close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

1174 janarish abdulmuttalib pen abiraa ashabul-fil nemese pil okhigasi h.janaris

код для вставкиСкачать
Ш « й ттш
УДК 89-1.09
АБДУЛМУТТАЛИБ ПЕН АБЫРАҺА
(АСХАБУЛ-ФИЛ НЕМЕСЕ ПІЛ ОҚИҒАСЫ).
X. Жанарыс
С. Торайгыров атындаәы Паөлодар мемлекеттік
университеті
Бул мақопада Мәшһур Ж усіп Көпейулының аңыз өлеңдеріндегі
Абыраһа мен Абдулмутталиб туралы баяндалады. Мәшһур Ж усіп
Көпейулының еңбегіндегі оқиганың болганды гы шындық екені А бд
бин Хумаид, Ибнул Мунзир, И бн Мәрдуиа, Хаким, Ә б у Нуаим, Б зихаки, И бн А бба с сынды галымдардың еңбегінде зерттеліп, дәлелдеиген.
Мақалага қатысты зерттеулер грек, агылшын тілдерінен араб тіліне
аударылган еңбектерден алынды.
В данной статье рассказывается о произведениях Абыраха и
Мутталиба в произведениях М аш хур Ж усуп Копеева. П равдивост ь
работ ы Копеева доказана исследоваігиями таких великих ученых, как
А бд бин Хумаид, Ибнул Мунзир, И бн М ардуиа, Хаким, А бу Нуаим,
Баихаки, И бн А ббас. Материал,использованный в статье, взят из
ра бот , переведенных на арабский с гр еческ ого и английского языков.
Тһе а гііс іе /осихех оп Аһгаһа ’я апеі М иИ аІіЬа ’я асІуепШгех іп
Мазкһиг 2һихир К ор еу еу ’х м>огкя. Тһе ге а іііу 6/ е^епіз еіехсгіһееі іп
Кореуеү ‘я н югкх іхргоуееі іһе іп\еяІі%аііопх саггіеД оиі, Ьухисһ ^еіікпоууп
ясһоіагя ая АЬеІ Ь НитаусІ, ҮЪпиІ М и к гіг, ҮЬп Магсіиіа, Накіт, АЬи
Ыиаіт Ваіһакі, ҮЬп АЬЬая. Тһе т аіегіаі ияесі іп іһе а гііс іе ія іакеп/гот
іһе н 'огкя, Ігапяіаіееі Іо АгаЬік/гот О геек апеі Еп^Ііяһ Іап%иа%ея.
серия Филаюги ческая
113
Бүл оқиғаға нақгы зертгелмеген. Оны араб, сурия, грек тіддеріндегі зерттеулерден альш, көнтеген ғалымдардыц нікірін салыстырып
көрсеттік. Мәселеге байланысты сүре - «Фил сүресі» -деп аталады.
Бірінші аятгағы «Асхабул фил» -деген есімнен алынған. Қүрандағы
барлық 114 сүре «Меккелік», «Мединелік» деп бөлінеді. Мекелік сүрелер, Хазірет Мүхаммед пайғамбар Меккеде болған кезінде түскен, ал,
Мединелік сүрелер Мединеде болғандатүскен сүрелер. «Фш»> сүресінің
Алладан түскен тарихына қарасақ, Меккелік екені анықгалған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейүлының аңыз өлеңдері немесе риуаяттарындағы «Абыраһа мен Мүгылаб» туралы өлеңі Қүранның 30-шы парасындағы 105-пгі «Фил» сүресінің тафсирі. Абыраһа мен Мүтылаб туфалы
аңызды Қүранда баяндаудың себебі, ол болған оқига. Сондықган басқадай тарихи кітаптарда да көп жазылады. Мүндағы мақсат - адам баласы
Алланың қүдіретті күшін көрсін, содан сабақ алсын деген үғым.
Абыраһа мен Мүтгалиб жайындағы оқиғаға тарихи шолу. Мүсылман тарихшыларынан: Ибн Хишам,Табери, Ибн Халдунның еңбектерінде бір піешіммсн жазылған. Оқиға былай басталады: һішуег (Иемен)
королі Тубан Әсед Әбу Қариб Медішеге барады. Онда иаһудилердің
насихатын тыңдап, иаһуди дінін қабылдайды. Ол Мединедегі еврейлердің Қурайза үрпақтарынан екі дін адамын алып Иеменге қайтып
оралады. Өзімен бірге келген дін адамдарының көмегімен иаһудилікті
жая бастайды. Осыған орай Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы:
«Жаһутке (жөйтке) Зунас натша болды ғалып,
Халқымен Жаһут дінін қабыл альш».-деп келтіреді.
Мүндаіы «Жаһуг» сөзі - еврей, «Жаһут діні» - еврей діні деген үгымды
біпдіреді. Көне түркі тілінде «Жаһуг» сөзі көп қолданылады. Сондықтан
Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы осылай айгуы мүмкін. Қазіргі уақыгта бүл
сөзді дінтанушы Мүртаза Жүнісүлы Бүлытай «Ата-баба діні? Түркілер
неге мүсыпман болды?» атты еңбегінде «иаһудалік жөһит діні»-деп жазған. Мәшһүр Жүсіп Көпейүлының келесі айгқаны Зунууас патша. Ол туралы ибн Хишам былай дейді: Иемен королі Тубан Әсед Әбу Қарибтің баласы Зунууас әкесінің өлімінен кейін патша болып сайланады. Ол Арабстанның оңгүстігіндегі «Нәжран» - деген Христиан тайпасын жою үшін шабуыл жасап, оларды жөһит дінін қабылдауға мәжбүр етеді. Ибн Хишам
Нәжран гайпасыныңХазірет Исаға (ғ.с.) келгенХристиан дінінің әлі бүзыла қоймаған ағымында болғанын ескергеді. Зунууас Нәжран елін басып
алганнан кейін жөһитлікті күшпен қабылдауларын талап егеді. Халықтың
көбісі қарсы шығады. Сондықган Зунууас көп адамды от жағып, соған
лақгыріып елтіреді. Қалғанын қылышпен бастарын алдырады. Орга есенпен 20.000 - дай кісі ашіріледі. Мүны Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы:
114
Веспишк ПГУМ2, 2004
Хабранидің дініне кірмеген Насраниді
Санақпен (Санейық) күйдіреді отқа салып.
Араб тілінде Христиан дегенді - «Насара», ал, Христиандық дегенді - «Насрани» -дейді. Қатты жапа шеккен Нәжран елінің бір азаматы елден қапшп шығып, Хабашстан Патшасы Нәжашиден көмек
сұрайды. Екінпгі риуаятга Рим патшасы Қаисеріден көмек сұрайды.
Барған жерінде елінің қатты қиналғанын айтып, әскери көмек көрсетуін білдіреді. Бірінші риуаяттағы Нәжрандық христиан азаматының
Хабашстан патшасы Нәжашиден көмек сұраганын Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы былай келтіреді:
Хабыстың патшасына жазды нама:
Насранидің дініне ерді һама.
Жаһутлардың Насраниді күйдіргенін,
Қағазбен (аз һар) ызгар етіп білдірді оңа (оны).
Деп айтгы: Дін жөнінен жәбір көрдік,
Түрады, ажыратыңыз жәрдем беріп.
Екінші риуаятта Рим патшасынан Хабашстан патшасы Нәжаши
теңіз әскерін жіберуін сүрайды. Соңында Хабашстан патшасы Үйрат
деген мыңбасының әміріне 20.000 әскерді беріп Иеменге аттандырады. Сол жорықта Зунууас патша өлтіріліп, Жөһит елі жойылып, Иемен
Хабашстанның әміріне бағынады. Бүл жорыкты Мәшһүр Жүсіп
Көпейүлы былайша баяндаған:
Нәжапш патша қайратланды мүны естіп,
Қысасын әпермекке көңілі кетіп.
- Жетпіс мың атты әскерді жібер -дейді,
Оларға екі адамды басшы етіп.
Бүл оқига Ислам тарихында маңызды орын алады. Христиандар
алғаш рет 340 жылы Иеменді басып алады. Содан 378-ші жылға дейін
өз үкімдерін жүргізуді жалгастырады. Сол уақытга Христиан миссионерлері Иеменге көп келеді. Солардың ішінен Файмиун деген Христиан Нәжран халқын пүтқа табынудан қүтқарып, христиан дінін
уағыздайды. Аяғында Нәжрандықтар христиандықты толық қабылдай бастайды. Сол тұста Нәжран елін үш адам басқарып тұрды.
Біріннгісі - Нәжран тайпасының сырт елдермен қарым-қатынасы мен
әскер күпгін басқарды. Екінпгісі - елдің ішкі саясатын, ал, үшіншісі •
дін істерін басқарды. Арабстанның оңтүстігінде Нәжран елі мекендеген өлке маңызды орындардың бірі болды. Сауда мен өндіріс орталықтарының біріне айналды. Қытайдан келетін жібек, тері, қару-жарақ
сияқтылар Иеменде көп еді. Осыған байланысты Зунууас тек қана дін
жөнінде емес, экономикалық, саяси мақсатта Нәжранды бағындыр-
серия Филологи ческая
115
мақ болады. Сириялық тарихшы ғалым Нәжрандықтардың шет елдермен қарым-қатынасы мен әскер күшін басқарушысы туралы былай ден жазды: «Зунууас ол адамның екі қызын өлтіріп, әйелін алып
кетеді. Кейін әйелін де өлтіреді. Одан кейін қүдыққа (орға) от жағып,
ішіне ерлерді, әйелдерді, балаларды, кәрілерді, поптарды бірінен кейін
бірін күйдіріп өлтіреді. Шамамен 40.000 дейін адамды өлтіргеді. Бүл
оқиға б.з. 523 жылы қазан айында болады. Хабашстан Иеменге 525 ж.
ауыр соққы жасап Зунууастың һүмиар әмірлігін жойып жібереді.
Бүл деректі Иеменнің Хусни Гурап деген ауданында жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде осы оқиғаға байланысты
көріністер жазьшып, суреттелген тақтайшалардан анықтаған.
\1 ғасырда жазылған христиандардын әртүрлі кітаптарында Зунууастың христиандарға жасаған зүлымдығы туралы жан-жақты
зерттеліп, жазылған. Бүл оқиғаны араб тілінде «Асхабу-Ухуд» - деп
атайды. Осыған байланысты жазғандардан, сол дәуірде өмір сүргендері де болған. Олардың кітаптары мыналар: Ргокоріуи», Со8гао8
Іпсісоріеизііз (бүл кітаптың авторы Нажашидің бүйрығымен
Ваііатуиктың (Батламиус) грек тіліндегі кітабын Сурия тіліне аударған), Іоһаппев Маіаіа. Бүлардан кенін осы оқиғага орай жазылған
Іоһаппез оГ Ерһезиз (585 ж.) атгы кітапта Нәжран христиандарының
өлтірілуі жайлы және 8ішеоп мен ІЗегсіІа АЬЬоі уоп ОаЬиІаға жазған
хатының көшірмесі берілген. Поп Вітеоп бүл оқиғаны өз көзімен
көрген Иемендікгерден рнуаят еткен. Хат «Христиан шаһидтерінің
(шәит) өмірі)» атты кітапта 1881 ж. 1890 ж. жарық көрген. Бүлардан
баска да көптеген деректер бар. Олардың бастылары Раігіагсһ
Шоаизівиз, 2асһагіа оГ Мііііепе сурия тілінде жазылған еңбектер бар.
Яқуб Суружидің«Нәжран христиандары» атты еңбегі. Еггеһа (Ейеяза)
Риіивтің «Нәжран христиандарының өлімі» деген шыгармасы. Суриани тілінде жазылған кітаптың бірі ағылшын тіліне (Воок оГ іһе
Нітуагііек) аударылган. Шығыстанушы ҒіІЬідің АгаЬіап Ні§1апс1а
атты кітабында Нәжрандықтардың қазасы болған орынды білетінін
айтқан. Нәжран елінің сеніміне орай қүбыласы болған. Хабашстан
хрнстиандары Нәжран елін билеп алғаннан кейін Қағба тәрізді қүрылыс салып, Меккедегі Муғаззам Қағбаның орнына Қүбыла ретінде
ауыстырмақ болған. Себебі Абраһаның: «Иемен бүкіл әлем халқының назарында қасиетті орын» - деп қабылданады деген арманы болған. Абыраһаның бүл мақсатын Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы төменде
гідей суреттеген.
116
Вестник ПГУ№2, 2004
Ойланды, Абыраһа қиял жетіп: Артықша сұлу еггі зейнет беріп,
«Бір үйді салдырайын нана етіп.
Тахсын ғып таңданады әркім көріп.
Бүл халықты тауап қыл!-деп, әмір етейін,
Халқына пәрмен етіп, жар шақыртты:
Қағыбаға бармасынлар мүнан өтіп!»
«Бүл үйді тауап қыл,-деп,- әр жыл келіп!
Мүны айтып, жанға ойлады көп талазар,
Ғарыз етіп Нажашыға білдірділар:
Бірнеше үсталарды келтірділар
Бір үйді сіздің үшін (асладым) істедім жар.
Ділдә мен жауһардан зейнет беріп,
Әр жылы халықтың бәрі тауап қылар,
Нақыпггың бәрін салды дүниеде бар.
Мүнан (мүнден) соң Қағбаны қажы қылмайдылар!
(Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы. Шығармалары, 1-том, 35 б.).
Хабашстан - Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы шығармаларында «Хабыс»-деп берілген (1 том, 33 б).
Хабаш әскерінің Иеменге шабуылын тарихшылар әр түрде суреттеген. Мысалы, Хафыз ибн Касир орданы екі қолбасшы басқарды.
Біреуі - Ариат, екіншісі - Абыраһа болған дейді. Ал, Мүхаммед бин
Исхах әскерді басқарған Ариат, Абыраһа әскерлермен бірге болған
дейді. Бірде Ариат пен Абыраһа келісе алмай Абыраһа Ариатты
өлтіреді. Осыдан бастап Абыраһа Иеменде әкім болады. Гректің, Сурияның тарихшылары: Иеменді басып алганнан кейін Хабашстан ордасына қарсы шыққан Иемендіктер қатарынан өлтірілді. Иеменнің
8итіоГш8һүаһ ( Евутрһаеиз) есімді әкімі Хабашипарға бағынып, салық
төлеп тұратын болып келіседі. Салықтың мүндай түрін арабша «Жизиа»- деп атайды.
Бүл түста Хабашстанда өз араларында келіспейтін тайпалар да
болған-ды. Жалпы халықтың көбі бағынатын Абыраһа басқарған ордаға, бөлшеюгеніп жүрген барлықтайпалар қосылады. Сонымен Абыраһа патша болып сайланады. Ол Хабашстанның Аисіиііз портында
түратың грек саудагерінің қүлы болған. Ақылды және пысықтығымен Иеменге әмірлік жүргізген Хабаш (Хабыс) ордасын басқарады.
Грек тарихшылары Абыраһаның есімін АЬгагаія, Сурия тарихшылары АЬгаһага дейді. «Абыраһа» - деу хабашша айтылуы. Өйткені арабша Ибраһим деп атайды.
Абыраһа Иемендегі әмірлігін орнықтырғаннан кейін Хабашстан-
серия Фшюпогическая
117
нға әкімгерлік көрсегіп, Византияға да қарсы жоспар жасай бастайды. Оның мақсаты мүнымен шектслмей, Арабстанда христиандықты
жаю, арабтардың пгьтғыс елдер мен Византия арасындағы сауда айналымын өз қолына алу еді. Сонымен қатар Иран сасани салтанаты мен
Византия арасындағы келіспеушілікті найдаланын, Византияның
шығыс елдермен сауда жасайтын жолдарын жауыи, өздерінің маңызды жерді мекендегенін көрсетеді.
Абыраһа Иеменнің астанасы Санғада үлкен кілисе (шіркеу) салдырады. Араб тарихшылары мүны «әл-калис, әл-кулеис, әл-күллеис»
- деп атайды. Бүл гректіліндегі «әклиса» сөзінен арабшаға өткен үлгісі.
Грек тіліндегі осы сөз үрду тіліне «кілісе» түрінде кірген.
Мүхаммед бин Исхахтың риуаятында: хабаш патшасы «арабтардың Меккеге қажыға баруының орнына, өзінің салған шіркеуіне
тауап етіп, қажылыққа келсе, құлшылығы қабыл болады» - деп үгіт
таратады. Сол уақытта Ислам діні келмегенімен арабтар Меккедегі
қағбаға барьш, қажылық қып ондағы пүттпрға табынған. Сондықтан
хрис гиандар Иеменде үкім жүргізуінен бастап, жаңадан қағба салып,
соны барлық араб елдерінің Күбыласы етуді мақсат етеді. Соның
нәтижесінде Нәжранда Қағба салдырады.
Ибн Касирдің риуаятында Абыраһаның жасаған өзгерісін ашық
жариялағанын жазған. Арабтарды қыспаққа алу, дәрежесін төмендету және Қағбаны кұлату. Мұхаммед бин Исхахтың риуаятында Абыраһаныц ниетін ашық айтқанына арабтар ашуланып, Абыраһа салдырған шіркеудің ішіндегі әшекейія бұзып, арамдап кегеді. Ибн Кәсирдің айтуында Құрайыш жастары шіркеудің ішін ортеп жіберген. Бұл
оқиғаны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былайша баяндаған:
Бір араб Нәуфіл атгы (атлы) Ләмінге барды,
Көңіліне әрбір қиялды ойға кетіп.
Ол үйдің есігіне бардылар тез, Баршасы шығып күтті гілін алып,
Күзетші адамына ұшырады кез: Ол араб үй ішінде жалғыз қалып.
-Тауап қылам үшбу үйде жалғыз өзім, Нақыштың бәрін бүзып,
талам етгі,
Бір түн отырсам» - деп, айтгылар сөз. Көрінбей өз жүртына
жетгі барып.
Абыраһа Қүрайыштарға қарсы шабуылға птығу үшін, шіркеудің
ішіндегі нақыштарды бүзып, арамдатқан өзі болуы да мүмкін. Себебі
Меккені басып алу үшін бір сылтау табу керек-ті. Екінші мақсаты
Қүрайыпггарды бағындырып алса, басқа араб тайпаларын басып алу
жеңіл болатын. Абыраһа 570 жылы 60.000 әскер, 13 пілмен (кейбір
риуаятта 9 піл) Меккеге қарай жолға шығады. Мұны естіген Иеменнің
118
Вестник ПГУЛІ2, 2004
бұрынғы Зүнәфәр атты басшысы арабтардан қол жиып, жолын күтеді.
Бірақ, Абыраһаның әскерінің көптігінен жеңіліп, түтқындалады. Мүны
Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы былай жазады:
Он адамға бірлерден даярланды, Үрысты екі лашкер (әскер)
қарсы тұрып,
Ләміннен жеті жүз ер және барды. Майданға баһадүрпар тепс шығып.
Арабтан бірнеше мың адам болып, Ақыры арабтарға (ғарабларға) шакіт беріп,
Абыраһаның әскерінің жолын алады. Үстады екі адамын пенде
қылып.
Бүлардан кейін Арабстанның Хасым елінің билеупгісі Нуфайл бин
Хабиб Хасами өзінің қабиласын (тайпасын) жиып, Абыраһаға қарсы
піыгады. Олар да жеңіліп тұтқындалады. Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы
бүл соғысты былайша айтқан:
Хасымның сарқардасы Нәуфіл еді, Бүл соғыс қатты болды
хадцен өтіп,
Атыраптың баршасына хабар берді. Арабтарды
Абыраһа
жеңді күші жетіп.
Арабтан бір тапша (тайпа) лашкер болып, Ол келген адамдардыц
көбін қырды,
Алдына Абыраһаның қарсы келді. Үстады Нәуфілді һәм әсер етіп.
Соңғы жолдагы «әсер» деген сөз «түтқын» деген мағынада. Бұдан
кейін былай жалғасады.
Тайпының манзылына барды және,
Халқының қарсы шығып бәрі һама.
Хисапсыз көп дүниені тарту қылды,
Бергенін қабыл қылып тимеді аңа (оны).
Бірінші жолдагы «тайпы» сөзі Меккеге жақын орналасқан Тайыф
қапасы. Сол Тайыф қаласының түргындары Бәни Сақиф тайпасы Абыраһадан аман қүтылу, өздері табынатын Латтың мүсінін қорғап қалу
үпгін, тайпаны басқаратын Мәсутқа барады. Оны Абыраһаға жіберіп,
Қағбадағы құдайлары (сол тұста Қагбаның іпгінде үш жүзден аса пұт
болған) Латқа тимесе, жолбасшы болып көмектесетіпдерін білдіреді.
Олар осы мақсатпен бар байлыгыи Абыраһаның алдына жайып салып,
Әбу Рағал есміді адамды қолбасшы қып ертіп жібереді. Олар Меккеге
үш шақырым әл-Мүғаммис (немесе ал-Мұаммас) деген жерге жеткенде
Әбу Рағал өледі. (Оның өлімі жайлы ешбіл риуаят жоқ). Мәшһүр Жүсіп
Көпейүлының риуаятында бүл жер былай аталған.
Онан (Анден) соң ол жайлардан көпгіп кетті,
«Махмыс» - деп, ат қойылған жайға жетгі.
серия Филапогическая
119
Мүхаммед бин Исхахтың риуаятында Абыраһаның әскерлерінің
біразы Меккеге алдын-ала барып, маңайындагы түйелерді айдап алып
кетеді. Түйелердің 200 Хазірет Мүхаммедтің (с.ғ.у.) атасы Абдулмүгталибтікі болған. Мүны Мәшһүр-Жүсіп Көпейүлы былай риуаят еткен.
Көп еді Мүтылабтың дүние малы,
Екі жүз даладағы түйелері.
Меккеден шауып алған малдарменен
Хабыстар кетіп еді алып (әні) оны.
Осы жерде Абыраһа Меккеге елші жібереді. Ондағы айтқаны:
«егер қарсылық көрсетсеңдер мал-жандарыңа тимеймін. Бізбен кездескілерің келсе, Меккенің басшысын жіберіңдер» дейді. Ол уақытта
Меккенің басшысы Абдулмүтталиб еді. Елші Абыраһаның айтқандарын Абдулмұтташібқе жеткізеді. Сонда Абдулмүтталиб: «Біздің Абыраһамен соғысатын күпгіміз жоқ. Бүл Алланың үйі. Егер ол қаласа өзі
қорғайды» - дейді. Елші: «Менімен бірге Абыраһаға барыңыз» - дейді.
Ол қарсы келмей Абыраһаға бірге барады. Абдулмүтталиб келбетті
адам болған. Оны Абыраһа алғаш көргенде қатгы әсерленеді. Ол нілдегі
тағынан түсіп Абдулмүтталибтің қасына келіп, не сүрайтынын білмек
болады. Абдулмүтгалиб «сенің адамдарың алып кеткен түйелерімді
қайтар» - дейді. Мүны естіген Абыраһы: «сені алғаш көргенде қатты
әсерлендім. Ал, мына сөзіңді естігенде, дәрежең төмендеді. Біз аталарыңның діни орталығы болған үйді қүлатуға келдік. Сен болсаң оны
ойламай өзіңнің түйелеріңді сүрап түрсың» - дейді. Абдулмүтталиб:
«Мен тек түйелердің ғана иесімін, соны ғана сүрай аламын. Бүл үйдің
Раббы бар. Ол өзі сақтайды» - деп тіл қатады. Абыраһа: «Ол Қағбаны
менің қолымнан алып қала алмайды» деп мақтанады. Абдулмүтталиб
болса: «Бүл екеуіннің оргларыңдағы мәселе» - деп жауан береді. Сосын Абыраһа оның түйелерін қайтарып береді.
Ибн Аббастың риуаяты бүдан басқашалау. Абд бин Хумаид,
Ибнул Мунзир, Ибн Мәрдуиа, Хаким, Әбу Нуаим, Бәихаки сынды
ғалымдар Ибн Аббастың былайша риуаят еткенін айтады. Абыраһа
әс-Сафаға жеткенде (Арафат пен Тайыф тауы арасындағы, қажылықта ақ киім киетін орынға жақын жер) Абдулмүтталиб қарсы алып,
«Осы жерге дейін келуіңізге қажет жоқ еді. Қалаған бірдеңеңіз болса,
хабар жіберсеңіз біз өзіміз апарып беретін едік» дейді. Абыраһа:
«Бүл үйдің өте мықты екенін естідім. Соның мықтылығын көруге
келдім». Сонда Абдулмүтталиб «Ол Алланың үйі. Бүгінге дейін оған
ешкім қол тигізе алмаған» дегенде, Абыраһа «Мен оны қүлатпайынша кері қайтпаймын» - деп жауап береді. Абдулмүтталиб «Бізден не
сүрасаңыз да береміз, артқа қайтыңыз!» -деп басу айтады. Абыраһа
120
Вестник П ГУМ 2,2004
оған қарамай әскрлерімен бірге Қағбаға қарай журіп кетеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейүлының риуаяты осы екінші риуаятқа
сәйкес келеді. Мысалы:
Суретін Мүтылабтың патша көріп,Абыраһа Мүтылабтан мүны
есітті,
Көрісті тағынан түрып өзі келіп. Ауаз (әуез) ғып, ашуланып,
қаһар етті
Қасынан орын беріп отырғызды, Деп айтты:
Артықша бір махаббат көңіліне еніп.-Әуелі сен келгеніңде,
Патшаның Мүтылабқа көңілі кеті, Көңіліме бүрымыңнан шаттық жетті.
Суреті, қияпаты ақылын ерпі. Сөзіңнен үмітсіздік көрдім сенің,
«Қағбаны бүзба»! —деп сүрар болса, Мәди ғам келгеніңде:
«Түйем!» -дедің.
аггиһамберейні деп, қиял еггі. Өзіңе үшбу жүмыс аііашақ па еді,
Сүрады сауал етіп Мүшшабіан: МеккешкҚүрайышгың кепасыедің.
Үстіңе әсер тартып келіп түрсам,
-Мағлүм ет: не жүмысқа келе дүр сен !сан». Меккені бүзбалыққа
талап қылсам.
Қағбаны сүрағалы келген дүр деп,
Көңіліңде қаисы түрлі жүмысың болса «Келдің,-деп,
-не
жүмысқа?» -сауал сүрасам.
Баршасы атиһам етіп бере дүр мен (ман)! Ғарыз етіп тіленбестен
менен мүны, Түйеңді талап қылдың үшбу күні.
Мүтылаб патшаға айпы қылып азһар (ызғар),
-Екі жүз түйелерім келіп дүрлар. Суретің болып көрінсе де,
Сөзіңнің үмітсіздік болды түрі.
Әмір етіп өз түйемді қайтып берсең,
Келмекте осы түрлі Мәди Ғамбар.
Екі риуаяттан шығатын қорытынды біреу-ақ. Меккедегі және
маңайындағы тайпалардың бәрі жиналса да 60 мың әскермен келгеп
Абыраһаның қолынан Қағыбаны алып қалу мүскін еместігі анық. Себебі, Қүрайыпггар Ахзаб соғысында Иаһудилер мен Мүшриктерден
(дінге сенбейтін, Аллаға серік қосқандар) қол жинағанның өзінде
12.000 әскер әзер жинаған. Сондықтан олар 60.000 кісілік ордаға
қалай қарсы шыға алсын.
Мүхаммед б. Исхахтың риуаяты. Абдулмүтталиб Абраһамен
кездескен соң Қүрайыпггарға барып, балаларын, туыс-туғанын жиып,
тауға тығылса, аман қалатындарын айтады. Қүрайыштың үлкендері
Харем Шәрифке барып, Қағбаның есігіндегі шынжырлардан үстап,
серия Филологическая
121
аман қалуларын Алладан тілейді. Сол уақытпа Қағбаның ішінде 360
пүт бар еді. Бірақ, мүндай қысылтаяң уақытга Қүрайыштар пүттарды үмытын, Аллаға сыйына бастайды. Олардың дүгаларында өздерінің
пұттарының аты аталмай, тек Алланың ғана аты аталады. Ибн Хишамның жазған Сиарында (Пайғамбар тарихы) Абдулмутталибтың мына
бір дүғасы берілген:
« Қүл өз үйін сақтауда,
Сен де өз үйіңді сақта.
Олардың амаидығы сенін қолыңда.
Егер оларды тәрк етіп,
Қыбыламызды өзімен өзін қалдырсаң,
Өз еркің өзіңде, бүл саған ғана тән!»
Ибн Шәриф Абдулмутталнбтің Алладан тілеген дүғасының
басқа бір үлгісін жазған:
«Иә Рабб! олардан аман қапу үніін,
Сенен басқа еппсімнен үміт етпеймін.
Иә Рабб!- олардың қолынан үйіңді сақта,
Бүл үйдің дүшпаны сенің дүшпаның.
Өз жеріңді харабтан (соғыс) сақтай гөр!»
Абдулмутталибтің дүғасын Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы былай
баяндаған (1-том, 2003 ж. Павлодар, 40-бет).
Мүтылаб Қағбада жалғыз қалып, Деп айтты:
Жабысып қалқасынан қайтты налып. Жә, Қүдай-ау, ахидана,
Алланың даргаһына мінажат қып,Әуедцеп махсусы еді бүл үй саңа.
Ай түрды үшбу сөзді аузына альш. Өз үйін сақтамаққаәлі келмес,
Жаратқан мақүлығынның бәрі һама.
Абыраһа көп әскермен алып пілді,
Қағбаны бүзбалыққа талап қылды.
Жабуздар жабылмаса, аман сақта,
Өз мүлкің баршаға ләм, бәрі күллі!
Қүрайышгың үлкендері Абдулмуггалибпен бірге дүға жасап балганнан кешн тауға шығады. Меккеліктердіңбәрі «Абыраһа не істер екен?>ь деп
тауда тамапшлап түрады. Абыраһа Мсккеі е жақындап келіп, Қағбаға қарай
қозғала берген кезде, Махмүг есімді ең үлкен пілі жата кетеді. Абыраһаның
қолбасшьшары «пілдіжүргіземіз»- деп үрып-соғып, жаралаптаставды. Піпді
оңіүсгікке, сошүстікке, шыгысқа б\рса, түра жөнеледі, ал, батысқа, Меккегеқарайбұрса,аттапбаспай,жатакетеді. Дәлсолуақытіатеңізжақіан топтобымен сан мындаған қүстар ушып келіп, түмсығындағы, аяіъшдағы тастарды Абраһаның әскерлеріне жаңбырдай жаудырады. Тас тигепнің денесі
тесіліп, шіри басгайды. Мүхаммед б. Исхах пен Икрима «бүл өте қатерлі
122
Вестник ПГУМҺ2,2004
ауру және араб өлкесіне ең агғаш келген кезі» дейді.
Ибн Аббастың риуаятында: «Тас кімге тисе, оның денесі қышынын, терісі жарылып, тілініл, еті сүйегінен ыдырай бастайды». Ибн
Аббастың басқа бір риуаятында «Еті езіліп, қанмен бірге ағып, сүйектері птығып қалды»- деген. Абыраһа да осындай халге түсті. Оның
денесі парша-парша болып бөлініп, әр паршадан ірің аққан. Осы сәтте
Абыраһаның әскерлері быт-шыт болып бөлініп, Иеменге қарай қаша
бастайды. Жолда қарсы шығып, жеңіліс үстінде түтқындалып, жол
көрсетуші ретінде еріп келген Нуфәил б. Хабибтен кері қайтуга да
жол көрсетуін сүрайды. Сонда ол, көмектеспейтінін айтып:
«Алла сізді қудалаған сәтте, қашатын жер таба алмассыз!
Абыраһа қазаға үшырады, оган жеңіс болмас!»
Абыраһаның жер қайысқан әскерлері әр жерде шашылып өліп
жатты. Бүл оқиғаны Ата б. Иәсар былай риуаят етеді: «Әскерлердің
бәрі бір уақытга өлген жоқ. Жаргысы сол жерде өлді. Абыраһа Хасым тайпасының мекенінде өлген». Алла Хабашыиларды осылай ғана
жазалап қоймай, Иемендегі басқармасын қолдарынан алды. Піл
оқиғасынан кейін хабашилардың беті қ^йтып, күпгі әлсіреп қалды.
Бүдан кейін Иемендіктер әрекет ете бастайды. Иеменнің бүрынғы
бастыгы Зайф б. Зиазын Иран шахынан әскери көмек сүрайды. Иран
шахы алты кемемен мың әскер береді. Сонымен Иемендіктер Хабаши мемлекетін қайта түрмастай етіп қиратады.
Піл оқиғасы (бүл апат араб тарихында «Піл оқиғасы» -деп аталады). Мүздалифа мен Мина тауының арасындағы Мүхассаб сайындағы «Муассаб»- деген ойпатта болған. Салих Муслим мен Әбу
Дәуіттің риуаятында - Имам Жағфардың әкесі Мүхаммад Бакірден,
ол, Жәбірден Расул-Алланың Уәда қажылығы турасында мынадай
әрекетін риуаят еткен: «Муздалифадан Минаға қарай жүргенде Алланың елпгісі жүрісін жылдамдатты». Имам Нәбәуи бүл туралы былай
дейді: «Ол жерде Асхабы Фил (Піл иелері) оқиғасы болган. Сондықтан Сүннет жолын (Пайғамбардың салған жолы) үстанған адам бү
жерден жылдам өтуі керек». Муатгада (ең үлкен алты хадис кітабының бірі) Иман Малик Раеул Алланың мына хадисін риуаят етксн:
«муздалифада түру керек. Бірақ, Муассаб ойпатында аялдауга болмайды». Нуфәил б. Хабибтің өз көзімен көріп, аитқанын Ибн Исхах
риуаят еткен:
«Ей, адамдар! Шіркін, көрсеңцер ғой, көрмегендерге екінішті!
Муассаб ойпатында біз не көрдік?
Қүстарды көргенде Аллаға шүкір етгім,
Бірақ, сол сәтге, «тастар мағанда жауады»-деп қорықтым.
серия Филапогическая
123
Олардың бәрі Нуфәилді іздеп жүргендей,
Тіпті, менде қарызы бардай көрівді».
Бүл оқиғаның маңыздылығы сондай үлкен-ді. Барлық араб халқына әйгілі еді. Осы орайда көптеген аңыз өлеңдер жазылған. Араб
халқы Алланың қүдіреггі мен мүғжизасын көздерімен көргені өлеңдерінен түсінікті. Олар өздері сыйынған пүггардың еш бірінің атын
атамаған. Мысалы, Абдулла б. Зибәраның айтқаны: «Алпыс мыңы да
еліне қайта алмады, Кері қайтқан Абыраһа тірі қалмады. Бүл жерде
бүрыннан Ад және Журһум қауымы болған, Алла оларға тиген жоқ».
Абу Қаис б. Әсладтың жазғаны:
«Тұрыңдар! Раббымызға құлшылық қылыңдар.
Мекке мен Мина тауларының арасындағы,
Байтулланың бұрыпггарынан сипаңдар.
Әлемнің иесінен көмек келгенде,
Ол, патшаның әскерлерінің кейбіреулері қүлап,
Жартысы таспен ұрылып жатга.»
Бұл оқиға турасында риуаят еткендер өте көп. Оқиғаның болғандыгы, шындық екенін дәлелдеу үшін, ең бастыларын таңдап алдық.
Меселен, Үмми Хани мен Зубәир б. Аууам Расул Алланың хадисін
риуаят етіп, бізге жеткізген. «Қүрайыштар осыдан кейін он жыл
(кейбір риуаятта жеті жыл) Аллаға сйынған». Хазірет Пайғамбардың
бұл хадисінен шығатын қорытынды: Ол түста әлі Ислам діні келе
қоймаған. Араб бәдәуилері түрлі пүттарға табынуда болған. Үмми
Ханидің осы риуаятын Имам Бүхарн, Тәбәрани, Хаким, Ибн Мәрдуиә,
Ибн Әсәкирлер сынды тарихшы, хадисші ғалымдар риуаят еткен. Зубәир б. Аууамның айтқанын Тәбәрани, Ибн Мәрдуиә, Ибн Әсәкирлёр жеткізген. Бүл хадисті Хатиб Бағдади тарих кітабында жазса, Саид
б. Мусәилаб жеке риуаят егкен.
Оқиға болған жылды «Піл жылы» -деп атаған. Сол жылы Алланың елшісі Хазірет Пайғамбар Мүхаммед (с.ғ.у.) дүниеге келген. Хадисші, тарихшы ғалымдар «Піл оқиғасы» Мүхаррем айында болғанын, Расул Алланың Рәбиғул-Әууәл айыпда туғанын дәлелдейді.
Көпшілігінің көзқарасы Расул Алланың піл оқиғасынан елу күннен
кейін дүниеге келгенін қолдайды. Расул Алланың дүниеге келгенін
Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы да рнуаят еткен:
«Сол жылы Расул-құда дүниеге енді,
Әуелгі мом жазасы үшбу ер-ді.
Бүл пілдің оқиғасы аят бірлан,
Бір Құда Хабысына хабар берді».
124
Вестник ПГУЛҺ2,2004
Тарихи шолуға байланысты сөзімізді дәйектесек, осы орайда
«Фил» сүресі түскеи. Сүреде тек қана «Асхабы Филге» (Піл иелері)
Алладан азан келгені баяндалған. Оқиға өте бертін болған, тіпті, Меккедегі әрбір балаға дейін, барлық араб халқы білген.
Абыраһадан Қағбаны ешбір тәңір, пүт қорғай алмағанын, оны тек
бір Алла сақтап қалғанына көздері жетгі. Қүрайыштың үлкендері тек
Алладан тілеген және қатты әсер еткені соншалық, бірнеше жыл Аллаға
сыйынғап. Сондықган «Фил» сүресінде Піл иелерінің (Асхабы Фил)
көрген азабын суретгеп, Қүрайыппарға, барлық араб еліне, жалпы адамзатқа пүтқа табынуды қойып, Хазірет Мүхаммедтің дағуатына (дінге
шақырды) мойынсүнуды бүйырады. Мүнымен қатар, Хақ Тағаланың
бүйрығына, заңына қарсы шыққандарға, піл иелерін жоқ қылгапы тәрізді,
Алладан азап келсе, оларды да жойып жіберетіні ескертілген.
Адамзат өмірінде мүндай оқиғалар көптеп кездеседі. Бірақ
жүрггың көбі толық сене алмайды. Мысалы, Хазірет Мүхаммедтің
(с.ғ.у.) пайғамбарлығына алғашқыда еппсім сенбеген. Он жылдай уақытта
бар-жоғы он үш адам болған. Сондықтан барлық пайғамбарларға өздеріне тән қасиет берген. Сол пайғамбарлар қасиетімен мүғжиза (керемет) көрсету арқылы, дінді уағыздаған. Осы оқиғаны, көптеген ғалымдарнақты дәллелдермен халыққажеткізген. Бөрінің мақсаты-«Әркім
хикаядан сабақ алып, ғайб әлемге сенуге иманын орнықтыру». Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы хикаяның соңында өз ниетін білдірген:
Мен-дағы зікір ойладым мүның бәрін,
Білсін деп хикаясын әркім оның.
Расулдің жасы шарпы қырыққа келіп,
Айтайын пайғамбарлық келгенлерін.
Алладан жәрдем тілеп, һәм ғинаят,
Үшініш ракін сидан ойладым хат.
Шаһитке оқигасын айтпагыммен
Расулдің рухы бәкір болған мүшат.
Оқиғаға байланысты «Фил» сүресі түсуі айтпай-ақ түеінікті. Бүл
барлық адамзатқа ескерту болмақ.
ӘДЕБИЕТ
1. Қүран Кәрім: Ибраһим сүресі, 19. Хаж сүресі, 18, 65. Нүр
сүресі, 43. Лүқман сүресі, 29, 31. Фатыр сүресі, 27. Зүмәр сүресі, 21.
Хүд сүресі, 82. Хыжыр сүресі, 74. Зариат сүресі, 32. Рахман сүресі,
12. Фил сүресі 1-5.
2. МүртазаЖүнісүлы Бүлүтай. Ата баба діні. Түркіпер неге мүсылман болды? Алматы. Білім. 2000ж. бет 189-190.
серия Филапогическая
125
3. Әбул АғлаМаудуди. Тайшші Кигап. ІяіапЬиІ. Ішап. 1988. Том 3,4,5,7.
4. РгоГ. Е)г. Нихашеёсіт Егсіет. Іік Са§ ҒеІяеГе Іагіһі. Копуа. 1998.
5. 8епЗаг Миісаіі. Агарса 8ох1ик, Эа^агеік. ЫапЬиІ. 1999.
6. Үгсі. ЕЪс. Е>г. Кіга Вадсі. Тогкяе хогіик. Ілпіг. №1. 1996.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
1
Размер файла
3 799 Кб
Теги
ashabul, janarish, fil, janaris, 1174, pil, nemese, abiraa, abdulmuttalib, okhigasi, pen
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа