close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Otchet(3)

код для вставкиСкачать
Шымкент қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің 9 с сынып оқушысы Байзақов Азаматтың
Өзін-өзі тану пәнінен 1-тоқсанға жазған есеп жұмысы.
2013-2014 оқу жылы.
1-сабақ.Тақырыбы: Өзіңді тану – Өмірді тану.Сабақ әдеттегідей сынып
оқушыларының қосылып Бақыт құшағында атты өлеңді айтуымен басталды.
Бұл сабақ барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бердік (жазбаша
түрде). Осы берілген тақырыпқа байланысты өз ойымызды яғни эссе
жаздық.Шартты белгілерге байланысты диктант алынды(шартты белгілердің
бейнеленуі, аталуы т.б.) Қортындылай келе: Адам өмірінде бос жүрмей
өшпестей, мықты із қалдыруы тиіс. Өмірдің мәнін түсінуі керек.
2-сабақ.Тақырыбы: Өзіңді тану – Өмірді тану. Сабақ әдеттегідей сынып
оқушыларының қосылып Бақыт құшағында атты өлеңді айтуымен басталды.
Осы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды. Әр оқушы өз ойын айтып
жатты. Сабақтың 2-ші жартысында Ә.Файзуллаұлының ‘Өмірдің мәні атты’
ертегісін оқып, талықыладық. Қортындылай келе ‘Өмірдің мәні’ жақсылық
жасауда, жақсылықтың ешқашан арты жаман болмайтынын түсіндік.
3-сабақ. Тақырыбы: Салауаттылық – өмір негізі. Сабақ әдеттегідей сынып
оқушыларының қосылып Бақыт құшағында атты өлеңді айтуымен басталды.
Бұл сабақта әр оқушы денсаулыққа байланысты өз ойларын айтып жатты. Одан
әрі Ұлықпан Хәкімнің денсаулықты сақтауға байланысты айтқан жеті өсиеті
талқыланды. Олар: 1. Орта тазалығын ұстау 2. Ерте тұру 3.Дене шынықтыру 4.
Үнемі денені таза ұстау 5. Үнемі сергек жүру 6. Артық тамақ ішпеу 7. Көп
уйықтап жалқау болмау. Қортындылай келе: Адам өмірін бір рет ақ көреді,
сондықтан да өміріңді мәнді де сәнді өткізуің тиіс.
4-сабақ. Тақырыбы: Салауаттылық - өмір салты. Сабақ әдеттегідей сынып
оқушыларының қосылып Бақыт құшағында атты өлеңді айтуымен басталды.
Бұл сабақта Ұлықпан Хәкімнің өсиеттері туралы еске түсірдік.
Р. Пернеханқызының ‘‘Қателіктің арты өкініш’’ атты шығармасын оқып
талқыладық. Бұл есірткіге еліккен Ғабит жайында болатын. Бұл шығармадағы
кейіпкерлердің әрқайсысына сипаттама беріп, жақсы-жаман жақтарын айттық.
Қортындыға келсек: Әр істеген ісіңді ойланана істеген абзал болады.
5-Сабақ. Тақырыбы: Әсемдік – өмір жарасымы. Сабақ әдеттегідей сынып
оқушыларының қосылып Бақыт құшағында атты өлеңді айтуымен басталды.
Бұл сабақ барысында әсемдік сөзін сыни тұрғыдан ойлап, әр оқушы өз ойын
айтты. ‘‘Сүйкімі дүниенің сұлулықта’’ атты ертегіні оқып, талдау жасадық.
Кейіпкерлерге мінездеме берілді. Әбіш Кекілбайдың ‘‘Әлди’’ атты
шығармасын оқып кейіпкерлерге мінездеме бердік. Қортынды: Әсемдік,
сұлулықты сырт кейпіне емес ішкі жан сұлулығына байланысты айту керек.
6-Сабақ. Тақырыбы: Әсемдік – өмір жарасымы. Сабақ әдеттегідей сынып
оқушыларының қосылып Бақыт құшағында атты өлеңді айтуымен басталды.
Одан соң Ә. Нілібаевтың ‘‘Сұлулық’’ атты өлеңін оқыдық, талқыладық.
Өлеңнің мағынасын аштық. Мағжан Жұмабаевтың ‘‘Сен сұлу’’ атты өлеңін де
талқылай кеттік.Сұлулық тіпті кешке ескен жел де, сылқ-сылқ күліп аққан
мөлдір су да сұлу екенін сезу керек. Шын сұлулықтың мәнін түсіндік.
Қортынды: Сұлулық әр нәрседе бар, бірақ оны шын көңілмен іздеген, сезген
адам ғана көреді.
Документ
Категория
Разное
Просмотров
278
Размер файла
14 Кб
Теги
otchet
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа