close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 42 Жанаарка газеті

код для вставки
№42 (9878), 13 қазан, 2018жыл
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ:
ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Құрметті қазақстандықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық,
конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның
аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.
Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор
жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы
халықаралық серіктес ретінде танылдық.
Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік
қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды.
Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық
және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз
етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық.
Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5
жасқа жетті.
Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық.
Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары
көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.
Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және
орта бизнес нығайып келеді.
Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде
Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді.
Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.
Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті
бағдарламалық бастамалар жасадым.
Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі
факторына айналды.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай
әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын
«Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды
бастадық.
2018-2019 жылдардағы жылу беру
мерзімінің басталуы туралы
2018-2019 жылдардағы жылу беру мерзімін білім мектептері мен балабақшаларға,
аудандық ауруханаға және тұрғын үйлерге 2018 жылдың 10 қазанынан, ал бюджеттік мекемелерге 11-15 қазан күндерінен бастап жылумен үзіліссіз қамтамасыз етілуін, жылу беру
науқанын кедергісіз өтуін қадағалауды күшейту мақсатында:
1. Аудандық бюджеттік мекемелер мен тұрғындарды электр қуатымен, жылумен, сумен
қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты топ құрамы (№1 қосымша) құрылсын.
2. Атасу, Қызылжар кенттері, ауылдық округ әкімдеріне 2018 жылдың 10 қазанынан бастап
қызмет көрсетуші мекемелерімен жасалған келісім-шарттарға сәйкес 2018-2019 жылдары
жылу беру мерзімінің өту барысында бюджеттік саладағы объектілердің жылумен үзіліссіз
қамтамасыз етілуін ұйымдастыру тапсырылсын.
3. Аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Әштаевқа, аудандық дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы А.Қарабаевқа, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы міндетін атқарушы М.Қанапинге және аудандық аурухана директоры
С.Күлмағанбетовке қызмет көрсетуші мекемелермен келісім шартқа отыру тапсырылсын.
4. Бюджеттік мекемелерінің басшыларына:
-жылу беру мерзімінің тиісті деңгейде өтуіне жауапты қызметкерлер тағайындап, әр бюджеттік мекемеде температуралық режимнің есебін жүргізетін арнайы журнал ашылсын.
5. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік
жолдары бөлімінің басшысы Ж.Бөгенбаевқа:
1) қазандықтармен АЖЖ-ге жауапты қызметкерлер тағайындалып, оларға арнайы ашылған
журналға күнделікті кеткен отынның шығынының жазылуын қадағалау;
2) Температуралық кестені бекіту.
3) Бюджеттік мекемелердің қызметкерлерінен құралған тәулік бойына кезекшілік кесте
әзірлеу тапсырылсын.
6. «Жаңаарқа жылу» КМК директоры М.Әбілдиновке:
1) бекітілген температуралық кестемен жұмыс істеу;
2) от жағушыларды техникалық қауіпсіздік нұсқаулықпен қамтамасыз ету;
3) қазандықтарда кезекшілік журналдардың болуы;
4) от жағушыларды оқыған құжаттарымен қамтамасыз етсін.
7. 2018-2019 жылғы жылу беру мерзімінде қазандықтарға жауапты аудан, кент әкімдері
аппаратының жауапты қызметкерлері мен кәсіпорын басшыларының тізімі ( қосымша №2)
бекітілсін.
8. Аудан әкімінің орынбасары, топ басшысы Б.Мұқановқа жылу беру мерзімінің өтуі туралы аудан әкіміне күнделікті мәлімет беріп отыру тапсырылсын.
9. Осы өкімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Аудан әкімі
Ю.Бекқожин
Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын
жарияладық.
Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.
Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің
жаңа моделін құру.
Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі
арттыруға деген зор сенім ұялатады.
Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз.
Құрметті отандастар!
Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерістері күшейе түсті.
Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.
Мызғымастай көрінген жаһандық қауіпсіздік жүйесінің
тұғыры мен халықаралық сауда ережелері бұзылуда.
Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру
еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына
қатысты талаптарды күрделендіруде.
Қаржы жүйелерінің мүлде жаңа архитектурасы түзілуде.
Бұл орайда қор нарықтары кезекті қаржы дағдарысына
алып келуі мүмкін жаңа «сабын көбігін» үрлеуде.
Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса
түсуде.
Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және
мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы –
адамның даму мәселесі болып отыр.
Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік
компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа
айналуға тиіс.
Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке
лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын.
***
(жалғасы 4-ші бетте)
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Жолдау-жаңа серпін берді
Биылғы Елбасы Жолдауын ерекше ықыласпен, жоғары көңіл күймен тыңдадым. Негізгі
стратегиялық мақсатымыз -2050 жылға қарай дамыған, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына
кіру болса, сол мақсатқа жету үшін елімізде атқарылып жатқан іс –шаралардың орасан зор
екенін білеміз. Бүгінгі Жолдау ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында жолданды. Көп
жақсы жаңалықтар айтылды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бюджет саласы қызметкерлерінің
жалақысы 35 пайызға өсетін болды. Жаңа жылда педагог статусы туралы заң қабылданатын
болды. Әсіресе, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту, біліктілікті арттыру,
тәрбиешілер мен балабақшада жұмыс жасайтын басқа да қызметкерлердің еңбекақысын
қайта қарастыру мәселелері сөз болып, жол картасы әзірленетіні балабақша қызметкерлері
үшін тың жаңалық болды. Елбасы мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуді ұсынды. Болашақ жастардың қолында деп келесі жылды “Жастарды қолдау” жылы деп бекітуді ұсынды. «Ауыл-ел бесігі» жобасы әзірленіп,
дайындалатын болды. Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін
7-20-25
бағдаламасымен қалай баспаналы болу механизмін түсіндірді. Алғашқы жарнаның белгілі
бір мөлшеріне арнайы субсидия алу үшін әлеуметтік сала қызметкерлеріне сертификаттар
беру үшін арнайы жобалар әзірлеуге үкіметке тапсырма берілді. «Өз жеріңді танып біл»
атты мектеп туризмін дамыту керектігі айтып өтілді.
Елбасы сөзімен айтқанда, бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Тек бірлесе отырып еңбек етсек қана, қазақ елі
Мәңгілік елге айналары сөзсіз.
Д.ЖУМкиНА,
«Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі
Жастар жылы - жастарға күш жігер береді
Бүгінгі Елбасымыздың Жолдауында қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған
еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Қазақстандықтардың оның ішінде
жастардың әл–ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған жұмыстар жайында айтылды. 2019
жыл жастарға қуат беретін – жастар жылы болып жариялануы. Осы жаңашылдық заманында мемлекетімізді алдыңғы қатарлы көштен қалдырмай, алға тарту, жастардың алдында
тұрған мақсат. Жолдауда жүктелген бұл міндеттер ойдағыдай іске асқан жағдайда,
жастардың болашаққа деген сенімі артып, жігерлене түседі. Ендеше, жастарды білімге, ізденіске еңбекқорлыққа шақырамын.
Е.ДАхБАй,
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті
13 қазан 2018 жыл
2
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Дамудың даңғыл жолында
Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікте
ғұмыр кешіп, ұлт болып ұйысып,
тұрақтылықты ту етіп, толағай жетістіктерге
жетіп жатқанына жаһан жұрты куә. Бұл
ретте, мемлекет басшысы ел дамуының
ерекше жолын айқындап, жұртшылық назарына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының
өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»
атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың
жарқын
бейнесін
әрдайым
анық
бағдарлайды. Кемел келешектің қандай болатынын, оған жету жолында табысқа кенелу үшін қандай жұмыстар атқару
қажеттігін де айқындап келеді. Мемлекет
басшысының көрегендігі мен сұңғыла саясаткерлігін 5 қазандағы Жолдауы да
дәлелдеп берді. Әр қазақстандық, әр отбасы,
әр келешек ұрпақ үшін аса маңызды бұл
құжат ортақ Отанымызды көркейтуге, ел
бірлігі мен ұлт тұтастығын тамырлы етуге
бағытталған дер едім. Мемлекетіміз әлем
жұртшылығын
дамыған
ғылымы,
өркендеген білімі, қарыштаған экономикасы
арқылы мойындатату тиіс. Жолдау мақсаты
да осыны басты қағидаға, темірқазығына
айналдырған. Сөйте тұрып, жарқын
болашаққа деген сенімімізге серпін береді.
Көптің көкейінде жүрген арман-мұрат Елбасы көтерген жаңа бастамаларға дөп келетіні де сондықтан. Жолдаудың әр тармағы
қазіргі уақыт жағдайына сай айтылған.
Мамандығым мұғалім болғандықтан,
Елбасының білім саласы туралы айтқан әр
бастамасына мұқият назар аудардым.
Сондықтан,
бұл
Жолдау
педагог
мамандардың мәртебесін арттыруға ерекше
ықпал береді деген сенімдемін. Президент
білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс дей
келе, нақты ұсыныстар берді. Болашақ
ұрпақтың сапалы білім алуы үшін оқытудың
заманауи технологияларын енгізу, білімге
қолжетімділікті кеңейту – Қазақстанның
одан әрі қарыштап дамуына зор үлес қосары
сөзсіз. Білімін дамыта алмаған ел
тығырыққа тірелетінін бұрыннан айтып келе
жатқан мемлекет басшысы бұл жолы да сапалы білім мен мамандардың біліктілігі
жайлы толымды ой толғады. Ең бастысы –
мұғалімдерге деген қамқорлық бөлек.
«Педагог мәртебесі туралы» заң шығару
жөніндегі Президент сөзі шәкірт тәрбиелеп
жүрген әр ұстазды елең еткізді деп білемін.
Яғни, ұстаздар қауымына деген көзқарас
өзгереді. Педагогтардың жалақысын арттыру, олрады қызметінен тыс жұмыстарға
жұмсауға болмайтыны туралы ұсынысы
айрықша қолдау табады деген ойдамын.
Заңда мұғалімдердің құқық мәселесі,
әлеуметтік қорғалуы, ұстаздар мен мектепке
дейінгі білім беру қызметкерлерін ынталандыру жайы да қарастырылмақ. Расымен де,
мұғалімдердің жүктемесі көбейіп кетті.
Мұғалім деген ізденімпаздықты талап ететін
мамандық. Оқушыға лайықты білім беру
үшін уақыт тапшылығы деген мәселе болмауы керектігін Президент алға тартса, сең
қозғалары сөзсіз. Ұстаздар үшін жасалатын
осындай қамқорлық пен қолдау қоғамда
мұғалімге деген сенімді арттыратыны белгілі. Мемлекет басшысы жеткізген бұл
ақжолтай мәлімдеме мұғалімдердің төл мерекесінде жасалған лайықты тарту болды
дер едім.
Мемлекетіміз дамыған отыз елдің ортасынан ойып тұрып орын белгілеуі үшін Жолдауда
айтылған
міндеттердің
бәрі
орындалуы қажет. Ал, ол міндеттерді орындау – әр Отандасымыздың парызы.
Сондықтан, Жолдауда атап көрсетілген
мақсат-міндеттерді жұмыла іске асырсақ, ел
экономикасы өркендеп, Қазақстанның абырой-беделі асқақтай түсетіні сөзсіз. Ендігі
кезекте, әр қазақстандық осы береке-бірлік
пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып,
ел іргесін бекітуге үлес қосуы тиіс. Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен
байланыстырады. Ендеше, білім мен
тәжірибені ел игілігі мен келешек ұрпақтың
ғажап өмір сүруі жолында жаңғырта білуіміз
керек.
Бұл ретте, біздің ұжым да Жолдауда
көрсетілген асқаралы міндеттерді толықтай
қолдай отырып, оны жүзеге асыру кезінде
бар күш-жігерін салмақ.
Н.ШАМАЕвА,
№ 132 ЖоББМ ұстазы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –
бәріміздің міндетіміз!
Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғамдық
сананың рухани жақтан емес, материалдық
тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Сыбайлас
жемқорлыққа немқұрайлық–қоғамның ең
өзекті мәселесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай: «Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу
керек. Сыбайлас жемқорлық–жай ғана
құқық бұзушылық емес. Ол мем- лекеттің
сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық
қауіпсіздігіне қауіп төндіреді». Ал, қоғам дегеніміз – сіз
бен біз, яғни, біздің заңға, қоғамдағы
өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық
ахуалымызға деген бір-біріміздің қарымқатынасымыз Демек, зұлымдықтың тамырын
қоғамның өзінен іздеген жөн. Біз бұл
әлеуметтік зұлымдықтың себебін мынадан
іздейміз–сыбайлас жемқорлықтың неден басталғанын байқасақ та,
байқамаған сияқты тұрамыз. Бірақ бәрі
содан басталады.
Біз әділетсіздікті көргенде мемлекетті
кінәлап, өз ренішімізді білдіреміз, алайда,
сыбайлас жемқорлықпен күресуге келгенде
ешқайсымыз
атсалыспаймыз.
Біздің
көптеген
азаматтарымыз
күнделікті
тұрмыстағы сыбайлас жем-қорлықты
заңдастырмайды, кейде олар мұны солай
болу керек деп те ойлайды. Мұндай
жағдайда мемлекет те, ешқандай құқық
қорғау органдары да ешнәрсе істей алмайды.
Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін, әрбір азамат атсалысып,
өзіндік үлесін қосуы керек, яғни,
Аудан әкімінің 2018 ж. «___»_______№ ___ өкіміне қосымша №1
Аудандық бюджеттік мекемелер мен тұрғындарды электр
қуатымен, жылумен, сумен қамтамасыз ету жөніндегі
мақсатты топ
Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы
Түсіпов Амангелді
Сағынтаев Саят Мейрамұлы
Аманбаев Айдархан
Әштаев Тілеш Бейсембайұлы
Қарабаев Аллаберген
Исина Айгүл Үмбетжанқызы
Әбілдинов Мейіржан
Әбдішев Марат Түйтеұлы
Рудницкий Константин
Бөгенбаев Жангелді
-аудан әкімінің орынбасары, топ жетекшісі
- Атасу кентінің әкімінің м.а топ жетекшісінің орынбасары
Топ мүшелері:
-аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- аудандық білім бөлімі басшысы
-аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
- «Мәдени- сауық орталығы» КМҚК директоры
-«Жаңаарқа-Жылу» КМК-ның директоры
- «Тазасу» КМК-ның директоры
-«Сәкен және компания» ЖШС директоры (келісім бойынша)
- аудандық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы
Аудан әкімінің 2018 ж. «___»____ № ___ өкіміне қосымша №2
2018-2019 жылғы жылу беру мерзімінде қазандықтарға
жауапты аудан, кент әкімдері аппаратының жауапты
қызметкерлер мен кәсіпорын басшыларының тізімі
Қазандықтар жұмысына жауаптылар
Рет
саны
Қазандықтар, АЖЖ атауы
Топ мүшелері
Аппараттың жауапты
қызметкерлері
1.
№1 локалдық жылу қазандығы
Б.Мұқанов.
Қ.Балтабаев
2.
№2 локалдық жылу қазандығы
Қ.Қожықаев
М.Біргебай
3.
№3 локалдық жылу қазандығы
Б.Серіков
Б.Ақыжанов
4.
№4 локалдық жылу қазандығы
Ж.Абдиков
Н.Ахметов
5.
№5 локалдық жылу қазандығы
А.Әбдіғожин
А.Құдабаев
6.
№6 локалдық жылу қазандығы
А.Түсіпов
Д.Қазбеков
кәсіпорындар мен
ұйым басшылары
М.Әбілдинов
Ж.Бөгенбаев
М.Әбілдинов
М.Қуанышбеков
М.Әбілдинов
А.Түсіпов
М.Әбілдинов
А.Қарабаев
М.Әбілдинов
Т.Әштаев
М.Әбілдинов
А.Икенов
азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа деген
көзқарасын өзгертпейінше, нәтижеге жету
мүмкін емес. Сыбайлас жемқолықпен
күресу – қоғамның және әр азаматтың ісі
екенін әр қазақстандық әр отбасы түсінуі
керек.
Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Ұрпағыңызға
асыл мұра ретінде арсыздықты әкелетін
байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты
қалдыр».
Сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының
бұзылуына, адамгершіліктің тапталуына,
адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл
қоғамдық сананың рухани жақтан емес,
материалдық
тұрғыдан
дағдарысқа
ұшырауы.
Біздің
Елбасымыздың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласы осыған шақырады. Қазір сыбайлас
жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін
Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің
болмауына байланысты абайсызда сыбайлас
жемқорлықтың қатысушылары болып
қалады. Бүгінгі таңда, аталған қоғамдық
індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы
мәдениет
қалыптастыру
қажеттілігі
айрықша күн тәртібіне шығып отыр. Себебі,
жемқорлық фактілері қарапайым жағдай
емес, ол елдің әлеуметтік-экономикалық
әлеуетін әлсірететін, қоғамды әділетсіздікке
үшырататын аса қауіпті індет. Сондықтан
парақорлықпен күрестің жылдар бойы
жалғасуы заңды қүбылыс. Мемлекеттік
ор¬гандардың қызметшілері үшін сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар
өткізілуде.
Сондықтан
сыбайлас
жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан
Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. «100 нақты қадам»
Ұлт жоспарының 13-қадамында да
жемқорлыққа қарсы күресті күшейту
мәселелері нақты көр¬сетілген. Мұның
барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресте нақты нәтижлерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Жаңаарқа ауданы
бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы
Адам.Қоғам.Заң
Мемлекеттік қызметшіге
жүктелген міндеттер көп
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез – құлқы мәселесі
айрықша мән берілетін дүниелердің бірі. Мемлекеттік қызметшінің имиджі
жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттерге, моральдық – адамгершілік
қасиеттерге және әдептілік мінез-құлыққа тікелей байланысты. Мемлекет
мүддесіне қайшы келетін және азаматтардың құқығына залал келтіретін ісқимылдарға қарсы тұру, заңмен белгіленген шектеулерді сақтау да мемлекеттік қызметшіге жүктеліп отырған міндеттер.
Оларға қойылатын
талаптар мұнымен шектелмек емес. Сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, оның ішінде, автокөлік құралдарын тек қызметтік мақсатта орынды
және тиімді пайдалану, активтердің түгелдігін қамтамасыз ету және
қызметтік міндеттерді атқару үшін материалдық – техникалық ресурстарды, яғни, мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттарын күтіп ұстау да
қызметшілер қаперінен шығармауы тиіс талаптардың қатарында. Сондай
– ақ, аталмыш дүниелердің қай – қайсысын да жеке мақсатқа пайдалануына
үзілді – кесілді тыйым салынған. Өйткені, мемлекет мүлкін жеке басына
пайдалану лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіреді.
Жалпы, мемлекеттің беделін мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетінен,
қызметінен бөліп қарауға болмайды. Азаматтармен өзара қарым – қатынас
тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі. Халықпен қарым
– қатынас кезінде мемлекеттік қызметшілер барлық әдеп, қызмет нормаларын ұстауы тиіс. Себебі, қоғам мүшелері алдындағы сәл ғана қателік немесе қызмет көрсетудегі кемшілік азаматтардың тұтас мемлекетке деген
сеніміне селкеу түсіруі ғажап емес. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік
қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы, үнемі салауатты өмір салтын
ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет.
Кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік
қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылады. Ал қызметтік
қарым – қатынастағы мінез – құлық ұжымда түсінік пен сенім атмосферасын қалыптастырудың төте жолы. Өз кезегінде қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін толық ашуға, көзқарасын ашық
айтуға, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауға ұжымды
жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Мұның бәрі өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің әдебімен байланысты.
Ендеше, әдеп нормаларын сақтау халыққа қызмет ететін адамдардың
адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға
ықпал етеді десек, қателеспейміз.
Ә.РАхЫМЖАНовА,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
Пошта-байланыстың негізі
3
Пошта–байланыстың
негізі,
ақша
айналымының-қайнар көзі. Поштаның тарихы
тереңде. Бұл мекеме кәрі-жастың бәріне
таныс орын. Өткен ғасырда хат-хабарды алдырып, сәлем-сауқатты жеткізетін жалғыз орталық осы пошта
болғаны белгілі. Үшбу хатты діттеген жеріне жеткізіп,
бұқаралық ақпарат
құралдары газет-журналдарды да
оқырмандарының қолына тигізгенше тыным таппайтын да
осы орталық. Аты басқа демесең бұнда ақша айналымыда
қомақты.
Байланыс қызметкерлерінің мерекесіне
орай
аудан
орталығындағы пошта мекемесінің
басшысы Айман
Зәрубайқызы Тәжитовамен тілдестік.
-Мерекелеріңізбен! Өзіңіз басқарып отырған пошта үлкен
мекеме. Бұнда қандай қызмет түрлері жасалады?
-Банк және агенттік қызмет түрлері, атап айтсақ заңды
тұлғалар мен жеке тұлғаларға мекемелерге қаржы беру,
ақшаны аудару, коммуналдық төлемдер қабылдау, салық
төлемдерін қабылдау, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы,
жалақы, тұрғындардан дипозиттік төлемдер қабылдау, жеке
және заңды тұлғаларға кассалық қызмет көрсету. Екінші
деңгейдегі банктерінің несие беру және төлемдерін жүргізу.
Сонымен қатар АҚ “Пошта” төлем карталарын шығарып сонымен жұмыс жасайтын орталықтары арқылы халыққа
қызмет етеді. Біздің аймақ бойынша бес банкамат
Қызылжар, Жәйрем, Қаражал, Атасу кентінде орнатылған.
Тұрақты
түрде
бөлімшелерде автоматты жұмыс
атқарылады.
Ауданымызға
қарасты
алты
б ө л і м ш е
автоматтандырылған
жүйеге
қосылған.
Барлық операциялар
автоматты
жүйеге
енуі бұл тұрғындарға
көрсеткен қызметті
жеделдетуге
негіз
болады. Біздің мекеме сонымен қатар
екінші
банк
деңгейінің
агенті
болғандықтан
«Альфа Банк», «Хоум
кредит Банк», «Азия
несие Банк», «Займер» ЖШС мен бірлесе несие беріледі.
Болашақта
бұл
банктердің қатары
көбейеді деп ойлаймыз.
-Сіздер сонда несие бере аласыздар ма? Тұрғындарға
арналған тағы қандай жеңілдіктер бар.
-Әрине несие береміз. Бізбен бірлесе
жұмыс жасап отырған банктер арқылы
ауданның 21 жастағы әр тұрғыны мен 75
жасқа толмаған зейнеткерлері қалаға бармай ақ аталған банктерден несие рәсімдей
алады. Ақшалай да заттайда несие
рәсімдеуге қолайлы жағдай жасалған.
Бізде сонымен бірге агенттік келісім бойынша «Тұрғын үй жинақ Банкпен» келісім шартқа отырып, біздің бөлімше
арқылы қорға төлем жинай алады. Несиеден бөлек тұрғындарға қолайлы әрі
ыңғайлы
болуы
үшін
акциялар
өткізіп тұрамыз.
«Время-деньги»
акциясы
-жеке
к ә с і п ке рл е рм е н
ш а р у а
қ ож а л ы қ т а р ы н а
банк
шоттарын
төлемсіз
ашуға
бағытталса,
«Казпоштаның
жыл сыйақысы»
акциясы бойынша
50 мың теңгеден
200 мың теңгеге дейін тұрмыстық техника алуға сертификат ойнатылады. «Western Vnion» ақша аударылым системасы бойынша «transfer. Post.kz» ғаламтор арқылы ақша
аударған және AliExpress төлем картасының иелеріне жеке
акция ұйымдастырылады.
«Юнистирм», «SALEM TENGE» халықаралық ақша ауда-
рымдар жүйесі арқылы тез әрі ыңғайлы ақша
аударымдарын жасауға болады.
Біз газет-журнал, хат, сәлемдеме тасымалдаумен тұрақты айналысамыз. Газетжурналдарға жазылу
біз арқылы
жүзеге асады.
Ауданымызға жүзге тарта газеттің түрлері мен елуден аса
журналдың түрлері келеді.
-Жалпы пошта торабында қанша жұмыскер еңбек
етеді?
-Біздің пошта торабында жетпістен аса жұмыскер бар.
Аудандық поштаға Қаражал-Жәйрем аймағы да қарайды.
Әр ауылдық округтің пошта қызметкер-маманы бар.
Біздің ұжымда ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе
жатқан өз ісінің білгір мамандары жетерлік. Атап айтсам:
орынбасар Қ.Тәттімбеков, есепші
А.Бекова, пошта
жүйесінің жетекші мамандары Г.Апакова, Г.Наженова,
Г.Жакубаева (ООУ басшысы), М.Ташмағанбетова, С.Кенежанова (бас касса маманы), Б.Тайшықова (жетекші маман),
Қ.Рахымбеков, Е.Бекбосынов, Б.Асқаров (инкосация) және
пошта тарататын қызметкерлер бар. Әр қайссысының
қарамағында аудан орталығының 12 көшесі бар. Олар
М.Жаппарова, Б.Баймырзаева, Н.Ибраева, А.Ибрайбекова,
А.Игіш. Газет-журнал 17 ауыл мен станцияларға және 19
шалғай ауылдарға тасымалданады.
Үнемі қарбалас болып жататын пошта торабының
атқарар
қызметі
көп.
Соның
барлығын дер кезінде
атқарып
отырған
мекем
ұжымына толайым
табыстар
тіледік.
Ғасыр жүгін арқалап
ғаламторлы заманға
жеткен
пошта
қызметкерлері
әлі
талай
белестерді
бағындырары сөзсіз.
халыққа
қызмет
көрсетіп
отырған
орталық ұжымына
еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақ берекелі
болыңыздар
демекпіз.
Салтанат
АМАНҚЫЗЫ
Қызыл жалын сақтықты талап етеді
Күннің суып, ызғар түсе
бастағалы үйді жылыту маусымы пеш жағу басталды.
Пеш
жағу
науқаны
басталғанда абайсызда орын
алатын өрттің қызыл жалыны
қауіп төндіруі орын алады.
Осыған орай
ауданның
төтенше жағдайлар бөлімінің
бастығы азаматтық қорғау подполковнигі
Аян
Серікбайұлымен
өрт
қауіпсіздік шараларын сақтау
жөнінде
сұхбат
әңгіме
жүргіздік.
-Аян Серікбайұлы қазіргі
таңда пеш жағу маусымында өрт қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде қандай іс-шаралар жүргізіп жатырсыздар?
-Пеш жағу маусымында Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері
мен №50 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан
тұрғындарға пеш жағу кезіндегі өрт қауіпсіздік ережесі аясында халыққа 121 нұсқама
жүргізіліп, сонымен қатар 980 үгіт-насихат жадынама қағаздары таратылды.
-Биылғы жылы аудан аумағында тұрғын үйлерде қанша өрт тіркелді былтырғы жыл-
13 қазан 2018 жыл
мен салыстырғанда?
2018 жылдың 9 айында 18 өрт болса,
2017 жылдың 9 айында 26 өрт тіркелді
яғни 30% азайғандығын көрсетіп отыр.
-Аян Серікбайұлы аталмыш өрт оқиғалары қандай себептермен болып жатады?
-Өрттердің 95% көбінесе абайсызда жасалынады. Яғни олар электр құрылғыларын
пайдаланған кезде, балалардың тентектігінен, жылыту пештерін пайдаланған кезде,
автокөліктердің ұшқын сөндіргіштері ақаулы күйде болғанда. Қалған 5% қасақана
жасалынған іс-әрекеттер болып табылады.
-Абайсызда болған өрттерге байланысты тұлғалар жауапкешілікке тартылама?
-Әрине тартылады Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің
410 бабының 1 бөлігіне сәйкес абайсызда жасалынған іс-әрекеттер алғаш рет болса ескерту
немесе жеке тұлғаға 5 айлық есептік көрсеткіш, лауазымды тұлғаларға 15 айлық есептік
көрсеткіш, ал микро кәсіпкерлікке және коммерциялық емес ұйымдарға 15 айлық есептік
көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
-Жылыту пештерінде болатын өрттің алдын-алу үшін қандай іс- әрекеттер жасалған
дұрыс болады?
-Жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл
қоқыстан айына кемінде бір рет тазартып тұрыңыз;
-Қатты отын пайдаланатын пеш есігінің астындағы жанғыш материалдан жасалған еденді
өлшемі 50х70см. кем болмайтын есік алды қаңылтырмен қорғаңыз;
-Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-Дайындалып жатқан тамақтың пештің үстінде бақылаусыз қалуына жол бермеңіз;
-Көгілдір отынды басқа мақсаттарда (бөлмелерді жылыту сияқты) пайдалануға тыйым салынады;
-Аян Серікбайұлы берген сұхбатыңызға рахмет, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН
13 қазан 2018 жыл
4
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ:
(басы 1-ші бетте)
Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен,
табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты.
І. хАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ
Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы
меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға
мүмкіндік болған кезде табыс артады.
Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің
арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек
қоғамын құра аламыз.
Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1
қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5
есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді
тапсырамын.
Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік
нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның
еңбекақысын тікелей қамтиды.
Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275
мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта
есеппен 35 пайызға өседі.
Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда
республикалық бюджеттен жыл сайын 96
миллиард теңге бөлу керек.
Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең
төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері
бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы
өсімінің катализаторына айналады.
Төмен жалақы алатын қызметкерлердің
еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін.
Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты
көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін
қолдау керек.
Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым
бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі.
БІРІНШІ. Біз 2010 жылдың өзінде
«Бизнестің
жол
картасы
–
2020»
бағдарламасын іске қостық.
Өңірлерге жұмыс сапарым барысында
мұның тиімділігіне көз жеткіздім.
Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025
жылға дейін ұзарту керек.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл
сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге
бөлуді қарастыру қажет.
Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың
жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард
теңге салық түсіруге және 3 триллион
теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді.
ЕкІНШІ. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы мен табиғи монополиялардың
қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек.
Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және тұтынушылардан жиналған
қаржының жұмсалуы әлі күнге дейін ашық
емес.
Монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау
жүргізілмей отыр.
Үкімет 3 ай мерзім ішінде осы мәселемен
айналысып, бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейте отырып,
монополияға қарсы ведомствоның жұмысын
реформалауы керек.
Бұл – маңызды мәселе, ол бизнес үшін кететін шығынның артуына, адамдардың нақты
табысын азайтуға әкеп соқтырады.
ҮШІНШІ. Бизнесті заңсыз әкімшілік
қысымнан және қылмыстық қудалау
қаупінен қорғауды арттыра түсу керек.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық
заңнамасының
бұзылуы
жөніндегі
қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу
шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың
айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды
тапсырамын.
Сондай-ақ, негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс Қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере
отырып, Экономикалық тергеу қызметін
қайта құру қажет.
Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет
бұруымыз керек.
Мұнда жазалаушы ғана емес, сондай-ақ
бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы
құралдарға да сүйенген жөн.
Салық және кеден саласындағы ақпараттық
жүйелер
интеграциясының
аяқталуы
әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.
Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы
көлеңкелі айналымды кем дегенде 40
пайызға қысқарту үшін нақты шаралар
қабылдауға тиіс.
Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың
негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен
айыппұлды алып тастай отырып, шағын
және орта бизнес үшін «салық амнистиясын»
жүргізуге кірісуді тапсырамын.
ТӨРТІНШІ. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық
саясаттың негізгі элементі болуға тиіс.
Үкімет
өңдеу
секторындағы
экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса
мән беруі қажет.
Біздің сауда саясатымызда селқостық
болмауға тиіс.
Оған біздің тауарларымызды өңірлік және
әлемдік нарықта ілгерілететін белсенді сипат
дарыту керек.
Сонымен бірге, халық тұтынатын
тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу
қажет.
Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру
тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі
нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін
де маңызды.
Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық
емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3
жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді
тапсырамын.
Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие
беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ
мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын.
Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы
қаражаттың көзделген мақсатқа жұмсалуын
қатаң бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін
шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін
Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей
инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру
қажет.
Сондай-ақ, көлік-логистика және басқа да
қызмет көрсету секторларын ілгерілету
жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек.
Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді
пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі
туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет.
Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік
бағдарлама қабылдауға тиіс.
БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенінің
әлеуетін толық іске асыру керек.
Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта
өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту.
Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын
елімізге заманауи агротехнологияларды
ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет.
Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы
беделді шетелдік мамандарды – «ақылды
адамдарды»
тарту
арқылы
саланы
басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек.
Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық
жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін
жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн.
Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы
мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде
100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын.
АЛТЫНШЫ. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл
бөлген жөн.
Ең
алдымен,
«болашақтың
экономикасының» баламалы энергетика,
жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект,
блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет.
Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі
келешекте нақ осыларға байланысты болады.
Үкіметке Назарбаев Университетімен бірлесіп, нақты жобаларды анықтай отырып, әрбір
бағыт бойынша арнайы бағдарламалар
әзірлеуді тапсырамын.
Университет базасында жасанды интеллект
технологиясын әзірлеумен айналысатын
ғылыми-зерттеу институтын құру сондай
жобалардың бірі бола алады.
ЖЕТІНШІ. Нақты экономиканы өркендету
үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп,
ұзақ
мерзімді
макроэкономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.
Бағаның
өсуі,
қаржыландыруға
қолжетімділік, банктердің орнықтылығы –
міне, осы мәселелер көбіне қазір жұрттың
қызығушылығын тудырып отыр.
Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы
секторын
және
нақты
секторларды
сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат
жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуді бастауы керек. Қалыптасқан жағдайда экономиканы, әсіресе, өңдеу секторы мен шағын
және орта бизнесті несиелендіруді ұлғайту
өте маңызды.
Сондай-ақ, зейнетақы активтері мен
әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ресурстарын басқару тиімділігін арттырып, баламалы
қаржы құралдарын – құнды қағаз нарығы,
сақтандыру және басқа да салаларды нақты
дамыту керек.
Бизнесті шетел инвестициясымен,
капиталға қолжетімділікпен қамтамасыз ету
ісінде «Астана» халықаралық қаржы
орталығы маңызды рөл атқаруға тиіс.
Біз жеке сотты, қаржы реттеуішін, биржаны
арнайы құрдық.
Барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық
компаниялар осы алаңды белсенді пайдаланып, оның тез қалыптасуына және дамуына
атсалысуы керек.
***
Аталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуы жалақының өсуі мен жаңа жұмыс
орындарының
ашылуы
есебінен
қазақстандықтардың табысын арттырады.
Бұл үдерістер әрдайым Үкіметтің басты назарында болуға тиіс.
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір
сүру деңгейінің артуы.
Білім берудің, денсаулық сақтау саласының,
тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі,
жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру
мәселелері әрбір қазақстандық отбасына
қатысты.
Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға,
қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып,
бюджет
шығыстарының
басымдықтарын қайта қарауға тиіс.
БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым,
денсаулық сақтау салаларына барлық
көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі
жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу
қажет.
Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету
сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз
ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру
үшін бағыттау керек.
ЕкІНШІ. Мектепке дейінгі білім беру са-
пасын түбегейлі жақсарту керек.
Ойлау
негіздері,
ақыл-ой
мен
шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар
сонау бала кезден қалыптасады.
Білім беру ісінде 4 К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті
дамытуға және командада жұмыс істей білуге
басты назар аударылуда.
Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту
әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы
басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу
жүйесін қайта қарау қажет.
Білім және ғылым министрлігі
әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол
картасын» әзірлеуі керек.
ҮШІНШІ. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде
солардың орындалуына баса назар аударған
жөн.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту
жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер
үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды
кезеңі болады.
Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық
стандарттарға негізделуге тиіс. Орта
мектептердің өзінде балаларды мейлінше
сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп,
кәсіби диагностика жүргізу маңызды.
Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және
оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін
азайтуға мүмкіндік береді. Балалар
қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл
мектептер
мен
балабақшаларды
бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді,
мектеп
психологтарының
жұмысын
күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды
жүзеге асыруды тапсырамын.
Білім алудың қолжетімділігін арттыру
мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні,
мектептердің үш ауысымда оқыту және апат
жағдайында болу проблемалары мейлінше
сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 20192021 жылдарға арналған бюджеттен
қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды
тапсырамын.
ТӨРТІНШІ. Келесі жылы «Педагог
мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау
қажет деп санаймын.
Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі
мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз
тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс.
БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу
орындарының маман дайындау сапасына
қатысты
талаптар
күшейтіледі.
Біз
гранттардың
санын
көбейттік,
енді
жауапкершіліктің кезеңі келді.
Жоғары оқу орнының табыстылығын
бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген
студенттердің
жұмыспен
қамтылуы,
жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы.
Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын
жүргізу қажет.
Нарықта жоғары сапалы білім беруді
қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне
сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді
жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды.
Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында
Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік
жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын.
АЛТЫНШЫ. Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса
маңызды компоненті болып саналады.
Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде
алғашқы медициналық-санитарлық көмектің
қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек
көрсететін қызметкерлерді ынталандыру
үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа
тәсілдерін енгізген учаскелік медицина
қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен
20 пайызға көбейтуді тапсырамын.
Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард
теңге бөлінеді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық
емханалар мен ауруханалар медициналық
құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада
жүргізуге көшуге тиіс.
Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың
электронды
денсаулық
паспорттарын
жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға,
қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік
береді.
Осыған дейін жасалған кардиологиялық
және нейрохирургиялық кластерлердің
тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық
орталықтың құрылысын бастау керек.
Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап
қаламыз.
ЖЕТІНШІ. Өңірлік деңгейдегі резервтерді
тауып, бұқаралық спорт пен дене
шынықтырудың қолжетімділігін арттыру
қажет.
Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100
дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды
тапсырамын.
Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін
аулаларды,
парктерді,
саябақтарды
жабдықтау қажет.
СЕГІЗІНШІ. Ұлт саулығы – мемлекеттің
басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз.
Бүгінде халықты сапасыз әрі денсаулыққа
және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас
саясат жоқ.
Үкіметке шаралар қабылдауды және осы
жұмысты ретке келтіруді тапсырамын.
Келесі жылдан бастап Тауарлар мен
көрсетілетін
қызмет
сапасын
және
қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын
бастауға тиіс.
Оның қызметі, ең бастысы, азық-түлікке,
дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына,
медициналық қызмет көрсетуге сараптама
жүргізуді қамтитын болады.
Бұл үшін заманауи зертханалық базаны
қамтамасыз етіп, білікті мамандар штатын
қалыптастыру қажет.
Бұл орайда, тұтынушылардың құқықтарын
қорғайтын қоғамдық ұйымдарды институционалды тұрғыдан күшейтіп, оларды белсенді пайдаланған жөн.
Біз әрдайым бизнеске көмек көрсетеміз,
бірақ адам, оның құқықтары мен денсаулығы
маңыздырақ.
Мемлекет әкімшілік кедергілерді азайту барысында көптеген тексерістен, рұқсат беру
және басқа да рәсімдерден бас тартты.
Сондықтан, ұсынылатын тауарлардың,
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігі үшін бизнес қоғамдастығы да
жауап береді.
Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ,
мемлекетпен
бірлесіп
азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы
тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек.
***
Халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету
ісі тұрғын үй жағдайын жақсарту, еліміздегі
кез келген елді мекенде жайлы әрі қауіпсіз
өмір сүру сипатындағы мол мүмкіндіктермен
үйлесімді түрде толыға түсуге тиіс.
III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАйЛЫ оРТА
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын
үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен
қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге
қолайлы елді мекеннің және сапалы
инфрақұрылымның болуы.
БІРІНШІ. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын
үй.
Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін
беріп
отырған
«Нұрлы
жер»
бағдарламасын табысты іске асырудамыз.
Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін
арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25»
бағдарламасы қолға алынды.
Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен
жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы
жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін
пысықтауды тапсырамын.
Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру
біліктілігі жоғары педагогтер, медицина
қызметкерлері, полицейлер және өңірге
қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың
қол жетімділігін арттырады.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан
әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы
тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет.
Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін
тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік
береді.
Бюджет есебінен салынатын жаппай
құрылыс алаңдарына арналған инженерлік
инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға
қолдау көрсетеді.
ЕкІНШІ. Еліміздің аумақтық дамуына
жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет.
Бүгінде жетекші елдердің экономикасы,
көбіне, жаһандық қалалар немесе мегаполистер арқылы танылады.
Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 70 пайыздан
астамы қалаларда түзіледі.
Біздің өз тұрмыс салтымыз тарихи
қалыптасты, моноқалалары мен шағын
облыс орталықтары бар аграрлы экономика
басымдыққа ие болды.
Сондықтан 18 миллион халқы бар ел үшін
миллионнан астам тұрғыны бар 3 қаланың
болуы, соның ішінде 2 қаланың тәуелсіз
Қазақстан дәуірінде осы қатарға қосылуы –
үлкен жетістік.
Астана мен Алматы еліміздегі ішкі жалпы
өнімнің 30 пайыздан астамын қазірдің өзінде
қамтамасыз етіп отыр.
Бірақ, қалалардың инфрақұрылымы
кәсіпорындар мен тұрғындардың жедел өсіп
келе жатқан қажеттіліктеріне сай бола бермейді.
Соңғы жылдары біз «Нұрлы жол»
бағдарламасы бойынша республикалық
маңызы
бар
инфрақұрылым
қалыптастырдық.
2015 жылдан бастап 2400 шақырым автомобиль жолы салынды және қайта жөнделді.
Бұл жұмыстар жалғасуда және 2020 жылға
дейін қосымша 4600 шақырым жол
пайдалануға беріледі.
Енді
өңірлік
және
қалалық
инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан
жөн.
Осы мақсатқа орай биыл қаржыландыру
көлемі арты: жергілікті маңызы бар жолдарға
150 миллиард теңгеге дейін, ауылдық жерлерді сумен қамтуға 100 миллиард теңгеге
дейін қаражат бөлінді.
Әкімдер осы қаражаттың есебінен
өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды
шешуге күш жұмылдыруы керек.
Үкімет бұл міндетті жүйелі қолға алып,
қосымша инфрақұрылымдық мәселелер тізімін жасап, жобаларды бағалап, оларды
қаржыландыру көздерін іздеп табуы қажет.
Жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар
құрылысын елді мекендерді дамыту жоспарларымен ұштастыру қажет, сондай-ақ, бұл
секторға жеке инвесторларды тарту үшін
жағдай жасаған жөн.
Сонымен қатар, «инфрақұрылым адамдарға»
моделінен «адамдар инфрақұрылымға» моделіне бірте-бірте көшу қажет.
13 қазан 2018 жыл
5
ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Бұл елді мекендерді ірілендіру ісін ынталандырып, бөлінетін қаражатты пайдалану
тиімділігін арттыратын болады.
Әрбір өңір мен ірі қала бәсекеге
қабілеттіліктің қолда бар басымдықтарын ескеріп, өзіндік орнықты экономикалық өсу
және жұмыспен қамту моделіне сүйене отырып дамуға тиіс.
Осыған орай, тірек саналатын ауылдардан
бастап республикалық маңызы бар қалаларға
дейінгі түрлі елді мекендер үшін өңірлік
стандарттар жүйесін әзірлеу керек.
Бұл стандарт әлеуметтік игіліктер мен
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі
мен қолжетімділігінің, көлік, мәдениспорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық
инфрақұрылыммен қамтамасыз етілудің
нақты көрсеткіштерін және басқа да
мәселелерді қамтуға тиіс.
Экологиялық ахуалды жақсарту, соның
ішінде
зиянды
заттардың
таралуы,
топырақтың, жердің, ауаның жағдайы,
қалдықтарды жою, сондай-ақ онлайн түрінде
еркін қолжетімді экологиялық мониторинг
жүргізу
жүйесін
дамыту
жөніндегі
жұмыстарды күшейту қажет.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған
«кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Еліміздің
басқарылатын урбанизациясының жаңа картасына айналатын Еліміздің 2030 жылға дейінгі
аумақтық-кеңістіктік
дамуының
болжамды схемасын әзірлеуді тапсырамын.
Практикалық шараларды жүзеге асыру үшін
нақты іс-шараларды, жобаларды және
қаржыландыру көлемін көрсете отырып,
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі
прагматикалық бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Өңірлік дамудың аталған аспектілері іске
асырылу мерзімдері 2025 жылға дейін
ұзартылуға тиіс «Нұрлы жол» және «Нұрлы
жер» мемлекеттік бағдарламаларында ескерілуі керек.
Біріншісі көлік инфрақұрылымын дамытуға,
екіншісі – коммуналды және тұрғын үй
құрылысындағы
міндеттерді
шешуге
бағытталуға тиіс.
Бұл бағдарламалардың «екінші тынысын»
ашу керек.
ҮШІНШІ. Құқық қорғау органдарының
жұмысына терең және сапалы өзгерістер
қажет.
Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас
бөлігі болып саналады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері
қылмыспен күресте «алдыңғы шепте»
жүріеді, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды.
Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау
органдарының, ең алдымен, полиция
жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп
отыр.
Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту
жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын.
Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс.
Біріншіден, Ішкі істер министрлігінің
штаттық санын оңтайландырып, полицияны
өзіне тиесілі емес функциялардан арылту
қажет.
Үнемделген қаражатты полицейлердің
жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй
және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге
бағыттаған жөн.
Екіншіден, полиция қызметкерінің жаңа
стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту
керек.
Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін
жалғастырады.
Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің жаңа
заманауи форматтарын енгізіп, полицияны
бағалаудың
критерийлерін
түбегейлі
өзгерткен жөн.
Полицияның жұмысын сервистік модельге
көшіру қажет.
Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек
көрсетуші деген түсінік орнығуы керек.
Қалалық және аудандық ішкі істер органдары
жанында
Халыққа
қызмет
көрсету
орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау
қажет.
Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық
қауіпсіздікке
мониторинг
жүргізу
жүйелерімен жабдықтау керек.
Қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі
және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция
жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері
болуға тиіс.
ТӨРТІНШІ. Сот жүйесін одан әрі
жаңғырту.
Соңғы жылдары көп жұмыс атқарылды, дегенмен, басты міндет – соттарға деген
сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету
шешімін таппай отыр.
Сонымен қатар, құқық үстемдігі – біздің
реформаларымыздың табысты болуының негізгі факторы.
Біріншіден, сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер
енгізуді жалғастырған жөн.
Жыл сайын 4 миллион азаматымыз сотта
қаралатын іске қатысады.
Бұған қаншама күш пен қаражат
жұмсалады!
Уақыт пен ресурстардың орынсыз
шығынын талап ететін артық сот рәсімдері
қысқаруға тиіс. Бұрын адамдардың жеке
өздерінің келуі талап етілсе, қазір оны алыстан жүзеге асыруға болады.
Екіншіден, сот жүйесінің сапалы дамуын
және кадрларының жаңаруын қамтамасыз
етіп, үздік заңгерлер судья болуға
ұмтылатындай жағдай жасау керек.
Үшіншіден, әсіресе бизнес пен мемлекеттік
құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі
болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ
судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін
жою қажет.
Жоғарғы сотқа Үкіметпен бірлесіп, жыл
соңына дейін тиісті шаралар кешенін
әзірлеуді тапсырамын.
***
Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың
әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі
тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл
атқаратын болады.
IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕйІМДЕЛГЕН МЕМЛЕкЕТТІк АППАРАТ
Жаңа кезең жағдайында мемлекеттік аппарат
қалай өзгеруге тиіс?
БІРІНШІ. Мемлекеттік органдар
қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.
«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің
жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның
басты қағидаты болуға тиіс.
Жаңа
формацияның
мемлекеттік
қызметшілері
мемлекет
пен
қоғам
арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.
Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып,
мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен
нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа
түсіндіріледі.
Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесіп, «Жаңа
формацияның басшысы» бағдарламасын
және басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан өткізетін курстар әзірлеу қажет.
Үздік шетелдік компанияларда жұмыс
тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған жеке сектордағы
кәсіби мамандарды тарту маңызды.
Биыл біз 4 мемлекеттік органға жалақы
төлеудің жаңа моделін енгіздік.
Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер
көрсетіп отыр.
Мемлекеттік қызметке қызығушылық
артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның
өзектілігі жоғары.
Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және
басшылық құрамын қысқарту есебінен
төменгі
және
орта
буындағы
қызметкерлердің жалақысы 2 - 2,5 есе өсті.
Кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есе қысқарды.
Беделді жоғары оқу орындарын бітірген
түлектерді қоса алғанда, біліктілігі жоғары
кадрлардың жеке сектордан келуі 3 есе
Болашаққа кемел бастау
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын жария
етті. Бұл жаңа бағдарлама – мемлекетіміздің алдағы
жылдарға арналған даму бағдары, біздің әлемдегі ең
дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы жаһандық
қадамы.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне,
технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы
терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып
біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды,
балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру
мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. «Цифрлық
Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға
дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Біздің ұзақ мерзімді
мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Бұл Жолдау
жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету
жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.
Ғалия ЖАРкЕНовА,
№132 ЖоББ мектебінің «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі
артты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде
орталық аппаратқа арналған конкурс бір
орынға 28 адамға дейін, ал өңірлік
құрылымдарда бір орынға 60 адамға дейін
өсті.
Маңғыстау облысының әкімдігіндегі 1 бос
орынға енді 16 адам, ал Әділет министрлігінде орта есеппен 13 адам үміткер болып
отыр.
Астанада мемлекет-жекеменшік әріптестік
аясында іске асырылып жатқан жобаларды
қаржыландыруға қатысты жаңа тәсілдер есебінен ғана 30 миллиардтан астам теңге
үнемделді.
Еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу
үшін мемлекеттік органдардың басшыларына «бюджеттік-кадрлық маневрді» жүзеге
асыруға құқық бердім.
Олар үнемделген қаражатты қызметшілердің
жалақысын арттыруға бағыттау мүмкіндігін
алды.
Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік органдар жаңа модельге көшуді қалап отыр.
Ең бастысы – олар мұны тек жалақыны
көбейту ғана емес, бәрінен бұрын,
жұмыстарының тиімділігін арттыру деп
түсінуі керек.
Еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет
шығысын, соның ішінде
бағынышты
мекемелердің шығыстарын оңтайландыру
және үнемдеу есебінен өтелуін бақылауда
ұстауды тапсырамын.
Бұл жерде аталған жобаның беделін
түсірмес
үшін
формализм
мен
теңгермешілікке жол бермеу қажет.
ЕкІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін
әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына
қол жеткізу керек.
Тексерістер
нәтижелері
айқындап
отырғандай, құрылыс құны кей жағдайда
жобалық құжаттар әзірлеу кезеңінде-ақ арттырылып көрсетіледі.
Соңына дейін жеткізілмейтін немесе перспективасы жоқ екені әуел бастан белгілі
болған жобалар бар.
Егер жүктелген іске жауапкершілік танытатын болсақ, бюджеттің жүздеген миллиард
теңгесін үнемдеп, тұрғындардың нақты
қажетіне бағыттауға болады.
Үкімет тиімсіз әрі уақтылы емес
шығындарды болдырмай, шығыстарды
оңтайландырып, қаражатты үнемдеу үшін
жүйелі шаралар қабылдауы қажет.
ҮШІНШІ. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады.
Біріншіден,
көрсетілетін
мемлекеттік
қызметтер
аясында
мемлекеттік
қызметшілердің тұрғындармен тікелей
қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген
жөн.
Жер қатынастары мен құрылыс
саласындағы
бюрократтық
рәсімдер
жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі
болып саналады.
Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес
ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр.
Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай
ақпараттық базасын жасауды тапсырамын.
Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді
нақты инвесторларға беру керек!
Бұл – бір ғана мысал.
Жұрттың және бизнес қоғамдастығының
наразылығын туғызатын басқа да бағыттар
бойынша тиісті жұмыстар жүргізу керек.
Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы
кемінде 90 пайызы электронды форматқа
көшірілуге тиіс.
Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы заңды жедел жаңарту
керек.
Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер
сыбайлас
жемқорлыққа
қатысты
құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші
басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет.
Сонымен қатар, адал жұмыс істейтін
қызметкер тексерушілерден қорықпауға тиіс.
Үшіншіден, «Сыбайлас жемқорлықтан ада
өңірлер» жобалары аясында елорданың
жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге
асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек.
ТӨРТІНШІ. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен
бюрократияны азайту қажет.
Соңғы кездері Үкіметтегі, мемлекеттік
органдардағы
ұзақ
отырыстар
мен
кеңестердің саны еселеп артып, сондай-ақ
құжат айналымы елеулі түрде көбейді.
Үкімет әкімдердің және олардың
орынбасарларының қатысуымен күніне 7
кеңес өткізетін кездері де болады.
Олар қай кезде жұмыс істейді?
Мұны доғарып, бұл мәселені ретке келтіру
керек.
Өздеріне нақты міндеттемелер алуға және
солар үшін жария түрде есеп беруге тиіс министрлер мен әкімдерге шешім қабылдау еркіндігін ұсыну қажет.
Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының
стратегиялық жоспарының әзірленген
көрсеткіштер картасы бұған негіз болуға
тиіс.
БЕСІНШІ. Қойылған міндеттерді тиімді
жүзеге асыру үшін реформалардың
жүргізілуіне
бақылау
механизмдерін
күшейту қажет.
Үкімет пен мемлекеттік органдар жыл
соңына дейін дамудың аталған барлық
мәселелерін қамти отырып, нақты индикаторлар мен «жол карталарын» әзірлеуге тиіс,
сондай-ақ реформаларды іске қосу үшін
қажетті заң жобаларының бәрін Парламентке
уақтылы енгізуі керек.
Өз кезегінде, Парламент оларды сапалы әрі
жедел қарастырып, қабылдауға тиіс.
Реформалар мен негізгі стратегиялық
құжаттардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, бағалау үшін қажетті
өкілеттіктер бере отырып, Президент
Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру офисін
құруды тапсырамын.
Бұл офис статистикалық көрсеткіштерге
мониторинг
жүргізуден
бөлек,
Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының тәжірибесіне сәйкес, тұрғындар
үшін өзекті мәселелер жөнінде халық пен
бизнес өкілдері арасында тұрақты түрде сауалнама жүргізуді қамтамасыз етеді.
Офис әрбір бағыт бойынша қалыптасқан
жағдай жөнінде маған үнемі баяндап отырады.
Үкіметтің әрбір мүшесі, мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшылары алға
қойылған міндеттердің орындалуына дербес
жауап беретін болады.
V. ТиІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ
Қазақстанның табысты жаңғыруын
қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді
сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру
қажет.
Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы
саладағы
нақты
айқындалған
қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр.
Қазақстанның Ресей Федерациясымен
қарым-қатынасы
мемлекетаралық
байланыстардың эталоны болып саналады.
Толыққанды интеграциялық бірлестік әрі
әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді
мүшесі
ретінде
қалыптасқан
Еуразиялық экономикалық одақ табысты
жұмыс істеуде.
Орталық
Азия
өңірінде
өзара
ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды.
Қытай Халық Республикасымен жан-жақты
стратегиялық серіктестігіміз дәйекті түрде
дамып келеді.
«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы
Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін
берді.
Менің қаңтар айындағы Вашингтонға
ресми сапарым және Президент Дональд
Трамппен жүргізген келіссөздерім барысында Қазақстан мен АҚШ-тың XXI
ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Біз сауда және инвестиция саласындағы ірі
серіктесіміз – Еуропа Одағымен қарқынды
ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз.
ТМД елдерімен, Түркиямен, Иранмен, Араб
Шығысы және Азия елдерімен өзара тиімді
екі жақты қатынастар дамып келеді.
5 қазан 2018 жыл
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Болашақ кілті-білімді ұрпақта
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса түйткілді мәселелерді
көтерді.
Маңызды құжат саясаттың әлеуметтік бағытқа бет бұрғанын көрсетеді.
Елбасы айтқан тапсырмалар аясында жұмыс істеп, межелерді орындасақ, әлемдегі дамыған
елдердің қатарынан көрінетін боламыз.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі
үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» -деп айтқан қанатты сөзі бүгінгі тәуелсіз еліміздің
жастары үшін болашаққа бастау мұраты болмақ. Бұлай дейтініміз, қазіргі қарыштап дамып
жатқан әлем өркениетінің негізі сапалы оқу-біліммен тығыз байланысты екендігі
баршамызға аян. Сондықтан Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуы үшін
біз сауаттылығы жоғары алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуымыз керек. Ол үшін ең
бірінші ел ішінде оқу-білім саласына көп көңіл бөлуіміз қажет. Бұл мәселе Елбасы Жолдауында назардан тыс қалмаған.
Елбасы Жолдауын аудан тұрғындары жылы қабылдады. Жастары-мыздың сапалы білім
алуына, олардың жоғары жетістіктерге жетуіне ауданымызда біраз жағдай жасалуда.
Жолдауды басты назарға ала отырып, ауданымыздағы мектептер мен колледждер
болашаққа білімді, білікті мамандар даярлауда. Енді тек мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев
атап өткен маңызды міндеттердің шешілуі үшін жұдырықтай жұмылып, ұйымшылдық танытып, табысты еңбек ету – баршамыздың қоғам алдындағы міндетіміз.
М.ӘБІЛДиНов,
аудандық мәслихат депутаты
13 қазан 2018 жыл
Тұрақты комиссиялардың
бірлескен отырысы
9 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық
мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі және
халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.
Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов,
аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары,
кент, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қоғамдық кеңесінің,
аудандық ардагерлер ұйымының ,«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа
аудандық филиалының өкілдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын басшылары мен есепшілері қатысты.
Отырысты аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат
туралы тұрақты комиссияның төрағасы М.Әбілдинов ашып,
жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Жаңаарқа аудандық
экономика және қаржы бөлімінің «2018-2020 жылдарға арналған
аудандық бюджеттің 2018 жылғы 9 айда түсімдердің орындалысы
және шығыстарының игерілуі туралы» аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы А.Аманбаев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Қарағанды облысы
бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылы Жаңаарқа
ауданының кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының
қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде жасаған
қорытындысы туралы» аудандық мәслихаттың хатшысы
Қ.А.Имантүсіпов хабарлама жасады.
Баяндамашы тексеріс қорытындысы бойынша кент және
ауылдық округтер әкімдеріне: 2018 жылы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудит барысында анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды жою,
қалпына келтіру және алдағы уақытта болдырмау, бухгалтерлік
есепті жүргізуде бюджет, қаржы және басқа да заңнамалық актілер нормаларының сақталуын қадағалау, есепшілердің біліктілігін арттыру, тағылымдамалар мен тәжірибе алмасу бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру, мекеме бюджетін жоспарлау, бөлінген
(жиналған) қаражатты тиімді игеру және сапалы жұмыс
нәтижесін қалыптастыру, сондай-ақ, мекеме шығындарын
үнемдеу қызметінде жан-жақты сараптамалық жұмыстар жүргізу,
мемлекеттік аудит қорытындысында көрсетілген, әкімнің
құзыретіндегі атқаруы тиіс қызметінде жүзеге асарылмаған немесе жүзеге асыруға шара қолданылмаған құзыреттері бойынша
жұмыстарды жандандыру барысында ұсыныстар жасады. Осы
мәселе бойынша отырыста аудан әкімінің орынбасары Б.Серіков
сөз сөйлеп, кент және ауылдық округтер әкімдеріне өз
сұрақтарын қойып, ой-пікірін ортаға салды.
Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты
6
Атасу кентінде
ардагерлер кеңесі
құрылды
9 қазан күні Атасу кентінің ардагерлерінің
налысы болды. Жиналыс барысында Атасу
кентінің ардагерлер кеңесін құру туралы
ұсыныстар айтылып, бір-ауыздан Атасу кентінің
ардагерлер кеңесі құрылды. Ардагерлер кеңесінің
төрағасы болып Бейбіт Қасенов сайланды.
Өз тілшімізден
«Ауыл береке-2018»
Ауылдан қалаға
жасалған жоралғы
6-7 қазан күндері Елордамыз Астана қаласында
Қарағанды облысының күні аясында өткен
жәрмеңкеге біздің аудан үлкен дайындықпен
барып атсалысты.
Ауданымыздың еңбеккерлері мен шаруа қожалық
иелері «Ауыл береке» жәрмеңкесіне 12 тонна
көлеміңде ауыл шаруашылық өнімдерін саудаға
шығарды.
Оның ішінде: 4 тонна (17 бас) сиыр еті, 3 тонна
(120 бас) қой еті, 3 тонна (12 бас) жылқы еті және 1
тонна балық, 1 тонна сүт өнімдері бар.
Жәрмеңкеге 4 ауылдық округтерден барған 6 сатушы таза әрі нәрлі өнімді саудалап қайтты.
Жәрмеңке
базарлы
болып
елордалықтар
алғыстарын білдірді.
С. Баязитов,
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Теміржол -қауіпті аймақ
Теміржолдың аса қауіпті аймақ деп айтылуы тегін емес.
Шойын жолмен жүйткіген поез жолындағысын көріп,
дыбыс беріп, тежегішін басқаныменен қаншама жүк тиелген вагондардың екпінімен жолындағысын жайпап
өтетіні белгілі. Сондықтан теміржолдың торабы -қауіпті
аймаққа жатады.
Ауданымыз бен осы ауданға қарасты бірнеше елді мекендер мен станцалар шойын жолдың қапталында
орналасқан. Кейде сақтық шаралары сақталмай жол
апаттарының орын алатыны бар. Бұл орын алып жатқан
фактор, теміржолдағы қайғылы оқиғалар мемлекетке
шығын әкеліп, транспорттар мен жүктердің, теміржол
құрылысының бүлінуіне әкеліп соғатыны айдан анық.
Абайлаңыз!- деген жол белгілері тұрғанымен кейде
сақтық шаралары сақталмай жатады. Ал иен даладағы
бағусыз малдың теміржол торабында жайылып жүруі
апаттарға әкеп соғуда. Апат салдарынан тепловоз бен
жолдан шыққан вагондар жарамсыз болып қалып,
жөндеуді қажет етіп жатады. Қыруар қаржы қайта
жөндеуге жұмсалады. Қазір елді мекендерде мал басы
көбейген. Бағусыз мал жол торабының қайсысына болмасын қауіпті екенін аңғартты. Малдың жолға шығуынан
күре жол мен шойын жолдың бойындағы апаттар азаймай
тұр. Қоғамның орны толмас шығыны - бұл адамды
жоғалтуы. Мал теміржол торабынан бақташының
бақылауында 2000 метр қашықтықта бағылуға болады. Ал,
байлап қойсаңыз 300 метр қашықтықта ұстауыңызға болады.
Өзіміз абайласақ, малдарымыздың бейсауат
жүруіне тиым салсақ бұндай шығындар мен апаттар
жи-
орын алмас еді әрине. «Сақтықта-қорлық жоқ»-шарасын ұстанбайтынымыз өкінішті жайттарға әкеп соғып
жатады.
Әр адам теміржол ережелерімен дыбыстық сигналдарға
құлақ түріп, ескертпе плакаттарына назар аударып,
басқаларды және балаларды сақтандыра білу керек.
Егерде келе жатқан поезды көріп тұрсаңыз ешқашанда
рельстен секіріп өтпеңіз! Өміріңізді қатерге тікпеңіз!
Станция басында не болмаса теміржол аралығындағы
теміржол табанымен жүрмеңіз! Теміржол төсемі қыдыруға арналған жер емес. Әсіресе кешпен түңгі
аралықта өзіңізге абай болыңыз көбінесе осы мезгілдерде жарақаттануға жол беріп жатады. Бағдаршамсыз
не дыбыстық сигналсыз теміржол өтпелдері болады.
Олар механикалық құрылыммен жабдықталған. Оны
өтпелер кезекші ашып-жауып тұрады. Кез келген
жүргізушілер ол жөнінде біледі, тұрып қалған машинатракторлар поездарға өте қауіпті, әсіресе жолаушы поезына. Егерде жоғарғы жылдамдықпен келе жатқан поезд
болса орны толмас апатқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Теміржолға
қойылған
жол
жүру
белгілеріне,
бағдаршамдарға назар аудармай, поездар өтпесіне жақын
қалғанда алдынан кесіп өту салдарынан түрлі оқиғалардың
орын алады. Жүргінші теміржол табанынан 5 метр
арақашықта бірінші рельстен алыс тұруы керек. Кейде
қарсы беттен қатты жылдамдықпен өтетін экспресс поездар
болуы мүмкін. Есіңізде болсын, поездың тоқтауы үшін тежегішті басқанымен, жақын жердегі жол апатының алдын
алу мүмкін емес. Экспресс поездардан сақтаныңыздар! Жолаушылар! Вагонның есік-терезесінен қоқыстарды
лақтырмаңыздар! Жүргіншілер! Жерге поездан лақтырып
тастаған заттардан сақтаныңыздар! Теміржол табанынан
алысырақ тұруға тырысыңыздар! Теміржолға жақын ойнауларына тиым салындар! Есіңізде болсын жүріп келе жатқан
поездың есігін ашпаңыз. Кенеттен тежегішті басуы немесе
қисық жолмен бұрылу кезінде поездың астына түсіп
қалуыңыз мүмкін. Жолдан өтіп кетуге тырыспаңыз,
жанындағы жолмен өтіп бара жатқан поезд болса өте
қауіпті. Өміріңізге қауіпті. Жол ережелерін назарда
ұстаныңыздар! Жақын туыстарыңызбен, әсіресе балалармен жасөспірімдерге түсіңдіріңіз. Теміржол көлігінің
көпшілік орындарында тәртіптілікті қатаң ұстаныңыздар!
Жаңаарқа жол дистанциясының әкімшілігі
Жұмыс берушілері мен
жұмыссыздардың
назарына!
Барлық МЗМ, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері
мен интернет-алаңдардан ізденушілер мен бос жұмыс орындары туралы барлық ақпарат сайт негізінде бірыңғай
электрондық еңбек биржасында шоғырланған Enbek.kz ескерту.
Осылайша, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін
түйіндеме мен бос жұмыс орындарының ең ірі базасы
қалыптасты. МЗШҚО мен электрондық еңбек биржасы
арасындағы өзара іс-қимыл онлайн режимде аудан халқының
барлық санаттарын қамтумен қамтамасыз етілген.
Осы шаралардың барлығы жұмыс берушілер мен азаматтарды көбірек қамтуды және тиісінше азаматтарды, оның
ішінде босаған кадрларды және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен
қамтыған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Электрондық еңбек биржасы-бұл бос жұмыс орындарын орналастыру және азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша
сандық алаң.
ҚҰРМЕТТІ ЖҰМЫС БЕРУШІ!
Халықты жұмыспен қамту орталығы Сізге электронды еңбек
биржасын пайдалануды ұсынады WWW.ENBEK.KZ бос
жұмыс орындарын орналастыру және қызметкерлерді іздеу
үшін.
Электрондық еңбек биржасы туралы қосымша ақпарат алу
үшін:
- халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына
жүгіну;
- электрондық еңбек биржасында "көмек" бөлімін пайдалану
(www.enbek.kz).
Қызметкерлерді іздеу электрондық еңбек биржасында
– бұл ыңғайлы, тез және тегін!
Біздің орталықтың мамандары жұмысқа орналасу және оқыту
мәселелері бойынша кеңес беріп, көмек көрсетеді және сізді
келесі мекен-жай бойынша күтеді: Тәуелсіздік даңғылы 5,
«Халықты
жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі, тел.:
8(710-30)2-80-40, Эл.мекен-жай: janaarka_centr@mail.ru
хабарландыру
“Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары
бөлімі” мемлекеттік мекемесі 2018 жылы қараша айының 5 күні
сағат 15.00-де Қызылжар кентінің мәдениет үйінің мәжіліс залында “Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Қызылжар
кентінің Сарысу өзенінен өтетін көпірлі өткелді қайта қалпына
келтіру” нысаны бойынша тыңдау өткізеді.
Ақпарат телефоны: 87103027088, 28385.
“Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі
объявление
5 ноября 2018 года в 15.00 часов, в актовом зале здания дома
культуры поселка Кызылжар состоятся общественные слушания
по объекту: “Реконструкция мостового перехода через реку Сарысу пос.Кызылжар Жанааркинского района, Карагандинской
области”. Слушания проводит ГУ “Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных
дорог Жанааркинского района”.
Телефон для справок 87103027088, 28385
ГУ “отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жанааркинского
района”
Мектепке жол
Жақсыдан – шарапат
Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика
көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол»
қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Менің
таңдауым – балаларға көмек» атты ұранымен өтті.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларға, аз
қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау
көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, мектеп жасындағы балалардың
толық біліммен қамтылуын қамтасыз ету. Осы мақсатта О.
Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде
аталған акция аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж
оқушыларды мектеп ұстаздары М. Дүрімхан, Д. Ізтілеуов, Ә.
Сабирова, сонымен қатар ауданымыздың жеке кәсіпкерлері,
атап айтсақ: Г.Сұлтанова /«Шынар» дүкені/, А.Сұлтанова
/”Жібек жолы” дүкені/, А.Жалғабекова /”Сәлем” дүкені/, Т.Садыкова / «Қазына» дүкені/, жеке кәсіпкер М.Сапабеков, жеке
кәсіпкер Р.Шуткубаева, Д.Қаракесеков./ «Дәулет» дүкені/,
Қ.Ахметов / «Индира» дүкені/ киім-кешек, оқу-құралдарымен
қамтамасыз етуде көмек көрсетіп, шарапатты іске қолқабыс
жасады. Биылғы жылы 155000 теңге көлемінде 21 оқушыға
әлеуметтік көмек көрсетіліп, киім-кешектер мен оқуқұралдарын мектеп директоры Р.Рахимов балаларға салтанатты түрде табыстап, жүректеріне шуақ сыйлап, көңілдеріне
қуаныш ұялатты. Көпшілікке үлгі болып, халықтың мүддесі
үшін қызмет жасап жүрген қайырымды жандардың істеріне береке тілейміз.
о. Жұмабеков атындағы ЖоББМ
7
ЕскЕ алу
Бірімізге аға, бірімізге сыйлас дос болған Қасымхан
Әбілұлының өмірден озғанына да 40 күннің жүзі болды.
Шіркін жеткізбейтін уақыт десеңші. Қасекең қандай
қиналып отырсада, сырын білдірмеуге тырысып қуана
қарсы алушы еді. Жазмыштан озмыш жоқ деген осы екенау. Енді Алладан рахым тілеп, жатқан жері мамық, алды
жарық болса екен деп дұға қыламыз. Өмірін Қасекеңе
арнап, мұңын ішке түйіп қанша қиналса да ешкімге
салмағын салмай, тек Қасекең қасымда болса болды деп
бар қиындыққа төзе білген адал жары Ғайниға Алла зор
денсаулық пен қуат берсін. Қалған ғұмырын жақсылық пен
қуанышқа толы болып, қос құлыны мен немерелерінің
қуанышын көруге Алла нәсіп етсін.
Тіршіліктің арты қысқа, алды ұзын,
Кете бардың таусылғандай дәм-тұзың.
Жақсы есімің, ұл-қызың бар соңыңда,
Бұл жалғанда өшпейтіндей қалды ізің.
Еске алушылар: достары-Раушан, Башан-Балбала, Бөпежан, Нескен, ЖәдігерӘсия
ЕскЕ алу
Асқартаудай алып тұлғалы әкем Мұқанов Берік
Тұрарұлының өмірден қайтқанына 26 қазан күні 10 жыл
толады. Қанатымыз қатаймаған кішкентай күнімізде бізді
өзіңізден айырған Алланың ісіне көнбеске амалымыз жоқ.
Өзіңізге деген сағыныш алақандай жүрегімізге түйюлі.
Сіздің салған сүрлеуіңізбен өзіңіз армандаған азаматтар
болуға талпынып келеміз.
“Жеңіске жетіп аттарың
шықса, бүкіл ағайын-туыс, ел мақтан етеді”-деген
атамыздың батасынан қуат алып, алға басып келеміз.
Нұрасылыңыз Грек-рим күресінен 40 кг салмақта 2 жыл
Астана қаласы бойынша І орын алып, үмітті ақтауда.
Біздің әр жеңісіміз өзіңізге арналады әке!
Сіздің нұрлы бейнеңіз, асқақ рухыңыз мәңгі бізбен
бірге. Жатқан жеріңіз жайлы болсын. Алла сізге жұмақ ме-
кенін бұйыртсын
Сағына еске алушылар: балалары Әділ, Нұрасыл
Қазақ күресі
Спорт
«Жас Барыс» облыстық турниріне іріктеу үшін 16 маусым-30 қыркүйек күндері аралығында
ауылдық округтерде жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталып, аудандық турнирге жолдама алды.
30 қыркүйек күні БЖСМ де аудандық турнир өтті. Турнир 2003-2004 жылдары туған, 20012002 жылдары туған, 1998-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.
Турнирді кент әкімі Р.Түсіпов және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қарабаев ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша
2003-2004 жылдары туған арасында I-орындарды: 38 кг Аян Әкімбек, 42 кг Диас Жәкен,
46 кг Асылхан Үмбетов, 50 кг Ернұр Тайлақ, 55 кг Мұхтар Айтқожин, 60 кг Ғалымжан Хамзин, 66 кг Арыстан Қапиятов, 73 кг Азамат Даулет, +73 кг Ерасыл Мұхамедиян иеленді. Ал,
2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында I-орындарды: 46 кг Ердәулет Төлембек,
51 кг Жандос Әбүйіров, 57 кг Айбат Какен, 64 кг Серікбол Сағатев, 72 кг А. Айтжанов, 81
кг Р.Қуанышов, +81 кг Жантөре Өскен иеленді. 1998-2000 жылдар туған арасында 55 кг
Мақсат Аршабеков, 60 кг Санжар Смайлов, 66 кг Наурызбай Сембин, 74 кг Нұржан Шедиров, 82 кг Е.Матаев, 90 кг Ерқанат Жанатов, 100 кг Т.Досмұханбетов, +100 Ш.Болатов өз
салмақтарында чемпион атанып, 3-5 қазан аралығында Ағадыр кентіндегі облыстық турнирге жолдама алып, +81 кг салмақта Жантөре Өскен, 46 кг Азамат Үмбетов 1-орын иеленсе,
55 кг Аршабеков, Айтқожин, 42 кг Азамат Қасым, 46 кг Е.Төлембек, 66 кг А.Қапиятов, 74
кг Н.Шегиров, 100 кг Т.Досмуханбетов жүлделі III-орынды иеленді.
Президенттік сынақ
«Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының заңына» сәйкес,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының тестілері ауданымызда
өткізілуде. Осыған орай, 5 қазан күні Тәуелсіздік саябағында аграрлық колледж, ЖИГК,
аудан әкімдігі мен кент әкімшілігі, қазынашылық бөлімі, ГЦВП, жұмыспен қамту орталығы,
аудандық аурухана, СЭС ХҚҚО, қазпочта, қазахтелеком мекемелерінен тест алынып,
нәтижесінде аграрлық колледж бен жұмыспен қамту орталығының ұжымдары белсенділік
танытты. Қалған мекемелердің ұжымдарынан 12-19 қазан күндері Тәуелсіздік саябағында
тестілер алынады.
Самбо
14-17 қазан күндері Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында
самбо күресінен БЖСМ шәкірті Зекен Гүлназ жүлделі III орынға ие болды.
Жаттықтырушысы: М.Әбдірахманов. Жерлесімізге алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз.
волейбол
Волейболдан мұғалімдер күніне өткізілген аудандық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс
Б.Амалбеков және №132 мектептерінде өткізілді. Жарыстың ашылуында сөз алған аудандық
дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қарабаев ұстаздарды мерекелерімен
құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс тілеп, спортта да жеңіске жете берулеріне тілектестік білдірді. Ерлер ойынына 6 команда қатысты. Жалпы есепте I-орынды Б.Амалбеков ЖОББМ, II-орынды №132 ЖОББМ, III-орынды Ынталы орта мектебі иеленді. Үздік
ойынымен көзге түскен ұстаздар қатарында Х.Әбдіраймов, Ж.Тоқтыбаев, С.Ізтелеуов және
М.Зарлық болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім беру қызметкерлерінің
кәсіподағы және спорт бөлімінің тағайындаған мақтау қағаздарымен, кубокпен марапатталды. Әйелдер арасында өткен ойынға 4 команда қатысты. Жалпы есепте I-орынды
аграрлық колледжі, II-орынды №132 ЖОББМ, III-орынды Ынтымақ ЖОББМ иеленді.
Үздік ойынымен көзге түскен ұстаздар қатарында А.Шегебаева, Г.Шаханова,
Г.Сағындықова болды..
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
ЕскЕ алу
13 қазан, 2018 жыл
Алғабас ауылының тумасы, Целинный ауылының
тұрғыны болған, аяулы анамыз Қанаш Өмірзаққызының
дүниеден озып, бақилық болғанына 20 қазан күні 40 күн
толады. Көзден кетсе де, көңілден өшпейтін аяулы анамызды қимасақ та, өмірдің жазғанына не шара. Марқұм
анамыз
адамгершілік,
адалдық,
мейірімділік,
қайырымдылық атты ізгі қасиеттерімен ерекшеленетін
жан еді. Анамыздың артында қалған балалары, туған-туыстары Алладан иман тілеп, жатқан жері жайлы, топырағы
торқа болсын деп дұға бағыштаймыз.
Анажан шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық, ана Сізді баршамыз да.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандарың еске алады.
Өзіңмен өткізген күндеріміз,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушы: Сәтекбаевтар әулеті, балалары, келіндері, күйеубалалары,
немере-шөберелері, жиендері
20 қазан күні сағат 13.00-де Халық мешітінде анамыздың өмірден өткеніне 40 күн
толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, әулетіміздің еркесі, бұл
өмірден ерте озғанына қарамастан, дос-жарандарына адал
әрі қадірлі бола білген Мауленин Алмаз (камаз)
Серікұлының бақилық болғанына да 1 жыл толып отыр.
Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,
Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,
Әттең-ай! ерте сөнді-ау от ғұмырың.
Сағына еске алушылар: Мәулениндер әулеті
Қазан айының 20 күні сағат 17.00-де “сұлтан” мейрамханасында баламызға арнайы құдайы ас беріліп,
құран бағышталады
Рухани жаңғыру
Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем
Мемлекет басшысы
Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласындағы қоғамды
рухани
жаңғыртудың
ауқымды идеялары мен
тұжырымдамалық
тәсілдерді терең меңгеру
және білім алушылар арасында
тарату,
ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін
біздің санамыз ісімізден озып жүру, яғни
одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл
саяси және экономиклық жаңғыруларды
толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне
айналады», - деп атап көрсетті.
Осы мақсатта 7 қазан күні С.Сейфуллин
атындағы ЖОББ мектепте осы мектептің іргетасын қалаушы, мектепті 20 жылдай
басқарып, мектепке Сәкен есімін беруге ат
салысқан
ҚазССР халық ағарту ісінің
үздігі, ардақты ұстаз Садықбеков Жанпейіс
Сәдуұлына
арналып
қойылған
мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Өмірінің 40 жылын туған жерін, ұлтын
сүйетін азаматтарды тәрбиелеуге арнаған
Жанпейіс Сәдуұлының мемориалдық
тақтасының ашылу салтанатына аудан басшылары, білім бөлімінің басшысы мен
қызметкерлері,
мектебіміздің ардагер
ұстаздары,
ағайын-туыстары
мен
оқушылары, шәкірттері мен мектеп ұжымы
қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, ұлағатты ұстаздың
әріптестері
Ж.Елеуов,
М.Тайтөлеуов,
оқушылары Қ.Есенов, ағайын-туыстары
Д.Биматұлы
мен
баласы
Алтынай
Жанпейісқызы ардақты ұстаз Жампейіс
Сәдуұлын еске алып, құттықтау сөздерін
айтты
Мектеп кітапханашысы Ж.Әубәкірова
«Ұстазым,
ұлағатым,
үлгі-өнегем»
тақырыбында
көрме
ұйымдастырды.
Көрмеге Жанпейіс Сәдуұлының фотосуреттері, қолжазбалары, өмірбаяны мен
балаларының естеліктері қойылды.
Іс шараның барысында ұлағатты ұстаз
жайлы әріптестері мен оқушылары сыр
шертті. Барлық ғұмырын ағартушылық
салаға арнаған тағлымды жанның тәлімтәрбиесі мен өмір белестері кейінгі
ұрпаққа үлгі өнеге.
Осы істің жүзеге асуына атсалысқан Айткеш Жампейісқызы қолдау көрсеткен аудан
басшыларымен білім бөлімі мен мектеп
басшыларына, барлық туыстарының атынан
рахмет айтып, алғыс білдірді.
Нұрғайша Нақыпқызы,
«С.Сейфуллин атындағы ЖоББМ»
кММ директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары
Алғыс айтамын
Білім саласына өлшеусіз үлес қосқан әкем Жанпейіс Садықбековтың өзі басшылық
еткен мектепке мемориал тақтасын қоюға қолдау танытқан аудан әкімі Ю.Бекқожинге,
аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Әштаевқа, С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің
директоры А.Тұрғынбековке, мектеп ұжымына, ағалық ақыл-кеңес беретін елағалары
Ж.Елеуов пен М.Тайтөлеуге, ұлағатты ұстаз Б.Ысқақоваға, ұйымдастырушы Ө.Боқановқа,
тақтаның жобасын жасауға атсалысқан А.Өмірзаққызына алғысымызды білдіреміз.
Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз.
Айткеш Жампейісқызы
Құттықтаймыз!!!
“Таза су” мекемесінің қызметкері, қадірлі әріптес, от-
басына асқар таудай әке, адал жар Боқанов Өмірзақты
зейнеткерлік 63 жасқа толған мерейлі тойымен шын
жүректен құттықтаймыз. Ардақты әріптесімізге алдағы
өмірде еңбегінің зейнетің көріп, ұзақ ғұмыр, зор
денсаулық тілейміз.
Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін игі жақсылық.
63-жас мерейлі құтты болсын,
Еңбегіңіз еселесін ел үшін.
Әлі талай қызықтарға кенеліп,
Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісің.
Ізгі ниетпен: “Таза су” ұжымы
Уважаемые жители
Жанааркинского района!
АЗиАТСкий кРЕДиТНЫй фоНД ПРЕДЛАГАЕТ
БЕЗЗАЛоГовЫЕ и ЗАЛоГовЫЕ кРЕДиТЫ групповые и индивидуальные кредиты!
и принимает на работу талантливых людей!
Кредиты АКФ - это поддержка сельских жителей,
занимающихся разведением
скота, торговлей, производством, услугами и производственной деятельностью.
Мы выдадим Вам кредит
на разные цели:
•Закуп скота, сена и других
кормов, ремонт и построек
жилищ для скота и прочие
сельскохозяйственные цели
•Развитие бизнеса - закуп товара, сырья, оборудования
•Кредиты на ремонт и утепление дома, оплату обучения, покупку техники и прочие потребительские цели
•Потребительские кредиты
Преимущества кредитов АКФ:
•Отсутствие комиссионного сбора
•Предусмотрено снижение процентной ставки при получении повторного кредита
•Предложим индивидуальный (гибкий) график погашения
Соискателей приглашаем в команду профессионалов АКФ, которые разделяют наши ценности, готовых учиться и приобретать новые навыки, помогать жителям нашей страны
стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
Став частью коллектива Азиатского Кредитного Фонда, вы сможете получить:
•Интересную и разнообразную работу
•Справедливую оплату труда
•Профессиональное общение
•Обучение и развитие навыков
•Возможности для самореализации
•Признание ваших достижений
•Создание успешной карьеры
•Участие в полезных проектах.
Открыта вакансия Аналитик по развитию бизнеса (Кредитный специалист)
Основные обязанности кандидата:
•Кредитование сельского населения
•Обслуживание клиентов, в соответствии со стандартами Компании;
•Достижение целей компании, выполнение планов продаж
Требования к кандидату:
•Высшее/средне-специальное экономическое образование;
•Опыт работы в продажах желателен;
•Клиенториентированность
•Владение казахским и русским языками
Место работы: Жанааркинский район, п. Атасу
Вы можете обращаться по адресу:п.Атасу, ул. Тәуелсіздік, д. 5\1, ориентир: здание ЕНПФ,
телефон: 8 (710-30) 2-80-47 , Нұрсұлтан +7 771 266 57 00, Ақмарал +7 771 747 06 85, головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10.
Тел/факс: 8 (727) 250 61 90. E-mail: hr@acfund.kz Наш сайт: www.asiancreditfund.com
После обращения в офис акФ по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей
горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся и с вами!
СЕНІМ ТЕЛЕфоНЫ
«Жаңаарқа ауданы ауыл шаруашылығы» ММ бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді
қызметтік ар-намыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралызаңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 2-80-12 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді.
Жаңаарқа ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі
Жарамсыз деп танылсын
Туркешов Жангали Амановичтің атына 1993 жылы СПТУ-12 “Кең өрісті тракторшымашинист” мамандығы бойынша бітіргендігі туралы берілген №Е146420 дипломы
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛиНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІк иЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ889261201186721004, БиН 010340002761, Бик KZKокZKX, коД 17,
РНН 240400001948, Ао “казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінің тумасы әрі тұрғыны,
әкеміз Өмірзақ Боқанұлын 63 жасқа толған жасымен
құттықтаймыз. Әкеміз бізге асқар тау әке ғана емес,
анамызға аяулы жар, әулетіміздің иесі мен киесіне
айналған ардақты ата!
Сүрінсек - сүйеуіміз, жығылсақ- демеушіміз де осы тау
тұлғалы әкеміз. Биыл 63 жасқа толған алып бәйтерегіміз
неше жылғы бейнетінің зейнетіне жетіп отыр. Зейнеткерлігі құтты да қайырлы болып, ұзағынан сүйіндірсін.
Асқар тау әкеміз бен ақылшы анамыз Айткеш дүниеге
үш бала әкеліп, бәрімізді бағып-қағып өсірді. Бізге балаларына өмір сәулесін ғана емес, бақытты балалық сыйлап, қанатымызды қатайтып үлкен өмірге жол ашты.
Тату-тәтті отбасында үлгілі тәрбие берді. Еңбекпен ер
жеткен әкеміз адал жүріп, адал тұрған азаматтың бірі ғана емес, біз үшін бірегейі. Ауылдастарына ақ жарқын, ағайындарына бауырмал, үлкен-кішіні бөліп жармайтын, нағыз
ақ көңіл ердің өзі. Ақ көңіл, адал ниеті мен пейіліне қарай қызық қуаныштарың ортаймасын, әке! Аурымай, сырқамай арамызда жүріп, жүз жасқа келгеніңізді тойлауға жазсын.
Атыңнан айналайын - әке деген,
Біздерді тыным таппай мәпелеген.
63 зейнет жасың құтты болсын,
Біз түгіл еңбегіңді жат елеген.
Біздерге сізден жұққан сенім, үлгі,
Жықпаспыз енді біз де көңіліңді.
Қарттыққа ұласқанмен келер күндер,
Шаттыққа бөлей берсін өмірінді.
Тілек білдіруші: жары- Айткеш, балалары- Ақгүлім, Айгерім-Айтбек, Алмас,
немерелері Мадина, Айша
Қоңыр күздЕ Қорабай аға
ән кЕшінЕ шаҚырады
Аты республикамызға таныс, жеті
шекті гитараны еркіне бағындырып,
қоңыр дауысымен тыңдарманын тәнті
етіп, еліктірген Қорабай Есенов ән кешіне шақырады.
Әншінің 70 жасқа толар мерейтойына
орай
ұйымдастырылған
концерт
Жезқазған қаласында өтсе, 17 қазан
күні Қарағанды шаһарында өтеді.
Аудандық мәдени сауық орталығында
27 қазан күні өтетінін ескертеміз.
Жерлесіміз, әнші ағаның ән кешінен
қапы қалмаңыздар.
Асығыңыздар ағайын!
онлайн бақылау-кассалық машиналарын
қолдануға міндетті салық төлеушілердің
кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі
кеңейтілді
2018 жылдың 1 қазаңынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206
бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді. Осы Бұйрық
салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын
қолданатын қосымша 17 қызмет түрін қарастырады:
1.Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
2.Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу;
3.Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшект
ер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату;
4.Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада
сату;
5.Сусындарды көтерме саудада сату;
6.Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату;
7.Тоқыма бұйымдарын сату;
8.Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату;
9.Киімдерді сату;
10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату;
11. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату;
12. Ломбард қызметі;
13. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі;
14. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
15. Жарнама агенттіктерінің қызметі;
16. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі;
17. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру қызметі.
Осыған орай, жоғарыда аталған қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер 2018
жылдың 1 қазанынан бастап онлайн режимінде деректерді жіберіп отыратын бақылау-касса
машиналарын қолдануға міндетті.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” Жшс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1604 дана
Тапсырыс №42
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
34
Размер файла
44 362 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа