close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 34 Жаңаарқа газеті

код для вставки
№34 (9871), 18 тамыз, 2018жыл
Төл басылым сексеннің төрінде
Қазақ баспасөзінде өзіндік алар
орны бар, тамырын тереңнен
тартқан, тарихы тұнық –
«Жаңаарқа» газетінің жарық
көргеніне міне, 80 жыл толып
отыр.
«Жаңаарқа» газеті - туған
өлкенің,
елдің
жағымды
жаңалықтарымен
табысты
қадамдарының шежіресі әр санында орын алатын аудандық басылым. Сексен жылдық тарихы
бар аудандық газеттің мазмұны
бай, өрісі кең. Ауданда атқарылып
жатқан игі істерді, соңғы
жаңалықтарды, жалпы тың деректерді осы газеттен табасыз.
Қауіп-қатері көп болған өткен ғасырдың отызыншы, елуінші
жылдарында да бұл басылым батыл қадамдар жасап, түрлі
мәселелер көтере білді. Заман тынысын дөп басып, еңбекші
қауымның өмірі мен еңбегін көрсете білді. Ұлы Отан соғысы
жылдарында елдің мұқалмаған жігерін танытып, қуаттандырды,
халықтың жұдырықтай жұмыла білетін бірлігін паш етті.
Уақыт керуені газетті сексен дейтін сеңгірге алып шықты.
Бұл күнде «Жаңаарқа» газетінің озық ойлы оқырмандары
қалыптасқан бағыт – бағдары айқын беделі биік басылым. Қалың
бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаумен қатар, Жаңаарқа
ауданының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени һәм рухани
әлемінің, бұрынғы мен бүгінгінің келбетінің айнасы, жарқын
болашағының бағдаршамы іспетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев айқындап берген ұлы мақсаттардың жергілікті жерде жүзеге асырылуы, өңір дамуындағы оң өзгерістер,
жағымды жаңалықтар Жаңаарқа ауданының тұрғындарын жігерлендіріп, рухын көтереді, игілікті істерге ынталандырады, сенімін шыңдайды. «Жаңаарқа» газетінің осы бағыттағы ойлы,
өміршең мақалалары оның оқырман алдындағы абыройын
асқақтатты.
Бар осы ғұмырында газет өз оқырмандарымен бірге жасасып,
бірге өсіп-өніп, талап-тілектеріне жауап беріп келеді. Ел
дамуындағы өзгерістерге байланысты газеттің аты да, мазмұны
да жаңарып отырды. Алайда, бір ғана өзгермегені – ол газеттің
өзектілігі мен оқырманға қол жетімділігі, ауданның ең үздік адамдары туралы оның жетістіктері мен жаңалықтарын
жұртшылыққа жеткізуі.
Редакцияның алғашқы күндерінен бастап, мұнда озық ойлы,
шығармашыл ұжым, сауатты қызметкерлер мен талап қойғыш
басшылар жұмыс атқарды. Бұл газеттің өзіндік бейнесін
қалыптастырды, тұрғындардың оған деген құрметі мен сенімі
артты. Газет көп жылдар бойы, аудан өмірі туралы ақпараттардың
бірден-бір көзі болып қалды. Қазіргі таңдада, ақпараттық
технологиялардың дамығанына қарамастан, газет үлкендер мен
оқушылар арасында сүйікті. Төл басылымның беттерінен
көрініп, кез келген бір мақаланың кейіпкері болу – әрбір
жаңаарқалық үшін құрмет.
Басылымның әрбір саны оқырмандарды рухани байлыққа, адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуімен
жұртшылық қауымның көңілінен шығып келеді.
Өткен ғасыр басындағы тарихымыздың алмағайып кезеңінде
негізі қаланып, замананың тулаған толқынында желкенін
жықпаған, әрқашан халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап
келе жатқан іргелі басылым «Жаңаарқамызға» әлі де бұқара игілігі үшін қызмет етіп, жаңалық пен жақсылықтың жаршысы,
үлгілі істердің ұйымдастырушысы, ертеңгі күнге зор үмітпен
қарайтын барша оқырмандардың рухани жан азығы бола
беріңіздер демекпін.
Баршаңыздың еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс тілеймін! Ойлы оқырмандарыңызды мазмұнды мақалаларыңызбен,
айшықты ақпараттарыңызбен қуанта бергейсіздер!
Юржан БекҚожИн,
аудан әкімі
Құрметті «Жаңаарқа» газетінің
ұжымы!
Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз аудандық «Жаңаарқа» газетінің
жарыққа шыққанына 80 жыл толуымен
шын
жүректен
құттықтаймын.
«Жаңаарқа» газеті - өзіндік өрелі
тарихы
бар,
бағыт-бағдары
айқындалған, қалың оқырманы
қалыптасқан
беделді
басылымдардың бірі.
Аудан өңірінің жасампаз істерге
толы шежіресін жазуға «Жаңаарқа»
газеті зор еңбек сіңірді. Қай кезеңде
қызмет етсе де уақыттың өз талабына сай өңірдің толымды
өзгерістерін паш етіп, өлкенің жылнамасын жасауға сүбелі үлес
қосты.
Шежірелі 80 жыл ішінде
басылымның
атқарған
жүгі
ауқымды. Өңірдегі әрбір игі істі
халыққа жеткізуге, жаңалыққа
жақындастыруға,
еңбекке
ұйымдастыруға белсене араласуда.
Елбасының сарабдал саясатын, әр
жылғы халыққа Жолдауын да жанжақты түсіндіріп, қарапайым
жұртшылыққа жеткізуде журналистер қауымының еңбегі зор.
Газеттің сапалы да сауатты шығып,
оқырман жүрегінен жол табуы,
әрине, ондағы қаламгерлердің істәжірибесі мен шеберлігіне, білімділігіне тікелей байланысты.
«Журналист
–
қоғамның
қоңырауы», – деп тегін айтпаған.
Сондықтан бұл мерейтой газет
ұжымының ғана емес, аудан
жұртшылығының да қуанышы
десем артық болмас.
Бүгінгі мереке күні аудандық
«Жаңаарқа» газетінің ұжымына
және осы редакцияда әр жылдары
қызмет еткен журналистер мен
еңбек ардагерлеріне амандық,
шығармашылық
шабыт,
еңбектеріне
табыс
тілеймін!
Қазақстанның өркендеуі жолында
қаламдарыңыз мұқалмай қызмет
ете беріңіздер.
Қуат Имантүсіпов,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қалам ұстауға қабілетіміз келіп, өскенде
қаламгер, «журналист» боламын деп армандап өскеннен кейін де шығар
ауданымыздағы жалғыз газет, «Жаңаарқа»
газеті өзім үшін жаныма жақын, ерекше
басылым қатарында. Оқушы кезімде
«Жаңаарқаны» үзбей оқитынмын. Сол
уақыттағы тілшілердің мақалаларын
қарап, өзім де мақала жазғым келіп, газет
бетіне қатарластарымның тақпақтары,
қандай да болсын бір материалдары
шықсын, қызығып та, қызғана да
қарайтынмын. Ол уақытта газетте ауылдасым, бүгінде қарымды журналист Рима
Әбеуова жұмыс істейтін. Жазуға машығым бар екенін аңғарған ол журналист мамандығын алып, газетке келуімді тілейтін.
Оныншы сынып оқып жүрген кезім. Қолыма Мұқағалиға арналған өлең
шумақтарын алып газетке бет алдым. Бірден бас редактордың кабинетіне
кірдім. Газетті ерекше қабылдап өскендіктен редактор кабинетінің
табалдырығын имене, жасқана, толқып аттағаным әлі көз алдымда. Мені
төрде отырған ұзын бойлы, ақсары кісі жылы жүзбен қарсы алып, қасына
отырғызды. Келген мақсатымды біліп, өлеңдеріме көз жүгіртті. Таныса
келе атына қанық болғанымдай Амантай Нығатайұлы ағамыз өлеңдерімді
алып қалып, үзбей жаза беруімді тапсырды. Үлкен шаруа бітіргендей кең
тыныстап, мәз-мейрам болып қайттым сол күні үйге.
Арада көп уақыт өтпей мектепке келсем ұстаздарым, сыныптастарым
құттықтап жатыр. Өлеңім газет бетіне шығыпты. Бұл жайт маған кітабым
шыққандай әсер берді десем артық болмас. Өлеңім басылған газет бетіне
қайта-қайта қараймын. Шабытыма шабыт қосып, қатарластарымның арасында беделімді әжептәуір көтеріп тастаған газет маған одан да ыстық,
одан да жақын басылымға айналды.
«Жаңаарқа» газеті дегенде мен үшін еске түсер ерекше ардақты есім бар.
Ол мен үшін қамқоршы, ақылшы, ұстазым болған Дүйсенбай ағам еді...
Ол кісі туралы ойласақ көп жайттар еске түседі, оның бәрін жазсақ бөлек
кітап болар. Дүйсаға жаратылысы ерекше жан еді. Алдына кім келсе де
бала болсын, дана болсын, шенді-шекпенді болсын бәрімен тең деңгейде
сөйлесіп, кім ді болмасын ауызына қарататын сүйегі асыл тұлға еді. Газет
дегенде жүрегі ауырып, нағыз жанашырлықпен жұмыс істеді. Өмірінің
соңына дейін қызметіне адал болды. Амал не?! Өмірдің жалған екенін
ұқтыртып, келместің кемесіне мініп кете барды. Қатыгез ажалдың
қармағына ілінбегенде Дүйсекең газеттің биылғы мерейлі 80 жылдығында,
ауданымыздың келесі жылғы торқалы 90 жылдығында игі-жақсылардың
арасында маңдайы жарқырап жүрер Құрметті ағамыз еді.
Өмір өтеді, бүгінгі оқиға ертеңгі естелікке, тарихқа айналады. Келер
ұрпаққа мұра болып қалар игі іс – жазылған дүние. Осы тұрғыдан алғанда
ауданымыздың 80 жылдық тарихында орын ерекше оқиғалар мен
жаңалықтарды тайға таңба басқандай жариялап келе жатқан басылым
маңыздылығының салмағын таразылап сезіне аламыз. «Жаңаарқа» газеті
өзінің ғасырға жуық ғұмырында соқтықпалы-соқпақты жолдармен өтіп,
талай қиыншылық пен ауыртпашылықты иығымен көтеріп өткен іргелі
басылым. Бұл басылымда қаламы жүйрік небір қаламгерлер, жазушылар
еңбек етті.
Біз газеттің бүгінгі күнгі аудан өміріндегі алар орнына баға бергіміз келеді. Бүгінде ғаламтор ғаламды торлап, әлеуметтік желі әр жанның жанарын жаулаған заманда газет жұмысының ауыртпалығы да көбеюде.
Оқырмандардың көзін теледидардан тайдырып, интернет кеңістігінен
бұрып алып, газет бетіне қарату оңай емес. Осы тұрғыда аянбай еңбек етіп
жатқан газет ұжымының қызметіне жеміс, абырой тілейміз. Газеттің
маңыздылығы ешқашан жоғалмайды. «Жаңаарқа» газетінің тізгінін кеше
ғана ұстап, бүгін газет үшін шырқырап, нағыз жанашыр басшы болып
жүрген Салтанат Ералина бастаған ұжымға өзімнің құрметім зор. Газет
үшін елең-алаң шақтарда да шашауы шықпай, шынай ниеттерімен жұмыс
жасап жүрген қара шаңырақ газеттің ұжымын және барша газет
оқырмандарын биылғы 80 жылдық мерейтоймен шын жүректен
құттықтаймын! Ғасырдың жүгін арқалаған басылым дәуірдің тасын домалатсын!
Әсет АмАнжолов,
«нұр отан» партиясының жаңаарқа
аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
18 тамыз 2018 жыл
Тарих тізбесінде
«ЖАҢААРҚА» газеті – аудан айнасы,
аудандық газет. Деректерге сүйенсек 1936
жылы Жаңаарқаға теміржол келіп, станса
басына жол бөлімі орнаған. Сол жылдан
бастап жол бойының көп тиражды газеті
шыға бастаған. Көп тиражды газеттің
редакторы
Созақбаев
болған.
Әбдірахман Нұршин осы газетте теруші
болып еңбек еткен. 1936 жылдың соңы
27-желтоқсан күні Жаңаарқа аудандық
газетінің алғашқы нөмірі жарық көрген.
(«Жаңаарқа» Асан Жұмаділдин).
Газеттің тарихы бойынша дерек осы.
Дегенмен 25 жылдығы мен 50 жылдығын
атап
өткен «Жаңаарқа» газетіне
Мәскеуден берілген анықтамада газеттің
1938 жылы 25 сәуірде «Лениндік жол»
атымен алғашқы саны шыққаны айтылған.
Газеттің алғашқы редакторы Нұрқайдар
Тұрғанбеков. Осы 1938 жылы Нұрқайдар
Тұрғанбаевтың
конституция
күніне
арнаған өлеңінен «саяси қате» табылып,
Нұрқайдар Тұрғанбаев «халық жауы»
деген айыппен ұсталып кеткен. Одан кейін
редактор болып Қапаш Әлімжанов,
Сүлеймен Әдаханов, Оразалы Жұмабеков,
Әбсалам Тәкешов, Жанат Итқарин, Әбікен
Бақтыбаев,
Қыдырбай Бексейітовтер
қызмет атқарған. Тың игеріле бастаған
кезде сол кездегі саясаттың салдарынан
«Лениндік жол» газеті орыс тілінде
шығып, қазақша аудармасы беріліп тұрған.
Бұл уақытта газеттің редакторлары
Н.И.Блудчий, Ғ.Әлжаппаров, И.И.Прокин
болған. 1960 жылы газет негізінен қазақ тілінде, аудармасы орыс тілінде басыла бастады. Редакторы болып Әбікен Бақтыбаев
істеген. 1962 жылы газеттің 25 жылдығы
5-мамыр баспасөз күні аталып өтілген.
Осы жиыннан кейін газеттің атауы
«Жаңаарқа» болып, орысшасы «Новая
степь» болып өзгерген.
Одан кейін
газеттің редакторлары болып, қарымды
қаламгерлер Бұқпа Әшімов, Қалиақпар
Әбілдин, Ұзақбай Мұқышев, Амантай
Нығатайұлы еңбек еткен.
Тәуелсіздік
алған жылдары, қаржы
тапшылығы
кезеңдерінде газет жанашырлары Амантай
Нығатайұлы, Атымтай Оспанов,
Күлше Оспановалар газеттің басшысы
болып, аудан айнасының жарық көруіне
атсалысты. «Новая степь» газетінің көп
жылдар редакторы Күлшетай Түйебаева
болды 1993 жылдан бұл газет шығуын
тоқтатты.
Жаңа ғасырдың басында газетті
Дүйсенбай
Жұмасейітов,
Бахтияр
Көшмағанбетов басқарып, еңбек етті.
«Жаңаарқа» газетінің 2017 жылдан бері
бас редакторы Салтанат Аманқызы Ералина. Газет А-3 форматымен 8 бет болып,
аптасына бір рет шығады.
«лениндік жол», «новая
степь»,
«жаңаарқа»
газетінің редакторлары
Газеттің
алғашқы
редакторлары
Нұрқайдар
Тұрғынбеков пен Қапаш
Әлімжановтың өмір жолдары туралы
мәлімет жоқ.
1.нұрқайдар Тұрғанбеков (1937-1938)
2.Қапаш Әлімжанов (1938-1941)
3.Сүлеймен Адаханов(1941-1943)
4.оразалы жұмабеков 1943-1944
5.Әбсалам Такешов (1944-1946)
6.жанат Итқарин (1946-1953)
7.н.И.Блудчий (1954-1958)
8.Ғ.Әлжаппаров, 1958-1959
9.И.И.Прокин (1960—1961)
10. Әбікен Бақтыбаев (1962-1968)
11. Бұқпа Әшімов (1969-1975)
12. Қыдырбай Бексейтов(1975-1977)
13. күлшетай Түйебаева (1972-1993)
14. Қалиақпар Әбілдин (1977-1987)
15. ұзақбай мұқышев, (1988-1993)
16. Амантай нығатайұлы, (1986-1988)
17. Атымай оспанов, (1993-1998)
18. Амантай нығатайұлы, (1999-2002)
18. күлше оспанова, (2002-2006)
19. Дүйсенбай жұмасейітов, (2006-2007)
20. Бақтияр көшмағанбетов (2007-2014)
21. Дүйсенбай жұмасейітов (2014-2017)
21. Салтанат Аманқызы ералина 2017
2
Жылжып жылдар өте береді екен ғой.
Қалай 60 жыл өткенін байқамай қалыппын.
1958 жылы мектепті бітіргенмін. Әкем сиыр
бағады. Шешем осы жылы босанып інілі
болғанмын, аты – Әлібек. Ауылымыз ол
кезде совхозға айналмаған – колхоз, еңбек
күн жазылады, оның ақысы жыл соңында
беріледі. Мектепті жақсы бітірсем де
қаржының жоқтығынан жоғары оқуға бара
алмадым. Әкеме көмектесемін. Көршіміз –
Жайлыбай ағайдікі, сиыр бағады. Ол үйдегі
Ақторсық жеңгейдің де бесікте баласы бар
– ол қазіргі Ғалым ақын.
Жайлекеңнің үйінде мен
қатарлы Рахман інісі бар.
Малға Рахман екеуіміз
қараймыз дегеніміз жай сөз.
Сиырды ертемен өзен бойына шығарамыз да
кешкұрым түгендеп жинаймыз. Жайлау –
Сөрті өзенінің бойы, балығы көп, балық
аулаймыз. Ақторсық жеңгей түсте де, кешке
де балық басып беруден жалықпайды. Ол
кезде меншік жылқы малы – екі – үш
құлынды бие болса керек. Сонда да қымыз
екі үйлі жанға мол жетеді.
Құлынға
тартылған желі көк шалғынға күнде
жаңартылып тартылады.
Шешем мен Ақторсық жеңгемнің
әңгімесінен аңғарғаным – екеуі де текті атадан екен. Өз шешем Жұмакүлдің әкесі
Жанас пен әйгілі қобызшы Ықылас
Дүкеновпен бірге туған. Шешемнің апасы
Күлжан Ақторсық жеңгемнің ағасы
Тоғайбектің жолдасы (әйелі). Ақторсық
жеңгемнің бабалары бүкіл Тама жұрты ардақ
тұтқан Тасыбай – Жолдыбай әулиелер болса,
атасы халықтың мақтаны – Ерубай би.
Өз әкелері елге белгілі Балықбай – Боранбай ақындар болған, нағашы дауылпаз революционер – Бәкен Серікбай екен. Осы күні
ойлаймын – Ақторсық жеңгемнің сәби
Ғалымды тербетіп отырғанда айтатын «Бесік
жыры» сөзімізге куәлік болар.
Ажарлы етіп көңілді,
Аштың өмір есігін.
Ойыма өлең өрілді,
Ән тербетсін бесігін.
Ақын болған нағашың,
Білген сөздің бағасын.
Рас болса ел сөзі,
Сенде ақын боларсың.
Бүгін сәби баласын,
Мектепке әлі барасың.
Ұстаз тілін ұғасың,
Атыңа сай боласың.
Ғалым болмай немене,
Ғылым жолын игерсең.
Ыбырай айтқан ақыл сөз,
Кітапта оқып үйренсең.
Мақұл, ботам ақын бол,
Өнерге өсіп жақын бол.
Қайратты қару қаһарлы,
Қаламыңмен батыл бол!
Ұйықта, ботам, жаным – ай,
Аяқталды әнім – ай.
Тәтті ұйқыға бата ғой,
Әлди, жаным, әлди – ай, әлди – ай.
Ғалымның әкесі Жайлыбайды ағасы Торғай
Смақов байларға жалданып ақша тауып, сол
қаржысымен азды – көпті оқу оқытқан екен.
Сол біліммен Жайлекең бастапқыда колхоз
басқарып, кеңшарлар құрылған кезде
бөлімше меңгерушісі, аға жұмыскер болды.
Інісі Рахман балаларының жоғары білім алуларына мүмкіндік жасады.
Біздің ауыл – Ғалымның да туған ауылы,
көне әңгіменің қоймасындай, тұнып тұрған
шежіре 1928 жылы құрылған, Шу мен
Сарысудың бойын мекендеп, Сырдария
(орталығы - Шымкент) өлкесіне қараған.
Сол кездің өзінде ауылда мектеп, аурухана,
мәдениет үйі болған. Өткен ғасырда елге
белгілі болған Жолдыкей Нұрмағанбетұлы,
Бұралқы Құдайбергенұлы, Құлжанбек
Бақтыгелдіұлы, Дос Жұмабайұлы, Ертісбай
Төлепбергенұлы сияқты ақындар, көне тарихты көп білетін қарттар болған. Жолдыкей
мен Бұралқының біраз сөздері «Пернедегі
термелер», «Қарағандылық ақындар»,
«Сұлутерек», «Айтыс» кітаптарына енген.
Түгіскен ауылы айтқыш ақындар мен
әңгімеші құйма құлақ өнегелі адамдарға
қанша бай болса, жүректің нәзік қылын тербететін күйшілер мен әсем дауысты әншілері
де жетерлік. Әйгілі Ықылас тартқан қыл
қобыз күйлерін өзінің Орындық деген
қызына үйленген күйеу баласы Мұратұлы
Көпжан
Ғалымның
ж а қ ы н
әкесі болатын. Көпжан Мұратұлы Ықылас күйлерін
домбырада орындайтын аса шебер күйші.
Ғалымның өзінің нағашысы, шешесі
Ақторсықтың жақын әкесі Сейіл Исаұлы
(жазушы Беріктің әкесі Шахан мен Сейіл
Дәулеткелді Бектібай биден тарайды. Шебер
күйші, көпті көрген, көп жасаған адам,
атақты Сүгір (Әліұлы) күйшімен аталас
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ - 60 жаста
қүлақ жездесі Мұздыраф Мұсаұлынан
тыңдап, естіп есейді. Құнарлы топыраққа
түскен дән қымбат өркен беретіні белгілі.
Мектепте оқып жүргенде-ақ бала Ғалым
қатар құрбыларына Мұқағали Мақатаев,
Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Мұхтар Шахановтың жырларын жатқа
айтатын.
1974 жылдары, сол
кездегі солақай саясат, Қазақстанда
қой санын 50 млн ға жеткізу науқаны
болып мектеп бітірген жастардан шопандар бригадасы жасақталды. Түгіскен ауылы
"Жеңіс" совхозынан "Сұңқар", "Тұлпар"
бригадалары ұйымдасып, Ғалым да
бригадаға шопан болып келді. Бәрі бір
жастағы өрім жастар, әзіл күлкісіз өтетін
күн жоқ.
Бригада құрамындағы жастар үйленетін, үй
болатын жасқа да жетті. Ұлдардың біразы
әскери міндетін атқаруға аттанды. Жоғары
оқу орнына түсті, түрлі жұмысқа орналасып
жатты. Ғалым өлең жазуын тоқтатқан жоқ.
Жазған жырлары аудандық, облыстық басылымдарда жарияланып жүрді. Тіпті
аудандық,
облыстық
газеттердің
шақыруымен қызметке де тұрды. Әскери
міндетін де орындап оралды. 1993 жылы
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмәмдаған соң Алматыға
орналасты. Қайырлы қоныс болды. Содан
бері
"Жанымның
жапырақтары",
"Жүрегімнің жұлдызы", "Құс қанаты",
"Қарашығымдағы
қара
өлең",
"Тағдырымның тамыры", "Арда күрең",
"Тобылғы жарған", "Ақ сиса", "Тама
көшкен" жыр жинақтарын шығарды.
Жері-жыр, топырағы - тарих өлкеде туған
Ғалымның ақын болмасқа шарасы жоқ. Мектепте оқып жүріп бала ақын атанса, енді
есейгенде аға ақын болмауы мүмкін емес.
Бүгінгі күні алпысқа келген Ғалым ақын нағыз ақын. Атына сай кемел ойы бар
кемеңгер тұлға болу мақсат.
Ғалым - енді еліне аталы - баталы сөзден
шашу шашуы керек. Бұрындары жазған
"Жетім құлын", "Жынды Әбен", "Күршімнің
қызы", "Сәкен - сәнім", "Мәриям апа",
"Ықылас күй", "Құнанбай", "Алматыға
Арқадан көшіп келгем" өлеңдері, рас аға
сөзі. Ғалымның "Ардакүрең" жинағына
алғысөз
жазған
Рафаэль
Ниязбек
"Сарыарқаның сырлы өлеңі" деп айдарлаған
екен - рақмет. Жазған жырлары мен
шығарған кітаптарынан Ғалымның ойсыз
жазылған, ойланбай оқитын өлеңді емес, сөз
табу қиын. Тіпті бала кезінде жазған төрт
жол сөзін оқиықшы:
Аяулы жарым асыл,
Әрине сағынасың.
Екі жыл бөлек жүру
Өзіңнің арыңа сын.
Бұл Ғалымның үйлене салып армияға алынып, сонда жүргенде ауылда қалған серігі
Бибішке жолдаған хаты. Қандай керемет ой,
кең ақыл, кемеңгер кеңес. Төрт жол сөзге
сыйған. Ғалымның төрт жол бір ауыз сөзі
оқырманға үлкен ой салары сөзсіз.
В.Г. Белинский "Лириканы - махаббат
достық; саяси - әлеуметтік; көңіл - күй;
табиғат лирикасы" деп желіктесе, Ғалым
өлеңдері бұл қалыпқа сыймайды. Лирика
атауы Ғалымның бірде - бір өлеңіне де, дастандарына да жат емес. Дейтұрғанмен
жасы алдыға жылжыған сайын эпикаға - кең
танысу үшін - қалам қайратын бұрып бара
жатқандай. Анау "Біргебайдың қызылы",
"Киік қашқан" сияқты емес Ілиястың
"Құлагеріндей",
Қалижанның
"Ақсақ
құланындай", Исаның "Ақбөпесіндей",
Мұқағалидың "Аруанасындай" дастандармен бауырлас "Қара орамал", "Ақ сиса",
"Тама көшкен" осындай ойға жетелейді.
Ғалымның өзі:
"Таудай болса талабың баққа бөлер,
Бабам шамын бұл өнер жаққан өнер.
...Жыр бәйгеге мені де қосты бүгін,
Біргебайдың қызылын баптаған ел.", - дейді.
Ендеше Ғалым, жыр бәйгесінде сенің дара
көрінуіңді күтеміз. Аға болдың ғой, енді
дана бол!
жақсыбай Сүлейменұлы
Ағалықтан даналыққа
туыс, сан мәрте бірге болып, ол тартқан
күйлерді бүгінгі ұрпаққа жеткізуші болды.
Белгілі актер Дулығаның әкесі Досмұхаммед
Ақмолдин домбыра тартуды осы Сейілден
үйренген. 1930 жылдардың соңында шыққан
академик Ахмет Жұбановтын "Қазақтың
күйші композиторлары" деген кітабына
Көпжан Мұратұлы мен Сейіл Исаұлының
есімдері құрметпен аталады. Өкініштісі бұл
екі күйші тартты деген күйлер үнтаспаға
түспеген.
Ғалым тәлім алған Түгіскен мектебі Жаңаарқа ауданында алғаш ашылған үш
орта мектептің бірі, көне білім ордасы - бастауын 1924 жылғы Мүсәйіп Байтілеуұлы
медресесінен алады. Мүсәйіп Бектілеуұлы Сәкен Сейфуллин "Көкшетау" поэмасын
арнаған он жеті ақынның бірі. Меккеге екі
рет барған хажы. Ахмет Байтұрсынұлының
әліпбиімен бала оқытқан. Медресесін мектепке айналдырып шәкірттеріне заманға сай
білім үйреткен. С. Сейфуллиннің "Жас қазақ
марсельезасы" іспетті әнімен өлең шығарып
өзінен сабақ алушыларына "Жалпы әлем"
деп ән - өлең үйреткен. Мүсәйіптің бұл әнін
кейін белгілі қазақ композиторлары
еңбектерінде пайдаланады.
1950 жылдардан бастап Түгіскен мектебінде Мархаба Шәйкөзова, Әбдікәрім
Әбдірейімов, Игілік Омаровтар сабақ берді.
Игілік Омаров - "ән еркесі" атанып,
халықтың, Жүсіпбек Елебековтың сүйіктісі
болды. Сол Игілікті алғаш өнер жолына
түсірген - Мархаба Есімжанова типтес әнші
болатын. Әбдікәрім Әбдірейімов Абай
атындағы Алматы педагогикалық университетін үздік бітірген Төлеубай Қордабаевтың,
Мәлік Ғабдуллин, Қажым Жұмалиевтің
дәрісі мен тағылымын алған ауыл мектебіндегі академик десе болатын еді. Мархаба,
Игілік, Әбдікәрімдерден өнеге көріп Ғалым
тағылым алды. Бұл ұстаздарды пән
мұғалімдері ғана емес, өнердің де
қайраткерлері десе болатын еді. 1941 - 1945
жылдары өткен сұрапылдан соң Әбдікәрім
Қасым Аманжоловтың "Дариғасын", Рамазан Елебаевтың "Жас қазақ", Нұқаш
Орманбаевтың "Тос, мені тос" әндерін
айтқанда тындаған көпшілік ертеден кешке
дейін, кештен таң атқанша айтқызып
тарқамайтын.
Ғалымнан бұрынырақ Түгіскен мектебінде
оқыған Мәрия Сүлейменова, Қыстау
Сәденов, Көлмағанбет Нұрмағанбетов,
Байзақ Сейіловтар мектеп сахнасының гүлі
болды, бұлардың дауысы қазақ радиосының
алтын қорында бар.
60 жыл бұрын Ғалым ақынның ауылы осындай еді. Ауылдың әні мен жырын, әсерлі
әңгімесін атасы Торғай Смақов пен кәрі -
18 тамыз 2018 жыл
3
Газеттің 80
жылдық тар и х ы н а
үңілсек,
өмірінің
қ ы з м е т
бабындағы
алғашқы
баспалдақты
баспаханадан бастаған
ж а н д а р
жетіп артылады. Сол
жанның бірі
–
бүгінде
Смағұлов Темірғали
еңбек ардагері
Мұқатайұлы.
Темірғали аға алғаш баспаханаға келгенде 20
жастағы бозбала еді. Өзінің бойындағы жалынымен жұмысқа бірден кірісе кетіп, тез
үйреніскен екен.
-Мектеп бітірген соң, бірден баспаханаға
жұмысқа тұрдым. Ол кезде яғни, 1959 жылы
баспахана басшысы - Бұқпа Әшімов еді. Жас
болсам да үлкен жауапты істі бірден сезініп,
аға-апалардың көмегімен жұмысты тез
меңгере бастадым. Сол кезде менімен бірге
баспахана мен редакцияда Сағынтай
Әшімов, Жанат Итқарин, Жақан Қазамов,
Серік Әрсінов т.б. қызметкерлермен
қызметтес болдым. Менің қызметім макет
жасаушы және әріп теруші болды. Жас
болғандықтан болар, газетке жаңа леп,
жаңашылдық жасау үшін көп ізденіп, жаңашылдық
ой-
суреттерін өңдеп, баспаға дайындайтын. 1967 жылы ауданымыздың тумасы Сара
Корректорлар түнімен газеттің қатесін
Әліпқызымен
шаңырақ
құрады.
түзетумен жүретін. Кеңестік саясат
Бақытты жандардың отбасында Құрал,
қиын кезең болаОрал атты екі ұл өмірге келеді.
80 жыл Балаларының білім алып, отбасылы
е
н
і
т
тын.
е
з
га
арқа»
болуына ата-ана тарапынан барлық
«жаңа
жағдайларын
жасап,
ұлдарын
ұясына қондырады. Бүгінде еңбек арБ і р дагері Темірғали аға құрметті еңбек демалысөзден қате жіберсең, сында, Қарағанды қаласында үлкен ұлы
басыңмен жауап беретін кез еді. Сол Құралдың қолында тұрады. Екі баласынан 7
кезде сенің жұмысың менің жұмысым демей, немересінің қызығын көріп, бақытты ғұмыр
ұжым боп әр газет сайын бірлесе жұмыс жа- кешуде.
сайтынбыз. Қате кетіп қалмасын деп жүз Темірғали ағаның 1957-1965 жылдар
оқып, мың тексеріп, қатесін түзеп, бетті та- аралығында баспаханада қызмет еткен жылзалап болған соң кезекші редактор қол дары өмірінен ойып орын алатын қызыққа
қойып, содан соң ғана беттеп, газетті толы жылдары екенін баса айтты.
шығаратынбыз, - деді алғаш еңбек жолын Шығармашылық бағытта жұмыс жасап
баспаханадан
бастаған
Темірғали жүріп, 1965 жылы аудандық зейнетақы төлеу
Мұқатайұлы.
орталығына қызмет бабымен ауысады. Сол
Темірғали аға 1939 жылы 1 қаңтарда жылдан бастап, 2002 жылға дейін қаржы саЖаңаарқа ауданында Смағұлов Мұқатай мен ласында талмай қызмет атқарып, осы мекеШожина Жамалдың отбасында дүниеге меден зейнеткер атанады. «Қайда жұмыс
келген. Әкесі көп жылдар бойы темір- жасасаңда, тыңдырған жұмысың ел есінде
жол саласында қызмет жасап, жары қалып, халықтың алғысына бөленсең, одан
екеуі 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, асқан бақыт жоқ»,- дейді Темірғали аға сөз
барлығын оқытып, өмірде өз жолда- соңында.
Рахат ӨміРБекҚызы
рын табуға бағыттаған.
Баспаханада қызмет жасап жүріп,
ан
м
а
м
с
жа
н
а
ғ
а
с
т жа
е
з
а
г
і
түст
і
л
р
ү
Т
ла-
стырып жүретінмін.
Ол арман мақсатым да іске асты.
Облыс бойынша алғаш түрлі-түсті (қызыл,
көк, қара) газетті ең бірінші біздің аудан
жасап шығарды. Бұл тарихи газет Сәкен
Сейфуллиннің 70 жылдығына тұспа-тұс
келді. Баспахана мен редакция ұжымы сол
кезде күн демей түн демей бірлесе жұмыс
жасап, еңбек еттік десем артық айтпағаным
болар. Жалпы бірі білер, бірі білмес, газет
шығару оңай жұмыс емес. Газет аптасына
үш рет орыс-қазақ тілінде шығып отыратын. Алдымен редакция
ұжымының дайындаған
мақалаларын
теріп,
фото
“жаңаарқа” газеті өмірінің бір белесі
Жаңа ғасырдың
алғашқы
жылдары
яғни
2007 жылдан
2014 жылға
дейін
“Жаңаарқа”
газетінде
бас редактор болған Бахтияр Көшмағанбетовпен
мерейтой
тоғысында
сұхбаттасуды жөн көрдік.
О.Жұмабеков атындағы мектепте
үш жыл директордың орынбасары
боған, бүгінгі таңда мектепте тарих
пәнінен сабақ беріп жүрген ұлағатты
ұстаз, бұрыңғы редактор Бахтияр
аға:-Мен, 1956 жылы 13 – ші
қыркүйекте Жаңаарқа ауданында
дүниеге келіп, осы ауданда ер жеттім.
Әкем Нақыпбек Көшмағанбетов, халық банкінде 40 жыл меңгеруші болып
еңбек еткен адам. Анам Салтанат Әбүйірова үй шаруасында, бала
тәрбиесімен айналысқан. Біздің осылай ер жетуімізді, оқып білім алуымызды
қадағалап, үлкен азамат болып қалыптасқанымызға анамыздың еңбегі зор.
Отбасымызда 6 ағайындымыз. 1974 жылы В.И.Ленин атындағы орта мектепті тәмамдадым. Сол жылы арман қуып, Алматы қаласына барып, Абай
атындағы педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түстім.
Оқуымды 1978 жылы аяқтап, ауданға келдім де, аудан басынан жұмыс
табылмағаннан кейін Қараағаш ауылындағы Ынталы орта мектебіне тарих
пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Содан бір жыл салт жұмыс істедім де 1979 жылы Түгіскен ауылының тумасы Сәуле Нұрмұқашевамен
отбасын құрдым.
Отбасылы азаматтың міндеті екі есеге ұлғайады.
Ауданға оралып, 14 жыл СПТУ-да (Ғ.Жарылғапов атындағы колледж)
мұғалім болып еңбек еттім. Кейін аудандық мұражайда 2 жыл басшы, №132
орта мектепте мұғалім болдым. Осында жүргенде әкімшіліктен -редактор
бол,- деген ұсыныс түсті. Көп ойландым...
2007 жылдан бастап “Жаңааарқа” газеті редакциясына газеттің редакторы
болып тағайындалдым.
"Қарапайым пән мұғалімі қалай білдей редактор болмақ" - деген іштей
қорқынышым басылмады. Жаңа орта, маған таныс емес салаға етене еніп
кетуіме сол жердегі қызметкерлердің көмегі көп болды. Газетті өздері
реттеп, өздері мақала дайындайтын. Ұжым арасындағы ауызбіршілік пен
ынтымақтастықтың арқасында жүректегі қорқыныш бәсеңдеп орныма келе
бастадым. Мен жұмысқа келген жылы газет беті төрт бет қана болатын, кейін
алты, сегіз бет кейде тіпті он екі бет болып шығатын еді. Әкімшіліктің де
көмегі зор болды.
Иә, бұрыннан ептеп қалам тартып, қағаз бетіне бірдеңелерді жазатын едім,
жауапты қызметке орналасқан соң мақаланы сауатты, көлемді етіп жаза бастадым. Редакция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасадық. Әйтпегенде,
жалғыз өзім бұл жұмысты алып шығар ма едім?! Осылай 2014 жылға дейін
редактор болдым. Сөз басынан редакция қыздары деп жатырмын, аттарын
атамасқа болмайды, айта кетсем Салтанат Аманқызы, Әсел Сұлтанқызы,
Салтанат Балтабайқызы, Рахат Өмірбекқызы сынды менен де көп жыл еңбек
еткен білікті маман мен Аңсаған Тоқбергенов, Мөлдір Ерсайынқызы сияқты
қаламы ұшқыр жастардың еңбегі есімдерін мен үлкен мақтанышпен айта
аламын. Айнагүл Амангелдіқызы жақсы дизайнер болатын. Осындай
мамандардың арқасында газетіміздің ғұмыры ұзақ болмақ" – деген газет редакторы, бүгінгі таңда екі баланың әкесі, алты немеренің атасы.
Өткен өмірінің бір саласы газетпен ұштасқанына риза болған редактор:
Арнайы келіп, өмір тарихымды, қызмет жолымды сұрап, біліп, сыр шертіп,
әңгімелескендеріңе рахмет! Еңбектерің жана берсін. Келіп жеткен 80 жылдық
мерей тойларың құтты болсын!" - деп, ыстық ықыласын білдірді.
Құндыз жАкеновА
үлгі тұтар азамат
Ауылдан
шыққан
аймаңдай
ағаларымыздың аты соңынан ерген
іні-қарындастары, біздерге кішкене
күнімізден таныс. Мүмкін үйдегі
үлкендердің олар жайлы сүйсініп
айтқан жақсы лебіздері мен мақтан еткен
іс-әрекеті ме, жүздерін көрмесек те аттарына
қанықпыз. Солар сияқты болсақ екен- деген ой жүрек
түкпіріне бала кезімізден ұялай бергені анық. Маған үлгі болған
жанның бірі Амантай аға.
Мектеп қабырғасында жүргенімізде: «Аудандық газеттің редакторы Амантай Нығатайұлы болыпты»-деген сүйіншілеген хабар
жетті. Бүкіл ауыл қуанды. «Мен де сондай боламын»,- деген кішкене жүрегім бүлк ете қалды.
-Қолынан іс келетін азамат өссін! Өркендей берсін!-деген ақ тілектер ақтарылып, құтты болсын айтысып, Нықаң үйіне ағылды.
Аужекеңнің әкесі Нығатай Отарбаевтың аты ауыл емес
Республикамызға таныс. «Нықаңды көргенде алдынан жұмыс қашады»-дейтін қатарластары ол кісінің
еңбекқорлығына тәнті болып. Сол кезеңдегі ең жоғары мемлекеттік награда “Октябрь Революциясы”
ордені, “Еңбек Қызыл Ту”, «Құрмет белгісі» ордендері кеудесінде жарқыраған шопан ата Қазақ КСР-не
еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері Нықаң өте бір байсалды, сабырлы жантын. Ал, Мәпруза
әжеміздің қолы қашаннан ашық адам болатын. Ол үйдің кермесінен ат, дастарханынан ас, босағасынан
қонақ арылмағанына ел куә.
Туғаннан зерек, алғыр, өз ісіне мығым, жауапкершілікті жанына ту еткен Аужекең мектеп
қабырғасында жүргеннен ақ өзінің қабілет қарымының зор екенін байқатқан. Дана Абайдың бес
нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуын жадына жақсылап түйген Аужекең ақырын жүріп анық
басқан жанның нақ өзі. Абыройлы міндетті аяқсыз қалдырмай атқаратын, салғырттық пен еріншектікті
жаны сүймейтіні тағы бар. Бастаған жұмысты аяқсыз қалдырмайтыны баршаға аян. Қақ соқ пенен
ісі жоқ, артық ауыз сөзі жоқ Аужекеңнің қандай мәселе болсада әріден ойлап, шешімін нық айтатын,
өтірікке, көлгірсуге бой алдырмайтын жан. Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық, биязылық бір бойына
тоғысқан. Қашаннан ілтипат жасап, ізеттілік көрсетуден жаңылған емес. Үнемі бір қалыптан танбай,
ұстанымынан қисық кетпей, адами қасиетіне нұқсан келтірмей жүретін ағадан тек қамқорлықтың нышанын көрем.
-Салток қалдарың қалай?-деп келген ағаның әңгімесі әріден өрбиді.
Үйде, сыныпта, ортада, жұмыста, жалпы өмірде бетті, жүзді, өткір, өтімді, білімді адамдарды алдыға
салатынымыз бар. Олар қой бастайтын серкедей артындағы адамға жол бастап бағыт-бағдар беріп,
межелі тұсты айқындап, барар жерге бастап барады. Аужекеңнің еңбек жолы да жол бастаумен
өрбіген. Ақтау ауылында комсомол комитетінің хатшысы болған жас жігіт жастарды ұйымдастырып,
түрлі іс-шаралар мен еңбекке атсалысуға үгіттеп, партияның тапсырмасын қалтқысыз орындап жалынды жастардың көшбасшысы бола білген жан. Жас маманның бойындағы күш қайратты байқаған
аудан басшылары оны аудандық комсомолдар ұйымына, аудандық партия комитетіне қызметке
шақырды. Еңбек ете жүріп, шыңдалып, жаңашылдыққа бет бұрған маман аудандық комсомол
комитетінің нұсқаушысы, «Білім» қоғамының аудандық ұйымының жауапты хатшысы, аупарткомның
нұсқаушысы, аупарткомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, саяси ағарту кабинетінің
меңгерушісі, халық депутаттары аудандық Кеңесі аппаратының ұйымдастыру бөлімі мен тұрақты
комиссиялардың аға референті қызметтерін атқарады. Аудан әкімдігі құрылғанда аудан әкімі
аппаратының іс басқарушысы, аппарат басшысы болып тағайындалады. Қарбалас қызу жұмыста оның
көрегендігі, ізденімпаздығы тиянақтылығы, жұмысқа жауаптылығы мемлекеттік қызметті абыройлы
атқаруына негіз болды. Жаңадан ашылған Тіл басқармасының ірге тасын қалаған да, «Нұр Отан»
ХДП алғаш құрылғанда оның аудандағы филиалы төрағасының орынбасары болған да Аужекең.
Қазақ тілі мен әдебиетінің маманы болғанымен оны өмір журналист етіп шығарды. Қаламы қарымды
аға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Аудандық газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған
редакторлардың бірі Аужекең талай қиындықтардан жол тапқан жан.
-Аудан айнасы «Жаңаарқа» газеті мен үшін ең құнды дүние. Тарих та, өмір де, еңбек те осында. Бар
жасаған жұмысың халықтың көз алдында. Жұрттың барлығы жапа тармағай оқитын газеттің көтеретін
жүгі жеңіл емес. Қиындықтарды еңсере жүріп, аудан өмірімен біте қайнасып келе жатқан газеттің
мерейтойы құтты болсын. Барлығына газет оқырмандары мен оны дайындап, баспаға ұсынатын
өздеріңе, баспаханашыларға тек табыс тілеймін. Өркендеп өсе беріңдер. Газет құлашын кеңге жая берсін. Самғай беріңдер, самғай беріңдер!-деді Аужекең арнайы жолыққанымда.
Қамқор ағаның алдынан қанаттанып шықтым. Тіпті оймен 80 жылдық мерейтойды атқарып та тастадым.
Бала кезімдегі бүлк ете қалған жүрегім, қуаныштан дүрсілдеп соғып келеді. Арманымның
алдамағанына, үлгі тұтқан Аужекеңдей өзімнің де тіл маманы бола тұра журналист болғаныма
мақтанып келемін.
Салтанат АмАнҚызы
18 тамыз 2018 жыл
Ең алғаш еңбек жолым басталған
«Жаңаарқа» газетіндегі бірінші қадамдарым
әлі күнге дейін есімде. Бұл жердегі
ұжымның қарапайымдылығы мен кішіпейілділігі менің кішігірім «редакция әлеміне»
тез-ақ кірігіп кетуіме септігін тигізді. Осы
уақытқа дейін журналистік мамандықты тек
теория түрінде танысақ, енді бар білгеніңді
іс жүзінде дәлелдейтін уақыт жетті.
Менің қызметтегі ең бірінші басшым, редактор - Оспанова Күлше Жайлаубайқызы
болды. Ол кісінің біліктілігінің арқасында
шыңырауға кеткен мекеме жұмысы біраз
шираған шақ. Күлше Жайлаубайқызының
сөйлесу
мәнері,
басшылықтағы
сауаттылығы, сыпайлығы, жұмсақтығы
менің маман ретінде төселуіме ықпал етпей
қойған жоқ. Бірнеше жыл басшылық
қызметтер атқарған ол кісінің болмысынан
көшбасшылықтың барлық белгісі айқын
көрініс беріп тұратын. Әрі мүлдем басқа
салаға ауысып келсе де, қажырлы
ізденісінінің арқасында редакция жұмысын
меңгеріп қана қоймай, оны алға бастыра
білді. Күлше Жайлаубайқызының маман ретінде қалыптасуы жетпіс жыл үстемдік
құрған орыс тілінің басымды уақытына
тұспа тұс келсе де, білімі мен біліктілігінің
нәтижесінде қажет кезде қазақ тілінде де материалдар жазатын.
Ақындығымен, ақылдылығымен есімі та-
нылып, жерлестерінің арасында абыройға
кенелген
Дүйсенбай
Жұмасейітовтей
тәлімгерімнің болуы мен үшін тағдырдың
сыйы болды. Ол кездегі төрт беттік
газетіміздің журналисі де, фотографы да,
корректоры да бір өзі. Әрқашан маған білгенін үйретуден тайған емес. Кейіннен
дәрежесі өсіп, үлкен қызметтер атқарса да
«құлыншақ»-деп атап, қарапайымдылығынан бір сәт өзгерген жоқ. Қайда барса да мені
жанынан қалдырмай ілестіріп жүретін.
Дүйсағаның арқасында көптеген кісілермен
таныс болдым. Денесінің үлкендігіне
қарамай, жан дүниесі кереметтей нәзік болатын. Қаншама айтқан тағылымды дүниелері,
ақылдары өмірімде әлі күнге дейін азық.
Дүйсенбай Жұмасейітовтен кейін редакторымыз болған Көшмағанбетов Бахтияр
Нақыпбекұлы басшылық еткен жылдар да
газетіміз үшін жетістікке толы кезең болды.
Ол кісі әрқашан қызметкерлерінің көңілкүйін ойлап, жағдайларын жасауды ойлап
жүретін. Отбасылық жағдайларға байланысты жұмысымызға кедергі туындап жатса да,
ашуға бой алдырған емес. Үнемі кешірімшіл
болып, мол түсіністік танытатын.
Бахтияр
Нақыпбекұлының
негізгі
мамандығы тарихшы болғанымен, газетке
материал жазу ол кісіге қиындық тудырған
4
Әріптестерім жайында бір үзік сыр...
емес. Түрлі баспасөздерді ақтарыстырып, кітаптар оқып, ізденіс үстінде жүретін.
Жұмыста барлығымызбен ақылдаса отырып,
не мәселе болмасын бірлесе шешетінбіз. Бұл
кісінің
жетекшілік
ету
мәнері
қарапайымдылығымен және ақ көңілдігімен
астасып жататын. Ешқашан бұйыра
сөйлемейтін. Жай ғана еркелете отырып
жұмсайтын. Бір жағынан біздерге ағалық
қамқорлығын танытып, ақылын айтса, енді
бірде реті болса тең құрбысындай
қалжыңдап алатын.
Газетіміздің барлық есеп-қисабын қаттап,
шоттап отыратын есепшіміз Сүндетова
Бақыт Ібінейқызы екен. Өмірінің жиырма
жылын осы редакцияда өткізген Бақыт
Ібінейқызы тау көшіп кетсе де бірқалыпты
мінезінен танған емес. Бір мәселе туындап
қалса айғайға басып, эмоцияға беріліп жататынымыз рас. Ал, бұл кісінің дау-дамайға
жаны қас. Әрқашан жарасымды майысқан
қалпында, не жағдай болмасын ың-шыңсыз
ғана шешуге әуес. Газетке байланысты
барлық қаржылық мәселелер Бақыт
Ібінейқызымен ақылдаса отырып шешіледі.
Себебі, газеттің барлық қаржылық жағдайы
қағазда ғана емес, Бақыт Ібінейқызының
миында да жазулы.
Сол
кезде
газетіміздің макетін
дайындайтын Жомарт
Оспанмен
әріптес болғанымды
мақтанышпен айтамын. Әрі ол кісі
университетте
ұстазым
болды.
Газет
дизайны
сабағынан
дәріс
оқыған. Ол кісі газет
макетін дайындауға
суретшідей ерекше
көңіл бөлетін. Материалды ұтымды
әрі тиімді орналастыру жолдарын
әбден
меңгерген
маман ретінде әрі
шапшаңдығын,
журналист ретіндегі шеберлігі мен
сауаттылығын өте
жоғары бағалаймыз.
Ералина Салтанат Аманқызы мен
Мұздыбаева Әсел Сұлтанқызы тек әріптес
қана емес, ақылшы әпкелерім секілді болып
кетті.
Салтанат Аманқызы алғаш жұмысқа келген сәттен-ақ ол кісіден ерекше бір шуақтың
лебін сездім. Жүрген жерін той-думанға айналдырып жібереді. Қандай қиындық болса
да «қайсы бірін уайымдаймыз, бас аман болсын»,-деген нақылға айналған сөзі бар.
Нәзік жанды болса да, күш-қайраты ерекше,
лапылдаған отты адам. Ол кісінің
энергиясының бір бөлшегі болса болды, позитивті көңіл күйге бөленеміз. Журналист
ретінде көркем сөзбен ойнақтата алатын
шебер, әйел адам ретінде дастарханы мол,
көңілі ашық жарқын отанасы, басшы ретінде
талапшыл, турашыл іскер маман. Әдемі жыр
шумақтарын төгілтетін ақындығы да бар.
Тағы бір тамаша қасиеті – жылдамдығы. Материал жазу болсын, үй шаруасында болсын
тез арада барлық жұмысты атқарып тастайды.
Салтанат Аманқызы газетімізге редактор
болып бекітілгенде барлығымыздың ерекше
қуанғанымыз да сондықтан.
Әсел Сұлтанқызы бір көргеннен-ақ жанына
жақын тартты. Кезінде орта мектепті үздік
аяқтаған, одан кейін жоғары оқуды грантқа
бітірген Әселден үйренерім көп болды. Көп
жылдық еңбек өтілінің арқасында газеттің
терілуінен бастап, барлық шығу барысын
меңгеріп алған ол нағыз қажетті маман. Осы
қасиетіне бола Дүйсаға марқұм Әселді «энциклопедия» деп атаушы еді. Ештемені
ұмытпайтын, барлығын миына тоқып
жүретін. Жерлестерден кімді сұрасаңыз да
барлығын жік-жігімен таратып, тайлы
таяғымен тізіп береді. Әрі көп нәрсенің ретін
білетін. Қандай мәселе туындамасын одан
шығудың жолын оп оңай көрсететін. Адамгершілігі де мол. Жанашырлықпен қол ұшын
беруден тайған емес.
Газеттің барлық жарнама бөлімі осы кісінің
мойнында. Бүгінде газет макетін дайындау
да Әсел Сұлтанқызына жүктелген.
Айтжанова Рахат Өмірбекқызының да
алғашқы еңбек жолы осы жерден басталды.
Рахатты сырлас, жақын құрбым деуге болады. Бірге сүріндік, бірге тұрдық. Жас та
болса жанұясының тірлігімен қатар,
қарбаласы көп журналистік кәсіпті қатар
алып жүрген жан. Қолының ашықтығы мен
көңілінің ақ жарқындығы, дидарынан үнемі
жылылықтың лебі сезіліп тұратын оның тілеулес дос-жарандарының көп болуына сеп-
тігін
тигізбей
қоймайды.
Берілген
тапсырманы тыңғылықты орындаумен бірге,
газет макетінің дайындалуына да ат салысады. Өзінің көркемдік жағынан ойларын
білдіріп, газет дизайнын сәнді болуына
үлесін қосып отырады. Қажет болып жатса,
қолына фотоаппаратты алып, фототілші де
болып кетеді.
Үнемі бір нәрседен әзіл қалжың туындатып, тап басып теңеуін ойлап тауып жүретін
сіңілім әрі әріптесім Мөлдір Қасымның да
өзіне тән ерекшелігі жетерлік. Қыз балаға
тән кірпияздығы бар, жан сұлулығы мен тән
сұлулығы қатар жарасқан, мөлдір десе
мөлдір... Әсіресе, бір дүниені қалжыңға айналдырып, өзі рахаттана күлгені тіпті керемет!
Ал, маман ретінде Мөлдір тек газет тілшісі
ғана емес, телевизия мен радионы да
бағындыра алатын қызметкер бола алатынына сенімім мол. Журналистке қажетті
қасиеттердің барлығы Мөлдірдің бойынан
табылады. Яғни, сөз шеберлігі, жылдамдық,
сөйлесу мәнері т.б. барлығын меңгерген.
Жас маманның болашағының
тек жарқын болуын тілейміз!
Зымыраған уақытпен бірге,
заман да дамып келеді. Көп
жылдар бойы материалды өзіміз басып,
қаладағы баспаға жіберіп отырсақ, ендігі
күнде газет макетін өзімізде дайындайтын
жағдай туды. Бұл біз үшін, редакция үшін
тағы бір керемет мүмкіндіктер есігін ашты.
Осы орайда бағдарламашы болып келген
Жанабаева Айнагүлдің де еңбегін атап өту
орынды. Айнагүл газеттің әр санының
көркемдік жағына назар жіберіп, үнемі бір
жаңашылдықты пайдаланып отыратын. Материалдарды ретімен қаттау, фотосуреттерді
таңдау, түрлі безендірулерді қолдану, жалпы
оқырман «Жаңаарқа» газетін қолына алғанда
көңіліне ұнамды қылу үшін бар өнерін салатын.
Міне, менің әріптестерім жайында айтар
«бір үзік сырым» осындай. Барлығы
редакцияның «бір-бір кірпіші» іспеттес,
өзіндік алар орны бар. Әрқайсысы өз
жұмысының шебері. Жанұяларында сүйікті
жар, балаларына аяулы ана, қолдары ашық
отанасы. Аллаға шүкір!
«Ұжымың екінші үйің»- деген рас айтылған
сөз. Осы редакцияның табалдырығын
аттағанымда сары ауыз балапан болатынмын.
Он
екі
жыл
ішінде
осы
әріптестеріммен бірге отқа күйдік, суыққа
тоңдық. Қызықты шыжықты күндер бастан
өтті. Осы редакция менің өсіп-өркендегеніме
куә. Бүгінде жай ғана әріптес емес туыстардай
болып
кеттік.
Қаншама
қуаныштарымызды бірге өткізіп, қайғымыз
болса ортақ болдық.
Өткен жылдың орны толмас үлкен өкініші Дүйсағамыздан айырылу болды. Редакция
үшін, біз үшін ағатайымыздың орны ерекше
еді. Арда азаматтың қазасы барлық еліне,
жұртына батты.
Осы газетіміздің
сексен жылдығына
қатысты ол кісінің
ойластырған
дүниелері бар еді.
Мерейтойды бірге
қарсы аламыз деп
жоспарлаған болатынбыз. Редакторымыз Салтанат
Аманқызының
ұйымдастыруымен
мерейтойға байланысты Дүйсенбай
Жұмасейітов
атындағы айтыс
өткізілмек. Бұл да
болсын ұрпақ үшін
тамаша тәрбиелік
мәні зор шара
болмақ.
Сексен жылдық
с е ң г і р і н
бағындырған
«Жаңаарқамызда»
талай-талай марқасқалар қызмет еткені рас.
Ол тұлғалардың есімі біз үшін мақтаныш.
«Жаңаарқа» газеті кеше де шықты, бүгінде
жарық көруде, ертең де толастамайды.
Қаншама толқын ауысса да, барлығымыздың
илейтініміз бір терінің пұшпағы. Оқырман
бар да, ел бар да «Жаңаарқамыз» өшпейді.
Осындай сексен жылдық ғұмыры бар, тарихы бай«Жаңаарқа» газеті атты киелі қара
шаңырақта қызмет ететінімді мақтан етемін!
Жасай бер, қасиетті «Жаңаарқам!».
Салтанат БАлТАБАйҚызы,
ҚР журналистер одағының мүшесі
5
«Жаңаарқа» газеті
Жаңаарқа
ауданының әр азаматының газеті.
Бала кезімнен көргенім ауылдағы әр
тұрғынның алдымен қолына алатын
газеті аудандық «Жаңаарқа» газеті болатын. Үйге келетін қалың газетжурналдың арасынан әкем алдымен
«Жаңаарқаны» алып оқитын. Әкем қарап
біткенше үйдегі басқалар оны айналшақтап
газеттің
босауын
күтетін
еді.
Отбасымыздағы осы жағдай біздің
ауылдағы
әр
үйде болатын. Аудан
көлеміндегі жаңалықты жалықпай жазатын
бұл газеттің әр беті ыждахатпен оқылып, газетті қарап, оқымағандар арасында
«Жаңаарқада» жазылыпты, ана совхоз алға
шығыпты, мына сала сыналыпты деген
сияқты әңгіме жүретін. Газетке ауылдың
біреуі шықса, біреуінің мақаласы жарияланса ол үлкен жетістік болатын. Сол газет
үйдегі ең қадірлі орын сандықтың түбіне
салынатын. Жұрттың бәрі жапатармағай
оқитын «Жаңаарқа» газеттін бәріміз қарап
шығумыз керек деп ойлаған болуым керек
мен де әріп танығаннан “Жаңаарқаны”
оқитын болдым. Әкем Әйкен Асанова мен
Ұзақбай Мұқышевтың мақаласын көргенде
марқайып қалатын. (бірі жиен бірі
нағашысы). Көбіне өзім танитын адамдар
мен танитын
ағаларымның мақаласы
шыққанын қалаймын. Кейін Ақтау ауылынан Амантай Нығатайұлының мақалалары,
Батырбек
Рысбеков
пен
Қойлыбай
Асановтың өлеңдері жарық көре бастады.
Осы тұста мектептегі іс-шаралар жайлы
мен де жазатын болдым. Сөйтіп
«Жаңаарқа» менің сүйікті газетіме айналды. Мақалаларым мен өлеңдерім мектеп кезінде газеттің бетіне басылып,
қаламымның ұшталуына септігін тигізді.
Мені журналистік салаға да әкелген осы
«Жаңаарқа»
газеті болатын.
Көзді
а ш ы п
жұмғанша 11
жыл
зулап
ө
т
е
шығыпты.
Күні
кеше
редакцияның
есігін имене
ашып,
бас
редактор
Дүйсекеңнен
(Дүйсенбай Жұмасейітов) журналистік
жұмыс бар ма?-деп өтініп, іле тілші болып
жұмысқа қабылданған едім.
Міне содан бергі аралықта сүйікті газетіммен
біргемін.
Ауданымыздың
қоғамдық саяси газетінің 648 номерінің
ж а р ы қ
көруіне мен
де
үлес
қосқаныма
мақтанамын.
«Жаңаарқа»
газеті
алдына айқын
м а қ с а т
қойған басыл ы м .
Аудандық газ е т т е н
қарымды қаламгерлер қанаттанса, жас
таланттың бойына шабыт ұялап, қияға
қанат сермеген. Оған дәлел аға буын
өкілдерінің өлең, жырлары, естелік эсселері. Аудан өмірінің әр кезеңіндегі сәттерін
тілші-журналистер әр стильде жазып,
орамды оймен толықтырып, газеттің
айшықты бетінен орын беріп, бұқараға таратудан жалыққан емес. Аға-апалар салып
кеткен сара жолмен кейінгі буын
қалтқысыз қызмет етіп келеді. Сексен
жылдық тарихы бар төл газетімізде өз
мамандығын риясыз сүйетін, сөз қадірін
білетін, сөйлеммен сурет сала алатын,
қара сөздің қадіріне жеткен тілші мамандар, журналистер, мұғалімдер еңбек етті.
Газет аудандағы баспаханадан теріліп басылатын
болған
сол
жылдары
баспаханадағы аға-әпкелеріміздің де еңбегі
орасан. Баспагерлердің өткен күндері жайлы
сыр
шерткенде
қызықта қиын
жұмыстарына еріксіз риза боласың. Бір-бірімен қабыса, біте қайнасып, газеттің
жаныма жақын басылым
«жаңаарқам»
жарық көруіне атсалысқан екі еңбек
ұжымының өлшеусіз еңбегіне бас иесің.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан
бастап жарық көрген газетте сан саладағы
мақалалар жарық көріп, бұқараға жол
тартты. Сол қалпынан жаңылмай бүгінде
қызмет етіп келеді.
Қандай жағдай болса да қыздарын
қызғыштай қорып, қамқорлығын аямайтын. Дүйсекең біздің басшымыз, редакторымыз ғана болып қоймай бізге
жанашыр аға, қамқор әке рөлін атқарды.
Ағатай-деп еркелейтін едік. Таусылмайтын
мәселелерімізді айтып, ақыл-кеңес алатын-
Ауданымыздың айнасына айналған сүйікті
басылым
аудан
тұрғындарының
әрқайсысына
қажетті
басылым деп ойлаймын. Туған ел
мен жердің тарихын, биліктегі
ақпараттар
а ғ ы н ы н ,
ж а ғ ы м д ы
жаңалықтарды,
мақтанатын ұлқ ы з д ы ң
ұлағатты өмірін,
еңбекші таптың қастерлі маңдай терінің
өтеуін, жеңімпаздардың жетістігін, бәсте
бағы жанғандардың марапатын, естен кетпес
естеліктермен
жүрекжарды
құттықтауларды өздеріңізге апта сайын
жеткізетін сүйікті басылым 80 жасқа
толды.
2007 жылы
қазан айында
жұмысқа
қабылданған
м
е
н
«Жаңаарқа»
газетінің
содан
бері
қазанында
б і р г е
қайнаудамын.
Газетпен
өткен өмір жолдарымда ауданның біраз
тұрғындарымен жүздесіп, сұхбаттасып, танысып білістім. Газет- өмір айнасы болса
сол айнада жарқырай көрініп, жазылған
мақалаларда
қолтаңбам
бар.
Өткенге
оралсақ сол
кездегі редактор Дүйсекең
өте бір жаны
таза, ағалық
қамқо рл ы ғ ы
зор,
адам
ж а н ы н
түсінетін
қарапайымдылығы басым азамат еді. Газетке жазған әр мақаламызды өзімізге
түзеткізбей өзі түзеп, алатынын алып,
реттейтін де Дүйсекең болатын. Ол кісі
барда арқаны кеңге салып, жауапкершілікті онша сезінбей жүргеніміз растын.
быз. Қанаттандыруға, мерейіңді тасытуға
бейім тұратын кішіпейіл де қарапайым мінезі өзіне сондай жарасатын еді.
Сол жылдың
желтоқсанында
Д ү й с е к е ң
мәслихатқа
жоғарылап орынына редактор
болып Бахтияр
Нақыпбекұлы
Көшмағанбетов
келді.
Бұрын
жүздеспеген
бейтаныс жан.
Мамандығы
тарих
пәнінің
ұстазы.
Бәкеңде қарапайым қақ-соқпен ісі жоқ
жан. Еңбек өтілі мектептен басталған
редактордың сабақ беруде тәжірибесі көп
болғанымен журналистік сала мен бұрын
таныс емес екен. Сонымен еркіндікті
қойып жинақталу керектігін ұғындық. Газ е т т е г і
мақалалар
мен материалдарды
е н д і
барлығымыз
жұмыла тексеріп, бірігіп
қарайтын
болдық.
Бахтияр
Нақыпбекұлы аппараттық жиналыстарды
қолға алды. Аудан әкімдігіндегі атқарылып
жатқан іс-шаралар жайлы қалам тартты.
Осы тұста 4
беттік газет 8
бетке ауысты.
2010
жылы
газетті орыс
т і л д і
оқырмандарға
да
қажет
деген пікірден
аудармашы маман
жұмысқа алынып, газетте
екі тілді материалдар басыла бастады.
Сонымен бірге газеттің макетін жасау газетті
шығарушы
редактор
Жомарт
Оспанның құзырында болса 2012 жылдан
газетке өзімізде макет жасайтын программист маман Айнагүл Жаңабаева жұмысқа
18 тамыз 2017 жыл
тұрды. Осылай газет көз алдымызда жасалынып, макеттен қарап,
түзетулер енгізетін болдық.
Бахтияр Нақыпбекұлы газетті 7 жыл
басқарып, О.Жұмабеков мектебіне
директордың тәрбие ісінің орынбасары қызметіне ауысты.
Ұжымдағы көненің көзін көрген, бірнеше
редакторлармен қызмет атқарған бұл
есепші Бақыт Сүндетова. Жиырма жыл
еңбек өтілі бар есепші газеттің кірісшығыс есебін
жатқа
білетін
жан.
Тазалықты
сүйетін Бақыт
тәте
ұқыптылықтың
үлгісін
көрсететін,
жинақылықты жақсы көреді. Әр құжаты
беттеулі, реттеулі тұратын есепшінің газет
туралы сұраққа жауабы әзір. Сандарды
санасында сақтайтын Бәкең жаңылысып
көрмеген жан. Ол сонысымен қадірлі.
Газеттің жауапты хатшысы Салтанат Балтабай біртоға қыз. Қызыл диплом иегері
Салтанаттың мақалалары тілі жатық, жұпжұмыр нақ жазылады.
Мен келгенде
оқуды енді бітірген Салтанат университет
қабырғасында үйренген тәлім-тәрбиесін
бізбен бөлісуге әзір болатын. Жинақылық
пен сабырлықты серік еткен Салтанат өз
ісінің білгір маманы.
Әсел Мұздыбаева -газетке 2002 жылдары
терімші,
яғни
машинистка
болып
орналасқан болса арада өткен 16 жылда
газет жұмысымен тікелей айналысып,
шыңдалып, бүгінде техникалық редактор
қызметін атқаруда. Газетке келіп түсетін
барлық мақалалар, хаттар, жарнамалар
Әселдің қолынан өтеді. Әсел жан-жақты
маман.
Газеттің макеттелуі Әселдің
қолында.
Рахат Айтжанова –Қарағанды мемлекеттік
университетінің түлегі. Рахат спортты
сүйетін қыз. Оның мықты волейболист,
шахматшы екенін екінің бірі біле бермейді. Жаны
әдемілікке
құштар Рахат
көркемдеудің
шебері. Содан
болар
оның
мақалаларында
әсерлеу
көп
кездеседі.
К ө л е м д і
мақалаларға
қалам тартып
жүрген Рахат хатта қорытады.
Мөлдір Қасым-студент кезінен біздің
редакцияға үйір болды. Тәжірибе алмасуға
келген жас қыз оқуын аяқтағанша жазғы
демалыстарда бізде ақысыз-пұлсыз жұмыс
істейтін.
Редакция журналистерінің
сапындағы Мөлдір запастағы сарбаздай.
Кім уақытша
баламен
демалысқа
кетсе соның
о р н ы н а
ш ы ғ ы п ,
жұмысын бас т а й д ы .
Тиянақты
Мөлдірдің
алғырлығы,
жылдамдығы
оны басқалардан ерекше етеді. Тапсырманы лезде орындап, таңқалдыратын әдеті
бар.
Газетте әріптес болып бірге еңбек еткен
Гүлнәр Ахметова (аудармашы) орысша
мақалалар
даярлайтын. Жас
маман
Аңсаған Тоқбергенов газет кетерге дейін
жазуға отырмай, жанталасқанда мақаланы
бұрқыратып жазып шығатын қабілетке ие
еді. Бізде еңбек жолын бастаған Аңсаған
бүгінде Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік
тіл және ақпарат басқармасы медиа-аналитика бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
Бала күтімімен отырған дизайнер Айнагүл
Жаңабаева газетті әрлеудің шеберітін.
Оның қолы тиген газет ерекше түрге енетін еді.
Аудан оқырмандарына жол тартқан
“Жаңаарқа” газетінің бүгінгі құрамы осындай. Жауапты жүкті көтеріп жүрген газет
қызметкерлеріне шығармашылық табыс
пен шабыт тілеймін.
Салтанат АмАнҚызы
18 тамыз 2018 жыл
Бүгінгі әңгімеміз белгілі айтыскер ақын,
журналист, бүгінгі күнде мәслихат хатшысы болып қызмет ететін Дүйсенбай
жұмасейітұлы жайында болмақшы.
і.Ақын бала
Әлпештеп анам мені аялаған,
Мен үшін шыбын жанын аямаған.
Есімде талай айтқан ақылдары,
Шыңында жүрегімнің саялаған.
Ерекше анам менің, асыл адам,
Ешқашан қиындықтан жасымаған.
Егерде «ана» десе жүрегімде,
Қалмайды қуаныш та тасымаған.
Көкейлеріңізде, айтулы тұлға жайындағы
әңгімеміз осы балауса өлең жолдарымен
басталғаны несі
деген
сұрақ
туары сөзсіз.
Бұл небәрі 5 сыныпта
оқып
жүрген бала – Дүйсенбайдың ең алғаш
аудандық басылымда жарық көрген жыр
шумақтары. Байқайсыз ба, төрт жолдық
шағын ғана өлеңде анасына деген қаншама
мейірімділік, сүйіспеншілік, өлшеусіз ана
еңбегін дәріптеу жатыр. Жүрекжарды
тұңғыш өлеңі, әкесі ертеректе дүние салған
соң, соңында үпір-шүпір болып қалған балаларын жеткізген асыл анасына арналуы
заңдылық та.
-Әкем ерте өмірден өтсе де, анамыздың
арқасында ешқашан жетімдікті сезген
жоқпын. Анамның балаларына деген махаббаты, қамқорлығы күшті болғандықтан
болуы керек,-дейді Дүйсенбай аға.
Дүйсағаңның анасы Қызапа Тоқаның ішінде
Жетімек руынан болыпты. Қазақтың «Жетімекке ерекше өнер қонған»- деген сөзін көп
естіген боларсыздар. Осы бойына біткен
қабілеттің арқасында анасы елді аузына
қаратқан суырып-салма ақын, керемет дауысты әнші болыпты. Өзінің шығарған
әңгімелерін, естіген-оқыған қиссаларын, батырлар жырын, ертедегі қыз бен жігіт айтысын мүдірместен, қиналмастан жатқа айта
береді екен. Анасының туған ағасы, яғни
Дүйсағаңның нағашы ағасы Шәкен, сырнаймен, гармонмен ән салғанда, зор дауысы
көрші ауылдарға дейін шарықтап кетеді екен.
Ол кісінің өнеріне тәнті болған адамдар ат
жіберіп алдырып, әнін, талмастан таңды
таңға ұрып айта беретін қисса-дастандарын
сүйсініп, тыңдайтын болыпты. Осындай өнер
тұнған ортада ер жеткен балаға қалайша өнер
қонбасын, ақындық дарымасын.
-Негізі баланы өнерге баулудың тиімді тәсілі,
меніңше әнді, аңыз әңгімелерді көп тыңдату.
Мен осы кісілердің әндерін ерекше ынтамен, үлкен қызығушылықпен тыңдаушы
едім.
Алған
әсерім
ұзаққа
дейін
тарқамайтын. Менің бір өкінішім, -дейді
Дүйсаға қамығып,-осы кісілердің дауысын
жазып ала алмағаным. Бірақ дауыстары
әңгімелері санамнан әлі күнге дейін
ажыраған жоқ.
Ал, Дүйсағаның әкесінің шешесі екі көзі
көрмесе де көкірегі ояу адам болған екен.
Ол кісіге кешкі астан соң, ауылдағы кішкентай кітапханадан әкелінген батырлар
жырын оқуды бала Дүйсенбай дағдыға айналдырыпты. Айналаға әлсіз ғана жарық
шашқан шамның көмегімен батырлар
жырын оқып, өзі де тәтті қиялға шомады
екен. Кейінгі кезде әбден шыныққан ол,
батырлар жырын белгілі бір сарынға
салып алып, жатқа айтатын болыпты.
Осының әсерінен болды ма, бала кезінен
оңашалана беруді жаны сүйген ол, әр
мазмұнда
өзінше
күбірлеп өлең
шумақтарын ұйқастыра беретін.
Жоғарыда берілген, анасына арналған өлең
жолдарын
газет
бетінен
көргенде
Дүйсағаңның қуанышы кемерінен тасып еді.
Төбесі көкке екі елі ғана жетпей, барлық
туған-туыс,
әсіресе
анасы
ерекше
масайрағантын. Қатарластары арасында
мәртебесі көтеріліп, бірден «Ақын бала»
деген есім берілген еді. Бұдан былай Ақын
баланың шығармашылығы мектепішілік
қабырға газеттерінде жарық көріп, мәдени
іс-шараларда оқылып жүрді.
-Бойында қарым-қабілеті бар баланың
шыңдалуына мектептегі қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі көп ықпал етеді.
Бұл арада, бастауыш сыныпта Балтабай
Ысқақов
деген
ұстазымның
айтқан
ақылдары көп көмек болды. Ал, Ынтымақ
орта мектебінде оқып жүргенде әдебиет
пәнінен дәріс берген Балтабай Шегебаев
жалпы поэзия жөнінен бағыт-бағдар берді.
Сабақ соңынан мені жеке алып қалып,
тақтаға өлеңдерімді жаздырып, талдап, оны
қалай құрып, қалай жазу керектігі жөнінде
ойын айтып, маған осы жөнінен үйге тапсырма беретін. Өнерімді шыңдаған,
ақындығымды қалыптастыруға көп ықпал
6
еткен ұстаздарыма алғысым шексіз-деген
Дүйсағаңның жүзінен ризашылықтың белгісі айқын көрініп тұрды.
іі. Шақпа тілді шайыр
«Асылы айтыс өнері-ақындықтың екі
жүзді алмас қылышы секілді. Сен бұрын
сілтемесең, қарсыласың қапы қалдырады.
Өткір сөздің құдыреті қылыш жүзінен бір
кем соқпайды» депті марқұм Сайлаухан
Нәкенов айтыс туралы толғанғанда.
Иә, айтыс-халқымыздың сонау заманнан
келе жатқан тамаша бір өнері. Сөз қадірін
ерекше түсінген халқымыз үшін айтысқазақтың бет пердесі, тұла бойы болмысы.
қозғауды, нені қозғамауды, қандай мақала
айту керектігін т.б. айтысқа қатысты жайттарды осы кісілер айтып отырады екен.
Дүйсағаңның айтысында сөз болатын
мәселелер де осал емес еді.
-Жағадан қашты Балқаш, қашты Аралың,
Жоқ менде басқа қайғы, басқа дабыл.
Қос ішегі домбыраның үзілердей,
Суалып қалатындай қос жанарым, - деп дендеп тұрған экология мәселесін дөп басса,
-Сай болсаң, айдындарым, Аралдарым,
Ақберен жыр іздедім алаңдадым.
Ескерткіш Сәкеніме қоймақ едім,
Қабірін жұмыр жерден таба алмадым, - деп
өкініш толы өткенімізге көз тастайды.
1980 жылдардың соңына
қарай, айтысты жаңғырту
қолға алына
бастаған
уақытта жарқ етіп көзге
түскен жас ақындардың
ішінде Дүйсағаңда болды.
Дәстүрлі өнерге сусындап
қалған халық бұл өнерді
ыстық ықыласпен бірден
қабылдады. Айтыста мәнді
сөзді кестелеп өріп, айтар
ойын
ерекше мақаммен
тасқындата төккен жас ақын
Дүйсенбай,
талғампаз
көрерменнің көзайымына айналды. Қарсыласқа қарымды жауап қайтару,
ойыңды жинақтап, ұйқастырып, әрлеп,
әуендетіп
жеткізу
барлығы
ой
шапшаңдығынан, ой ұтқырлығынан туады.
Ал, бұл қасиеттің барлығы дерлік
Дүйсағаңның бойынан табылған еді. Кезекті
бір сөз додасынан кейін, газет тілшілерінің
оған «Шақпа тілді шайыр»- деген теңеу
айтуы осының дәлелі.
1987 жылы республикалық телевизиялық
облысаралық айтысқа жолдама алу үшін,
Жезқазған және Солтүстік Қазақстан облыстары арасындағы айтыс алдында Жезқазған
облысының командасы іріктелген бір топ
айтыскерлердің ішінде Дүйсағаң да болады.
Ол кезде аудандық мәдениет бөлімінің
бастығы Әліп Жайлыбаев болды. Жас
ақындар, іріктеу кезеңінде айтыстың әр
жанры бойынша сынға түседі. Ол уақытта
танылған жалғыз айтыскер-ақын түгіскендік
Ермек
Омаров
болатын.
Жаңаарқа
ауданының атынан сүре айтыс түрінен
сайысқа түскен Дүйсағаның ең алғашқы
қарсыласы осал болған жоқ. Жырау, термеші
әрі ақын Шынболат Дідебаевтың есімі елге
танылып қалған шақ.
-Жасыратыны
жоқ,
қобалжудың,
қорқыныштың болғаны рас. Ол кісінің атағы
дардай. Мен әлі таныла қоймаған, ауылдан
келген қарапайым жұмыскермін. Әйтсе де,
бойымды торлаған жағымсыз сезімдерді
ысырып тастап, сахнаға шығуға күш табылды. Шамалы уақыттан кейін бойым
үйреніп, сөз таластыруға жарадым. Ол күні
әбден ширап, жинақталып қалыппын. Сөз
айқастырып, жарыстырған екеуміз қазылар
алқасының шешімімен тең түсіп, сыйлыққа
бір-бір гармонға ие болдық.
Мен ол жерде керемет болдым деп тағы
мақтана алмаймын. Алғашқы бәсекем ғой.
Айтыскерден өнер ұшқынын байқаса, сөз
саптаса, шешендігі көңілден шықса, оны
одан әрмен қайрап, жігерлендіре түсу сол
кездің саясаты болды ма, деп ойлаймын.
Бұл ақын ағаның алғашқы айтысын еске
түсіндіргендегі сөздері.
«Дүйсенбайдың бұл айтыстағы алғашқы
қадамы. Ол аудан көлемінде көптен белгілі
болғанымен, қарыс қадам ұзап, бақ сынағаны
осы сапары. Және ол тәжірибесі жоқтығына
қарамастан, көптің көңіліне үміт шырағын
жақты. Айылын жимай, аянбай айтысты.
Ұтымды, ойлы орамдары да оспадар
орағытулары
да
болды.
Әйтеуір,
Шынболатқа алдырмады»,- деп жазады сол
кездегі «Жезқазған туы» газетінің тілшісі
Сайлаухан Нәкенов осы айтыс жайына.
Батыл болған бастама осылайша жалғасып,
кете береді. Облыстық, республикалық,
деңгейдегі түрлі жарыстарда жеңіспен
жеңіліс, қобалжу мен толқу, қуаныш пен
реніш, масаттану мен қамығу барлығы
Дүйсенбай ағаның айнымас серігі болды.
Осы жылы республикалық телевизиялық
айтыстың ширек финалы Павлодар
қаласында
өтіп,
Алматы,
Оңтүстік,
Қызылорда, Жезқазған облысының айтыскерлері лауреат атанды. 1989 жылы айтысты
дамыту мақсатында «Ұлытау үні» фестивалі
басталды. Осы жылы Сайлаухан Нәкенов,
Ғалым Жайлыбаев облыста ақындарды дайындайтын. Айтыста қандай мәселені
«Сәбихана үйінде, жанарлары жаудырап,
Сәбилер жатыр неше мың,
кінәсі не олардың,
Келетіндей өмірге, уызын
ембей шешенің,
Арын аттап аяққа, баладан
безді кейбір жан,
Сыйламай жардың төсегін».
Осылайша дендеп тұрған
әлеуметтік
мәселеге
де
жұртшылықтың назарын аударды.
Бұл жайында Ақселеу Сейдімбек былай дейді: «... айтыс
үстінде
ақындар
өмір
шындығына осылайша сыни зердемен
қарайды. Бұл орайда, олардың ойы ұшқыр,
санасы сергек. Ел өмірінде болып жататын
ірілі-ұсақты оқиғалардан хабардар. Ең
ғажабы, жай ғана ұзынқұлақтан жететін
хабарлық емес, істің байыбын танитын, жетістік-кемшілігін
айыра
алатын
хабардарлығы еріксіз сүйсінтеді. Әдетте,
айтыс ақындарының сыни сөзі тындаушы
жұртшылық тарапынан қызу қолдау тауып,
көпшілік қауым сол сыншыл ақындар жағын
көтермелеп отырады. Айтыстың айрықша
әлеуметтік салмақ салатын жері де осы тұс.
Себебі, көркемдік қуатпен, әсерлі тегеурінмен айтылған шыншыл сөз тындаушы
жұртшылықты тұщынтып қана қоймайды.
Одан әрі сол көпті әрекетшіл күйге, белсенді
қалыпқа түсіріп, жақсылыққа жұмылдырады,
жамандықтан жирентеді. Бүгінгі ақындар
айтысының идеялық-эстетикалық мәні де,
саяси-тәрбиелік маңызы да осында».
Iіі. Ат тұяғын тай басар
Дүйсенбай ағаның баласы Саматтың да
ақындықтан кенде емес екендігі дүйім
жұртқа белгілі. Қатарластары арасында оқ
бойы озық тұрып, көптеген байқаулардан
жүлделі оралып жүрді. Ал, әкесімен қатарлас
сақа айтыскерлердің мақамы мен сөз орамдарын
аудырмай
салғанда
барлығы
таңданыстан бас шайқап, еріксіз езу тартатыны бөлек әңгіме.
Саматтың астына ақбоз ат мінгізген тұңғыш
жеңісін айтудың орайы дәл қазір келіп тұрған
секілді. 1991 жыл. Ақиық ақын Нармамбет
Орманбетұлының туғанына 130 жыл толуына
байланысты дүбірлі той өткізілді. Мұндай
тойда ақындар айтысына ерекше көңіл
бөлінетіні белгілі. «Қашан бастар екен»- деп
тойшыл қауымның айтыс өткізетін алаңға
қарай мойындары бұрыла беретіні де анық.
Көптен күткен айтыс та басталып кетті.
Сонымен, кезегі келгенде Жезқазғаннан айтыскер шықпай қалды. «Солай екен»-деп
қайта салатын қарсылас жоқ. Жерді тепсініп,
«намыс қайда» -деп қайрап болмапты.
-Бір уақытта қарасам, өзінен үлкен домбырасын сүйретіп балам сахнаға кетіп барады.
Жайбарақат орындығына жайғасып алып, айтысты бастап жіберді. Асықтай жас баланың
үлкен жинақылықпен сөз таластыруға
шыққандығын ешкім күтпесе де, барлығына
бұл тансық болды. Бірден ду ете қалған жұрт,
Саматтың әр сөзіне мәз болысып,
көтермелеп, жігерлендіріп отырды, - дейді
Дүйсаға мерейі үстем болған сәттерге оралып. Иә, Жезқазғаннан бәсекелестің
табылмағаны 10 жасар баланың да намысына
тисе керек. Қорытынды бойынша, бәйгеге тігілген бас жүлде Саматтың қанжығасында
кете барды.
Iү. Арманым – журналист болу еді
-Бала кезімде жазған-сызғандарымды түрлі
деңгейдегі басылымдарға үнемі жіберіп
тұрдым. Ауылға келетін пошташыны
базарлық
әкелетін
жандай
асыға,
тағатсыздана тосатынымыз күні кешегідей
есімде. Ол төбеден бойын көрсетісімен- ақ,
қолындағы түрлі газеттерге лап қоятынбыз.
Ол кездері аудандық редакцияда Б.Әшімов,
Қ.Әбілдин... сынды мүйізі қарағайдай журналист-жазушылар қызмет ететін. Балалық
ойымызда «редакция» деген керемет, қол
жетпес бір қорған сияқты болып елестейтін.
Есігін имене ашып, жүрексіне ішке кіретінбіз. Ақындықтың арқасында редакциямен де
байланыс басталды, дейді Дүйсағаң балалық
шаққа шегініс жасап.
Әр уақытта шығармашылығымен танылатын
шоқтықтар болады. 1968 жылы жоғары сыныпта оқитын ақтаулық Төкен Әлжанов,
қараағаштық Болат Асанов, байғұлдан
Бақтыбай Аманжолов, Жаңаарқаның өзінен
Бақыт Шырынбеков т.б. жас ақындар сол
кезде жарыса жазатын еді.
1970 жылы мектепті бітірген жас талапкерді,
Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетіне
«Журналист
боламын»
деген арман жетелеп келген еді. Бірақ, арманы жүзеге аспай,
емтиханнан сәтсіздікке ұшырайды. Осы кездері Қ.Әбілдин Дүйсағаңды газетке қызмет
етуге шақырып жүреді. Бірақ, отбасылы
болып жауапкершілігі екі есеге ұлғайған әрі
ауылшаруашылық саласында жұмыс істеуге
бойы үйреніп қалған ол, келісе қоймайды.
Кейінде осы мамандықты қалап тұрғанымен,
бұл жай ғана арман болар деген ойға төселіп
те қалған еді. Өмір деген жұмбаққа толы ғой.
Барлығын кесіп-пішіп қойған күнде де келер
күні не боларын ешкім білмейді. Бұлтарысқалтарысы көп шырғалаң өмірдің дегеніне
көніп жүре бермеске амал жоқ. Әйтпесе,
араға 30 жыл салып, редакцияға журналист
болып келгенін, қол жетпейтіндей болып
көрінген арманның орындалғанын басқаша
қалай түсіндіруге болады.?
1998 жылы аудан басына көшіп келген
Дүйсағаңның
мәдениет
саласындағы
жұмысы басталды. Түрлі мәдени ісшаралардың жоспары, онда оқылатын
өлеңдер, арнаулар жазудың барлығы осы
кісінің мойынында еді. Болмысына жақын
шығармашылық жұмыс та үлкен ынтамен
орындалатын. Ал, ол кісінің жүргізуімен
өткізілетін
кештердің
ерекше
әсері
көрермендерді баурап алып, олар үлкен
разылықпен тарқасушы еді. Бойдағы қарымқабілеті қойсын ба, біраз уақыттан соң,
Дүйсаға аудандық «Жаңаарқа» газетіне ауысып, көп ұзамай қаламы қарымды журналистке айналады. Ол кісінің қаламынан туған
қарапайым жұмыскер, лауазымды тұлға,
ауыл-аймақ, әр саланың майталмандары
жайындағы мақалалары жаңаарқалықтардың
үнемі
жадында.
Дүйсағаңның
матералдарындағы шымыр ойлар мен
өрнекті
орамдар
оқырмандарын
қызықтырмай қоймайтын. Дүйсенбай аға
қазіргі халық қалаулысы. Ақындық
жолындағы ұшқыр ойы мен санасын саясаткерлікпен ұштастырған.
Жалпы ақын жүректі адамдардың тумысы
бөлек болады. Дүйсағаң да сондай жан. Ол
қарапайым адамның көрген дүниесін
мүлдем басқаша қабылдайды. Ол кісінің таудай тұлғасына қарап, бойындағы нәзіктіктің
де сондай екенін біреу білсе, біреулер білмес. Екінің бірінің көзіне шалынбайтын
әдемілікті ол бірден сезінеді. Бәлкім, түйсігі
мен санасы сұлулыққа қарай ойысқандықтан
болар. Мұның барлығын Дүйсағаңның
сұлулық, тек қана сұлулық төгілген
өлеңдерінен айқын анғаруға болады.
Түйін
Қолыңызға гауһар тасын алып көргеніңіз бар
шығар. Күн сәулесіне жарқ-жұрқ етіп мың
құбылады. Барлық түсі елітерлік әсем-ақ.
Міне, Дүйсағаңның бойындағы барлық
қасиеттер нақ осындай сипатта.
Ол кісі бір қырынан айтыскерлігімен–
ақындығымен көзге түсіп, екінші жағынан
ұйымдастырушылығымен
танылса,
айналасындағы адамдармен байланысы тіпті
бір бөлек дүние. «Бақыт деген-айналаңмен
қарым-қатынас» -деген екен бір ғұлама. Шынымен-ақ, өзіңді қоршаған адамдармен,
туған-туыспен, жақындарыңмен жақсы
қарым-қатынастан артық не болуы мүмкін.
Ал, Дүйсағаң өзінің парасаттылығының,
тапқырлығының арқасында бұл бақытқа армансыз кенелген адам. Ол кісімен араласқұралас болып жүрген адамдардың бұл
сөзіме титтей де шүбә келтірмесі анық. Кім
болмасын, қай жаста болмасын Дүйсекеңнің
алдынан риза болмай шыққан емес. Бұл
сөзімізді тұздықтай түсетін шындық.
Халықтың рухани дүниелерге сусап жүрген
мезгілінде Дүйсағаңның сіңірген еңбегі орасан болды. Ол сөз құдіретін қастерлей білген
әркімнің санасынан берік орын алған.
Халқымыз, сізден әлі де болса көптеген
тұщымды да мағыналы дүниелер күтеді,
Дүйсаға!
Салтанат БАлТАБАйҚызы,
2010 жыл
Арқалы азамат, арынды айтыскер- 65 жаста
7
ЕскЕ АЛу
Алғабастың тумасы, туғанына, ел-жұртына ардақты, жайсаң,
пейілі кең, абзал болған жан досымыз Дүйсенбай
жұмасейітұлының өмірден озғанына да жылға таяп келеді.
Егер ортамызда жүргенде 18-тамыз күні 65 жасқа толар еді.
Достарымен кездескен сәтте қуаныштан мерейленіп,
нұрланып кететін. Онымен әңгімелескенде ең жақын, қимас
достығын, тазалығын сезетін едік.
Алланың ісіне шара бар ма? Біздің сағынышпен еске алып
дұға жасаудан басқа амалымыз жоқ.
Орнында бар оңалар демекші артында қалған жары
Күлпараш пен балапандарына сабырлық, күш-қуат ұзақ өмір
берсін. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын.
Көрмей күннің ертеңін атарында,
Жоқсың бүгін тірілер қатарында.
Бізді тастап Дүйсенбай кете бардың,
Оралмайтын бабалар сапарына.
Ұмытылмайды Дүйсенбай деген ер есім,
Сағынумен тағдырыңа көнесің.
Қараңғыдан қорқытпасын жаратқан,
Тербесінші енді жердей бесігің.
Достары: Алпан-Қалқаш, Рыс, Рысбай-жұмакүл, Құрман-үмітай, Қаманай-Рысжан, Аманбай-Айнагүл, мейрамбек-Баян, Сұлтан-Бәтеш
ЕскЕ АЛу
Жаңаарқа ауданының тумасы, ардақты әке, сүйікті ата,
қамқор жар Дәулет Әшімұлының арамыздан алыстағанына
6-қыркүйек күні жыл толады. Әкеміздің жатқан жері жайлы,
топырағы торқа, жаны пейіште болсын деп рухына арнап дұға
бағыштаймыз.
Жан әке, қорған болған баршамызға,
Жоқтықты сезінбедік арқаңызда.
Сағындық, аңсап сізді, әкетайым,
Орныңыз тұр үңірейіп ортамызда.
Мәңгілікке кеттің ғой сағындырып,
Өмір заңы қойды ғой бағындырып.
1 жыл міне, өзіңсіз өтсе дағы,
Елестейсің көзімізге сағым болып.
Сағына еске алушылар: жұбайы-клара, балалары, немерелері, шөберелері, жиендері, туған-туыстары
Әкеміздің қайтыс болуына 1 жыл толуына орай 1-қыркүйек күні сағ 13.00 де
“жаңаарқа” мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ АЛу
Қараағаш ауылының тумасы, Жаңаарқа ауданының
тұрғыны, еңбек және тыл ардагері Рысмағамбетұлы
жетпісбайдың дүниеден өткеніне 40 күн толып отыр. Адал
жар,ардақты әке, сүйікті ата ағайын-туысқа, құда-жекжатқа,
ел-жұртына қадірлі де сыйлы болған еді. Ұзақ жылдар бойы
жүргізуші
мамандығын
абыроймен
атқарған.
Шаңырағымыздың тірегі, қорғанымыз асқар таудай әкемізді
сағына еске аламыз.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, қабірі нұрға
толсын деп бір Алладан дұға тілейміз.
Ыстық-ау кім–кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағынан өрге тартып,
Алдымен «адам бол» деп жетелеген...
еске алушылар: жұбайы, балалары, немерелері, ағайын-туыстары
27 тамыз күні сағат 13.00 –де «Жаңаарқа» тойханасында әкеміздің өмірден өткеніне
40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
объявление
ТОО «ЭКОТОН СТРОЙ ИНВЕСТ» (г. Астана) требуется заведующий
складом в п. Атасу.
Работа со складской документацией в программе 1С.
Требования:
Знать ассортимент товара;
Правила учёта, хранения, движения материальных ценностей на складе,
а также правилаоформления сопроводительных документов на них;
Опыт работы на складе свыше 3-х лет.
Заработная плата: 120 тысяч тенге
Резюме направить на эл. адрес:gau-esi@mail.ru
Тел. для справок: 8(7172) 49-30-44, +7 771 772 9291
Тоо «ЭкоТон СТРой ИнвеСТ»
ЕскЕ АЛу
18 тамыз 2018 жыл
Жаңаарқа ауданының тумасы асқар таудай әке, асыл жар,
немерелерінің сүйікті атасы Бейсенбаев Аманжолдың
өмірден өткеніне 10 жыл толады. Ардақты әкемізді сағына
еске ала отырып, жатқан жері жайлы, тәні рахатта, жаны
жәннатта болсын деп тілейміз.
10 жыл өтті бізде болдық балалы,
Суретіңе атам ғой деп- қарады...
Шырақ едің, сәуле едің, ай едің,
Үлгі алар ер атына сай едің.
Тәрбиенді көріп өстік жасымнан,
Ешкім сендей сипамаған басымнан.
Жан әкешім, жаның болғай әрқашан,
Ең ерекше, ақ төрінен жұмақтың.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Бәтеш, балалары
Таңсық, Алмагүл-Айтмұхан, ұмсын-Бақытжан, Темірлан-маржан, марғұлан-Динара, немерелері, жиендері
25 тамыз күні сағат 13.00-де «сұлтан» мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне
10 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ АЛу
Байдалы би ауылдық округінің тумасы, елге сыйлы азамат,
жарына қамқор, балаларына аяулы әке бола білген Саят
Әділханұлының өмірден өткеніне осы жылдың 12-тамызында 10 жыл толып отыр. Мәңгі сапарға кеткен әкеміздің
жарқын бейнесі санамызда сайрап жатыр. Жүрек төрінен
орын алған аяулы әкемізді сағынышпен еске аламыз.
Алла ісі, тағдырға шара бар ма?
Көнбеске амал жоқ бұл қазаға да.
Он жыл уақыт зымырап өтіп кетті,
Сенің орның ойсырап тұр арамызда.
Жадыраған бейнең қалды санамызда,
Демеу болып жүруші ең баршамызға.
Сағынышпен еске аламыз бүгінде,
Қабыл болсын жасаған дұғамыз да.
Сағына еске алушылар: жұбайы- Элмира, ұлы нұртуған, қыздары- Айша, Салидат
ЕскЕ АЛу
Аяулы анамыз мәнсия Балқожақызының бұл өмірден
бақилық болғанына 2-қыркүйек күні 40 күн толады. Аяулы
анамыз шаңырақ ұйтқысы бола білген, туған –туыс, бауырларына сыйлы, жүрегі кең, мейірімі мол жан еді. Асыл жар,
ардақты ана, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты,
айналасындағыларға кеңпейілді, ақкөңіл адам болғанын анамызды білетіндердің бәрі есіне жиі түсіреді. Отбасына тірек
болған анамызды сағынышпен еске ала отырып, жатқан жері
жайлы, қабірі қамқа, топырағы торқа, тәні рахатта, жаны
жәннатта болсын деп тілейміз.
40 күн болды ЖАН АНА,
Көңіліміз жабырқап, өзіңді жоқтағалы.
Кеудемізде қайғының ізі қалды,
Сағынышпен ұрпағың еске алады.
Қайран Анам, жарқын бейнең,
Жадымызда мәңгілік сақталады.
Қабіріңе Алланың нұры жауып,
Жұмақ болсын мекенің.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Серік, Гүлбану, балалары-еркебұлан-Шекер,
Сандуғаш, жұмабек- Алмагүл, марғұлан-Шолпан, ерлан-Ботагөз, немерелері, жиендері
Анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 2-қыркүйек күні сағат 13.00-де
Ақтүбек ауылының тойханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
жарамсыз деп танылсын
Адильбекова Салтанат Бурабаевнаның атына 1986 жылы Қаражал қаласының №6 мектепті бітіргендігі
туралы берілген №074422 негізгі білімі туралы аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***
***
***
***
***
***
Қызылжар кенті, Садвакасова № 35 үйдің иесі кадирсизов Анастың атына 2007 жылы берілген жылжымайтын мүлікке №2935 легализация шешімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
“Айшырақ бастауыш мектебі” кмм 09.01.2012 жылы берілген Жарғы №359 қаулы БСН 051240010709;
“Аралтөбе бастауыш мектебі” мм 27.08.2010 жылы берілген Жарғы 2010, БСН 051240010927, 34-1930-22;
“жаңаталап бастауыш мектебі” кмм 27.02.2012 жылы берілген Жарғы №359, №0431252, БСН
051240010769; “Целинный бастауыш мектебі” кмм 05.03.2012 жылы берілген Жарғы №359 қаулы, БСН
051240010739; “Алғабас бастауыш мектебі” кмм 27.02.2012 жылы берілген Жарғы №359, БСН
020840005746; “кезең бастауыш мм 25.07.2005 жылы берілген №312 қаулы; “Өркендеу бастауыш мектебі”
кмм 16.04.2012 жылы берілген Жарғы№ 359, БСН 051240010749 жоғалуларына байланысты жарамсыз деп
танылсын
көңіл айту
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Ынтымақ ЖОББ мектебінің
педагогикалық ұжымы осы мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Сейдуалина Айткүл Уахитқызына
БАлАСының
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз
Қадірлі «жаңаарқа» газетінің ұжымы!
Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз–аудандық
«Жаңаарқа»
газетінің
жарыққа
шыққанына 80 жыл толуымен шын
жүректен құттықтаймын.
«Жаңаарқа» газеті—облысымыздағы
өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі.
Жаңаарқа өңірінің жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Жаңаарқа» газеті зор еңбек
сіңірді.Қай кезеңде қызмет етсе де, уақыттың өз талабына сай өңірдің толымды
өзгерістерін паш етіп, өлкенің жылнамасын жасауға сүбелі үлес қосты. Газет ұжымы
қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғады, олардың әлеуметтік
мәселелерін батыл көтерді.
Құрметті «Жаңаарқа» газетінің ұжымы! 80 жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын.
Жаңаарқа өңірінің тамыры тереңде жатқан шежірелі тарихын тебірене толғап, мәденирухани байлығын қалың оқырманға жеткізуде қалам қарымымен сүбелі үлес қосып жүрген
әріптестерімізге шығармашылық шабыт, мол табыс, дендеріңізге саулық,
отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Гүлнар елеуСізовА,
«Тоқырауын тынысы» газетінің Директор-Бас редакторы
Қадірлі жерлестер! Ардақты
мұсылман бауырлар!
Құрметті “жаңаарқа” газетінің ұжымы!
Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – Алла разылығы үшін құрбандық шалып, садақа беріп, дұға-тілек тілейтін қасиетті
күн. Ағайын арасын жақындатып, аразды татуластыратын, қайырымдылық істер жасап,
рухани дем беретін осы мерекенің қоғамдағы маңызы зор.Сондықтан шапағаты мол,
имандылыққа баулитын осынау ұлық мейрам мемлекеттiк деңгейде ерекше қуанышпен,
айрықша ілтипатпен аталып келеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бастамасы да қоғамдық сананы сілкіндіріп, халқымызға рухани серпіліс әкелген тұста барша қасиетімізді ұлықтап, киемізді
құрметтейтін шаралардың орны ерекше.
Ислам діні барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді. Адамзаттың ізгі
құндылықтарын уағыздайтын ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді. Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен
үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді.
Дәстүрлі дініміз Тәуелсіздікпен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралды. Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді.
Мұқтаж жандарды жарылқайтын жылулыққа толы күндерде атқарылған ғибадаттар қабыл
болары хақ. Ендеше қолға алған барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын. Баршаңызға бейбіт өмір мен амандық, бақыт пен мейірімділік тілеймін!
Құрбан айт мүбәрак болсын, ағайын!
Юржан БекҚожИн
Қуат ИмАнТүСіПов
Аудан әкімі
Аудандық мәслихат хатшысы
Құрметті “жаңаарқа” газетінің ұжымы!
07:00 - Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінде және ауданға қарасты барлық мешіттерде
«Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз айтылады. Құран оқылып, бата жасалып
дүниеден өткен барша мұсылманға бағышталады.
07:20 - Жаңаарқа ауданының әкімінің құттықтау сөзі.
07:30 - Айт намазы оқылады.
08:30 - «Халық» мешітінің алаңында жарысқа қатысатын спортшылардың тізімін тіркеп,
ұлттық ойындар (арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеру, асық ату)және тоғызқұмалақ,
дойбы, шахматтан турнир өткізіледі.
15:00 - «Құрбан айт» күні құрметіне «Халық» мешітінің асханасында мерекелік ақ дастархан жайылады.
16:00 - Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратылады.
16:30 - Жарыстың марапаттау рәсімі болады.
жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінің баспасөз қызметі
Қашан да билік пен бұқараның «алтын
көпіріндей» болып, елдің сөзін
сөйлеген газет қаймана жұрттың жанашыры, ажырамас серігіне айналды.
Өңір жаңалықтарын жүйелі таратып,
көптің мұңын мұңдап, қуанышын сүйіншілеп, халқымыздың қазыналы әдебиеті мен
имандылығынан, тарихы мен мәдениетінен сыр шертті. Қасқайған қарттан, хат танитын
балаға дейін сүйсініп оқитын “Жаңаарқа” аудандық бас басылымды оқырманға паш етудегі журналистердің еңбегі ерекше.
Құрметті қаламгер - журналистер!
Өзінің бай тәжірибесі, дәстүрі, бағыт-бағдары бар «Жаңаарқа» басылымы бұдан әрі де
абырой биігіне көтеріліп, шығармашылық табыстарға жете беруге шын жүректен тілектеспін. Отбасылық бақыт, игілік пен қуаныш тілеймін.
Тазагүл ПіШенБАевА,
нұра ауданы «нұра» газетінің бас редакторы
Бүгінде аудандық газеттер өздерінің
ақпараттық кеңістігінде «төртінші билік»
ретінде қоғам санасы мен халық айнасына
айналып, көкейкесті жайттарға билік пен
жұртшылық назарын аударуға қызмет етіп
келеді. Әсіресе, өткеніміз бен бүгінгі көрінісімізге сараптама жасап, тарих бетіне өшпес
із қалдырған Алаш арыстарының баспасөз қызметі жайында айтқан «Қай елдің баспасөзі
күшті болса, сол елдің болашағы мықты болады» деген сөздерінде үлкен мән жатыр. Осы
ретте, барлық аудандық газеттер сияқты Жаңаарқа ауданының көзі мен құлағына айналған
«Жаңаарқа» газетінің де бүгінгі ақпараттық кеңістікте алар орны ерекше. Қоғамдық-саяси,
ақпараттық бағыт алған аудандық басылымдарда бүгінде өз ісіне берілген қоғамшыл журналистер, мамандар қызмет етеді. Жалпы, біздің, журналистика саласының басты міндеті
- халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп, қоғамдық пікір қалыптастыру. Осы орайда Сіздер
де өз аудандарыңыз Шежірелі Жаңаарқаның өсіп-өркендеп, дамуы жолында халықты
мазмұнды ақпаратпен қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келесіздер.
«Жаңаарқа» газетінің 80 жылдық мерейтойы құтты болсын, аудан өміріне үлес қосып,
өз заманының, өз дәуірінің жаршысы бола білген ұжымдарыңызға шығармашылығын
шыңдап, оқырман жүрегіне жол таба беретініне бек сенімдіміз.
Сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, береке бірлік тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!
мейрам СӘДуАҚАСов,
Шет аудандық «Шет шұғыласы» газетінің ұжымы атынан директор-редактор
Құрметті газет ұжымы!
Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз –
аудандық «Жаңаарқа» газетінің жарыққа
шыққанына 80 жыл толуымен шын
жүректен құттықтаймын.
Қасиетті Жаңаарқа аймағының кешегісімен бүгінін жария ету Сіздердің
мәртебелі міндеттеріңіз.
Жаңаарқа ауданының өндіріспен мал шаруашылығында, денсаулық пен білім беру саласында, спорт пен мәдениетте қол жеткізген табыстарын оқырмандар «Жаңаарқа»
газетінің бетінен оқып келеді.
Сіздердің қаламдарыңыздан шыққан мақала, очерктер заман ағымымен үндесіп, қазіргі
таңдағы қазақ елінің жетістіктерін арттырып, еліміздің рухани байлығына мол үлесін қоса
беруіне тілектеспін.
Бүгінгі 80 жылдық мерейтойларыңызға орай Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға
амандық, шығармашылық табыстар тілеймін. Қазақстанның жарқын болашағы жолында
атқарып келе жатқан қызметтеріңіз абыройлы да берекелі бола берсін.
Мерекелеріңіз құтты болсын.
Рымбек СмАҒұлов,
«Қарқаралы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты
“Аудандық “жаңаарқа” газеті редакциясы”
жШС басшысы - бас редактор
еРАлИнА САлТАнАТ АмАнҚызы
менШік ИеСі: аудандық ”жаңаарқа“ газеті жШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИк KZ889261201186721004, БИн 010340002761, БИк KZKокZKX, коД 17,
Рнн 240400001948, Ао “казкоммерцбанк”
Қасиетті «Құрбан айт» күніне арналған
мерекелік бағдарлама
Аса қадірлі «жаңаарқа» газетінің ұжымы!
Сіздерді
мерейлі
мерекелеріңіз
басылымның жарыққа шыққанына 80
жыл
толуымен
шын
жүректен
құттықтаймыз!
Қазіргі таңда газет тәуелсіздік аясында
өркендеген Қазақ елінің іргелі өңірі Жаңаарқа ауданының келешегі зор, берекесі мол бүгіні
мен ертеңін жаңа қырынан жазып келесіздер. Өткен ғасыр мен осы ғасырды жалғап,
өңірдің өткені мен бүгінін сабақтастырып, билік пен қарапайым халықтың арасындағы
алтын көпірді берік ұстанып келе жатсыздар. Осы орайда еліміздегі ауқымды шараларды
жүзеге асырудағы қажырлы еңбектеріңіз қашан да табысты, отбасыларыңыз аман болсын
деп тілейміз. Дүниенің барша шапағатын — ізгілік-ырыс, баянды бақыт, сәттілік, берекебірлік тілейміз!
Қазақстанның өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер,
жазарларыңыз таусылмасың құрметті Әріптестер!
Алтын ТАжИТовА,
ТАжИТовА
«Қазыналы Өңір» газетінің бас редакторы
«жаңаарқа» газетінің ұжымы!
Сіздерді және газет оқырмандарын аудан
өмірінің айнасы «Жанаарқа» газетінің 80
жылға толған мерейлі мерейтойымен
шын жүректен құттықтаймын.
Қай кезеңде де ұлттық сана мен
отаншылдық рухты ұрпақтар зердесінде бекітуге өзіндік үні, өзіндік қолтаңбасымен
қажымай үлес қосып келе жатқан басылымның торқалы тойы – ауданның, қала берді
аймақтың қоғамдық-рухани өміріндегі атаулы оқиға, бедерлі, белгілі белес.
«Жаңаарқа» газеті – облысымыздағы өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт – бағдары
айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі. Әр жылдары
халықтың ел ырысын молайту жолындағы ерен еңбегін насиаттап, көпшілік оқырманға
жеткізіп отырды.
Газет тағдыры ел тағдырымен сабақтас. Баспасөздің абыройлы борышы-халықтық басынан қандай заман өтсе де соны айна-қатесіз көрсету. Еліміз алар асулар, алда тұрған
аса қиын міндеттер қалам иелеріне де зор міндет жүктеп отыр. Сол тұрғыда аудандық
газет ұжымы да болашақта уақыт, халық және тарих сынынан абыроймен өтеді, жаңа
шығармашылық биіктерінде бола береді деген сеніміміз кәміл!
Қымбатты әріптестер! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып,
баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық жетістіктер, отбасыларыңызға амандықсаулық тілеймін! Қаламдарыңыз үшкір, ойларыңыз ұшқыр бола берсін!
Гүлнұр ӘБеуовА ,
«Абай – Ақиқат» газетінің бас редакторы
Құрылтайшысы: жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1852 дана
Тапсырыс №34
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
47
Размер файла
1 716 Кб
Теги
ilovepdf
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа