close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Моя профессия

код для вставки
«Глазунов орта мектебі» ММ
Тақырыбы:
«Менің мамандығым»
Дайындаған: Шакирова Салтанат Жансултановна
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс орты: Глазунов орта мектебі
Мекен – жайы : Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы
Глазунов ауылы
Менің мамандығым
Шакирова С.Ж
Глазунов орта мектебі
Мектеп қабырғасында тәлім алып жүрген кезде ұстазым көп ақыл айтатын. Кез келген
тақырыпта сыр шертетінбіз, ұлы ойшыл даналардың сөздерін талқыға алатынбыз. Бірақ өмірімде
нақты қадам жасауға түрткі болған ұлы Платонның «Ештеңені білмейтін,ештеңені білуге
талпынбайтын адамның жағдайы қиын.Өйткені оның бойында екі кесел бар:бірітопастық,екіншісі-жалқаулық», - деген сөздері. Адам үнемі ізденіс үстінде болуы керек деген
ұғым қалыптасты. Заман ағымы да күн сайын ізденісті талап етеді. Сабағымды үнемі жақсы
оқып,өз-өзімді қайрай түстім.Мектеп бітірерде барлық түлектін басынан өтетін маманыдық таңдау
мәселесі туындады. Ұстазымның сөздері бар, олардың күнделікті бізге беріп жатқан білімі мен
көмегіне қарап, өзге мамандықтарды зеттеп, түбі мұғалімдік мамандығын таңдадым. Күн өткен
сайын мұғалімдіктін қыр-сырын терең меңгеріп, машықтануда оқушылармен жұмыс жасап, өз
тандаған мамандығымды ерекше жақсы көре бастадым. Өз оқығаның мен тоқығаныңды кішкене
бүлдіршінге үйретуде, олардың білімге деген талпынысын көргенде ерекше бір ляззатқа бөленеді
екенсін.
«Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды-ол адамды қалыптастырады.»,- дегендей
М.И.Калинин, мен өз мойныма жүктелген міндеттін қаншалықты ауыр екенін түсінемін. Қазіргібүлдіршын, ертеңгі - ел болашағы. Мен білім алушы болғанымда ұстаздарымның өздерін
ұстағандары, сөйлеген әр сөздеріне мән беріп, қалай үлгі алсам , қазір сол білетініме сүйене
отырып, оқушыларымды тәрбиелеп жатырмын.
Ұстаздар қауымы әрқашанда өзгеден ерек, өзінен бұрын өзгені ойлайды, кез келген тығырықтан
шыға біледі, минутын, сағатын, айлары мен жылдарын бүлдіршінге арнайды. Ұстаз болу мәртебесі
бұйырғаннан көптеген қиындыққа тап болым: ата – анамен тіл табысу, жаңа бағдарламаға ілесу,
қағаз толтыру. Бірақ қанша қиынды болса да өз мамандығымнан рахат аламын.
Әр ұстаздың арманы, ол – өзі білім нәрімен сусындатқан бүлдіршіндердің , болашақта ұлы
тұлға болып, еліне адал қызмет етіп, өмірден өз орнын тапқанын көру деп ойлаймын. Мен де
оқушыларымды болашақта қандай адам болады деп уайымдаймын және әрқашан да өзімді
жетілдіруге тырысамын. Әрине қазір жас маман болғанымызбен, күн өте келе біз де өзімізді
тәрбиелеген ұстаздарымыз сияқты кемелденіп, суда жүзген балықтай еркін қызмет етеміз деп
сенемін.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
3
Размер файла
75 Кб
Теги
профессии
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа