close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 20 Жанаарка газеті-ilovepdf-compressed

код для вставки
№20 (9857), 12 мамыр, 2018жыл
“Жаңаарқа” ақпарат
Өнерлі бала-ұлт
мақтанышы
Өткен аптада аудан әкімі Юржан Бекқожин ауданымызда
жаңадан жұмысын бастаған, балаларды өнерге баулып
жүрген хореограф Айсұлу Жұмабекованың жұмысымен танысты. Бала кезінен би өнерімен шұғылданған Айсұлу
ауданымыздың орталығындағы Ақселеу Сейдімбеков
көшесінде орналасқан екі қабатты үйдің жертөлесіне “Ais-
dance” би студиясын ашқан болатын.
Балаларды би өнеріне баулып жүрген би маманы, “Aisdance” би студиясының жетекшісі Айсұлу Жұмабековамен
кездескен аудан басшысы жас маманға толайым табыстар
тіледі.
Ашылғанына көп уақыт болмаса да, жақсы нәтиже беріп
келе жатқан
үйірменің жұмысы
жүйелі
жолға
қойылыпты. Би үйренетін балалардың талғамына сай
қабырға айналарымен жабдықталған орталықтағы би
үйренуші балғындар өз өнерлерін көрсетті. Биші
балалардың өнерін тамашалаған аудан басшысы мен
бөлім басшылары болашақ бишілерге сәттіліктер тіледі.
Темірден түйін түйген
Аудан әкімі Юржан Асанұлы темірмен түрлі өрнек жасап,
халықты сыртқы қоршау шарбақтармен әдеміленіп, безендірілген қақпалармен, темірден өрнектелген терезе торлары
сынды қажет заттармен қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер
Мақсат Мұқатаевтың цехын аралады. Темірден түйін
түйген Мақсат ауданымызға жиналмалы етіп жасалған
алты қанат киіз үйлерімен таныс азамат. Бүгінде темір
мен бірге пластик есіктер мен терезелер, тапсырыс бойынша ойын алаңдарына түрлі әткеншектер жасап, ел
игілігіне
пайдалануға
ұсынып
отырған Мақсат
Мұқатаевтың цехында бауырларымен бірге бірнеше адам
жұмыспен қамтылып отыр.
Аудан халқымен қатар, басқа да аудандар мен өңірлерден
тапсырыстар қабылдап, жұмысын жандандырып отырған
Мақсат Мұқатаевтың қолынан шыққан жұмысын көрген
аудан әкімі Юржан Асанұлы шеберге жақсы баға беріп,
ауданымызға қажетті аялдамалардың макетінің сызбасын
жасауды тапсырды.
Рахат Өмірбекқызы
Ұлы Жеңіс ұраны- ұмытпайды ұланы
Тарихта өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 73 жыл толды. Ерлікке толы жылдар
елдігіміздің мұраты, бірлігіміздің бастауы. Майдан даласындағы толассыз шайқас пен кескілескен ұрыс қаншама
жанның көз жұмуына себепкер болғанымен майдангерлер жеңістің жалауын желбіретті. Қасіретке толы болған
сол жылдар сан шаңырақтың шаттығын ұрлап, ананы баладан,
баланы әкеден айырды. Оның салған жарасы жазылмақ емес.
Оралмаған боздақтарын өздері көз жұмғанша күткен аналар мен
жарлардың үмітке толы жүректері тоқтағанша үздіксіз күтумен
болды.
Жеңістің 73 жылдығына арналған шараға еңбек ардагерлері,
аудан тұрғындары, жастар мен мектеп оқушылары қатысты.
Осы айтулы мерекеге байланысты арнайы ұйымдастырылған
мектеп оқушыларының кросс марафонының жүйріктері
алаңнан өтіп, салтанатты шерудің басталғанын паш етті.
Мерекелік іс-шараның алғашқы бөлімі Отан қорғауда мерт
болған жауынгерлерге құрмет ретінде «Даңқ» монументіне
гүл шоқтарын қоюмен басталды. Тағзым жасау салтанатына
аудан әкімі мен мәслихат хатшысы, ауған мен тәжік соғысының
ардагерлері, жауынгер интернационалистер, Чернобыль апатын
жоюға атсалысқан жауынгерлер, еңбек ардагерлері, депутаттар
мен ауданымызға қарасты барлық мекеме мен ұжымдардың
өкілдері
қатысты. Мектеп ұжымдары мен балабақша,
бөбекжай мекемелері Кеңес одағының батыры, жерлесіміз, майдангер Амантай Дәулетбековтың ескерткішіне гүл
шоқтарын қойып, тағзым етті.
Келесі кезекте “Қаһарман ұлт - Бессмертный
полк” шеруі өтті. Шеруде аудан тұрғындары
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер
әкелерінің аты-жөні жазылған суреттерін, ордендер мен медальдарын мақтанышпен алып
жүрді.
Ата-бабамыздың
ерлігі
мен
қайсарлығын паш еткен шеру “Мәңгілік ел”
алаңынан бастау алып, мереке өтетін алаңға
дейін келді.
Аудан әкімі Юржан Бекқожин мерекеге
жиналған барша қауымды айтулы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
-Ауданымыздан
майдан
даласына
шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысып,
елімізді азат ету жолында өшпес ерлік
көрсеткен акелеріміз бен ағаларымыздың ерлігі ешқашан ұмтылмақ емес. Елге аман оралып, ауылымыз,
ауданымыздың өркендеуіне атсалысқан майдангерлеріміздің қатары жыл өткен сайын сиреп келеді.
Ауданымыздың тұрғыны, майдангер, Ұлы Отан соғысына қатысқан 1925 жылы өмірге келген, бүгінде 93 жасқа
толған Зейнулла Қуанышбеков әкеміз денсаулығына байланысты бүгінгі салтанатты шараға қатыса алмады. Ардагерімізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін-деген
аудан
басшысы майдангер
жауынгерлерді еске алып, минуттық үнсіздік
жариялады. Құттықтау соңында мерекелік
шараға келген көпшілікке гүл шоқтары
ұсынылды.
Соғыс
жылдары жадында жаңғырған
майдангерлердің құрметіне ауданымыздағы
әскери
қызметкерлер
бастаған
жас
ұландардың шеруі өтті.
Осы мерекенің театрландырылған көрінісі мен
қойылымдары ауданымыздағы О.Жұмабеков
атындағы жалпы орта білім беретін тірек
мектебінің ұжымына жүктелген екен. Мектеп ұжымы соғыс басталған жылдардан бастап, майдан даласындағы ерлік,
ауылдағы еңбек майданындағы жұмыс, Ұлы Жеңістің орнауы аралығындағы оқиғаларды тартымды етіп көрсетіп,
баяндады. Сондай-ақ, мәдени сауық орталығы ұжымының қызметкерлері майдан даласында шырқалған әндерден
шашу шашып, би биледі.
Мерекелік шарада
қаз-қатар
тізілген
с ө р е л е р д е
ау ы л ш а р у а ш ы л ы қ
өнімдерінен жәрмеңке
ұйымдастырылды.
Онда сүт, өнімдері саудаланса, Қарағанды
қаласынан
арнайы
келген
жеке
кәсіпкерлер жержұмыр, жуа, пияз, шалғам, қияр, қызанақ тәрізді көкөністер мен қақталған, ысталған шұжықтардың
түр-түрін саудалады.
Мерекеге жиналған аудан тұрғындары мен қонақтар, көтеріңкі көңілмен тарқасты.
Өз тілшіміз
12 мамыр 2018 жыл
Тазалыққа бірлесіп
аТсалысайық
Тазалық-денсаулық кепілі. Адамның жан
дүниесіндегі әдемілік пен рухани байлық осы
тазалықпен астасып жатқаны анық. Адамзат
бойындағы тазалық пен бөлменің, үйдің, ауланың
маңайдың, көшенің жалпы қоршаған ортаның
тазалығы бір-біріне үйлескенде жаның жадырап,
тазалықтан ерекше бір ләззат алатының ақиқат.
Жалпы маңайдың тазалығы мен әдемілігі,
көріктенуі мен абаттандырылуы бәрімізге ортақ
дүние. Аудан ажарының көрікті әрі таза болуы
бәрімізге жақсы көңіл күй сыйлайтыны белгілі.
Көктем
шыға
ауданымызды көріктендіру
мақсатында, тазалықты қамтамасыз ету барысында «Тазалық-2018» екі айлығы жарияланған
болатын. Аудан орталығында, ауданға қарасты
барлық елді мекендер мен ауылдық округтерде
бұл бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Аптасына таза бейсенбіліктер мен сенбіліктер
ұйымдастырылып, мекемелер мен ұжымдар, білім
беретін орталықтар атсалысуда.
Тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілгенімен
ауданымыздың әр тұрғыны бұған белсене кіріспей
келеді. Әр көшедегі тұрғын өзінің ауласын, үйінің
маңайын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру
жұмыстарын жүргізуі қажет болғанымен көбі
немқұрайлылық танытып отыр. Соның кесірінен
көше бойындағы тазалық жұмыстарын жасаған
басқа
тұрғындар мен ұжымдардың атқарған
жұмыстары көрінбеуде.
Сіздер, яғни әр тұрғын өздеріңізге тиесілі
маңайларыңызды
тазалап,
көркейтіп,
қоршауларыңызды түзетпесеңіздер жасалған
еңбектің еш кеткені. Сондықтан бәріміз бірлесе
бір кісідей тазалыққа атсалысайық.
Барша жұртқа аты таныс ауданымыз тазалық
жағынан сынға ұшырамауын қамтамасыз етейік.
Ауданымыздағы егілген әр тал мен көшет,
қойылған жарықшамдар Сіздердің игіліктеріңіз
үшін
екенін
ұмытпаңыздар.
Сіздерді
ауданымыздың тазалығына бірге атсалысуға
шақырамыз.
Аудан әкімдігі
2
Есімдері ел есінде
Сейітғабды Кәрібайұлы 1907 жылы №2 ауылдық кеңесінің
Ақтүбек ауылында туған.1915-1919 жылдары Елеусіз молдадан
оқып, сауат ашқан. 1925-27 жылдары Әлмен ауылынан мектеп
ашылып, білім алған. 1928-1929 жылдары аудандық жер бөлімде
статистик болып жұмыс істеген.1932 жылы қыркүйек айында
Петропавл қаласындағы Қазақ мемлекеттік жоспарлау –
экономикалық техникумына оқуға түскен.1937 жылы
Қызылордада 7 жылдық мектептерге мұғалімдер дайындайтын 2
жылдық курстың физика-математика бөлімшесін аяқтаған.1939
жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауданында орта мектепте
мұғалім болып жүргенде Қызыл Армия қатарына алынып, Харьковте, кейін Львов қаласының сыртындағы 182 таулық атқыштар
дивизиясында міндетін атқарған. 1942 жылдың басында Мәскеу
түбінде неміс армиясы ауыр соққыға ұшырап, кейін шегінген.
Осы жылы ақпан айында полк шабуылға шыққанда снарядтың
жарықшағы басына тиіп, жараланған. Тула қаласындағы госпитальде ем алған. 989 атқыштар полкінің 2 взводы 3 бөлімшесіне
ауысып, Польшаның біраз жерін жаудан босатып, Чехославакия
жеріне кіріп, кескілескен ұрыстардан кейін орталығы Прагаға
жеткен. Майданда 3 рет жараланған. Сейітғабды Кәрібайұлы елге
1945 жылы 31 желтоқсанда келген. Жеңіс ұжымшарында орта
мектепте 2 жылдай математикадан сабақ беріп, 1948 жылы өз
өтініші бойынша Ақтүбек бастауыш мектебіне ауысқан. Мұнда
33 жыл мұғалім болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан.
Әбенов Ыдырыс 1911 жылы туған. 1942 жылы наурыз айында
әскерге алынып, Көкшетауда аз ғана уақыт әскерге үйретіп,
мамыр айында Харьков облысында майданға енген. Оң қолынан
жеңіл жарақат алып, Бобкин деген жерде госпитальде емделген.
Майдан алаңында траншея қазып, үш норма орындап, шахтер
атанған. Минаны реттеуден алдына жан салмаған. 1942 жылы
шілде айында разведкадан келе жатқанда снаряд ұшқыншағы
тиіп, қатты жараланып, Сочидегі госпитальде үш ай емделген.
1943 жылы «За оборону Кавказа» медалімен марапатталған. 1984
жылы дүниеден өтті. Бекқожин Әбікен 1922 жылы Өркендеу
ауылында дүниеге келген. 4 сыныптық білімі бар. 1942 жылы
Ржов қаласында майданға еніп, соғыс алаңында жараланған.1943
жылы елге оралған. Мал бағып, ауылшаруашылығын өркендетуге
атсалысқан. 2009 жылы қайтыс болды. Майхин Тәжібай 1918
жылы Жаңаарқа ауданы Өркендеу ауылында дүниеге келген. 1938
жылы әскер қатарына алынды. Әскерде жүріп, 1941 жылы жаяу
әскер сапында соғысқа атттанды. 1945 жылы Жапон соғысына
қатысқан. Майдандағы ерлігі үшін Жуков, Сталин, Даңқ ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1946 жылы
соғыстан елге аман оралып, 1947 жылы жол бойы милициясына
жұмысқа тұрып жемісті еңбек етіп, 1967 жылы зейнеткерлікке
шыққан. Майхин Тәжібай отбасында он бала тәрбиелеген, балалары кәзіргі таңда түрлі салада қызмет атқаруда.
Ақтүбек ауылдық округі
Баспасөз қызметі
Жаңа ауылға- жас басшы
Биылғы жылы Байдалы би ауылдық округінің құрамында болған
Талдыбұлақ ауылы жеке ауылдық округ болып құрылды. Өткен
аптаның соңында жаңа ауылдық округке әкім тағайындалды.
Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына Ғанибет
Қамиев бекітілді. Аудан әкімі Юржан Бекқожин ауданымызға
қарасты жаңа ауылдық округтің әкімін жаңа қызметіне салтанатты түрде отырғызып, үлкен сеніммен еңбегіне жеміс тіледі.
Ғанибет Рахатұлы Камиев 1983 жылдың 20- қазанында
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылдық
округінің Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2005 жылы Қарағанды қаржы институтын «Салық және салық
салу» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Талдыбұлақ ауылының «Тастықара»
шаруа қожалығында жұмыскер болып бастаған.
2010-2013 жылдар аралығында «Бидайық ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман,
2013-2017 жылдар аралығында «Ақтасты ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман
болып жұмыс істеген.
Жаңаарқа ауданының Ақтасты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің таратылуына және «Жаңаарқа
ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылуына байланысты 2018 жылдың 3қаңтарынан бастап Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық
округі әкімінің міндеттерін уақытша атқарды. Ағымдағы жылдың
5- мамырынан бастап Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі.
Хат қоржынынан
Көкемнің (Шоқаев Күзенбай атамыздың)
қолжазбасынан
9 мамыр - Жеңіс күніне орай, редакциямызға келген хаттар арасында Ұлы Отан тығылдық. Сол жер қалың ағаш екен, таң атқанда ағаштың басын мосы қылып буып, ағаштың
соғысының ардагері Күзенбай Шоқаевтың қол жазба естелік мақаласы келіп түсті. ар- шырпысын көлеңке етіп жаттық. Сол күні Мақан марқұм түс коріпті. Менің аяғымда етігім
дагер әкеміздің естелігін немересі жолдапты
бар екен, сол етіктің ұлтаны кішкене ғана сөгіліпті. Сен аман қайтасың-деп, Сәмен марқұм
1941
жылдың
қарашасында екеуі бәрінің көзінше жорыды. Ақыры 4 жыл 3 ай жүріп елге оралдым.
мобилизацияға бар адамды алды да кетті,
Содан 1-мамырға қарсы жолға шығамыз деген, ақыры 1 -мамырда Калинин фронтына кірдік.
қалған еркек, шамалы қатын-бала шулап Бограмян басқарушы болып, соғысқа кіріп кеттік. Бұл 1942 жылдың мамыры еді. Біз соғыста
қалды. Итшілеп қыс
Калинин қаласына жете алмаған едік, өйткені Мәскеудің әр жағына 12
өтті, 1942 жылдың 10шақырым келгенде наурыз айында біздің солдаттар әжептәуір жерге
Күзенбай
Шоқаев
1914
жылы
шынаурызында
барған екен. Басқа солдаттарға қосылдық. Біздің де жылжуымыз шаҚарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Мақанға, Сағынтайға,
малы, Ленинградтың қатарына барғамыз жоқ. Жылжи-жылжи 1943
Өркендеу колхозында дүниеге келген.
маған,
Біләл
жылдың басында ғана Ленинградтың күнбатыс жағынан өткен болдық.
1926 жылдан бастап соғысқа аттанар
Уызбаевқа, Әбеновке
Сол бетпен Литваның күн батысына қарай бет алдық. 1943 жылдың
1942 жылға дейін колхоздың еңбегіне
шақырту қағазы келді.
қаңтар-ақпан айлары өтті, қыс қатты болды. 1,2,3 Украйн майданы әрі
араласқан.
12-ші наурызда Кадеқарай бет алған уақытта, Калинин фронты да алға қарай жылжысын
1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы
нов, Ыбраев, мен,
деген нұсқау болды. 1943 жылдың наурызының 25-не дейін оборон
Отан соғысына қатысып, одан кейін
Біләл, Әбенов Біләл,
сақтап, 26-27 наурызда алға қарай жылжу керек болды. Бұл жерде өте
Отан алдындағы әскери міндетін
Түменбаев Кәдірсіз,
сондай қиын болды. Аз уақыт болса да неміс бекініп алған екен. 1943
атқарған.
Исабеков
Сәкен,
жылдың тамызында Литва Республикасының жеріне әрең жеттік. Енді
Жетпіс жылдай уақыт еңбек майдаРымқожа не керек
күш азайды, тағы артымыздан қосымша күш тамыздың соңында келіп,
нында еңбек еткен.
аудан бойынша 25
қайта шықтық. Сол жерде Мақан мен Саменге оқ тиді. Маған Литваға
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 2адамды (военком Шатақалғанда оқ тиді. Оныншы айда (қазан), 1943 жылдың қарашасында
орден, 8-медальдармен марапатталған,
марин) Ақмолаға жіИванов қаласына емханаға түстім. Сол айда Айшыкен баласы Күзекбайға
одан бөлек еңбек медальдарымен де
берді. Түнде барып
жолығып, екеуіміз құшақтасып, жылап алдық. Ол кісі:- «Мен тірі барам
марапатталған.
Жарық станциясында
ба, сен тірі барасың ба оны бір Аллах біледі, тірі болып менен бұрын
Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы.
түсіп жататын жер жоқ, сол жерде бір барып қалсаң, Файзулла мен Түлкібайға сәлем айт, Жаңылшақ қайтсе аман болсын. Мен баршалдың үйіне түнеп шығып ертеңіне сам туған - тустарыңа сәлем айтармын»-деп жылап тарқастық. Мен емханадан 1944 жылдың
Ақмолаға кеттік. Ақмола “бізде орын жоқ”- қаңтарында шықтым, бізді тағыда Мәскеуге алып келіп, бөліп-бөліп соғысқа жіберді. 3-ақпан
деп Көкшетауға жіберді. Поезбен Көкшетауға келіп едік 15 наурыз күні Ақмолаға қайта жі- күні соғысқа кіріп одан аман шықтық, үйткені неміс сиреп қалған екен. 5-ақпанда Литвадан
берді. Қайтіп Ақмолаға келіп, 17 наурыз күні, 39 полкке қамауға алындық. Қамауымыз полктің өтіп, Эстонияға қарай бет алған уақытымыз еді.
жанында үлкен монша бар екен, шатырының астына көп шөп салып тастапты, соған бізді
Алдымызда Восточный Пруссияның орталығы - Кенисберг, қиын, сақ болыңдар!- деді.
қамады. Жылы екен, асты монша, 20 наурызға дейін сонда болып 21- күні шығарып киімімізді Бұл 1944 жылдың ақпанының 18-19-ы кезі еді. Алдымызда Тапияу деген қала бар, сонда
алып, өзінің киімін беріп солдат етті. Содан 22 сәуір күні 1200 (мың екіжүз) адамды вагонға болсақ, сол жерде кейіннен қосымша күш келгенше 1-2 күн боламыз. Ол қала үлкен поселке
салып, отправка берді. 39 бен 31 станцияның арасы 3 шақырым. Сол араға дейін қант, шай екен, оны да 2 күнде айдап шықтық. Неміс бір шегіннен кейін мысы құрып кете берді. |Сол
дегенді шешеміз бен қазір тірі Захан деген келініміз (кейіннен Ақыбаев Әбдікеннің әйелі жерде бір старшый лейтенант келіп қазақ балаларын сұрады, кім атқа шығады деп. Біз
болды) 1 қап нанды станцияға жеткізтіп берді-ау. Біз Мақан, Сәмен, Қуанышбек 8-ші ауыл- сұрадық, ол не істейді деп. Олардың істейтін жұмысы мынау, границадан өтеміз, түнде
дікіміз, Байғозы 7-ші ауылдікі, Әбікенбаласы Біләл бәріміз нанды алдық. Сағынтайдың ба- штабты күзетеді және түнде сомолетпен десант түседі, парашютпен, тоғайдың ішіне, соларды
сында жарасы болып, қалып қойды. Уызбаев та қалды. Біләл басқа командіге кететін болды. іздеп табасындар. Ол кауіпті ғой, жолдастар бәрі бір соғыс қой, өлім қай жерде оны бір Алла
Сонымен олар қалды, біз кеттік. Б, Әбенов Мәскеуге тақалғанда ауру болып Мәскеуде қалды. біледі дегенді айтты.
Міне ағайын мендегі бары осы, Көкемнің бар жазып үлгергені осы болған шығар.
Содан хабар ала алмадық.
Үлкен эшалон Калининге тақалғанда дайын отырыңдар, түнде дабыл болады, еш нәрселерін аруағы разы болсын, осы естелікте аттары жазылған азаматтардың жатқан жерлері
жайлы, орындары тек жұмақтан болсын.
қалып қоймасын деген бұйрық келді.
Ғазиз Күзенбаев,
- Дабыл болысымен поезд акырын жүреді, секіріп-секіріп түсіп тоғайға кіре беріңдер деді.
немересі
Сағатты білмейміз, дабыл болды, біртін-біртін вагоннан секіріп-секіріп түсіп, тоғайға
12 мамыр 2018 жыл
3
9 мамыр Жеңіс күні
Артына өшпес із қалдырған ардагерлер
Адамзат тарихына өшпес қара таңба салған 1941-1945 жылдардағы Екінші дүние жүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің
салтанат құрғанына биыл 73 жыл толды. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Міне, сол қанды қырғында
от пен оқтың ортасында жауға қарсы тұрғандар қатарында біздің Айнабұлақ ауылынанда азаматтар болды. Елге аман оралған ардагерлеріміз еңбек майданына атсалысты.
Тоқабеков Қыздарбек 1923 жылы Қараағаш ауылында дүниеге келген. Киевкада бастауыш мектеп бітіріп, еңбек жолын бастаған. 1941 жылы соғысқа аттанып,1944 жылы елге оралды. Соғыста
Сталинград өңірінде болды. 1949 жылы тыңайған жерлерді игеру үшін Айнабұлақ ауылына келді.
Өмір бойы мал шаруашылығымен айналысты. 1990 жылдың күзінде дүниеден өтті. Сталинград
өңірінде ерлігі үшін медальімен, Қызыл жұлдыз орденімен, Тың игергені үшін, Жеңістің 45
жылдығы медалімен марапатталған. Жолдасы - тыл ардагері Искакова Гүлсім - бастауыш сынып
мұғалімі болып, сауатсыздарға хат танытқан.
Рақышев Төлеубек (1923-2001). 1923 жылы Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанып,1945 жылы
елге оралды. 1950 жылы Жаңаарқа өңіріне тың игеруге
Жезқазған «Казмедстройда» жұмыс істеп жүрген жерінен жолдамамен келді. Әуелі Ынталы колхозы председателінің орынбасары, партия ұйымының жетекшісі болып еңбек етті. 1956
жылы «Айнабұлақ» совхозына бөлімше басқарушылығына жіберілді. Ол қызметті 1969 жылға дейін атқарды, бұдан кейін қырман меңгерушісі болып жүріп,
1972 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ұлы Отан соғысын Чехословакияда
аяқтаған ол 10 медальмен: «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жиырма, отыз
жылдығы, елу жылдығы» мерекелік медальдарымен; «Тың игеруге қатысқан» медалімен, «КСРО
Қарулы Күштерінің 50 жылдығы, 70 жылдығы» медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен
марапатталған. 2001 жылы дүниеден өтті. Екі баланың әкесі,
11 немеренің атасы.
Өскенбаев Тілеуқабыл (1925-2013). 1925 жылы Спасск маңында Көкпекті деген жерде туған.
1941 жылы Балхаштағы Абай атындағы мектепті үздік бағамен 16 жасында бітірген. 1943 жылы
әскерге алынып, Белоруссияның Орша қаласының түбіндегі соғысқа қатысып, екі рет жарақат
алады. 1944 жылдың сәуір айында ІІ топтағы мүгедек болып, үйге қайтты. 1945 жылы
мұғалімдікке орналасып, Ақтүбек мектебінің директоры, білім бөлімінде инспектор, Бидайық
орта мектебінің директоры, Айнабұлақ орыс мектебінің директоры болып еңбек етті. 1995
жылға дейін Айнабұлақ мектебінде тарих пәнінен сабақ берді. Оқу ағарту ісінің үздігі. «Отан
соғысының» орденімен, «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің» мерекелік,
«КСРО Қарулы Күштерінің 60 жылдығы, 70 жылдығы», «Тың игеруге қатысқан» медальдармен
марапатталған. Жеті баланың әкесі, он бес немеренің атасы. 2013 жылы өмірден өтті.
Закиров Исмагил (1913-2011). 1913 жылы тамыз айында ТатарССР, Тулесник ауданы, Үлкен Метиска деревнясында туған.
1930 жылы Мәскеуге барып, он жыл темір жолда жүк тасушы болып жұмыс істеген. 1941 жылдың
күзінде Волоколомск майданының минамет ротасына жіберілді. 1941 жылдың желтоқсан айында
жарақат алып, Горьков қаласындағы госпитальда жатып, 1942 жылдың көктемінде майданға
қайтып барған.1945 жылы аман – есен еліне оралған. 1954 жылы Айнабұлақ ауылына қоныс аударып, құрылыс саласында жұмыс істеген. Үш баланың әкесі, алты немеренің атасы. 2011 жылы
дүниеден өтті.
Спатаева Анна Кузьминина (1926-2008). 1925 жылы Курен
қаласында дүниеге келген. 1942-1943 жылы шахтада комендант болып жұмыс істеген. Көптеген медальдармен
марапатталған. 1986 жылы Айнабұлақ ауылына көшіп келген,
ауылда балабақшада қызмет атқарған. Екі баланың анасы,
жеті немеренің әжесі. 2008 жылы дүниеден өтті.
Қазыр біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ
бұл азаттықтың қалай келгенін біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған
уақытында тату – тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік
біздің Отанымызға берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз
жұтамасын. Ұлан ғайыр кең даламызды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық адам
баласының арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын!
С.Рақышева,
Айнабұлақ негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
салауаТТылық - салТыМыз
9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығына
орай екінші мәрте қатарынан
10
шақырымдық ауылішілік кросс сайысы
өз мәресіне жетті. Бұл шара "Туған жерге
тағзым"
бағдарламалары
аясында
ауылымыздың азаматы, спорт жанашыры,
Қарағанды қаласының
кәсіпкері,
жерлесіміз Тұтқышбаев
Қуаныш Кеңпейілұлының туып өскен
ауылына деген құрметінің нәтижесінде
өтті. Спортшылар сайыстың 5 түрінен
бақ сынасты. Ересектер арасындағы 500
метр қашықтық жарысында I орын- Р.Ибраев, ІІ орын- Е.Барлыбай, III орынЕ.Оңдыбаев иеленсе,
1-4 сынып
оқушылары арасындағы 1 шақырымдық қашықтықта Іорын- А.Ғабит, II орын- Е.Темірбеков, ІII орынН.Дәуіт иеленді. 5-8 сынып оқушылары арасындағы 3 шақырымдық қашықтықта І орын- Н.Темірбеков,
(Екі дүркін жеңімпаз), II орын- А.Бейбіт, ІII орын- Ж.Берік алды. Ересектер арасында қос қолмен 24 келі
лік кір тасын көтеру сайысында І орын- А.Кеншімов, ( Екі дүркін жеңімпаз атанды), II орын- Н.Әбдіраш,
III орын- Д.Шубаев, ересектер арасындағы 10 шақырымдық қашықтық сайысында I орын- Р.Ибраев (120
000 теңге), II орын-Ж.Қаламқазы(40 000 теңге), ІII орын- А.Әбдірашов (20 000 теңге), IV орынЕ.Қалмағанбетов (10 000 теңге), V орын- Е.Оңдыбаев (5 000 теңге) ие болды.
Сондай- ақ, "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша дайындаған жүлдеге Ғабит Асылжан,
Ибрагим Нәзипа, Мәжит Ерасылдар ұсынылды. Бұл спортшыларда демеушіміздің арнайы дайындаған
10 000 теңгеден ақшалай сыйлығына ие болды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болды.
Жарыс соңында ауыл әкімі Тажитов Жанат Зәрубайұлы атсалысқан спортшылар мен жанкүйерлерге және
шараның басдемеушісі Қуаныш Кеңпейілұлына өз атынан және ауыл халқы атынан алғысын білдіріп,
рахметін айтты. Сонымен қатар ел ағасы, зейнеткер Қуантай Әубакіров ағамыз батасын берді.
Т. Сәтбергенов,
жетекші маман
9 мамыр -Жеңіс күні
Есімдері ұмытылмайды
Байдалы би ауылдық округі, Атасу ауылы бойынша Ұлы Отан соғысына елін, жерін қорғау үшін
аттанған 70-тен артық азаматтың, қазіргі уақыттағы
дерегі бойынша 32-і майдан даласынан оралмаса,
40-қа жуық жауынгер туған еліне оралып, еңбек
майданында аянбай тер төкті. Сол уақытта Атасу
колхозын басқарған Сәтжан Тоқанов, ферма
меңгерушілері және басқада әр салада қызметтер
атқарған Сейдімбеков Аманбек, Ахметов Қойтан,
Алин Төлеу, Жүнісов Қасымбек, Ақылбеков Оспан,
Сүлейменов Әбдіхалық, Әлтаев Уақас, Атажанов
Сағынтай, Жартыбаев Құдыкен, Мұқашев Ұзақбай,
Салжанов Әбілғазы, Жетпісбаев Мұқатай, Кәрин
Қами, Нұрсақалов Сағынтай, Оспанов Кәрібай, Сатанов Әубәкір, Барманбеков Құсайын. Сондай-ақ,
ауылшаруашылығының әр саласында, соғыс салған
жараларына қарамай, барлық күш-жігерлерін
жұмсаған орденді майдангерлеріміз Сағымбеков
Жамау, Филатов Владимир, Ибраев Ахметжан,
Әбенов Серкебай, Тоғызбаев Көпберген, Сабырбаев Рақымжан, Жалбақов Жүніс, Сәденов
Боранқұл, Есенқұлов Имаш, Бейсенбаев Төлеп,
Дүрмағанбетов Ахметжан, Сейсенбеков Сылтаубай, Исаев Ыбырай, Жәкенов Рымқұл,
Үмбетәліұлы Әліп, Имашев Мұқажан, Мұсабеков
Мүсілім, Баяділов Қозыбақ, Әбежанов Жөгібай,
Әбжанов Айтжан.
Майдан даласында оққа ұшып, хабар-ошарсыз кеткен боздақтарымызды атап өтер болсақ - Нұржанов
Байділдә, Әбілжанов Ілияс, Тәттібаев Жапан, Ибраев
Мұхаметжан,
Сейдімбеков
Слан,
Тілеуқабылов Ахметжан, Тебенов Бәутік,
Тоқтамысов Жұмажан, Құлмағанбетов Смағұл,
Қалмағанбетов Байділдә, Қалмағанбетов Зейнулла,
Тұяқбаев Ібраһым, Бейсенбаев Кенжебай, Әбдин
Мұсатай, Әбдин Мұқатай, Әбдуов Өткір,
Жұмадилдин Бүркітбай, Жұмаділдин Сәрсен,
Ақылбеков Жәкен, Әзілбеков Әбжан, Әзілбеков Дауылбай, Ахметов Қыдырбай, Әбдішов Ақыш, Ахметов Зәкенай, Сатанов Ақажан, Сыздықов
Торжан, Сыздықов Дәулетбек, Төлеубайұлы
Жәкеш, Арғынбаев Әбүйір, Шалабаев Желібай,
Күлмағанбетов Фазыл, Бейісбеков Камал, Ысқақов
Темешбай. Осындай асыл азаматтарымыздың есімін мәңгі есте қалдырып, кейінгі ұрпақтарымызға
үлгі- өнеге болу үшін, ауылымыздың ортасына «Ер
есімі-ел есінде» атты ескерткіш тақта орнатамыз.
А.Сағымбеков, Байдалы би ауылдың округі
әкім аппаратының жетекші маманы
Жауынгерлер ерлігі өнегелі іс
Бүгінде майдангер аталарымыз
бен ағаларымыз
азайып
келеді.
Біздің
ауылда
майдан
көрген
ардагер аталарымыз
мәңгілік
сапарға аттанған.
Жас ұрпаққа
әкелер
мен
ағалар
ерлігін
үлгі
ету
мақсатында мектебімізде жауынгер ағалармен кездесу, әрі жарыс
ұйымдастырылды. Оған Отан алдындағы борыштарын ауған жерінде өткізген
азаматтар шақырылып, кеш қонағы болды. Мектеп директоры Гүлнар Ахметова құттықтау сөз сөйлеп, іс – шараны ашып, жауынгер интернационалистер ерлігін құрмет тұтатындығын баян етті. Аталған әскери – спорттық
жарысты мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Абдулла
Қайыржанұлы ұйымдастыруды. Жарыста төрешілік қызметін атқаруға Ауған
соғысының ардагерлері Тынысбаев Ермек Айтбайұлы, Әбішев Сұлтанбек,
Нақыпов Бек және Чернобыль алауын залалсыздандыруға қатысқан ардагер
Дәулетов Жаппас шақырылды. Ауған соғысының ардагерлері мектептің
оқушылары, «жас ұлан жастары» спорт клубының өкілдеріне оқуда озат,
әскери спорт жарыстарында жеңіске жетуге, Отанымыздың алдында
азаматтық борыштарын адал атқаратындарына сенім білдірді. Жарыс
қортындысы бойынша сынып командалары, үздік оқушылар грамотамен марапатталды. Ардагерлерге салт- дәстүр бойынша иықтарына шапан жауып,
естелік суретке түсті.
М.Рахымқұлов, Көктал ЖОББ мектебінің мұғалімі
12 мамыр 2018 жыл
соғыстан қалған шынар
Ұлы Жеңістің туы желбіреп, көк аспанда бейбітшілік құсының самғағанына -73
жыл. Толарсақтан саз кешіп, тұтқиылдан шабуылдаған жаумен бетпе-бет арпалысып,
қызыл қанға боялып, шыбын жаны
кеудесінен шыққанша Отан қорғаған
батырлардың жанымен жеткен Ұлы
Жеңіс күні 9-мамырдың салтанатты
мерекеге айналғанына да 73 жыл.
Қасындағы майдандасынан қапияда
көз жазған солдаттың қаруластарын
жүрегін жасқа малып, үнсіз аза
тұтқанына -73 жыл.
Сұрапыл
соғыста
жастық шақ пен жалын
кезін отқа тосып, көзін жұмса шейт
болған майдандастарының көз алдында елесі жүргеніне де 73 жыл. Бейбіт өмір орнағанына 73-жыл,
Иә, алапат
соғыс
тұтанып,
жолындағысын жалмай, тып-типыл
ете жойып, қызыл жалыны қызыл
қанға айналып, өткен жерін өртей
елімізге қауіп төндірді. Қауызын
жаңа жарған жас өскіннен бастап
тал, қайың,
саялы
бәйтеректің
барлығы соғыс өртінен зардап шекті.
Өртене жүріп, отқа қарсы әл дәрмені
құрығанша тойтарыс беріп, жалынды өшіруге атсалысты. Бұтағынан айрылды, күйді,
жанды, күлге айналды, қайта көктеді, ақыры жеңді. Соғыс жасындай соғып, найзағайдай
ойнап өтті де кетті. Жас өскін қайта бас көтеріп, қауызын жарды бүрледі, гүлдеді,
алып шынарға айналды.
4
ардагер ардақталды
Аудан халқымен бірге
Жеңіс күніндегі сәнсалтанаттың
куәсі
болған аудан басшысы
Юржан Бекқожин және
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қуат
Имантүсіпов
пен
мәслихат депутаттары,
облыстық мәслихаттың
депутаты
Ғазым
Жарылғапов,
«Нұр
Отан»
партиясының
аудандық
филиалы
төрағасының бірінші
орынбасары
Әсет
Аманжолов, сонымен
қатар, аудан әкімінің
орынбасарлары
мен
бірқатар бөлім басшылары аудандағы Ұлы
Отан соғысы ардагері З е й н о л л а
Қ уа н ы ш бе ко вт ы ң
шаңырағына арнайы
барып, құттықтап, сыйсияпат жасады. Сондай-ақ, аудан басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын тапсырды.
Өз тілшіміз
атасудағы алқалы кездесу
Отан үшін от кешкен ардагер әке мен оның ұрпақтары соғыстан тұралаған елдің
еңсесінің түзелуіне, қыры кеткен шаруаның оңалуына аянбай тер төгіп еңбек етті.
Бүгінгі бейбіт күн, Тәуелсіздік пен Егемендік сол батыр да батыл әкелердің жеңісі
мен жемісі.
Ауданымыз бойынша жеңістің -73-ші мамырын көру, «І дәрежелі Отан соғысы»
орденінің иегері Зейнулла Қуанышбеков әкемізге бұйырыпты. Зейнулла әкеміз майдан
даласына 1943 жылы шақырылып, елге 1950 жылдары оралған. Қиыр шығыстағы
майданға түскен ардагер Манғолия аймағында жасақталған 17 армияның 36
дивизиясының жеке барлау батальонына қатардағы минометші болып соғысқа кіреді.
Жапон агрессиясына қарсы Забайкалье бойындағы ұрысқа қатысады. 1944 жылы
көрсеткен ерлігі үшін марапатталған. Өмірінің 7 жылын Қытай, Манголия жеріндегі
шекара күзетіне арнап, кірпік қақпай ел тыныштығын күзеткен майдангер
И.Сталиннің, Маршал Василевскидің «Алғыс хатымен» марапатталған.
Өткен өмірінен сыр шерткен ардагер ауыр еститін болыпты. Әкелерінің үйінде бас
қосқан балалары мәре-сәре. Еліміздің әр жерінде еңбек етіп, қызмет жасайтын
басшы, ұстаз, есепші, заңгер, сатушы, әскери қызметтегі ұл-қызының жылдағы әдеті
осы. Әке шаңырағына жиналып салтанатты мерекені атап өту. Маңайына 10 баласы
мен немере-шөберелерін жинаған ата:-«Өмірдегі бар жиған терген байлығым осыларым”-деді балаларын көрсете мағұрланып. Шынымен адам баласы ұрпағымен
бақытты. Баласының алды жетпіске таяқ тастағанымен майдангер үшін әлі сол бала
қалпы. Өткен күндерден сыр шерткен ұл-қыздары немере сүйіп отырғандарымен
әкелеріне еркелеп қояды. Қандай жарасымды. Балалық шақтарынан естеліктер айтып,
аяулы аналарын еске алды. Майдан көрген әке балаларын адалдыққа, шыншылдыққа,
жауапкершілікке, бар болса тасымауға, жоқ болса жасымауға тәрбиелепті. Үйдің
үлкені Ермек аға шаруаға қолқабыс жасап, кейінгі бауырларының сабағын қадағалап,
тәрбиемен кішкентай кезінен айналысса екінші ағалары темірдей тәртіп орнатып,
барлығына кітап оқуды міндеттеген екен. Том-том кітапты қанша күнде оқып бітірулеріне дейін жазып, қадағалап отыратын да сол болыпты. Тәртіп бар жерде талап
пен сапа бар. Содан болар майдангер әкенің ұл-қызының барлығы да білімді әрі білікті. Өз істерінің шеберлері. Бір-біріне қолқабыс жасап, көмек қолын созып,
ынтымақтастықты ту еткен ұрпақтары Ермек, Марал, Ерік, Маржан, Ерген, Берген,
Ақжан, Жанжан, Дәнжан, Мақпалына емірене қараған ардагер әке марқайып әр
баласының арқасынан қағып, мейірленіп қояды.
Өмір сыйлаған ата-аналарына шексіз алғыс айтқан балалары майдангер атаға ғасыр
жасауды тілеп, үнемі ақылшы-кеңесші болып араларында жүруіне тілек қосуда.
Иә, Отан үшін откешкен майдангердің өмірі, оның ерлігі біздерге, ұрпақтарына үлгіөнеге. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында ұрпақтарыңыз гүлденіп, өсіп өнуде. Олай
болса мықты да мығым, берік те бекем шынар ағашындай көркейіп, балалары жасыл
желегіне айналған әкемізге біз де ұзақ ғұмыр тілейміз.
Салтанат Аманқызы
8-мамыр күні арнайы ақпараттық топ мүшелері Ақтүбек ауылдық округіне қарасты
Атасу
стансасы
тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
№135 Атасу негізгі
мектебінде өткізілген
кездесу барысында
осы аймақтың атынан
сайланған
аудандық мәслихат
депутаты, мәслихат
хатшысы
Қ.
Имантүсіпов ауыл
тұрғындары мен мектеп ұстаздарына арнайы есеп беру
баяндамасын жасап,
а т қ а р ы л ғ а н
жұмыстары туралы
кеңінен ақпарат беріп
өтті. Баяндама барысында депутаттың былтырғы жылғы тұрғындармен кездесу барысында көтерілген ауыл мектебіне жөндеу жүргізу ұсынысы жерде қалмай, биылғы жылы
аудан бюджетінен тиісті қаржы қарастырылып, мектеп терезелері мен есіктері және
сыртқы қоршауын жаңарту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар
жақсы жаңалыққа өз
қуаныштарын жеткізіп,
өз
ұсыныс-тілектерін
жеткізді.
Ақтүбек ауылдық округ
әкімі А.Аманбаев алдағы
уақыттарда
ауыл
аймағынан ҚызылордаАстана
газ
құбыры
өтетінін және болашақта
әр үйге газ тарту
мүмкіндігі болатынын
жеткізе отырып, әрбір
үйдің
құжаттарын
түгендеуді
тапсырды.
Кездесуге қатысқан «Нұр
Отан»
партиясының
Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» негізгі
бағыттарын түсіндіре отырып, газ құбыры, кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында сөз қозғады.
Ауылдың тумасы, ауданымызға есімі кеңінен таныс, еңбек ардагері Бейбіт Хасенов өз тілегін жеткізіп, мектеп кітапханасына өз қорынан 80-ге жуық кітапты тарту етіп, қолына
гитара алып, ауылдастарына әдемі ән сыйлады. Шара соңында мектеп директоры Бекетай
Сайманов келген қонақтарға алығысын білдіріп, мектеп ұжымы атынан өз ұсыныстарын
ортаға салды.
Кездесуден кейін қонақтар Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтау үшін ауылдың абыз анасы
Злиша әженің шаңырағына ат басын бұрды. Жүз жасаған ел анасын құттықтай отырып,
Әсет Аманжолов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен
Әшімбаевтың құттықтау хаты мен сыйлығын табыс етті.
«Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы
5
Туған жерге тағзым
Үлгі болар іс
"Қуанса бала, қуанамыз бәріміз" дегендей Байдалы би көшесі мен Аралбай батыр
көшесінің қиылысында 7-мамыр күні балалар алаңы салтанатты түрде ашылды.
Шараға аудан әкімінің
орынбасары Қ.Қожықаев,
кент әкімі Р.Түсіпов,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің басшысы Р.Казимов
және
көше
тұрғындары мен балалар
қатысты. Игі бастаманы
бір өзі қолға алып, көше
тұрғындарына сыйлық ретінде тарту еткен жомарт
жан, “Ескене” шаруа
қожалығының иесі, ел
ағасы
Әбүйірхан
Төлеуов. Құны 2 млн
теңгеден асатын бұл алаңға осы көшенің тұрғыны, "Қазақстан Барысының" қола
жүлдегері, аудан мақтанышы, палуан Асыл Бәрменовтың атын беруді ұйғарыпты.
Ашылу салтанатына спортшымыз да қатысты. Жиында алғаш боп сөз алған аудан
әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев бұл бастама көпке үлгі боларлық екенін айта
келе, әкімшілік атынан ойын алаңына тағы бір ойын құрылғысын сыйға тартатынын
айтты.
Келесі кезекте ел мақтанышы Асыл Бәрменов: - Бақытты өмірде, алаңсыз асыр
салған, ел ертеңі балалар үшін жасалған бұл алаңға келген балалар арасынан
болашақта ел сенімін ақтайтын спортшылар шығады деген сенімдемін. Болашақтың
өкілдері, кішкентай періштелер үшін үлкен іс тындырған Әбүйірхан ағамыз бен
Қарлығаш жеңгемізге көше тұрғындарының атынан алғыс айтамын. Еңбектеріңіз
жана
берсін. Көк
аспанның
астында,
көлеңкесіз
өмірде,
күлімдеп жүретін ініқарындас, балаларымыз
аман болсын. Баршаңыза
көп рахмет.
Тұрғындар алаңның
ашылу салтанатына арнайы келген аудандық
мәдениет
үйінің
өнерпаздарының өнерін
тамашалап, қошемет білдірді.
Салтанатты түрде лентаны кент әкімі Рахманберлі
Түсіпов
пен
Әбүйірхан ағамыз қиды. Келген қонақтар мен барлық тұрғындар жайылған дастарханнан дәм татып, барлық балаларға тәттілер мен жемістер тарту етілді.
Рахат Айтжанова
Бәрекелді!
Жеңіс күніне жеңіс сыйлаған
“Ұлы дала” дарындары
4-5-мамыр күндері Алматы қаласында Республикалық телевизиялық “Ұлы дала дарыны” атты байқау болып өтті. Осы байқауға біздің ауданымыздың атынан Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің ән сабағының ұстазы Дәурен Әлжановтың
жетекшілігімен бір топ өнерпаз балалар барып өнер көрсетті. Байқауға барған әр
бала өз номинациялары бойынша өнер көрсетіп, жүлделі орындармен марапат-
12 мамыр 2017 жыл
Отанды қорғау -азаматының парызы
Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасын қорғау
– оның әрбір азаматының қасиетті парыз және міндеті» деп айтылған. Жыл сайын біздің жас азаматтарымыз Отан алдындағы борыштарын өтеу үшін
әскерге аттанады. Осыған орай, ағымдағы жылдың
мамыр айының 4 – ші жұлдызы күні жазғы сахна
алаңында әскер қатарына шақырылған жастарды
салтанатты түрде шығарып салуға арналған «Ерлік
– ұрпақ ұраны» атты дәстүрлі мәдени-патриоттық
шара өтті. Рәсім барысында аудан әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Төтеев және ауған
соғысының ардагері Ермек Тынысбаев жас
сарбаздарға бата берсе, аудандық
қорғаныс істер жөніндегі бөлім
бастығы, майор Биғарашав Әсет
Амангелдіұлы әскер қатарына аттанып бара жатқан жастарға ақ жол тіледі.
Жастар атынан сөйлеген Байғабыл
Ахметжанов Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, азамат атына сөз келтірмейтіндеріне дүйім жұрт алдында уәде берді. Сонымен қатар, "Аisdance"
би студиясының жастары флеш-моб биін ұсынып, Отан қорғаушыларымызға арналған шағын
сыйлықтарын табыстады. Сарбаздарымыздың аман – есен Отан алдындағы борыштарын өтеп,
абыроймен елге оралуларына аудан жастарының атынан тілектеспіз!
Е.Тәттімбек, жастар ресурстық орталығының маманы
Үздіктер ұйымға өтіп, жеңімпаздар марапатталды
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай,
ауданымызға
қарасты
мектептердің
барлығында «Жас ұлан» ұйымының
қатарына үздік оқушыларды қабылдау
шарасы өтті. Осы орайда
аудан
орталығындағы жазғы сахна алаңында
аудан
басындағы
5 мектептің
оқушылары қатысқан іс-шара өтті.
Аудан әкімі Ю.Бекқожин, мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов, аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Ә.Бигарашев, білім бөлімінің
басшысы Т.Әштаев, бөлім басшылары мен еңбек ардагерлері,
ұстаздары мен оқушылары
қатысты. Мерекелік шара барысында салтанатты түрде көк
туымыз
әкелініп,
Әнұран
шырқалды. Аудан әкімі Юржан
Бекқожин сөз алып, жас
ұландарды құттықтап, аудан
мектептерінің қоғамдық ісшараларға белсене араласатын
90-ға жуық үздік оқушыларға
салтанатты түрде көк галстук пен төсбелгі тағып, «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылдады.
Мерекелік іс-шараның келесі кезегі жоғары сынып оқушыларының сапқа тұру байқауына
ұласты. Байқауға аудан мен ауыл мектептерінен 17 топ қатысты. Сайыс сапта тұрып ән айту,
әскери жүріс және тағы да басқа әскери жаттығулардан құралды. Төрешілердің шешімі бойынша
№132 ЖОББ мектебінің тобы үздік деп танылып, I- орынды иеленді. Байқауға қатысқан барлық
қатысушыларға мақтау қағаздары табысталды.
Аудандық білім бөлімі
Жайдарман -2018
Тапқырлар топ жарды
1-мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Жаңаарқа Жайдарман филиалының
ұйымдастыруымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен аудандық жайдарман
сайысының финалдық ойындары өтті. Жайдарманда аудандық мәслихат депутаты Бағдат Бекежанова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары Нұргүл Әубакирова және Игенбай
Дәулетов, Қазақстан КВН одағы республикалық «Жастар» қоғамдық бірлестігі, Қарағанды
КВН филиалының бас редакторы Заңғар Әбілжанов төрелік жасады. Финалдық ойынға бүгінгі
талды. Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің оқушылары эстрадалық вокал номинациясы бойынша Қанағат Сағынтай бас жүлде, Адиля Ақылбек 1 орын, Аружан
Дәулетбай 2 орын, Аниса Искакова 3 орынға, би номинациясы бойынша Ақнұр Жетпісбай 1 орын, аспапта ойнау номинациясы бойынша Мағжан Файзрахман 2 орынға
ие болды. Талдыбұлақ орта мектебінің оқушысы көркем сөз номинациясы бойынша
Мирас Құрақбай 3 орын және жас ақын номинациясы бойынша 1 орын иеленді.
О.Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінің оқушылары аспапта ойнау номинациясы
бойынша Дина Раймқұл бас жүлде, дәстүрлі ән номинациясы бойынша Құндызай
Ауданбаева бас жүлдемен марапатталды. Жеңімпаз өнерпаздарды жетістіктерімен
құттықтап, жетекшілері Дәурен Әлжановқа алғыс білдіреміз.
Ата-аналар
күнге дейін өткен іріктеу ойындарында үздік деп танылған 6 команда қатысып, тартысты ойын
көрсетті. Көрерменге күміс күлкі сыйлаған командалардың ойындарына баға берген қазылар
алқасының шешімімен, Жезқазған индустриалды гуманитарлық колледжінің «ЖИГК жастары»
құрамасы чемпион дипломымен, Орынбай ауылынан келген «Сарқыт» құрамасы Вице–чемпион
дипломымен марапатталса, «Ынтымақ жастары» 2 – орынды, «Қаражал құрамасы» және
Б.Амалбеков атындағы мектептің «Эксклюзив» командасы 3 орынды канжығасына байлады.
Сайыс соңында барша жастар және жеңімпаздар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен
тарқасты.
Жастар ресурстық орталығы
12 мамыр 2018 жыл
6
Ақтау елі Ұлы Отан соғысы кезінде
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Кеңес Одағы мен фашистік Алмания бақталастық
жағдайда Еуропа құрылығына өз үстемдігін жүргізуге тырысқаны тарихтан белгілі. Екі елдің
арасында бірнеше «ынтымақты келіссөздер» жүргізілгенімен, текетірестің соғыссыз бітпейтіні анық. Сондықтан да, ел экономикасы соғыс сұраныстарына бейімделіп жұмыс істеді. Осы
бағыттағы атқарылған шаралардың бірі – жер-жерде әскери комиссариаттар құрылып, олар
18 бен 31 жас аралығындағы азаматтарды әскер қатарына шақыра бастады.
Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы Жаңаарқа аудандық әскери комиссариаты арқылы
әскерге шақырылып, оларды партия комитетінің І хатшысы Қожахметов Сартай бастаған
аудан басшылары митинг ұйымдастырып, құрметпен шығарып салды. Сол жылдары майданға
аттанған: Сарыөзекте туған Баймағанбетов Әбілдә, Ақтау орта мектебінің директоры болған
Дүйсенбеков Нәбидің ағасы Жарылғап, совхоз директоры Дүйсенов Жолкеннің әкесі
Әлмағанбет, 1939 жылы «Бірлік» колхозының қой және сиыр фермасын Ақтауға көшіріп, мал
жайылым учаскесін қалыптастыруға зор еңбек сіңірген Жұмаділдин Нәби, 1940 жылы «Бірлік» колхозының Ақтаудағы ферма меңгерушісі болған Өмірбеков Шеге, алғашқы
тракторшылардың бірі Ыбышев Қанат сияқты ондаған ақтаулықтар қан майданда ерлікпен
қаза тапты. Сондай боздақтардың бірі Ақтау жерінде 1918 жылы дүниеге келген Жұмажанов
Төлеубай еді. Төлеубайдың әкесі Ақтауда мешіттің молдасы болған діндар адам болды. Байларды тәркілеп, дін өкілдерін қудалау заманындағы қыспаққа шыдай алмай әйелі екеуі дүние
салды. Жетім қалған жас Төлеубайды 30-шы жылдардың басында туысқандары
Қарағандыдағы балалар үйіне тапсырды. Зеректігімен тәрбиеші-ұстаздарының назарына ілігіп, Қарағандыдағы мұғалімдер дайындайтын училищеге жолдама алып, оқуға түсті. Елге
келіп, мұғалім болып жүргенінде 1939 жылы әскерге шақырылып, Ленинград майданының
әскери құрамаларының бірінде саяси кадрларды даярлау мектебінде оқыды. Ұлы Отан соғысы
басталғанда аға лейтенант дәрежесінде майданға аттанып, 1943 жылы хабарсыз кетті.
Біләлов Әрін майданға барып, 1943 жылы хабарсыз кеткен. Біләлов Азына соғыста қаза
тапқан. Дүйсенов Әлмағанбет 1942 жылы Харьков қаласының түбінде қаза тапқан.
Дүйсенов Жарылғап соғыстан оралмаған. Дайырбеков Төлеп соғысқа қатысып Сталинград
майданында қаза тапқан. Ақылбек ұлы Кәрім Ақтаудағы Ырғайлыда туған. Кейін аштық
кезінде Нұра ауданындағы Маржанкөл совхозына көшіп барып, мал шаруашылығы бригадирі
болған. Жаңаарқа өңірінен барған ауылдастарының басын қосып, жұмыс істеткен. 1942 жылы
соғысқа кетіп хабарсыз кеткен. Есмағанбетов Наурызбай Қызылшоқы колхозының мүшесі.
1941 жылы Наурызбай інісі Жәкім, ауылдастары Шақкөз Байзақов, Кемел Молдашбаевтармен
бірге әскерге алынды. Соңғы келген хатында Сталинградта соғысып жатырмын деген хат келген. «Боздақтар» кітабында Наурызбай 1943 жылы Витебскіде қаза тапты деген жазба бар.
Наурызбайдың қаза тапқанын Қызылшоқы колхозының басқармасы Старшынов Шәмші жасырып көрсетпей қойған. Өйткені Наурызбайдың әйелі Жаңылдық тауда қой фермасында сауыншы, брынзы жасаған. Күйеуінің өлгенің естісе жұмысқа кедергі болады деп есептеген.
Наурызбай Есмағанбетовтың ерлігі туралы 1943 жылы аудандық «Лениндік жол» газетінде
«жерлесіміз Наурызбай 17 немісті балталап өлтірген» деп жазылған. 1975 жылы «Жазушы»
баспасынан шыққан «Қаһарман» кітабында «Бөлімше командирі А.З.Франчук жауынгер
Наурызбай Есмағанбетовтің кеудесіне Қызыл Жұлдыз орденін тақты» деген жазба бар.
Кейін осы сурет «Жаңаарқа» газетіне басылды.
Ақтау совхозынан майданға барып елге аман оралып, ауылдың өркендеуіне атсалысқан
майдангерлер барлық ауылдастарының мақтанышы. Олар Арынбеков Әділ- 6-шы ауылда
туған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, алдыңғы шепті соңғы шеппен байланыстырушы болған. Аға лейтенант Арынбеков Әділ майданнан оралған соң Түгіскен орта
мектебінде соғыс ісінен сабақ берген. Қарағанды педучилищесін бітіргеннен кейін, 1949 жылдан бастап Түгіскенде, Жекетауда, Киров колхозында бастауыш мектепке мұғалім болған.
1954-1956 жылдары Айшырақ мектебінде бастауыш сыныпқа сабақ берген. 1965-74 жылдар
аралығында Ақтау орта мектебінің бастауыш сыныбына мұғалім болған. 1974 жылы зейнеткерлікке шығып, 1989 жылы қайтыс болған. Бірнеше орден, медальдермен марапатталған.
Омаров Әбдікәрім 1910 жылы Жаңаарқа ауданы, қазіргі Алғабас жерінде дүниеге келген.
Орта мектепті бітірген соң, 1933 жылы Қызылорда педтехникумына түседі. 1936 жылы
Қарағанды пединститутына түсіп, 1941 жылы бітірген. 1941 жылы әскерге алынып, 4-Украин
майданының 2-гвардиялық армиясы құрамында соғысқан. Бірнеше медальдермен
марапатталған. 1945-1946 жылдары елге оралып, аудан орталығында мұғалім болған. 19501952 жылдары аралығында Қаражал қаласында мектеп директоры қызметін атқарған. 1952
жылы Ақтауға келіп, Айшырақ мектебіне директор болып орналасады. 1952-1975 жылдары
Ақтау орта мектебінде қазақ әдебиеті пәнінен мұғалім болып жұмыс істеді. 1975 жылы зейнеткерлікке шығып, 1977 жылы наурыздың 1- күні қайтыс болды. Әубәкіров Әбдіқадыр
Еңбек және соғыс ардагері. 1905 жылы Қызылтауда «Жалғыз ағаш» деген жерде туған. Он
төрт жасында әке-шешеден айрылады. 1926-1928 жылдары елдің сауатын ашу жұмыстарымен
айналысады. 1928-1934 жылдары милиция қызметкері болған. 1934-1938 жылдары ақша
бөлімінде қызмет атқарған. 1934-1940 жылдары «Үлгілі» колхозында басқарма болған. 1941
жылы соғысқа атанып, жараланып қайтып келген. Жезқазғандағы еңбек армиясынан 1944
жылы келіп, аудандық атқару комитетінде қызмет атқарған. 1951 жылдан зейнетке шыққанша
кітапхана меңгерушісі болған. 1986 жылы қайтыс болды. Бәсібеков Қасым 1914 жылы 7
қазанда Ақтау жеріндегі Қоңырөлең өзенінің бойында дүниеге келген. Колхоз уақытында мал
шаруашылығын дамытуға көп үлесін қосқан. Техника тілін тез меңгере отырып, соғысқа дейін
тракторшы болып істеген. 1942 жылдан 1944 жылға дейін Ұлы Отан соғысында жаяу әскер
полкінде атқыштар дивизиясында болды. Содан 1944 жылы басынан жарақат алып, елге
оралған. «Германияны жеңгені үшін» және «Еңбек ардагері» медальдерімен марапатталған.
1963 жылдан бастап Ақтау ауылында механизатор болып жұмыс істеді. 1990 жылы 12
желтоқсанда дүниеден өтті. Бәсібеков Бердеш Еңбек және соғыс ардагері. 1904 жылы Ақтау
жеріндегі «Жиырмақора» қыстағында дүниеге келген. Жастайынан мал шаруашылығы саласында көп еңбек етті. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-сау
оралды. Соғыстан соң да мал шаруашылығы саласында көп жылдар бойы аянбай жұмыс істеді. 1965 жылы «Жеңіске 20 жыл» медалімен марапатталды. Дүйсенов Жолкен 1925 жылы
Жаңаарқа ауданының 4-ауылында туған. Отан соғысынан аман оралғаннан кейін Үлгілі колхозында есепші, Ленин колхозында парторг, аудандық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінің
меңгерушісі, К.Маркс колхозының басқармасы, Жеңіс совхозының партком хатшысы
қызметтерін атқарған. 1964-1974 жылдары Ақтау совхозының директоры болды. Одан ДЭУ2-нің директоры болып істеп жүріп, зейнеткерлікке шыққан. Бірнеше орден, медальдарымен
марапатталған. Қожантаев Қаппас 1912 жылы Ортаудағы Қарашілік қыстауында дүниеге
келген. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы алынып, 1944 жылы жараланып қайтып келген. Елге
оралған соң, Киров колхозында малшы болған. 1966 жылдан бастап Ақтау совхозында мал
бақты. 1969 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 1973 жылы қайтыс болғанға
дейін Ақтау кеңшарында еңбек еткен. 1967 жылы Қазақстан бойынша тұңғыш рет қазақы
қойдың 100 саулығынан 134 бас қозы алған. Елубаев Айдархан 1922 жылы 6-ауылда туған.
1938 жылы Жаңаарқа ауданында тұңғыш баспахана ашылғанда газетте әріп теруші болып
еңбек еткен. 1941-45 жылдары соғысқа қатысқан. Майданнан аман оралған соң, Бірлік колхозында еңбек еткен. Ақтау кеңшарында алдыңғы қатарлы шопан болып жүріп, зейнеткерлікке шыққан. 1982 жылы қайтыс болды. Түсіпов Мұқаш 1905 жылы туған. 1941 жылы
9 мамыр- Жеңіс күні
майданға аттанып, Волхов маңында, Ленинград майданында соғысқан. Елге мүгедек болып
оралған. Колхоз шаруашылығын өркендетуге көп еңбегін сіңірген адам. Төтекеев Әбдіхамит
1924 жылы 4-ші ауылда туған. Еңбек жолын Ленин колхозында бастаған. 1954 жылдан
Жаңаарқа локомотив депосында паравоз от жағушысы болып еңбек етті. 1960 жылы
Қарағанды теміржол бөлімшесіне қарасты Жаңаарқа жол дистанциясына бағынышты АтасуҚаражал теміржолы бойындағы Қытай станциясында аға жол жөндеушісі болды. 1964 жылдан бастап Ақтауға көшіп келіп, аға шопан болып еңбек етті. 1983 жылы ХХІ бесжылдықта
аянбай еңбек еткені үшін Қазақстан компартиясының аудандық комитетінің Алғыс хатымен
марапатталды. Еңбегінің өтеуіне 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанда ГАЗ-66 машинасын
сыйға тартты. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұйтқыбеков Баязит 1900 жылы 3-ші ауылда
туған. Соғыстан мүгедек болып оралған соң, Киров колхозының Ақтау мал жайылым участкесінде шопан болған. Одан Ақтау совхозында шопан болып зейнеткерлікке шығып, қайтыс
болған. Әке таяғын ұстаған баласы Баязитов Сағынтай Ақтау совхозының орденді шопаны,
СССР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Шайхин Икен 1922 жылы 6-ші ауылда туған.
Қызылтау руднигінде жұмыс істеп жүріп, майданға аттанған. 1945 жылы мүгедек болып келген соң, Алғабас колхозының таудағы қой фермасында есепші қызметін атқарған. Одан Ақтау
совхозының 4-бөлімшесінде шаруашылық ісін басқарып жүріп, зейнеткерлікке шығып,
қайтыс болған. Шалабаев Байшөкен 1904 жылы 4-ші ауылда туған. Соғысқа дейін Ленин
колхозында басқарма болған. Соғыстан оралған соң да колхозда, совхозда басқарушылық
қызметте болып, Ақтау совхозы ұйымдасқан соң аға шопандыққа көшкен. Зейнеткерлікке
шығып, қайтыс болған. Сәкенов Шәкәрім 1922 жылы 20 мамырда Жаңаарқа ауданының
Ынтымақ ауылында туған. 1940 жылы Қарағанды қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектебін бітірді. Сол жылы Қарағанды пединститутының 2 жылдық мұғалімдік курсына түсіп,
оны 1941 жылы бітіріп шықты. 1941-1942 жылдары Қарағанды қаласының Октябрь ауданында халық депутаттарының аудандық кеңесінде жұмыс істеді. 1942 жылы Жаңаарқа
ауданының «Жеткіншек» бастауыш мектебіне әуелі оқу ісінің меңгерушісі, кейіннен директоры болды. 1943 жылы наурызда соғысқа аттанды. Дала майданында болып, ауыр жараланып, 1944 жылы елге оралып, Түгіскен орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
1951 жылдан Киров бастауыш мектебінің директоры болып жұмыс істеді. 1962–65 жылдары
Сәкен Сейфуллин атындағы совхозда бөлімше меңгерушісі болды. 1965–1978 жылдары Ақтау
совхозында партком хатшысы, 1978 жылдан құрметті демалысқа шыққанына дейін кәсіподақ
ұйымының төрағасы болды. Молдабеков Елубек Соғыс және еңбек ардагері. Ақмола уезі,
Ақтау болысы Алабас тауына жақын Бестамақ деген жерде 1921 жылы дүниеге келген. 19311934 жылдары Көкжартас деген жерде «Бірлік» бастауыш мектебінде оқыды. 1935 жылы
Жаңаарқа ауданы орталығындағы орта мектепте 10-шы сыныпты 1941 жылы бітірген. Сол
жылы Кеңес Армиясы қатарына алынып, Орта Азия әскери округінде азаматтық борышын
өтейді. 1942–1947 жылдары Қиыр Шығыста, Рейнеке, Поков аралдарында, Жапон теңізінде
мемлекеттік шекараны күзету әскерінде болады. Жапониямен соғысқа қатысып, кіші командир қызметін атқарады. «За победу над Японией», « За победу над Германией» медальдарымен, ІІ – дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен марапатталған. 1969 жылы Ақтау
совхозында жұмысшылар комитетінің төрағасы болып істеді. Қалқаманов Жаркен Еңбек
және соғыс ардагері. 1914 жылы Жаңаарқа өңірінде дүниеге келген. 1928–1929 жылдары
Ақтүбек колхозынан 4 сыныптық білім алған. 1933–1942 жылдары Ақтүбек колхозының есепшісі болып еңбек етті. 1942 жылы Отанды қорғауға аттанады. Белоруссия, Украина майдандарында қатардағы жауынгер, пулеметші болып соғысады. Екі рет ауыр жараланады.
1952–1954 жылдары Ақмолада ауыл шаруышылығының бас мамандарын дайындайтын курста оқып, агроном мамандығын алып шығады. 1961-1970 жылдары Ақтау совхозында
бөлімше меңгерушісі болды. 1976 жылы құрметті демалысқа шықты. Рүстембеков Иса
Соғыс және еңбек ардагері. 1903 жылы туған. ХХ-ғасырдың 30-жылдары Алматыдағы Қазақ
Педагогикалық институтында оқып, түрлі жауапты қызметтер істеген. 1938 жылы Көкшетау
өлкелік атқару комитетінің төрағасының орынбасары қызметінде жүргенде Сәкен
Сейфуллиннің туысы екені анықталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Ұлы Отан
соғысы кезінде Маршал Рокоссовскийдің армиясы қатарында айып батальонында соғысып,
елге аман – есен оралған. Соғыстан кейін, Ақтау совхозында әртүрлі жұмыстар атқарған.
Ақтау өңіріне сіңірген еңбегі үшін көше аты берілген. 1987 жылы қайтыс болды. Әбілдаханов
Қасым 1897 жылы туып, 1961 жылы 64 жасында қайтыс болды. 1943 жылы соғысқа кетіп,
1945 жылы 9 мамырда Жеңіс күнін Берлинде өткізген. Сол жылы елге келіп, әскери
комиссариатқа барып, бүкіл құжаттарын өткізген. Кейін военкомат архиві өртеніп, барлық
құжаттары жанып кеткен. Шебер ұста болған. Белгілі ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек
Қасым ұстаның шеберлігін және адами қайырымдылығын баяндап, қағазға түсірген.
Жәмпейісов Әдіғалым 1911 жылы 3-ауылда туған.1934 жылы Алматы ауылшарушылық институтына түсіп, 1938 жылы бітіріп шығады. Тұңғыш зоотехник. Теміржол бөлімінде саяси
бөлімнің бастығы, Ынталы колхозында бастық, Малжайылым участогының бастығы, Ақтау
кеңшарында бас зоотехник болған.1980 жылы қайтыс болды.
Жәнібеков Оспан 1910 жылы туған. Соғыс басталысымен майданға аттанып,1942 жылы жараланып келеді. 1943 жылы Ынталы орталау мектебінде директоры болады. Қоңырөлең бастауыш мектебінің меңгерушісі болады. 1970 жылы қайтыс болған. Құтжанов Әнес 1913
жылы 6-ші ауылда туған. 1934 жылы Балқашқа баратын Бертіс темір жолын, 1936 жылы
Жарықтан Жезқазғанға баратын темір жолды салуға қатысқан. 1942 жылы әскере алынып, 2Беларусь майданында соғысып жараланады. 1945 жылы қыркүйекте елге оралып паравоз
машинисі болады. 1964 жылы Ақтауға келіп, шопан болады. Кейін Ақтау аймағының 5000
гектар орманының қорықшысы болды. Омаров Жамау 1900 жылы 6- ауылда туған.Соғыстан
кейін Бірлік колхозының меңгерушісі болып тұрғанда қайтыс болған. Төсбаев Төлеу 1903
жылы 4-ші ауылда туған. Талдыбұлақ, Ленин кохоздарында бастық болған.Соғыстан келген
сонда басқару істеріне араласқан. Зейнетке шығып қайтыс болған. Шармағанбетов Жамбай
1915 жылы туған.226-АБ, 2-АБ бол. құрамында атқыш болған. «Боздақтар» кітабында 1942
жылы хабарсыз кеткен деп жазылған. Негізінде 1939 жылы міндетті әскерге алынып, Комсомольск қаласында міндетін атқарып жүргенде соғыс басталып, 1941 жылы Калинин облысында соғысқа кіреді. 1942 жылы шілде айында Старая Русса деген жерде қоршауда қалады.
1943 жылы қоршауды бұзып шығады. Аяғынан екі рет, қолынан бір рет жараланады. 1946
жылы Болгарияда үшінші кезекті демобилизацияға ілігіп, елге оралады. Әскерден келген соң
Жұмажанға үйленеді. Шармағанбетова Жұмажан 1921 жылы 6-шы ауылда туған. Смайылов Рақымжан ұстаның қарындасы. 1937-1940 жылдары Түркістанда қыздар педагогикалық
училищесінде оқиды. Мұғалім болып істеп жүргенде,1942 жылы 15 мамырда әскерге алынады. Чита, Улан-Уде, Баян Түмен қалаларында темір жол әскерінде болады. 1945 жылы елге
оралады. 1968 жылы жолдасы Жамбаймен «Ақтау» кеңшарына барып, 1977 жылға дейін
шопан болды. Райысов Аман 1922 жылы туған. Отан соғысына қатысқан. Қоршауда қалып,
кейін келген соң сотталған. Соғыстан оралған соң Киров колхозының Қорған отгонында мал
емдеу жұмысымен айналысқан. Зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Мақсұтов Рашит
1943 жылы соғысқа аттанып, 1944 жылы жарақат алып елге қайтқан.
Аян Ғазизов,
Ақтау ауылының әкім аппаратының маманы
ОТ КЕШКЕН
9 мамыр-Жеңіс күні
1960-1980 жылдары Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин атындағы кеңшарының Алғабас
бөлімшесінде он төрт Ұлы отан соғысының ардагері бар еді.
Олар-Иманмұсаев Мұқтар, Садықов Әбілхалық, Жүніспеков
Доскен, Әбсадықов Саққұлақ, Рахманберлин Қаппас, Жанпейісов Сейпіш, Садықов Бәделхан, Байболов Егізтай, Текебаев
Смағұл, Дүйсенбеков Әбдуәли, Түсіпов Сыхан, Сыздықов
Түкіш, Байболов Ерубай, Мыңжанов Сүлеймен аталарымыз
болатын. Ұрыс майданы мен еңбек майданында қажырлы
қайратымен, Отан сүйгіштік, адамгершіілік қасиеттерімен
үлгі-өнеге бола білген заманының зиялы да парасатты
тұлғалары жыл сайын 23 ақпан Қызыл Армия күні мен 9
мамыр –Жеңіс күні мерекелерінде Алғабас сегіз жылдық мектебінде өтетін оқушылардың Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу салтанатына келіп, өздерінің неміс-фашист
басқыншыларымен ұрыстарда бастарынан кешкен оқиғалары,
кеңес
жауынгерлерінің
дұшпанмен
кескілескен
шайкастардағы ерліктері, соғыс трагедиясы туралы
әңгімелерін балалар түсінігіне лайықты тілмен айтып беріп,
оқушылардың патриоттық санасының жетіліп қалыптасуына
зор ықпал ететін. Бұл аталарымыздың мәнгіге көз жазып қалғанымызға да көп жылдың жүзі
жасырылды. Осы аталарымыздың қатарындағы алпамсадай ер тұлғасымен, батырға тән ірі
кескіні, айбарлы бет-пішінімен, жуан да екпінді дауысымен, шалт, ширақ қимылымен ерекшеленіп тұратын Мыңжанов Сүлеймен атамыздың ғазиз бейнесі әлі көз алдымызда. Сүлекең
1905 жылы Жаңаарқа ауданының № 5 ауылында (қазіргі Ынтымақ ауылы) кедей шаруаның
жанұясында дүниеге келген. 1920 жылы, әкесі қайтыс болып, анасы екі бауырымен бірге
Әулиеата уезіне (Қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына) қоныс аударып әркімге жалданып жұмыс істеп, жан болған. 1930 жылы Жамбыл қаласындағы ветеринарлық-фельдшерлік курсты бітіріп, Жамбыл ауданындағы колхоздарда мал дәрігерлік қызмет атқарады.
1938 жылы Жанаарқаға қайта оралып, аудандық ветеринария мекемесінің меңгерушісі
болып тағайындалып, бұл қызметті әскерге шақырылғанша істейді. 1942 жылы әскерге алынып, 458 атқыштар полкының құрамында қысқа дайындықтан өткеннен кейін майданға аттанып, елге 1945 жылдың қыркүйегінде оралған. Қан майданда үнемі алдыңғы шепте
жаумен ерлікпен шайқасқан қайсар пулеметші бірнеше рет ауыр жараланып, госпиталдан
шығысымен өз полкіне қайта оралып, ұрыстарда ерліктің үлгісін көрсеткен. Қиян-кескі
соғыстарда жасаған ерліктері үшін бірінші және екінші дәрежелі «Даңқ», «Отан соғысы»,
ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» т.б. медальдармен марапатталған. Ержүрек жауынгер Кеңес армиясы жаудың Мышколя қаласының солтүстігіндегі өте берік, күшейтілген
шебін талқандау және осы қаланы жаудан азат ету қимылдарындағы батылдығы мен
батырлығы үшін Жоғарғы Бас Қолбасшының Алғыс хатына ие болған. Соғыстан елге аман
оралып, еңбекке араласқан. 1946 жылдың қаңтар айынан бастап Жаңаарқа ауданындағы
ветеринария мекемесінің меңгерушісі болып тағайындалып, 1948 жылдың наурызынан бастап ауданның колхоздары мен кеңшараларында ветеринар-фельдшер болып,
шаруашылықтарда мал басын сауықтыруда табысты еңбек етіп, аудандық облыстық
кәсіподақ ұйымы, атқару комитетінің Құрмет грамоталарын иеленді. 1945 жылы зейнет демалысына шыққаннан кейін де еңбектен қол үзбей, мал азығын дайындау, егін жинау
науқандарына белсене атсалысып, жастарды еңбекке тәрбиелеуге зор үлес қосқан
тәлімгерлігі де ел есінде. Өмірінің сонғы отыз жылы Сәкен Сейфуллин атындағы
кеңшардың Алғабас бөлімшесінде өткізген ардагер білікті маман, қадірменді ел ағасы, береке-бірліктің ұйытқысы, ақылмен абыз ақсақалдың қасиеттерімен жұрттың ыстық
ықыласы мен сый құрметіне бөленді. Кездесулерде соғыста көрген ең қысылтаяң, өмірі
үшін ажалмен арпалысқан шақтарын есіне алатын. -1943 жылдың қараша айының ортасында Одесса портынан Қара теңіздің солтүстік- батыс жағалауына десант түсіру үшін 7
кеме таң елең-аланда сапарға аттандық. Бірақ, кемелер порттан үш шақырымдай ұзай бергенде қаптаған жау ұшақтары бомбалап, барлық кемені суға батырды. Батып бара жатқан
кемеде тірі қалған жауынгерлер мұздай салқын теңіз суына қарғуға мәжбүр болды. Солармен
бірге суға мен де қарғыдым. Бақытыма қарай кираған кеменің жалпақтау тақтайы тап
болып, соны қармап жабысып алдым. Теңізде қанша жүзгенім белгісіз, есім кеттіп, жаным
шықты дегенде жағаға жеттім. Әупірім деп портқа жетіп, портты жағалап жүріп ауылдастарым Садықов Баязит пен Нухин Сейпілді кезіктірдім. Екеуін көргенде, - дейтін Сүлекең,
-бүкіл Жаңаарқа көшіп келгендей, теңізде шеккен мехнат санамнан сол сәт ғайып болды.
Құшақ жая қауышып, бір-бірімізді сау-саламат кезіктіргенімізге мәре-сәре қуанып, тап бір
тойға келгендей шаттана жадырап бір жасап қалдық. Бір жарым жылдан астам уақыт қанды
қасап қырғыннан басқа көңіл көншітер ештеңе көрмеген мен үшін бұл кездесу тамұқтан
шығып, жұмаққа кіргеннен кем болған жоқ! Ертенінде түнде бес десант кемесімен межелі
жағалауға жетіп, бірден ұрысқа кірген Сүлекең екі күннен кейін ауыр жараланып, госпитілге
түстім дейтін өткен күндерін еске алып. Бір жарым айдай емделіп, өз полкына жөнетілген
сарбаз қаншама жан алып жан беріскен киян-кескі шайқастарға қатысып, Берлиннің түбіне
жеткенде тағы да ауыр жараланады. Үш айдан астам дәрігерлердің шипасын алған майдангер ел қайдасың деп батыстан шығысқа сапарға шығады. Сүлекең жұбайы Дәмежан апай
екеуі 11 бала тәрбиелеп өсірді. Ұлдары ұяға, қыздарын қияға қондырды. 1980 жылдың
күзінде қырман бастығы болып жүріп, ауырмай-сырқамай кенеттен дүние салды.
Қ.Смайыл, ақын, жазушы-журналист,
Ғ. Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің қызметкері
Азаматтық танытты
Ауданымыздағы С.Сейфуллин атындағы жалпы
білім беретін орта мектебінде балаларға өз білгенімізді үйретіп,
білім
нәрімен сусындатудамыз.
Оқушыларға білім мен
бірге патриоттық тәрбиені
ұштастырып, туған жерге
деген
құрметтерін
нығайту да
басты
мақсаттарымыздың бірі.
Осы тұрғыда аға буын
өкілдерінің әр ісі ұрпаққа
үлгі.
Елбасының «Туған елге
туыңды тік» бағдарламасы аясында мектебіміздің ауласына көрнекті, үлкен қақпаны аудан
тұрғыны, «Жаңаарқа-Жылу» мекемесінің басшысы, іскер азамат, халық қалаулысы Мейіржан Хамзеұлы Әбілдинов өз қаражатымен орнатып берді. Туған жерге деген ілтипат
пен құрмет бойынан табылған азаматтың бұл ісі өзгелерге үлгі болары анық. Жалпы
ауданымыздың ажарын айшықтап, көмек қолын созатын, демеушілік танытатын
азаматтардың ел арасында бары бізді қуантады. Оқушыларға үлгі болатын ел
ағаларының еңбегі жана берсін демекпіз
Б.Ысқақова, С.Сейфуллин ЖОББ мектебінің мұғалімі
7
есКе алу
12 мамыр 2018 жыл
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ұлын ұяға, қызын қияға
қондырған, асқар таудай әкеміз бүкіл саналы ғұмырын
адал еңбекпен өткерген темір жол саласының ардагері,
“Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері ардақты әке,
немерелерінің атасы Боранбай Тәжікенұлының
фәниден бақиға аттанғанына да 40 күннің жүзі болыпты.
Жанымызға жақын аяулы әкемізді бүгінде сағынышпен
еске алып жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын
деп тілейміз. Алла тағала сізге жәнатта орын беріп, иман
байлығын сыйласын.
Әкежан шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық қой бүгін әке сізді баршамызда.
Жан Әке қорған болдың бәрімізге,
Жоқтықты сезінбедік арқаңызда.
Сағындық аңсап сізді әкетайым,
Орныңыз тұр үңірейіп ортамызда.
Оралмас сапарға кеткенмен,
Артыңда ұл-қыз, немерелерің, жиендерің, шөберелерің.
Әрдайым аруағыңа дұға арнап,
Мәңгілік сізді әке біздер ұмытпаймыз.
Сағына еске алушылар: балалары, келіндері, немерелері, жиендері, шөберелері
және Тәжікеновтер әулеті
Әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 18-мамыр күні сағат 20-00 (ауыз
ашар уақыты) “Диас” тойханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
есКе алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, жарына адал жар, балаларына асқар таудай әке болған досымыз Құнақбаев
Жұмақан Оспанұлының өмірден өткеніне 19-мамыр
күні 40 күн толып отыр. Сұм ажал досымыздың көрер
қызығынан айырып, іштегі көп арманымен ала кетті.
Бүгінде аяулы досымызды сағына еске аламыз. Бақилық
болған досымыздың жарқын бейнесі жанымызда,
ешқашан ұмытылмайды. Қабірі жарық, топырағы торқа
болғай.
Ойнап-күліп, қатарласа бірге жүрген,
Кетерін бұл өмірден кімдер білген.
Ортамызда ойсырап тұр бүгінде,
Еш сенбейді сансырайды көңіл деген.
Күз өтіп, қыс орнап, көктем келер,
Жарысып бір-бірімен күндер өтер.
Уақыт қанша жарамызды емдесе де,
Досымызды сағынармыз одан бетер.
Сағына еске алушылар: жолдастары
есКе алу
Шаңырағымыздың шырайын келтіріп, отбасымыздың
ұйытқысы болған асыл жар, ардақты әке, сүйікті ата
Аманжол АМАНҒАЛЫҰЛЫНЫҢ бұл фәниден бақиға
озғанына 40 күн толғалы отыр. «Қамшының сабындай
қысқа», өлшеулі өмірі өте шыққанымен әкеміздің өткен
жолдары мәңгі есте қалары анық.
Бір әулеттен қалған жалғыз тұяқ еді. Екі айлығында
әкесі соғысқа аттанды. Майдан даласынан Аманғалы
атамызға оралуды тағдыр жазбады. Әкеден өлідей, шешеден тірідей айрылған шиеттей бала әкесінің ағасы
Мүшкен атаның қолында, анасындай аялаған Тәжікүл
апаның бауырында өсіп, ержетеді. Жастай еңбекке араласты, колхоз жұмысының белортасында жүрді. Совхоз кезінде озат тракторшы атанды, мал да бақты. Ұрпағын
өсіріп, адал еңбекке баулыды, өнеге-үлгісін берді. Ел ішінде құрметке бөленіп,
ақсақалдық жасқа жетті. Шүкіршілік етеміз. Енді анамызға, артында қалған ұрпақтарына
Алла берекелі ғұмыр берсе екен деп тілейміз.
Мейірім мен шапағатын аямаған,
Ұл-қызын «адам бол» деп аялаған.
Өзіңдей қамқор адам қайда енді,
Қамықсақ жаныңа кеп саялаған.
Білеміз, аяулы әке қадіріңді,
Өшпейтін өнегең мол қылған үлгі.
Тілейміз бір Алладан дұға арнап,
Нұрымен жарық қыл деп қабіріңді.
Әумин!
Еске алушылар: зайыбы — Жаңыл және балалары, немерелері мен жиендері
қадірменді ағайын! Талдыбұлақ ауылының тойханасында 19 мамыр күні ауызашар
уақытында әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құран бағыштап, ас беретінімізді хабарлаймыз
Жарамсыз деп танылсын
Аманбекова Аида Амангельдиевнаның атына 1998 жылы Атасу орта мектебін бітіргендігі туралы берілген №0025469 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
сүйіншісі бар!!!
Жақында Байдалы би ауылындағы Мағауия Әлжановтың “Мешіт” шаруа қожалығынан
екі бас дөнежін бие жоғалды. Көк қасқа, ақ табан бие және қара көк бие. Екі биенің де
ені екі құлақтары қос тілік. Көрген-білген адамдар болса мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 2-65-38, 87025318313. Сүйіншісі бар!
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА ОРАЗА ҰСТАУ
ЖӘНЕ НАМАЗ ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ
( Жаңаарқа уақыты бойынша 2018 жыл - Һижраша 1439
"ей, иман келтіргендер! сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей
тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге парыз етілді"
"бақара" сүресі
Күннің шығуы және батуы Sajda.kz v2.7.2 бағдарламасында есептелген. БайлаБайланыс үшін тел: +7(71030)2-82-79 vk.com: https://vk.com/halykmeshit
Рамазан
айының Мамыр-Маусым
күндері айының күндері
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
16.05.2018
17.05.2018
18.05.2018
19.05.2018
20.05.2018
21.05.2018
22.05.2018
23.05.2018
24.05.2018
25.05.2018
26.05.2018
27.05.2018
28.05.2018
29.05.2018
30.05.2018
31.05.2018
01.06.2018
02.06.2018
03.06.2018
04.06.2018
05.06.2018
06.06.2018
07.06.2018
08.06.2018
09.06.2018
10.06.2018
11.06.2018
12.06.2018
13.06.2018
14.06.2018
Бесін
наАпта
Таң
Күннің
күндері намазы шығуы мазы
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
3:34
3:32
3:30
3:28
3:26
3:24
3:22
3:20
3:18
3:16
3:15
3:15
3:15
3:14
3:14
3:14
3:13
3:13
3:13
3:13
3:13
3:12
3:12
3:12
3:12
3:12
3:12
3:12
3:12
3:12
5:26
5:25
5:24
5:23
5:22
5:20
5:19
5:18
5:17
5:16
5:15
5:14
5:13
5:13
5:12
5:11
5:10
5:10
5:09
5:09
5:08
5:08
5:07
5:07
5:06
5:06
5:06
5:06
5:05
5:05
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
13:30
Ақшам на- Құптан
мазы (ауыжәне
зашар
Тарауық
Екінті
намазы
намазы уақыты)
18:32
18:32
18:33
18:34
18:35
18:35
18:36
18:37
18:38
18:38
18:39
18:40
18:40
18:41
18:42
18:42
18:43
18:43
18:44
18:44
18:45
18:46
18:46
18:47
18:47
18:47
18:48
18:48
18:49
18:49
қҰТТықТайМыз!!!
Ардақты да қымбатты ұлымыз, балаларына қамқор әке, жұбайына асыл
жар, теміржол саласында еңбек ететін
Ахметов Ұлан Мұратұлын 18-мамыр
күні 40 жасқа толар туған күнімен
құттықтаймыз.
Ұланға зор денсаулық, еңбекте табыс
тілейміз.
Өмірің
ұзақ
болып,
балаларыңның қызығын көре бер.
Қырық деген жасың құтты болсын,
Денсаулық бәрінен де мықты болсын.
Көңіл деген көктемдей шуақ шашып,
Ортамыз өзіңменен толып жүрсін.
Қуанышты еселі етсін тәңірім,
Қызықты тек өте берсін өмірің.
Шаңырағың толы болып шаттыққа,
Өсіп-өнсін ұрпақтарың, тамырың.
Ақ тілекпен: ата-анасы-Мұрат-Кәукеш, жұбайы- Қарлығаш, балалары-Айым, Алуа, Жаннұр, Рамазан, Жолан, апалары-жезделері
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
20:54
20:55
20:56
20:58
20:59
21:00
21:01
21:03
21:04
21:05
21:06
21:07
21:08
21:09
21:10
21:11
21:12
21:13
21:14
21:15
21:16
21:17
21:18
21:18
21:19
21:20
21:21
21:21
21:22
21:22
22:46
22:49
22:51
22:53
22:55
22:57
23:00
23:02
23:04
23:05
23:06
23:07
23:07
23:08
23:08
23:09
23:09
23:10
23:11
23:11
23:12
23:12
23:13
23:13
23:13
23:14
23:14
23:15
23:15
23:15
2018 жыл раМазаН қҰТТы бОлсыН!
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті Жаңаарқалықтар!
Баршамызды қасиетті рамазан айына аман-есен жеткізген
Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді күллі
мұсылман қауымы асыға күткен мүбәрак рамазан айының
келуімен құттықтаймын!
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімімол
ай.
Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды
күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі
нығметі.
Ендеше, рақым айы – Рамазан құтты болсын! Ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла
Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей!
Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Жаратушы Иеміз баршамызды оразадан оразаға дейін айдан аман, жылдан есен жақсылықпен жеткізе берсін деп
тілеймін! Әумин!
Аудандық “Халық” мешітінің бас имамы Қанай Асхат
Құрметті намазхан қауым, Жаңаарқа мешіттерінде Таң намазы азаннан кейін 40, Бесін намазы 15, Екінті намазы 10, Ақшам намазы 5, Құптан намазы 10 минуттан соң оқылады
ЕСКЕРТУ:
* Биыл, яғни 2018 жылы мұсылмандық ай
3. Ақшам намазының уақыты кірісімен ауызды құрма
күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 30күн. не сумен, я болмаса басқа да жеміспен ашқан жөн.
1. Маусымның 10-нан 11-не қараған түнЛәйләтул қадр, яғни қасиетті Қадір түні. 15-мау- 4. Тарауих намазы Құптан намазының парызынан
сым 07:00-де Ораза айт намазы оқылады. 15-17
кейін оқылады, ал Үтір-уәжіп намазы ең соңында
маусым айт күндері.
оқылады.
5. Пітір садақасын Рамазан айының басынан айт на2. Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалғанда
мазына дейін беруге болады. Биыл пітір садақасы
тоқтатылады.
адам басына 300 теңге болып бекітілді.
Туған жеріңе ағаш сыйла
Туған жерге тағзым
Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 28-інші жұлдызында «Туған жерге тағзым»
жобасы аясында «Туған жеріңе ағаш сыйла» атты акция өтті. Бүгінгі күні ауылды абаттандыру айрықша
мәнге ие. Мұны тіпті өмірлік мәні бар мәселе деп те қарауға болады. Оның әлеуметтік аспектісін айтсақ,
тазалық ең алдымен денсаулық, өмір сүру қалыбы. Осыған орай Қызылжар кентінде мектеп оқушылары
өздері білім алатын ғимараттың ауласын абаттандырып, көріктендіріп, көшеттер отырғызып, тазалық
жұмыстарын қарқынды жүргізіп отыр.Бұл бастаманы түсіністікпен қабылдап, іс жүзінде қолдау көрсеткен
ата-аналарға ұстаздар қауымы ризашылық сезімін білдіруде. Мектеп ауласын жаңартып, маңайына тазалық
орнатқан, ауылдың көркейіп, көгалдануына, абаттануына өзіндік үлес қосуға атсалысқан ата-аналарды,
өрімталдай өсіп келе жатқан жас жеткіншектерімізді, олардың болашағын, әрі-беріден соң денсаулығын,
өмір сүру салтын қолдағаны деп білеміз. Бәлкім патриоттық сезім өз мектебінің ауласын, ауылын сүюден
бастау алатын шығар деп ойлаймыз. Жалпы алғанда, мектеп ауласын көркейтіп, гүлдендіру аясында біршама жұмыстар істеліп те жатыр, істеле де береді. Көп болып қолға алсақ, еңсеріп тастайтын мәселелер
аз емес. Соның бәрі осы ата-ана мен ұстаздардың бастамасымен бастау алады. Кентіміздің көркеюі де
осы яғни, мектеп ауласынан және әрбір тұрғынның ауласынан бастау алады. Аталмыш іс-шара басталған
сәтте ауылымыздың тұрғыны, мектебіміздің демеушісі, әрдайым қол ұшын беріп, көмек көрсететін
ауылымыздың белді бір азаматы Бекмағанбетов Абушахман ағамыз келіп, мектебіміздің көтеріп жатқан
бастамасының өте орынды іс екенін айта отырып, өз қолымен ағаш отырғызды. Онан соң ауылымыздың
әкімі Балкенов Рымбай ағамыз мектебіміздің бастамасына шексіз ризашылығын білдіріп, бұл бастаманың
ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тауып Қызылжар кентінің 45-жылдығы қарсаңында әр тұрғын туған
жерге тағзым ретінде бір тұп ағаш егетінін айта отырып, осы бастаманы бастап отырған мектеп
ұстаздарына, мектеп басшысы Жайлаубаев Дүйсенбай Соқабайұлына шексіз алғысын білдірді.
Ж.Т.Оспанова, мектеп кітапханашысы
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1633 дана
Тапсырыс №20
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
20
Размер файла
2 926 Кб
Теги
ilovepdf
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа