close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

541 iksatova s.t. kriminalistik khujattardi tanu

код для вставкиСкачать
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті
С.Т. ИКСАТОВА
КРИМИНАЛИСТІК
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНУ
Оқу-әдістемелік құрал
Павлодар
УДК 343.9 (075.8)
ББК 67.52 я 73
И 38
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Әл-Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
«Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі,
заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Ағыбаев
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
«Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының
меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Исаев.
И 38 Иксатова С.Т.
Криминалистік құжаттарды тану: оқу-әдістемелік құрал. ─
Павлодар, 2008. ─ 61 б.
ISBN 9965-583-51-X
Бұл
оқулықта криминалистік құжаттарды тану ұғымы,
мазмұны, міндеттері қарастырылған. Бұл жұмыста тергеу барысында
құжаттарды қарау, өзгерту,жазуды, фото-кино-бейне құжаттарды,
полиграфиялық
тәсілмен жасалынған жалған құжаттарды
криминалистік зерттеу, зақымданған жазбақұжат мазмұнын қалпына
келтіру ерекшеліктері қамтылған.
Оқу әдістемесі тергеушілерге, сарапшы-криминалистерге,
жоғарғы заң оқу орындарында мемлекеттік тілде дайындалатын
студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, сондай-ақ оқытушылар
мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған. Оқу
әдістемесі «Криминалистика» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
шеңберіндегі негізгі тақырыптарды қамтиды.
УДК 343.9(075.8)
ББК 67.52я73
ISBN 9965-583-51-X
© Иксатова С.Т., 2008
© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008
2
Алғы сөз
Елімізде
әлеуметтік және экономикалық қатынастарға
өзгерістер еніп, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктері
іздестіріліп, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп
жатқан қазіргі мезгілде, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен
криминалистика жетістіктерін қылмыспен күресте кеңінен қолдануын
талап етеді.
Қылмысты ашу, тергеу және алдые алу үшін криминалистік
техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген,
кәсіби білікті заңгер мамандары дайындау жауапты іс. Олар
материалдық бейнеленген іздерді, заттар іздерін, құралдар іздерін
анықтауды, бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп, тергеу
мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен
күресті табысты жүргізу үшін «қылмыстың сөзсіз куәларын» тез
тауып «сөйлете» білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден-бір
ғылым ол-криминалистика. Сондықтан, жоғары заң оқу орындарында
криминалистика пәні негізгі кәсіби пәндердің бірі болып саналады.
Егемендік алған елімізде ана тілінде дайындалатын болашақ
заңгкерлердің саны көбейіп, тергеуде мемлекеттік тілде жүргізілетін
қылмыстық істер саны да өсуде.
Аталмыш
оқу-әдістемелік
құралына М.А. Арыстанбеков,
А.Ф.Аубакиров, Р.С. Белкин, А.Я.Гинзбург, С.Е. Еркенов,
Е.Ғ.Жәкішев,
Ә.А.Исаев,
М.Ч.Когамов,
Б.М.
Нұрғалиев,
А.Г.Филиппов, К.Н. Шакиров, А.О. Шакенов тәрізді әйгілі ғалымкриминалистердің көзқарастары орын тепкен оқулықтар мен оқу
құралдарындағы бүгінгі
күннің талабына сай ақпараттары,
сондай-ақ
криминалистика
ғылымының
негізін
қалаушы
мағлұматтары сұлбалық нысанда енгізілген. Білім алу барысында
ақпараттарды көрнекі түрде беру-криминалистиканың қылмыспен
күрестегі мағынасы мен алатын орнын нақтырақ көрсету үшін
қажет.
3
1 Криминалистикаға кіріспе
Криминалистика басқа да
ғылымдар сияқты объективтік
құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ
та
осы
көптеген
жиынтықтардан
криминалистиканың
айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және
алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың
қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына
және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен
ісәрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы
диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде
қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс
объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың,
құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе
материалдық іздер түрінде бейнеленеді.
Қылмысты
оқиға
адамдардың
әрекет-қимылдарынан
болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында
көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне
айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті,
белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір
заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға
болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру
нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу,
бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық
криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол
күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық
әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз ісқимылымен, өзге қатысушы субъектілерімен қатынасынан; қылмыс
жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жолдарынан;
қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уақыты, орны,
жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.
Қылмыс іздері тергеу жүргізіп отырған қылмыстық іс
бойынша дәлелдеме тұрғысында көрінуі үшін олар құдіретті
тұлғалармен заңды түрде жинақталуы, сарапталуы, бағалануы
және пайдаланылуы қажет. Бұл жұмыстар да өз кезегінде
криминалистика
зерттеп
оқытатын
белгілі
заңдылықтарға
бағынады.
Криминалистиканың
практикалық
маңызы да аталған
заңдылықтар негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу
4
мақсатына
қажетті
техникалы-криминалистік құралдарды,
әдістермен тәсілдерді өңдеумен, жетілдірумен және дамытумен
байланысты.
Осы кезге дейінгі
жарық көрген
заң әдебиетінде
криминалистикаға пәндік сипаттама беру мәселесіне үлкен назар
аударылып, көп пікір таластар болғандығы байқалады. Ол орынды
құбылыс, себебі әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана
оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс та тиімді
пайдалануға болады. Берілген түрлі
пәндік
сипаттамаларды
қорыта келгенде, олар негізінен криминалистиканың қылмысты
ашуға және тергеуге қажетті ақпаратты, заттай дәлелдемелерді
іздеп тауып, бекіту, зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен
тәсілдер,
сол
үшін
қылмысты-іс
жүргізу
заңға
сәйкес
пайдаланылатын техникалық құралдары, әдістер мен тәсілдерді
оқытатын ғылым екені айтылады. Сонымен қатар, криминалистік
тәсілдер мен әдістер тек қылмысты тергеу мен ашуда ғана емес,
қылмыстың алдын алуға бағытталған және олар алдын ала
тергеуде, сот мәжілісінде, кейбір сот іс-әрекетін жүргізуде
қолданылады.
Жоғарыда айтылған заңдылық элементтерін толығымен
қамтып, жан-жақты тұжырымдай келіп, заманымыздың белгілі де
беделді криминалист ғалымы, заң ғылымдарының докторы,
профессор,
академик Р.С.Белкин
криминалистика
пәніне
төмендегідей пәндік сипаттама берген.
1.1 Криминалистиканың ұғымы, пәні, объектілері және
мақсаттары мен міндеттері, қайнар көздері және қағидалары
Криминалистика – бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары,
қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда
болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен
қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға
бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы
ғылым.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер
дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған. Дәлелдемелерді жинақтау
төрт кезеңнен тұрады, олар:
- дәлелдемелерді немесе іздерді іздеп табу;
- оларды бекіту;
- оларды алу;
- алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы
мен қорытындысын рәсімдеу.
5
Заттай дәлелдемелерді немесе іздерді табу дегеніміз-ол
тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге
байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге
арнаулы әдіс-тәсілдер және техника-криминалистік құралдар
қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса,
қылмысты дәлелдеуге қажетті іздерді, микрообъектілерді жай
көзбен қарап тез арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс
емес. (Мәселен, қолдың майлы тер іздері).
Дәлелдемелерді зерттеу-деп
қылмыстық іс бойынша
жинақталған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді құзырлы
тұлғалар заңды түрде қабылдап, олардың пайда болу тегін және
қаралып отырған қылмыстың басқа да материалдарымен қарымқатынасын тексеруін айтамыз. Іс бойынша заңды түрде жиналған
және бекітілген заттай дәлелдемелер криминалистік тұрғыдан жанжақты зерттеліп, қайдан қалайша пайда болғандығы тергеудегі
қылмысты оқиғаға қандай дәрежеде қатысы бар екендігі
анықталады. Сонымен
қатар
жеке
іздерді, кейбір заттай
дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білімділік қажет болған кезде,
күрделі криминалистік техниканы қолданып сарапшы зерттеуінен
өткізеді. Сарапшылық
зерттеуде дәстүрлі
басқа да күрделі
физикалық, химиялық әдістер спектрографиялық талдау,, газды,
сұйық хроматографиялық зерттеулер және басқа да көптеген
ғылыми-техникалық арнайы әдістер мен құралдар бар.
Криминалистиканың пәні қылмысты сапалы тергеу мен
болдырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар
жиынтығы
болып
табылады. Криминалистиканың
пәнімен,
заңдылықтардың негізгі үш тобы қамтылады:
- қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың
пайда болу және даму заңдылықтары: іс-әрекетпен оның салдары
арасындағы байланыс, әрекеттің ұқсас жағдайларда қайталануы
қылмыстық субъект тәртібінің көріністері және т.б. с.с;
- қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру
әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы
мен әдіс-тәсілдің байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс
жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б;
- тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу
және өтпелі жағдай заңдылықтары; қылмысты жасауға жасырын
дайындық, құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол
сұғушылық пәнін зерттеу және т.б. с.с.
Көрсетілген заңдылықтардағы әрекеттер, байқалған деректер,
құбылыстар, процестер криминалистикалық ғылым объектісі
6
болып табылады: қылмыстық әрекет, қылмыстың пайда болуы,
ашу және тергеу бойынша жасалынатын әрекет қылмыстық іс
бойынша заттық дәлел ретінде көрсетілген материалдық
объектілер,
куәгерлердің,
сезіктілердің,
айыпкерлердің
көрсетпелерін қалыптастыру және беру процесі, осы көрсетпелерді
алу әдіс-тәсілдері т.б. Құқық қорғау органдарының қылмыспен
күестегі ықпалы криминалистиканың жалпы мақсаты болып
табылады.
Криминалистиканың негізгі мақсаттары:
а) криминалистика
пәнінің негізін құрайтын объективті
заңдылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке
теориясын, қылмысты ашу, тергеу және болғызбау бойынша
құралдарды, әдістер мен ұсыныстарды қайталап қарау базасы
ретінде дамыту;
ә) техникалық,
жаратылыстану
және
гуманитарлық
ғылымдарды пайдалану арқылы қылмыстық тергеуді техникакриминалистикалық қамсыздандыру мақсатында қарастырып,
дамыту;
б) алдын ала және соттық тергеудің ұйымдастырылуы,
тактикалық
және әдістемелік
негіздерін
қарастыру және
қатыстыру;
в) қылмысты алдын-алудың криминалистикалық тәсілдері
мен әдістерін қарастыру, осы мақсаттарда тергеу және сот
практикасын зерттеу және қалыптастыру;
г) шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту
және оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде
пайдалану.
Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы және нақты
болып үш топқа бөлінеді.
Криминалистиканың жалпы немесе басты міндетті құқық
қорғау органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық,
криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы және басқа да
ғылымдар саласы сияқты өз тұрғысынан көмектесу.
Әрбір ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол
ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты, сондықтан жоғарыда
талдаған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы
міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:
- криминалистика пәнінің негізін құрайтын
объективтік
заңдылықтарды одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның
7
жалпы және жеке
теорияларын дамыту, олардың жалпы
әдістемелік негіздерін жасау.
- Заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу
үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі
өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа
техникалық құралдар жасап шығару;
- алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік
сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік
негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық
әдістерін өңдеу арқылы олардың нәтижелігін арттыру;
- қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемесін
өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу.
- қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын
құқық қорғау органдарына ұсыну.
- шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен
тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін
пайдалану.
Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында
орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында
өзінің кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе
топтарын (тапсырыспен адам өлтіру, компьютерлік ақпаратқа
байланысты қылмыстар) тергеу әдістемесін шығару міндеті
қойылады. Сонымен қатар, нақты міндет саласында соңғы кезде
көтеріліп жүрген мәселеге, криминалистика жүйесіндегі бөлімдер
санын төрттен беске дейін көбейту де жатады.
Осы жерде криминалистика пәнінің міндеттерімен қатар
оның
негізгі
қызметтерін (функцияларын)
қарастыра
кету
төмендегідей болып келеді:
- танымдық қызметі, яғни криминалистикамен жалпы
таныстыру;
- әдістемелік қызметі, бұл криминалистика ғылымы мен пәні
арасындағы
қарым-қатынасты,
ғылыми
және
тәжірибелік
мазмұндарын дұрыс тұжырымдау;
- түсіндірмелік қызметі, криминалистика пәнінің ғылыми
бейнесін, оның болмысын және элементтерін ашып көрсету;
- жүйелендіру қызметі, бұл осы кезге дейінгі жиналған
ғылыми және тәжірибелік материалдарды бір жүйеге келтіру;
- құрастырмалық қызметі, яғни практикалық із танудағы
құрал-жабдықтарды дамыту және жетілдіру;
- криминалистік зерттеу қорытындыларын практикаға енгізу
қызметі;
8
- болжау қызметі, бұл қылмыспен күресте криминалистикаға
ғылымында жинақталған деректерге, ақпараттарға қарап, болашақта
қылмыс жасаудың қандай жолдары мен тәсілдері көбейетіндігін
алдын ала болжап көрсету болып табылады.
Криминалистикалық зерттеу ақпаратының негізгі қайнар көзі
мыналар болып табылады:
а) құқық бұзушылықпен күресті қалыптастыратын заңдар
мен басқа да нормативтік актілер, қылмыстық іс жүргізуде
тергелетін әрекеттер мен қатынастардың басқа да өрісі;
ә) қылмыстық, моральдық және статистикалық жағдайлары;
б) қылмысты ашу, алдын алу және қылмыскерлерді табу
бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар, қылмыстық және басқа
істердің, құқық қорғау органдарымен жүргізілетін әр түрлі
тексерістердің
материалдары,
тергеу,
сараптамалық,
жедел
іздестіруші-сот практикасының басқа құжаттары, сонымен бірге
қадағалаушы органдардың құжаттары мен берілген анықтамалары;
в) заңды және заңды емес салалардағы теориялық,
әдістемелік,
анықтама
әдебиеттері,
ғылыми-техникалық
жетістіктер, басқа да ғылыми шығармашылық өнімдері, сонымен
бірге оларды практика
жүзінде қолдану тәжірибесі мен
қорытындысын мінездейтін белгілері;
г) тергеушілердің,
прокурорлардың,
сарапшылардың,
соттардың, анықтау органдары жұмысшыларының қылмыспен
күресуден алынған қорытындыларын енгізу мен ғылыми зерттеу
шаралары бойынша қылмыс пен күреске пайдасы бар
көзқарастары, қорытындылары, ойлары, ұсыныстары және т.б.
Криминалистика қағидаларының қатарына
келесі мәселелер кіреді:
- құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті қылмыстар мен күресті
жүзеге асырушы құқық қорғау органдарының талаптары бойынша
криминалистикалық зерттеулердің қорытынды жағдайлары;
-бұрын болған немесе қазіргі кезде және пайда болған
криминалистикалық тұжырымдамалардың арасындағы байланыс
және қатынас қағидасы;
- заңды және заңды емес көріністегі басқа ғылымдардың
жетістіктерін криминалистермен белсенді, белгілі бір кезеңге
бағытталған, шығармашылық зерттеу қағидалары және оларды
жеке өзіндік ғылыми мақсат үшін қалыптастыру;
- жедел іздестіру, сараптамалық, тергеу, сот практикасының
жетістіктерін тәжірибелерін зертеу қағидасы және осы бағыттағы
ғылыми жұмыстарды пайдалану;
9
- криминалистикалық зерттеу еліміздегі
және одан тыс
жерлердегі қоғамға қауіпті әрекеттердің даму жағдайы, құрамы,
өзгерісі, тенденциясы
және басқа да зерттелуші әлеуметтік
процестер туралы көрсеткіштерді пайдалану мен тіркеу қағидасы;
- қылмыспен
және басқа да оған ұқсас құбылыстармен
күресті бағыттаушы заңдар мен басқа да нормативтік материал
ережелерін ғылыми реттеуде, сонымен бірге оны практика
жүзінде ұтымды қолдану жайлы қағидасы.
1.2 Криминалистика дамуының қысқаша тарихы
Қандай да болмасын ғылыммен танысқанда, білген оның
тарихы, пайда болу мен даму сатыларын білген жөн.
XIX ғасырда Еуропа мен Америка елдерінде ғылым мен
техниканың айқын дамуы кәсіби ұйымдасқан қылмыстардың
көбеюіне, ал ол өз кезегінде техника мен байланыстың жаңа
құралдарының пайда болуына ықпал жасады. Мемлекеттердің
жазалау органдарының бұрынғы пайдаланып келген құралдары
мен әдістері енді қылмыстардың күрделі түрімен күресте
дәрменсіз болып қалды. Бұл XIX ғасырдың соңына қарай жаңа
ғылым саласы-криминалистиканың қалыптасуына себепші болды
Жаңа ғылымның іргетасын
қалаған бірнеше ғалымдар
ішінде алғашқысы Франция ғалымы Альфонос Бертильон болды.
Ол
криминалистік
тіркеудің, антропометриялық
әдісін,
сигналетикалық фотосурет
негізін, оқиға
болған жердегі
метрикалық
фотосуретке түсіруді, сөзбен айтқан бейнені
шығаруды қалыптастырды.
1882 жылы
австрия сот тергеушісі Ганс Гросстың
«Криминалистика жүйе
ретінде сот тергеушілеріне жетекші
құрал» атты жұмысы жарық көрді. Бұл еңбегінде автор сол
кездегі қылмысты тергеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін көрсетіп,
олардың жаңа өңделу жолдарын көрсетті. Бұл кітапта Г.Гросс
жаңа ғылым саласын «криминалистика» терминімен атауды тарихта
бірінші болып ұсынды. Осы кезең, криминалистика-ғылымының
жаңа саласы ретінде қалыптасуының басталуы болып саналады да,
Ганс Гросс криминалистиканың негізін қалаушы деп танылады.
Ағылшындар Вильям Гершель, Генри Фольдс, Френсис
Гальтон, Эдвард Генри
қазіргі
трасология
бөлімі
ретінде
дактилоскопияның негізін қалаған. Ал, Францияда Эдмон Локар
өзінің «Қылмысты
тергеудегі
ғылыми
әдістер»
және
«Криминалистикадан басшылық» және т.б. жұмыстарында заттай
айғақтарды зерттеу әдістемелерін шығарды.
10
Швейцария ғалымы Рудольф Арчибальд Рейс «Қылмысты
тергеудің ғылыми техникасы» еңбегін жазып, дүние жүзінде ең
бірінші болып сараптама-қриминалистік лабораториясын құрып,
полиция қызметкерлерін заттай дәлелдемелерді зерттеудің ғылыми
әдістеріне үйрететін оқыту курстарын ұйымдастырды.
Криминалистиканың дамуына Ресей криминалистері де
үлкен үлес қосты. «Құжаттардың сот сараптамасы, оны қолдану
мен жүзеге асыру» кітабының авторы Е.Ф.Буринский 1903 жылы
Петербургте бірінші сот-фотосурет лабораториясын іске қосты.
С.Н.Трегубов өзінің (1915) «Қылмыстық техниканың негізі» атты
практикалық жұмысында қылмысты ашуда, тергеуде ғылымитехникалық құралдарды қолдану жолдарын ашып көрсетті. Ал,
Б.Л.Бразоль «Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих. Тәжірибе»
(1916) шығармасында тергеу қарауы тактикасын қарастырды.
XIX ғ. Аяғы мен XX ғ. Басында ресейлік сот-сараптама
мекемелерінің жүйесі пайда болды. 1892 жылы Петербургтің сот
палатасы прокурорының сот фотографиялық лабораториясы, 1812
жылы Петербургте
ғылыми-сот сараптама кабинеті құрылып,
кейін (1913-1914)
осындай
мемекемелер
Мәскеуде, Киевте,
Одессада ашылды.
Ресей криминалистері 1917 жылғы Қазан революциясынан
кейін де криминалистиканың дамуына үлкен үлестер қосты.
Өткен ғасырдың 20 жылдарында қылмысты ашу мен
тергеуге, тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелеріне байланысты
көптеген
жұмыстар
жарық
көрген. Солардың ішінде
П.С.Семеновскийдің «Дактилоскопия-тіркеу әдісі ретінде» атты
монографиясы (1923), С.М.Потаповтың «Сот фотографиясы» атты
оқулық құралы (1926), И.Н.Якимовтың «Қылмыстық құралдар мен
тәсілдерді қолдану» атты жұмысы (1925), кітабы Ресейде шыққан
бірінші оқулықтар болды.
Совет үкіметінің даму кезінде криминалистиканың көптеген
мәселелерін дамытқан белгілі ғалым-криминалистер ішінде В.И.
Громов, С.А. Голунский, А.И. Винберг, Е.И. Зицер, Б.М.Шавер,
Н.В.Терзиев, Б.И. Шевченко, Б.М. Комаринец, Л.Е.Ароцкер, А.А.
Эйсман, А.Р.Ратинов, Р.С. Белкин, Н.П.Яблоков, И.М. Лузгин,
Гинзбург және тағы басқаларды айтуға болады.
2 Кримналистік
міндеттері
құжаттарды
11
тану ұғымы,
мазмұны,
2.1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың
түпнұсқалары
Криминалистік құжаттар жазу табиғаты, құжаттарды жасау
тәсілдері және жазбалар ерекшеліктері бойынша, нақты тұлғаның
жалған құжаттар жасауын және оны анықтау тәсілдерін
зерттейтін,
қылмыстарды
тергеу
және
ашу
мақсатында
құжаттардағы ақпараттарды пайдаланудың ғылыми негіздерін
құратын саласы болып табылады. Криминалистік құжаттану
жаратылыс, техникалық ғылымдар жетістіктеріне, тергеу және сот
тәжірибелері
қорытындыларына
негізделеді.
Криминалистік
құжаттану атқаратын міндеттерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ-құжатты жасайтын автордың белгілері мен
қасиеттерін: жынысын, жасын, психикалық және физикалық жайкүйін, кәсіптік және басқа да дағдыларын анықтау.
Екінші топ- құжат материалдарының (қағаз, бояғыш зат,
сургуч, желім және т.б.) табиғатын, сапалық құрамын, қай топқа
жататындығын, кейде материалдардың жасалу орнын және уақытын
анықтау, құжатты, жалған құжатты немесе оның жеке
реквизиттерін (қолдар, таңбалар, мөрлер, мөртаңбалар) дайындау
құралдарын, шарттары мен тәсілдерін анықтау, өртенген
құжаттардың мәтіндерін көрінбейтін және шамалы көрінетін
мәтіндерді айқындау және т.б.
Үшінші топ- сәйкестендіру міндеттерін орындау: құжатты
жасаушыны жазу тілі мен қол жазуы бойынша; жазу техникасынбасылған мәтін бойынша; көбейткіш техникасын-онда дайындалған
мәтіннің таңбалары бойынша және т.б. ұқсастыру.
Бұл міндеттер құжаттарды зерттеудің екі түрін-жазуды
криминалистік зерттеу және құжаттарды техникалық-криминалистік
зерттеуден
өткізу
барысында нақтыланды және орындалады.
Құжаттардың көптігіне (саласы, табиғаты, тегі бойынша), оларды
жасау, көшіру, жалған жасау тәсілдерінің әр түрлілігіне
қарамастан, жасандылар, ол үшін пайдаланылған материалдар мен
құралдарға, сондай-ақ құжаттарды зерттеу әдістеріне және осы
әдістер көмегімен орындалатын міндеттерге қарамастан құжаттар
криминалиистік маңызы бар ақпараттар көзі ретінде, ал белгілі
бір заңдылық шеңберіндегі бейнелеу және кейін қылмыстарды
тергеу барысында осындай ақпараттарды зерделеудің объектісі
болып қала береді.
Криминалистикада құжаттармен жасалған немесе дайындалып
жатқан қылмыстардың мән-жайы туралы ақпаратты қамтитын әр
түрлі материалдық обектілер жатады. Бұл ақпараттың нақты
12
мағыналық мазмұны болады және ол басылған немесе қолмен
жазылған
әріптермен,
сандармен,
белгілермен, кодтармен
бейнеленуі мүмкін.
Ақпараттарды бекіту тәсілдеріне байланысты жазу актілерін,
сызба
бейнелерін
фото-кино-бейнематериалдарын,
кодталған
ақпаратты тасушы объектілерін (ЭВМ магнитті таспалары,
магнитофон
таспалары, компьютердің
магнитті
дискілері,
перфотаспалар, перфокарталар және т.б.) ажыратады.
2.2 Тергеу барысында құжаттарды қарау
Қылмыстарды ашу мен тергеудегі құжаттармен жұмыс,
жетістігі бірқатар ережелерді сақтаумен қамтамасыз етілетін
тергеудегі қараудан басталады. Табылған құжаттар тек қолға
қолғап киіп, не пинцет қолданып орындаған жөн, себебі құжатта
қандай іздер бар және олар қайда орналасқаны белгісіз.
Құжатты су қолмен ұстауға, дымқыл немесе кірленген затқа
қоюға болмайды. Жазбаша құжаттардың бетіне не сыртына жазуға
болмайды. Қағаздарды бұрын бүктелген жеріне сәйкес келмейтін
жерінен бүктеуге болмайды, себебі бүктесіндердің саны мен
орналасуы жазудың сипатын, орындалу жағдайларын анықтау
үшін маңызды және құжаттың ерекше белгілерінің бірі болып
табылады.
Ылғалданған
құжаттар
жайылған
күйде
бөлме
температурасында кептіріледі. Іске тіркелетін құжатты шеткі
жағынан тігуге болмайды. Оны жазылған күйінде немесе бұрынғы
бүктелген жерінен бүктеп, таза қалың қағаз не картон арасына
салып, конвертте сақтаған жөн. Конвертке қажетті жазбаларды
құжаттарды оған салмастан бұрын жазады.
ЭВМ
магнитті
таспаларын,
компьтерлердің
магнитті
дискілерін, аудио-бейне-кассеталарын магниттердің тұрақты не
ауыспалы толқын ықпалдарынан, сонымен қатар магниттік
толқындар тарататын генераторлардан, радиоқабылдағыштардан,
теледидарлардан және т.б. құралдардан сақтау қажет.
Құжатты зерделеуді оның міндетін, негшізгі мәтінін және
ондағы басқа жазбаларды (қарарларды, белгілерді) анықтаудан,
яғни құжаттың мазмұны мен міндетінің сәйкестігін анықтаудан
бастаған жөн. Егер құжаттың түпнұсқаға сәйкестігіне күдік туса,
құжаттың үлгісімен танысу керек. Сондай-ақ, құжаттың оң және
теріс жағының, парақ шеттерінің жағдайы тексеріледі. Құжат
заңды тұлға атынан толтырылса, жасанды белгілерді анықтау
үшін бланк нысандарының баспа таңбаларының, фотосуреттердің,
13
қорғау белгілерінің түпқұжаттағы ұқсас реквизиттерге сәйкестігіне
назар аударылады.
Атап айтқанда, мұндай белгілерге:
- нысандардың, түсі және реквизиттерінің сәйкес келмеуі;
- мазмұнының
қарама-қайшылығы,
емлелік
қателер,
стандарттан тыс шрифт, пайдаланудан шыққан бланктерді,
мөрлерді және т.б. қолдану.
- механикалық әсер ету іздері (жазуды тазарту кезінде
химиялық рекактивтермен мәтінді өңдеу не шаю кезінде қағаздың
жұқаруы, дақ түсуі);
- қосып жазу немесе мәтінді өшіріп, орнына жазу (сөз, жол
аралығының қалыптан тыс үлкейуі немесе кішірейуі, олардың
ерекше орналасуы);
- қорғау кестелері жолдарының, мөр
элементтерінің
сәйкессіздігі түріндегі құрастыру жолымен жасалған (сан жапсыру,
суреттерді не бөлшектерін және т.б. қайта жапсыру) жасанды
іздер;
- сызықтардың түзу еместігі, әріптердің түрі, олардың әркелкі
көлемі, әріптің біліктік сызықтарының дөңгелек мөрдегі радиус
бағытына қатысты әр түрлі орналасуы бойынша және әріптердің
білікті
сызықтарының
мөрдегі
жолдар
сызықтарының
перпендикулярына сәйкессіздігі бойынша анықталатын баспа
таңбалары мен мөртабандардың жасанды іздері;
- жалған қол қою іздері (қолдың қозғалысын ақырындату
нәтижесінде
пайда
болатын
сызықтардың
айналмалығы,
штрихтарда үзілістердің болуы, көшіру кезінде және т.б. пайда
болған көмескілік пен нүктелер);
- аудио және бейнемагниттік таспаларды біріктіру барысында
пайда болған іздер.
Құжаттарды қарау
және алдын ала зерттеу кезінде
құжаттарға зиян келтірмейтін техникалық құралдар мен әдістер
қолданылады. Бұл үшін белгілі тәсілдер мен ғылыми техникалық
құралдарды, сондай-ақ құжаттарды жарыққа қарау әдістерін жиі
пайдаланады. Жарық көздері ретінде үстелге қоятын шамдар,
электршамдар, (ОИ-19 түріндегі) арнайы жарық түсіргіштер немесе
табиғи жарық пайдаланылады. Қажеттігіне қарай жарық сүзгілерді,
тергеу чемоданында болатын лупаларды пайдалануға болады.
Ерекше белгілерге (тазартулар, өңдеулер, қосып жазулар және т.б.),
іздестіру жұмысы мен дәлелдеу процесінде пайдалануға болатын
ақпараттарды айқындауға ерекше назар аударылады.
14
3 Құжаттарды
тұрғыда зерттеу
және
жазуды
криминалистикалық
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу- бұл хаттың,
осыдан
шыққан кейбір
тұлға құралын, құжатты
жасау
әдістерінің табиғи заңдылықтарын, сонымен бірге қылмысты
ашу мен тергеу мақсатындағы тану әдістері мен тәсілдерін
қарастыратын криминалистикалық техника саласы.
Құжаттар- қылмыстық
әрекеттер,
қылмыс
жасау
құралдары немесе қылмыс іздерін жабушы құрал ретінде
заттық дәлел болып табылады.
Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің 2 түрі бар:
- хатты криминалистикалық зерттеу;
- техника криминалистикалық зерттеу.
- хатты криминалистикалық зерттеу;
- техика криминалистикалық зерттеу.
Хатты криминалистикалық зерттеу объектілері жазбаша
сөйлем
мен қолжазба болып
табылады. Сонымен
бірге
орындаушы авторлар мен олардың құрамы, жынысы, жасы,
физиологиялық және профессионалды ерекшеліктері анықталады.
Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеуде оның
мазмұны, жасалу
материалы, оның
мағынасын өзгерту
мақсатындағы
тиген іздері
тексеріледі. Сонымен қатар,
идентификациялық және диагностикалық мәселелер шешіледі.
Осындай
мәселелерді шешу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер
қолданылады:
- химиялық-құжаттың материалдық құрамын анықтау;
- фототехникалық-сурет
бойынша
фотоаппараттарды
салыстыру;
- фотоскопиялық –магнитті баспаның шифрлерін алу және
т.б.
Қылмысты тергеуде заттық дәлел ретінджегі құжаттармен
жұмыс істеудің ережелерін сақтау нұсқалынады.
а) құжаттармен бес саусақты қолғап немесе пинцеттерді
қолдану арқылы жұмыс істеу;
ә) құжаттарды сулы немесе дым қолмен ұстауға тыйым
салынады;
б) сулы
немесе
кір орындарға
құжаттарды
қоюға
болмайды;
в) құжаттардың теріс немесе артқы жақтарына жазулар
жазылмауы тиіс;
15
г) іске
қатысты
құжаттың
шетінен
тіреп
тігуге
болмайды, оларды конверттерге салып, конверт тігіледі;
д) құжатқа зияны тиетін әрекеттер қолданылмайды.
Хатты криминалистикалық зерттеу.
Жазуды үйрену ұзақ оқу мен жаттығу салдарынан
қалыптасады. Осыдан қолжазба құралады, бұл адамның ортақ
жүйке
әрекетінің
қалыптасқан
ауыр
жүйесі. Хат жазу
қалыптасуының топталуы:
-техникалық қалыптасу-адамның жазу
барысындағы отырысы
немесе тұрысы, қағаздың жатуы, жазу құралын ұстау және т.б;
- графикалық қалыптасу - хат заңдылықтары мен олардың
ұйқастығын қалыптастыру;
-хат сөйлемінің қалыптасуы-сөздің құрамы және мәтін мен
тақырыптардың орнығуы.
Хат
сөйлемінің
қалыптасуы
әр адамның
белгілерін
сипаттап, екі топқа жіктейді:
- хаттағы сөйлем белгілері;
- қолжазба белгілері.
Хаттық сөйлем белгілері-бұл адамның
сауаттылығын
анықтайтын мәтін мазмұнын құрау, сөздің даярлығы, кәсіби
әрекет сипаты мен басқа да жағдайларды ұғындыру қасиеті.
Хаттық сөйлем грамматика, лексика және құрау стилі
жағынан бағаланады:
а)
граммматикалық
белгілер
орындаушының
хат
грамматика
ережелерінен
сауаттылығын
немесе
керісінше
жағдайын көрсетеді. Осы ережелерді сақтау орфографиялық,
синтаксистік
немесе
пунктуациялық
қателерге
әкеліп
соқтырады. Бұл қателер
салыстырушы
белгі
ретінде
қарастырылады.
Жазбадағы
кездесетін
грамматикалық
қателіктердің
сипатына қарай орындаушының білім деңгейі төмен, орташа
немесе жоғары болып анықталады;
ә)
лексикалық
белгілер
жазушының
жалпы
сөздік
даярлығын және оның жалпы білім алу мен кәсіби даму
деңгейін сипаттайды. Хат бойынша адамды салыстыру оның
хатты пайдалану ынтасын көрсетеді:
- кәсіпқойлық -белгілі бір мамандыққа арналған сөздер;
- архаизм-ескірген сөздер мен сөйлемдер;
- диалектизм-жергілікті жерлер диалектілерімен байланысты
сөздер мен сөйлем оралмалары;
16
- жаргонды сөздер және олардың айтылуы белгілі бір
топтағы адамдарға тән.
б) стилистикалық белгілер мазмұндаманың жазу
тілін,
қолжазбаның қалыптасуын түсіндіреді.
Ол әдеби тіл (көркем, іскерлік, ғылыми, бұқаралық) және
жай сөйлем тілі деп 2-ге бөлінеді.
Кеңістіктегі
түсінік пен мазмұндаманың мәні қысқа
және көп сөзді болады.
Композициялық құрылыс нақты бөлшекті
жазбалардың
болуы (кіріспе, негіз, қорытынды) сөйлем түрлерін қолданушы
ойдың мазмұн құрылысы бойынша анықталады (жай, күрделі,
хабарлаушы, сұраушы және т.б.).
Қолжазба белгілері нақты және жеке болып келеді.
а) Жалпы қолжазбаны қозғалыс ретінде сипаттайды. Оған:
- қолжазбаның
қалыптасуы-жазушының жылдам жазу
жүйесі мен қолдану әдісі жоғары, орташа және аз қалыптасқан
қолжазбалар;
- қолжазбаның иілуі жазбаша белгінің ұзартылған өсіндегі
сызық жолымен анықталады. Тіке, көлденең, оңға иілген және
солға иілген қолжазбалардың түрлері болады. Иілу тұрақты
белгі болып саналмайды және қолжазбаның өзгерту мақсатында
жиі өзгеріп тұрады;
- қолжазбаның
жылдамдық
қарқыны жол белгілерінің
биіктігі
мен олардың
аралық ендерінің
немесе жол
белгілерінің биіктігі мен енінің сай болуы. Жылдамдық үлкен,
орта және кіші болады.
- қолжазба мөлшері жолақ әріптерінің орташа биіктігі
бойынша анықталады. Ірі жолақ әріптерінің биіктігі 5мм., орта 2
мм-5 мм дейін, майда 2 мм көп емес;
- қолжазбаның байланысы белгілі бірнеше әріптердің бір
сөзде
үзіліссіз
қозғалыс арқылы
жазумен
сипатталады.
Байланысына
қарай
жоғары
байланысты
қолжазба-5-6
әріптермен, орта байланысты -3-4 әріптермен, үзілісті 2-ден кем
емес әріптермен байланысты орындалады. Бұл белгі тұрақты,
себебі қолжазба байланысын ұзақ тәжірибесіз өзгерту мүмкін
емес.
ә) қолжазбаның жеке белгілері бөлек әріптерді олардың
элементтері мен әріа аралық қосындыны жазудағы әрекеттің
ерекшелігін көрсетеді. Қолжазбаның жеке белгілеріне мыналар
жатады:
17
- әріптер
мен олардың
элементтерін қосуда
және
орындаудағы қозғалыс формасы-тік сызықты, доға тәрізді, ілмек
тәрізді, бұрыш тәрізді, иректі;
- қозғалыс
бағыты-төменнен жоғары қарай, жоғарыдан
төмен қарай, сол оралымды және оң оралымды;
- қозғалыстың сызылуы-әріп элементтері штрихтарының әр
түрлі өлшемдеріне негізделумен сипатталады;
- қозғалыстың байланысы, яғни әріптердегі элементтердің
бірігуі, сонымен бірге әріптердің өзара байланысы;
- нүктелердің
басында, соңында, қиылысында және
қозғалыстарының бірігуінде әріптердің шартты орналасуы;
- қозғалыстың жалғасуы онымен әр түрлі әріп элементтері
мен олардың бірігуі орындалады;
- әріптерді
орындағандағы
қозғалыс күрделілігі-жай
күрделенген және қысқартылған әрекеттер.
Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеу- бұл
жазбаша
құжаттарды жасайтын, өзгертетін
және олардың
белгілерін сипаттайтын әдістерді тексеруші болып табылатын
пән, сонымен қатар тергеу мен соттық іс қарауға маңызы бар,
салыстыру және басқа деректерді
білу
мақсатындағы
құжаттарды қарау мен зерттеу әдістерін, құралдарын жақсартушы
құжаттарды зерттеу бөлімі.
Құжаттарды зерттеу мақсаттары:
- құжаттарды немесе оның бөлімдерін дайындау жағдайын
анықтау (әдіс, шарт, уақыт);
- құжаттағы өзгеріс пен оның ену әдістерін анықтау
(тазалау, өшіру,қосымша жазу және т.б.);
- жай көрінетін көрінбейтін, сонымен қатар
құйылған,
жапсырылған, сызылған жазулар мен құжаттағы бұзылған
мәтіндерді табу;
- құжатты
жасауда қолданылған
материалдың топтық
құрамын анықтау (қағаз, бояу, желім);
- құжаттарды немесе олардың бөлімдерін жасау уақытын
анықтау;
- құжаттарды дайындау немесе оларға енгізілетін өзгерістер
үшін қолданылған құралдарды салыстыру;
- құжат жасаушыны идентификациялау.
Құжаттар түпнұсқалы және жасанды болады.
Түпнұсқалы
құжаттар жарамды
немесе жарамсыз
болып
жіктеледі.
18
Көрініп дайындалған, бірақ мәтіні
өтірік
маңызды
құжаттар жасанды деп аталады. Жасанды құжаттардың екі түрі
болады:
а) интелектуалды-берілген үлгідегі бланкта шындыққа сай
келмейтін барлық белгілері бар құжат;
б) материалды –түпнұсқа құжатты тазалау, өшіру немесе
барлық реквизиттері бар толық жасау жолымен өзгертілетін
құжат.
Құжаттардың түпнұсқа бланктары сурет салу немесе
бастыру арқылы жасалынады.
Қолжазбаларды зерттеу криминалистік сараптаманың кең
түріне жатады. Оның негізгі мақсаты-орындаушыны анықтау.
Негізінен сараптама көмегімен авторлыққа, қолжазба жазу
шартына, жазушының мақсатына (жалған құжат жасау немесе
жазуды бұрмалау), оның жеке қасиетіне және сыртқы белгілеріне
(мысалы, жасы, мас екендігі және т.б.) қатысты көптеген
мәселелер шешіледі. Аталған зерттеу объектілері ретінде жазудың
тұрақты жеке ерекшеліктер көрінген көлемді қолжазбалар
(күнделіктер, хаттар) және қысқа жазулар (қол қою, сандар,
суреттер, белгілер) болуы мүмкін.
Жазуды
криминалистік
зерттеу
бірдейлендіру
(идентификациялау) теориясының жалпы ережелеріне, адамның
жоғары жүйке қызметінің психологиялық деректеріне, лингвистика
мәліметтеріне
негізделеді. Соңғы
уақытта
осы
мақсатта
кибернетика, математика тағы басқа ғылымдар мүмкіндіктері кең
қолданылуда.
Жаза білу ұзақ оқу мен жаттығу нәтижесінде қалыптасады.
Қолжазудың жеке сәйкестік белгілері балалар 3-4 сыныпта оқып
жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Дегенмен олардың
қолжазуы бойынша сәйкестендіруге жеткілікті жиынтығы, әдетте
5-6 сыныпта, яғни адамның орталық жүйке жүйесінің қызметімен
байланысты күрделі қозғалу дағдыларының жиынтығы жазудың
тұрақты
сәйкестендіру
белгілеріне
қатысты
байқалып,
қалыптасады.
Адамның:
- техникалық
дағдыларын (жазу
кезіндегі
отырысы,
қағаздарды орналастыруы, жазу құралын ұстауы және т.б.)
- графикалық дағдыларын (жазу белгілерін және олардың
тіркестерін жазу);
- жазбаша тілі дағдыларын (сөздік қоры мен мәтін, сөйлемдер
құруы және т.б.) ажыратады.
19
Қолжазбада көрініс табатын техникалық және графикалық
дағдылар жиынтығы адамның қолжазуын сипаттайды. Адамның
жазу еркіндігінің ұқсас ерекшеліктері, күш салып жазуында,
сыртқы ортаның, басқа да субъективті және объективті факторлар
әсерінен қол басқанда қайталанбайтын көп ерекшеліктер
жиынтығы пайда болады. Әр түрлі тұлғалардың жазуында жеке
ұқсас белгілер кездесуі мүмкін, бірақ олардың жиынтығы әр
адамда жеке болады.
Жазудың өзгеруіне әкелетін әр түрлі себептерге қарамастан,
ұзақ уақыт бойы қалыптасқан адамның жалпы қимылдау жүйесі
(динамикалық стереотип) тұрақты болады. Яғни, адамды жазу
бойынша сәйкестендіру мүмкіндігі жазуын әдейі бұрмаласа да
немесе жасы ұлғайғанда жазуы өзгерсе де сақталып қалады.
Адамның қолжазуы ерекше жағдайларда жазғанда өзгеруі
мүмкін, олар адамның жазу құралы мен заттарының әдеттен тыс
қалыпты, жазушының көңіл күйі (мас болуы, толқуы және т.б.)
адамның қозғалу аппаратының немесе жүйке жүйесінің бұзылуы
(жарақаттар, жүйке аурулары және т.б.), жазуын әдейі бұрмалауы
(басқа адамның қолына ұқсастырып жазу). Алайда көлемді
қолжазба мәтінінде, қолдың өзіндік белгілерінің жиынтығы жиі
сақталып отырады.
Жазба
тіл
белгілері-мәтінді
мазмұндау әдісі,
сауаттылығының
жалпы деңгейі, тілінің стилистикалық және
грамматикалық ерекшеліктері, сөздік қоры.
Жазбаша тілдің келесі негізгі белгілері болады:
Стилистикалық
белгілер-мәтіннің
тілін,
ойын,
архитектоникасын, ойын
жазу мәнерін
сипаттайды. Тергеу
тәжірибесінде кездесетін мәтіндегі мазмұндау стилі туралы сөз
құрамы мен сөйлемдер құрылысы бойынша талдауға болады.
Сондай-ақ
ресми-іс,
ғылыми,
өндірістік-техникалық,
публицистикалық, ауызекі сөйлеу стилі туралы айтуға болады.
Лексикалық белгілер-жеке кәсіп иелеріне, мекенге және т.б.
тән жалпы сөздік қорды, терминдерді қолдануды сипаттайды.
Олардың ішінде: профессионализмдерді (белгілі
бір
кәсіппен
айналысушы адамдарға тән сөздер); архаизмдерді (көнерген сөздер
мен сөз тіркестері); диалектизмдерді (белгілі бір жергілікті жерде
қолданылатын тілдер мен сөз тіркестері); варваризмдерді (бөтен
тілдің сөздерін қолдану); жаргондарды (тұрақты жеке әлеуметтік
топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі) атауға болады.
Грамматикалық
белгілер- жазушының
жазудың
грамматикалық
ережелері
туралы
білімін көрсетеді. Соған
20
сәйкес, жазушының жалпы сауаттылық деңгейі төмен, орта және
жоғары болып белгіленеді.
Жазу белгілері екі топқа бөлінеді:
- жазуды қол қимылы жүйесі ретінде сипаттайтын жалпы
белгілер;
- ж еке әріптерді, олардың бөлшектерін және әріптерді қосып
жазу кезіндегі қимыл ерекшеліктерін көрсететін жеке белгілер.
Жалпы белгілерді шартты түрде үлкен үш топқа бөлуге болады:
а) жазу-қозғалу дағдысының қалыптасу деңгейі мен сипатын
көрсететін белгілер. Бұл қолдың дағдылануы және жалпы
қабылданған жылдам жазу жүйесіне сәйкес болуы, чғни аса
дағдыланған,
орташа
дағдыланған,
аз
дағдыланған
жазу
техникасын
меңгеру; қимылдарды
қадағалау-әріптерді
жазу
кезіндегі қимылдың нақтылығы мен жүйелілігі; олардың мөлшері,
иілісін (жоғары, орта, төмен) сақтау; жазу жылдамдылығы (тез,
жай, орта); жазу құрылымы-қимыл ауырлығы (қарапайым,
жеңілдетілген, күрделіленген);
ә) қозғалыстың құрылымдық сипатын көрсететін белгілер:
қимылдың басымды түрі (түзу сызықты-доғалау; домалақ; аралас),
қозғалыс бағыты (оң айналмалы, сол айналмалы, аралас); кіші
әріптердің орташа биіктігі бойынша анықталатын жазу мөлшері
(шағын-әріптердің
биіктігі 2
миллиметрге
дейін,
үлкен-5
миллиметрге дейін болғанда); көлденең бойынша қозғалыстың
созылуы-қолдың екпін алуы, қысқа (кіші екпін), көсілмелі (үлкен
екпін), орташа (кіші әріптердің биіктігі оның көлденеңіне тең);
қолдың орамдылығы, яғни жазушының жазу құралын қағаздан
айырмай бірнеше белгілерді жазу қабілеті-үлкен (6 және одан көп
әріптерді бірге жазу), орташа (4-тен 6-ға дейін) және шағын (3
әріптен
аспайтын);
қолды
басып
жазу; күшпен (негізгі
штрихтардың ені қосу штрихтарының енінен асып кетуі), орташа,
баспай жазу және аралас жазу;
б) қол қозғалысының (топографиялық) және қолжазба
фрагменттерінің кеңістікте орналасуын көрсететін белгілер. Олар
құжаттың дербес фрагменттерін, тақырыбын, автордың қолын
орналастыру
ерекшелігінде
пайда
болады. Олардың
сәйкестендірушілік маңызын бағалаған кезде мәтін фрагменттерін
үйлестірудің жалпы ережелерін, қол қою орнын (бұрышта, ортада,
төменгі қатарда), мәтіннің қағаз бетінің шетіне
қатысты
орналасуын, яғни: мәтін жолдарының қашықтығы, өлшемі, т.б.
ескереді.
Қолжазудың жеке белгілері:
21
- әріптерді және олардың элементтерін жазу мен қосу
кезіндегі қимыл түрлері (тіксызықты, доғалдау, ілгекті, бұрышты,
иірімділі);
- жазу кезіндегі қозғалыс бағыты (төменнен жоғарыға,
жоғарыдан төменге, сол айналмалы, оң айналмалы);
- қозғалыстың созылуы (ол әріптердің әр түрлі элементтерінің
штрихтары көлеміне қатысты сипатталады);
- қозғалыстың байланыстылығы, яғни әріп элементтерінің
қосылу түрі және әріптердің өзара қосылу түрлері (бірге не
арақашықтықпен);
- қозғалыстың басталу, аяқталу, қиылысу және қосылу
нүктелерінің бір-біріне қатысты орналасуы;
- әріптердің әр түрлі элементтерін жазудағы және оларды
қосу қозғалысының жүйелілігі;
- әріптерді
жазудағы
қимыл
күрделілігі (әдеттегі,
күрделіленген, қарапайым) қимылдарды ажыратады.
Қолжазу авторын іздестіріп, сәйкестендіруде қолжазуды
пайдалану іздестіру және идентификациялық міндеттерді атқару
мақсатында қолданылады. Белгісіз тұлға жазған қолжазба мәтіні
(қорқыту хаты, жалған медициналық рецептер және т.б.) табылған
жағдайда,
ол бойынша
тексерудегі
тұлғалардың
жазуын
салыстырып зерттейтін іздестіру кестесі жасалады. Іздестіру
кестесін жасау үшін ең алдымен қолжазбаны мазмұны зерттеледі,
жазу тілі мен қолжазудың белгілері талданады. Олардың ішінен
ерекшеліктерін (көзге түсетін), сирек кездесетін және тұрақты
белгілерін, негізінен-6-8-ін таңдап алады. Кестенің негізгі бөлімі
осы
белгілер
сипаттамасы мен
олардың
графикалық
суреттемелерінен тұрады. Одан кейін зерттеудегі құжатты жасауы
мүмкін тұлғалар шеңбері анықталады және олардың жазуын
тікелей тексеру, яғни құжатты жасаушы тұлғаны іздестіру
ұйымдастырылады.
Сараптамаға материалдарды әзірлеу.
Қол жазу сараптамасын тағайындау үшін сарапшыларға
зерттелуші құжат және қолжазудың авторы болуы мүмкін
тұлғаның сапалы қолжазбалық үлгілері табыс етіледі. Құжаттың
не фотосуреттің көшірмесі сарапшыға ерекше жағдайда ғана
беріледі. Қолжазбаның еркін және эксперименттік үлгілерін
ажыратады.
Еркін
үлгілер-жасалған
қылмысқа, қылмыстық
істің
қозғалуына қатыссыз орындалған қолжазбалар, қолдар. Оларға жеке
и және қызметтік хат алысу құжаттары, өмірбаяндар, арыздар,
22
конспектілер және т.б. жатады. Қолдың, қолжазудың еркін үлгілері
шартты түрде зерттеудегі мәтінге (қолға) жазылу уақыты, жазу
жылдамдылығы, қолжазбаны орындау жағдайы бойынша және
жазушының күйіне сәйкес келуі қажет.
Әдетте қолжазудың еркін үлгілері ретінде, әр уақытта
жазылған 5-6 бет қолжазба мәтіні және 10 (әр парақта 5-6 қол
бар) қолдың еркін үлгілері талап етіледі.
Эсперименттік
үлгілер-тергеуші, анықтаушы,
жедел
қызметкер тапсырмасы бойынша салыстырмалы зерттеу үшін
арнайы орындалған қолжазбалар (қолдар). Олар зерттеудегі мәтінге
мазмұны бойынша жақын болып, ұқсас жағдайда орындалуы
қажет. Эксперименттік үлгілерді тергеушінің оқуымен жазып
немесе кез келген мәтінді тұлғаның өзінің жазуымен алуға
болады. Бұл жағдайда зерттеліп жатқан құжатта бар сөздер
қайталанатын
арнайы мәтін құрастырылады. Егер, қолжазу
үлгілері алынып жатқан тұлға жазуын өзгертуге тырысса, онда
оқып жаздыруды жеделдету, мәтін көлемін үлкейту немесе тұлға
өз жазуына қандай өзгерту жасағанын ұмытып қалуы үшін үзіліс
жариялау қажет.
Эксперименттік үлгілер сапасы зерттеудегі құжат жазылған
қағаздай және (жалпақтығы, түсі, көлемі, сызығы бойынша)
сондай жазу құралымен орындалуы қажет, мәтіннің көлемі 10-15
парақтан кем болмауы керек және зерттеудегі құжаттың толық
мәтінін немесе жеке сөздерін (сөз тіркестерін) қамтуы тиіс.
Эксперименттік қол қою әрқайсысы 10-15 қолды қамтитын 5-6
парақта орындалады.
Қолжазу сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қолжазу
зерттеуін жүргізу үшін маңызы бар мән-жайлар көрсетілуі тиіс.
Сарапшы сұрақтарын нақты құрастыру қажет, мәселен, мәтінді,
жеке жазуларды кім жазғанын, қолды кім қойғанын (нақты
тұлғалар ішінен); бірнеше құжаттағы қолдарды немесе құжаттың
үзінділерін бір немесе бірнеше тұлға орындағанын көрсетуі
керек.
Қолжазбаны жазған тұлғаның жеке қасиеттеріне, оның
психофизиологиялық күйіне, кәсіби қызметіне, құжатты
жазу
уақытына
қатысты
сұрақтар да
жоғарыда
аталғандай
құрастырылуы тиіс. Мұндай зерттеу нәтижелерінің, әдетте, бағыт
беруші (іздестіру) маңызы болады.
Қолжазбалардың қолжазу зерттеуін жүргізу әдістемесі
туралы жалпы мәліметтерді:
- алдын ала зертттеу;
23
- жеке зерттеу;
- салыстырмалы зерттеу;
- нәтижелерді бағалау және қорытындыны тұжырымдау деп
бөлуге болады.
Алдын ала зерттеу барысында сарапшы ұсынылған
материалдың қолда барын олардың сараптама жүргізу үшін
жеткіліктілігін бағалайды, қойылған сұрақтарды
анықтайды,
құжатпен толық түрде, содан кейін нақты объектімен (мәтінмен,
оның бөлігімен немесе қолмен) танысады.
Екінші сатыда зерттеудегі құжат пен үлгідегі жазу белгілері
анықталып, талданады.
Үшінші сатыда анықталған белгілерін жалпы және жеке,
дәл келетін және айырмашылығы бар белгілерді салыстыру
жүзеге асырылады. Сарапшы зерттеудегі қолжазбадағы және
орындаушысы болуы мүмкін тұлғаның қол қою үлгілеріндегі
бірдей әріптерді жазу барысындағы қол қимылының қайталану
жиілілігіне назар аударады.
3.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат
мазмұнының өзгеру түрі
Құжаттың жалған бланкілері көп жағдайда сурет салу немесе
клишеден басу арқылы дайындалады. Клишені баспаханалық
шрифтті теру жолымен, фотоцинкографиялық тәсілмен, қолмен
ойып
жасау және басқа да тәсілдермен дайындайды. Бұл
тәсілдердің әрқайсысының өзіндік белгілері бар.
Сурет
салу
арқылы
жасалған
жалған
бланктер
штрихтарының, аттас әріптер мөлшерінің біркелкі есептігімен,
суретінің стандартқа сай еместігімен мәтінде грамматикалық
қателер мен қисындық (логикалық) қарама-қайшылық болуымен,
қарындашпен жазылған және қара қағаз арқылы көшіру іздерімен
ерекшеленеді. Қолмен ойып жасалған клишеге стандартсыз
шрифт, белгілердің ұзынша элементтеріндегі түзуліктің бұзылуы,
сөз жолының иірімділігі және т.б. тән.
Фотоцинкографиялық
тәсілмен дайындалған клишеге
штрихтардың шетіндегі бояу қабатының қалыңдығы және әріп
штрихтарының қатты басылуы; суретке түсіру
масштабын
сақтамау себебінен таңба көлемінің түпнұсқадан өзгешеленуі;
ұсақ штрихтар
мен
бөлшектердің
анық болмауы; штрих
шеттерінің тегіс болмауы және үзілуі, қышқылмен (кислота) өңдеу
нәтижесінде әріп бұрыштарының дөңгеленуі тән.
24
Құжаттың алғашқы мазмұнын өзгерту фактісін анықтау
бұрынғы жазуды тазарту, өңдеу немесе шаю белгілерінің
болуына байланысты.
Жазуды тазартып өзгерту оның алғашқы мазмұнын өзгерту
үшін штрихтарды механикалық жою болып табылады. Оның
белгілері: құжатты жарыққа қараған кезде байқалатын қағаздың
үстінгі қабаты құрылымының бұзылуы нәтижесінде, оның кедірбұдырлы және жұқа болуы. Тазартып өшіру кезінде қасындағы
жазба белгілерге де зақым келеді. Сонымен қатар, қағаздың бет
жағында басылған және теріс жағында томпақ түрде жойылған
мәтін бедері қалады. Кедір-бұдырлы қағаздың бояуды сору
қабілетінің нәтижесінде жаңадан жазылған әріптердің, сандардың
шеттері тегіс болмайды. Кей
жағдайларда
алғашқы мәтін
штрихтарының қалдықтары басқа түсті бояу ретінде қалып қояды.
Механикалық
әсер ету іздері тегістеу нәтижесінде, қағазда
пайдаланған заттың іздері қалып қояды.
Ерітіндімен өңдеу штрих бояуларын химиялық реакциялар
(қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар) жолымен жазуды немесе
оның бөліктерін қасақана жою. Ерітіндімен өңдеу
белгілері
қағаздың желімделінген жерінің бұзылуынан, өңделген жердің
күңгірттенуі немесе түсінің өзгеруінен байқалады. Өңделген жер
сарғыштанады; өңдеу затының әсерінен жарықтар пайда болады;
жазу өңсізденеді; алғашқы мәтіннің көмескі көрінетін штрихтары,
түрлі-түсті жазба іздері, өңдеуге түскен жердің және құжаттың
қалған (суық сәуле тарату) айырмашылықтары байқалады.
Ерітіндімен
өңдеу
белгілерін
лупа,
микроскоп,
ультрафиолеттік сәуледе зерттеу арқылы контрастылық фотосурет,
көрінетін және инфрақызыл сәулелерін қолданып суретке түсіру
арқылы айқындауға болады.
Жазуды жуып шаю-құжаттың бетінен штрихтарды әр түрлі
ертінділер арқылы жою. Ерітіндімен өңдеуге тән белгілер жуып
тазалау барысында да байқалады. Олар, әдетте, ерітіндімен
өңдеуді анықтауға ұсынылған тәсілдермен анықталады.
Қосып жазу тәсілі құжаттың бос жерлеріне жаңа әріптер,
сандар, сөздер және олардың тіркестерін енгізу арқылы оның
алғашқы мазмұнын өзгерту болып табылады.
Қосып жазудың белгілері: алғашқы және жаңа жазу
штрихтарының түсі мен шеттерінің, мәтінге жеке жазуларды
енгізудің
айырмашылығы,
көлемі
мен
қол
жазудың
айырмашылығы; әріптер, сөз жолдары арасының тар не кең
болуы және т.б.
25
Кейде қосып жазуды құжаттың мазмұнын оқу кезінде
байқалатын қисындық қарама-қайшылық арқылы айқындауға
болады. Қосып жазуды құжатты
лупа немесе микроскоп
көмегімен шашыраған немесе қиғаш түскен жарықта қарау
арқылы анықтайды.
Фотосуреттерді
көп
жағдайда,
адамның
тұлғасын
куәландыратын
құжаттарда, құнды
қағаздарда
және т.б.
алмастырады.
Кең тараған тәсілдер:
- фотосуретті толық ауыстыру;
- түсірілген суретті монтаждау (құжаттағы мөр таңбасы бар
бұрынғы сурет бөлшегін қалдырып, оған басқа тұлға суретін
жапсыру);
- ескі фотосуреттің бетіне басқа фотосуреттің эмульсиялық
қабатының бөлшегін қондыру;
- құнды қағаздың бөлшегін айырбастау;
- нөмірлер жапсыру.
Құжат мазмұнының өзгеру түрі
Тазарту-тақырыптың
алғашқы
мазмұнын
өзгерту
мақсатында штрихтарды механикалық өшіру әдісін түсіндіреді.
Оның салдарынан қағаздың беткі қабаты бүлінеді, ол құжатты
жарықта қарауда бірден көріністің жұқаруы мен тегіс емес
белгілері анықталады.
Тазарту барысында қорғаушы тор мен штрих қасындағы
орналасқан жазба белгілері бұзылады. Сонымен қатар алынып
тасталған мәтін орны парақтың оң жағынан батырылған, теріс
жағынан томпиған түрдегі рельефті көрініс қалады.
Қағаздың сіңіруші қасиетінің көбеюінен қалыптасқан қайта
жазылған әріптер, сандар қисық штрих шеттеріне иеленеді.
Механикалық әсер ету іздері тазартылатын мәтінді тегістеп
өшіру мақсатында қолданған заттардың трасса сипатында пайда
болатын салдарынан қалыптасқан іздер.
Уландыру- бұл жазуды немесе
олардың
бөлшектерін
химиялық реативті түссіздендіріп бояу штрихы
арқылы
өшіріледі.
Уландыру белгілері қағаздың беткі қабатының бұзылуы
уландырған жерлердегі қағаз түсінің өзгеруі, сызаттарының
қалыптасуы, қорғаушы тордың түссізденуі немесе түстің өзгеруі,
көрші жазу штрихтарының өшуі.
Уландыру белгілері лупа, микроскоп, ультра көгілдір жарық
түсірушілер көмегі арқылы табылады
26
Шаю-құжат бетіндегі штрихтарды әр түрлі ерітінділер
арқылы өшіру. Көптеген уландыру үшін тән белгілер шаю
кезінде шығады. Олар ереже бойынша уландырылған жерлерді
табу үшін кеңес беретін құралдар көмегімен табылады.
Қосымша жазу- яғни бұл жаңа әріптер, сандар, сөздер және
басқа да
тәсілдермен құжатқа бастапқы
өзгеріс
енгізетін
қорытынды.
Қосымша жазу белгілері:
-бастапқы және жаңа жазу штрихтарының түсі мен
реңінің, штрих ендерімен орындалған жазудың қалыптасу
ерекшелігі;
- мәтіндегі жеке жазулардың әр түрлі қалыпта орнығуы;
- әріптер, сөздер, жолдар арасындағы тығыз үзілістер;
- бір штрихтағы бояушының басқа түсте болуы.
Қосымша жазу құжатты шашыраңқы немесе қисық түсуші
жарық арқылы лупа немесе микроскоппен қарауға болады.
Сурет карточкаларының ауыстырылуы, жеке
тұлғаны
куәландыратын құжатқа жасалынады. Оның белгілері:
- суретті
толық өзгерту-мөр
мәтінінің
ұйқаспауы
қарастырылады;
- монтаж-суреттің мөр жағы жартылай қалып, оның орнына
басқа сурет ілінеді, фотоқағаздың сәйкессіздігі, суреттің кесілу
ізі, мөр элементтерінің келіспеуі бойынша табылады;
- ескі сурет астынан
басқа
сурет жапсыру-бұл әдіс
фотоқағаздардың сорттарының әр түрлілігі, суреттің
тегіссіз
жапсырылуы бойынша табылады.
Парақтарды ауыстыру еңбек кітапшаларында, төлқұжаттарда
және т.б. бірнеше парақты құжаттарда кездеседі.
Құжаттардағы ауысқан парақтарға мыналар негізделеді:
- бір құжаттың әр түрлі қағаз сапалары мен реңінің
өзгешеліктері;
- бет нөмірлерінің сәйкес келмеуі;
- құжат парақтарындағы сериялар мен нөмірлердің, парақ
шеттері өлшемдерінің, формаларының сәйкес келмеуі;
- ауысқан
парақтың басқа типографиялық парақтардан
ерекшелігі.
3.2 Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау
Аталған жалғандылықтың келесі тәсілдері жиі кездеседі:
бұрын көрген қолды есте сақтап, құжат бойынша жалған қол
қою; қойылған шын қолға қарап отырып, оның суретін салу;
27
қолды сиямен не қаламсаппен айналдыра жиектеп көшіру.
Көшірме әдісі арқылы жалған қол қоюдың бірнеше тәсілі
кездеседі: жарық өткізу арқылы, көшіргі немесе қара қағаз
көмегімен; көшіру қасиеті бар бұйымдар көмегімен (дайын сөз
аралықтарын қосу), фотопроекциялық тәсіл. Бұдан басқа, адамның
қойған қолын ылғалды қара қағазбен де көшіруге болады.
Фотопроекциялық
тәсілден басқа, аталған тәсілдерге
сызықтардың иірімділігі және сопақ әріптердің бұрыштылығы
тән. Сызба аппараты (пантограф) көмегімен жарықты көшіру тәсілі
үшін
қарындашпен
жасалған алдын
ала
дайындық тән.
Фотографиялық тәсілмен жалған қол қоюға зерттеудегі қолдың
фотокөшірмеге толық сәйкес келуі тән. Фотографиялық тәсілмен
әдетте көшірме қолхат (факсимиле) әзірленеді. Оның көмегімен
қойылған қолдарға, темір клишелерге тән штрихтардың белгілері
болады.
Аталған жалған қол қою түрлерінің көп белгілерін құжатты
көлбей шашыраңқы жарықта лупа (үлкейткіш шыны), микроскоп
көмегімен қарап, табуға болады. Қол қозғалысының бәсендігін,
сызықтардың қосарлануы, бояудың жайылғанын, суретті түзету
іздерінің
белгілері, оның микроқұрылымын фотографиялық
әдіспен бекітеді.
Барлық
жағдайда қойылған қолға сараптама жүргізу
барысында зерттеудегі қолды оны қойған тұлға қолы үлгілерімен
салыстыру керек.
4 Жалған
таңбалар,
мөрлер,
мөртабандар
жасау
фактілерін анықтау
Мөр мен мөртабандар-зергерлік жазу шеберханасында немесе
полиграфиялық кәсіпорындарда белгілі бір үлгіге сәйкес жасалған
клише. Оларды каучуктан не
темірден жасайды. Тәжірибеде
оларды жалған жасаудың бірнеше тәсілдері белгілі: мөрдің суретін
құжаттың өзінде салу, қолдан жасалған клише көмегімен таңба
жасау, тура таңбаны жалған құжатқа көшіру.
Мөр
немесе
мөртабанның
бейнесін
құжатқа
салу
жалғандаудың кең тараған тәсілі болып табылады. Оған келесі
белгілер тән: шрифттің стандартқа сай келмеуі және мәтіннің
біркелкі орналаспауы, әріптердің, сөздердің және сөйлем
жолдарының симметрияға сәйкес орналаспауы, суреттердің
(елтаңба, эмблема) және т.б. бұрмалануы; мәтінде грамматикалық
қателердің болуы және оның мазмұнының мағынасыздығы;
28
таңбаларды
дайындау іздері қағаздың циркуьмен тесілуі,
қарындаш штрихтарының қалдығы).
Ою, ерітіндімен
өңдеу, қағазға
суретін салу, қалың
материалдардан (резеңкеден, линолеумнен, ағаштан және т.б.) қию
баспаханалық әріптерден жинақталған, қолдан жасалынған клише
көмегімен мөр немесе мөртабан таңбаларын басқанда, қарау
немесе арнайы зерттеу жүргізу кезінде байқалатын ерекше
белгілер қалады.
Оларға шрифттің стандартсыздығы, әріптер мен олардың
қашықтығының әр түрлілігі, әріптер мен белгілердің айнадағыдай
бейнеленуі, ағаштан жасалған
клише
іздерінде жылдық
сақиналардың болуы, темір клишенің айналмалы сызықтарының
болуы, таңба бояуының
біркелкі жағылмауы, штрихтардың
иірімділігі, үзілген сөз жолдарының болуы және т.б. жатады.
Аталған белгілер үлкейту құралдарының, масштабты тор,
транспортир көмегімен құжатты қиғаш түсетін жарықта немесе
ультракүлгін сәулесінде қарау кезінде көрінеді. Жалған клише
көмегімен жасалған таңбаларды қарау және зерттеу барысында
оларды тура мөртабанның таңбаларымен салыстыру керек.
Негізгі құжаттан баспасөз немесе мөртабан таңбаларын
көшірме (жасанды)
жалған
құжаттқа
көшіру (айнадағыдай
бейнелеу), көбінесе қосарланған көшірме жолымен орындалуы
мүмкін.
Қосарланған көшірме жасау жолымен алынған таңбаның
жалғандығының белгілері: штрихтардың шамалы боялуы; олардағы
бояу затының жайылуы; қағаздың жылтыр болмауы, таңба
орналасқан жердің өзгешеленуі; мөр суретіне қатысы жоқ, бірақ
сонымен бірге көшірілген штрихтардың болуы.
Егер бейнені күшейту үшін көшірілген таңбаны үстінен
бояса, онда суреттің белгілері байқалады.
Аталған таңбаларды жалғандаудың басқа тәсілдеріне
пайдаланудан
шыққан
түпнұсқа мөрден, мөртабаннан қиып
алынған әріптер мен сандарды біріктіру жолымен мөр немесе
мөртабан жасау жатады.
Қазіргі уақытта кең тараған шрифті өзгерткен мөр мен
мөртабанды
пайдалануды
тура
таңбаның
шрифтерінің
ерекшелігін, жеке белгілері мен сөз жолдарының бір-біріне
қатысты орналасуын салыстырғанда ғана байқауға болады.
Кейде жалған құжат дайындау үшін басқа ұйымдардың
тура мөрлері немесе мөртабандары пайдаланылады, бірақ олардың
мазмұнын бүркемелейді. Ол үшін, мөрді қағаз бетіне тигізгенде,
29
оны сәл айналдырады, сонда оның таңбасы бұлдыр болып
шығады.
Егер
мөр
құжатқа
ксерокс
арқылы,
компьютерді
пайдаланып,
сканер
әдісімен
көшірілсе,
онда
құжаттың
жалғандығын
оның теріс жағынан байқауға болады. Бұл
жағдайларда мөр бояуының қағазға сіңуі байқалмайды. Сондай-ақ,
осындай құжаттарда қол мөрдің үстіне қойылады.
4.1 Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын қалпына келтіру
Қылмыс
мақсатында
құжаттарды
зақымдайды немесе
жояды (құжатты өртеу, жырту, мәтіннің жеке жерін сызу немесе
бояу төгу, т.б.).
Криминалистикада осындай құжаттардың мазмұнын қалпына
келтіру әдісі жасалған.
Жыртылған құжаттарды қалпына келтіру үшін, оның
бөліктерін қағаздың сапасы, сызықтары, штрих түсі, қол қою
және басқа да белгілері бойынша саралап алады. Сонымен бірге
бір не екі жағы тегіс, яғни құжаттың бұрышын немесе шетін
құрастыратын бөліктерін іздестіреді. Құжаттың ортасын түрі мен
мазмұны бойынша іріктелген қалған бөліктермен толықтырады.
Жыртылған құжатты шыны үстінде құрастырады, содан кейін оны
көлемі сондай екінші шынымен
жауып,
шеттерін желім
лентамен жиектейді.
Жанып кеткен құжаттар мәтінінің мазмұнын айқындау
мүмкіндігі негізінен, қағаздың құрамымен, мәтінді бояу затымен,
жану жылдамдығымен және қызуымен анықталады. Жанып
кеткен құжаттарды тапқанда, оны шашып алмайтындай қылып
алу керек, яғни жанған құжаттарды қолмен, пинцетпен алуға
болмайды. Бұндай құжатты алу кезінде қағаз немесе картон
парағымен желпіп немесе үрлеп шыны үстіне орналастырады,
сосын құжатты
бүріккіш пайдаланып, су
буымен
немесе
глицерин ерітіндісімен ылғалдайды.
Сұйықтықтың
ұсақ
бөлшектері құжатқа төгілуі үшін, оның ағымын жоғары жаққа
бағыттайды. Құжат ылғалданғаннан кейін оны тегістеп, басқа
шынымен жабады. Тасымалдау үшін шыны жиектерін қаптайды.
Жанған құжатты мақта төселген қорапқа да салуға болады. Онда
тасымалдау кезінде зақымдамау үшін құжатты криминалистік
зерттеуге дербес шабарманмен жіберген дұрыс.
Жанған құжатты
көлеңкелі жарықпен суретке түсіру
әдісімен мәтіннің қағазға басылып қалған штрихтарын айқындауға
болады. Графит қарындашпен, күйе немесе темір тұзы бар
30
баспаханалық бояумен жазылған, сондай-ақ жазу машинкасымен
басылған мәтінді инфрақызыл сәуледе суретке түсіру арқылы
бұрынғы қалпына келтіруге болады. Мәтінді термиялық өңдеу
жолымен де анықтауға болады. Жанған құжаттар әр түрлі сатыда,
яғни кепкен, көмір болып күйіп қалған, күл болып қалған,
көгерген түрде болуы мүмкін. Егер көмір болып күйіп қалған
құжатты қызуға шыдамды екі шыны арасына салып, муфельдік
пеште, күл болып қалғанша қыздырса, оның түрі ағарып, онда
құрамында графит, күйе немесе темір тұзы бар штрихтар пайда
болады. Мәтінді анықтау үшін рентгент сәулемен суретке түсіру,
люминесценсия, спектроскопия сияқты басқа әдістер қолданылуы
мүмкін.
Сызылған және бояу төгілген мәтіндерді жарық сүзгі,
электронды-оптикалық түрлендіргішті қолданып оқуға болады.
Түсімен
түстес сия төгілген
мәтінді ультракүлгін сәуледе
зерттейді. Егер мәтінге күлгін немесе көк түсті сия төгілсе, онда
оның мазмұнын төгілген сия түстес жарық сүзгіш қолданып,
суретке түсіру арқылы анықтауға болады. Мәтін қағаздың бір
бетінде жазылса, оны бензинмен ылғалдауға болады, салдарында
ол жартылай мөлдір болады да, құжатты өтпелі жарықта суретке
түсіріп алады.
Машинкамен
басылған
мәтіндерді
зерттеу,
әдетте,
орындаушы мен жазу машинкасын сәйкестендіру, бірден басылған
дана санын, сонымен бірге олардың мазмұнын өзгерту тәсілін
анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жазу машинкалардың
жалпы және жеке белгілері болады.
Жалпыға
жататындар: басу тетігі, адымының көлемі, сөз
жолдары арасының шамасы, клавиатура түрі, белгілер жинағы,
шрифт түрі.
Басу тетігінің адымы-клавишті соққан кезде каретка
жылжитын қашықтық. Адым мөлшері бір рет ауыстырылған
белгілер арақашықтығын өлшеу және оны олардың арасындағы
белгілер санына бөлу арқылы анықталады. Өлшеу дәлдігі
бірнеше сөз жолдарын өлшеумен тексеріледі. Ол үшін, арнайы
трафареттер,
өлшеу
торлары
болады. Әр
түрлі
жазу
машинкаларында бас механизм адымының шамасы бірдей емес
және 2,12 -3,00 мм құрайды.
Жол аралығының шамасы бұл жолда орналасқан белгілердің
(сызықтар негізінде) төменгі жағы, астыңғы сызығы арасының
арақашықтығы. Арақашықтықтың біркелкі еместігі аралық тетігін
31
тоқтатып басылғандығын не болмаса оның
бұзылғандығын
куәландырады.
Штрифт маркалары көлемі (биіктігі, ені)
және суреті
бойынша бөлінеді. Көлеміне қарай шрифттер: ірі (биіктігі 2,25 ммден асса), орта (2,0-ден 2,25 мм дейін) және ұсақ (2,0 мм-ге дейін)
болады. Енді шрифттерге –ені 2,40мм, орташаға-2,30, жіңішкеге2,20мм шрифттер жатады. Әр түрлі маркалы жазу машинкалары
шрифттерінің бір атты белгілері олардың бір-бірінен көлемімен
ғана емес, сондай-ақ элементтерімен де ерекшеленеді.
Нақты
жазу машинкасын
сәйкестендіру
машинкамен
басылған мәтінде орын алған жеке белгілер бойынша жүргізіледі,
яғни олар жазу машинкасы тетігі мен шрифт ерекшеліктерінен
туындайды.
Біріншісіне
кейбір
белгілердің
тік
және
көлденеңінен жылжуы, белгілердің тігінен осьтен ауытқуы, жол
араларының
жүйелі түрде бұзылуы, таңбалар бояуының
біркелкісіздігі, кіші және бас әріптер параллель болмауы.
Шрифтің жеке белгілері әріп элементтерінің қисаюынан, кесуді
жоғалтудан, кейбір штрихтар учаскесінің кеңеюінен көрінеді.
Машинкамен басылған мәтіндерде құжатты жасаған тұлға
туралы қажетті мәліметтер алуға болатын белгілер көрінуі
мүмкін; олар соғу күші мен бір қалыптылығы, жолдарды,
сызықтарды сақтау, қателердің болуы және т.б.; мәтін мен оның
бөліктерін
орналастыру
ерекшеліктері (беттерді
нөмірлеу,
тақырыпты, датаны, қойылған қолды орналастыру және т.б.).
Егер құжаттың авторы мен орындаушысы бір тұлға болса,
жазу тілі ерекшеліктері де (мазмұндау, лексикалық, грамматикалық
стиль ерекшеліктері) сәйкестендіру белгілері болып табылады.
Қазіргі уақытта рычагты-сегменттік машинкалардан ең
алдымен жазу блогында монолитті әріп таратқышы бар және
жазу кезінде оны тез ауыстыру мүмкіндігімен ерекшеленетін
рычагсыз шрифтері бір ізге салынған жазу машинкалары
шығарылды. Бұндай машинкаларды олардың басқан мәтіндері
бойынша
сәйкестендіру күрделілеу және қандай
топқа
жататындығын
анықтау
мүмкін
емес. Бірақ
ұзақ
уақыт
пайдаланғаннан кейін машинкаларда бірқатар сәйкестендірушілік
белгілері пайда болады.
Рычагсыз машинкаларды сәйкестендіру рычагты-сегменттік
машинкаларға
арналған
әдістеме
бойынша,
бірақ
кейбір
ерекшеліктермен
жүзеге
асырылады. Сонымен,
рычагсыз
машинкалар үшін құндылығы шрифт маркаларын анықтау
нәтижелерін (ол бойынша әріп таратқыштың маркасын анықтауға
32
болады),
мәтінде
бедерлі
таңбалардың,
лента
бояуының
қалдықтарының болуы. Сараптық зерттеу үшін машинкамен
басылған зерттеудегі құжатқа қоса, құжатпен бір
мезгілде
басылған 1-2 парақ шрифт үлгілері қажет. Егер сараптама ұзақ
уақыт өткеннен кейін тағайындалса, жазу машинкасының барлық
белгілерінің таңба үлгілері шрифттері жуу алдында және
жуғаннан кейін алынады. Машинкамен басылған мәтіннің еркін
үлгілері мағынасына қарай зерттеліп жатқан мәтінге жақын
болуы қажет және онымен бір түрлі қағазда басылуы тиіс.
Эксперименттік үлгілерді білікті маман басуы керек, сонымен
бірге лентаның түсі және пайдалану уақыты зерттеудегі құжатты
басу кезінде пайдаланылған лентамен бірдей болуы қажет.
4.2 Полиграфиялық
тәсілмен жасалынған жалған
құжаттарды зерттеу
Полиграфиялық
өнімдерді
дайындау
кезінде
пайдаланылатын
көбейткіш техника құралдары мен баспа
тәсілдерін баспаханалық және оперативтік деп бөлінеді.
Біріншісіне
баспаның жоғары,
терең және жалпақ
трафареттік тәсілдері жатады.
Екіншісіне-ксерокс, ротопринт, электрографиялық аппараттар
және т.б. көмегімен басу жатады.
Жоғары тәсілмен басу кезінде кескін қағазға баспа
нысанның көтеріліп тұрған учаскелерімен басылады да шрифттің
бояуы біркелкі түспейді. Жоғары тәсілмен басу таңбаларына
баспа элементтерімен жасалынатын, полиграфияда таңбаны басып
шығару деп аталатын рельеф тән.
Жалпақ тәсілмен басу кезінде басылатын және арасындағы
бос қалған жер бір жалпақтықта болады, таңба штрихындағы
бояу біркелкі таратылады және рельеф болмайды.
Терең тәсілмен кезінде басылатын элементтер бояу
толтырылған тереңдік түрінде болады. Терең тәсілмен басуға:
рельефтің
болмауы,
таңбалардағы
басылатын
элемент
формаларының бояу қалыңдығының біркелкісіздігі тән. Жалпақ
және терең тәсілмен басуға арналған баспа қалыбы арнайы
темірден жасалады. Жоғары тәсілмен басу үшін баспаханалық
теру және цинкографиялық клише қолданылады.
Жедел басу тәсілдері ішінде кең тарағаны- ротопринттік
тәсіл. Жалпақ баспаханалық басуға тән белгілер жедел басуға да
тән.
33
Қазіргі әдістемелер диагностикалық және сәйкестендірушілік
міндеттерді шешуге: формалар мен оның таңбаларын жасау
тәсілдерін анықтауға; кейбір
басқа формаларының
түрлері
дайындалған кәсіпорынды анықтауға; сөз жолдары және т.б.
құйылған
баспа формаларын, линотиптерді сәйкестендіруге
мүмкіндік береді. Кешенді криминалистік зерттеу жолымен
құжатты жасау тәсілі
туралы (фабрикалық немесе қолдан
жасалған), баспа формалары мен құжаттардың алынған көшірмесі
сәйкестігі туралы сұрақтар және т.б. шешіледі.
Криминалистік фотографияның қысқаша даму тарихы
Криминалистік фотографияның
даму
тарихы жалпы
фотография тарихына негізделеді.
Қылмыспен күресу мақсатында фотосурет XIX ғасырдың
ортасынан
бастап қолданыла бастады. Басында негізінен
қылмыскерлерді
есепке алу үшін қолданылса, соңынан
қылмыскерлерді жедел іздестіру, оқиға болған жерді қарау,
табылған белгісіз өліктерді есепке қою және жедел-іздестіру
жұмыстарын іске асыру мақсатында қолданыла бастады.
XIX ғасырдың 70 жылдарында аталған мақсаттарды жүзеге
асыру үшін арнайы құралдар шығаруға талпыныстар жасала
бастайды. Бұл сұраққа бірінші болып үлкен көңіл аударған
француз криминалисі Альфонос Бертильон болды. Ол ірі пішімді
фотокамераның бірнеше түрін ойлапи шығарды және жалпы
фотографияның техникалық тәсілдері мен әдістерін қолдана
отырып, қылмыскерді 1/7 кескіні көрсететін суретке түсіруді
ұсынды
XIX ғасырдың соңында Ресейде сот фотографиясын
қолданумен байланысты құжаттар сараптамасы
жүргізіледі.
Орыстың
белгілі
криминалисі
Е.Ф. Буринский
зерттеу
фотографиясына үлкен үлес қосады. Сол үшін оған 1889 жылы
Ломоносов атындағы ғылыми сыйлық берілді.
Фотографияны тергеу және сараптау тәжірибесінде қолдану
сұрақтарының жүйесін атақты совет криминалисі С.М. Потапов
1926 жылыв «Сот фотографиясы» кітабында жазды.
Бұл салада өзге де ғалымдар ғылыми жұмыс жүргізген
және жүргізуде. Қазіргі уақытта сот фотографиясы бойынша
жазылған көптеген
әдебиеттер бар. Бұл
аймақта сот
фотографиясы А.А. Эйсман, Н.А. Селиванов және басқалардың
еңбектерінде жақсы айтылады. Осы көрсетілген және де басқа
34
ғалымдардың еңбектерінің негізінде криминалистиканың жаңа
саласы-криминалистік фотография қалыптасты.
Криминалистік
фотография
дегеніміз- тергеу
ісәрекеттерінде,
жедел-іздестіру
және
сот
сараптамасында
пайдаланылатын,
фотосуретке
түсірудің
ғылыми
негізде
анықталып айқындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу
үшін
қажетті
мәліметтерді
беруде
құжаттылығымен,
көрнектілігімен, жоғары дәлелділігімен, шынайылығымен және
жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді.
Криминалистік
фотография
жалпы
фотографияға
негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін
қылмыстың
оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар,
орын, мәйіттер, т.б.);
ә) криминалистік
фотографияны
қолданатын
арнайы
субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер,
учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы);
б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу
және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және
пайдалану;
в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен,
кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б.
г) суретке
түсірудің арнайы
тәсілдерін қолдануы
ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқ іздері);
д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы
(мәселен, ретушь-бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі;
қателерді қарындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен
дұрыстау. Ретушь суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін,
суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот
және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді);
е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше
тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер.
Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен
әдістер өздерінің қолдану
міндеттеріне байланысты жеделіздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш
топқа бөлінеді.
Жедел-іздестіру фотография мына жағдайларда қолданылады:
а) оқиға болған жерді қарағанда, заттай айғақ немесе
құжаттарды қарау барысында;
ә) тірі тұлғаларды куәландыру жағдайында;
35
б) тінту мен алуды жүргізу барысында;
в) зерттеу эксперименті барысында;
г) тану үшін көрсету жағдайында;
д) айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау
барысында.
Фотоға түсіру түрі дегеніміз іске айғақты мәні бар
объектілер мен фактілердің шынайы көрінісі қалуын орындауды
қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер және ережелердің жиынтығы.
Соттық-жедел фотографиялар объектісіне байланысты келесі
түрлерге бөлінеді: оқиға болған жер, тінту жүргізгенде, зерттеу
эксперименті барысында, тірі тұлғалар, өліктер, іздер, заттай
айғақтар мен құжаттар.
Жедел-сотық фотография әдісіне жататындар:
а) панорамалық;
ә) стереоскопты;
б) өлшейтін;
в) ірі масштабты;
г) репродуктивті;
д) тануға
байланысты суреттер суреттер көрсетілген
әдістердің кейбіреулері тек кейбір объектілерге
қатысты
қолданылады. Сөйтіп репродуктивті
фотография құжаттарды
түсіру үшін, тануға байланысты-тірі тұлғаларды және өліктерді
түсіру үшін қолданылады. Басқа әдістер түрлі суретке түсіру
түрлеріне қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру оқиға болған
жерді және зерттеу экспериментін, ұзындығы біршама үлкен
іздерді суретке түсіру кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады.
Айтылған әдістерден басқа фотоға түсірудің жеке тәсілдері
болады, олар түрлі суретке түсіру кезінде қолданылуы мүмкін.
Жеке тәсілдерге:
а) бағдарлап түсіру;
ә) шолып түсіру;
б) түсіру;
в) тетіктік фотобейнелер жатады.
5.1 Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелері
Заттай
дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай
дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет
заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды.
Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға
түсіреді.
36
Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл
бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің
дұрыс
қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады.
Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі
қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда
түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған
жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені
болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне
қойылған шыны әйнекті қолданады.
Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама
қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың
түсу бағытын өзгертеді, яғни оны объектіге емес, ақ экранға
бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың
үстіндегі іздерді, жеке белгілерді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.
Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға
түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру
әдісімен жасайды.
Іздердің суреті
а) қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып
орналасуын көрсетуи үшін із табылған заттың жалпы түрін
суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың
бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.
Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор.
Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір
нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер
із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды.
Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу
арқылы түсіреді.
Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты
тіке бағыттайды. Кейде «перде», яғни көлемі ізден үлкен тесігі
бар қара қағаз қолданылады.Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ
ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.
ә) аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру. Іздердің
жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше
іздерді
түсіргенде
сызықты
панорама
әдісін
қолданады.
Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы
орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен
созылған көлік іздерін түсіреді.
Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ
іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді.
Көліктердің
ізін түсіргенде анық протектор суреті бар
37
учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен
түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың
ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.
Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура
жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі
белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.
Суретке түсіру
масштабы әдіс арқылы жүзеге асады.
Масштабы сызғыштың
миллиметрлік бөліктері
болуы тиіс.
Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған
жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор
қазып, түбіне сызғышты қояды;
б) бұзу құралдары мен құрал-сайман іздерін суретке түсіру.
Алдымен мұндай іздерді, олардың орнын анықтау үшін
тораптық фотосурет ережелері бойынша түсіреді. Іздердің өзін
масштабты түсіру әдісімен түсіреді және максималды масштабта
түсіруге тырысады.
Іздің
формасына
және
із
қалдырған
құралдың
ерекшеліктері мен нысандары
туралы болжауға
мүмкіндік
беретін, оның ерекше
белгілеріне аса
көңіл бөлінеді. Бұл
белгілерді анық түсіру үшін аралас жарық түсіру тәсілін, яғни
тура және жанынан түсірген жарық қолданылады.
Боялған бет-бедер іздерді түсірген кезде жарық фильтрі
қолданылады.
Мәйітті фотоға түсіру
Оқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті
көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің
оны қоршаған
объектілерге қатысты орналасуын анықтауға
мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді.
Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ
жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе
бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті
жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық
кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте
киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан
мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады:
бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы
бөлігін суретке түсіреді.
Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға
болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл
бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.
38
5.2 Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану
және фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу
Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу
мақсатында қолданылады.
Бейнетаспаға жазу-киноға түсіру мен суретке түсірудің
алдында беделі басым. Ол ыңғайлы, технологиялы және ұтымды.
Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді,
ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша
қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп
түсіруге мүмкіндік туғызады.
Бейнежазу тергелуші әрекеттің процесі мен қорытындысын
тіркеуші қосымша құрал ретінде қолданылады. Ол динамикадағы,
оны жүргізудегі қатысушылардың ерекшеліктерін, не ауыр және
құрастырылған жағдайдың көлемін көрнекі құрал ретінде ұсынуға
қажетті әрекеттерді тіркеуді талап етеді.
Тергеу әрекеттерінің тактикалық
ерекшеліктері
және
жағдайдағы
мәселелерді шешуде суреттегі қалатын негіз
бейнежазу түрлері мен әдістерін анықтайды.
Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып (атағын,
қызметін, фамилиясын атайды) өтеді, содан кейін бейнежазуды
пайдаланып қылмыстық іс бойынша тергеу әрекетінің
жүруін
түсіндіреді. Соңынан ол тергеу әректіне қатысушыларды жеке
атап өтеді (ірі жобамен түсіріледі), түсірілген күнді, мерзімді,
орынды және түсіруші тұлғаны атайды.
Мына істерді жүргізгенде бейнежазуды қолданудың қажеті
өте көп:
а) өрт, көліктік апаттар болған жайында оқиға туралы
барынша ақпаратты жедел бекітуге қажетті жерлерді қарауда;
ә) бағалы заттар мен құрылыс құралдарын алу, оларды
тыққан жерлерін тінту әдістерін бекіткенде;
б) тергеуші
тәжірибе-сапалы әрекеттер мен олардың
салдарын бекіткенде;
в) сұрақ-жауап
алу,
аудармашылардың
қатысуымен
жүргізілетін беттестіруде.
Фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу
Фото-кино-бейнетехника, дыбысжазу аппаратураларының кең
таралуына
байланысты
оларды
пайдалану
нәтижелері
(аппаратураның өзі де) қылмысты тергеу барысында жиі заттай
дәлелдеме ретінде қарастырылады.
Фотосуреттер, бейнеленталар және бейнепленкалар: әр түрлі
объектілердің материалдық
бекітілген
бейнелері
болып
39
табылады. Сезіктілерден алынған тергеу кезінде жасалған бұл
құжаттар қылмыс оқиғасына байланысты немесе тергеу процесіне
қатысты (тергеу әрекетінің барысы мен
нәтижелерін жазу)
мәліметтерді қамтиды. Аталған құжаттарды көп жағдайда оқиғаға
қатысушыларды анықтау үшін оның сипаты мен даму сатыларын
(қоғамдық тәртіпсіздік, өрт кезінде құжаттық немесе жедел
түсіру)
анықтау үшін зерттейді. Кейде құжат, кино-пленка,
бейнепленка мазмұнының өзгеріске түскенін, мәселен, фотосуретті
қайта түсіріп монтаждағанын анықтау қажеттілігі туындайды.
Фотомонтаж белгілеріне бейненің жеке бөліктерінің-бас
дене, киім шеттерінің аса боялуы жатады.
Жалған бейнепленкалар мен киноленталарды жасау кезінде
олардың бөліктерін қиып алып тастайды немесе қосымша
желімдейді. Мұндай
әрекеттердің
белгілері
бейнелердің,
жапсырылған орындардың кенет өзгеруінен көрінеді. Жасалған
қылмыстың
мән-жайын
анықтауға
фонограмма
қамтитын
ақпараттың маңызы зор. Фонограммалар қылмыс жасау құралы
(мәселен, қорқыту және шошыту үшін, қорқытып алу мақсатында
пайдаланылған), оларды жалған жасау кезіндегі
қылмыстық
қолсұғушылық заттары және тергеу әрекетінің барысын немесе
қылмысты ашу процесінде жүзеге асырылатын жедел-іздестіру
шараларын бекіту нәтижелері болуы мүмкін.
Аталған жағдайларда зерттеу объектілері ретінде магнитті
ленталар, сымдар, дискілер және басқа ақпарат тасушылар
болады. Олар
іздердің
екі
тобын,
механикалық
және
электроакустикалық әсер ету іздерін қамтиды. Механикалық іздер
лента-созу тетігі мен дыбысжазу құралынан пайда болады. Ол
іздер лентаның дыбыс жазылатын жағында шағын
және ірі
жолдар түрінде
қалады. Оларды сәйкестендіру мақсатында
пайдалануға болады.
Лентаның магниттік қабаты мен жазатын басының өзара
әрекеттестігі нәтижесінде электроакустикалық іздер пайда болады.
Олар ғана емес, сонымен бірге магнитофонның да белгілерін:
дыбыс жолдары саны мен олардың көлемін, лентаның жылжу
жылдамдығын, лентасозу тетігінің шуын, жазуды қосумен,
тоқтауын, т.б. сипаттайды. Аталған объектілер мен іздер тобын
зерттеу арқылы магниттік лентаны монтаждау белгілерін, яғни
жазудың сүйемелдеуге сәйкессіздігін, электрлік соғу сипатының
әр
түрлілігін, магниттік лента бөлшектері сапасының әр
түрлілігін, желімдеген жерлерінің болуын және т.б. анықтауға
болады.
40
Фото-кино-бейнеқұжаттарды
криминалистік
зерттеу
барысында түсіретін және зертханалық аппаратура, позитивтер
бойынша
негативтер,
фотосуреттерде
бейнеленген
заттар,
құрылыстар, жергілікті учаскелер, сәулесезгіш материалдар мен
химиялық реактивтер, бейне және аудиожазба, құралдары,
фонограммада жазылған адам дауыстары және басқа объектілер
сәйкестендірілуі мүмкін.
Ішкі істер органдарында қылмысты тергеу және ашу
міндеттерін орындау үшін құрамына бір қатар құжаттар енетін
белгілі объектілердің криминалистік есебі ұйымдастырылған.
Құжаттарды криминалистік есепке алудың негізгі міндеті жалған
құжаттарды табу және оларды
пайдаланушы
тұлғалардың
қылмыстық әрекетін тоқтатудан, кейбір жалған құжаттарды
жасаумен айналасушы тұлғаларды анықтаудан және қылмысты
тергеумен байланысты басқа да міндеттерді орындаудан тұрады.
41
КРИМИНАЛИСТИКА ПӘНІ
Заңдылықтар :
- қылмыс механизмі;
- қылмыс және оған
қатысушылар туралы
ақпараттардың пайда
болуы;
- дәлелдемелерді жинау,
зерттеу, баға беру және
пайдалану
Соттық зерттеудің және
қылмыстың алдын алудың
арнайы әдіс-құралдары
қылмыс қылқылмыстың алдын
алудың
КРИМИНАЛИСТИКА МІНДЕТТЕРІ
42
ЖАЛПЫ
Қылмыстарды тергеп-ашудың толымдығы мен шапшаңдылығын қамтамасыз
ету, қылмыстық қастандылықтың алдын алу және ондай іс-әрекеттерге жол
бермеу
АРНАЙЫ
Криминалистик
а пәнін
құрастырушы
объективтік
заңдылықтарды
талдау және
оның жалпы
әдістемелік
негіздерін
қылмыспен
күрес
тәжірибесіне
тарту
Қылмыстарды
тергеу, ашу
және алдын алу
мақсатында
дәлелдемелерді
жинау, зерттеу,
баға беру,
сондай-ақ
пайдаланудағы
криминалистик
алық әдісқұралдарды
әзірлеу
Тергеу, соттық
зерттеу,
криминалистикалық
және басқа да сот
сараптамаларының
техникалық,тактикал
ық,
ұйымдастырушылық
және әдістемелік
негіздерін жетілдіру
Криминалистика ғылымына кіріспе
(криминалистиканың әдістемелік
негіздері)
Шетел
криминалистері
нің тәжірибесін
талдаудан
өткізу және
пайдалану
Криминалистикалық техника
43
Криминалистика жүйесі
44
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ БЕЙНЕ
ТАСПАҒА ЖАЗУДЫҢ ЖҮЙЕСІ
Жалпы
қағидалар
Криминалистикалық
фотография
Криминалистик
алық бейне
таспаға жазу
Суретке түсіру әдістері
Бекітіп алушылық
Зерттеулік
45
Оптиканың
негізгі
түсініктері
Жарық
көмегімен
жазудың
негізгі
түсініктері
Криминалистикал
ық фотография
және бейне
таспаға жазуды
қолданатын
субъектілер
Суретке
түсіру
құралдары
Композиция
негіздері
Фотографиялық
процесс
химиясының
негізгі
түсініктері
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ
ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ
БЕЙНЕ ТАСПАҒА
ЖАЗУДЫҢ ЖАЛПЫ
НЕГІЗДЕРІ
Киноматогра
фиялық
эффект
түсінігі
Суретке
түсірудің
киноматогра
фиялық
эффект
түсінігі
46
Бейне мен
дыбысты
жазу
негіздері
(бейне
таспаға
жазу)
Күміс
қолданбайтын
фотографиялық
процестің
негізгі
түсініктері
Суретке түсіру
объектілері
Компьютерлік
технологияны
пайдалану
арқылы бейне
таспаға жазудың
негіздері
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ БЕЙНЕ ТАСПАҒА
ЖАЗУДЫҢ ЖҮЙЕСІ
Жалпы қағидалар
Криминалистикалық
фотография
Криминалистикалық
бейне таспаға жазу
СУРЕТКЕ ТҮСІРУ ӘДІСТЕРІ
БЕКІТІП АЛУШЫЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛІК
47
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ БЕЙНЕ
ТАСПАҒА ЖАЗУДЫ ҚОЛДАНАТЫН СУБЪЕКТІЛЕР
Тергеуші,
тергеу
бөлімінің
бастығы,
прокурор
Тергеу
әрекеттерін
жүргізу
барысында
Жедел іздестіру
қызметкері
Сарапшы
Тергеу
әрекеттерін
және жедел
іздестіру
шараларын
жүргізу
барысында
Алдын ала
тергеу және
сараптама
жүргізу
барысында
Құқық қорғау органдарының
басқа да қызметкерлері
Маман
Тергеу әрекеттерін және
жедел іздестіру
шараларын жүргізуге
қатысу барысында
Қылмыстық іс-әрекетті
анықтап-әшкерелеу
процесінде
48
Адамдар
Мәйіттер
Заттық дәлелдемелер
СУРЕТКЕ ТҮСІРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Тергеу
әрекеттерін
жүргізу барысы
мен нәтижелері
Жалпы
мақсаттағы
фотографиялық
аппараттар
Киноға түсіруші
аппараттар мен
құрылғылар
Тергеу
әрекеттерін
жүргізу орны
Компьютерлік
фотоаппараттар
Арнайы
фоторграф
иялық
аппараттар
мен
аспаптар
Тергеу үшін
маңызы болуы
мүмкін объектілер,
оқиғалар, шаралар
Қосымша
құрылғылар
Арнайы
мақсаттағы
бейнеаппаратура
Бейнеаппаратура
және тұрмыстағы
немесе жартылай
кәсіби мақсаттағы
аспаптар
49
Фотоматериалдар,
лабораториялық
құрылғылар
Компьютерлік
техниканы
пайдалануға жол
беретін
бейнеаппаратураның
арнайы кешені
Кәдімгі
сурет
Өлшемдік
сурет
Панаромалық
сурет
Макро
сурет
Телесурет
Стереосурет
БЕКІТІП АЛА ОТЫРЫП СУРЕТКЕ ТҮСІРУ
ТӘСІЛДЕРІ
Контраст бере отырып
суретке түсіру
Инфрақызыл
сәулелер бере
отырып түсіру
Микросурет
ЗЕРТТЕУЛІК СУРЕТ ТӘСІЛДЕРІ
Ультракүлгін сәуле
бере отырып
суретке түсіру
Салыстыра отырып
суретке түсіру
50
Жоғары жылдамдықтағы
суретке түсіру
БЕКІТІП АЛА ОТЫРЫП СУРЕТКЕ ТҮСІРУ ТҮРЛЕРІ
МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Бағдарлап
түсіру
Шолу жасап
түсіру
Оқиға болған
жерді суретке
түсіру (тергеулік
қарау, тінту,
эксперимент,
көрсетулерді
тексеру, мәйітті
қарау және
эксгумация
барысында)
Тораптап
түсіру
Бөлшектеп
түсіру
Өтіп бара
жатқан
жарықта
түсіру
Қиғашта
п түскен
жарықта
түсіру
Жеке тұлғаны суретке
түсіру (тану үшін ұсыну
және тіркеуге орнату
кезінде куәландыру
және жедел іздестіру
шараларын іске асыру
барысында)
Кәдімгі
сурет
Тану
мақсатындағы
(сигналетикалық сурет)
51
Шағылы
қан
жарыққа
түсіру
Бөлек іздер
мен заттарды
суретке түсіру
(қарау, тіркеу
және тану
үшін ұсыну
барысында)
Көлеңкесіз
сурет
Рефлекстік
объектілерді
түсіру
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СУРЕТКЕ ТҮСІРУ ПРОЦЕСІ
1. Түсіруге дайындық.
Суретке түсіру
құралдарын әзірлеу
2. Түсіру нүктесі мен түсіру
тәсілдерін анықтау
3. Түсіру шарттарын анықтау
4. Суретке түсіру
5. Криминалистикалық
суретті қолдану
нәтижесін
процессуальдық
тұрғыдан рәсімдеу
52
Айқындау
Арадағы
жуып-шаю
Біржолата
шаю
Бекіту
Негативті
кептіру
Негативтік процесс
СӘУЛЕ ТИГЕН ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ
ӨҢДЕУДЕН ӨТКІЗУ
Позитивтік процесс
Сәуле әсерін
тигізу
(экспонир)
Айқын
дау
Арадағы
жуыпшаю
Бекіту
53
Біржолата
шаю
Суретті
кептіру
Бекітілген
объектілер
тізімі
Жарық
беру
шарттары
Техникалық
құралдар
мен
жағдайлар
жайлы
мәліметтер
(камера
типі,
объектив
және пленка
маркасы,
қосымша
шартар
Суретке
түсіруші
тұлға
туралы
мағлұмат
Суретке
түсіру
процесі
жүретіндігі
жайлы
тергеу
әрекетіне
қатысушы
тұлғалар
ескертілгенд
ігін
көрсететін
сілтеме
Тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетілетін мәселелер:
Криминалистикалық суретке түсіруді және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде
алынған нәтижелерді процессуалдық тұрғыдан рәсімдеу
Фото кесте құрастыру
Фото кесте
бланкілерін
құрастыру
Іске қатысты
бейнелердегі
тетіктерді әріп,
стрелка, сан және т.б.
мәселелермен
белгілеу
54
Сурет астындағы
көрсетулер: не
түсірілген, қай
жағынан,
стрелкамен не
белгіленген,
түсіру барысында
қандай
фотографиялық
құралдар
қолданылды
Суретке
түсірген,
оны
дайындаған
және кестені
құрастырған
тұлғаның
фото кестені
өз қолымен
растауы
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ БЕЙНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ
МІНДЕТТЕРІ
Фото, кино және бейне
таспаға түсіру көмегімен
дәлелдемелерді бекітіп
алу, әдіс-құралдарын
дайындау және
жетілдіру
Конструкти
втік тип
Фото, кино және бейне
таспаға түсіру
көмегімен
дәлелдемелерді
зертеудегі әдіс құралдарын дайындау
және жетілдіру
Фокустік
аралық
Кескінделу
алаңының
бұрышы
Фото, кино және бейне
таспаға түсіру көмегімен
дәлелдемелерді тиімді
пайдалануды
қамтамасыз ететін әдіс құралдарын дайындау
және жетілдіру
Жарықтың
күші
Салыстырмалы
тесік
ФОТОГРАФИЯЛЫҚ ОБЪЕКТИВТЕР МІНЕЗДЕМЕСІ
Жұмыстық алаң
Жиілікконтрастық
мінездеме
Ажыратушылық
мүмкіндігі
55
Айқындылық
аралығы
Құжаттардың криминалистикалық зерттеуі
Құжаттану жүйесі
Қолжазбалық құжаттардың
криминалистикалық
ззерттеуі
Құжаттардың техникалық
криминалистикалық зерттеуі
ХАТТЫҢ
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ
БЕЛГІЛЕРІ
Жазу тілінің
белгілері
Тілдік
дағдылар
ды
сипаттай
тын
Қолтаңба
белгілері
Интеллектуал
дық
дағдыларды
сипаттайтын
Жалпы
56
Жеке
Статистикалық:
-қолданылатын тіл;
баяндау мәнері;
- қолжазба құру
Лексикалық:
-жалпы сөз байлығы;
- сөз байлығының
ерекшеліктері
Грамматикалық:
-сауаттылықтың жалпы
деңгейі;
- жіберілген қателіктер
сипаты
Тілдік дағдыларды сипаттайтын
ЖАЗУ ТІЛІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ
Интеллектуалдық (ойлау қабілеті) дағдыларды
сипаттайтын
Шындықты көзбен
көру
Көзбен қабылданғанды
көрсетіп беру
57
Ойлау құралдарын
пайдалана білу деңгейі
ҚОЛТАҢБАНЫҢ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Жалпы
Формасы
Бағыты
Созылмалылығы
Жазбалыққозғалыстық
дағдылардың
қалыптасу
сипаты мен
деңгейі
Қозғалыс
транскрипциясы
ның құрылымы
Жеке
Формасы
Бағыты
Созылмалылығы
Саны
Реттілігі
Үздіксіздігі
Үздіксіздігі
Кеңістіктегі
орналасу мәселесі
Жұмсалған
күштің таралуы
58
Жұмсалған
күштің
таралуы
ҚҰЖАТАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ – КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУІНІҢ БАҒЫТТАРЫ
Толық жасандылықпен
көзге түскен
құжаттарды зерттеу
Бланкілер
Мөр (штамп)
көшірмелері
Қойылған
қолдар
Жартылай өзгерістер
мен көзге түскен
құжаттарды зерттеу
Толықтыра
жазулар, түзетулер,
тазартулар,
өшірулер, жуыпшаюлар,
уландырулар
Ауыстырылған,
қайта
жапсырылған
фотосуреттер,
парақтар және
олардың
бөліктері, басқа
да деректемелері
59
Қиын оқылатын
мәтіндегі
құжаттарды
зерттеу
Сия төгілген,
сызып
тасталған,
қиылған,
жыртылған,
түссізденген
дер
Өртенгендер
Шифрленген
және құпия
жазулар
МӨР ЖӘНЕ ШТАМП КӨШІРМЕЛЕРІН, ҚҰЖАТ
БЛАНКІЛЕРІН ҚОЛДАН ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ
Құжат үстіндегі
көшірменің
салынған
кескіні
Салынған
Көшірмелерді
жасанды
формалар
көмегімен
әзірлеу
Ойып
істелген
Қазіргі ЭЕМ
және көбейткіш
техникасы
көмегімен
әзірлеу
Қиып
істелінген
Дұрыс көшірмеден
дымқыл көшірулер
жүргізу
Қашалған
Типографиялық
шрифт көмегімен
дайындалған
Вулканизация көмегімен
жасалған
60
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексі. − Алматы: Баспа, 2001.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. −
Алматы, 2001. − 693 б.
3 Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. − М. :
Издательство БЕК, 1997. − 250 с.
4 Жәкішев Е. Криминалистік тактика. − Алматы: Жеті жарғы,
1997. − 250 б.
5 Мәжитов.Ш., Мұқашев.Б. Криминалистикалық техника. −
Алматы, 1959. − 100 б.
6 Жәкішев.Е. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және
методологиялық негізі. Алматы, Қазақ университеті, 1991. −
120 б.
7 Порубов.Н.И. Курс криминалистики. − Минск: Выш.шк.,2000.
− 130 с.
8 Энциклопедия судебной экспертизы / под. ред. Аверьяновой.
Т.В., Россинской. Е.Р. − М. : Юрист, 1999. − 700 с.
9 Крылов И.Ф. Криминалистика. − Ленинград, 1976. − 300 с.
10 Исаев А.А. Теоретические
и
правовые
проблемы
применения
специальных
познаний
для
квалификации
преступлений. − Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. − 200 с.
11 Криминалистика / под ред. д-ра юрид. наук, проф.
Образцова.В.А. − М. : Юрист, 1997. − 270 с.
12 Возгрин И.А. О структуре
методик расследования
отдельных
видов
преступлений (Вопросы
теории
и
практики борьбы с преступностью. − Л., 1974. − 120 с.
13 Колесниченко А.Н. Общие
положения
методики
расследования
отдельных
видов
преступлений. − Харьков,
1976. − 220 с.
14 Тілеубергенов. Е. Криминалистика. − Алматы: «Дәнекер»,
2002. − 146 б.
15 Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері. – Алматы: «Жеті
Жарғы», 2004. − 256 б.
16 Яблоков Н.П. Криминалистика: учебник. − М. : «Лекс
Эст», 2003. − 376 с.
17 Васильев А.Н. Следственная тактика. − М., 1976. −160 с.
18 Белкин Р.С. Курс криминалистики. − М., 1997. − Т.2. − 180 с.
61
19 Саханова Т.В. Судебная экспертиза. − М. : Городец, 2000. −
230 с.
20 Образцов В.А. Криминалистика: курс лекций. − М., 1996. −
208 с.
21 Буринский.Е.Ф. Құжаттардың сот сараптамасы, онқолдану
мен жүзеге асыру. − СПб., 1903. − 2005 б.
22 Трегубов С.Н. Қылмыстық техниканың негізі. − СПб., 1915.
− 260 б.
23 Бразоль Б.Л. Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих.
Тәжірибе. − СПб., 1916. − 354 б.
24 Потапов С. М. Сот фотографиясы: оқу құралы. − Ресей, 1926.
− 200 б.
25 Якимов. И.Н. Қылмыстық құралдармен тәсілдерді қолдану:
Оқулық. − Ресей, 1925. − 300 б.
26 Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика: оқуәдістемелік құрал. − Қарағанды, 2003. − 228 б.
27 Гинзбург А.Я., Белкин Р.С. Криминалистическая тактика.
− Алматы, 1998. − 170 с.
28 Дулова А.В. Судебная фотография. − Минск, 1978. − 108 с.
62
Мазмұны
Алғы сөз................................................................................…3
1 Криминалистикаға кіріспе............................................……..4
1.1 Криминалистиканың ұғымы, пәні, объектілері және
мақсаттары мен міндеттері, қайнар көздері
және қағидалары...................……………………………….6
1.2 Кримналистиканың дамуының қысқаша тарихы...........11
2 Криминалистік құжаттарды тану ұғымы,
мазмұны, міндеттері.……………………………………….13
2.1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың
түпнұсқалары....................................................……………13
2.2 Тергеу барысында құжаттарды қарау...............................15
3 Құжаттарды және жазуды криминалистикалық
зерттеу....……………………………………………………...17
3.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат
мазмұнының өзгеру түрі……………………………….. 27
3.2 Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау……….30
4 Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау
фактілерін анықтау …………………………………………31
4.1 Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын
қалпына келтіру.......…………………………………………32
4.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған
құжаттарды зертеу........……………………………………..35
5 Криминалистік фотографияның қысқаша
даму тарихы........…………………………………………….36
5.1 Криминалистік объектілерді фотоға түсіру
ережелері.……………………………………………………...39
5.2 Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану
және фото-кино-бейне құжаттарды крииналистік
зерттеу ...........................……………………………………...41
Әдебиеттер......................................................................……..63
63
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
2
Размер файла
494 Кб
Теги
iksatova, 541, tanu, khujattardi, kriminalistika
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа