close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Каскатаева Б 2017 Статья

код для вставкиСкачать
УДК: 372.851
Қасқатаева Б.Р., Тынышқали А.М,Амалбекова Л.Е.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)
Аннотация
В статье изложены проблемы контроля и оценки знаний в процессе обучения
математике
и
обосновано
необходимость
развития
контрольно-оценочной
самостоятельности учащихся в связи с недостаточной разработанностью данной
проблемы в методике обучения математике. Показаны межпредметные связи на
примере прикладной направленности понятия функции и составление задач, которые
предусматривает не только формирование самоконтроля и самооценки учащихся, но и
осуществляет эффективное применение в жизни полученных знаний.
Аннотация
Мақалада математиканы оқыту процесінде бақылау және бағалау мәселелері
қарастырылған. Бұл мәселенің математиканы оқыту әдістемесінде жеткілікті
шешілмегендігі айтылып, оқушылардың өздігімен өзін бақылау-бағалау біліктіліктерін
дамыту қажеттігі негізделген. Функцияның ұғымын енгізу үлгісінде пәнаралық байланыс
және математикалық ұғымдардың қолданбалы бағыты келтірілген. Оқушылар алған
білімдерін өмірде тиімді қолдануды көздейтін және өзін-өзі бақылау-бағалау жүргізетін
өмірмен тығыз байланысты есептер құрастыру көрсетілген.
Abstract
The article describes the problems of monitoring and evaluating knowledge in learning
mathematics and the necessity of development of a monitoring and evaluation independence of
pupils in connection with the insufficient development of this problem in the methodology of
teaching mathematics. Interdisciplinary connections shown on the example application focus on
the concept of functions and drafting tasks which includes not only the formation of self-control
and self-esteem of students, but also provides effective real-life application of acquired
knowledge.
Ключевые слова: контроль и оценка, самоконтроль, самооценка, контрольнооценочная деятельность, контрольно-оценочная самостоятельность.
Түйінді сөздер: бақылау және бағалау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, бақылаубағалау іс-әрекеті, өздігімен өзін бақылау- бағалау іс-әрекеті.
Keywords: monitoring and evaluation, self-monitoring, self-evaluation, monitoring and
evaluation activities monitoring and evaluation independence.
Соңғы жылдағы еліміздегі қоғам өмірінде және экономикада болып
жатқан ауқымды өзгерістерге орай білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіру
жолдары туындауда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында
«Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана
отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» [1] деп, ұстаздар
қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Ендеше, еліміз сенім артып
отырған бүгінгі ұрпақ, ертеңгі мамандар жаңа заман талабына сай, терең
білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім,
ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей
білім саласын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамытып, білім алушылардың
алған білімдері терең де сапалы болуы үшін олардың білім, білік,
дағдыларын бақылап және бағалап отыру қажет.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау
және бағалау іс-әрекеті оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде бақылау және бағалау іс-әрекетін дұрыс
ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда білім берудің табысты болуының оң
кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін,
сапасы мен көлемін үнемі бақылап отырады. Сондықтан, білім беру
процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалаудың
маңызы зор. Бақылау арқылы теориялық білім сапасы, біліктілік пен
дағдының қалыптасқан дәрежесі анықталады.
Сондықтан, білім, білік, дағдыны бақылау және бағалау мәселесіне
теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Қазіргі кезде мектеп бітіруші түлектердің білімдерін тексеруде
қолданылатын бірлік өлшем - олардың белгілі шеңбердегі есептерді шешуі
және оны шешудегі тәжірибесі және сол тәжірибеге өздігімен жету
қабілеттері. Және мектеп бітіруші түлектердің жалпы сауаттылықпен қатар
гипотезаларды ұсыну және тексеру, жобалық режимде жұмыс істей білу,
бастамашылық шешім қабылдау, өз іс-әрекеттерін бақылау мен бағалау т.б.
қабілеттері болуы керек.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердегі міндеттердің бірі оқушылардың өз бетімен білімдерін кеңейту біліктілігінің негізі ретінде,
олардың өз іскерліктері мен қабілеттерін өзі бақылайтын және бағалайтын
қабілеттерін қалыптастыру болып отыр.
Білім беруді дамыту тарихында бақылау және бағалау мәселесі
өзектілігін ешқашан жойған емес. Педагогтардың қолданып жүрген бақылау
және бағалау жүйесін жаңарту мақсатындағы іздеу жолдары қайтадан
дәстүрлі балдық жүйеге әкелді.
Бақылау және бағалау мәселесін математикалық білім берудің көптеген
мамандары А.Б Воронцов, Е.Н. Перевощикова, Н.В. Ануфриева, М.М.
Балашов, ИГ. Голышев, М.А. Гончарова, Л.Я. Жогло, Г.Ю. Ксенозова, С.А.
Курносова [2-9] және т.б. зерттеді.
10-11 сынып оқушылардың бақылау және бағалау іс-әрекеттерін
қалыптастыру өзекті. Себебі 10-11 сынып оқушыларының математикалық
мәдениет негізі және жалпы оқу біліктіліктері қалыптасқан. Аталған
периодта өзін-өзі бақылау және бағалау қабілеттеріне өзі де, мұғалім де, атаана да үлкен мән береді.
ХХ ғасырдың басында 60-шы жылдары мұғалімнің қызметіндегі
бақылау
функцияларының мақсаттары, міндеттері нақты келтірілді:
оқушылардың білімдерінің деңгейін бақылау және оқушылардың білім
алудағы өз еңбектерінің нәтижесіне жауапкершіліктерін тәрбиелеу, берілген
тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау дағдылары тәрбиелеу.
Қазіргі педагогикада бақылаудың төмендегідей төрт функцияларын
келтірілген: бақылау, білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Алайда бұл
функцияларды арнайы осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін алдын ала
дайындалған тапсырмаларды қолданып мұғалім жүзеге асырады.
Дегенмен, бақылау және бағалау жұмысында оқушылардың өзін-өзі
бақылауын және қателерін өзі тауып оны түзету жолдарын іздеуін
қалыптастыру мәселесіне жеткілікті көңіл аударылмайды.
Мұғалім оқушының ауызша жауабын әртүрлі жағынан бағалайды және
олардың білімдерін тексеретін тапсырмалар құрады. Оқу процесінде «баға»
ұғымын көбіне математик-методисттер бақылаудың нәтижесі ретінде
қарастырады.
Мұғалімнің дайындаған сұрақтарының сапасы үнемі талапқа сай келе
бермейді. Бір тұтас тақырып бойынша білім тексеру үшін қанша сұрақ қою,
тапсырмалардың диагностикалық құндылығын қалай салыстыру керектігі
мәселесі шешілмеген.
Бірінші мәселе - бақылау және бағалау мәселесі мұғалім мен
оқушының бақылау мен бағалау амалдарының құрылымының жоқтығы.
Практикада мұғалім оқушылардың оқу материалын қалай меңгеретіні туралы
ортақ көзқарасы болады. Бұл мағлұматты мұғалім оқушылардың білімін,
білігін және дағдыларын бақылау нәтижесінде алады. Ал, математиканы
дамыта оқытудың кейбір жағдайларын
білімді бақылаудың дәстүрлі
тәсілдерімен бағалау мүмкін емес.
Көбінесе оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруге дайындығы, оқып
үйренген білімдері, теориялық материалды қаншалықты меңгергені толық
қадағаланбай қалады. Оқушылардың математиканы оқу процесін үздіксіз
басқару үшін мұғалім олардың білім алу процесін және өздерінің даму
процестерін басқара алуын қадағалау қажет. Осы қажеттіліктен барлық
оқыту процесіндегі мәлеметтерді бағалап және талдап отыруы қажет.
Бақылау және бағалаудың дәстүрлі түрінде оқушының білімінің тек соңғы
нәтижесі көрсетіледі.
Оқушылардың өз білім деңгейін басқара білуінің шарты – олар ісәрекеттерін алдына қойылған міндеттерге сәйкес құруы.
Анализ жүргізу барысында, ғалымдар оқушылардың өзін-өзі бақылау
мен өзін-өзі бағалай білу дағдыларын қалыптастыру қажеттігін көрсеткен
және мұндай біліктілікті қалыптастыруда жауаптарын таңдайтын тесттік
тапсырмалар ұсынылған. Тесттік тапсырмалар оқушыларға жұмыстарын өзі
тексеруге мүмкіндік бергенмен, олар оқып үйренген білім, білік және
дағдыларының соңғы қорытындысын тексереді.
Мұндай тексеріс
нәтижесінде оқушылар жіберген қателіктерінің себеп салдарын анықтай
алмайды.
Сонымен, дәстүрлі оқытуда бақылау және бағалау механизмі
мұғалімнің қолында болып тұр. Өзін-өзі бағалау процесіндегі маңызды
мәселе, алдыға қойылған мақсат пен міндеттерді орындау. Оқушы оқу
материалын түсінген не түсінбегендігін өзі тексеріп, белгілі бір есепті шешу
жолын меңгергендігін өзі анықтай білу керек және т.с.с.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі бақылаудың
мәнін анықтау үшін түрлі тәсілдер көрініс тапқан. Өзін-өзі бақылау кең
мағынада тұлғаның ерекшелігі ретінде қарастырылады.
Психологиялық педагогикалық әдебиеттерде «өзін-өзі бақылаудың»
мағнасын әртүрлі анықтайды. Көптеген еңбектерде «өзін-өзі бақылау»
тұлғаның қасиеті ретінде қарастырылады. Кейбір ғалымдар «өзін-өзі
бақылауды» адамның ақыл-ой әрекетінің нәтижесі, - деп есептейді (сананың,
ойдың, ақыл сапасының, сыншылдық белгісінің, тәртібінің дамығандық
көрінісі).
Көптеген ғалымдар [4-15] өзін-өзі бақылауды тәртіпті, іс-әрекетті,
оқытуды белсендіруді реттейтін әдіс (құрал, шарт) деп есептейді.
Көптеген зерттеулерде өзін-өзі бақылау оқушылардың оқып үйрену
әрекетінің компоненті ретінде (яғни өз әрекетін бақылай білу, қателерін
түзете білу) қарастырылады.
Бағалау мен бақылаудың қызметтері ажырамайды, және екеуі бірге
қолданылады. Бақылау туралы айтылғанда бағалау туралы айту маңызды,
себебі өзін-өзі бақылау барысында өз тапсырмасының орындалуын бақылап
және оның нәтижесін өзі бағалауы қажет.
Ғалымдардың «өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау» туралы
зерттеулерін талдайық. В.И. Страхов [13, p.27] «өзін-өзі бақылау - қойылған
мәселені тексерудегі, орындалған жұмыс процесін сыни тексерудегі және
оның кемшіліктерін түзетудегі іс-әрекеттің түрі», - деп анықтайды. Белгілі
психолог Д.Б. Эльконин бақылау ұғымының мағнасын былайша ашады:
«Бақылау амалы - баланың жасаған жұмысын (амалын) алдын ала
белгіленген нәтиже үлгісімен салыстыру» [14, с.218]. И.И.Кувшинова өзін-өзі
бақылауды саналы іс-әрекетке жатқызады. Ол бақылауды «бір мақсатқа жету
үшін мүмкіндік беретін талдауға негізделген іс-әрекетті саналы реттеу және
жоспарлау» ретінде қарастырылады. [13, с.27].
Г.А.Соболева «өзін-өзі бақылау – өзінің жасаған істеріне,
жұмыстарына, көзқарастарына, сезімдері мен ойларына сыни қарау және өз
мінез-құлық басқару біліктілігі. Өзін-өзі бақылау жалпы алғанда адамның
өзіне байланысты», - деп санайды [13, 30б] Г.Ю. Ксенозованың [9]
зерттеулері білім беру процесіндегі бағалау іс-әрекетінің құрылымы мен
мазмұнына, бағалаудың функциялары мен рәсімдеріне, сондай-ақ оқу ісәрекетінде өзін-өзі -бағалауды талдауға арналған болатын. Алайда, бұл
зерттеулер оқушылардың бақылау және бағалау біліктілігінің құрылымы
және білім беру процесінде олардың даму динамикасын бағалау
қарастырылмайды.
А.К. Маркованың [12] жүргізген зерттеулерінде оқушы оқу ісәрекетінің жалпы құрылымын және оның барлық компоненттерін түсініп
меңгергенде ғана сыртқы бақылау өзін-өзі бақылауға айналады, - деп
көрсетті.
Осы талдау негізінде, «бақылау» мен «бағалау» ұғымдары жалпы
жағдайда нақты оқыту жүйесінен оқшау қарастырылатыны туралы
қорытынды жасауға болады. Бақылау және бағалау мәселелері мұғалім
жағынан да оқушы жағынан бақылау мен бағалау процесін ұйымдастыру
төңірегінде шешіледі.
Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті физикаматематика
факультетінің
магистратурасында
«Математикадық
сауаттылықты анықтау» арнайы курсы жүргізіледі. Онда оқушылардың
білімін Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study)
зерттеуі бойынша оқушылардың математикадан функционалдық білім
жетістіктерін анықтау мәселесі қарастырылады. Мәселен, TIMSS
тестілеуі алгебрадан «тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеу, теңсіздік
және функция» тақырыптарын қамтиды. Жалпы математикалық сауаттылық
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуды және алған білімдерін
өмірде тиімді қолдануыды көздейді. Осы орайда өмірмен тығыз байланысты
есептер дайындалып, оқушылар өзін-өзі бақылау және бағалау жүргізетіндей
есептер құрастырылды.
Материалдық нүкте түзу бойымен 0 м/с бастапқы жылдамдықпен және
а м/ с2 - үдеумен қозғалады. Онда екі айнымалы шамалар t – қозғалыс
уақыты мен s -жүрілген жолдың арасында төмендегідей байланыс бар екені
белгілі:
 = 0  +
 2
2
,  ≥ 0,  ≥ 0
(1)
Бұл байланыс арқылы t - қозғалыс уақыты белгілі болғанда осы уақыт
аралығында жүрілген s -жол табылады. (1) байланыстың қолданысына
есептер құрастырылды.
Мысалы, егер 0 = 20м/с, а=4м/ 2 болса, t=10 с уақыт аралығында жүрген
жолды табыңдар.
4 ∗ 102
 = 20 ∗ 10 +
= 400(м).
2
Басқа да көптеген физикалық заңдылықтар айнымалы шамалар арасындағы
бірмәнді байланысты анықтайды. Ондағы белгілі бір айнымалы шама
арқылы екінші шаманы табуға болады.
 Шаршы берілсін. Оның а – қабырғасын өзгерткенде, оның S ауданы да
өзгереді:
 = 2 ,  ≥ 0,  ≥ 0.
(2)
 Ом заңы:
 = ,  ≥ 0,  ≥ 0,  ≥ 0
(3)
 Кинетикалық энергияны есептеу формуласы:
 2
=
,  ≥ 0,  ≥ 0, (4)
2
 Ұзындығы Период колебания маятниктің тербеліс периоды:  =

2√ ,  ≥ 0,  ≥ 0, (5)

 Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы:
 = 0 + ,  ≥ 0,  ≥ 0 (6)
Келтірілген бірмәнді байланыстар функцияның ұғымын терең түсінуге,
пәнаралық байланысты жүзеге асыруға және математикалық ұғымдардың
қолданбалы бағытын жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасайды. Ал,
оқушылардың өздері құрған есептері арқылы олар өзін-өзі бақылауын және
өзін-өзі бағалауын қалыптастырады.
Сонымен, оқушылардың өздігімен өзін бақылау-бағалау іс-әрекеттерін
қалыптастыру мұғалім тарапынан бақылау және бағалау (сыртқы бақылау
және бағалау) жүргізуден басталып, оқушының өзін-өзі бақылауы мен өзінөзі бағалауына (ішкі бақылау және бағалау) көшіреді. Оқудың басында
бағалауды меңгеру білім беру қызметінің өзіндік түрі ретінде қатысады.
Кейін оқу процесінде бақылау білім беру қызметінің қажетті элементі ретінде
қалыптасады. Сонымен, бұл мәселе жаңа болмағанмен, математиканы оқыту
процесінде оқушылардың дайындығында жеткен жетістіктер деңгейін
айқындау және бағалау мақсатында оқушылардың бақылай, бағалай білу ісәрекеттерін қалыптастыруға бағытталған оқыту әдістемесі мәселесі
көкейкесті болып қала береді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Мәңгілік ел» құндылықтары – қазіргі қазақстандық білім берудің
негізі»: республикалық онлайн пікірлесу алаңының баяндамалар жинағы: Алматы, ҚР ББЖҚБАРИ, 2016 – 201 бет
2. Воронцов А.Б. Педагогическая технология контроля и оценки в учеб- ной
деятельности. А.Б.Воронцов. М.: Издатель Рассказов А.И., 2002. - 303с.
3. Перевощикова Е.Н. Диагностика в процессе обучения математике: Монография.
Е.Н.Перевощикова. Н.Новгород: НГПУ, 2010. - 172с.
4. Ануфриева Н.В. Особенности самоконтроля учащихся в системе развивающего
обучения: Автореф. дис…канд.пед.наук.- СПб, 2000.- 19с.
5. Балашов, М.М. Оперативный контроль как средство управления процессом
проблемного обучения: Автореф. дис…канд.пед.наук.- Казань, 1998.- 16с.
6. Голышев И.Г. Формирование синтезной системы контроля и оценки знаний в
общеобразовательной школе: диссертация канд. пед. наук : Ин-т сред. проф.
образования Рос. акад. Образования.- 2002.- 201с.
7. Гончарова М. А. Формирование самоконтроля и самооценки при обучении
математике на верхней границе начальной ступени школы : Автореферат ис. ...
канд. пед. наук: М., 1994.- 16с.
8. Жогло Л.Я. Формирование у младших школьников умения контролировать
учебную деятельность: Автореф. дис…канд.пед.наук.- Л., 1987.- 18с.
9. Ксенозова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя [Текст]/ Г.Ю.Ксенозова.- М.,
1999.- 121с.
10. Курносова С.А. Формирование у учащихся умений самоконтроля и самооценки в
условиях дифференциации обучения : диссертация канд. пед. наук : Челябинский
гос. пед. ун-т.- 2000.- 196с.
11. Лында А.С. Дидактические основы формирования самоконтроля в процессе
самостоятельной учебной работы учащихся [Текст]/ А.С.Лында.- М.: Высш.школа,
1979.- 67с.
12. Маркова А.К. Формирование мотивации учения [Текст]/ А.К.Маркова, Т.А.Матис,
А.Б.Орлов.- М.: Просвещение, 1990.- 192с.
13. Организация контроля знаний учащихся в обучении математике: пособие для
учителей, сборник статей [Текст]/ сост.: З. Г. Борчугова, Ю. Ю. Батий. - М.:
Просвещение, 1980.- 96с.
14. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды [Текст]/ Д.Б.Эльконин.- М.:
Педагогика, 1989.- 560с.
15. Эрдниев П.М. Развитие навыков самоконтроля в обучении математике [Текст]/
П.М.Эрдниев.- М.: Учпедгиз, 1957.- 71с.
Ф.И.О
Ученая
степень
Ученое звание
Каскатаева
Бахыткуль
Рахимжановна
Доктор
педагоги
ческих
наук
доцент (ВАК),
профессор
кафедры
математики
Тынышқали А.
Магистра
нтка
Амалбекова Л.
магистра
нтка
Адрес
Ул.Аносова, д.34,
кВ.9.Алматы.
050009
Тел:+770164434
52
Место работы
Ф e-mail
ак
с
Казахский
Государственн
ый женский
педагогический
университет
Каз Гос женпу
Каз Гос женпу
Kaskataeva
@yandex.ru
Автор
Kaskataeva
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
1
Размер файла
37 Кб
Теги
каскатаева, 2017, статья
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа