close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№37 Жаңаарқа газеті

код для вставки
№37 (9874), 8 қыркүйек, 2018жыл
1-қыркүйек білім күні
сыңғырла, сыңғырла күміс қоңырау
Алтын күздің алғашқы жұлдызы - Білім
күні. «Бар өмірдің бастауы білімде» дегендей, дәл осы күні білім нәрін беруге
аудан мектептерінің барлығы да есігін
айқара ашып, өз оқушыларын қуана
қарсы алуда. Білім күніне орай,
ауданымыздағы Оразалы Жұмабеков
атындағы мектепте салтанатты білім
күніне арналған шара өтті.
Ала жаздай демалған оқушылар легі
сүйікті мектебіне асықса, білім кемесіне
алғаш қадам басатын бүлдіршіндердің
қуаныштан жүздері бал-бұл жайнайды.
Ұстаздар мен ата-аналар да ерекше көңіл
күйде. Білім күніне сай безендірілген
алаңда келген жанға ерекше әсер беріп
тұрды.
Салтанатты шараға
мектеп
оқушылары, ұстаздары, ата-аналарынан
бөлек жаңа оқу жылының басталу салтанатына аудан әкімі Юржан Бекқожин, аудандық білім беру
бөлімінің басшысы Тілеш Әштаев және мемлекеттік мекеме
басшылары қатысты.
Аудан әкімі Юржан Асанұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп
табалдырығын аттағалы тұрған бүлдiршiндерге ыстық лебiзiн бiлдiрдi.
Шараға арнайы дайындаған концерттік
бағдарламаларға кезек беріліп, жаңа оқу
жылына алғашқы дәстүрлі күміс
қоңыраудың үнін соқты. Оқушылар мен
ұстаздар қауымы дайындаған ән-жырдан
шашу
шашылып,
оқушылардың
өнерлерін тамашалаған жиналған жұрт
құрмет-қошеметтерін білдірді.
Салтанатты жиынның басты ерекшелігі
STEM зертханасының ашылу болды.
Аталған зертхана республика бойынша 6
STEM кабинет болса, жетiншi болып,
біздің
ауданда
ашылып
отыр.
Зертхананың лентасын қиып, аралап
шыққан қонақтар оқушыларға үздік
оқып, еліміздің өркендеуіне атсалысатын
жас маман болып шығуына тілектестерін
білдірді.
Сонымен қатар, "Мен-өз елiмнiң патриотымын" атты ашық сабақтар өтіп,
оған қатысқан ата-аналар мен оқушылар бiр-бірімен ой
бөлicіп, жаңа оқу жылына сәттілік тілесті.
***
***
***
Сондай-ақ, күміс қоңыраудың сыңғырлаған үні
ауданымызға қарасты барлық ауыл, аудан мектептерінде
1қыркүйек Білім күні
«Алғашқы
қоңырау»
салтанатты жиынын
қазақ
тілі
пәні
мұғалімі Қымбат
Оспанова мен желі
әкімшілігі
маманы
Еркебұлан Мергенбаевтың
жүргізуімен басталды.
Бірінші сынып бүлдіршіндерін
тәжірибелі, жоғарғы санатты ұстаз Гүлзира
Қожаханова мен І санатты Меруерт Саденовалар алып шықты.
соғылды. Сәттілікке ұласқан бұл жылы көп мектептерде ITсыныптар ашылды.
Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен, өскелең ұрпақтың
цифрлік
сауаттылығын
арттыру
мақсатында 1 қыркүйек - Білім күні
Жаңаарқа ауданындағы кент, ауылдық
округтеріндегі Қызылжар ЖОББМ,
Жаңаарқа ЖОББМ, Ынтымақ ЖОББМ,
О.Әлібаев атындағы ЖОББМ, Ақтау
ЖОББМ білім беру ұйымдарында 5
тегін IT-сыныптар ашылды. Бұдан
бұрын аудан орталығы Атасу кентіндегі
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ, С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ, Ю.Гагарин
атындағы ЖОББМ және №132 ЖОББМ
5 ІТ-сыныптар ашылған болатын. Сыныптар заманауи 15 компьютермен, 3D
принтермен,
робототехника
жабдықтарымен
және
жоғары
жылдамдықтағы интернет желісімен
және қажетті Web бағдарламамен
жабдықталған. Мұнда оқу америкалық
STEM әдісі бойынша жүргізіледі. 1-2 және 5-7 сынып
оқушыларының жаңартылған білім мазмұнына көшуіне
орай, мектеп мұғалімдері түрлі курстарда білім алса, бір
мұғалім робототехникасы бойынша курстан өтті. Бұл сыныпта инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас
таланттар шеберлігін шыңдап, сандық технологиялар
бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.
Өз тілшімізден
Дүйсенбай Төлеубаевтың командасымен мектеп
оқушылары сап түзеп, ҚР мемлекеттік Әнұран орындаумен
салтанатты жиын ашылды.
Мектеп оқушылары мен ұстаздарды арнайы келіп
аудандық мәслихат хатшысы Имантүсіпов Қуат Анасұлы
құттықтады.
Мектеп директоры Жанар Ибраева жыл қорытындысы бойынша жетістікке жеткен оқытушыларды марапаттады.
10 сыныптың үздік оқушысы, аудандық ән байқауларының
жеңімпазы Шұғыла Қалмағанбет «Ұстазым» әнін орындап,
Жадыра Рыспекованың жетекшілігімен 3-7 сыныптың
қыздары “Гүлдер” биін орындады.
1 сынып бүлдіршіндерінің дайындаған концерттік
бағдарламасы өз дәрежесінде өтіп, Тлеу Айдын, Амангелді
Ғарифолла, Балғатай Асылайлар ән шырқап, барлық сынып
бүлдіршіндері флешмоб көрсетті.
Ұстаздар атынан Алма Накипова, 11 сынып түлектері атынан үздік оқушы Ақниет Абаева сөз сөйлеп, алғашқы
қоңырауды 11 сыныптың үздік оқушылары мен мектеп
табалдырығын аттаған 1 сынып бүлдіршіндері соқты.
Салтанатты
жиын
сынып
жетекшілерінің
ұйымдастыруымен тақырыптық сынып сағаттарына
жалғасты.
Сынып сағаттарына қарт ұстаздармен, еңбек ардагерлері,
ата-аналар қатысып, ұстаздарға алғыстарын білдірді.
К.ИсКаКова,
бастауыш сынып мұғалімі
8 қыркүйек 2018 жыл
2
Өнері ұрпаққа өшпес мұра
серік ысқақовтың туғанына 90 жыл
Қасиетті
Ж а ң а а р қ а
топырағы өнерлі
жандарға толы
мекен. Бүгінде
қазақ өнерінің
қыр
сырын
м е ң ге р і п ,
Жаңаарқа
жерінде дамытқан,
қазақтың біртуар
ұлы, өнерлі жан,
талантты әншіактер, режиссер
С е р і к
Ысқақовтың
туғанына 90 жыл
толып отыр.
Осыған орай,
белгілі актердің
мерейтой қарсаңында кезінде халық театры атағын алуға ат
салысқан, бүгінде
өзінің аты берілген
С . Ы с қ а қ о в
атындағы халық
т е а т р ы
орналасқан,
өнердің
қара
ш а ң ы р а ғ ы
аудандық мәденисауық орталығы
а л д ы н д а ,
С.Ысқақовтың еск е р т к і ш
тақтасының
ашылу салтанаты
өтті.
Тағлымы мол шараға кезінде театр саласында бірге
қызметтес болған әріптестері, өнер иелері, мемлекеттік
қызметкерлер мен аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Серіков Бауыржан Қуандықұлына құттықтау сөзімен ашып берді. Келесі кезекте, ауданымыздың Құрметті азаматы, театр
ардагерлерінің бірі, Серік ағаның бауыры Ұзақбай Мұқышев
ағамыз сөз алып, Серік аға жайлы естеліктерін айтса,
ауданымыздың еңбек ардагері Лидия Посохина әнші-актермен танысқан жылдары жайлы әңгімелерін айтып, бүгінгі
өткізіліп отырған шараны келер ұрпаққа үлгі екенін баса
айтты. Бұдан соң, актердің үзеңгілес досы Зарлық Ендаманов
та Серік ағаның қандай азамат болғаны жайында жұрт алдында айтып, өткен күндерден сыр шертті.
Құттықтау, естелік сөз кезегінен кейін, ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды.
Ескерткішті
жасапқоюшы С.Ысқақовтың
жиені,
Ақбөпе
қарындасының
ұлы
Азамат Такаев.
С.Ысқақовқа арналған
ескерткіш
тақтаның
ашылу
салтанаты
аяқталған соң, мәденисауық
орталығының
концерт
залында
Жаңаарқа
халық
театрының
негізін
қалаушысы
Серік
Ысқақовтың еске алу
кешіне арналған «Өнерлі өнеге» атты театрландырылған әнжыр кеші өз жалғасын тапты.
Жыр кешті, Серік Ысқақовтың жүріп өткен өмір жолы жа-
йында шығын
бейнефильмінен
бастау алды.
Театр өнерінің
тізгінін
ұстап
талай-талай өнер
додаларында оза
шауып, көптеген
ө н е р п а зд а рд ы
с а х н а ғ а
дайындаған,
т а л а й
спектальдің
б а ғ ы н
жандырған,
т а л а й
көрерменнің
жүрегіне өнер
дәнін
сепкен
абзал
азамат,
өнерлі жан Серік Ысқақовтың еске алу кешінде Серік аға
жайында көптеген естеліктер айтты.
Серік ағаны Жаңаарқа жұртшылығы сегіз қырлы бір сырлы
жан ретінде таныды. Оның айғағы жалғыз өзі өнерпаздары
домбыра , ән, би, хор, шахмат, дойбы үйірмелерін
ұйымдастырып алғаш драма үйірмесін де ұйымдастырған.
Сол кезде бірге
қызметтес
болып,
бірге
жүріп,
халық
театрының жандануына
көп
еңбек сіңірген
Шайхин
Жаролла, Олжа мен
Әтіркүл Бекбосыновтар,
Ш ә р б а н
Рысмағанбетова,
Сапарғали
Ақыжанов,
М ұ қ а т
С ыздықо в
сынды театр ардагерлері актер
жайында жақсы
естеліктер
айтты.
Дәстүрлі ән мен
жырға толы болған бұл кеште мәдени-сауық орталығының
өнерпаздарымен қатар, Серік ағаның немерелері де ән мен
күйден шашу шашты.
Кеш соңында Серік ағаның қарындасы Роза апамыз бен
жары Күлпаш апамыз келген қонақтарға жүрек жарды лебізін айтып, өз ризашылықтары білдірді.
Рахат ӨміРбеКқызы
сеРіК абдРахманұлы
ысқақов
Серік Абдрахманұлы Ысқақов
1928
жылы
Қарағанды
облысы, Қарамұрын станциясында палуан әнші
Абдрахман серінің отбасында дүниеге келген
Әке көрген оқ жонар
деген дана халқымыз
Әкеден үлгі алған Серік
өзіне өнер мен спортты
серік етті. 1946-47 жылдар Серік Абдрахманұлы
Алматы музыкалық училищесінде оқыды. Музыка
мамандығын
алған
соң
Қарағанды қаласында Киров
атындағы шахта клубында көркемдік
жетекші, клуб меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1951
жылы талантты жан Мәскеу де өткен бүкілодақтық ән фестивалінде жүлделі 1 орында иемденді.
1953 жылы Жаңаарқаға қоныс аударған Серік аға
алғашында қазіргі О.Жұмабеков мектебінде ән-күй ашылып, директорлық қызметке ауысты.
Сол жылдардан бастап Серік Ысқақов ашып, спектальдер
қоя бастады. 1959 жылы Қарағанды телестудиясы ашылып,
Жаңаарқа көркемөнер өнерпаздары алғашқы болып концерт қойып «Сүйінші», «Қызыл сұңқарлар» спектакльін
қойды.
Секең 1960 жылы Алматы қаласында М.Әуезов атындағы
драма театрының бас режиссері Ә.Мембетовтен режисерлік
мамандығының білімін жетілдіреді.
Серік Ысқақов 1960 жылдардағы М.Әуезовтың «Абай»
спектаклінен бастап Әбділдә Тәжібаевтың «Той боларда»,
Қалтай Мұхаметжановтың «Беу қыздар-ай», Бейімбет
Майлиннің «Шұға», Асан Жұмадилдиннің «Тойдан құр
қалмайын», Сәкен Жүнісовтың «Ажар мен Ажал» сынды
20 дан аса спектакльдер қойды. Спектакльдерінің ішінде
шоқтығы биігі Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектальі
болды. Тап осы спектакль республикалық байқауда 1 орын
алып «Халық театры» атағы берілді.
Секең спектальдер қоюмен қатар образдарды шеберлікпен
ойнайтын талантты актер. Ол ойнаған «Қыз Жібектегі» Бекежан, «Шұғадағы» Қарасай, «Абайдағы» Абай, «Тойдан
құр қалмайықта» Демей, «Бөлтірік бөрік астындағы» Сайлаубек, «Жалбырдағы» Жақып рольдері халық жүрегінен
орын алған. Серік ағамен қатар көптеген талантты жандар
да халық театрына еңбегі сіңді. Серік ағамен қатар
Жаңаарқа өнерін асқақтатқан: Шәмішкен Сапиянов, Совет,
Роза Қалимолдаевтар, Ұзақбай Мұқышев, Мәруаш Еленбаева, Рәшат Еленбаев, Бекмырза Майлыбаев, Жаролла
Шайхин, Сағынбекова Гүлжамила, Сапарғали мен
Дәметкен Ақыжановтар, Шәрбән Рысмағанбетова, Айтжан
Бейсенова, Олжа мен Әтіркүл Бекбосыновтар, Сатбаев Таухан, Жарылғапова Зайра.
Секеңнің соңынан ерген қос қарындасы мен күйеу балалары да Жаңаарқаның өнеріне өздерінің сүбелі үлестерін
қосқан талантты жандар Ақбөпе қарындасы Дауысы Қазақ
Радиосының алтын қорына жазылған күміс көмей әнші
болса, Совет күйеу баласы мен Роза қарындасы Секең
қойған спектаклдерде ойнаған актерлар. Серік ағаның
алған жары бүгінде 80-нің сеңгіріне шыққан Күлпән апа
бүгінде аға екеуі құрған отауды биікке көтеріп 11 баладан
туған немере, шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр
кешіп жатқан ардақты ана, аяулы әже. Аса дарын иесі Серік
ағаның немерелері де ата жолын қуып келе жатқан
өнерпаздар.
Серік Ысқақов есімі бүгінде жаңаарқалықтар үшін
ардақты. Кезінде талай спектакльдерде бірге ойнап
халықтың көзайымына айналған бүгінде еңбек ардагерлері
Шайхин Жаролла, Ұзақбай Мұқышев. Олжа мен Әтіркүл
Бекбосыновтар,
Сапарғали
Ақыжанов,
Шәрбан
Рысмағанбетова сынды өнерлі жандардан үлгі өнеге алған
Серік Ысқақовтың атын алған Жаңаарқа халық театры
облыс, республика көлеміндегі байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрген беделді халық театры бүгінде Серік
Ысқақов атындағы халық театрында режиссеры Бейсенбай
Оспанов басқаратын. Бижамал Нұрғалиева, Балтабай
Қызыров, Айман Айтжанова, Айтжан Иманұр, Жалын
Сыздықов, Теміржан Ұлмағанбетов, Мақпал Сейткамалова,
Гүлшара Оспанова, Айгүл Исина, Абзал Сағындықов,
Айдын Ақанбаев, Индира Асамиданова, Ардана Құсбекова
сынды талантты жандар көрермендерге тамаша спектальдерді тарту етуде.
Атақты этнограф-ғалым жерлесіміз Ақселеу Сейдімбектің
өткен өмірдің өнегелі ісі бүгінде бүгінгінің өнегелі ісі
болашаққа жалғасу керек. Яғни мәдени-рухани
сабақтастығы болса ғана, өмірде мағына болады, қоғамда
реттілік пен үйлесім болады деген ұлағатты сөзі Секең
құрып кеткен халық театрына арналғандай. Жақсының аты
мәңгі өлмейді, Серік Ысқақовтың есімі мәңгі есімізде!
8 қыркүйек 2018 жыл
3
Рухани жаңғыру
баба рухына тағзым
Қазақ қашан да өткенін ұмытпай,
тарихын дәріптеп, ұрпағын ұлт
қаһармандарының
ерлігімен,
өнегелі ісімен тәрбиелеген халық.
Соның бір айқын дәлелі - ХVІІІ ғ.
ел мен жердің қамы үшін ерлік
туын
жықпай өткен батыр
Марат Омаров бастаған алқалы
топ сонау оңтүстік өңірінен баба
басына жиылып, құран бағыштап
ас берді. Атасу кентінде қоныс тепкен Жиенбет батырдың тікелей
ұрпақтары да сауапты істен құр
қалмай ат салысып, баба басына
бабаларымыздың бірі Жиенбет
батыр Байқошқарұлының рухына
тағзым еткен ұрпақтар ісі.
Жиенбет батырдың мәңгілік мекені Қызылтау өңірінде, Шажағай
өзенінің бойында. Ен даладағы
мазар батыр бабасынікі екені
дәлелденген соң қоңырат елі бейіт
басын жаңартып, ескерткіш қойып,
тарихтың жаңғыруына үлкен үлес
қосқан еді.
Жақында ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты, Отырар,
Созақ аудандарының Құрметті азаматы Шалатай Мырзахметов, қазақ
ән өнерінің майталманы, әнші
барып тағзым етіп, жиылған елмен
қауышты.
Бұл игілікті іске Жаңаарқа ауданы
әкімдігі
де қолдау білдірді.
Аудандық мәслихат хатшысы Қуат
Имантүсіпов, еңбек ардагері,
аудандық
қоғамдық
Кеңес
төрағасы Хамзе Сәтжанов пен
еңбек ардагерлері Жарұлла Шайхин, Қайролла Әбеуов, Қорғанбек
Оразбаев бастаған ел ағалары
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясындағы
шараны
ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, сый-сияпат көрсетті.
Г үлназ аманЖолова
5-қыркүйек тілдер күні
тіл тағдыры - берекелі ел тағдыры
ҚазАқпарат - Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан
қыркүйек айының бесі- Қазақстан Халқы тілдерінің
күні болып бекітілді.Бұл туралы Астанада «Жаңа
әліпби- Жаңғыру жолы» тақырыбында өткен баспасөз
мәслихатында Ж.Шаяхметов атындағы тілдерді
дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік
орталығының директоры Ербол Тілешов мәміле етті
деп хабарлайды. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «ҚР
Премьер – Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек , яғни
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан
халқы тілдерінің күні болып бекітілді.Бұрын бұл мереке қыркүйек айының жиырма екісі болатын. Ербол
Тілешов өзінің зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде,
архивтерді ақтарып , Ахмет Байтұрсынұлының бұрын
1873 жылы 29 қаңтарда дүниеге келді деген деректің
қате екенін дәлелдеді.Ахаңның өз қолымен жазған үш
құжатын ақтарып, үшеуінде де ол «бесінші қыркүйек
күні тудым» деп жазылғанын айтып өтті.Яғни Ахмет
Байтұрсынұлы 1873 жылы 5 қыркүйекте дүние есігін
ашқан. Осыған байланысты мектептегі оқулықтардың
барлығына түзетулер енгізіліп жатыр. Биыл Ахмет
Байтұрсынұлының 145 жылдығы.
Ербол Тілешов: «Келесі жылдан бастап 5 қыркүйекҚазақстан халқы тілдерінің күні болып аталып өтетін
болады»-деді. Нақтырақ айтататын болсақ, бұл күн –
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын
нәрсенің қуаттысы- тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған
қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш
арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған
күні. Енді барша Қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін
тойлайтын болады. Жерлесіміз, қоғам қайраткері,
ақын, жазушы, драматург Сәкен Сейфуллин Ахаң
жайлы былай деп баға берген болатын: «Өзге оқыған
мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап,
құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың халықтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді».
Енді Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса әйгіленетіні қалың қазақ үшін өте
қуанышты жағдай болмақшы.
Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. «Тіл- достықтың
Рухани жаңғыру
Жан жүрегім балдыРҒан
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында, «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен
және жүйелілікпен қолға алуға керектігін баса айтқан болатын.
Республика бойынша осы бағдарама арқылы көптеген игі
ісер атқарылып жатыр. Бұл бағдарлама әрбір
қазақстандықтың жүрегіне туған жерге деген сүйіпеншілік,
патриоттық сезім ұялата білді. Жер-жерлерде аулаларды көгалдандыру, абаттандыру, мектептерді компьютерлендіруге,
жергілікті мұражайлар мен галереялар
қорын байыту сынды игі істер аталған
«Туған жер» бағдарламасы аясында асып
жатыр. Осы игілікті іс шара аудан
орталығында орналасқан «Балдырған»
балабақшасында да жүзеге асты. Атааналардың демеушілігінің арқасында
балабақшаның алдыңғы алаңына «Жан
жүрегім Балдырған» деп латын әріптерімен
жазылған үлкен жазуды қойды.
-Жаз айларының әр жылында балабақша
алаңына жылда түрлі тұрмыстық заттардан ата-аналармен
бірігіп, абаттандыру жұмыстарын жасайтынбыз. Әр ата-ана
өздері автокөліктің балондарынан, ағаштан, дәнекерлеу
арқылы темірден, пластик бөтелкелерден түрлі бұйымдар,
балаларға арналған ойыншықтар жасап, алаңға орнататын.
Биыл жылдағыдан ерекшелену мақсатында ата-аналармен
ой бөлісіп, осы жазуды жасауға бел будық.
Әрі былтырғы жылдан бастап латын тілін қолға алып
жатқандықтан, біз де латын тілін насихаттау мақсатында
жазуымызды латын әріптерімен жаздық. Әрине бұл оңай іс
емес, жалғыз топтың ата-аналарына қиын болмасын деп,
екі топпен бірігуге тура келді. «Еркетай» және «Ақбота»
тобының
ата-аналарының
бірлігі
мен
ұйымшылдықтарының жемісі, бүгінде балабақшаға келген
барлық жанның көңілінен шығуда. Балабақша үшін өз
көмектерін аямаған барлық ата-аналарға
ұжым атынан алғысым шексіз,- дейді «Еркетай» тобының тәрбиешісі Бибісара Омарова апай.
Бала үшін қолынан келгенінше көмектерін
аямаған жандардың есімдерін атап кетуді
жөн көрдік. «Еркетай» тобының Айзере
Асқар, Ерұлан Аймағанбетов, Әлішер
Айжол, Асылан Жексенбек, Мадина Сайлаубай, Бекарыс Әшірбек, Әділжан Қанат, Едіге
Қазбек, Нұрғиса Құрманбай, Балым
Бақытжан, Аңсаған Оразхан, Мансүр Қанат,
Әділ Мұрат, Алуа Дүйсенғали, Зере
Айшырақ, Әлижан Рахметжан, Шахзада
Асқар, Мейірлан Ноян сынды бөбектердің ата-аналары
және «Ақбота» тобының Айзере Қанатқызы, Аңсар Алдаберген, Айнияз Тұрсынбай, Наргүл Қимашева, Санжар
Сайлаубай, Абылай Жұмағұл, Ерасыл Бақытжан сынды
бүлдіршіндердің ата-аналары белсенділік танытып, игі іске
ат салысты. Сондай-ақ, балабақша басшысы Райхан апай
мен Бибісара, Гауһар, Динара, Рыскүл, Сайраш апайлардың
да қолдау көрсеткенін да атап өткеніміз артық болмас.
Шағын болса да, балабақшаға көрік беріп, еркеше сән
беріп тұрған бұл жазу, балалардың бойына патриоттық
сезім оянып, тілге, білім ордасына деген сүйіспеншілігін
арттырары сөзсіз.
Рахат айтЖанова
айғағы» деп аталып, Қазақ халқы Ақмола ассамблеясы
хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі, этномәдени
бірлестіктері тілдер күнің, яғни орыс тілі, поляк тілі,
неміс тілі, кәріс тілі, татар тілі, армян тілі, өзбек тілі
т.б күндері өткізілуде. Шаралар этносаралық өзара ісқимыл институттарының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік
органдар
мен
азаматтық
қоғам
институттарының аталған саладағы ынтымақтастығын
нығайтуға септігін тигізуі тиіс. Көптеген іс-шаралар
жүргізілуде. «Үш тұғырлы тіл саясаты – жастардың
болашағы мен мүмкіндігі», «Жаңа әліпби – жаңа
дәуірдің жаңа тарихы», «Латын графикасына көшузаман талабы» атты іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Елбасымыз әрқашан «Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде» деген ұстанымды қуаттап, қолдап келеді. 2011-2020 жылдарға арналған тілді дамыту мен
қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, елімізде мемлекеттік тілді қолданудың ауқымды шаралары өткізіліп, бірнеше бағдарламалар жүзеге
асырылуда. Жыл сайын басқарманың бастамасымен
мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, оның мемлекеттік
мәртебесін көтеру мақсатында түрлі шаралар мен
байқаулар өткізіліп келеді.
Тіл саясаты бүгінгі таңда ең өзекті, ең өткір мәселе
болып отырғаны баршамызға аян. Әрине, тәуелсіз
еліміздің болашағы өз тілімен ғана алға қарыштары
белгілі. Біздің міндет сол тілді тек меңгеріп қана қою
емес, оны бүгінгісінен де әрі қарай жетілдіріп, ұрпақ
санасына сіңіре беру, әр адамның өз ана тіліне деген
жауапкершілік сезімін оятып, ана тілі үшін күресе білуіне қол жеткізу деп түсіну қажет.
Біз – көпұлтты қоғамбыз. Біздің татулығымыз берік
болуы үшін ең бастысы тұрақтылық пен бірлік қажет.
Өйткені, бұлар – біздің баға жетпес байлығымыз. Осы
орайда, ұлт пен ұлыстарды жақындастырып, табыстыратын ерекше құрал тіл екені анық. Сондықтан, тілдерге деген құрмет, ана тілінде білім алу үшін қажетті
жағдайлар туғызу – ел саясатының аса маңызды
басымдықтарының бірі болып келеді және солай қала
бермекші.
Өмірбек айтЖанов,
айтЖанов,
Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты
Көшелерді қайта атауы
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан
Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының
2018 жылғы 9 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Жаңаарқа
ауданы, Атасу кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінің көшелері
1)Дружба көшесін– Достық көшесіне;
2)Интернациональная көшесін – Бірлік көшесіне;
3)Лесхозная көшесін – Қараағаш көшесіне;
4)Мир көшесін – Бейбітшілік көшесіне;
5)Парковая көшесін – Саябақ көшесіне;
6)Транспорт орамын – Сарыарқа орамына;
7)ІІ Ертіс орамын – Боранбай Бекбосынов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
атасу кентінің әкімі
Р.түсіпов
о переименовании улиц
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января
2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан
от
8
декабря
1993
года
«Об
административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» и заключения комиссия по ономастике Карагандинской области от 9 августа 2018 года аким поселка Атасу
РЕШИЛ:
1.Улицы поселка Атасу Жанааркинского района:
1)УлицуДружба– на улицу Достық;
2) УлицуИнтернациональная – на улицу Бірлік;
3) Улицу Лесхозная – на улицу Қараағаш
4) Улицу Мир– на улицу Бейбітшілік;
5) Улицу Парковая– на улицу Саябақ;
6) Транспортный квартал – Сарыарқа орамы;
7)ІІ Иртышский квартал – на улицу Боранбая Бекбосынова переименовать.
2. Контроль за исполнением данного решения оставляю за
собой.
3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального
опубликования.
аким поселка атасу
Р.тусупов
8 қыркүйек 2018 жыл
4
«Жаңаарқа» газетінің 80 - жылдығына орай, газетте көп жылдар бойы
басшылық қызмет атқарған, қарымды журналистер Қалиақпар
Әбілдин мен Асан Жұмаділдин атындағы поэзия, проза жүлдесі үшін»
байқауының қорытындысы бойынша үздік деп танылған жазба
жұмыстарды газет бетіне жариялау жөнінде байқау ережесінде
жазған болатынбыз. Байқауға қатысушылар өтініштері 2018 жылдың
15 маусымынан бастап, 15 тамызына дейін қабылданды. 15-35 жас
аралығында байқауға қатысқан 20-ға жуық өтініш ішінен Асан
Жұмаділдин атындағы жүлдеде үздік деп танылған Аққу Дулатованың
және Қалиақпар Әбілдин атындағы жүлдеде үздік деп танылған
Төребай Өміртаевтың жазба жұмыстарын уәде еткендей газет бетіне
жариялап отырмыз. Қос жүлдегерге қаламдары талмай,
шығармашылық бағытта үлкен белестерді бағындыра берсін демекпіз!
Редакция алқасы
Жаңаарқа аудан айнасы
Жаңаарқам айнасы едің ауданымның,
Баурайыңа сен мені баурадың мың.
Қара жер қып, мұра қылған қарт бабамның,
Сарқыттарын келмейді сауда қылғым.
Жаңаарқа
сен
жырымның
тұнығысың,
Құр адамға көрсетпес құбылысын.
Айырбастау алтынға арлы іс маған,
Жаңаарқаның құмының бір уысын.
Ойнады сол құмда Әкем,табан күйіп,
Ақ келін қылған сенсің Анамды иіп.
Алпыс жыл да еңсеріп аса алмайтын,
Сендегі әр төмпешік, маған биік!
Гүл бағыңа айналар,ексең гүлі,
Алақандай жүрегімнің тек сен жыры.
Ақынның ақ тілегіне арқау болған,
Жаңаарқа газетінің сексен жылы.
Тұғырлы
тарихыммен
сан
жаңғырдың,
Тілегін саған төкті,әр жан бұл күн.
Жаңаарқа газетіне бір тілерім,
Жасынан
асыңыздар
нар
Жамбылдың.
Әр жазған мәтінінде ар-ұят бар,
Сол жаннан бізге жеткен дами ақпар.
Еңбегімен еті өлген бұл газетте,
Есімізде Әбілдин Қалиақпар.
Бұлттан биік біз үшін тек тұғыры,
Еңбегінен көрінген ептілігі.
Өскелең жас ұрпаққа үлгі болар,
Асан Жұмаділдиннің тектілігі.
Жүйрігін топқа қосып бір сыйлаған,
Құшағыңа Жаңаарқам кім сыймаған.
Өздерің ғой ғалым әрі жазушы етіп,
Қазаққа Ақселеудей ұл сыйлаған!
Әр таңы да нұрланып атқан дерсің,
Мен үшін мақтадайын мақпал белсің.
Жаңаарқамда алып таулар болмаса да,
Тау тұлғалар тудырып жатқан жерсің.
Бірлік керек біріксек әр ортада,
Солай тілек ақтардым Жаңаарқама.
Жәннат бақтың есігі тиіп тұрсын,
Жаңаарқадай ауыл ел жан арқаңа!
төребай ӨміРтаев ,
«болашақ» университетінің 2 курс студенті
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» (Әлихан
Бөкейханов) деген қанатты қағида бұқара мен билік
арасындағы алтын көпір миссиясын атқарып келе жатқан
баспасөз құралына зор жауапкершілік жүктеп тұр. Дәуір тынысын тасқа таңбалап, тарихқа айналдыруда газеттер
көтерген жүк жеңіл болған емес.
Биыл өзіміздің сүйікті басылымымыз «Жаңаарқа» газетінің
80 жылдық мерейтойы. Иә, тарихи басылымның
сұңқар Сәкен елі – жайнаған Жаңаарқа
топырағындағы жасампаздық жаршысы болып
жарық көргеніне – 80 жыл. Осы жылдары бай
дәстүрі қалыптасып, қоғамның да, оқырманның да
айнымас серігіне айналды. Әр санын асыға күтетін жағдайға
жеткен оқырман қауым үшін бағыт-бағдары айқын, мазмұны
бай «Жаңаарқа» газеті кешегі кеңестік дәуірдің де, бүгінгі
Тәуелсіздік жылдарының жылнамасын да жаңылмай жазып
келеді.
Газет – өмір айнасы дейді ғой. Газеттің басты тірегі – біз
секілді оқырман. Ал, оқырман – сыншы, оқырман – бағытбағдар беруші. Баспасөз қызметкерлері газет бетінде өткір де
өзекті мәселе қозғап, қоғамдағы проблемаларды көтере білсе,
ол да біз секілді оқырмандардың арқасы. Себебі, оларға жөн
сілтеп, маңызды мәселелерге назар аудартатын да қалың
оқырман қауымы.
Алаштың айбыны, адалдықтың айдыны болған арысымыз
Сәкен Сейфуллиннің «Адамзаттың рухына керектің үлкені –
газет, журнал, кітап оқу» деген ұлағатты сөзімен басталатын
газетіміздің өзіндік ерекшелігі, көтерер жүгі, алатын орны,
ел арасындағы салмағы сезіледі. Аптасына бір рет (бір кездері 3 рет, 4 рет шыққан кездері болған) шығатын басылым
Жаңаарқа ауданының тыныс-тіршілігі жөнінде қалам тербеп
асан Жұмаділдин- дарынды қаламгер
(ықшамдалып алынған)
Кең дала тауып кербез Жаңаарқаның,
басқаша байлығы бар жаңа ортаның.
мал өсіп,дән тасқындап жыр шалқыған,
туған жер саған арнап ән айтамын.
ел қамын ері ойлаған,
сәбиі еркін ойнаған,
қуанышын тойлаған,
Жаңаарқам бүгін жайнаған!деп Асан Жұмаділдин атамыз жырлап кеткендей,
дәл қазіргі Жаңаарқамыздың дамыған,
жаңарған, жайнаған кезі көз
алдымызға келеді. Әдетте,
туған
халқына
бар
жүрегімен қызмет еткісі
келетін жандар болады.
Олар бүкіл ғұмырын
еңбекке,
ғылымға,
мәдениет
пен
әдебиетке, өнерге
арнап жатады. Сол
үшін қалаға кетіп жатады. Ал, Асан атамыз болса, керісінше
туған жерге атқазығын
орнатып,
Жаңаарқа
топырағына өзінше нәр
берген төл перзент. Себебі,
екінің бірі туған ауылында қала
беруге шешім шығара бермейді.
Асекең - қазақ халқының ардақты перзенті, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы, Жазушылар одағының мүшесі, дарынды қаламгер,
талантты көркем сөз шебері, этнограф-өлкетанушы,
ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері - Асан
Жұмаділдин.
Жазушы Асан Жұмаділдин көбіне ауыл өмірін
жазып, өз кейіпкерлерінің арасында тірлік кешкен
қаламгер. Жаңаарқа жерінен, Атасу кентінен ұзап
шықпай-ақ өндіріс, кеніш, алып құрылыс, ғылым
туралы жазған шығармалары да бір төбе.
Жаңаарқа өңірінің көркем шежіресін жасауға
атсалысқан Асан Жұмаділдин 1927 жылы 10 мамырда Жаңаарқа ауданында туған. Ұлы Отан
соғысының
сұрапыл
жылдарында
оқуын
жалғастыра алмай, Қызылтау кенішіне тас қазушы
болып жұмысқа тұрады. 1943 жылы Қараағаш
ауылдық кеңесіне қарасты Ынталы орталау мектебіне мұғалім болып орналасады.
Болашақ жазушының «Жаңаарқа» деген тұңғыш
өлеңі1946 жылы «Советтік Қарағанды» газетіне басылады. Саналы ғұмырының көп бөлігін оқу-ағарту
ісіне арнаған Асекең ата 1948 жылы Қарағандының
мұғалімдер институтына түсіп, оның тіл-әдебиет
факультетін 1950 жылы айрықша дипломмен бітіреді. Осы жылдарда А.Жұмаділдиннің өлең, әңгіме,
очерктері облыстық, аудандық газеттерде жиі жарияланып тұрады. 1953 жылы Жаңаарқа стансасында тұңғыш ашылған Сәкен Сейфуллин
атындағы қазақ орта мектебінің директоры болып
тағайындалады 1960-1964 жылдар аралығында
келеді. Өзіндік бет-бейнесі, айтар ойы бар заманауи басылым
деп нық сеніммен айтамын. Айшықты айдарлары мен
мазмұнды мақалалары оқырмандарды баурап
алды. Еңбек адамдары, ауыл
тұрмысы, әлеуметтік
жағдай
сы
ы
ш
р
жа
ң
ы
т
газет тілшілері
д ы қ қозғар тақырыпқа
з
а
п
айм
налды. Мемлекеттік қызметте жүрген
Жа с а
азаматтардың ой-тілектері мен қоғамдағы өзекті
тақырыптарды жариялау, өлке тарихын, ұлы тұлғаларды
дәріптеуде аудандық газеттің көтерген жүгі едәуір салмақты.
Әсіресе, Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатын
қалтқысыз қадағалап, оны оқырманына жеткізуде газеттің
әлеуеті зор. Ең бастысы, жаңаарқалықтардың жасампаз істерін, ел ырысын молайту жолындағы ерен еңбегін насихаттап, көпшілік оқырманға жеткізіп отыр. Әрине оның ең
бастысы – адамдармен тіл табыса білу, әңгімеге тарту арқылы
оның ішкі жан сырына үңілу деп білемін. Міне, осындай
ерекшеліктер газетіміздің бойынан қапысыз көрініс тауып келеді. Лайым, шығар биігі мен белестері көбейіп, салған ізі кейінгілерге үлгі бола берсін демекпіз.
Газеттің ең алғашқы саны жарық көрген күннен бастап
«Жаңаарқаның» қара шаңырағында қаншама талантты
тұлғалар еңбегін сіңірді, адал маңдай терлерін төкті. Газеттің
қазанында қайнаған, оның өсу-өркендеу жолдарында тер
төккен азаматтар қаншама. Қаламы қарымды журналистер
газетті ашып, қанатын қақтырып, қатайтып, газет ісінің ардагерлері атанып жатса, аға-апаларының жолын қуған, басылымды заман ағымына сай жаңаша бейімдеп, заманауи
аудандық газетте бөлім меңгерушісі болады. Кейін
редактордың орынбасары қызметін атқарады.
1975 жылдан КСРО Жазушылар одағының
мүшесі. Медальдармен, мақтау грамоталарымен
марапатталған. Өмірінің соңына дейін әдебиэтнографиялық «Өмір» журналының бас редакторы
болды.
А.Жұмаділдиннің жүзге жуық әңгімесі, екі жүзге
тарта очеркі, отыздан астам сын-рецензиясы газетжурналдарда жарық көрді. Оннан астам
повесть-хикаясының әрқайсысы
жеке-жеке кітап болып басылып шықты, олардың
қатарында «Келіншек»,
«Сең
бұзылғанда»,
«Қайырлы сапар»,
«Құт
құбыры»,
« Ж ұ м ы с ш ы
әулеті», «Байдалы
би», «Битабар балуан»,
«Инемен
қазған
құдық»,
деген туындылары
бар.
«Жанжал»,
«Шаққан қажы» повестері, «Біз келгенше»,
«Белестер бедері» романдары жарық көрді.
Асан Жұмаділдиннің 2003 жылы
«Кенже-Пресс-Медиа»
баспасынан
жарық көрген көлемді дерекнама кітабын белгілі
ғалым- жазушы Қойшығара Салғараұлы былай
деген болатын: «Қалай болғанда, салынып жатқан
тарих сарайының қабырғасына өз сәнімен, өз
мәнімен қаланар сапалы бір кірпіштің өмірге келгені шындық» деп жоғары бағалады. Даласы
байтақ, дәстүрлері дархан, тарихы қатпарлы,
талғамы астарлы қазақ елінің нақ ортасынан орын
алған шұрайлы да шырайлы өлке - Жаңаарқа өңірі
жөнінде энциклопедиялық сипатта жазылған осынау дерекнамалық еңбектен көзі қарақты
оқырманның ел мен жердің қасиетті тарихы, атабаба дәстүрлері, ел бастаған, сөз ұстаған, өнер
дарыған ғажайып тұлғалы азаматтар өмірінен мол
мағлұмат алғаны анық.
Қорытындылай келе, Асан Жұмаділдин
шығармаларын оқи отырып, әдебиеттің әр қырынан
танылған, жан-жақты, тума талант, дарынды
қаламгер екенін көреміз. Қазақтың бас ақыны Абай
Құнанбаев:
«Өлді деуге болама, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деген өлең жолдары тура
осы Асан Жұмаділдинге арнағандай болады. Жазушы,
ұстаз,
этнограф-өлкетанушы
Асан
Жұмаділдиннің жарқын бейнесі оны білген
адамдардың жүрегінде, мыңдаған оқырмандардың
жадында мәңгі сақталатынына кәміл сенемін.
аққу дулатова ,
«болашақ» маңызды білім беру
колледжінің түлегі
бет-бейнесін қалыптастырған жас тілшілер өз оқырмандарын
тауып, шеберліктерін шыңдай түсуде.
Менің сүйікті басылыммен шығармашылық байланысым газет тізгінін белгілі айтыскер ақын, қайраткер тұлға
Дүйсенбай Жұмасейітұлы ағамыз ұстаған жылдардан басталды. Марқұм Дүйсенбай ағамыз әр барғанымда аудан
тарихы, бүгінгі қоғамдағы түйткілді мәселелер туралы ордалы ой, кемел әңгіме қозғап, жан дүниемді рухани тұрғыдан
байытып жіберетін. Әсіресе, өзім қызмет ететін білім саласында қордаланған мәселелер мен оларды шешу жолдары
жайлы өткір пікірлеріне тәнті болып жүрдім. Маған үнемі
осы саланың жетістіктері мен өзекті проблемалары туралы
жазып тұруымды өтініп, арқамнан қағып шығарып салушы
еді. Міне, сонша сұңғыла ағамыздың, талантты редактордың
өмірден беймезгіл озғанына да жыл айналды. Ақын – сәби
болмыстың, таза жүректің иесі ғой. Дүйсенбай аға басшылық
еткен жылдары газет мінезі өзгеріп, ақиқат ауылына ат
шалдырғанын ормандай оқырман жақсы біледі.
Бүгінгі таңда Дүйсенбай Жұмасейітұлы жаңғыртып,
жаңартқан үрдісті қазіргі редактор, Дүйсенбай ағаның
шәкірті Салтанат Ералина жарасымды жалғастырып келеді.
Қалың оқырман - аманатқа адалдық танытқан Салтанат
апайға дән риза!
Сөз түйінінде жайнаған, жаңарған Жаңаарқа жұртшылығын
әр шаңырақтың үмітін үкілендіріп, сенімін ақтаған,
қуанышын еселеп, шаттығын шалқытқан байсалды
басылымның мерейтойымен құттықтаймын. Байырғы
басылымның тұрақты оқырманы, белсенді авторы ретінде
сүйікті газетімнің көнеден керуен тартқан көшінен көрік кетпеуін тілеймін!
нұргүл шамаева
8 қыркүйек 2018 жыл
5
мемлекеттік қызмет
сапасы - ел болашағы
Еліміздің дамуы
қажырлы еңбек пен сапалы қызметті талап
етеді. Осыған орай әр
істе сапалы қызмет
көрсету
еліміздің
жарқын болашағына
деген нық қадам.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтеріміз
күннен – күнге дамып, халқымызға қол жетімді және тиімді
бола түсті. Халқымыздың көрсетілетін қызметтер туралы
толық мәлімет алуына қол жетімділігі артты.
Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi —
жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет алуға барлығының бірдей қол жеткiзуi.
Осы арада барлығының бірдей қол жеткізуі деп бірінші кезекте электронды қызмет алуды айтуға болады. Яғни, электронды үкімет порталы арқылы қолымыздағы цифрлы
қолтаңбаның көмегімен, ешбір адамның көмегінсіз, таныстамыр іздеместен, ұзын сонар кезекте тұрмай, ешкімге жалбарынышты болмай ақ, кез келген қызметті көрсетілген
уақытта алу артықшылығына ие болу деген сөз.
Бұл өз алдына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
жойып, әрқайсымыздың цифрлы сауаттылығымызды
жорғарылатып, бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы
дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы нұсқауларға
сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта
көрсетуді халық арасында танымал ету бағытында облыс бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша
департаментінің ұсынысы бойынша облысымыздың барлық
қала, аудандарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
жәрмеңкелері өткізілуде, ақпараттық буклеттер таратылуда,
ХҚКО, білім беру ұйымдарында, әр ауылдық округ
әкімдіктерінің ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету
бұрыштары ұйымдастырылып, мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді электронды алуға барлық мүмкіндіктер жасалуда.
Анықтама ретінде 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында
облыс бойынша азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды алуға және мемлекеттік қызметтерді алудағы
құқықтары мен міндеттерін насихаттауға бағытталған 186
баннер орнатылып, 62435 түсіндірме парақшалары таратылды.
Аталған іс-шаралардың басты мақсаты мемлекеттік қызмет
көрсетудің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тұру және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне
деген сенімін арттыру болып табылады.
Ә.ӘбдіКӘРімов,
мқіжсЖқіқа қарағанды облысы бойынша
департаменті мКқб бас маманы
татуласу тараптарға
тиімді
Дау ел ішіне сызат түсіретін келеңсіз құбылыстардың бірі.
Осыны білгендіктен билеріміз ертеде тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін айтып, дауды ушықтырмай, бітімгерлікпен
аяқтап отырған. Құқықтық мемлекет орнықтыруды мұрат
еткен қазіргі заманда даулардың сан алуан түрлері пайда
болғаны жасырын емес. Оларды реттеу бүгінгі сот жүйесіне
жүктеліп отырған міндет.
Сот азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың кепілі. Сонымен қатар, бүгінгі күні соттар алдында дауды шешудің баламалы жолдарын кеңінен қолдану
міндеті тұр. Айта кету керек, татуластыру рәсімдерін пайдалану арқылы даудың шешімін табу іске қатысушылардың
өздеріне де тиімді.
Азаматтық процестік кодекстің 174-бабына сәйкес, сот
тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды
процестің
барлық
сатыларында
реттеуде
оларға
жәрдемдеседі.
Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация
тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не
осы кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не
бір бөлігінде реттей алады.
Татуластыру рәсімдеріне жүгінбеу тараптардың қаншама
уақытын шығындап жатады. Сондықтан, дауларды соттан
тыс баламалы тәсілдермен шешудің қолайлы екенін уақыт
дәлелдеп келеді. Бұл ең әуелі тараптар үшін тиімді. Өйткені,
кез келген құқықтық даудың ың-шыңсыз екі жаққа да тиімді
түрде шешілгені ең алдымен тараптарға керек.
а.баубеКов,
Жаңаарқа аудандық сотының судьясы
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары
үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қазіргі таңда халыққа
кеңінен түсіндіріліп, оны орындау
бағытында ауданда елеулі жұмыстар
жүргізілуде. Нақтылап айтсақ, сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы
заңдылықтарды сақтау жөнінде
құқықтық түсіндіру жұмыстары
халық арасында ұдайы талқыланып,
өткен уақытта жіберілген кемшіліктерді
саралап,
жұмысты
жүйелендіруге ықпалын тигізеді.
Осынау өзекті мәселе жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық
бұзушылықтар туралы мекемелерде,
мектептерде дәрістер өткізіліп, жергілікті атқарушы органдармен семинаркеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп,
оның жолын кесу және болдырмау
мақсатында түсіндірме жұмыстары
жүргізіледі.
Елімізде мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілігі мен дер кезінде ден қою
қағидаттарына
негізделген
азаматтардың арыздарын, заңды
тұлғалардың өтініштерін қараудың
нәтижелерін
есепке
алу
мен
бақылаудың
бірыңғай
жүйесі
құрылған. Осы бойынша барлық мемлекеттік органдар есеп беріп отырады.
Сондай-ақ,
Қазақстан
Республикасының
«Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
және «Мемлекеттік қызмет туралы»
Заңдарының талаптарын іс жүзіне
асыру мемлекеттік қызметкерлердің
тәртібін нығайтуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас
жемқорлық
құқық
бұзушылықтары үшін жауапкершілікке
тартылуына
байланысты
төмендегі түрлерге бөлінеді:
1.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық іс-әрекеттер жасау;
2.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылық
жасау;
3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәртіптік теріс қылық жасау;
4.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай
туғызатын құқық бұзушылықтар.
бірінші топқа, яғни сыбайлас
жемқорлық
қылмыстарға
ҚР
қылмыстық кодексінің 189 (үшінші
бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші
бөлігінің 2) тармағында), 215(екінші
бөлігінің 3) тармағында), 216 (екінші
бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшінші
бөлігінің 3) тармағында), 218 (үшінші
бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші
бөлігінің 1) тармағында), 249(үшінші
бөлігінің 2) тармағында), 307 (үшінші
бөлігінің 3) тармағында), 361, 362
(төртінші бөлігінің 3) тармағында),
364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450,
451 (екінші бөлігінің 2) тармағында)
және 452-баптарында көзделген ісәрекеттер жатады.
екінші топқа – ҚР «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 және 13
баптарында көзделген талаптарды
орындамау әрекеттері жатады. Атап
айтқанда, Заңның 9 бабында
көрсетілген:
-мемлекеттік лауазымға немесе
соларға теңестiрiлген мiндеттердi
атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар
тұрғылықты жерi бойынша салық органына декларация тапсырмаған
жағдайда;
-Мемлекеттiк қызметшілер және
олардың жұбайлары жыл сайын декларация тапсырмаған;
-Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейiнгi үш жыл
бойы
декларация
тапсырмаған
жағдайлары орын алған жағдайда,
мұндай әрекеттер ҚР ӘҚБтК-нің 274бабының
талаптарына сәйкес
әкімшілік жауапкершілікке тартылып,
айыппұл
салынады.13
бабында
көрсетілген:
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға
уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың
өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын
ұйымдардан,
сондай-ақ
жеке
тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн
қызмет және өзге де нысандар түрiнде
кез келген сыйақы қабылдау.
2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған
теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына
байланысты не қызметi бойынша
өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы
қамқоршылығы немесе қызметiнде
бетiмен жiбергенi үшiн сыйлықтар
алу немесе қызметiн қабылдау.
3) жұбайының (зайыбының),
туыстарының шақыруы бойынша
олардың есебiнен мемлекетiшiлiк
және шетелдiк туристiк, емдеусауықтыру және өзге де сапарларға
шақыруды қабылдау;
Сонымен қатар, әкімшілік құқық
бұзушылыққа ҚР ӘҚБтК-нің 678, 679,
680 және 681 баптарында көзделген
іс-әрекеттер жатады.
Үшінші топқа - Заңда белгіленген:
Мемлекеттiк
қызметшілер
(өз
қызметiн тұрақты емес немесе басқа
жұмыстан босатылған негiзде жүзеге
асыратын мәслихат депутаттарын
қоспағанда) педагогтiк, ғылыми және
өзге де шығармашылық қызметтен
басқа ақы төленетiн қызметпен
айналысуға тыйым салынатындығы
(10 бап), мемлекеттік қызметшілер
қызметке кiрiскеннен кейiн бiр ай
iшiнде өзiнiң меншiгiндегi, пайдаланылуы табыс алуға әкелетiн мүлiктi
сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi
(10 бап) және жақын туыстардың
бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу (11
бап) тиістігі туралы талаптарды орындамау қызметінен босатылуға жатады.
ал, төртінші топқа – Заңның 12
бабы 1 тармағында белгіленген талаптарды орындамау кезінде, мемлекеттік қызметшіге қатысты екі түрлі
тәртіптік жаза қолданылады. 1-ші:
қызметіне толық сәйкес есместігі туралы ескерту, 2-ші: лауазымынан
төмендету, 3-ші: атқаратын лауазымынан босату.
а) Қызметіне толық сәйкес еместігі
туралы ескерту және лауазымын ан
төмендету тәртіптік жазасы - Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк
берiлген адамдардың немесе оларға
сенім телефоны
теңестiрiлген
адамдардың
осы баптың
1
тармағының
1), 6), 7), 8),
10), 11), 12),
14) тармақшаларында аталған қандай
да болсын құқық бұзушылықтарды
жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса,
қызметiнен төмендетуге, ал төмен
тұрған бос лауазым болмаған
жағдайда – заңда белгiленген
тәртiппен қызметiне толық сәйкес
еместiгi туралы ескерту түрiнде
тәртiптiк жаза қолданылады;
б) атқаратын лауазымынан босату –
мемлекеттік қызметшілердің осы
баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9),
13), 13-1) тармақшаларында аталған
қандай да бiр құқық бұзушылықтарды
жасаған кезде қолданылады.
Жазаның қолданылмай қалмайтын
принциптері – егер мемлекеттік орган
басшысы сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасаған мемлекеттік
қызметшіге
тәртіптік
жаза
қолданбаса, өзі ҚР «Мемлекеттік
қызмет туралы» Заңының 28 бабы 1
тармағына сәйкес тәртіптік және ҚР
ӘҚБтК-нің 680-бабына сай әкімшілік
жауапкершілікке тартылады.
Қорыта келсек, өкініштісі, мемлекеттік қызметшілер де сыбайлас
жемқорлықпен
байланысты
құқықбұзушылықтарға бой алдырып
жатады және оның себептері сан
тарау.
Оған
ең
алдымен
қызметшілердің білім деңгейінің,
әдептілік ұстанымының төмен болуы
әсер етсе керек. Кей мемлекеттік
қызметшілердің құқық бұзушылыққа
немқұрайлық
танытуы,
кәсіби
әдептілігінің жетіспеуі, жеке басының
қамын ойлауы парақорлықтың дендеуіне септігін тигізбей тұрмайды. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган
басшыларының
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заң талаптарын
атқаруда ынта танытпай, жұмыс
жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі
беріп
емдейтін
сырқат
емес.
Айналасындағы салауатты, таза және
сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін
тарылтатын, заңсыз әрекеттермен
қоғамдық ортаның және мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың жеке
кәсіпкерлдердің,
азаматтардың
қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті
дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің қоғамға
таралу жолдарын кесіп, оның
ұлғаюына жол бермеу үшін қарсы
жұмыла күресуіміз қажет.
Сыбайлас жемқорлық ағашты
діңінен шірітетін құрт секілді
қоғамды іштен ірітетін кесел. Ал кеселмен көп болып жұмыла күрескенде
ғана, діңімізді сақтап қала аламыз.
д.батталова,
Жаңаарқа ауданының Әділет
басқармасының бас маманы,
қазақстан заңгерлер одағының
мүшесі
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сенім телефоны жұмыс істейді. Сіз
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
қағидалары), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас
жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының заң нормаларының бұзылу фактілері туралы ақпаратты 283-47 телефоны бойынша хабарлай аласыздар.
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм
сенім телефоны
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарды бұзған фактілері жөнінде хабарлау үшін 2-62-64 номерлі сенім
телефоны жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.
Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі мм
8 қыркүйек 2018 жыл
6
Жаңаарқа ауданының прокуроры
а.қ.Әділхановтың ауыл тұрғындарымен,
мектеп оқушыларымен кездесу және
тұрғындарды арыз шағымдары бойынша жеке
қабылдау жүргізу
Кестесі
Өткізілет
ін
атқарылатын шараның атауы және
уақыты
қысқаша сипаттама
Өткізілетін жері
11.09.2018 ж.
Қызылжар жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып
сағ. 9.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.10.00
Қызылжар кентінің тұрғындарымен кездесу.
Қызылжар кентінің тұрғындарын арызшағымдары бойынша жеке қабылдау
сағ.11.00 жүргізу.
Түгіскен жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып
сағ.14.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.15.00
лауазымды тұлға
Қызылжар кенті мектебінің
ғимараты.
Қызылжар кентінің
әкімшілігі.
Қызылжар кентінің
әкімшілігі.
Аудан прокуроры
А. Әділханов
Түгіскен ауылының мектеп
ғимараты.
Түгіскен ауылының
Түгіскен ауылының тұрғындарын арыз«Мәдениет үйі».
шағымдары бойынша жеке қабылдау
сағ.16.00 жүргізу.
12.09.2018 ж.
Ералиев жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып
сағ. 9.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.10.00 Ералиев ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу.
Ералиев ауылының тұрғындарын арызшағымдары бойынша жеке қабылдау
сағ.11.00 жүргізу.
Ақтүбек жалпы орта білім беретін
Ақтүбек ауылының мектеп
мектебінің жоғарғы сынып
сағ.14.00 оқушыларымен кездесу.
ғимараты.
сағ.15.00 Ақтүбек ауылдық округінің
Ақтүбек ауылының
тұрғындарымен кездесу.
«Мәдениет үйі».
сағ.16.00 Ақтүбек ауылының тұрғындарын арызшағымдары бойынша жеке қабылдау
Ақтүбек ауылының
жүргізу.
«Мәдениет үйі».
14.09.2018 ж.
Атасу жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып
сағ. 9.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.10.00 Байдалы би ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу.
Байдалы би ауылының тұрғындарын
сағ.11.00 арыз-шағымдары бойынша жеке
қабылдау жүргізу.
Аудан прокуроры
А. Әділханов
Атасу мектебінің ғимараты.
Байдалы би әкімшілігі.
Байдалы би әкімшілігі.
Талдыбұлақ ауылының жалпы орта білім
Талдыбұлақ ауылы мектебінің
беретін мектебінің жоғарғы сынып
ғимараты.
сағ.14.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.15.00
Талдыбұлақ ауылының
Талдыбұлақ ауылының тұрғындарымен «Мәдениет үйі».
кездесу.
Аудан прокуроры
А. Әділханов
Ақтау ауылының тұрғындарын арызшағымдары бойынша жеке қабылдау
сағ.12.00 жүргізу.
Аудан прокуроры
Ақтау ауылының мектеп
А. Әділханов
ғимараты.
Ақтау ауылының «Мәдениет
үйі».
Ақтау ауылының «Мәдениет
үйі».
19.09.2018 ж.
Айнабұлақ негізгі орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен Айнабұлақ ауылының мексағ. 9.00 кездесу.
теп ғимараты.
Айнабұлақ ауылының
әкімшілігі.
Айнабұлақ ауылының
сағ.11.00 Айнабұлақ ауылының тұрғындарын арыз- әкімшілігі.
шағымдары бойынша жеке қабылдау
жүргізу.
сағ.10.00
Айнабұлақ ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу.
Ынталы жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен Ынталы мектебінің
сағ.14.00 кездесу.
ғимараты.
сағ.15.00
Қараағаш ауылының
Қараағаш ауылдық округінің
«Мәдениет үйі»
тұрғындарымен кездесу.
сағ.16.00
Қараағаш ауылының тұрғындарын арызҚараағаш ауылының
шағымдары бойынша жеке қабылдау
«Мәдениет үйі»
жүргізу.
21.09.2018 ж.
Аудан прокуроры А.
Әділханов
Көктал мектебінің ғимараты.
Целинный ауылының әкімшілігі.
Целинный ауылының әкімшілігі.
25.09.2018 ж.
С.Сейфуллинжалпы орта білім беретін мектебінің жоғарғы сынып
сағ. 9.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.10.00 С.Сейфуллин ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу.
С.Сейфуллин мектебінің
ғимараты.
С.Сейфуллин ауылының
«Мәдениет үйі».
Аудан прокуроры А.
Әділханов
М.Жұмажанов ауылының
тұрғындарын арыз-шағымдары бойынша жеке қабылдау жүргізу.
Аудан прокуроры А.
Әділханов
М.Жұмажанов мектебінің
ғимараты.
М.Жұмажанов ауылының
«Мәдениет үйі».
М.Жұмажанов ауылының
«Мәдениет үйі».
мектепке мол тарту
Рухани жаңғыру
Ю.А.Гагарин атындағы мектебінде «Рухани жаңғыру»
бағадарламасы аясында мектеп бітіргендеріне 50 жыл
толған түлектер арнайы жиналып, өздеріне сабақ берген ұстаздарымен кездесіп мектеп дәлізіне үлкен картина сыйға тартты.
Сондай-ақ, мектеп бітіргендеріне 25 жыл толған
түлектері алтын ұя мектептерінде бас қосты. Мектеп
ұстаздарымен кездесіп, Ерболат Текебаев, Зәмзәгүл
Бірмағанбетова, Меруерт Оспановалардың бастамасымен мектеп мұражайына 100 мың
көлемінде шкаф-сөре сыйлыққа тарту етті.
Мектеп басшысы Жанар Ибраева түлектердің мектепке жасаған қамқорлығына алғыс
айтып, ризашылығын білдірді.
дархан тайКенов,
тайКенов,
Ю.Гагарин атындағы Жобб мектептің
директордың оқу ісі меңгерушісі
Игі істер жалғасын табуда
Талдыбұлақ ауылының тұрғындарын
арыз-шағымдары бойынша жеке
Талдыбұлақ ауылының
сағ.16.00 қабылдау жүргізу.
«Мәдениет үйі».
18.09.2018 ж.
Ақтау жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып
сағ. 10.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.11.00
Ақтау ауылдық округінің тұрғындарымен
кездесу.
Целинный ауылдық округінің
сағ.15.00
тұрғындарымен кездесу.
сағ.16.00
Целинный ауылының
тұрғындарынарыз-шағымдары бойынша жеке қабылдау жүргізу.
Бидайық ауылының «Мәдениет
үйі».
М.Жұмажанов жалпы орта білім беретін мектебінің жоғарғы сынып
сағ. 14.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.15.00
М.Жұмажанов ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу.
сағ.16.00
Ералиев ауылының мектеп
ғимараты.
Ералиев ауылының
«Мәдениет үйі».
Ералиев ауылының
«Мәдениет үйі».
Бидайық ауылының тұрғындарын
арыз-шағымдары бойынша жеке
сағ.11.00 қабылдау жүргізу.
сағ.14.00
Көктал жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып
оқушыларымен кездесу.
Бидайық мектебінің ғимараты.
Бидайық ауылының «Мәдениет
үйі».
С.Сейфуллин ауылының
+тұрғындарын арыз-шағымдары бо- С.Сейфуллин ауылының
сағ.11.00 йынша жеке қабылдау жүргізу.
«Мәдениет үйі».
Түгіскен ауылының
«Мәдениет үйі».
Түгіскен ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу.
Бидайық жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғарғы сынып
сағ. 9.00 оқушыларымен кездесу.
сағ.10.00 Бидайық ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу.
Аудан прокуроры
А. Әділханов
Ризашылық
«Жаңа–Арқа–2006» ЖШС-ің директоры Беков
Айдар Хамзеұлының басшылығымен осы
жылдың мамыр айынан бері ЖаңаарқаЫнтымақ тас-жол бағытындағы тозығы жеткен
25 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары
жүргізіліп, асфальт төселген болатын.
«Екі елді жол қосады
Екі адамды қол қосады»,
- дегендей, көптен күткен осы қуанышты жайт
ауылымыздың тұрғындары және сырттан
қатынайтын меймандардың көңілінен шығып,
дән риза болып жатқан жайымыз бар.
«Ауыздың қайда екенін
қол
біледі,
ауылдың қайда екенін
жол біледі», - демекші
көзді ашып-жұмғанша
аудан орталығына еш
қиындықсыз жету әр
жолаушы
мен
жүргізушінің көңіліне
қуаныш
сезімін
ұялататындай. Сонымен қатар,
Айдар
Хамзеұлы
өз
қаражатына ауылдың
кіре
берістегі
1
шақырымнан асатын
ішкі жолына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт төсеп берді. Біз, Ынтымақ ауылының
ақсақалдар алқасы және ауыл тұрғындары ауылымызға жанашырлық танытып, осындай
ауқымды жұмыс жасаған «Жаңа–Арқа–2006» ЖШС-ің директоры Беков Айдар Хамзеұлына
және жол саласында еңбек етіп жүрген осы ұжымның жұмыскерлеріне алғысымызды білдіре
отырып зор денсаулық, отбасылық бақыт, еңбекте үлкен табыстарға жетуіне тілектеспіз!
с.тӨКенов,
ақсақалдар алқасының төрағасы
ЕскЕ Алу
7
Сәкен ауылының тұрғыны болған, Аманжоловтар
шаңырағының сүйікті немересі, ардақты ұл, ізетті іні,
қамқор аға дәуленов асхат талғатұлының небары 22
жасында өмірден өткеніне 40 күн толып отыр. Ардақты
азаматымыз тірі болғанда 25 қазан күні 23 жасқа толар
еді. Мезгілсіз сұм ажал асыл азаматымыздың орнын
үңірейтіп, жақын туыстарының көңілінде арылмас мұң
ұялатып кетті. Тағдырға не шара? Көзден кетсе де,
көңілден кетпейтін бейнесін сағынышпен еске ала отырып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп Алладан тілейміз.
Жалын атқан, жалындаған кез еді,
Өтті-кетті, түсінбедім сел ме еді?
Жалған өмір алдамшы ғой қашанда,
Асхат балам бағың жанар кез еді.
Жарқ еттің де, ғайып болдың өмірден,
Ұмытпайды, туған-туыс, жора-жолдас көңілден.
Барар жерің жұмақ болсын әрқашан,
Дұға тілеп, құран оқу - ол бізден.
сағына еске алушылар: ата-әжесі -дәулетбай-Күләш, ата-анасы-талғат-айткүл,
ағасы-сұңғат, қарындасы- інжу, аға-жеңгелері, апа-жезделері, іні-қарындастары
және туған-туыстары
15-қыркүйек күні сағат 13.00-де сәкен ауылының “Ақбосаға” тойханасында
Асхаттың өмірден өткеніне 40-күн толуына орай, құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
ЕскЕ Алу
Қара бұлттай түнерген сұм ажалдың ардақты да жан бауырымыз ошақбаев есбол Игілікұлын ортамыздан мезгілсіз алып кеткеніне 40 күн болды. Ол 1969 жылы 6
маусымда Атасу станциясында көпбалалы ұстаздар отбасында дүниеге келді. Жан дүниесі кіршіксіз таза, жүрегі
дархан даладай кең, асыл азамат еді. “Бірге тумақ болса да,
бірге жүрмек жоқ екен”,- дегендей, біз орны ойсырап
қалған Есболымызды сағынышпен еске аламыз.
Басымызға орнады қара тұман,
Аңсаймыз келбетіңді дара тұрған.
Жан ба едің, балын татпай бұл өмірдің,
Сынағын көру үшін жаратылған?
Шара бар ма, сұраймыз Жаратқаннан,
“Қия гөр”,- деп бір орын жәннатыңнан.
еске алушылар: бауырлары
Бауырымыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 15 қыркүйек күні сағат 13.00де аудан орталығындағы үлкен мешітте құдайы ас беріліп, құран бағышталады
аИтв инфекциясының алдын алуға
болады
Жақында Қарағанды облыстық ЖҚТБ-ның
алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
орталығының мамандары И.Н. Кудрякова және
А.Ж.
Бексеитова
АИТВ
инфекциясы
мәселелері бойынша ұйымдық-әдістемелік
және емдеу көмегімен Жаңаарқа ауданына
келді.
Облыстағы АИТВ инфекциясымен
науқастану шоғырланған сатыда орналасқан,
облыс бойынша АИТВ инфекциясы бар адам
саны 2925 құрайды, Жаңаарқа ауданында
науқастану төмен деңгейде, бірлі-жарым
жағдай тіркелген, бірақ негізгі берілу жолы
жыныстық қатынас арқылы, бұл 70% құрайды.
Басқа аурулар сияқты адамның иммун
тапшылығы вирусын емдеуден бұрын алдын
алған дұрыс. Себебі қазіргі уақытта өкінішке
орай, бұл аурудан толықтай емдей алатын дәрі
шығарылмады.
-Сондықтан АИТВ инфекциясын жұқтырудың
алдын алудың бар тәсілдері мен негізгі шараларын білу маңызды,- деп есептейді Қарағанды
облыстық ЖҚТБ орталығының мамандары.
Қазіргі таңда АИТВ инфекциясын
жұқтырудың белгілі жолдары:
Жұқтырған адам қанының сау адамның қанына
түсуі, қорғалмаған жыныстық қатынас,
жұқтырған анадан сәбиге (жатыр ішінде, босану кезінде немесе төспен емізу кезінде).
Қорғалмаған жыныстық қатынас деп
жыныстық қатынастың аналдық және ауыз
арқылы түрлерін түсінген жөн. Бұл ретте
жұқтыру қаупі еркектерден гөрі әйел адамдар
бейім, себебі әйел ағзасына вирусты
жасушлардың шоғырланған қоспасымен
шәуеттің көп мөлшері түседі.
АИТВ анадан сәбиге берілген кезде іштегі
нәресте шамамен жүктіліктің 8-10 аптасында
жұқтырады. Егер жұқтыру болмаған жағдайда,
ана мен сәбидің қанының жанасуынан босану
кезінде жұқтыру мүмкіншілігі өте зор.
БАҚ-та жұқтыру қаупі туралы ескертулер жиі
айтылған сайын адамдар, әсіресе жастар көп
ойланатын болады. Барлық күшті салауатты
өмір салтын және жынысаралық қатынасты,
есірткіден бас тартуға насихаттауға бағыттаған
жөн.
Қазіргі уақытта мүшеқап жыныс ағзалары
сұйықтықтарының адам денесіне түсуінен
90%қорғайды,-дейді «ЖҚТБ ОО» КМК
дәрігерлері. – Сондықтан қорғанудың тосқауыл
құралдарын өзімен алып жүрген дұрыс.
Дәрігерлер мен медбикелер, сондай-ақ зертхана
қызметкерлері
пациенттердің
биологиялық сұйықтықтарымен (лимфа, қан,
жыныс ағзаларынан бөлінділер және басқа)
сөзсіз қатынас жасайды. Әсіресе АИТВ
инфекциясының хирургия мен стоматологияда
алдын алу өзекті, себебі бұл бөлімшелерде
оталардың ең көп көлемі жүргізіледі және
жұқтыру қаупі жоғары. Қан сынамаларымен,
құралдармен жұмыс кезінде жұмыс орнын
қауіпсіз орналастыру қажет, ыңғайлы және
мұқият дезинфекцияланған медициналық
құралдарды пайдалану керек, тек бір реттік
медициналық қолғаптармен жұмыс жасау
қажет.
Жұқтыру қаупі бар жағдайлар пайда болған
кезде (тілу, қолғаптың тесілуі, қанның шырышты қабыққа түсуі) жарақаттан қанды сығу
қажет емес. Ағын суға жуып, зақымдалған теріні антисептикалық ерітіндімен өңдеп, лейкопластырьмен жабыстыру қажет.
Егер ауруды жұтыру қаупі жоғары болса,
АИТВ инфекциясын қатынастан тыс алдын
алу жүргізіледі. Мұнда АИТВ емдеуге
қолданылатын антиретровирусты препараттарды қабылдау түсіндіріледі. Мұндай профилактиканы жұқтыру мүмкін сәттен бастап
алғашқы екі сағатта және 72 сағаттан көп емес
уақытта бастаған жөн. Дәрі-дәрмектерді 4 апта
бойы қабылдау қажет. Бұл шарттарды сақтай
отырып, өзіңізді АИТВ инфекциясынан қорғай
аласыз.
орталық аудандық аурухана
8 қыркүйек, 2018 жыл
ЕскЕ Алу
Кеше ғана бірге ойнап, бірге жүрген, арамыздың сәні
болған, сыныптасымыз, жан жолдасымыз, анасының
ардақты ұлы, жұбайының асыл жары, екі кішкентай ғана
балапанына асқар таудай әке болған Жексенбин ерден
оралұлының өмірден өткеніне 12-қыркүйек күні 10
жыл толады. Жүрген жерін
күлкіге кенелтіп,
қолындағысын өзгеге ұсынатын, ақкөңіл- аңқылдаған
азаматтың аяқ астынан о дүниелік болғанына әлі де
сенер емеспіз.
Ордасының алтын діңгегі болған аптал азаматтың
алдыға қойған мақсаты, болашаққа жасаған жоспары
көп еді. Әттең орындалмаған арманын өзімен ала кеткен арда ұлдың жүрегі тоқтағалы 10 жыл өтті.
Маңдайына жазылған қысқа ғұмырында үнемі асығып,
қамқор қолын созып, үлкенге ізеттілік танытатын жайсаң мінезі оны танитындардың
мәңгі есінде. Ол өлмейді, оны сүйген біз барда. Жасамаған жасын Алла балаларына
нәсіп етсін.
Бұл өмір қойды сені сағым қылып,
Біздерді өз заңына бағындырып.
Күндер жылжып арада өтіп жатыр
Өзіңді мәңгілікке сағындырып
Ғұмыр, тірлік өлшеулі қысқа мына,
Түсірмесін десек те қыспағына
Жан сыздайды ауырып жүрегіміз
Басқа қолдан келетін шара бар ма?
еске алушылар: анасы-мәрияш, жұбайы-Жанар, балалары-ерасыл,
нұрасыл және бірге оқыған сыныптас-жолдастары
ЕскЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған ардақты әке,
асыл жар, аяулы ата наженов Руслан
мұхаммеджанұлының фәниден бақиға озғанына 21
қыркүйек күні 1 жыл толады.
Әкеміз алдымыздағы асқар тауымыз, алыста жүрсек
тілеуқорымыз, қысылғанда ақыл айтар ақылшымыз
еді. Әкеміздің жаны жәннатта, орны жұмақта болсын!
Өмірдің жиылғандай бар керегі,
Сыйластың елдің жақсы ардағымен.
Араласып бетке ұстар саңлағымен,
Үш бала өсіріп, қырық бес жыл,
Қол ұстасып келдіңіз жан жарымен.
Барында жоғындада дәулетінің,
Көңілін қалдырмады әлде кімнің.
Тізгінің кісілікпен ұстап келіп,
Әуелі Наженовтар әулетінің,
Айналған қосағынан туысынан.
Әкешім аман болсын тыныш ұяң.
еске алушылар: жұбайы, балалары, келіндері, немерелері
21 қыркүйек күні сағат 14.00-де Халық мешітінде әкеміздің өмірден өткеніне 1
жыл толуына орай құдайы ас беріліп, құран бағышталады
шетелдік қаржыландыру
Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық
бөлімшелері шетел мемлекеттерінен,
халықаралық және шетелдік ұйымдардан,
шетелдіктерден,
азаматтығы
жоқ
тұлғалардан алған ақша және (немесе)
өзге мүлік туралы мемлекеттік кірістер органдарына
хабарлау
Шетелдік
қаржыландыру бойынша мониторинг ҚР
салық кодексінің 14 бабына 1-1 және 1-2
тармағы шетелдік қайнар көздерден келіп
түсетін қаржылық ағыстарды бақылау
үрдісін жетілдіру және жариялылық
мақсатында енгізілді. Салық кодексінің
14-бабы 1-1 және 1-2 тармақшасына
сәйкес салық органдарын хабардар ету
міндеті жүктелді.
Жеке және заңды тұлғалар және (немесе)
заңды
тұлғалардың
құрымдылық
бөлімшелерінің шетел мемлекеттерінен,
халықаралық және шетелдік ұйымдардан,
шетелдіктерден,
азаматтығы
жоқ
тұлғалардан
олармен
жасалған
мәмілелері бойынша алған ақша және
(немесе) өзгеде мүліктерді
мыныдай
қызмет түріне: заңгерлік көмек көрсетуге,
зерттеу жұмыстары мен сауалнама
жүргізу, тарату, сараптау, көрсеткіштерді
жариялау. Аталған қызметтер бағыттары
бойынша орналасқан /тқрғылықты жері
мемлекеттік
органдарына
хабарлау
тәртіптері мен мерзімдері айқындалды.
Салық
органдарына шетелден
қабылданған қаражат немесе өзге заттар
жөнінде тиісті мәлімет тапсырудан келесі
тұлғалар босатылады :
адвокаттар, нотариустар ,дипломатиялық
өкілдіктер, орта және мектепке дейінгі
білім беретін мекемелер.
Хабарлама формасы ҚР Қаржы
министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы
№553 бұйрықпен бекітілген. Хабарлама
форматы – салықтық есептілік формасы.
Ақпарлар тұлғаның келу тәртібімен немесе электронды каналдар арқылы
қабылданады Қабылданатын ақша сомасына шектеу жоқ. Салық органдарына шетелдік көздерден қаржы немесе өзге зат
қабылдаған тұлғалар туралы, өзге де
ақпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz интернет порталында жарияланады
Салық органдары шетелден қабылданған
заттар ( ақша немесе мүлік ) жөнінде келісімшарт жасалғаннан кейінгі 10 жұмыс
күні ішінде хабарланады
Есепті маусымнан кейінгі екінші айдың
15 жұлдызында қабылданған кірістер мен
шығыстар туралы тиісті мәлімет тапсырылады
Тиісті мәліметтерді уақытылы
тапсырмаған жағдайда ҚР «Әкімшілік
құқық бұзушылықтар» кодексінің 460-1
бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту
қарастырылған.
Жаңаарқа ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны сүйікті қарындас, ардақты
міз.
әпкеміз, екі балапанының аяулы анасы, немерелерінің сүйікті
әжесі Көшмағанбетова ақбала Көшмағанбетқызын
10-қыркүйек күні
60 жасқа келер мерейлі сәтімен
құттықтаймыз. Әр дайым шаңырағыңыздың тірегі,
қамқоршысы, отбасыңыздың берік діңгегі болдыңыз.
Балаларыңыз бен бауырларыңызға күн жағынан көлеңке, жел
жағынан пана болдыңыз. Талай асуларды табандылықпен
жеңіп, келер қиындықтарды қажырмен жеңдіңіз. Ардақты да
аяулы бауырымызға жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де
кіршіксіз көңіл, көпшіліктің ықыласы мен құрметіне бөленіп
жүре беруіңізге тілектеспіз. Денсаулығыңыз қуатты,
ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын дей-
60 жас мерейтой құтты болсын,
Үйіңізге құт-береке ырыс қонсын.
Бала-шаға, дос, туыс аман болып,
100-ге дейін жетіңізші көңіл толсын.
Әрқашан бақытыңыз ортаймасын,
Жүзіңізден ешқашан нұр таймасын.
Қуаныш шаттық ойнап жанұяда,
Шаңырақта тек қана той тойлансын.
ізгі тілекпен: аға-жеңгесі- Әбдіқадыр-зейнеш,нұрсейіт-ақбота, меруерт,
ерлан, асылхан-меруерт, ерхан-нұрсұлу, мейірхан, еркебұлан-Әлия,
Жасұлан-Индира, Ғалымжан-аида, ердәулет, еркеназ және кішкентай бабауырлары
Құттықтаймыз!!!
Құрметті ана, аяулы әже Көшмағанбетова ақбала
Көшмағанбетқызын 10 қыркүйек күні 60 жасқа толған
туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Алланың берген жасын жасап, кісілік келбетіңізден таңбай
өз перзенттеріңіздің айбынды ақылшысы, мақтанышы болып
жүре беріңіз.
60 жас мерейтой құтты болсын,
Мейірімін Ұлы Алла төге берсін.
Үйіңізге құт-береке ырыс қонып,
Денсаулығыңыз әрдайым мықты болсын.
Үлгі болған үлкенге де жасқа да,
Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да.
Тірегіміз, тілекшіміз өзіңіз,
Тек қуаныш көруге жазсын Алла.
құттықтаушылар: аға-жеңгесі-қадыр-зейнеш, балалары-тәуекел-баян,
Жансая, келіні-Жанар, немерелері-сағыныш, Расул, Әділ
уважаемые жители Жанааркинского
района!
азИатсКИй КРедИтный Фонд предлагает
беззалоГовые И залоГовые КРедИты групповые и индивидуальные кредиты!
Кредиты АКФ - это поддержка сельских
жителей, занимающихся разведением скота,
торговлей, производством, услугами и производственной деятельностью. Сумма группового кредита (группа от 3 до 10 человек)
до 500 000 тенге на каждого, индивидуального без залогового кредита – до 1 000 000
тенге, под залог недвижимости – до 19 000 000 тенге.
Мы выдадим Вам кредит на разные цели: •Закуп скота, сена и других кормов, ремонт и построек жилищ для скота и прочие сельскохозяйственные цели; •Развитие бизнеса - закуп
товара, сырья, оборудования; •Кредиты на ремонт и утепление дома, оплату обучения, покупку техники и прочие потребительские цели; •Потребительские кредиты
Преимущества кредитов АКФ: •Отсутствие комиссионного сбора; •Быстрое предварительное рассмотрение заявки на кредит! Мы ценим Ваше время!; •Предусмотрено снижение
процентной ставки при получении повторного кредита; •При рассмотрении Вашего бизнеса
мы оценим и проанализируем Вашу деятельность, и покажем Вам текущую ситуацию бизнеса; •Предложим индивидуальный (гибкий) график погашения
наш адрес: п.атасу, ул.тауелсиздик, 5\1. Контактные телефоны: тел. 8 (710-30) 280-47, нурсултан + 7 771 266 57 00, акмарал + 7 707 344 38 04
Құттықтаймыз!!!
Құрметті Алғабас ауылының тұрғыны, әулеттің тірегі, қара
шаңырақтың иесі, анамыздың асыл жары, бауырларының жанашыры, немерелерінің сүйікті атасы, асқар таудай
сүйенішіміз
әкеміз
елубаев
сүндетулла
Рахметоллаұлын 13 қыркүйек күні 60 жасқа толар туған
күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Әке бізді өмірге әкеліп, ел қатарлы азамат етіп тәрбиелеу
үшін атқарған адал еңбегіңіз, төккен теріңіз үшін біз сізге
қарыздармыз.
Алдағы ғұмырыңызда бауырларыңыздың жақсылығын,
балаларыңыз бен немерелерініңздің бақыты мен қызығын
көре беріңіз.
Әкемізге деніне саулық, отбасына амандық, береке, бірлік тілейміз. Анамыз Күләш екеуіңізге бірге қартаюға Алла нәсіп етсін. Сіз барлық мақтау
мен мадақтауға лайықты жансыз 60 жасыңыз құтты болсын.
Әкешім асқар тауым айбарымсың,
Адалдық парасаттың айдарысың.
Болсамда әлі сәби балашағым,
Түсіндім, жұмсадың-ау нардың күшін.
Жансың сен әулетті өміріңде,
Мерейім шуақ шашты көңіліңде.
Әкетай мықты болсын денсаулығың,
Тілейміз ұзақ ғұмыр өміріңе.
ізгі тілекпен: бауырлары, балалары-айтолқын-еркебұлан, ақнұр-айдос,
Жаннұр-ерболат, Жанбота-шынар, немерелері-дана, назар, айзере, ай бибі
Құттықтаймыз!!!
құрметті ақбала Көшмағанбетқызы!
Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен
құттықтаймыз. Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі –
алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік
мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Жаңаарқа ауданының
болашағына арнаған Коммуналдық салада біраз жыл қызмет
жасаған зиялы азаматша ретінде таниды. Өзіңізге және
отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ,
бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашан
биік болғай!!!
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!
ізгі тілекпен: КмК «Жаңаарқа-Жылу» ұжымы
Құттықтаймыз!!!
Ата-анасының ардақты ұлы, сүйікті бауырымыз, ардақты
да сыйлы жиеніміз орынбаев абай қанатұлын 16
қыркүйек күні 22 жасқа толар туған күнімен шын жүректен
құттықтаймыз. Абайға зор денсаулық, бақытты өмір, алдыңа
қойған мақсатыңа еш сүрінбей жетуіне тілектеспіз. Қазіргі
уақытта отан алдындағы борышын өтеп жүрген ардақты
азаматымызға аман есен келуін тілейміз.
Тілейміз бұл өмірде бақыт саған,
Тілейміз талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда,
Көрейік сені, ұлым, заңғарлардан.
Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Ешқашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.
тілек білдірушілер: әжесі- нәзипа, ата-анасы-қанат-Гүлсара, бауырлары,
жиендері, нағашылары, бөлелері
Конституция күніне арналған спорттық іс шаралар
споРт
Ауданымызда 30 тамыз - ҚР Конституциясы күніне арналып спорттық іс шаралар өтті. Спорттың үш түрі бойынша өткізілген
іс шарада спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, төмендегі жүлделі орындардан көрініп отыр.
Асық ату жарысы бойынша І-орын Н.Нәби, ІІ-орын Н.Жаманов, ІІІ-орын А.Сейлов иеленді.
Жеңіл атлетикалық кроста І-орын Д.Байтұрсынов ІІ-орын Ә.Көпеев, ІІІ-орын С.Мылтықбай иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
Жшс басшысы - бас редактор
еРалИна салтанат аманқызы
меншіК Иесі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті Жшс
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, бИн 010340002761, бИК KZKоКZKX, Код 17,
Рнн 240400001948, ао “Казкоммерцбанк”
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1616 дана
Тапсырыс №37
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
35
Размер файла
75 717 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа