close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Методист №1 2018

код для вставки
«Методист» №1 (07) май 2018
ДК 96-8
1
«Методист» №1 (07) май 2018
ББК 96-4
МЕТОДИСТ 2018 — [б. м.] :
НМО «Интернет-ресурс», 2018. — 11 с. — UIN09N-64-KZ
Тематическое приложение портала «Филолог» Казахстанско-Российского сообщества учителей русского языка и литературы.
18+ В соответствии с ЗРК от 29.12.2010 №436-ЗРК
Соpiright © НМО «Интернет-ресурс», 2018
Соpiright © Авторы проекта, 2018
Адрес редакции: Республика Казахстан Шымкент, Тауке-хана 136
Наш седьмой выпуск полностью составлен из материалов,
присланных методистами, учителями и учащимися города Караганда
и опубликованных на портале «Филолог» и в приложении «Методист»
http://www.petrovber.ru/index.php?razdel=ZHurnal_Metodist
Материалы в выпуске расположены в той последовательности, в какой они были присланы
для публикации.
ҚАЗАҚ
2
«Методист» №1 (07) май 2018
Менің Қазақстаным
Советбекова Самира
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Менің Отаным- Казакстан! деп, жұдырықтай жүрегімнен шыққан осы сөзді
мақтанышпен айтамын. Ата-бабамыздың бостандық жолындағы ерен ерлігінің арқылы
осынау іңкәр дәуірге жеткен елімді мақтаныш етемін. Мен өз елім Казакстанды пенде
тәніммен сүйемін.Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біз тәуелсіздікті 1991 жылы алдық.
Қазақ елі 1992жылы БҰҰ-ның мүшесі болды. 1991 жылы Елбасының жарлығы
бойынша Семей полигоны жабылды. Біз ТМД Мемлекеттерінің арасындағы
экономикасы дамыған елміз. Егемендік алғалы білім беру мекемелері, денсаулық сақтау
саласы жақсарды. Қазақ елі-байтақ, бақытты халық. Қазақстан -Еуразия құрлығында
орналасқан, 14 облыс бар, жері пайдалы қазбаларға бай өлке..
Қазақстанда көп ұлттар мекендейді. Қазақстанның жалғыз бөлшегі- менің өсіп, тұрып
жатқан көмірлі Қарағанды. Осы мекенде тұрып жатқан менің ауламдағы жалғыз көп
қабатты үйде қаншама ұлт өкілдері тұрады. Олармен еркін орыс тілінде сөйлессем, олар
менімен қазақ тілінде сөйлесіп, тіпті мерекелі күндерді қалай атап өтетініміз туралы,
менен сарқыт сұрады, ол дегеніміз олармен қатты араласатыным. Мен де олардың
мерекелерін құрметтеймін.
Атамекен, меніңше, теңіз, өзен, жұлдыз, күн, қалалар сонымен қатар адамдар.
Атам, әжем, анам, әкем, бауырым, досым бәрі-менің туған елім. Мен Отанымның
кішкентай бөлшегімін. Туған елімнің болмысы әдемі.Рас айтамын, өте көркем! Оны
Алматы қаласына барғанда байқалынды. Пойыздың терезесінен жасыл даланың шексіз
екенін көріп таң қалдым.Күн деген өзі сұлу екен ғой! Ал күннің қызарып батқаны тіпті
қызық. Күннің қызарып батқанын пойызда отырып көрдім, тіпті мен қалада жүргенде
мән де бермеппін. Кең байтақ жерді көргенде менен өткен, қазақтан өткен бақытты ұлт
жоқ сияқты болып көрінді. Алматы жап-жасыл шаһар. Біз орталық алаңда суретке
түстік. Анам екеуміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туып-өскен жері Шамалғанда
болдық. Келесі күні тоғайға бардық. Тоғай ішіне кірсең құстардың әндеткенін естуге
болады. Таудан аққан өзенді бақыладым. Бұл — Қазақстанның қоршаған орта байлығы.
Ойлаған арманым көп. Мен келешекке сенемін. Өскесін Алла қаласа ғұлама боламын.
Болашағымның жарқын болатынын лүп-лүп еткен жүрегім сезеді. Атамекен алдындағы
борышым-халық болашағы үшін шаруа ету. Қазақстанды гүлдендіру, көркейту,
жағымды хабарымен қуанту. Еліміздің болашағы-біздерміз. Ата-анасын, Отанын
сыйлаған жастар ғана еліне ақ жүрек шаруа болады. Мен өз еліме бейбітшілік,
жақсылық тілеймін!
3
«Методист» №1 (07) май 2018
Ұстаз!
Баяман қызы Самара
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де,
арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір
адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің
қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан
дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл
төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін
аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ,
адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін
шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз
алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға
батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін
адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп,
нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең
ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына
дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Гулден
Өміртайқызының орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен
сусындатып келген білікті ұстаз әлі күнге дейін Темір ауданының Бірінші Мамыр
негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.
Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз
бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат…
Ойға оралған сайын еріксіз езу тартасың.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық
сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің
жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп
жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз
еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз
мойындаймыз. Сол жарқын кездерден бері көп жылдар өткенімен, шәкірттерінің
сүйіспеншілігіне бөленген ұстазымызға, екінші анамыздай болғасын Гулден
Өміртайқызына айтар алғысымыз шексіз. Өткенде барлық сыныптастарымыз жиналып,
апайымыздың үйіне қонаққа барған болатынбыз. Ұзақ әңгіме-дүкен құрып,
ұстазымызда сақталған біздің дәптерлеріміз, суреттеріміз бен бейнетаспаларды
тамашаладық. Сол сәтте әрқайсымыздың көзімізге үйірілген сағыныш жасын мектеп
партасына, сүйікті апайымызға, балалық шаққа деген сағыныштың белгісі деп ұқтық.
...Әрбір шәкірттің жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде,
жүрек түбінде сақталу – заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп,
болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Гулден Өміртайқызындай ұстазы
бар адам әр кез бақытты! Себебі әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған
4
«Методист» №1 (07) май 2018
ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі,
ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе
болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.
«Менің Отаным – Қазақстан»
Баяманқызы Самара
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана. С.Сейфуллин.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан
басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы
жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы
аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте
ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп
болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін
еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен
үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге
мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта
бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар
мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан
жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің
ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар.
Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай
түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан
күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының
татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салтдәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің
мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі.
Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
5
«Методист» №1 (07) май 2018
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Сен барсың менің жанымда,
Көктемнің гүлі ашылған!
Балалық шағым қасыңда,
Тағдырым сенсің, Қазақстан!
Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес.Бұл жан сезімі! Сеніңәрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда
тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан
тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз
өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп
еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
Менің Қазақстаным
Канатбек Нұрболсун
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Әрбір жанға өзінің отбасы ыстық болса, Отаныда адам баласына сондай ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің – деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды
қисаң, ол үлкен абырой. Өзі өлседе, аты ешқашан өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. Отан
деген - сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер. Отанға деген сүйіспеншілік анаға
деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын.
Қазақстандай елім болғанына мақтанамын. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері
өмір сүреді. Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігімен,
ынтымағымен жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Сондықтанда оның өз әнұраны, президенті,
рәміздері бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да
бар. Ол 1993 жылы 15 қарашада «теңге» болып қабылданды.
Біздің еліміз біртіндеп дамыған мемлекеттер қатарына кіріп жатыр. Соңғы он
жылдың ішінде адам танымастай болып өзгерді. Мұнай, газ, химиялық өнеркәсібіне өте
бай ел. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Әрине осы жетістіктеріміздің бәрі
елбасымыздың арқасында.
6
«Методист» №1 (07) май 2018
Менiң Қазақстаным
Набекина Алина
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Менiң бұл
отандарымды…
Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және
бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер
және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Бiздiң халық
ақындық мұра туған жердi әдемiлiктiң бiраз таң қалатын суреттерi, оның шексiз жерлерi, қардай ақ зәңгiрлер қалалық болады, көкшiл айдын көлдердiң Ұлы ақындары Қазақ
жерiн тарихты да әдемiлiктi жырлады. Халық жады Қазақ халығының өмiрiндегi даңқты
және қайғылы оқиғаларын ұрпақтан ұрпаққа сақталып алып бередi. Лихтағы ол ұшып
келе жатқан салт аттының еркiн желденгi сахаралық шөп тербелетiн үлкен далалары
көне крыльях сияқты домбыраның халық себептерi тыңдай елестеттi, күнге.Қазақстан
кең және дұрыс сұлап жатты. Күн даладан тұрады, ол да далада оны даланың үстiнде
күнi бойы жүрiп, қалғып тұрған қалың ормандармен және мың Көлдермен кездесе
кiредi. Солтүстiкте қашан жемiстi деревьялар қар, гүлдеп қойылдардың табанда
оңтүстiкте қалалық әлi жатады. Республика Каспий және Арал теңiздерi, оның
аумағындағы суларымен жуылып қалады өзендер және Көлдерде көп болады. Ежелгi
Қазақ жерiн ертегiдей бай жер қойнауы. Көмiр, мұнай, алтын, титан, қорғасын, цинк,
темiр - барлық Қазақ жерiне табуға болу.Бiртұтас жанұямен Қазақстанда ұлттар және
халықтардың сты он бес миллион адам, өкiлдер көп өмiр сүредi. Мен әртүрлi ұлттардың
әртүрлi тiлдер, тәубеге келетiн әртүрлi дiн қатты сөйлейтiн адамдары бiрге бiздiң елде
сыйысқан таң қалуға тоқтамаймын. Және бұның барлығы жақсы қатынаспенғана емес,
ұнатумен бiр-бiрiне де жарысайды. Қазақ, орыс, үйғыр, немiс, кәрiске, тiлдерiнде Татарскпен кiтап және газеттердi шығарады, ұлттық театрлар, эстрадалық ансамбльлер
жұмыс iстейдi, радио және дидардың ұлттық программалары берiледi. Барлық бiздер,
әртүрлi ұлттардың адамдары, ортақ бiрлестiредi: бiздер - Қазақстан халығы. Жақындастырыла бiздiң ел және мен қалай үлкен көп ұлттық. Онда және Қазақтар, және татарлар
және лезгиндер, және кәрестер бар. Мына барлық жер үшiн тектi болды. Келiсiмге талпыныс әрбiр халық қанда тұрады, бiрақ ол әсiресе дамыған қазақстандықтарда.Қазақ
жерi, және сипат Қазақ халығында оған қоса жомарт жомарт және меймандос. Барлық
өмiршең тiл, тарихты және Қазақ халығының салтын бұл жерде бiлуi керек. Және
домбыраның сарындары, украина және немiс әндерi бұл топырақтың үстiнде сезiлсiн.
Польканы және лезгиндi адамдар билесiн. Қазақстан халығы бiртұтас. Бұл ежелгi,
ғажайып қазақстандық жерде әлемдi сақтауға көмектеседi. Әлем - келешек өркендеудi
ең маңызды шарт.
Қазақстан - үлкен мүмкiндiктердiң тәуелсiз өткен жылы тұрған елi бар болғаны
он бес шақты. Оның дамытуы үлкен екпiндермен жүредi.
Бiз тек қана балалармыз қазiр, бiрақ қазiр бiздер ендi жоспарлар келешек саламыз,
бiреу бiздiң отан байлық мемлекетке пайда келтiрiп, көбейту үшiн өмiрде болуға армандаймыз. Жақсы оқып, қайрымды болсын және жомарт, егде адамдар және құрдастар, көп бiздi сыйласын қызықтыруы керек, бiздер керең қиыншылық болуымыз керек
7
«Методист» №1 (07) май 2018
және адамдардың бейнеттерiне. Өйткенi тап бiздiң президент мынадай. Бiздер бiздiң
президенттi сыйлаймыз - арқасында бiздер бейбiт және сәттi елде өмiр сүруге
мүмкiншiлiгi болатын Нұрсұлтан Әбiшевич Назарбаев.Өмiрлерде немене адамға керек?Екiбастан,. Жердегi әлем және келiсiм - өзi бас әрбiр адамдарға мiне. Бiздер өз келешек, бiздiң президент сендiрген барлық бiздер бақытты өмiр сүру үшiн сол үшiн жасайды. Мен олмын сенемiн!
Менiң Қазақстаным неткен мiне: бейбiт, еркiн, бай, көп ұлттығы. Шынымен
мұндай м елдi жақсы көрмеуге болмайды ма?Бiздер бiздiң ел өткенiмiз мақтанамыз, бiз
өмiр оны осы атымен ортақ келешек арнаймыз.
Менің Отаным – Қазақстан
Гусейнов Курбан
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да
адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы
болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан
үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды
қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда
өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға
деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі.
Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын.
Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады.
Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық
өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты
кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге»
1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып
қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған.
Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын
жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай
тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ,
химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын,
күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын.
Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың
арқасында.
8
«Методист» №1 (07) май 2018
«Қазақстан – ұлы Отаным»
Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
Менің сүйікті ұстазым
Гапоненко Александра
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Ұстаз… Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың
лаулаған жалыны -әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім
мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін,
бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде
мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңізші?! Сол
періштелердің бірі қазір менің бала жүрегімде нық орын алған. Ол-қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ибраева Жанар Ғилманқызы. Жанар апай әр шығарманы сыңғырлаған
үнімен оқи отырып, асыл ойды санамызға берік,нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын жан
Мұғалім-ардақты жан,ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас,
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан
Арманның асқарына ұмтылған жас,-деп Н.Әлімқұлов айтқандай, біз әр жыл
сайын санамыз өсіп,азамат болуға ұмтыламыз.Сол кездегі бала қиял кей кезде қол
жетпес арманға қанат сермейді. Осы жолдағы алдымыздан шығатын кедергілерден
сүрінбей өтуге,алға қойған мақсатымызға жету үшін күресуге де үйрететін бұл- ұстаз.
Айналадағы адамдарға қарасам өмірі шежіреге толы, әр күні кейінгі жастарға үлгі болар
қаншама жылы жүректі ұстаздар бар.Өнеге тұтар қаншама жақсылар жүр.Солардың
бірі, алғашқы ұстазым — Ділмұханова Назира Қабекенқызы. Алғашқы ұстазым мектеп
табалдырығын қорқынышпен аттаған кезде сол бала жүректегі қорқынышты
сейілтіп,өз мейірімділігін танытып, ең алғаш қолымызға қалам ұстатып мектепке тарыдай болып кірген біздерді таудай қылып шығаруға бар ықыласын танытты.
Әлі есімде ұстазымды көргенім,
Өз анамдай болған еді ол менің.
Содан бері мұғалімімді қадірлеп,
Білім деген асқар тауға өрледім
9
«Методист» №1 (07) май 2018
Мына өлең жолдары Назира апайымды суреттегендей. Қазіргі кезде дәл осы
мектеп менің сүйікті мектебіме, ұстаздарыма , сүйікті ортама айналды. Мектеп бөлмелеріндегі өсімдіктер де сан рет оқылған жыр мен сабақта шертілген сырдың, балалыққа
толы шытырман оқиғаның куәсі секілді. Тағы да естуге құмартып жайқалып тұрғандай.
Ұстазымызбен талай түйінді күрделі мәселелерді шешіп, талай нәрсеге көз жеткізіп,
өзімізге таңдау жасап, өмірлік кеңес алған қасиетті орнымыз. Дәл осы сәтте ақын Ғафу
Қайырбеков атамыздың мына өлең жолдары еске түседі
Ұстаз болу-жүректің батырлығы.
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Бірақта қызықты ертегі іспетті, бұндай балалық сәттер мәңгі жасай ма? Біздерде
күндердің күні мектебімізді аяқтап, өз жолымызды тауып, қарлығаш болып алтын ұя
мектебімізбен қоштасамыз. Алайда бұл орын біз үшін қасиетін ешқашан жоғалтқан
емес.Өйткені ұстазымыздың , мектебіміздің бейнесі мәңгі санамызда сақталмақ.
Білмей қалсам кешірген,
Балалық деп түсінген,
Қандай адам болса да
Алдыңызда бас иген, -деп өлең жолдарыммен қорытындылағым келеді.
Менің Қазақстаным
Шабданов Байболот
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп
және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөпмөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан
жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің атабабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан
тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаныңалтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын.
халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді
сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың
осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі
тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Туған жер
Беу, Туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
10
«Методист» №1 (07) май 2018
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Жырды шашу болды оған бір арман.
Менің кіндік қаным тамған жер ........ облысындағы .............. ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашаауылыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке
дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша
табиғат оятқан болар.
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Орозмаматулы Адилет
7 «А» сынып оқушысы
ҚР Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
«№87 негізгі орта мектебі» ҚММ
Жетекшісі: Каниева Гулден Умиртаевна
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп
және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөпмөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан
жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің атабабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан
тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаныңалтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын.
халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді
сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың
осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
УДК 96-8
ББК 96-4
МЕТОДИСТ 2018 — [б. м.] :
НМО «Интернет-ресурс», 2018. — 11 с. — UIN09N-64-KZ
Тематическое приложение портала «Филолог» Казахстанско-Российского сообщества учителей русского языка и литературы.
18+ В соответствии с ЗРК от 29.12.2010 №436-ЗРК
Соpiright © НМО «Интернет-ресурс», 2018
Соpiright © Авторы проекта, 2018
Адрес редакции: Республика Казахстан Шымкент, Тауке-хана 136
11
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
2
Размер файла
1 660 Кб
Теги
методиста
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа