close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Внеклассная работа

код для вставки
Қатысатын сыныптар: 7
Іс-шараның тақырыбы: Қазақ елі осындай
Мақсаты: оқушылар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлерін насихаттау.
Міндеттері:
Оқушыларды ұлттық ойын түрлерінің ережелерін білуге, ойынды өз бетімен көрсетуге
машықтандыру.
Оқушылардың бойында батылдық, ептілік, ұйымшылдық, төзімділік тәрізді жақсы қасиеттерді
дамыту.
Халық дәстүріне деген сүйіспеншілікке баулу, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіну.
Көрнекілік: түрлі - түсті асықтар, сиқырлы таяқ, суреттер, презентация
Ойын шартымен таныстыру: әр топ өзінің топ атын, ұранын айтып, сәлемдеседі. Алдын-ала жребі
бойынша тағайындалған ұлттық ойын түрімен презентация жасап таныстырады (қазақ-орыс
тілінде), ойынды әр топтан ойыншы шақырып ойнатады.
Сабақтың барысы
І.Кіріспе:
Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, жерін, елін сүйетін азаматтар
тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Соның бірі - ұлттық ойындар.
Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне
сай олардың көзқарастарының, мінез - құлқының, қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу
құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата - анасының талап етуімен және өз
еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын
байқатқан. Ойынның түрлері өте көп. Сіздер қандай ұлттық ойындарды білесіздер?
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі
заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан
ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден
қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың
өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке
баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, атабабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші
мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Азия
елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы
ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен
бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
«Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы
туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты,негізінен, ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,
балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала
тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».
Ойын шартымен таныстыру: әр топ өзінің топ атын, ұранын айтып, сәлемдеседі. Алдын-ала
жребі бойынша тағайындалған ұлттық ойын түрімен презентация жасап таныстырады (қазақ-орыс
тілінде), ойынды әр топтан ойыншы шақырып ойнатады.
ІI.Топтардың аты, ұраны, сәлемдесуі
Топтың аты: «Тұлпар»
Ұраны: Тұлпар біздің тобымыз,
Болсың мәңгі жолымыз.
Әрқашанда бір тынбай,
Берік болсын жолымыз.
Топтың аты: «Сұңқар»
Ұраны: Тобымыз біздің Сұңқар
Биікке әр кез шырқар.
Бүгінгі топтық сайыста,
Жеңіске жетіп шырқар.
«Аманат» тобы.
Топтың ұраны: Аманатты ақтаймыз, салт - дәстүрді сақтаймыз.
«Бірлік» тобы.
Ұраны: Бірлік бар жерде, тірлік бар.
«Ынтымақ» тобы.
Ұраны: ырыс алды - ынтымақ.
ІІІ. Ойын кезеңі
Әр топ өз кезегімен ойын шартын түсіндіріп, ойынды көрсетуге әр топ мүшелерін ортаға
шақырады.
«Теңге ілу» ойыны.
Теңге ілу ойыны тағы бар,
Қызықтар жұрттар қашанда.
Кім екен мерген дәл қазір
Біліп көрелік ойнатып.
Ала алмасаң теңгені
Мазақ қылар көпшілік
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік
«Теңге ілу»
Ойынға қатысушыларлардың әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезегі
басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 30-40 метрдей жерден тереңдігі бір
қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Әр топтан бір
сайыскеркерден шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі
бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға
жетіп қол салып жібереді де, тасты іліп алып, кері қарай шауып келеді, шұңқыр
тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына және
бірінші келуіне қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
«Кәне, кім жылдам ойында,
Қалдың ба енді мойында.
Топ мүшесі тағы шығыңдар
Топ болып қызық ойынға»
«Орамал тастамақ»
Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды
шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады.
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы
қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға
береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз»,
дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан
ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т.
б. сияқты сөздер айтылуы керек.Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі
шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс
тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі
лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап
бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың
ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді. Бұл ойын
жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық
Кімнің көзі қырағы,
Асық атуға шығады.
Кім тигізсе асыққа,
Сол мақтауға тұрады.
Хан «алшы»
Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл
асық «хан» асығы.
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды
жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған
асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды
келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске
жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.
Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлікте
Керек екен соны ұқтық
«Тауық күрес»
Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең
қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып
күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғын тізесін
бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады
Палуан болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Көп күрестік көгалда
«Жаяу тартыс» ойынына қатынасушылар екі-екіден ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп
түйілген арқанды екеуі бірдей екі жағынан мойындарына іліп, екі қолтығының астынан жібереді
де, екеуі екі жаққа қарай еңбектеп, күні бұрын белгіленген жерге дейін бірін-бірі тартып
жеткізулері керек. Қайсысы сүйреп, жеткізсе, сол ойыншының ұтқаны болып есептеледі. Әдетте,
бұл ойынға өзіне-өзі сенімді, дене күші мығым жігіттер күш сынасу үшін қатынасады.
ІҮ. Қорытынды
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып
қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде
ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті,
өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуат молдылығын, білек күшін, дененің
сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің
жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп
адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес,
теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие
болды.
Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланы
сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да
жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты. Ойын-сауық тәжірибе мен
тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан
шеңбері. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын
қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады.
Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз
үлесін қоспақ. Баршамызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Елімізге
тыныштық, сәттілік, бақ-береке тілейміз! Осы мерекеге арнау етіп отырған іс-шараға қатысып, өз
үлестеріңізді қосқан шәкірттерге, ұстаздарға мың алғыс.
Топтың аты: «Тұлпар»
Ұраны: Тұлпар біздің тобымыз,
Болсың мәңгі жолымыз.
Әрқашанда бір тынбай,
Берік болсын жолымыз.
Кімнің көзі қырағы,
Асық атуға шығады.
Кім тигізсе асыққа,
Сол мақтауға тұрады.
Хан «алшы»
Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл
асық «хан» асығы.
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды
жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған
асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды
келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске
жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.
Топтың аты: «Сұңқар»
Ұраны: Тобымыз біздің Сұңқар
Биікке әр кез шырқар.
Бүгінгі топтық сайыста,
Жеңіске жетіп шырқар.
«Кәне, кім жылдам ойында,
Қалдың ба енді мойында.
Топ мүшесі тағы шығыңдар
Топ болып қызық ойынға»
«Орамал тастамақ»
Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды
шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады.
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы
қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға
береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз»,
дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан
ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т.
б. сияқты сөздер айтылуы керек.Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі
шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс
тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі
лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап
бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың
ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді. Бұл ойын
жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық
«Аманат» тобы.
Топтың ұраны: Аманатты ақтаймыз, салт - дәстүрді сақтаймыз.
Теңге ілу ойыны тағы бар,
Қызықтар жұрттар қашанда.
Кім екен мерген дәл қазір
Біліп көрелік ойнатып.
Ала алмасаң теңгені
Мазақ қылар көпшілік
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік
«Теңге ілу»
Ойынға қатысушыларлардың әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезегі
басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 30-40 метрдей жерден тереңдігі бір
қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Әр топтан бір
сайыскеркерден шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі
бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға
жетіп қол салып жібереді де, тасты іліп алып, кері қарай шауып келеді, шұңқыр
тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына және
бірінші келуіне қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
«Бірлік» тобы.
Ұраны: Бірлік бар жерде, тірлік бар.
Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлікте
Керек екен соны ұқтық
«Тауық күрес»
Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең
қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып
күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғын тізесін
бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады
Палуан болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Көп күрестік көгалда
«Ынтымақ» тобы.
Ұраны: ырыс алды - ынтымақ.
Палуан болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Көп күрестік көгалда
«Жаяу тартыс» ойынына қатынасушылар екі-екіден ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп
түйілген арқанды екеуі бірдей екі жағынан мойындарына іліп, екі қолтығының астынан жібереді
де, екеуі екі жаққа қарай еңбектеп, күні бұрын белгіленген жерге дейін бірін-бірі тартып
жеткізулері керек. Қайсысы сүйреп, жеткізсе, сол ойыншының ұтқаны болып есептеледі. Әдетте,
бұл ойынға өзіне-өзі сенімді, дене күші мығым жігіттер күш сынасу үшін қатынасады.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
4
Размер файла
25 Кб
Теги
внеклассное
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа