close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

1451 muhamediyarova s. m til - halikhtin ruhani bayligi tausilmaytin khazinasi

код для вставкиСкачать
Fылыми-ddic,
елт журнал
Научно-методич еский журнал
2 (3)'2006
АКТ0БЕ МЕМ Щ К ЕТТШ
тш
ХАБАРЩЩШШ
ВЕСТНИК
^ ^ ^ ^ Щ С К О Г О ГОСУДАРСТВЕННОГО
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА
Тіл —халықтың рухани байлығы, таусылмайтын қазынасы
С.М. Мұхамедиярова
(Павлодар)
«Тіл дегеннің өзі бүкіл бір халықтың
жинаган рухани қазынасының жиынтыгьі,
соның бәрін сақтайтын қоймасы сияқты».
Мүхтар Арын «Бес анық».
Қазіргі заман талабына сай таза да мәдениетті сөйлеу үшін, баланы,
оқушыны міндетті түрде окыту арқылы гана емес, күнделікті тұрмыста
қолданылатын сөздерді естір құлаққа жағымды, әуезді де әдемі етіп, магыналы
сөйлей білуге тәрбиелеу керек. Ауыз эдебиетінің, фольклордың қай саласын алсақ
та, халық даналыгы, хальщтьш салт-дэстүрлерінен этнопедагогикага нысан
боларлық негіздерді көреміз.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жьшғы 11
қазандагы №1459 Жарлыгымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарга арналган Мемлекеттік багдарламасында:
-мемлекеттік тілді басым дамытуга;
-отандық дәстүрлер, элемдік гэжірибе жэне тұракты даму қагидаттары негізінде
білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту міндеттері көрсетілген. [1]
70
Профессор М.Арынның тіл туралы ойлары және мемлекеттік тілді дамытудың көкейкесті мәселелері
Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі әртүрлі
сын-тегеуріндерге білім берудің қүрылымын, мақсаттарын, мазмүны мен
технологиясын түбегейлі өзгертумен үн қатты.
Демек, ауызша тілге сүйену, ауыз әдебиеті арқьшы жеткен фольклордан
көптеген соны лексикалық атаулардың мағыналық жағына сәйкес баламаларын
табзта болады. Халықтың ауызекі тілі зоологиялық, ботаникалық, физикалык,
технологиялық және географиялық терминдерге бай. Сезім мен көңіл күйін
бейнелейтін сөздер де аз емес.
Халқына мүлтіксіз қызмет еткен үлағатты үстаз, білікті ғалым, қоғам қайраткері
Мүхтар Арынның қазақ өміріндегі небір әлеуметтік-мәдени өзгерістер мен оқубілім, үлттық тәлім-тәрбие жөніндегі толғаныстары берілген «Бес анық» атты
еңбегінде үлттық сананың қайнар көзі болып табылып, еленуге тиіс ерекшеліктер
туралы ой толғамдары әр қазақ азаматына рухани күш берері сөзсіз. Ғалымның
еңбегінде мынадай жолдар бар: «...Егер бірімізге-біріміз сураң қойып, оган шын
ниетімізбен жауап беретін болсац, онда көп мәселеніц бетін ашып алар едік...».
Яғни бір -бірімізге сүрақ қою арқылы шындыққа жету, оған шынайы, таза ниетпен
риясыз жауап беру әр азаматтың парызы екенін ескертеді. Әсіресе бала кезден ана
тілінде нәр алуы керектігін, мысалдар келтіріп, баса назар аударады. Үлттың рухы
үрпақтың ана тіліне деген қүрметінен қалыптасатынын, үлттык дүниетанымдық,
психологиялық басқа да толып жатқан үрпақтан үрпаққа беріліп жататын
қасиеттердің қалыптасатына терең үңіледі. [2]
Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық қүрамы жағынан сан-салалы,
соған лайықты олардың атқаратын қызметі де түрліше. Қазақ фольклорын саралап
жіктейтін болсақ олардың ішінде кейбір жанрлардың үлкендерге де, балаларға да
ортақ екенін көреміз. Олар ертегілер, жүмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлікке
арналған жырлар, мақал-мәтелдер т.б.
Қазақ фольклоры балалардың ойын үштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке,
әсемдікке тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге тапқырлықка, шешендіке
баулиды. Қай қоғамда да заман талабына сай қажетке жарап, түрленіп-дамып,
қүнын жоймай, өз ерекшелігін сәулелендіріп келе жатқан қазақ фольклорындағы
үсақ жанрлардың бірі - жаңылтпаш.
Жаңылтпашты тудырушы да, дамытып түрлендіріп қажетке жаратушы да
халық. Сөздерді дүрыс, анық айту үшін тілді жаттықтыру мақсатында түрлі
жаңылтпаштар үлкен қызмет атқарады.
Жаңылтпаш ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру
мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне ана
тілінің үн сүлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды. Жаңылтпаш
балалардың тіл үстартуларына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап,
билеп, еркін сөйлеуге төселулеріне өз әлінше әдемі сабақ, тәжірибе болатын ойын.
Жаңылтпаш қиыннан қүралған қырлы сөздерді айту.[2]
Бүның астарына көз жүгіртер болсақ, біздің ата-бабаларымыз, қарапайым
тәсілдер арқылы үрпақ тәрбиесіне үлкен мән бергендігі көрінеді. Бүгін тіліндегі
71
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы Шші 2006__________
кемістікті түзетуге намыстана тырысқан ұрпақ, ертең ел намысын қорғайтын
батыр, сөз нақышын қадірлейтін би-шешен болады деп үміттенген, әрі сенген.
Жаңылтпаш айтқанда бірнеше нәрсе ескеріледі. Жүртты күлдіру, жарыс (сөз
жарысы), әрбір сөзді тез, шебер айту. Сонымен қатар ел арасында кекеш, быдық
балалар да аз болмаган. Жаңылтпаш баланы дүрыс сөйлеуге үйреткен. Мысалы:
Қарамайын қарағайдың,
Қаламайын, жаламайын.
Қарагайдың қарамайын,
Қасына енді жоламайын, және
Торта қойдым,
орта қойдым.
Орта қойдым,
жорта қойдым - деген жаңылтпаштарда «Р» дыбысы төрт рет қайталанып келеді.
«Р» дыбысын дүрыс үйретумен қатар, магыналық үйқасы жағынан, жүмбақтай
дүрыс сөйлеуге үйрену мақсаты көзделіп, осы күрылған сөздердің бір-бірінен
айырмашылығын танытып, әрі үйрету бар.
Жаңылтпаш сөздер жай айтыла салмайды. Дүрыс сөйлеуге үйретумен қатар,
айналадағы неше алуан көріністермен, өмірмен таныстыра қүрылады. Сөз
мағынасын бүрмаламай, абайлап, өңдеп, байыппен маңызды сөйлеуге
жаттықтырады.
Жаңылтпаш сөздердің бірнеше сөйлемнен қүралған күрделенген түрі бар. Мүнда
әр дыбысты дүрыс айтумен қатар, сөздің мағынасын бүрмаламай сөйлеуге де
үйрету шарттары қойылған. Мысалы: Мьгаау қай арал?
Қайыңды арал, талды арал.
Талға қарға үялар
Тарғыл иттің қүйрығыТалға оралар, талға оралар, -деп айтылатын түрлері де көп. Жаңылтпаш сөздері
қызықты, күлдіргі және ұйқасты болып келеді. Кейде жүмбақталып, мақал-мәтел
де араластыра келеді. Айтылуы қиын және мағынасы жағынан бір-біріне жақын
түратын сөздерді айыра білу үшін де колданылады. Сонымен қатар ашық та
айқын сөйлеуге жаттықтыратын, баланы тату-тәтті ынтымаққа шақыратын, сол
арқылы жұмыстарын да жүргізетін жаңылтпаштар бар. Мысалы:
Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең
Таласпа Жарас Қамашпен, немесе
Жақсы атты әп сөтте,
Асқаттар ақсатты.
Ақсатты- тоқсатты,
Кім болар жақсы атты?, - деген жаңылтпаш дүрыс сөйлеуге үйретумен
бірге, дүрыс та әділ шешім айтуға дағдыландырады. Бала тәрбиелеуде, ана тілінде
дүрыс сөйлеуге жаттықтыруда халық шығармалары ішінде жаңылтпаш үлкен роль
атқарады. Әсіресе, дикцияны үштауда орны ерекше. Д.Тұранқұлова жазған «Сахна
тілі» оқулығында жаңылтпашты айтып үйренушілерге мынадай кеңес береді:
72
Профессор М.Арынның тіл туралы ойлары және мемлекеттік тілді дамытудың көкейкесті мғселелері
«Жацылтпаштарды айтцанда сөйлем екпіндерін қубылтып, әрбір сөзге
екпінді жеке тусіріп уйреніңіз. Жаңылтпаштагы әр сөзді тез-тез айтцанда,
сөйлемнің бірде бір әріпі айтылмай қалмасын» [4]
Жаңылтпаштарды айтқанда дауыс ырғағына да көңіл бөлген жөн. Төменгі
регистрден бастап жоғары регистрге дейін (жарты тоннан қоса отырып) жеткізіңіз.
Бұлайша жаттығу дауыс ыргағының бір сарынды болмауы үшін керек. Оқушы
дауысын жолга қою барысында дербес жаттығу жасауға тиіс. Сол кезде мынаны
есте үстаган жөн. Тыныс жолындағы бүлшық еттері көмей, жұтқыншақ, бүлшық
еттері және ауыз қуысы өзара байланыста, анығырақ айтқанда өзара тәуелді
жағдайда жүмыс істеуі керек. Дүрыс дем ала білу де, оған машықтана білу де өнер.
Бетке арналған ( гигиеналық массаж сылау, саусақ үшымен жеңіл
соққылау), ерінге арналған (қозғалысты), тілге арналған (қимылды) әрекеттерден
өзге, сумен шайьшу амалдары, жүгіру, секіру, түрлі спорттық жаттығулардың
көмегімен өкпе арқылы дүрыс тыныстаудың, демді ішке тарту мен сыртқа
шығаруды арнайы жаттығу жүйесімен дағдыға енгізу керек. Бүл, әлбетте дауыс
аппаратын қоятын арнайы маман-үстаздың қадағалауымен жүргізілуі тиіс. Ескере
кететін жәйт, әр адамның дауыс аппараты бір-бірінен айырмашылықта, дауыс
диапазоны болсын, жынысы, жасы, тембрі, мінез-күлқы т.т. Сондықтан да дауыс
тәрбиелеу үрдісіне тәрбиелеуші де, тәрбиеленуші де үстірт, немқүрайлы
қарамағаны абзал.
Дауыс - сөйлеген адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін, тыңдаушыға
бағыттап отырады. Дауыстың естілуі - физиологияльщ әрекеттің нәтижесі. Әр
адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Ортақ табиғи дауыспан қатар әр
адамда қосымша дауыс сарыны мен обертондар болады. Дауыс белгілі жаратылыс
заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып,
жылыстап, қайталанып сөйлеу әуенін түзейді. Дауыстың осы сапаларын
жетілдіріп, байқап, фонетикалық, дыбыстық, буындық жаттығулар жасап, сөзге сөз
тіркестеріне қойылатын екпінді ажырата білу міндет. Жаттығу кезінде неғізгі
бірнеше шарттарды тиянақты орындау керек:
1) жаттығу бөлмесінің ыңғайлылығы, таза, кең, жарық, құрғақ, орта қалыптағы
жылықта болуы;(20с-24с)
2) Уақытқа бөлу, уақытты дұрыс пайдалану;
3) Жаттығу кезінде ойды бөлмеу, нақты бағыттау;
4) Киімнің, аяқ киімнің қозғалысқа ыңғайлы болуы; (спорттық үлгідегі болғаны
дүрыс);
5) Маңдайға, самайға, бетке түсіп, алаңдатпас үшін шаштың жинақы болуы;
6) Қажетті деген құралдардың болуы (қол айна, қол орамал, скакалка, сақина
і (обруч), ұзын таяқша (1 -120 м), орындық.
Дикция- сөз сөйлеудің, айтудың анықтығы, тазалығы. Әрбір тіл
дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп, дыбыстаса, әрбір тіл
дыбысы анық айтылады. Тағы да бір ескере кететін негізгі мәселе, айтылған сөздің
мағынасына назар аудару. Айтылатын ойдың нақты, анық болуы үшін
орфоэпиялық сауаттылық пен сөз байлығы, логикалық ойлау кеңістігінің жан73
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтынын хабаріиысы •№2, 2006
жақтылығы, философиясы, суреткерлік қиял дүниесінің болуы керек. Сөйлей білу
өнерінің түлғалық имидж қалыптастыруда мәні зор.
Тіл ғылымының бір тарауы, фонетика - адамның дыбыстау мүшелері арқылы
жасалатын мән-мағынасы бар тіл дыбыстарын тексереді. Дауыс шымылдығының
бірде керіліп, бірде жиырылып, түруынан дыбыстар дауысты және дауыссыз
болып жіктеледі. Олар мүрын қуысы мен ауыз қуысынан түсіп тілдің, жақтың,
еріннің, тістің, таңдайдың т.б. мүшелердің қатысуымен өңделеді, бір-бірінен
жасалуы жағынан ерекшеліктерғе үшырайды. Бетке, ерінғе, тілге, жаққа, мүрынға
арналған арнайы жаттығу мен массажды қолданамыз. Демді дүрыс пайдаланамыз.
Әр әріптің өз ерекшелігін, модуляциясын (айнаның кемегі өте зор) меңгеріп,
жаңылтпаш айту арқылы дикцияны жетілдіреміз:
Асқат, хсамап-жасқап,
Жасапты ақ сапты аспап.
Ақ сапты аспабы,
Жап -жақсы аспап.
Бүлдір-бүлдір бүлдіршін,
Былдыр бүл бір бүлдіршін.
Бүл бір білгір бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін.
Жаңылтпаш пен жаттығу жақсы дикцияға пайдасы мол. Дикцияны үштауды әр
оқушьгаың жеке, өзіндік сөйлеу қабілетіне орай (индивидуально) жаңылтпаштар
беріліп, жүмыс істелінеді. Егер оқушы табиғатында баяу, созып сөйлейтін болса,
жаттығу арқасьшда тез айту темпіне үйренеді, егер оқушы жылдам, асығыс
сөйлейтін болса, оны жайлап, анық сөйлеуге жаттыктыру керек.
Орыс сахна өнерінің мызғымас көл көсір теориясы мен практикасының абзал
абызы мен сәуегей суреткеріне айналған Константин Сергеевич Станиславский
жаңылтпаштың тіл жаттықтырудағы рөліне ерекше мән берген. Сахна тілін
жаңылтпашсыз тәрбиелеуге болмайды деген. Орнықты өлшем, дөп ырғақ, ашық та
айқын дикциямен жаңылтпаш мәтінін анық жеткізу керек. Біріншіден
жаңылтпаштың не айтып түрғанын, мазмүнын біліп алу керек. Алғашында қысқанүсқа жаңылтпаштан бастау керек. Мысалы:
Кер қүлан ба?
Кер қүнан ба?
Көк көбелек көп пе?
Көп көбелек көк пе?
Бір түп түт,
бір түп түтта - бір пүт түт.
Оқушылар жәй және тез өлшемді игергеннен кейін қиын, күрделі жаңылтпаштар
мен жаттығуға болады. Орыс тілінде жаңылтпаштардың орта, күрделі және өте
күрделі түрлері бар. Жәй, орташа жаңылтпаш вариация түрінде күрделеніп,
түрлене береді. Мысалы:
1 вариант: Осип охрип, Архип осип.
2 вариант: Осип охрип, Архип осип;
74
Профессор М.Арынның тіл туралы ойлары жзне мемлекеттік тілді дамытудың көкейкесті мяселелері
Охрип Архип, осип Осип;
Охрип Осип, осип Архип;
Осип охрип; Архип осип;
3 вариант: На дрове трава, на траве дрова, на дровах два дровосека, два дровокола,
два дроворуба - Осип и Архип.
Осип: «Наш голова вашего голову головой перегогвил, перевыголовил».
Архип: «Наш
голова
вашего голову
голову головой переголовил,
перевыголовил».
На дворе трава, на трве дрова, на дровах два дровосека, два дровокола, два
дроворуба —Осип и Архип.
Осип: «Наш голова вашего голову головой переголовил, перевыголовил,
перевыголовил, переголовил.
Архип: «Наш голова вашего голову, головой головой гіереголовил, перевыголовил,
перевьполовил, переголовил.
На дворе трава, на траве дрова, на дровах два дровосека, два дровокола, два
драворуба - Осип и Архип.
Осип: «Наш голова вашего голову головой переголовил, перевыголовил,
перевьполовил, переголовил»;
Ахрип:
«Наш
голова
вашего
голову
головой
переголовил,
перевыголовил,перевыголовил, переголовил, переголовил, перевыголовил». Осип
охрип. Архип осип. [6]
Бұндай жаңылтпаштар 2 оқушы 3 өлшемде, 3 темпте айту үшін.
Қазақ тіліндегі жаңылтпаштар көбінесе көлемі шағындау, 2-4-6 шумақты
болып келеді. Балаларга арналып жазылған Қ.Баянбаев, Е.Өтетілеуов,
Қ.Мырзалиев жаңылтпаштары негізінен еңбек тақырыбына, төрт - түлік малға,
нақыл сөздерге құралған.
Мысалы:
Қай тай лақтай,
Қай тай тайлақтай?
Лақтай тай лақтай,
Тайлақтай тай тайлақтай.
Тай, лақ, тайлақ - төрт түлікке жататын үй жануарлары. Тіл жаттықтырумен қатар,
балаға қошаған ортаны, үй жануарларын таныстыру және ол жануарлардың сырқы
сипатын, үлкендігін сұрақ-жауап ретінде есте сақтап, санаға сіңіру, ойлау қабілетін
ұштау міндеті қойылған. Сондай-ақ,
Қырық құрқылтай бір құрдан үркіп ұшты,
Қырық құр, бір құрқылтайдан үркіп ұшты.
Қырық құр қорқақ па?
Қырық қүрқылтай қорқақ па? Қ-р-ү-ұ-і әріптерін дұрыс айтуға жаттығу үшін.
Жаңылтпаш тақырыбы - адамгершілік, мақал-мәтел, еңбек, әдеп, нақыл -өсиет,
табигат көріністері, төрт түлік, әдемілік, музыка, білімділік, бал бөбек, санап
үйрену, ас адамның арқауы, сұрақ-жауап, түрмыс-салт, дәстүр, әзіл-қалжың,
*75
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы '№2, 2006
суреттеу, сын, өтірік өлең, жұмбақ, мақсатқа жетелегі, үмітке қүрылады. Мәселен,
«Түсінетін кісі қүс үнін де түсінеді», деген жаңылтпаш, мәтелге құрылған.
«Жаз кетті, қаз кетті,
Күз кетті, қыс түсты.
Қар жауды үсті-үсті,
Түс-түсты, қыс қысты.
Жапырақ сап-сары ма, ақ сары ма?
Топырақ ақ сары ма, сап-сары ма?
Жаңылтпашта табиғат мерзімдері, көріністері, түстері суреттеледі.
«Шөжем»,- деп шешесі бәйек,
«ІДешем» дегі шөжесі бәйек.
Шешесі «шөжем жесін»,- дейді,
Шөжесі «шешем жесін», - дейді. Адамгершілік, сыйластыкқа, қамқорлыққа
қүрылған.
Еңбек тақырыбы бай колориттерде жан-жақты қамтылған, сан салалы
еңбекке баулу жаңылтпаш тілінде баланы қызықтыра, қүлшындыра түседі. Үйқас
шеберлігі дем иірімдерінің толык та кеңінен қолданылуына жол ашады. Темп,
ритм жинақылыққа баулиды. [5,6]
Мәселен:
Қүдық қазып аршыдым,
Топырағын жаншыдым.
Аршыдым да балшығын
Шаншыдым да талшығын,
Аршыдым да малшыдым.
Шығардым да бар шымын,
Күрегімді жаншыдым.
Бүл жаңылтпаш еңбек тақырыбына қүрылған. Қазақ тіліне тән дыбыстар қ,ұ, ғ,і
сондай-ақ сонорлы м,н, қатаң дауысты, дауыссыз дыбыстар бар.
Жоғарыда көрсетілген жаңылтпашпен жүмыс істеу тәсілдерімен
жаңылтпаштың мәтінін пысықтаған соң, жылдамдық қосып (темпо-ритм) әр түрлі
мінезге (характерге), қимыл-әрекетті ойын қойылымға қүрамыз. Кішкене допты,
секіргіш жіпті (скакалка) пайдалануға болады. 2 немесеЗ топқа бөліп, қойылым
қүруға болады. Әр оқушыға жаңылтпашты айтудың мақсаты беріледі. Мәселен 1
оқушы хабарлы сөйлем түрінде жеткізсе, 2 оқушы оған жауап ретінде
«таңғалдыру» мақсатында айтады. Үшінші оқушы «мәссаған, сол да сөз болып
па?» деген сияқты сыңайда, мінез көрсете кекесінмен айтса, төртінші оқушы «о,
иәлі, бәрекелді!» деген қолпаштау харекетінде қуана-қуана ашық дауыспен
масайрап айтқаны көзделеді. Бесіншісі ренжіп, шаршап жеткізуі мүмкін.
Осылайша, байкағаныңыздай бір жаңылтпаш дауыс интонаңиясының арқасында
сан құбылып, түрліше характерде жанданады. Әр оқушының қабылдауына,
логикасына, темпераментіне, қиялына (фантазиясына) орай жаңылтпаштың әсері
мол. Әрі қарай оқушы ның ойлау қабілетін, сөйлеу қабілетін ойынмен дамытамыз.
Ойын-әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының есте сақтап қалу қабілеттерін
арттырады және қабылдауларына әсер етеді. Оқушылар үшін пән жүмысы екінші
76
Профессор М.Лрынның тіл туралы ойлары және мемлекеттік тілді дамытудың көкейкесті мэселелері
жоспарға ығысады да, ойын көңіл көтеру ретінде қабылданады. Ал, оқытушы үшін
кез-келген ойын >Каттығуға жатады.[4,5]
Біріншіден,
тіл
материалдарын
үйрену,
екіншіден
олардың
трансформациялық, ауыстырылу және аудару жаттығуларындағы манипуляциясын
ескерудегі жүйе, үшіншіден тіл материалдарының сөз және псевдосоз
жаттығуларының активтенуі болып саналады. Жаңылтпаштарды айта отырып,
оқушылар тіл мен оның байлығын сезе бастайды, тіл мүшелерінің жүмыстарын,
сөйлеу қабілеттерін арттырады, өзіндік ерекшелігі бар дыбыстарды жылдам айтуға
қол жеткізеді, сөз және сөз тіркесінде екпінге жаттығады.
Оқушыны қызықтыра, мақсатты түрде жаңылтпашпен жүмыс істеу
барысында алдымен тақырып таңдап аламыз. Оқушыларға жеке-жеке
жаңылтпаштар беріп, айтар ойын түсіндіреміз. Оқушы езінің не айтарын білген
соң, оны неге айтатынын, қалай айтатынын пысықтаймыз. Ойлап сейлеуге, түсініп
сейлеуге бағыттаймыз. Ойын, түсінігін қасындағы адамға жеткізіп айтуын
қадағалаймыз. Міне, осыны әрбір оқушының санасына сіңіру керек.
Әдебиет:
1.Егемен Қазақстан. -2004жыл, 16 қазан. -2-46.
2. Арын М. Рухнама. - Павлодар, 2003. -81-84 б.
3. Йазак Совет энциклопедиясы.
4. Тұранқұлова Д. Сахна тілі. -Алматы: Білім, 1999. -53-55 б.
5. Маман Байсерке. Сахна және актер.- Алматы: Ана тілі,1993.
6. Методика выразительного чтения. —Москва: Просвещение, 1977. -103-105 б.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
1
Размер файла
287 Кб
Теги
1451, muhamediyarova, ruhani, khazinasi, til, bayligi, halikhtin, tausilmaytin
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа