close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 17 Жанаарка газеті

код для вставки
№17 (9854), 21 сәуір, 2018жыл
Құрметті «Жаңаарқа» газетінің
оқырмандары, газет ұжымы!
Сіздерді ауданымыздың меншікті басылымы «Жаңаарқа» газетінің 80
жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!!!
Сарыарқаның сауырында орналасып, қанатын кеңге жайған киелі өңір
Жаңаарқаның аты - Республикамыздағы алыс-жақын облыстардың
барлығына таныс. Ғылым, білім, өнер, өндіріс, мәдениет, спорт салаларында атына елі сүйсінетін, тегіндегі тектілігімен халқымызға кеңінен
таныс ұл-қыздарымыз жетерлік. Отансүйгіштігі отбасынан басталып, туған
жерге деген тағлымы тамырынан тараған ұрпақтар ұясы ауданымыздың
қойнауына құт дарып, іргесін ырыс пен ынтымақ бекіткен, төскейіне төрт
түлік өріп, желісі мен кермесінен қыл құйрығы үзілмеген қасиетті өлкеде
ғасырлар көшін артқа тастап, елі үшін ерлік еткен сан саңылақ өмір
сүргені аян. Тарих қойнауындағы әр жылдарда ауданымыздың өркендеп
өрлеуі мен қарышты қадам жасауына осы ауданның әр азаматы мен азаматшасы атсалысты. Іргесін бабалар көтерген ұлт ұясынан талай
дүлділдер қияға қанат қақты. Өркендеу жолында барша жұртын
ұйымдастырып, белестерді бағындыруда қаншама адамның бағы еңбектен
жанып, көсегесі көгерді. Ауданмен бірге жасасып келе жатқан, замана
көшіне қарай аты мен атауы өзгергенімен негізін жоғалтпаған мекемелер
ауданның өркендеуі үшін еңбек етіп келеді. Соның бірі - аудандық
«Жаңаарқа» газеті.
Міне, ғасырға тарта ғұмыр кешкен ауданның әр сәтін, байыппен баяндап,
бұқараға жеткізіп, халыққа таратқан біздің сүйікті басылымымыз
«Жаңаарқа» газеті де биік белестерді бағындырып келеді. Ақаңның тілімен
айтсақ «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі»-болған газет, көгілдір экран мен
радиодан бұрын аудан жұртына үнпарақ күйінде 1938 жылы «Лениндік
жол» атауымен жетті. Содан бергі аралықтағы 80 жыл бойы қалытқысыз
қызмет етіп келеді. Қазақ сахарасындағы әр алуан жылдардағы елді
ұйыстырып, ұйымдастыруда таптырмас үгіт-насихат құралы болған бұл
басылымда жетістіктер мен жеңімпаздар ардақталып, өзгелерге үлгі
болды. Қыры кетіп, көштен қалғандар сынның шымшымаларына ілінді. Осы
аудандық газет әдебиет саласына да өзіндік үлес қосты. Тырнақалды
туындыларының газетке басылғанын көрген ақын, жазушыларымыз
қанаттанды, қаламына жан бітіп, талай тамаша туындыларды дүниеге
әкеліп, кітаптары жарық көрді.
Сұңғыла сөздің шеберлері шыңдалып, ауданның айнасына айналған төл
газетіміз 80 жасқа толып отыр. Билік пен халықтың арасындағы
байланыстың нығаюына атсалысып, жұмысшы топтың жетістігін жалпыға
жеткізетін аудандық газеттің біздің аймақ үшін орыны өзгеше. 1962
жылдың мамырынан бастап аудан атауымен аталған газетіміз елді
ынтымақ-бірлікке ұйысуға, жігерленуге, патриоттық рух беруге,
жасампаздыққа, ұлттық құндылықтарымызды саралауға, жақсыны
бағалауға шақырды, әрі соны насихаттауда.
Ауданымыздың айнасы, жаңалықтардың жаршысы, аудан мен ауылдың
арасындағы алтын көпір «Жаңаарқа» газетіне 80 жыл толып отыр.
Қоғамдық-саяси, ақпараттық бағыт алған басылымда аты елімізге таныс
Отаншыл, қоғамшыл журналист азаматтар мен азаматшалар қызмет етті.
Солардың салған сүрлеуімен кейінгі буын өз ісіне берілген ізбасарлар
журналист-мамандар еңбек етіп, халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп,
қоғамдық пікір қалыптастыруда.
Осы орайда төртінші билік өкілдері ретінде еліміздің өсіп-өркендеп,
бейбітшілігіміздің баянды болуы жолында халықты мазмұнды ақпаратпен
қамтамасыз
етудегі
еңбектеріңізге
шығармашылық
табыс,
отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз. Мерекелеріңіз құтты
болсын.
Аудан әкімі
Юржан Бекқожин
Аудандық мәслихат хатшысы
Қуат Имантүсіпов
ӨЗ ГАЗЕТТЕРІҢІЗ «ЖАҢААРҚАҒА»
ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет
оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті
басылымдарыңыз “Жаңаарқа” газетіне
жазылу жүріп жатыр. Газетке аудандық
почта торабынан, газет редакциясынан
жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282
6 айға – 1248 теңге
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282
6 айға – 996 теңге
Баспасөз хабарлайды
Мешіт-имандылық ордасы
Мешіт қашанда имандылық ордасы ретінде әрбір мұсылман
жамағатының өмірінде елеулі
орын
алады.
Мешіт-ұлтты
ынтымаққа ұйытып, бірлікке
шақыратын, рухты, жан-дүниеңді
байытатын қасиетті орын. Міне,
осындай рухани орталықтар аудан басындағы қос мешітке
аудан әкімі Юржан Бекқожин ат
басын бұрды. Ең алдымен, аудан
басшысы халық мешітіне, одан
кейін Г.Тілеухан атындағы мешітке барып, қал-ахуалын көзбен
көріп, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мешіттердің ішін, аулаларын
аралап,
имамдарымен
тілдесті, осындағы ақсақалдармен пікірлесті. Аудан әкімі «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең –
қасіретің»,- дей отырып, дінді ұстау, оны өзгеге үйрету үнемі ізденісті талап ететіндігін айтты. - Дәстүрлі
дінімізді әрдайым насихаттап, барша жамағатты керітартпа ағымдардан сақтауда имамдардың атқарар рөлі
зор, - деді.
Темір жолдың тынысымен танысты
Өткен аптада аудан басшысы
Юржан Бекқожин «Қазақстан
темір жолы» АҚ-ның филиалы
«Қарағанды жүк тасымалдау»
бөлімінің Жаңаарқа пайдалану локомотив депосына арнайы барып,
мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып,
шойын
жол
қызметкерлерімен тілдесті. Бүгінгі
күні Ерлан Сейсембаев басқарып
отырған локомотив депосының
қарамағында 573 адам жұмыс істейді. 202-сі тепловоз машинисті,
239-ы тепловоз машинистінің
көмекшісі болса, қалғаны кеңсе
қызметкерлері. Жүк және жолаушылар тасымалдайтын мекеменің
қызметі арқылы тәулігіне 24 млн.
103 мың тонна жүк тасылса, осы
уақыт ішінде шамамен 1500 жолаушы діттеген жеріне жетеді екен.
P.S. Ауданымыз арқылы «Алматы-Жезқазған», «Қарағанды-Жезқазған», «Астана-Жезқазған», «ЖаңаарқаҚаражал» бағытындағы поездар өтеді.
Соғыс ардагеріне қамқорлық
Қатарлары
тым
сиреп
қалған соғыс
ардагерлеріне
қандай сыйқ ұ р м е т
көрсетсең де
артық емес.
Сондықтан,
сұм соғыста
е р л і к
көрсеткен майдангерлер
үнемі басты
назарда болуы
тиіс. Бүгінгі
күні ауданда бір Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер Зейнолла Қуанышбеков бар. Таяуда аудан әкімі
Юржан Бекқожин ардагердің үйіне арнайы барып, қал-жағдайын біліп қайтты. -Біз қазір бақытты заманда
өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің экономикасы, әлеуеті қарыштап дамып келеді. Аудан әкімдігінің үнемі
көрсететін қамқорлығына ризамын. Әрбір отбасында бақыт пен қуанышты өмірдің шұғыласы жайнай берсін,- дейді соғыс ардагері Зейнолла Қуанышбеков. Аудандық жастар ресурстық орталығының
ұйымдастырылуымен өткен «Ардағым - ардагерім» акциясы барысында теңдесі жоқ ерлігі мен қажырқайраты жас буынға үлгі болған соғыс ардагерінің ауласы қоқыстан тазартылып берілді. Жастар ресурстық
орталығының мамандары бастаған С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары
осындай игі істерімен қарт ардагердің батасына ие болды.
21 сәуір 2018 жыл
1-мамыр - Қазақстан халқының
бірлігі күніне байланысты аудандық
мәдени-сауық орталығы алаңында
өтетін мерекелік шерудің
ЕРЕЖЕСІ
I. Шерудің мақсаты:
1. Аудан аумағында орналасқан мекемелер мен
кәсіпорындарда азаматтық қоғамдастық негізіндегі
сәйкестілікті, қазақстандық патриотизмді, байланыс пен
этносаралық қатынастарды үйлестіруді қалыптастыруға
және нығайтуға бағытталған құндылықтарды бейнелеу.
ІІ. Шеруді өткізу мерзімі:
Шеру 2018 жылғы 1-мамыр күні сағат:10.00-де аудандық
мәдени-сауық орталығы алаңында өтеді.
ІІІ. Тәртібі:
1. Әр мекемеде шеруді өткізуге арналған ұйымдастыру
комитеті құрылады. 2. Меншік түріне қарамастан мерекелік шеруге аудан аумағына қарасты барлық мекемелер
мен кәсіпорындар қатысады. 3.Шеруге міндетті түрде
әрбір мекемелер мен кәсіпорындардың бірінші басшылары қатысуы тиіс және олар жауапты болады.
IV.
Шеруге
қатысатын
мекемелер
мен
кәсіпорындарға қойылатын талаптар:
-ҚР Мемлекеттік Туы. -Мекеме төлқұжаты. Тақырыптық
ұрандар, банерлер («Қазақстан - 2050» Стратегиясы,
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
2018 жылғы 10- қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
атты Жолдауы, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық
идеясы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасы, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі
күні мерекесі, Қазақстан Республикасының астанасы –
Астана қаласының 20 жылдығы). -Гүлдер мен шарлар. Әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері. -Арнайы
кәсіптік киім (дәрігерлер-ақ халат, жұмыскерлер арнайы
киім және т.б). -Арнайы мерекелік безендірілген техникалар. -Композиция (музыкалық аспаптар, ән салу және
т.б). -Мектептерге – театрландырылған көрініс ұсыну
қажет
Қосымша ақпарат бойынша аудан әкімдігіне
хабарласыңыздар: (тел:2-62-50 Қ. Қожықаев, 2-83-82,
2-69-40 Р.Казимов)
2
9 мамырда өтетін
«Қаһарман ұлт – Бессмертный полк»
шеруіне қатысу ережесі
Әлемде жаңа тарихи кезең басталуда
Мақсаты: 1941-1945 жылдары Ұлы
Отан соғысына қатысқан азаматтардың
ерлігін естен шығармау және өскелең
ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт күннің
қадірін түсінуге тәрбиелеу. Шара соғыста
ерлік
көрсеткен
ардагерлердің
жанұяларын, ұрпақтарын еске алу үшін
ұйымдастырылады және оған кез келген
азамат қатыса алады. «Қаһарман ұлт»
маршына қатысушыларға марш алаңын
жарнама ретінде пайдалануға және транспаранттарда кез келген символдарды
жариялауға
тыйым
салынады;
Қатысушылардың назарына транспаранттар үшін бірдей стандарттар дайындалды;
Жауынгердің суреті қойылған немесе атыжөні жазылған (егер де суреті болмаса,
аты-жөні, қызметтік лауазымы жазылған
плакат жасауға болады) транспарантта
қазақстандық Жеңіс лентасы, полктің логотипінен басқа символ болмауы керек.
Транспаранттың өлшемі: А3
Сабы ағаштан немесе пластмассадан жасалу керек. Фотоны шыны жиектемеге
салып, түрлі-түсті етіп шығаруға болады.
Шеру «Мәңгілік Ел» алаңынан басталып,
“Әлия” супермаркетінен аяқталады. Биыл
«Қаһарман ұлт» маршының жолы 0,5
шақырымды құрайды. «Мәңгілік Ел»
алаңының жанында жиналу уақыты сағат
10.00, қозғалу уақыты 10.30 басталады.
Монумент алаңында музыкалық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндер
орындалады.
Қатысуға байланысты
сауалдарыңызға жауапты мына
телефондар арқылы ала аласыздар:
8(71030)50764, 87770489600
Ж.Оңғарова
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Жауапкершілігі жоғары, мықты Біртұтас Ұлт
болу үшін бұқаралық сананы жаңартуымыз
керек. Әлемде жаңа тарихи кезең басталуда.
Жаңаша жаңғырудың ең басты шарты –ұлттық
кодымызды сақтап қалу. Жаңғыру атаулы
бұрынғыдай тарихи тәжірибемен ұлттық
дәстүрлерге керісінше қарамай, озық дәстүрлерді
насихаттау қажет, ел ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарды Рухани жаңғыруға –сананы
жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті:1. Бәсекеге қабілеттілік-бұл жаһандық
нарықта материалдық өнім ғана емес, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурсы. Мысалы компьютерлік сауаттылық, шет тілін білу, мәдени
ашықтық. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім алу», «Мәдени және
конфессияаралық келісім» яғни Қазақстандықтар ХХІ ғасыр талабына сай болу
керек. 2. Прагматизм-өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу соған
сәйкес болашағыңды бағдарлау. 3.Ұлттық бірегейлікті сақтау-өз ұлттық
құндылықтарымызды сақтау, дамуға кедергі болатын кертартпа тұстарынан бас
тарту. 4. Білімнің салтанат құруы–өте жоғары деңгейдегі университеттер, зияткерлік мектептер ашылды. 5. Революциялық емес эволюциялық дамуға тәрбиелеубұл да білім беру жүйесінің рухани жұмысының бір бөлігі болып табылады.
6.Сананың ашықтығы-жаңа технологияның ағыны алып келген өзгерістердің
бәріне дайын болу деген сөз. Сана жаңғыруына байланысты бірнеше жоба
ұсынылды. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Қазақ тілінде «100 жаңа оқулық»
әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілден қазақ тіліне аударып студенттерді
осы оқулықтармен оқыта бастау. «Туған жерге туың тік» білім беру саласында
өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсарту, елдімекенді абаттандыру.
Жергілікті тарихи ескерткіштермен нысандарды қалпына келтіру, жұмыстарын
жүргізу. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша біздің аудандық
кітапханаға 100 томдық «Бабалар сөзі», 2013 жылы «Халық тарих толқынында»
бағдарламалары бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен тарихымызға қажетті
құжаттар жинақталып қаншама кітап қоры толықтырылды. Ел басына түскен қилы
кезеңдерде үзіліп қалған алтын арқау, ұлттық асыл құндылықтарымызды қайта
жаңғырту, өшкеніміз бен өткенімізді еске салар небір игі істер қолға алынуда.Туған
жеріне көмек жасаған жандарды қолдап құрметтеу «Қазақстандағы 100 жаңа есім»
жобасы арқылы замандастарымыздың да тарихына үңілу, мәдениет жобасын іске
асыруда кітап түрінде ғана емес мультимедиялық тәсілдерменде іске асыру
жұмыстары жүргізілуде. Біздің Сәкен Сейфуллин кітапханасында да жаңаарқалық
жерлес жазушыларымыздың кітаптарын әлемдік деңгейде оқытуға кітапхананың
«zhanlib kz» сайтына сандық құжатқа түсірудеміз. Екі ғасыр түйіскен кезде, қазақ
еліне түбегейлі жаңғыру, жаңа бастамалар арқылы болашақты баянды ету, ұлттық
құндылықтарымызды сақтай отыра даму керек.
А.К.Оралбаева,
ақпараттық-библиографиялық бөлім меңгерушісі
Решение Жанааркинского районного маслихата
Атасу кенті
№24/180
28 ақпан 2018 жыл
«Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай
мөлшерлемелерін белгілеу туралы»
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2018
жылғы 16 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4653 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабына,
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына
сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22-желтоқсандағы ХХХІ сессиясының
№31/268 «Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін
белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-12101 болып тіркелген, 2011 жылғы 06-қаңтардағы №3-4 (9430) «Жаңаарқа» газетінде
жарияланған) шешімі;2) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы ХХХІХ сессиясының
№39/343 «Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы ХХХІ
сессиясының №31/268 «Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының
мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-12-115 болып тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашада
№49 (9472) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXIV сессиясының төрағасы
Ж.Абюров
Аудандық мәслихат хатшысы
К.Имантүсіпов
поселок Атасу
№24/180
28 февраля 2018 года
«Об установлении единых ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения»
Нормативно правовой акт зарегистрирован в реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №4653 16 марта 2018 года в департаменте Юстиции Карагандинской области
В соответствии со статьей 546 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года «О
налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)», Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О правовых актах» районный маслихат РЕШИЛ:
1.Установить единые ставки фиксированного налога на единицу объекта налогообложения
согласно приложению.
2. Признать утратившими силу:
1) решение ХХХI сессии Жанааркинского районного маслихата от 22 декабря 2010 года
№31/268 «Об установлений размеров фиксированных налоговых ставок на единицу объекта
налогообложения» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных
правовых актов за №8-12-101, опубликовано в газете «Жаңаарқа» от 06 января 2011 года
№3-4 (9430));
2) решение ХХХIХ сессии Жанааркинского районного маслихата от 10 октября 2011 года
№39/343 «О внесении изменении в решение ХХХІ сессии Жанааркинского районного маслихата от 22 декабря 2010 года №31/268 «Об установлений размеров фиксированных налоговых ставок на единицу объекта налогообложения» (зарегистрировано в Реестре
государственной регистрации нормативных правовых актов за №8-12-115, опубликовано в
газете «Жаңаарқа» от 19 ноября 2011 года №49 (9472)).
3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после
дня его первого официального опубликования.
Председатель внеочередной ХХІV сессии районного маслихата
Ж.Абюров
Секретарь районного маслихата
К.Имантусупов
Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың
бірыңғай мөлшерлемелері
Единые ставки фиксированного налога на единицу
объекта налогообложения
2018 жылғы 28 ақпандағы №24/180 Жаңаарқа аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
Р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
1
2
1. Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған
2. ұтыссыз ойын автоматы
3. Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
4. Ойын жолы
5. Карт
6. Бильярд үстелі
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты
қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырба7. стау пункті
Айына бір объектіге белгіленген тіркелген салықтың
мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіштермен)
3
1
1
1
5
2
3
10
Приложение к решению Жанааркинского районного маслихата
от 28 февраля 2018 года №24/180
№п/
п
1
1.
2.
3.
4.
Наименование объекта налогообложения
2
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока
Персональный компьютер, используемый для проведения игры
Игровая дорожка
5. Карт
6. Бильярдный стол
Обменный пункт уполномоченной организации, расположенный
в населенном пункте, за исключением городов Астаны и Алматы
7. и специальной зоны
Размеры ставок фиксированного налога установленных на
один объект в месяц (в месячных расчетных показателях)
3
1
1
1
5
2
3
10
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы
ел ішінде насихатталуда
12- сәуір күні аудандық мәслихат хатшысы, №10
Қараағаш
сайлау
округінің
депутаты
Қ.А.Имантүсіповтың ұйымдастыруымен Президенттің
әлеуметтік бес бастамасы аясында шағын несие алып
жеке ісін ашуға, ауылдық жерлерде кәсіпкерлерді дамыту мүмкіндіктері бойынша ақпарат түсіндірме
жұмыстарын жүргізу мақсатында Қараағаш ауылының орта мектебінде жергілікті
халықпен кездесу өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының
бірінші орынбасары, аудандық әділет басқармасының, кәсіпкерлік және өнеркәсіп
бөлімнің басшысы, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің, облыстық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директорлары, ауыл әкімі қатысты. Бұл орайда ауылда шағын несие алып, кәсіпкерлікті дамытуда бөлім басшыларының келіп халықпен сұхабаттасуын ауыл әкімі Ғ.Қ.Оспановтың
бастамасымен жүргізілді. Кездесуді аудандық мәслихат депутаты Қ.А.Имантүсіпов
ашып, жүргізіп отырды. «Мен осы округтан депутаттыққа кандидат болып сайлауға
түскен уақытта ауылшаруашылығы мақсатында бағыт алған шаруа қожалықтары мен фермерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің қол жетімді болуына күш салу сайлау алды бағдарламамның бір бағыты.
Жақында Президенттің
бес әлеуметтік бастамасы
жарияланды.
Оның төртінші бастамасы өз ісін ашуға
шағын несие беру
мәселесі.
Ауыл
аймақт ардағы
кәсіпкерлікті дамытуға
бағытталған. Осы мемлекет
тарапынан
көрсетіліп
отырған
көмек несие алудың жолдарын, тәртібі, заңдылықтары жөнінде толық түсіндіру үшін осы
ауылға әр сала бойынша басшылары келіп отыр»-деді аудандық мәслихат хатшысы
Қ.Имантүсіпов. Кездесуде алғашқы сөз алған «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық
филиалының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған
Елбасының халықтың бес бастамасының жаңа бағыттарының әрқайсына жеке тоқталып,
әсіресе төртінші бастама аймақтардағы шағын және орта бизнесті белсендіру
мүмкіндіктерді кеңейтіп, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін аса маңызды екенін айтты.
Кездесу барысында облыстық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Сәулет Рымбеков ауданымызда сәтті жүзеге асырылып отырған “Бастау бизнес”,
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік
бағдарламалардың аясында қанша аудан тұрғындары өз ісін ашуға жеңілдетілген несие
алғаны, бизнесті өрлетуге қанша адам оқығаны, жобаларға қомақты қаржы бөлініп, игерілгені туралы баяндады. Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорының директоры Венера Тоқанова «Нәтижелі
жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған
бағдарламасы» бойынша аудан тұрғындарының қаншасы жұмысқа орналастыруға
жәрдемдесу үшін өтініш білдіргендер жайлы оның ішінде тұрақты жұмысқа
тұрғызылғандар туралы, «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша І бағыты үшін
облыстық бюджеттен,
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек
ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» ІІІ бағыты үшін
республикалық бюджеттен бөлінген қомақты қаржы есебінен қанша адамдар жұмыспен
қамтылғаны туралы айтып өтті. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы
Мұрат Ибраев тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің, оларда жұмыспен
қанша адам қамтылғаны, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің
өсімі байқалып отырғанын, инфляциялық процесстерді тежеуге байланысты әсіресе
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында атқарып
отырған іс-шаралар туралы ақпараттар беріп, мән-маңызын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қоса кездесуде сөз алған аудандық әділет басқармасының басшысы Әбдіқадыр
Әбдіразақов Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы аясында азаматтардың жеке меншік жылжымайтын мүліктерін
мемлекеттік тіркеу бойынша құқықтарын, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
туралы, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімімен тәртіптері туралы толық мағлұмат
берді. Кездесуге қатысқан сала басшылары ел экономикасының негізін құрайтын шағын
және орта бизнес саласын Елбасымыз үнемі қолдап, оның дамуына барлық жағдай жасап
отырғанын тілге тиек етті. Осы ретте сала басшылары өз ісін ашып, шағын бизнесті
дамытуға ниеттеніп отырған ауыл азаматтарға кеңес беріп, түсіндірілді. Ауыл
тұрғындарға сұрақ қойып, жауаптар жүргізілді. Олардың көкейінде жүрген мәселелерді
жеткізді. Ауыл тұрғыны Д.Оразбаев:- Бизнес бастау оқуының қандай тиімділігі бар. Осы
оқуды оқысақ, құжаттарымызды дайындап өткізсек. Шағын несиелерді ала-аламыз ба.
Әлде шегіндіріле бере ме?-деп сұрақ қойды. Ауыл жастарының атынан А.Зекенов ауылда
интернет жоқ, сондықтан бизнес бастау туралы ақпараттарды ала-алмаймыз?-десе,
Зейңеткер ұстаз М.Смайлова осындай түсіндіру жұмыстары жүргізілгені дұрыс, ауыл жастары кәсіпкерлікпен шұғылданғаны дұрыс деп алғыс білдірді. Ауыл тұрғыны
А.Жақыпбекова ауылға бір тойхана керек, сырттағы азаматтар қаржы жинап тойхана салса
деген жоспарымыз бар, дегенмен осы бизнес бастауының көмегімен тойхана салса
жақсы болар еді деген ұсынысын білдірді. Өз кезегінде ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген мәселелер бойынша айтылған өтініш-тілектері мен ұсыныс-пікірлеріне әр
сала басшыларының тараптарынан жауаптар алды.
Кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов қорытындылай келе, Елбасының
төртінші бастамасы ауылдық өңірлерде шағын бизнестердің ашылуына,одан әрі дамуына
зор үлес қосатыны, осы салаға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды халық тиімді
пайдаланып, жемісін көретініне сенім білдіре отырып, осы міндеттерді жүзеге асыруда
барлығымыздың бірлескен ортақ іс- қимылымыз қажет деп қадап айтты. Ауыл
тұрғындарының әртүрлі мүдделік мәселелерін шешу, ауылдың әлеуметтік-экономикалық
дамуына өз үлесін қосуға сенім білдірді. Жиын соңында ауыл имамы М.Смағұлов арнайы келген аудан басшыларына ел атынан рахмет айтып, жұмыстарына табыс тілеп,
алғыс білдірді.
Кездесу аяқталғаннан кейін «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының
және әр сала бойынша бөлім басшылары ауыл тұрғындарымен жеке қабылдаулар
өткізді. Жеке қабылдауларда әр сала басшылары ауыл тұрғындардың атынан айтылған
өтініштерге жауаптар қайтарып, кеңестер беріліп, алдағы уақытта назардан тыс
қалмайтындығын жеткізді.
Аудандық мәслихат аппараты
3
21 сәуір 2018 жыл
Ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент тері мен ауылдары әкімдеріне кандидаттар тір кеу туралы аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хабары
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтері, ауылдық
округтің құрамына кірмейтін кенттерімен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу
қағидаларының 20-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кент және ауыл
әкімдіктеріне төмендегі кандидаттарды тіркеді:
1.Қамиев Ғанибет Рахатұлы- 1983 жылы туған, Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы, Талдыбұлақ ауылында тұрады, ұлты қазақ.
2.Ускенбаев Түлкібай - 1956 жылы туған, Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші маманы, Атасу кентінде тұрады, ұлты қазақ.
3.Балтабаев Қанат Төлеутайұлы – 1974 жылы туған, Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық
округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Атасу кентінде тұрады, ұлты қазақ.
Жаңаарқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына
ҮМІТКЕР
ҚАМИЕВ ҒАНИБЕТ РАХАТҰЛЫ
Өмірбаяны
Қамиев Ғанибет Рахатұлы 1983 жылдың 20 қазанында
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылында
дүниеге келген. 2005 жылы Қарағанды қаржы институтын бітірген. Еңбек жолын 2010-2013 жылдары аралығында Бидайық
ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып істеді. 2013-2018 жылдары аралығында Ақтасты ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс атқарған.
2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Талдыбұлақ ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс істейді.
Бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда мен төмендегі бағытта
жұмыс атқарамын:
1.Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» саясатының округ бойынша тиімді орындалуына ықпал етіп, қадағалау
2.Ауыз су бағдарламасын жүзеге асыру
3.Ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімдерін ұлғайту және мақсатты пайдалануын
қамтамасыз ету.
4.«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз
тұрғындардың арнайы білім алып, жұмысқа тартылып, баспанаға қол жеткізуіне ықпал ету
5.2017-2018 жылдары елді мекендердегі көшелерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша
серпінді жұмыстар атқару
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына
ҮМІТКЕР
УСКЕНБАЕВ ТҮЛКІБАЙ
Өмірбаяны
Ускенбаев Түлкібай 1956 жылы 15- қазанда Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. 2014 жылы
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар
академиясы көлік техникасы мамандығы бойынша дипломын
алды. Еңбек жолын 2003-2013 жылдары Ақтасты ауылдық
округі әкімі болып жұмыс істеді. 2013-2018 жылдары Ақтасты
ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып
жұмыс істеді. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Талдыбұлақ
ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып
жұмыс істейді.
Бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда мен төмендегі бағытта
жұмыс атқарамын:
1.2017-2018 жылдары елді мекендердегі көшелерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша серпінді жұмыстар атқару
2.Ардагерлер алқасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқару, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.
3.Жастар саясатын қолға алу.
4.Жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына
ҮМІТКЕР
БАЛТАБАЕВ ҚАНАТ ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ
Өмірбаяны
Балтабаев Қанат Төлеутайұлы 1974 жылы 14 мамырында
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге
келген. 2008 жылы Қарағанды маңызды білім беретін
«Болашақ» институтын бітірген. 2004-2016 жылдары
аралығында Қызылжар кенті әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Ақтасты
ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып
жұмыс істеді. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Талдыбұлақ
ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып
жұмыс істейді.
Бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда мен төмендегі бағытта
жұмыс атқарамын:
1.Ауылшаруашылығын одан әрі дамыту, жер телімдерін кеңейту, олардың тиімді пайдалануын
қамтамасыз ету. 2.Округтегі өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің түрлерін кеңейту.
3.Көше жолдарын жөндеуден өткізу, жарық шамдарын жөндеу және санын ұлғайту.
4.Тұрғындардың демалыс және салауатты өмір салтын ұстануына демалыс және спорт
алаңдарын салу мәселесін қолға алу.
21 сәуір 2018 жыл
4
" Жаңаарқа" газетіне 80 жыл
Өлшеусіз еңбек - бүгінде тарих
Осы уақытқа дейін "Жаңаарқа
газетіне 80 жыл" атты айдарымен
шыққан
мақалалар
жинағының
келесі
легін
жалғайтын
кейіпкеріміз
Мұңлық Құтбекова.
Мені сыртқы есіктен күлімдей
қарсы
алған
апай,
үстелдің үстін ескі суреттермен
толтырып
қойыпты. -Кір, жоғары
шық, сен сұхбаттасуға келемін деп хабарласқан
соң, есіме түсіру үшін суреттерді алып шықтымдеп қалың қоңыр үш фотоальбомды
нұсқады.
Үстел басына жайғасып,
бірден жұмысыма кірістім. (1 сурет) -"Мына
суретте менің жасым 24те. Мен бұл кезде "Ленотип" машинасын бес
саусақтай білетін маманмын. Суретте қолым қапқара. Алдымда тұрған
газеттің бір беті. Осылай
бізге макетті сызып береді, сосын әріп теруге
бізге береді. Менің жұмысым бет жасаушы қызметі,
яғни әріп теру. Темір әріпті жеке-жеке теріп,
құрастырып, қорғасын құйып, газет бетін басып
шығарамыз. Алдымен бізге макетті үлкен қағазға
сызып береді, сол бойынша мақалаларды орналастырып, суретін бәрін келестіріп, сыйғызу біздің
жұмысымыз. Ол кезде ең үлкен шрифт 48 болса, бізде
стандарт 10 деген шрифтті қолдандық. Ең кішісі 8 болатын. Тақырыптарға келгенде үлкен әріптерді
қолданамыз. Кейде сол әріп сыймай қалып,
тақырыптан бастап кішірейтіп, мақаланы қайта теретін күндеріміз да болған"-, деді Мұңлық апа әңгімесін
бастап кетті.
-1949 жылы 25 желтоқсанда Жаңаарқа ауданында
дүниеге келдім. 1966 жылы ауданымыздың В.И.Ленин
атындағы орта мектепті тәмәмдап, 1967 жылы
Қарағанды қаласына қарасты Долинка елді мекеніндегі оқу орнына
есепші мамандығы бойынша оқуға түстім. Студент атанғаныммен
бір жылдан соң науқас әжемді қарауыма байланысты оқудан
шығуға мәжбүр болдым. Келесі жылы яғни, 1968 жылдың аяғында
ауданымыздағы типаграфияға қызметке тұрдым. Бастапқыда жай
қызметкер ретінде бастап, кейін сол жердің білікті қызметкері
Мақфуза Кейковадан сабақ алып, 2-3 ай үйреніп, бет жасаушы
қызметіне орналастым. Сол кезде типаграфияның басшысы Жақан
Қасқатаев болған еді.-деп өткен күннен сыр
шертті.
20 жастағы өрімдей жас қыз болса да,
өмірдің қиыншылықтарына мойымаған
Мұңлық апа 1968 жылы Ермек Оспанов деген
азаматпен отбасын құрады.
-Биыл Ермек екеуміздің отбасын
құрғанымызға 50 жыл болды- деп келесі суретті қолына алады. Бұл А4 форматындағы
үлкен сурет (2 сурет) Мұңлық апа мен Ермек
атаның отбасылық өмірлеріне 50 жыл толуына орай жасаған "Алтын тойларында"
бала-шағасының ортасында түскен сурет
екен. Осы арада мен апайдан балалары мен
жолдасы жайында сұрадым.
- Жолдасым Ермек - теміржолшы. ПМС-та
жол шебері және теміржол бойының байланыс қызметін атқарды. Отбасын құрған соң
бір жылдан соң, тұңғышымыз - Мейрам
дүниеге келді. Қазіргі кезде Сәтпаев қаласында шахтада шахтер
қызметін атқарады. Бұдан соң, Жезқазған қаласында тұратын 1971
жылы туған Алтын деген қызым. Ол іс тігумен айналысады. Көрпежастық, шапан-камзол, қыз жасауы сынды ұлттық үлгіде әр түрлі
заттарға тапсырыстар алып, сонымен ісін дөңгелетіп отыр. Алтыннан кейін 1972 жылы дүниеге
келген ұлым - Нұрлан. Осы
тұрып
жатқан
қара
шаңырағымыздың иесі, үйдегі
қасымыздағы баламыз. Ал, 1976
жылғы қызым - Әсия болса,
Астана қаласында аэропортта есепші қызметін атқарады. Кенжеміз
1986 жылы Нұржан әке жолын қуып, теміржол саласында қызмет
атқарады. Ауданымызға қарасты "ПЧ-28" мекемесінде мастер.
Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере-жиен, шөбере сүйіп,
бақытты ата-әже атанып отырған жайымыз бар,-деп кеудесін
мақтаныш сезімі кернеген Мұңлық апай өз отбасы жайында осылай
деді.
Бұдан соң ескі суреттерге тағы оралдық. Үлкен машинаның
қасында жұмыс жасап жатқанда түскен суретті көзім шалды. Осы
сурет жайлы сұрағанда: (3-ші сурет)
- Бұл суретте әйгілі "ленотип" машинасының қасында газетті тексеріп, түзетіп жатқанда түскен сурет болса керек. Мынау тұрған
Шәмшия Тайтөлеуова мастер қызметін атқаратын, ал мына келіншек
- Қапиза Асқар. Ол газетте корректор болып жұмыс жасайтын. Бет
жасаушы, мастер, корректор осы үшеуіміздің қызметіміз бір-бірімізбен өте тығыз байланыста болды. Мастер барлық макет
сызушының жұмысынан соң, атқаратын жұмысқа жауап беретін. Газетте түрлі өрнектерді қолымен ою ойғандай өлшеп әр жерінің
қисық-түзу екенін тексеріп, темірден ойып алатынбыз. Бұдан соң
қорғасын құйып, бет жасаймыз. Біз өз жұмысымызды аяқтаған соң,
корректор қателерді тексереді. Бір әріптен қате кетсе, сол
мақаладағы қате кеткен сөйлемді қайта басамыз. Сондықтан ұжым
боп барлығымыз біріміздің жұмысымызға біріміз көмектесіп, бірлемсе жұмыс жасаймыз. Мына сурет осы сөзіме дәлел болса керек.
Қапиза корректорымыз әріп тергенде қадағалап қате болса түзетіп,
бірге жүретін. Жұмыс аяқталып, газет кеткенше ұжым боп қызмет
атқаратынбыз,-деп өткен күнді еске алды.
Мұнан соң, Мұңлық апайдан қызмет атқарған жылдары қызметтес
болған әріптестері жайында айтуын сұрадым.
-Мен типаграфияда қызмет жасағанда Бұқпа Әшімов, Қалиақпар
Әбділдин, Ұзақбай Мұқышев, Шәмшия Тайтөлеуова, Болат
Сақауов, Жұмкен Сүлейменов, Гүлзия Әбдіқалықова, Әсия Оспанова, Раукен Ашықбекова, Гүлжамила Бишімова, Мағжан Садыханов, Бәти Жексенбекова, Асан Жұмаділдин, Кәукіш Түсіпова,
Амантай Нығатайев сынды тұлғалармен қызметтес болдым. Міне
мына суретте 4-ші сурет Шолпан Қасқатаева, Қалампыр Матина,
Мұңлық Құтбекова, Тойбала Төкенова, Торғай Темірбекова,
Күлшетай Түйебаева, Смайлова, Жанат Сәдуақасаова, Мэлс
Сәдуақасов, Рымкүл Түсіпова секілді әріптестермен түскен сурет
деп,- келесі суреттегі әріптестерін тізбектеп айтып берді.
Сол жылдары газет 5000-дай тиражбен қазақ тілінде, 3000-нан
астам орыс тілінде аптасына үш рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі, жұма
күндері шығып отырған. Қызу жұмыстың ортасында жүріп, күн
демей, түн демей еңбек еткен мамандардың еңбегі біз үшін қашанда
үлкен тарих. Сол жылдары газеттің жұмысы қаншалықты қиын
болса да ешқашан тоқтаған емес. Бүгінде 80-жасқа толатын газет
ғұмырында қызмет жасаған осындай ірі тұлғалардың өлшеусіз
еңбегігің арқасында газет ғұмыры, газет тарихы ешқашан өшпейді
деп білемін.
Рахат Өмірбекқызы
Жаныма жақын
басылым «Жаңаарқам»
«Жаңаарқа» газеті Жаңаарқа ауданының әр
азаматының газеті. Бала кезімнен көргенім
ауылдағы әр тұрғынның алдымен қолына
алатын газеті аудандық «Жаңаарқа» газеті болатын. Үйге келетін қалың газет- журналдың
арасынан әкем алдымен «Жаңаарқаны» алып
оқитын. Әкем
қарап
біткенше үйдегі
басқалар оны айналшақтап газеттің босауын
күтетін еді. Отбасымыздағы осы жағдай
біздің ауылдағы әр үйде болатын. Аудан
көлеміндегі жаңалықты жалықпай жазатын
бұл газеттің әр беті ыждахатпен оқылып, газетті қарап, оқымағандарға -«Жаңаарқада»
жазылыпты, ана совхоз алға шығыпты, мына
сала сыналыпты деген сияқты әңгіме
жүретін. Газетке ауылдың біреуі шықса,
біреуінің мақаласы жарияланса ол үлкен жетістік болатын. Сол газет үйдегі ең қадірлі
орын сандықтың түбіне салынатын. Жұрттың
бәрі жапатармағай оқитын «Жаңаарқа» газеттін бәріміз қарап шығумыз керек деп ойлаған
болуым керек мен де әріп танығаннан
“Жаңаарқаны” оқитын болдым. Әкем Айкен
Асанова мен Ұзақбай Мұқышевтің мақаласын
көргенде марқайып қалатын. (бірі жиен бірі
нағашысы). Көбіне өзім танитын адамдар
мен танитын
ағаларымның мақаласы
шыққанын қалаймын. Кейін Ақтау ауылынан Амантай Нығатайұлының мақалалары,
Жаңбырбек Рысбеков пен Қойлыбай
Асановтың өлеңдері жарық көре бастады.
Осы тұста мектептегі іс-шаралар жайлы
менде жазатын болдым. Сөйтіп «Жаңаарқа»
менің сүйікті
газетіме
айналды.
Мақалаларым мен өлеңдерім мектеп кезінде
газеттің бетіне басылып, қаламымның
ұшталуына септігін тигізді. Мені журналистік салаға да әкелген осы «Жаңаарқа» газеті болатын.
Көзді ашып жұмғанша 11 жыл зулап өте
шығыпты. Күні кеше редакцияның есігін
имене ашып, бас редактор Дүйсекеңнен
(Дүйсенбай Жұмасейітов) журналистік
жұмыс бар ма?-деп өтініп, іле тілші болып
жұмысқа қабылданған едім.
Міне содан бергі аралықта сүйікті газетіммен біргемін. Ауданымыздың қоғамдық
саяси газетінің 636 номерінің жарық көруіне
мен де үлес қосқаныма мақтанамын.
«Жаңаарқа» газеті алдына айқын мақсат
қойған
басылым. Аудандық
газеттен
қарымды қаламгерлер қанаттанса, жас
таланттың бойына шабыт ұялап, қияға қанат
сермеген. Оған дәлел аға буын өкілдерінің
өлең, жырлары, естелік эсселері. Аудан
өмірінің әр кезеңіндегі сәттерін тілші-журналистер әр стильде жазып, орамды оймен
толықтырып, газеттің айшықты бетінен орын
беріп, бұқараға таратудан жалыққан емес.
Аға-апалар салып кеткен сара жолмен кейінгі буын қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Сексен жылдық тарихы бар төл газетімізде
өз мамандығын риясыз сүйетін, сөз қадірін
білетін, сөйлеммен сурет сала алатын, қара
сөздің қадіріне жеткен тілші мамандар, журналистер, мұғалімдер еңбек етті. Газет
аудандағы баспаханадан теріліп басылатын
болған сол жылдары баспаханадағы ағаәпкелеріміздің
де
еңбегі
орасан.
Баспагерлердің өткен күндері жайлы сыр
шерткенде қызықта қиын жұмыстарына еріксіз риза боласың. Бір бірімен қабыса, біте
қайнасып, газеттің жарық көруіне атсалысқан
екі еңбек ұжымының өлшеусіз еңбегіне бас
иесің. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап жарық көрген газетте сан саладағы
мақалалар жарық көріп, бұқараға жол тартты.
Сол қалпынан жаңылмай бүгінде өздеріңізге
қызмет етіп келеді.
Ауданымыздың айнасына айналған сүйікті
басылым аудан тұрғындарының әрқайссысына
қажетті басылым деп ойлаймын. Туған ел
мен жердің тарихын, биліктегі ақпараттар
ағынын,
жағымды
жаңалықтарды,
мақтанатын ұл-қыздың ұлағатты өмірін,
еңбекші таптың қастерлі маңдай терінің
өтеуін, жеңімпаздардың жетістігін, бәсте бағы
жанғандардың марапатын, естен кетпес естеліктермен жүрекжарды
құттықтауларды
өздеріңізге апта сайын жеткізетін сүйікті басылым 80 жасқа толды.
Жаңаарқа ауданының «Жаңаарқа» газетінің
мерейтойы құтты болсын. Орамды ой, келелі
кеңес, тұщымды тақырыптағы туындыларымыз таусылмасын.
Газет ұжымы мен газеттің сүйікті
оқырмандарына бар жақсылықты тілейміз.
Бейбіт өмір аясында, ашық аспан астында,
ынтымақ пен
бірлікте ауданымыздың
өркендеуіне атсалыса берейік.
Салтанат Аманқызы
5
Жансерігім - "Жаңаарқа" жадымдағы жылдар
"Жаңаарқа" газеті мен сүйіп
оқитын басылымдарымның
бірі. Бірі емес бірегейі десем
де артық айтқандық емес.
Бұл мектепте оқып жүрген
кезімнен,
яғни,
жас
шағымнан
қалыптасқан.
Сондықтан, оған үзбей жазылып, тұтынып тұратын
оқырмандар қатарынанмын.
Аталмыш үнқағаздың мені
тұрақты оқырман етіп, алуының себептері бар. Онда
жарияланған материалдар аудан өмірінің сан саласында болып
жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды, елеулі оқиғаларды, экономиканы арттыру жолындағы табысты еңбек пен
жаңашылдықты еңбек адамдарының бейнесін әр қырынан суреттеп, тартымды танытады.
Жергілікті журналистер мақалалары мен хабарлары, корреспонденциямен очерктері, репортаждар мен фельетон т.б. жанрда
жазылған туандылары кімді де бейжай қалдырмағаны анық.
Жергілікті ақын-жазушылардың, талапкер жастардың
шығармалары газеттің "Сенбі" немесе "Поэзия" беттерінде жарияланып тұратын. Әсіресе, жазушы, жерлесіміз Асан
Жұмаділдиннің, Төкен Әлжантегінің әңгімелері мен повестері,
ақындар Сайлаухан Нәкенов, Хамит Жаманов, Еркін Игенберлин, Хамит Дәрібаев, Сатыбалды Қызыровтың сыршыл да нәзік
лирикалық өлеңдерін қызыға оқитынмын және асыға
күтетінмін. Бұл да менің "Жаңаарқа" газетіне деген
ықыласымды, құштарлық сезімімді арттырғанын айтуым керек.
1969 жылы аудан орталығындағы автомектепте оқып жүргенде
алғаш рет "Тұңғыш өлең" деген тақырыпта өлең жазып,
редакцияға табыс еттім. Көп кешікпей жарыққа шықты. Қатты
қуандым.
«Осы еді соншалықты ойланып бір,
Алғашқы туындымды бастағаным.
Бойынан төге салмай қиналып тұр,
Жаттығып төселмеген жас қаламым»- деп басталатын еді балауса туындым. Ізінше редакция қызметкерлеріне
ыстық ықыласымды білдіргем. Содан кейін журналист
ағаларыммен жиі араласып кеттім.
Газеттің бұқаралық сипат алып, оқырманның көңілінен шығуы
ең алдымен ұжымның ұйымшылдығына, қаламгер атаулының
қарым-қабылетіне тікелей байланысты. Мен редакцияда қызмет
атқарған (1975-1982) жылдарда осыған әбден көзім жетті. Біліктілік-жазудағы шеберлік, ұдайы іздену, үйрену арқылы
тәжірбиені ұштау-материалдардың тартымды әрі мазмұнды
болып, оқырмандарын баурап алуына игі ықпал етеді.
Осы орайда, Қазақсатн Республикасы журналистер одағының
мүшелері-Бұқпа Әшімов, Қалиақпар Әбілдин, Өміртай
Жақыпов, Ұзақбай Мұқышев, Сайлау Беспаев, Мағжан Садыханов, Сәбит Бексейітов, Амандық Рахов, Хамит Дәрібаев,
Қашқынбай Сейсекеев, жазушылар- Асан Жұмаділдин, Төкен
Әлжантегінің есімдерін аса құрметпен атаймын.
Мен редакциядан "бесжылдықтар белестерін бағындырған",
коммунистік идеологияның ұлттық санаға тоталитарлық жүйені
әбден орнықтырған кезеңде жұмыс істедім. Басшылық нені тапсырса соны орындауға тура келді. Әрбір журналистің өзіне тиесілі атқаратын міндеті бар. Әрбір жүктелген іске әр қырынан
келісіп келуің керек.
Жалпы, журналистік өмір - мағыналы машықтану мен жан арпалысы. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін кәсіп екенін
екінің бірі біле берер ме екен? Екінің бірінің қолынан жазу өнері
келе бермейтінін ескерсек, қаламгер болу үшін жас шағыңнан
бейімділік пен қабілет, қысқасы, талап пен табиғи таланттың
болуы керек.
Редакция ұжымы талантты жасқа үлкен тәрбие мектебі екен.
Қалам тербеген аз жылда соны ұқтым. Біршама үйрендім. Білмегендерімді білуге талпындым. Іскерлікпен ысылған,
тәжірбиесі толыққан, ардақты ағалар: Б.Әшімов, Қ.Әбілдин,
Ө.Жақыпов, А.Жұмаділдин, Ұ.Мұқышев мен құралпы жастарға
үнемі үйретіп, бағыт беріп отырды. Апта сайын лездеме
талқыдан өткен, жақсы жазылған материалдар мадақталып, жігерлендіретін.
Ол кезде "Жаңаарқа" және "Новая Степь" газеті аптасына үш
рет шығып тұратын. Кей нөмірлерді қосымша немесе айрықша
беттермен жарық көретін. Материалдарды орысшаға тікелей әрі
әр вариантта аударушы "Новая Степь" газетінің редакторы
Күлшетай Түйебаева мен орыс тілді қарт журналист
П.С.Тұрышевтің ерен еңбегіне ризашылық сезімде болатын едік.
Редакция қоржынының хат-хабардан кенде болған кезі жоқ.
Көпшілігі штаттан тыс тілшілер, тұрғындар мен жастардікі. Әр
тақырыпта қозғаған мақалалар, хабарлар, біразы өлеңдер.
Газеттің арқа сүйер тірегі әрі жанашыры да осылар. "Рассвет"
совхозынан С.Қамболова, С.Сейфуллин атындағы совхоздан
Ф.Сүлейменов, аудан орталығынан С.Сейфуллин атындағы орта
мектептен Б.Ысқақова ж.б. штаттан тыс тілшілердің редакциямен тығыз байланыста болып, белсенді атсалысуларынан
"Жаңаарқаның" тақырыпты көкжиегі кеңейіп, мазмұн
сапасының арта түскенін айрықша айтуға болады. Әсіресе,
Әйткен Диқановтың орны бөлек. Оның қаламынан шыққан
еңбек адамдарының өмірін бейнелеген мақалалары мен очректері оқырманды ерекше әсерге бөлейтін. Қанша айтқанымен
ұзақ уақыт үлкен басылымдарда қызмет атқарған қарымды
қаламгер ғой. Сол себепті де ол кісіден түскен материалдар
көбінесе өңделмей сол күйінде өндіріске жіберілетін.
Енді жоғарыда аттары аталған аға буын журналистердің кейбір
ерекшеліктері мен қабілет қырларына аз да болса тоқтала кетуді
жөн көріп отырмын. Мені редакцияға жұмысқа алған марқұм
Бұқпа Әшімов еді. Редактор бастапқы күндерден-ақ, ақылын
айтып, жол нұсқаған.
"-Жақсы" журналист болу оңай емес. Дұрыстап ізденіп, үйрену
керек. Бізде тәжірибилі журналстер бар. Анау Өміртай, Асан,
Ұзақбай... Мәселен, мен очеркиспін. Оның үш түрін меңгерген
адаммын. Менің очерктерімді оқымасаң оқы»,- деген еді. Расында да айтқандай екен. Очерктер сюжетіне, қызықты оқиғаға
құрылған, тілі шұрайлы, оқуға жеңіл. Бөкеңнің өзіне тән стилі,
үні бар. Әр сөйлемін қысқа қайырады. Диалогтарды тиімді келтіріп, шебер өрістетеді.
Бөкеңнен кейін Қалиақпар Әбілдин редактор болды. Аудандық,
облыстық газеттерде қызмет атқарып, ысылған журналист. Жанжақты сауатты адам. Басшылықта да, шығармащылықта да өресі
жоғары, зор қабылет иесі. Әр салада, түрлі жерде қалам тербеп,
тұшымды ой толғайды. Қысқа да нақты жазады. Аз сөзге көп
мағына сыйдырады. Мұны әріптертері де мақтанышпен айтады.
Өз басым құрмет тұтып, үлгі алуға тырыстым.
Ал, аға журналист Өміртай Жақыповтың орны айрықша. Еңбек
тәртібі де қызықтырады. Редактордың орынбасары, Партия
тұрмысы бөлімін меңгерген ағамыз көбінесе ресми стильде жазатын. Жұмыс бағыты да соған лайық. Тайпалған жорғадай жазу
мәнерінен жаңылған емес. Қаламы жүрдек. Өрнегінен сол
кісінің туындысы екенін ажырату қиынға соқпайтын. Айлық,
апталық жоспары бойынша жұмыс жасауды әдетке
айналдырған. Күнтізбеге жазылуға тиісті материалдардың
тақырыптарын алдын ала жазып қойып отыратын. Қалыптасуын
еңбек тәртібіне тәнті боласың.
- Тістенбей бойларыңды еркін ұстап жазыңдар. Жазу әдістерін
тез меңгеріп, алғандарың жөн,- дейтін. Ол жас қаламгерлердің
физикалық, психологиялық жақтарын ескерген екен. Әзілдеп
сөйлеу әдеті.
Өмекеңді еске алғанда, ҚР Журналистер одағының мүшесі,
бұрыңғы облыстық кейін қалалық болған "Сарыарқа" газетінің
меншікті тілшісі қызметтерін атқарған Амандық Рахов былай
деді.
- Өмекең қаламы жүйрік, білікті журналист. Аудандық газеттің
тілі мен стилін жетік меңгерген екі адам болса, біреуі Өмекең
ағам. Көп нәрсені үйрендім. Үлкен құрмет тұтам.
Жазушылар одағының мүшесі, журналист Асекең (Асан
Жұмаділдин) туралы сөз айту аса жауапкершілікті жүктейді.
Әдебиет теориясы мен граматикасын, журналистиканың
қырларымен қатар ұштастырған білімді, интеллектуалды адам.
Бір жағынан күрделі де ауылшаруашылығы бөлімінің
меңгерушісі. Бөліммен қатар орналасқан шаруашылықты
өркендетуге бағытталған проблемалық мақалалар, еңбек озаттары жайлы очерктері, әңгіме, повестерінен үзінділер жиі жарияланып тұрды. Диапозоны кең, өзіндік жарыста этникалық
маштапта қалам тербеді. Дара үнімен жазушылық бейімі бірден
аңғарылады. Тіл мәдениеті мен көркемдігі үлгі боларлық
қаламгердің еңбек жолы мен шығармашылығы өз алдына
әңгіме.
Аттары аталған аға буын қалам иелерінің көзі тірісі - Ұзекең
(Ұзақбай Мұқышев) ақсақал ғана. Ақ қөңіл, ақжарқын бауырмал
адам. Жауапты хатшылық міндетін мүлтіксіз атқарумен қатар,
әр жанрда қалам тартады. Шебер қолдан шыққан очерк, корреспонденция, мақалалары елеулі әсер қалдырады. Қаламмен
жазғаннан гөрі машинкаға тікелей оқып отыруды (диктовка жасауды) әдетке айналдырған. Қарап отырып сүйсінесің.
Көпті бастаған көмсемдей көш бастаған аға журналистері бар
ұйымшыл ұжымның жемісті еңбектерінің арқасында
"Жаңаарқаның" әр нөмірі ажарланып, оқырман қауымға жол
тартады. Газетке жазылушылардың саны арта түскен.
Социалистік Еңбек Ері Сатан Ысқақов, аға шопан Қыстау
Сәденов, Ленин орденді механизатор Нариман Ибрахимов,
Еңбек Қызыл Ту орденді малшы механизаторлар: Серік Жайлыбаев, Бүркітбай Нұрмағанбетов, Тұтқышбай Нұрмағанбетов,
Шубай Әлібеков, ІІ-ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің кавалері Қылыш Халилин, Жанат Иманмұсаев және басқа да
көптеген әр саладағы еңбек майталмандарының ел игілігін еселеу жолындағы озат тәжірибелерін кең таратып, насихаттауда
газет елеулі рөл атқарды.
80 жылдық мерекеге орай сүйікті басылымым жайлы осы
естелікті жазғанда, айтулы авторлардың шығармаларының атын
атап, түсін түстеуді жөн санадым. Себебі, қырық жылдай уақыт
өткенде көпшілігі есімде толық сақталмады.
Журналистік кәсіптен қол үзсем де, тұсауымды кескен, рухани
қанатымды қақтырған, жансерім - "Жаңаарқаның" тұрақты
оқырманымын. Туған ауылымда жаздыртып, алып тұрамын.
Ара-кіндік мақала мен өлеңдерім шығып тұрады.
"Жаңаарқаның" беделін биіктетіп, абыройын асқақтатқан
ардақты ұстаз - аяулы ағаларды сағына еске аламын.
Бүгінде аудан өмірінің айнасы әрі шежіресі саналған
"Жаңаарқа" газеті заман талабындай уақытымен үндесіп,
тұғыры биік тәуелсіздігімізді баянды ету жолында
шығармашылық белестерден көрініп келеді.
Мерекелеріңіз мерейлі, құтты болсын, әріптестер! Ашық аспан
аясында есен-сау болып, лайықты қарсы алайық!
Болат Асанов,
ақын, Халықаралық М.А.Шолохов
атындағы медалінің иегері
21 сәуір 2018 жыл
Ауданның - айнасы
"Жаңаарқа" бала кезден сырласымдай,
Құмарым әлі өзіңе жүр басылмай.
Көңілім сені оқымай көншімейді,
Қауыздан тұрған сынды гүл гүл ашылмай.
Кеуілім көз қадамай көншімейді,
Түйсігім дәл деректер еншілейді.
Ауданның шежіресі, айнасасың,
Ақпарат атаулыда ең шырайлы.
Жаңалық, жетістікті жайып салдың,
Кемшінді кескіндесің айыптар кім?
Тұғыры мен ғұмыры деп білемін,
Пайымды парасат пен байыптардың.
Заманның ұқтырғандай сабақтарын,
Қыранның қақтырғандай қанаттарын,
Талантты ақын, ғалым, жерлестердің,
Кезінде ұштағансың талаптарын.
Адамның қабылеті зор ұғар жанын,
Шырайын ширатқансың шығарманың.
Туындым: "Тұңғыш өлең" шыққан кезде,
Аспанға бөркімді атып, қуанғанмын.
Қаламды тербегенсің әр саладан,
Әйгілеп есімдерін қаншама жан.
Тиімді тәжірбие, тың мәселе,...
Қамтудан басылымсың шаршамаған.
Қолтаңбаң - мезгілдердің ағысында,
Туған ел - ар-иманың, намысың да.
Ауданның дамуында үлесің зор,
Үнің бар, тынысың бар табысыңда.
Жасай бер, жалғай берші текті ісіңді.
"Ол - елдің игілігі" деп түсіндім.
Мерейтой мәртебелі, құтты болсын!
Тұғырдан тайдырмасын бақ - құсыңды!
Болат Асанов
“Лениндік жол” газетіне-25 жыл
Ауданымыздың айнасы
Жаңаарқа ауданының өскелең мәдениетінің айғағы не
деп сұраса біреу халыққа қызмет етіп отырған әртүрлі
советтік, қоғамдық орынды айта келіп, соның ең негізгісі өз газеті бар ол “Лениндік жол” дер едім.
Ауданның шынайы да, көркем, шындықты айтып та
сын көтеріп, отты сөз, орамды тілімен мансап
қордың, жалқаудың ескілік елесінен арыла алмай
жүрген бейбақтардың санасын сауықтырар ем
жұмсаған, ердің ерлігін мақтап, ақынның алғашқы
қадамын халыққа танытқан, жақсылықтың жаршысы
болған “Лениндік жол” жиырма бес жасқа толып
отыр.
Ауданымыздың жасы кемелденген бұл газеті советік
өмірдің соңғы 25 жылдығында партия, совет
органдарының үнін жұртшылыққа жеткізіп отырды.
Бұның бетінде бесжылдықтар жоспарын артығымен
орындау үшін күрескен аудан ерлерінің жұмысы
жарқырады. Ұлы Отан соғысы кезінде жауға
өшпенділік сезімін тудыратын отты, кекті сөздерді
оқыды жұртшылық. Сол газет қазір ержеткен, есейген,
партиямыздың коммунизм орнату жолындағы шешімдерін оқып отыратын, көріп отыратын айнасы болып
отыр. Газет соңғы жылдары талғамы, талабы өскен
аудан жұртшылығының көңіліне ұнап келеді. Бұның
бетінде очерк, суреттеме, малшы, дихандардың іс
тәжірибесі үзбей басылып отырады. Ара-тұра әңгімефельетон да қара көрсетіп қоюда. Аудандағы қалам
ұстай бастаған жас талапкерлердің кәдеге асар
өлеңдері үзбей басылып жүр.
25 жасқа толған мерекесі үстінде “Лениндік жол” газетіне ауданымыздың, аймағымыздың айнасы бол
деген ниет білдіреміз. Еңбектегі ерлер өмірін жақсы
дос, жанашыр газет тілімен жазып, келелі ойға кең
өріс жасайды деп сенеміз.
Асан Жұмаділдин, 25 сәуір 1962
“Жаңаарқа”газетіне-50 жыл
Арнау
Жыртылған жерге алғашқы дәнді сепкенде,
Елу жыл бұрын маужырап тұрған көктемде,
Дүр ете қалды арқаның ой мен қыраңы,
Аудандық газет шықты деп хабар жеткенде!
Ол кезде мен, өмірге тіпті келмегем,
Осылай ұқтым мезгілді сол бір көрмеген,
Бірінші санын әлі де оқып көргем жоқ,
Көрермін бірақ музейден, бәлкім көрмеден.
«Лениндік жол» - ауданға, бізге арнаған,
Сен десе көңлі селт етпес елде бар ма адам?
Торқалы тойың менің де тойым емес пе,
Қалалық деп бөлмеңдер мені Арқадан!
Жылдар бойы жаздырып оқып келемін,
Қабыл ал, Шашу тойыңа мына өлеңім!
Даусыңда өсер, көлеміңде өсер кезінде,
«Лениндік жол», «Жаңа Арқа» саған сенемін.
Қ.Кентаев (Қаражал қаласы)
21 сәуір 2018 жыл
ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН ӨШПЕС ІЗ
6
Марал ағамыз Жаңаарқа өңіріндегі мақтаныш тұтатын
азаматтарымыздың бірі болды. Жас кезімде үйге ағайындардың
үлкендері жиналған кезде, ол кісі туралы түрлі мақтау айтып,
тілге тиек етіп отырғандарын талай естідім. Әрбір рудың адамдары өзідерінен шыққан жақсыларын алға тартып отыратын
әдеті емес пе? Біздің ағайындар Жаңарқаның РТС (ремонтнотракторная станциясы) деген жерде шоғырланып, бір аумақта
тұрды. Бір-бірімен көрші - қолаң, аралас-қоралас отыратын.
Содан болар, бір - бірлерін жиі қонаққа шақырып ұйымшылдық
танытатын. Әдемі кештерді бірге өткізетін. Кейін елді мекеннің
тұсымен Ертіс каналы салынып, басшылары осы жерде
болғандықтан «Ертіс-Каналстрой» деп атап кетті. Менің
балалық шағым осы «РТС» деген жерде өтті. Марал ағамыздың жақын ағайындары біздің үйден
жақын жерде тұрды. Мен олармен етене араластым, кейін орталыққа қарай көшіп кетсек те,
ауылдан тыс кетсем де үйлерінде жиі болып жүрдім. Үйлеріне келгенде мені қуана, құшақ жая
қарсы алатын. Үлкендері Орал апамыз, менімен құрдас Зәрубай, одан кіші Бүркіт, Рахат,
Гүлмира, Айгүлдер бүгінгі күндері еліміздің әр түкпірінде балалы, немерелі болып өмір сүріп
жатыр. Бірі Алматыда болса, біреулері Қарағанды, Сәтпаев қалаларында, Жаңаарқа кентінде
тұрады. Бір әулеттің балалары әр кезде ұйымшылдық көрсетіп, жақсы тәрбие көрген, өнегелі
шаңырақтың үлгісін көрсетуде. Сол әулеттің үлкені Маркен (елдің арасында ол кісіні осылай
атайтын) ағамыз сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің төресі болды десем, артық айтқандығым емес.
Ағамыздың сымбаттылығы сырт көзге сүйкімділік танытатын. Өзіне жарасқан әдемі мұрты келбетін елден ерекше етіп, жанына сұлулық беріп тұратын. Біз балалар, өскенде осы кісіге тартып,
сері болсақ деп армандап қоятынбыз. Ағамыз домбыра шертіп, күй тартып, әсем қоңыр дауысымен нақышына келтіріп ән салатын. Шырқаған әндері радио мен теледидарда жиі беріліп
тұрды. Ол кісі шырқаған «Аққұм», «Екі жирен» атты халық әндері, Қасым Аманжоловтың «Өзім
туралы» әні құлаққа өте жағымды естілетін. Сол кезде ағамыз айтып жатыр деп төбеміз көкке
сәл ғана жетпей жататын. Ағайындардың балаларының барлығы соны мақтан қылатынбыз. Кей
күнгі кештерде қолына домбыра алып, ән шырқап беретін. Сол күйімен отырыстардың әрін де,
сәнін де келтіруші еді. Маркен ағамыз «Жаңаарқа», «Новая степь» газеттері редакциясында
қызмет етті. Ол уақытта мен Н.К.Крупская атындағы мектебінің оқушысымын. Ағамыздың
жұбайы Рымбала Кенжебайқызы маған физика - химия пәндерінен сабақ берді. Жеңгеміздің
шәкірті болдым. Мектеп бітірген соң Отан алдындағы борышымды өтеу үшін әскер қатарына
шақырылдым. Сол жақта жүргенімде үйдің іші Көктіңкөлі ауылына қоныс аударды. Ол кезде
ауыл Жаңаарқа ауданына қарайтын. Мен әскерден келгенде Шет ауданының қарамағында болды
да, кейіннен жаңадан ашылған Ақадыр ауданының әкімшілік аумағына ауыстырылды. Ағамыз
1973 жылдан бастап жаңадан құрылған ауданның «Ақадыр таңы», «Агадырская новь»
газеттерінің бас редакторы болып тағайындалды. Сонымен бір ауданның тұрғындары болып
кеттік. Мен «Көктіңкөлі» кеңшарында (совхозында) комсомол секретары болып қызмет еттім.
Жұмыс бабымен ауыл жастары туралы жиі мақала жазып тұрамын. Орыс тілінде. Мақалаларым
ешбір кедергісіз газет бетінде жарияланып жүрді. Сол кезде ағамыз «сенің қаламыңның қарымы
бар, тоқтамай жаза бер»,- деп кеңес беретін. Осы сөздері маған ерекше шабыт беріп жүрді. Редакция басшылары жыл сайын аудан орталығы – Ақадыр кентінде 5-мамыр – Баспасөз
қызметкерлері күніне орай салтанатты жиналыс ұйымдастыратын. Соңы дәстүр бойынша
спорттық жарыс түрі - жеңіл атлетикадан кросс жарысымен жалғасын тауып жататын. Мерекеге
орай штаттан тыс тілшілерге марапаттау рәсімі болғанда мен де түрлі грамота мен бағалы
сыйлықтарын алып жүрдім. Бір жағынан ағамыздың бір бүйрегі бұрып жүрді ме, әйтеуір ол
кісінің уақытында газеттің жылда үлкен жанашыры атанып марапаттан тыс қалып көрмеппін.
Сол кездері аудандық газетте Айтақын Жексенбаев, Төрехан Майбас, Елена Теткина, Шыныбек
Смағұлов, Ізбасар Қабдрахманов, ақиық ақын Свет Оразаев, Амандық Рахов, тағы басқалар
қызмет атқаратын. Олардың барлығы ағамыздың қол астында болып, жаңадан құрылған
ауданның тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасты. 1981 жылы мен Ақадыр аудандық комсомол
комитетінің аппаратына ауысып келдім. Бас кезінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып,
кейін ІІ-секретары болып сайландым. Сол уақытта қызмет бабымен редакциямен көп араластым. Аға – жеңгеміздің үйінде де жиі болып жүрдім. Ол үйдегі анамыз – Әлкен апа үйлеріне
шақырып алатын. Қашан барсаң да үй-іші толы қонақ. Ол кісінің айналасында мәз-мейрам
болып кешті көңілді өткізетінбіз. Әлкен анамыз жас шағында Жаңаарқа өңірінің ауыл әйелдері
қозғалысының белсенді мүшесі болған, «ауылнай» болып ел басқарған адам. Қарағанды
облысының атынан қазақ әйелдерінің республикалық съезіне делегат болып қатысқан. Жүрістұрысы ширақ, қимылы шапшаң, сөзге шешен кісі болды. Ұлын – Марал ағамызды ерекше
жақсы көретін. Стол басында отырғанның өзінде баласын аналық мейірімімен баурап, оны
мақтаудан жалықпаушы еді. Анасы мен баласына қызыға қарап отыратынбыз. Осындай анадан
тәрбие алған бала қайдан жаман болады. Әлкен Оспанова анамыздың құрметіне Жаңаарқа
ауданының орталығы – Атасу кентінің бір көшесіне аты берілген. Аудандық партия комитетінде
қызмет істеп жүргенімде, Марал ағамыз бюро мүшесі болды. Бюро отырысы жиі болып тұрады.
Ауданның жоғарғы органы болып саналатын отырыстарда ол кісі өзінің тың ұсыныс – пікірлерін, ойларын білдіріп отыратын. Жалпы ол кісі басқарған аудандық газет елді мекендерде болып
жатқан жаңа өзгерістерін, еңбек табыстарын, жетістіктерін көрсетіп, елдің мұң – мұқтажын,
тұрмыс-тіршілігін баспасөз беттерінде батыл жариялап отыратын. Аудан көлемінде орын алған
кемшіліктер де газет бетінде жарияланып, сыни мақалалар да журналисттердің көзімен сипатталып, фельетондар, сықақ очерктер мен әңгімелер жиі шығып жататын. Ағамыздың өзі де
шығармаларын оқырмандарына көптеп ұсынып отырды. Марал ағамыз кейін Ақадыр аудандық
газетінен Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары
болып ауысып кетті. Зейнеткерлікке шықса да өмірінің соңына дейін аудармашылықпен айналысып келді. Сол еңбектерінің арқасында қарымды қаламгер, танымал публицист, елімізге
белгілі аудармашы атанды. Әлемнің атақты жазушылары Пауло Коэльоның «Алхимик», Альбер
Камюдің «Молчание», Теодор Драйзердің «Во тьме», тағы басқа әлем классиктерінің еңбектерін
ана тілімізде сөйлетті. Көзі кетсе де ағамызды жоқтатпай жеңгеміз, менің мектептегі ұстазым
Рымбала Кенжебайқызы ол кісінің ісін жалғастырып, оқырмандарға ағамыз аяқтай алмай кеткен
жаңа аудармаларын ұсынуда. Мұны білетінім, әредік ағамыздың аударма еңбектері авторлық
сыйлығы ретінде менің қолыма да тиіп отырды. Марал - Маркен ағамыз көзі тірісінде
Ақадырдан кетсе де, жеңгемізбен бірге жиі ауылға келіп жүрді. Өйткені, бұл жақта ол кісілердің
тұла бойы тұңғышы, қыздары Тоғжан тұрады. Қазіргі уақытта Тоғжан Маралқызы Ю.А.Гагарин
атындағы мектеп – лицейінің директоры қызметін атқарып жүр. Кентімізге бір келгенінде, тура
жаңа жылда, яғни 1 қаңтар күні біздің үйге келді. Қастарында күйеу балалары Қайырберлі. Аға
– жеңгемді қуана қарсы алдым. Көптен көрмегем, інілік сағынышым да бар. Үйден дәм татып,
әңгіме айтып көңілді, жақсы отырдық. Әсіресе, ағамыз шат – шадыман көңілде болды. Асқа
бата бергенінде көзінен жас ыршып түскенін байқап қалдым. Шын көңілімен, ағалық ниетімен
батасын берді. Бұл кездесуде ол кісіні соңғы рет көруім екен...
Міне, рулас ағайыным, рухани замандасым болған Хасен Маралдың тұлғасы менің есімде осы
күйінде қалыпты. Өзінің жарқын өмірімен менің санамда өшпес із қалдырды. Аллаға да жақсы
адам керек дейді. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын, ЖАН АҒА!
Қалижан Қазкенұлы Бекқожа,
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, сәуір 2018 жыл
ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС
Әдемі жеңіл қалжыңымен өзіңді баурап алатын Маркен
бауырыммен «Жаңаарқа» газетінде бірнеше жыл бірге
қызмет атқардық. Жас мөлшеріміз алшақ болса да, бірге
жүргендіктен бе, әлде әзіл-қалжыңымыз жарасқандықтан
ба, тетелес-бауырмал құрдастай болып кеттік. Маркен кішіпейіл, елгезек, сыйластыққа тұратын, жаны жайсаң,
көңілі дархан, ақжарқын, өзім дегенге қоң етін кесіп беруге де баратын. Қалжың демекші, бірде менің «Үгітші
қыз» деген өлеңім газет бетінен орын алған болатын.
Ойымда ештеңе жоқ, үстел басына отыра бергенім сол
еді, қарқылдап күліп Маркен жетіп келді де, «ой Сақа,
өлеңіңіз құтты болсын. Жеңгеміз қайтер екен?!»,- деп
қолындағы бір жапырақ қағазды маған ұстата салды. Алып оқысам:
Сіздің үйге неғып келе берген қыз?
Көзіңізден махаббатты көрген қыз!
«Үгітшінің» алдын орап тосқанда,
Айға қарап отырған ба, жеңгеміз?!
– деген бір шумақ өлең екен. Аяғына М.Аралов деп қолын қойыпты. Қандай әдемі
қалжың! Мұндайда бей-жай қалмайтындығың белгілі ғой. Мен де іле қалжыңға
қалжыңмен жауап бердім:
Жеңгең үйде, сыртты қайтсін!
«Үгітшінің» өзі-ақ айтсын.
Қызғанышпен айтқан болсаң, әгәр дә?
Сендерге де ол барып қайтсын!
«Әзілің жарасса, атаңмен ойнаның» кері еді біздікі. Маркенжан бауырым барған жерін
думанды ойын-күлкіге бөлеп отыратын, асқаралы жүрегі кең асыл жан ең!.. Журналист
ретінде ол, айтар ойын жүйелеп, қазақи жатық тілмен өрнектей білетін. Оның
жазғандарының бәрі жұп-жұмыр болатын, біз шығармаларына, кәсіптік қабілетіне тәнті
едік. Қаламгерлік шеберлігі бар қырынан көріне білген Маркен бауырымыздың алар асуы,
шығар биігі сол газетте жүргенде байқалған еді. Елгезек, ізденімпаз, ұтқыр сөзге шешен
еді. Қажырлылық пен білімге деген құштарлығының арқасында, жұбайы Рымкештің
көмегімен авторы болып бірнеше кітапты жарыққа шығарды. Соңғы кезде денсаулығы
болмай, қағажу көрсе де жазуын тоқтатпады, толықтай аудармамен айналысты. Нобель
сыйлығының лауреаттары болған көптеген жазушылардың шығармаларын қазақшаға
тәржімалап берді. Демек, әлем әдебиетінің кәусар бұлағына қазақ оқырмандарының көзін
ашты десек те болады. Бұл жерде бір айта кететін жәйт, келініміз – Маркеннің жан жары
Рымкештің атқарған еңбектері де аз емес. Компьютермен терілсін, бір жүйеге келтірілсін,
қателері түзетілсін, кітап болып көркемделсін, баспаға тапсырылсын, соның бәрі
Рымкештің қолынан өтеді. Тіптен, жарық көрмеген қолжазбаларын бір жүйеге келтіріп,
оларды кітап етіп шығарғанын айтсаңыз-шы! Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін
іс. Рымкеш келініме осы бір ісінің өзіне рахметтен басқа айтарың жоқ. «Балаларының
ортасында, Маркен бауырым қасыңда жүргендей бақытты сезімде болып, қуанышқызығың таусылмасын»,- деген батамды беремін. «Жақсының жақсылығын айт, нұры
тасысын»,-дегендей, артына мол мұра қалдырып кеткен Маркен бауырымның жылы
жүзді жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады ұмытылмақ емес! Жер бесігі Алланың
нұрына бөленсін.
Сағынтай ӘБІШ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
«Жаңаарқа» газетінің байырғы қызметкері
Маркеніме естелік
Өзінсіз күнді атырып, түнді батырдым. Мақтау жазған қолымен, Алла ісіне амал жоқ,
жоқтау жазып отырмын. Мұндай қайғыға душар боламыз деп кім ойлаған?! Соғыстың
ауыр жылдарында Хасекең атамыздың шаңырағына інгәліп келіп, Дәрпия әжеміз бен
Әлкен шешемізге жұбаныш болып едің. Үшеуі үш жақтап өбектеп, үстінен құс ұшырмай,
сұғанақ көзге көрсетпей, қызғыштай қорғап өсірді. Өзің ауырғанда атамның мойнына қос
бұршақ салып: “Құлыншағымның жамандығын көрсете көрме, Жасаған!”,- деп ботадай
боздап жылайтының айтып отыратын екі шешеміз. Ол атам менің еміс-еміс қана жадымда
қалыпты, әйтеуір еңгезердей ақсақал екенін білемін. Әлде өзім кішкене бүлдіршін
болғандықтан солай көрінді ме екен маған? Сол Алладан бір сұрап, адамнан екі сұрап
сүйген сені он жыл алданыш етіп өтті атаң. Ол кісі қайтыс болғанда он жасқа ғана
толғандықтан: “Атама сендер дәрі бермей өлтірдіндер”,- деп екі шешемізді кінәлап баққан
екенсің. Сенің жаның Дәрпия әжеміздің жаулығына түюлі жүруші еді, өзің де ол кісінің
қасынан бір елі қалмай, бала болып көшеде ойнауды да білмегенсің. Ал, Әлкен шешеміз
Кеңес үкіметінің белсендісі болғандықтан түрлі жиналыстарға делегат болып, қалаларда
болғанда саған кимегенді кигізіп, ішпегенді ішкізген. Бірде тәттілігіне қызығып, ұсақ
қантты уыстап жей бергендіктен ішін ауырып қалғанда: “Неге әкеле бересің осы бәлені?”,деп ренжігенде екенсін. Ол кісі өзі оқи алмай жөнді хат танымағандықтан сен оқысыншы,
білімді болсыншы деп барған жерінен кітап әкеліп бергендіктен елден бұрын қара танып
алдың. Енді үшеуі ғана емес, үйге келген кісілер де, көрші қолаң да, сенің май шамның
түбінде дауыстап оқып беріп отыратын қабілетіңе мәз болатын.
Ал, біз сені тек сыртыңнан ғана жақсы көріп, жаныңа жөнді жолай алмай ерекше
сұлулығыңа қызығатынбыз. Әлекең саған бізді қатты тақалтпаса да, өсе келе
туыстығыңды сезе бастадық. Сонда да алыстан өзімізге айбар тұтып жүрдік.
Сүйкімді, тәрбиелі болып өскендіктен өзіңе Светадан бастап, қаншама қыз ғашық болды.
Солардың жүрегін қан жылатып Рымкеш жеңгеміздің қолына түсіп қалдың. Алла тәуба,
шаңырағыңа Дархан, Дастан деген ұрпақ, Тоғжан, Қорлан, Раушан деген гүл сыйлады.
Жора-жолдастарыңа пейілі ашық болып, бізді бауырға тарта білді. Анамыздан ерте
айырылған бізге анамыздай тілеуқор болды. Жігіттің бағы деген осы да.
Сен елуге толғанда “Асыранды қаз” деген әңгіме жаздың, ол Маштар шешемізді “Ана”
деп атай алмай іштей қиналып, Сақайды аға санап кеткендігіңнің өтеуі болды деп санаймыз. Алайда сыртыңа сыр шашпай аруақтарға адал болдың. Ол жаққа жүзің жарқын кетті.
Ол да сенің сұңғыла ақылдылығың ғой. Біз қайда барамыз, бәріміз Рымкеш екуіңнің
бауырыңа тығылдық, асқар тау қамқор тұттық, мақтан еттік. Ия, мақтанышымыз: елге
сыйлы, қадірлі болып, жақсы жайсаңдармен бірге жүрдің. Ел көрдің, жер көрдің, немерелер мен жиендеріңнің сүйікті атасы болдың. Оларға үлгі боларлық ғұмыр кештің.
Артыңда тасқа басылғандай бірнеше кітабың қалды. “Әлімнің хаты өлмес”,- деп текке
айтылған жоқ, сен біздің жанымыздың бір бөлігіне айналып, небары 71 жасыңда
жалғанды тастап кете бардың.
Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар! Сендей пәк жан пейіштің төрінде болатынына сенімдіміз, сондықтан Алла өзіңе мүбарак жұманы нәсіп етті! Біз қимаған мен Аллаға қажет
болдың. Алланың ісі- байғазы деген міне осы!
Естелік жазған, тетелесің - Айкенің
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданы, Жаңа талап ауылының тумасы болған,
адал жар, қамқор әке, немере, жиен, шөбереге сүйікті ата
болған, туған-туысқандарына қимас бауыр, адал дос бола
білген Ысқақұлы Ералының өмірден озғанына 27-сәуір
күні 40 күн толады.
Тең келмейтін алтын да еш қолдағы,
Өзің едің, әке, үйдің зор бағы.
Жарық берер айнымайды көктегі,
Болушы едің жанымыздың қорғаны.
Біздер үшін асқар едің, шың, асқақ,
Сенсіз қалды жанымызда тым аңсап.
Жанарларды жәудіретіп мәңгілік,
Кеттің, әке, жанымыздан жарықтап.
Еске алушылар: жұбайы-Жұмабибі, балалары- Құрманғазы-Нұргүл, ГүлбануМарат, Еділғазы-Меруерт, Бекзат-Айзада, Нұржан-Анара, Шырай-Нұрлан, АбылайТілеукеш, Нұртай, немерелері, жиендері, шөбересі және Искаковтар әулеті
27-сәуір күні сағат 14.00-де «Жаңаарқа» мейрамханасында ардақты азаматымыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Ақмола облысы, «Бозайғыр» ауылының тумасы. Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған.
Аяулы жар, ардақты әке, немерелеріне мейірімді ата болған Молдабаев Тәукен
Түсіпбекұлының бұл өмірден бақилыққа көшкеніне 10 жылдың жүзі болды. Кең жүректі,
жомарт пейілді, парасатты, еңбекқор ел азаматы еді. Саналы ғұмырында , зейнеткерлікке
шыққанша отыз бір жыл темір жол саласында адал еңбек етті. Ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп
бақты. Туған-туыстарына қамқор болды. Адам атына кіршік шалдырмай өтті. Жаның
жәннатта, қабірің нұрға толып, тәнің рахатта шалқысын. Тірі болғанда мамыр айының бесінші жұлдызында жетпіс жеті жасқа толушы еді.
Он жыл өтті, орның қалды ойсырап,
Жазған іске жүргенімен бой шыдап.
Түсіреді тұтқиылдан сені еске,
Асыл бейнең айналғаны елеске.
Налыймын- сенсіз жалғыз қалғаныма,
Ағарып сенсіз атқан таңдарыма.
Ағайын, бауыр, елге шын тілеулесШашылған шуақ едің жан-жағыңа.
Сен қалдырған ұмытпас өнегелі ел,
Нығметіне Алланың бөлене бер.
Ізің жалғар бір қызың, екі ұлың бар,
Ұмытпайды бейнеңді немерелер.
Еске алушылар: жұбайы-Рзық, балалары-Алтын-Жанат, Серік-Гүлнұр, ЕрікАйжан, бауырлары-Қабиба, Оразалы-Күлайша, Өркен-Мейрамгүл, ОралбайРыскүл, Нәсіп, Уәлихан-Рзық, Рзықия, Бағдат-Ұрқия, Аманай-Қалдыбала,
жиені-Кенжеғазы-Мәдина, Зейнулла-Аманбала, балдыздары-Дәмелі, Балдырған,
Антон-Анар
ЕсКЕ алу
Биыл
біз
Жаңаарқа
ауданындағы №1 қазақ орта
мектебінің
1978
жылғы
түлектері мектептен түлеп
ұшқанымызға 40 жыл толып
отыр. Қандай жылдам уақыт...
Бір жағынан алып қарасаң
кеше ғана бір жанұяның баласындай мектепте жүргенбіз. Ал
қазір бәріміз бір-бір жанұяның
отағасы, отанасымыз. Осыған
қарап отырып, қалай уақыттың жылдам өткеніне таң қаламыз.
Сүйікті мектебімізді, ұстаздарымызды сағына еске аламыз. Мектеп барлық баланың білімге деген құштарлығының бастауы. Сондықтан әркімнің өзінің оқыған мектебі жүрегіне
жақын, әрі ыстық. Он жыл бірге оқып, балалықтың бал дәуренін бірге кешкен сыныптас
достарымыздың кейбіреулері бақилық болып кетті. Оларды да сағына еске аламыз.
Барлығы да жандары таза, жүректері адал жандар еді... Олар: Иманбекова Айман,
Әбенов Жаңбырбай, Мұсабеков Қырықбай, Тезекбаев Ібрахым, Тәженов Мұса болатын. Сендірдің жарқын бейнелерің біздің жүрегімізден ешқашан өшпейді. Жатқан
жерлерің жайлы болсын дей отырып қалған бала-шағаларыңа ғұмыр тілейміз.
Еске түссе есмідерің жүрегіміз тілінді,
Бас қосқанда жоқтықтарың білінді.
Жоқ демейміз, жүректердің түбінде,
Суреттерің мәңгілікке ілулі.
Сағына еске алушылар: № 1 қазақ орта мектебінің 1978 жылғы түлектері
Хабарландыру
“Жаңаарқа-Жылу” КМК-ның директоры М.Х.Абильдиновтың 2018 жылдың 26сәуірінде сағат 15.00-де Тәуелсіздік көшесі №8 үйдің 1-ші кабинетінде, жылу беру
қызметі туралы тұтынушылар алдындағы 2017 жылғы есебі тыңдалады. Келемдеушілерге есік ашық.
“Жаңаарқа-Жылу” КМК
7
ЕсКЕ алу
21 сәуір 2018 жыл
Қараағаш ауылының тұрғыны, талай білімді де білікті
шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, аяулы да сүйікті анамыз,
асыл әже Тілеубаева Тілеужанның өмірден өткеніне 21сәуір күні 40 күн толды. Тағдырдың жазуына бағынбайтын
пенде бар ма, өкінішке орай ардақты да асыл жанды арамыздан алып кетті. Жүрегіміз қимастық сезімге толып, екі көзге
мөлтілдеп жас келеді. Енді қолдан келері, құран оқып, дұға
бағыштау, марқұмды еске алып, есімін ардақтап, ұмытпау.
Жан едің құрмет тұтқан туыс-туғанға,
Жанардан қайғы-мұң боп жас тамады.
Жиналып ұрпақтарың, туыстарың,
Жаз бейнең жақсы ісіңді еске алады.
Бақиға кете бардың жол алдың да,
Санамыз соны ойласақ толар мұңға.
Жан ана, жанымыздан мәңгі өшпейсің,
Орның тұр үңірейіп төр алдында.
Еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, шөберелері
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған сүйікті ана,
қамқор әже
Шолпан Мұқатайқызының арамыздан
алыстап, бақилық болғанына 40 күн толды. Мейірімшуаққа толы жан анамызды сағына еске аламыз.
Өсіріп барлығымызды мәпелеген,
Айналып немересін көкемдеген.
Айрылып ана сізден қалдық бүгін,
Сағыныш басылар ма ана деген.
Айналған елес пенен болдың сағым,
Орның тұр үңірейіп, үйде тағың.
Алладан медет сұрап біз жүрейік,
Жаратқан бұйыртсын деп жұмақ бағын.
Сағына еске алушылар: балалары Ерболат-Саягүл, немерелері- Сағындық, Саян,
Еркежан және туған-туыстары
28-сәуір күні сағат 13.00-де Халық мешітінде анамыздың қайтыс болғанына 40 күн
тоулына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Кеше ғана ортамызда бірге жүрген балаларының сүйікті
анасы, немерелерінің аяулы әжесі болған Көлебаева
Жаңылтайдың бақилыққа аттанғанына 1-мамыр күні 1
жыл толып отыр. Алланың ісіне шара бар ма? Сағынамыз,
іздейміз, дұға оқып, құран бағыштаймыз. Аяулы анамыздың
жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта, тәні
рахатта болсын деп сағына еске аламыз.
Анашым шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық ана сізді баршамызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткізген әрбір күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, туған-туысқандары
1-мамыр күні сағат 13.00-де «Сұлтан» мейрамханасында аяулы жанның өмірден
өткенінен 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Алғабас ауылының тумасы, Қараағаш ауылының тұрғыны,
балаларының ардақты әкесі, асыл жар, еліне сыйлы болған
Әшкеев Мейрам Нүркежанұлының бақилық болғанына
биыл 30 жыл толып отыр. Егерде әкеміз тірі болғанда
биылғы жылы 68 жасқа толар еді. Әкеміз адал да
қарапайымдылығымен, ақкөңіл мінезімен өз ортасына
сыйлы еді. Қанша өкініп, өксіп іздесек те тағдырдың ісіне
көнбеске шара жоқ. Қолымыздан келері топырағы торқа,
орыны пейіште болсын деп дұға бағыштау ғана.
Ағын су боп өте шықтың селдеткен,
Ортамызда жоқсың бүгін сен көптен.
Орнында бар оңалуда бұл күнде,
Әйтсе де өтті аңсауменен сан көктем.
Жасаса да тіршілігін тірі адам,
Көзбен емес, жүрегіммен жылағам.
Ұл-қызыңның жетілгенін, өскенін,
Көрмеді деп, көңілімде - бір арман.
Асыл әке өнегеңіз Сіз берген,
Жолда жүрміз өзің салған іздермен.
Көріп өстік қамқорлықты әкелік,
Жадымызда қалған сұлу бейнеңнен.
Сағына еске алушылар: жұбайы, апасы, балалары, немерелері
6-мамыр күні сағат 13.00-де “ақ сарай” мейрамханасында әкемізге арналып құран
бағышталып, құдайы ас беріледі
Көңіл айту
Аудан әкім аппараты мен аудандық мәслихат аппараты еңбек ардагері, зейнеткер Базарбеков
Мұқанға ардақыт ұлы Ерік Мұқанұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына
ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
«Жаңаарқа» газетінің редакция ұжымы байырғы қызметкер, еңбек ардагері Базарбекова
Тойбалаға сүйікті ұлы Ерік Мұқанұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына
ортақтасып көңіл айтады
Брат за брата
Немногим более месяца назад в одном популярном социальном мессенджере меня
включили в состав группы, на которую я в первый момент совсем не обратил внимания.
Между тем, группа оказалась весьма любопытной и была посвящена беглому банкиру Мухтару Аблязову, который собирает своих сторонников под знаменами политического движения «Демократический выбор Казахстана». Как оказалось, подобным образом поступили
не только со мной. Скажу сразу, фигура Аблязова и раньше не вызывала у меня теплых
чувств. Как можно доверять человеку, который был замешан в организации преступного сообщества, а также с помощью финансовых махинаций вывел из страны более 7 миллиардов
долларов, оставив тысячи людей без накопленных сбережений? А затем, боясь справедливого возмездия со стороны закона, бежал за границу, поскольку казахстанский суд приговорил его к 20 годам лишения свободы. Впрочем, надеяться на помощь своих зарубежных
покровителей и помощников с его стороны было слишком опрометчиво — несколько лет
он провел во французской тюрьме. Слишком явным и дурно пахнущим был тянувшийся за
ним след... Сейчас же мошенник задумал вернуться в Казахстан. И не просто так, как рядовой гражданин, а на белом коне, под звуки фанфар. Для этого создал общественное объединение «Демократический выбор Казахстана», под крылом которого в настоящее время он
намеревается собрать якобы недовольных существующей в Казахстане законной властью.
И, считает, что для этого все методы хороши. Вернемся к ситуации с группами, созданными
в социальных мессенджерах. Почитав переписку собравшихся, меня не покидало ощущение,
что я нахожусь в театре абсурда. Большая часть сообщений представляла собой льстивые
высказывания в адрес фигуры Аблязова, остальные занимались самовосхвалением. «Мы —
сила!», «Нас уже — 50 тысяч!» - а голоса здравомыслящих людей, которые пытались понять,
как они оказались здесь, заглушались многочисленными оскорблениями. Меня, к слову, тоже
никто не спрашивал, хочу ли я оставаться в этой клоаке. Если последователи Аблязова действуют подобными методами, то мне с ними явно не по пути. Кроме того, я был больше чем
уверен, что львиная доля «диванных воинов», орудующих в похожих чатах и группах, являются не более чем проплаченными интернет-троллями, которым без разницы, какие лозунги кричать. Главное, получить свои тридцать серебренников. Слава богу, вскоре из
группы меня удалили. Не раз и не два я спрашивал своих знакомых: «Знаете, кто такой Аблязов? Стали бы вы за него голосовать?» И во всех случаях ответ был отрицательным, несмотря на то, что круг опрашиваемых был достаточно широк — от простого рабочего до
директора строительной фирмы, от школьного учителя, интеллигента до мозга костей, до
соседки-домохозяйки, у которой все разговоры только о телесериалах. Почему же так происходит, задумался я? Да потому что большинство граждан не только нашей страны, но и
всех остальных, хотят жить в мире и согласии, растить детей, зарабатывать на жизнь — не
опасаясь, что завтра на улицах зазвучат выстрелы. Кроме того, то, к чему призывает Мухтар
Аблязов и его псевдопатриотическое движение «ДВК» - фактически является призывом к
свержению существующего государственного строя. А это уже серьезно наказывается в
любом государстве. И меры наказания — даже за репосты в социальных сетях, не говоря
уже об организации несанкционированных митингов — более чем серьезные. Кто-то из отечественных неолибералов брезгливо скажет: «А вот в цивилизованных странах так не поступают». Еще как поступают: достаточно посмотреть, как полицейские в США вели себя
во время массовых беспорядков в Фергюсоне (они как раз-таки применяют оружие, не задумываясь, таковы американские законы), разгон демонстрации студентов водометами и
слезоточивым газом в Германии или применение спецсредств на участниках забастовки в
Бельгии. Сегодня спецслужбы и правоохранительные органы обладают всем набором
средств, чтобы установить в сети любого злоумышленника. Аблязов прекрасно это понимает, но все равно бросает людей «под танки». Спросите себя, хотите ли вы оказаться в положении жителей Украины или Донбасса? Конечно, нет. Если вы смотрите телевизор или
отслеживаете ситуацию по Интернету, то вы легко сопоставите факты и увидите, к чему
привела полоса «цветных революций», прокатившихся по Ближнему Востоку, а также Майдан в Киеве. Фактически она привела к прямым боестолкновениям на улицах, экономической деградации, массовой безработице, падению курса национальной валюты. И брат
поднял руку на брата... У китайцев есть хорошая пословица: «Если вы хотите пожелать
своему врагу самого худшего, пожелайте, чтобы его дети жили в смутное время». Мы не
хотим жить в смутное время. Поэтому сложно представить, что кто-то из здравомыслящих
людей поддастся на провокации Аблязова, а также информационные вбросы его сторонников. В конце концов, какое моральное право он имеет, чтобы учить казахстанцев, как правильно жить, если сам не живет среди нас, а обитает на чужбине? У нас — брат будет стоять
за брата, а не против него.
Казбек Сердалинов, преподаватель истории
В качестве примечания (дать отдельным текстом):
Впервые партия ДВК закрыта решением суда в 2005 году за политический экстремизм и
разжигание социальной вражды и розни. В 2018 году признано запрещенным уже движение
ДВК в связи с попытками насильственного свержения конституционного строя. Согласно
заявлению Генеральной прокуратуры, отныне любое участие и финансирование деятельности ДВК, основателем которой является Мухтар Аблязов, повлекут уголовную ответственность в соответствии со статьями 182, 258 и 405 УК РК.
Бас бостандығын шектеп және 120
сағатқа мәжбүрлі түрде еңбекке
тартылды
Жаңаарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК 430
бабының 1 бөлімімен (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот
актісін не атқарушылық құжатты орындамау) М-ға қатысты
қылмыстық іс қаралды. Жаңаарқа аудандық сотының 2012 жылғы
сот үкімімен М-дан жәбірленуші Р-дың пайдасына 9 300 000
теңге өндірілген. 2017 жылы М-дан Р-дың пайдасына 3 100 000
теңге өндіру жөнінде жеке сот орындаушының атқарушылық
құжаты қозғалған. Сот залында сотталушы М. заңды күшіне
енген сот үкімін және атқарушылық өндірісті орындамағынан мойындап, өкініш білдірді. Сот үкімі М. кінәлі деп таныды. Оған 1
(бір) жыл 6 (алты) ай бас бостандығынан шектеу жазасы
тағайындалып осы мерзімде пробациялық бақылау белгіленді.
Сонымен қатар 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы
тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. Сақтанайық, ағайын,
қарыз төлемей бас бостандықтан айырылуға жол бермейік.
Ә.С.Рахимжанова,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
ҚҰТТЫҚТаЙМЫЗ!!!
Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебінде, көп жылдан бері ұстаздық қызметпен бірге мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін мүлтіксіз атқарып
жүрген, беделді ұстаз, отбасының аяулы анасы,
немерелерінің сүйікті әжесі, достарына адал, туыстарына
сыйлы Махаббат Уахитқызын 24-сәуір күні елі жасқа толатын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Деніне
саулық, отбасына амандық, балаларының, немерелерінің
қызығына тоймай, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен берекеге
кенеле берсін деген тілекті білдіреміз.
Жамандық ешқашанда таямасын,
Жаныңды жақсы жандар саяласын.
Ұрпағың өсіп-өніп өркендесін,
Тек бақыт құшағында аяласын.
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
және Жаңаарқа ЖОББ мектебінің педагогикалық ұжымы
ҚҰТТЫҚТаЙМЫЗ!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ата-анасына сүйікті ұл,
қамқор бауыр, жұбайына адал жар, балаларына қамқор әке
Шабданбеков Жарқын Мейрамбекұлын 25-сәуір күні 40
жасқа толатын мерейлі туған күнімен шын жүректен
құттықтаймыз.
Ардақты азаматымызға ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз.
Жүрегінен иман, жүзінен күлкі кетпей, бауырларың бүтін,
төңірегің түгел болсын. Әр күні бақытқа, шатыққа бөленіп,
балаларыңның қызығына тоймай ортамызда аман есен
жүре бер.
Мерейтойдың жалғасы бақыт болсын,
Айнала нұр, ортаға шаттық толсын.
Мерейлі, мейірімді сендей жанға,
Алланың несібесі, бағы қонсын.
Ойымызды жеткіземіз ізгі өлеңмен,
Бұл біздің тілек болсын саған берген.
Отбасы, бауырлардың ортасында,
Тойыңды тойлайық жүзге келген.
Ізгі тілекпен: ата-анасы-Мейрамбек-Баян, бауыры-Жасұлан, жұбайы-Раушан,
балалары-Инабат, Перизат, Ернұр
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жаңаарқа аудандық сот ғимаратында 24- сәуір күні сағ.16.00 - да сот төрағасы Кенжин
Жакен Еденұлының қабылдауымен жеке және басқа да сұрақтармен «Ашық есік күні»
өткізілетінін хабарлайды.
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз орталығы
ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСЫН
Кемелова Жазира Куанышевнаның атына 1998 жылы Ғ.Жарылғапов атындағы №12
кәсіптік лицейді “Мастер сельско-хозяйственного производства. Фермер” мамандығы бойынша берілген №0006686 дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***
***
***
***
***
***
***
Сарысу көшесі № 19/2 үйдің иесі Исаев Егінбайдың атына 1993 жылы берілген №1739 жекешелендіру келісім шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Аталмыш қаулыға сәйкес арақ пен арнайы арақ үшін ең
төменгі бөлшек сауда бағасы, алкогольді ішімдіктердің 2018
жылға литріне 1900 теңгеге белгіленген. Осы қаулы алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен
соң, яғни 2018 жылғы 27 наурызда күшіне енді («Казахстанская правда» газетінде 16 наурызда жарияланған).
Управление государственных доходов
по Жанааркинскому району,
сообщает следующее
В соответствии с Постановлением, минимальные розничные
цены на водки и водки особые, крепкие ликероводочные изделия на 2018 год установлены в размере 1900 тенге за литр.
Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней, после дня первого официального опубликования, то есть с 27 марта 2018 года (опубликовано в газете
«Казахстанская правда» от 16 марта 2018 года.
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
***
Қараағаш ауылы, Жеңіс көшесі №4/2 тұрғыны Ахмедиев Амантай Тусуповичтің атына
2007 жылы берілген №3580 жылжымайтын мүлікке легализация шешімі, № с10-183 жер
учаскесінің жеке меншік құқығын беретін актісі, № б/н
құрылыс нысанның
легализацияланған қабылдау комиссиясының акті жоғалуларына байланысты жарамсыз деп
танылсын
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
***
Абай Қалыбек Асхатұлының атына 2011 жылы Н.Крупская атындағы орта мектепті бітіргендігі туралы берілген №0183649 негізгі білімі туралы білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Уылдырық шашу-2018
Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің
нұсқауында көрсетілген табиғат қорғау тәртібін сақтау
мақсатында 2018 жылдың сәуір және маусым
айларының 15 сәуір-31 мамыр аралығында яғни балық
қорын сақтауды қамтамасыз ету, заңсыз балық аулауға
жол бермеуге сондай-ақ құқық бұзушылықтардың
алдын-алу жұмыстары Жаңаарқа ауданның ішкі істер
бөлімімен “Уылдырық шашу-2018” атты іс-шаралары
жүргізіледі. Осы шаралар барысында жоспар жасалып
аң және балық аулау ережесі, тәртібін тексеру
жұмыстар атқарылады. Жоғарыда көрсетілген ережелерді, азаматтардың құқық бұзғаны анықталған
жағдайда әкімшілік жауапқа тартылып 10 айлық есептік
көрсеткіш яғни (24050) теңге салынатының ескертеміз,
алайда ұсталған азамат айыппұлды жеті күннің ішінде
төленетін жағдайда (12025) теңге.
А.Сағындықұлы,
Жаңаарқа ауданы ІІБ-нің табиғат қорғау полиция
тобының инспекторы полиция лейтенанты
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1632 дана
Тапсырыс №17
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
57
Размер файла
7 057 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа