close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Учитель

код для вставки
Ұстаз!
Баяман қызы Самара
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой
иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам
қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін
ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды
терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп,
адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр
шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып
ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін
бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Оңашада
отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ
жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз
нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін
адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке
жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Саналы ғұмырының
басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар
білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының
білгірі, менің алғашқы ұстазым – Гулден Өміртайқызының орны ерекше.
Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті
ұстаз әлі күнге дейін Темір ауданының Бірінші Мамыр негізгі мектебінде
бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.
Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады
екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман,
бала қиял, бала махаббат… Ойға оралған сайын еріксіз езу тартасың.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, арұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,
шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де
бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай,
ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек
екендігін баршамыз мойындаймыз. Сол жарқын кездерден бері көп жылдар
өткенімен, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген ұстазымызға, екінші
анамыздай болғасын Гулден Өміртайқызына айтар алғысымыз шексіз.
Өткенде барлық сыныптастарымыз жиналып, апайымыздың үйіне қонаққа
барған болатынбыз. Ұзақ әңгіме-дүкен құрып, ұстазымызда сақталған біздің
дәптерлеріміз, суреттеріміз бен бейнетаспаларды тамашаладық. Сол сәтте
әрқайсымыздың көзімізге үйірілген сағыныш жасын мектеп партасына,
сүйікті апайымызға, балалық шаққа деген сағыныштың белгісі деп ұқтық.
...Әрбір шәкірттің жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі
көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталу – заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы
адам қылып тәрбиелеп, болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор
тұлға. Гулден Өміртайқызындай ұстазы бар адам әр кез бақытты! Себебі
әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы
бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз –
баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе
болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
3
Размер файла
18 Кб
Теги
учителя
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа