кезде өзін ұстау ережесі
Кенеттен су басса: үрейленбей, сабырлылық танытыңыз; тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге
шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;
егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз; су
көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек; балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына
байлаңыз; ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су
тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін; құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын
беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық
дабылын беріңіз; құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз; өз
бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда,
тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда
жүзеге асыруға болады; өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да
қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.
Су қайтқаннан кейін: үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;
ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру
үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады); үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан
сақтану; есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға
тыйым салынады; қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары
туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз; суда қалып қойған азық түлікті
санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады; су басқан
жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.
Жанаарқа ауданының Төтенше жағдайларды
алдын алу және жою комиссиясы
Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына
Жаңаарқа аудандық мәслихатының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау
комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық занының
10 және 19 бабтарының негізінде аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір
мүшелерінің өз міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Жаңаарқа аудандық мәслихаты
құрамына өзгерістер енгізетінін хабарлайды. Әрбір саяси партия немесе оның құрылымдық бөлімшесі
тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы, егерде партия өкілі комиссия
құрамында жоқ болса. Аудандық мәслихат осы ұсыныстарды 2017 жылдың 1 сәуірден бастап 1
мамырға
дейін қабылдайды. Жаңаарқа аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Қарағанды обл.,
Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 4. Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы Қуат
Анасұлы Имантүсіпов. Материалдарды жинауға жауапты: Арайылым Советқызы Ахметова – аудандық
мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел. 2-65-74, каб.13.
Хабарландыру
Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару» туралы №148 Заңының №5 бабының 39-3 тармағына сәйкес осы жылдың 11 сәуір
күні сағат 15.00-де аудандық мәдениет
үйінде Атасу кентінің жергілікті қауымдастық жиыны
өткізіледі. Күн тәртібінде: 1.Ревизиялық комиссияның хабарламасын талқылау. 2.Жылдық жоспарға
өзгерістер еңгізу. 3.Елді-мекенді абаттандыру, көгалдандыру, тазалық екі айлығын ұйымдастыру
мәселелері туралы.
«Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ-сі
Көңіл айту
Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және кәсіподақ кеңесі кітап толықтыру
және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Смайылова Жұмабике Съезқызына анасы Мәруанның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және кәсіподақ кеңесі аудандық
кітапханының қызметкері Серікбаева Рита Ордабайқызына апасы Еңіліктің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы осы мекеменің еңбек ардагері,
зейнеткер Закирова Зояның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына және туғантуысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
7
ЕскЕ алу
№189 разъездің тұрғыны болған аяулы анамыз, сүйікті әже бола білген
Олжабекова Тілеулес тірі болғанда 6-сәуір күні 75 жасқа толар еді. Бірақ
Алла бізге оны көруді жазбапты. Ақылшы, мейірімді, кеңпейіл, аяулы жан
анамыздың нұрлы бейнесін сағынышпен еске алып, рухына тағзым етеміз.
Көзге жас, көңілімізге тұнып қайғы,
Өмірдің жалғандығын кім ұқпады.
Еске алып, бала-шаға, немерелер,
Асыл бейнеңді ешқашан ұмытпайды.
Сағындырып, сарғайтып мына бізді,
Мәңгілік мекен еттің құба белді.
Адал жаның жәннатта жай тапсын деп,
Еске алып, бағыштаймыз дұғамызды.
Еске алушылар: қызы Ақсұлу және ұл-қыздары, немерелері
ЕскЕ алу
Қараағаш ауылының тұрғыны, аяулы анамыз, сүйікті әже Адамова Тойкүш
Балапанқызының мәңгілік сапарға аттанғанына 15-сәуір күні 1 жыл толады. Жаны
жайсаң, еліне сыйлы, халқына қадірлі болған жан анашымыздың мейірімді жүзі
көңілімізден өшер емес. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, аяулы АНА.
Жүрегің жарқын жан едің,
Отбасымыздың сәні едің.
Сағындық қой, анашым,
Өмірдің мәні сен едің.
Жұмақты мекең еткейсің,
Пейіш төріне жеткейсің.
Өмірден мәңгі кеткенмен,
Көңілден мүлде кетпейсің.
Сағына еске алушылар: артында қалған ұрпақтары
15-сәуір күні сағат 13.00-де Қараағаш ауылының тойханасында анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Бидайық ауылының тұрғыны болған, балаларына аяулы ана, жолдасына
адал жар, сүйікті келін, қадірлі бауыр Баязитова Луиза
Айдарханқызының өмірден озғанына 30-наурыз күні 40 күн толып отыр.
Егер де тірі болғанда 15-сәуір күні 31 жасқа толар еді. Бірақ Алла бізге
оны көруді жазбапты. Жайраңдап жүрген Луизаның орны бүгінде ойсырап, жүректі сағыныш сыздатады. Сағынышпен еске ала отырып, жатқан
жері жарық, топырағы мамық, жаны жәннатта болсын дейміз.
Тіршіліктің арты-қысқа, алды-ұзын,
Кете бардың таусылғанда дәм-тұзың.
Жақсы есімің, ұл-қызың бар соңында,
Бұл жалғанда өшпейтіндей қалды ізің.
Аруағың бізді ләйім қолдасын,
Қасірет-қайғы шаңырағыңда болмасын.
Жүре бер желеп-жебеумен әркез жұмақта,
Топырағың торқа, болсыншы иман жолдасың.
Еске алушылар: ата-енесі, жолдасы, балалары
ЕскЕ
алу
Бидайық ауылының тұрғыны, жаны жомарт бауырымыз, ибалы келін,
адал жар, балаларына аяулы ана болған
Баязитова Луиза
Айдарханқызының арамыздан алыстап, бақиға аттанғанына 30-наурыз
күні 40 күн толды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында үлкен
жүректігімен өшпес із қалдырған аяулы бауырымыздың жаны жәннатта
болып, топырағы торқа болуына тілекшіміз.
Жан едің жаны жайсаң, ақылға бай,
Келбетің келісетін, кескінге сай.
Әулеттің арқа сүйер келіні едің,
Айрылдық бір өзіңнен капияда-ай.
Түсінер асыл едің адам жанын,
Жете ме құлағыңа аңсар зарым.
Жаратқан өзі сүйген құлын алды,
Алла енді аман етсін балаларын.
Сағына еске алушылар: апа-жезделері Исламбек-Диля, Дәурен-Гуля
ЕскЕ алу
Бидайық ауылының қадірлі келіні болған, бауырларының аяулысы, балаларына сүйікті ана, аяулы да қымбатты сыныптасымыз Баязитова Луиза
Айдарханқызының тал бесіктен жер бесікке аттанғанына 30-наурыз күні
40 күн толды. Тіршілігінде ешбір жанға қиянат жасап көрмеген аяулы
сыныптасымыздың ақжарқын бейнесі ешуақытта ұмытылмақ емес.
Луизаның жатқан жері жайлы, тәні рахатта, жаны жаннатта болып, қабірі
нұрға толсын деп Алладан тілейміз.
Аттанып кеттің келмеске,
Иманың болсын жолдасың.
Артыңда қалған ұрпақты,
Бір Тәңірім қолдасын.
Құдірет қиыстырған шебер екен,
Адамзат салғанына көнеді екен.
Жатқан жерің әрдайым жайлы болсын,
Қабіріңе тек Алланың нұры жаусын.
Сағына еске алушылар: сынып жетекшісі - Ө.Айтжанов және сыныптастары
Жарамсыз деп танылсын
Тулешов Оралхан Жогибайұлының атына 2002 жылы Ғ.Жарылғапов атындағы № 12 Жаңаарқа
кәсіптік мектебін «Ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері-фермер» мамандығы бойынша берілген КТДІІ № 0207286 тіркеу № 2845 дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
27-наурыз театр күні
Театр ардагерлері бас қосты
Театр күніне орай С.Ысқақов атындағы халық театрының режиссеры Б.Оспановтың
ұйымдастыруымен мәдениет үйінде «Ардагерлер-асыл жандар» атты кездесу кеші
өткізілді. Ауданымызда еңбек етіп, сан қойылымды сахналаған, өнер өлкесінде өшпес
із қалдырған, бүгінде қатарлары сиреген театр майталмандары Жарулла Шайхин, Роза
Қалимолдаева, Олжа Бекбосынов, Әтіркүл Бекбосынова, Рысбекова Күлбағила, Сапарғали
Ақыжанов, жары Дәметкен, Шәрбан Рысмағанбетованы киелі сахнаға жайғастырып,
өткен күндері жайлы сыр шертілді.
Театрдың жандануына атсалысқан театрдың режиссеры болған Ысқақов Серік пен сол
кездегі әртістер Қалимолдаев Сәбет, Еленбаева Мәруаш, Игенберлин Еркін, Айтжан Бекенова, Гүлжәмила Сағынбековалардың өмірі жайлы деректер көрсетіліп, өмірден өткен
өнер тарландарының өнегелі еңбектері жастарға таныстырылды. Уыздай жас шақтарынан
алпысты алқымдағанша сахнаның төрінде жүріп, сан қойылымда кейіпкерлерді қайта
тірілтіп сомдап, халықтың ықыласына бөленген театр әртістерімен жүздескен жас буын
ата-әжелерімізге сұрақтар қойды. "Театрдың іргесі қашан құрылды, қандай рөлдер
сомдадыңыздар"- дегендерге театр майталмандары кезектесе жауап берді.
Сахна төріне жайғасқан майталман әртістер өткен күннен естеліктер шертіп, ән
шырқады. Кездесу соңында мәдени-сауық орталығының директоры А.Исина аға буын
өкілдерін бүгінгі мерекелерімен құттықтап, ұжым атынан сый-сияпат ұсынды. Шаңырағын
1956 жылы көтеріп, 1963 жылы халық театры атағын алған Жаңаарқаның театрына
кейінгі жылы режиссер ауданымыздың тумасы Серік Ысқақов аты берілген болатын.
Республикамыздан бөлек Мәскеуге өнер көрсетуге аттанып, Курск қаласының сахнасында өнер көрсеткен театр ұжымы облыстық жарыстарда жүлделі орыннан түскен
емес. Өнер деген додада асықтары алшысынан түсіп, алдыңғы қатарда болды. Бүгінде
театрдың жаңа құрамы өз көрермендеріне жақсы әрі тартымды қойылымдарды ұсынып
жүр. Нәтиже жаман емес. Алдыңғы буын ағалар салған соқпақпен келе жатқан
театрдың алар асуы алда.
С.Аманқызы
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ — ЗАМАН ТАЛАБЫ
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам денсаулығына қауіп
төндіруші негізгі факторлардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан
сиыр құтыруы, құс тұмауы, жануарлар мен құс еттерінде сальмонелл бактерияларының
пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян
келтіретін көптеген қауіпті факторлар пайда болуда. Сонымен қатар, генетикалық өңдеу жолымен алынған белоктардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса,
ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пестицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнімдерінде сақталу арқылы
адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді. Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін
санасы төмен адамдардың заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да
жоққа шығаруға болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана
қоймайды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп,
өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің белгілі бір құрамдарын арзан
да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын молайту,
өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған
ақпараттар беру (мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана
отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан
мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі
қажет.
Ш.Б. Беккожина,
ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы
бойынша Жаңаарқа аудандық бөлімшесі, бактериологиялық және паразитарлық
зерттеу зертханасының зертханашысы
Хабарландыру
Құрметті Жаңарқалықтар! Діни рәсімдер туралы бір пәтуаға келу үшін болатын
аудандық жиналыс 12-сәуірде сағат 15.00-де мәдениет үйінде өтеді. Әрбір округтердің
ардагерлер төрағалары, қоғамдық кеңес мүшелері және тағы басқа ақсақалдары
шақырылады. Округ әкімдерінен осы кісілерді ұйымдастырып, алып келуін және
өздерін осы жиналысқа белсенді қатысуларын сұраймыз. Құқық қорғау органдарын,
мекеме басшыларын, аудан тұрғындарын жиналысқа шақырамыз. Атасу кентінің
әкімшілігінен тұрғындардың жиналысқа белсенді қатысуын қамтамасыз етуіне іс-әрекет
жасауын өтінеміз. Алдын ала әрбір округтерден, Атасу кентінен жиналыста сөйлеп,
ұсыныс айтатын адамдарының аты-жөнін хабарлауын сұраймыз. Ардагерлер үйіне түске
дейін жұмыс күнінде 2-80-86 телефонына хабарласыңыздар.
Ардагерлер ұйымы
Туған жердің түлегі
Болат Әбеуұлы 1953 жылы Жаңаарқа ауданы, Дружба совхозында
дүниеге келген. Орта мектепті аяқтағанан кейін ауылында
шоферлық курсты бітіріп, еңбек жолын шоферлықтан бастаған.
Қарапайым отбасында тәрбиеленген, ол 1972 жылы білім іздеп
Алматыдағы С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің
заң факультетіне оқуға түседі. Айтулы оқу орнын 1978 жылы бітіріп, туған жері Жаңаарақа аудандық ішкі істер бөліміне тергеуші
болып қызметке орналасады. Иә, ұстазсыз-шәкірт болмайды деген
қазақ, дәл сол уақыттарда тергеу саласының майталмандары
Садуақасов Бейбіт Рысқанұлы мен Әбдірахманов Ғазиз Жүнісұлы білгенін үйретіп, ұлкен өмірді жаңа қырынан тануға септігін тигізді деп, еске алады Болат
Әбеуұлы. Тергеуші қызметі-әр істің түсін тиянақты зерделейтін, үлкен ізденісті талап ететін
сала және сол істердін ақ-қарасын ажыратып, тергеп соңғы нүктесін қояды. Олай болса,
тергеушіге жүктелген басты міндеті ақ пен қараны ажырата отырып, азаматтардың жеке бас
бастындығына нұқсын келмеуін қадағалау болып табылады дей отырып, тергеу саласында
бес жыл қызмет атқарғанын еске алды. 1983 жылы ішкі істер бөлімінің мемлекеттік меншікті
сақтау бөлімнінің бастығы қызметін атқарды. Болат Әбеуұлы 1985 жылдан 2001 жылдар
аралығында ішкі істер бөлімінін орынбасары болып қызмет атқара жүріп, милиция подполковнигі шенінде құрметті демалысқа шыққан. Бүгінде Әбеуов Болат ішкі істер бөліміндегі
тергеушілерге өзінің іс-тәжірибелерін айта отырып, өз ісінің маманы болуы үшін белгілі бір
дәрежеде біліктілік пен тәжірибе қажет екендігін баса айтады.
Өз өмірін халқына, туған жеріне қызмет етугі арнаған ардагер Болат Әбеуұлы жары Шолпан
екеуі бүгінгі күні ұлын үяға, қызын қияға қондырып отырған ардақты әке, сүйікті ата.
А.Х.Сейдімбеков,
Жаңаарқа ауданының ІІБ КЖ
жөніндегі бастығының орынбасары,
полиция подполковнигі
Жарайсың, Жаннұр!
Күміс көмей, жезтаңдай әнші жерлесіміз, облыстық, республикалық,
халықаралық әншілер байқауының жүлдегері, Жезқазған
музыкалық колледжінің түлегі, Ғалым Жарылғапұлы атындағы
аграрлық колледжінің қызметкері, жас өнерпаз Жаннұр
Мұсылманбек 24-28 наурыз күндері Астанада Конгрес-Холда
өткен халықаралық әншілер байқауының бас Гран – При жүлдесін
иеленіп, еліміздің өнер сүйер қауымының көңілін ән көгінде
қалықтатты.Қытай, Саха, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрік,
Түркіменстан, Татарстан т.б. көптеген елдердің дарынды әншілері
қатысқан айтулы байқаудың екі турында да Жаннұр бірінші орынға
шығып, финалда бұлбұл үнімен, әртістік ерекше қабілетімен
көрермендер жүрегін баурап алды.
Кілең халықаралық дәрежеде аса беделді өнер майталмандарынан тұратын қазылар алқасы
бас жүлдені бірауыздан, шынайы ыстық ықылас, ризалық қошеметпен Жаннұрдың
қанжығасына байлады. Есімі Жаңаарқа жұртшылығына кеңінен мәлім талантты әнші
Жаннұр Мұсылманбекті өнер биігіндегі толағай жетістігімен Ғалым Жарылғапұлы
атындағы аграрлық колледжі ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз, келешекте өнер
әлемінің жарқыраған жұлдызына айналып, Мәңгілік Еліміздің мақтанышы болуына тілектеспіз!
Ғ.Жарылғапұлы,
облыстық мәслихаттың депутаты,
Ғалым Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледжінің директоры
1 Сәуір - Құстар күні
Жануарлар әлемін қорғау әр азаматтың борышы
Бүгінде қоршаған ортаның, жылдан жылға өзінің табиғилығын жоғалтып келе жатқандығы
адамзат үшін өте өзекті мәселе болып отыр. Табиғаттың бір бөлшегі аң – құс әлемі екені еш
даусыз. Құстар орман алқаптарын зиянды жәндіктерден қорғайды. Көптеген жыртқыш
құстар қауіпті індет тарататын тышқандардан және басқа кемірушілерді құртады.
Тіпті халық творчествасында небір жақсыларды құстарға теңеп мадақтады. Мысалға:
Саңлақ ұлдарын сұңқарға, адамның жан дүниесін тербететін әнші қыздарды бұлбұлға, ел
қорғаған батыр ұлдарды қыран, бүркітке, елден асқан сұлу қыздарды кербез аққуға теңеген.
Сондай – ақ адам баласы кейбір құстарды азық ретінде пайдаланды. Бүгінде аң атып, құс
аулауды еріккеннің ермегі қылып, мықты мылтықтармен қынадай қырып жүргендер де әр
жерлерде айтылып жатады. Ауланған аң – құс қажеттілікке жарайды ма? «Дәніккеннен,
құныққан жаман» - дегендей аш көзденіп оның обалын да ойламайтыны қынжылтады.
Көктем мезгілі құстардың көбею уақыты және бұлар қыстан шыққан әлдену, демалу
кезеңдері. Биылғы жылға көктемгі құс ату үкімет қаулысымен толықтай тиым салынды. Біз
бұны толықтай қолдаймыз, сондықтан әрбір аңшы бекітілген ережені бұлжытпай орындаған
жөн, керісінше жағдайда ол броконьерлік болып саналады. Мұңдай заң бұзушылыққа жол
берген аңшыларға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Н.Шәкенов,
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы»
КММ аңшылық маманы
Хабарландыру
“Мирас и К” сауықтыру орталығына медбикелер мен санитарлық қызметшілер қажет.
Хабарласу телефоны. 2-67-55, 8 701 747 87 61
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Продаю
Продам КУНы на
трактора от
Т-25 до МТЗ.
Грабли валковые
ГВН \ ГВВ.
Сенокосилки
Россия.
87028491110 ;
8 7015245625
Сатылады
Буылған көк шөп сатылады.
1 данасы 250 теңге.
Хабарласу телефоны:
87058267813
Газет “Арко типографиясы” ЖШС баспаханасында
басылады: Қарағанды қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1451 дана
Тапсырыс №13
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
27
Размер файла
8 267 Кб
Теги
13qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа