close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

прилагательное

код для вставки
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы түсінік беру,
Заттың әр түрлі белгілерін байқап, сындық
ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, логикалық ойлауын,
зеректік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ана тілін, қоршаған ортаны сүюге, адалдыққа,
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, Венн диаграммасы, жемістер
суреті. Дөңгелектер.
Сабақтың түрі: Дамытпалы, аралас.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі;
Оқушылармен амандасу, психологиялық даярлық.
Армысың, алтын күн!
Армысың, туған жер!
Армысың, мектебім!
Армысың, достарым!
Армысыз, қонақтар!
II. Үй тапсырмасын тексеру:
5- жаттығу белгілердің қайсысына тән екенін жазу.
Сыныпты үш топқа бөліу. 1-топ: Зат есім дегеніміз не?
2-топ: Етістік дегеніміз не?
3-топ: Күрделі және дара етістік деген не?
Сызбаны толтыру, мысал келтіру.
III. Жаңа сабақ бойынша:
1. Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті.
2. Алманың суретін көрсету, сындық ерекшеліктерімен танысамыз.
( Пияз, қызанақ, банан)
- Мынау не ? – қызанақ.
Пішіні қандай ? – Дөңгелек
- Түсі қандай ? – қызыл.
- Дәмі қандай ? – қышқыл.
Алманың суретімен жұмыс.
Қызыл
Жақсы
Тәтті
Жақсы піскен
Үлкен
Дөңгелек
Заттың түсін, түрін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөз табы
сын есім деп аталады. Сын есім қандай? қай? сұрақтарына жауап
береді.
Әр топқа қағазға жазылған сөздерді оқытып, сұрақ қойғызу.
3. Оқулықпен жұмыс. 1- жаттығу. Өлеңді оқу, көшіріп жазу. Сын
есімдерді анықтап ирек сызықпен сызу.
2- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу. Тақтаға.
Сергіту сәті. « Тербеледі ағаштар»
3- жаттығу. Мағынасына қарай топтап жазу.
Дәмі: ащы, дәмді, тәтті, тұзды.
Түсі: күрең, ала, қызғылт, сұр.
Көлемі: жуан, жіңішке, кіші.
Сапасы: жұмсақ, қатты, мықты.
IV. Сабақты қорыту.
Венн диаграммасын құру.
Сын есім.
Қандай? Қай?
Сөз табы
Зат есім.
Етістік.
Сызбаны толтыру.
........
Жылы
........
........
.......
Таза
.......
.......
V. Үй тапсырмасы: Сын есім ережесін жаттау. 4- жаттығу.
VI. Бағалау.
Степногорск білім бөлімі
Заводской орта мектебі
Қазақ тілінен ашық сабақтың
тақырыбы: «Сын есім»
2 «А» сынып
Габбасова Г.А.
2017 жыл
Сабақтан фотосуреттер
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
2
Размер файла
3 218 Кб
Теги
прилагательное
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа