close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

1159 jarmakin o. kh. magzumov kh.b matin lingvistikasi filologiya mamandikhtarinin studentterine arnalgan okhu khurali

код для вставкиСкачать
О. Қ. Жармакин, Қ. Б. Мағзұмов
МӘТІН ЛИНГВИСТИКАСЫ
Павлодар
0
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
О. Қ. Жармакин, Қ. Б. Мағзұмов
МӘТІН ЛИНГВИСТИКАСЫ
Филология мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу құралы
Павлодар
Кереку
2012
1
ӘОЖ 81.42 (075.8)
КБЖ 81.2-5-923
Ж 31
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
З. Қ. Темиргазина – ф. ғ. докторы, профессор, Павлодар
мемлекеттік педагогика институты;
А. Д. Әміренов – ф. ғ. к., доцент, Павлодар мемлекеттік
педагогика институты;
Г. Т. Кәрімжанова – ф. ғ. к., доцент, С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті.
О. Қ. Жармакин, Қ. Б. Мағзұмов
Ж 31 Мәтін лингвистикасы : филология мамандықтарының
студенттеріне арналған оқу құралы / О. Қ. Жармакин,
Қ.Б. Мағзұмов . – Павлодар : Кереку, 2011. – 84 б.
ISBN
Оқу құралы филология мамандықтарының студенттеріне
арналған. Материал мысалдар үлкен көлемімен түсіндіріліп,
сипатталған.
ӘОЖ 658(075.8)
КБЖ 65.290я73
ISBN
© Жармакин О. Қ., Мағзұмов Қ. Б., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге
авторлар мен құрастырушылар жауапты
2
Алғысөз
Ұсынылып отырған оқу құралының басты мақсаты – жоғары
оқу орындарының филология факультеттерінде оқытылатын «Мәтін
лингвистикасы» пәні бойынша типтік оқулық бағдарламаға сәйкес
дәріс және семинар сабақтарында қолдануға болатындай қажетті оқу
материалын шағын да ұғынықты етіп жазып шығу. Мәтінтанушы
Ресей және қазақ лингвист ғалымдарының соңғы 20–30 жылда жарық
көрген ғылыми еңбектері мен оқулықтарының біразын талдап, оқу
құралымыздың негізіне алдық. Мәтін деген көпжоспарлы жүйе, ол
онтологиялық, гносеологиялық, лингвистикалық, психологиялық және
прагматикалық тұрғыда зерттелу үстінде, әрі зерттеудің қазіргі
антропоцентристік, когнитивтік бағыттарында да кешенді жұмыс
тындырылуда. Осы жағдайларды ескере отырып, біз студенттер
қауымына типтік бағдарламаға сәйкес оқу материалын ықшамдап,
олардың тақырыптарды қажетті деңгейде игеруіне оң ықпал жасауға
ұмтылдық. Осы оқу құралы және қосымшада берілген арнайы
терминдік түсіндірме сөздігімен біз мәтін теориясына қатысты
лингвистикалық терминологияны мемлекеттік тілде қалыптастыру
үрдісіне мүмкіндігінше үлес қоса алсақ, алға қойған міндетімізді
біршама орындаған боламыз.
3
Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде
Мәтін лингвистикасы – өзінің теориясы мен практикасы бар
салыстырмалы түрде алғанда жас (ХХ ғасырдың ортасы) дербес
ғылым және оқу пәні. Мәтін лингвистикасы мәтін ұғымына
негізделіп, көбінесе оны талдаумен байланыстыратын филологиялық
риторика аталатын риториканың тағы бір бағытының дамуына ықпал
етеді.
Заманауи мәтін лингвистикасы мәтіннің өзі мен құрылымын,
категориялары мен тілдік бірліктерін, сол сияқты мәтінді, ең
алдымен көркем мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін
зерделейді.
Соңғы отыз жылда мәтін лигвистикасында үш дербес ғылыми
сала анықталды:
- жалпы мәтін теориясы (И. Р. Гальперин);
- мәтін грамматикасы (О. И. Москальская);
- мәтін стилистикасы (И. В. Арнольд, В. В. Одинцов).
Мәтін лингвистикасы мәтінде қолданылатын түрлі коннотация
құралдары
(функционалды-стилистикалық,
эмоционалдыэкспрессивті, бағалаушы) ең алдымен, функционалды стилистикада
зерделенетіндіктен стилистикамен, нормаларын білмей қарымқатынас мәдениетін меңгеру, сауатты және коммуникативті барабар
мәтін құрастыру мүмкін болмағандықтан, сөйлеу мәдениетімен тығыз
байланысты.
Шын мәнінде мәтін лингвистикасы (мәтінді лингвистикалық
талдау да) бұрын оқылып, болашақ тілші-мамандардың санасында
айтылған немесе жазылған сөйлеуге сергек қарауға, оқыған мәтінінің
мазмұны ғана емес, терең мағынасына да үңілуге ерекше тілдік
(стилистикалық) сезім қалыптастыратын лингвистикалық және
әдебиеттану
пәндерінің
қорытындысын
шығаратын
жалпы
филологиялық пән болып табылады.
Мәтін-мәтін лингвистикасы мен оның практикалық курсының,
мәтінді лингвистикалық талдау мен әдебиеттанудың ортақ зерттеу
объектісі.
Алайда
әдебиеттану
объектісіне
қарағанда
мәтін
лингвистикасының талдау объектісі кеңірек, себебі ол:
- тек көркем шығарманы ғана емес, барлық сөйлеу
шығармаларын қамтиды;
- мәтінді сол мәтінді тудырып тұрған барлық тілдік
элементтердің комбинациясы ретінде зерттейді. Ол тілдік
арақатынастардың өзгерістерін, мәтін ішіндегі олардың динамикасын
4
зерделеп, мазмұн тұрғысында мәтіннің идеялық-тақырыптық және
эстетикалық деңгейінде жасақталуын, айтылым тұрғысындағы
функциясын белгілейді, осы тұста әдебиеттанумен ұштасады.
Әдебиеттану мәтінді идеялық мазмұны, эстетикалық құндылығы,
жанрлық артықшылығы, композициялық ұйымдастырылуы қырынан
қарастырады. Басқаша айтқанда, өз талдауында формадан мазмұнға
қарай, ал әдебиеттануда мазмұннан формаға қарай ауысады;
- лингвист өз талдауын көп жағдайда нақты мәтінді талдаумен
шектесе, яғни зерттеудің имманенттік әдісін қолданса, әдебиеттанушы
үнемі тарихи, әлеуметтік, философиялық сипатта экскурстар
жүргізеді, яғни көбіне зерттеудің проекциялық әдісін қолданады
(В .В. Виноградовтың терминдері);
- лингвист мәтінді ең алдымен оқырман (адресат) тұрғысынан,
ал әдебиеттанушы ең алдымен автор (адресант) тұрғысынан талдайды.
Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі
айқындалады:
- тұтас сөйлеу шығармасы – сөйлеудің кең мағынасындағы
мәтін, макромәтін;
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік
тұтастық –сөйлеудің тар мағынасындағы мәтін, микромәтін.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы
шекараларының сай келуі мүмкін. Шағын көлемдегі тұтас сөйлеу
шығармасының (газет мақаласы, қысқа әңгіме, ауа райы туралы хабар,
хабарландыру, т.с.с.) жалғыз фразадан тыс бірліктен құралуы мүмкін.
Дегенмен, бұл шағын жанрлы және шағын көлемді мәтіндерге ғана
қатысты болғандықтан, мәтіннің екі объектісін-макромәтін мен
микромәтінді айырған жөн, себебі күрделі фразалық тұтастық пен
тұтас сөйлеу шығармасы-мүлде түрліше тәртіптегі бірліктер.
Күрделі фразалық тұтастық - синтаксистік ұғым, тұтас сөйлеу
шығармасы - әлеуметтік-сөйлеу құбылысы, қоғамның түрлі
салаларына қызмет ететін ең жоғары деңгейдегі коммуникативтік
бірлік.
Байласымды мәтін мен байласымды сөйлеу (мәтін) құрау
модельдері мәтін лингвистикасының нысаны болып табылады.
Бұл пәннің міндеттері:
- болашақ мамандардың бойына мәтінді (ең алдымен-көркем
мәтінді), тілдік және мағыналық
ұйымын талдаудың кәсіби
дағдыларын сіңіру;
- олардың осы талдаудың теориясы мен әдістемесін меңгеруі.
Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары:
- мәтінді талдау;
5
- мәтін параметрлері;
- мәтін бірліктерін анықтау;
- мәтін категорияларын анықтау;
- мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
Мәтінді талдаудың негізгі аспектілері:
- лингвистикалық түсіндірме-қазіргі қазақ әдеби тілін қазіргі
әдеби нормамен шендестіру тұрғысында тілдік бірліктерді, соның
ішінде тілдік бірліктердің функциялық-стильдік және стилистикалық
бояуын қарастыру;
- семантикалау, ұғымы көмескілеу сөздерді, сол сияқты
идеялық-теориялық жүктемесі (лексика-фразеологиялық деңгейі)
ауырлау сөздерді түсіндіру. Бұл мағынада сөйлем мәтіннің бейнелілігі
мен тілдің эстетикалық тұрғысынан статикалы, шартты болып келуін
көрсетеді (микробейнелерді, көркемдік және нақыш формаларын және
т.б. табу).
Мәтінді талдаудың негізгі деңгейлері:
- бейнелік-тілдік (сөздің бейнелеу құралдары);
- құрылымдық-композициялық;
- идеялық-тақырыптық.
Мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі принциптері:
- историзм принципі (шығарма жазылған тілдік дәуірді ескеру);
- шығарманың формасы мен мазмұнының өзара байланысын,
өзара шарттылығын ескеру принципі (мазмұнға, сондай-ақ, сол
мазмұнның әсерлік сипатын күшейтуге, прагматикалық функциясына
бағытталған тіл құралдарын ескеру);
- мәтінді талдауға деңгейлік принцип (мәтіндегі тілдік жүйенің
барлық таңбалық деңгейлерін зерттеу);
- жалпы мен жекені үйлестіру принципі (мәтіндегі жалпы
тілділік, жалпы стильдік, жалпы жанрлық пен жеке авторлықтың
өзара әрекеттестігін ескеру).
Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдарына
жататындар:
- стилистикалық эксперимент әдісі – синонимдерді іріктеу,
мәтінді қысқарту мен кеңейту, мәтіндегі сөйлемдердің орнын
алмастыру сияқты әрқилы аранжировка түрлері, сөйлемде компрессия
қолдану: бағыныңқы сөйлемді көсемшелік және есімшелік
амалдармен, детерминанттармен (сөйлемнің басында мезгіл және
мекен пысықтауыштарын) алмастыру; мәтіндегі жай және құрмалас
сөйлемдердің арақатынасын, гипотаксисті паратаксиске және
керісінше өзгерту;
6
- семантика-стилистикалық әдіс – тілдік ережелерден ауытқу,
мағынаның заттық және коннотативтік элементтерін үйлестіру; нақты
мәтіндегі дара, көп мәнділік; сөйлеуді (мәтіндегі фразаны) бірнеше
мәрте қайталау есебінен мағыналық элементтерді арттыру; бұл әдіс
мәтін бірліктерін жалпы халықтық тіл элементтерімен (яғни мәтіндегі
бірліктерді олардың сөздіктердегі мәнімен) салғастыру үшін
қолданылады;
- салғастыру-стилистикалық әдіс – бір типті мазмұндағы
мәтіндердің тілдік безендірілуіндегі ұқсастық пен айырмашылықты
табуға көмектеседі, негізінен түпнұсқа мен аударма мәтіндерін
салыстырғанда қолданылады, авторлық варианттарды салыстыру әдісі
деп аталатын алғашқы және түпкі варианттарын салыстырғанда да
қолданылуы мүмкін;
- мәтінді сандық талдау әдістері – сандық заңдылықтарды
(сын есімнің, үстеудің және т.б.-ның санын) тауып, мәтіннің тілдік
құралдарының сапалық айырмашылығын табуға көмектесетін
ықтималды-статистикалық әдіс.
7
1 Мәтін және оның негізгі белгілері
1.1 Мәтін туралы ұғым
Мәтіннің тууы мен түсінілуі мәтінді зерттеудің орталық
объектісі және негізгі проблематикасы болып табылады. Мағынаның
мәнге (мәтіннің тууы) және мәннің мағынаға (мәтіннің түсінілуі)
түрлену механизмдері «сана-тіл-әлем» триадасының шеңберінде
қарастырылады.
Тіл қызметі-басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі.
Мәтін - қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген
сөздермен, сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды.
«Мәтін» ұғымы ертеден болғанымен, терминологиялық ұғымда
бертінде қолданыла бастады.
«Мәтін» (текст) сөзінің этимологиясы латынның texo«тоқимын», «тігемін», «өремін» етістігіне ұштасады, textus -«мата»,
(«ткань») дегенді білдіреді (орыстың «текстиль» сөзін еске алайық»).
Басқаша айтқанда, «мәтін» (текст) сөзі семантикасының негізінде
«тігу», «өру» метафорасы жатыр. Салыстыру үшін: «мән-мағынасыз
әлденені айтуды» білдіретін, «плести» етістігі, «сплетни» зат есімі
немесе көне орыс кітап сөзі «плетение словес»; қазіргі лингвистер мен
сыншылардың еңбектеріндегі «ткань текста» метафорасының
қолданылуы.
Қазіргі мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп.
Айырмашылық, ең алдымен, мәтіннің тіл мен сөйлеудің қайсысының
жүйесіне жататындығында.
Мәтіннің коммуникация актісімен шендесуі, оның сөйлеу
тудырушы сипаты, мәтіндік қызметтің функционалды қызметі
мәтіннің сөйлеу және тек сөйлеу құбылысы екеніне сендіреді.
Алайда И. Р. Гальперин, О. И. Москальская, Е. И. Шендельс,
Г. В. Колшанский және басқа ғалымдардың пікірінше, мәтін-тілдің
модельдендірілген
бірлігі,
қарым-қатынаста
коммуникативтік
аяқталған ойға ие негізгі тілдік бірлік ретінде қоғамда қызмет ететін
микрожүйе [1,18].
Мәтіндердің тілдік ұйымдастырылуына және айтушының
(жазушының) коммуникативтік ниетіне қарай Г.А. Золотова бес мәтін
(сөйлеу) типтерін немесе сөйлеу регистрлерін бөледі: репродуктивті
(бейнелеу), информативтік, генеритивтік (ақпаратты жинақтау) –
монологқа, волюнтивтік және реактивтік-диалогқа тән [2,28].
Осы типтердің әрқайсысының белгілі бір белгісі бар. Мәселен,
репродуктивті регистрде айтушы байқағанын тілге тиек етеді.
Репродуктивті типтегі (регистрдегі) айтылымдар мынадай болып
8
келеді: «Менің көргеніме қарағанда...», «Менің естігенім...», «Менің
сезгенім...».
Информативтік регистр айтушыға белгілі немесе ой елегінен
өткізген фактілер, оқиғалар, қасиеттер туралы хабарды ұсынады.
Информативтік регистр айтылымдары мынадай болып келеді: «Менің
білуімше...», «...екені белгілі».
Генеритивтік регистрде айтушы өмірді тәжірибемен және
әмбебап біліммен шендестіре отырып, жинақталған ақпарат береді.
Генеритивтік регистрлер ой түйіні, қанатты сөздер, мақал-мәтел
түрінде болады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» (М.Әуезов). «Ер елді
қорғайды, ел ерді қорғайды» (Мақал).
Диалогта волюнтивтік және реактивтік регистрлер құралдары
өткеріледі. Волюнтивтік регистрдің міндеті-адресатты іс-қимылға,
ақиқат үзіндісін өзгертуге шақыру, реактивтік регистрдің міндетіжағдайды бағалау болып табылады.
Мысалы
Маған күйеуге ти, - деді тырна. – Сендей ұзынтұраға қалай
тимейін... (В.Даль. Ертегілер). Бұл диалогта волюнтивтік регистр
тырнаның с өзі, реактивтік-құтанның сөзі түрінде берілген.
Предикативтік бірліктердің көптігінен немесе олардың
бірігуінен дерексізденіп, бір типті мәтіндерде қолданылатын
сөйлеудің коммуникативтік регистр ұғымы нақты айтылымдарда,
мәтіндерде немесе олардың үзінділерінде беріледі. Бір жағдайда ол
еркін, қозғалмалы, екінші жағдайда қатаң шектеулі комбинацияларда
қоғамдық – сөйлеу практикасының әр түрлі текстер мен
жанрларындағы мәтіндердің композициясын құрайды.
Сонымен, айтушының оқиғалар мен әлем туралы білімді
қабылдауы мен мәтіндік түсінігі, біріншіден, сөйлеу қорындағы тілдік
және сөйлеу құралдарының жүйесімен, екіншіден, хабарға және
сөйлеудің интенциясына қатысты кеңістік-уақыт ұстанымымен
айқындалады, бұл көзделген коммуникативтік типтердің (сөйлеу
регистрлерінің) шеңберінде реттелуіне кедергі келтірмейді.
Мәтінді сипаттаудың мұндай жолы оның тек сөйлеудің нақты
актісімен байланысты нақты бірлік қана емес, ең жоғары деңгейдегі
тілдің абстрактілі бірлігі ретінде де көрінетінін дәлелдейді.
О. А. Лаптева мәтінге «вербальды қатынастың барынша кешенді
бірлігі» деген анықтама бере отырып, мәтінмен қоса «сөйлеу
шығармасы» ұғымын ұсынып, «мәтіннен айырмашылығы оның
басталуы-ортаңғы бөлігі-аяғы болады, ал мәтінге қатысты мұндай
талаптардың болуы міндетті емес. Бұл кез-келген шығарма мәтін бола
алады, алайда кез-келген мәтін шығарма бола алмайды дегенді
9
білдіреді»,-десе, зерттеушілердің көпшілігі мәтін - әрқашан
тақырыптың басталуы, дамуы және аяқталуы бар сөйлеу шығармасы
деп есептегендіктен, бұл тұжырым даулы [3].
Соңғы жылдары лингивистикалық әдебиетте мәтін терминімен
қоса дискурс (фр. discours – сөйлеу) термині пайда болды. Дискурсэкстралингвистикалық факторлар жиынтығындағы байласымды мәтін;
оқиға аспектісінде алынған мәтін; нысанды әлеуметтік іс-қимыл
ретінде қарастырылатын сөйлеу; адамдар мен олардың сана
механизмдерінің әрекеттестігіне қатысушы компонент, яғни «нақты
өмірмен байланысты» сөйлеу.
Коммуникативтік лингвистиканың барлық зерттеулерінде
сөйлеудің ғана емес, тілдің де негізгі бірлігі болып мәтін танылады.
Тілдің әлдебір деңгейлеріне қызмет ететін тілдік варианттар
коммуникация процесінде мәтін құрауға қатыса отырып, жаңа қасиет
пен функцияны иеленіп, мәтіннің элементтеріне айналады.
Осылайша мәтін барлық деңгейдегі тіл мен сөйлеу
варианттарын синтездеп,
«өзіне тілдік мағына мен сөйлеу
ерекшеліктерін біріктіреді. Ол-бір мезгілде тіл бірлігі және сөйлеу
шығармасы».
Ғалымдардың бәрі бірдей мәтінді сөйлеудің әрі ауызша, әрі
жазбаша формадағы шығармасы деп есептей бермейді. Бір зерттеушілер
(И. Р. Гальперин, Л. М. Лосева) мәтінді сөйлеудің тек жазбаша формасында
таныса, басқалары (И. В. Арнольд, О. А. Лаптева) ауызша сөйлеу шығармалары,
негізінде монологтық шығармаларды да мәтін деп есептейді. Кейбір ғалымдар
оны кез-келген сөйлеу ниетін, соның ішінде жай сөйлесу ретінде
түсініп, диалогта мәтіннің болатынын айтады.
Ғалымдардың көпшілігі белгілі бір түрде құрастырылған
сөйлеуді мәтін деп есептейді.
Мәтін тек жазба құжат түрінде объектіге айналады деп кесіп
айтуға болмас. Жазбаша да, ауызша да қарым-қатынас жасаймыз.
Демек, жазбаша айтылымдар (мәтіндер) ғана емес, оқушыларға
(студенттерге) көркем және публицистикалық шығармалардан үзінді
түрінде ұсынылатын грамзапистер мен таспаға жазулары, сол сияқты
таспаға жазылған ауызша айтылған сөйлеулер де талдау тақырыбы
болуға тиіс.
Сөйлеу шығармасы ретінде мәтіннің негізгі белгілері:
- тұтастығы (яғни байласымдылығы мен композициялық
аяқталуы);
- аяқталуы, яғни автор ойының (мазмұнның) айтылып бітуі;
- модальділік (автордың хабарға көзқарасы, авторлық баға және
өзіндік баға);
10
- нысандылық және прагматикалық ұстаным.
Мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың
хабарға көзқарасымен, хабардың нысандылығымен
және
прагматикалық ұстанымымен сипатталатын ауызша немесе жазбаша
формадағы хабар.
Сонымен бірге, мәтін ұғымына қатысты көптеген тұжырымдарды
қарастыра келе, біз мәтінге тән категорияларды ерекше назарға ала
отырып, ресей мәтінтанушы ғалымдарының бірнеше анықтамаларын
ұсынамыз. Алдымен, Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте
«Текст (от лат. textus – ткань, сплетение, соединение) объединенная
смысловой связью последовательность знаковых единиц, основными
свойствами которой являются связность, цельность» [4, 507].
И. Р. Гальперин мәтінді аяқталған, объективтелген жазба құжат
ретінде,... бірқатар ерекше бірліктері мен атауы бар, түрлі лексикалық,
грамматикалық,
логикалық,
стилистикалық
байланыстармен
біріктірілген, белгілі бір мақсат пен прагматикалық бағыты бар сөйлеу
шығармашылығының туындысы деп анықтайды [1, 17].
О. И. Москальская мәтіннің коммуникативтік маңыздылығын
айқындай отырып,... « «мәтін» деп бір жағынан, бір немесе бірнеше
сөйлемдерден тұратын, сөйлеушінің ойы аяқталған, кез келген
айтылған пікірді түсінсек, екінші жағынан, повесть, роман, газет
немесе журнал мақалалары, ғылыми мақалалар, түрлі құжаттар тағы
басқа осы сияқты тілдесім (речевые) туындылары» деген анықтама
береді [5, 12–14 б.].
А. Ф. Алефиренко мәтінді төмендегідей анықтайды: «Мәтін – бұл
тұтастық, коммуникативті құрылым, оның компоненттері автордың
коммуникативті интенциясымен ұйымдастырылып, иерархиялық,
семантикалық құрылымға бірлескен» [6, 4].
«Мәтін» ұғымын қалыптастыруда, түсіндіруде, талдауда қазақ
лингвист ғалымдары да айтарлықтай еңбек етіп келеді, әсіресе соңғы
жиырма жыл көлемінде ғылыми сапасы жоғары талай-талай
зерттеулер жарық көрді. Осы тұрғыда Р. Сыздықтың, Б. Шалабайдың,
С. Мұстафинаның, З. Ерназарованың, Г. Әзімжанованың, Г. Есмағұловтың,
Д. Әлкебаеваның, Г. Әбікенованың, А. Әділованың, М. Маретбаеваның,
Г. Смағұлованың, Ж. Қайшығұлованың, Г. Кәріпжанованың және т.б. еңбектерін
атаймыз.
11
Қорыта келгенде, мәтін – көпаспектілі, әр түрлі бағытта
зерттелетін күрделі лингвистикалық құбылыс, ең жоғары
коммуникативтік бірлік.
1.2 Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері
Қазіргі мәтіндер сөйлеу формасына қарай ауызша және жазбаша
болып бөлінеді.
Сөйлеудің ауызша формасындағы мәтіндер жазбаша формадағы
мәтіндерден
мүлдем
өзгеше.
Жазбаша
мәтін
алдын-ала
ойластырылады, қабылдаушының қатысуынсыз түзетіледі, ал ауызша
мәтінде барлық түзетулерді тыңдаушы қабылдайды. Жазбаша мәтін
көру арқылы қабылдауға арналған, сондықтан онда бөлімдер,
үзінділер және т.б. тақырыптар мен тақырыпшалар, абзацтар, шрифтік
айшықтау мен астын сызу т.с.с. ажыратылады. Ауызша мәтін тыңдап
қабылдауға есептелген, сондықтан айтылғанды түзету, «қайта
тыңдау» (таспа жазуы болмаса) болмайды; сонымен бірге мәтіннің
тыңдаушыға тәуелділігі (түсінбегенін қайта сұрау мүмкіндігі,
айтушының мимикасының тыңдаушыға әсері т.б.) байқалады,
монологтік емес сөйлеуде әңгімеге араласу мәтіннің тұтастығына ғана
емес, әңгіменің аяқталмай қалуына да әсері айқын сезіледі. Ауызша
мәтіннің жазбаша мәтіндегі амалдардан бөлек риторикалық амалы да
бар.
Заманауи жанртану сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрларын
қызықты жіктеуді ұсынып отыр. Бұл жіктеудің негізінде М. М. Бахтин
қабылдаған сөйлеу жанрлары мен оның бірінші (қарапайым) және
екінші (күрделі) сөйлеу жанрлары туралы идеясы жатыр.
М. М. Бахтиннің пікірінше, сөйлеу жанрлары дегеніміз,
«айтушы үшін өзі жасамаған, оған берілген», «айтылымның берік
тақырыптық композициялық және стилистикалық типтері», «сөйлеу
тұтастығын жасаудың типтік модельдері». «Егер сөйлеу жанрлары
болмаса сөйлеу қарым-қатынасының болуы мүмкін емес еді» [7, 242].
Солай бола тұрса да, зерттеулерде сөйлеу жанрларына түрліше
түсініктемелер беріледі. Ол ең алдымен зерттеушілердің жанртанудың
басты термині-сөйлеу жанрын түрліше түсіндіріп жүргенінен туып
отыр. Кейбір зерттеулерде «сөйлеу жанры» кең мағынада
түсіндіріледі, басқаларында «сөйлеу жанры» ұғымын сөйлеу актісіне
балама ретінде түсіндіріледі, үшіншісінде мәтін типтерімен
байланыстырылады.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, сөйлеу жанрының басты
нышандары-адресат, адресант, бақылаушы, референттік жағдай,
байланыс арнасы, әрекеттестіктің жалпы контексті, уақыт, орын және
12
қоршаған ортадағы ахуал, коммуникативтік мақсат, автор бейнесі,
адресат бейнесі, өткендегінің бейнесі, келешек бейнесі, диктумдық
(оқиға) мазмұнының типі, сөйлеу жанрының тілдік жүзеге асырылуы.
М. М. Бахтиннің негізгі және қосымша сөйлеу жанрлары туралы
идеясы ғалымдардың отандық жанртанудың дамуын дәстүрлі
семиотикалық жүйеде - семантика (жанрдың аты) – синтактика
(жанрдың композициясы) - прагматика (айтушының мақсаты және
оның тиісті жанрды таңдауы) қарастыруына және олардың сөйлеу
жанрларын зерттеуді үш бағытқа бөлуіне мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт (семантикалық): сөйлеу жанрлары адамдардың
әлеуметтік әрекеттестігінің типтік жағдайын вербалды безендіру
ретінде анықталады. Қосымша жанр негізгіден функциялық
саласымен немесе стилистикалық өңделуімен ерекшеленетін
онтологиялық туынды ретінде түсіндіріледі.
Бұл бағыт қазіргі жанртанушыларға (әсіресе күнделікті
коммуникация саласында):
- информативтік және нақты сөйлеу жанрларын;
- субжанрлар (бір актілі айтылымдар), гипержанрлар (мысалы,
дастархан басындағы гипержанр-тост, дастархан басындағы әңгімелер
жанры және т.б.) жанроидтар (түрлі жанрлардың элементтері енген
гибридтер, мысалы, өсек-аяң, ақтарыла сырласу, ұрыс-керіс пен
отбасы әңгімелері), протожанрлар (негізінен жеті жасқа дейінгі
балаларға тән жанрлы формаларды меңгеру);
- сөйлеу немесе арнайы жоспарланбаған, риторикалық немесе
саналы түрде жоспарланған, элементарлық, кешендік және
басқаларын бөліп, сипаттауға мүмкіндік берді.
Жағдайлар, оқиғалар (қарапайым және күрделі) аттары,
коммуникативтік әрекеттер аты, сол сияқты сөйлеу шығармаларымәтіндерінің әр типті түрлерінің аты сөйлеу жанры атының ролін
атқарады. Мысалы, әңгіме, уағыз, кешірім, жауап сияқты сөйлеу
әрекеттері мен оқиғалары, және мәтіндер-өтініш, реферат, бұйрық,
анекдот, құттықтау сөйлеу жанрларының да аттары болып табылады,
мысалы, әңгіменің, уағыздың, өтініштің, бұйрықтың, рефераттың,
анекдоттың және т.б. сөйлеу жанрлары.
Екінші бағыт (синтактика): Г. И. Богин мәтіндер типологиясын
дихотомия принципі бойынша: жеке және ұжымдық, табиғи және
жасанды, моноадрестік және полиадрестік, көркем және көркем емес,
толық және толымсыз түрінде анықтайды және сөйлеу жанрларының
жазбаша түрлерін төмендегідей топтастырады:
- сөйлеу субъектісі бойынша (бүркеншек, бейтарап, ұжымдық,
жеке авторлық);
13
- объект бойынша (жеке бағытталған-жеке хат, көпшілікке
бағытталған-кітаптар, газеттер, жазылымдар, белгісіз бағдарлы, екіжақты бағдарлы-жаздым және дереу жауабын күтемін);
- уақыт бойынша (дереу оқу үшін-төралқаға хат, дереу оқып,
сақтау үшін, сақтамай баспалық жаңғырту үшін-газет, баспалық
жаңғырту үшін-кітап);
- мәтін ішіндегі автор сөйлеуі бойынша: субтілді, әлеуметтік
диалект, ақпараттық қуат [8, 12–22 б.].
Үшінші бағыт (прагматикалық): қосымша сөйлеу жанры негізгі
сөйлеу жанрының құрылымдық элементі болып саналатын мәтіндер
типі ретінде сипатталады. Сөйлеу жанры
ұғымын
сөйлеу
әрекеттерімен емес, мәтіндермен байланыстырған жөн және сөйлеу
жанры қажетті әрі прагматикалық мәнде көрінетін үш аспектіні
белгілейді:
- когнитивтік –құрылымдық аспект (жанрлық қағидаттары
сол социумға тән сөйлеу әрекеттерінің жасалу тәсілдері мен өтуінің
әдеттегі тәртібін тіркейтін сценарийлер, коммуникативтік жағдайлар
модельдері);
- әлеуметтік-психологиялық аспект сөйлеу жанрының
таңдалуы белгілі бір шамада субъектіні сипаттайды және тұлғалық
қасиеттің көрсеткіші ретінде «автор бейнесін» жасауға ықпал етеді;
- әлеуметтік-мәдени аспект, мұнда сөйлеу жанры - сөйлеу
әдібінің мәні, әр социумның маңызды конститутивтік белгісі, осы
белгілер арқылы «менікі», «бөгде», «біздікі» анықталады.
Сонымен, сөйлеу жанрлары ұғымында түрлі мәтін жанрларын
зерделеуге болады:
- функционалдық стиліне қатысты (іскерлік жанрлар: хаттама,
өтініш, іскерлік хат, т.б.; публицистикалық: хроника, мақала, сұхбат,
портреттік очерк, т.б.); көркемдік: әңгіме, ертегі, мысал, т.б. ғылыми:
пікір, рецензия, аңдатпа; ауызекі тілде: жеке хат, альбомдағы жазу,
күнделік жазбалары);
- сөйлеудің функционалды-мағыналық типіне қарай (суреттеу,
әңгімелеу, пайымдау);
- адресанттың, адресаттың прагматикалық ұстанымына
байланысты (қолпаштау, тост, әңгіме, пікірталас жанрлары және т.б.);
- қарым-қатынас саласына қарай (әлеуметтік-саяси, әскери,
академиялық, сот, діни, т.б.).
Әдеттен тыс мәтіндер де болады, мысалы, фотографиясы немесе
суреті бар мәтіндер, фотозарисовка, фотографияның астына қол қою,
мәтінді көркемдеуші, фотографиялар.
14
Сөйлеу жанрларымен салыстыра отырып, біз тіл білімінде
қолданыста жүрген түп нұсқалы (первичные) мәтіндер және оларға
комментарий ретінде көрінісі бар екінші қатардағы (вторичные)
мәтіндер классификациясын ұсынамыз. Түп нұсқалы мәтіндерге:
авторлық өмірбаян, хат, БАҚ-тардағы мақалалар, әңгіме, күнделік
жазбалары, жарнамалар, ал екінші қатардағы мәтіндерге: пікір,
аннотация, рецензия, мазмұндама, конспект, инсценировка, түйін
сөздер жатады. Мәтін лингвистикасы үшін ең маңызды топтастыру –
ол көркем және көркем емес мәтіндер.
Бұл жерде біз Г. Әбікенованың еңбегінде мәтін типтеріне
арналған 1-кестесін ұсынамыз [9, 17]
1-кесте – Мәтін типологиясы
Стиль түрлеріне қарай:
ғылыми, көсемсөз, іскери, көркем мәтін
Ақпаратты
тасымалдау ауызша, жазбаша, электронды т.б.
түрі бойынша:
Көлеміне қарай:
макромәтін,
микромәтін,
күрделі
синтаксистік тұтастық т.б.
Қарым-қатынас тақырыбы гуманитарлық,
тарихи,
танымдық,
мен сөйлеу тәсіліне қарай: аргументтік т.б.
Берілу тәсіліне қарай:
диалог, монолог, полилог
2 Мәтінге тән категориялар
2.1 Мәтін категориясы туралы ұғым
Мәтінді зерделегенде ең алдымен категориялары бөлініп
алынады.
Категория – заттар мен объективті әлем құбылыстарының
барынша ортақ және елеулі қасиеттері, белгілері, байланыстары мен
қатынастары көрсетілген ұғым, мәтіннің екі жақты сипаттағы көрінісіқұрылымдалуы мүмкін форма мен мазмұн бірлігі.
Мәтін категориясы-барлық мәтінге тән белгі, онсыз еш мәтін
болмайды, яғни мәтіннің типологиялық белгісі.
Өз кезегінде мәтін белгілі бір дәрежеде шендестірілген
категориялар жиынтығы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мынаны ескеру маңызды:
1)
мәтін
ешқашан
бір
мәтін
категориясымен
модельдендірілмейді, тек олардың жиынтығымен модельдендіріледі;
2) кез-келген мәтін категориясы функционалдық-семантикалық
негізде бөлініп, мәтіннің өзінің «әмбебап мағынасын» танытады.
15
Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл
жүйесі
деңгейлерімен
қатаң
байланыспаған
белгілі
бір
лингвистикалық манифестация тән.
Мәтін категорияларын функционалдық, семантикалық және
стилистикалық деп ажыратуға болады.
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп, сондықтан да
мәтін категориясы туралы мәселе де бірізді емес.
Ғалымдардың көпшілігі категорияларды мазмұндық және
құрылымдық деп бөлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов,
И. Р. Гальперин, З. Я. Тураева және т.б.). Алайда оларды бөлу
принциптері, саны, бірқатар категориялардың атауы бір мәнді емес.
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен
форманы бөледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның өзі,
тақырыпты, шығарма идеясын, форма категориясына-композицияны,
тілді, бейнелеу амалын жатқызады, ал сюжет мазмұн категориясы мен
форма категориясын біріктіреді [ 10, 139].
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн
мен құрылымға бөледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген
категориялар әрі мазмұн, әрі құрылым категориясы (континуум,
астарлы мәтінді ақпарат, т.б.) болғандықтан, олардың арасына сонша
қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін категорияларын белгілеп,
сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия (мәтін ішіндегі
байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум (кеңістік
пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция
және тұйықтауды [1, 13].
З. Я. Тураева құрылымдық категорияларға тіркесуді
(сцепление), интеграцияны, прогрессия/стагнацияны; мазмұндық
категорияға-автор
бейнесін,
көркем
кеңістік
пен
уақыт,
информативтілік, себеп, мәтін астарын жатқызады [11, 80].
Т. В. Матвеева барлық мәтін категорияларын үш топқа бөледі:
1) желілік – мәтінде көрінетін бір функционалдықсемантикалық мәндегі тіл бірліктерінің тізбегі: тақырыптық тізбек, ой
жүгірту тізбегі (мәтіннің логикалық мүшеленуі), проспекция/
(ретроспекция);
2) өрістік – семантиканың, тілдік құрамалар-тақырыптың
айқындылығы, тональділік пен бағалау (субъективті модальділік),
темпоральность (уақыт өрісі), локальность (кеңістік өрісі),
акцентность (тональділікті, уақытты бағалаудағы қосымша белгілеу),
субъективті ұйымдастыру (авторизация) сияқты сөйлеу бірліктерінің
жиынтығы;
16
3) көлемдік – өрістік және желілік категориялардың есебінен
модельдендірілетін
құрылымдық
сипаттағы
категориялар:
терминологиялық тұрғыдан – «коммуникативтік блок» [12, 16–20 б.].
Мәтін категорияларын ажыратуда, топтастыруда ең оңтайлы,
түсінуге ыңғайлы – ол И. Р. Гальперин ұсынған жүйелендіру.
Сонымен, әртүрлі авторлар ұсынған мәтін категориялары
сипаттамаларынан біз оқу құралында мәтіннің:
- информтивтілігі мен модальділігін;
- ондағы уақыт және кеңістік континуумын;
- автор бейнесін;
- байланыстылығы мен тұтастығын;
- интеграция мен тұйықтауын талқылаймыз.
2.2 Мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы
2.2.1 Мәтіндегі байланыс құралдары
Мәтінді бөлшектеу мәтін құрайтын бөлімдердің шығарманың
бірлігін, тұтастығын сақтай отырып, қалай бірігетінін, сол сияқты
айтылатын уақиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін,
континуумын қалай қамтамасыз етілетінін көрсетеді.
Мәтінді зерделеумен айналысатын зерттеушілердің бәрі
мәтіндегі байланыс құралдарын бөледі, алайда осы байланыс
құралдарын әр түрлі белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі
формальды байланыс ретінде когезия (лат. cohaesus, cohesion –
байланысты, тіркесті) және мәтінді басқа мәтіндерден тұтастық
ретінде бөліп тұратын тұтастықтың мағыналық ұйымы ретінде
когеренттілікті (лат. coraerens, coherence – байланыста тұрған) бөледі.
Л. М. Лосева формальды байланыс құралдарына сипаттама
береді. Ол күрделі фразалық тұтастықта байланыстың жанаспалы,
аралық және тізбелі түрлерін және грамматикалық байланыс
құралдарын:
а) құрмалас сөйлемнің бөліктерін біріктіру, сол сияқты дербес
сөйлемдер үшін ортақ (жалғаулық, демеулік, қыстырма-модаль
сөздер, етістік-бастауыштың шақ түрі, есімдікпен және оны
синониммен алмастыру және т.б.);
ә) дербес сөйлемдерді біріктіру үшін ғана қолданылатын
фразааралық байланыс құралдарының өзін (сөйлем шегінде өзінің
семантикасын ашпайтын сөздер мен сөз тіркестері, лексикалық
қайталау, екі құрамды жай сөйлем формасындағы кейбір айтылымдар,
жекелеген сұраулы және лепті сөйлемдер, атаулы көріністер);
б) бір-бірінен алшақ мәтіндік байланыстың қашықтық
құралдарын (мысалы, көсемшелік орам) бөледі [13, 9–15 б.].
17
И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская,
Е. А. Реферовская құрылымдық та, мағыналық та байланыс
құралдарын сипаттайды [1,74; 12, 21–27 б.; 5, 42–51 б.].
И. Р. Гальперин мәтіндегі байланыс түрлері мен құралдарын
сипаттай келіп, когезия (яғни формальды байланыс құралдарына)
терминіне басымдылық береді.
Алайда И. Р. Гальперин когезия деп континуумды қамтамасыз
ететін «ерекше» байланыс түрлерін, яғни жекелеген хабарлардың,
фактілердің, іс-қимылдардың т.с.с. логикалық сабақтастығын
(темпоралды және/немесе мезгілдік), өзара тәуелділігін, яғни
мағыналық байланыс құралдарын да түсіндіреді. И. Р. Гальперин
күрделі фразалық тұтастықтағы грамматикалық байланыстың бес
типін – тізбекті, параллельді, сәулелі, біріктіруші, жағдаяттық түрі
туралы айтып, мәтіндегі байланыстың грамматикалық, логикалық,
ассоциациялық,
бейнелік,
композициялық-құрылымдық,
стилистикалық, ырғақ түзуші құралдарын бөледі.
Т. В. Матвеева мағыналық және құрылымдық байланыс
құралдарын сипаттап, түрлі стильді мәтіндерде тақырыптық тізбелер
мен ой желісінің тізбелерін бөледі.
О. И. Москальская монолог, диалог және аралас типті күрделі
фразалық тұтастықтың мазмұндық,
коммуникативтік және
құрылымдық
тұтастығын
қамтамасыз
ететін
мағыналық,
коммуникативтік және құрылымдық байланыс құралдарын бөліп,
сипаттайды.
Қорыта келгенде, күрделі фразалық тұтастықта да, қомақтылау
мәтін үзіндісінде де мағыналық (ассоциациялық пен бейнелік т.с.с.),
коммуникативтік және құрылымдық (соның ішінде грамматикалық
және
логикалықпен
қатар
композициялық-құрылымдық,
стилистикалық және ырғақ түзуші) байланыс құралдары негізгі
байланыс құралдары болып табылады.
Мәтіннің мағыналық тұтастығы
Мәтіннің
мағыналық
тұтастығы
оның
тақырыбының
біртұтастығымен анықталып, мәтіннің мағыналық ұясы, мәтіннің
жинақталған мазмұны түсінігін береді. Тұтас сөз туындысының
тақырыбы жеке тақырыптардың арифметикалық сомасы емес. Бұл
көркем әдебиет жанрында барынша анық көрінеді.
Күрделі фразалық тұтастыққа кіретін тақырып ұсақ жеке
тақырып болып табылады. Ол құрамына – сөйлемдерге кіретін ұсақ
тақырыптардың қосындысы емес және одан әрі бөлшектенбейді.
18
Күрделі фразалық тұтастық монотақырыпты. Оны құрайтын
сөйлемдерді бір тақырыптың маңайына шоғырландыру – оның
мағыналық тұтастығының көрінісі. Айтылып
өткендей, бір
тақырыптан екіншісіне ауысу – бір күрделі фразалық тұтастықтың
аяқталып, екіншісінің басталғанын білдіретін шекаралық белгі.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтін тақырыбының бір
тұтастығы тақырыппен байланысты тірек сөздердің жүйелі
қайталаушылығымен көрінеді. Жүйелі қайталаушылық оларды сөзбесөз қайталаудан, тақырыптық қолданылуында жақын және синоним
сөздерді қолдануда, сол сияқты есімдіктенуден (есімдік тобына көшу)
байқалады.
Көптеген ғалымдар топиктер (тақырыптар) мен топиктік
тізбелер түзудің тілдік құралдарын: сөздерді немесе сөз тіркестерін
қайталау, түрлендіріп қайталау, есімдіктік қайталау (зат есімнің
орнына есімдік қолдану), эллипсистік қайталау (сөз тіркесі
компоненттерінің бірінің түсіп қалуы), синонимдік іліп әкету
(узуальды
синонимдерді қолдану, композиттер мен оның
компоненттерінің бірін түрлендіру, қосу қатынасымен байланысты
сөздерді қолдану), тақырып немесе семантикалық ортақтасығымен
байланысты сөздерді қолдану, антонимдерді қолдануды көрсетеді,
топик (тақырып) элементін перифазалау ғылыми мәтіндерге көбірек
тән.
Түрлі функциялық стильдегі тақырыптық тізбелердің
айырықшылығын Т. В. Матвеева жан-жақты қарастырған.
Т. В. Матвееваның пікірінше, мәтіннің тақырыбын бірінші
тақырыптық тізбек (көбіне бейтарап, жалпылама қолданылатын
сөзбен белгіленетін заттың тура атауы) және субституттер,
синонимдер, есімдіктер жататын екінші (қосымша) тақырыптық тізбек
көрсетеді [12, 21–35 б.].
Тақырыптың біртұтастығы күрделі фразалық тұтастық
шеңберінде сәйкес сөздер референциясының барабарлығымен, яғни
күрделі фразалық тұтастық бойында сол сөз бен оны алмастырушыны
(есімдікті, синонимді және т.б.) шендестірумен қамтамасыз етіліп,
күрделі фразалық тұтастық пен бірыңғай тақырыпта жалпы не жалқы
есімнің орнына синоним не есімдік қолданылса да, әңгіменің бір зат
туралы болып отырғанының түсінікті болуы.
Күрделі фразалық тұтастық тақырыбының біртұтастығымен
және референцияның барабарлығы жағдаяттық байланыстарға немесе
бөлшек пен тұтастықтың қатынасына негізделген импликация
құбылысымен де байланысты. Әлдебір зат, әлдебір жағдаят туралы
19
айтылғанда айтушының немесе тыңдаушының ойына солармен
байланысты заттардың бар екені түседі.
Мәтінде негізінде тақырып айқындалатын тірек сөздің болмауы
да мүмкін. Тақырыптың мәтін мазмұны элементтерді жинақталған
ұғымға әкелу жолымен немесе жеке сипаттау негізінде құрылуы
мүмкін.
Ассоциациялық
когезияның
негізінде
коннотация,
ретроспекция, субъективті – бағалау модальділігі жатады.
Ассоциациялық когезия әрдайым сезіле бермейді. Алайда ол
мазмұндық-контекстуалды
ақпаратты
ашу
үшін
маңызды
сипатталушы құбылыстардың арасындағы байланысты анықтайды.
Ассоциациялық когезия коннотациядан басқа негізде жүзеге
асады. Есіне түскені, соған ұқсас, ойына оралды, жадын жаңғыртты
сияқты сөздер ассоциациялық когезияның вербальды сигналдары
болып табылады.
Көркем шығармада ассоциация аяқ астынан тумайды. Ол –
логикалық тіректері байланыспайтын, алыс түсініктер сипатталған
құбылыстар арасындағы түсінікті байланысқа айналатын көркем
шығармашылық үдерістің нәтижесі.
Халық поэзиясында когезияның ассоциациялық формалары
табиғат құбылыстарын адамдардың қатынасына ұқсастандырумен
құрылады.
Когезияның ассоциациялық формалары сол мәтіннің шегінен
шығып, түсінуді қиындатады. Мәселен, аллюзия – ең алдымен
ассоциациялық когезияның формасы.
Когезияның ассоциациялық формалары негізінен көркем
әдебиетке тән, публицистикалық мәтінде жиі кездеседі, алайда әдетте
оған ғылыми және іскерлік сипаттағы мәтіндердің композициясында
орын табылмайды. Ассоциациялық ұғымның енуі тілдің функциялық
стильдерінің біртұтастығын бұзып, ыдырауына соқтырады, себебі
ассоциациялық
когезия
құбылыстардың
арасын
әлдеқалай
шығармашылықпен пайымдауды талап етеді.
Ассоциациялық когезиямен ұштасып, ақиқаттың сезім арқылы
қабылданатын объектілері туралы түсінік оятатын байланыс түрлерін
И. Р. Гальперин бейнелік когезия деп түсіндіреді. Сөзбен бейнелеусинтетикалық бейненің алғашқы элементі. Бейненің сезімдік көркі
сөзбен жасалып, сөз арқылы көрінеді. Бейнелік когезияның өте белгілі
формаларының бірі – ұлғайған метафора. Алайда бейнені тек
метафора емес, көркем мәтіннің кез-келген сөзі жасай алады. Көркем
сөзде әрбір элемент бейнелі. Оның мәтінде өзектендірілуі мүмкін.
Өзектендіруге барлық тілдік деңгейлердің – фонетикалық
20
(аллитерация, ассонанс, ырғақ, метр т.б.), орфографиялық (сөздің
көпшілік қабылдаған графикалық бейнесін-графонды саналы түрде
бұзу),
морфемалық
(морфемалардың
жаңа
тіркестерімен,
қайталануымен берілген) деңгейлердің бірліктері қатысады. Алайда,
өзектендірудің негізгі көзі – лексикалық деңгей: тірек және
тақырыптық сөздерді бірнеше рет қайталау; сөздің жеке-көркемдік
мәнін (контексуалды мәндісін) қолдану; тропалардың негізінде
жатқан атауларды көшіру (метафоралар, метонимиялар, синекдохалар
т.б.) [1, 80–81 б.].
Бейнелік когезияның ерекшелігі автордың заттар мен ақиқат
құбылыстарын емес, солардың бейнелерін ұқсастыруында.
Таза лингвистикалық тұрғыда бейнелілік әлдебір абстракты
ұғымды нақты заттардың, құбылыстардың, ақиқат үдерістерінің
атауында және керісінше, әлдебір нақты заттарды немесе ұғымдарды
абстрактылы немесе басқа нақты ұғымдардың атауында жаңғыртудың
тілдік құралы. Осылайша хабарды қосарлы қабылдауға қол
жеткізіледі, онда контекстке қарай біреуі басым болғанмен екіншісі
шеттетіліп қалмайды.
Әдебиет кейіпкерінің бейнесін тілдік бейнемен барабар етуге
болмайды. Абстракциялау фактісі оларға ортақ. Алайда нақтыны
абстракцияға, сол сияқты абстракцияны нақтылыққа айналдыру
тәсілдері, түрлері мен құралдары бір-бірінен мүлде өзгеше.
Бейне – ақиқатты нақты, дара құбылыс түрінде көркем
жинақтап қабылдау формасы. Қабылдау қосарлығы – бейнені
эксплицитті және имплицитті дамытуға тән ерекшелік болып
табылады. Абстрактылық пен нақтылық бейнеде қатар жүреді.
Барлық бейнелер бір ортақ оймен байланысты. Көркем
шығарманың барлық элементтерінің өзара байланысы мен өзара
шарттылығы оның бейнелік жүйесін құрайды. Онда кейіпкерлер
бейнесі басты орында. Автордың немесе кейіпкердің эмоциялықпсихологиялық жай-күйін жеткізу функциясына ие болғанда пейзаж
көркем бейнеге айналады. Пейзаж өнерде бір-біріне қарсы екі
функцияға ие, ол кейіпкердің табиғатпен үйлесімділігін немесе
олардың антагонизмін танытады.
Нақты фон функциясын зат бейнелері – жағдай, төңіректі заттар
да атқара алады. Кейіпкер бейнесіне бағынышты зат бейнесінің басты
функциясы – кейіпкерді нақтыландыру, дараландыру.
Адамдардың табиғатты қабылдауында әлдебір ортақтық бар,
мысалы, көлеңкелі тоғай суретін көргенде тыныштықты сезінгендей
боламыз. Киген кіиімі, ұстаған заттарына қарап, кісінің талғамын,
мінезін білгендейміз.
21
Кейіпкерлердің, табиғаттың, заттың бейнесі контекст
шеңберінде шоғырланған сөздік бейнелердің негізінде біртіндеп
жасақталады.
Дегенмен мәтіндегі бейнелік когезияның сипатын ақиқаттың
бейнелік суретінің формаларын тыңғылықты талдаудың көмегімен
ғана көруге болады.
Мәтіннің коммуникативтік тұтастығы
О. И. Москальскаяның көзқарасынша, мәтіннің коммуникативтік
тұтастығы оның құрамдарының сабақтастығында айтылады. Бұл
құбылыстың мәні күрделі фразалық тұтастықта әр сөйлем
коммуникативтік тұрғыда алдыңғы сөйлемге сүйеніп, айтылымды
белгіліден белгісізге алға қарай жылжытады, соның салдарынан
түпкілікті сипаты бар, күрделі фразалық тұтастық шекарасын
анықтайтын тақырып-ремалық тізбек түзіледі.
Күрделі фразалық тұтастық құрайтын тақырып-ремалық
тізбектің кең тараған моделі алдыңғы сөйлемнің ремасын адымдай
тақырыптандыруға енетін қарапайым желілік тақырыптық прогрессия
деп атайды
(Т1 – Р1) → [Т2 (=Р1) – Р2] → [Т3 (=Р2) – Р 3]
Өзекті тақырып (сквозной темой) тақырып-ремалық тізбек
моделі жоғарыда айтылған модельге кері
(Т1 – Р1) → ( Т1 – Р2) → ( Т1 – Р 3)
Тақырып-ремалық тізбек ортақ тақырыптан шығатын туынды
тақырып (гипертақырып) аталатындардың негізінде тағы бірі туады
(Т1- Р1) ←
Т
→ (Т2 – Р2)
↓(Т3 – Р3)
Мұндай тақырып – ремалық тізбектің сегменттері параллельді
байланыстан туындайды.
Әрине,
коммуникативтік
прогрессияның
көрсетілген
модельдерінің таза күйінде ғана емес, бір-бірімен түрлі
комбинацияларда да кездеседі.
22
Кейде күрделі фразалық тұтастық құраушылардың арасындағы
тақырып-ремалық тізбек күрделі иерархиялық құрылым құрайды.
Тақырып пен реманы ажыратқанда күрделі фразалық тұтастық
мазмұнын кеңейтетін, алайда баяндауды жалғастыру үшін міндетті
бола қоймайтын әлдебір қалдықтың табылуы мүмкін. Олар мәтінде
басы артық дүние емес, оны байытып, сипаттау детальдарын қосады,
уақиғалар мен кейіпкерлерді сипаттайды, субъективті-модальдық
мәнін жеткізеді, бір сөзбен айтқанда баяндаудың толық болуын
қамтамасыз етіп, тыңдарманға (оқушыға) әсер етеді, мәтіннің
стилистикалық байлығын көрсетеді.
Егер күрделі фразалық тұтастықты объективті лингвистикалық
құбылыс деп есептесек, онда субъективті-авторлық ескертпеден
ауытқып, онда тақырып пен ремадан тұратын «объективті негізді»
(«объективный костяк») бөлуге болады, мәтінде барлық субъективті
сәттер (эмоциялық-экспрессивті) тыс қалып, мәтін мазмұнының
негізгі желісі ғана сақталады.
Мәтіндегі субъективті – экспрессивті сәттер ретінде
айырықшаланып жазылған сөйлемдер әңгіменің негізгі желісін
(мысықтың әрекеті) бұзбай шет қалады, бірақ сипатталған көріністі
жақсырақ елестетуге көмектеседі.
Коммуникативтік мүшелеудің негізінде сөздердің субъективті
және объективті орын тәртібі жатады, өйткені ол идеяларды қандай
адамның жеткізуіне байланысты – сабырлы немесе тым эмоционалды.
Г. А. Золотова баяндаудағы сөйлемдерді біріктірудің
параллельді және сабақтасты тәсілдеріне назар аударады.
Фразааралық байланыстарды параллельді дамытуда алдыңғы
сөйлемнің тақырыбы кейінгісінің тақырыбымен есімдікпен
алмастыру, синонимдік, тек-түрлік, посессивтік, партативтік (бөлшек
пен бүтін) қатынаста болады, сабақтасты тәсілде осы қатынастар
алдыңғы сөйлемнің ремасы мен соңғы сөйлемнің тақырыбы арасында
байқалады [2, 385 б.].
Мәтіннің суреттеу фрагменті не атаулы
предикатты, не
лексикалық жағынан осалданған етістікті сөйлемдерден құрылады
(гипертақырыпты және гиперремалы тақырып – рема тізбегі). Бұл
мәтін фрагменттерінде: 1) кеңістік-мекен қатынастарын суреттеу;
2) заттардың сапасының сипаттамасы; 3) іс-әрекет туралы хабарлар
болады.
Мәтін аз көлемдегі ақпарат принципі бойынша құрылуы, яғни
мейлінше тұжырымды болуы мүмкін, сондай-ақ өзгеше баяндауға
оқырманда мазмұнның тереңдігі мен көп қырлылығы, мәтіннің
стилистикалық байлығы мен мәнерлілігі әсерін қалдыратындай
23
көптеген егжей-тегжейлі ақпарларды қосумен құрылуы мүмкін.
Алайда тақырып-рема суреті бірінші мәтінде де, екіншісінде де ұқсас
болып шығады.
Тек тақырыбы немесе тек ремасы бар сөйлемдерден басқа
күрделі фразалық тұтастық құрамына кіретін барлық сөйлемдердің
әрқайсысының өз тақырыбы мен ремасы бар. Алайда сөйлемдердің
бәрі бірдей, яғни күрделі фразалық тұтастық сөйлемдерінің тақырыбы
мен ремалардың бәрі бірдей оның тақырыбы мен ремасына кірмейді,
тек баяндаудың негізгі желісін жеткізуші сөйлемдердің тақырыбы мен
ремасы енеді.
Мәтінді құрайтын айтылымдары ремаларының сабақтастығын
жасайтын «ремалық өзек»-тің (Т. В. Шмелеваның термині) мәтінді
коммуникативтік ұйымдастыруда маңызы ерекше. «Ремалар»
бойынша оқу әрбір мәдениетті адамға аян, мәтіннің не жайлы екені
алдын-ала оған белгілі болғандықтан, хабардың маңыздысын алу үшін
солай істейді. Мұндай оқудың құпиясы – жазбаша сөзде ремалар
көбінесе сөйлемдердің соңында орналасады.
Мәтіннің құрылымдық тұтастығы
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтіннің құрамына
кіретін
сөйлемдер
тек
тақырыптың
ортақтығымен
және
коммуникативтік прогрессия қатынастарымен ғана емес, олардың бір
бүтіннің бөлшектері екенін, өз жиынтығында құрылымдық бірлік
құрайтынын көрсететін әр алуан сыртқы сигналдармен де
байланысты.
Мәтіннің
құрылымдық
тұтастығы
оның
мағыналық
(тақырыптық) және
тұтастығының сыртқы көрінісі. Сондықтан
күрделі фразалық тұтастық ішіндегі, тұтас мәтін ішіндегі тақырыптық,
коммуникативтік және құрылымдық тұтастықты сипаттағанда әр
қырынан көрінетін сол бір құбылысты ұшыратамыз. Оқшауланған
сөйлемдерді қарастырғанда бұл құбылыстарға жеткілікті түсініктеме
табыла қоймайды, олардың функциясы тек күрделі фразалық тұтастық
пен тұтас мәтін шеңберінде ашылады, алайда олар күрделі фразалық
тұтастықты, сондай-ақ тұтас мәтінді құрайтын сөйлемдер арасындағы
сол жақты және оң жақты байланыстарды анықтауға белсене қатысып,
мәтін түзуші функциясын атқарады.
Сондай-ақ сөйлемдер арасындағы және сөйлем ішіндегі
бөліктері арасындағы анафоралық және катафоралық байланыстар
байланыс құралдары болып табылады.
24
Анафоралық байланыстар (бір айтылымның мағынасы
алдындағысына сілтеме болып келетін айтылымдар арасындағы
қатынастар) күрделі фразалық тұтастық пен мәтінде ортаңғы және
соңғы позициядағы сөйлемдердің мағыналық және құрылымдық
дербессіздігін көрсетеді, яғни сол жақты байланыс қызметін атқарады.
Мысалы:
Сіз оқулық сұрадыңыз ба? Менде ол жоқ.
Катафоралық қатынас (анафоралыққа керісінше) оң жақты,
келесі байланыстың сигналы ретінде катафора мәтінде ортаңғы және
алғашқы позициядағы сөйлемдердің құрылымдық және мағыналық
дербессіздігін көрсетеді. Мысалы:
Анық бір нәрсе – менің кетуім керек
Сөйлемдер арасында И. Р. Гальперин, О. И. Москальская,
Л. М. Лосева және басқа ғалымдар бөлген а) дәстүрлі грамматикалық
және ә) логикалық байланыс құралдары құрылымдық байланыс
сигналдары болып табылады.
Дәстүрлі-грамматикалық байланыс құралдарына: осыған
байланысты, сондықтан, алайда, сол себепті, сияқты жалғаулықтар
мен жалғаулық сөздер, барлық дейктикалық құралдар, көсемшелік
және есімшелік орамдар, шақтарды қолдану және басқалары жатады.
Бұл құралдар өзара жекелеген сөйлемдерді ғана емес, мәтіннің ірі
үзінділері – күрделі фразалық тұтастық, абзацтарды, тіпті тарауларды
байланыстырып, бұл тұрғыда когезия құралдарының мәртебесіне ие
болады.
Логикалық байланыс құралдарына Р. Гальперин хабардың
мезгілдік (таяуда, бірнеше күн, апта, жыл, өткен соң, т.с.с.) және
кеңістік (алыс емес, қарсыда, артта, астында, үстінде, алыста,
таяуда т.с.с.) параметрлерін білдіретін сөздерді (көбіне үстеулерді)
жатқызады.
Л. М. Лосева мезгілдік, кеңістіктік, сол сияқты заттық,
акционалдық және сапалық байланыс құралдарын атайды [13, 9–15 б.]
Логикалық когезияға санамалау формалары: біріншіден,
екіншіден, үшіншіден, графикалық құралдар «а», «ә», «б» немесе
айтылым бөлімдерін цифрлармен «1», «2», «3», т.б. бөлу де жатады.
Бұл когезия құралдары логикалық-философиялық ұғымдарға –
сабақтастық, мезгілдік, кеңістіктік, себеп-салдар қатынастарына еніп,
оңай байқалады. Оларда байланыстың грамматикалық және мәтіндік
формаларының қиылысқаны көрінеді. Когезияның логикалық
формаларында екі-грамматикалық және мәтін құраушы функцияның
бір мезгілде өткерілетіні байқалады.
25
Синонимдік алмасулар мен перифразаны қоса алғанда мәтінде
тірек сөздердің жүйелі қайталануы күрделі фразалық тұтастық пен
тұтас мәтін ішінде сөйлемдердің арасындағы байланыстың
формальды көрсеткіші болып табылады. Мысалы, фразааралық
байланыс құралы ретінде лексикалывқ қайталау, перифраза,
тақырыптық жағынан жақын сөздер тізбегі және т.б.
Сыртқы сөздік көрінісі жоқ, бірақ имплицитті логикалық
қатынастар сигналы болып табылатын лексикалық қайталамасыз,
грамматикалық анафора құралдарынсыз, логикалық және басқа
құралдарсыз құрылымдық байланыс көмескілеу айтылады.
«Нөлдік» анафора деп аталатынның сондай байланыс құралы
болуы мүмкін.
Нөлдік анафора тақырыптық негіз жасау құралы да болып
табылады.
Қатысушылар санын санамалайтын сан есімдер жиі
катафоралық байланыс сигналы болып табылады.
Сыртқы құрылымдық көрсеткіштерсіз қатарлас орналасқан
сөйлемдер арасында мынадай байланыс түрлерінің жүзеге асырылуы
мүмкін:
а) себеп-салдарлық байланыс;
ә) айырықшылық (жалпыламадан жекеге; мәтін негізінен
синтаксистік параллелизм принципі бойынша құрылады.
Синтаксистік параллелизм арқылы сөйлемдер арасындағы
тектік-түрлік қатынасты мәтіндер құрылады.
б) диагностикалық интерпретация.
Күрделі фразалық тұтастықтағы мағыналық қатынастарды
сипаттауға қажетті логикалық байланыс түрлері ретінде мыналар
қарастырылады:
1) дизъюнкция (лат. disjunctio – болу, қарсы қою) – немесе
жалғаулығының логикалық эквиваленті (риторикада силлогизм
дилемма); осы жалғаулықтың негізгі логикалық қасиеттерін
формалаушы операция:
Өзің таңда: мойындасаң – боссың, мойындамасаң – қамаласың;
2) импликация (лат. implico – тығыз байланыстырамын) – егер ...
онда орамының жуық логикалық эквиваленті, осы орамның
формалаушы логикалық қасиеті, импликация әлдебір мәннің
айтылымсыздығы сияқты қолданылады, байланыс импликациясы да
болуы мүмкін, антонимдер: импликация – экспликация: Өнерпаз
болсаң арқалан;
26
3) конъюнкция (лат. conjunction – одақ, байланыс) - және
жалғаулығының логикалық эквиваленті, осы жалғаулықтың
формалаушы логикалық қасиеттері:
Күн күркіреп, жаңбыр жауды;
4) эквиваленция (лат. aeguivalens (tis) – тең мәнді, тең бағалы) –
әлдебір қатынаста басқасымен тең бағалы, тең мәнді немесе сәйкес зат
немесе сан, басқаша айтылуы немесе алмастыруы бола алады.
Эквиваленттілік – теңдік қатынасы: Абай – ұлы ақын.
Бұл байланыс құралдарының импликациядан басқасы күрделі
фразалық тұтастықтағы сөйлемдердің арасында да, әртүрлі
байланыстағы құрмалас сөйлемнің бөліктерінің арасында вербальды
және вербальсыз айтылуы мүмкін. Импликация вербальды
айтылмайды.
Әр мәтіннің негізінде ақиқат туралы күрделі пайымдау ғана
емес, коммуникация жағдаятымен және сол жағдаятқа сәйкес
айтушының өзінің алдына қойған міндеттерімен (хабарлау, уәде беру,
сақтандыру, сұрау, қорқыту, әңгімеге тарту, түсіндіру, т.б.)
жасақталатын белгілі бір коммуникативтік мақсат жатыр. Мұндай
мақсат күрделі фразалық тұтастық құрайтын компоненттердің
арасындағы мағыналық қатынастарға елеулі ықпалын тигізеді.
Күрделі фразалық тұтастық құраушылардың арасындағы
мағыналық қатынастар жүйесі (реляциялық жүйе) ең алдымен
семантикалық мәні нақты контекстік шеңберде олардың логикалықграмматикалық мәнінен едәуір өзгеше жалғаулық пен жалғаулық
сөздерге қатысты. Мәселен, және жалғаулығы негізгі мәнінде
логикалық және жалғаулығымен (біріктіруші функция атқаратын) сай
келеді. Алайда осы жалғаулық нақты сөйлемдер мен нақты күрделі
фразалық тұтастықта синтаксисте зерделенетін себеп-салдар, шарттысалдарлы, қарсылықты және басқа қатынастармен байланысты
сөйлемдер мен сөйлем мүшелерін біріктіруі мүмкін.
Күрделі айтылымда санамалаумен біріккен оқиғалар бір
мезгілде немесе хронологиялық ретпен өтеді, яғни біріктіре санағанда
темпоральды қатынас әрқашан көлегейленіп тұрады. Темпоральды
сөздердің болуы (жалғаулықтар мен т.б.: сонда, сағат алтыда, кейін,
кешке, т.б.) санамаланған оқиғалар арасындағы мерзімдік
қатынастарды ашып көрсетеді. Алайда темпоральды сөздерді енгізу
әрдайым темпоральды қатынас алғы шепке шықты дегенді білдіре
бермейді және күрделі айтылымды семантикалық талдағанда атап
көрсетілуге тиісті емес.
Сонымен, сөйлемде және сөйлегенде (мәтінде) қолданылатын
жалғаулықтардың ерекшелігі – әрқайсысының әр алуан бағыттарда
27
ортақ өз мәнімен логикалық жалғаулыққа тән ортақ мәнді нақтылап,
онымен тоғысуы.
Коммуникативтік семантика тұрғысынан мәтінде мәтіннің терең
құрылымында өзге коммуникативтік мақсаттағы (жанама сөз актілері)
синонимдік немесе омомнимдік үстіңгі құрылымдар қолданылады.
Мұндай құрылымдар
асқан ізеттілік таныту, сөздік әрекеттің
жағымсыздығын жасыру, ишара білдіру, кекету және басқа да
субъектінің іс-әрекетін сипаттайтын манипуляциялар жасау керек
болғанда қолданылады. Мысалы:
Жел соғып тұр! Терезені жабыңызшы, соққан желден тоңып
кеттім.
Не айтқыңыз келіп тұр? –Айта беріңіз қысылмай.
Жанама сөз актісіне мағыналы үнсіздік те жатады.
Когезияның композициялық – құрылымдық формаларына
бірінші кезекте хабардың сабақтастығы мен логикалық ұйымдасуын
баяндаудың негізгі тақырыбымен (сюжетімен) тікелей байланысты
емес оқиғаларды, құбылыстарды, іс-әрекеттерді мезгілдік немесе
кеңістіктік сипаттаумен, түрлі шегіністермен, сөз араластырумен
шектелген тіл материалы жатады. Мұндай «бұзушылықтар» әңгіменің
негізгі желісін бұзып, кейде хабардың екінші кезегін танытады.
Кірігудің композициялық-құрылымдық формалары фильмдерде
пленкаларды кесектеп құрастырғанға ұқсайды.
Өмірде жақсылық пен жамандықтың, қуаныш пен реніштің,
сәттілік пен сәтсіздіктің алмасып отыруы – ақиқат шындық. Барлық
өнер туындылары тәрізді көркем әдебиет шығармасы да өмірді әр
қырынан көрсетуге тырысады, когезияның композициялыққұрылымдық түрлерімен жүзеге асырылатын формасы оның барабар
айтылымына
айналады.
Бейқисын
тұрғыдағы
когезияның
композициялық-құрылымдық формаларында, мысалы, ассоциациялық
когезия формаларында әңгіменің бөлшектенген кесектерін қисынды
байланыстыруы мүмкін сөздер мен айтылымдарды ойша елестетуге
болады. Мысалы: баяндау тақырыбынан ауытқып, баяндаудың басқа
желісіне ауысып, бұл менің ... есіме түсірді, осымен қосарлана, басқа
мезгілде, басқа жерде, осыған ұқсасты байқау, т.б. әдетте бұл сөздер
мен айтылымдар басқа мәтіндерде, мысалы, ғылыми мәтіндерде ашық
көрсетіледі.
Когезияның стилистикалық (риторикалық) формалары
стилистикалық ерекшеліктері күрделі фразалық тұтастық пен
абзацтардың құрылымдарында сабақтаса қайталанатын мәтін
ұйымында байқалады. Құрылымдардың ұқсастығы әрдайым
семантикалық жақындықтың белгілі бір дәрежесін болжатады. Егер
28
мәтіннің бір абзацында себептен салдарға қарай дамуын анықтауға
болатын құрылымды тапсақ, онда екінші не үшінші абзацта (үзіндіде)
сондай құрылымның дамуы когезия формаларының бірі болады.
Құрылымның толымсыз параллелизм жағдайлары туралы, мәтіннің
екі және одан көп бастаулары туралы да соны айтуға болады.
Параллелизм амалы сөйлемдер, күрделі фразалық тұтастық және
абзац құрылымдары ұқсас болғанда өткеріледі. Құрылымдардың
мұндай ұқсастығы негізінен күрделі фразалық тұтастық жанаса
орналасқанда көрінеді, кейде аралық өткерілуде де ұқсастық
байқалады. Ондай жағдайларда когезия стилистикалық әдістердің
көмегімен іздестіріледі. Ең қарапайым когезия – хиазм амалы. Бір
күрделі фразалық тұтастық (абзацта) сөйлемдердің тіркесу тәртібі
алдыңғысына немесе соңғысына қатысты өзгермелі. Мәселен, бір
үзіндіде хабар себептен салдарға қарай, келесісінде салдардан себепке
қарай дамыса, хиазм амалының, яғни риторикалық когезия
формаларының бірінің ашық көрінгені.
Когезияның осы формаларына негізі ұқсас, ал өткерілу
формалары әр түрлі бір стилистикалық (риторикалық) амалдың
(салыстыру, аллюзия, метафора) белгілі бір қайталануы да жатады.
Когезияның ырғақ түзуші формаларын қабылдау қиынырақ, ол
негізінен поэзияның еншісі. Ырғақ, ұйқас және басқалары сияқты
құбылыстар поэтикалық шығармалардың формасымен анықталған
мақсаттарға қызмет етіп қана қоймай когезияның құралдары болып та
табылады.
Ырғақ прозалық мәтінді ұйымдастыруда да белгілі бір роль
атқарады. Ырғақ – сөз қозғалысының, бүкіл шығарманың дамуының
бірлігі. Ырғақтық қозғалыс сан алуан, ырғақтық динамика сюжет
динамикасымен, автордың мінездері мен бейнесінің дамуымен
байланысты. Ырғақтық сурет дамушы әрекет барысын жүзеге асыруда
және
оның кезеңдерін бөлуде маңызды роль атқарады. Түрлі
композиция – сөз бірліктерін-портрет және пейзаж суреттемелерінде,
пайымдауларда және т.б. ырғақтық шектеу байқалады.
Автордың, әңгімелеушінің, кейіпкерлердің «партиялары»
көркем мәтіннің құрылымында ырғақты дараланады. Көркем мәтінді
ырғақты ұйымдастырудың негізінде лингвистикалық факторлар
жатыр. «Табиғи» және ырғақты прозада үш ырғақ бірлігі анық
көрінеді: фонетикалық сөз (екпінділігі жағынан айтылғанда
лексикалық сөзге теңелетін кез-келген сөз), оны кейде такт,
фонетикалық тұтастық, «ырғақты құрылым» немесе аритмиялық
топ деп атайды, синтагма және сөйлем.
29
Кейбір ғалымдар негізгі ырғақтық бірлік ретінде көркем
мәтінде ырғақтық фигура құрайтын синтагманы, яғни түрлі екпіндік
құрылыстағы фонетикалық сөздердің белгілі бір сабақтастығын
атайды.
Ырғақ (тұрақтылығы немесе өзгеруі) абзацтың көлемімен,
сөйлемнің ұзақтығымен, құрылымымен, әуезділігімен, сөйлем мен
синтагмадағы сөздер мен сөз екпіндерінің санымен және
орналасуымен байланысты. Сөйлемнің құрылымындағы әуезділік пен
сөз екпініндегі өзгерістер ырғақтың өзгеруіне соқтырады.
Проза ырғағының негізінде құрылымның қайталанушылығы,
мәтінді біртекті ырғақты ететін ырғақ қайталануы жатыр.
Құрылымның
қайталануы
лексикалық
және
фонетикалық
қайталанумен (анафора, аллитерация, эпифора) күшейеді. Сонда анық
қабылданатын ырғақ, ырғақты немесе ырғақтандырылған проза
туады. Мәтіннің ырғақтық суретінің сан алуандылығы ырғақтық
қозғалыстың, яғни синтаксистік және әуендік модельдердегі
өзгерістің, мәтінге жаңа ырғақтық фигуралар тудыратын
варианттардың қосылуының арқасында жасалады.
Көркем проза ырғағы
сюжетпен де, композициямен де,
кейіпкерлердің мінезімен және басқалармен байланысты. Пушкин
прозасының қайталанбас ырғағы баршаға аян.
Сонымен, күрделі фразалық тұтастық (микромәтін) мен
макромәтінді талдағанда күрделі фразалық тұтастық сөйлемдерінің
арасындағы
логикалық-семантикалық
байланыстарды,
коммуникативтік мақсат ұстанымын және жалғаулықтармен ғана емес
басқа құралдармен де айтылатын күрделі фразалық тұтастық
құрамаларының арасындағы реляциялық қатынастарды ескеру
маңызды.
2.3 Мәтіннің ақпараттылығы мен модальділігі
2.3.1 Мазмұндық-фактуалды ақпарат
Мазмұндық-фактуалды ақпарат – фактілер, өзімізді қоршаған
әлемде болған, болып жатқан, болатын оқиғалар, үдерістер туралы
хабарлайды. Ол номиналды тізбек деп аталатын сөйлеу тақырыбының
тікелей атауы, аса маңызды тақырыптық топтарда өз көрінісін табады.
Негізгі номиналдық тізбек бүкіл мәтіннің бойымен өтіп, тұтас
мәтіннің тақырыбының өкілі болып, басты ақпаратты (тақырыптық
тізбені) қосымшасынан айыруға көмектеседі.
Мазмұндық-фактуалды ақпарат өз табиғатында эксплицитті,
вербалды айтылады. Ол барлық мәтіндерде (сөйлеу шығармаларында)
бар. Автордың ойы мазмұндық-концептуалды және мазмұндық-
30
астарлы мәтінді ақпаратта да, мәтін модальділігінде де көрініс тауып,
ең алдымен көркем және публицистикалық мәтіндерде (жекелеген
жанрларында) байқалады; ғылыми және іскерлік жанрларда
байқалмайды, байқалмайды деуге болады.
Мазмұндық-концептуалды ақпарат
Мазмұндық-концептуалды ақпарат оқырманға мазмұндықфактуалды
ақпарат
құралдарында
сипатталған
құбылыстар
арасындағы қатынастарды, олардың себеп-салдар байланыстарын,
индивидуумдар арасындағы қатынасты, қоса алғанда халықтың
әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өміріндегі, оларды автордың
өзінің қалай түсінгенін хабарлайды.
Мұндай ақпарат бүкіл шығармадан алынып, қоғамда болып
жатқан және жазушы жасаған немесе оның қиялындағы әлемде болып
жатқан
қатынастарды,
фактілерді,
оқиғаларды,
үдерістерді
шығармашылықпен пайымдауды білдіреді. Мазмұндық-концептуалды
ақпарат кейде жеткілікті айқын айтылмайды, сондықтан түрліше
ұғындыруға мүмкіндік береді.
Мазұндық-концептуалды
ақпаратты
ашуда
мазмұндықфактуалды ақпарат зор роль атқарады. Мазұндық-концептуалды
ақпаратты барша оқырман барабар қабылдамағандықтан, көркем
шығарма тек фактуалды ақпаратқа саятын, ал концептуалды
оқырманға түсініксіз болатын жағдайлары жиі кездеседі. Бұл тіл
материалының құралын пайдалана білмеудің салдарынан немесе
оқырманның жалпы тезаурусының жетімсіздігінің, яғни оның
сауаттылығының жетімсіздігінің, өнер туындысын бағалауға тиісінше
тәжірибесінің болмауының салдарынан болады. Өнер шығармасының
идеясын түсіндіруде мол тәжірибе жинаған оқырман концептуалды,
яғни негізгі, бірақ жасырылған ақпаратты түрліше түсінуі мүмкін
(идеяны түрліше түсіндіру ықтималдылығында кез-келген өнер
шығармасының мәні жатыр). Концептуалды ақпаратты тұтас мәтін
көлемінде ғана сезінуге (түсінуге) болады.
Мазмұндық-концептуалды ақпараттың толық болмаса да
эпиграф пен эпилогта ашылуы жиі ұшырасады.
Мазмұндық – астарлы ақпарат
Бұл жерде біз И. Р. Гальпериннің анықтамасын келтіреміз:
«мазмұндық-астарлы ақпарат дегеніміз – тіл бірліктерінің
ассоциативті және бағалаушы мағына тудыра алу қабілетіне, сондай-
31
ақ күрделі фразалық тұтастыққа кіретін сөйлемдердің мәнін өзгерту
қабілетіне орай мазмұндық-фактуалды ақпараттан алынатын жасырын
ақпарат» [1, 28].
Астарлы ақпаратқа пресуппозиция, символ, ассоциативті және
жағдаяттық астарлы мәтін, импликация, контрапункт жатады.
Пресуппозиция (лат. praе-алда, бұрын және suppositio-болжау,
презумпция) – сөйлем мазмұн тұрғысынан аномалды немесе сол
контексте сыйымсыз сияқты қабылданбауы үшін ақиқатты болуға тиіс
ой компонентін білдіретін термин. Мысалы, «Филипп Нью-Йорк
АҚШ-тың астанасы екенін біледі» аномалды ретінде түсініледі, себебі
оның
мағынасына пресуппозиция ретінде «Нью-Йорк – АҚШ
астанасы» жалған пайымдау еніп тұр.
Басқаша айтқанда, пресуппозиция-сөйлем мағынасының
барабар түсінілуіне қол жеткізетін шарт.
Символ (грекше symbolon – белгі, танымдық нышан) –
пайымдау тұрғысынан көркем бейненің сипаты, онымен көркем
идеяның айтылуы. Аллегориядан айырмашылығы символ мағынасын
оның бейнелік құрылымынан бөліп алуға болмайды.
Символ-санамызда тұрақталған белгінің белгісі, символ
эксплицитті.
В. А. Кухаренконың пікірінше, белгілі бір жағдайларда көркем
сөйлеуде көркемдік деталь, яғни үлкенді кіші, тұтасты бөлшек арқылы
көрсету көркемдік символ бола алады, метонимия мен синекдохадан
айырмашылығы детальдарда сөйлеудің тура мәні қолданылады [14,
39–49 б.].
Көркемдік символ:
а) ұғым мен оның нақты репрезентанттарының арасындағы
метонимикалық
қатынастарды
білдіруші
ретінде
көрінеді.
Метонимикалық символикаға мысал: «Қылыштан соқа жасаймыз»
(«Перекуем мечи на орала»), мұнда символ мен тұтас ұғымның
арасындағы қатынас нақты әрі тұрақты, реципиент тарапынан ой
жүгіртуді қажет етпейді. Символдың мұндай типі «символметонимия» деп аталады;
ә) символдың екінші типі «символ-ұқсасу» (символуподобление) деп аталады, себебі ол біреуінің мазмұнын түсіндіру
үшін екі не одан да көп түрлі текті құбылыстарды ұқсастырумен
байланысты. Мұндай символ шығарманың тақырыбы ретінде жиі
көрініс табады;
б) белгілі бір жағдайларда деталь символға айналады. Деталь
мен ол білдіретін ұғымның арасындағы байланыстың, тосындылығы
оны білдіретін сөйлеудердің сол мәтін шегінде бірнеше рет
32
қайталанылуы – қажетті жағдайлар болып табылады. Басқаша
айтқанда, деталь-символ өзінің ұғыммен байланысының бастапқы
экспликациясын қажет етеді және мәтінде ұқсас жағдайда бірнеше
рет қайталануы себепті символ құрайды. Мысалы, бақытсыздық
символы Э.Хемингуэйдің «Прощай, оружие!» романында жаңбыр,
«Снега Килиманджаро» да – қорқау қасқыр.
Қазіргі мәтін лингвистикасында импликация мен астарлы
мәтіннің бір мәнді түсініктемесі жоқ. Біреулерінде импликация
астарлы мәтінмен ұқсастырылса, екіншісінде ұқсастырылмайды.
Импликация (латынның implico-тығыз байланыстырамын) –
«егер ... онда» оралымының жуық логикалық эквиваленті, сол
оралымның логикалық қасиетін құрастырушы операция.
Импликация ойлаған нәрсені аян, сондықтан қалдырып кетуге
болады деп топшылайды. Бұл жағынан импликация пресуппозицияға
жақындасады.
Импликация-айтылымда сыртқы астарлы мәтін аталатын
мазмұнды айтпай тастап кету. Эллипсистен импликация контекст
шеңберінің кеңдігімен, қосымша ақпаратқа ие болуымен (эллипсис
тек компрессия жасайды, бір мәнді ғана қалпына келтіреді)
ерекшеленеді.
И. Р. Гальперин мазмұндық-астарлы ақпараттың жағдаяттық
және ассоциативті түрін бөледі [1, 44–46 б.].
Жағдаяттық
мазмұндық-астарлы
ақпараттың
көлемді
повестерде, романдарда жазылған фактілермен, оқиғалармен
байланысты туады. Жағдаятты астарлы мәтін тарихи немесе әдеби
болуы мүмкін, яғни оқырманның есіне прецедентті немесе тарихи
фактілерді, оқиғаларды түсіреді. Жағдаятты (кейде ассоциативті де)
астарлы мәтін құралдарының бірі аллюзия (фр. аllusiоn – әзіл, ымишара, кекесін) – мәтіннің адресатқа белгілі өткендегі немесе әдеби
шығармалардағы сөздермен, тұрақты сөйлеу тіркестерімен шендесетін
стилистикалық фигура. Ол мәтінді барабар түсінуге септігін тигізеді,
бұл тұрғыда импликациямен жақындасады.
Ассоциативті мазмұндық-астарлы ақпарат - бұрын айтылған
фактілермен байланысты емес, айтылған жайды жинақталған, жеке
өзіміздің немесе қоғамдық тәжірибемен байланыстыратын әдетімізден
туады, жағдаяттыққа қарағанда айқын емес, бұлыңғыр. Ассоциативті
астарлы ақпарат сезімімізбен, өмірлік тәжірибемізбен, дәмді, иісті
сезінуімізбен, естуімізбен және т.с.с. байланысты.
Мазмұндық-астарлы ақпарат негізінде болмысты бірнеше
тұрғыдан параллельді немесе өзара байланысты әр түрлі хабарларды
33
бір мезгілде қабылдау жатыр. Оқырманға вербалды айтылмаған
әлдебір хабар ұшырасады.
И. Р. Гальпериннің пікірінше, «астарлы мәтін» мен «мағынаны
өршіту» (приращение смысла) ұғымдары жақын болғанмен ұқсас
емес. Мағынаны өршіту өздігінен туады: ол күрделі фразалық
тұтастықтың
лексикалық,
синтаксистік,
композициялық
ерекшеліктерінің өткерілу үдерісінде пайда болады, ал астарлы мәтін
вербальды айтылуға
байланысты. Оны мәтін тудырушы
жоспарлайды. Астарлы мәтін поэтикалық шығармаларда айқынырақ
байқалады. Астарлы мәтін-түрлі құрылымдық ерекшеліктерінің,
сөйлемдердің
өзінше
байланысуының,
тілдік
фактілер
символикасының арқасында сөйлемдердің қосымша мағына
тудыратын қабілетінен шығатын лингвистикалық құбылыс. Тура және
астарлы мәтін «тақырып-рема» қатысында тұрады: тура-тақырып
(болғандық, шындық), астарлы мәтін-рема (жаңа). Астарлы мәтін
ашық көрінбейді, бір оқығанда назарға ілінбейді, тек бірнеше рет
қайталап оқығанда ғана мазмұндық-фактуалды ақпарат арқылы
байқала бастайды.
Астарлы мәтін контрапунктке ұқсағанмен барабар емес.
Астарлы
мәтін-ақпараттың
мазмұндық-фактуалды
және
мазмұндық - концептуалды қырларының арасындағы диалог іспетті.
Астарлы мәтіннің сипаттамасының бірі – айқын айтылмауы.
Мазмұндық-концептуалды ақпараттан айырмашылығы астарлы
мәтін нақты сөйлемде немесе күрделі фразалық тұтастықта, ал
мазмұндық-концептуалды ақпарат тек тұтас мәтінде байқалады.
Астарлы мәтінді қабылдау оқырманның тезаурусына қатысты.
Тезаурус неғұрлым бай болса, оқырманның мәтінді аналитикалық
қабылдау қабілеті солғұрлым дамып, айтылмаған, астарлы ойды
нақтырақ түсінеді.
Автордың айтылып (жазылып) отырған жайға көзқарасы
байқалатындықтан, астарлы мәтін субъективті бағалау болуы мүмкін,
бұл жағынан ол модальділік категориясымен ұштасып жатады.
Мәтін модальділігі
Автордың ойы мәтіннің модальділігімен, яғни айтушының
(жазушының) ақиқатқа грамматикалық, лексикалық, фразеологиялық,
интонациялық,
композициялық,
стилистикалық
құралдармен
өткерілетін көзқарасымен жеткізіледі.
Объективті және субъективті модальділік болады. Объективтімодальдік мән – хабардың ақиқатқа қатынасының сипаты, субъективті
34
модальдік мән – айтушының хабарға қатысы. Модальділік арқылы бір
жағынан автордың тұлғасы, оның дүниетанымы, эмоциялық көңілкүйі, көркемдік кредосы, екінші жағынан көркем шығарманың жанры
танылады.
Модальділікті сөйлемде және мәтінде айыру қабылданған.
Сөйлемде субективті модальділікті өткеретін барынша қарапайым
құрал – эпитет, ол бірнеше рет қайталанғанда стилистикалық амалға
айналып, одағай мен одағай сөздер, т.б. мәтіндік модальділікті
(мысалы, әдеби портретте) аша бастайды.
Мәтіндік
модальділікті анықтауда лингвистикалық және
әдебиеттану талдауларының әдістері мен амалдары тығыз
байланысып
жатады.
Мәтінде
модальділіктің
бөлімдерді
интеграциялау және оларды кіріктіру тәсілдерінде, бейнелеу
құралдарын пайдалану сипатында, автосемантикалық сөйлемдерді
әңгіменің бойына сіңіруде және мәтіннің басқа семантикалық
категорияларын белгілі бір дәрежеде өткеретін бірқатар амалдарда
байқалуы мүмкін.
И. Р. Гальпериннің есептеуінше, көркем әдебиетте мәтіндік
модальділік категориясының кристаллизациясы ерекше қиындық
тудырады, мәтіндік модальділік мәтіннің жеке элементтерінде
шашырап, фразалық модальділік белгілі бір дәрежеде мәтіндік
модальділікті көлеңкелейді. Қиялындағы әлемді жасағанда сөйлеу
суретшісі сол әлемге бейтарап қарай алмайды. Оны шындық ретінде
түсініп, оған көзқарасын ашық не тұспалдап жеткізеді.
Г. А. Золотованың пікірінше, айтылымды диктум мен модусқа
(ғылыми айналымға Ш.Балли енгізген) бөлу предикатты екі класқа
бөлуді тудырады: объективті ақпаратты білдіретін диктум предикаты
және сөйлеу субъектісінің позициясын «танытатын» модус предикаты
[2, 75–76 б.].
Автордың ақпаратты қабылдауына қарай үш модустық рамка
шығады: «Мен қалай ... көрдім (көрінді)», «Менің ойлауымша...», «Ол
маған ... айтты».
Үш модустық рамканың бәрі ақпаратты қабылдау тәсілін
білдіреді.
«Сенімді-сенімсіз»,
«күмәндімін-күмәнсізбін» типті
рамалық предикаттар айтушының диктум мазмұнына қатысын
білдіреді, бірінші жақтағы есімдікпен қосылса, айтушының қатысын
көрсетеді, ал үшінші жақпен қосылса, басқаның сөйлеуін жеткізгені,
оның айтқанын түсіндіргені.
Сөйлеу,
ой,
пікір
етістіктері
модустік
бөлімде
авторландырылған роль атқарады.
35
3 Мәтіндегі уақыт пен кеңістік категориялары
3.1 Шынайы, концептуалды, көркем уақыт
Мәтіннің логикалық түзімі, оның құрылымы уақыт пен кеңістік
сияқты категориялармен ұйымдастырылады.
Континуум (лат. continuum-толассыз, жаппай) – уақыт пен
кеңістіктегі қозғалыстың толассыз ағымы. Уақыт пен кеңістік – бүкіл
материалдық дүниенің әмбебап қасиеті, құбылыстар әлемі болуының
қажетті шарты. Мәтін ақиқаттың және белгілі бір қатынас
жағдайының үзігі ретінде онсыз болмайды.
Континуум – мәтін категориясы. Континуум сөйлемде өткеріле
алмайды, себебі сөйлемде ой дамымайды. Осы мағынада сөйлем
статикалық құбылыс, оны шартты түрде фильмнің кадрымен
теңестіруге болады. Тіпті «Ол белгіленген мақсат бағыты бойынша
баяу жылжи бастайды»,-деген сөйлемнің өзінде қозғалыс бөлігін
көруге болғанмен, онда континуум жоқ.
Континуум мәтіннің грамматикалық категориясы – когезия
(байласым) мен үзілістің синтезі сияқты. Уақыт және кеңістік
континуумдарын оқиғалар континуумы ретінде де белгілеуге болады.
Мәтінде уақыт қозғалысы бір желілі және бір бағытты болмайды.
Мәтін лингвистикасында мәтіндік уақыттың үш темпоральдық
негізі болады: объективті (күнтізбелік), концептуальдық (оқиға) және
перцептуальды немесе перцептивті (эмоциялық-экспрессивті). Көркем
мәтіндерде тағы көркемдік уақыт бөлінеді.
Объективті (күнтізбелік), табиғи, объективті жылжитын уақыт –
мәтінге қатысты сыртқы, бір бағыттағы қайтарылмайтын уақыт. Ол –
гносеологиялық-когнитивтілікпен, сезінумен, адамзат түсінігіндегі
объективті уақытты реттеумен байланысты физикалық категория.
Мәтін өзінің жеке уақыты бар, кәдімгі материалдық объект
(кітап, қолжазба) сияқты шынайы кеңістік пен уақытта өмір сүреді.
Басқа материалдық объектілердің жеке уақытының бітетіні (кітап
беттері сарғайып, жыртылады, суреттердің бояуы кетеді) сияқты оның
да бітетін уақыты бар, алайда сөйлеу туындысы ретінде мәтін үшін ол
онша маңызды емес.
Оқиғалы (концептуальды, лат. conceptio-қабылдау) уақыт
(мәтіннің мазмұнын құрайтын оқиғалар жайлы айтылып отыр) –
нақтылықты талдау негізінде шығарылған идеалды тіршілік
деңгейінде шынайы уақыттың көрінісі, әлдебір құбылысқа көзқарас
жүйесі, әлденені түсіну, суретшінің, ақынның, ғалымның жалпы ой
толғауы.
36
Объективті және концептуалды уақыттың айырмашылығы –
есептеу уақыты мен экстралингвистикалық шындықпен түрліше
шендесуінде, яғни автордың оқиғаның өзінен бөлек шынайылық
құбылысын зерттеу қызметінің мәтінде көрініс табуы.
Түрлі типті мәтіндерге – іс қағаздарына, хаттарға және т.б.
енетін шынайы уақыт туралы түсінігіміз бен ұғымымыз шынайы
уақыттың тікелей көрінісі болып табылады.
Оқиғалы уақыт оқиғаның басында не даму барысының әлдебір
сәтінде хронологиялық негізге тірелуі мүмкін, бірақ бұл мәтін
құрастырудың міндетті шарты емес. Бір мезгілдік пен түрлі мезгілдік,
өткен мен келешек тұрғысында мәтіннің барлық предикаттарының
релятивті, таксистік байланысы сөзсіз шарт болып табылады.
Уақыттың базалық құрастырушы категориялары (темпоральды
көрсеткіштер) – уақыт мәнін тікелей жеткізетін сөздер мен сөз
тіркестері: уақыт, жыл, маусым, ғасыр, жаз, күн, сағат, жазмыш, сәт,
кеше, келешек, соғыс кезінде т.б. сол сияқты датаны білдіретін сөз
тіркестері.
Жанама уақыт көрсеткіштері: тарихи тұлғалардың есімдері,
тарихи реалийлердің, соның ішінде белгілі бір дәуірмен байланысты
тұрмыс заттарының атаулары, дәйексөздер.
Оқиғалы уақыттың мәтінде тек уақыт өлшемімен емес, басқа да
тіл бірліктерімен айтылуы мүмкін.
Мәтінде «уақыттан тыс» көріністің болуы да мүмкін. Ондай
жағдайда «уақыттан тыс» мағына осы шақтың грамматикалық
формалары арқылы беріледі.
Г. А. Золотова, Н. К. Онипиенко, М. Ю. Сидорова сөздің
комуникативтік
регистрлерін
(репродуктивті,
информативті,
генеритивті) сипаттағанда белгілі бір регистрге тән уақытты белгілеу
мен жеткізу тәсілдерін анықтайды [2, 29–32 б.].
Мәселен, репродуктивті регистрде айтушы тікелей байқағанын
көрсетеді: уақыт-өзекті, осы, өткен және келер шақта.
Информативтік
регистр
бірыңғай
үдерістің
нақты
ұзақтығынан ауытқыған фактілер, оқиғалар, қасиеттер туралы хабар
ұсынады. Бұл-тікелей бақылаудың емес, не жанама бақылау
нәтижесінде, не ойлау операцияларының нәтижесінде алынған білім.
Генеритивті регистрде «уақыттан тыс» және «уақыт бойғы» ісәрекет қасиеттерді, қабілеттерді, сипаттаманы айту тәсіліне айналады.
«Бақылау орнын» болып жатқан жайға қарай өзгерте отырып,
айтушы түрлі регистрлердің сөз бірліктерін құрайды. Оларды
біріктіріп, мәтіннің кеңістік-уақыт көлемділігін, оқиға уақытын
жасайды.
37
Мәтінде автор шығармасында шынайы уақыт оның
субъективті қабылдауы арқылы көрініс табады, яғни шынайы уақыт
шынайы ақиқатты қабылдаумен байланысты перцептуалды
уақытпен бірігеді. Бұл уақытты сондай-ақ негізінде эмоция
болғандықтық эмотивті деп те атайды. Осыдан келіп адамның
қабылдауында шынайы уақыт объективті барысының бірде баяу,
бірде жылдам жылжуы мүмкін.
Перцептуалды (перцептивті) уақыт айтушының (жазушының)
мәтін оқиғаларына қатысты уақыт пен кеңістікке шынайы немесе
ойша позициясын танытады (лат.perceptio – қабылдау).
Айтушының рөлін көріністі әр тұстан түсіріп алуға тырысатын
оператордың рөлімен, соған қоса кадрларды іріктеп, құрастыратын
режиссердің рөлімен салыстыруға болады.
«Коммуникативная грамматика русского языка» кітабының
авторлары атап өткендей, әлемде болып жатқан бақылаудағы оқиғаны
тілде үш тәсілмен суреттеуге болады:
1) жалпы перцептивті – «Ол беттерді парақтады»; «Маша
машинкамен жазып отыр»; «Күзетшілер қылыштарын ұстады».
2) жеке перцепивті – «Ол беттерді сыбдырлатты»; «Маша
машинканы тықылдатты»; «Күзетшілер қылыштарын салдырлатты»
(іс-қимыл номинациясына есту компоненті таңдап алынған);
3) интерпретациялық-«Ол беттердің арасынан хатты іздей
бастады»; «Маша дипломын жазып бітірейін деп жатыр»;
«Күзетшілер қорғануға дайындалуда» (іс-қимылды айтушы білу үшін
интерпретациялаған-мақсатты компонент бөлініп алынған).
Перцептуалдылық
дәрежесі
ғылыми,
іс
мәтіндерінде
минималды, көркем мәтіндерде максималды болады, соңғысында
перцептуалды уақыт жеке уақытпен қосылып, жаңа құбылысты –
көркем уақытты тудырады.
Көркем уақыт-сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір
сүру формасы, шынайы, перцептуалды және жеке уақыттардың
өзінше араласқанын сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы.
Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық
объективті шынайылық пен ирреальность (шарттылық) бейнесі
үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының
көрсеткіші болып табылады.
Көркем
мәтіндердегі
уақыт
континуумының
дәлдігі
кеңістіктегіге қарағанда шамалы. Оқырманға келешектен өткен шақ
жақын, автордың арқасында ол көркем шығармада бізге жақындай
түседі (осы және келер шақ етістіктерінің араласуы).
38
Көркем мәтін континуумы әдетте оқиғалардың шынайы
сабақтастығының бұзылуына негізделеді, яғни баяндау желісінің
сақталуы міндетті емес. Баяндауда уақыт жоспарларының араласып
кетуі мәтін үзінділерінің мүшеленуін анықтайды. Уақыт пен кеңістік
жағынан оқиғалар байланысы неғұрлым шимай-шатпақ болса,
шығарманың мазмұндық-концептуалдық ақпаратының өзін түсіну
соншалықты қиынға түседі.
Мәтіндік уақыттың синхронды және диахронды аспектілері
бар. Мағыналық акцент бірінші жағдайда «қашан болған» және
«қаншаға созылды» ұғымдарымен, екіншісінде-уақыт қатынасындағы
сабақтастық немесе реттілік ұғымдарымен (яғни мәтіндегі логикалық
ұғыммен) байланысты.
3.2 Кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары
Кеңістік
континуумы
уақыт
континуумымен
тығыз
байланысты. Мұнда субъектінің қабылдауы арқылы өтетін шынайы
әлемді көрсететін объективті кеңістікті бөліп алуға болады, сонымен
қатар кеңістік сипаттарды өзінде кеңістік табиғаты жоқ ұғымдарға
телуге болады, яғни мәтіндік кеңістіктің басқа түрлері–
концептуалдық, психологиялық, әлеуметтік түрлері туралы айтуға
болады.
Сондай-ақ жеке түрлерге ие (роман-эпикалық хронотоптар,
мифопоэтикалық кеңістік) көркемдік кеңістік бар.
Материалдық құбылысты көрсететіндіктен мәтінде шынайы
кеңістік те болады.
Кеңістік жүйесінде бастапқы нүкте болып табылатын сөйлеу
субъектісіне қатысты әлдебір «осында» нүктесі «қазір» темпоралдық
нүктесімен үйлесіп, мәтіндік хронотоптың «мен-осында-қазір»
бастапқы антропоцентрлік пунктін құрайды.
Тілдегі локалдылық (лат.locahs-жергілікті) өрісінің базалық
бірліктері –кеңістік дейксисінің құралдары. Оған кіретіндер:
а) объектінің жекелеген бөліктерінің, оның жақтарының
объектінің өзіне қатынасының абстракциясы болып табылатын
арнайы семантикалы сөздері: іші, үстіңгі жағы, үсті, асты, жағы;
ә) категориялық лексикалық бірліктер: мекен, кеңістік;
б) локалды семантикалы түрлі сөз таптарының басқа сөздері:
болу, кең, алыс; кеңістік мәндегі предлогтар: асты, үсті, маңы,
топонимдер мен географиялық терминдер. Бұған перифериялық
семалы локалдылық сөздерін, оның ішінде бүкіл нақты-заттық
лексиканы, локалды семалы коннотоция сөздерін: кейбір жалқы
есімдерді, экзотизмдерді жатқызуға болады.
39
Кеңістік категориясының өзі бір мәнді болмағандықтан оған
түрлі семантикалық өрістердің бірліктері енеді. Мәселен, кеңістік
өрісін идеографиялық жіктегенде оған әдетте мынадай топтамалар
кіргізіледі:
- кеңістік шекаралары – шекара, шек (қаланың шегі), өлке,
шеңбер;
- шектелген кеңістік – жол, күре жол, алаң;
- кеңістікте болу – жату, отыру, тұру;
- кеңістікте болу локализациясы – солда, арттан, маңында,
қасында, жанында, алыста.
- жағдайды өзгерту-құлау, көтерілу, тұру
- бағыт-көру, шығу
- қашықтық-қашық, алыс, жақын;
- кеңістік координаттары-бүйір, жоғары, төмен, орта, оң жақ,
сол жақ.
Темпоралдылық сияқты локалдылық та статикалық және
динамикалық болуы мүмкін, оларды ажырату үшін етістіктер
семантикасы маңызды. Статикалы локалды көріністі беру үшін
экзистенциалды етістіктер мен кеңістік локализациясын білдіретін
етістіктер, локалды динамиканы беру кезінде – орын алмастыру
етістіктері қолданылады.
Радио сөйлеп тұр; сағат тілі алға кетіп қалыпты; толқын
көтерілген-экзистенциалды (функтивті) етістіктер;
Ол ауырып жатыр. Балалар өсіп келеді. Ол темекі шегіп,
кешкілікте газет оқиды-статикалық етістіктер (статуалды);
Ол жүгіріп келеді. Балалар жолға шықты-орын ауыстыру
етістіктері (акционалды).
Жай сөйлемнің мекен-жай көрсеткіштері мен сәйкес
семантикалы бағыныңқы сөйлемдер кеңістік айқындылығы мен
кеңістік байланыстарын
жеткізуде грамматикалық (логикалық)
сипаттағы тіл құралдары болып қызмет етеді.
Дүниеде бар кеңістік қатынастар әлемнің тілдік суретінде тілдің
әр деңгейлі құралдарының – кеңістік лексикасының, локалды мәнді
арнайы морфологиялық формалардың, синтаксистік құрылымның
көмегімен өзінше ұйғарылады.
Уақыт континуумына қарағанда кеңістік континуумы көркем
мәтіндерде нақтырақ болады. Оқиға орнының географиялық атауы
мен сол жердің сипаттамасы көбіне шынайы көрсетіледі. Дегенмен
көркем суреттеуде кеңістік нақтылығы уақыт нақтылығы тәрізді
шартты ғана. Индивидуумдар уақытта емес кеңістікте нақты, яғни
адамның бір орында әр кезде болуы мүмкін, бірақ, бір мезгілде әр
40
орында бола алмайды, демек уақыт пен кеңістіктің әлдебір
ассиметриясы бар.
Біздің сезім мүшелеріміз қабылдайтын үш өлшемді кеңістіктің
көп өлшемді болуы мүмкін, ол сабақтаса (сабақтаспай да) суреттеген
оқиға әлеміне қарай тарылуға да, кеңеюге де қабілетті, бір орынға
байланып қалса да, өзіне әлдебір шарттылық (баяғыда бір
патшалықта) енгізіп отырады.
Кеңістік категориясы мәтінді белгілі жағдайдың оның өтуі емес,
оның бірыңғай уақыт тұрғысында дамуымен шендестіреді. Көркем
кеңістік шынайы кеңістіктен, көркем уақыт шынайы уақыттан
айрықша болғаны сияқты ажырайды.
Шынайы уақыт жаһандық, үзіліссіз және бөлшекті. Көркемдік
осыларға қоса нақтылықты тудырады. Концептуалдық кеңістіктен
көркем кеңістіктің айырмасы – ешқашан дерлік абстрактылы
болмайды, орталыққа (орталық дегеніміз тұтас мәтін субъектісі,
авторы, шекарасын олар белгілейді) қатысты белгілі бір шекарасы не
бағдары бар.
Көркем
мәтін
ауызекі
сөйлесу
мәтінінен
кеңістік
категориясының мақсаттылығымен ерекшеленеді: ол шынайы
жағдайдан тумайды, автор ойының құрамдас бөліктерінің бірі болып
табылады.
Көркем кеңістікке шектеу жоқ. Объективті шексіз кеңістікті
көзбен шолуға болса, объективті шағын кеңістік ұлан-ғайыр жазираға
айналады; кез-келген кеңістік ашық не жабық көрсетіледі, өзінде
кеңістік табиғаты жоқ ұғымдардың кеңістік моделін жасауы ықтимал.
Объективті кеңістіктің үш типінің ішінде (нүктелік, векторлық,
квантитативтік) көркем мәтін үшін квантитативтік (лат. quantumқанша), яғни құбылыстың құрамы, көлемі, мөлшері өзекті. Бұл
сипаттар мәтін үзіндісінің ішіндегі локалды көрсеткіш ретінде
қолданылады.
Субъектінің (автор мен кейіпкердің) көзқарасы – объективті
және көркем кеңістіктің негізгі ұғымы.
Автор мен кейіпкердің орны сәйкессе:
а) автордың кейіпкерге айналуы;
ә) автордың кейіпкердің соңынан ілесуі;
б) автор орнының екі талай болуы мүмкін.
Егер автордың орны кейіпкердің орнынан бөлек болса, онда:
а) автордың көзқарасы бір кейіпкерден екіншісіне сырғып
отырады;
ә) автордың көзқарасы тәуелсіз;
41
б) автордың көзқарасы субъектінің баяндау өрісінде жылжуына
қарай өзгеріп отырады;
в) көзқарасы жалпы сипатты болады (сырттан қарайды).
Мәтін кеңістігін модельдендірудің екі жолы бар: кеңістікті
бейнелеу және бейнеленген кеңістікті нұсқау, осылардың үйлесімі
мәтін панорамасын құрауға қабілетті. Бұл панорама нақты.
Нақтылықтың есебінен көркемдік кеңістіктің өзі көркем бейне
қасиетіне ие болады немесе тұтас мәтіннің кеңістік емес мағынасын
айту тәсіліне айналады. Көркем мәтінде кеңістікті белгілеу құралдары
шығарманың тақырыбына қарай өзгеріп отырады. Мысалы «қала»
әңгімелерінде адамзаттың тіршілік орындары былай көрсетіледі:
аулада, есік арқылы, пәтерде, мекенжай, екінші қабат, сегізінші бөлме,
үйге сатымен көтерілді,
сатының жақтауына сүйеніп, кеңістік
семантикасының «ауылдық» лексикасы тиісінше өзгереді.
Орынды тәптіштеп, әңгіме үзінділерін қоса отырып, жан-жақты
сипаттау
көріністі
ұлғайтады.
Жалпыламадан
қомақтыға,
айқынсыздықтан нақты анықтылыққа көшу мәтіннің құрылыммазмұндық үзінділерінің шекараларын білдіріп, тақырыптың
ашылуын жақындатады.
Айтылып өткендей, көркем шығармада микромәтін оқиғаның
уақыты мен орнын тура көрсете бермейді. Көркем шығармада
оқиғаның локальды-уақыттық параметрлерінің өзі ерекше сипатта
жазушы жасаған көркем дүниенің шегінде болады. Алайда
шығарманың көркем дүниесінің шегінде оқырман мәтіннің кез-келген
үзіндісінде суреттеліп отырған оқиғаның уақыты мен орнына қатысты
бағдар таба алады. Микромәтінде локальды-уақыт сипаттамасының
болмауының немесе жеткіліксіздігінің орны үлкен контекспен
толықтырылады.
Етістіктің
сөз
өзгертуші
формаларымен
айтылатын
(грамматикалы) уақыт категориясы реляциялық сипатта – оқиға
уақытының айтылып отырған сәтке қатысын білдіреді. Мезгіл мен
мекен пысықтауышы
(«осында», «анда», «енді» сияқты мекен
үстеулерінен басқасы) керісінше номинативті сипатта – олар
суреттелген оқиғаның орнын немесе уақытын, яғни объективті уақыт
пен оқиға орнын айтады.
Мәтінді құрастыру тұрғысынан автосемантикалық және
синсемантикалық мезгіл мен мекен пысықтауыштарын ажырату
маңызды.
Автосемантикалық пысықтауыштар оқиғаның нақты датасын
немесе нақты географиялық орнын атап, абсолютті мәнге ие, оған
контекске сүйенудің қажеті жоқ. Синсемантикалық пысықтауыштар
42
реляциялық мәнге ие-олар әлдебір есеп нүктесіне қатысты уақытты не
орынды білдіреді және ондай қатыссыз түсінікті болмайды.
3.3 Мәтіндегі ретроспекция мен проспекция. Алданған үміт
Ретроспекция (лат. «артқа қарау») мен проспекция (лат. «алға
қарау» – дисконтинуумның (лат. «үзілісті»), ең алдымен уақыт
дисконтинуумының формасы. Олар мәтіннің желілі дамуын
тоқтатады. Ретроспекцияның арқасында оқырман «уақыттар
байланысына» ене алады. Мәтіндердің көпшілігінде ретроспекция мен
проспекция имплицитті көрінеді, яғни не бұрын айтылғанға немесе не
туралы айтылатынды жорамалдауға негізделеді. Оқырманды бұрынғы
мазмұндық-фактуалды ақпаратқа жатқызса, ретроспекция эксплицитті
айтылуы да мүмкін.
Ретроспекция мазмұндық-фактуалды ақпараттан туып, мәтіннің
когезиясына (байласымына) қатысады.
Автордың прагматикалық ұстанымына қарай ретроспекция
мәтінде үш түрлі көрінеді:
- оқырман жадында бұрынғы мәліметтерді немесе өткенге
қатысты, бірақ алдағы әңгіме барысын түсінуге қажетті жаңа
хабарларды жаңғырту;
- осы мәліметтер жаңа жағдайда, айтылғанды ескере отырып,
басқа контексте ой елегінен өткізу мүмкіндігі;
- мәтіннің мазмұндық-концептуалды ақпаратқа тікелей қатысты
жекелеген бөліктерін өзектендіру.
Мәтінді қайталай және бірнеше рет оқығанда ретроспекция
әсерлі қабылданады. Әр мәтін ретроспекцияға негізделген, себебі
бұрын алынған ақпаратты есте сақтамай, ақпаратты сабақтастыра
жинақтау мүмкін емес. Оқырманның есіне өзекті болуға тиіс жайды
түсіру автордың құзыретінде.
Ретроспекция субъективті-оқырмандық және объективтіавторлық болуы мүмкін, яғни баяндау континуумының жеке
шығармашылық қабылдануының нәтижесі немесе автордың мәтіннің
алдыңғы бөлімдеріне сілтеме жасауының нәтижесі: не оқығанына
оқырманның өзі ойша оралады, субъективті (бір оқырман ойша
оралса, екіншісі оралмайды), не оны өткенге автор «есіңізде болар»,
«ұмытпаған шығарсыз» деген сияқты сөздермен оралтып отырады.
Ретроспекция түрлі тәсілдермен өткеріледі, солардың ішінде
қайталау ерекше орын алады. Ретроспекцияның өзі де баяндау
желісін баяулататын ой қайталауы, баяндау барысындағы үзіліс.
Ретроспекцияның
мәні
баяндаудағы
уақытша
үзіліспен
43
ынтықтыруында, яғни мәтінге өткендегі, қазіргі, белгілі бір жағдайда
келешектегі көзқараспен қарауға мәжбүрлейді.
Ретроспекция – парадигматикалық тұғырдағы үдеріс.
Мәтін түрі ретінде репроспекция сөз соңында (қорытындыда,
эпилогта) айтылады. Оқырманның назарын негізгі мәтінде айтылған
ең маңызды эпизодтарға, оқиғаларға, фактілерге аударады.
Проспекция мәтін категориясы ретінде мазмұндық-фактуалды
ақпаратты
мәтіннің
келесі
бөлімдерінде
айтылатындарға
ұштастырудың түрлі тілдік формаларын біріктіреді. Проспекцияның
сөздік белгілері: алдын-ала айтарымыз, төменде көрсетілгендей,
бірнеше күннен соң онда боларын білмеген-ді, ... біліп, қайран қалады,
кейін айтылады т.с.с.
Ретроспекция тәрізді проспекция да оқырманның оқиғалар мен
эпизодтардың байланысы мен шарттылығын айқынырақ сезінуіне,
мазмұндық-концептуалды ақпаратқа тереңірек бойлауына мүмкіндік
береді.
Проспекция – тек көркем мәтіннің емес, ғылыми мәтіннің де
категориясы (дәріс жоспарында айтылатын, кейін айтылатындай, ...
туралы кейін айтамыз т.б.).
Ретроспекция
мен
проспекцияның
айырмашылығы
–
ретроспекция мәтіннің үдемелі қозғалысында әлдеқандай орын алады,
ал проспекцияның сюжет дамуының барысынан тууы сирек. Алайда
оқырман мәтінде алдын-ала болар оқиғаларды болжауы мүмкін, егер
оларды автор шамалы өзектендірсе. Сондықтан ретроспекция сияқты
проспекцияны да объективті-авторлық және субъективті-оқырмандық
деп бөлуге болады.
Оқырманға арналған алданған үміт әсері жорамалдауға,
болжам жасауға және болжағандай болмай шығуға негізделген.
Алданған үміт әсерінің мәні мынада: үзіліссіздік, сөйлеу желілігі
әрбір жеке элементті алдыңғысының дайындағанын және өзінің
келесіні дайындайтынын білдіреді. Келесі алдыңғысынан туады.
Мұндай байланыста бір элементтен басқасына көшу онша білінбейді.
Алайда осы фонда ықтималдығы шағын элемент пайда болса, жетелеп
тұрғандай әсер ететін үзіліссіздік бұзылып, кенеттен күтпеген жайдың
пайда болуын қабылдау кедергіге тап болады, оны жеңуге оқырман
тарапынан күш жұмсалады, сол оған күштірек әсер етеді.
Стилистикалық әсер тудырушы – контрасты – лексикада:
архаизмдер, кірме сөздер, авторлық неологизмдер, арнайы лексикалық
бояудағы сөздер, синтаксистік функциясы басқа сөздер, перифразалар,
оксюморондар, бір түрлі стиль фонында өзге стильді сөздерді
қолдану, синтаксисте – логикалық сабақтастықтың бұзылуы жасайды.
44
Алданған үміттің поэтикалық мәтінде бір сөздің немесе сөз
тіркесінің әдеттегі орнын өзгертіп, келесі тармаққа, тіпті келесі
шумаққа көшірілуі өлеңде табиғи үзіліс жасау мүмкіндігіне кедергі
келтіреді. Әдеттегі өлшемдік бұзылады, баяндауыш бастауыштан,
толықтауыш етістіктен т.с.с. ажырайды.
Алданған үміт әсерінің конвергенциямен (лат. сonvergereжақындасу, түйісу), яғни бірыңғай стилистикалық функцияға
қатысатын тілдік амалдардың бір жерде тоғысуымен де жасалады.
Оның қайталау, инверсия, көп жалғаулықты, авторлық неологизм,
экспрессивті эпитет, тосын теңеу т.б. болуы мүмкін. Конвергенцияға
тән құбылыс – шамадан тыс көп, артық таңбалардың хабарға қатысуы.
Алданған үміт әсері тіркесумен (сцепление), яғни ұқсас
элементтердің мәтінде ұқсас позицияларда көрінуімен де беріледі.
Тіркесу кез-келген деңгейде және мәтіннің кез-келген көлемдегі
үзіндісінде байқалады. Элементтердің ұқсастығы фонетикалық,
құрылымдық немесе семантикалық болады. Позициялар ұқсастығы
синтаксистік табиғатқа ие болып, өзін синтагматикада көрсетеді.
Тіркесу ретінде анафоралық қайталау, мысалы, есімдіктің қайталануы,
бастауыш пен тура толықтауыш позициясында сөздердің ұқсастығы,
грамматикалық тұлғаның ұқсастығы, фонетикалық, графикалық
ұқсастық, антитеза жасаушы антонимдер (ұғым мен бейнені күрт
қарама-қарсы қою) қолданылады. Тіркесу есте сақтауға ықпал етеді.
Прозада да, өлеңде де құрылымдық ұқсастық морфологиялық
конструкциялардың ұқсастығында және синтаксистік параллелизмде,
ал семантикалық ұқсастық тектік-түрлік қатынастармен байланысты
сөздердің және бір семантикалық өріске жататын сөздердің
синонимдерінің, антонимдерінің қолданылуында көрініс табады.
Жалпы алданған үміт әсері дегеніміз - баяндаудың желісті
дамуы үдерісінде жасалған субъективті-оқырмандық проспекцияның
бұзылуы.
Мысалы
Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтайын – айта бермей (Абай).
Алғысөз, кіріспе, аңдату, «Автордан» мәтіні, эпиграф
проспекцияның ерекше формалары есептеледі.
4 Мәтінді бөлшектеу, оның композициялық бөлімдері
4.1 Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу
Мәтіндерді микромәтіндерге – анықтамаға, жеделхатқа, газет
мақаласына, хатқа және макромәтінге – бірнеше томнан тұратын
45
романға, алғысөз және түйіні жазылған кітаптарға бөлшектеуден өзге
бөлшектеудің тағы екі түрге:
а) көлемдік-прагматикалық;
ә) контекстік-варианттық түрге бөледі.
Мәтінді бөлшектеу негізгі және факультативті, объективті және
субъективті болуы мүмкін.
Мәтінді
объективті
көлемдік–праграмматикалық
бөлшектегенде мынадай
негізгі бірліктерге бөлінеді: тақырып,
бастамасы; мәтіннің ең ірі бірлігі-том немесе кітап; одан әрі бөлім,
тарау, тарауша, отбивка, абзац, күрделі фразалық тұтастық, күрделі
синтаксистік тұтастық болып бөлінеді.
Күрделі фразалық тұтастық – мәтіннің ең кіші бірлігі.
Н.А. Купина одан да кіші мәтін бірлігін – сөйлемді бөледі. Оның
көзқарасынша, мәтін бірліктері – сөйлем, күрделі синтаксистік
тұтастық, фрагмент, бөлім, параграф, тарау, том.
Н.А. Купина сондай-ақ мәтін бірліктерінен бөлек мәтінді талдау
бірліктерін бөліп, оған мәтіннің дербес бірліктерін (сөйлем, күрделі
синтаксистік түтастық және т.б.), мәтіннің дербес емес бірліктерін
(аллофон, морф, сөз, сөз тіркесі), сол сияқты мәтіннің композициялықграфикалық бірліктерін (екпін, интонация, жол, шумақ, т.б.)
жатқызады [15, 33].
Көлемдік-прагматикалық
бөлшектеуде
композициялық
блоктарды бөліп алып, оларды сипаттағанда мәтінішілік бөлшектеуге,
атап айтқанда, тақырыпқа, кіріспеге (кіріспе, бастама, экспозиция),
бірнеше блоктан тұратын негізгі бөлімге және аяқталуына
(қорытындысы) назар аударылады.
И. Р. Гальперин мұндай мәтін бөлшектеуді (яғни мәтінде
алғысөзді, кіріспені, қорытындыны бөлуді) факультативті бөлшектеу
деп атайды. Мәтіннің бұл бөліктері көлемдік-прагматикалық және
контексті – вариантты бөлшектеу қасиеттері жинағы сияқты. Олар
атауымен мәтіннен бөлініп, тұтас шығарманың мазмұны туралы таза
авторлық ой толғау болғандықтан, оқырманға әлсіз ықпал етеді. Атау
(тақырып) – мәтіннің міндетті, эпиграф-факультативтік бөлігі.
Кіріспе әдетте мазмұндық-концептуалды, кейде мазмұндықфактуалды ақпараттан хабар береді. Ол оқырманның ойын әңгіменің
не жайлы болатынына аудара отырып, көбіне баяндау жоспарын да,
сюжетін де, негізгі ақпаратын да ашпайды.
Алғысөзде мәтінде негізгі болып табылатын және тақырыпта
жинақталып берілген ақпараттың белгілі бір үлесі болады.
Алғысөздің ықтималды белгілері:
а) аңдатпа-негізгі мәтінде көтерілген проблемаларды санамалау;
46
ә) тезистілік-кейін негізгі мәтінде дамытылатын қағидаларды
қысқартып сипаттау;
б) прагматикалық-шығарманың нысанды ұстанымын сипаттау;
в) концептуалдық-шығарманың негізінде жатқан кейбір
теориялық, әдістемелік және басқа қағидалар;
г) энциклопедиялық-автор туралы мәліметтер және осы
жұмыстың алдындағы осы саладағы жұмыстардың қысқаша
сипаттамасы және т.б.
Бұл белгілердің бәрі алғысөз бен кіріспе үшін міндетті емес.
Пролог (аңдатпа) – көркем шығарма түрлерінің біріне алғысөз
іспетті, алайда алғысөз бен кіріспеден айрықша өз ерекшеліктері бар.
Көбінесе ретроспективтік және перспективтік бағытқа ие.
Ретроспективтік тұрғыда прологта шығарманың мазмұнын толығырақ
ашуға қажетті құбылыстар, фактілер, жағдайлар сипатталады.
Проспективтік тұрғыда пролог авторға оқырманды шығарма
идеясын дұрыс түсінуге икемдеуіне мүмкіндік береді. Пролог
мәтіннің жаңа критерийлері мен сипаттамасын ұсынады. Ең алдымен,
мәтіннің бұл бөлімінің баяндаудың өзімен органикалық байланыста
болмауы да мүмкін.
Пролог кейде негізгі мәтіннен уақыттан, сол сияқты кеңістіктен
тыс параметр ретінде алшақтайды. Екінші жағынан, пролог шынында
мәтіннің негізгі мазмұнына кіріспе болуы мүмкін. Оқырманның
назары негізгі мәтінде сипатталған оқиғаның өзіне емес, шығарманың
қалай туғанына ауады.
Алғысөздің, кіріспенің, прологтың проспективтік сипаты
олардың векторлық бағытында байқалады. Оқырман шығарманың
негізгі мәтінін алдын ала біліп отырады. Осылайша, мәтін алғы сөзі
мазмұндық-концептуалды
ақпаратта
жеке-шығармашылық
пайымдауды белгілі бір дәрежеде шектейді.
Векторлық бағыт әсіресе ғылыми мәтіндерде айқын көрінеді
(Монографияның осы томына үш бөлім еніп отыр. Бірінші бөлімде ...
, екінші бөлімде... , үшінші бөлімде... . Демек, ... деуге болады). Бұл
сөйлемдерден проспекцияны байқау қиын емес.
Эпилог мәтіннің бөлігі ретінде романның мазмұндықконцептуалды ақпаратын ашады: эпилогсыз роман өзінің басты
бағдарынан, өзінің дәуірлік мазмұнынан айырылады, алайда мәтінде
эпилог үнемі бола бермейді.
Соңғы сөз, әдетте, мәтіннен тыс тұрады, предициялық
функцияға ие. Мазұнда-концептуалды ақпарат осында өзінің
эксплициттік айтылымын табады. Соңғы сөз ақпаратты қысыңқы
түрде беруге арналған. Ол бүкіл мәтіннің интеграция функциясын
47
атқарып, аяқталғандық категориясының нақты формаларының үні
болып табылады.
Автосемантия алғысөздің, кіріспенің, прологтың (соңғы сөз бен
прологтың да) мәтіндік сипаттамасы болып табылады. Оларды
шартты түрде мәтін алды және мәтін соңы деп бөлуге болады. Оның
үстіне олар бір бүтіннің бөлшектері: шығарманың өзінсіз алғы сөз де,
сөз соңы да болмайды.
4.2 Мәтін үзінділерінің автосемантиясы
И. Р. Гальперин мәтінде онымен тікелей байланысты емес
фрагменттердің пайда болу ықтималдылығын мәтін үзіндісінің
автосемантиясы деп түсіндіреді [1, 100].
И. Р. Гальперин микрошегіністерді (сентенция) немесе авторлық
шегіністерді автосемантикалық деп есептейді.
Л. М. Лосева мәтіннің автосемантикалық үзінділерін «еркін
сөйлемдер» деп атап, оларды негізінен күрделі синтаксистік тұтастық
шеңберінен тыс бөледі [13, 69–70 б.].
Т. В. Матвеева «мәтін үзінділерінің автосемантиясы» терминінің
орнына «мәтіндегі мәтінді», мәтіннің негізгі тұлғасымен
ассоциациялы байланыста болып, автордың мәтіннің негізгі
логикалық желісінен ауытқу құқығының өткерілуін көрсететін
фрагментті танытатын «ерекше композициялық блок» ұғымын
пайдаланады [12, 34].
Күрделі фразалық тұтастықтың және «еркін сөйлемдердің»
тәуелсіздігі лексикалық, грамматикалық және мазмұндық қырларынан
қарастырылуы мүмкін:
- логикалық қырынан мәтін үзінділерінің тәуелсіздігі өзін
әлдебір сөздер мен сөз тіркестерінің сөзбе-сөз немесе синонимді
қайталанбауынан көрсетеді;
- грамматикалық қырынан дейктикалық элементтердің
болмауымен және абзац құрылымының бір типтілігінің бұзылуынан
байқалады;
- мазмұндық қырынан автосемантия сентенция және басқа
жинақталған айтылым формалары түрінде көрінеді.
Күрделі фразалық тұтастықтың тәуелсіздігі түрлі стильдерде,
түрлі жанрларда түрліше байқалады. Мәтінді объективті
бөлшектеудің негізінде хабардың, мысалы, ғылыми, іскерлік, газет
мәтіндерінде логикалық ұйымдастырылуы көрінеді.
Дипломатиялық
құжаттарда
(пактілерде,
шарттарда,
меморандумдарда, т.б.), заңдар мен қаулыларда бөлшектеудің ерекше
48
түрі байқалады. Онда цифрлық және әріптік көрсеткіштер жиі
кездеседі.
Көркем әдебиет шығармаларында мәтінді субъективті
бөлшнектеу байқалады.
Поэтикалық мәтіндерде шумақ қана емес, шумақтың бөлігі де,
жол да мәтінді бөлшектеу бірлігі болады.
Кейбір авторлар мәтінді құрастыру үшін табиғи бөлімдер
желісінің ретін әдейі бұзып, баяндаудың жалпы жоспарынан шығып
қалған жекелеген мәтін «кесектерін» жасайды. Олар тәуелсіздік
алады. Ондай «кесектердің» абзацтарға бөлінетіні сирек емес.
Сөйлем сияқты мәтін үзінділерінің тәуелсіздігі абсолютті емес.
Қандай да бір жолмен мәтін үзіндісінің мазмұны не мәтіннің
тақырыбымен, не одан бұрынғы әйтпесе кейінгі үзіндінің мазұнымен
тіркеседі. Мәселен, «Ақбөпе»-дегі лирикалық шегіністер автордың
жалпы тұжырымдамасымен байланысты.
Мәтіннің үдемелі қозғалысында жекелеген үзінділердің
атвосемантиясы үзіліс, аялдама, кідіріс сияқты оқырманның назарын
баяндау желісінен басқаға бұрады.
Күрделі фразалық тұтастық автосемантиясының әдеттегі амалы
– автордың ой толғамы. Оның
сентенция, парадокс, түрлі
тұжырымдар, қорытындылар, ұсыныстар формасында айтылуы
мүмкін.
Автордың ой толғамы ретроспекция және проспекция
категорияларында, сол сияқты авторлық шегіністің басқа түрлерінде
көрінеді.
Сонеттердің эпиграммалық жолдары, мысалдардың моралі,
«көріністер», «мәлімдемелер», ұлы шешендердің сөзінен жекелеген
үзінділер автосемантияның белгілі бір дәрежесіне ие. Ондай сөздер
шағын мәтін іспетті. Оларға көркем – эстетикалық формада айтылған
адамзат баласының жинақтаған тәжірибесі сіңеді, алайда формальдықұрылымдық жағынан жеке сөйлемді білдіреді.
Құрылымы
жағынан бір не бірнеше сөйлемнен тұратын
дәйексөз (цитата) сияқты мәтін үзіндісі ерекше автосемантияға ие.
Мазмұн тұрғысында дәйексөз контекспен тіркескен, бірақ
байланысты емес, ретроспективтік және проспективтік сипатқа ие
бола алады.
Басқаша айтқанда, мәтін
үзінділерінің
автосемантиясы
автордың қалауынша мазмұндық
- концептуалды ақпараттың
тереңірек ашылуын қамтамасыз етуге қажетті мәтінді ұйымдастыру
амалы болып табылады.
49
Айтылғаннан көріп отырғанымыздай, мәтін үзінділерінің
автосемантиясы объективті, алайда көбіне субъективті болып,
автордың ой толғамын білдіреді. Сондықтан ол өзін көлемдікпрагматикалық бөлшектеуге де, контексті-вариациялық бөлшектеуге
де қатысы бар мәтінді бөлшектеудің ерекше түрі ретінде көрсетеді.
4.3 Мәтінді контексті – вариациялық бөлшектеу
Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу мәтінді бөлудің
контексті-вариациялық деп аталатын басқа түрімен тоғысады. Онда
сөйлем тудыру актілерінің келесі түрлері анықталады:
а) автор сөзі, оған:
1) баяндау;
2) суреттеу (табиғатты, кейіпкердің сыртқы кейпін,
жағдайды, оқиға орнын, т.б.);
3) автордың ой толғамы (қараңыз: мәтін үзінділерінің
автосемантиясы);
ә) бөгде сөз:
1) диалогтан (авторлық ремаркалардың кіруімен);
2) цитациядан;
3) өзгелік төл сөзден тұрады.
Бөлшектеудің екі түрі өзара байланысты және мазмұндықконцептуалды ақпаратты имплицитті ашады.
Контексті-вариациялық бөлшектеуде автордың міндеті сөйлем
тудырушы актілер формаларын ауыстыруға, мысалы, суреттеуден
диалогқа, диалогтан авторлық ой толғамға т.с.с. ауыстыруға саяды.
Бұлайша ауыстыру коммуникация жүріп жатқан жағдайды барынша
тиянақты суреттеуге ықпал етіп, ақпаратты жеткізу құралдарын
ауыстырып отыруға мүмкіндік береді. Бір жағынан, кейіпкерлердің
сөйлеу әдібі мазмұндық-концептуалды ақпаратта үлкен роль атқарса,
екінші жағынан, романның (повестің) сахналық эпизодына кіріп
кеткен автордың ой толғамы сол ақпаратты елеулі толықтырады. Бұл
ой-толғамдардың векторлық бағыты прагматикалық ұстанымға ие.
Түрлі шығарма актілерінің ауысып отыруы негізінен көркем
проза мәтіндеріне тән. Баяндау формаларының алмасуының мұндай
сан алуандығы басқа функциялық стильдің ешқайсысында
кездеспейді.
Мәтінді контексті-вариациялық бөлшектеу-оқырманды айтылып
отырған уақиғаға жақындату құралдарының бірі, ол оны сол оқиғаға
қатысқандай етеді. Бұл, әсіресе, авторлық баяндау
диалогқа
ауысқанда ерекше сезіледі. Диалог жанама түрде оқырманға арналып,
оны іс-әрекетке тартады. Ескертпе ретінде диалог монологқа
50
қарағанда қарқынды, ол оқырманның назарын ненің, қалай
айтылғанына аударады. Автордың монолог сөзін оқығанда, автор
айтылымның формасына емес, мазмұнына назар аударады.
Көркем әдебиетте диалогтың негізгі екі типі бар: суреттеу және
драмалық. Суреттеуге салыстырмалы түрде көлемі үлкен, әлдебір
оқиға, әлдеқандай іс-әрекет туралы әңгіме, суреттеу, мінездеме
мазмұнындағы дамыған ескертпелер, фактілерді белгілі бір
сабақтастықта әңгімелеу тән. Мұнда қысқа ескертпелердің тез
ауысуы, олардың қарама-қайшы қозғалысы жоқ. Диалогта ой бір
бағытта, желілі дамиды. Бір кейіпкердің ескертпесі басқасының
ескертпесінің мазмұнын нақтылайды. Ескертпелердің байланыс
формалары бір типті-қайта сұрау, қайталау, іліп әкету. Көрші
ескертпелерді
біріктіре
отырып,
байланыстың
лексикалықграмматикалық
формалары
кеңінен
қолданылады.
Жалпы
стилистикалық тұрғыда әдеби тіл нормаларына әдетте толық
сәйкестігі, айшықты стилистикалық боямалы элементтердің болмауы,
көптеген диалогтарда ауызша айтылған сөз ерекшеліктерін
жаңғыртуға ұстаным жоқ, ескертпелердің монологтық қыры ойдың
желісті дамуын алдын ала белгілеп отырады.
Диалогтың драмаландырылған типі драматизмді, шиеленісті,
жағдайдың қарама-қайшылығын жеткізуге ұмтылады. Автор диалогты
драмаландырады. Мұндай диалогқа эллипсистік, ескертпелердің
ықшамдылығы, ауызша сөйлеу ерекшеліктерін – демеуліктерді,
одағайларды, модальды сөздерді, фразаны құрау ерекшеліктерін
стильдендіру тән. Ауызекі тілден айырмасы – бұл элементтер
драмалық көркем диалогта өзектендіріліп, ерекшеленеді, олар
кейіпкерлердің сезімін, ойын өзінше жеткізуге, экспрессивті
күшейтуге ықпал етеді (ауызша сөйлегенде мұндай элементтер ымишарамен, дауыстың құбылуымен, бет құбылысымен толығады,
әңгімені жазбаша тіркегенде, олар жоғалады). Осындай көркем
диалогта авторлық ремаркалар да маңызды роль атқарады.
Қатысушыларына қарай мынадай диалог типтері бөлінеді:
диалог – түсіндіру, диалог – қарама қайшылық, диалог – синтез,
диалог – дау, диалог – ұрыс, диалог – унисон, диалог – толықтыру, сол
сияқты диалог – хабар, диалог – талқылау, диалог – әңгіме және т.б.
Көркем әдебиетте бөгде (өзінің емес) сөз түрлері бар аралас сөз
жиі қолданылады. Бұл сөз түрі айтушының өз сөзіне (автор сөзіне)
бөгде сөз түрінде диалог сөзі көрінсе, бөгде айтылым немесе бірнеше
адамның сөздері жеткізілсе, басқа адамның сөзінің қосылуына
негізделген.
51
Мәтінге бөгде сөз ену жағдайын өз сөзі мен оған қосылған бөгде
сөзді салыстырғанда анықтау оңай.
Айтушының адресатқа жетізген оқиғалар мен фактілер
айтушының өз сөзінің объектісі болады. Ал айтушы басқаның сөзін
жеткізсе, басқаның айтқаны немесе басқа адамдардың әңгімесі
ақпарат объектісі болып табылады. Айтушы өзінің немесе адресаттың
айтқандарының мазмұны туралы ақпаратты адресатқа бөгде сөз
формасында мәлімдеуі мүмкін.
Бөгде сөзді жеткізу және оны мәтінге қосу тәсілдері сан алуан,
сөйлеудің түрлі функционалдық тәсілдері үшін дифференциалды және
әрқайсысының грамматикалық безендіру нормасы бар.
Басқаның сөзін жеткізудің ең қарапайым тәсілі – оны төл сөз
формасында жаңғырту, яғни басқа кісінің айтқанын (жазғанын) сөзбесөз жеткізу. Мұндайда айтылым (әңгіме) жаңғыртылғанда ештеңе
қосылмайды. Төл сөз жоғарыда суреттелген монологтың немесе
диалогтың қасиетін сақтайды. Ол сол сөзді айтқан адамның атынан
айтылып, оның жеке ерекшеліктері мен стилін сақтайды. Автор тек
басқаның айтқан сөзін жеткізетінін ескертеді.
Басқаның сөзін жеткізудің өзге тәсілдері сияқты төл сөзді
қолдану кейбір функционалдық стильдерде елеулі ерекшеліктерімен
сипатталады.
Төл сөздің басты екі түрі:
а) көркем емес (ғылыми, публицистік, іскерлік) мәтіндерде
өзгенің монологтық айтылымдарын келтіру;
ә) көркем шығармаларда кейіпкердің сөзі – көбіне диалог.
Төл сөзді жеткізуде экспрессивтік синтаксис амалдары: сұрақ,
таң қалу (восклицания), параллелизм, лексикалық қайталаулар мен
қолдау т.с.с.
Төл сөз кейіпкердің ішкі монологын өзінің өзіне арнау сөзі
ретінде баяндаушының іштей сөйлеген сөзін бірінші жақтан жеткізе
алады.
Төл сөздің бір түрі-таңбаланбаған төл сөз (несобственно прямая
речь) – графикалық бөлектенбеген сөз, сөз немесе ой етістігінің
көмегімен енгізіледі.
Мысалы
«...Ол үйден шыға ойлаған: ақырын ешкімге білдірмей,
станцияға тайып тұрамын».
Әдеттен тыс – хайуандардың, құстардың, құрт-құмырсқалардың
сөзі келтірілсе, төл сөз саласы кеңейеді.
Жансыз заттардың төл сөзі кейіпкердің сөзінің қайталамасы
болуы да мүмкін.
52
Кейіпкерлердің диалогына жансыз заттардың төл сөзінің
қосылуы мүмкін.
«Көктем, махаббат, бақыт! » – дегендей мына қайың.
Төл сөзбен берілген жансыз заттың сөзі өлең сөзіне де енеді.
Мұндай сөз көбіне автордың ой толғамын білдіру тәсілі болып
табылады (мысалы, Мұқағали өлеңдері).
Бөгде сөзді жеткізудің тағы бір аса маңызды тәсілі-төлеу сөз.
Төлеу сөз сөздің синтаксистік құрылымын түбегелі өзгертуді
талап етеді, бұл оны төл сөзге қатысты қайталама, оны өзгертудің
жемісі ретінде қарауға негіз болады.
Төлеу сөз бірнеше түрге, соның ішінде суреттеуші жанама
(живописная косвенная) және жартылай төл сөзге (полупрямая речь)
бөлініп, төлеу сөздің өз табиғатына қарама-қайшы келетін
көріністерінің бар екенін көрсетеді.
Сөйлеу түрін таңдау мәтіннің жанры мен типіне, мәтіннің
қандай типіне жататынына байланысты анықталады.
Айтылғандардан мәтінді бөлшектеудің екі – көлемдікпрагматикалық
және
контексті-вариациялық
типі
негізінің
бағдарланатынын, автордың ниетінен туатынын көруге болады. Бұл
баяндаудың әр типінде материалдың стилистикалық өңделгені
сезілетінін білдіреді. Жазушының сөзі-әрдайым «көркем ақиқат»
көрінісі.
Бөлшектеудің екі типінің құралдары әр түрлі болғанмен
мақсаты біреу. Олардың негізінде объективті ақиқатты біздің санамыз
қабылдайтындай етіп, үзінділерді реттеп, ұйымдастырып бөлшектеу
жатыр. Көлемді мәтінді тарауларға, бөлімдерге бөлінбеген, баяндау
формаларының өзгермеген түрінде көз алдыңызға елестетудің өзі
қиын. Әскери және басқа жарғылар, заңдар жиынтығы, іскерлік
құжаттар және өзгелері бұдан шет қалмайды.
Барлық дерлік мәтінде көлемдік-прагматикалық бөлшектеуден
басқа контексті-вариациялық, сол сияқты алғысөз, цитация, аллюзия,
қорытынды, бөтен сөзді жеткізудің жекелеген тәсілдері және басқа
шектеулі бөлшектеуді табуға болады.
Бөлшектеудің басқа бөлшектеу категорияларына тәуелді екенін
ерекше атап көрсету керек. Бөлшектеудің өзі ақпарат, интеграция,
мәтін байласымы категорияларымен және басқалармен тікелей
байланысты. Мәтіннің түрлі типтерінде белгілі бір үзінділер сол
үзіндіде берілетін мәнге байланысты ерекшеленеді. Автордың
контексті – вариациялық бөлшектеудің қай түріне мән бергеніне қарай
әрбір бөлшектеу типін қарастыруға болады.
53
4.4 Күрделі фразалық тұтастық және абзац
Көптеген ғалымдар мәтіннің кіші бірлігі деп сөйлемді емес,
бірқатар сөйлемді біріктіретін ірірек бірлік – күрделі фразалық
тұтастықты есептейді, оның күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін
компоненті, прозалық шумақ, синтаксистік кешен, монологтық
айтылым, коммуникативтік блок және басқа осы сияқты синонимдері
бар.
Атаулары әр түрлі болғанымен бұл терминдердің мәні біреу –
шығарманың ауқымдырақ үзіндісінің құрамдас бөлігі болып
табылатын, сөйлемнен ірілеу бірлікті анықтау.
1-тарауда айтылып өткендей, мәтін шағын формалы
(микромәтін) композициялық көзқарас тұрғысынан тақырып
қойылатын хабар, газет мақаласы, шағын әңгіме т.с.с. болса, күрделі
фразалық тұтастықтың тұтас мәтінмен сәйкес келуі мүмкін. Алайда
көп жағдайда күрделі фразалық тұтастық мәтіннің ірілеу үзіндісінің
құрамдас бөлігінің функциясын атқарады.
«Сөйлем» мен «айтылым» ұғымдарын шектеу керек, себебі бұл
ұғымдарды көбінесе ажыратпайды.
Айтылым сөйлеммен тығыз байланысты болса да одан елеулі
айырмашылығы бар. Сөйлем – тіл бірлігі, онда әлем үзіндісінің
заттық-нышандық бейнесі жинақталып тіркеледі: «Ұл скрипка ойнап
отыр», «Қыз жағажайда қыздырынып жатыр».
Сөйлемнен айырмасы – айтылымда сөзді кімнің айтқаны, кімге
арналғаны, себебі, мақсаты және басқалары маңызды, яғни
денотативтік функцияға қоса нақты коммуникативтік жағдай көрініс
табады; ал айтылымның өзі – коммуникативтік тұрғыдағы бірлік,
сондықтан
контекстке
кіріп,
пресуппозициялармен
және
импликациялармен сипатталады; онда айтушының коммуникативтік
ниеті (сөйлеу интенциясы), мақсаты, тақырып пен ремаға өзекті
мүшелеу жүзеге асады.
Айтылымда сөйлемнің лексикалық толығуы мен просодикалық
рәсімделу бар; интонация айтылымға тән.
«Айтылым» терминін негізінен сөйлеуге қатысты қолданатын
боламыз. Жазбаша сөзге қатысты сөйлем мен күрделі фразалық
тұтастық ұғымдары қалады.
Мәтін лингвистикасы жөніндегі еңбектерде күрделі фразалық
тұтастық
анықтамалары мейлінше көп, сондықтан жұмыс
анықтамасы ретінде мынаны таңдадық: күрделі фразалық тұтастық –
ең азы екі сөйлемнен құралған, мағыналық, коммуникативтік және
құрылымдық аяқталуымен және автордың хабарға қатысымен
сипатталатын синтаксистік бірлік.
54
Күрделі фразалық тұтастық – күрделі құрылымдықсемантикалық бірлік, оның мәні оны құрайтын дербес сөйлемдердің
мағыналарының жай қосылуының нәтижесі емес, бұл сапалы жаңа
құрылымдық-мағыналық түзілім.
Қазіргі кезде мәтін төрт тұрғыда зерделенеді:
- семантика тұрғысында,
- прагматика тұрғысында,
- синтактика тұрғысында,
- функциялық тұрғыда.
Семантикалық тұрғыда бірлікті құрайтын сөйлемдердің мәніне
көбірек көңіл аударылады. Дегенмен кейде мәтіннің біркелкі
байланыспауы оның логикалық байланыстылығына теңестіріледі.
Мәтіннің логикалық байланыстылығы мәтіннің байланыстылығына
мүлде барабар емес, себебі мәтінде қарама-қайшылық, сәйкессіздік
т.с.с. болады, ал бұл логикалық бірлікке жат.
Прагматика тұрғысында мәтіннің күрделі фразалық тұтастық
бөліктерінің сабақтастығын анықтауға болады.
Синтактика тұрғысында екі негізгі бағыт бөлінеді:
а) дербес сөйлемдердің күрделі бірліктерге бірігу тәсілдерін
зерделеу жолымен сөйлемнен ірілеу бірліктерді мүшелеп, зерттеу;
ә) сөйлемдердің байласымды мәтінде кірігуін жүзеге асыратын
тілдік құралдарды тікелей зерделеу.
Дербес сөйлемдерді ірілеу бірліктерге біріктіру тәсілдерін
зерделеуге арнаған еңбектерде күрделі фразалық тұтастық екі негізгі
құрылымдық типке бөлінеді:
а) сөйлемдер бір-бірімен сабақтаса кіріккенде, аяқталған
сөйлемдер арасындағы тізбекті байланысты прозалық шумақтар;
ә) сөйлемдерді өзара салыстыру немесе қарсы қою принципі
бойынша салыстырғанда, сөйлемдер арасындағы параллельді
байланысты прозалық шумақтар.
Прозалық шумақтардың өзінің құрылымы екі тұрғыда бөлінеді:
а) шумақтың ішкі құрылымдық ұйымын танытатын және
сөйлемдерді қосудың синтаксистік құралдарымен байланысты өзіндік
– синтаксистік;
ә) сыртқы суретін, контурасын, шумағын, ой мен тақырыптың
дамуының сипатын анықтайтын композициялық-тақырыптық.
Сөйлем деңгейінде шумақтың осы екі типіне грамматикалық
және өзекті (айтылымда) мүшелеу типі сәйкес келеді.
Күрделі фразалық тұтастықты зерделеу функциялық тұрғыда да
жүргізіледі.
55
Күрделі фразалық тұтастық әртүрлі типтерінің бар екенін
анықтайтын екі фактор: сөйлемнің бірлігін және солардың
арасындағы байланыс сипатын құрастыратын түрлер, алайда бұл екі
фактор өз кезегінде функциялық стильге, мәтіннің типіне, автордың
өзіндік мәнеріне тәуелді.
Кейбір зерттеушілер күрделі фразалық тұтастықтан да ірі
бірліктерді бөліп көрсетеді. Екі және одан көп күрделі фразалық
тұтастық бір предикативтік-релятивтік кешенге бірігеді. Тілдік
рәсімделуде осы кешенді бірлікті құрастыру принципі оған кіретін
күрделі фразалық тұтастық санымен емес, оның мәтінде туындайтын
өзара қатынастарымен, ақпаратты ұйымдастыру сипатымен
анықталады.
Ақпараттың көлеміне және ортақ коммуникативтік тапсырманы
орындау функциясына қарай осы кешенді бірліктердің мүшелері
предикативтік (жетекші, анықтаушы) және релятивті (екінші деңгейлі,
бағынышты) болып бөлінеді.
Предикативтік мүше дегеніміз – тұтас кешеннің құрамындағы
концептуалды өзек, себебі ол сипатталатын оқиғалар туралы жаңа
мәліметтерді хабарлау функциясын атқара отырып, кешен жеткізетін
ақпаратқа көп үлес қосады.
Ал релятивтілік кешеннің басымды элементіне қатысты
факультативтіліктің
нышаны сияқты түсіндіріледі. Релятивтік
элементтердің
информативтік
мәні
предикативтік
мүшенің
информативтік мәнімен салыстырғанда онша мәнді емес, алайда бұл
хабардың мәнерлік тұтастығын жасауда релятивтік элементтердің
эстетикалық құндылығын төмендетпейді.
Л. М. Лосева күрделі фразалық тұтастықты синтаксистік
категорияға жатқызады да, ал абзацты мәтіннің мазмұны мен
құрылымына тән компонент деп есептейді [13, 92].
4.5 Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формалары
Күрделі фразалық тұтастықтың мағыналық, коммуникативтік
және құрылымдық ұйымын оның суреттеу, әңгімелеу, ойталқы
(описание, повествование, рассуждение) түрлерінің функционалдықмағыналық ұйымы ерекшеліктерін ескермей қарастыруға болмайды.
Күрделі фразалық тұтастықтың бұл түрлерін Л. М. Лосева,
М. П. Брандес және басқа ғалымдар жан-жақты зерттеген [13;16].
56
Суреттеу
Суреттеу ғылыми және іскерлік сөйлеуге тән, алайда көркем
сөзде де жиі ұшырасады. Суреттеу статикалы, онда динамика жоқ.
Суреттеудің негізгі функциясы – ақиқаттың әлдебір сәтін
суретке түсіру, қарапайым атауының орнына заттың бейнесін беру,
затты, құбылысты табиғи ортасында суреттеу (мысалы, суреттелетін
заттарды, құбылыстарды т.с.с.-ды осыған ұқсайтын нышандармен
салыстыруда құрылатын жұмбақ-суреттеу).
Ғылыми және іскерлік мәтіндерде суреттеу негізінен
фактографикалы немесе фотографиялы болады. Көркем мәтінде
суреттеу нышандарын санамалау жолымен табиғат құбылысын
(орнын, ортасының жағдайын, т.б), заттарды, адамның, кісілердің
жағдайын және т.б. суреттеуге арналған. Суреттейтін затына қарай
Күрделі фразалық тұтастықтың пейзаждық (уақиға орнын суреттеу)
және портреттік суреттеу (кейіпкерді суреттеу) болып бөлінеді.
Пейзаждық суреттеуде орман, өзен, ауыл сияқты нақты сөздер
мен оңында, солында, жанында, астында, алыста, жақында сияқты
кеңістік мәніндегі сөздер жиі қолданылады.
Портреттік суреттеуде адамды (бойын, жасын, жалпы сырт
бейнесін, жағдайын, т.б.) суреттейтін сөздер басқаларынан жиірек
қолданылады.
Суреттеудің формалды нышандары: контиинум мәнді сөздердің
(жол жиегінде, таң ата, кешқұрым, т.б.) қолданылуы, суреттелетін
құбылыстың қашан болғанына байланысты өткен шақ, осы шақ,
етістік-баяндауыштардың көптігі, баяндауыштың іс-қимылды емес,
сын есімді болып келуі. Мысалы, жерге су сіңді-жер ылғалды.
Суреттеу құрамы көбінесе кеңістік мәнді сөздерді қолдану
сипатына қатысты. Бір жағдайларда әрбір орын жағдайына бір күрделі
фразалық тұтастықтың бекітілсе, басқасында бір күрделі фразалық
тұтастықта бірнеше орын жағдайы пайдаланылады.
Бірнеше затты суреттеудің бір мезгілді, параллельді немесе
сабақтастықты (қарама- қайшы құбылыстарды, заттарды суреттегенде
контрастық әдіс қолданылады) болуы мүмкін. Суреттелетін
адамдарды немесе заттарды салыстыру-мұндай суреттемелерде
жиірек қолданылатын әдіс.
Затты, құбылысты, адамды суреттеу сөйлеу сөз стиліне де, мәтін
типіне де қатысты. Суреттеу ғылыми-техникалық, ресми-іскерлік
сөулеуде фактографикалы, көркем сөде бейнелі болады. Автордың
суреттелетін затқа, құбылысқа субъективті қатысы көркем мәтіндерде
57
(концептуалдық, модальділік, астарлы мәтін және т.б. түрде)
байқалады, ғылыми және ресми-іскерлік мәтіндерде болмайды.
Фотографиялы, суретті мәтіндерде заттың суреттелуі автордың
ойы мен фотографияда бейнеленген затқа қатысты. Сондықтан
мұндай мәтінде мыналар ескерілуі керек:
а) суретте онсыз да айқын көрініп тұрған бейне жайлы артық
сөздің керегі жоқ;
ә) суретте жоқ және оны сезіну мүмкін емес жайлар туралы сөз
айтылмауға тиіс;
б) суреттің астарында көрерменнің ой жүгіртуіне жағдай
тудыратындай мүмкіндік қалуға тиіс;
в) суретке арналған түсіндірме сананы сілкіндіріп, ой
қозғайтындай болуға тиіс;
г) сөз фотографияға сілтеме жасай алады.
Ғалым Б. Шалабай «Көркем проза тілі» атты еңбегінде:
«суреттеу болмыстың белгілі бір қалпын, күй- жайын толықтай беру
үшін қолданылады»,- деп көрсеткен. Суреттеу арқылы кейіпкердің
сыртқы кейпі, киім- киісі, мінез- құлқы, табиғаттың әсем көріністері
және т.б. құбылыстар беріледі [17].
Кейіпкердің сыртқы бейнесін суреттеу:
Қырынан қарағанда қыз әп- әдемі болып көрінеді екен.
Тайқылау біткен тар маңдайы да, артық- ауыс жерлері қырналып,
қажетті қалыпқа түсірілген қою қара қасы да ұнасымды. Екі танауы
делдиіңкі, келіссіз мұрны да қырлана қалғандай. Жалпақ, доғал иегі де
қайтадан қашалғандай мүсінді. (М. Мағауин)
Табиғатты суреттеу:
Бұл арада кішкентай көкторғай, бөдене, көксерке, жағалтай
кекілік, балтатұмсық, шілден бастап, үлкендігі анау- мынау қозылақтан кем емес, қарақаз, бірқазан, дуадақ, қарабай, қырғауыл мол
болатын. Қазақ даласының өзге жерінде сирек кездесетін жайра,
тағанақ, сақалта, алақұмай, көк қарға, қодас қоңылтырды да іздеген
адам табатын (Д. Исабеков).
М. Ахметова суреттеудің екі формасын ажыратады: статикалық
және динамикалық. Статикалық суреттеуге оқиғаның мекенін, орнын,
кейіпкердің сыртқы келбетін, ал динамикалық суреттеуге оқиғаның
қозғалысын, іс- әрекеттерді, кейіпкерлердің көңіл – күйін, мінезқұлқын жатқызады.
Статикалық суреттеуге мысал:
Осы әйелдердің ортасында еркек кіндіктен жаман жанбай ғана
жүреді. Ол- қоймашы, жасы қырықтар шамасында, қалың сырмалы
күпәйке- шалбар киіп жүретін тайпақ адам. Қолында бір уыс кілті бар-
58
колхоздағы қойма атаулының кілттері. Қалтасына сыймайды да, үнемі
қолына ұстап жүреді (С. Мұратбеков).
Динамикалық суреттеуге мысал:
Далаға шықтым. Дүниені бозамық сәулеге бөктіріп Сұлуқиядан
тік асып ай қалықтап барады. Сансыз жұлдыздар жымыңдайды.
Төңірегім шырылдаған шегіртке үні. Тоғай жақта әлде бір түн құсы
әлсін- әлі кәдуілгі адамша айқайлап қояды (С. Шаймерденов).
Әңгімелеу
Әңгімелеу ең алдымен көркем және публицистикалық сөйлеуге,
сондай-ақ тұрмыстық хабарлар мен әлдене жайлы әңгімелерге тән.
Әңгімелеу суреттелетін оқиғалардың дамуы туралы түсінік
береді. Бірінші кезекке іс-әрекеттің (үдерістің), құбылыстың, тағы
басқаларының өрбу реті шығады. Әңгіменің әрбір сөйлемі әдетте ісәрекеттің дамуының, сюжеттің шешілуіне қарай қозғалысының
әлдебір кезеңін баяндайды. Жалпы әңгімелеу баяндау мәтіні ісәрекеттің басталуынан, шиеленісуінен, дамуынан, шарықтау шегінен,
аяқталуынан, тарқатылуынан, қорытындысынан тұрады.
Мәтінде оқиғаның даму сабақтастығы нақты, яғни өмірде
болғанындай не жасанды, яғни автор қолайлы санағандай, мысалы,
оқиғаның аяғынан (композициялық амал-трансмутация, түрлендіру),
не ортасынан басталуы мүмкін. Әңгіменің толымсыз, дискретті
(оқырман тыңдаушы санасында оңай қалпына келтіре алатын
буындарының түсіп қалуы) болуы мүмкін. Баяндаудың негізінде
уақиға (сюжет) жатады.
Көркем мәтінде пайдаланылатын фабула мен сюжет ұғымдары
ең алдымен әңгімелеу мәтіндеріне тиесілі.
Фабула – шығармада айтылатын оқиғалардың жиынтығы.
Фабула – көркем мәтіннің референттік кеңістігі, ол әдеттегі мәтіннің
референттік кеңістігінен біршама өзгеше. Біріншіден, жазушының
тақырып деп аталатын белгілі бір ақиқат аспектісін еркін таңдауының
нәтижесі. Екіншіден, фабула – шындығында болған дайын
«тарихтардың» ішінен таңдап алу емес, суреткердің шығармашылық
қиялынан туатын «тарих».
Сөйтіп, фабула «сюжетке дейін-ақ» өзіне көркем мазмұнды,
әлемге авторлық көзқарасты сіңіреді.
Фабулаға керісінше сюжет – сол оқиғалар, тек шығармада
хабарланғандай ретпен айтылған. Фабула – өмірде болған жай; сюжет
– автордың соны қалай білгені, мазмұндық- астарлы ақпарат және
мазмұндық- концептуалды ақпаратпен шендеседі.
59
Фабула – кейіпкерлердің басынан өткен оқиғалардың қиялдағы
тізбегі болса, сюжет-соның қалай хабарлануы, фабуланың мәтіндегі
көрінісі, ішінара іріктелген көрінісі.
Сюжетте ең бастысы – суреттеуге жататын фабула элементтерін
іріктеу.
Фабула оқиға тізбегін білдіріп, мәтінде кеңінен суреттелуі
мүмкін болса, фабуланы суреттеу реті (референттік кеңістіктің)
композиция ұғымының негізгі мазмұнын құрайды. Фабула
элементтерін іріктеу де, әңгімелеу реті де мәтіннің, әсіресе көркем
мәтіннің көзқарас сияқты категориясымен тығыз байланысты.
Сюжет фабуланы мәтінде көрсету тәсілі ретінде автордың
позициясын да көрсетеді, яғни автордың көзқарасы тұрғысынан осы
оқиғада ненің маңызды және эксплицитті айтылымға алу керектігін,
нені маңызды емес деп тауып, қалдырып кетуге болатынын көрсетеді.
Мәтінде сюжет тікелей беріледі, ал фабуланы оқырман сюжетте
аталған элементтер бойынша қалпына келтіреді (яғни он фабуланың
тоғызы референциалды астарлы мәтіннен құралады).
Сонымен, фабула мен сюжетті қарама қарсы қою – заңды
зерттеушілік амал. Фабула – ой жүгірту, ой жүгірту болғанда да
пайдалы, себебі оқырман ойымен кітапта жазылмағанды да сезіп
біледі.
Әңгімеде негізгі мағыналық жүктемені нәтижелі мәнді
баяндауыш атқарады. Әңгімелеудің негізгі мәні-іс-әрекеттің дамуын
жеткізу. Әңгімелеу түрлі уақыт көрсеткіштерімен, оған бірінші
кезекте жаздың басында, күзде сияқты уақытты білдіретін (мезгіл
пысықтауышы) сөздермен қамтамасыз етілетін мезгілдік сабақтастық
тән.
Әңгімелеуші бірден оқиғаны суреттеуден бастауы мүмкін.
Әңгімелеу таза күйінде де, аралас күйінде де ұшыра береді,
оның құрамына суреттеу де, ойталқы да жиі кіреді.
Қазақ тіл білімінде әңгімелеу тәсілін Ахмет Байтұрсынұлының
пікірінен бастауымыз қажет. Ахмет Байтұрсынұлы композициялық
сөйлеу формаларын әуезе, әліптеу, пайымдау немесе зейіндеме деп
көрсетеді.
«Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан
ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды
сөз қылуға алсақ, не ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін қылып
сөйлейміз. Я тұлға- тұрпатын, кескенін, көркін айтып пернесін әліптеп
сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсыжаман болғанын мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз.
Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не
60
пайымдама болып шығады [18,147]. Ахмет Байтұрсынұлы әңгімелеу
тәсілін әуезе деп атап, оның шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме,
тарих, тарихи әңгіме деген түрлерін көрсетеді.
Қазіргі қазақ тіл білімінде әңгімелеу мәтінінің ақпараттық,
әлеуметтік, психологиялық сипатын, композициялық сөйлеу
бірліктерінің тілдік құрылымдық, прагматикалық және стилистикалық
табиғатын анықтайтын зерттеулерін атауға болады. Б. Шалабай,
Р. Сыздық, С. Құнанбаева, З. Ерназарова, С. Мұстафина,
Г. Әзімжанова, Д. Әлкебаева, М. Маретбаева, Г. Әбікенова,
Г. Смағұлова т.б. ғалымдардың еңбектерінде аталған мәселелер жанжақты зерттеле бастады [19; 20; 21; 22; 23; 24; 25; 26; 27].
Ғалым Б. Шалабай «Көркем проза тілін зерттеудің ғылымитеориялық негіздері» атты еңбегінде:
«Әңгімелеу- көркем прозаның негізгі баяндау формасы. Бұл
форма арқылы объективті де, субъективті де мазмұн беріледі.
Әңгімелеудің формалық, құрылымдық мазмұның оқиғалардың
мезгілдік ізбе- ізділігі, құбылыстардың бірін –бірі айытыруы
құрайды,»- деп көрсетеді [19, 216].
М. Маретбаева әңгімелеу мәтінін арнайы зерттеген ғылыми
еңбегінде қазақ көркем порзасындағы әңгімелесу формасының
ақпараттық- мазмұндық, композициялық ұйымдасу ерекшеліктерін,
лексика- грамматикалық құрылымдарының өзгешелігін, көркем
шығарманың стилистикалық сипатын айқындатты [26, 24].
М. Маретбаева әңгімелеу мәтіндерінің тақырыптық- мағыналық
түрлерін жақтық және оқиғалы мәнді әңгімелесу мәтіндері деп
топтастырады.
«Жақтық
мәнді
әңгімелеу
мәтіндеріндегі
субъективтілік кейіпкердің іс- әрекетіне, соған қатысты баяндалатын
оқиға- жағдайға тәуелді болса, оқиғалы әңгімелеу мәтіндеріндегі
объективтілік объективтік уақытқа тәуелді болады» [26, 20].
Мысалы
Оның үстіне 1917 жылдың қысы қатты, жазы қуаң болды.
Осынау кезеңде миллиондаған халық көз телмірткен Россия астығын
Ақтөбеден Дутов, Кавказдан ағылшын интервенттері бөгеді де,
Жетісу ақ бандылары Сібір астығына тосқауыл жасады. Осының
нәтижесінде 1918 жылдың августында Ташкентте ауыр жағдай
орнады (Ж. Арыстанов).
Көркем шығармалардан нақты дәлелдеме ретінде үзінділер
талдап, Г. Әбікенова әңгімелеу мәтінінің эмоционалды- экспрессивтік,
стилистикалық қызметін, оның лексика- грамматикалық құралдары
арқылы шығарманың көркемдігін арттыруын, оқиғаны, іс- әрекетті
ретімен, мезгілін, мекенін баяндай отыра, кейіпкердің мінез- құлқын,
61
ішкі жан дүниесін ашатынын көрсетеді (толығырақ: [9, 110–112 б.]
қараңыз).
Ойталқы
Ойталқы ең алдымен ғылыми сөйлеуге тән.
Ойталқы үш бөлікке бөлінеді:
- тезис,
- дәлелдеме (дәйектеме),
- қорытынды (түйін, жинақтау т.б.).
Ойталқыда ең алдымен сабақтас құрамалас сөйлемдер,
біріншіден, екіншіден, үшіншіден т.б. жалпы алғанда, тұтасынан
алғанда, демек, осылайша, ең соңында, себебі, сондықтан т.б.
кіріспе-модальды сөздер қолданылады.
Мұндай ойталқыда баяндауыш, әдетте, ойталқы тақырыбының
нышандарына тән тұрақтылықты білдіретін осы шақта болады.
Алайда дәлелдемеде келер шақта болуы да мүмкін.
Ойталқының үшінші бөлімі – қорытындысы жоқ түрлері де
кездеседі. Айтылған дәйектемемен мақұлданады. Қорытынды жасау
оқырманның (тыңдаушының) өзіне қалдырылады.
Көркем шығармаларда ойталқы мағыналық жағынан да,
құрылымдық ұйымдастырылуы жағынан да әр қилы болады. Оларда
тезиссіз және қорытындысыз тек ойталқының өзі жиі кездеседі.
Ойталқының модальды сөздерсіз құрылуы жиі.
Себебі, сондықтан, демек т.б. имплицитті байланыс құралдары
көркем шығармада классикалық ойталқыны көрсетіп тұрады. Бұл
байланыс
құралдарын
ойша
сөйлемдердің
арасына
оңай
ораналастыруға болады.
Ойталқы таза күйінде басқа стильдерге қарағанда көркем
әдебиет шығармаларында едәуір сирек кездеседі (іскерлік стильде
мүлде болмайды деуге болады). Ойталқы элементтері суреттеу және
әңгімелеуде жиірек ұшырасады. Ондай күрделі фразалық тұтастық
типін әдетте аралас типке жатқызады.
Негізгі үш бөлім – тезис, дәлелдеме және қорытынды бөлініп
көрінетін ойталқыға негізгі назарды аударған жөн. Тезис түсінікті бір
сөйлеммен де айқын құрыла береді, дәлелдеме (аргументация)
біріншіден, екіншіден, үшіншіден, сол сияқты, сондай-ақ, сонымен
бірге және басқа да қыстырма сөздермен басталуы мүмкін.
Ойталқының қорытындысы кейде қысқа да нұсқа бір сөйлемнен тұра
береді.
62
Ойталқының композициялық ұйымдастырылуы (бүкіл мәтін
сияқты) мәтіннің қандай стильге жататына қатысты.
Мәселен, ғылыми мәтіннің (кез-келген жанрда) композициясы
стандартты, онда үш тармақтық-тақырыптық (кейде тақырыпшаның
да), кіріспенің, тақырыптың дамуының және қорытындының болуы
міндетті. Жанрды тақырыптық кешенде белгілеу өте сирек.
Ресми-іскерлік мәтін композициялық тұрғыда клишелі
мәтіндерге, яғни белгілі бір қатаң композициялық құрылымды
мәтіндерге жатады. Ресми-іскерлік мәтіннің тақырыбының мәні
жоғары, оған тұтас мәтіннің проспективалы белгісі
(өтініш,
анықтама, акт, түсініктеме хат, бұйрық, заң, т.б.) болып табылатын
мәтіннің жанрлық белгісі енуі маңыздырақ. Мәтіннің жанрлық
белгісінде адресатқа прагматикалық бағдар көрсетілген. Маман
заңгерлер оны зерделеп, тіпті талқыға салады. Алайда ресми-іскерлік
мәтінде қорытынды әрдайым бола бермейді.
Публицистикалық мәтін тақырыптан, тақырып басталуынан,
дамуынан және аяқталуынан тұрады. Тақырып пен аяқталуы
антистандартты, бағалау және прагматикалық функцияны атқарады,
тақырып-информатикалық, ал қорытынды логикалық функцияға ие.
Публицистикалық мәтіннің басталуы тақырыптық мазмұнмен ұқсасавтордың мақсатын білдіріп, оқырманның назарын аударады.
Ауызекі сөйлеу
мәтінінің шекаралары берілген нақты
жағдаймен ғана, этикеттік шеңбермен анықталып, айтушының «мен»
желісімен байланысты.
Көркем мәтінде композициялық блоктар өте айқын бөлінген:
тақырыптар, мәтінді мүшелеудің графикалық тәсілдері. Көркем
мәтіннің тақырыбы – мазмұнына ақпарат енген, шығарманың бүкіл
құрылысын анықтайтын проспективалы бірлік.
Көркем мәтіннің композициялық шегі – басталуы (экспозиция)
мен соңында (финал) стандартсыздық басым, алайда мұнда белгілі бір
стереотиптер (жанрлық және жалпыстильдік) жинақталған.
Жалпы композициялық блоктардың сипаты мен ара қатынасы
эстетикалық міндет пен автордың психологиялық мақсатына
бағындырылған.
Ойталқы формасында кейіпкердің немесе автордың ішкі
дүниесінің толғаныстарын, ой арпалысы, болмысқа көз қарасы т.с.с.
ойлау үдерісіне негізделген көріністер орын алады. Бұл күрделі
фразалық тұтастыққа көбінесе риторикалық сөйлемдер, инверсия,
синтаксистік параллель түзілімдер, сөйлемнің үзілмелілігі сияқты
тілдік құрылымдар жатады.
Мысалы
63
Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп
дәті шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?
Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз
(Ж. Аймаутов).
Ойлауды құрайтын маңызды бөлшектерге уақыт пен кеңістік
және себеп- салдар жатады. Мысалы: Ақ тиін мен қасқыр
Бір күні ақ тиін бұтақтан ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне
құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:
- Мені жеме, жібер?- дейді.
- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр
уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін:
- Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын,- дейді.
Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
Сен
қасқыр,
залымсың,
залымдық
ішіңді
жандырады.Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге
жауыздық жасамаймыз, сол үшін де әр уақытта шат болып
жүреміз, - депті (Елу ертегі).
Сонымен, мәтіннің композициялық сөйлеу формалары туралы
лингвист ғалымдардың ұстанымдарын қорытындылай келе:
«Суреттеу- бейнелеудің кеңістіктегі дамуы болса, әңгімелеу- мезгілдік
дамуы, ал, ойталқы- логикалық дамуы... Шығарманың композициялық
құрлымы осы айтылған сөйлеу формаларының түрліше байланысып
қиысқан өрмегінен тұрады [17, 10].
4.6 Диалогты бөлшектеу
Диалогтік мәтіннің бірліктері (монологтік мәтіннен – бір
автордың сөйлемдерінің желілік тізбесінен) сөйлеу актісіне қатысушы
екі немесе бірнеше адамның айтылымының кезектесуімен құрылатын
сөйлемдердің баламалық тізбегін көрсетеді; әр қатысушы сөйлеу
актісі үдерісінде не айтушы, не тыңдаушы ролінде болады.
Психолингвистикалық көзқарас тұрғысынан диалогтың негізінде екі
жақты қатынас: түрлі варианттағы ынталандыру – реакция (бір
айтушының ынталандыруына сұхбаттасушының реакциясы, оның
әңгімені жалғастыру реакциясы, айтушының өзіне бағытталған
адресаттың ынталандыруы және т.б. болуы мүмкін). Коммуникативтік
көзқарас тұрғысынан айтушының – ынталандыруы (көбіне сұрақ,
дегенмен іс-қимылға ынталандыру және ақпаратты хабарлау)
айтылым тақырыбы, ал адресаттың – реакциясы – рема болады, бұл
сұрақ-жауап диалогтік бірліктерде тақырып-ремалық қатынас
64
тудыра отырып, бүкіл коммуникацияны өзектендіреді. Барлық жалпы
сұраққа әмбебап жауап – мақұлдау мен бас тарту болып табылады.
Жайылма диалогта коммуникативтік прогрессия да өзінше
дамиды. «Таза диалог» құрайтын ынталандыру мен реакциялардың
баламалы тізбесінде әрбір жаңа буын (ынталандыру-реакция)
коммуникативтік прогрессияның жаңа қадамына материал береді.
Диалогтік мәтін коммуникативтік-прагматикалық талдау кезінде
байқалатын көп өлшемді мағыналық мазмұнға ие.
Диалогтік мәтіннің мағыналық көлемі реплика (қақпайсөз)
тудыратын айтылымдардың пропозициялық мазмұнының негізінде
құралып,
имплицитивтік
құрамалар-пресуппозиция
мен
импликацияның көмегімен өседі. Алайда негізгі мазмұнын
интенциялық мәндер, модальды және эмоциялық мағыналар құрап,
осының бәрі статустық, рольдік қатынастардың әлеуметтік
мағыналары мен коммуниканттардың психологиялық жағдайларына
тіреледі.
Диалог бірліктерінің құрылымында монологтық сөздің күрделі
фразалық
тұтастықтарының
құрылымдық
безендірілуімен
салыстырғанда елеулі айырмашылықтары бар.
Диалогтың өзіне тән құрылымдық қыры – репликаның
ықшамдылығы. Ауызекі сөзде диалог бірліктерінің интонациялық
бірлігі айқын көрінеді.
Диалог – үдемелі дамитын сөйлеу оқиғасы; сөйлеу әрекетінің
үдерісі және жемісі ретінде құрылып, оған мыналар кіреді:
- айтушының әлем және қарым-қатынас жағдайы туралы білімі;
- адресатта да сондай білімнің, пікірдің т.с.с. болуын ескеру;
- өзімен арақатынаста адресаттың әлеуметтік ролі мен
мәртебесіне бағдар ұстау.
Диалог
бірлігін
құрайтын
репликалардан
тұратын
микродиалогтар мен әңгіме, дау, ұрсысу, сұхбаттасу және т.б.
жанрдағы макродиалогтар өзара ажыратылады.
5 Мәтіннің интеграциясы мен аяқталуы
5.1 Мәтін интеграциясы туралы ұғым
Интеграция (лат. integratio–орнын толтыру, тұтас) – жекелеген
дифференцияланған бөлшектердің тұтасқа байланыс жағдайын
білдіретін жүйелер теориясының ұғымы, сол сияқты сондай жағдайға
әкелетін үдеріс.
65
Мәтін линвистикасында интеграция – мәтіннің барлық
компоненттерінің (бөлшектерінің) бір тұтастыққа бірігуі.
Интеграция мен аяқталу категориясын ғалымдардың бәрі бірдей
бөле бермейді. И. Р. Гальперин интеграция категориясын да, аяқталу
категориясын да бөліп, сабақтастыра сипаттайды. З. Я. Тураева
интеграция категориясы, Т. В. Матвеева аяқталу категориясы туралы
айтады.
Біз интеграцияның да, аяқталудың да категориясын
И. В. Арнольд, И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская,
З. Я. Тураеваның еңбектерінде берілген зерттеулерді ескере отырып,
қарастырамыз, себебі мәтінді интеграциялаудың әр кезеңі ерекше
қызықты, сондықтан, біздің ойымызша, мәтінге, әсіресе көркем
мәтінге одан әрі талдауды барынша кәсіби жүргізу үшін тиянақты
сипатталуы тиіс.
Мәтінге қатысты интеграция – әрі үдеріс, әрі нәтиже. Жекелеген
күрделі фразалық тұтастық мағыналарын, жекелеген тараулардың
мазмұнын және өзгелерін бір тұтастыққа біріктіре келіп, интеграция
бұл бөлімдердің қатысты автосемантиясын бейтараптандырып,
оларды шығармада жинақталған ортақ ақпаратқа бағындырады.
Интеграция мәтін жүйесінің өзінде беріліп, онда даму барысына
қарай туындайды. Мәтіннің бөлінбес категориясы болғандықтан, ол
мазмұндық-фактуальды, ең бастысы мазмұндық-концептуалды
ақпаратты сабақтастыра пайымдауды қамтамасыз етеді.
Интеграция үдерісінде ең бастысы-мәтін бөліктерінің орталыққа
ұмтылушылығы. «Орталық» мазмұндық-концептуалды
ақпарат.
Интеграция үдерісінің өзі мазмұндық-концептуалды ақпарат үшін
елеулі мәтін бөлімдерін іріктеуді керек етеді.
Интеграцияның күші оларды кейде өздерінде айтылған
этикалық принциптері немесе көркем-эстетикалық функциялары
бойынша тең мәнді немесе жақын жағдайға қойып, бөлімдердің өзара
шарттылығын ашуда.
И. Р. Гальперин когезия мен интеграция категорияларының
араларын шектейді. Бұл ұғымдар өзара шарттас, бірақ айтылу
формалары мен құралдары тұрғысынан әр түрлі. Когезия – мәтінді бір
контексті – вариациялық мүшелеуден басқасына өткенін анықтайтын
мәтіннің
жекелеген
бөлімдерінің
арасындағы
байланыс
(грамматикалық, семантикалық, лексикалық) формалары. Интеграция
– мәтіннің тұтастығына жету мақсатында оның барлық бөлімдері мен
компоненттерін біріктіру. Интеграцияның когезия құралдарымен
жүзеге асырылуы мүмкін, дегенмен
ассоциациялық және
пресуппозициялық қатынастарда да құрылады. Когезия – логикалық-
66
тілдік, интеграция – логикалық категория. Когеренттілікпен
жақындасады. Когезия желілі болса, интеграция – тік және көлемді [1,
124–130 б.].
Көлемі шағындау мәтіндерде когезия интеграцияны толық
қамтамасыз етеді. Мұндай мәтіндерде бөлімдердің байланысы мен
өзара шарттылығы айқын.
Когезия тек шағын үзінділер байланысының қосалқы құралы
болып, әсіресе авторлық шегінісі бар ірі үзінділер мен бөлімдерде,
көркем мәтіндерде айрықша көріне қоймайды.
Алайда ірі ғылыми мәтіндерде – монографияларда,
диссертацияларда,
оқулықтарда
ауытқулар-өткізілген
сынақтамаларды талдау, басқа зерттеушілердің көзқарастарын
баяндау және т.б. болуы мүмкін. Дегенмен зерттеудің негізгі
проблемасымен байланысты болғандықтан, олар интеграция үрдісіне
оңай беріледі. Интеграция интеграция үдерісі ретінде де, оның
нәтижесі ретінде де көрінетін қорытындылар мен түйіндемелерде
толығырақ өткеріледі.
Ғылыми және іскерлік мәтіндерде интеграция үдерісі мен оның
нәтижесі әдетте алдын-ала бағдарланады. Әдеби-көркем мәтіндерде
интеграциялау тәсілінің тіпті автордың өзі үшін де тосын болуы
мүмкін.
Әдеби шығарманың интеграциясын қабылдау сол
шығарманы бірнеше рет оқуды қажет етеді, оқыған сайын оған
басқаша көзқарас тұрғысынан қарайды. Шығармаға аналитикалық
тұрғыдан келгенде, яғни алғашқы тұтас қабылдауды ажыратқанда
ғана интеграция эксплицитті болуы мүмкін.
Интеграция үдерісі әсіресе мазмұндық-концептуальды ақпарат
ашылмаған, көбіне әзер байқалатын құбылыс байланыстары бірқатар
бейнелерде, ассоциацияларда, көмескі көріністерде шашырап кететін
поэтикалық мәтіндерде байқалуы өте қиын. Мұнда интеграция
фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, бейнелік
және басқа құралдардың көмегімен жасалады. Тұтас бейнені тілдік
безендірудің ерекшелігі жекелеген лингвистикалық бірліктердің
тұтастық ретінде мәтінге жай бағынуында емес, сол бірліктердің
дербес мазмұндық құндылықпен үйлесуінде.
З. Я. Тураеваның пікірінше, мәтінде интеграция:
1) түрлі деңгейдегі (лексикалық, морфологиялық, синтаксистік)
бірліктерді
байланыстыратын
иерархиялық
қатынастардың
әрекетімен;
2) өзара әрекеттестігінде терең және үстіңгі құрылымдарды
қамтитын байланыстылық категориясының әрекетімен;
67
3) мәтінде басқаша мән алатын тілдік бірліктердің өсуімен
қамтамасыз етіледі [11, 23].
5.2 Мәтін интеграциясындағы лексикалық, морфологиялық
және синтаксистік деңгейлер бірліктері. Лексикалық деңгей
бірліктері
Лексикалық деңгей бірліктері мәтін интеграциясында үлкен
роль атқарады. Мәтінде сөздің ықтималды көп мәнділігінің өткерілуі,
жүйеде тіркелмеген қосымша қосарлы мәнділіктің пайда болуы –
жоғары рангалы бірліктер ретінде тек мәтіннің пайда болуымен
туындайтын интеграциялық қатынастардың, мәтіннің ауқымды
байласымының нәтижесі. Стилистикалық тұрғыда бейтарап сөздің
поэтикалық мәтінде, басқа мәтіндерде өзіне тән емес коннотация
алуы, ал бейтарап контекске енген поэтикалық сөздің тұтас абзацты
асқақтатуы мүмкін.
Белгіленген мен белгілейтіннің арасында күтілетін сәйкестіктің
бұзылуынан күлкілі немесе кекесінді әсер туады. Ауызекі сөйлеу мен
салтанатты-асқақты лексиканы, бейтарап және ресми-іскерлік, өзге
кәсіби лексиканы, диалектизмдер мен жаргонизмдерді, қарабайыр
сөздерді қолданғанда мұндай әсер жиірек туады.
Күрделі құрылымдық-семантикалық бірлік ретінде мәтінге сөзді
интеграциялау сөздің көркем шығармада, түрлі функцияларда
қолданылуында мүмкіндік береді. Сөз мұнда кейіпкердің белгісі
ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда лексикалық бірліктер мәтіннің
түрлі шағын жүйелерінде-кейіпкердің сөзінде (диалогтік сөз), өздік
емес төл сөзде, әңгімешінің сөзі тұрғысында қолданылады. Сөзде
негізгісімен (бірінші кодтық мәнмен) қатар бүкіл мәтін жүйесінде ғана
түсінікті болатын екінші кодтық мәні пайда болады.
Екінші кодтық мән мәтіннің мазмұнынан ғана емес, оның
контекстуалды, жағдаяттық және энциклопедиялық ақпаратпен
әрекеттестігінен құралатын мағынаны қалыптастыруға қатысады.
Автордың немесе кейіпкердің сөзіне енген лексикалық бірліктер
кейіпкер, оның әлеуметтік және мәдени мәртебесі туралы қосымша
ақпарат жеткізу құралы болуы мүмкін. Сөзді жоғары рангалы бірлік
ретінде мәтінге интеграциялау кезінде оның жүйелік мәнінің ауытқуы
міндетті емес. Керісінше, сөздің көп мәнділігін өткеру көп жағдайда
сөздің негізгі сөздік мәні, тілде сөзге ілесе жүретін негізгі
стилистикалық коннотациялар аясында жүзеге асырылады. Тіл
тұрақтылық қасиетінсіз коммуникация құралы бола алмайтындықтан
бұл – табиғи жай.
68
Дегенмен
интеграциялық
қатынастардың
әсерімен
перифериялық мәнді өткеру, ассоциациялық және коннотациялық
мәндерді белсендірлендіру жүріп, сөз стилистикалық бояу алып,
кейіпкерлерді сипаттауға қатысады.
Морфологиялық деңгей бірліктері
Морфологиялық деңгейде интеграциялық қатынастар әрекеті
етістіктің шақ түрінде айқын байқалады.
Мәтін деңгейінде шақ түріндегі тұлғалар интеграциялық
қатынасқа түседі. Олар көркем уақыт айтылымына, әңгіме
айтушының көзқарасын қалыптастыруға, әңгімешінің уақыт
позициясын өзгертуге, авторлық уақытты кейіпкердің жеке уақытына
ауыстыруға және тағы басқаларға қатысады. Шақ түріндегі тұлғалар
композициялық құрылымды күрделендіруде, уақыт позициясын
көптеп тудыруда белгілі бір роль атқарады.
Г. А. Золотованың пікірінше, тұтастық ретінде мәтіннің
композициясында сол тұтастықтың бірліктері (бір сөйлемнен, сондайақ сөйлемдер тобынан, абзацтан тұратын мәтін үзінділері, блоктар
т.с.с.), яғни композитивтер елеулі роль атқарады. Регистрлік
композитивтердің
қосылуы
мен
кезектесу
тәсілдері
мен
принциптеріне, ең алдымен, етістік-баяндауыштың шақ түрі
тұлғаларының ара қатысы жатады, соның арқасында коммуникативтік
мақсатына, жанр заңдарына, әдеби амалға, айтушының еркіне, оның
жеке стиліне және тағы басқаларға қарай айтушының хабарға қатысты
–«бірге өмір сүруі» немесе қашықтан қарауы сияқты түрлі
позицияларын көруге болады [2, 442].
Регистрлерді біріктіру амалдары тек көркем мәтінге ғана тән
емес, олар журналистикада да, ауыз екі сөзде де қолданылады.
Автордың мәтін мен мәтіндік стратегияны ұйымдастыру
тактикасын таңдауы мәтіндегі баяндауыш етістіктердің шақ түрі
тұлғасын шендестіруіне қатысты. Етістіктердің шақ түр функциясы
шағын жанрлы шығармаларда композицияның төрт түрін шектеуге
мүмкіндік береді:
«1» – жабық композиция, етістікпен басталып, аяқталады, оқиға
уақыт ағымынан тыс, бұрынғы-соңғы оқиғалардан бөлініп қалған
сияқты болады;
«2» – ашық композиция, онда етістіктермен аталған ауыспалы
оқиғалар бұрынғы және кейінгі уақытқа тарап кеткендей, сөйтіп
оқиғаның қайталанып тұратын, үйреншікті екенін білдіреді;
69
«3» және «4» композициялық типтер аралас, қарқынды
басталып, соңында уақыт жағынан тарап кетеді, оқыс, күтпеген әсер
қалдырады.
Мысалы, қысқа ертегілерде:
Арыстан келе жатты. Қоянды көрді. Оны ұстап алып, жеп
қойды. Бітті.
Бұл қысқа үзіндіде етістіктің өткен шақ формалары және
есімдіктің ең маңызды функцияларының бірі – сөздердің толық мәнді
лексикасы болғанда ғана өткерілетін субститут функциясы (субститут
– лат. substitutus – орынбасары басқа адамды ауыстырған адам).
Есімдіктің екінші функциясы – «Мен» және «Сен» тұлғаларын
автосемантикалық белгілеу функциясы, яғни есімдіктің толық мәнді
бірлік ретінде көрінуі. Есімдіктің мұндай функциясы түрлі жанрларда
болуы мүмкін, бірақ әсіресе лирикалық жанрда айқын байқалады.
Мәтіндегі сөйлем
Синтаксистік деңгей бірліктері (сөйлемдер, айтылымдар,
күрделі фразалық тұтастық) туралы өткен тараулар мен параграфтарда
жан-жақты айтылды.
Мәтіннің күшті позицияларын, яғни басы мен аяғын толтыруда,
семантикалық, синтаксистік және стилистік байланыстың мәтін
құрылымының доминантты семантикалық-стилистік элементтерін
бірыңғай тұтас мәтін мағынасына интеграциялауда мәні ерекше.
Автордың коммуникативтік-шығармашылық ниетін айқынырақ
айтатын мәтіннің композициялық-сюжеттік құрылысы осындай
байланысқа айналады. Оқырманның мәтіннің бастапқы және соңғы
позицияларында меңгеретін білім аясының көлемі де әр қилы, егер
мәтіннің басын қабылдағанда жазушының шығармашылығы туралы
оның білімі бұлыңғыр болса, шығарманың соңғы жолын оқығанда ол
сюжеттік эпизодтардың, көркем бейнелердің және мәтінде
интеграцияланатын сөз бірліктерінің жүйелік жиынтығына қанығады.
5.3 Көркем мәтін интеграциясындағы бейнелік жүйе
Көркем мәтіннің ауқымды байласымы, интеграциялық
қатынастардың ролі бейнелік жүйесінің деңгейінде де танылады.
Сөздің мәтінде ие болатын ассоциациялық мәндері жүйелік
(узуальды) және контекстуальды (тосын) мәнінің арасындағы
семантикалық қашықтыққа қарай өткеріледі.
Үстеме (бейнелік) мән көркем шығарманың мәтінін
интеграциялауға белсене қатысады.
70
Үстеме мәнді тудыратындар:
-ішкі тұлғасымен сезілетін туынды сөздер (ақшақар – ақ қар),
туынды негізбен салыстырғанда айтылған нышанның әсерлілігіне ие
болады;
- дыбысқа
еліктеушілікте жасалған сөздер (қарқылдау,
шиқылдау, сыртылдау);
- лексикалық мәні ауыспалы типті сөздер (метафоралар,
метонимиялар, синекдохалар т.б.);
- жеке авторлық құрылымдар (тосын сөздер);
- сөздер үйлесімділігінің бұзылуы: жапырақ сыбырлайды, уақыт
еншісі;
- тура мәнді және қалыпты дыбыс қабыршақты (оболочка)
сөздер (көбіне жалқы есімдерге қатысты).
Бейнелік жүйе автордың эстетикалық - философиялық
тұжырымдамасымен тікелей байланысты және жазушының өзіне тән
мәнері, стилінің барынша дара компоненті болып табылады.
5.4 Мәтіннің аяқталуы. Мәтіндегі тақырып пен эпиграф
Интеграция мен аяқталу категориялары өзара байланысты және
шарттас. Біз қабылдайтын «әлем суреті» үнемі қозғалыста болып,
өзгеріп отырады. Автордың пікірінше, тақырып дамуымен нәтижеге
жетсе, онда мәтіннің аяқталғаны.
Аяқталу ұғымы бөлімдеріне емес, тұтас мәтіннің өзіне тән.
Автордың ойын түсіне алмаған оқырманға мәтін аяқталмағандай
көрінуі мүмкін. Шынтуайтында мәтін аяқталған, тек автор көтерілген
проблема бір мәнді шешілетіндей жетіп, піспеген. Не мазмұндықфактуалды ақпарат немесе астарлы мәтін оқырманға қалай аяқталарын
меңзеп тұр, сондықтан автор қорытынды жасаудың қажеті жоқ деп
шешкен.
Түрлі типті, әсіресе көркем мәтіндерде жаңа проблеманың
қойылуының өзі аяқталғандық іспетті. Әсіресе, атының өзі сұраулы:
«Кім жазықты?» сияқты болса, айқын байқалады.
Эпиграф – көркем (басқа да) мәтіннің оқырманның назарын
бастапқы мәтінге аударып, ассоциациялар желісін дайындайтын
компонент. Эпиграфта қос бағыт – бастапқы (эпиграф алынған) мәтін
және жаңа мәтін (эпиграфтан кейін тұратын). Эпиграф пен мәтіннің
арасында өзара бағытты байланыс бар: эпиграф мәтіннің терең
құрылымын ашады, соңғысы эпиграфқа тереңірек үңілуге, жаңа
ассоциация тудыруға, оның тезаурусы негізіндегі идеялар мен
түсініктерге «жан бітіруге» ықпал етеді.
71
Осылайша,
тақырып
пен
эпиграфты
дұрыс
түсіну
интеграциялық қатынастар әрекетімен және тұтастық ретінде
мәтінмен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ контексті кең түсінумен,
оқырман мен автордың жалпы білімінің пресуппозициясымен
байланысты.
Мәтіннің аяқталуына эпилог пен соңғы сөз де белгілі дәрежеде
әсер етеді.
Демек, тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы олардың
мәтінді интерпретациялау үдерісіне қатысуына байланысты
пайымдалады.
Аяқталғандық мазмұндық-концептуалды ақпаратты аша
отырып, мәтіннің дамуына шек қояды. Аяқталғандық-қорытынды
эпизод немесе шығарманың фабуласы мен сюжеті дамуының соңғы
кезеңін суреттеу, аяқталғандық – мәтіннің «нүктесі».
6 Автордың тілдік тұлғасы және автор бейнесі
6.1 Мәтін авторының тілдік тұлғасы
Әр мәтіннің сыртында тіл жүйесін меңгерген тілдік тұлға немесе
сөйлеу туындысын (мәтінді) тудыруына және қабылдауына қарай
адамның қабілеттері мен мінездемелерінің жиынтығы ретінде
түсінілетін автордың тілдік тұлғасы тұрады.
Мәтіннің авторға тәуелділігі мәтін авторы – тілдік тұлғаның
типімен анықталады, автордың сөйлеу мәдениетінің (элитарлық,
әдеби-сөйлеу, орташа әдеби, ауызекі қарапайым, т.б.) қай типіне
жататыны, жынысы (әйел, еркек), жасы, мамандығы – бәрі қосыла
келіп, оның жеке басының қасиеттерін танытады.
Әрбір нақты жағдайда автор өз позициясын әртүрлі – кейде
ашық, кейде сөз арасында, кейде бүркемелей, мазмұндықконцептуалды немесе астарлы мәтінді ақпарат арқылы жеткізеді.
Автордың «мен»-інде автордың тұлғасы ғана танылып
қоймайды, «мен» құрылымында (ең алдымен көркем мәтіндерде)
автор мен әңгімешінің, автор мен лирикалық кейіпкердің (әсіресе
өлеңде) тұлғасының бірігуі мүмкін.
Автор өз позициясын мәтінде автосемантикалық үзіндіде,
«еркін» сөйлемдерде ашық айта алады, кейіпкердің мінез-құлқы,
көңіл күйі, әлдебір құбылысқа көзқарасы авторға тән болуы мүмкін.
Автордың
араласуымен
суреттеменің
кеңістік,
уақыт
шекаралары жылжиды.
72
Мәтінде автордың қатысымының сөздік танылуы автор
кестесін құрайды. Т. В. Шмелева оны мәтінде мына элементтермен
көрсетеді:
1) әдетте «кадрдың сыртында» қалып қоятын, бірақ өзін таныту
үшін мәтіннің ерекше фрагментін ала алатын автор мен адресат
«фигураларының» экспликациясы. Мысалы, «автор фигурасының»
танылуы;
2) суреттеу үшін іріктеліп алынған тілдік құралдармен,
авторландырылған ақпарат құралдарымен және әр қилы авторлық
бағалаумен;
3) метамәтінді немесе А.Вежбицкая айтқандай, «мәтіндегі
мәтінді» яғни суреттемесін және сонымен бір уақытта оқырманға
түсіндіру нұсқаулығы болатын мәтін бөлігін қолдану [ 28, 72–73 б.].
Кейбір авторлар иннективті (лат. inectio-«өру») метамәтін
құралдарын контекстуалдық (біріншіден, екіншіден, т.б.) және
интерперсоналдық (әрине, мүмкін, өкінішке орай, ... қайталау,
санамалау, сандық деректер, шрифтпен бөлу, риторикалық сұрақтар
және т.б.), деп ажыратады.
Мәтіннің авторлық кестесі оның тілдік ерекшеліктеріне қарай
елеулі.
Авторлық кестені елеулі ету-етпеу автордың өзінің қолында.
6.2 Автор бейнесі көркем мәтін категориясы ретінде
Сан алуан шексіз айтылымдар мен мәтіндерге сіңіп кеткен автор
тұлғасы өзін автор бейнесінде көрсетеді, алайда оның шын авторға еш
қатысы болмауы да мүмкін (мысалы, Л. Н. Толстойдың «Кавказский
пленник» шығармасында автор бейнесі солдат, қарапайым халықтан
шыққан адам).
Нақты тілдік тұлға мен автор бейнесін ұқсастыруға болмайды,
олар бір-бірінен эстетикалық тұрғыдан мүлде бөлек. Автор бейнесін
автор «актердің сахнада сомдаған ролі» сияқты әдейі жасайды.
В. В. Виноградов «автор бейнесі» ұғымын енгізіп, өзінің көркем
сөз теориясының негізі етті. «Автор бейнесі-сөз өнерінің барлық
стилистикалық амалдары тоғысатын, бірігетін, синтезделетін
орталығы». Автор бейнесі дегеніміз «көркем шығарманың бойымен
өтетін жеке дара сөз сөйлеу құрылымы». Автор бейнесі –
шығарманың бірыңғай дүние таным арқау болған жеке бөлшектерін
бір тұтастыққа біріктіретін ұйымдастырушы күш» [29, 151]. Автор
бейнесі – әрдайым біршама идеалдандырылған, өмірбаяндық
шындықтан белгілі бір ауытқушылық.
73
Автор
бейнесі баяндау тәсіліне (бірінші жақтан, әңгіме
айтушының атынан, т.б.) қарамастан кез-келген шығармада айқын не
бүркемелі болады.
В. В. Виноградовтың пікірінше, «автордың қатысы» автор
бейнесінің анықтауышы болып қызмет етеді. Оның тура айтылуы
мүмкін, алайда көбіне мәтіннің бүкіл ішкі құрылымында болып,
«композиция мен стильдің тереңінде» жасырынып жатады. Автор
бейнесі, автор тұлғасы «оның тақырыпқа қатысынан» ашылады.
Көркем әдебиетте автор бейнесі айту формаларының көптігін
көрсетеді. Шығарма авторы автор бейнесі арқылы өз тұлғасы адам
және жазушы ретінде тікелей айтуға тырысып, авторға ұқсамайтын
кейіпкерге, әңгімешіге барынша жақындауға ұмтылады.
Авторлық көзқарас автор бейнесін барынша ашық формада
көрсетеді. Кейіпкерлерінің ойы мен іс-әрекетін суреткердің өзі
топтаса, оның бейнесі туралы пікір қалыптасады. Осы бейне
композицияда да, сюжетте де, шығарманың тілінде де жүреді. Ол
өзінің ролін оқиғаға тікелей қатысушыға немесе куәгерге жүктеп
қойса (осы мақсатта әңгімеші ролі енгізіледі), онда автордың
позициясын анықтау қиынырақ. Әңгімешінің әңгімені бірінші, екінші
немесе үшінші жақтан айтуы мүмкін.
Автор көзқарасының әңгімешінің көзқарасымен толық сай (бір
бағытта әңгімелеу) келуі де, келмеуі де (әр бағытта әңгімелеу) мүмкін.
Көркем әдебитте әңгімелеудің осы екі желісі бір-бірін толықтырып
отырады.
Автор бейнесі ең алдымен баяндау тәсілінде байқалады. Автор,
әңгімеші, кейіпкер суреттеуге қатысты әр түрлі позиция ұстануы
мүмкін. Бірыңғай «мен» авторлық көзқарасқа жақын көзқарасты да,
оған қарама-қарсы көзқарасты да біріктіре алады. Баяндау
перспективасы автордың идеяны дамыту үшін таңдаған баяндау
тәсілінің көрінісі болып табылады.
Көркем прозада баяндау перспективасының екі түрі бар:
1) шектеусіз баяндау перспективасы;
2) шектеулі перспектива. Көптеген шығармаларда баяндау
перспективасының екі түрі әр алуан формада үйлесіп жатады:
вариантты тұрақсыз баяндау перспективалы шығармаларды және
тұрақты константты баяндау перспективалы шығармаларды атауға
болады.
Баяндау перспективасы екі бағыттан – объектіленген авторлық
баяндау мен субъектіленген әңгімеден тұрады. Әр бағытта
74
(объектіленген және субъектіленген) бірнеше баяндау типтері
ажыратылады:
- баяндаушының бірінші типі – мәтінде көрінбейтін,
айтылмаған, авторға барынша жақындастырылған және әңгімені
үшінші жақтан айтатын баяндаушы. Ол көркем шығарма оқиғасына
қатыспайды, тек сыртынан бақылайды. Бұл тип автор - баяндаушы
ретінде белгіленеді;
- баяндаушының екінші типі-кейіптендірілген әңгімеші, көркем
шығарма кейіпкерлерінің бірі, оны «әңгімеші оқиғаға қатысушы»деп
белгілеуге болады;
- баяндаушының үшінші типі әңгімешінің де, прозалық шығарма
басты кейіпкерінің де бір адам болуы. Баяндау уағызды әңгіме
(исповедальный рассказ) сипатында болады.
Осылайша көркем мәтін авторы баяндау типін, идеяны қай
тұрғыда дамытуды және тұтас эстетикалық құрылым үлгісін
анықтайды.
Оқиғаны басым көпшілігінде адам нақты баяндаушысы бар
бірінші жақта әңгімелейді, алайда кез-келген жанды (жылқы, мысық,
ит, т.б.), жансыз заттың әңгімеші болуы мүмкін. Өлеңдерде жансыз
дүниенің не хайуанның атынан сөйлеу кең тараған.
Бірінші жақты шығармалардың бір бөлігін естеліктер құрайды.
Естеліктер әлі есімде, көз алдымда, т.б. тұрақты сөз
тіркестерімен беріледі.
Бірінші жақты баяндауларға әңгіме тұрақты қайталанатын ісәрекет туралы болғанда бірінші жақтағы есімдіктің варианты сияқты
көрінетін екінші жақтағы есімдікпен ұйымдастырылған үзінділер
қосылады.
Баяндаушы – әрі әңгімеші, әрі кейіпкер болса, бірінші жақтан
баяндағанда әдеттегі «мен»-нің орнына үшінші жақты есімдіктің
шығуы мүмкін.
Автор бейнесі – бүкіл шығарманың өзегі, ол өз кейіпкерінің
басынан өткен жайларда, тағдырында, сөзінде, мінез-құлқында,
оқырманға эстетикалық әсерінде көрініс табады.
Қорыта
келгенде,
автор
бейнесі
мәтіннің
барлық
категорияларын, соның ішінде когезияны, уақыт және кеңістік
континуумын топтастырады. Бүкіл шығарманың композициялыққұрылымдық формасын анықтайды.
75
Қорытынды
Оқулықта баяндалған мәтіннің негізгі категориялары мен
ұғымдары туралы түсінік тіл маманына жалпы мәтіндерді, соның
ішінде талдауы ерекше күрделі көркем әдебиет мәтінін толық және
жан-жақты талдауға көмектеседі.
Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді кешенді талдау көп
аспектілі және көп қырлы. Талдау жасауға кірісерден бұрын мәтін,
оның ерекшеліктері мен көбірек белгілі категориялары, сол сияқты
әрбір нақты мәтінде олардың қалай көрінетіні жайлы түсінік болу
керек. Алдымен мәтінге ішінара талдау жүргізіп, яғни не байланыс
түрлері мен құралдарын, не мәтінде информативтік, континуум,
модальділік т.б. категориялардың көріну тәсілдерін талдап, содан
кейін мәтінді жан-жақты талдауға көшкен жөн.
Мәтінді терең кешенді талдау көркем әдебиет мәтіндерін
шынайы түсінуге, оқушыларды қарабайыр сөздерден аулақтатып, өз
бетінше ойлап, пікір айтуға, адамгершілігі зор білімді де мәдениетті
тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді.
Сөз соңында, «Мәтін лингвистикасы» пәні бойынша семинар
сабақтары мен студенттердің өздік жұмыстарында мәтіндерді, әсіресе
көркем мәтінді, лингвистикалық, филологиялық талдау жүргізгенде
пәннің теориялық мәселелерін ойдағыдай игеру үшін міндетті түрде
қазіргі қазақ тіл білімінде жарық көрген бай практикалық/тілдік
материалды кеңінен, жүйелі түрде пайдаланған бірден-бір дұрыс
бағыт деп санаймыз.
76
Терминологиялық түсіндірме сөздік
Абзац – жаңа жолдан басталатын мәтін бірлігі, күрделі
құрылымдық-семантикалық тұтастық.
Автор бейнесі – көркем шығарманың мағынасы мен стилінің
барлық элементтерін мәтіндік тұтастыққа біріктіретін лингвистикалық
категория.
Автордың тілдік тұлғасы – автордың даралығы мен көркем
мәтін тудырудағы ерекшеліктері.
Айтылым – бір коммуниканттың бір сөйлеу актісіндегі сөйлеу
әрекеті.
Антропоцентристік бағыт – зерттеу жұмыстарының,
танымның адамға, оның барлық сипаттарына (жеке басының, ұлттық,
әлеуметтік) бағытталғандығы.
Ақпарат – (лат. informare-суреттеу, бір нәрсе туралы ұғым
құрастыру, хабарлау) қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың
қасиеттері мен ерекшеліктері туралы қарым-қатынас жағдайында
табиғи тіл арқылы берілетін ақпардың жиынтығы:
Мазмұнды-фактуалды ақпарат – фактілер мен оқиғаларды,
олардың уақыты мен орнын, автордың ойын, сюжеттің дамуын
көрсететін ақпарат;
Мазмұндық-концептуалды ақпарат – автордың қоғамдық
өмір құбылыстарын өз бетінше саралауын, түсінуін, бағалауын
оқырманға жеткізуінің көрінісі;
Мазмұндық-астарлы ақпарат – тіл бірліктерінің ассоциативті
және бағалаушы мағына тудыра алу қабілетіне қарай мазмұндық
нақты ақпараттан алынатын жасырын ақпарат.
Ақпараттылық – мәтінге тән негізгі категориялардың бірі.
Әңгімелеу – тұтастық, байласымдық және мағыналық
аяқталғандық, ақпарат беру категорияларына ие композициялық
сөйлеу формаларының бірі.
Байланыс жарыспалы – мұнда сөйлемдер бір-біріне
іліктеспейді;
Байланыс тізбекті – мұнда әр сөйлем келесі сөйлеммен
іліктеседі.
Байласымдылық – мәтінге тән негізгі категориялардың бірі, ол
тұтастықпен бірігіп, автор интенциясы мен оқырман қабылдауын
мейлінше жақындастыруға ықпал етеді.
Бөлшектік – автор өзі баяндап отырған оқиға, құбылыстың
жекелеген қырларына назар аударатын және оқырманның алған
ақпары түсінуін жеңілдететін мәтін категориясы.
77
Гипермәтінділік – бір мәтінді екінші бір мәтін арқылы
ажуалау, кемсіту.
Дискурс – (лат.discursum-әңгімелеу,сөйлеу үдерісі) кең
мағынадағы тілдік іс-әрекет, тар мағынада – байласымды мәтін.
Жағдаят – мәтіндегі оқиғаның орны мен уақыты және
кейіпкерлер жөніндегі ақпар.
Идея – (грек. idea-ұғым, түсінік) – тақырып пен мазмұн
қатынасының нәтижесі.
Инвенция – сөйлеуді тудыру.
Интермәтіндік – мәтінге басқа шығармалардың мәдени
кеңістігінің енуі.
Категория – объективті болмыстың құбылыстары мен заттар
аралығындағы қатынастар мен байланыстары, ортақ қасиеттері мен
белгілері анықталған ұғым.
Категориялар мәтіннің – ақпараттылық, концептуалдылық,
байласымдық,
тұтастық,
аяқталғандық,
модальдылық,
коммуникативтілік, прагматикалық т.б.
Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың
нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің
орналасу тәртібін көрсетеді:
Кеңістік көркем – шектеусіз кеңістік;
Кеңістік шынайы – нақты кеңістік.
Когезия – (ағыл.cohesion-«бірігу») – мәтіндегі сөйлемдер
мазмұнының байласымдығы.
Когеренттік – (ағыл.coherence-«байласымдық») – мазмұндық,
құрылымдық байласымдық.
Континиум – (лат. continuum-үздіксіз,толассыз) – мәтіндегі
уақыт пен кеңістік ұғымдарының көрінісі:
Концептуалдылық – (лат. conceptio-қабылдау)
1) құбылысты қабылдаудағы пікірлер жүйесі;
2) негізгі идея.
Құрылым мәтіннің – мәтіннің мазмұны мен формасы
категорияларының арасындағы қатынастар.
Мазмұн – тақырыпты ашу үшін тілдік талдауға түсетін фактілер
мен құбылыстар.
Мәтін – (лат.textus-ткань, өрілім, қосылым) – аяқталған,
объективтелген жазба құжаты ретінде... бірқатар ерекше бірліктері
мен атауы бар, түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық,
стилистикалық байланыстармен біріктірілген, белгілі бір мақсат пен
прагматикалық бағыты бар сөйлеу шығармасының туындысы:
Макромәтін – көлемі үлкен шығарма;
78
Микромәтін – түрлі құжаттар, ақпараттар, көлемі шағын
шығармалар.
Мәтін түзу – «Текст түзу» - жетілген жазба әдебиетінің көрінісі.
Және ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені
текст түзу үшін сөз таптарын, грамматикалық амалдарды таңдай білу
керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса
білу керек. Метамәтінділік – мәтіннің алдыңғы бөліктеріне
түсіндірме немесе сыни сипаттағы сілтеме.
Модальділік – айтушының айтылымға қатынасын көрсететін,
ақпарат пен объективті болмыстың арақатынасын бағалауға арналған
грамматикалық-семантикалық категория:
Модальділік мәтіннің – автордың оқырманға болмыстағы
құбылыстардың себеп-салдарын, қатынастарын түсінуіне ықпал
жасау;
Модальділік объективті – ақпараттың болмысқа қатынасын
білдіру;
Модальділік субъективті – айтушының айтылымға қатынасын
көрсету.
Ойталқы – композициялық сөйлеу формаларының бір түрі,
кейіпкердің әр түрлі сезімін, көңіл-күйін, дүниеге көзқарасын, кейде
автордың ішкі ой-пікірін баяндайтын форма; ойталқының
құрылымына уақыт, кеңістік және себеп-салдар категориялары
жатады. Себеп-салдар ойталқыда құбылыстардың бірінен екіншісінің
пайда болу байланысын көрсетеді.
Прагматикалық – коммуниканттардың сөйлеу жағдаятын
ескере отырып, айтылым мақсаты мен бір-біріне және ақпарға
қатынасын білдіретін категория.
Проспекция – (лат.prospicere-«алға қарау») – оқиғадан соң не
болатынына тілдік құралдар арқылы сілтеме жасайтын категория, ол
уақыт және кеңістікпен тығыз байланыста.
Рема – (грек.rhema-сөз) – сөйлемнің актуалды бөлігі; хабардағы
бастапқы бөлік – тема жөнінде айтылатын және ойдың аяқталмаған
көрінісін жасаушы.
Регистр сөйлеудің немесе мәтін түрлері – мәтіндердің тілдік
ұйымдастырылуы:
Регистр ақпараттық – айтушы өзі білетін оқиғалар мен
фактілерді хабарлайды;
Регистр волюнтивтік – айтушы адресатты белгілі бір ісәрекетке жұмсайды;
Регистр генеритивтік – айтушы ой елегінен өткізген және өмір
тәжірибесінен жинақталған ақпаратты береді;
79
Регистр реактивтік – тыңдаушының жағдаятты бағалауы;
Регистр репродуктивтік – айтушы көргенін, естігенін, сезгенін
хабарлайды.
Ретроспекция – (лат.retrospicere-артқа қарау) – бұрынғы
айтылғанға (жазылғанға) оралу.
Суреттеу – болмыстың белгілі бір қалпын, күй-жайын
толықтайтын, көрсететін композициялық баяндау формаларының бірі.
Сюжет – (фр.sujet-шығарманың кейіпкерлері мен оқиғаларын
баяндайтын негізгі мазмұн) – тақырып пен композиция қатынасының
нәтижесі.
Тақырып – автордың құбылысқа қатынасын шығармасында
зерттеу, көрсету үшін сұрыптап алған негізгі ойы немесе ой
жиынтығы.
Тәсіл – композиция мен тілдің арақатынасын көрсететін амал.
Тұтастық мәтіннің – мәтін ішіндегі сөйлем, абзац, тарау, бөлім
мазмұндарының тұтастығы.
Тұтастық күрделі синтаксистік – ерекше синтаксистікстилистикалық бірлік құрайтын бірнеше сөйлемдер жиынтығы.
Тұтастық күрделі фразалық – мәтін құрайтын тіл бірлігі.
Уақыт – мәтінге тән категориялардың бірі, ол қатарлас
нәрселердің бірін-бірі ауыстыруын көрсетеді:
Уақыт концептуалды – оқиға өтетін уақыт;
Уақыт көркем – сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір
сүру формасы;
Уақыт объективті – күнтізбелік уақыт;
Уақыт перцептуалды – эмоциялық-экспрессивті уақыт;
Уақыт шынайы – басқа материалды объектілер сияқты
мәтіннің (кітап, газет, іс қағаздар, хаттар т.б.) нақты уақытта өмір сүру
формасы.
80
Әдебиеттер
1 Гальперин И. Р. Текст как объект лингвистического
исследования. – М. : Наука, 1981. – 183 с.
2 Золотова Г. А., Онипиенко Н. К., Сидорова М. Ю.
Коммуникативная грамматика русского языка. – М., 1988. – 250 с.
3 Современная русская устная научная речь. / под. ред.
О. А. Лаптевой. – Красноярск, 1985. – Т. 1. – 357 с.
4 Лингвистический энциклопедический словарь. – М. : Сов.
энциклопедия, 1990. – 685 с.
5 Москальская И. О. Грамматика текста. – М. : Высшая школа,
1981. – 215 с.
6 Алефиренко Н. Ф. Смысловая структура текста // Семантика
языка и текста: ғылыми мақалалар жинағы. – Волгоград, 1998. –
7 Бахтин М. М. Эстетика слова и язык писателя. – М., 1979. –
8 Богин Г. И. Речевой жанр как средство индивидуации /
Жанры речи. – Саратов, 1997. –
9 Әбікенова Г. Т. Көркем шығармадағы мәтінтүзім мәселелері :
оқу құралы. – Семей, 2010. – 155 б.
10 Одинцов В. В. Функциональные типы русской речи. – М.,
1982. –
11 Тураева З. Я. Лингвистика текста. – М. : Просвещение, 1986.
– 107 с.
12 Матвеева Т. В. Функциональные стили в аспекте текстовых
категорий. – М., 1990. –
13 Лосева Л. М. Как строится текст. – М. : Просвещение, 1980. –
94 с.
14 Кухаренко В. А. Интерпретация текста. – Л., 1979. –
15 Купина Н. А. Лингвистический анализ художественного
текста. – М., 1980. –
16 Брандес М. Стилистический анализ. – М., 1971. – 190 с.
17 Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы : Білім, 1994. –
124 б.
18 Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991. – 460 б.
19 Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми теориялық
негіздері: филол. ғыл. д-ры... дисс. – Алматы, 1999. – 340 б.
20 Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы : Санат, 1995. –
208 б.
21 Кунанбаева С. С. Темпоральные отношения в казахском
художественном тексте. – Алма-Ата : Ғылым, 1991. –
81
22
Ерназарова
З.
Сөйлеу
тілі
синтаксисінің
прагмалингвистикалық аспектісі: филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. –
Алматы, 2001. – 49 б.
23 Мустафина С. Текстообразующие средства казахского языка : автореф.
канд. филол. наук. – Алматы, 1986. – 24 с.
24 Әзімжанова Г. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық
әлеуеті: филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.
25 Әлкебаева Д. А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы : ЗиятПресс, 2007. – 243 б.
26 Маретбаева М. Ә. Әңгімелеу мәтінінің тілдік- стилистикалық
сипаты: филол. ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 2008. – 24 б.
27 Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы : Қазақ
университеті, 2002. – 111 б.
28 Шмелева Т. В. Текст сквозь призму метафоры тканья //
Вопросы стилистики. Вып. 27. – Саратов, 1998. –
29 Виноградов В. В. О теории художественной речи. – М., 1971.
–
Қосымша
1 Арнольд И. В. Стилистика современного английского языка. –
М., 1990. –
2 Әділова А. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы
интертекстуалдылықтың репрезентациясы, семантикасы, құрылымы:
филол. ғыл. д-ры... дисс.автореф. – Алматы, 2009. – 49 б.
3 Есенова Қ. Ө. Қазіргі қазақ медия-мәтінінің прагматикасы
(қазақ баспасөз мактериалдары негізінде): филол. ғыл. д-ры... дисс.
автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.
4 Кәріпжанова Г. Т. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау :
оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2009. – 112 б.
5 Қайшығұлова Ж. Қазақ мәтінінің күрделі фразалық тұтасым /
абзац деңгейінде мүшеленуі: филол. ғыл. канд. дисс. автореф. –
Алматы, 2001. – 24 б.
6 Қалиев Ғ. Қазақ тіл білімінің терминологиялық түсіндірме
сөздігі. – Павлодар : Кереку, 2010. – 605 б.
82
Мазмұны
Алғысөз.....................................................................................
Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде...........................
1
Мәтін және оның негізгі белгілері.........................................
1.1 Мәтін туралы ұғым..................................................................
1.2 Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері......
2
Мәтінге тән категориялар.......................................................
2.1 Мәтін категориясы туралы ұғым...........................................
2.2 Мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы.........................
2.3 Мәтіннің ақпараттылығы мен модальділігі..........................
3
Мәтіндегі уақыт пен кеңістік категориялары.......................
3.1 Шынайы, концептуалды, көркем уақыт................................
3.2 Кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары..
3.3 Мәтіндегі ретроспекция мен проспекция. Алданған үміт...
4
Мәтінді бөлшектеу, оның композициялық бөлімдері..........
4.1 Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу.......................
4.2 Мәтін үзінділерінің автосемантиясы.....................................
4.3 Мәтінді контексті – вариациялық бөлшектеу.......................
4.4 Күрделі фразалық тұтастық және абзац................................
4.5 Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формалары......
4.6 Диалогты бөлшектеу...............................................................
5
Мәтіннің интеграциясы мен аяқталуы...................................
5.1 Мәтін интеграциясы туралы ұғым.........................................
5.2
Мәтін интеграциясындағы лексикалық, морфологиялық
және синтаксистік деңгейлер бірліктері................................
5.3 Көркем мәтін интеграциясындағы бейнелік жүйе...............
5.4 Мәтіннің аяқталуы. Мәтіндегі тақырып пен эпиграф..........
6
Автордың тілдік тұлғасы және автор бейнесі.......................
6.1 Мәтін авторының тілдік тұлғасы...........................................
6.2 Автор бейнесі көркем мәтін категориясы ретінде..............
Қорытынды……………………………………………………
3
4
8
8
12
16
16
7
31
37
37
40
44
47
47
49
51
55
57
65
67
67
69
72
72
74
74
75
76
Терминологиялық түсіндірме сөздік………………. 77
Әдебиеттер …………………………………………………... 81
83
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
1
Размер файла
522 Кб
Теги
jarmakin, magzumov, filologiya, okhu, mamandikhtarinin, mating, khurali, 1159, arnalgan, lingvistikasi, studentterine
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа