close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№38 Жаңаарқа газеті

код для вставки
№38 (9875), 15 қыркүйек, 2018жыл
Әкімдікте - жаңа тағайындаулар
Аптаның бірінші күнінде аудан әкімдігінде жаңа
тағайындаулар орын алды.
Аудандық мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов және
аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары
қатысқан жиында аудан әкімі Юржан Бекқожин аудандағы
жаңа тағайындаулар туралы ресми түрде хабарлады.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына Айдархан Аманбаев бекітілді. Сондай-ақ, жиында
аудандық жастар ресурстық орталығының директоры
болып Жалғасбек Сайлаубеков тағайындалды.
Аманбаев Айдархан Тапашұлы 1961 жылы 25
қыркүйекте Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік
университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Ақтүбек бөлімшесі, 25 партсъезд
атындағы совхозда тракторшы болып бастаған. 1985 жылы
комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 1985-1990
жылдар аралығында 25 партсъезд атындағы совхозда
директордың шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 1990 жылы совхоздың бас экономисті, 1990-1995 жылдар аралығында шаруа
қожалығының мүшесі болды. 2000 жылдан бастап бүгінгі
күнге дейін Ақтүбек ауылдық округінің әкімі қызметінде
болды. 2018 жылдың 10-қыркүйегінен бастап Жаңаарқа
ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Сайлаубеков жалғасбек жәнібекұлы 1992 жылғы
8 маусымда Қарағанды облысы, Қаражал қаласында
дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2014 жылы Қарағанды
қаласындағы
Болашақ
университетін
политология
мамандығы бойынша,
2018 жылы Болашақ академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын
жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 2015 жылы
Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімінде бастаған. 2016
жылы Жаңаарқа ауданының дене шынықтыру және спорт
бөлімінде жұмыс жасады. 2016 жылдың 30-желтоқсанынан
бастап бүгінгі күнге дейін «Жаңаарқа ауданының ішкі саясат
бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында
қызмет атқарды. 2018 жылдың 10-қыркүйегінен бастап «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Зейнеткерлік демалысқа шыққан азаматтарға құрмет көрсетілді
17-қыркүйек күні аудан әкімі
Юржан Бекқожин Жаңаарқа
ауданының экономика және
қаржы бөлімінің басшысы
қызметін бүгінгі күнге дейін
атқарып
келген
Амангелді
Жылқыбаев пен
аудандық
ауылшаруашылығы бөлімінің
басшысы болып жылдар бойы
қызмет еткен Дүйсенбек Ахметовты сән-салтанатпен зейнеткерлік демалысқа шығарып
салды.
Аудан әкімдігінің баспасөз
қызметі
Кез келген өркениетті
елдің мемлекеттігін білдіретін өз Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік
тілі де болады. Демек, мемлекеттік
тіл
де
–
мемлекеттің
негізгі
атрибуттарының бірі. Яғни,
біз де бүгінгі таңда әлемдегі өзге тәуелсіз мемлекеттер
сиякты елдігіміздің ең басты белгілері
бар
өркениетті
мемлекеттердің көшіне
ерген елміз. Мәселен,
Ата
Заңымызда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ
тілі», ал орыс тілі – ресми тіл және мемлекеттік тілмен
бірдей қолданылады деп жазылған. Осылайша, біз мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесін заңмен бекітіп,
оны мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.
Еліміз өз егемендігін алғалы әлемге дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған
бей – жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне
айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне
көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», - деген болатын. Мемлекеттік тіл – еліміздің бірлігі,
ұлтымыздың жаны.
Тілдің мәселесі – ең әуелі ұлттың мәселесі. Сондықтан,
мемлекеттік тіліміздің мерейін асыру мақсатында
қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық шығыс құжаттары
мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу
мемлекеттік тілде
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тіл –
мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс
қағаздарын
жүргізу
тілі.
Қазақстан
халқын
топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын
мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының
әрбір азаматының парызы. Ол жайында халық
қалаулылары да тынбай айтуда,басылым беттері де жаппай сол тақырыпты көтеруде. Үкімет тарапынан да, мемлекеттік тіл мәселесі қолға алынғалы қашан. Сондықтан
да Әдет-ғұрпымызды, салт – дәстүрімізді еліміздің
тыныштығын ойлап отырған кеңпейіл халық үшін туған
тілінен тұғырлы ештеңе жоқ.
Ә.РАхимжАновА,
жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
к тіл
і
т
т
е
к
емле
м
–
л
і
т
Ту ғ а н
жаңаарқа аудандық
мәслихатының
кезекті хххІІІ сессиясы
төрағасының шешімі
Атасу кенті
14 қыркүйек 2018 жыл
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІІ сессиясы
2018 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 10.00.-де шақырылсын
(аудандық
мәслихаттың мәжіліс
залында, Тәуелсіздік
даңғылы,4).
ж.С.РыСпеков,
сессия төрағасы
хАБАРЛАмА
2018 жылғы 25 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХІІІ сессиясының қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1.Жаңаарқа ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен
міндеттерінің орындалуы туралы.
2.Әртүрлі мәселелер.
Қ.А.имАнТүСІпов,
аудандық мәслихат хатшысы
15 қыркүйек 2018 жыл
жаңаарқа аудандық мәслихатының
шешімі
Атасу кенті
№32/229
23 тамыз 2018 жыл
жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан
Республикасының жер заңнамасына сәйкес
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер
салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2018
жылғы 7 қыркүйекте нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4927 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі және Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде, аудандық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
3. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XLVII сессиясының 2015 жылғы 20 қарашадағы
№47/326 «Жаңаарқа ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер
салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3559 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттыққұқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №62
(9712) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс XXхІІ сессиясының төрағасы
ж.РыСпеков
Аудандық мәслихат хатшысы
к.имАнТүСІпов
Решение жанааркинского районного
маслихата
поселок Атасу
№32/229
2
денСАуЛыҚ ФеСТивАЛІ – 2018
денсаулығың өз қолыңда
Көп жылдан бері халықты салауатты өмір салтын
сақтауға шақырған “Денсаулық фестивалі 2018” акциясы осы аптада аудан мектептерінде кеңінен аталып өтті.
Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын
белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау, спортты насихаттау болып табылады.
Таң сәріден бастап, спорттық киімдерін үстіне киген
оқушылар мен ұстаздар мектептеріне асығып,
акцияға өз үлестерін қосу мақсатында мектеп алдына жиналды. Шараға аудандық жастар
ресурстық орталығының қызметкерлері, жол полиция патрульдік тобы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.
Аудан орталығына қасты №132 ЖОББМ-де іс-шара сағат 10-00-де «Дені саудың — жаны
сау» ұранымен жаттығу жасау бөлімімен басталды. Жаттығу музыканың сүйемелдеуімен
дене шынықтыру мұғалімдерінің және жоғары сынып оқушыларының нұсқаулары бойынша жаттығулардың қимылдарын барша шараға жиналған жұрт қайталып жасады.
Бұдан соң, шараға қатысушылар орталық стадионға беттеп, спорттық шаралардан тұратын
жарысқа қатысуға дайындалды. Жарыстар спорттың кіші футбол, көңілді старт, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика сынды түрлерден өтті.
Бұл шарада Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледж бен №132 мектеп арасында жа-
23 августа 2018 года
о повышении базовых ставок земельного
налога и ставок единого земельного налога на
не используемые в соответствии с земельным
законодательством Республики казахстан
земли сельскохозяйственного назначения по
жанааркинскому району
Нормативно правовой акт зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4927 7 сентября 2018 года в департаменте
Юстиции Карагандинской области
На основании Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года «О налогах и других
обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)» и Закона Республики Казахстан от
23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», районный маслихат РЕШИЛ:
1. Повысить базовые ставки земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного
назначения по Жанааркинскому району.
2. Повысить ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного
назначения по Жанааркинскому району.
3. Признать утратившим силу решение XLVII сессии Жанааркинского районного маслихата
от 20 ноября 2014 года №47/326 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок
единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
на территории Жанааркинского района» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3559 опубликовано в информационно-правовой системе «Әділет» 31 декабря 2015 года, в газете «Жаңаарқа» от 26 декабря 2015 года
№62 (9712)).
4. Пункт 2 настоящего решения действует до 1 января 2020 года.
5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после
дня его первого официального опубликования.
председатель хххІІ внеочередной
сессии районного маслихата
ж.РыСпеков
Секретарь районного маслихата
к.имАнТуСупов
хАБАРЛАндыРу
Жаңаарқа аудандық сот ғимаратында 18 қыркүйек сағ.17.00 - де сот төрағасы міндетін
атқарушы Баубеков Абай Отыншыұлының қабылдауымен жеке және басқа да сұрақтармен
ашық есік күні өткізілетінін хабарлайды.
жАңААРҚА АудАндыҚ СоТының БАСпАСөЗ оРТАЛығы
рыстар өтіп, ұстаздар мен оқушылар белсене қатысты.
Фестивалді насихаттау - бұқара халықты денсаулығын сақтауға назарын аударып, салауатты
өмір салтын ұстануға үлкен жауапкершілікпен қарауға бағыттаған Ю.А.Гагарин атындағы
және Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектептерінің ұйымдастырумен түрлі спорттық шаралар өтті. Мектеп оқушыларын спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігін
арттыру мақсатында болған шарада жүгіру, арқан тартыс, көңілді старт, волейбол, кіші футбол т.б түрлерінен бақ сынасты.
Жарыстан кейін жеңімпаз командаларға аудандық жастар ресурстық орталығының
қызметкерлері қатысушыларды дипломдармен марапатталды.
11 қыркүйек күні О.Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінде де аталғаш шара жалғасын
тапты. Төрт жүзге жуық мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысқан бұл шарада акцияға
қатысушылардың барлығы флэш-мобқа қатысты. Әуен ырғағымен тербеле билеп, соңынан
спорттық жаттығу жасады. Фестиваль соңында жастар ресурстық орталығының директоры
Ж.Ж.Сайлаубеков О.Жұмабеков мектебінің директоры Р.Рахимовқа ауқымды акцияда белсенділік танытқаны үшін аудан әкімі Ю.Бекқожиннің алғыс хатын табыстады.
Жаңа оқу жылының сәтті бастамасы болған «Денсаулық фестивалі» шараға қатысқан
ұстаздар мен оқушыларға үлкен серпіліс бола білді.
Рахат өмІРБекҚыЗы
жемқорлыққа жол жоқ
Сыбайлас жемқорлық –
заман ағысымен бірге өсіпөркендеп, мол қаражат
және
қоғамдық
бәсекелестік пайда болған
жерлерге тамырын жайып,
бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған індеттің бірі.
Бұл індет біздің жас мемлекетімізге де орасан зор
нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң
талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада
жүзеге асырылуда. Күнделікті өмірде халық әсіресе
парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Ал осының
алдын алу үшін кез келген ортада пара беру мен алудың
жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет,
сонымен қатар жемқорлыққа деген мүлдем төзбеушілік
мәдениетін қалыптастырған жөн.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет
атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді,
заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың
конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің
бұзылуына түрткі болады. Осы бір түсінікті қоғам санасына
сіндіріп, иммунитет қалыптастыру міндет.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас
жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен
онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс,
соның ішінде мемлекеттік органдардар ұжымдарының,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз
өкілеттігі аясында кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де
қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын
қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық
қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға
бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен
қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының
төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік
қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының
қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ кейбір мемлекеттік орган басшыларының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда
ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады» деген сөз бар.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат
емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен
қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет
етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі
халықтың өзінде.
Атап айтқанда жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті
шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы.
Мемлекетіміздің
әрбір
азаматы
Қазақстан
Республикасының Конституциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын,
абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді
және тереңдете түседі. Еліміздің халықаралық құқықтық
толыққанды субъектісі ретінде тиімді сыртқы саяси қызметі
– халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге
белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда беделді
халықаралық ұйымдарға қатысу практикасы жалғаса беретін болады. Міне, мұның бәрі жемқорлыққа қарсы стратегияда айтылған басты бағыттар.
Елбасы ұсынған 5 институционалды реформа да, оны
толыққанды жүзеге асыруға бағытталған, ал 100 нақты
қадамның жемқорлықты жоюға мүмкіндігі мол. Бұл құжат
қоғам ішінде жаңа көзқарас қалыптастырады. Ұлттық жоспар саналатын 100 нақты қадамның әуелгі 15 қадамы
түгелдей дерлік мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге,
сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі
компонентінің енді бірі –мемлекеттік қызметшінің жаңа
этикалық кодексі. Алдағы уақытта қабылданатын кодекс –
мемлекеттік қызметтің құндылығы мен принциптерін бекітіп, қызметшінің жұмыстағы, яғни қызмет бабында, және
тұрмыстағы мінез-құлқын анықтайтын болады. Бұл стандарттар келесідей мәселелерді, атап айтқанда, азаматтармен
қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, көпшілік алдында
сөйлеу және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен
қатынасты реттейді.
Ел Президенті Н.Назарбаев «Мемлекеттік қызмет
өкілеттігін жеке мақсаттарға пайдалану тиімсіз әрі мүмкін
емес болатындай жағдайлар жасалуы керек» деп тапсырма
берді. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
бағытында жоспарланған іс-шараларға формалды емес,
тыңғылықты көзқарас қалыптасқан жағдайда ғана белгіленген жұмыстар нәтижелі болады .
жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы
15 қыркүйек 2018 жыл
3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлық - заман
ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол
қаражат және қоғамдық бәсекелестік
пайда болған жерлерге тамырын
жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай
отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп
отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер
әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе,
халық парақорлық дертімен жиі бетпебет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын
кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
заңнамасы
Қазақстан
Республикасының Конституциясына
негізделеді және осы Заң мен
Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
Бүгінде
сыбайлас
жемқорлыққа жол бермеу мемлекеттің
одан әрі табысты дамуы үшін сөзсіз
басымдық болып табылады.
Парақорлық мемлекеттік органдардың
тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды
қағидаларды
теріске
шығарып,
азаматтардың
конституциялық
құқықтары мен заңды мүдделерінің
бұзылуына түрткі болады. Қазақстан
Республикасының
«Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Заңына
сәйкес,
сыбайлас
жемқорлықпен
күресті
барлық
мемлекеттің органдар мен онда қызмет
атқаратын
лауазымды
тұлғалар
жүргізуі тиіс.
Мемлекеттің
органдардың,
ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының басшылары өз
өкілеттігі шегінде кадр, бақылау,
заңгерлік және өзге де қызметтерін
тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген
көріністері қоғамның мүддесіне зардабын тигізіп және мемлекеттің
экономикалық өсуіне орасан кедергі
келтіреді. Сондықтан да біздің еліміз
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелерінде
халықаралық
тәжірибелерге сүйеніп әртүрлі шаралар
мен модельдерді үйлестіріп отырады.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы
тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой
алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,
әдептілік ұстанымының төмен болуы
әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік
қызметшілердің
құқық
бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де,
жеке басының қамын ойлауы да
парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік
орган
басшыларының
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заң талаптарын
атқаруда ынта танытпай, жұмыс
жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын
тереңдете түседі.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі
беріп
емдейтін
сырқат
емес.
Айналасындағы салауатты, таза және
сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік
қызмет,
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарды бұзған фактілері жөнінде хабарлау үшін 2-79-38
нөмірлі сенім телефоны жұмыс істеп
тұрғанын хабарлаймыз.
жаңаарқа ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
тарылтатын, заңсыз әрекеттермен
қоғамдық ортаның және мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың, дара
кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет
етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті
болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына
жол бермеу керек. Ол үшін аталған
дертке қоғам болып ат салысып, қарсы
жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел
мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз
және халық сенімінен шығатынымыз
анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері
экономиканың көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың
ең басты қауіп-қатерлерінің бірі.
Сондықтан оны болдырмау, алдын алу
мақсатында аудан әкімдігімен біршама
іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
ҚР Үкіметінің 14 сәуір 2015 жылғы
№234, Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 шілдедегі №36/01
қаулылардың негізінде Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясын іске асыру жөніндегі
2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бақылауға алынып аудан
әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдармен толығымен орындалды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
басшысы
Ж.Ысқақовтың
және
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызмет
істері
және
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қарағанды
облысының
Департаментінің басшысы Ж.Сарсеновпен
бекітілген
Қарағанды
облысының
қоғамда
сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы
мәдениетті
қалыптастыру бойынша 2018 жылға
арналған кешенді жоспар орындау үшін
аудан әкімдігіне жолданды.
Қоғамның барлық саласындағы сыбайлас
жемқорлық
құқық
бұзушылықтың алдын алу және
болғызбау, азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенімінің деңгейін
көтеру, қоғам мен билік арасындағы
диалогты кеңейту мен тереңдету
мақсатында
ауданда
ақпараттық
қамтамасыз ету бойынша кең мөлшерлі
жұмыс атқарылып жатыр.
Кешенді жоспардың іс-шараларының
орындалысына
бақылауды
аудан
әкімінің аппараты жүргізеді және тиісті
ақпараттарды жинақтайды, сол себептен әкімдікке қарасты мемлекеттік
органдардың, квазисектор мемлекеттік
мекемелердің, ұйымдардың басшылары іс-шаралардың орындалысы туралы есептерді тоқсан сайын, яғни
наурыз, маусым, қыркүйек және
желтоқсанның 22-нен кешіктірмей
әкімнің аппаратының мемлекеттікқұқықтық бөлімімен жинақталып,
облыс әкімінің аппараты мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
мәселесі тек комиссия отырысында
ғана қаралуымен шектелмейді, аудан
әкімінің жұмыс жоспары бойынша сыбайлас жемқорлықты алдын алу
мәселесі аудан әкімінің кеңейтілген
кеңесінің отырысында да қаралады.
Аудан әкімінің 2017 жылдың 26
Сенім телефоны
Жаңаарқа аудындық қоғамдық денсаулық
сақтау
басқармасы
мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодесінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы
заңнамаларының нормаларын бұзған фактілері жөніндегі хабарлары үшін 2-69-48
нөмірі бойынша Сенім телефоны жұмыс
атқаратындығын хабарлайды.
жаңаарқа аудындық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы
маусымдағы №41 өкімімен «Жаңаарқа
ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стандарттары бекітілген.
Аудан әкімдігі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша аудандағы азаматтық қоғам субьектілерімен, оның ішінде Қоғамдық
Кеңесінің, «Кәсіпкерлік Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен, ҚР
«Атамекен» Ұлтық палатасының
аудандағы
кәсіпкерлер
палатасы
өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Мәселен, шағын кәсіпкерлік
субьектілерінің мүддесін қорғайтын актілер аталған ұйымдарға қарау үшін жіберіліп, ұйымдардың сараптамалық
қорытындысы нормативтік құқықтық
актілерге қоса тіркеліп, Қарағанды
облысының Әділет Департаментіне
қоса жолданады, 2017 жылдан бастап
аудан әкімінің, аудан әкімдігінің НҚА
жобалары талқылау үшін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» Қазақстан
Республикасының
ақпарат
Министрлігінің порталына жолданып
талқыланады.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері
бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы.
Мемлекетіміздің
әрбір
азаматы
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,
басқа
адамдардың
құқықтарын,
бостандықтарын, абыройы мен қадірқасиетін құрметтеуге міндетті.
Жалпы айтқанда, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы
кешенді амал-тәсілдерге кадрлық саясат, қызметкерлердің әдептілігі пен
уәждемесін жоғарылату, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру, жұртшылықпен өзара
әрекеттесуде кәсіпкерлік үдерістерді
жетілдіру сияқты түйіндер кіреді. Осылайша мемлекеттік аппарат, халық және
бизнестің өзара байланысқан салаларында
сыбайлас
жемқорлық
көріністерін азайтуға бағытталған шаралар да жүзеге асырылуда.
Елбасы Жолдауында: «Заңды бұзған
екенсің, оның баптарына сәйкес
жауапқа тартыласың» дейтін нақты
ереже бар. Олай болмаған күнде біз
кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң,
солай бұралатын тәртенің» керін
қайталайтын боламыз», - деп атап
көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты
жоюды мақсат етіп, Жолдауда берілген
тапсырмалардың шындыққа айналып,
заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды біздің міндетіміз деп санаймын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі
экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі
іс-шаралардың орындалуы аудан
әкімдігінің үнемі бақылауында болады.
Ю.БекҚожин,
Аудан әкімі
«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа
аудандық аумақтық инспекциясы»
ММ-нің
мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін,
мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарын бұзған фактілері жайын хабарлау үшін 2-75-02
сенім телефоны жұмыс істейді.
жаңаарқа аудандық аумақтық
инспекция мемлекеттік мекемесі
15 қыркүйек 2018 жыл
4
Бақытын еңбектен тапқан кәсіпкер
Жаңа оқу жылы барлық оқушылар, студенттер мен олардың
ата-аналары, ұстаздар қауымы үшін айтулы күндердің бірі.
Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында атааналар балаларын білім ордасына дайындап, дүкендер мен
сауда орталықтарын аралап, киім-кешек пен оқу құралдарын,
кеңсе тауарларын сатып алумен әлек болады. Дәл осы
күндері ауданымызда сауда-саттықтың ең қызған шағы. Алдымен киім-кешекке келер болсақ, бұл заттарды
ауданымыздағы кез-келген сауда орындарды аралап, керек
киім мен аяқ киімдерді өз талғамыңызға сай сатып аласыз.
Ал, ауданымызда оқу құралдары мен кеңсе тауарларын сататын дүкен жоқтың қасы. Кеңсе тауарлары дегенде бірден
ойыңа келетін дүкен, ол – «Жігер» дүкені.
Көп жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп, кеңсе тауарларымен халыққа танылған «Жігер» дүкенінің иесі Төлеуова
Гүлнар Мейрамқызы бүгінгі біздің әңгімемізге арқау болмақ.
Төлеуова Гүлнар Мейрамқызы 1963 жылдың 1 қазанында
Атасу стансасында көп балалы отбасында дүниеге келген.
Әкесі Мейрам мен анасы Әсия Төлеуовалар темір жол саласында қызмет еткен жандар болған. Әкесі Мейрам аз ғана
ғұмыр кешіп, 42 жасында дүние салады. Сол кезде анасы
Әсия тағдырға мойынсынбай 39 жасында 10 баланың өсіп
жетілуін өз қолына алып, тәлім-тәрбие беріп, ұлын ұяға,
қызын қияға қондырады.
Ананың берген білімі мен тәрбиесін көрген Гүлнар
Мейрамқызы Атасу стансасындағы мектепті 8 сыныпқа
дейін үздік оқып, жоғары сыныптарды аудан орталығындағы
С.Сейфуллин атындағы мектепте жалғастырады. Орта
білімнің аттестатын алған соң, Жезқазған қаласындағы учи-
лищеге оқуға түсіп, кітапханашы мамандығын алып шығады.
Қолына дипломын алған жас маман, ауылына оралып, 19841987 жылдары Атасу стансасының теміржол бөлімінің кітапханасында алғашқы еңбек жолын бастайды. Үш жыл бойы
жақсы жұмыс істеп, басшылық тарапынан түрлі мақтауларға
ие болады. 1988 жылы Гүлнар Мейрамқызы өмірлік жары
Қазкеев Серік Төкенұлын кездестіріп, отбасын құрады.
Жолдасы - Серік Төкенұлы 18 жасынан бастап, теміржол
саласында қызмет жасайды. Ауданымыздағы ШЧ-16-мекемесінде көп жылдар бойы үздіксіз қызмет жасап, теміржол
саласының байланыс бөлімінің Құрметті азаматы, өз ісінің
үздік маманы сынды марапаттарға ие болған жан.
90-шы жылдары еліміздің тоқырау заманында жас отбасы
болып, өмірге бірге аттаған жандар, тіршіліктің қамымен
1994 жылдары күнделікті тұрмысқа қажет ұсақ-түйек заттар
сатуды бастайды.
- Сол жылдары қиын кезең болатын, қымбатшылық пен
жоқшылықтың кезі еді. Баламен үйде отырған соң, үкіметтің
тұрақты жұмысына да тұра алмай, ақша табу мақсатында
ұсақ-түйек заттар сатуды жөн көрдім. Ол кезде қазіргі кездей
дүкендер жоқ еді. Барлық сауда-саттық ашық аспан астында,
далада саудаланатын.
Жаздың ыстық күні
мен қыстың қақаған
аязына қарамастан
қысы-жазы далада базарда
тұрдық.
Бастапқыда
қиын
болғанмен біртін келе
ж а ғ д а й ы м ы з
жақсарып, саудамыз
да сәтті бола бастады.
Саудада жүрсем де,
бала күнгі кітаппен
жұмыс жасау арманым ойымнан кетпеді.
Кітап оқуды бала
күнімен
жақсы
көретінмін. Осы арманым алға жетелеп,
2000
жылы
осы
дүкенді сатып алып, 1
жыл
ішкі
жұмыстарын жасап,
шағын
дүкенімізді
аштық,- деді өткен өмірін толғаныспен еске алған Гүлнар
апай.
2001 жылы жаңа дүкеннен саудасын
жалғастырған дүкен иесі бастапқыда өзі саудалап жүрген күнделікті үйге қажет
тұрмыстық заттарды дүкенге қояды. Кейіннен
халықтық сұранысын саралай жүріп, кеңсе тауарларын сатуға бел буады.
Кәсіпкерліктің әдіс-тәсілін меңгере бастап,
бала күнгі арманын жүзеге асыру мақсатында,
ауданымызды кітап сататын дүкен ретінде
жаулауды
қолға алады.
Бүгінде
« Ж і г е р »
дүкенін
–
үлкен кітап үйі
десек те артық
айтпағанымыз
болар. Кітап
саудасында жүрген он жеті
жылында
халықтың
қоғамдағы сұранысы мен талабына сай келетін кітаптарды саудалап жүрген
дүкенде
сұранысыңызға
қарай
барлық
керек
кітабыңызды табуға болады.
- Әуел баста, орысша кітаптарды да сатып көрдік. Бұрын
орысша кітаптарға сұраныс
жоғары болатын. Дегенмен
уақыт өте келе, қоғамда елеулі өзгерістер орын алған соң,
қазір қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс арта түсті.
Мәселен, кейбіреулер маған: «Кітап сатудың керегі бар
ма?» деген сияқты әңгімелер де айтып қалады. Шынымды
айтсам, бұл сөз намысыма тиеді. Осы салада оқыған
тәжірибемді пайдалана отырып, қазақ тіліндегі кітаптарды
сатуды қолға алдым. Қазақ тілінің салмағының артқанынан
кәсібім-нәсібім
сұраныс та молая бастады. «Қолыңнан іс келе ме, дәлелде»
дегендей, дүкеннің 90 пайызы қазақ тілді кітаптар.
Қазіргі кезде, біз мектептермен, мекемелермен тұрақты
түрде келісім шарт арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Тапсырыстарын беріп, керек кітап, іс-қағаздары, жұмысқа қажет
журналдар, А4, А3 форматтағы қағаздар, түрлі қалам
қарындаш сынды сұранысын қанағаттандырып, уақытылы
әкеп береміз. Сонымен қатар, жеке ұстаздар, ата-аналармен
де жұмыс жасаймыз. Пән мұғалімдері өздеріне керек барлық
оқу құралдарын бізден алады.
Керек заттарды тапсырыс арқылы алдыртып, кей-кездері
өзіміз барып алып келетін кездеріміз болады.
Жолдасым Серік 5 жылдың шамысы болып қалды, көп
жылдар қызмет жасаған ШЧ-16 мекемесінен кетіп,
толығымен дүкеннің жұмысына ауысты. Отбасылық бизнес
болған соң, бірге жұмыс істеп, кәсібімізді одан әрі
дөңгелетуге ат салысып жатырмыз,-дейді.
Отбасылық бизнесті қыр-сырын меңгерген жандар
бүгінде екі баланың ата-анасы, немере-жинендердің сүйікті
ата-әжесі.
Бақытты отбасында 1989 жылы дүниеге келген қызы - Динара мен 1995 жылы туған ұлы – Дамир есімді екі бала бар.
Дамир мен Динара Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлектері.
- Өткен аптада қыркүйек айының 10 күні Серік
екеуіміздің отбасылық өмірге бірге аяқ басып, жанұя
болғанымызға 30 жыл толды. Аллаға шүкір екі баламыз
өмірден өз жолын тауып, отбасылы болып, бізге ата-әже болу
бақытын сыйлап отыр. Елнар мен Динара балаларымнан екі
жиен сүйіп отырсақ, Дамир мен Аяулымнан тәп-тәтті Әмина
атты немере сүйіп отырмыз.
Аллаға мың да бір шүкір дейміз, бақытты күннің дәмін
татып отырғанымызға. Қызметіміз бен кәсібіміз де өз жолымен келе жатыр. Еңбек етемін деген адамға іс табылады.
«Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, ойыңа алған ісіңді жүзеге
асыру жолында аянбай еңбек етсең, жемісін көресің. Қазір
жастарға да, кәсіп ашамын деген жандарға да мемлекет
көмегін аямай беруде. Осыны пайдаланып, әр түрлі халық
сұранысын қанағаттандыратын жаңа орындар, жаңа
қызметтер ашса,ауданымыз да көркейіп, гүлденіп нұрлана
түсері хақ. Сондықтан бос жатпай ойға алған
жұмыстарыңыздың
жолында аянбай еңбек етуге
шақырамын,- дейді Гүлнар Мейрамқызы.
Өмірдің сан түрлі белестерінен бірге өтіп, кәсібінің
құлаштап дамуына барын салып, отбасының бақытты ғұмыр
кешуіне өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан жандардың бүгінгі
бейнесі - осы.
Рахат АйТжАновА
5
Семинар-тренинг
өзіңді сүю – өмірді сүю
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен Абай қаласынан бастау алған психологиялық семинар-тренинг Жаңаарқа ауданында жалғасын тапты.
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында
«Өзіңді сүю – өмірді сүю» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды жастар
ресурстық орталығының психолог-маманы Аубакирова Нұргүл Айтбайқызы жүргізді.
Ойын түрінде өткен семинар-тренинг барысында, эмоционалдық қысымнан арылуға, есте
сақтау қабілетін дамытуға, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартуға, адамның
бойындағы қысымнан арылып, физикалық жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі
жаттығулар жасалып, психикалық және эмоционалдық қысымды төмендету, көңіл күйді
көтеруге бағытталған медитация өтті. Сонымен қатар, қатысушылар «Сиқырлы дүкен»
ойынына қатысып, ол жерден денсаулық, бақыт, табыс, махаббат, өз-өзіне сенімділік,
сабырлық және ұстамдылық сияқты құндылықтарды сатып алды. Бұл ойынның ерекшелігі
қатысушылар сатып алған нәрсеге қарама-қарсы өз бойындағы нәрсені айырбастап кетті.
Мысалы: денсаулықты алса, орнына ұсынылған таза ақ қағазға өзінің дертін жазып, оны
кішкентай бөліктерге жыртып, қоқыс жәшігіне тастап кетті. Қатысушылар құндылықтар
жазылған бірнеше карточкадан таңдап, оны үйлеріне апарып ең көрнекті жерге
қоятындарын айтты. Шара соңында қатысушылар өздерінің семинар-тренингтен алған
әсерлерімен бөлісіп, осындай семинарлар көп болса деген тілектерін білдіріп, көтеріңкі
көңіл күймен тарқасты.
жАСТАР РеСуРСТыҚ оРТАЛығы
Рухани жаңғыру
Туған жерге тағзым!
«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен
сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. «Туған жерге туыңды тік!» деген дана халқымыз. Бұл әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасының аясында Ынтымағы жарасқан
Ынтымақ ауылында игі істер жалғасын табуда. Туған жеріне, ауылына ыстық
ықылыстарымен жанашырлық танытып, С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі Абдиков
Нұртас Ғазизұлының ұйымдастыруымен Ынтымақ орта мектебін 2004 жылы бітірген
түлектерінің демеушілігімен, Ынтымақ ауылының тумасы Асанов Армия Асанұлының
қолдауымен ауылдың кіре беріс тас-жолдың жиегіндегі ауылдық округтің белгісін
жаңартып, «Сәкен Сейфуллин» деп латын әріптерімен жазылған үлкен жазу қойылды.
Жазудың үстінде Иманақ тауының бейнесі, «алтын қыран» бүркіттің бейнесі және күн
сәулесімен көмкерілген «алтын ұя» киелі шаңырақ бейнесі бейнеленген. Қарасаң көз
тойдырарлық бұл туынды ауылымызға көрік беріп, ауылымыздың тұрғындарының көңілінен
шығуда. Қазіргі таңда Сатпаев қаласының мәдени-сауық орталығының дизайнері болып
қызмет атқаратын Асанов Армия Асанұлына және ауылымыздың 2004 жылы мектеп бітірген
түлектеріне, сонымен қатар осы туындыны құрастыруға және орнатуға ат салысқан
Шүкірбай Тәжібаевқа, Александр Орлов пен Ерғали Білісовке алғысымызды білдіре отырып отырып, зор денсаулық, отбасылық бақыт, еңбекте үлкен табыстарға жетулеріне тілектеспіз!
З.БАРжАкСинА,
«С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» мм маманы
15 қыркүйек 2018 жыл
“жасыл ел” - жастар тірегі
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылы Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік
және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы болып
табылады. Сол жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының
республикалық штабы өз жұмысын бастаған болатын.
«Жасыл ел» еңбек жасағының басты мақсаты-елімізді
көгалдандыру, абаттандыру арқылы студенттер мен
жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сондайақ, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау
болып табылады. Еліміздің барлық облыстарында жасақ
қызметі жанданып, әр аймақтың жастары қалаларды абаттандыру
жолында біраз тындырымды істер атқарды.
Біздің аймақта аталған бағдарлама бойынша 2013 жылдан бастап жұмыс жүргізілуде.
Биылғы жылы жалпы 46 жас бағдарлама төңірегінде уақытша жұмыспен қамтылды.
Аудан әкімшілігі аталған 46 сарбаздарға ЖК «Жаңғозин», «Таза - су» және «Жаңаарқа
- жылу» мекемелерінде аудан игілігіне 1 ай мерзім көлемінде жұмыс атқаруға
мүмкіншілік жасады.
Сонымен қатар, сарбаздарға түрлі жарыстар ұйымдастырылады және олар қоғамдық
шараларға қатыстырылады. Бұл сарбаздар - жаз мезгілінің ыстықтығына қарамастан атаанама қолқанат болып, қоғаммен араласамын, бос уақытымды тиімді пайдаланамын деген
ауданымыздың патриот жастары.
жАСТАР РеСуРСТыҚ оРТАЛығы
« мектепке жол» акциясы
Елбасының Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын
қорғау комитетінің тапсырмасын
орындау үшін мектеп жасындағы
балаларды жаңа оқу жылында
толық
мектепке
келуін
қамтамасыз ету, жалпыға бірдей
оқумен қамти отырып көмек
көрсету мақсатында Айнабұлақ
негізгі орта мектебінде «Мектепке
жол» қайырымдылық акциясы
өтіп жатыр. Аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына жаңа оқу
жылына дайындық кезеңінде
акция аясында көмек көрсетілді.
Акцияға ауыл әкімшілігі мен мектеп мұғалімдері белсенді қатысты.
Ауыл әкімі Ж.М.Адикамовтың ұйымдастыруымен жеке кәсіпкер Г.Муталляпова 20
мың теңге, «Жанат» шаруа қожалығы жетекшісі Ж.Куртбаев 30 мың теңге, «Сұлтан Бейбарыс 2» шаруа қожалығы жетекшісі С.Дүйсенбеков 5 мың теңге, «Асқар» шаруа
қожалығы жетекшісі С.Саққұлаков 5 мың теңге қаржылай көмек берді. Осы шараға ат
салысқан «Дубай» дүкені мен «Сәт» сауда орталығының сатушысы Жұлдызға алғыс білдіреміз. Әлеуметтік қорғауға жататын 11 оқушы мектепке қажетті киім-кешектермен
қамтамасыз етілді. Ата-аналар жасалған қайырымдылық іс-шараға өз ризашылықтарын
білдірді. Келешек ұрпағымыздың болашағына жол ашатын бұл маңызды акция одан әрі
өз жалғасын таппақ.
к.кАпБАСовА ,
Айнабұлақ негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогы
15қыркүйек 2018 жыл
6
өткен күнім - өмір өрнегім
Өткенсіз бүгін жоқ. Күні кеше еңбек майданында
өлшеусіз еңбек еткен әкелеріміз бен аналарымыздың жүзін
әжім басып, ақ қырау самайын шалған. Қайтып келмес
күндерін сағынышпен еске алатын қарияларға қарап,
қаймағы бұзылмаған қазақылық солармен бірге кетіп бара
жатқандай елестейді.
-Біздің уақытта,-деп әңгімесін әріден бастайтын
үлкендердің бізге көңілдері толмайтыны ишараларынан сезіліп тұрғанымен көбін заманға аударып жатады. Тілегі
елдің тыныштығы, тілеуі ұрпақтың амандығы болған
үлкендерге қарап біз де сіздердей боламызғой деген ой
қылаң санаңда береді де еңбек майталмандарымен тілдесуге асығасың.
Ақылдың кені, ызбарынан ел ығатын, шаңырағының
алып бәйтерегі әкелердің қамқорлығы әр отбасының негізі
болғанымен аузынан Аллаға деген ризашылығы түспей,
бүгінгі күніне шүкіршілік айтатын ақ жаулықты аналардың
орны бір басқа. Бүгінгі айтпағымыз да еңбекпен ысылған
батыр ана жайлы.
-Шіркін алаңсыз балалық шағым мен бұла күндерім
қандай еді-деп әңгімесін бастаған Бозмағанбетова Райхан
Амантайқызына қарап жас кезінде өте көрікті, бәденді адам
болған-ау деймін. Сексеннің сеңгіріне шыққан апа сонау
соғыспен жағаласқан балалық шағын еске алды.
-Ауылдағы атқа мінер аталар мен аналарымыздың ауыр
тұрмысын көріп өстік. Соларға қолқанат болуға тырыстық.
Тұрмыстың ауырлығына қарамай, жоқ-жұқана екенімізді
елемей алдағы күнге үміт арттық. Барға қанағат еттік. Жоқ
еді,- деп жасымай табылғанды талғажау етіп күн көрдік.
Халықтың басындағы ауыр кезең болғанымен елдің
ықыласы кең, көңілі дәрия, жүрегі мейірім мен шуаққа
толы еді. Шал-шауқанбыз демей қариялар еңбектің басында
жүрді, шамамыз келмейді демей шешелеріміз жұмыстың
ауырына жегілсе біз әліміз келгенше тыраштанып солардың
қасында еңбек еттік. Еңбекпен жетілдік. еңбекпен ұшталдық.
Менің әкем осы ауданға аты
таныс белгілі күйші Амантай
Бозмағанбетұлы. Ел іргесіндегі Ортауда дүниеге келген әкем әйгілі
күйші
Тоқа
Шоңманұлының
туысы. Екеуінің арғы аталары
бірге туысқан. Кішкентай кезінен
домбыра шертетін әкем ауылға
келген күйшілердің домбыра тартысына бала жастан әуес болыпты.
Солардың домбыра
шертісін, күй тартысын көрген
әкем олар кете салысымен сол
күйді қайра тартып жаттығып
алады екен. Репрессия құрбаны
болған дәулескер домбырашы,
Тоқаңның күйшілік мектебінен
тәлім алған Рабат деген кісіден
көп күй үйренген екен. Әкем
Тоқаңның барлық күйлерін тартатын десем өтірік айтпағаным.
Елге сыйлы, күйші
болған
әкемнен кейін осы күйлерді
тартқызып, таспаға түсіреміз деп
адамдар келгені де есімде.
Анам Мағрима өте бір биязы жан еді. Қатты сөйлегенін
көрмеппіз. Он құрсақ көтергенімен сол кезеңнің
ауыртпалығынан ба көп балалары шетінеп, кейінгі
төртеуміз аман қалдық. “Аузы күйген үріп ішедінің” кері
келген әке-шешеміздің мен, Сағат, Рымкеш, Шынар де-
генде шығарға жаны бөлек еді. Үнемі қас-қабағымызды
бағатын шешеміздің қамқорлығын қалай ұмытайын.
Әкеміз түздің адамы. Теміржол бойында жұмыс істеді.
Біздің үйден қонақ үзілмейтін. Үнемі келген кісіні анам
қарсы алып шығарып салатын. Ол уақытта үйден шыққан
адамды кермеге дейін апарып, атына мінгізіп аттандыратын.
Анамыз әкемнің өнеріне сусап келген тыңдармандарына
ақ дастарханын жайып, бәйек болатын. Әкеме келген
адамдардың әңгімелері де керемет еді. Бұрынғы өткен батырлар, бектер мен шешендер, ер азаматқа бергісіз аяулы
аналар туралы аңыз әңгімелері тыңдармандарын тапжылтпай отырғызатын. Бала болсақта бізде сол әңгімелерге
қанып өстік. Бүгін ойласам біз рухани бай жандар екенбіз.
Бір әулеттен бүгінде Шынар бауырым екеумізған қалдық.
Сағат 34 жасында, Рымкеш 37 жасында өмірден озды.
Әкемнің домбыра тарту өнері бауырым Шынарыма
қонған. Алла тіл-көзден сақтасын. Әнде шырқайтына бар.
-Апа Сіз ұзақ жылдар сауда саласында қызмет етіпсіз,сатушылық мамандықты қайдан үйрендіңіз?
-Осы аудан орталығындағы теміржол бойының
тұрғындарының балаларына арналған №69 мектеп қазіргі
№132 мектепте оқыдым. 7 сыныптан кейін оқымадым. Ол
уақытта соғыстың зардабы өткен әкем
ауырыңқырап жүретін. Баланың үлкені
болғансоң әкеме көмектесейін, бауырларыма
қарасайын деген оймен оқуды тастап теміржол бойына жұмысқа шықтым. Әкемнің
қасындамын бірге жұмыс істейміз. Ауданда
сол уақытта екі айлық курстар оқытатын.
Мектепте есеп сабағына өте құмар болдым.
Соны байқаған әке-шешем жұмыс арасында курсқа барып, білім алуым керектігін
айтты. Сонымен курсты аяқтап дүкенге алдымен жай көмекші болып орналастым. Ол
кезең қаржы бар бірақ зат, дүние деген қат
кезеңғой. Елдің бар ойы тамағы тоқ, киімі
бүтін болса болды. Ешкім қазіргідей бірінен-бірі асып түсіп, жарысқан заман емес.
Сонымен бірте-бірте дүкеншілікке жеттім.
Ол уақытта шотпен есептеп, шот қағамыз.
Сөйтіп сатушылық жұмысым басталып,
өзіме жүктелген міндетті абыройлы
атқарып, "Ең үздік сатушы" атағын иелендім. 1995 жылы құрметті демалысқа
шықтым. "Талабың болса тау қопарасың"-демейме меніңде
әр жағымда есеп пен сатушылыққа байланысты талабым
болғанғой соның арқасында еңбекте бағым жанды.
-отағасы жайлы, отбасыңыз туралы айта өтсеңіз?
-1950 жылдардың ортасы егін шаруашылығын көтеруге
күш жұмсалды. Жер-жерлерде жерлер жыртылып, дәндідақылдар егілді. Сол кездегі саясат бойынша қамбаға миллиард тонна астық құйылу жоспарға қойылды. Осы кезең
аграном саласына жастарды тарту кезеңі болды. Ауылдарға
жас агрономдар келіп, жерді игеруді қолға алды. Біздің
ауданға да жоғарғы оқуды жаңа бітірген, жас агроном
Есекең (Ескермес Шамкенов) келіпті. Сонымен танысып,
сөйлесіп, 1959 жылы отбасын құрдық. Ол жаңадан
ашылған Дружба совхозында агроном мен балабақшада
аспазшы болдым. Есекең Жамбыл облысы Сарысу ауданы,
Байқадам ауылының тумасы. Студенттік жолдамамен біздің
өңірге келген ол межелі уақыттан кейін туған жеріне ауысты. Сөйтіп менің ата-анама таныс емес бөтен өлкеге мені
жіберу оңайға соқпады. Әкем марқұм:-Балам, көлден шөлге
жақсының жүзі жарқын
кетіп барасың, жүдеп-жадап кетесің-ау деп қимаса, анам:жеміс-жидек, ет пен сүттің орнын толтыра алар ма екен
деп күмәнданып қимай қоштасты.
Балаларымызды ертіп көшті Байқадамға түзедік.
Есекеңнің елі құшақ жая қарсы алды. Ата-дәстүр, салтты
ұстанған ауыл ғой үлкен-кіші "Ешқалқа ауылға келді"-деп
мәре-сәре болысты. Мен дүкенге сатушы болып орналастым, Есекең өз жұмысын атқарды. Бұл 1967 жыл болатын.
Арқа-жарқа күн кешіп жатқанымызда ауылдан суыт хабар
жетті. Әкем о дүниелік болыпты. Сонымен келесі жылы
арқа сүйер панасынан айрылған бауырларыма бас-көз боламын деген менің меселімді қайтармаған Есекем ауданға
қайта қайттық. Келе Ақтүбек совхозына қарасты Байғұл
ауылына қоныс тептік. Бақытты шаңырағымызда оншақты
бала өмірге келді. Аллаға шүкір ұлды ұясына, қызды
қиясына қондырдық. 1994 жылы Есекем мәңгілік мекенге
аттанды.
Балаларының
алдын қызықтағанымен
кейінгілерінің қуаныштарын көру оған бұйырмапты.
Бүгінде Сәкенім Жәйрем кентіндегі кен байыту комбинатында оператор-погрузчик болып еңбек етеді. Сәулем Приозерск қаласында мектепте мұғалім, Зәурем мал дәрігері,
Гүлнәзім сатушы, Қазкенім мен Қайыркенім "Қазақмыс" кор-
порациясына қарасты "Жомарт" кенішінде қызмет
атқарады. Гүлнәрім Байғұл ауылындағы бастауыш
мектептің меңгерушісі. Өмір бақи отағасы далада мен
дүкенде жұмыста болдым. Балаларым бірін-бірі жеткізді,
жетеледі, бақты. Үйдің үлкені Сәкенім бала кезінен
қолқабысым еді, әлі сол қалпынан танған емес. Бірін-бірі
жеткізген балаларымыз бүгінде өздері ата-ана, ата-әже
болып отыр. Алланың берген немер-жиендерімнің арасында
бақытты әже болып жүрген жайым бар. Шөберенің
алақанынан су ішкен әжемін,-деген Райхан апа жымиып
қойды.
Ғасырға тарта ғұмыр кешіп, ел ағаларымен, ауыл, аудан
басшыларымен сыйлас, дәмдес болған әулеттің анасы
бүгінде ел анасы атанған. Ұясынан ұшырған ұл-қызына
емес өскен елі мен келген жеріне де сыйлы.
-Игі жақсылармен сыйлас
болдық.
Жұмыстың
ауыржеңіліне қарамай еңбек еттік.
Сол еңбектің арқасында ел
алғысына кенелдік-деген Райхан
апа
бүгінгі кейбір тірлікке
көңілінің толмайтынын білдіріп
қалды.
Баяғы құрамалы қоршаулы
үйің болады деп бабалар
айтқанға жеттік-ау деп ойлаймын. Көршінің жүзін көрмейтін
кезге
тап
келдік.
Қонақжайлылық бар болғанымен
баяғыша
ауыл аралас,
қой
қоралас кезең кетіп барама?- деп
ойлаймын. Бәрі
бар. Жанға
керектің бәрін табуға болады.
Адамдар арасындағы ашкөздік
пен қанағатсыздық қайда апарып
соғар
екен
деген аналық
қорқынышым бар екені жасырын
емес.
Қазіргі
заман
жағдайдың жақсарған кезеңіғой.
Сол тыныштығымыз бұзылмай,
ынтымақта -бірлікте ғұмыр кешсек ойлаған мұраттарға жетеміз.
Ел іші тыныш болсын-деген ана бар бақытты тек
еңбектен табатынымызды баса айтты.
Ақ жүзін әжім торлаған, әз әжемге бізде бақыт тілей
қоштастық.
Салтанат АмАнҚыЗы
ЕсКЕ алу
Ескене ауылының тумасы болған ардақты әкеміз
жағыпаров Төкен жағыпарұлын сағынышпен еске
аламыз. Ұзақ жылдар бойы Қызылшоқы, Қараағаш ауылдарында мал шаруашылығы саласында еңбек еткен. Біздің
көкейімізде әкеміздің қасиеттері, өмірге деген өжеттілігі
әрқашанда көз алдымызда. Биыл тірі болса 70 жасқа келер
еді. Жаны жәннатта болсын.
Балаларын беделіне балаған,
Бақытты боп жүргендерін қалаған.
Бізді бағып, қуанышпен өсірген,
Тірі болсаң келер едің 70-ке.
Амал қанша тағдырдың шешіміне,
Тербелсін жаның жәннат бесігінде.
Аяулы әкеміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алла артыңда қалған ұрпақтарыңа ұзақ ғұмыр берсін.
еске алушылар: жұбайы- Қырмызы, балалары-Толқын, Берік, перизат,
еділ, күйеубаласы - жанат, келіні-Салтанат, немерелері- мұхаммедәлі,
Қыдырәлі, мәриям
ЕсКЕ алу
Қараағаш ауылының тумасы, асқар таудай әкеміз,
ардақты ата Смайылов Съездің өмірден өткеніне 22
қыркүйек күні 1 жыл толады.
Тағдырдың жазуына бағынбайтын пенде бар ма, өкінішке
орай ардақты да асыл жанды арамыздан алып кетті.
Жүрегіміз қимастық сезімге толып, екі көзге мөлтілдеп
жас келеді. Енді қолдан келері, құран оқып, дұға
бағыштау, марқұмды еске алып, есімін ардақтап ұмытпау.
Жан едің құрмет тұтқан туыс-туғанға,
Жанардан қайғы-мұң боп жас тамады.
Жиналып ұрпақтарың, туыстарың,
Жаз бейнең жақсы ісіңді еске алады.
Бақиға кете бардың жол алдың да,
Санамыз соны ойласақ толар мұңға.
Жан әке, жанымыздан мәңгі өшпейсің,
Орның тұр үңірейіп төр алдында.
еске алушылар: балалары, немерелері, шөберелері.
Әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл толуына байланысты 22 қыркүйек күні
Қараағаш ауылының тойханасында сағат 13:00-де құран бағышталып,
құдайы ас беріледі
ЕсКЕ алу
Байдалы би ауылының тұрғыны болған, ардақты да
қымбатты бауырымыз, ұлының асқар таудай әкесі АуданАуданбай Құсайынұлының небары 47 жасында өмірден
өткеніне 3 жыл толып отыр. Егерде ардақты азаматымыз
тірі болғанда 19 қыркүйек күні 50 жасқа толар еді. Бірақ
Алла бізге оны көруді жазбапты. Бауырымыз жүрген ортасына сыйлы, ағайын-туысқандарына қамқор, мейірбан
жан еді. Амал нешік бүгінде сағым бейнесі көңілді
құлазытып, жүректі сыздататын сағынышқа айналды.
Есімі уақыт өткен сайын жадымызда жаңғырып,
санамызға сәуле себеді. Оның атқарған істерін, айтқан
сөздері мен қылықтарын еске алып, көңілге медеу
тұтамыз. Марқұмды сағына еске алып, аруағына құран
бағыштағаннан басқа қолдан келер шара жоқ...
Алладан иман тілеп, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын дейміз.
Сағынышпен бейнең әлі тұр есте,
Уақыт шіркін зымырайды емес пе.
Үш жыл болды арамыздан кеткелі,
Елжіреумен еске аламыз өзіңді.
Мәңгілікке кеттің ғой сағындырып,
Өмір заңы қойды ғой бағындырып.
3 жыл міне, өзіңсіз өтсе дағы,
Елестейсің көзімізге сағым болып.
еске алушылар: баласы - мағжан, апа-жезделері, бауырлары
ЕсКЕ алу
М.Жұмажанов ауылының тұрғыны болған, ардақты жар,
аяулы жан, ақ көңіл, асыл әже, шаңырағымыздың
үміткер
ұйытқысы болған анамыз Төлеуова
мейрамқызының арамыздан алыстап мәңгілік мекеніне аттанғанына жыл толды.
Ақ көңіл арай төккен маңайына,
Аз ғұмыр жазылды ғой маңдайыңа.
Сағына еске аламыз жан Анашым,
Тек қана суретіңе қараймызда.
Жоқтығыңа сене алмай елеңдейміз,
Жаратқанның ісіне бағынамыз.
“Ана” деген ең биік қастерлі есім,
Мәңгі бақи сақталар санамызда.
еске алушылар: Түсіповтар әулеті
анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай 20 қыркүйек күні сағат
13.00-де Халық мешітінде құдайы ас беріліп, құран бағышталады. Осы асқа
анамызды танып-білетін, жақын ағайын-туыс, жора-жолдастарын
шақырамыз
7
15қыркүйек, 2018 жыл
ЕсКЕ алу
Өзінің табиғи қасиетімен көптің құрметіне бөленген асыл
анамыз, балаларына қамқор болған, ағайын-туыстың
қадірлісі, немере-шөберелерінің сүйікті әжесі жарке шова жаңыл жұмашқызының арамыздан алыстап,
мәңгілік мекенге аттанғанына 23 қыркүйек күні 1 жыл толады.
Алтын құрсақты анамыз өмірге он бір бала әкеліп, ұлын
ұяға, қызын қияға қондырған батыр ана. Барлық балаларын оқытып, қазіргі уақытта балалары біздің елдің басты
қалаларында, ал төрт немересі шет елдерінде абыройлы
қызметтер атқаруда.
Алланың жазуына не шара, анамыздың жатқан жері
жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта, қабірі Алланың
нұрына толсын. Амал не, ендігі бізден бұйыртатыны
бағышталатын дұға ғана. Ана, жаныңыз
жәннатта, орныңыз пейіштің төрінде бол- Тағы сенсіз, таңым болды бұл атқан,
сын.
Тағдыр ғой бұл – талайларды жылатқан.
Бізден кетіп мекендедің аспанды,
Бұл күндері сұраймыз тек, Алладан,
Өзіңді іздеп талай көзден жас тамды. Орын бер, деп анамызға жұмақтан.
Сағыныш пен өкініші кетпейтін,
Ана, енді сенсіз күндер басталды.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері, шөберелері
23 қыркүйек күні сағат 13.00-де аяулы анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл
толуына орай «Жаңаарқа» мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, кейінгі жылдары
Қарағанды қаласының тұрғыны болған, асыл жар, балаларына сүйікті ана, аяулы да қымбатты әже бола білген
Сара Әліпқызының бақилық болғанына 22 қыркүйек
күні 1 жыл толады. Анамыздың ақжарқын бейнесі, айтқан
әрбір сөзі ұмытылмақ емес. Аяулы жанның жатқан жері
жайлы, тәні рахатта, жаны жәннатта болып, қабірі нұрға
толсын деп Алладан тілейміз.
Аттанып кеттің келмеске,
Иманың болсын жолдасың.
Артыңда қалған ұрпағыңды,
Бір Тәңірім қолдасын.
Құдірет қиыстырған шебер екен,
Адамзат салғанына көнеді екен.
Жатқан жерің әрдайым жайлы болып,
Қабіріңе тек Алланың нұры жаусын.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Темірғали, балалары Құрал-Зиягүл,
орал-Әсел, немерелері-нұрсұлтан, Бексұлтан, Айбат, ділназ, Әли, жамилә,
Айша
22 қыркүйек күні сағат 13.00-де Халық мешітінде анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, шаңырақтың тірегі,
анасының сүйікті ұлы, балаларына абзал әке, ағайынтуысқа дос жаранға өзінің мейірбандылығымен сыйлы да
құрметті азамат бола білген жиеніміз жексенбин ерден
оралұлының бұл өмірден бақилық болып, озғанына 10
жыл толып отыр.
Бүгін де оның жарқын бейнесін сағынышпен еске алып,
Ерденнің аруағына дұға бағыштап, жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болсын дейміз.
Ғұмыр жасың қысқа болды бұл жалғанда,
Арамызда жүрсең егер арман бар ма.
Арыздасып, қоштаса алмай зар жыладық,
Айырылдық, амал қанша қапияда.
Иманың болсын жолдасын,
Бір Алла сені қолдасын.
Пейіштен болсын орының,
Аяулы біздің азамат.
Рухына тағзым етушілер: нағашы шешесі-күлжан, анасы-мәрияш, бала лары ерасыл, нұрасыл, нағашылары мен бөлелері
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, бірімізге қадірлі әріптес,
бірімізге
аяулы
ана
Абикаева
Айнагүл
Білгелдіқызының өмірден өткеніне 22-қыркүйек күні
40 күн толады. Ардақты анамызды сағына еске ала отырып, жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.
Жан барда жарық дүние сыйдай бөтен,
Адамның жанарына сыймайды екен.
Сіз кеткен жаққа алаңдап қарайлаймыз,
«Жоқ» деген сөзге көңіл қимайды екен.
Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан ана, топырағың торқа болсын.
Иманың мәңгілікке жолдас болып,
Аруағың ұрпағыңды қолдап жүрсін.
Сағына еске алушылар: балалары және әріптестері
аяулы анамыздың қайтқанына 40 күн толуына орай 22 қыркүйек күні
“сұлтан” мейрамханасында сағат 13.00-де құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
Құттықтаймыз!!!
Алғабас ауылының тұрғыны, әулеттің тірегі, абзал азамат, қасиетті
«Бала бақсы» жерінде кішкенеден тай-құлындай бірге өскен досымыз Сүндетулла Рахметуллаұлын асқарлы 60 жасқа келуімен
құттықтаймыз. Бауырларына қамқор, балаларына, немерелеріне
асқар таудай әке-ата, Күләштай жеңгемізге адал жарсыз. 60-қа
алқынбай келдіңіз, алдағы Алла берер жастарға да жете беріңіз.
Көрер қызықтарымыз көп болып, бірге тойлауға жазсын.
Ел ағасы жасқа келдің кемелді,
Уақыт шіркін қандай жылдам жеделді.
Отау құрдың «әке» атаңдың балаңа,
Немереңе «ата» атандың беделді.
Бейнетіңнің зейнетін көр бауырым,
Бүгін сені құттықтайды қауымың.
Ел сыйлаған азамат боп жүре бер,
Қасиетті Алғабастай ауылдың.
игі тілекпен: достары-Алдан-Рымкеш, шалатай-Зүбайра, Абай-Зәмзәгүл, дәрібайБақытжамал
“учаске” атты профилактикалық іс-шара
Қарағанды облысының ІІД-нің нұсқауына сай, 2018 жылдың қыркүйек
айының 5 мен желтоқсан айының 5 аралағында “Учаске” атты
профилактикалық іс-шара өткізілуде. Бұл үлкен іс-шараның басты мақсаты
аудан көлемінде жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсететін әкімшілік
учаскелерде құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру, халық арасында учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі
істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді
қарым-қатынас орнату болып табылады.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде пәтерлер және үйлер бойынша әкімшілік учаскелерді тексеру, ІІО-ның есебінде тұрған адамдарды
мекен жайы бойынша тексеру, азаматтық қару иелерінің олардың сақталу
жағдайларының тәртібін, сондай-ақ ден қоюдың тиісті шараларын қабылдай
отырып, бұрын жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің бар
жоғын есептер бойынша тексеру, базарлар мен өзге сауда орындарын, сондайақ көші-қон заңнамаларын бұзу мәніне азаматтардың шоғырланатын жерлерін,
оның ішінде қоғамға қарсы іс-әрекеттер мен кәмелетке толмағандар
арасындағы қадағалаусыз және панасыз фактілерді анықтау, жолын кесу
мақсатында тексеру, саяжай алқаптарын, құрылыс объектілерін, оның ішінде
тоқтатылған және тасталған, шатырларды, жертөлелерді, кәріз құдықтарын тексеру, тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілерін анықтау бойынша салық органдарына хабарлай отырып, жалға берілетін пәтерлерді
анықтау және тізімін құру, елімізде болу ережесін бұзған шетелдіктерді, елден
шығару туралы соттың шешімін орындамағандарды, заңсыз көші-қонды
ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күштерін тарту ережелерін
бұзған жұмыс берушілерді анықтау, криминалдық полиция және экстремизмге
қарсы күрес бөліністерін ақпараттандыра отырып, құқыққа қарсы бағытталған
адамдар, оның ішінде радикалдық діни ағымдарға қатысты белгілері бар адамдар, олардың жиналатын және тұратын орындары туралы жан-жақты
ақпараттар жинау, заңсыз жұмыс істейтін діни бірлестіктерді, тіркелмеген діни
таратушыларын анықтау мақсатында мешіттер, шіркеулер, өзге дін
құрылыстары тексеруге.
ҚР ӘҚБК-нің 73, 505, 434, 461, 440, 492, 493, 517, 484, 486 баптарын анықтау
мақсатында жұмыстар атқарылуда. “Учаске” атты профилактикалық іс-шарасы
бағытында жұмыстар атқарылуда.
Осының негізінде, “Учаске” атты жедел профилактикалық іс шара өткізілу
кезінде қылмыстардың алдын алу және құқықбұзушылыққа жол бермеу үшін
құқық қорға органдары мен мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, бірлесіп жұмыс атқару қажеттігі сұралады.
ж.АБдиков,
жаңаарқа ауданының ІІБ-нің жпҚ бастығы, полиция подполковнигі
жшС басшысы - бас редактор
еРАЛинА САЛТАнАТ АмАнҚыЗы
меншІк иеСІ: аудандық ”жаңаарқа“ газеті жшС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ889261201186721004, Бин 010340002761, Бик KZKокZKX, код 17,
Рнн 240400001948, Ао “казкоммерцбанк”
хабарландыру
объявление
17 сентября 2018 года, в 15.00 часов, в актовом зале здания дома культуры поселка Кызылжар состоятся
общественные слушания по объекту: «Реконструкция мостового перехода через реку Сарысу пос.Кызылжар Жанааркинского района, Карагандинской области». Слушание проводит ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жанааркинского района».
Телефон для справок: 8(71030)2-70-88, 2-83-85.
Гу “отдел жилищно-коммунального хозяйства,
пассажирского транспорта и автомобильных дорог жанааркинского района
«Алаяқтық қылмысты» алдын алайық !
Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 04.01.2018 жылғы № 3 бұйрығымен бекітілген 2018-2020 жылдарға
арналған «Бөтен мүлік ұрлығына қарсы» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан аумағымызда қазіргі
танда басты мәселелердің бірі болып отырған «Алаяқтық қылмысты алдын алу және болдырмау».
Меншікке қарсы таралған қылмыстардың бірі алаяқтық болып табылады. Алаяқтық адам іс-әрекетінің
әр түрлі салаларына еңген. Алаяқтық тәсілдері әртүрлі және бақыланбайтын кірістердің кіруіне, бөтеннің
мүлкін заңсыз иеленуге бағытталған. Аталған қылмыс түрінде жасалынатын қылмыстардың жолы бір
талай, ол ең жеңіл, оңай тәсілдерден бастап (ескі ақшаны жаңаға ауыстыру кезінде ақшаны алдап алып
кету, ұялы телефонмен сөйлесуің сұрай тұрып, пайда күнемдік оймен ұялы телефондарды алып кету),
қиын тәсілдермен азаматтарды алдатудан бітеді, яғни ондай тәсілдердін бірі: алаяқтықтан қорлық көрген
азаматтардың жеке мүліктеріне иемдену болып табылады (мысал ретінде, тұрғын үй кешендерін сатуда
немесе сатып алуда құжаттарды жалған жасап, жылжымайтын мүліктерге иелік ету).
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы бойынша алаяқтық түрінде жасалатын қылмыстардын келесі
түрлері кеңінен таралған: 1.Интернет желісі арқылы жасалатын (мысал ретінде, ОLХ, ВК әлеуметтік желісі
арқылы жұмыспен қамтамасыз ету, кезкелген ұтысқа ие болу т.б.). 2. Әр түрлі қызмет көрсету түріндегі
және келісім-шарттардың талаптарын орындалмауы. 3.Жылжымайтын мүліктердің алаяқтардын өз аттарына немесе туыстары, жақсы таныстарының аттарына құжаттарды жалған жасау арқылы пайда күнемдік
оймен аударып алу. 4. Банк жүйелерінде несиелерді алдау арқылы рәсімдеп алу. 5. Қарызға ақша алып сонында қарызға алған қаражаттарды қайтармау.
Алаяқтық түріндегі қылмыстардың алын алу, алаяқтық тәсілмен жасалған қылмыстардан зардап шеккен
азаматтарды ондай қылмыстардан жәбірленуші болудан, қорлық көруден сақтау үшін әр істі жасар алдында
бағалап, анықтап алыныз.
жАңААРҚА АудАнының ІшкІ ІСТеР БөЛІмІ
Кредиты АКФ - это поддержка сельских
жителей, занимающихся разведением скота,
торговлей, производством, услугами и производственной деятельностью. Сумма группового кредита (группа от 3 до 10 человек)
до 500 000 тенге на каждого, индивидуального без залогового кредита – до 1 000 000
тенге, под залог недвижимости – до 19 000 000 тенге.
Мы выдадим Вам кредит на разные цели: •Закуп скота, сена и других кормов, ремонт и построек жилищ для скота и прочие сельскохозяйственные цели; •Развитие бизнеса - закуп
товара, сырья, оборудования; •Кредиты на ремонт и утепление дома, оплату обучения, покупку техники и прочие потребительские цели; •Потребительские кредиты
Преимущества кредитов АКФ: •Отсутствие комиссионного сбора; •Быстрое предварительное рассмотрение заявки на кредит! Мы ценим Ваше время!; •Предусмотрено снижение
процентной ставки при получении повторного кредита; •При рассмотрении Вашего бизнеса
мы оценим и проанализируем Вашу деятельность, и покажем Вам текущую ситуацию бизнеса; •Предложим индивидуальный (гибкий) график погашения
наш адрес: п.Атасу, ул.Тауелсиздик, 5\1. контактные телефоны: тел. 8 (710-30) 280-47, нурсултан + 7 771 266 57 00, Акмарал + 7 707 344 38 04
“Аудандық “жаңаарқа” газеті редакциясы”
алғашқы сәулетші, аудан басындағы бірнеше
ғимараттың авторы Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші
бауырымыз ерік дәулетов 17-қыркүйек күні 60 жасқа
толар туған күнімен құттықтаймыз. Ардақты
азаматымызға зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбегіне
жеміс, ұзақ өмір тілей отырып жұбайы Гүлнәр екеуі үш
балапандарының қызығын көруіне тілектеспіз.
60 жас мерейтой құтты болсын,
Үйіңізге құт-береке ырыс қонсын.
Бала-шаға, дос, туыс аман болып,
100-ге дейін жетіңізші көңіл толсын.
Әрқашан бақытыңыз ортаймасын,
Жүзіңізден ешқашан нұр таймасын.
Қуаныш шаттық ойнап жанұяда,
Шаңырақта тек қана той тойлансын.
Ізгі тілекпен: анасы-назымгүл, апа-жезделері, іні-келіндері, қарындастары
«Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік
жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылы қыркүйек айының 17 күні сағат 15.00 де Қызылжар
кентінің мәдениет үйінің мәжіліс залында «Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің
Сарысу өзенінен өтетін көпірлі өткелді қайта қалпына келтіру» нысаны бойынша тындау өткізеді. Ақпарат
телефоны: 8(71030)2-70-88, 2-83-85.
“жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мм
уважаемые жители жанааркинского
района!
АЗиАТСкий кРедиТный Фонд предлагает
БеЗЗАЛоГовые и ЗАЛоГовые кРедиТы групповые и индивидуальные кредиты!
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тумасы, ауданнан шыққан
хабарландыру
«Алтын Кокус» ЖШС 17.10.2018 ж. жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де, Жаңаарқа
ауданынның әкімшілік ғимаратында, Қарағанды облысындағы Коккус (Ынталы) кен орнында алтынды барлау жөніндегі 14.06.2006 ж. №2068 келісім шарт бойынша 2 жылдың
ішінде жүргізілетін барлау жұмыстарының өзгертілген жоспарын және қоршаған ортаға
әсерді бағалау (ҚОӘБ) бөлімдері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігін хабарлайды.
Мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген жобалармен мына мекен-жай бойынша
танысуға болады: Алматы қ., Тілендиев көш., 258 "В". Тел./факс: +7 (727) 303-43-26, "Два
Кей" ЖШС (жоба әзірлеушілері), және ММ «Қарағанды облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» ресми сайтында.
объявление
ТОО «Алтын Кокус» сообщает, что 17.10.2018 г. в 11.00 местного времени, в здании
акимата Жанааркинского района будут проводиться общественные слушания по измененному плану разведки на производство оценочных работ на золоторудном участке Коккус
(Ынталы) в период на 2 года к Контракту №2068 от 14.06.2006 г. на проведение разведки
золота на участке Коккус (Ынталы) в Карагандинской области Республики Казахстан с
разделом оценки воздействия на окружающую среду (ОВОС) к вышеуказанному плану.
Заинтересованным лицам можно ознакомиться с вышеуказанными проектами по адресу:
г. Алматы, ул. Тлендиева, 258 «В».Тел./факс: +7 (727) 303-43-26, ТОО «Два Кей» (разработчики)., а также на сайте ГУ «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области»
Құрылтайшысы: жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1616 дана
Тапсырыс №38
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
44
Размер файла
38 340 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа