close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

код для вставки
Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік кешке
жиналып отырсыздар.
Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарын боп өнерменен қарулан.
Жүргізуші:
– Балалар, бүгінгі мерекемізге байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші:
Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме?
Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым
істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті,
тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
БИ: «АНА»
Жүргізуші: Ендеше осы біздің балалардың сіздерге арнаған жыр шумақтары бар екен?
ТАҚПАҚТАР:
АҚЫЛБЕК: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық!
АЛИХАН: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
БАТЫРХАН: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық!
ЗЕРДЕ: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары!
АҚБІЛЕК: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың!
АЯН: Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!
МАНСУР: Арналады Сізге бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын,мақтанатын кезіміз.
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,
Ұлы ана ұзақ өмір сүріңіз.
АЙӘДІЛ: Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Бақшадан үйге келгенімде,
Бал сөзі «жаным» деген сая маған
АЙШАТ: Көктем келіп көгілдір,
Жасыл көрпе төседі.
Күміс күн де төгіп нұр,
Көлеңкелер кешеді.
Көктемді күткен сағынып,
Қыр жатыр күнге табынып.
Арнадан асқан бұлақ та
Әнінен қалған жаңылып.
ӘДІЛ: Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар
Айдын көлді арала.
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Көктің жүзі ашылып,
Күннің көзі көрінді.
ӘН: «МАМАЧКА МАЯ МИЛАЯ»
Жүргізуші: Келесі кезекте біздің балақайлардың орындауында
КӨРІНІС: «АНА МЕН БАЛА»
Автор: Ақмарал: Ертеде әкесі мен баласы болыпты. Әкесі елге қайтаратын қарыздарын
есептеп отырады, оны көрген бала бірден бөлмесіне келеді. Басына бір ой келіп, анасына
жасаған ұсақ-түйек көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі
үстелдің үстінен қағазды көріп оқыды.
- Онда былай деп жазылған екен:
- Анасының ұлына қарызы:
Анасының ұлына қарызы:
Марғұлан: Нанға бардым - 100теңге, бөлмемді жинадым-50 теңге, «5»алдым - 50теңге,
қоқыс төктім-100теңге, компьютер ойнадым-50 теңге, құлайын деп тұрған ыдысты ұстап
алдым-50 теңге, киімдерімді реттедім-100теңге, кір киімдерімді кіржуғышқа қойдым50теңге. Барлығы-550 теңге қарызыңыз бар! Уақытында төлемесеңіз %(процентін)
қосатынымды айтып қояйын!
Автор: Келесі күні бала үстелдің үстіндегі 550 теңгені көріп қатты қуанып кетеді. Оның
қасында бір есеп қағазы жазылған екен.Онда ұлымның анасына қарызы деп жазылған
екен:
Сабина: Саған ана сүтін бердім - 0теңге, түнде қорқып оянғанда қасында болдым-0теңге,
тамақ пісірдім-0теңге, науқастанғанда қасыңнан кетпедім-0теңге, түсінбеген сабағыңды
түсіндірдім-0теңге, көңілсіз болғанда қолдаушың болдым-0теңге, көңілді болғанда бірге
қуандым-0теңге, сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым-0теңге, сені
еркелеттім-0теңге, ұнататын заттарды сатып алдым-0теңге.
Автор: Оны көрген бала ұялғанынан анасына жүгіреді. Анасын құшақтап кешірім
сұрайды.
Марғұлан: Апа, апа кешіріңізші енді олай істемеймін. Сіздің алдыңызда қаншалықты
қарыз екенімді енді түсіндім.
Жүргізуші: Осындай біздің көрегенді, әрі ақылды аналарымызға арнап ән орындап
берейік.
Ән: «Анашым»
ОЙЫН: «Анамның суреті.
Шарты: Шақырамыз сіздерді,
Сән салонына әдемі.
Жасайды балалар фотошоп,
Болуы мүмкін фотошок.
Ортаға төрт немесе бес ата-ана шығады. Оларға ортасы қиылған ватман беріледі.
Балалары ватманнын жиегін әсемдеп сурет салады.
Жүргізуші. –Асқар тау,биігіміз сенсің- әже
Жүрегің теңіздей кеңсің- әже
Ұл қызың армансыз болар еді
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже
Жүргізуші: Ал, құраметті қонақтар! Бізге қонаққа әжелер келе жатыр. Кол соғып қарсы
алайық.
ӘЖЕЛЕРІМІЗДІҢ ОРЫНДАУЫНДА ӘЗІЛ ӨЛЕҢ
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер, өсек айтайық.
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық.
Қ-сы:
Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
1-бала: Батырхан:
Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видик көру керек» - деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Бәрі:
Ойбай сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
2-бала: Әділ:
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
Бәрі:
Ойбай сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
3-бала: Мансур:
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Жүз теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Бәрі:
Ойбай сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
4-бала: Ақылбек:
Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ» - деп басын шайқайды.
Бәрі:
Ойбай сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
Бәрі:
Келіндер келіп қапты ғой,
Біз де үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой,
Барына шүкір етейік.
БИ: ЧУНГА-ЧАНГА
Жүргізуші: Міне осындай біздің ақ жаулықты әжелерімізге де арнаған балаларымыздың
жыр шумақтары бар екен.
ТАҚПАҚТАР:
МАРҒҰЛАН: Мен әжемді сыйлаймын,
Аман жүрсін әрдайым.
100 – ге келген тойыңды,
Тойлайықшы біз лайым.
Әжем менің береке,
Жүрген жері мереке.
Әрбір үйдің ішінде,
Бола берсін береке
САБИНА:Әжем менің асыл жан,
Жақсылыққа үйретіп.
Жамандықтан шектейді,
Әжеме ешікім жетпейді.
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
АЙНАЗ: Асыл әжем мейірімін төгетін,
Асыл әжем нұр сәулесін себетін.
Асылымсың , аяулымсың сен өзің,
Бақыттысың, қымбаттысың мен үшін
АРСЕН: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
АРУЖАН:
Ауылға біз барғанда,
Қымыз бен құртын беретін.
Асыл әжем, жан әжем
Бізді жақсы көретін.
Құлыным десе еркелеп,
Төбеміз көкке жетеді
Айналдым десе жүрегім
Езіліп еріп кетеді.
Балапаным дейді әжем,
АЙЫМ: Балақайым дейді әжем.
Ұзақ күнге тынбайды,
Еркелетіп бізді әжем.
Әжем менің ақ әжем,
Аппақ әжем пәк әжем.
Басқалардай емессіз,
Сүйкімдісіз әлі әжем.
ПАЛИНА: Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
СҰЛУХАН: Балапаным дейді әжем,
Балақайым дейді әжем.
Ұзақ күнге тынбайды,
Еркелетіп бізді әжем.
Әжем менің ақ әжем,
Аппақ әжем пәк әжем.
Басқалардай емессіз,
Сүйкімдісіз әлі әжем.
Жүргізуші: Балалар бүгін аналардың, әжелердің ғана емес сонымен қатар әсем
қыздардың да мерекесі екен:
Жүргізуші: Балалар сендер біздің топтың қыздарын сыйлайсыңдарма.
Балалар: Иә.
Жүргізуші: Ендеше мерекемен құттықтап ән айтып берейік.
ӘН: «ЧАСТУШКИ»
Айәділ: Айгөлектің кыздары,
Бәріненде әдемі.
Біздің қыздар себебі,
Күнде күліп жүреді.
Нұрхан: Аружан, Айназ,Ақмарал,
Сен тимесең мен тиме.
Ал тиіп кетсең оларға,
Болады арты қаражорға!!!
Ернұр: Тентектер де аз емес,
Біліп жүргін балақай.
Біреу келсе бірақ та,
Қыздарымыз қонақай.
Аян: Бойларында жаны бар,
Әрбір қыздың назы бар
Зерде,Айшат, Сұлухан
Сұлудың да сұлуы.
Арсен: Тағы еске саламыз,
Қыздарымыз тамаша.
Шеттерінен ақылды,
Би билейді жараса!!!
Санжар: Сізге өнер көрсеткен,
Мына біздер боламыз.
Шапалақты ұрсаңдар,
Біздер риза боламыз.
Жүргізуші: Рахмет балалар сендер сондай өнерлі екенсіңдер. Ал ұлдар сендер біздің сұлу
қыздарымыз жайында тақпақ білесіңдерме?
Балалар: Иә.
ТАҚПАҚТАР:
НАСРЕДДИН: Құтты болсын осы шаттық күндеріңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүздеріңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
ҚАЙСАР: Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Қыздар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.
ЕРНҰР: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
САНЖАР: Біз қыздарды тыңдаймыз,
Итеріп жылатпаймыз.
Шаштарынан тартқылап ,
Біз тентектік қылмаймыз!
Біз ақылды баламыз.
АРСЕН: Қыздар айтса ұғамыз,
Жолды беріп тұрамыз.
Балабақшаға олар келгенде,
Алдарынан шығамыз.
НҰРХАН: Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
РАХМАТУЛЛА:Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Қыздарымызды мейраммен
Құттықтаймыз балалар.
Жүргізуші: Міне балалар ертеңгілігімізде аяқталып қалды. Енді ертеңгілігімізді керемет
Қайсар мен Сұлуханның айтысымен аяқтайық.
АЙТЫС:
Қайсар: Ал бастайық айтысты,
Жібермейік намысты.
Жеңіп шықсам мен сені,
Айып етпе сен мені.
Қ/сы:Еркем, еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем еркем-ай.
Сұлухан:Мен өзіңді қаладым,
Айтысуға шақырып.
Көзіңнен де сеземін,
Қаласың ғой «ах» ұрып.
Қ/сы:
Қайсар: Қонақтарды, қыздарды,
Қояйықшы құттықтап.
Бүгінгі күн мереке,
Бармаймыз ба гүл ұстап.
Қ/сы:
Сұлухан: Қайда барсаң онда бар,
Жүгіргенің жөн болар.
Тәртібіңнің нашарын,
Әкеңе де айта бар.
Қ/сы:
Қайсар: Сөзін тыңда қарағым,
Құлағың сап жақын кеп.
Апай айтты бәріне,
Мені айтыскер ақын деп.
Қ/сы:
Сұлухан: Айта қойшы қарағым,
Қандай боп жүр тәртібің?
Жайын біліп қояйын,
Сендей ерке баланың.
Қ/сы:
Қайсар: Айналайын қыздар-ау,
Құтты болсын мереке.
Мерекеде айтыстық
Бола берсін береке.
Қ/сы:
Қайсар Сұлуханмен бірге: Құтты болсын бәріңе,
8-наурыз мереке,
Бақшамыздың қыздары,
Жайнай берсін күніге.
Қ/сы
Жүргізуші:
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым!
(аналарға, қыздарға сыйлық сыйлау)
Жүргізуші:
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
-дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Әділқазылар қыздарды марапаттайды.
Жүргізуші: Осымен «Балдырған» ересек тобының ертеңгілігі аяқталды, көріп
тамашалағандарыңызға рахмет, сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен
құттықтаймыз, отбасыларыңызға береке бірлік, таулық, бақыт тілейміз. Қош сау
болыңыздар.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
2
Размер файла
59 Кб
Теги
наурыз
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа