close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 19 Жанаарка газеті-ilovepdf-compressed

код для вставки
№19 (9856), 5 мамыр, 2018жыл
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні
Құрметті аудан тұрғындары!
Құрметті әскери қызметкерлер!
Сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар
күнімен
шын
жүректен
құттықтаймыз.
Егемен еліміздің тұтастығы мен
тыныштығын қамтамасыз етіп, ел
қауіпсіздігін кірпік қақпай қүзететін
жандардың еңбегі біздің елімізде
зор
құрметке
ие.
Мемлекет
басшысының қолдауының арқасында
еліміздің
Қарулы
Күштері
халықаралық қауіпсіздіктің ажырамас бөлшегіне айналып, қаруы қуатты, сарбазы сақадай сай, айбынды
әскер құрылды. Жылдан жылға олардың әскери қарым қабілеті артып,
заманауи қару-жарақпен жабдықталып, білікті кадрлармен толығуда.
Әскери қызметтің түрлі салаларында борышын өтеу мыңдаған жастар
үшін ерлік пен отансүйгіштіктің тамаша мектебіне айналды. Олардың
қатарында өзінің конституциялық және азаматтық парызын абыроймен
адал атқарып жүрген жерлестеріміз аз емес.
Егемен еліміздің ертеңі үшін қалтқысыз қызмет атқарып, Отан
алдындағы борыштарын
абыройлы атқарып жүрген
сіздердің
еңбектеріңіз өзгелерге үлгі-өнеге. Осы бір еліміздің айбынды мерекесімен
барша Отанқорғаушыларды құттықтап, зор денсаулық, баянды бақыт пен
береке тілейміз.
Аудан әкімі
Аудандық мәслихат хатшысы
Ю.Бекқожин
Қ.Имантүсіпов
9 мамыр-Жеңіс күні
Құрметті соғыс ардагерлері және
тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73
жылдығымен шын жүректен, шынайы тілекпен
құттықтаймыз!
1945 жылдың 9-мамыры күні бізден алыстаған сайын
еліміздің қасық қаны қалғанша қорғаған ерлеріміздің ерен
ерліктері одан әрі асқақтай түседі. Халқымыз Жеңістің
қандай бағамен келгені ешқашан ұмытпақ емес. Екінші
дүниежүзілік соғыстың қиян – кескі ұрыстарында жүздеген
біздің жерлестеріміз қаза тапты, ауданымыздан майданға
аттанғандардың жыртысы елге оралған жоқ. Ел үшін, жер үшін жанын пида еткен жауынгерлердің
рухына басымызды ие отырып, ұрпаққа осынау бейбіт өмірді сыйлаған соғыс ардагерлеріне айтар
алғысымыз шексіз.
Қадірлі соғыс ардагерлері! Сіздер өшпес данқ пен асқан ерліктің символы болып мәңгі
қалмақсыздар. Әлемдегі бейбітшілік үшін жасаған ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды.
Құрметті тыл еңбеккерлері! Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында майданға кеткен ер
азаматтардың орнын басып, Жеңіс күнін жақындату үшін бұғаналарыңыз қатпай тылда еңбек
еттіңіздер. Еңбек майданында төккен терлеріңіз бен жанқиярлық жұмыстарыңыз ерлікпен пара –
пар болды.
Ардақты ардагерлер, Қадірменді қауым! Аталарымыз бен әкелеріміз қан майдандағы ерліктермен жеңіс күнін жақындатса, елде қалған әже –аналарымыз, әкенің орнын басқан ағаларымыз сол
жеңістің негізін қалады.
Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс мейрамымен құттықтай отырып, өздеріңізге мықты денсаулық,
отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш, немере, шөберелеріңіздің шаттық күлкісін тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Аудан әкімі
Аудандық мәслихат хатшысы
Ю.Бекқожин
Қ.Имантүсіпов
Бәйтерек саясындағы Достық тойы
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Татулықты ту еткен 1-Мамыр мерекесі халықтар арасындағы достық пен бірліктің, ынтымақтастықтың мерекесі. Мамыражай көктем айындағы шуақты осы мейрамның шоқтығы қашанда
биік. Ұлттар мен ұлыстардың арасындағы береке мен бірліктің мекені болған қазақ жұрты бұл мерекені айырықша атап
өтеді. Барлық елге ата-қоныс, жайлы мекен болған қазақ елі түрі мен түсіне, тілі мен дініне бөлінбей көк байрақтың астында
бейбітшілікті асқақтата өмір сүруде. Елдігіміз бен бірлігіміздің басты себебі халықтар арасындағы татулық пен достық.
Осы айтулы мерекені атап өтуге ауданымыз арнайы дайындалды. Аудандық мәдениет үйінің алдындағы жазғы сахна алаңы
мерекеге сай безендірілді. 1 мамыр-Қазақстан халқының ынтымақ күніне «Бәйтерек саясындағы Достық тойы» атты мерекелік
театрландырылған қойылым аудан халқына ұсынылды.
Мерекені «Бір ел – бір тағдыр – бір- халық» атты мекемелер шеруі ашып берді. Шеруді «Нұр Отан» партиясының аудандық
филиалының төрағасы, аудан әкімі Юржан Бекқожин бастап шықты. Бұл сапта партияның аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары мен белсенді мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, еңбек ардагерлері, аудандық
мәслихаттың хатшысы мен
қызметкерлері,
әділет
басқармасы, қорғаныс істері
жөніндегі бөлім, аудан бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы,
аудандық
қазынашылық басқармасы,
«Қарағанды облысы бойынша
жылжымайтын
мүлік
орталығы» республикалық
мемлекттік
қазынашылық
кәсіпорынының аудандық филиалы, аудандық «Жаңаарқа» газеті, аудандық мемлекеттік
мұрағат және зейнетақы төлеу орталығы ұжымдары да болды. Шерудің келесі саптарының
қатарын аудандық білім беру бөлімі, өнер мектебі, интернат, «Жаңаарқа ауданы
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мекемесі, № 132-ші және
Б.Амалбеков, О.Жұмабеков, Ю.Гагарин, С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектептер, «Ер
Төстік», «Ақерке» бөбекжайлары, «Қарлығаш», «Балдырған» балабақшалары, аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, мәдени-сауық орталығы, «Демалыс саябақтары
және стадионды басқару» мекемесі, Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледж, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің бөлімшесі, аудандық балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебі, Жаңаарқа стансасы, Локомотивтік эксплуатациялық ДЕПО, «Зергер» ЖШС, ПЧ -28, Жаңаарқа белгі беру және байланыс дистанциясы, әскерилендірілген теміржол күзет
мекемесі, «Атасу» бас мұнай айдау стансасы, «Жаңаарқа-2006» ЖШС, «Тазасу» КМК, «Жаңаарқа жылу» КМК, аудандық кәсіпкерлер, аудандық орталық аурухана, аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, ХҚКО, аудандық телекоммуникация торабы, Жаңаарқа аудандық почта байланыс торабы, ауылшаруашылық мекемелері, аудандық
ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі, «Республикалық фитосанитария және болжамдар әдістемелік
орталығы» аудандық филиалы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңаарқа аудандық аумақтық инпекциясы,
Жаңаарқа орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі және аудан әкімдігінің бөлімдері құрады.
Шеруден соң, мерекеге жиналған аудан тұрғындары мен қонақтарды аудан әкімі Юржан Асанұлы құттықтады.
- Біздің елімізде, біздің жерімізде әрқашан бейбіт өмір мен халықтар арасында ынтымақ жалғаса берсін! Жас мемлекетіміз өркендеп, дами берсін!-деген аудан әкімінің құттықтау сөзінен
соң мерекелік шара басталып кетті.
(жалғасы 4 бетте)
5 мамыр 2018 жыл
Ел дамуының даңғыл жолы
Мемлекет
басшысы,
партия
төрағасы
Н.Ә.Назарбаевтың
тікелей
қадағалауымен
кәсіпкерлікті өрістетуге жан-жақты мүмкіндіктер
жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, отандық
өнімді қолдау, білікті мамандар даярлау, халықты
бизнес сауаттандыру мәселесі күн тәртібінен
түскен емес. Қазіргі уақытта елімізде кәсіпкерлікті
дамытуға серпін бағдарламалар нәтижелі жүзеге
асырылып, жеке бизнестің жан-жақты дамуына
барлық
жағдай
жасалған.
Кәсіпкерлерді
экономикалық жағынан ынталандыра түсуде.
Бүкіләлемдік банктің бақылауынша Қазақстанда
бизнестің дамуы рейтинг өлшемдері бойынша көшбасшы елдерінің қатарында. Бұл орайда
Ұлт көшбасшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» атты Жолдауында бизнес экономикалық дамудың қозғаушы күші,
инновациялардың негізгі тартушы тетігі және бизнес ахуалды түбейгелі жақсарту, жаңа технологияларды еңгізу және оның аясын кеңейту-негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын ерекше мән берілген. Сонымен қатар, «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» 4
бастамасындағы Елбасымыздың «Шағын несие беруді көбейту» бағытындағы тапсырмасы
нағыз уақытында жасалған бағдар. Өзім кәсіпкер ретінде бұған ерекше қуандым. Себебі бұл
кәсіпкерлікті одан әрі жандануына, мемлекеттік қолдаудың артатынына сендірді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлер жемісті жұмыстар атқаруда. Бұл орайда біздің
ауданымызда шағын және орта бизнес саласы бойынша біршама ілгерлеу көрсеткіштері
байқалуда. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы түйіткілді мәселелер халық
қалаулары мен аудан әкімдігінің қолдауымен шешілуде. Шағын және орта бизнес
субьектілерінің саны артып, оларда өндірілген өнімдер, орындаған жұмыстар мен қызметтер
көлемі өсуде. Олардан бюджетке түсетін төлемдер ұлғаюда. Жалпы шағын және орта бизнес
субъектілерінде жұмыспен қамтылуы жоспар артығымен орындалуда. Жаңадан ашылған
шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен қомақты қаражат
бөлінді. Бөлінген қаржыға әлеуметтік маңызы бар экономика салаларындағы кәсіпкерлік
субъектілеріне бизнес жобаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік грант бойынша 6
жеңімпаз анықталып, қайтарымсыз грант берілді. Оның ішінде 4 адам 29 жасқа дейінгі жастар. Аталған жобалар іске қосылып жұмыс істеуде. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында облыстық грантқа Жаңаарқа ауданынан 8 жоба ұсынылды. Бидайық ауылдық округінің 1 жеке кәсіпкеріне кондитерлік өнімін
шығару цехын дамыту үшін грант берілді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бүгінгі
күнге дейін «Бизнес бастау» жобасы аясында 1 айлық оқу курсында 194 адам оқып шықты.
Оның ішінде 50 адам қаржыландырылды. Аталған бағдарлама бойынша 125 жобаға несие
берілді. Оның ішінде: «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» Қарағанды филиалы
арқылы 87 жоба несиелендірілді. Соның ішінде «Бастау бизнес» жобасын 34 адам оқып
шықты. «КТ Жаңаарқа» ЖШС арқылы 37 жоба несиелендірілді. Соның ішінде «Бастау бизнес» жобасын 4 адам оқып шықты.
Жалпы Елбасы ұсынған стратегиялық мазмұны жоғары бұл құжат-әлемнің ең дамыған
елдерінің қатарына көрінуімізге бастайтын даңғыл жол.Сондықтан әлемдік өркениетке еніп,
дамыған 30 елдін қатарына қосылуды мақсат етіп отырған Қазақ елінің Төртінші жаңғыру
алдындағы қойған мақсат-мұраттарды орындауға аянбай еңбек ету қажет. Елбасының Жолдауда Мәңгілік ел қалыптастыру жолында алдымызға қойған маңызды міндеттерді іске
асыру үшін еліміздің әрбір азаматы, оның ішінде кәсіпкерлер өз үлесін қосатын болса,
мемлекетіміздің алар белесі мол болмақ.
Б.Ш.Бекежанова, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы
Саяси Кеңесінің мүшесі,
аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкерлер
қауымдастығының төрайымы
Атасу кенті тұрғындарына
Хабарлама!
Атасу кенті әкімінің аппараты кентте жүргізіліп жатқан абаттандыру және тазалық айлығы
барысында жүргізілген абаттық және тазалық жұмыстары бойынша төмендегі номинацияларда конкурс жариялайды :
1.«Үлгілі аула- үлгілі үй» номинациясы бойынша – бірінші, екінші, үшінші орындар;
Аталған номинация бойынша конкурс қорытындысында қаперге алынатын талаптар :
-Ауланың қоршауының талаптарға сай құрылуы – декоративтік темірбетон қоршау немесе
басқа материалдан жасалған біркелкі қоршау;
-Тұрғын үй мен шаруашылық құрылғылардың фасадтарының, қақпаларының, есіктерінің
абаттық, архитектуралық талаптарға сай болуы;
-Көшедегі асфальт пен үйдің қоршауы және көрші екі ғимараттың шекарасына дейінгі
аралықты тазалықта ұстау ;
-Аулада қоқыс алаңын жабдықтап, қоқыс контейнерін орнату, қоқыс шығару қызметімен
келісімшарт жасасу;
-Аулада гүлзарлар мен газон шөптерін, жас ағаштар отырғызып оларды күтіп ұстау;
-Көшенің аты мен үй номері жазылған аншлаг көрінетін жерде орналастырылуы керек;
-Ауланы жарықшаммен қамтамасыз ету;
Осы номинация бойынша орын алған жеңімпаздарға Алғыс хат пен қаржылай немесе заттай
сыйлықтар тағайындалады.
2.«Үлгілі кәсіпкерлік кешен» номинациясы бойынша – бірінші, екінші және үшінші орындар белгіленген. Аталған номинация бойынша конкурс қорытындысында қаперге алынатын
талаптар:
- кәсіпкерлік кешеннің меншігіндегі және абаттық төлқұжат бойынша бекітілген шекарада
абаттық және тазалық талаптарының толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету;
-кешен қоршалған жағдайда қоршауының талаптарға сай құрылуы – декоративтік темірбетон қоршау немесе басқа материалдан жасалған біркелкі қоршау;
-ғимарат пен мен шаруашылық құрылғылардың фасадтарының, қақпаларының, есіктерінің
абаттық, архитектуралық талаптарға сай болуы;
-аулада қоқыс алаңын жабдықтап, қоқыс контейнерін орнату, қоқыс шығару қызметімен келісімшарт жасасу;
-аулада гүлзарлар мен газон шөптерін, жас ағаштар отырғызып оларды күтіп ұстау;
-көшенің аты мен үй номері жазылған аншлаг көрінетін жерде орналастырылуы ;
-кешеннің қас бетін жарықтандыру (подсветка) және түнгі жарықтандыру элементтерімен
безендіру;
-кешеннің аты жазылған тақтайшаны жарықтандыру;
-ауланы декоративтік жарықшамдармен жабдықтау; жарықшаммен қамтамасыз ету;
Кенттің барлық тұрғындарын абаттық және тазалық конкурсына қатысып, ат салысуға
шақырамыз. Байқаудың қорытындысы Астананың 20 жылдығы қарсаңында (1 шілдеге
дейін) шығарылып, байқау жеңімпаздары 2018 жылдың 6 -шілдесінде марапатталады.
Конкурсқа қатысушылардан өз аулалары мен ғимараттарын, кәсіпкерлік кешендерін
комиссияға көрсету үшін кент әкімі аппаратына 2-69-80, 2-60-88, 2-84-66 телефондары
арқылы хабарласуын сұраймыз.
Атасу кенті әкімінің аппараты
2
Талдыбұлаққа әкім сайланды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Талдыбұлақ ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Аудандық мәслихаттың он бір депутаты қатысып, ауылдық округтің әкіміне үш үміткердің
ішінен құпия дауыс беру арқылы ауылдық округтің әкімін сайлады. Ол:
1. Қамиев Ғанибет Рахатұлы. 1983 жылы дүниеге келген, Талдыбұлақ ауылында тұрады,
ұлты қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Маңызды мәселе талқыланды
3-мамыр күні аудан әкімдігінде әкімнің орынбасары Қанат Қожықаевтың төрағалығымен
аудан бойынша мал ұрлығының алдын алу шаралары бойынша дөңгелек үстел өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау
және қадағалау комитетінің Жаңаарқа аудандық инспекциясының басшысы Ғазым
Мұхаметжанов, жергілікті полициясының басшысы Жантас Әбдіков, аудандық
ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Дүйсенбек Ахметов, аудандық ветеренария бөлімі
басшысының міндетін атқарушы Дихан Жаркенов және «Ветеренариялық станциясы» КМКның дәрігері Асылхан Рахимбеков қатысып, мұнда мал ұрлығын болдырмау шараларын
ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жиын соңында Қанат Шубайұлы тиісті басшыларға
бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Жастарға жасалған жағдай
Елбасы Н.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін барша
қазақстандықтарға жолдады. Өз басым Үндеуді ерекше ықыласпен оқып шықтым. Себебі,
қазіргі таңда жастардың жаңа
заманға лайықты бәсекеге қабілетті
тұлға болып қалыптасуына мемлекет тарапынан жасалып жатқан
әрбір қамқорлықтың өте маңызды
екенін жақсы білеміз.
Елбасының бес әлеуметтік
бастамасының қай-қайсысы да
қазақстандықтардың
мүддесін
көздеп отырғаны анық. Әсіресе, «7 – 20 – 25» бағдарламасының маңыздылығын айтып
жатудың өзі артық. Баспана адамның тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты қажеттілік деп санайтын болсақ, Президент ұсынып отырған жаңа бағдарлама тұрғындардың баспанаға
қолжетімділігін бұрынғыдан да жеңілдетейін деп отыр. Соңғы жылдары еліміз тұрғызылған
баспана бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуде. Солай бола тұрса да баспанаға
мұқтаж жандар әлі де жеткілікті.
Елбасымыздың «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында несие өлшемінің мөлшерлемесі 7 пайыз
болса, көптеген қазақстандық жас отбасыға баспаналы болу мүмкіндігі ашылуда. Жастар
бас қосқан ортада «7 – 20 – 25» бағдарламасын үнемі басты тақырыпқа арқау етеміз. Себебі
жастар арасында қалада пәтер жалдап жатқан отбасылар көп. Олардың армандап жүрген
пәтерге «7 – 20 – 25» бағдарламасы жол ашты деуге болады. Соңғы статистиканы алып
қарасақ, елімізде жастардың ажырасуы жоғары деңгейде. Оған басты фактордың бірі де осы
баспана мәселесі.
«7 – 20 – 25» осындай күрделі мәселені шешіп, жастардың ажырасу деңгейін төмендетіп,
халық санын көбейтуге үлкен үлес қосатын бағдарлама.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» негізгі бағыттарын қамтыған жалақысы
төмен қазақстандықтарға салық жүктемесі 1 пайыз болуы, қосымша 20 мың грант бөлінуі,
жаңадан жатаханалар салу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беруді көбейту
шаралары жарқын болашағымызға арналады. Өзіміздің туған жеріміз, қасиетті мекеніміз
Жаңаарқа өңіріне тікелей қатысты болған соң Президенттің бес бастамасының ішінде газдандыру мәселесі бізге ерекше жақын болды. Елбасы бастамасында Қызылордадан Астанаға
газ тарту жұмыстарын бір-бір жарым жыл ішінде атқару керектігін айтты. Бұл бастама 2,5
миллионға жақын халықтың, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын әлдеқайда
жақсартады. Оның ішінде Жаңаарқа ауданының тұрғындары да бар екені көңілге қуаныш,
ертеңге үлкен сенім ұялатады. Экологиялық және экономикалық жағынан өте тиімді бұл
жоба аймағымыздағы қай саланы алып қарасақ та оның қарқынды дамуына, жандануына
және жаңғыруына ықпал ететіні сөзсіз.
Елбасы «Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың
тиянақты орындалуын бақылауға алады» деп нұр-отандықтарға үлкен міндет қойды. Яғни,
біз, жастар, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері бес әлеуметтік бағыттың жүзеге
асырылу үшін үлес қосамыз. Елбасының сенімді жас серіктері ретінде болашағымыз үшін
бес әлеуметтік бастаманың нәтижелі орындалуына дайын болуымыз керек.
«Мемлекет енді әлеуметтік мәселелерді батыл шешуді қолға алады, бұған біз жан-жақты
дайындықпен келдік»,- деді Президент өз сөзінде. Сондықтан бұл жаңа бастама қоғамды
ортақ мүддеге ұйытуға, Қазақ елінің әлемдік өркениеттен берік орнын алуға жан-жақты
ықпал етеді деп сенеміз.
Нұрғазы Сенбаев
Аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі
Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік
жобаларды іріктеу бойынша іс-шараларды
өткізудің критерийлері
5 мамыр 2018 жыл
3
Әдістемелік ұстанымдар Қарағанды облысында «Қазақстан іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды (бұдан әрі-іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу тәртібін
регламенттейді.
Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының,
оның ішінде өмірлік қиын жағдайда тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру денгейін көтеру мақсатныда әзірленді. 1.Іс-шараны ұйымдастырушы. 2.Іс-шараны облыстық деңгейде
ұйымдастырушы Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма), өңірлік денгейде Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі- Бөлімдер) болып табылады. 3.Облыстық денгейде
іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін Басқарма Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады. 4.Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның
құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру
кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің
мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да мүдделі
адамдар қосыла алады. 2.Іс-шараларды өткізу тәртібі: 1.Өңірлік денгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың өтініш түскен уақыттан бастап тамыз айына дейінгі кезеңде Комиссия
жүргізеді. 2.Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының,
оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру
деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер
және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар болады (бұдан әріҚатысушылар). 3.Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеуді үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай
бағалау өлшемшарттарын айқындайды: 1)жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі:
«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім
беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа
орналасуға жәрдемдесу»; 2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы; 3)жобаны сапалы
жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру); 4) жоба
нәтижесінің қолжетілімділігі; 5)осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы
жобаны жалғастыру және кеңейту); 6)қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық,
гранттар, қайымдырылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты); 7)аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау); 8)өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі; 9)жобаның ұзақтығы (1
жылдан кем емес); 10)жобаны іске асыруға еріктілерді тарту. 4.Көрмеге қатысуға ұсынылатын
материалдарға қойылатын талаптар: 1)ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын
ресімдеудің сапасы; 2)жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут
болатын презентациялық материалдарын құрастыру; 3)өткен жылғы республикалық Көрмеге
ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды. 5.Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері
«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшемшарттарына түзетулер
енгізеді. 6. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша (№ 1 қосымша) өңірлік
деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады. 7.
Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылдағаны туралы хабарламалар беріледі. 8. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия
қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып береді. 9. Жобаларды іріктеу кезінде даулы
сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болады. 10.Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1 тамызына қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады. 11.Туындаған барлық сұрақтар бойынша Тәуелсіздік
көшесі 5 үйде орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінең білуге
болады, байланыс телефоны 50005 (Г.Д.Накипова)және электрондық мекен жайларыjanaarkasobes_8@mail.ru
Методические рекомендации
к проведению мероприятий по отбору «Лучших
социальных проектов, реализуемых в Казахстане»
Методические рекомендации регламинтируют порядок организации и проведения местными исполнительными органами мероприятий по отбору «Лучших социальных проектов, реализуемых в
Казахстане» (далее –мероприятия)на региональном уровне и носят рекомендательный характер.
Мероприятия разработаны в целях оказания поддержки, общественным объединениям и улучшения
качества жизни социально-уязвимых категорий населения, в том числе лиц с ограниченными возможностями, оказавшимся в трудной жизненной ситуации.1.Организатор мероприятий 1.Организатором мероприятий на республиканском уровне является Министерство здравохранения и
социального развития Республики Казахстан (далее - Министерство), на региональном уровне Управления координации занятости и социальных программ акиматов областей, городов Астана и Алматы
(далее - Управление). 2.Для координации организационной деятельности на региональном уровне
отборочного тура Управлениями создается Комиссия по отбору лучших социальных проектов (далее
-Комиссия). 3.В состав Комиссии по отбору социальных проектов могут быть включены представители филиалов партии «Нұр Отан», НПО, члены Координационного совета, представители региональных филиалов национальной палаты предпринимателей, советники акимов по вопросам
граждан с ограниченными возможностями и другие заинтересованные лица. 2.Порядок проведения
мероприятий 1.Отбор социальных проектов на региональном уровне проводится Комиссией в период
с апреля до августа текущего года. 2.Авторами социальных проектов могут выступать общественные
объединения, организации инвалидов, иные учреждения и ведомства, физические лица и другие неправительственные организации осуществляющие деятельность направленную на улучшение качества жизни социально-уязвимых слоев насленеия, в том числе лиц с ограниченными возможностями
(далее -Участники). 3.Управление совместно с филиалами национальной палаты предпринимателей
могут привлекать спонсоров из числа работодателей для сопровождения на республиканскую выставку в Астану. 4.Для обтора лучших социальных проектов Комиссия может определить следующие
критерии оценки по 5-ти бальной системе: 1)Соответствие проекта целям и условиям Конкурса:
«Оказание поддержки гражданам, включая социально уязвимые слои населения, в медицинской,
социальной, образовательной и других сферах, а также создание рабочих мест и содействие занятости»; 2)актуальность и социальная значимость проекта; 3)качественное планировнаие проекта (четкая реализация мероприятий согласно целям и задачам проекта); 4)достижимость результатов
проекта; 5)наличие опыта реализации подобных проектов (продолжение и расширение текущего
проекта); 6)наличие дополнительных источников финансирования (пожертвования, гранты, благотворительность, социальный заказ, собственного средства); 7)территориальный охват (масштабирование проекта); 8)доля охвата населения, оказавшегося в трудной жизненной ситуации;
9)длительность проекта, (не менее года); 10)привлечение волонтеров для реализации проекта; 5.Требования к материалам представленные для участия в Выставке: 1)качество оформления представленных документов, презентационных материалов; 2)составление презентационного материала
проектов в иде слайдов, роликов с длительностью презентации (3-5 минут); 3)проекты представленные на предыдущую республиканскую Выставку повторно не рассматриваютя. 6.При необходимости
члены Комиссии могут вносить корректировки к критериям отбора «Лучших социальных проектов,
реализуемых в Казахстане». 7.Заявки на участие в отборочном туре могут предоставлять согласно
прилагаемой форме (приложение № 1) с момента объявления о начале проведения отборочного тура
на региональном уровне. 8.Участникам на руки могут выдаваться уведомления о принятии полных
материалов проекта. 9.В случае не соблюдения требований вышеперечисленных критерий Комиссия
может вернуть участникам представленные материалы. 10.В случае возникновения спорных вопросов при отборе проектов, решение председателя Комиссии может иметь преимущественное право.
11.Отобранные Комиссией материалы проектов направляются на республиканскую Выставку в Министерство, к 1 августу текущего года. 12.По всем возникающим вопросам обращаться в Отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района по улице Независимости 5, по
указанному телефону 50005 (Накипова Г.Д) и электронным адресам: janaarkasobes_8@mail.ru
9 мамыр-Жеңіс күні
Майдангер ата шөбересімін
Тәуелсіз елдің ұланымын. Бейбіт өмірде ата-ананың құшағында, ата-әжемнің
бауырында еркін өскен ұлдың бірімін. Атам Ахмедия Мұқашұлы көп
жылдар
Ақтау
ауылының
ауылшаруашылығын
өркендетуге
атсалысқан,
белді
механизатор
болса, әжем-Рымды он саусағынан
өнер тамған тігінші кісі. Менің
атамның әкесі Мұқаш Түсіпов соғыс
ардагері. Үйдің төрінде ілінген
үлкен атамның портретінде атамның
омырауы
толған
медальдар.
Соғыстан оралғаннан кейін ауылда
аға шопан болып еңбек еткен
Мұқаш
атамның
қызықты
әңгімелерін үнемі атам айтып отырады. Өз әкесінің майдангер екенін мақтан тұтып, оның ерлікке
толы өмірін біздер немере-жиендеріне үлгі етеді. Біз майдангер атамызды көрмесекте оның өмір жолын
атам мен әкемнің айтуымен жақсы
білеміз. Менің әкем Бүркіт сол
майдангер
атасы мен
әжесі
Жаңылдың
бауырында өскен.
Сондықтан болар майдангер атам
туралы атам мен әкемнің әңгімесі көп.
Үлкен атам Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін болған майдангер кісі екен.
Елге 1945 жылы күзде оралған. Атам үнемі әкесінің әңгімесін айтқанда аталарың
айтатын деп бастайды. Майдангер атам: “Мен 9 рет жараланып, 9 рет ремонтталған
адаммын”,- дейді екен. Сталинград майданында болып, аталған қаланы азат етуге
қатысқан. Курск қаласында неміс армиясын қоршауға алуға қатысқан. Венгрияны
азат еткенде «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Соғыс туралы әңгімелерінен
атамның есінде қалғаны: шабуылдап келе жатқан әскер түн ішінде Днепр өзенінен
мұздың үстімен арғы жағаға өтпекші болады. Жауды өкшелеп қуып келе жатқан батальон қараңғы түнде немістердің бомбалап мұзды ойып тастағанын байқамаса
керек. Өзен арнасының жартысынан аса бере қабыршық қана болып қатқан мұз ойылып, қалың әскер өзенге түсіп кетеді. Көбі алдындағы өзеннің жарқабағына
қойылған тосқауылға тап болып, пулемет оғына ұшады. Осы қырғында бір батальоннан бір ротадай ғана солдат тірі қалыпты. Талай қырғыннан жаралансам да тірі
шықтым, ішер суым таусылмаған екен деп «тәубә» жасап отыратын- дейді.
Майдангер атам жарына қалай үйленгенін қызық етіп айтады екен. Соғыстан
қайтып келе жатып, Қарағандыға аялдапты. Елге бойдақ болып барғанша әйел ала
кетейін деп ойлаған атамыз:-үстімде әскери форма, медальдерім тағулы, кеудем
жарқ-жұрқ етеді. «ФЗО»-ның қыздары жататын жатақханасына барып, бірінен бірі
өткен қаптаған сұлу қыздарға тап болдым. Содан, қой бұлармен көп сөйлеспей-ақ,
төтесіне көшейін деп, мені көргеннен-ақ жан-жағымнан қоршап тұрған қыздарға
қолымды көтеріп, ал маған қайсың тиесің депті. Сол кезде сұңғақ бойлы талдырмаш
біреуі: -”мен тиемін”,- деген екен. Іле қолынан жетектеп алып кеттім дейтін. Қыздың
есімі Жаңыл (шын аты Дәмелі) екен. 1928 жылы Орал облысы, Шыңғырлау ауданында туған. Сөйтіп атам мен апам отбасын құрып, менің атам бастаған 8 бала
өмірге әкелген екен. Өмірінің соңына дейін Ақтау ауылында тұрған. Атамның
мектептегі ауылдағы ардагерлермен кездесулерге үнемі баратынын ауылдастары
айтып отырады. Ол кісінің майдандағы ерлігі, Отан алдындағы борышын
қалтқысыз атқарғандығы бізге мақтаныш. Бейбіт күн үшін қанмайданда болған
атамның ерлігі мен елін сүйген майдангер азаматтың шөбересі екенімді мақтан
етемін.
Жарас Ахмедия,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ оқушы
Атасу кентінің тұрғындарының
назарына
Мамыр айының 10 жұлдызынан бастап Атасу кентінің жеке меншіктегі ірі қара малынан, әртүрлі жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында қан алынады. Осымен қатар
жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацая жасалады. Ветеринарлық-профилактикалық
іс–шаралармен қоса, бұрын бірдейлендіруден өтпеген мал бастары сырғаланып,
ветеринарлық төлқұжат беру жұмыстары іске асады.
Ветеринарлықпрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін ірі қара мал басының ветеринарлық
төлқұжатын, және мал иесінің жеке куәлігін ала келулеріңізді сұраймыз.
Ветеринарлық іс-шаралар төменде көрсетілген кесте бойынша жүргізіледі.
№
Күні,айы
Табынның атауы
2
12-13 мамыр
Газ бөлімі
4
16-17 мамыр
Залиния-1
20-21 мамыр
Загодзерно
1
3
5
6
10-11 мамыр
14-15 мамыр
18-19 мамыр
СПТУ
Бақташының аты-жөні
Б.Сариев
Е.Саденов
Степной
М.Машауов
Залиния-2
Р.Шеримбеков
Б.Рахметов
Н.Карибаев
Ескерту: Жоғарыда көрсетілген ветеринарлық іс-шаралардан бас тартқан мал
иелеріне «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексі бойынша әкімшілік шара
қолданылады
«Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ-сі
Тазалық-2018
Маңай тазаланып, аулалар абаттандырылуда
Ауылымызда абаттандыру, көгаландыру және санитарлық тазалау екі айлығы
бойынша жұмыстар жалғасуда. Шараға ауыл тұрғындары мен шаруа
қожалықтары қатысуда. Санитарлық айлық аясында ауыл аумағын тазарту,
көшелер мен аула ішілік аумақтарды тазалау, заңсыз қоқыс орындарын жою
жұмыстары жүргізілуде. Бейсенбілер мен сенбіліктерге ауыл тұрғындары мен
шаруа қожалықтары да бір кісідей ат салысуда. Ауылымыздың таза, әдемі
болғаны өзімізге де жақсы. Тазалық – тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі, дамудың
тетігі. Біле білгенге, тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі.
Р.Бадыкова,
Айнабұлақ а/о жетекші маманы
5 мамыр 2018 жыл
4
Бәйтерек саясындағы Достық тойы
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
(басы 1 бетте)
Бұл мерекенің қойылымдарын өз дәрежесінде өткізу №132 ЖОББ мектебінің ұстаздары мен
оқушыларына жүктелген екен. Аталған білім ордасының ұжымы бұл сенімнен шыға білді.
Әр ұлттың билері мен әндерін тартымды орындап, көпшілікті керемет әсерге бөледі.
Ертегі кейіпкерлері «Ертөстік пен самұрық құстың» достығынан басталған
театрландырылған қойылым жоғары дәрежеде өтіп, аудан тұрғындарының қошеметіне ие
болды. Театрландарылған қойылымда №132 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен
қатар, барлық мектеп қызметкерлері толық жұмылдырылған. Әр халықтың, атап айтсақ,
неміс, грузин, өзбек, кәріс, орыс, украин, беларус, ұйғыр, түрік, испан, татар және қазақ
ұлттарының мәдениеті мен өнерін аудан халқының алдында паш етіп, мереке көркін қыздыра
түсті.
Елімізді мекендеген бауырлас ұлттардың ұлттық тағамынан арнайы ұйымдастырылған
байқау да көпшілік көңілінен шықты. Бұл сайысқа «Ертөстік» бөбекжайы орыс, «Ақерке»
бөбекжайы грузин, «Балдырған» балабақшасы түркімен, «Қарлығаш» балабақшасы қазақ,
№132 мектеп неміс, С.Сейфуллин атындағы мектеп украйн, О.Жұмабеков атындағы мектеп
өзбек, Б.Амалбеков атындағы мектеп татар, Ю.Гагарин атындағы мектеп беларус, аграрлық
колледж қазақ халқының асханаларынан түрлі тағамдарынан әзірленген дастархан жайды.
Дастархан жайған барлық мекемелерді аудан әкімі жеке-жеке аралап, қатысушыларға сый-
сияпат беріп, өз ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, арнайы өткізілген жәрмеңкеде Балқаш қаласынан келген жеке шаруашылық
иесі балық өнімдерін арзандатылған бағамен саудаласа, сүт, көкөніс өнімдері саудаланды.
Мереке күні сауда-саттықта қызып жатты. Бұл күні балаларға арналған алуан түрлі
ойыншықтар мен әуе шарлары, балмұздақтар мен тәтті шырындар көздің жауын алады.
Иісі бұрқыраған кәуәптің түр-түрі әзірленіп, тұтынушыларға ұсынылып жатты.
Ұлттар достығы туралы, тәуелсіз еліміздің даму жолдары туралы көрсетілген
театрландырылған қойылымдардан кейін, жазғы сахнада аудан өнерпаздарының мерекелік
концертіне ұласты.
Спорт сүйер қауым спорттық шараларды да тамашалады. Бұл күні аудандық
1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні
тақырып
27-сәуір күні Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының
ұймдастыруымен оқу залында «Ынтымағы жасқан, туған өлкем
Қазақстан!» атты достық мерекесі өтті. Шараға Ю.А.Гагарин атындағы
мектебінің 5 сынып оқушылары (жетекшісі Әсел Болатқызы) қатысты.
Өскелең ұрпақты татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу, жас
оқырмандарға ұйымшылдық береке -бірлік туралы түсініктерін кеңейтіп
ұғындыру мақсатында өткізілді. Кітапханашы Сандуғаш Нығманова
Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері
киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен
ынтымақта өмір сүріп жатқандығын атап айтты. Шара барысында кітапханашылар Г.Көппаева, А.Сарманова оқушыларға әр ұлттың салтдәстүрлерін насихаттап, көрініс көрсетті. Оқушылар әндерін шырқап,өз
өлеңдерін оқып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «1–мамыр
ынтымақ күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы
Ә.Ақмолдина көрмеге библиографиялық шолу жасады. Бүгінгі достық
мерекесі - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген
сыйластығымызбен
құрметіміз.
Бұл
парасаттылық
пен
имандылығымыздың айғағы.
Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы
денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорттық шаралар
ұйымдастырылды. Футбол жарысына 10 команда қатысытырылды:«ҚТЖ», «Бидайық»,
«Зергер», «Байдалы би», «М.Жұмажанов», «Аманат», «Достар», «БЖСМ-1», «БЖСМ2», «Ынтымақ». І-орын«Достар», ІІ-орын «ҚТЖ», ІІІ-орынды «Аманат» командсы
женіп алды. «Үздік ойыншы» Д.Рахметжанов, «Үздік қорғаушы» Н.Терлікбаев, «Үздік
қақпашы» Н.Бозовтар марпатталды. Қол күресінен өткен бәсекеге 25 спортшы
қастысты І-орынды Н.Алин, ІІ-орынды Е.Рсалдин, ІІІ-орынды Н.Бекешовтар алды. Кір
тасын көтеруге 30 астам спортшы тартылып, жекелей І-орынды А.Демесінов, ІІ-орынды
М.Каримов, ІІІ-орынды Д.Рұсқұлов женіп алды. Арқан тартысқа 12 команда өз күштерімен
сынасты. І- орынды «Жол бойы», ІІ-орынды №132 ЖОББМ, ІІІ-орынды Б.Амалбеков
ЖОББМ женімпаз атанды. Барлық жарыстын жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене
шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Осылайша, қазақ елінің ынтымақ пен бірлікті ту ғып биікке көтеретін 1-мамыр достық мерекесін жаңаарқалықтар жоғары деңгейде атап өтті.
Рахат Өмірбекқызы
МЕКТЕПТЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
26 - сәуірі күні 132 ЖОББ мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны – білім саласындағы жаңа қадам»
тақырыбында
ашық есік күні
өтті. Шараға
мектеп ардагерлері, атааналары,
қамқоршылық
к е ң е с
мүшелері,
к ә с і п ке рл е р ,
әкімшіліктен
а р н а й ы
қонақтар
қатысты. Ашық есік күнінің мақсаты: ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы жаңартылған
білім беру мазмұнымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту. Бірнеше пәндер бойынша ашық сабақтар, презентация, тренинг, коучинг іс-шара жоспарына сәйкес өте
жоғары деңгейде өтті. Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен жақынырақ танысқан ата-аналар мен әжелер
ашық есік күнінен үлкен мағлұмат алып тарқасты. Сабаққа қатысқан ата-аналар, ұстаздар қауымының,
сабақтарды жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті. Әсіресе,
жаңартылған білім беру мазмұны бойынша Аягөз Төлеутаева 2 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Дара
және күрделі сын есім» тақырыбында және Анар Өмірзақова 2 «Г» сыныбында дүниетану пәнінен «Растения и животные в жизни человека» тақырыбында ашық сабақтарында оқушылар топпен, жұппен жұмыс
істеп белсенділік танытқанын көрген қонақтар жаңа әдіс-тәсілдердің оқушының сабаққа деген
қызығушылығын, белсенділігін арттыруына әсер ететінін байқады. Ардагер ұстаз Қ.М.Смаилов: -Бүгінгі
мектептегі жаңашылдық жаңартылған білім мазмұны туралы ата-аналарға, шақырылған қонақтарға
түсіндіру жұмыстарыңыз–игі бастама. 2 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізген А.С.Төлеутаеваның жаңа
тақырыпты жаңаша түрлендіріп, оқушының өзіне болжау жасатқызып, қорытындылатуы, жаңа әдістәсілдерді сабақ кезеңіне сай қолдана білуі – мұғалімнің жаңаша ізденісінің жемісі. Көпшілік үшін
түсініксіздеу болған білім мазмұнын тәжірибеде көрсете білді. Осындай іс-шараны ұйымдастырған мектеп
әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз,»-деп өзінің бүгінгі ашық есік күнінен алған әсерін осылайша
жеткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смагулав Бауыржан Абушахманович осы күні, атааналарға «Критериалды бағалау ерекшеліктері», бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың
оқу жетістіктері туралы ақпарат берді. Жас мамандар тоқсандық, жиынтық бағалаудың алыну тәртібі туралы
көрініс қойды. Ал, мектеп психологы Чередина Ирина Владимировна қонақтарға «Кері байланыстың» тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болатындығы туралы түсіндірді. Білімді, дені сау ұрпақ
тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту –
мектептегі ұстаздар қауымының басты міндеті.
Айман Мияшқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
5
Баспаханашы Бәти апа
Биыл аудандық газеттің құрылғанына 80 – жыл толды.
Жаңалық таратып, халыққа үнемі хабар жариялап келген
газеттің өткен уақыты біз үшін өмір мектебі іспеттес.
Осынау тарихи жылдары «Жаңаарқа» газеті редакциясында еңбек еткен аға–апаларымызбен жолығып,
сұхбаттасу жоспарымызда бартын. Бүгін біз баспаханада
он бес жыл еңбек еткен, баспа ісінің маманы, жұмысының
шебері, ортасының мақтанышы –Бәти Жексенбекқызымен
сұхбаттасуға келдік. Қазіргі кезде зейнет жасындағы апа
ауданымыздың тұрғыны. Апа келгенімізге қуанып, жылы
қарсы алды. Еш қысылмастан, емін–еркін сыр шертті. Сол
жылдардағы фотосуреттер өткен күннің айнасы, апамыздың естеліктеріне толы екен. Сол
мезеттен, әр суретті бір ұстап, өткен күнге саяхат жасап қайтқандай болдық.
- Апа, ең алғаш жұмысқа келген жылдарыңыздан бастап сыр шертсеңіз?
-Мектеп бітірген соң бірден оқуға түсе алмадым. Содан әр жерде еңбек етіп, тұрмысқа
шықтым. Одан кейін отбасылық өмір, тағысын тағы. Уақыт өте берді. Балалар ер жетіп,
жинақталғаннан кейін 1976 жылы жұмысқа шықтым. Қолымда бір парақ қағазымда жоқ.
Бірақ, жұмысты алып кете алсаңыз, бәрі өз қолыңызда деген басшы сөзінен кейін, жауапкершілікті бірінші күннен мойыныма алдым. Мен жұмысты еш қиындықсыз он бес
күнде
үйреніп,
тұрақты
жұмыскер
болдым.
Менің
атқарған қызметім «метромпаж». Метромпаж–газеттің бетін
безендіру, материалды ретімен
орналастыру. Сол кезде қауырт
жұмыс болатын. Газет төрт беттен, аптасына үш рет екі тілде
шығатын. Күн демей, түн демей
газетті шығарып үлгеру үшін
еңбек етеміз. Ол кезде қорғасын
әріп 100 градуста қайнап
тұрады. Ресейлік “линотип” машина болатын, сол машинамен
газет бетіне түсетін ақпаратты
бірінші қорғасынға түсіреміз.
Содан редактор басуға болады
деп қол қойып береді. Оны
қайтадан газет бетіне түсіреміз.
- Еңбек жолыңызда жеткен
жетістіктеріңіз
бен
марапаттарыңыз
жайында
айта кетсеңіз?
-Айта кеткенде, марапат деген біз үшін әр газеттің сәтті шығуы ғой. Айтулы күндердің
бәрінде міндетті түрде Алғыс хат алатынбыз. Себебі біздің жұмыс оңай болмайтын.
Соғыс уақытында қолмен шахтаны қалай қазса, біздің еңбекте дәл солай болатын. Біздің
уақытымызда газетті өз атауымен емес, «Жаңаарқаның айнасы» деп атайтын. Еш
оқымасақ та, бір-бірімізді сүйретіп, маман болып шықтық.
Өз міндетін мінсіз, адал атқарды деген марапат алдым. Газеттің 50 жылдық мерейтойында баспаханаға сіңірген адал еңбегі үшін деген марапатқа ие болдым. 1987 жылы
шілде айында № 17 сайлау округінен Қазақ ССР– нің Жезқазған облысындағы халық
депутаттарының Жаңаарқа аудандық Советтік депутаты болып сайландым. Еңбек
сіңірген ардагер атағын алдым.
- Отбасыңыз жайында айта кетсеңіз?
-1939 жылы Карл Маркс совхозында (қазіргі Ералиев) дүниеге келдім. Жеңіс ауылында
Түгіскен орта мектебінде оқып, сол мектептің түлегімін. 1958 жылы осы ауданның азаматы 1938 жылы дүниеге келген, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің
түлегі Жексенбеков Қиябай Аманжолұлына тұрмысқа шықтым. Жолдасым тоғыз
ағайынды болды. Көп балалы отбасының үлкен келіні болып түстім. Ол технадзор болып
қызмет атқарды. Бес баламыз бар. Үлкенім Қажыбай 1960 жылғы. Одан кейін Дүйсенбай,
Бәкібай. Ең кішкентайымыз Саламат 1974 жылғы. Жезқазғанда тұрады. Биыл 43 жасында
зейнеткерлікке шықты. Майра деген жалғыз қызым бар. Жолдасым небары 54 жасында
дүние салды.
- Қызмет атқарған жылдарыңыздың соңғы кезеңдері жайында айтсаңыз?
-Қазақ газетінде екі метромпаж, орысша газетінде бір метромпаж болды. Ол уақытта
бір газетті екі адам зорға деп үлгеретінбіз. Ал “линотип” машинкасында орысшада екі
адам, қазақшада екі адам болдық. Оның бірегейлері Жанат, Тойбала, Мұңлық. Айта берсем жұмыстың қызығы мен шыжығы бірге жүретін. Әріптестер де өте еңбекқор болатын.
Осылай он бес жыл еңбек еттім. 1989 жылы зейнетке шықтым.
Келіп сұхбаттасып, естеліктеріммен бөліскендеріңе рақмет! Жұмыстарың жемісті болсын! Келіп жеткен мереке баршамызға құтты болсын! – деп апа өзінің жылы лебізін білдіріп шығарып салды.
Сұхбаттасқан Құндыз Ержанқызы
5 мамыр 2017 жыл
Баспасөз хабарлайды
Дарынды бала – болашақ кепілі
Еліміз егемендік алып, еңсе көтеріп келе жатқан тұста атқарылып жатқан жұмыстар күн
өткен сайын арта түсуде. Қоғамның қайсыбір саласында болмасын тәуелсіздігімізді
нығайтуға бағытталған игі істер жасалып жатса, оны ертеңгі ұрпақ алдындағы борышымызды ақтау деп түсінуге болады.
Республикамыздағы қазіргі экономикалық ахуал білім беру саласына, әсіресе ұрпақ
тәрбиелеу ісіне үлкен міндет жүктеуде. Жас буынның бойындағы туа біткен талантын әрі
қарай дамытып, шыңдай түсуіне, өнері мен қабылеті арқылы таныла білуіне мүмкіндік беретін байқаулар елімізде өте көп ұйымдастырылып тұрады.
Осындай сын шараларында асқан қабылетімен топ жарып жүрген жас өнерпаздар біздің
ауданымызда аз емес. Өнері өрге жүзген жас балғындардың бірі - көркем сөз оқудан және
аспапта ойнап, ән шырқаудан көптен бері сахна төрінен көрініп, сайыстарда оза шауып
жүрген Мұхаммедғалы Ғабдулла.
№132 жалпы орта білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы Мұхаммедғалының, әсіресе,
биылғы жылы айы оңынан туып, жұлдызы жануда. Қатарынан бірнеше байқауда жүлдегер
атанып, ауданымыздың абыройын асқақтатты. Атап өтсек, балалар мен жасөспірімдер
және ересектер арасындағы Халықаралық «Ақжелең» байқау-фестивалінде І-ші дәрежелі
дипломмен марапатталса, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген
Республикалық өнер және білім байқауының «Дәстүрлі ән» бөлімінде, сонымен қатар,
«Көркем сөз» кезеңінде бас жүлдені қанжығалады. Сондай-ақ, балалар және
жасөспірімдер арасындағы Республикалық «Шоқ жұлдыз» байқау-фестивалінде көркем
сөз оқудан тағы бір мәрте бас жүлдеге қол жеткізді. Осы орайда, болашақ жұлдызды дайындап жүрген көркемдік жетекшісі Бейсенбай Оспанов пен сынып жетекшісі Гүлдана
Ермекбаеваның нәтижелі еңбегін айтып өткеніміз абзал.
Таяуда жас жүлдегер аудан әкімі Юржан Бекқожиннің жеке қабылдауында болды. Өнер
саласына үнемі қолдау көрсететін аудан басшысы Мұхаммедғалы мен жетекшісі Бейсенбай
Оспановты жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.
Түлектер көшеттер отырғызды
Туған
жер-алтын
бесік екені
баршамызға аян. Кіндік қанымыз тамған
жеріміз бен өміріміздің
баспалдағы
балалық шағымыз өткен алтын ұямыз
мектебімізге не жетсін. Бүгінде мектеп
бітіргенімізге жиырма жылдан асып,
әрқайысымыз әр салада, әр жақта еңбек
етудеміз. Туған жерге туыңды тік- деп
Елбасымыз
айтқандай
Оразалы
Жұмабеков атындағы мектебінің 1995
жылғы түлектері яғни өмірге 1978 жылы
келген ауданымыздың ұл-қыздары жиналып, алтын ұя мектебімізге 30 дан аса
қылқан жапырақты тал көшеттерін отырғыздық. Мектеп директоры Рысқали Рахимов
мектеп түлектеріне алғыс білдірді. Кейінгі буын іні-қарындастарына үлгі болып, сауапты іс атқарып жатқан кешегі оқушылардың мектепке деген ықыластары бұнымен
шектелмейтінін, алдағы уақытта мектеп алаңына су бұрқақ орнату жоспарларында
бар екенін жеткізді. Өскен өлке мен туған жерге деген ілтипат әр азаматтың
жүрегінде орын алса жақсы бастамалар мен тың идеялар өмірге келері анық.
Патриоттық сезім бойларын кернеген түлектер қарағай көшеттерін отырғызып, мектеп оқушыларына табыстады. Оны баптап-күтуге оқушылар құлшына кірісті.
Асылхан Акимова
5 мамыр 2018 жыл
6
«Жұлдызайда» жұлдызы жанғандар
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру - өзекті мәселе. Біз мұндай балаларды қоғамнан оқшауламай дені сау
балалармен – құрдастарымен, достарымен араласып, қатар отырып білім алуына жағдай жасауымыз қажет. Мемлекет те, қоғам да бізден
осыны талап етіп отыр. Жыл сайын Республика көлемінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мақсатында Республикалық
«Жұлдызай» шығармашылық фестивалі мен спартакиадасы өткізіліп отырады. Облыстық іріктеу жарыстары өткізілгеннен кейін, қыркүйек
айында,
Астана
қаласының
озық
спорт
алаңдарында
“Жұлдызай”
спартакиадасы
өтеді.
«Жұлдызай» спартакиадасы спорт бағытын дамытып, білім алудағы ерекше мұқтаждығы бар балаларды салауатты өмір салтымен спортпен
айналысуға ынталандыруға ықпал етеді. Бұл балалар денсаулығын жақсарту мен оңалтуға оң әсерін тигізуде. Шағын футбол, үстел теннисі,
жеңіл атлетика жүгіру, жүзу,
ұлттық спорт түрлері «Бес тас», «Асық ату» сияқты
спорттың 6 түрі бойынша өтеді.
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің базасында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында
11-сәуір күні «Жұлдызай» спартакиадасы өтті. Бұл шараға ерекше білімді қажет ететін оқушылар қатысып, спорттың 4 түрінен «асық
ату», «бес тас», үстел теннисі, жеңіл атлетика жүгіру жарыстарынан бақсынасты. Спартакиада нәтижесі бойынша жүгіруден ұлдар арасынан
І орынды Е.Сайлаубай (С.Сейфуллин ЖОББМ), II орынды Ж.Мамыржанұлы (Ақтайлақ НОМ), ІІІ орынды Ж.Дулат (С.Сейфуллин ЖОББМ),
ынталандыру сыйлығын Н.Дулат (С.Сейфуллин ЖОББМ), қыздар арасында I орынды Д.Даукенова (С.Сейфуллин ЖОББМ), ІІ орынды
А.Жұмажан (Ақтайлақ НОМ), ІІІорынды М.Көпжасарова(Ю.Гагарин ЖОББМ), ынталандыру сыйлығын С. Әшірбекова (С.Сейфуллин
ЖОББМ), М.Көпжасарова (Ю.Гагарин ЖОББМ), үстел теннисінен С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ оқушылары І орынды Ш.Базарбаева, ІІ
орынды Ғ.Иса алды. Жоғарғы топтан «Асық атудан» І орынды Н.Бекембаев, ІІ орынды Н.Иса, ІІІ орынды Н.Такенов, ынталандыру сыйлығын
Ә.Сұлтанбеков, Р.Амангелді, кіші топтан І орынды Е.Сайлаубай (С.Сейфуллин ЖОББМ), ІІ орынды И.Әдіхан (Ю.Гагарин ЖОББМ), ІІІ
орынды А.Серік (С.Сейфуллин), ынталандыру сыйлығын Н.Шишканов (Ақтайлақ НОМ), А.Бірназар (С.Сейфуллин ЖОББМ) алды. «Бес
асық» ойынынан І орынды Р.Қали (С.Сейфуллин ЖОББМ), ІІ-ІІІ орынды Сабина, Аружан Шырынбековалар (С.Сейфуллин ЖОББМ), ынталандыру сыйлығын А.Төлеутай (Ю.Гагарин ЖОББМ) алды. Сондай–ақ, С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің 10 оқушысы 16- сәуірде
өткен облыстық «Жұлдызай» спартакиадасына барып келді. Облыстық спартакиадада асық атудан оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп,
Астана қаласында қыркүйек айында өтетін Республикалық «Жұлдызай» спартакиадасына Ж.Дулат, Ә.Сұлтанбеков, А.Серік, А.Бірназар
жолдама
алды.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата – аналары атынан аудандық «Жұлдызай» спартакиадасының өтуіне ат салысқан, көмек қолын
созған Атасу кентінің әкімі Рахымберлі Түсіповке, аудандық білім бөлімінің басшысы Тілеш Әштаевқа, аудандық білім қызметкерлері
кәсіподақ кеңесінің төрағасы Оразхан Мұхамеджановқа және облыстық кезеңге оқушылардың қатысуына мұрындық болған аудандық білім
бөлімінің әдіскері Марат Жакеновке, О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектебінің директоры Рысқали Рахимовқа, сондай – ақ, осы мектеп автобусының жүргізуші Жомарт Сакеновке, оқушылардың Қарағанды қаласына барып, келу шығынына демеушілік
көрсеткен «Әлия» супермаркетінің иесі, жеке кәсіпкер Дүйсенбаев Батырханға, балалардың жолдағы қауіпсіздігін және денсаулықтарын
қадағалауға ат салысып, өз қызметкерлерін жіберген аудандық ішкі істер бөліміне, аудандық денсаулық сақтау орталығының басшысына
алғысымыз шексіз. Осы мақаламды қорыта келе, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға бәріміз барынша қолдау көрсетейік, олардың да барлығы
сияқты өмір сүруге, оқуға құқығы бар және олардың қолынан бәрі келеді дегім келеді.
Д.Тұтқышева, ата - ана
Майдангер әкем
Менің әкем – Рысмағамбетов Жетпісбай,
1928 жылдың күзінде Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданына қарасты Қараағаш ауылында дүниеге келген. Тыл және еңбек ардагері.
Әкемнің ата-бабалары - Бесперен Тоқа
елінің бай шонжарлары болған екен. ХХ
ғасырдың басында қазақ даласына Кеңес
үкіметі келіп, байлардың мал-мүлкін тартып
алып, тәркілеу жүргізген. Сол кезде ағайынтуыс күн көру амалымен әр қайсысы өз бетімен жан-жаққа тарап кетеді. Әкем 1928
жылы дүниеге келіп, есін білмейтін шақта
ата-анасынан айырылып қалған екен.
Колхоздың малын бағып жүрген әкесінің немере інісі Садық деген кісі бауырына басып
алған көрінеді.
Өз өмірі жайында әкем былай деп
әңгімелейді: «Есім енді ғана кіріп келе
жатқан кезде еңбекке араласа бастадым:
тезек теру, далада жайылып жүрген малға
қарау, үйге отын кіргізіп, күлін шығару т.б. Осылай балалық шақтан жасөспірім шаққа ауысарда соғыс басталды. 1941 жылдың күзінде Садық ағам соғысқа аттанды. Соғысқа кеткен
ер-азаматтардың орнын басып, мен сияқты жасөспірім балалар желкеленіп колхоздың ауыр
еңбегіне түстік. Бұл кезде мен 13-14 жаста едім. Қыста қора сияқты үйді паналаймыз,жазда
киіз үйде тұрамыз. Таң білініп келе жатқанда бригадир айқайлап оятады. Бір үзім нан мен
торсыққа айран құйып алып, соны кешке дейін нәпақа етеміз. Кешкі уақытта шаршап, үйге
келіп жығылып, құлаймыз. Үзіліс, демалыс дегенді білмейміз. Үсті-басымыз кірлеп кетсе де
жұмыстан қол үзбейміз. Жұмысты орындамасақ, таяқтың астында қаламыз. Біздерге араша
түсетін ешкім жоқ - колхоздың жұмысына жегілген балалардың арасында әкелері соғысқа
кеткен және мен сияқты жетім қалғандар. Көктемде өгізге мініп, соқа айдап, егін саламыз,
жазда «лобогрейка» деп аталатын шалғыны өгізге жегіп, шөп шабамыз. Күзде сол шалғы
өгізбен егін жинаймыз. Ауылдағы он сегіз жасқа толған ер-азаматтарды бірінен соң бірін
соғысқа әкетіп жатты. Буыны қата қоймаған жасөспірімдердің еңбегі ауырлай түсті. Қыста
колхоздың ірі қара малы да, қой-ешкіні де қыстан аман алып шығару біздің міндетіміз еді.
Ауылдың бір ақсақалы таяққа сүйеніп, қасымызда жүріп бізге нұсқау береді. Ал біз сол
қарттың нұсқауымен бар жұмысты атқарамыз.
1944 жылдың сәуір айында мені және менен бір-екі жас үлкен бала екеумізді колхоз бастығы
егінге түсетін шегірткеге у шашуды үйреніп келуге ауданға жіберді. Көлік жоқ, салт
аттылардың ізімен жаяу жолға шықтық. Төте жолмен жүргеннің өзінде аудан орталығы елу елу бес шақырым жерде. Резинке етікке кигізден ұлтарақ салып, шоқпыт шұлғау мен киіп
алып, екеуміз қолымызға таяқ алып, жолға шықтық. Дала әлі аппақ қар, жол жоқ. Қолхоз бен
аудан орталық арасында бастықтар атпен қатынайды, сол аттың ізін бетке алып, оппы қармен
асты былқылдаған суды кешіп жүріп, екінші күні кешке таман аудан орталығына жеттік.
Үш күн противогаз киіп, шегірткеге қалай у шашатынын үйрендік. Жұмысымыз біткен соң
қайтадан екі күн жүріп колхозға қайтып келдік. Ол жылы мен он алтыға келмеген едім.
Өзімнен екі-үш жас үлкен балалармен бірдей еңбек жасайтынмын. Біздің бағымызға қарай
сол жазда шегіртке болмады. Болғанның өзінде, мен ол жұмысты жасай алмас едім. Себебі,
сол 1944 жылдың жазы мен қысы мен үшін өмір мен өлім арасындағы кезең болды.
Әлі есімде - сол жылдың жазғы уақыты еді. Шөп шабатын шалғыны өгізге жегіп, шөп шауып
келе жатқанбыз. Мен шалғының тұтқасын ұстап отырмын. Қолхоздың жұмысынан үнемі
ұйқымыз қанбайтын. Сол сәтте шаршап,ұйықтап кеткен болуым керек,шалғыға құлап
түсіппін. Шалғы бас терімді екі құлағымның түбінен кесіп,сыпырып төбеме жинап жіберіпті.
Бір үлкен қария әже қаңсырап жатқан менің бас терімді қолымен сипап,орнына
жапсырып,құрым киізді күйдіріп тақия етіп кигізіп,орап тастады. Сорғалап аққан қан біраздан
Хабарландыру
Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті қала тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Қарағанды облысында “Казэнергоцентр” ЖШС қызметінің электр
қуатына байланысты қойылған жобалық
құнын қайта қарау үшін қоғамдық тыңдау
өткізеді.
Кездесі 2018 жылдың 10-мамыр күні сағат
15.00-де Атасу кенті, С.Сейфуллин көшесі
№13 ғимаратта орналасқан мәдениет үйінде
өткізіледі.
“Казэнергоцентр” ЖШС әкімшілігі
Объявление
Департамент комитета по регулированию
естественных монополий и защите конкуренции Министерства национальной экономики РК по Карагандинской области
проводит публичные слушания по рассмотрению уведомления субъекта общественно
значимого рынка ТОО “Казэнергоцентр” о
предстоящем повышении предельной цены
на услуги электроснабжения с 1 июня 2018
года. Департамент комитета по регулированию естественных монополий и защите
конкуренции организовал встречу с жителями города.
Встреча состоится 10 мая 2018 года в 15.00
часов в здании дома культуры находящегося по адресу п.Атасу, ул.С.Сейфуллина
№13.
Администрация ТОО “Казэнергоцентр”
Ерлік даңқы өшпейді
соң тыйылды. Есімді білмей бірнеше күн жатыппын. Ол кезде дәрі-дәрмек деген атымен
жоқ,жараның маңайына тек май жаға беріпті. Ата-анам жоқ тұл жетім болсам да, ағайынтуыстардың ортасында болғандықтан аштан өлмей, кезектесіп күтімде болып тірі қалыппын.
Әкеміз бір, шешеміз бөлек Оспан деген ағам төсекте жатқан мені балалары көп болса да
өз үйіне апарып бағыпты. Сол ағамның үйінде жүріп ептеп басымды көтеріп жүре
бастағанымды колхоз бастығы көріп, соқаға өгізді жегіп егін салу жұмысына шақырды. Бұл
1945 жылдың көктемі еді. Егін егу жұмысы аяқталып,енді шөп шабуға дайындық
жасап,шалғы қайрап жүргенде соғыстың аяқталғанын естіп, қуандық. Елдің бәрі соғыстан
туған-туыстарын,жақындарын,ауылдастарын күтіп жүріп жолға қараумен болды. Мен де
соғысқа кеткен Садық ағамды күттім. Бірақ ол кісі соғыстан оралмады. «Смоленск қаласы
үшін шайқаста қаза болды» деген қара қағаз келді. Соғыс майданы аяқталғанымен, еңбек
майданы еш өзгеріссіз жалғаса берді. 1946 жылдың желтоқсан айында ауданнан өкілдер келіп,
ФЗО-ға (фабрично-заводское обучение) жасөспірім балаларды жинады. Солардың ішінде мен
де болдым. 1947 жылды сол ФЗО мектебінде қарсы алғаным әлі есімде. Екі-үш ай «Поездвагон шебері» деген кәсіпті оқытып, үйретіп, қалған екі жарым жылда қара жұмысқа салды.
«Бертіс» деген станцияда вагон артамыз, шпалдар түсіреміз. Рельс құрастыратын теміртерсек, саймандар жасаумен айналысып, бір тыныс алмаймыз. Ауыр темір, рельс көтеру секілді жұмыстың бәрі екі қолдың күшімен атқарылады. Бұндай жұмыс қара күшті талап етеді.
Осы жұмыста жүріп, талай қатерден аман қалдым. Сол жерде жейтін басты тамағымыз қара
бидайдан пісірілген нан болатын. Ал киіміміз ауылда киген киімімізден тәуір - фуфайка,
қалың шалбар, аяғымызға бәтеңке мен керзі етік.
1949 жылдың жазында жолдамамен аудандағы «Вагонный участок» деген мекемеге жұмысқа
орналастым. Осы мекемеде жүріп, ең алғашқы еңбек ақысын алып, алғаш рет қолыма ақша
ұстаған едім.
1951 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылдым. Ол кезде әскери борышы үш жыл
атқарылатын. Ал мен үш жарым жыл Қиыр Шығыстағы «Советская Гавань» деген қалада
әскери борышымды өтеп,еліме оралдым. Сол үш жарым жыл бойы мені іздеген ешкім болмады. Жалпы,ФЗО да,әскерде де болған жылдары басқаларға хат келіп тұратын,ал маған
бірде-бір хат келген емес. Бір Алладан басқа ешкімге керегім жоқ екенін сонда түсіндім.
Әскери борышымды өтеп, өзім туған жеріме, Қараағаш ауылына қайтуға жолға шықтым.
Баяғы жүрген жолмен жаяу ауылға жеттім. Үстімде әскери киімім. Ауылдың көз көрген
үлкендері мені танып, құшақтап, қуанып, кейбіреулер жылап та жатты. Келген соң туған атаанамның қабіріне барып, балалық шақтағы күндерім есіме түсіп, екі көзіме ерік беріп алдым.
Мен болмаған жылдары ауылда көп өзгеріс болғанын байқадым. Кешікпей колхоз
басшысының ұсынысымен Қарағанды қаласына барып, жүргізуші мамандығын меңгеріп
алдым. Ауылға келген соң, жүргізуші болып жұмысқа орналастым. Кейін отбасын құрып,
аудан орталығына көшіп келдік. Осылай өмір бойы жүргізуші болып, зейнеткерлікке шықтым.
Жүргізуші болып істегенде алғаным тек алғыс пен марапат. Біздің жас кезімізден бойымызға
сіңген темір тәртіптің арқасында - жүргізуші болған ұзақ жылғы еңбегімде бірде-бір қателік
болмаған. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіргендер - менің
замандастарым. Ұлы Жеңіс жаумен соғысқандардың қан төгу, жан қиюмен келсе, тылда еңбек
атқарған мен сияқты жас балалар мен қарттардың төзгісіз ауыр тауқыметі, жанын аямай
жұмсаған күш жігері сол жеңісті жақындатуға қосқан үлесіміз ұлы екені сөзсіз деп айтуға
әбден болады. Осы күндері менің замандастарымның көбі жоқ. Өз өмірімде кішкентай кезімнен көрген жетімдік,жоқшылық, тағдырдың басыма салған қиыншылықтарын көрсем де,
Алла маған ғұмыр берген екен. Дүниеге келген балаларымның тек жақсылығын көріп
отырғаныма Аллаға тәубе деймін. Осыдан артық бұл өмірде ештеңе жоқ»- деп әкем өз
әңгімесін аяқтады. Әкеміз «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР Президентінің Жарлығымен
«1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске» 60,65,70 жыл мерейтойларының мерекелік медальдарымен марапатталған.
Отбасымызда алты баламыз. Әр қайсымыз әр салада еңбек етіп, ел қатарлы өмір сүрудеміз.
Өткен жылдың күзінде әкем мен анамыздың шаңырақ көтергендеріне 60 жыл - Гауһар тойларын атап өттік. Осы күндері ата-анамыз балаларынан немере,шөбере сүйіп отырған қарт
жандар. Әкемізге 90-жылдық мерейтойы қарсаңында тек денсаулық тілейміз.
Рысмағамбетова Рахат Жетпісбайқызы
Нариман Ибрахимов
Сәуір айының соңғы күндері ауданымыздың тұрғыны,
еңбек ардагері, «Ленин» орденінің иегері Нариман Ибрахимов өмірден озды.
Нариман Ибрахимов 1939 жылы тамыз айында
Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде жұмысшы отбасында
өмірге келген. Еңбек жолы 1955 жылы Алғабас колхозында басталған. 1956 жылы Қарағанды облысы, Саран
қаласындағы №12 ауылшаруашылығын механикаландыру
училищесіне оқуға түсіп, механизатор мамандығын игереді. Жаңаарқа МТС-не механизатор болып жұмысқа орналасады. Кейін Сәкен Сейфуллин атындағы совхозға
механизатор болып ауысады. Осы жерде үзіліссіз еңбек
етіп, еңбек демалысына шығады. Нариман Ибрахимов
еңбек сүйгіштігімен, тиянақтылығымен көзге түсті. 1971
жылы КПСС мүшелігіне қабылданды. Техниканың тілін жетік білетін білікті маман
«К-700» тракторымен оныншы бесжылдықтың басынан бері жоспарды асыра орындап,
көзге түсті.
Нариман Ибрахимов өндірістен қол үзбей оқып, жұмысшы жастардың орта мектебін
бітірді. Шебер механизатор болғандықтан ауданымызда алғашқылардың бірі болып
«К-700» тракторын тізгіндеді. Жүрген жерінде жастарды өндірістің қызық та қиын
мамандығына бейімдеуге атсалысып, механизаторлар даярлауға ықпал етті. Жұмыстағы
екпінді еңбегімен кейінгі буынға үлгі болды. Еңбекте зор табысқа жетіп, қоғамдық
жұмысқа белсене араласты. Облыстық партия комитетінің мүшесі, С.Сейфуллин
селолық Советінің депутаты, халық бақылаушылар тобының мүшесі болды.
Ауылшаруашылығын өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. Ерен еңбегі бағаланып
«Ленин» ордені мен «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Нариман Ибрахимов- еліне елеулі, жүрген ортасына қадірлі, отбасына мейрімді жан еді.
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын.
Ю.Бекқожин, Қ.Имантүсіпов, Қ.Қожықаев, Б.Мұқанов, А.Әбдіғожин,
Р.Түсіпов, А.Жылқыбаев, Х.Сәтжанов, Ғ.Төтеев
Қалдырған ізің мәңгілік...
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз
қалдырған...»,-деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, бұл
жалғаннан өткен әрбір адам артына өзіне лайықты не сөз,
не із қалдырары заңдылық. Ерте ме, кеш пе бұл заңдылыққа
бағынасың. Дегенмен әттеңі, өкініші, бірағы өзекті өртейді.
Артында қалған өзіндік дара жолы, ұстаздық ұлағаты бар,
тәлімі мен тәрбиесі ұрпаққа үлгі болған, аяулы әріптесіміз
Ібішқызы Қарашаштың өмірден өткеніне сене алмай
жүргенімізде зымыран уақыт өзінің бір жылын да өткізіп
жіберіпті. Пендешілікпен мына жалған өмірге кім тұтқа
болған дейсің ғой! Бірақ өмірден ерте кетіп, орны ойсырап
тұрған дос-құрбымызды, әріптесімізді жоқтаймыз,
сағынышпен еске аламыз. Мектепте болсын, әртүрлі отырыста болсын әңгіме, сөз бастасақ, « Тұра тұрыңдаршы, мен
бастайыншы, мен айтайыншы» деп қолын көтеріп күлдіруші
еді. Сол әдетіне басып, қолын көтеріп, бірінші болып арамыздан ерте кетіп қалды. Өкінішке
толы жалған өмір алдамшы екен. Ұстаздық еткен бар ғұмырында өзінің білімділігімен,
адалдығымен, шыншылдығымен ұжым алдында, шәкірттері алдында үлкен абыройға ие
болды. Тарих пәнінен сабақ бере жүріп, бірнеше жыл директордың орынбасары қызметін
де лайықты, тиянақты атқара білді. Мектебіміздің абыройлы, табысты болуына бір кісідей
өз үлесін қосты. Саяси сауаттылығының арқасында барлық саяси іс-шараларға, аудандық,
облыстық науқанға белсене қатысып, сапалы нәтиже көрсететін. Өз ісіне өте тиянақты, жауапкершілікпен қарайтын. Парасаты мен пайымы, біліктілігі мен адалдығының арқасында
еңбегі бағаланып көптеген марапаттарға ие болды. Бірімізге ақылшы, бірімізге тәлімгер, бірімізге сырлас – құрбы, кішілерге қамқор болған аяулы әріптесіміз ауданымыздағы барлық
ұстаздарға үлгі бола білді. Алдынан өткен шәкірттері - мақтан етерлік бір-бір азамат болды.
Қазіргі таңда ұстаздарынан алған кісілік пен адамдық қасиеттерді бойына сіңірген, ел
мақтаныштары. М.Бекежанова «Алтын белгі», Қ.Рақымжанова, Д.Сыздықова, Ғ.Бөгенбаева
«Үздік аттестат» иегерлері атанса, өзі 2016 жылы көп жылғы ұстаздық қызметінің
нәтижесінде « Қазақ елінің үздік ұстазы» атағын иеленді.
Қарашаш мұғалім ұлтжанды, туған елін, жерін сүйетін, қадірлейтін азаматша еді. Туған,
еңбек еткен жері Ақтау ауылын, Жаңаарқа өңірін үнемі айтып, азаматтарымен мақтанып отыратын. О.Жұмабеков атындағы орта мектептің тарихын жинақтау, мұражайын толықтыру
жұмыстарына да өз үлесін қосты.
Ұстаз едің, жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректе түлеткен.
Сенің биік рухыңа бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен.
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Кім ойлайды өмір шіркін өшет деп,
Жалған дүние бұл пәниден көшет деп.
Арамызда аяулы ұстаз жоқ бүгін,
Еске алу тірілерден ізет тек.
Есімің де әлі талай аталар,
Ұмытпайтын бала-шаға,жарың бар.
Сағынышпен, қимастықпен еске алар,
Әріптестер, кешегі дос-құрбылар.
Қарашаш мұғалімнің өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген кісілігі
ерекше болатын. Өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз отбасының
ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы, ағайын-туысқа қымбат, жанашыр,
достарының еркесі болды. Отағасы Сәулет екеуі балаларына өнегелі тәрбие бере отырып,
білікті маман болып шығуларына ата-аналық парызын орындауда үлгі көрсетті. Заман талабынан қалмай , жаңалықтың жаршысы бола білген Қарашаш мұғалім қимастықпен қол
бұлғап, өзінің мәңгілік сапарына аттанып кеткеніне бір жылдың жүзі болды. Аяулы
әріптесімізді, замандас-құрбымызды сағынышпен еске аламыз. Жаны жәннатта, топырағы
торқа болсын! Пейіштің нұрына бөленсін! Екі дүниенің абыройын берсін! Қапияда көз
жазып қалған қадірлі ұстазымыз біздің есімізде мәңгі сақталады. Отбасына, ағайын туысқа
амандық, жақсылық тілейміз!
Айкүміс Қуандыққызы Жапсарбаева,
О.Жұмабеков атындағы орта мектепттің мұғалімі
7
ЕсКЕ алу
5 мамыр 2018 жыл
Ардақты да қымбатты әке, асыл жар, сүйікті ата болған
Құнақбаев Жұмақан Оспанұлының бабалар кеткен
қайтпас сапарға аттанғанына 19-мамыр күні 40 күн
толып отыр. Өмірден алғанынан көрі алары көп
әкеміздің орындалмаған армандары, алынбаған асулары
қалды. Жалт етіп жоқ болған жарық жұлдыздай маңайына
жылуын шаша ғайып болған асыл жанның асқақ
тұлғасы мәңгі жадымызда. Ағайын-туманың арысы,
бауырларының панасы, дос-жаранның сыйлысы болған
ардақты жанның артыңда аңырап жары, бала-шағасы,
ағайын-тумасы қалды. Азаматқа тән барлық мінез бойынан
табылатын, шаңырағының айбары, алтын
босағасының алынбас қамалы, ордасының орыны
бөлек тұғыры, жан әкеміздің жоқтығы қабырғамызға
батқанымен Алланың ісіне не шара. Қош әке, жатқан жерің жайлы топырағың мамық
болсын.
Таусылып ғайып кезде татар дәмі,
Таңдарың көп емес пе еді атар әлі.
Жалт етіп жоқ болдың ғой сағымға ұқсап,
Өмірдің таусылғандай сенсіз сәні.
Тағдырдың дауа бар ма шешіміне,
Кір келтірмей кеттің–ау есіміңе.
Иманың жолдас болып, жайың нұрлы,
Тербелсін жаның жәннат бесігінде
Еске алушылар: жұбайы-Айгүл, ұлы-Нұрболат, қызы-күйеубаласы Гүлжан-Нұрсая
19-мамыр күні ауызашар уақытында ардақты әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай “Жаңаарқа” тойханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Ауданымыздың тумасы, бауыр ет бала, ұлықты ұл, ізетті
іні, қамқор аға, адал жар Ерік Мұқанұлы Базарбековтың
өмірден озғанына ай толды. Сағынысып-көрісіп, қызыққуанышымызбен
бөлісіп,
жетістіктерімізге
бірге
қуанысып, алаңсыз отырған шағымызда қапияда қайғының
қара бұлты төнгеніне әлі де сенер емеспіз. Ерік кіріп келердей есікке елеңдеуіміз басылар емес. Өз ісінің білікті
маманы болған бауырымыз Ерік ішкі істер қызметінің ІІ
дәрежелі үздігі, І,ІІ,ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды, ІІД басшылығының Алғыс хатымен, қала әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Отбасының тірегі, ұл-қызының асқартаудай әкесі, адами
қасиеті мол, азаматтығы басым ардақты бауырымыздың
жатқан жері жайлы, топырағы мамық болсын.
Жоқсың, кеттің, келместің кемесін міндің де,
Жалғандығын өмірдің тым ертерек білдің бе?
Нар тұлғалы жан едің, бауыр едің сен асқақ,
Ел ағасы елуде сөнгені ме күнің де, естілмейді үнің де.
Арманың көп алдыңда асқақ едің, өр едің,
Нұрын шашып баршаны, жақсылыққа бөледің.
Жұмақ болсын мекенің, пырақ болсын мінгенің,
Бақұл болшы құлыным, Алла ісіне көнемін.
Сағына еске алушылар: әкелері, шешесі, бауырлары
13-мамыр күні сағат 13-00- де ардақты азаматымыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай “сәт” мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының, Ынтымақ ауылының тумасы болған
сүйікті ана, аяулы әже болған Түсіпова Меруерт
Шайзадақызы арамыздан алыстап, бақилық болғанына 1
жыл болды. Мейірімге толы, жаны нәзік, бауырмал болған
апамызды сағынышпен еске аламыз.
Ағын су боп өте шықтың селдеткен,
Ортамызда жоқсын, бүгін сен біздің.
Орның тұр үңірейіп ортамызда,
Еске аламыз сені аңсаумен сағына.
Жасаса да тіршілігін тірі адам,
Көзбен емес жүрегіммен жылаған.
Өзіңменен өткізген әрбір күндер,
Ұмытпаймыз бейнеңді мәңгі қалған.
Елес болып әрбір күлкің, әрбір бейнең,
Жадымызда қалған сенің сұлу бейнең.
Амал не жоқсың бүгін ортамызда,
Алладан медет сұрап дұға қылам.
Сағына еске алушылар: ата-анасы-Шайзада-Балшаш, бауырлары, балалары
11-мамыр күні сағат 13.00-де Бидайық ауылында “аманкелді” тойханасында
Меруерттің өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
Жарамсыз деп танылсын
Тамабекова Гульнара Жамбыловнаның атына 1989 жылы Ақтүбек орта мектебін бітіргендігі туралы берілген А № 597091 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп
танылсын
***
***
***
Тусупова Бақытжамалдың атына 1989 жылы Ақтүбек орта мектебін бітіргендігі туралы
берілген А № 597092 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Бәсте бағы жанған ару
Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының әкімшілігі және “Атамекен” облыстық кәсіпкерлер
палатасының қолдауымен “Атамекен” іскер әйелдер кеңесі
Орталық-Қазақстан туризм
ассоциациясының ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қарағанды
қаласында “Мисс Туризм Казахстан 2018” атты облыстық байқау өтті. Қарағанды қаласының әуежай
айлағына деген қызығушылықты арттыру мақсатында “Сарыарқа” әуежай тұрағы алаңында өткізілген
байқауға облыстың қалалары мен аудандарынан 10 ару қатысты.
Ұлттық мәдениет және салт-дәстүрді дәріптеп, отандық туристік нысандарға қызығушылықты арттыруды, туристік саланың дамуына үлес қосуды мақсат тұтқан байқауда жергілікті қолөнершілер
мен шеберлердің жұмыстары көрмеге қойылды.
Байқауға алдын-ала қалалар мен аудандарда іріктеу кезеңдерінен өткен арулар қатысты. Аруларымыздан әдеміліктерінен басқа өзінің туған елі мен жері, жалпы Қазақстанның тарихын жетік
білуі талап етілді.
Байқауға қатысқан арулар ұлттық киім, кешкі сән үлгісіндегі киімдерді көрсетсе, туған жер туралы
таныстыру жасап, ұлттық тағам және қолөнер
бұйымдарын таныстырып, өздерінің біліктілігін байқатты. Барлық қатысушылар туған жеріне және Отанына деген махаббатын көрсете
білді. Әділ-қазылар алқасына таңдау өте
қиынға соқты.
Қорытындылай келгенде, “Мисс Туризм ” титулын ауданымыздың 26 жасар аруы, Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің психолог
маманы Фариза Тишмағамбетова ие болды.
Фариза Байдалы би ауылының тумасы.
Біздің жеңімпазымыз Қарағанды облысы атынан осы жылдың аяғында жоспарланып
отырған
Астана
қаласында
өтетін
республикалық “Мисс Туризм Казахстан 2018”
байқауына жолдама ұтып
алды. Сонымен қатар, Франция елінде, Париж қаласында
өтетін түркітану мәдениетіне
арналған форумға жолдама
берілді.
Бұл шараға қатысқан аруымызды
дайындауға
ауданымыздың іскер әйелдер
кеңесі белсеңді атсалысты.
Аз уақытта жаңа да жас
құрамымен іске кіріскен
іскер әйелдер кеңесі көп іс
атқарды. Байқауға қатысушы
аруға жан-жақты көмек
көрсетіліп,
барлық
шығындарды көтерді. Фаризаның ауданымыздың атына сай жан-жақты болуы, оның материалдық
құндылықтармен әрленуі, байқау шартына сай дайындығы барлығы іскер әйелдер кеңесінің
ұйымдастыруымен жүргізілді.
Бақ сынысқан бәсекелі жарыста біздің ауданымыздың дайындығы ерекше болды. Ұлттық
тағамдарды ұсынар сәтте қазы-қарта, жал-жаясымен көмкеріліп, мүшелеп салынған ет тағамымен
Жаңаарқаның бренді-балдай қымызды ұсындық. Арнайы тігілген киіз үйде ақ дастарханымызды
жайып ауданымыздың қонақжай ел екенін паш еттік.
Жалпы бұл байқауға қатысуда демеушілік еткен аудан азаматтары мен азаматшалары Д.Әринова,
кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Н.Орынбасарова, сұлулық шебері Ғ.Тәттікенова, «Диана»
Құттықтаймыз!!!
Құрметті де аяулы анамыз Ақау Шегеқызы!
Сексеннің сеңгірігіне келген анамызға дүниедегі
бар жақсылықты тілейміз.
Анамыз кепті мерейлі тойы сексенге,
Жүгіртсек көзді бірталай ғұмыр өткенге.
Шөбере сүйді, шөпшек те сүйер күн болсын,
Аллаға ырза шығарсыз оған жеткенге.
Мейірімді жансыз, кеңпейіл, жарқын-жайдарлы,
Қуаныш бізге дәл сіздей ана болғаны.
“Ұрпаққа мақтан” дегені бар ғой Пайғамбар.
Бүршігін жарған бәйтерек тамыр арналы.
Тіршілік барда адамда болар арман көп,
Мына өмір алдау опасыз дүние жалған тек.
“Алғабас” атты шаһардан кетпей ырысы бол,
Ақ үйде отыр, ұрпаққа тілеу қолдау боп.
Ақ тілекпен: балалары- Нұрмұхаммед, Құлмұхаммед, Дінислам
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
24-сәуір мен 10-мамыр аралығында 5 және 7 сынып оқушыларына арналған
мамандандырылған мектеп-интернатына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау
жүзеге асырылады. Мектептерге құжаттарды қабылдау төмендегі мекен-жайлар бойынша жүзеге асырылады:
5 сыныптарға: «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты, мекенжайы: Қарағанды қ, Гапеев көш- 29/2, тел: 8 (7212) 347727. «Мұрагер»
мамандандырылған мектеп-интернаты, мекен-жайы: Қарағанды қ, Гоголь
көш- 46А, тел: 8 (7212) 500368. Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған
мектеп-интернаты, мекен-жайы: Қарағанды қ, Әлиханов көш-36 / 2, тел: 8
(7212) 567232. Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты,
мекен-жайы: Қарағанды қ, 12 ықшам аудан, 3, тел: 8 (7172) 451649. «Өркен»
мамандандырылған мектеп-интернаты (Жезказган қ.) мекен жайы: Абай көш144, тел: 8 (7102) 77-61-60. «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаты
(Балқаш қ.) мекен-жайы: Бейбітшілік көш- 3, тел: 8 (710-36) 4-00-51.
7 сыныптарға: «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеплицей-интернаты, мекен-жайы: Колодезная көш-98, тел: 8 (7212) 37-64-22.
Конкурстық іріктеу 2 кезеңнен тұрады. 1 кезен - а.ж. 12- мамыр күні - математика және логика бойынша тестілеу. 2 кезен - а.ж. 19- мамыр күні - математика, логика және оқу тілі бойынша тестілеу.
Уважаемые родители и учащиеся!
С 24 апреля по 10 мая осуществляется прием документов для поступления в
5 и 7 классы специализированных школ-интернатов для одаренных детей.
Прием документов осуществляются в школах:
в 5-е классы: Специализированная школа-интернат «Дарын», адрес: г.Караганда, ул. Гапеева 29/2, тел: 8 (7212) 347727. Специализированная школа-интернат «Мұрагер», адрес: г.Караганда, ул.Гоголя 46А, тел: 8 (7212) 500368.
Специализированная школа-интернат имени им. Н.Нурмакова, адрес: г.Караганда, ул.Алиханова д.36/2, тел: 8 (7212) 567232. Специализированная школаинтернат имени Жамбыла, адрес: г.Караганда, 12 мкр д-3, тел: 8 (7172) 451649.
Специализированная школа-интернат «Өркен» (г. Жезказган) адрес: ул. Абая
д.144, тел: 8 (710 2) 77-61-60. Специализированная школа-интернат «Зияткер»
(г.Балхаш) адрес: ул.Мира д.3, тел: 8 (710-36) 4-00-51.
В 7-е классы: Специализированная школа-лицей-интернат «Информационных технологий», адрес: ул.Колодезная д.98, тел: 8 (7212)37-64-22. Конкурсный отбор проводится в 2 тура. 1 тур – 12 мая – тестирование по математике
и логике. 2 тур – 19 мая – тестирование по математике, логике и по языку обучения.
Жұмысқа шақырамыз!!!
“Әлима” мейрамханасына тұрақты жұмысқа күзетшілер қабылдаймыз.
Қойылатын талап ер азаматтар 25-50жас аралығында.Хабарласу телефондары:
87016604077, 87774162226, 5-20-50. Күндізгі сағат 10-12 аралығында хабарласуларын сұраймыз.
“Әлима” мейрамханасының әкімшілігі
Көңіл айту
ШҚ (А.Ромкин), «Асылхан» ШҚ (С. Орынғожина), «Әлия» супермаркеті (Д.Майбасова), «Чайник»
асхана (Ж.Садвакасова), дүкендер: «Аяжан» (Б.Бекежанова), «Дәулет» (А. Төлеубаева), «Айбат»
(С. Дүйсенова), «Жасұлан» (З. Жампейісова), «Березка» (Л. Илларионова), «Балалар Әлемі»
(Е.Әмірханова), «Әлем» (Қ. Ахметбекова), Г.Ержанова, «Ақсұңқар» (К.Қалдыбаева), «Жібек Жолы»
(А.Сұлтанова), облыстық мәслихат депутаты Ғ.Жарылғапов ағаларымызға айтар алғыс шексіз.
Ауданымыздың атына лайықты өнер көрсетіп, ұйымшылдықтың үлгісін танытқанымызға
өзімніңде ризашылығым мол. Іскер әйелдер кеңесіне төрайым етіп тағайындалғаныма шамалы
уақыт болсада осындай айтулы шарада береке мен ұйымшылдықтың жеңгеніне марқайып
қалдым. Жеңіс құтты болсын. Ортақ жеңістеріміз көп болсын.
Орынжан Әбілдинова,
аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Аудан әкім аппараты мен аудандық мәслихат аппараты еңбек ардагері Ибрагимов Нариманның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен
туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
***
***
***
Аудандық орталық аурухана ұжымы мен кәсіподақ ұйымы осы мекеменің балалар бөлімінің бас дәрігері Базарбекова Алмагүл Мұқанқызына бауыры Ерік
Мұқанұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып
көңіл айтады
Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және
Айнабұлақ орта мектебінің педагогикалық ұжымы осы мектептің директоры
Ускембаева Айманға ағасы Талғаттың қайтыс болуына байланысты
қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
таралымы 1633 дана
тапсырыс №19
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
18
Размер файла
2 564 Кб
Теги
ilovepdf
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа