close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Омар Хайям

код для вставкиСкачать
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті
Жоба
Тақырыбы: Омар Хайям
Қарағанды 2018
1
Мазмұны
Кіріспе
I
ОМАР ХАЙЯМ
I.I
Омар Хайямның өмірінен шертілген сыр
I.II Омар Хайямның математикалық еңбектері
II
ОМАР ХАЙЯМ ЕРЕН ЕҢБЕГІ
II.I Омар Хайямның календары
III
ХАЙЯМНЫҢ АҢЫЗЫ БӨЛЕК
III.I Хайям туралы әфсаналар
III.II Омар Хайям рубайлары
IV
Естеліктер – ел тарихында
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімдері
2
3
4
4
6
11
11
16
16
16
19
21
22
Кіріспе
Әбілеті мен әділеті қатар жүрген мынау ақ әлем алты күнде жаралғалы
һәм жер бітіп, су аққалы ұршықтай дөңгеленген жұмыр дүниені таң қылған
жұмырбасты таланттардың қаншасы өмірге келіп, қаншасы кетті десеңізші?!
Тарих- барлығына куә! Иә. Тарих демекші, тас пен қағазға қатталған қадым
заманнан бергі тарихтың қалыптасуы мен ілгеріленуіне үлкен себін тигізіп,
дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан, адамзат аяғын
өркениеттің босағасына бастырған мәдениеттің алғашқы бесіктерінің біріОрта Азия. Батысқа табынған жалған тарихшылар ұзақ уақыт Орта Азия
халықтарының тарихын бұрмалап, жоққа шығарғандай болғаны да кәдік.
Өзбек, тәжік, түрікмен, қазақ, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ халықтарын «тарих
жасай алмаған халықтар» деп сырт көзге құбыжық көрсетіп келді. Олардың
айтуынша, Орта Азия халықтары мәдениетсіз, дәрменсіз болған-ды-мыс. Бұл
біз білсек(жоқ, бәрі де білетіндей) колониализм сандырағы екені даусыз.
Батыс қанша бас тартып, ерік бермегісі келсе де, санамызда қалқып
жүрген сөздер «Бар ілімнің бастауы- Шығыс» деп сайрайды... Фирдоуси,
Низами, Руми, Науаи, Аттар, Ширази, Жәми, Жүніс Әміре, Рудаки, Сағди,
Фараби, Бируни, Ибн Сина секілді тағы да басқа ұлыларды тудырған Шығыс
елін қалайша мойындамасқа?! Артында қалған ой- тұжырымдары кейінгі
ұрпақтың сана- сезімін кеңейтіп, өлеңдері поэзиядағы жаңа бағыттың
қалыптасуына түрткі болған Шығыс әлемінің аспанындағы «Жеті
жұлдыздың» өзі Машырық пен Мағырып арасындағы талай ақынның бағытбағдарын анықтап, тура жол нұсқаушы Темірқазығына айналғаны жасырын
емес.
Оған қазақ ауыз әдебиетінің өзінде кездесетін шығармалар мен арғыбергі қазақ ақындарының өлеңдері дәлел. Сол арғықазақ пен бергіқазақтың
қай- қайсысы да Темірқазық жұлдыздарының бетін бұлт торламағанын, өз
биігінде қалғанын қалайтыны ақиқат. Олардың есімдеріне бір жаманат сөздің
қосарланып жүргенін көп көреді. Біздікі де сол баяғы баян ғой. Омар секілді
ардағымызға кір жұқтырып алмаудың қамынан туған рухани қамқорлық деп
түсінерсіз. Бірақ, сіздей саналы оқырман олардың қамқорлықты қажет
етпейтінін, қанша күйелесе де оларға деген халық махаббатының сүйемдей
де болса кемімейтінін бізден жақсы біледі.
Рудакиден кейінгі, Шығыстың ұлы әдебиетін алты жүз жылдай арайына
алып тұрған ХҮ ғасырдың ұлы толқынының көшбасшысы- Омар жайлы сөз
бастағанда- сөздің «біссімілләсі» дауға келіп тірелетіні бар. Даулы- екі
мәселе. Алғашқысы- туған жылы. «Біреулер былай дейді» деп, сұқ саусақты
шошайтқаннан гөрі, бір- екі- ақ дәлел көрсетсек жетіп жатыр.
3
I ОМАР ХАЙЯМ
I.I Омар Хайямның өмірінен шертілген сыр
Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының орта ғасырларда өмір
сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Оның ғылыми
зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді,
философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой өрісін кеңейтті, ал өлеңдері
поэзияның жаңа түрін қалыптастырды. Ғалым Омар парсыша Хайям деп,
арабша әл-Хайями деп аталып кеткен. «Хейям» - араб тілінде «шатыр
тоқушы» деген сөз. Оның әкесі мен шешесі шатыр тоқып, керуендерге сатып
кәсіп еткен болу керек. Хайямның нақты аты-жөні - Ғиясәддин Әбілфатих
Омар инб Ибраһим әи-Нишапури.
Нишапури - Омардың ныспысы, туған жерінің аты. Бұл қала Иранның
солтүстігінде, Хорасан өлкесінде. Өз тұсында Нишапур феодалдық
қалалардың ірілерінің бірі болған. Қытаймен, Үндістанмен, Орта Азия және
араб елдерімен айырбас, сауда-саттық қатынастарын жүргізген. Онда кілем
тоқу, жібек иіру, алтын мен күмістен зергерлік бұйымдар жасау өнері болған.
Омар Хайям 1040-жыл шамасында (кейбір деректер бойынша 1048жылы) туған. Жергілікті медреседе оқып білім алған. Оның негізгі ұстазы
Нишапурдың белгілі ғалымы Насыреддин шайх Мұхаммед Мансур (1104жылы өлген) деп есептеледі. Дарынды Хайям өз бетімен оқып та көп білім
алады. Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен, ол онда математика,
физика, астрономия, философия, дін негіздері, тарих ілімдерімен
шұғылданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқан, Мерв,
Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
Хайямның өмір сүрген дәуірі ел тарихында елеулі із қалдырған
уақиғаларға толы. Бұл кезде Иран мен Орта Азияда ислам діні орнығып,
қалаларда мешіттер салынып, араб тілі халықаралық ғылыми тілге айналған
еді. Иран мен Орта Азия жерінің көпшілігін Ғазна сұлтандары билейтін.
Ғазна - қазақтың «Қобыланды батыр» дастанында айтылатын Қазан қаласы.
Ғазна мемлекеті Махмуд Ғазнауи (999-1030) сұлтанның тұсында бірталай
жерлерді басып алды, оның қызыл телпек киген әскерлері - «қызыл бастар»
Үндістан мен Қазақстанға қанды жорықтар жасап отырды.
Алайда ғазналықтардың дәурені шолақ болды, олар сәлжүктердің
шоқпарына кездесті. XI ғасырдың бірінші жартысында Түрікменстан жерінен
шыққан сәлжүк түріктері Ғазна хандығын талқан етті. 1040-жылы
Данданақан түбінде (Мерв пен Серахсы қалаларының аралығында) болған
шайқаста Махмудтың орнына отырған баласы - Масғұд сұлтан әбден жеңіліп,
жерінің көпшілігінен айырылып қалды. Солтүстік Иран мен Орта Азияның
негізгі облыстары сәлжүктерге қарады. Сәлжүктер мұнымен тоқтамады,
4
шапқыншылықты үдете берді. Тұғрұл бек бастаған сәлжүктер 1055-жылы
арабтардың шығыс халифатының астанасы Бағдатты алды. Қазіргі Түркия
түріктері - сәлжүктердің тұқымы. Сәлжүктер империясы Қытайдан Жерорта
теңізіне шейін созылып жатты. Орта Азиядағы сәлжүктердің Хайям
заманындағы белгілі сұлтаны Жәлеләддин Мәлікшаһ (1072-1092) болды.
Тынымсыз соғыстар, шамадан тыс салықтар, шариғат ережелері
халықтың тұрмысын нашарлатты. Ғалымдардың да төбесінде қамшы ойнады.
Бұл жөнінде Омар Хайям былай деп жазды: «Біз ғалымдардың қырғынға
ұшырауының куәсі болдық, олардан тек ауыр азапқа шыдаған біренсарандары ғана қалды. Бұл тірі қалған ғалымдарға түгелінен беріліп өз
ғылымын жетілдіруге және тереңдетуге қатыгез тағдыр мүмкіндік бермеді.
Осы күні ғалым түрінде жүргендердің көпшілігі болар-болмас білгендерін
зұлымдық мақсаттарға ғана пайдаланып, алдамшылық пен екіжүзділіктің
шеңберінде қалып жүр, шындыққа өтірікті кигізіп жүр» (Хайям, «Алгебра
мен әлмүкәбәла есептерінің дәлелдемелері туралы»).
Омар Хайямның ғалым ретінде қалыптасуына Орта Азия ғылымы мен
мәдениетінің алыптары - Хорезмидің, Фарабидің, Бирунидің, ибн Синаның,
Рудакидің, Фердаусидің, Қысыраудың және тағы басқалардың еңбектері зор
әсер етті. Хайям солардың дәстүрлерін дамытып, ілгері бастырды. Ол
әділеттік пен адамгершілікті жақтады, шариғат ережелерін сықақ етіп, ақыл
мен білімге жүгінді, бұқара халық жағында болды. Соның арқасында оның
даңқы бүкіл Шығыс елдеріне жайылды.
Сәлжүк сұлтандары ғылымнан хабарсыз, кейбіреулері тіпті сауатсыз
болатын. Сондықтан ірі ғалымдардың консультациясын алуға, оларды сарай
маңында ұстауға мәжбүр болған. Осындай бір жағдай Хайямға да кездесті, ол
1074-жылы Мәлікшаһтың сарайына шақыртылады. Қызметке алынып,
сәлжүктердің астанасы Исфаған қаласында салынған астрономиялық
обсерваторияның жетекшісі болып тағайындалады. Хайямға Мәлікшаһтың
бас уәзірі, прогрестік көзқарастағы оқымысты тәжік «Сиасет-нәмә» - «Ел
билеу кітабы» атты шығарманың авторы Низам әл-Мүлік (1017-1092) едәуір
қамқорлық жасайды. Хайям он жеті жыл осы обсерваторияны басқарып,
астрономиялық зерттеулер жүргізді. Бұлардың нәтижелерін «Мәлікшаһтың
астрономиялық таблицалары» деген атпен жариялады. Омар Хайям
сәлжүктер календарын жасады.
1092-жылғы қазанда бақталас уәзірлер әл-Мүлікті өлтірді, бір айдан кейін
Мәлікшаһ өлді. Оған у берілді деседі. Сұлтан сарайын реакцияшыл уәзірлер
мен молдалар билеп алады. Олар Хайямға жәбірлік жасай бастайды, дінсіз
деп айыптап, жазаламақшы болады. Ақыры Хайям Меккеге қажыға кетіп жан
сақтайды. Хайям қайтып келгеннен кейін (бұл кезде обсерватория жабылып
5
қалады) сарай қызметін тастап, өмірінін, ақырына дейін өзінің туған жері
Нишапурда тұрады. 1123-жыл шамасында қайтыс болып, сонда жерленеді.
Қазір Азияның, Европаның және Американың кейбір елдерінде Омар
Хайямды қадір тұтушылар қоғамдары бар.
I.II Омар Хайямның математикалық еңбектері
Омар Хайям елу шақты кітап жазған, олардың көпшілігі бізге жетпеген.
Замандастарының айтуы бойынша, Хайямның тұңғыш еңбегі «Арифметиканың қиын мәселелері», онда сандардан кез келген бүтін оң
дәрежелі түбірлер шығару жолдары көрсетілген. Мұндай түбірлерді шығару
үшін Ньютон биномының ережесін білу керек. Демек, Хайям бином
теоремасын Ньютоннан (1643-1727) бұрын тапқан. Бұл кітаптың нұсқасы
сақталмаған.
Хайямның математикадан жазған екі ірі еңбегі белгілі. Олардың бірі «Алгебра мен әлмүкәбәла есептерінің дәлелдемелері туралы», екіншісі «Евклид кітабындағы қиын постулаттарға түсіндірмелер». Алдыңғысында
алгебра, соңғысында геометрия мәселелері баяндалады. Бұлардан автордың
аса дарындылығы және өзіне дейінгі ғылымды толық меңгергендігі айқын
көрініп тұрады. Хайям өз тақырыбына байланысты Аристотельдің,
Фарабидің, Птолемейдің, Евклидтің, Архимедтің, Аполлонийдің, Геронның,
Хорезмидің, Жауһаридің және тағы басқалардың еңбектерін саралап,
кемшіліктерін тауып, өз пікірін айтып отырады.
Алгебра мен әлмүкәбәла ілімінің негізін салушы Хорезми (780-850)
болғаны мәлім. Хорезмиден Хайямға дейінгі екі ғасыр ішінде бұл ілім кең
жолға шыға алмай, алғашқы қалпында қалды, бірен-саран авторлар оны әрі
дамыту орнына тек түсіндірумен ғана қанағаттанды. Алдымен алгебраның
қандай ғылым екендігі жөніндегі анықтама мен оның арифметикадан
айырмашылығын сипаттайтын тұжырым болмады. Алгебраның Хайямға
дейінгі тірегі баяғы «Хорезми айтады» ғана болып келді. Бұл ғылымды
жүйелі түрде баяндау, оның арифметикамен аралығындағы жігін ашу және
күн тәртібіне кезектегі мәселелерді қою Омар Хайямның үлесіне тиді.
«Алгебра мен әлмүкәбәла өнері, - дейді Омар Хайям, - ғылыми өнер,
оның зерттейтін пәні - абсолюттік сандар мен өлшенетін шамалар, әдетте
бұлар белгісіз болады: Бірақ бір белгілі нәрсеге байланыстырылып
берілетіндіктен, оларды анықтауға болады. Бұл нәрсе деп отырғанымыз басқа
ешнәрсеге байланыстырылмайтын сан немесе қатынас болып табылады. Сен
оның мағынасына әбден түсінуге тиіссің. Бұл өнер белгісіз нәрсені берілген
шарттармен байланыстырып, араларындағы тәуелділіктерді табуды мақсат
етеді.
6
Шамалар, яғни үздіксіз сандар төрт түрлі болады: сызық, бет, дене және
уақыт. Алгебра есептерінде уақытты көбінесе қарастырмайды, бірақ қажет
бола қалса, оны қарастырудың ерсілігі жоқ. Әдетте алгебраистер өз
өнерлерінде табылуға тиісті белгісізді нәрсе дейді, оның өзіне өзінің
көбейтіндісін квадрат дейді, квадраттың өзіне көбейтіндісін куб дейді.
Естеріңізде болсын, бұл кітапты тек Евклидтің «Негіздер» және «Берілген
шамалар» атты шығармаларын, сонымен қатар Аполлонийдің «Конустық
қималарының» алғашқы екі кітабын жақсы білетіндер ғана түсіне алады. Бұл
екі жолдың бірінде тосқауылға кездескен оқушылар кітапты меңгере
алмайды. Есептердің алгебралық шешулері теңдеулер арқылы, басқаша
айтқанда әр түрлі дәрежелерді біріне бірін теңдестіру арқылы жүзеге
асырылады». Бұл үзіндіні, ұзағырақ болса да, кедтіруді қажет деп таптық,
өйткені онда алгебра бірсыдырғы толық сипатталған.
Ғалымдар алгебраны XX ғасырға дейін осы Хайям айтқан мағынада
түсініп келді. Сандар мен үздіксіз шамаларды баяндағанда Хайям Аристотель
мен Фарабидің еңбектеріне сүйенген. Евклид (біздің заманымыздан бұрынғы
330-275-жылдар шамасы) - гректің ұлы математигі, басы құралмай таралып
жүрген әр түрлі тәжірибелік ережелерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп,
геометрияны нақты ғылымға айналдырған ғалым. Ол 13 кітаптан кұралған
«Негіздер» атты әйгілі шығарма жазған. «Негіздер» бүкіл геометрияның көзі
болып табылады. Аполлоний (біздің заманымыздан бұрынғы 250-200жылдар шамасы) - гректердің Евклид пен Архимедтен кейінгі ұлы
математигі. Оның 8 кітаптан құралған «Конустық қималары» шеңбер, эллипс,
парабола, гипербола деп аталатын қисық сызықтардың қасиеттерін зерттеуге
арналған.
Сонымен, Омар Хайямның түсіндіруінше, алгебра - алгебралық
теңдеулерді шеніу жолдарын зерттейтін ғылым. Белгісіз санның дәрежесіне
қарай теңдеулер бір дәрежелі, квадрат, куб, төрт дәрежелі т. с. с. теңдеулер
деп аталады.
Бір дәрежелі теңдеулер көбінесе арифметикалық амалдар арқылы
шешіледі. Оларды ежелгі мысырлықтар, вавилондықтар, қытайлықтар,
үнділер шығара білген. Квадрат теңдеулердің, яғни екінші дәрежелі
теңдеулердің сызықтар арқылы шешу жолын - шешудің геометриялық әдісін
Евклид көрсеткен, ал алгебралық әдісі Хорезмидің кітабында айтылған
болатын. Үшінші дәрежелі - куб теңдеулердің кез келген түрін шығарарлық
математик Хайямға дейін болған емес. Оның өшпес еңбегі кез келген куб
теңдеуді шешу жолын табуында. Теңдеулерді Хайям 25 түрге бөліп,
әрқайсысының қалай шығарылатынын айтады. Евклид квадрат теңдеулерге
түзу сызық пен шеңберді қолданған болатын. Хайям куб теңдеулерге эллипс,
7
парабола, гипербола сызықтарың да қолданады. Сызықтардың өзара қиылысу
нүктелері теңдеудің түбірлерін анықтайды.
Теңдеулер мен сызықтарды байланыстыру жемісті болып шықты. Бұл
әдісті тереңдетудің нәтижесінде француз математиктері Р. Декарт (15961650) пен П. Ферма (1601-1665) аналитикалық геометрияның іргесін қалады.
Хайямның еңбектері үшінші, төртінші, бесінші дәрежелі теңдеулерді
сызықсыз, алгебралық жолмен, шешу тәсілдерін табуды күн тәртібіне қойды.
Кез келген куб теңдеуді шешудің алгебралық әдісін итальян математиктері С.
Ферро (1465-1526) мен Н.Тарталья (1499-1557) тапты. Төрт дәрежелі
теңдеуді итальян математигі Л. Феррари (1522-1565) шешті. Норвегия
математигі Н. Абель (1802-1829) егер оңай шығатындай етіліп,
коэффициенттері алдын ала сұрыпталып берілмесе, бесінші және одан
жоғары дәрежелі теңдеулердің дәл алгебралық әдістермен мүлде
шешілмейтіндігін дәлелдеді. Теңдеулерді зерттеу қазіргі математиканың
үлкен салаларының бірі - группалар теориясын тудырды.
Араб тілінде жазылған, бұл кітап «Рисәләт әл-хаким әл-фадил Ғиясэддин
Әбілфатих Омар ибн Ибраһим әл-Хайями ән-Нишапури фил барахин әла
мәсаил әлджәбір уәл мүкәбәла» деп аталады. Арабтар арқылы Еуропа
елдеріне тараған. Парижде екі, Лейденде бір данасы сақталған. Бұларды
зерттеп, француз ғалымы В. Вепке 1851 жылы араб және француз тілдерінде
жариялаған. Кітаптың соңғы жолында: «Бұл еңбек сол жылғы алғашқы рәби
айының 23-нде, жексенбі күні түс кезінде аяқталды» делінген. Жылы
түсініксіз болып өшіріліп кеткен. Есептеп шығарғанда автордың кітапты
жазып бітірген уақыты 1071-жылғы 19-желтоқсан болады.
Хайямның геометриялық еңбегі - «Рисәлә фи шарх мә ашқал мін
мусәдирәт китаб Үкілидас, сәләс мақалат, тасниф аш-шайх, әл-имам әладжалл хұджат әл-хаққ Әбілфатих Омар ибн Ибраһим әл-Хайями» - «Евклид
кітабындағы қиын постулаттарға түсіндірмелер, даңқты шайх және имам
Әбілфатих Омар ибн Ибраһим Хайямның шығармасы». Кітаптың соңғы
жолында мынадай мағлұмат келтірілген: «470-жылы, алғашқы джұмаданың
ақырында аяқталды, Минахтың кітапханасында, ақ қағазға қара сиямен
түсірген шайх имам Омар Хайям». Сонда жазылып біткен уақыты 1077жылғы желтоқсан айының ортасы болады.
Евклид геометрияны дәл ғылым ретінде құрғанда (Евклид арабша Үкілидас), кейбір негізгі үғымдар мен дәлелденбей қабылданатын
ұйғарымдарға сүйенді. Солар арқылы теоремаларды дәлелдеп, теоремалар
арқылы фигуралардың математикалық қасиеттерін сипаттап отырды.
Дәлелденбей қабылданатын үйғарымдар аксиомалар деп аталады.
Аксиомалардың саны мүмкіндігінше аз болу керек, өйткені олар
дәлелденбегендіктен күдік тудырады.
8
Евклидтің XI аксиомасының мазмұны мынадай: «а түзуінен тысқары
жатқан А нүктесінен осы нүкте мен түзу анықтайтын жазықтықта жатып, а
түзуіне параллель болатын бір ғана түзу жүргізуге болады». Бұл аксиома
көбінесе Евклидтің бесінші постулаты делінеді. Бесінші постулат аксиома
ретінде алынғанымен, ішкі мазмұны жағынан теорема сияқты, қалған он
аксиомадай көділге оп-оңай қона қоймайды, шүбәландырады. Бұл жайды
Евклид өзі де аңғарған, сондықтан аксиомалар тізімінің аяқ жағына қойған,
28 теореманы дәлелдегенше пайдаланбаған. Мұны байқаған Евклидтен
кейінгі математиктер бесінші постулатты теорема ретінде дәлелдеуге
талаптанған.
Бұл мәселемен грек математиктері Птолемей (біздің заманымыздан
бұрынғы 147-70-жылдар) мен Прокл (410-485) шұғылданған. Араб тілінде
жазған авторлардан бесінші постулатты тұңғыш рет зерттеген адам қазақстандық математик және астроном Ғаббас ибн Сәид әл-Жауһари. Ғаббас
Жауһари - Фарабидің жерлесі, ежелгі Қазақстанның Отырар қаласында туған,
IX ғасырда өмір сүрген. Бағдат академиясында Хорезмимен бірге қызмет
істеген. Оның өмірбаяны мен жазған еңбектері сақталмаған. Жауһаридің
«Ислах ли китәб әлусіл» - ««Негіздердің» шалағай жерлерін түзету» атты
кітабы болғандығы, онда бесінші постулат ішкі айқыш бұрыштардың
қасиеттері арқылы дәлелденгендігі XIII ғасырдағы азербайжан математигі
Насыреддин Тусидің еңбектерінде айтылады. Келешекте Жауһаридің
кітаптары табылуы мүмкін.
Бесінші постулат жөнінде араб математигі Әбуәли Хайсам (965-1039) мен
азербайжан математигі Әбіл Аббас Тәбіризи (922-жылы өлген) ғылыми
зерттеулер жүргізген. Евклидтің геометриясына сын жазғандардың бірі
Фараби болатын. Оның мақаласының орыс тіліндегі аудармасын қажет
етушілер «Проблемы востоковедения» журналының 1959-жылғы 4номерінен оқи алады.
Омар Хайямның айтылып отырған еңбегі де бесінші постулатқа арналған.
Ол онда өзіне дейінгі ғалымдардың бесінші постулат жөніндегі
шығармаларын талдап, кемшіліктерін көрсетеді. Хайям бесінші постулатты
аксиома қатарынан шығарып, теорема ретінде дәлелдейді. Ол үшін мынадай
ұйғарымға сүйенеді: «Бір түзуге жүргізілген екі перпендикуляр бірін бірі
қиып өтпейді». Бұдан: «Төртбұрыштың үш бұрышы тік болса, төртіншісі де
тік бұрыш болады» деген қорытынды шығады, ол бесінші постулатты
дәлелдеуге мүмкіндік береді. Қазір Хайям зерттеген үш бұрышы тік
төртбұрыш Саккери төртбұрышы деп аталады.
Ғалым геометриялық еңбегін 1077-жылы жазып аяқтаған, оны 1218жылғы қазанда Масғұд Халфари деген біреу көшіріп алған. Көшірме Лейден
қаласында сақтаулы. 1936-жылы оны атақты Иран ғалымы Тағи Эрани (1902-
9
1940) араб тілінде Теһеранда бастырып шығарған. Эрани - жалынды
революционер, кемеңгер ғалым. 1930-жылға дейін ол Берлин
университетінде философия мен риторикадан сабақ берген, содан кейін
Теһерандағы политехникалық институттың механика мен физика
профессоры болып қызмет істеген. Көптеген кітаптар жазған. «Дүния» атты
марксистік бағыттағы қоғамдық-философиялық журналдың редакторы
болған.
Империалистердің Ирандағы тіміскілеу әрекеттеріне қарсы, еңбекшілер
бақыты үшін батыл күрескен. «Елу үш» деген процесте бас айыпталушы
ретінде 1938-жылы тұтқынға алынып, сотта сөйлеген сөзінде империализмді,
оның Ирандағы итаршыларын, шаһ үкіметінің зұлымдықтарын масқара
еткен. Эрани 1940-жылы түрмеде өлген. Жазушы Г. Севунцтың екі томдық
«Теһеран» романында айтылатын Шәмсі Азади - осы Тати Эрани.
Насыреддин Туси өз кітабында Хайямның дәлелдеуін қысқаша баяндап
өткен. Оның кітабы Еуропа елдеріне тараған.
Жалпы алғанда бесінші постулатты жүзге тарта ірі математиктер зерттеп,
«дәлелдеп» шыққан. Олардың Хайямнан соңғы атақтылары: Насыреддин
Туси (1201-1274), Джон Валлис (1616-1703), Жиролам Саккери (1667-1733),
Иоган Ламберт (1728-1777), Адриан Лежандр (1752-1833). Бұл мәселенің
шешімі 2000 жылға созылды. Математиктер бесінші постулатты шын
мәнінде дәлелдей алған жоқ. Оны теорема ретінде дәлелдеу үшін алдыңғы он
аксиома мен солардың салдарларын ғана пайдалану керек. Ал дәлелдеушілер
бұлардан басқа да әр түрлі ұйғарымдарды пайдаланды, кейбір авторлар мұны
өздері де сезбей қалды. Демек, он бірінші аксиоманың орнына онымен
парапар басқа аксиома енгізіп, айырбас жасады.
Бесінші постулат жөніндегі мәселені ұлы орыс математигі Н.И.
Лобачевский (1792-1856) ғана шешті. Ол бесінші постулатты алдыңғы он
аксиома бойынша дәлелдеуге мүлде болмайтындығын көрсетті. Бесінші
постулатты мүлде шығарып тастап, оның орнына басқаша үйғарым Лобачевский аксиомасын алып, Н.И.Лобачевский жаңа геометрия жасады.
Қазір бұл геометрия Лобачевскийдің биевклидтік геометриясы деп аталады.
Лобачевский жаңа геометрияға өзіне дейінгі геометрлердің еңбектерін
талдау нәтижесінде жетті. Олардың ішінде Хайямның да еңбегі бар.
Сондықтан Омар Хайям биевклидтік геометрияға жол салушылардың бірі
болып табылады. Хайямның араб тілінде «Зергерлік қоспалардағы алтын мен
күмістің әрқайсысының шамасын табу өнері туралы» деген физикадан жазған
шағын кітапшасы сақталған. Онда қарастырылатын мәселе Сиракуз патшасы
Гиеронның тағындағы алтын мен күмістің шамасын табу жөніндегі Архимед
есебімен парапар.
10
II ОМАР ХАЙЯМ ЕРЕН ЕҢБЕГІ
II.I Омар Хайямның календары
Календарь - уақыт кілті, ел өмірінің елеулі бөлшегі. Календарьсыз
шаруашылықты ұйымдастыруға, мәдениетті өркендетуге, ғылым мен
техниканы дамытуға болмайды. Календарьдың көптеген түрлері бар,
олардың әрқайсысының дәлдігі әр түрлі. Тарихты халық жасайтындықтан,
календарьды жасаушы да халық болып табылады. Дәл календарь әлі күнге
дейін жасалған емес, жасалуы мүмкін де емес. Сондықтан календарьды андасанда жөндеп отыруға тура келеді. Календарьға ұлы математиктердің
көпшілігі көңіл бөлген. Фарабидің, Хорезмидің, Бирунидің, Ұлықбектің тағы
басқалардың календарь жөніндегі еңбектері уақыт есебін жүргізуді бірталай
тәртіпке келтірген. Календарьды түзеушілердің бірі - Омар Хайям.
Парсы аңызы бойынша адам бұдан сегіз мыңдай жыл бұрын, фервердин
айының бірі күні жаралған. Ол кезде Күн жазғытұрғы күн мен түннің теңелу
нүктесінде болған. Осы аңызға сүйеніп, парсылар фервердиннің бірін жыл
басы етіп есептейді де, оны жаңа жыл күні - науруз деп атайды (нау - жаңа,
руз - күн деген сөз). Қазақтың наурызы осыдан шыққан. Күн мен түннің күзгі
теңелуін парсылар меһран деген, бұдан қазақтың «мейрам» сөзі жасалған.
Наурыз бен меһран парсылардың негізгі мейрамдары болған. «Ай мен Күн аспанның екі көзі, наурыз бен меһран - уақыттың екі көзі» деп жырлаған
парсы ақындары. Парсы календары жөніндегі толық маглұматтар осы мақала
авторының «Халық календары» атты кітабында келтірілген.
Наурыз астрономиялық есеп бойынша 22-наурызға келеді. Абыздар
дұрыс бақылап отырмағандықтан, ол 22-наурыздан тайып, жылдың басқа
айларына шығып кеткен. Бұл жағдай парсы шаруаларын күйзеліске
ұшыратып отырған, өйткені жер өнімдерінен сұлтандарға, әкімдерге
төленетін салық наурызға шейін төленіп бітуге тиісті болған. Ерте кезде
Иран жерінде наурызға шейін егін пісіп, халықтың көпшілігі салықты
мерзімінде төлеп келген. Бертін наурызда егін жиналмаған, тіпті кейбір
жерлерде жаңа ғана көктей бастаған.
Осының салдарынан календарьды түзету жайында сұлтанға шаруалардан
көптеген арыздар түскен. Сұлтандардың көпшілігі ол арыздарға құлақ аспай,
ескі календарьды сактап, салықты төлемеген кедейлерді қатал жазалап
отырған. Ақыры, шаруаларды мыңдап жазалағанмен қазынасы толмайтынын
түсінген Мүтәуәкіл сұлтан (847-861), Хиджра жыл санауының 243-жылғы
мұхаррам айының 11 күні (біздің календарымызша 857-жылғы 10-мамыл)
арнаулы декрет шығарады. Декрет бойынша наурыз сирия есебімен хазиран
(біздіңше - шілде) айының 17-не көшірілген. Бірақ Мүтәуәкіл өлгеннен кейін
(оны өз сарайындағылар өлтірген) декрет жүзеге аспай қалған. Наурыз
11
Мүтәдид патшаның (829-902) тұсында біраз орнықты. Мүтәдид хазиран
айының 11 наурыз болсын деген декрет шығарды. Бұл да наурызды тиісті
орны емес, өйткені хазиранда күн мен түн теңелмейді.
Сәлжүктерден шыққан үшінші сұлтан, жоғарыда айтылған Джәлеләддин
Мәлікшаһ, шатасқан календарьды түзеуге мәжһүр болды. Ол календарь
реформасының жобасын жасауды сол кездегі ұлы математик және астроном
Омар Хайямға тапсырды. Хайям математиктерден, астрономдардан және
тарихшылардан жеті адамды - Әбдаррахман Хазиниді, Әбілаббас Лукәриді,
Әбухатам Мұзаффариді тағы басқаларды қатынастыра отырып жаңа
календарь жасады. Хайям наурызды әрдайым 22-мартқа келетін етті, ол үшін
кібісе жыл еңгізді. Хайям календары бойынша әрбір 33 жылдың 25 жылы 365
күндік - жай жыл, 8 жылы 366 күндік - кібісе жыл болып отырады. 33 жыл
ішіндегі кібісе жылдар - 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 33-жылдар, қалғандары жай
жылдар. 25 жай жылда 9 125 күн, 8 кібісе жылда 2 928 күн болады,
сондықтан 33 жылда 12 053 күн болады.
Сонда бір жылдың орташа ұзақтығы 365, 2424 күн болады. Ал нақты
жыл, астрономиялық есеп бойынша, 365, 2 422 күн деп есептеледі. Бұдан
Хайям календарының дәлсіздігі жылына 19 секунд болатындығы шығады.
Осы дәлсіздіктен 1 күн жиналу үшін 4 400 жыл өтуі керек. Қазір қолданылып
жүрген григориан календарының дәлсіздігі 26 секунд, одан 1 күн жиналу
үшін 3 333 жыл өтуі керек.
Омар Хайямның календары - дүние жүзі халықтарында болған
календарьлардың ең жақсысы. Ол 1079-жылғы 15-марттан (Хиджра бойынша
471-жылғы 10-рамазаннан) бастап қолданыла бастады. Сол күні Мәлікшаһ
жобаны декретпен бекіткен болатын. Тарихи уақиғаның осы календарь
бойынша көрсетілген уақыты сәлжүктер заманының уақыты деп аталады.
Календарь тарихында әділетсіздік көп болған. Астроном Созиген жасаған
календарь - ескі стиль Созиген календары делінбей, оны бекіткен император
Юлий Цезарьдың атымен юлиан календары деп аталған. Лилий жасаған жаңа
стиль, бекіткен рим папасы Григорий XIII атымен григориан календары деп
аталған. Сол сияқты Омар Хайямның календары да ресми түрде
Мәлікшаһтың атымен аталған. Тарихи документтерде ол «Тарихи Мәлики»,
«Тарихи Джәләли», «Тарихи сұлтани» делінеді.
Іс жүзінде Хайям календары 12 жыл ғана қолданылған. Мәлікшаһ
өлгеннен кейін, оның орнына отырған сұлтандар календарьды бұрынғы «таз
қалпына» келтірген. Хайям календарының екі ерекшелігі бар: бірі - оның аса
дәлдігі, екіншісі - Күн қозғалысына негізделуі. Ол кезде ислам дініндегі
елдердің көпшілігі Мұхаммедтің нұсқауы бойынша қолданылған ай
календарын пайдаланатын еді. Календарьды жасағанда Хайямның дінге
қарсы көзқарасы әсер еткен болу керек. 1793-жылы Францияның
12
революцияшыл үкіметі қолданылып келген календарьды тастап, жаңа
календарь қабылдаған. Бұл календарьды жасауға атақты математик және
астроном Пьер Лаплас (1749-1827) қатынасқан, ол Хайямның календарымен
таныс болған. Лапластың ұсынысы бойынша француз календарындағы
жылдың ұзақтығы, Хайям календарындағыдай, 365, 2 424 күн болып
алынған. Бұл календарьды қолданудан Наполеон шығарған.
Хайямның наурызы қазақ календарына ауысқан. Наурызды қазақтар 1926
жылға дейін мейрамдап келді. Хайямның дүние тануы және өлеңдері.
Хайямның дүниеге көзқарасын сипаттарлық материал жеткілікті емес. Оның
философия мәселелерін сөз еткен шағын екі кітапшасы ғана сақталған. Бірі тәжік тілінде жазылған «Жалпы мазмұн туралы», бұл француз және ағылшын
тілдеріне аударылған. Екіншісі араб тілінде жазылған, кейін парсы тіліне
аударылған «Болмыс пен қажеттілік туралы» деген кітапша.
Философиядан жазған кітапшаларында Хайямның өзіне тән дерлік айқын
көзқарасы жоқ, тек Пифагордың, Платонның, Аристотельдің, Ибн Синаның
идеалистік еңбектері түсіндіріледі. Автор бұрынғы философтардың қателерін
іздемейді, олардың теріс пікірлерін сынамайды.
Пифагордың ілімі бойынша болмысты сандар билейді, дүниедегі
гармония - үйлесімділік сандардың гармониясынан шығады. Сандардың
ішінде 1 саны ерекше орын алады, өзге сандар содан тараған... Хайям мұны
былай толықтырады: «Болмыстағы реттілік, - дейді ол, - әріптердегі реттілік
сияқты. Әліф - барлық әріптердің негізі, ол ешбір әріптен шықпаған». Бұдан
«дүниені құдай жаратқан» деген жалған қорытындынын басы қылтиып
көрініп тұр. Демек, Хайям идеалистік сүрлеумен жүріп дін жолына түскен.
Ол - құранды жаттап алған имам, қартайған шағында қажыға барған тақуа.
Алайда ғылым шыңына шыққан шын ғалым идеализм батпағына мүлде
батып кетпейді, ғылым шырағы оны жағаға сүйреп, тал қарматтырады, кейде
жөнге салады. Хайям да сондай ғалым. Ол физика-математикалық
еңбектерінде материализмге келеді. Жоғарыда айтылған алтын мен күмістің
шамасын анықтау жөніндегі есепті алланың әмірімен солай шешіледі
демейді, табиғат заңы бойынша солай шешіледі, табиғат санаға тәуелсіз деп
түсіндіреді.
Хайям жұлдыздар бойынша бал ашушы - астролог болған. Астрология ежелгі Вавилонда шыққан жалған ережелердің жинағы, ол ғасырлар бойы
ғылым ретінде танылып келген. Астрологияның түсіндіруінше, әрбір
адамның өмірі бір жұлдызға тәуелді болады, біреудің жұлдызы бақытты,
біреудің жұлдызы бақытсыз, адам өлгенде оның жұлдызы ағып түседі...
Жолы болар жігіттің айы оңынан, жұлдызы солынан туады... Хайям
сұлтандар мен уәзірлердің келешектегі тағдырын болжап «кітап көтеріп»,
яғни астрологиялық ережелер жазылған кітап бойынша бал ашып, жүрген.
13
Ол «тәуіп, көріпкел» саналған. Бірак осы астрологияға Хайям өзі сенбеген.
Сенерлік негіз де жоқ, өйткені астрология ережелерінің бір де бірі
дәлелденбеген, тек абыздардың айтуымен ғана жазылған. Ал Хайям математик, дәлелсіз ешбір ұйғарымды кабылдай алмайды, ол тіпті жігін
ашпай логикалық тізбек құрып тұрған, ешқандай қатесі мен қайшылығы жоқ
Евклид «Негіздеріне» қанағаттанбаған, сын айтқан, түземекші болған адам.
Жалғыз Омар Хайям ғана емес, ертедегі ірі астрономдардың көпшілігі
астролог та болған. Мұқтаждық, күнкөріс қамы ғалымдарды астрологиямен
де айналысуға мәжбүр еткен. Мұны планеталар қозғалысының әйгілі үш
заңын тапқан Австрия астрономы Иоган Кеплердің (1571-1630) төмендегі
сөздерінен аңғарамыз: «Әрине, астрология - есалаң қыз. Бірақ жүрт одан да
асқан есалаң. Есалаң қыз шатпақтап жүріп, өзінің былшылымен тамақ тауып
әкеледі де, ақылды шешесі - астрономияны асырайды. Астрономның
жалақысы жоқтың қасы. Есалаң қыз болмаса, оның есі бүтін шешесі
алдақашан аштан өліп қалған болар еді». Кеплер шындықты айтқан.
Дін - астрологияның екінші сыңары, оның да дәлелі жоқ. Сондықтан
Хайям діннен де шегініп кетеді, оны қатал сынға алады. Тіпті шариғат
ережелеріне қарсы шығып, қожа-молдаларды масқаралайды. Оның өткір
өлеңдері ишандарға найзадай қадалады.
Омар Хайям аса дарынды ақын болған. Бірақ ол әдеби еңбекті негізгі
кәсіп етпеген, Фердауси мен Сағади сияқты кесек шығармалар жазбаған.
Анда-санда көңілі келгенде қағаз қиқымына, кітаптың шеткі алаптарына ұсақ
өлеңдер жазып отырған. Хайям өлеңдері төрт жолмен шумақталып отырады,
үшінші жолы дара шығып, бірінші, екінші және төртінші жолдары ұйқасып
келеді. Мұндай өлең рубағи деп аталады, европа тілдерінде рубаи, рубаят
дейді. Рубаи - мазмұны бай, сөзі аз, тілі көркем, лирикалық өлең.
Хайям өлеңдерінің жазба нұсқалары сақталмаған. Қазір рубаи үлгісімен
жазылған және Омар Хайямның өлеңі деп есептеліп жүрген шығармалардың
жалпы саны бес мыңдай. Бірақ олардың басым көпшілігі басқа ақындардікі,
бертін жазылған өлеңдер. «Омардың рубаилары» делінетін өлеңдердің ішінде
қазір бұзықтықты, маскүнемдікті және жезөкшелікті дәріптейтіндері де бар.
Бұлар капиталистік шірік салт - санаға сай келеді, завод қожалары мен
банкирлерді «Хайям қоғамына» тартады. Омар Хайямның ондай азғындықты
уағыздайтын өлеңдер жазуы мүмкін емес.
Рубаилар жүз жылдан бері зерттелуде. Олар жөнінде орыс ғалымдары В.
Жуковский, К.Смирнов, үнді ғалымы С. Тиртха, парсы ғалымы М.Фуруги,
неміс ғалымдары А.Кристенсен, Ф.Розен, А.Арберри тағы басқалар ірі
еңбектер жазған. Бұдан өлеңнің авторы Момын руынан шыққан Құлтума
ақын екендігі анықталады. Хайям өлеңдері де осындай. Оның әлгі даусыз
14
делінген рубаиларында, көбінесе автордың аты кездеседі. Даусыз рубаиларда
әділеттік, өмір қызығы, өнер-білім жырланады, қожа-молдалар әшкереленеді.
Рубаи үлгісіндегі өлеңдер тәжік-парсы поэзиясында Хайямнан бұрын да
болған. Хайям рубаиды өлеңнің негізгі түрлерінің біріне айналдырған. Төрт
жолды өлеңдер басқа халықтардың да поэзиясынан орын тепкен. Қазақ
әдебиетінің тарихында Хайям өлеңдерінің ресми аудармалары кездеспейді.
Бірақ рубаилардың тәжік тіліндегі түпнұсқасын оқыған қазақтар болған.
«Мәдәт бер, я шагри фурият» дегенде Абай Орта Азияның ұлы ақындарына
сыйынған.
Сонымен қатар қолда бар деректерге қарағанда Хайям еңбектерінде зор
қайшылықтар бар. Ол өнер-білімге жүгініп, ғылым шыңына шыға отырып,
өзі имам болады. Сөйте тұра дінге қарсы шабуыл жасайды. Дүниенің негізі
материя деп танып тұрып, материяны санаға тіркестіреді. Басқа кітаптарында
мәселенің қалай баяндалғаны бізге белгісіз. Кемшіліктері мен
қайшылықтарына қарамастан Хайям тарихтан орын алған адам.
Диалектикалық материализмге жете алмағандығы үшін мың жыл бұрын
өткен ғалымды кінәлау қиын. Бұған онын «өгіз мұрнын жұдырықпен тескен»
заманы кінәлі. Хайямның кемшіліктерін кешіруге әбден болады. Оның халык
кәдесіне жарайтын кұнды еңбектері аз емес.
15
III ХАЙЯМНЫҢ АҢЫЗЫ БӨЛЕК
III.I Хайям туралы әфсаналар
Хайям турасында бірнеше аңыздар бар. Бірде ақын шарап ішкісі келіп
құмыраға қолын соза бергенде, жел тұрып әлгі құмыраны құлатып кетеді
екен, сонда Хайям былай дейді:
Шәрбатқа толы көземді менің сындырдың, Раббым
Ләззатқа жетер жолдымды жауып алдың ба, Раббым
Шараптан ішсем, қыларсың менен ессізді
Болмас па мастық тілімнің биі, Раббым
Ақынның осындай күпірлі сөздерінен кейін Хайямның беті қап-қара
болып кетеді-мыс. Сонда Хайям айтқан сөздеріне өкініп, құдайдан кешірім
сұрап былай дейді:
Күнәсіз пенде жалғанда мынау болар ма?
Күнәсіз жаның шынымен тірі болар ма?
Болармын жаман, сенің жаман сыйыңнан
Сені мен менің парқымыз сонда болар ма?
Осылайша құдайдан кешірім сұраған соң Хайямның беті қайтадан ағарып
шыға келеді екен.
Келесі бір әфсанада Хайям шәкірттерімен бірге медресе маңынан өте
бергенде, сол медресені жөндеп жатырған бір топ адамдарды көреді екен.
Олар кезек-кезек есектерге кірпіштер тиеп, оны медресенің ішіне кіргізіп
жатады. Солардың арасында жалғыз бір есек әлгі медресеге кірмей тұрып
алады, әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды әйтеуір сол жануарды ешкім
кіргізе алмай қояды. Бұл жайды алыстан байқаған Хайям әлгілердің жанына
келіп, есектің құлағына бірдеңе сыбырлайды. Бұдан кейін банағы есек
медресеге кіріп кетеді. Осы оқиғаға куә болған шәкірттері ұстазынан есектің
құлағына не деп сыбырлағанын сұрайды. Сонда Хайям: «Ол бейбақ осы
медреседегі оқушылардың бірі болған. Өлген соң хайуан кейпінде қайта
туылады. Содан медресеге кірсе, оны біреу-міреу танып қояды-ау деген
күдікпен кіруге батылы жетпей тұр екен», – дейді.
III.II Омар Хайям рубайлары
Даналар ой маржанын жіпке тізген,
Кеңесіп хұда жайын текке бізбен.
Шеше алмай сыр түйінін, ақырында
Кетті ғой талай надан кеткен ізбен.
Жаһанда жан тең келмей туған дана,
Жұлдыздай жұрттан биік тұрған дара.
16
Өмірге о сорлы да түсіне алмай,
Өтті ғой өкінішпен, бар ма дауа?
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер.
Тікен бар, бізге гүлі бұйырмаса,
Оты бар, бізге нұры бұйырмаса.
Кірес пен қоңыраулы шіркеуі бар,
Мешіт пен бізге діні бұйырмаса.
Құдай-ау, балшығымды айдаған – сен,
Өрмекке арқауымды байлаған – сен.
Болсам да жақсы-жаман, жазығым не?
О баста сыбағамды сайлаған – сен.
Сұлуға күлкі ойнатып бердің ерін,
Сүйдіріп, елжіреттің ер жүрегін.
Қимасаң маған шаттық, өкінбеймін:
Қайғылы қалың елмен тең жүремін.
Дариға-ай, қартайдық қой бостан-босқа,
Қайғы-мұң Құдай бізге қосқан баста.
Жоқ болдық қас қаққанша, о, сұм өмір,
Жете алмай көп арманға тоқсан жаста.
Мінім жоқ, талшыбықтай бойым сұңғақ,
Қойғандай екі бетім нұрмен сырлап.
Білмеймін, Құдай шебер неге маған,
Осынша берді аямай түр мен сымбат?
Несібең болғаннан соң тәңір хақтан,
Көбеймес, кемімес те дәмің татқан.
Ендеше қапа болма қолда жоққа,
Молырақ қармай көрме дайын заттан.
Ей, сақи*, кетсе шығып қолдан жүрек,
Жоғалмас, дүние-теңіз толған түбек.
Қыл мойын надан сопы шарап ішіп,
17
Мас болса, оған да бұл жалған – түнек.
Сап болды-ау, о, дариға, жастық ісі,
Өмірдің көктемі өтіп, басты қысы.
Қай кезде, сезбей қалдым, гүл бағымнан
Жайдары жастық шақтың қашты құсы?
Бұл жалған тұрмайды деп жастағыдай,
Не пайда, ойбай салып жатсақ ұдай?
Өмірің өз еркіңде, ойна да күл,
Жаратты баста солай патша Құдай.
Ей, шебер, құмыра құйып, лай айдаған,
Болсаң ғой сәл ойланып, абайлаған,
Балшықты баспас та едің, теппес те едің,
Қорлайсың атаң күлін қалай, надан?!
Жігері талай жұрттың құм болғанын.
Айтпады-ау ол дүниеден келіп біреу,
Кешегі кеткендердің кім болғанын.
Ей, сақи! Сыңғырлаған үнің жақсы,
Жәмшидтің* кесесінен жүзің жақсы.
Жұққан шаң табаныңа – көзім нұры,
Болмайды одан жүз мың күнің жақсы.
Жұтылмай көз жасым боп ақыл-қайғым,
Мәз болып, шарабымды сапырмаймын.
Жеп көрмей жүрегімді үйтіп өзім,
Біреудің тұзына нан батырмаймын.
Құм көзе Жәмшид жиған малдан артық,
Гүл шарап Мәриям* құйған балдан артық.
Мастардың таң атарда аһ ұрғаны
Бусеид,* Әдһәм* салған зардан артық.
Құмырашы дүкеніне келіп ұдай,
Шек тартам, шеберлігін көріп ұдай:
Бабамның сүйегінен көзе жасап,
Жатады саздай илеп, езіп ұдай.
18
IV Естеліктер – ел тарихында
19
20
Қорытынды
Хайямның ақын ретінде әлемге танылуына жеті жүз жыл керек болды.
Хайямды әлемге ақын ретінде ең алғаш таныстырған ағылшын әдебиетшісі
Эдвард Фитцджеральд еді. Ол 1859 жылы өз ақшасына «Омар Хайямның
рубаяттары» деген жеке кітапша шығарады. Екі жыл бойы таралмай баспа
үйінде жатып қалған кітаптың бір- ақ күнде бүкіл данасы сатылып кетеді.
Тағы да айтар жайт, ол небәрі 250 дана ғана еді. Кейін, Эдвард Фитцджеральд
аударған нұсқадағы Омар Хайям рубаиларына сұраныс Англия, Еуропа,
Америка елдерінде көп бола бастайды. Фитцджеральдтың көзі тірісінде кітап
үш қайтара басылады.
Хайямды әлемге танытқаны үшін бәлкім, Фитцджеральдқа өкпелеуге тиіс
емес
шығармыз.
Себебі
Р.Н.Фрай
айтпақшы:
«Омар
ақынға
Фитцджеральдтың аудармасы, Омардың ғалымдығынан гөрі үлкен атақ алып
берді». Яки, бәлкім, Э. Фитцджеральд аударған Хайямның «таңғажайып»
рубаилары ағылшын тілінде жарық көрмесе, бүгінгі күні белгісіз күйінде,
архив астында қала берер ме еді?!
Ойланып отырып, шын мәнінде, аудармасы үшін Фитцджеральдқа алғыс
айтқым келмейді өз басым. Себебі бар әрине. Діні бөлек елден түпнұсқа
арқылы таралған рубаиларда Хайям жаңа қырынан, яғни «супермен, ішкіш,
қызқұмар, ұрлықшы ақын» ретінде танылып кетті. Фитцджеральд өзінің
осынау «Рубаят» аударма кітабының «Омар Хайям- парсылық астроном және
ақын» атты библиографиялық алғы сөзінде сенімді түрде Хайямды құдайсызматериалист, ән, рахат, шарап құмарлықтарына салынған ессіз ақын ретінде
баяндайды: «Өмірдің ұшы- қиыр, мән- мағынасын таба алмаған Омар Хайям,
бүкіл рубаиларында өзін жұбатуға тырысады. Шарап, ән, хор қыздары
жердегі жұмақ деп есептеген» дейді.
Хайям өлеңдеріндегі «шарап» сөзінің метафизикалық мәнін ашу үшін ең
алдымен Хайямның сопылық бағыттың өкілі, дін адамы, Құдай үшін
қызықтан безген тақуа екендігін ескеруге тиіспіз. Тіпті, Омар Хайямның
«Джулиат», «Ваджуд» еңбектері- сопылық көзқарасын білдіретін бірден- бір
туындылары қатарында. «Омар Хайямның сопылық төрттағандары»
аталатын Роберт Арноттың еңбегінде Омар тұрғысынан құдайды іздеу
мәселесі көтеріледі.
Өкінішке орай, батыс халқы Омарды шарап пен қыз құмарлығына
салынған ішкіш- зинақор ақын ретінде қабылдайды. Бұл сопылық ұстаған
әулиеге әрине, түбірімен кереғар дүние.
21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімдері
1.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев –
Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
2. Аманжолов А. Түркі филологиясы. Алматы, Санат,1996.
3. Гулиа Георгий . Омар Хайям туралы аңыз. 4. Жұртбай Т. Дулыға.1-кітап. Алматы, Жалын, -1994
22
Документ
Категория
Презентации
Просмотров
4
Размер файла
401 Кб
Теги
хайяма
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа