close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Литература - искусство слова

код для вставки
Әдебиет - сөз өнері
"Өз алдына ел болуға өзіндік тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алады".
А.Байтұрсынов.
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а) Әдебиетті оқыту - ғылым саласымен тығыз байланысты
ә) Әдебиет - сөз өнері
3.Қорытынды
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі
үшін дүние жүзі кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі
демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре
алу міндеті туындап, білімге, оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар
қойылуда. Ұлт көсемі А.Байтұрсыновтың "Қанаты қатая бастаған
ұлттық сананың басты қаруы - әдебиет" деген қанатты сөзінде терең
мағына жатыр. Тілдің мәдени өркендеудің басты факторы екенін, тіл
жоқ жерде халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып
қалатынын, екіншіден рухани, мәдени тозғындауға ұшырайтыны
туралы дәлелдер келтірген.Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Ана тілін
армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр
тәжірибесі, дүниетанымы, мінез - құлқы, өзіндік болмыс - бітімі осы
тілде қаттаулы жатыр" деп тілді құрметтеу басты парызымыз екенін
атап өтті.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту
және қазіргі уақыттағы жаhандану жағдайында ұлттық бірегейлікті,
тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тілдің баянды
болуы үшін патриоттық тәрбие идеяларын санасына дарытуда
әдебиеттің алатын орны ерекше. Сондықтан да әдебиетті оқыту ғылым саласымен тығыз байланысты. Себебі ғылымның қай саласын
алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады
деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы жас ұрпаққа көркем шығарманы
оқытуды қалыптастыру өнер екендігін ескерген жөн. Өйткені
игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой - түсінік оқушыға
әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек
ойланады. Сондай-ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің
нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан
пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға
талпындырады.
Әдебиет - сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр
шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп
айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.
Әдебиет ұрпақтар арасын жалғар алтын көпір, ақыл - ойдың
түйінін танытар асыл қазына. Ұлтымыздың ұлы ұстазы
А.Байтұрсынов: "Өз алдына ел болуға өзіндік тілі, әдебиеті бар ел
ғана жарай алады" деп, адамның рухани әлемін, оның
адамгершілігін, ойлауын, көңіл - күй сезімін, тілін дамытуда,
шығармашылық әрекетін қалыптастыруда әдебиет пәнінің қоғамда
ерекше рөлі бар екенін көрсете білген.
Студенттер әдебиет сабағында прозалық шығармалармен бірге
поэзиялық шығармаларды қабылдау керек. Бұл оңай үрдіс емес.
Қабылдау деген бере салғанды ала қоятын зат емес. Ол білім
алушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани
әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы поэзиялық шығарма
болмасын білім алушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың
жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті
көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім
беру
бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың
сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім беру
бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен
қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдістәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді. Әр білім алушы өзінің оқу орнында алған
білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Шәкірттердегі осы сезімді
ояту – әр пән оқытушысының қолында, әдеби білім беру,
эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, рухани дүниесін
байыту, поэзияны түсіндіруде инновациялық технологияларды
қолдану арқылы поэзияны оқыту керек.
Әр адамның жаратылысы қандай болса, олардың ішкі дүниесі,
мінез-құлқы, сезімі, қабылдауы, ойлауы да әртүрлі болады.
Отбасында болса ата-анасына, мектепте болса құрбыларына немесе
қоршаған ортадағы адамдарға қарап мінез-құлқы қалыптасады.
Бірақ, өсіп келе жатқан жас өспірімдердің ішкі әлемін ересектердің
көбі түсіне бермейді. Адамның рухани дүниесінің дұрыс
қалыптасуына поэзияның да зор пайдасы барына көз жеткізуге
болады.
Ұлы ғұлама ақындар поэзиямен көз ашқан. Сәби шыр етіп
жерге түскеннен-ақ оның құлағына анасының бесік жыры естіледі.
Содан ер жеткенше халық поэзиясы мен ақындар поэзиясы оның
серігі болған. Қай ақын-жазушының өлеңін алып қарасақ та
тәрбиелік мәні бар. Олар поэзияны ішкі жан дүниелерімен сезіне
білген. Атап айтсам, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім!»,- деп жазып,
өзінің ішкі жан дүниесін халқына өлеңмен ақтарып салған. Мұқағали
атамыздың заманында туып, көзіміз көрмесе де, оның адал,
шыншыл, қайсар ер болғанына өлеңін оқып-ақ көз жеткізуге болады
немесе ұлы Абайдың:
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы – деп өлеңді түсіне білуге
бағалауға шақырады. Сөздің асылы - поэзия екенін, жақсы сөз
даналықтың айғағы екенін айтады.
Әдебиет – сөз өнері. Алайда, барлық сөзді тізе берсең әңгіме,
жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп
айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда
болады. Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау
керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол
ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек
сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы
поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет
жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан
өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос
сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға
әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін
дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді
орнымен қолдану қажет.
Поэзия - өнердің түрі, оның бойында сурет пен үн тоғысы
болады. Егер бала өлеңді оқып отырып суретті көре алмаса, поэзия
сұлулығына тұшына алмайды; ал егер өлеңдегі музыканы сезбесе,
баланың жаны тебіренбейді. Поэзия да өнердің басқа түрлері сияқты
адамды рухани жағынан толықтырады, терең толғанысқа түсіреді,
сезімін күшейтеді. Өмірге қызығушылығын арттырып, рухани
байытатын және оқушыны жас кезінен жеке тұлға болып
қалыптасуына, шығармадағы кейіпкер тағдырына қайғырып,
қуанып, ортақтасуға әсері болады.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
5
Размер файла
16 Кб
Теги
литература
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа