close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Байтурсынов сценарий сборник

код для вставкиСкачать
«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Ұстаз. Ғалым.
Қайраткер
1
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана
Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы
Ұстаз. Ғалым.
Қайраткер
(Қазақтың ақыны, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымдарының негізін салушы ғалым, ағартушы, Алаш-орда
ӛкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 146 жыл
толуына орай ӛткізілген іс-шаралар сценарийлер жинағына
арналған әдістемелік құралы)
Балқаш, 2018
2
Ұ81: ӘОЖ 811.512.122
Құраст.: – Ж.Сопина - кітапханаларды дамыту және әдістемелік
жұмыс секторының басшысы
Шығарылымға жауапты: Л.В.Власова - «Балқаш қаласының
орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры
Ұ81
«Ұстаз.
Ғалым.
Қайраткер»:
әдістемелік
құрал
/C.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана. Кітапханаларды
дамыту және әдістемелік жұмыс секторы; құраст. Ж.Сопина.Балқаш, 2018.- 43б.- суретті.
3
Құрастырушы
Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлының ӛмірі мен қоғамдық-саяси қызметін,
рухани мұрасын кең кӛлемде дәріптеу мақсатында
кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс
секторы кітапханада ақынға арналып ӛткен іс-шаралар
сценарийлер жинағын ұсынып отыр.
Басылым кӛпшілік қауымға мектеп ұстаздарына,
кітапханашыларға арналған.
Әдістемелік
құрал
туралы
ақпарат
http://www.balkhashlib.kz/ сайтында орналастырылған.
4
Ӛмірдерек
Ахмет Байтұрсынов (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі
Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы
– 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) – Алаш
қозғалысының кӛсемі, ұлттық ғылымның негізін
салушы, ақын, аудармашы. Ахмет Байтұрсыновтың
саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді.
1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14 500
адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі)
авторларының бірі – Байтұрсынов болды. Қарқаралы
петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім
беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес ӛзгерістер
енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі,
цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат
беру, Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен
ауыстыру мәселелері кӛтерілді.
Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс
аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын.
Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған
Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор
Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей
түрмесіне жабылады. Оған тағылған айыпта: халық
арасына іріткі салып, «ӛзін-ӛзі автономиялық басқару
идеясын таратты, орыс пен қазақ арасында ӛшпенділік
қоздыру ісімен айналысты» деп кӛрсетілген. ІІМ-нің
Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты
қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жӛнінде
шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы
Орынборда 1910 -1917 жылдары тұрды. Орынбор
кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы
шағы болды.
5
Осы қалада 1913-1918 жылдары ӛзінің ең жақын
сенімді достары Ә.Бӛкейханов, М.Дулатовпен бірігіп,
сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына
сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып
тұрды. Газет қазақ халқын ӛнер-білімді игеруге
шақырды.
А.Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын
даярлаған
шағын
топтың
құрамында
болды.
Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан
келе жатқан ру-жүз аралық алауыздыққа байланысты
Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей
қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік
идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын
замандастары мойындады. Алаш Орда құрамын
бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын
құрып, оның тӛрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919
жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай
облысы бӛлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919
жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге
Кеңес үкіметімен келіссӛзге аттанды, осы жылғы
шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ
әскери-революциялық
комитеті
тӛрағасының
орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашорда
басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі
жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде
«патшалардың тӛрінде отырғаннан, социалистердің
босағасында ӛлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР
ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы
В.И.Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару
ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын
жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның
6
Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді
түрде араласты
Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 жылы 27 тамызда
Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы
шешіміне қарсы Байтұрсыновтың жазған саяси
наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына
қайтаруға негіз болды. Ол 1920 жылы тамызда
құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 19201921 жылдары Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары
қызметінде болды.
1921-1925 жылдары Орынбордағы, 1926-1928
жылдары
Ташкенттегі
Қазақ
халық
ағарту
институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет
тарихы пәндерінен сабақ береді. 1928 жылы Алматыда
Қазақ
мемлекеттік
педагогикалық
институтына
профессор қызметіне ауысады.
Ф.И.Голощекиннің нұсқауымен Алаш қозғалысы
қайраткерлеріне қарсы жасалған қуғын-сүргін кезінде,
1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы
қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып,
осы жылдың соңында тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка
абақтысына жӛнелтілді. КСРО Халық комиссарлар
кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 жылы 4
сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлын ату
жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет ӛзгерістерге
ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге
ауыстырылса, 1932 жылы қарашада 3 жылға
Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1937
жылы 8 желтоқсанда ату жазасына кесілді. Абақтыда
отырған кезінде тергеушілердің қойған сауалына:
«Менің идеалым – қазақ халқының тұрмыс жағдайын,
мәдениетін мүмкін болғанша кӛтеру, ал мұның ӛзі оның
игілікті дамуының алғышарты болғандықтан мен осы
7
мұратты қандай билік қамтамасыз ете алса, соған риза
болмақпын» деп жауап қайтарған еді.
Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан
Томскіде 1929-1934 жылдары айдауды болған Ахмет
Байтұрсынов, кӛп кешікпей, 1937 жылы қуғын-сүргіннің
жаңа толқынына ілігіп жазықсыз атылып кетті.
8
«Ұстаз. Ғалым. Қайраткер»
әдеби сағаты
Ӛтетін орны: №1 кітапхана- филиалы
Ӛтетін күні, уақыты: 19.01.2018ж. 12.00
Кітапханашы: Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
“Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым,
қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,
тартқан қорлық, кӛрген азабы, болашаққа сенген үмітарманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға,
туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз
қызмет етуге арнаған.” Бүгінгі Ахмет Байтұрсынұлының
146 жыл толуына орай «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер»
әдеби сағатына қош келдіңіздер!
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің
тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға.
Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт – азаттық
қозғалыстың кӛсемі, “Алашорда” үкіметінің негізін
қалаушы, кӛрнекті мемлекет қайраткері, лингвист,
түркітанушы,
әдебиеттанушы
ғалым,
ақын,
аудармашы,
“Қазақ”
газетінің
(19131918)
ұйымдастырушысы әрі бас редакторы.
А. Байтұрсынұлының мұрасы таспа - 1
Бізде қонақта: Ә.Мусин атындағы Балқаш
гуманитарлы- техникалық колледжінің тарих және
қоғамдық пәндер оқытушысы Тегіс Есентай
Тегісұлы келіп отыр.
9
Кітапханашы: А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін ӛзінің
азаматтық міндеті мен ӛмірінің мақсаты деп санаған.
Ол 1911 жылдың ӛзінде:
“Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап – сары аяқтары ұзын маса.
Ӛзіне біткен түрі ӛзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бӛлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса,”
- деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау
жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып
ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты
етіп қояды. Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының
«Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан
шығады» деген екен. Ұлы сӛз! “Егемен еліміздің
тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық
жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным,
10
деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой
салып жатуы тиіс” деген елбасы Н.Ә.Назарбаев
Ғылыми еңбектері
“Оқу құралы”
“Сауат ашқыш”
“Жаңа әліпби”
“Әдебиет
танытқыш”
“Тіл - құрал”
“Тіл жұмсар”
Кітапханашы: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің
реформаторы, таза қазақ емлесімен шыққан «Қазақ»
газетінің (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, этнограф,
фольклорист, композитор әрі орындаушы. Ахмет
Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй ӛнеріне де терең ой
жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер
домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін
жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
А.Байтұрсыновтың ақындық таланты да, беріп
кеткен поэтикалық мұрасы да оның ӛте күшті,
дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның
ӛлеңдері “Маса”, “Қырық мысал” деген аттармен СанктПетербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан
1922 жылдарға дейін бірнеше рет жарияланған. “Қырық
мысал” орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан
аударылған және соның ізімен жазылған ӛлеңдер.
Ақынның әдеби шығарманың дәл осы жанрын
таңдауының үлкен мәні бар. Мысал жанры – қазақ
халқына да жақын, таныс дүние, ғибрат айтып,
жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы. “Маса”
деген атының ӛзі символ: надандық, ӛнер-білімнен
11
кенже қалушылық, шаруаға енжарлық - осылар,
автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған
жылан, ал ӛлең иесі “аяқтары ұзын, сары маса” болып
ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан
сақтандырмақшы болады.
Кітапханашы: А.Байтұрсынұлының аудармалары
таспа-2
"Сандықша”
Мына сандықшаның ішінде
Ахмет
атаның
мысалында
кездесетін
зат
жатыр.
Оның
кӛмегімен ӛзіңнің бейнеңді
кӛруге болады. Ол не?
Айна
Ал мына затты кейіпкер
ем үшін киемін деп алады.
Әмиян Кӛзілдірік Мына
затты
пайдаланған
мысал кейіпкері байлыққа
құнығып
кетеді.
Кӛрермендермен
«Жұмбақ жануарлар» деп
аталады ойын ойнасақ.
Тақтада:
лмыйам
няша
ілкүт
трнасыа
шқоша
12
ықмсы
асма
Маймыл, шаян, түлкі, арыстан, шошқа, мысық, маса
Мына сӛздердегі әріптердің орындары ауысып
кеткен. Оларды орындарына дұрыс қойсаң,
мысалдардағы жануарлардың аттары шығады.
тапсырмаларды орындайды.
Қандай сӛздер шықты?
Ақынның ӛлеңдері оқылады
Кітапханашы: Жалпы оның ағартушылық, ғалымдық,
қайраткерлік, ақындық, аудармашылық қасиетін
саралай түскенде еріксіз мынадай ой жетегіне еруге
тура келді. Ахаңның алдында қазақ халқы үшін оның
болашағы үшін мол қазына тастап кеткен үш алыптың,
Абай, Ыбырай, Шоқанның болғанын білеміз. Бір
ғажабы, осылардың мұрасын терең зерттей отырып,
олар кӛтерген мәселелерді бар жанымен ұға отырып,
13
ол осы үшеуінен тартылатын үш арналы жолды бір ӛзі
таңдап алғандай. Шынында қараңыз. Шоқанның
ғалымдығы, Ыбырайдың ағартушылығы, Абайдың
ақындығы мен ағартушылығы А. Байтұрсынұлының
ӛмірлік мұратына айналған. Және бұларды заманға
лайықты нақты істермен жалғастыра, дамыта түседі.
Сондай-ақ тыңдаушысы мен оқытушысы аз болған үш
алыптан гӛрі ол азынаулақ болса да ӛз еңбегінің
нәтижесін кӛрген адам.
Кітапханашы: -Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте
оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып
үйренуіміз керек.
А.Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым,
қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,
тартқан қорлық, кӛрген азабы, болашаққа сенген үмітарманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған
халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет
етуге арналған.
Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының
тағдырынан сахналық кӛрініске кезек берейік.
14
Сот үрдісінен кӛрініс
ОГПУ
тергеушісі,
сұсты қатал үнмен: Байтұрсынов
Ахмет
Байтұрсынұлы 1872 жылы
Торғай
губерниясында
бай-болыстың
семьясында туған. Ұлтықазақ. Ол үкіметке қарсы
«Алаш»
партиясыұлтшылдардың жасырын
ұйымы. Бұл партия Совет
үкіметіне
қарсы
қастандықтар
ұйымдастырған.
Байтұрсынов-жат
пиғылды,
революцияға
қарсы,
еңбекшілдер
үкіметін
жек
кӛретін
адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың
айыбы.жасырын
қазақ
ұйымына
неген
және
ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түр де
ұлтшылдық
бағыттағы
«Алаш»
партиясын
ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасӛзге сол
арқылы теріс ықпал жасаған. Қылмыстық істер
кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай
Ахмет Байтұрсынов атылсын!
(тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)
15
Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Ӛз ауылымның иттері үріп қашқаны...
Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамның қуылмаған.
(Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайта
шығады)
Ахмет: Мен ӛлсем де ӛлемін жӛнімменен,
Тәннен басқа не алар ем ӛлім менен?!
Ӛлген күні апарып тығары-кӛр,
Мен жоқ болман кӛміліп тәнімменен.
Тән кӛмілер,кӛмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,
Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.
Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары
жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген
жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір
деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге
ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25
мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек
Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов,
Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
Ахмет Байтұрсынұлының Орынбор архивінде
табылған Файзулла Ишанға ақырғы ӛлеңін
тыңдасақ таспа-3
16
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты
да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі
біткенше күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт
жүрегінде мәңгі сақталуы тегін емес. Ендеше ол
адамзаттың асыл перзенті, қазақтың ұлы тұлғасы.
Сондықтан
да
оны
қазақтың
ұлттық
мәдениетінің Хантәңірі деп бағалаймыз. Ахмет
Байтұрсынұлының ӛмірі мен шығармашылығы келер
ұрпаққа мәңгілік ӛнеге болып қала бермек.
Ахмет рухына тағзым ете отырып, Ахмет
Байтұрсынұлының 145 жыл толуына орай «Ұстаз.
Ғалым.
Қайраткер»
әдеби
сағатын
осымен
тәмамдаймыз.
Естелікке суретке түсу. Іс-шараға қатысқан
оқырмандармен қоштасу
17
«Қазақ тілтану ғылымының атасы»
ақпараттық мәліметі
Ӛтетін орны: №3 кітапхана- филиалы
Ӛтетін күні, уақыты: 18.01.2018ж. 15.00
Оқырмандарды орналастыру
Экранда іс-шараның тақырыбы
«Қазақ тілтану ғылымының атасы»
Кітапханашы: Армысыздар құрметті оқушылар,
ұстаздар!
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар ӛмір
сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бӛлек,
мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен
дараланған ұлы адамдар ӛмір сүрді. Бір басында сан
салалы ӛнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық
білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,
түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы
ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет
қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың
реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда ӛкіметінің мүшесі
Ахмет Байтұрсыновтың 146 жыл толуына орай
ұйымдастырылып отырған «Қазақ тілтану ғылымының
атасы» ақпараттық мәлімет А.Байтұрсыновтың ӛмір
жолына арналады.
18
Экраннан АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӛмірі мен
қызметіне арналған слайд кӛрсетіліп тұрады.
Кітапханашы: Бір басында сан-салалы ӛнер
тоғысқан
тілегей-теңіз
энциклопедиялық
білім
иесі,қайшылығы мол тартысты ғұмырында қаранғы
қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт
жоқ деп білген ірі тұлға,халықтың руғани кӛсемі Ахмет
Байтұрсыновтың ӛмірі мен қызметіне арналған
«Жылдар
сӛйлейді»
атты
тақырыбымен
жас
оқырмандарымыз еңбек жолын ретімен баяндайды.
Жас оқырман
Ахмет Байтұрсыновқа арналған ӛле«Жас талап»
клубының жас оқырманы Абдикаримова Арайлым
оқиды.
19
Кітапханашы:Ахмет
Байтұрсынов
қазақ
әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының тіл білімінің
атасы, реформаторы атанды, қазақ тілінің тӛл
дыбыстарын тӛл заңдылығының басын ашып берді. 20
ғасырдың
басында
қазақтың Алтай тілінен
келе жатқан біздің атабабаларымыздың
құран
таңбаларымен
жазылған қазақ тіліне
құқықтық негіз жасап
берді. А.Байтұрсынов
1891 жылдары Қазақ
жазуының бүгінгі күнгі
Елбасымыздың
«Рухани жаңғыру –
болашаққа
бағдар»
аясында
латын
әліпбиге кӛшеміз деген
мақаласындағы латын
әліпбиінің
негізгі
нұсқасын
ұлттық
болмысқа салып реформалаған 24 таңбадан тұратын
ӛзі «қазақ жазуы» деп, ӛзгелер «Байтұрсынов жазуы»
деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан
осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сӛйтіп, оқуағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай
мойын бұрды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық
Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары
Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби
– «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы
қабылдады.
20
Ахмет Байтұрсынов «Ӛз тілімен сӛйлескен, ӛз
тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы
құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да,
жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы –
тілі. Сӛзі жоғалған жұрттың ӛзі де жоғалады. Ӛз ұлтына
басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың
тілін аздыруға тырысады»- деп ӛз ана тілімізді
құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық
болмысымызды сақтап қалуға шақырады.
Ал, енді А. Байтұрсыновтың ӛлеңдеріне кезек
берейік.
Жас оқырмандарымыз А. Байтұрсыновтың
«Мысал», «Туған тілім», т.б ӛлеңдерінен үзінді
оқиды.
Кітапханашы:
Сонау
қылышынан қан тамған
қаһарлы
жылдары
жазықсыз
мыңдаған
адамдар «Халық жауы»
деген жаламен айыпталып,
жер аударылып кетті. Адам
ӛміірінде болатын аумалытӛкпелі уақыт қайғысымен
де, қуанышымен де ерекше
айқындалатын болса керек.
А.Байтұрсынұлы
тағдыр
толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол
тайғақ кешулерден ӛткен еді.
21
Кітапханашы: «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет
қылатын деген қазақ балалары қазақ жұмысына
қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе –
ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы». Әрине Ахмет
тағылымын бір сәттте білу мүмкін емес. Оны жылдар
бойы тануымыз керек. А. Байтұрсынұлының ақын,
публицист, ғалым, қоға қайраткері санатында жасаған
барлық еңбегі тартқан қорлық, кӛрген азабы болашаққа
сенген үміт арманы туған халқы үшін қасықтай қаны
қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
А. Байтұрсыновтың ӛмірі мен шығармашылығы
қазақ әліпбиіне, әдебиетіне салған үлестері келер
ұрпаққа мәңгілік ӛнеге болып қала бермек. Ахмет
рухына тағзым ете отырып, бүгінгі іс-шарамызды
тәмамдаймыз.
«Ахмет Байтұрсынов-зиялылар кӛсемі» атты кітап
кӛрмесі таныстырылады.
22
А. Байтұрсынов кейіпкерлері бізде қонақта»
кітап дефилесі
Ӛтетін орны: №5 балалар кітапхана- филиалы
Ӛтетін күні, уақыты: 18.01.2018ж. 15.00
Оқу залы әдемі безендірілген. Ортада Ахмет
Байтұрсыновтың шығармаларына арналған кітап
кӛрмесі ұйымдастырылған.
Кітапханашы: Қайырлы күн, құрметті қонақтар,
оқырман қауым!
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай уезініңқазіргі Қостанай облысы Тосын болысында дүниеге
келген. Әкесі қарапайым шаруа болғанымен кез келген
зоршылықшыға кеудесін бастырмаған намысты азамат
болғанға
ұқсайды.Бұған
Байтұрсынның
патша
әкімдерінің әділетсіздігіне кӛнбей, ояз бастығына қол
кӛтерем деп Сібірге жер аударылуы дәлел.бұл оқиға
бала Ахметтің жүрігіне ӛшпестей таңба қалдырған
ӛмірдің алғашқы ауыр сабағы болар,сірә.
А.Байтұрсынұлы 1886-1895 жылдарда Торғай,
Орынбор қалаларында оқып, мұғалімдік мамандық
алып
шығады,сӛйтіп,
Бұдан
бергі
13
жыл
бойына,яғни,1909 жылға дейін, ол Қостанай мен
Қарқаралы ӛңірінің мектепкерінде, содай-ақ екі класты
училищеде ұстаздық етеді. Жас ұстаздың кӛңіл23
қиалымен үлеспейтін ӛмір шындығымен бетпе-бет кеп,
талай рет әкімдермен, ел ағаларымен айтыс-тартысқа
түсетін шағы да осы кез. Елішінде Ахметтің есімі ұстаз
ретінде ғана емес, әділетшіл азамат, сондай-ақ, ақын
ретінде де мәлім бола бастайды. Озбырлық иелеріне
ойларын ашық айтқаны үшін жас педагог қуғынға
ұшырап, 1909 жылы түрме дәмін де татады. Осы жылы
тұңғыш жинағы-аударма кітабы «Қырық мысал» жарық
кӛреді.
Ахмет ӛміріндегі жаңа кезең 1910 жылдан
басталады, ол осы жылы мұғалімдікті қойып, ақындықи
пен әлеуметтік күрес жолына түседі. 1913-1917
жылдар аралығында ол Орынборда «Қазақ» газетінің
редакторы қызметін атқарып, газет беттерінде үлкенүлкен әлеуметтік мәселелерді батыл кӛтеріп, халықты
ӛнер-білімге, мәдениетке, елдікке шақырудың ұйтқысы
бола білді, дарынды публицистретінде кеңінен
танылды. Бір ӛкініштісі, ӛткенге коммунистік идеология
тұрғысынан қараудың кесірінен соңғы жылдарға дейін
«Қазақ»
газеті
ұлтшыл-буржузиялық
сипаттағы
басылым болды деп біржақты бағаланып келді. Бүгінгі
біздің ӛткізейіндеп отырған кітап дефилесі балалар
Осы Ахмет Байтұрсыновтың аталарыңның 146жылдық мерейтойына арналып отыр. Сонымен
балалар
«Қырық
мысал»
жинағы
бойынша
дайындалған «А. Байтұрсынов кейіпкерлері бізде
қонақта» атты кітап дефилесіне қош келдіңіздер!
Ортаға әртүрлі кейіпкерлердің маскасын
киген балалар шығады
24
1-оқушы: Аққу шортан һәм шаян»
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу кӛкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің кӛнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
2- оқушы: Ат пен есек”
25
Біреудің есегі мен бар еді
Аты, апарар бір қалаға болды заты.
Аты мен есегіне артып алып,
Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Жүк ауыр, есек сасып, алақтады,
Иесі демалуға қаратпады.
Әл кетіп, жығыларға таяғанда,
Жалынып атқа есек сӛз айтады:
Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті,
Емеспін жүре алатын енді тіпті.
Зорығып, жолда ӛліп қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып біраз жүкті
Ат оған ешбір жауап қайтармайды,
Ауырлап жүгін, есек қайқаңдайды.
Ентігіп, ішін соғып, дымы құрып,
Жүруге онан әрі жайы қалмайды.
Жығылды есек байғұс дымы құрып,
Тұрмады айдаса да иесі ұрып.
Сойды да, жүгін, терісін атқа салып,
Қалаға келе жатты тағы жүріп.
Қараңдар, шара бар ма мына сорға,
Аяғын ат келеді басып зорға.
Қысымды есек кӛрген бұ да кӛріп,
Болдырып, былғақтайды оңды-солға.
Ӛкініп ӛткен іске ат келеді:
"Мен қате еткен екем... Аһ! - деді.Есектен аз жүк алып, қарасқанда,
26
Қиындық мұндай маған болар ма еді?"
Бұл сӛзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Кӛрерсің рақатын кӛлеңкелеп.
Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде
-Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп
3-оқушы: Балықшы мен балық»
Теңіздің жағасында кемпір мен шал,
Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл.
Күн кӛрген бишаралар балық аулап,
Болмапты тӛрт түліктен ырымға мал.
Үсті шым, асты шұқыр жерден жырған
Баспана мекенінің сиқы тұрған.
Бала жоқ қолқанаттық екеуінде,
Иіріп кемпір жібін, шал ау құрған.
Бір күні шал апарып ауын салды,
Балық жоқ, ауға оралған балдырды алды.
Салғанда және ауын екінші рет,
Теңізге бітетін бір шӛп оралды.
Тағы да үшінші рет ауын салып,
Сүйретіп шығарды бір алтын балық.
Шал байғұс ӛз кӛзіне ӛзі сенбей,
Аңырайып тұрды біраз аң-таң қалып.
Жарқырап үсті-басы, оттай жанып,
Адамша сӛз сӛйлейді алтын балық:
«Жанымды бір шыбындай қи, ақсақал,
27
Бар болса не қажетің менен алып!»
Шал сасып, абдырайды есі кетіп:
«Балық, - деп, - бұ неғылған тілге жетік?!
Керемет мұндай, сірә, кӛрген емес,
Ау салып отыз үш жыл кәсіп етіп.
Ойланып: «Тегін емес балық, - дейді, Қалмайын киесіне, алып, - дейді. Еш нәрсең керек емес, жолың болсын,
Сайран ет теңізіңде, барып», - дейді.
Балықты жіберді де, үйге қайтты,
Не ғажап кӛргенінің бәрін айтты.
«Жібердім еш нәрсе алмай» деген соң-ақ,
Кемпірі шалға кӛзін бажырайтты:
«Ақымақ, - дейді, - алжыған, кеткен есің!
Былжырап айтып тұрсың сӛз деп несін?
Жаңа астау тым болмаса алсаң едің,
Астаудың жарылғанын білмеймісің?»
Балыққа шал жӛнелді жолықпаққа,
ЬІдысқа астау алып молықпаққа.
Жыбырлап судың беті шимайланып,
Балық кеп: «Не айтасың?» - деді қартқа.
Шал айтты қол қусырып, тағзым етіп:
«Кемпірім ұрсып, әбден мазам кетіп,
Жаңа астау сұрайын деп келдім, тақсыр!
Жарамсыз астауымыз, жарық, кетік».
«Қайғырма, - балық айтты, - үйіңе бар!
Сол болса бар жұмысың, оның болар!»
Қуанып шал үйіне қайтып келсе,
Бір астау әп-әдемі жатыр даяр.
Ұрсады кемпір шалға келісімен:
(Сақтасын долы қатын перісінен!)
«Алыпсың астау сұрап, ақылы жоқ,
28
Айрылған, ақымақ шал, - дейді, - есінен!
Деп ұрысты: «Миы ашыған, қу кӛк сақал!
Астауға қызыққандай қанша еді мал?
Қуанып қу астауға келген несі?
Кӛп нәрсе әкеліпсің, адырағал!
Үйіңнің үстіңдегі сиқы мынау!
Балықтан барып тәуір үй сұрап ал!»
Тағы да шал жӛнелді теңіз жаққа,
Балыққа арыз айтып, мұң шақпаққа.
Бұзылып судың түсі лайланып,
Балық кеп: «Не айтасың?» - дейді қартқа.
Шал айтты қол қусырып, тағзым етіп:
«Бәлеге қалдым, тақсыр, мазам кетіп!
«Үй алмай, астау алдың, алжыған!» - деп,
Барады сүйегімнен сӛккені ӛтіп».
Арызын ақсақалдың қабыл алып:
«Қайғырма! Үйіңе қайт!» - деді балық...
Орнында лашығының ағаш үй тұр,
Келеді шал қуанып, таңырқанып.
Салған үй салтанатты сәніменен,
Бояған, оюлаған мәніменен.
Сайраған бақшасында түрлі құстар
Келтірген кӛңіл хошын әніменен.
Асылып терезеге кемпір тұрып,
Ұрсады келісімен шалға ақырып:
«Балықтан барыпсың да үй алыпсың,
Ақымақ, миың ашып, кеткен шіріп.
Ізіңмен, үйге кірмей, қайт балыққа!
Қадірсіз мұжық деген ат халыққа.
Айтпасқа қарашекпен қатыны деп,
Ақсүйек етсін мені, айт балыққа!»
Балыққа шал келеді қайтып тағы,
Кемпірдің мұң-мүддесін айтып тағы.
29
Тағзыммен қол қусырып, арыз айтып:
«Азапты келдім, - деді, - тартып тағы».
«Қайғырма, - балық айтты, - болар, - дейді,
Ақсүйек дәрежесі қонар», - дейді.
Қатыны, қайтып келсе, болған ханым,
Қасына шал қалайша жолар енді?!
Биік үй салтанатты, сәнді түрі,
Бәрі мол, бәрі байлық, бәрі ірі.
Үстіне неше түрлі асыл киіп,
Паңсынып сыртқы есікте тұр кемпірі.
Қолында толған ӛңшең алтын жүзік,
Зүмред, березелі бар білезік.
Үстінде қамзол ішік, тысы қамқа,
Меруерт омырауы қойған тізіп.
Аяқта сақтаяннан оюлы етік,
Бұрынғы мұжықтығы естен кетіп,
Жұмсап тұр біріне ұрсып, бірін ұрып,
Ақырып малайларға әмір етіп.
Шал келіп: «Сәлем бердік, ханым! - деді,
Ризалық тапты ма енді жаның?» - деді.
Жаратпай шалдың сӛзін, кемпірі ұрсып:
«Әдепсіз, ақылы жоқ, жарым, - деді. Ат бақсын, ат қораға апарыңдар
Мұжықтың мына біреу шалын!» - деді.
Қанағат болды десек етер шағы,
Құтырды ӛскен сайын кемпір бағы.
Ӛткен соң бірер жұма, шақыртады
Балыққа жібермекке шалды тағы.
Айтады: «Қазір жылдам бар балыққа!
Жеткен жоқ жаным әлі ырзалыққа.
Ақсүйек дәрежесін азсынамын,
Патша етсін мені дереу бір халыққа!»
Шал айтты: «Құтырдың ба? Түзу ме есің?
30
Болмасын астамшылық, мұның кесір!
Білмейсің іс ретін, сӛз мәнісін,
Жұрт күлер: «Қор болған деп бақыт есіл!»
Бұл сӛзге кемпір қатты ашуланып,
Жіберді шалды жаққа салып-салып.
«Қалайша маған қарсы сӛз айтасың?
Сен - мұжық, мен - ақсүйек, қой, - деп, танып
Сӛз айтар шалда хәл жоқ, жӛнеледі,
Қарайып теңіз беті түнереді.
Шақырған шал даусына балық келіп:
Ақсақал, не айтасың? Сӛйле!» - деді.
Шал айтты: «Ӛлдім әбден тынышым кетіп,
Таянды жындануға кемпір жетіп.
«Ақсүйек дәрежесін азсынамын,
Бір жұртқа қойсын, - деді, - патша етіп».
«Қайғырма, - балық сӛйлеп, - кәрім! - деді,
Істермін айтқанындай бәрін, - деді. Жүргізіп жұртқа әмірін мейілінше,
Айбынды болар патша жарың», - деді.
Шал қайтса, салтанатты сарайлар тұр,
Ішінде сарайлардың кемпірі отыр.
Асынып айбалтасын, есіктерде
Күзетші түсі суық малайлар тұр.
Жарқырап алтын киіп, оттай жанып,
Патшасып кемпір отыр ызғарланып,
Ақсүйек, ӛңшең бекзат қызметінде,
Ішкізіп арақ-шарап, азаптанып.
Билетпей шалға бойы, буын құрып,
Сарайға шал сескеніп келді кіріп.
Бас ұрып кемпірінің аяғына:
«Болды ма жаның риза!» - деді тұрып.
Есіркеу кемпірде жоқ шалын аяп,
31
Адам деп елеп оған қарамай-ақ,
Деп еді: «Шығарыңдар!». Сол-ақ екен,
Жұдырық жан-жағынан жауды таяқ.
Желкелеп, сүйреп, жұлқып жұлмалайды,
Ағына сақалының кім қарайды?
«Ақымақ, әдебі жоқ, алжыған құл,
Кірлейсің аяғыңмен, - деп, - сарайды!»
Жұрт күліп: - Шал екенсің, - деді, - жарым,
Ақылың кем болған соң, кімге обалың?
«Болмаса ӛзің шанаң, отырма» деп,
Бұрынғы айтпап па еді мақалдарын?
Бір-екі мұнан кейін жұма ӛтті,
Тілейтін жаңа тоят кезі жетті.
Қызығы патшалықтың тозды жылдам,
Жарлық қып, кемпір патша шалды іздетті.
Шалды айдап алып келді дірдектетіп,
Байғұстың түсі қашқан, ӛңі кетіп.
Үстінде алтын тақтың кемпір патша
Тапсырды шалға жұмыс, әмір етіп:
«Бек тығыз бұйырамын саған, - деді, Сӛз қатсаң, жыртылады жағаң, - деді. Мақсатым суды билеп, суда тұрмақ,
Балыққа айт менен кӛп-кӛп сәлем! - деді,
Қаратып теңіздерді қол астыма,
Шабарман болсын ӛзі маған», - деді.
Әлі жоқ сӛз қайырар, шал кетеді,
Қорыққаннан жылдам жүріп, тез жетеді.
Қара бұлт, қара дауыл толқынды айдап,
Сапырып теңіз суын, желдетеді.
Балықты шақырып шал, сӛзін айтты,
Жұмыстың тығыздығын, тезін айтты.
Кемпірдің сұрағанын естіп балық,
32
Бір соғып суды бетке, кейін қайтты.
Балықтан жауап күтіп тұрып-тұрып,
Шал қайтты кешке жақын әлі құрып.
Кӛре алмай салтанатты сарайларды,
Кӛз салды жан-жағына мойнын бұрып.
Қараса, лашығында кемпірі отыр,
Баяғы жарық астау жырық-жырық.
Түсіріп таз кебіне бір-ақ күнде,
Қойыпты қу қақбасты Құдай ұрып.
4- Оқушы: «Қарға мен түлкі»
Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып.
Тоқ санап ірімшікті кӛңіліне,
Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.
Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға,
Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты Түлкі залым аралар ма!
Тістеген ірімшігін Түлкі кӛріп,
Аяғын ептеп басып жақын келіп:
33
«Уһ! - деді, - кӛретін де күн бар екен,
Жүруші ем сырттан асық болып ӛліп!
Тамаша қарағанға түрің қандай,
Мынау кӛз, мынау мойын, мұрын қандай!
Гауһардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай!
Кӛркемдік сипатыңнан табылғанда,
Даусың да болса керек шырын-балдай!
Кӛптен-ақ дабысыңды естісем де,
Болған соң келе алмадым жерім шалғай.
Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,
Сұлу деп мақтаған соң әркім кӛрген.
«Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,
Арман жоқ жанда сені кӛріп ӛлген!
Кӛркіңді бітіре алман жазып хатқа,
Я сӛйлеп жеткізе алман айтып жатқа.
Мен қайран: «Неғып патша қоймаған?» деп,
Даусың да сипатындай болған шақта!
Нұрынды күн секілді кӛріп тұрмын,
Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.
Даусынды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып ӛліп тұрмын».
Мәз болып, мақтағанға насаттанып,
Қайтпасын, деп ойлады, сағы сынып.
Алыстан арып-ашып іздеп келген
Байғұстың кетсін деді кӛңілі тынып.
Ӛтірік мақтағанға Қарға еріп,
«Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп.
Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсіп,
Жеп алып Түлкі кетті жортып-желіп.
Қарасақ, кӛп адамдар Түлкі боп жүр,
Залымдық ӛтірік пен мүлкі боп жүр.
34
Солардың сұмдығына түсінбеген
Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр.
Жұрт едік аңқау ӛскен қазақ болып,
Далада кең сахара кӛшіп-қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып.
-Оқушы: «Екі шыбын»
Бір Ӛгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны кӛріп келе жатқан,
Астында Ӛгізі бар сабан тартқан.
«Кӛзіме күні бойы кӛрінбеп ең,
Келесің, сӛйле, - дейді, - сен қай жақтан?»
Сонда бұл мұрнын кӛкке кӛтереді,
Адамсып, маңызданып, жӛтеледі:
35
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Ӛзімсіп жүретіндер бар емес пе?
Кейбіреу кӛтереді мұрнын кӛке,
Ӛз әлдін ӛзі білген адам кӛп пе?
Мақтанып, бәрін де ӛзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.
6-Оқушы: “Қартайған арыстан”
Қартайып, Арыстанның әлі кетті,
Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті.
Бетіне жан келмейтін уақыттар
36
Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ,
Тым қарттық жас емес қой кӛрерлік-ақ.
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, қайрат кетіп,
Жайы бар тыныш жатып ӛлерлік-ақ.
Тынышына қоймады оны ӛзге аңдар,
Бата алмай, «сені ме?» деп жүрген жандар.
Анау да, мынау да ӛшін алып жатыр
Қашаннан Арыстанда кегі барлар.
Ат тепті, Қасқыр қапты етін үзіп,
Біресе жаралады Ӛгіз сүзіп.
Қинады әркім келіп білгенінше,
Арыстан үн шығармай жатты тӛзіп.
Ыңыранып жатыр еді ӛлейін деп,
Қасына Есек келді кӛрейін деп.
Артықша жанға батар жерін таңдап,
О да тұр Арыстанды тебейін деп.
«Я, Раббым, - сол уақытта деді Арыстан,
Мен түгіл, үркуші еді Ат қамыстан.
Бұл Ӛгіз, мынау Қасқыр тимек түгіл,
Зәресі ұшушы еді, кӛрсе алыстан.
Дариға, ол заманның бәрі ӛтті,
Кәрілік деген бәле келіп жетті.
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, әл кеткен соң,
Сорыма бәрі мұның ер боп кетті.
«Тӛбем» деп келіп тұрған мынау
Есек, Аяқта жатушы еді болып тӛсек.
Кешегі дәурен баста тұрған шақта,
Мұны кім етуші еді жан деп есеп.
37
Кӛп шығар, жоқ демеймін, кінәм менің,
Ризамын бақ, бәлеңе бірдей сенің.
Тұяғын сол жаманның тигізбей ал,
Қорлықтан мұнан кӛрген, жеңіл ӛлім!»
Аталған бірдей емес осы аңдар,
Ішінде жақсы, жаман, осалы бар.
Арыстан, Жылқы, Ӛгіз, Есекке ұқсас,
Ойласақ, табылмай ма неше адамдар?
Ерлер бар заманында дәурен сүрген,
Дұшпанын ерегіскен жалғыз бүрген.
Қартайған Арыстандай әлі кетіп,
Қаруы бұл уақытта азып жүрген.
Бақ қонса, сыйлар Алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батып маңайыңа.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан басынады малайың да.
Кітапханашы: Балалар бүгінгі ісшарамыз сіздерге
ұнадыма? Біз сендерді Ахмет Байтұрсыновтың
шығармалары жайлы мағлұмат беріп ӛтейін. Ол үшін
сендер бүгінгі біздің кітап кӛрмемізге назар
аударуларыңызды сұраймыз.
Кітап кӛрмесіне шолу жасалады.
Бүгінгі ісшарамызға қатысып, ӛз ӛнерлерін кӛрсеткен
барлық балаларды алғыс хаттармен марапаттаймыз!
Келгендеріңізге кӛп-кӛп рахмет! Сау болыңыздар!
38
Пайдаланған әдебиеттер мен интернет ресурстары:
1. Байтұрсынұлы,
А.
Шығармалары
/
А.
Байтұрсынұлы.- Алматы : «Ӛркен», 2013.-240 б.
2. Байтұрсынов, А. Маса /А.Байтұрсынов .- Алматы:
«Раритет».2005,-208 б.
3. Байтұрсынов,
А.
Әдебиет
танытқыш
/А.Байтұрсынов .- Алматы: «Атамұра», 2003,208б.
4. Байтұрсынов, А. Алты томдық шығармалар
жинағы /А. Байтұрсынов .Т.1- Алматы: «Елшежіре», 2013, 348б.
5. Байтұрсынов, А. Алты томдық шығармалар
жинағы /А. Байтұрсынов .Т.6- Алматы: «Елшежіре», 2013, 384б.
6. Ұлт рухы: қанатты сӛздер: Алаш қайраткерлерінің
афоризмдері / Е. Зәңгіров .- Алматы: «Ama-»
,2015.-160б.
7. Ойсылбай,
А.Т.
Ахмет
Байтұрсынұлының
«Әдебиет танытқышындағы» сӛз ӛнері мен
поэтика мәселелері: Монография /А. Ойсылбай .Алматы «Қаратау КБ» ЖШС: «Дәстүр», 2016.288б.
8. Артықбаев,
Ж.О.
Қазақстан
тарихы
/энциклопедиялық басылым / Ж.О. Артықбаева .Алматы, «Атамұра»,2008,2008б. суретті,
карталы.
9. Қойшыбаев, Б. Алаш жолы /Б. Қойшыбаев.Алматы: «Қаратау КБ» «Дәстүр» , 2015.-400б.
10. Қойшыбаев, Б. Жазықсыз жапа шеккендер/ Б.
Қойшыбаев.-Алматы: Қазақстан, 1990.- 168б.
39
11. Сақ,
Қ. Алаш мұрасы /Қ. Сақ.-Алматы - «
Қазығұрт», 2014,- 288б.
12. Байтұрсынов, А. Әдебиет танытқыш. /Зерттеу
мен ӛлеңдер. / А.Байтұрсынов.- Алматы:
Атамұра,2003.-208 б.
13. Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия /Бас.ред. Ж.
Тойбаева.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017.744 бет.
14. А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы. –
Астана: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2017.-752
бет
15. Ісімақова, А. «Алаш әдебиеттануы» /А. Ісімақова.Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017,- 480 бет.
16. Тілешов, Е. Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық
анықтамалық./ Е. Тілешова Алматы: Сардар,
2014.-528 бет.
17. Салқынбай, А.Б., Кӛккӛзова, М.Б. Қазақтың тілшіәдіскер тұлғалары. / А.Б. Салқынбай, М.Б.
Кӛккӛзова.- Алматы: Нұр-пресс.2008.-137 бет.
18. Қойгелдиев,
М. Алаш қозғалысы. / М.
Қойгелдиев.- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008.480 бет.
19. https://www.zharar.com/kz/biography/1454ahmet.html
40
Мазмұны
Құрастырушы .................................................................. 4
Ӛмірдерек. ...................................................................5-8
«Ұстаз. Ғалым.Қайраткер»әдеби сағаты...................9-17
«Қазақ тілтану ғылымының атасы».ақпараттық
мәліметі......................................................................18-22
«А.Байтұрсынов кейіпкерлері бізде қонақта»
кітапдефилесі............................................................23-38
Пайдаланған әдебиеттер мен интернет
ресурстары ...............................................................39-40
41
100300 Балқаш қ.
Н.Калмыкова тұйық кӛшесі,3
С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана
Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс
секторы
Тел.;8-71036-75026
http://www.balkhashlib.kz/
cbss@list.ru
© «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, 2018
42
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
6
Размер файла
1 469 Кб
Теги
сценарий
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа