close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 16 Жанаарка газеті

код для вставки
№16 (9853), 14 сәуір, 2018жыл
Баспасөз хабарлайды
Аудан әкімі жер таңдау актісіне қол қойды
Аудан әкімі Юржан Бекқожин облыс әкімдігінде Қарағанды
облысы аймағындағы «Сарыарқа» магистралдық газ құбыры
трассасының Жаңаарқа ауданынан өтетін бөлігін салу жөніндегі
жер таңдау актісіне қол қойды. Жаңа магистралдық газ
құбырының 80%-ы Қарағанды облысының аумағы арқылы өтеді.
Елбасының елімізді әрі қарай газбен қамтуын жалғастыру бастамасы Қарағанды облысының тұрғындары үшін де үлкен маңызға
ие. Көгілдір отынмен облысымыздың Қарағанды, Теміртау,
Жезқазған, Сәтпаев, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай,
Жаңаарқа, Бұқар Жырау, Осакаров, Шет, Ұлытау аудандары, 120
ауылдық елді мекендері қамтылатын болады.
Атасуда-мұнай өңдеу зауыты салынады
Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде
алдағы үш жылда, дәлірек айтқанда,
2018-2021 жылдар аралығында
шағын мұнай өңдеу зауыты салынбақ.
Жалпы, құрылысы үш жылға
жоспарланған зауытты жоба жетекшілері 2 жыл мұғдарында тәмамдауды
көздейді. «Абылайхан» компания
тобы мұрындық болған жобаға инвестицияны сингапурлық «R Way Solution PTE Ltd» компаниясының
басшысы Рагунандан Баласубраманиан салуға
ықыласты. Таяуда
аталған компанияның басшылары
ауданымызға ат басын бұрған болатын. «Атасу кентінде шағын мұнай өңдеу зауытының құрылысы» жөнінде аудан басшысы Юржан Бекқожин кеңес
өткізіп, инвестор және жоба жетекшілерімен талқылап, пысықтады. «Абылайхан» компания тобының басқарма басшысы Әмір Ысмағұлов осы зауыт құрылысы арқылы мұнай кластерін дамытатындықтарын айтады. Яғни, бұрғылап,
мұнай алудан бастап, дайын өнімге дейінгі үрдіс үздіксіз жүргізіледі. Инвестор мен жоба авторлары көлік жолы
инфрақұрылымымен бірге, кенттің әлеуметтік саласына назар аудармақ. Атап айтқанда, Атасу кентінде 800 адамға
арналған тұрғын үй кешені, емхана, балабақша секілді әлеуметтік маңызы зор нысандар салынады. Баспана тек зауыт
жұмысшыларына арналса, емхананың игілігін әлеуметтің әлжуаз тобы қоса көретін болады.
Әмір ЫСМАҒҰЛОВ, «Абылайхан» компания тобының басқарма басшысы:
– Атасу мұнай өңдеу зауытының өнімдері «Еуро-5» стандартының талабына сай болады. Сонымен бірге, компания
Атасуда жұмыскерлерге арналған тұрғын үй мен балабақша және емхана салуды жоспарлап отыр. Атасудағы зауыт
мұнай өңдеуде гидрокрекинг технологиясын қолданатын болады. Бұл технология Қазақстанның бүгінгі мұнай
өңдейтін үш зауытындағы технологиядан ерекше. Жаңа технология мұнайдан мейлінше таза өнім алуға мүмкіндік
береді. Зауытта еңбек ететін мамандарды оқыту үшін кентте колледж ашу қарастырылып отыр деді.
Аудан әкімдігінде өткен кеңестен кейін компания мүшелері жоспардағы зауыттың салынатын жеріне барып, жоспармен танысты.
Жас мамандарға-жаңа тұрғын үй беріледі
Аудан әкімдігі мен "Сарыарқа-ENERGY" ЖШС компаниясы арасында жасалып жүрген өзара түсіністік және
ынтымақтастық жөніндегі мемарандумның арқасында ауданымызда біршама ігі істер тындырылуда. 2017 жылғы мемарандум шеңберінде бүгінгі күні аудан орталығындағы ескі ғимарат қайта жөндеуден өтіп, бес пәтерлі тұрғын үй
жасалуда. Компаниядан 15 млн. теңге қаражат бөлініп, оның 10 млн. теңгесіне үйдің шатыры, есік-терезелері, ішкі
қабырғалары тұрғызылды. Ескі нысанның қайта жөнделу жұмыстарын бақылау мақсатында аудан әкімі Юржан
Бекқожин аталмыш орында болып, тұрғын үйдің қайта жөнделу жұмыстары мамыр айында толық аяқталуы тиіс екенін ескертіп, жауапты басшыларға тапсырмалар берді. Жаңа тұрғын үй пәтерлері медицина қызметкерлеріне беріледі
деп көзделуде.
Аудан басшысы жүлдегерлерді құттықтады
Аудан әкімі Юржан Бекқожин таяуда Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде өткен “Roboland-2018”
дәстүрлі робот техникаларының фестиваліне қатысып,
ауданымызға жүлдемен оралған оқушыларды арнайы
қабылдап, құттықтады.
Халықаралық деңгейде
ұйымдастырылған заманауи байқауға елімізбен қоса,
алыс-жақын шет елдерден 800-ге жуық команда қатысты.
Мыңдаған құлтемірлер иелерінің арасында Жаңаарқа
ауданының құрамасы да болды. Облысымыздың намысын қорғау үшін сын шарасына О.Жұмабеков, Б.Амалбеков, Ю.Гагарин атындағы және №132 жалпы орта білім
беретін мектептерден, сонымен қатар, Қызылжар, С.Сейфуллин, Ақтау, Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектептерінен - барлығы 37 оқушыдан құралған құрама
команда қатысты. Шығармашылық белсенділіктері мен
инженерлік шеберліктерінің арқасында өзгелерден ерекшеленіп, алға суырылып шыққан О.Жұмабеков атындағы
мектеп оқушылары - Нұртілеу Шомытов пен Мейіржан Кәрібай 1 орынды қанжығаласа, Әділ Мағазұлы және Нұрғазы
Қайыржанов 2 орынды иеленіп, облысымыздың, оның ішінде ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Халық қалаулыларының басты
назарында-бес бастама
Өткен аптада ҚР
П а р л а м е н т і
Мәжілісінің депутаты
Айсина
Майра
Арапқызы халықтың
хал-ахуалын, тұрмыс
тіршілігімен танысып,
олардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және «Президенттің бес
әлеуметтік бастамасын» түсіндіру мақсатында ауданымызға жұмыс
сапарымен келді. Мәжіліс депутаты алдымен жаңадан іске
қосылған, бір маусымда 40 тонна жеміс беруге мүмкіндігі жететін
жылыжай кешенінде болды. Жылыжай иесі, жас кәсіпкер Мұқы
Әлібек өз кәсібі туралы толық ақпарат бере отырып, Мәжіліс де-
путатын жылыжай жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұдан кейін халық қалаулысы «Люба» сауықтыру
орталығының жұмысымен танысты.
Келген қонақтарға
сауықтыру орталығының иесі Майра Қырбасова өз жұмыстары туралы толық мәлімет беріп өтті. Мәжіліс депутаты халық игілігі
үшін жұмыс жасап отырған кәсіпкерлер Ә. Мұқы мен
М.Қырбасоваға еңбектеріне жеміс тілеп, “Алғыс хатпен” марапаттады. Бұдан кейін ауданындық орталық ауруханаға келіп, аурухана директоры Серік Күлмағамбетовпен тілдесті. 2016-2017
жылдары аудандық ауруханаға 42 млн. 400 мың теңгеге күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізілген. Халық қалаулысы ауруханадағы
келген жұртпен тілдесіп, көрсетіліп жатқан қызметтерге
тұрғындардың көңілі толама деген сұрағына жауап алды. Бұдан
кейін О.Жұмабеков атындағы ЖОББ тірек мектебі ресурстық
орталығында болып, мектеп тынысымен танысты. Халықаралық
“Roboland-2018” фестивалінде І,ІІ орын алған жүлдегер
оқушыларды құттықтап, шашу шашып, жетекшісі Тілектес
Диханбайұлын Парламент Мәжілісінің “Алғыс хатымен” марапаттады. Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған
көрмемен танысты. Ардагер ұстаз Далбай Ізтөлеуов атындағы мектеп мұражайына жоғарғы баға берді. «Азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
департаментінің Жаңаарқа аудандық бөлімінің жұмысымен де танысты. Алғашында халыққа қызмет көрсету орталығы 20-30 мемлекеттік қызмет түрін атқарған болса, бүгінгі күні 621 мемлекеттік
қызмет түрлерін орындап отыр. Осы және басқа да халыққа
көрсетіп отырған қызметтері туралы орталық директоры Кенжеболат Арыстанғали толық баян етті. Халық қалаулысы жоспарланған
нысандарды аралап, ұжымдармен жүздескен соң аудандық
әкімдіктің мәжіліс залында аудан көлеміндегі жұмыссыз және
кәсіпкер, қызметкер әйелдермен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекет тарапынан қандай көмек беріліп жатқаны туралы,
шағын бизнесті дамыту туралы семинар-тренинг өткізді.
Қатысушылар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға нақты жауаптар алынды. Халық қалаулысы шара аясында «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының атқарушы
директоры Сүлейменов Асхат Мұратұлы мен жеке кәсіпкер жерлесіміз Анар Құлмановамен бірлесе «Coca-Cola Белестері» әлеуметтік
жобалардың таныстырылымын жасады. Жиынға қатысушылар
үшін өте тартымды және қызықты өткен шара соңында Майра
Арапқызы Айсина бірнеше кәсіпкер әйелдерге “Алғыс хат” табыс
етті.
«Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы
14 сәуір 2018 жыл
2
« Ақерке» бөбекжайына - 5 жыл
6 – шы сәуір күні «Ақерке» бөбекжайының туған күніне арналған іс – шара өтті. Бұл шараға
арнайы қонақ болып Атасу кенті әкімі Рахымберлі Түсіпов пен кәсіпкерлік палатасының басшысы Сәулет Рымбеков, ауданымыздағы өзге балабақшалардың меңгерушілері мен мекем басшылары, ата-аналар мен тәрбиешілер, балалар қатысты. Астанамыздың 20 жылдық мерей
тойына тұспа– тұс келген іс–шара өте көңілді әрі мазмұнды өтті. 2013 жылдан биылғы жылға
дейінгі, яғни 5 жыл аралығында бөбекжайдан түлеп ұшқан түлектері өз өнерлерін ортаға салды.
Әсем ән мен би ұсынып, өлең жырларынан шашу шашты. Келген қонақтар тәрбиленуші
бөбектердің өнеріне тәнті болды. Бөбекжайдың әр түрлі үйірмелері жайында айтылды. Дзюдо
күресінің жетекшісі Мөлдір Бақытқызы өзінің тәрбиеленуші бүлдіршіндерімен әр қилы тәсілдер көрсетіп, балалардың шеберлігін шындап, көрерменді бір марқайтса, ата – аналар легі жырдан шашу шашты. Мерекелік шара барысында ертегі кейіпкерлері Гена мен Чебурашка келіп, тәтті торты мен ән тарту еттіп, сыйлық табыстады. Мейрам соңында бөбекжай басшысы
Гүлнар Абайқызы жеткен жетістіктері жайында айтып, келген қонақтарға алғыс айтты. Кеш қонақтары Р.Түсіпов пен С.Рымбеков іс– шарадан алған әсерлері мен жылы лебіздерін білдірді. Бөбекжай ата–аналары тәрбиешілерге, ұйымдастырушылар
алқасына, мекеме басшысына алғыс айтып, сыйлықтарын табыстап, ыстық ықыластарын білдірді.
Құндыз Жакенова
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№24/179
28 ақпан 2018 жыл
Сот шешімімен Жаңаарқа ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 16 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4654 болып тіркелді. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1
бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Қоса беріліп отырған сот шешімімен Жаңаарқа ауданының коммуналдық меншігіне
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXIV сессиясының төрағасы
Ж.Абюров
Аудандық мәслихат хатшысы
К.Имантүсіпов
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы
№24/179 шешімімен бекітілген
Сот шешімімен Жаңаарқа ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1.Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9
қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және
сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан
әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Жаңаарқа ауданының жергiлiктi атқарушы органы
(бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық
бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде жергілікті
атқарушы орган тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға
уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы
орган белгіленеді.
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану,
сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,
бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды
ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні
таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін
қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер
заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Қорытынды ережелер
10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасында көзделген талаптар сақталады.
Елге деген ерекше
қамқорлық
Елбасының
2018
жылдың 10-қаңтардағы
«Төртінші өнеркәсіптік
р е в о л ю ц и я
жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері»
Ж о л д а у ы н д а
к ө р с е т і л г е н
мәселелердің барлығы
жаңа заманға сай даму
жолындағы маңызды бағыттар болып табылады. Осы
Жолдау арқылы Елбасымыз Қазақстандағы орнықты
даму саясаты дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқанын
тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Жолдау негізгі 10 бағыттан
тұрады. Жолдаудың негізгі мазмұны әлем елдерінің
көшінен қалмай, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін
ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және осындағы ең негізгі мақсат халықты
цифрлық дәуірге бейімдеу болмақ. Бұл дегеніміз қазіргі
таңдағы ел дамуының кілті цифрлық технологияда екенін
көрсетеді. Осы 30 елдің қатарына жеделдетіп, дамудың
даңғылына түсеміз десек, әртүрлі тәжірибелерден
қашпауымыз керек. Бағдарламалық маңызы терең,
тұжырымдамасы анық бұл Жолдау нәтижелі жұмыстарға
бастайтынына сенімдіміз. Жаңа мақсаттар мен
міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау
халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз. Бұл
Жолдау Елбасымыздың алдағы ондаған жылдағы саналы
және білімді ұрпағына деген қамқорлығының көрсеткіші
деп есептеймін.
Б.М.Әбсаматов, аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы
Решение Жанааркинского районного маслихата
поселок Атасу
№24/179
28 февраля 2017 года
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жанааркинского района
Нормативно правовой акт зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4654 16 марта 2018 года в департаменте Юстиции Карагандинской области
В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан
от 9 января 2007 года и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О
местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» районный
маслихат РЕШИЛ:
3.Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жанааркинского района.
4.Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после
дня его первого официального опубликования.
Председатель внеочередной ХХІV сессии районного маслихата
Ж.Абюров
Секретарь районного маслихата
К.Имантусупов
Утверждены решением Жанааркинского районного
маслихатаот 28 февраля 2018 года №24/179
Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жанааркинского района
1. Общие положения
1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), разработаны в соответствии
с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007
года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда
поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).
2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного
решения.
3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется местным исполнительным органом
Жанааркинского района (далее – местный исполнительный орган).
4. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из
представителей заинтересованных структурных подразделений (далее - Комиссия).
Органом по организации работ по управлению отходами определяется исполнительный орган,
уполномоченный местным исполнительным органом на осуществление функций в сфере жилищно - коммунального хозяйства и финансируемый из соответствующего местных бюджетов.
5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.
2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии
с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного
(поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.
7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов
осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет
средств местного бюджета.
8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.
9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.
3.Заключительные положения
10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
азаймай тұр
Қазақстан Республикасының 28.02.2007ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен
есептілік туралы» Заңының 19 бабы және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар
туралы» 23.12.2008ж. №1228 Қаулысы негізінде, жария мүдделі ұйымдар
үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылғанын білеміз. Аталған
заңнамалардың негізі мемлекет басшысының әр жылдардағы Қазақстан
халқына Жолдауында айтылатын еліміздің даму бағыттары мен оның
экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру барысындағы
шараларға бағытталған. Сәйкесінше елімізде кәсіпкерліктің мәдениетін
қалыптастыру және кәсіпорындардың бәсекелестігін жоғарылату
мақсатында мемлекеттік ұйымдардың қызметтері бәсекелі ортаға жүйелі
түрде жіберілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.10.2011ж. №1173
Қаулысымен бекітілген «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру туралы» Қағидасының 4 тармағына сәйкес, жария мүдделi ұйымдар жыл
сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарий
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамамен
белгіленген тәртіппен жасалған жылдық қаржылық есептілікті өткізуі
міндеттелген. Қайтадан құрылған ұйымдар тіркелген сәттен бастап сол
жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық
есептілікті ұсынуы тиіс. Осыған қоса, Қазақстан Республикасының
заңнамаларымен аудит міндетті болып табылатын ұйымдардың қаржылық
есептіліктері аудит қорытындысымен нақтылануы қажет. Қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту немесе белгiленген мерзiмдi бұза отырып
ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 239 бабына сәйкес жауапкершілік
қаралған. Осы тәрізді аталған Кодекстің 250 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi
келтiру бойынша да қаралған. Алайда құқық бұзушылық Кодексінің
аталған баптарының қолданылуын болдырмаудың түрлі шаралары
қолжетімді ақпарат құралдары арқылы барынша насихатталғанымен,
оның деңгейі айтарлықтай өзгермеуде. Атап айтқанда, Қарағанды облысы
бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өзінің құзіреті шегінде
жоғарыдағы талаптардың орындалмауы салдарынан 2016 жылы жалпы
сомасы 6 577,2 мың теңгеге 15 хаттама толтырып қараған болса, 2017
жылы жалпы сомасы 9 302,9 мың теңгеге заңды немесе жеке тұлғаларға
17 хаттама толтырып жауапкершілігін қарауға міндетті болған. Сонымен
қатар тараптардың өтініші негізінде 2016-2017 жылдары осы мәселелер
бойынша 15 хаттаманы қарау сот мекемелеріне жөнелтілген. Жоғарыдағы
мәліметтерді жариялай отырып, жария мүдделі ұйымдар үшін
заңнамалармен белгіленген талаптардың бақылауда болатынын, оның
орындалуы мүмкіндігі тек лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне
қатысты екенін жеткіземіз.
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
3
14 сәуір 2018 жыл
Әдеп нормаларының маңыздылығы
Отан отбасынан басталады демекші, мемлекет ұлттан құрылады. Алдымен, бүтін бір ұлт болып қалыптасу
маңызды. Ал сол мемлекеттің мемлекеттік қызметін кәсіби деңгейіне жетуге ұлт жанашырлары септігін тигізеді.
Мемлекеттік қызметтің жүйесін жете түсіну үшін елім деп еміренетін, ұлтым деп ұлықтайтын азаматтардың
болғаны абзал. Бұл тұрғысында Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында
қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге
мүмкіндік алады деп келтірген болатын. Яғни қоғамның қай саласында болмасын көш бастау үшін, біз бір
жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14
желтоқсанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында атап өткеніндей, еліміз 2050 жылға қарай әлемнің
дамыған отыз елінің қатарында болуы үшін мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен
функционалдығын арттыру керек екендігін нақтылады. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін бақылау
әрі қадағалау, сонымен қатар оны талап ету мемлекеттік қызметшілердің кәсіптілік деңгейін айшықтауға
мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте және қызметтен тыс уақытта
да жүріс-тұрысын, қоғамдағы іс-әрекетін қадағалап, бір жүйелікті қажет ететін құжаттың болу маңыздылығын
туындатты. Бұл құжат, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту барысында
ұсынылған Елбасымыздың жоспары негізінде қабылданған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі. Ұлт
жоспарының 12-қадамы жаңа этикалық ережелерді енгізу деп айқындалды. Бұл жоспардың негізгі мақсаты
мемлекеттік органға және мемлекеттік қызметшіге деген қоғам тарапынан сенімділікті нығайту, мемлекеттік
қызметте моральдық-адамгершілік және мәдени қарым-қатынасты орнату, кейбір жағдайларда мемлекеттік
қызметші тарапынан орын туындайтын әдепсіз әрі келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Мемлекеттік қызметшi
болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Сонымен
қатар мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдындағы жауапкершілігін сезіне білуі тиіс. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің патриоты болуы керек.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті, оның аталуына жол бермеуі,
қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметшінің барлығына құрметпен қарауы тиіс. Мемлекеттік қызметші
жұмыстан тыс уақытта да, Әдеп нормаларын қатаң ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметші сыпайы, өзінің
лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, баршаға
ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған.
Сондай-ақ, еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдап, біреуді
сын айтқаны үшін қудаламай және мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалану нақтыланған. Сонымен
қатар, мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, оның қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік
аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін
жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшіге жалпы қабылданған этикет
сақтау өте маңызды, себебі ол әр түрлі адамдармен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы қызметін атқарады.
Сондықтан мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі,
жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. Қазіргі қоғамда шынайы
мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, белсенділік, қанағатшылдық пен қарапайымдылық,
ұстамдылық пен үнемшілдік көргенділікті көрсетеді. «Рухани жаңғыру» аясында әр мемлекеттік қызметші
аталған қасиеттерге ие болса, мемлекеттік аппараттың едәуір алға шыққанын алдағы уақытта байқайтын боламыз. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен
айқындалады, - деген болатын Елбасымыз. Сол себепті ұлттық бағдарламаларды, мемлекеттік талаптарды, мемлекеттік қызметті іске асыруда біз барлық талаптарға сай болуымыз керек. Әрбір мемлекеттік қызметші
қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз
күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірбиесін сала отырып, адал өз Отанына –
Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.
Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы Д. Абаева
Батаменен ел көгерер...
Жақында аудандық мәдени-сауық орталығында Әдістемелік бөлім меңгерушісі Бижамал Нұрғалиеваның
ұйыдастыруымен «Ата-баба ардақтаған ақ бата» атты бата сайысы өтті. Шара Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың «Болашақ бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында
ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өскелең ұрпақ ұлттық мәдениетіміздің атабаба салт-дәстүрін сақтап қорғауға, әрі қарай жалғастырып тәрбиелеу мақсатында өтті. Ақ көңілден
шыққан ақ батаның өміршеңдігін, жасампаздығын ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруін, тыңдарманның бойына дарыту, қазіргі заман жастарына бата мен тілек аражігін ажырата білу мақсатында ұйымдастырылған ақ бата сайысы жоғары
деңгейде өтті. Байқау талаптары бойынша жарысқа көпті көрген ақсақалдар мен ел ағалары қатысты. Олар бата беру мен өнер байқауынан
бақтарын сынап көрді. Ауыл ақсақалдары сондай-ақ тосыннан қойылған сұрақтарға аталы сөзбен жауап қайтарып, әр бағытта берілетін
баталардың мәнін түсіндірді. Төрешілердің шешімі бойынша сайыс қорытындыланды. 3-орынды М.Жұмажанов ауылынан Болат Әбділда
мен Байдалы би ауылының батагөйі Батырлан Мақажанов иеленді. 2-орынды – Орынбай ауылынан Сайрат Исин ағамыз алса, 1- орынды
Түгіскен ауылынан келген ең жас батагөй Ақнар Бекет иеленді. Бас жүлде – Ақтау ауылының азаматы Бүркітбай Жүнісов ағамызға
бұйырды.
Айдана Молдабаева
Атасу кентіндегі көп қабатты тұрғын үй
иелерінің назарына
2018 жылдың 2-ші сәуір мен 1-ші маусым аралығында көктемгі екі айлық барысындағы сенбілік тазалығы бойынша ауылдар мен ауданымызда, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және сәулеттендіру жұмыстары басталды. Осыған байланысты, Атасу кентінде
осы екі айлық сенбілік тазалығы бойынша жүргізілетін жұмыстарға әр қайсымыз өз үлесімізді қосып ауылымызды, көшемізді және
ауламызды көркейтуіміз қажет. Кент
көлемінде көп қабатты тұрғын
үйлердің көбісінің сыртқы кескін келбеті сын көтермейді. Атап айтқанда,
С.Сейфуллин даңғылында орналасқан
№58,60,61,62,63,64,65,66-шы
көп
қабатты тұрғын үйлер, Транспорт
орамындағы №1,2,3,4,5,9-шы, Абай
көшесіндегі№20,22,35,50,51,53,54,
Ералиев көшесіндегі №19,21,23-ші
және А.Сейдімбек көшесіндегі №
30,39-шы көп қабатты тұрғын үйлер.
Атасу кентіндегі кондоминимум объектісі ретінде тіркелген көп қабатты
тұрғын үйлерге өз тараптарыңыздан
тиісті күрделі жөндеу жұмыстарын
жасай алмайтын жағдайда, мемлекет
тарапынан «Өңірлерді дамыту-2020»
бағдарламасы арқылы қайтарылымды көмек алуларыңызға болатындығын ескертеміз. 2016-2017 жылдары Атасу кентінде аталған
бағдарламамен көп қабатты Ж.Дүйсенов орамының №1,2,3,5 тұрғын үйлеріне, Ж. Сәдуақасов көшесінің 39-шы және Ш.Ералиев
көшесінің 17-ші тұрғын үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бағдарламаға байланысты көп қабатты тұрғын үйлеріңізді жөндететін болсаңыздар «Жаңаарқа ауданының тұрғын үй инспекциясы
бөлімі» ММ хабарласуға болатындығын ескертеміз. Мекен-жайымыз: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 5/1,байланыс тел.2-87-42,
7-90-37.
“Тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ
Құрметті аудан
тұрғындары!
Жаңаарқа ауданының құрылуының 90 жылдығы
қарсаңында Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
қолдауымен ауданымыздың тарихы мен айтулы
тұлғаларына арналған арнайы кітапты даярлап,
шығару жоспарланып отыр. Бұл еңбек тың материалдармен толыға түсу үшін, әрі ел тарихында аты қалуға лайық азаматтар жайында
ғұмырнамалық деректерді толығырақ енгізу
мақсатымен төменде көрсетілген мерзімге дейін
талапқа сай материалдар қабылданады:
І. Ауылдың (бұрынғы бөлімшелермен қоса),
мекеменің немесе кәсіпорынның қысқаша тарихы (бұрынғы атауы, құрылған жылы, болған
өзгерістер, үкімет марапаттаулары т.б)
ІІ. Бұрынғы және қазіргі ұжымшар, кеңшар басшылары, ауылдық кеңес төрағалары, ауылдық
округтер әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, үкімет марапаттауларына ие болғандар
(орден, медальдармен құрметтелгендер), мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, ауданның
өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген тұлғалар,
қоғам қайраткерлері, ерекше дарын иелері т.б
Аталған
азаматтар
туралы
деректер
төмендегідей үлгі бойынша жиналып,
ұйымдастыру алқасына тапсырылуы керек: туған жылы; -қайтыс болған жағдайда өлген
жылы; -алған білімі (оқу орыны, институтты бітірен жылы) және мамандығы; еңбек жолы (қай жылдары қандай еңбек
атқарған);
-өнер
адамдары
мен
спортшылардың атақ, дәрежелері және қай
жылдары алынғаны; -Үкімет марапаттаулырына ие болғандардың, орден, медаль
иегерлерінің қай жылы алғандары; -ауылдан
шыққан даңқты адамдар туралы атап
көрсетілгендей деректер;
Кітапқа ұсынылған деректердің ұйымдастыру
алқасына түсуінің соңғы мерзімі – 2018 жылдың
1 шілдесі. Анықтама және материалдарды
ұсыну үшін: телефон 2-87-60, 87028129378,
87001124435. Эл. пошта: Aset_85@mail.ru
(Аманжолов Әсет.)
Ескерту: ұйымдастыру алқасы талапқа сай
келмейтін материалдарды кері қайтаруға
құқылы. Қабылданған деректер арнайы жұмыс
тобының шешімімен ғана кітапқа енетін болады.
Ұйымдастыру алқасы
14 сәуір 2018 жыл
4
Ауданымыздың ажары ашыла түсті
Көктем келгелі кенттің тазалығы басты назарда болуда. Осыған
орай Атасу кентінде біршама жұмыстар атқарылды.
Мобильдік топтар 24 көшеде рейдтік тексеріс
жұмыстарын жүргізіп, 1294 жекеменшік үйлер тексерілді. 112 абаттық тәртіп бұзушылықтар анықталып,
барлығына ескерту хаттар табыс етіліп, түсіндіру
жұмыстары жүргізілді. Берілген мерзімге дейін 27
тұрғын өз аумақтарын тазалады. Аудан әкімінің
аппараттық кеңестегі тапсырмасына орай 91 жердегі
абаттық
және
тазалық
талаптарын
бұзған
тұрғындармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,
тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Барлығына жазбаша ескертулер беріліп, 7 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 37 жерде тәртіп
бұзушылық жойылды. Кент әкім аппараты сенбілік
күні қосымша жүк тиегіш пен 2 транспорт шығарып
Абай көшесінде орналасқан «Асхат», «Азамат»
дүкендері мен «Форте» дәріханасының аумағын, КМФ Банк
мекемесінің жанындағы иесіз қоқыстарды, С.Сейфуллин
даңғылындағы 19 үйдің ауласы тазаланып, көшелерде шашылған,
сынған ағаштар мен бұтақтары сыртқа шығарылды. Кент әкімі аппараты, кәсіпкерлік бөлімі және жергілікті полиция инспекторлары
тарапынан кенттегі 136 кәсіпкерлік кешені тексеріліп, абаттық,
тазалық және көгалдандыру бағытында тиісті талаптар
қойылды. Осы орайда 5-сәуір күні жиналыс өтіп,
кәсіпкерлік кешендерін абаттандыру, тазалау және
көгалдандыру мәселесі бойынша барлық қатысушы
кәсіпкерлерге өз ғимараттарының фасадтарын жөндеу,
кіші архитектуралық формаларды реттеу, кіре беріске урна
орнату, декоративтік фонарлар, газондар мен гүлзарлар
жасап, 2 түптен қарағай көшеттерін сатып алып егу, қоқыс
алаңын жабдықтау, абаттандыру паспортында көрсетілген
шекара шегінде тазалықты қамтамасыз ету, қоқыс шығару
қызметі бойынша келісім шартқа отыру сияқты талаптар
қойылып олардың пікірлері тыңдалды. 6-сәуір күні жастар
орталығының ұйымдастыруымен «Арқа патриоты» акциясына ауданымыздағы 2 колледждің студенттері мен
мұғалімдері қатысып, Сарысу көшесі мен өзен жағалауын
кездейсоқ қоқыстан тазарты. Апта ішінде С.Сейфуллин,
Тәуелсіздік, Абай даңғылы, Жамбыл, Сарысу, К.Әбжанов,
Байдалы би, Сәдуақасов, Ә.Байбосынов көшелерінде және
4 көппәтерлі үйлердің аулаларында қоқыстан тазалау жұмыстары,
С.Сейфуллин көшесінде асфальт жолдың жиегін құмнан тазалау
жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру бойынша кенттің
орталық көшелеріндегі қарағай отырғызатын жерлер дайындалды. Алдымыздағы аптада ағаш отырғызу жоспары
бойынша бекітілген мекемелер мен кәсіпорындар өздеріне
бекітілген көше бөліктерінде жерді дайындауда. Таза
бейсенбі мен сенбіліктер ұйымдастырылды. Ауа
райының қолайсыздығынан бордюрлер мен ағаштарды
әктеу жұмыстары жүргізілмегенімен Жамбыл, С.Сейфуллин көшелеріндегі электр бағаналарын бояу жұмыстары
эскизге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күнге 72 бағана боялды. Барлығы 168 гектар алаң қоқыстан тазартылды. 65,0
текше метр қоқыс жиналып, оның 50,0 т.м сыртқа
шығарылды. 610 түп ағаштың бұтағы кесіліп, түптелді,
500 метр бордюр, 150 ағаш әктеліп, 2,6 км тротуар сыпырылды, 16 билборд ілінді. Абаттандыру сенбілігіне кенттегі 164 бизнес обьектісі 45 мекеме мен әртүрлі
шаруашылық субьектілері қатысты.
Осы аптада
бордюрлердің жанын құмнан тазалау, ағаштар мен бағаналарды, бордюрлерді әктеу, сырлау жұмыстарын аяқтап жас ағаштарды
отырғызу жоспарын іске асыру міндеті тұр.
Р.Түсіпов, Атасу кентінің әкімі
Таза қала – бақытты қала
Көктем келіп, Республикамыз бойынша барлық деңгейдегі облыс, аудан, ауыл округтері
аумағында сенбіліктер өткізу басталады. Осыған орай көркейіп келе жатқан ауданымызды,
әсіресе оның орталығы Атасу кентін таза күтіп ұстауға, абаттандыруға, сәулеттендіруге, безендіруге байланысты бекітілген Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және
қорғау, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бұзбай
оны баршамыз жұмыла бір кісідей орындауымыз қажет. Қағидалар Қарағанды облыстық
мәслихатының 2017 жылғы 29-қыркүйектегі Х сессиясының №222 шешімімен бекітіліп,
Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда №4419 болып тіркелген.Бұл қағидалар біз үшін Заң.
Осы қағидаларда көзделген тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауданымыздың
тұрғындары келесідей шараларды жүргізуі тиіс.
Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында
тазалықты сақтау және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар,
көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және
бұзылуына жол бермейді. Дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу
жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз
етеді. Көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және
тазалықта ұстайды. Қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті
жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.
Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері)
санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен
қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалар, олардың
қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты
тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинақтайды. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік
алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді. Қарамағында ғимараттар мен
құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері
көрсетілген объектілердің қасбеттерін (фасад) және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша
жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған
Акция, акция, акция
Еңбек шартын
жасаңыз!
2018 жылдың 1 наурызында Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігімен «Еңбек
шартын жасаңыз» атты республикалық
акциясының басталуы туралы жарияланды.
«Еңбек шартын жасаңыз» республикалық
акцияның ұйымдастырушылары Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен»
Қазақстан
Республикасының
Ұлттық
кәсіпкерлер
палатасы,
Қазақстан
Республикасының Қәсіподақтар федерациясы
болып табылады.
Республикалық акцияның мақсаты бейресми
еңбек қатынастарына жол бермеу және
оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың
еңбек саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру.
«Еңбек шартын жасаңыз» республикалық
акциясының міндеттері:
1)еңбек қатынастарын формализациялау,
бейресми еңбек қатынастарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру,
әлеуметтік және медициналық сақтандыру
жүйесіне тарту;
2)халықтың жұмыспен бейресми түрде
қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын
қалыптастыру, жұмыс берушілерге және өзінөзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы
жұмыспен бейресми түрде қамту қатерлерін
бағалау негізінде профилактикалық бақылау
жүргізу жолымен, әкімшілік ден қою және
бақылау шараларын күшейту;
3)мемлекеттік органдардың, әлеуметтік
әріптестердің қатысуымен медиа құралдары
арқылы халық арасында ауқымды түсіндіру
жұмысын жүргізу.
Қазақстан
Республикасының
еңбек
заңнамасына сәйкес жұмысшымен жұмыс
берушінің арасындағы қарым-қатынастар
еңбек шартының негізінде пайда болады
және еңбек шартсыз жұмысқа орналастыруға
тыйым салынады.
Жаңаарқа ауданының барлық жұмыс берушілерін және еңбек халқын «Еңбек шартын
жасаңыз» республикалық акциясына белсенді түрде қатысуға және еңбек
қатынастарын
формализациялауға
шақырамыз.
«Еңбек шартын жасаңыз» республикалық
акциясы 2019 жылға дейін жалғасада.
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ
ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды.
Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары түнгі уақытта
жарықпен безендіріледі. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік
элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар
жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда,
ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның (кент әкімшілігінің) келісімі бойынша жүргізіледі.
Ағаштарды кесу (қайта отырғызу) кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды
тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның (кент
әкімшілігінің) рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. Ағаштарды (талдарды) өздігінен кесуге
жол берілмейді. Жоғарыда айтылған қағидаларды бұзған жағдайда әкімшілік ескерту,
айыппұлдар салып, жазалау шараларды қолдану үшін Қазақстан Республикасының 2014
жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабы қарастырылған.
Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар
мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға–отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады. Алдағы сенбілік айларындааудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қағидалардың
орындалысын қадағалау шараларын жүргізу бойынша жергілікті әкімшілік және жергілікті
полиция қызметкерлері бірлесіп, тазалық бойынша көшелерді аралау жұмыстарын, күндізгі,
түнгі рейдтерді жүргізетін болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіз бен біз болып, жоғарыда жазылған мәнжайларды ескере отырып, қағидаларды бұзбай,
ауданымызды таза ұстауға, көгалдандыруға, безендіруге, дүкен, офистерімізді түнгі
жарықтармен қамтамасыз етіп, бұдан әрі көркеюіне атсалысайық.
«Жаңаарқа ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
5
БІЛІМ ТАРАЗЫСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР
ҰБТ-НЫҢ ЖАҢА фОРМАТЫ
ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды
аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды.
2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде
аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың
бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады. Бұл өзгерістер оқушылардың, ата-аналар
мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді.
Сондай-ақ, бұған түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен
мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды
деген ойлары түрткі болды. Қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыз болмаған. Жыл сайын
ҰБТ-ға қатыспайтындар үлесі 30 пайызға жеткен. Бұл ҰБТ қорытындылары бойынша еліміздегі
орта білімнің сапасы туралы тұжырым жасауға болмайтынын білдіреді. Жоғарғы оқу орнына
түсуге ниетті оқушылар үшін: Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: 1. Ана
тілі және әдебиеті (эссе жазу). 2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс,
өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен (тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша
емтихан). 4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) 5. Таңдалған пән бойынша (физика,
химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі
(ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады. Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен
қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар
кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды. Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді.
Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2017-2018 оқу жылын аяқтау туралы» (2018
жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2018 жылдың 29 мамыры мен
9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2018 жылдың 15 маусымына дейін
өткізілмек. Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу
орталығы білім басқармаларына жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді. ҰБТ жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән (математикалық
сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б. «Қазақстан тарихы») бойынша
20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География»,
«Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих»
+ «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма. Сауаттылық бойынша тапсырма
оқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге
бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТ-ге енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, сол көздерден алынған
ақпараттарды салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді. Демек, бұл дағдылар мектеп
түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет болады. Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар
ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп
жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша
тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің
нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады. Жалпы 120 сұрақ қойылады. Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды.
ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең
жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады.
ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы негізде тапсыру
мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2018 жылдың тамыз айы мен 2019 жылдың қаңтарында
өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері желтоқсан
айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым «Алтын белгі» иегерлері, жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ
ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға бірдей негізде тапсырады.
Алайда, тапсырған ест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде олар басымдыққа ие болады. Жалпы білімдік
пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиадаларының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы
гранттар бөлінеді.
Халықаралық TALIS - 2018 зерттеуі
Функционалдық сауаттылық – білім мен адамның
көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке
тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе
жатқан ұрпақтың ой-өрісін дамыту мақсатын алға
қойған Қазақстан 30 дамыған елдің қатарына
қосылмақ. Біз оқушылардың білім сапасын
ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін
халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу
арқылы анықтай аламыз. Солардың бірі – TALIS
– мұғалімдердің жұмыс жағдайы мен мектептегі білім ортасы туралы пікірлерін
айқындайтын алғашқы халықаралық зерттеу. Мектеп процестерінің тиімділігін
қамтамасыз ететін саясатты анықтау үшін мезгілді және шынайы салыстырмалы деректерді ұсыну арқылы білім беру саясатын талдауға үлес қосады. Сонымен қатар мектептің білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. TALIS
зерттеу мектеп мұғалімдері мен директорларына халықаралық келісілген сауалнама жүргізу арқылы өткізіледі. Зерттеу шеңберінде мұғалімдердің фондық
сипаттамасы, қолданатын технологиялары мен оқыту әдістері, әдеттері және
көзқарасты, мұғалімдерге көрсетілген кәсіби дамуы мен әдістемелік
қолдаулары, олардың мұғалімдер және оқушылар арасындағы қарым-қатынасы,
мектепішілік басқару сұрақтары қарастырылады. Зерттеу ұстаздарды парасатты
бағалау және кері байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың жұмысын
көтермелеу, тиімді оқытудың қалыптасуына, дамуына және оны ынталандыруға
көмектесетін қуатты құрал болады. TALIS–тің болжамынша, инновациялық
оқыту әдістеріне ерекше мән беретін бағалау мен кері байланыс жүйесі өзіндік
тиімділіктің жоғары болуына байланысты. TALIS – зерттеуіне біздің республика бойынша 333 мектеп, Қарағанды облысы бойынша 19 мектеп, Жаңаарқа
ауданы бойынша – Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі
іріктеуден өтті. Біздің мектебімізде арнайы жоспарға сай TALIS халықаралық
зерттеуіне қатысуға жұмыстар жүргізілді. «Сабақ беру мен оқытудың
халықаралық TALIS зерттеуі» тақырыбында ақпараттық, тақырыптық стендтер ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдеріне арналған семинар өтіп,
«Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел
ұйымдастырылды. Наурыз айының басында мектеп директоры С.Бибосынов
және 20 ұстаздардың қатысуымен TALIS – зерттеуі үлкен ұйымшылдықпен
өтті. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығынан»
келген өкілдер өз ризашылықтарын білдіріп, мектеп директорына Алғыс хат
тапсырды. Қорыта келгенде, бұл берері көп зерттеу, себебі ұстаздар өзінің тиімділігін сезгенде, оқушылардың үлгерімі жақсаратындығын көрсетеді.
А.А.Садвокасова,
«Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ, TALIS
зерттеуді мектеп бойынша үйлестіруші
14 сәуір 2018 жыл
НОВЫй фОРМАТ ЕНТ
На последнем брифинге Министерства образования и науки РК был объявлен новый
формат проведения итоговой аттестации выпускников и принципы проведения для поступления в ВУЗ. С 2018 года выпускники будут сдавать: экзамены в школах (для получения аттестата о среднем образовании и получения “Алтын белгі”). ЕНТ, который будет
выполнять функции экзамена для поступления в ВУЗы и системы распределения государственных грантов. Данное изменение было вызвано тем, что учащиеся, учителя, родители воспринимали ЕНТ только как вступительный экзамен в ВУЗ. Количество
участников никогда не было стопроцентным. Ежегодно доля не участвующих в ЕНТ достигает почти 30 процентов. Это означает, что по итогам ЕНТ нельзя делать выводы о
качестве среднего образования в Казахстане.Итоговая аттестация в школах будет проводится по предметам: Родной язык и литература (письменно в форме эссе); Казахский
язык в школах с русским, узбекским, уйгурским и таджикским языками обучения. Русский язык в школах с казахским языком обучения (тестирование); История Казахстана
(устный экзамен); Алгебра и начала анализа (письменно); Предмет по выбору (физика,
химия, биология, география, геометрия, всемирная история, литература, информатика,
иностранный язык (английский, французский, немецкий) в форме тестирования. Оценивание письменных и устных экзаменов, а также листы ответов тестирования будут
проверятся в школе экзаменационной комиссией по предмету на основании предоставленных им кодов правильных ответов. Все выпускные экзамены пройдут на базе школы
по месту их обучения. Сроки итоговой аттестации будут устанавливаться приказом Министерства «О завершении 2017-2018 учебного года» (до 30 апреля 2018 года). Ориентировочно с 29 мая по 9 июня 2018 года. И до 15 июня 2018 года будут проведены
выпускные вечера. Все материалы итоговой аттестации составляются и доставляются
Национальным центром тестирования до управлений образования, управлениями образования до школ. Новый формат ЕНТ будет состоять из 2-х блоков, включающий в себя
3 обязательных предмета по 20 заданий: математическая грамотность, грамотность чтения (проверка умения обобщать, сопоставлять, сравнивать и т. д.), история Казахстана и
2х профильных предметов по 30 заданий (математика + физика, математика + география,
история + география, биология + химия, биология + география, иностранный язык + история, язык обучения и литература (каз.или рус.язык) + история, география + иностранный язык, химия+физика, история + Человек. Общество. Право., творческий экзамен).
Задание по грамотности чтения направлено на проверку следующих умений: умений обобщать, сопоставлять, сравнивать и т.д. Задания на проверку грамотности чтения вводятся на ЕНТ, т.к. во время обучения в вузе абитуриенту необходимо работать с
различными источниками, анализировать эти источники, сопоставлять информацию из
этих источников и делать выводы. Эти навыки выпускнику пригодятся в последующем
обучении в вузе. Профильные предметы будут состоять из 20 вопросов с выбором одного
правильного ответа из пяти предложенных и 10 заданий с выбором нескольких правильных ответов из множества предложенных. Несколько вариантов ответов в тестировании
профильных предметов дают проверить насколько хорошо абитуриенты знают конкретную тему. Также тестирование с несколькими вариантами ответами препятствует “заучиванию” и угадыванию ответов. Итого 120 вопросов. Время проведения тестирования
составит 3 часа 30 минут. Проходной балл в 50 остается без изменений. Максимальное
количество баллов составит 140 (за счет нескольких правильных ответов в заданиях по
профильным предметам). Прием заявлений на участие в тестировании будет осуществляться с 10 марта – 10 мая. Сроки проведения ЕНТ будут с 20-го июня по 1 июля. Остается возможность пересдачи на платной основе ЕНТ в августе 2018 года и в январе 2019
года. Образцы заданий по всем предметам ЕНТ в декабре будут выложены на сайте НЦТ
(Национальный центр тестирования) и МОН РК. Обладатели “Алтын белгі”, победители
и призеры республиканских, международных олимпиад по общеобразовательным предметам и научных проектов сдают ЕНТ на общих основаниях, при этом если их их результаты будут равными с теми кто не обладает вышеперечисленными наградами, будут
преобладать в получении грантов. Победителям и призерам 5 международных олимпиад
по общеобразовательным предметам будут выделены специальные гранты.
С.Ж.Ускембекова, ҰБТӨП-773, №61 филиал жетекшісі
ЕЛОРДАДАН – ЕРЕН ЖЕҢІСПЕН
Жақында Елордамыз – Астанада «Бағаналы орда – басты ордамыздың» 20
жылдығына орай, «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының
ұйымдастыруымен «Ел жүрегі – Астана» атты республикалық оқушылар
мүшәйрасы өтті. Айтулы шарада аудан намысын қорғаған №132 жалпы орта
білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Арайлым Сембек лауреат атанып,
ортамызға орасан олжамен оралды.
Биыл – ел жүрегінің Алатаудан Арқаға қоныстанғанына 20 жыл. Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи қолтаңбасы саналатын Астана осынша қысқа мерзімде алты құрлықтың
назарын өзіне аудартып, «Әлемнің сегізінші кереметіне» баланып жүр. Ерке Есілдің
жағасынан, ежелгі Бұзоқ қаласының қонысынан
ғажайып салтанатпен бой көтерген Астана
барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Халықаралық, әлемдік деңгейдегі сынқатерлер мен дау-жанжалдардың төрелігі де сан
мәрте
ару
Астана
төрінде
айтылды.
Ұйымдастырылған жыр додасының да мақсаты
ажарлы Астанамыздың жасампаздығы мен
көрікті келбетін, әлемдік деңгейдегі абырой-беделін өскелең ұрпақ санасында жаңғырту болатын. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа
бағдар» атты бағдарламалық мақаласының
көтерген жүгі жастар санасына отансүйгіштік
рухты сіңіруге бағытталғаны белгілі. Ел
өміріндегі тарихи мақсаттармен үндескен жыр
мүшәйрасында бақ сынаған үкілі үмітіміз Арайлым Дәркенқызы «Ғасыр ғаламатына» баланып жүрген
Елордамызға арнаған балауса жырымен тыңдармандарын тәнті етті. Қазылар алқасы құрамындағы белгілі
ақын Қалқаман Сарин, айтыскер ақындар Серікзат Дүйсенғазин мен Мұхтар Ниязов жаңаарқалық жас
таланттың өнеріне жоғары бағасын да, ағалық батасын да берді. Нәтижесінде дарынды шәкіртіміз Арайлым Сембек топтан қара үзіп, байқау лауреаттары қатарын толықтырды. Арнайы дипломмен және бағалы
сыйлықпен марапатталған Арайлымның жетекшісі Нұргүл Шамаеваға Алғыс хат табысталды.Осылайша,
мектебіміздің ғана емес, тұтас Сәкен елінің абыройын асқақтатып қайтқан ақжолтай Арайлымның
шығармашылық шыңға ұмтылған талабына нұр жаусын демекпіз. Шара барысында барлық қатысушылар
Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасады. Біздің Арайлым да Елордадан әкелген ерен жеңісімен елді
қуантып, алған әсерімен құрбыларын тамсандырып жатыр.
Жүлдең құтты болсын, Арайлым!
Б.А.Алашбаева,
№132 ЖОББ мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
14 сәуір 2018 жыл
6
СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Сарыарқа Барысы
Тақауда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін,
қазақ күресінен ересектер арасында аудандық турнир өтті. Бұл турнирге
ауылдық округтерде өткізіліп, іріктелген палуандар қатысты.
Спорт бәсекесінің ашылу салтанатында
«Нұр Отан»
партиясының аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Асет Аманжолов және аудандық дене шынықтыру, спорт
бөлімінің басшысы А.Қарабаев құттықтау сөз сөйлеп,
спортшыларға сәттілік, жеңіске тек мықтылар жетсін деп тілек
білдірді. Жарысқа бас төрешісі Е.Қаракесеков төрешілік етті.
Жарыстың қорытындысында салмақ дәрежелері бойынша: І
орынды А.Жұмашев (55 кг), ІІ орынды М.Үмбетжанов, ІІІ
орынды Б.Спатаев иеленсе, 60 кг салмақта І орынды Н.Серік, ІІ-орынды
С.Смайлов, ІІІ орынды Е.Иманов, ІІІ орынды Ж.Тикенов, 66 кг салмақта І
орынды М.Оспанов, ІІ орынды Н.Қайыр, ІІІ орынды Н.Сембин, ІІІ орынды
Қ.Бекмолдин, 74 кг салмақта Н.Төлеубаев, ІІ орынды Н.Төлеутаев, ІІІ орынды
Н.Шегиров, ІІІ орынды А.Мақажанов, 82 кг салмақта І орынды М.Жақсылықов,
ІІ орынды Е.Зекен, ІІІ орынды Е.Матаев, ІІІ орынды А.Сағындықұлы, 90 кг
салмақта І орынды Е.Жанатов, ІІ орынды Б.Абдрахманов, ІІІ орынды
А.Қасымхан, 100 кг салмақта І орынды Б.Сұлтанов, ІІ орынды Д.Бөлекбаев,
+100 кг салмақта І орынды Ж.Сағындықов, ІІ орынды Д.Сайлау иеленді. АСД
дәрежесінде А.Барменов түйе палуан атанды, ІІ орынды А.Нұркеев, ІІІ орынды
М.Жақсылықов иеленді. І, ІІ орын алған палуандар облыстық «Сарыарқа
барыс» турниріне жолдама алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне
аудандық дене шынықтыру, спорт бөлімінің тағайындаған мақтау қағаздары
мен бағалы сыйлықтары тапсырылып, түйе палуан дәрежесіндегі орын алған
балуандар тиісінше алтын, күміс, қола белбеу және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚұттыҚтАйМыз!!!
Қазақ күресінен Атырау қаласында өткен Қазақстан Республикасы кубогында
А.Барменов ІІ орынды иеленді. Алдағы жарыстарына табыстар тілейміз. Бокстан Жезқазған қаласында өткен бокстан 2004-2005 ж.т. кіші жасөспірімдер
арасындағы ҚР «Солтүстік» аймақтық чемпионатында Жаңаарқа ауданының
БЖСМ спортшысы 63 кг салмақ дәрежесінде Насен Диас ІІІ жүлделі орынға
ие болды. Жаттықтырушылары Сәлкенұлы Шыңғыс, Хасенов Қайрат.
Тоғызқұмалақ
Астана қаласының 20 жылдығына орай БЖСМ
де жасөспірімдер арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. (2009ж.т. және одан төмен)
жасөспірімдер арасында І--М.Кемашев, ІІ-Р.Мейрам, ІІІ-Н.Наскен иеленсе қыздар арасында ІД.Сейтқан, ІІ-М.Әдіхан, ІІІ-А.Дәукен және
Е.Ғабдуллаева иеленді. (2007-2008ж.т) арасында ІҒ.Жағыпар, ІІ-Ә.Ізбасар, ІІІ-Е.Жалғау, қыздар арасында І-А.Аман, ІІ- Ж.Сарбаева, ІІІ-Д.Сапарова иеленді. (2005-2006ж.т)
І-Т.Жағыпар, ІІ-А.Мүскінов, ІІІ-М.Уәлихан, қыздар арасында І-Г.Ескермес, ІІН.Ендаман иеленді.(2003-2004ж.т) арасында І-М.Күзенбай, ІІ- Д.Әукеев, ІІІМ.Бақтияров, қыздар арасында І-А.Жағыпарова, ІІ-Д.Балағазина,
ІІІ-І.Мейрамова иеленді. Бас төреші Қасым Байғабұлов бас хатшы С.Мейізбеков. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің
Мақтау қағаздарымен марапатталып, облыстық біріншілікке жолдама алды.
ЕСкЕ АЛу
Даңқты палуанды еске алуға арналған
Республикалық турнир
Жаңаарқа ауданының БЖСМ спорт залында Қазақстан Республикасының білім беру
ісінің үздігі, самбо күресінен КСРО және Орта Азия жарыстарының жеңімпазы Әбдіахмет
Ижанұлы Қалжановты еске алуға арналған, 2002-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар мен 20032004 ж.т. қыздар арасында дзюдо күресінен Республикалық ашық турнир өтті. Турнирге
Астана, Атырау, Сәтпаев, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Қаражал қалалары
мен Шығыс Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан А.Молдағұлова
атындағы спорт-интернатнан, «Жассұңқар» ОМБЖСМ, Қарқаралы, Шет, Ұлытау,
Жаңаарқа аудандары мен Жәйрем, Ақадыр кентінен барлығы 17 командалардан 10 салмақ
дәрежесі бойынша, 212палуан қатысты. Спорт бәсекесінің ашылу салтанатында аудан
әкімінің орынбасары Қ.Ш.Қожықаев, «ғасыр адамы» атағының иесі Т.Көкетаев, облыстық «Жас сұңқар»
спорт
мектебінің
басшысы
Қ.М.Қанжанов
спортшыларға
сәттілік тіледі.
Аудандық
мәдениет үйінің әншілері әннен
шашу шашты. Республикалық
дәрежеде үшінші мәрте өткізіліп
отырған турнирге Әбекеннің бауырлары мен туыстары, отбасы
және жолдастары демеушілік
етуде. Рухани жаңғыру, туған
жерге туыңды тік деген ұстанымды
ұстанған азаматтар спорттың дамуына осылайша үлес қосуда. Бұл
әрине қуанарлық әрі құптарлық іс.
Жарыста І, ІІ, ІІІ орын алған палуандар ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанады. Әбекең спорт мектебін басқарған жылдары палуандардың
шыңдалуы үшін үлкен жарыстардың қажеттілігіне көңіл бөліп, үнемі назарда ұстаған еді. Ұстаздың өзі
болмасада артында із қалдырып, Республикалық турнирдің өтуі ардақты ағаның атының өшпейтіндігінің
белгісі. Жарыстың бас төрешісі – Е. Қаракесеков (Жаңаарқа), бас хатшы – Т.Әбдішев («Жас сұңқар»)
болды. Екі күнге созылған жарыстың қорытындысында салмақ дәрежелері бойынша: 38 кг салмақта І
орынды М.Кәріғұлов («Жас сұңқар»), ІІ орынды А.Қасым (Жаңаарқа), ІІІ орынды А.Әділбеков («Жас
сұңқар»), Д.Қайрулла (Жаңаарқа). 42 кг салмақта І орын Ұ.Елеусізов (Астана), ІІ орын А.Мүсралиев
(Астана), ІІІ орын Т.Қайроллаев (Жезқазған), ІІІ орын Ж.Сәрсенбаев (Жезқазған). 46 кг салмақта І орын
Қ.Қалдыбай (Жезқазған), ІІ орын Е.Тайлақов (Жаңаарқа), ІІІ орын Д.Әбілқасов (Жаңаарқа), ІІІ орын Н.Тілеуіш (Атырау). 50 кг салмақта І орын Н.Тлеуханов (Жаңаарқа), ІІ орын Т.Райхан (Қарағанды), ІІІ орын
Д.Сәкенов(Сәтпаев), ІІІ орын Ә.Рақымғалиев (ШҚ). 55 кг салмақта І орын Н.Иманғазиев (ШҚ), ІІ орын
Қ.Табылды (Атырау), ІІІ орын Ж.Нұрлан (Жаңаарқа), ІІІ орын Н.Наурызбай(«Жас сұңқар»). 60 кг салмақта
І орын Ж.Рахымберлі (Сәтпаев), ІІ орын Н.Ботабай (Жаңаарқа), ІІІ орын Е.Уәли (Қарағанды), ІІІ орын
Ұ.Наукенов(Жәйрем кенті). 66 кг салмақта І орын А.Бөлегенов (ШҚ), ІІ орын Е.Тілеуберген (Жаңаарқа),
ІІІ орын А.Дәулет (Жаңаарқа), ІІІ орын Б.Бәтен (Қарағанды). 73 кг салмақта І орын Е.Жолдасжан (ШҚ), ІІ
орын Н.Мергенбаев (Қарағанды), ІІІ орын Е.Батыр (Астана), ІІІ орын Е.Мұхамедқали (Сәтпаев). +73 кг
салмақта І орын Б.Мұрат (Қарағанды), ІІ орын Қ.Оразқұл (ОҚ), ІІІ орын Б.Сүртебаев (Теміртау), ІІІ орынды
А.Еламан (Жаңаарқа). 57 кг салмақта қыздар арасында І орын Г.Зекен (Жаңаарқа), ІІ орын Д.Телібаева
(Қарағанды), ІІІ орын Ш.Жамсап (Жаңаарқа), ІІІ орынды Н.Хабибуллаева (Жаңаарқа) иеленді. Жарыс
жеңімпаздары медальдармен,грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шахмат, дойбы
Ардагерлер үйінде ардагерлер
арасында Бұқар жыраудың 350
жылдығына арналған шахмат пен
дойбыдан аудандық турнир өтті.
Дойбыдан І-орынды Б.Ижанов,
ІІ-орын Ә.Майшин, ІІІ-орын
А.Әбжанов жеңіп алса, шахматтан І-орынды Қ.Әлбатыров, ІІорынды А.Әбжанов, ІІІ-орынды
Б.Ижанов жеңіп алды. Жарыс
жеңімпаздары мен жүлдегерлері
аудандық дене шынықтыру және
спорт
бөлімінің
Мақтау
қағаздарымен және бағалы
сыйлықтарымен марапатталды.
“Жазмыштан озмыш жоқ” деген ғой. Ақтүбек ауылының тумасы, шаңырағымыздың еркесі, аяулы да сүйікті ұлымыз,
бауырларының қамқор бауыры, кішіге арқа сүйер аға,
үлкенге ізетті іні бола білген құлынымыз Төлеубаев Рауан
Асхатұлының өмірден өткеніне 21-сәуір күні 40 күн толып
отыр. Жалғанның жарық дүниесінен алғанынан алары көп
Рауанның қазасы жанымызды жүдетіп кетті. Тіршілігінде
ағайын-туысқа бауырмал, ақкөңіл, көпшіл жан еді. Өмірдің
қатал заңына қарсы дәрмен жоқ. Рауанның жатқан жері
жайлы, топырағы торқа болсын деп Алладан тілейміз.
Ойсырап қалған орның толмас күндерім,
Өтіпті 40 күн үзілмей әсте күдерім.
Ол дүниеде пейіштен болсын орының,
Қол жайып бүгін Алладан соны тіледім.
Ұзақ ғұмыр тие бермес әркімге,
Асқақ едің, арманшыл ең әр күнге.
Талай бақыт тосып еді алдыңнан,
Тағдыр шіркін жеткізбеді ол күнге.
Сағына еске алушылар: ата-анасы- Асхат-Тоты, бауырлары Аян, Әсемгүл және Ормановтар әулеті
21-сәуір күні сағат 13.00-де Ақтүбек ауылының мәдениет үйінде аяулы ұлымыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Волейбол
Жақында волейболдан
ұлдар
арас ы н д а
облыстық
оқушылар
спартакиадасы
а я с ы н д а
жарыс
өтті.
Спартаикадаға
а у д а н
құрамасы
қатысып, ІІІ орынды иеленді. Жарысқа аудан оқушыларын
дайындаған жаттықтырушы – Ынтымақ ОМ дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі Н.Төкенов.
ЕСкЕ АЛу
Ақтау ауылының тумасы, тұла бойғы тұңғыш, сүйікті
бала,
бауырларының ардақты апатайы Төтекеева
Сұлушаш Әбдіхамитқызының арамыздан алыстап,
бақилық болғанына жыл толды. Ақтау ауылында есепші
болып еңбек етіп, ата-анамызға көмекші қолқанат болған,
соңынан ерген бауырларына қамқоршы болып, аялай білген ардақты жанның ақыл-кеңесі мен ілтипаты біздің
мәңгі жүрегімізде. Бар ғұмырын еңбек пен бауырларына
арнаған ардақты жанның жаны жәннәтта тәні рахатта
болсын дейміз.
Әкеңнің ерке қызы едің, ақыл айтар жөнімен,
Еңбекпенен ер жетіп, маңдай терің төгілген.
Бауырмал едің баршаға, ақылшы едің біздерге,
Қимағанмен амал не, ертерек кеттің өмірден.
Бұйыртсын Алла өзіңе жақсылығын, жұмағын,
Пейіште болсын апатай мекенің сенің тұрағың.
Жаныңыз тыныш болсын деп қол жаяды ағайын,
Шапағаты тисін өзіңе біз оқыған дұғаның
Сағына еске алушылар: анасы –Күміс, бауырлары, сіңілдері
Марқұмның қайтыс болғанына жыл толуына орай 27-сәуір сағат 13.00- де Ақтау
ауылының тойханасында дәм беріліп, құран бағышталады
ы
Ұрпағы- өмір жалғасы
Жүрегімнен орын алған жайсаңдар
бақилық болғаны өкінішті-ақ. Жақсы
көрген Абай ағатайым да кетті. Ол кісі
әкемдей боп еді.
жақын араласпадық. Ол кісі біз үшін
«көкемнің
қызы».
Ұғымымызды
өзгерткен тағы ағатай.
Алғашқы жұмысқа орналасуыма сеп
болған сол кісі. Ешқашан есімнен
шықпақ емес. Оны ұмытқаным –
Құдайымды ұмытқаным.
серместері келіп тұр»-деп ағатай анамды
көрген сайын айтады. «Абай, тиыш» деп
Жұмакүл тәте тартынса, шешем де
«Төлеуғараның қызын жабыстыра берме
маған» деп шамданып қалады. Екеуін
жақындастыруға ағатай пейіл еді.
***
***
«Сен әкеңе тартқансың». Ағатайдың
маған айтатын сөзі бұл. Осы бір ауыз
сөз-ақ мені талай қанаттандырды.
***
«Шөре-шөреде қалған». Жұмакүл тәтені
ағатай осылай дейтін. Бұл жайт Аллаға
аян.
***
«Сырыңды көпке айта берме» Абай
ағатайдың айтқаны. Ойымда болғанмен,
«адам аласы ішінде» екенін ұмытып кете
беремін.
***
«Жамкен, даусың жас қыздың
дауысыңдай сыңғырлап тұр ғой».
Ауырғанын сездірмей, телефон соққан
анама айтқан соңғы әзілі. Жеңге мен
қайнының қалжыңы қандай еді?!
***
Біз бұрын-соңды Жұмакүл тәтемен
***
«Аумайды-ау бір-біріне. Әсіресе, қол
***
Тарапымызға айтылған оғаш сөз болса,
ағатай қарап тұрмайтын. Кесек мінезді
еді.
Айтып-айтып
тастайтын.
Қорғанымыздан қапыда айырылдық.
***
Ағатай үшін перзенттері бір-бір төбе.
Аузынан ешқайсысын тастамайтын.
Көкке көтеріп, бәрін мадақтайды. Тірліктері мен бірліктеріне де тәнті еді.
***
Перзенттері қазір ел қадірлейтін
дәрежеде. Әке абыройын талай асырды.
Енді ержеткен Ердәулет те әке атына кір
келтірмесі анық.
***
Немере-жиендер – көз қуанышы. Алдын
ұзатты. Үйлендірді. Тіпті шөберенің
қолынан су ішу нәсіп етілді. Ұрпақ –
өмір жалғасы...
Асқарымыз, абзалымыз,
ардақтымыз еді...
Асқар тау, алып бәйтеректей болған асыл әкеміз
Әліпұлы Ғапбастың өмірден өткеніне сегіз
жыл өте шығыпты. Сынаптай зымыраған уақыт
судай ағып өтіп жатқанымен «уақыт емші»
деген сөз жанымыздағы жараны жазар емес.
...Көктемнің алғашқы күндерінде кешқұрым
жеткен ауыр хабар барлығымызға оңай тиген
жоқ.
Бір
сәтте
қолымыздағы
бар
құндылығымыздан айырылып қалғандай күй
кештік. Отбасымызды торлаған қара бұлт жай
тигендей барлығымызды есеңгіретіп тастады.
Әкеміздің көзі тірісінде жинаған абыройы болар
ауыл-аймақ, жора-жолдастар, туған-туыстар бір кісідей ат салысып соңғы
сапарға шығарып салдық. Ардақты әкеміз көзі тірісінде нағыз ер-азаматқа
тән мінезінің арқасында асыл ер, елге сыйлы жан, беделді тұлға бола білді.
Шаңырақ иесі ретінде анамызға қамқор асыл жар, балаларына абзал әке, немерелеріне асқар ата болды. Ғапбас Әліпұлы 1948 жылы ауданымызға
қарасты Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Целиноград
зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын аяқтап, Целиноград облысы, Балхашин ауданында қатардағы жұмыскер болып еңбек жолын бастайды. Осы
жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін Украина мемлекетіне аттанады.
Әскерден оралған соң білімін жетілдіруді мақсат етіп, Алматы зоотехникалықмал дәрігерлік институтына оқуға түсіп, оны 1975 жылы тәмамдайды.
С.Сейфуллин атындағы совхозда 1983-1989 жылдары совхоздың партия
комитетінің хатшысы, 1989-1994 жылдары селолық кеңес төрағасы, 1994-2005
жылдары «Талапкер» шаруа қожалығының жетекшісі, 2005 жылдан бастап
С.Сейфуллин селолық округі әкімінің жетекші маманы болып қызмет
атқарды.
Барша саналы ғұмырын елдің елдігіне, бірлік-берекесіне арнаған ардақты
жан тірі болса 2018 жылдың 22-сәуірінде 70 жасқа толар еді. Алланың
бұйрығына қарсылық болмайды екен. Әкеміздің өзі жоқ екенін өкінішпен
мойындасақ та, оның ғұмырындағы ғибратты әрекеттері ешқашан өшпейді.
Әкеміздің біздерге берген тәлім-тәрбиесі, кей кездері әжуалап, бір кездері
жанамалап, енді бірде бұйырып айтқан ақылдары өмір жолымызда талай азық
болды. Асылымыздың парасатты болмысы, әр іс-әрекеті, айтылған құнды
сөздері біздер үшін өшпес өнеге болып қала бермек.
Топырағың торқа, иманың жолдас болғай, жан әке!!!
Әліповтар отбасы
7
14 сәуір 2018 жыл
АҒАТАйДАй АДАМ ҚАйДА?!
Жұмыста алаңсыз отыр едім. «Абай ағатай қайтыс болды»- деген
суыт хабар жетті. Жүрегім тарс төбеме шықты. Орнымнан бір
тұрдым, бір отырдым. Қайта тұрып, кабинеттен шығып, алабұртқан
көңілімді бастым. Бірақ еріксіз көзіме жас іркілді. Жүзімді жас жуып
жатыр, өз-өзімді тоқтата алсамшы...Абай ағатай. Ол кісіні анам
«қайным» дейді. Ағатай болса «жеңгемсің» дейді. Олай деулері жөнақ. Руласпыз. Әкемнің көзі тірісінде араласқаны да бар. Абай ағатай
айтпақшы, Алланың әмірімен кейін ол қайта жалғасты. Оған сеп –
Жұмакүл тәте. Қосақтары қайтқан екеуін Құдайдың өзі жолықтырды.
Сөйтіп, ағатай бізге ойда-жоқта жезде болып шыға келгені. Тағдыр
ғой...Қазақта тамаша сөз бар. «Жақсы жезде – әкедей» дейді. Осының
төркінін сол кісі арқылы ұғындым. Бізді білгеннен бері әкеміздің атын
айтып, арда тұтты. «Кешегі Білекеңнің балалары» деп бәрімізге құрақ ұшты. Қолынан келгенін
аянбады. Әсіресе, өз басыма жасаған жақсылығы жетеді. ...Диплом қолда. Тәжірибеден өткен киелі
шаңыраққа бардым. Орын жоқ, кері қайттым. Арада талай уақыт өтті. Қайта баруға жүрексіндім.
Тауым тағы шағылатындай көрінетін. Сөйтіп жүргенімде Абай ағатайға кез болдым. Мән-жайды
білісімен барын салды. Туысқан Ғалым ағамен (Ғалым Төтеев) таныстырды. «Қарындасың» деп
табыстырды. «Кешегі Білекеңнің балалары, бөтенің емес, бәрі оқыған-тоқыған. Осылардың
жұмысқа тұрып кетуіне жәрдемдесейік»,- деп Ғалекеңе қолқа салды. Солай, екі қамқор ағаның демеуімен алғашқы жұмысымның есігін қақтым. Ол «Жаңаарқа» газетінің редакциясы еді. Барғанда
білдім, бұрынғы басшы ауысыпты. Жаңа бас редактор – Амантай Нығатайұлы. Жауапты хатшы –
Ұзақбай Мұқышұлы. Игі жақсылармен жұмыс істеу бақыты маған осылай бұйырды. Ол жерден
үйренгенім көп, алғаным әлі күнге азық. Ағатайдың ақылы да ешкімнен кем қылмады. «Ерте тұрып
елден бұрын бар, елден кейін қайт» дейтін-ді. Онысын әдетке айналдырдым. Әлі күнге дейін «коммунистер» сияқты бірінші кеп алам жұмысқа. Тәлімін де алдым. Одан жаман болғаным жоқ. Қазір
ойласам, ағатайға қыздарындай көрінгендеймін. Перзенттері ол кезде бақыттарын тауып, ұядан
ұшқан еді. Сағынатын. Әңгімелескенде онысы қатты байқалатын. Сөз әлпетінде есімдерін жиі
ауызға алатын. «Гүлмирам мен Гүлданам қатарлы екенсің» дейтін. Енді бірде: «Гүлмирам көлік
мінді, Гүлданам кішкентайлы болды, Дулатым көтерілді...»,- деп жырақтағы әрбірінің ісіне
сүйсінетін. «Менің Маратымды айтсаңшы, адамдығына жан жетпейді» деп ортаншы ұлына да мерейленетін. Үлкен ұлы Ерболаты мен үлкен қызы Гүлнары (Гулясы) іргеде болса да, қамдарын жейтін. Мақсаты да – бір төбе. «Мақсаттың қызы бар, жігіт болды»,- деп ержеткеніне (онда сүт кенжесі
Ердәулеті әлі кішкентай. «Ертең-ақ Додигім де ағасындай болады» деп масаттанатын. Ол да өз алдына үй боп кетті. Біз де Астана аттандық. Қазір жол түссе Жаңаарқаға жылына бір рет барамыз.
Сонда амандыққа алдымен келетіні – тағы Абай ағатай. Көңілі бәз-баяғыдай. Қолұшын беруге
қашанда әзір. Мен де сонысын біліп, еркелеп, өтінішімді батып айтам. «Ағатай, көмегіңіз қажет»
деймін. Сөзге келмейді. Көлігімен діттеген жеріме жеткізеді. Қажетімді тасып береді. Тұлғалы
болғанмен, болмысы сол қарапайым қалпы. Жомарттығына сөзім жоқ. Әңгімені де әсерлі өрбітеді.
Әкеміз жайлы әңгімесі еш таусылмайтын. Анамның да бар сенері еді. Жаңаарқадан кетерде: «Ал,
Абай, арқасүйерім сенсің! Бауырларыңа бас-көз бол. Олай-бұлай боп кетсем, аманат!» деп талай
сенім артты. Ондайда ағатай: «Ой, Жамкен, сен өлмейсің. Өлем деп қорқытып келе жатқанына 20
жыл болды ғой»,- деп қалжыңға балап, басу айтып жатады. Дегенмен, бізге қарап: «Жаманатты хабарды маған естітерсіңдер. Жамкеңді өзім жеткізем Жаңаарқаға» дейтін. Сөйтіп жүргенде...
Келместің сапарына өзі аттанды. Барымыз еді, нарымыз еді. Өлімге тұрмақ, өкпеге қимайтын едік.
Амал нешік?!
Қош болыңыз, ағатай! Сіздей адам қайда енді...
Орныңыз жұмақтан бұйырып, пейіште нұрыңыз шалқысын!
Рима БІЛӘЛҚЫЗЫ, Астана қаласы
P.S. Наурыздың 12-сі күні Жаңаарқаның тумасы, асыл әке, асқар тау, алып бәйтерек,
отбасының тірегі Абай Әбеновтің дәм-тұзы таусылды.
тіршілігінде тұлғалығынан таймаған ағатайдың асыл бейнесі мәңгіге есімде қалады.
ЕСкЕ АЛу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, ардақты әке, асыл жар, қамқор
ата Әбенов Абайдың дүниеден өткеніне 22-сәуір күні 40 күн толады.
Әкеміз алдымыздағы асқар тауымыз, алыста жүрсек тілеуқорымыз,
қысылғанда ақыл айтар ақылшымыз еді. Әкеміз ұлын ұяға, қызын қияға
қондырып, немере, жиендерін көрген абзал жан еді. Тек қана кенжесінің
қызығын көре алмай кетті. Бала-шағасының, туған туыстың қамқоршысы
болған асқар таудай әкемізді сағынышпен еске аламыз. Жаныңыз
жәннатта, орныңыз жұмақта болсын жан әке! Жасамаған жасыңды
соңыңда қалған балаларыңа берсін.
Сағындырып, сарғайтып мына бізді,
Мәңгілік мекен еттің құба түзді.
Адал жаның жәннаттан жай тапсын деп,
Күн сайын бағыштаймыз дұғамызды.
Өзің ең отбасының сәні нағыз,
Тағдырдың жазуына не қыламыз.
Әрдайым әруағыңа дұға арнап,
Мәңгілік сізді біздер ұмытпаймыз.
Сағына еске алушылар: жұбайы, балалары, немерелері, шөберелері
22-сәуір күні сағат 13-00-де “Сәт” мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына
орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Ә кеге арнау!
Әліпұлы Ғапбасқа
Сыйладың әке маған бұл ғұмырды,
Өзің едің кең пейілді, ақ көңілді.
Сіңіріп, адалдықты өн бойыма,
Үйреткенсің адал өмір сүруді.
Сағыныштан тулайды-ау, құлын жүрек,
Соққанда сыймастай болып, кеуде кернеп.
Ойсыраған орыныңды көрген сайын,
Ойыма оралады өкініш- бөлек.
Маңдайымнан сүйгенің, бар дертіме ем еді
"Құлыншағым" дегенің, маған демеу берген-ді.
Сұм ажалдың бізге сізді көпсініп,
Жанымды, жегідей жейді сізді алып кеткені.
Сағынамын, биік асқар тауымды,
Сағынамын, етегіңдегі бауымды.
Сағынамын, "құлыным" деген сөзіңді,
Сағынамын, ыстық құшақ, өзіңді!.
Ей, адамдар!
Әке деген-оң қанатың, самғайтын,
Шеше деген- сол қанатың, қорғайтын!
Құлаш жайып, биіктерге өрлей түс,
Қос қанатың, әрдайым сені қолдайтын!
Құлыншағы Нұргүл
ҚұттыҚтАйМыз!!!
М.Жұмажанов атындағы ауылдың
тұрғындары әкеміз Шегиров Егінбай
және анамыз Шегирова Тәжікен екеуі
бірге қол ұстасып ғұмыр кешкендеріне
60 жыл толып отыр. Сонымен қатар
отбасымыздың тірегі, анамыздың адал
жары әкеміз Егінбай 80 жасқа толып
отыр.
60 жыл қыз өсіріп, ұл өсіріп,
Қиындықты тең бөліп, бірге жеңді.
Ортамызда отырыңыз қос шынар боп.
Ауырмастан 100-ге жетсін жастарыңыз,
Шөпшекке де жетіңіз қос тұмар боп.
Қабыл ғып Алла тілекті, қуанта берсін жүректі,
Бақытты жандар болыңдар мерейлі биік елдегі.
Орындарыңыз төр болсын, дастархандарыңыз мол болсын!
Ізгі тілекпен: балалары, келіндері, күйеубалалары, немерелері, жиендері,
шөберелері
Құрметті Жаңаарқа жастары!
Жыл сайын жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасы
жүзеге асырылуда. Туған жерге деген сүйіспеншілікпен патриоттық сезімдеріңізді
ұштастырып, ауданымыздың, ауылымыздың гүлденуіне, жасыл желекке малынып абаттануына, кейінгі буын іні-қарындастарымызға үлгі болуға бағытталған бұл бағдарлама
Сіздер үшін берілген жақсы мүмкіндік. Жазғы демалыстарыңызда еңбек етіп, аталмыш
бағдарламаға атсалысқысы келетін 28 жасқа дейінгі, жеке куәлігі бар жастарды «Жастар
ресурстық орталығы» КММ-не шақырамыз. Байланыс телефоны: 27328.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
“Ислам және отбасы” аясындағы
рухани отырыс
Жаңаарқа ауданының Бас имамы Қанай Асхаттың бастамасымен, Жаңаарқа аудандық
«Халық» мешітінде үстіміздегі жылдың 18-сәуірі күні сағ.11:00-де «Ислам және отбасы»
аясындағы рухани іс-шара өтеді. Осыған орай көпшіліктің сұранысы бойынша Қарағанды
облысы «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы арнайы шақырылуда.
Іс–шара барысында, отбасы құндылықтары, исламдағы отбасының орны, бабалар өнегесі,
дәстүрлі тәрбие мектебі, ажырасудың себептері және алдын алу жолдары секілді өзекті
мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, ер мен әйел болып өмір сүру, үйленіп ұрпақ сүю
табиғи заңдылығының маңызы турасында сөз қозғалады.
Құрметті әйелдер қауымы сіздерді «Халық» мешітіне арнайы шақырамыз.
Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінің баспасөз қызметі
Сенім телефоны
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметшілерді қызметтік ар-намыс кодексын, мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 271-80 нөмірлі сенім телефон орнатылды.
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
***
***
***
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ сенім телефоны жұмыс істейді. Сіз Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»
Қазақстан Республикасының заң нормаларының бұзылу фактілері туралы ақпаратты 2-8347 телефоны бойынша хабарлай аласыздар.
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР
НАЗАРЫНА!
Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел хатына сәйкес сәуір
айына дизель отыны зауыттан тоннасына 161 мың теңгеден босатылады. Ауданға белгіленген оператор «ГАЗoilПРОМkz» ЖШС-ің сәуір айындағы отын бағасы литріне 151
теңгеден босатылатынын хабарлаймыз.
Байланыс телефоны: Қарағанды қаласы 87212 50- 30-75
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
Жарамсыз деп танылсын
Улмагамбетов Жарқынның атына 1997 жылы СПТУ-12 «Ауылшаруашылық өндірісінің
шебері. Слесарь ІІ разряда» мамандығын бойынша бітіргендігі туралы берілген № 0098864
дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***
***
***
***
***
***
Утерянный ККМ марки «Меркурий 115Ф» заводской № АА00487923, 2004 года выпуска,
книга учета наличных денег, книга товарных чеков на имя ИП Беспаева Ергали Мукыжановича считать недействительным
Мусабеков Ерсин Карибаевич, Мусабеков Карибай, Мусабекова Бахыт
Муслимовнаның атына 25.02.1993 жылы берілген Ералиев ауылындағы үйдің № 293
ортақ бірлескен жекешелендіру келісім-шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
ҚұттыҚтАйМыз!!!
С.Сейфуллин ауылының тұрғыны, аяулы ана, асыл жар,
ардақты да қадірлі құдағиымыз Оспанова Сағдат
Пазылқызы!
Сізді 50 жасқа келген мерейтойыңызбен шын жүректен
құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шаңырағыңызға
шаттық пен бақыт тілейміз. Жүзіңізден шуақ кетпей,
қуанышқа кенеліп, балаларыңыздың, немерелеріңіздің
қызығына тоймай, Берік құдамыз екеуіңіз күліп-ойнап
жүре беріңіздер!
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты болып, шаттық өмір сүріңіз.
Елудің де жасына да жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз!
Мереке күн – нұрға толсын жүзіңіз,
Жарқыраңыз, күндей болып күліңіз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!
Құттықтаушылар: құдағиыңыз Гүлжахан, балалары Азамат-Жұлдызай, АқзерЕркебұлан, немересі Айзере
Қоғамдық тәртіпті сақтайық
2018 жыл ішінде Жаңаарқа аудандық сотында 95 азаматқа қатысты әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы істер қаралған, оның ішінде 95 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды: 4 азаматқа ескерту жасалды, 38 азаматқа айыппұл тағайындалды, 23 азамат
әкімшілік қамауға алынып, 12 азаматқа арнайы құқықтан айыру жазалары тағайындалды.
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ 2 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік
жолмен шығарып жіберілді. Әкімшіліқ құқық бұзушылық істердің санын арттырмай
«сақтаңсаң сақтаймын» демекші қоғамдық тәртіпке бағынып, болашақта
құқықбұзушылыққа жол бермейік, ағайын!
Г.Н.Касенова, Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің меңгерушісі
Мектеп түлектерінің назарына!
12 мамыр күні сағат 10:00-нан 13:00 дейін Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде Б.Амалбеков
атындағы ЖОББ мектебінде Атасу кенті бойынша 2018 жылдың түлектерінің арасында,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Орда Group» ЖШС тау-кен компаниясы есебінен «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша тегін оқытуға үміткерлерді шақырады.
Байқау қазақ және орыс тілдерінде 125 сұрақтан (25-математика, 25-қазақ, 25-орыс, 25 Қазақстан тарихы, 25-физика) тұрады. Тесттер жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес
әзірленеді және одан тыс жүрмейді. Байқауға қатысу және білім беру грантын тағайындау
туралы конкурс өткізу ережесімен танысу үшін келесі мекен-жайға хабарласыңыздар: ordagroup@mail.ru. Байқауға қатысу өтінімдері 2018 жылдың 12 сәуірінен -30 сәуіріне дейін
қабылданады.
Уважаемые выпускники школ!
12 мая c 10:00 часов до 13:00 часов в общеобразовательной школе имени Б.Амалбекова,
проводится конкурс для определения исключительно среди выпускников 2018 года школ
п.Атасу достойной кандидатуры на бесплатное обучение по специальности «Горное дело»
в Карагандинском Государственном Техническом Университете за счет средств горнодобывающей компанией ТОО «Орда Group». Конкурс будет проводится по желанию поступающих на казахском или русском языках в виде теста, который состоит из 125 вопросов (25 –
математика, 25 – казахский язык, 25 – русский язык, 25 – история Казахстана, 25 – физика).
Тесты разработаны в соответствии с общеобразовательной программой и не выходят за ее
рамки. Для участия в конкурсе и ознакомления с правилами проведения конкурса на присуждение образовательного гранта Вам необходимо связаться по следующему электронному
адресу: ordagroup@mail.ru. Заявки для участия в конкурсе принимаются с 12 апреля по 30
апреля 2018 года.
«Орда Group» ТОО
Приглашаем на работу
Охранной фирме требуются охранники.
Справки по телефонам: 87751877268, 87778901717
« Жаңаарқа жаңалықтары» айдары ашылды!
«Жезқазған TV» телеарнасы Жаңаарқа ауданының орталығында өзінің қабылдау бөлімін
ашқанын хабарлайды.
Телеарна сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Қазақтелеком жүйесіндегі ID-TV желісі арқылы таратылады. Жеке сайттан хабарларымызды көре аласыздар: www.zhezkazgan-tv.kz .
Төмендегі қызмет түрлерін ұсынамыз:
-Құттықтау (туған күндер, мерейтойлар,үйлену,бесік тойы, шілдехана, тұсаукесер, мектепке
бару/бітіру және т.б.).
-Бизнес орталықтарының қызметтері (бейнероликтер жасау)
-Жүгіртпе жол арқылы барлық хабарландырулар (сату, сатып алу, жоғалған, табылған заттар, малдар туралы т.б).
-Дүкен, дәмханалар, қонақүйлер шеберханалар т.б. туралы жарнама бейнероликтерін жасап
көрсету.
-Ас беруге ( жаназа намазы, жетісі, қырқы, жылы, еске алу) байланысты хабарландырулар
жасап көрсету.
Барлық мемлекеттік, мемлекеттік емес және коммерциялық құрылымдармен жұмыс істеуге
әзірміз.
Хабарландырулар мерзімінен 2 күн бұрын беріледі. Қабылдау бөлімінің мекен-жайы:
Жаңаарқа ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 22, «Қазпошта» ғимараты, 2 қабат, +7 777 135 29
72, +7 775 549 05 03, +7 705 199 98 32. Электронды пошта: janaarkatv@mail.ru. Жезқазғанда
– Шевченко көшесі, 32-54. Тел. +77102 750025, +7 777 135 29 72. Телеарнаға журналист,
бейнеоператор, диктор қабылданады.
Резюме міндетті түрде суретімен болуы қажет. Мына эл.поштаға janaarkatv@mail.ru
немесе +7 777 135 29 72, +7 775 549 05 03.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
таралымы 1632 дана
тапсырыс №16
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
39
Размер файла
49 670 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа