close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

1370 jusipov n. k kenes kimeti tusindagi folklordi jariyalaudin jagdayi

код для вставкиСкачать
І88Ы 1 8 1 1 -1 8 2 3
ПМУ хабаршысы
Вестник ПГУ
ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ СЕРИЯ
серия Филопогическая
73
ӘӨЖ 398.224(574)
КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРДЫ
ЖАРИЯЛАУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Н.К. Жүсіпов
С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті
X X ғасырдыңбірінші жартысындағы қазақфольклортану гылымындагы фольклордын жариялану жағдайын
сөз етсек, 1930 жылдары фольклорлық жариялымдардың
ғылыми неғізі қалана бастағанын көреміз. Көптеген
жинақтардағы фольклорлық материалдардың біршама
толық түсініктемелермен, әрі қосымшалармен бірге басылым көруі т.б.- бәрі қоғамдық назарды өзіне тартқаны
да анық. Қазан төңкерісіне дейін шыққан жинақтардың,
расында, көпшілігі жоғары ғылыми жарияланым талаптарына сөйкес келе бермейтіні де белгілі. Дегенмен олардың
фольклордың жанрлық ерекшелігін қарастыруға т.с.с.
негіз қалағанын ескерген жөн.
Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде халықмұраларын
ғылыми сипатта жариялау ісі Қазақстанныңәртүрлі елдімекендерінде де жүзеге асырылды. Сонымен қатар бұл
басылымдарда фольклорцы жариялау ісін тек дәстүрлі
тәсілдермен шектемей, өзіндік әдіс-төсілдерге бару талаптары да байқалды. Басылым көрген жинақтардың
біразы тілтану тұрғысынан; диалектологияға көңіл
бөлу; этнографиялық түсініктеме беру мақсатында;
өдебиеттануға т.б. арналып жүзеге асырылған. X X
ғасырдағы Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңес өкіметі
басшыларының дұрыс саясаты т.с.с. қазақ фольклорын жариялауға өз өсерін тигізбей қоймады. Мәселен,
1922 жылы Ташкент қаласында белгілі фольклортанушы
74
Вестник ПГУМ4,2008
Ә. Диваевтың«Батырлар» жинағыныңшығуыныңмаңызы
ерекше зор болды [1].
XX ғасырцағыКеңесөкімегі тұсындаӘ.Диваев жинаған
«Батырлар» жинағыныи 1922 жылы жариялануының, және
бұл эпостық жырлардың өз алдына жанрлық тұрғыдан
іріктеліп жеке жинақ боп шығуыныңмәні ерекше. Қазан
төңкерісіне дейін араб әрпіндегі басылымдарда болмаған
тыныс белгілерінің жинаушы тарапынан қойылып
шыққаны- бұл мәтіндердің ғылыми айналымға тұсе
бастағанын көрсетеді. Сондай-ак оқырман үшін нұсқаны
еш қиындықсыз оқу жағы да қарастырылғаны танылады. Жинақтын алғысөзі де, тұсініктемелері, тіпті кейбір
нұсқаныңпаспорттықдеректері бірге берілуі- басылымның
ғылыми сипатта жарияланғанын дәлелдейді. Сонымен
бірге сол кездегі Білім комиссиялары тарапынан шыққан
бұлжинақтарцыңхалықөдебиетін дәріптеуде, насихаттауда, фолыслорға деген халықтыңқызығушылығыноятуда
маңызы ерекше болды. Ал, «тіл тазалығы үшін күрес»
деген айдармен мәтіндерді өзгерістерге, түзетулерге тс.с.
ұшыратуыт.б.-бөрі кейінгі шыгатын жинақтардыңдұрыс
шығуына кері әсерін тигізген «теріс» үлгі болғаны да
сөзсіз. Түйіп айтқанда, жекелеген ауытқу, кемшіліктеріне
қарамастан, бұл кітаптардың шығуы қазақ фольклорын
таныту, насихаттау ісіне елеулі ұлес қосты.
1923
жылы Түркістан Республикасының баспасөз
мекемесінің Ташкентте Жүсіпбек Шайхулисламұлының
жинаған«ҚызЖібек» жырын басып шығарды[2]. Бұлжинақ
түрінде шыққан кітаптың Қазан төңнерісіне дейін жарық
көрген еңбектерден бір өзгешелігі- сыртқы мұқабасының
жоғарғытұсында: «Жер жүзініңеңбекшілері бірігіңдер!»-деген кезеңерекшелігін әспеттейгінүрандысөзі біргебэсылған
[2,1 б.]. Қазан төңкерісіне дейінгі ұлгілераетолыққандысөз
гіркестері менсөйлемдерді т.б. өзара ажырататынтыныс бел-
серия Филалогическая
75
гілері қойылмаса, ал Қазан төңкерісінен кейінгі кітаптарда
ол олқылықорны жойыла бастаған. Соның бір көрінісі бұл
кітапта да: нүкте, үтір т.б. тыныс белгісі өз алдына, сүрақ
белгісі, леп бепгісі, тіпті тырнақшаға дейін қолданыс тапқан.
Кітап көлемі 134 бет, әр бетте бір бағана бойымен 26 жыр
тармағы бар. Мәтін түпнүсқасы араб әрпінде берілген. Ал,
түпнүсқаны араб әрпінде беру- шығыстану ғылымы талабынан туғаны мәлім.
Негізінен алғанда, өлеңмен өрнектелген мәтін ішінде
қара сөзбен жазылған үлгі орын алуы да бар. Көлемін
есептесек, әр беттің 16 жолдан аспауын көреміз. Кітап
соңы: «Мүнымен «Қыз Жібек» тамам болды»,- ескертуіне
қоса, Жүсіпбек қожаның мына өлеңі келтірілген:
Көп қисса баспа қылдым мүнан бүрын,
Пенденің Алла білер іште сырын.
Сауап, күнә екенін біле алмаймын
Кешіргіл күнә болса Жаббар кәрім.
Көп қисса баспа болып шықты бізден,
Назым қылып шығардым нәсір сөзден.
Молдалар, оқысаңыз әр кітабым
Әрқашан қүр тастама дуаңыздан [2, 130 б.].
Сонымен қатар кітаптың 131-інші бетінен 134-нші
бетіне дейін мәтін ішінде басылым кезінде кеткен
жаңылыстартізіліп көрсетілген: «Қыз Жібекті» оқымастан
бүрын көзге түскен жаңылыстарын түзету керек»,- деген,
кестеге түсірілген 81 сөздің дүрысы қайсы, жаңылысы
қайсы, қайбеттің қайжолында орналасқандығына дейін
нақты ескертілген [2,131-134 б.]. Сондай-ақ кесте ішінде әр
түрлі себеппен мәтінге кірмей қалған, яғни түсіп қалған 38
сөзден түратын үлгі үзіндісі де кірістірілген [2, 133 б.].
Демек 1920 жылдары фольклорға қагысты жарияланған
түрлі жинақгар мен кітаптарды т.с.с. ғылыми тапаптарцың,
оның ішінде мәтінді шамасынша өзгертпей басу ниетінің
76
Вестник ПГУМ4,2008
орындала бастағаны байқалады. Яғни шығарма мөтіні басылым көргеннен кейін де кітап соңында ссл мәтінменен
текстологиялықжұмыстар жүргізіп, басылымнан кеткен кемшіліктерді түзету орын алған. Ондағы мақсат: мәтінді ешбір
өзгеріссіз, ссл қалпында басып шығару. Сол арқыпымәтіннің
ғылымидәлдігінсактау. Бүлшараныңөзкезегіндесолмөтінмен
жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарытұжырымдарының,
оның нәтижелерінің т.с.с. неғұрлым дұрыс жасалуына,
нақтылыгына, далділікке т.сс. кызмет ететіні анық.
1920 жылдарда халықтан жазылынып алынған
шығармалар әртүрлі жинақтарда жарияланып, көпшілікке
кеңінен тарала бастады. «Қобыланды», «Алпамыс»,
«Қамбар батыр» [1] жырлары баспадан шықты. «Қозы
Көрпештің» В.В. Радлов жариялаған нұсқасы қайтадан
басылды. Ақын Георгий Тверитиннің әдеби өңдеуімен
«Қозы Көрпеш» орыс тілінде шықгы(Москва- Қызыл-Орда,
1927). Көпшіпікке арналған қазақертегілерініңжинақтары:
«Тазша» (Москва, 1926), «Өтірік өлең» (Қызылорда, 1927),
«Аяз би» (Москва, 1928) жарияланды.
Осы аталған жинақтарда, халық поэзиясы жөніндегі
кітаптар мен зерттеу мақалаларда, жинау жұмыстарында
этнографиялық та, тарихи сипат та байқалады. Мәселен,
Ә.Диваев «Шора батырды», Кенесары мен Наурызбай
жайындағытарихи жырларды бастырып шығарды. Фольклористер Қазан теңкерісіне дейін ескі мұра жөнінде
айтылған ғылми құнды пікірлер арасын жақсы-жаман
деп бөліп қарамады. Сондықтан да осы кездерде қазақтың
халықәдебиетіне арналып шыққан жинақтар, мақалалар
мен кітаптар Қазан төңкерісі қарсаңында істелген
жұмыстарды кеп жағдайда қайталап отырды.
Ә. Диваевтын «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының
еңбектері» атты жинақта жарияланған материалдары,
оныңҚазан теңкерісіне дейін дайындаған жинақтарынан
серия Филологическая
77
ешқандай айырмасы болмады [3]. А.А. Мелков та өзінің
«Қырғыз этнографиясы жөніндегі материалдарында» [4]
қазақ ертегілерінің Қазан төңкерісіне дейінгі басылған
өзінің жинақтарын қайталаған.
Негізінен, 1920 жылдардағы ғылыми жұмыстың ең
негізгі мақсаты- фольклорлық мәтінді жазып алып, жариялау ғана болған. Ғалымдардың жұмысы бұл жағынан
жемісті болды. Оған дәлел: жарияланған материалдар
саны қанша көп болса, баспаға әзірлеу сапасы сонша
жоғары. Жариялаудың ғылыми жөне жалпы оқуға
арналған тұрлері белгіленген. Жарыққа шығарудың әр
алуан амалын іздестіріп, газет, журнал және жинақтарда
мақалалар арқылы «Материалдар», «Нұсқалар» деген
аттармен жарияланған. «Географиялық-этнографиялық
жөне лингвистикалық анықтамалар» сияқты тұсініктер
берудің тұрлері мен әдістері белгіленді. Тек көркемдік
тұріне түсінік беру жағы жетіспей жатты.
Азамат соғысы мен шаруашылықты қалпына
келтірудің ауыр жылдарының өзінде де халық ауыз
өдебиетінің Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңес
тұсындағы төуір деген үлгілері баспа жүзінде жарияланып, Қазақстанға ғана емес, тіпті Одақ көлеміне белгілі
бола бастады. Мөселен, қазақөлеңдері мен ертегілерінің
үлгілері «Қазақ өлкесін зерттеу коғамыныңеңбектерінде»
басылып шыққаннан кейін, Түркстандағы халық музейіне қойылып, жұртқа таныстырылды, ауыз әдебиеті
пөні Қазақстандағы алғаш ұлттық жоғары мектеп Қазақ
ағарту институтында арнаулы сабақ боп оқыла бастады.
Республика баспасөзі Кеңес фольклорының тырнақалды
үлгілерін жүртшылыққа таныстыруда үлкен қызмет
атқарды. Газеттер мен журналдарда ақындардың жаңа
өлеңдері жарияланды. Бұл өлеңдерде Қазан төңкерісі
әкелген жаңа түрмыс, жаңа өмір дәріптелді.
78
Вестник П Г У Ш , 2008
ӘДЕБИЕТ
1. Батырлар (жинаған, алғысөзін жазған Ә.Диваев).Ташкент: 1922.- 386 б. (Ескерту: 1- бөлім. Қобыланды
батыр-158 б.; 2- бвлім. Нәрікұлы Шора-23 б.; 3- бөлім.
Бекет батыр- 27 б.; 4- бөлім. Қамбар батыр- 39 б.; 5- бөлім.
Шора батыр- 59 б.; Алпамыс батыр- 56 б.; 7- бөлім. Мырза
Едіге батыр- 24 6.).
2. Қыз Жібек (Жазған Жүсіпбек Шайхулисламұлы).
Ташкент: 1923.- 134 б.
3. Труды по изучению киргизского края: Вып. III.Оренбург: 1922 (жарияланғандары: «Шора- сын Нарын
батыра», «Приметы киргизов», Побасенка «Олень и осел»
т.б.) -С.117, 127,138.
4. Труды по изучению киргизского края: Вып. III.Оренбург: 1922 .- Б. 142-182. («Қаңбақ шал», «Тазша»,
«Хитрый старик», «Визирь-дровосек», «Три брата» т.б.
ертегілерді қараңыз).
Резюме
В статье анализируются фольклорные произведения
науіно-общественного и науіного значения.
Я еш те
Іп іһе агіісіе аге апаіугесі іһе июгкх о/зсіепіфс-зосіаі
апсі хсіепИ/іс зі§пі/ісапсе.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
1
Размер файла
165 Кб
Теги
1370, tusindagi, jariyalaudin, kene, jusipov, jagdayi, folklordi, kimeti
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа