close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 46 Жанаарка газеті

код для вставки
№46 (9882), 10 қараша, 2018жыл
Руханы жаңғыру
Кітапхана ісі көңіл бөлуді қажет етеді
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жəне
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында атап
өткен міндеттерін орындау үшін қоғамның
тұрақты дамуындағы жəне жеке тұлғаның
бəсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы
кітапханалардың алатын орны ерекше. Кітапхана саласының ағымдағы жағдайында оның
қызметтеріне кері əсер ететін жəне шешімін
талап ететін бірқатар жүйелі мəселелер бар.
Атап айтқанда, кітапхана саласының нормативтік-құқықтық базасының жетілмегендігі,
кітапхана қорын толықтыру өзектілігі мен
жаңаруының əлсіздігі, республиканың кітапхана саласындағы білікті мамандардың жетіспеушілігі,
кітапхана
қызметкерлері
жалақысының төмендігі, кітапханалардың
материалдық-техникалық,
технологиялық
базасының қанағаттандырғысыз жағдайы
жəне т.б. Осыған орай, кітапханалар
қызметінің тəжірибесін зерттеу негізінде
Үкіметке бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру
жөнінде ұсыныстар жолданды. Атап айтқанда,
кітапхана ісін дамыту тұжырымдамасын
жасау қажет. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының «Кітапхана ісі туралы»
заңын əзірлеу де өзекті. Қазіргі таңда
қолданыстағы заңнамалық жəне нормативтік
актілер кітапханаларға ақпараттық, мəдени
жəне білім беру қызметтерін толық түрде
жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Тағы бір
маңызды мəселе – «Цифрлы Қазақстан»
бағдарламасын жүзеге асыру үшін еліміздегі
барлық кітапхана қорын цифрлы жүйеге
көшіру, кітапханалық-ақпараттық ресурстарды бірыңғай интеграцияланған жүйеге біріктіру. Республиканың зағип жəне нашар
көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханалары қызметінің модельді стандартын
жасау да өзекті. Қазіргі таңда елімізде
мүмкіндігі шектеулі пайдаланушылар үшін
кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету
жағдайын
жасаудың
тиісті
деңгейі
қарастырылмаған. Бұған қоса еліміздің кітапханашылар қауымдастығымен бірлесе отырып
оқуды қолдау жəне кітапханаларды насихаттау
мақсатында «Оқитын Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасы жасалып жүзеге асырылса жөн
болар еді. Кітапханалардың қорларын
толықтыруды ЖОО мен колледждердегі гранттар санын арттыру жолымен кітапхана кадрларын даярлауды мемлекеттік қолдау,
кітапхана мамандарының білікті құрамының
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кітапхана
қызметкерлерінің
еңбекақысын
кезеңкезеңмен өсіру мүмкіндігін қарастыру да
көкейкесті. Кəсіптің беделі мен имиджін
көтеру үшін республикалық кəсіби мереке –
«Кітапханашы күні» белгіленсе құба-құп
болар еді. Аталған ұсыныстар еліміздегі кітапхана саласының одан əрі дамуына жəне қазіргі
қоғам өркендеуінің іргетасы саналатын сапалы адам капиталын қалыптастыруда оң
нəтижесін берер еді деп санаймыз.
Динар НӨКЕТАЕВА ,
Сенат депутаты
Қыс-2018
Республикалық командалық-штабтық оқужаттығуы өтті
1-қараша күні өткен "Қыс-2018" Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы аясында Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлардың алдын-алу жəне жою комиссиясы
ауданымыздың азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының қысқы кезеңдегі
төтенше жағдайларға дайындықтарын тексерді. Аудан əкімі Ю. А. Бекқожин бастаған комиссия ауданымыздың қызметтеріне оң бағасын берді. Аталған іс-шараға барлығы 28 бірлік техника жəне 59 адам қатысты. Оқу-жаттығу жоспарына сəйкес халықты
құлақтандыру жүйесі, адамдарды іздеу жəне құтқару топтарының іс-əрекеттері мен жы-
лыту пунктілерінің халықты қабылдауға даярлығы тексерілді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Аудан әкімдігінде
Өзекті мәселе – күн тәртібінде
Аудан əкімдігінің мəжіліс залында аудан əкімі Юржан Бекқожиннің төрағалық етуімен
кезекті аппараттық кеңес болып өтті. Кеңеске аудан əкімінің орынбасарлары, аудан əкімі
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Бірлігі берік елдің – болашағы баянды
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы халқымыздың əл-ауқаты, табыстың
тұрақты өсуі мен өмір сапасына байланысты
болды. Еңбекқорлық жəне еңбекті қорғау
басты назарға алынған Жолдауда жаһандық
аренада ел мəртебесін арттырып, нығайтатын
Жолдау
болып
табылды.
Ақордада
жарияланған Жолдаудың ерекшілігі – билік
пен халықтың біртұтастығына бағытталған
деп
есептеймін.
Адами
капиталдың
құндылығын арттырған Жолдау еліміздің
əрбір тұрғынына алдағы тұрған іс əрекетін
нақты жоспарлауға, жасауға бастама болады
деп сенеміз.
Отанымыздың гүлденуіне үлес қосу –
жастардың қолында екені шындық. Аға
ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды
көздің қарашығындай сақтау біздің міндетіміз. Еліміздің басты құндылығы елдегі бейбіт-
шілік пен бірлік, экономиканың тұрақтылығы,
этносаралық татулық пен толеранттылық екенін жастарға түсіндіріп, əр адамзат баласы
жақсы істің жалғасын біліп,
дүниені
көркейтуге өз үлесін қосуы тиіс. Бұл болмыста өмір сүру дегеніміз əлеуметтік
шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде
жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен
үйлесімдікті орнатуға атсалысу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада
өткен Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2019 жылды “Жастар жылы” деп жариялауды ұсынды.
Еліміздің жастарына осындай қолдау білдіріп, жастардың өсіп, өркендеуіне жағдай
жасап, мүмкіндіктер беріп отырған Елбасы
саясатын қолдаймыз.
З.С.ТАКАуиЕВА,
ЖиГК Жаңаарқа бөлімшесінің басшысы
ӨЗ ГАЗЕТТЕРІҢІЗ «ЖАҢААРҚАҒА» 2019
ЖылҒА ЖАЗылыҢыЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті басылымдарыңыз
“Жаңаарқа” газетіне 2019 жылға жазылу басталды. Аудан аймағындағы жаңалықтың
жаршысына айналған, сексен жылдық тарихы бар сүйікті газеттеріңіз Сіздердің
көңілдеріңізден шығатынына сенімдіміз. Халықтың игілігіне қызмет етуден танбайтын
аудандық басылымның өздеріңізбен алдағы жылда бірге болуы үшін газетке жазылудан
кеш қалмаңыздар.
Газетке аудандық почта торабынан жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282
1 жылға 2496 теңге
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282
1 жылға 1992 теңге
аппаратының басшысы, аудандық мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары қатысты.
Күн тəртібінде 2 маңызды мəселе қаралды. Алғашқы мəселе бойынша «Жаңаарқа жылу»
коммуналдық мемлекеттік кəсіпорынның директоры Мейіржан Әбілдинов аудан
аумағында əлеуметтік маңызы бар нысандарды жəне тұрғындарды жылумен қамтамасыз
етуде «Жаңаарқа жылу» мекемесінің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары
туралы баяндады.
Аталған мекеменің биылғы жылу беру маусымының алдында атқарған жұмыстарына
тоқталатын болсақ, аудан тұрғындарын жылумен қамтып отырған локалдық жылу
қазандықтарына толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылу беру маусымынан қалған күлдер тасымалданып, түтін шахталары тазартылды. Жылу қазандықтарына
орнатылған «Pedrolla» маркалы су айдағыш насостары жөнделіп, құрылғы бөлшектері
толығымен айырбасталынды. Локалды жылу қазандықтарына қатысты жылу
құдықтарының барлығы – 61 ысырмасы жөндеуден өтті, оның 34-і жаңадан айырбасталды. Барлық жылу қазандықтарының электр қуатының жүйесі тексеріліп, кемшіліктері
қалпына келтірілді.
Жылу қазандықтарына қатысты ғимараттардың жылу құбырлары жуылып тазартылды
жəне сумен қайта толтырылды.
Келесі мəселе – аудан аумағында экспортқа мал өткізу бойынша атқарылып отырған
жұмыстар туралы аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сəрсембек Баязитов
ақпарат беріп, жиында басқа да əртүрлі мəселелер қаралды.
Соңында кеңесті аудан əкімі қорытындылап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
10 қараша 2018 жыл
2
Ауқымды мәселелер талқыланды
Аудан əкімдігінің
мəжіліс
залында
аудан əкімінің орынбасары Бауыржан
Қуандықұлының
төрағалығымен
үйлестіру
кеңесі
өтті.
Бұл жиынға ауыл
əкімдері,
мекеме,
бөлім басшылары,
ауылдардың ветери-
нар дəрігерлері қатысты.
Кеңесте мал ауруына қатысты, сондай-ақ, сібір жарасын алдын алу жөнінде тақырыптар
кеңінен талқыланды. Жиында сөз алған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
станциясының басшысы Айжан Мұсабекова, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы
Дихан Жəркенов жəне аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Қанат Мұқанов сынды
бөлім басшылары жиынға қатысушыларды өз баяндамасымен таныстырды.
Жиында мал ауруы жөнінде биылғы жылы атқарған жұмыстар, мал өлекселерін көметен арнайы орындар, ол орындардың қоршалуы, арнайы белгілермен қамтамасыз етуі, мал басын
бірдейлендіру сынды ауқымды мəселелер қаралды. Туындаған бұл мəселелер жөнінде тиісті
сала мамандарына жəне жергілікті ауылдардың басшыларына тапсырмалар берілді.
Үйлестіру кеңесінен кейін, кезектен тыс басқа да əртүрлі мəселелер талқыланды.
Жаңаарқа ауданының әкімдігінің
қаулысы
Өз кезегінде сөз алған аудан əкімінің орынбасары Қанат Қожықаев мемлекет басшысы
Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында келесі жылы 28 мыңнан 42 мың теңгеге көтерілетін төменгі жалақы мəселесіне тоқталды.
Ауылды жерлердегі шаруа қожалықтар сынды үлкенді-кішілі жеке кəсіпкерлердің
қарамағында қызмет жасайтын қарапайым жұмыскерлердің жалақыларын қарастырды.
Бұдан соң Қанат Шубайұлы аудандық «Жаңаарқа» газетінің сұранысын арттырып, тиражын
көтеру мақсатында газетке жаппай жазылу жөнінде тапсырма берді.
Кезектен тыс жиынның келесі ауқымды мəселесін аудан прокуроры Асылхан Әділханов
көтерді. Аудан аумағы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөніндегі
мəселеге кеңінен тоқталып, ауылды жерлерде пайдаланбай жатқан жерлердің иелерін
анықтап, бір апта мерзімінде қайта есеп беруді тапсырды. Ауыл əкімдері мен жер бөлімі мен
бірқатар мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Рахат АЙТЖАНОВА
жоба
проект
Жаңаарқа ауданы бойынша 2019 жылға
арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын және
ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі
«Білім туралы», 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік – жекеменшік əріптестік туралы»
Заңдарына, Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым Министрінің 2007 жылғы 27
қарашадағы №597 «Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың, орта техникалық жəне кəсіптік,
орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке
алғандағы жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы
нормативтік қаржыландыру əдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген) бұйрығына сəйкес, Жаңаарқа ауданының
əкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі
тəрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жəне ата-ананың төлемақысының
мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы əкімінің орынбасары Қожықаев
Қанат Шубайұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ю. Бекқожин
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Жаңаарқа ауданы бойынша 2019 жылға
арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын және
ата-ананың төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту
ұйымдарындағы
тәрбиеленушілер
дің саны
№
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Мектепке дейінгі білім беру
мемлеұйымдарының түрі
кеттік
«Атасу кенті əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш»
балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны
100
«Атасу кенті əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған»
балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны
150
«Атасу кенті əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік
190
қазыналық кəсіпорны
«Атасу кенті əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ер Төстік»
бөбек-жай» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кəсіпорны
140
«Түгіскен ауылдық округі əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Еркетай» балабақшасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кəсіпорыны
Жаңаарқа ауданы əкімдігінің Жаңаарқа
ауданының білім бөлімінің
«Құлыншақ» бөбек- жай»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кəсіпорыны
«Балауса» жеке меншік балабақшасы»
ЖК «Бекежанова Бағдат
Шакарбайқызы»
Постановление акимата Жанааркинского
района
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание
и обучение, размера родительской платы на
2019 год по Жанааркинскому району
В соответствии Законов Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 27 июля 2007 года
«Об образовании», от 31 октября 2015 года «О государственно-частном партнерстве», приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 ноября 2017 года №597
«Об утверждении Методики подушевого нормативного финансирования дошкольного воспитания и обучения, среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего
и послевузовского образования, а также высшего и послевузовского образования с учетом
кредитной технологии обучения» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов №16137), акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Утвердить прилагаемый государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы на 2019 год по Жанааркинскому району.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима
Жанааркинского района Кожукаева Каната Шубаевича.
3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Аким района
Ю. Беккожин
утвержден постановлением акимата Жанааркинского района
Государственный образовательный заказ на
дошкольное воспитание и обучение,
родительской платы на 2019 год по
Жанааркинскому району
Мектепке
дейінгі білім беру Бір тәрбиеленушіге
ұйымдарындағы
бір айға
ата-аналардың
жұмсалатын
бір айға ақы
шығындардың ортөлеу мөлшері таша құны (теңге)
(теңге)
кем емес
жеке
мемлекеттік
Жеке
мемлекеттік
жеке
-
11000
-
32280
-
-
11000
-
30580
-
-
11000
-
31575
-
-
11000
-
27644
-
50
-
11000
-
27616
-
25
-
11000
-
27616
-
-
100
32288
-
-
26873
№
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Количество воспитанников организаций
дошкольного воспитания и обучения
ГосуВид дошкольной организации образо- дарст- Частный
вания
венный
Коммунальное государственное казенное
предприятие «Детский сад «Карлыгаш»
государственного учреждения «Аппарат
акима поселка Атасу»
Коммунальное государственное казенное
предприятие«Детский сад «Балдырған»
государственного учреждения «Аппарат
акима поселка Атасу»
Коммунальное государственное казенное
предприятие «Ясли - сад «Ер Төстік» государственного учреждения «Аппарат
акима поселка Атасу»
Коммунальное государственное казенное
предприятие «Ясли - сад «Акерке» государственного учреждения «Аппарат
акима поселка Атасу»
Коммунальное государственное казенное
предприятие «Ясли - сад «Құлыншақ»
отдела образования Жанааркинского района акимата Жанааркинского района»
Коммунальное государственное казенное
предприятие «Ясли - сад «Еркетай» государственного учреждения «Аппарат
акима Тугускенского округа Жанааркинского района»
Индивидуальный предприниматель Бекежанова Багдат Шакарбаевна частный детский сад «Балауса»
Размер родительской платыв дошкольных
организациях образования в
месяц (в тенге)
государст- частный
венный
Средняя стоимость расходов на
одного воспитанника в месяц не
менее (в тенге)
государст- частный
венный
100
-
11000
-
32280
-
150
-
11000
-
30580
-
140
-
11000
-
27644
-
190
-
11000
-
31575
-
50
-
11000
-
27616
-
25
-
11000
-
27616
-
-
100
32288
-
-
26873
3
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Жаңа серпін берген Жолдау
Елбасымыз жақында ғана «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауын жария етті.
Ең бірінші кезекте Елбасымыз қазақстандықтардың жалақысын өсіру мəселесін көтерді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын қазіргіден
1,5 есеге көтеру туралы Үкіметке нақты тапсырма берді. Қазір еліміз бойынша ең төменгі
жалақы мөлшері 28 мың теңге болса, енді келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 мыңға
дейін көтерілетін болды.
Жолдауда "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасынының қолдану мерзімін 2025
жылға ұзартып, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша 30 миллиард
теңге бөлінетінін мəлімдеді. Аталған бағдарлама аясында несиелендірілген жобалар жаңа
жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді жəне мемлекетік бюджетке салық түсімдері бойынша кіріс түсіреді.
Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мəнін жəне олардың Отанымызды
өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру
үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. Қазақстанда келесі жылға дейін
дайындалатын педагог мəртебесі туралы заң жобасы нағыз халықтық бастама деуімізге болады.
Әсіресе, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту, біліктілікті арттыру, тəрбиешілер
мен балабақшада жұмыс жасайтын басқа да қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарастыру
мəселелері сөз болып, жол картасы əзірленетіні балабақша қызметкерлері үшін тың жаңалық
болды. Елбасы мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау камераларымен қамтамасыз
етуді ұсынды.
Ұлт көшбасшысы кезекті Жолдауында спорт саласын да тыс қалдырған жоқ. Өңірлік
деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін
арттыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ, қолданыстағы, əсіресе мектептердегі спорт
ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды,
саябақтарды жабдықтау керек деді.
Сондай-ақ, Елбасы медицина қызметтің сапасына да тоқталып, ең алдымен, əсіресе,
ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын
қамтамасыз ету қажет екенін айтты. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар
мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге
тиіс.
Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға,
кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Елбасы өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру туралы сөз қозғады. Жайлылық дегеніміз
– ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың əдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке
жəне жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің жəне сапалы инфрақұрылымның болуы.
Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік
инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе
2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсететін болады.
Жолдау барысында елде "Халық тұтынатын тауарлар" шығаратын кəсіпорындарды қолдау
қажеттілігі мəселесі көтеріліп, "Қарапайым тауарлар экономикасын" дамыту ұсынылды.
Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі
қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық
есептік көрсеткішке дейін көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесі мен
полицияға сенімін қамтамасыз ету қажет деп мəлімдеді. Қоғам полиция жұмысының
жақсарғанын қалайды деген Президент, ішкі істер қызметкерлерін қайта аттестациядан
өткізуді де тапсырды.
Жолдаудың азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат делінген бағытында,
үздік шетелдік компанияларда жұмыс тəжірибесі бар немесе əлемнің жетекші университеттерінде білім алған жеке сектордағы кəсіби мамандарды тарту маңыздылығы, еңбекақы
төлеудің жаңа моделіне көшу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына «бюджеттіккадрлық манёврді» жүзеге асыруға құқық бергендігі жəне сол арқылы үнемделген қаражатты
қызметшілердің жалақысын арттыруға бағыттау мүмкіндігі айтылды. Бұл өзгерістер мемлекет қызмет жүйесінің сапасын арттыруға септігін тигізетін болады.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы – бұл халықтың болашаққа
деген сенімін күшейтетін, елді бірлікке, ынтымаққа, екпінді еңбек етуге шақыратын аса
маңызды стратегиялық құжат. Жолдауда көтерілген мəселелердің барлығы ел ішінде үлкен
талқыға салынып жүрген көкейкесті мəселелер. Осы орайда биылғы тарихи маңызы бар
құжат ел дамуына ерекше серпін береді деген сенімдеміз. ,
Рысқали РАХиМОВ,
аудандық мәслихат депутаты, О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ директоры
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Жолдау-қамқорлық белгісі
Елбасы биылғы «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын
артыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын
арттыруға бағытталған алты нақты қадамын атап өтті. Жолдаудың басты ерекшелігі алға
қарышты қадам жасап келе жатқан елімізге тың серпін беруінде. Жалпы Елбасының əр
жылдардағы Жолдауы мен бағдарламалары елдің өркендеуіне үлес қосып бағыт-бағдар
беруде. «Нұрлы жол» бағдарлдамасы аясында ауданымызда қаншама үйлер салынып,
халық игілігіне берілсе, Рухани жаңғыру бағдарламасының бір бөлігі туған жерге тағзым
бойынша аудан мен ауыл мектептеріне абаттандыру жұмыстары жасалды.
«Ел боламыз десең бесігіңді түзе»-деген бабалар нақылын басты бағыт еткен елбасымыз биылғы Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігіне тоқталды. Сонымен бірге қоғамды жалпы ұлтты ұйыстырып, оқу-білімге
тəрбиелейтін мектеп ұжымының маңыздылығына тоқталып, «Педагок мəртебесі туралы»
заңды əзірлеп қабылдауды тапсырды. Жоғарғы білім беру ісінде оқу орындарының маман
дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейту керектігіне тоқталды.
Сонымен бірге адам еңбегіне қарй лайықты жалақы табуы керектігі баса айтылып, 2019
жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтеруді
тапсырып, оған қомақты қаржы бөліну керектігін айтты. Бұл біздің мемлекетіміздің
экономикасының дамып, табысымыздың артқанының дəлелі.
Мемлекетіміздің халықтың əл ауқатын көтеруге жасаған жарқын қадамы қарқынды
дамыған елу елдің қатарынан көрінудің баспалдағы деп білемін. Елбасының ел қамын
ойлаған бағдарламалары халықтан қолдау тауып, өз жетістігін көрсете бермек. Ендеше
бұл Жолдау да болашағымыздың баянды болуына атқарар рөлі зор.
Шәлен ШуДАНБЕКОВ,
Целинный ауылының ардагерлер ұйымының төрғасы,
“Нұр Отан” партиясының мүшесі
10 қараша 2018 жыл
Главная цель Послания – повышение
качества образования
Нынешнее Послание Главы государства
направлено на повышение благосостояния
населения и экономического потенциала
страны. Для реализации его шести направлений – «Рост доходов населения», «Повышение качества жизни», «Создание
комфортной среды проживания», «Госаппарат, ориентированный на потребности граждан», «Эффективная внешняя политика»,
«Сопричастность каждого казахстанца процессам преобразований в стране» – необходимо приложить все силы и знания.
Мы, представители сферы образования и
науки, приветствуем смелые инициативы и
предложения в сфере образования, намеченные в историческом документе. Глава государства предложил объявить следующий год
“Годом молодежи”, так как считает, что
«наша молодежь должна учиться, должна
овладевать новыми научными знаниями, получать новые навыки, которые необходимо
умело и эффективно использовать в повседневной жизни. Ведь молодежь – основа нашего
будущего».
Действительно,
процветание страны – в руках просвещенной молодежи.
Известно, что основы знаний закладываются в детском саду и далее развиваются
в начальной школе. Поэтому государство намерено приступить к повышению качества
всей системы как дошкольного, так и среднего образования уже с сегодняшнего дня.
Намеченная планка расходов на образование, науку и здравоохранение из всех источников до 10% от ВВП в течение 5 лет
призвана стать кардинальным решением
всех проблемных вопросов в этих отраслях,
послужить толчком к их обновлению.
Сегодня, как отмечает Президент, наступил заключительный этап реформирования
школьного образования. Дальнейшее распространение в масштабах страны передового опыта Назарбаев Университета и
интеллектуальных школ свидетельствует о
больших перспективах обновленной образовательной программы.
Учительство страны с особым воодушевлением приветствует решения о соответствии системы оценки качества образования
международным стандартам, 100%-ном
обеспечении школ и детских садов установками видеонаблюдения, отмены трехсменного обучения в школах, а самое главное –
принятия в 2019 году Закона «О статусе педагога».
В Послании большое внимание отводится
нововведениям и в системе высшего образования. Так, в последующие годы главным
критерием оценки успешности вуза, перспектив его развития, соответствия требованиям времени, показателем качества
образования будет занятость выпускников
после окончания учебы, их трудоустройство
на высокооплачиваемую работу. Эти требования к вузам порождены заботой о будущем
молодого поколения. Основу политики повышения качества отечественной науки составляют
идеи
укрупнения
вузов,
привлечения на работу, по опыту Назарбаев
Университета, лучших зарубежных топ-менеджеров, развития партнерства с ведущими
университетами мира, а реализацию совместных проектов составляет идея. Эти задачи
направлены
на
активизацию
творческой молодежи, повышение конкурентоспособности человеческого капитала,
что в конечном итоге должно привести к становлению интеллектуальной нации.
Предложение Главы государства о необходимости создания на базе имеющейся образовательной
инфраструктуры
нового
регионального вуза по примеру Назарбаев
Университета полностью соответствует реалиям сегодняшнего дня. Безусловно, эта
инициатива станет началом становления
нашей страны как центра образования международного уровня.
Уверены, что забота о благосостоянии народа, в том числе подрастающего поколения,
которое во многом зависит от качества образования, приведет к новым достижениям в
повышении качества жизни всех казахстанцев.
Таким образом, задачи, поставленные в
новом Послании, стали логическим продолжением предыдущих инициатив Главы государства. Наш общий долг – разъяснение
населению, в том числе молодежи, важности, значимости Послания. Наша общая задача – внесение весомого вклада в
реализацию основной идеи исторического
документа.
СЕЙДЕХАН АлиБЕК,
директор колледжа ЮКГу
им. М. Ауэзова, доктор исторических
наук
«Еңбек» нəтижелі жұмыспен қамту жəне
жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021
жылдарға арналған» бағдарламасының I
бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды
техникалық жəне кəсіптік біліммен жəне
əлеуметтік көмек» алушы, тағайындалған
ақшаға тігін машинасын алған. «Атаулы
əлеуметтік көмек» ала отырып, үш айлық
қысқа мерзімді кəсіптік оқуға «тігінші»
мамандығына жолдама алып, оқуын
қысқа мерзімді кəсіптік оқумен қамтамассыз
ету» бойынша қайта даярлау курстарына
биылғы жылы 100 адамға есепші, тігінші,
шаштараз, дəнекерлеуші, аспаз, сүт
өнімдерін өңдеу мамандықтары бойынша
жолдама беріліп, 70 адам оқуларын аяқтап
сертификаттарын қолдарына алды.
Қазіргі таңда оқуларын аяқтаған азаматтар
тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Соның ішінде Қошанова Әйгерім
Еркешқызы жаңа нысандағы «Атаулы
аяқтағаннан кейін тігін орталығын ашып,
халыққа қызмет көрсетуде.
Қалған 30 адам дəнекерлеу, аспаз, сүт
өнімдерін өңдеу мамандығы бойынша оқып
жатқан
қатысушылар
бүгінгі
күні
мамандығы бойынша тəжірибеден өтуде.
Осы қатысушылар оқуларын қараша айында
аяқтайды жəне тұрақты жұмысқа орналастырылады.
“Жұмыспен қамту орталығы” КММ
Қысқа мерзімді кәсіптік оқулардың
нәтижесі
10 қараша 2018 жыл
Жазиралы жазық даладағы ақ шаңқан киіз үйдің кермесінен ат кетпейтін қашаннан əдеті. Бұл үйдің қонағы
түгесілмейді. Қара қазан оттан түспей, келімді-кетімді кісіден босаға арылмай, ақ дастархан жиылмай, əңгімедүкеннің көрігі қызып жататыны тағы бар. Үй егесі
Көпбай ақсақал қашаннан қолы ашық жан. Ел басына
түскен талай қиындықта «өле жемей, бөле жегенді»ойлап, сүрінгенге сүйеу болғанына ел куə.
4
мат, Жанат, Самат деген бауырларым бар.
Сол
аналарымның
арасынан
қызғаншақтық, іштарлық, көрсеқызарлық
дегенді
көрмеппін. Атам жарықтық
қолындағысын көпшілікпен бөлісіп, алдына келгеннің көңілін жықпайтын
көпшіл еді. Жағдайын айтып келгеннің
Атымтай жомарт - Қайрат аға
Қолындағысын қоншына тықпай елмен бірге бөлісіп,
жылағанды жұбатып, құлағанды тұрғызып, адамгершіліктің
биігінен көрінген ақсақалдан үйренер көп. Ел ағасы болған
ақсақалдың үйінен кімдер дəм татпады дерсің. Кім келседе
онға толар толмас немересінің үлкені Қайраты есіктен
жылтың етіп қарайды. Алқа-қотан елдің арасында отырған
атасы басын не шайқайды, не изейді, іле есіктен көк серкешті болмасы қара қойды жетектеп, қонақтан бата сұрап
Қайраты келеді. Қонақ келгендегі бар шаруа осылай мал
союмен басталып, кете барады. «Береген қолым
алағанды»-ниет етпеген ақсақалдың ақжарма пейіліне
Алла есесін қайтарып, желіден құлыны, көгеннен қозысы
үзілген емес. Пейілі дария қариядан ұрпағына үлгі-өнеге
мен қонақжайлық дарып қала берді. Мəрттік деген
мəртебесі мен Атымтай жомарттығы тағы бар.
Сол ақсақалдың тəрбиесін көрген немеренің басы
Қайрат Советұлы Көпбаевтың аты ауданға емес облысқа,
республикаға таныс. Олай деуіміздің негізіде жоқ емес.
Республика көлеміндегі ілкімді шаралар, қолдау қажет ететін науқас балаларға демеушілік танытуда Қайрат аға
қалыс қалмапты. Қоңырау шалып, “көмектесіңізші”,- деп
жағдайын айтып жатқандардың меселін қайтарған емес.
Ал, облыс орталығындағы мешіттің салынуына Қайрат
ағаның миллиондаған қаржы құйғанын біреу білсе, біреу
білмес. Туған жері Түгіскендегі спорт комплексті қыруар
қаржыға салып, ауылға сыйға тартып, бүгінде ел игілігін
көруде. Бұндай сыйлық жасау шаруасы шалқыған көп
кəсіпкердің қолынан келе бермейтінін айта кеткен жөн.
Ауқатты, бақ қуатты тұратын азаматтар əр жерлерде бар,
бірақ бұндай сый тарту еткендері жоқтың қасы.
Елбасының сындарлы саясатының бір бағыты туған
жерді түлетуге арналса Қайрат аға сол бағытты мықтап
ұстаған азамат. Кешегі кіндігі кесіліп, ата-бабасына құтты
мекен болған Түгіскеннің тасының өрге домалауына атсалысып, осындағы игі-жақсылардың ұйымдастыруымен
өтетін əр шараға демеушілік танытуы ел алдындағы міндеті, туған жерге деген құрметі деп біледі.
-Тасқа қашалып таңба басқандай туғаннан адам бойына
даритын мінез-құлық қоршаған ортаның əсерінен ашыла
түседі ме
деймін. Менің
бойымдағы
мəрттігім,
қонақжайлылығым тегімдегі қанмен берілген шығар. Дегенмен көзбен көргенім, үлгі тұтқанымды жүзеге асыруға
барымды салудамын. Атам Көпбай ел сыйлаған адамтын.
Күнсұлу əжемде керемет кісітін. Атамның қаталдығы
қабағында тұратын, өз ісіні мығым, өр мінезді, қайраты
зор кісі еді. Мен негізі үш ананың арасында өскен баламын. Үш ана дейтінім атамның екі жары болды. Күнсұлу
əжеммен бірге Балқия шешем бар. Ол кісіден Талғат, Аза-
меселін қайтармайтын. Үнемі: «Балам,
кісіге жақсылық жаса, бірақ оны міндетсінбе, міндетсініп бергенің жақсылыққа
жатпайды. Кісі ақысын жеме. Қолыңнан
келгенше қолқайыр жаса қайыры болады»деп отыратын. Кішкентайымнан көріп,
көңілге түйгенім кісі келсе қой сойылып,
қазан асылып, көрші-қолаң шақырылуы
керек. “Бұл ата-бабамыздың, қазақ
халқының
өзіне
ғана
тəн
қонақжайлылығы. Біз сол салтты ұрпаққа
жеткізуіміз керек”,-деген Қайрат аға
еңбекпен келген əр заттың қадірі бар, бағасы артық екеніне тоқталып өтті.
Қайрат ағаның əкесі Совет ақсақал ауыл мектебінде
ұстаздық еңбек еткен, бірнеше жылдар бойы мектептің директоры
қызметін
атқарған кісі. Анасы
Сара
12 бала
тəрбиелеп өсірген
батыр ана. Бүгінде
ұлын ұяға, қызын
қияға
қондырған
жандар.
Ауыл мектебінде
оқыған
Қайрат
ағаның көп уақыты
атасымен
бірге
өтіпті. Жалпы қазақ
дəстүрінде бірінші
немере ол атасының
баласы. Қақаң сол
ата баласының нақ
өзі. Аға
шопан
болып
еңбекке
ысылған
ата
шапағатын көрген
бала Қақаңды даламен
үндескен
тағдыры өзіне тарта
беріпті, тарта беріпті. Содан болар
А л мат ы д а ғ ы
политехникалық
институттың 2 курсын тəмəмдаған соң
енді оқуға бармайтынын айтып өз алдына ақтылы қой алып, аға шопан атанады. Кейін мал дəрігерлік оқуды Қарқаралыдан оқып
жүріп, ауылдағы малдың жайкүйіне қарай тағы үзіп ауылға
тартыпты.
-Жалпы мен мектепті жаман
оқымадым. Зеректігім де бар.
Есеп жағына келгенде алдыма
қара салдырмайтынмын. Сол
кездегі оқуға түсу қиын шақта
Алматыға
оқуға
түстім.
Мүмкін жастығым болар, болмаса елге деген сағынышым ба
ауылға қайттым. Кейін өзім
шопан болып жауапкершілігім
артып, малға қарағанда тілі
жоқ жарықтық төрт түліктің
неден ауырғанын білсем, емдесем деген ниетпен мал
дəрігерлік оқуға түстім. Қазір
осы екі оқудың дипломсыз
түлегі болсамда сол оқыған
сəттерімнің жемісін көріп
жүрмін.
«Мал баққанға бітеді»,-дейді.
Рас. Егін ексең орасың, мал
бақсаң қажетіңе жаратасың.
Мал
бағу
оңай емес
болғанымен бұл біздің ата
кəсіп. Оның қыр-сырын бізден
артық ешкім білмейді деп ойлаймын. Сондықтан
əр
малдың жай-күйін, сүйсініп
жейтін шөбін, ішетін суын
барлығын бақылауда ұстаған
жөн-деген Қайрат ағадан отбасы туралы сұрадық.
-Жеңгең Нұргүл Ақтоғай ауданының қызы. Отбасымызда
үш бала тəрбиелеп өсірдік. Алланың берген ұл-қызына ата
дəстүрін сіңіруге барымызды салудамыз. Нұрперзент
Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі, қазір
шаруақожалықтың шаруасымен айналысып жүр. Әзиза
журналист, бөпесіне қарап еңбек демалысында. Фариза
Қарағанда қаласындағы прокуратурада қызмет етеді.
-Аға, көбіне шаруақожалық аттары сол отбасының
балаларының есімдерімен сәйкес келіп жатады. Сіздің
шаруақожалығыңыздың аты неге «Мақсат» аталған.
Болашаққа қандай жоспарыңыз бар?
-Жалындаған інім бар еді Мақсат деген. Тым ертерек
өмірден өтті. Бұл ат сол Мақсатымыздың аты өшпесін
деген
құрметтен
қойылғантын.
Атына
сай
шаруақожалықта күннен күнге құлашын, кеңге салып келеді.
Болашақ бүгіннен басталады. Бүгінгі күні облысқа таяу
Шет ауданына қарасты Батық елді мекенінен 5 мың гектар жер алып, сүт пен ет бағытындағы «Қайрат» атты
шаруақожалығын құрып жатырмын. Сауын сиырлар мен
бордақыға арнайы стандартқа сай баздарын салып
қойдық. 500 бас аналық сиыр ұстап қалаға сүт өткіземіз
деген жоспарымыз бар. 16 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Көктемнен бастап сауыншылар алып, қарқынды
жұмысты бастауды көздеудеміз. Алла сəтін салса
болашақта «Қайрат» шаруақожалығының өндірген өнімін
тұтынатын боласыздар,-деген Қайрат аға тұрмыс түзелген
сайын адам еңбек етуден қалып бара жатқанына налып,
кісі жұмсағыш, жалқауланып бара жатқанына қынжылыс
таныты.
-«Көйлегі көктік, тамағы тоқтық аздырар адам
баласын»,-деп Абай атамыз айтқандай шынымен де жалқау
əрі енжар халық болып бара жатырмыз ба?,-деген күдік
қылаң бергенімен таңның атысы күннің батысына қарамай
еңбек майданында жүрген, демалысты білмейтін төрт
түлігін өргізіп, ең далада мал баққан ағамыздың күн
қақтаған жүзіне қарап, біз сізбен мақтанамыз Қайрат аға
деймін.
Игілікті істің басы-қасында жүретін, жүрегі жомарт,
қолы ашық, қайрымы зор ағалардың еңбегі жана берсін,
қатарлары көбейе берсін.
Салтанат АМАНҚыЗы
қ
дің
5
Елбасы Жолдауы -халықтың қолдауы
Тарихи маңызы бар құжат
Елбасының жақында ғана жария еткен «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын
талқылау мақсатында аудан көлемінде əрбір ұжымдарда, ауылдарда арнайы жасалған кешенді жоспар аясында ақпараттық-насихат топтарының қатысуымен түрлі жиындар
ұйымдастырылуда. Сондай шараның бірі «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық
филиалында дөңгелек үстел түрінде болып өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен партия
филиалының бірлесіп ұйымдастырған шараға аудан орталығындағы балабақша мамандары
қатысты. Еркін форматта өткізілген жиында ең бірінші кезекте партия филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Ә.Аманжолов сөз алып, Елбасы Жолдауындағы негізгі
бағыттарға қысқаша тоқталып, одан туындайтын мақсат-міндеттерді ортаға салды. Одан
кейін сөз алған аудандық жастар ресурстық орталығының дін мəселелерін зерттеу
секторының маманы Ғ.Әбдікəрімов қазіргі қоғамдағы діни ахуал жайлы, оның ішіндегі діни
экстремизм бағытында толықанды ақпараттар берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар да белсенділік танытып, Жолдау жайында өз ойларын жеткізді. Олар биылғы Жолдаудың тарихи
маңыздылығын алға тартып, халықтың əл-ауқатын арттыру бағытындағы тапсырмаларға
ерекше көңілдері толатынын, əсіресе, ең төменгі еңбекақы көлемінің бір жарым есеге асырылып, жалпы халықтың еңбекақысын өсіру – ел тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты
қадамдар екенін айтты.
«Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы
Электронды үкімет порталы мен egov.kz
Telegram-ботында балаларды емханаға
тіркеу қызметі іске қосылды
«Ол үшін пайдаланушы egov.kz порталына тіркеліп,
электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Тағы
бір айта кетерлігі, онлайн-қызмет 2007 жылға дейін туған
балаларға көрсетілмейді» - дейді «Әлеуметтік
медициналық сақтандыру Қоры» КАҚ-ның Қарағанды
облысы филиалының директоры Фазыл Копобаев.
Қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы
«Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы
медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина
ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қызмет көрсету
опциясын басамыз. Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН негізінде туыстық байланыстарды анықтау үшін АХАТ бөлімінің
ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс
аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі,
учаскелік дəрігер деген сынды тағы да басқа мəліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.
Көрсетілген қызметтің нəтижесі өтініш жолдаушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Аталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін
пайдалануға болады. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина
ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот
арқылы алу үшін оған жазылу шарт (Чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон
нөмірін пайдалануға рұқсат ету). Естеріңізге сала кетсек, қазір елімізде жыл сайынғы
емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екі айлық дəстүрлі кампания 15 қарашада аяқталады.
Процессуалдық мерзімдерді қадағалау оңай
Мемлекет басшысы сот корпусының алдына жүйені оңтайландыру мен қолжетімді
ету міндетін қойды. Осы мақсатта сот ісін
жүргізуде инновациялық технологияларды
кеңінен қолдану қолға алынды. Қазіргі таңда
еліміздің сот жүйесіне соңғы үлгідегі интернет – ресурстар дендеп енгізіліп, пайдаланылуда. Солардың бірі сот процесіне
қатысушыларға SMS жəне электронды
пошта арқылы жіберілетін хабарландырулар. Мысалы, «гибридті электрондық поштаны» алсақ, электронды пішіндегі
хабарлама пошта бөлімшесіне жіберіліп, сол
жерде қағаз түрінде шығарылады жəне
алушыға тапсырылады. Бұл ретте жеткізілу
немесе жеткізілудің мүмкін еместігі туралы
статустар «Төрелік» ақпараттық жүйесінде
көрсетіледі. Бұлар сот мамандарының
жұмысын едəуір жеңілдетіп, жылдамдатты
деуге толық негіз бар.
Сонымен қатар, «Сот құжаттарымен танысу», «Тыңдалған істер тізімі», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру» сервистері мен Call
- орталықтары халықтың сотқа деген сенімін
нығайтуда. Әсіресе, «Сот кабинетінің» рөлі
артып, тиімділігін дəлелдеді. Аталған сервис
азаматтарға арыз – шағымдарын сотқа келмей – ақ жіберуге мүмкіндік берді. Тараптар
немесе олардың өкілдері өздеріне қолайлы
уақытта сотқа интернет арқылы арыз –
шағым, өтініш, наразылықтарын электронды түрде жолдауда. Бұған қоса мемлекеттік
бажды онлайн режимде төлеп, сот құжаты
мен акті көшірмесіне қол жеткізе алады.
Процессуалдық мерзімдерді қадағалау
мүмкіндігі де бар. Қазақстанда сот
процесінің əрбір қатысушысы қазір сот кабинетіне кіріп, жүргізілген істің бейне жəне
аудио жазбаларымен таныса алады. Сот
өндірісінің бүкіл процессі ашық, соған сай,
қандай да бір іс жүргізуде заң
бұзушылықтарға жол берілмейді. Ал, «Сот
құжаттарымен танысу» сервисі сот
өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін
қамтамасыз ету үшін электрондық сот
құжаттарымен танысуға арналған. Бүгінгі
күні азаматтарға сот құжатын алу үшін сотқа
барып уақытын кетірудің қажеті жоқ. Сот саласына заманауи технологияларды кеңінен
пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп қана
қоймай, төрелік жасауда кедергілердің
қысқаруына
ықпал
етіп,
сот
қызметкерлерінің азаматтармен байланысын
азайтуда. Өз кезегінде бұлар сыбайлас
жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізіп,
жұртшылықтың уақыты мен қаражатын
үнемдейді. Ең бастысы, жүйе ашықтығы
қамтамасыз етілді. Сот төрелігінің басты
мақсаты əділеттілікке қол жеткізу десек, бұл
мəселеде
заманауи
ақпараттық
технологиялардың маңызы зор.
А.БАуБЕКОВ,
Жаңаарқа аудандық сотының судьясы
10 қараша 2018 жыл
Заңсыз құрылысқа жол жоқ
Жыл өткен сайын ауданымызда бой
көтерген жеке тұрғын үйлер мен
коммерциялық мақсаттағы объектілер
көбейіп келеді. Олардың арасында құрылыс
талаптары мен заң нормаларын сақтамай,
жергілікті атқарушы органның құрылысқа
рұқсат беру туралы шешімісіз құрылыс
жұмыстарын бастап кететін кəсіпкерлер де
бар. Жеке жəне заңды тұлғалар елді
мекеннің аумағында құрылыс салуды
«Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала
құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы»
Заңына, «Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру жəне рұқсат беру
рəсімдерінен өту» Қағидаларына сəйкес
жүзеге асыруы тиіс. Елді мекендердің
аумағында əртүрлі мақсаттағы объектілерді
өз бетінше салуға жол берілмейді. Кез келген объектінің құрылысын бастар алдында
тапсырысшы (меншік иесі, құрылыс салушы) жер учаскесінің меншік түріне
қарамастан жергілікті атқарушы органға
өтінішпен жүгініп, құрылыс бастауға рұқсат
шешімін алу қажет. Бұл ретте меншік иесі
тарапынан құрылысы салынатын объектінің
эскиздік немесе сəулеттік жобасы əзірленіп,
жергілікті атқарушы органның сəулет жəне
қала құрылысы бөлімімен келісімделуі тиіс.
Жоба міндетті түрде жобалау қызметіне лицензиясы бар жобалаушымен əзірленуі
керек. Ал құрылыс объектісін салу үшін
кент немесе ауыл əкімінің шешімімен жер
учаскесі алынған кезде аудандық сəулет
жəне қала құрылысы бөліміне өтініш білдіріп, сəулеттік – жобалау тапсырмасын алу
қажет. Бұл құжаттар құрылыс жобаларын
əзірлеу үшін бастапқы материалдарды
рəсімдеу болып табылады. Объект салу үшін
жер учаскесін беру, сол елді мекеннің бас
жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Объектінің
құрылыс-монтаждау
жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi (құрылыс салушы) мемлекеттiк сəулет-құрылыс бақылауын жүзеге
асыратын
органдарға
(Қарағанды
облысының сəулет – құрылыс бақылау
басқармасына)
құрылыс-монтаждау
жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi
жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар
беруге мiндеттi. Бүгінгі заман талабына сай
мұндай хабарламаны алу үшін облыс
орталығына бармай-ақ, үйде отырып
Қазақстан Респубикасының электрондық
лицензиялау
ашық
порталында
http://www.elicense.kz сайтында қызметке
онлайн тапсырыс беру арқылы жүзеге
асыруға болады. Объектінің құрылыс
жұмыстарын тапсырысшы (меншік иесі)
мердігермен, техникалық жəне авторлық
қадағалауларды
жүзеге
асыратын
тұлғалармен бірлесіп жүргізеді. Объектінің
құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған
соң пайдалануға қабылдау актiсімен ресiмделедi. Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сəйкестiк туралы декларацияның жəне
орындалған жұмыстардың жобаға сəйкестiгi
мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде
тапсырыс берушi, мердiгер, техникалық
жəне авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды. Бұл талаптар меншік иесі дербес қабылдайтын құрылысы
аяқталған техникалық жағынан күрделi емес
объектiлерге, жеке меншік тұрғын үйлерге,
азаматтардың жеке пайдалануына арналған
құрылыстарға, шағын сəулеттік нысандарға
қойылмайды.
Жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысы
Қазақстан Республикасының «Жеке тұрғын
үй құрылысы туралы» Заңы аясында
жүргізіледі. Бұл ретте осы Заңға сəйкес
құрылыс салушы тұрғын үйдi жəне
ауласындағы шаруашылық – тұрмыстық
ғимараттарды белгiленген құрылыс жəне
мiндеттi қалыптар ережелердi бұзбайтын
жəне жергілікті атқарушы органның сəулет
жəне қала құрылысы бөлімімен келiсiлген
эскиздік жоба бойынша салуы тиіс.
Жергілікті атқарушы органның сəулет
жəне қала құрылысы бөлімі аудан аумағында
салынып жатқан немесе салынатын
құрылыс объектілеріне күнделікті мониторинг жүргізіп отырады.
Мониторинг Қарағанды облысының сəулет
– құрылыс қадағалау басқармасына ай,
тоқсан сайын ақпарат ретінде беріліп
тұрады. Еске салсақ, 2016 жылы мониторинг
деректердің негізінде аудан аумағында
құрылыс салушылар, яғни тапсырыс
берушілердің тарапынан құрылыс нормалары бұзылғаны анықталып, кенттегі 7 объект бойынша облыстық сəулет құрылыс
бақылау испекторының тексеріс жұмыстары
жүргізілді. Тексеру барысында құрылыс
меншік иелеріне əкімшілік құқық бұзу туралы хаттамалар толтырылып, ірі көлемде
айыппұлдар салынды. Мұндай жағдайлар
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы» Кодексі 319-бабына сəйкес заңсыз тұрғызылған немесе
тұрғызылып жатқан құрылысты мəжбүрлеп
бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он
бес,
лауазымды
адамдарға,
шағын
кəсiпкерлiк
субъектiлерiне
немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта
кəсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi
кəсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға əкеп соғады.
Осыған қоса бүгінгі күнде ауданымызда
қолданыстағы ғимараттарды қайта жоспарлау, қайта қалпына келтіру немесе қайта
жабдықтау жұмыстары да көп жүргізіледі.
Бүгінгі таңда офистерге, дүкендерге, сəн салонына жəне басқа да кəсіпкерлік қызмет
объектілеріне ыңғайлап, қолайлап, тұрғын
пəтерлерді қайта құру жəне қайта жобалау
кең тараған құбылыс болып тұр. Меншік
түріне қарамастан қолданыстағы ғимаратты
қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау
жұмыстарын жүргізу алдында жергілікті
атқарушы органнан (аудандық сəулет жəне
қала құрылысы бөлімінен) рұқсат шешім
алынуы тиіс. Бұл шешім бөліммен
көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып саналады.
Ал мемлекеттік қызметтің Үкіметпен бекітілген стандартқа сəйкес өзіндік тəртібі
бар. Осы стандартқа сəйкес ғимаратты немесе пəтерді қайда жабдықтауға, қайта
жоспарлауға өтініш берген жағдайда сол
объектінің эскиздік жобасы əзірленіп
ұсынылады. Ал егер үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен
(үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің
мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куəландырылған жазбаша келісімі
болуы тиіс. Егер де пəтердің қожайыны
қайта жобалауға заңды түрде ешқандай
рұқсатнама алмаса, сəулеттік-құрылыстық
жобасыз, сонымен бірге сəулет жəне қала
құрылысы бойынша уəкілетті органның еш
рұқсатынсыз өз бетінше объектіні қайта
жабдықтаудан өткізсе, онда осындай тəртіп
бұзушылық Қазақстан Республикасының
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Кодекстің 322 бабымен реттелетінін нақты
білу қажет. Қолданыстағы ғимараттардағы
тұрғын жəне тұрғын емес үй-жайларды
сəулет-құрылыс жобасынсыз жəне жергiлiктi атқарушы органдардың сəулет, қала
құрылысы жəне құрылыс саласындағы
функцияларды
жүзеге
асыратын
құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау жəне қайта
жоспарлау – жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – тоқсан, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
Өз тұрғын үйіңізді өзгерту туралы шешім
қабылдаған бетте идеяңызды іс жүзінде бірден жүзеге асырудың қажеті жоқ. Біріншіден, бұл қадамдар өмірлік маңызды
құрылымдарды зақымдауы жəне пəтер
қабырғаларының жəне тіпті барлық үйдің
бұзылу қаупіне əкелуі мүмкін. Бұл дегеніміз
адам өміріне төнетін үлкен қауіп. Мұндай
жағдай жақында Шахтинск қаласында орын
алған.
Айта кетсек, сол қаладағы бір көп қабатты
панельді
үйдің
бірінші
қабатында
орналасқан дүкенге меншік иесі өздігінен
қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізген.
Білместіктен тіреу қабырғасын бұзып алып
тастаған. Нəтижесінде екінші қабаттың
едені төмен құлаған. Көршілердің арызы негізінде бақылау органдарының тарапынан
меншік иесіне əкімшілік құқық бұзушылық
айыппұл салынып, өз қаражаты есебінен
ғимараттың зақымдалған бөліктерін қайта
қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу міндеттелді.
Құрметті аудан тұрғындары! Зауал –
заңсыз
құрылыстан.
Жоғарыда
айтылғандарды ексере отырып, заңсыз
құрылыстарды жүргізуге жол бермейік.
«Жаңаарқа ауданының сәулет
және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
10 қараша 2018 жыл
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ауданымызда əлеуметтік маңызы бар бизнес жобаларын жастар арасында жүзеге асыруға
жəне оларды қолдауға арналған Жаңаарқа ауданы əкімінің гранты беріледі.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: «Жастар ресурстық орталығы» КММ;
Орналасқан жері: Атасу кенті, Тəуелсіздік даңғ., 2 үй, телефон 8/71030/2-73-28,
электрондық поштасы: cmizhanaarka@mail.ru .
Конкурс нысанасы: кəсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас
кəсіпкерлерге, 29 жасқа дейінгі жастарға (өз бизнесін құруға) бір жобаға 500,0 (бес жүз)
мың теңгеге дейін аудан əкімінің гранттар беру.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тəртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген
мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2018 ж. «06» қарашадан бастап 2018 ж. «10»
желтоқсан аралығында, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті
уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «06» қараша сағат 09.00 (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «10» желтоқсан сағат 18.00 (жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен жəне конкурстық құжаттамамен cmizhanaarka@mail.ru сайтында танысуға болады.
Қатысушыға қажетті құжаттар тізімі: Қатысу туралы өтінім: Заңды тұлғаны (жеке
кəсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмесі; Бизнес-жоба, слайд дайындау
500,0 (бес жүз) мың теңгеге дейін; Кəсіпкердің «Бизнес-Кеңесші» немесе «Бастау Бизнес»
(сертификат) жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың
көшірмесі; Кəсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға
төлқұжаттың көшірмесі. Жеке куəліктің көшірмесі; Жеке кəсіпкерліктің шоты;
«Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын жергілікті грант көлемінің
кемінде 10% - ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кəсіпкердің қоса
қаржыландыру (ақшалай қаражат), оның ішінде жылжымалы жəне/немесе жылжымайтын
мүлікпен, сондай – ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес жобаның міндетті шарты
болып табылады.».
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ туралы анықтама.
Объявление о проведении конкурса
Предоставляется грант акима Жанааркинского района для реализации и поддержки социально значимых проектов среди молодежи нашего региона.
Форма конкурса: открытый конкурс.
Место подачи заявок для участия в конкурсе:
Организатор конкурса: КГУ «Молодежный ресурсный центр»
Местонахождение: пос.Атасу пр.Тəуелсіздік, д.2, телефон 8/71030/2-73-28, адрес электронной почты: cmizhanaarka@mail.ru.
Предмет конкурса: предоставление начинающим молодым предпринимателям, государственных грантов до 500,0 (пятьсот тысяч) тенге (на создание собственного бизнеса).
Порядок предоставления конкурсной документации: для участия в конкурсе претенденты
представляют по указанному адресу лично, по почте или через своего полномочного представителя заявку по утвержденной форме и полный пакет конкурсной документации.
Сроки предоставления конкурсной документации: с «06» ноября 2018 г. по «10» декабря
2018 г. в рабочие дни с 09.00 часов до 18.00 часов (время местное).
Дата и время начала подачи заявок: «06» ноябрь 2018 г. с 09.00 часов время местное).
Дата и время окончания подачи заявок: «10» декабрь 2018 г. до 18.00 часов (время местное).
Заявки, поступившие по истечении указанного срока, приему не подлежат. С настоящим
объявлением и конкурсной документацией можно ознакомиться на сайте
cmizhanaarka@mail.ru.
Перечень документов для участников: Заявка об участии; Копия свидетельства о государственной регистрации юридического лица (частного предпринимателя); Бизнес-план,
подготовить слайд (до 500,0 (пятьсот тысяч тенге); Копия документа подтверждающий о
прохождении обучения предпринимателя экспресс курсы «Бизнес-советник» или «Бастау
Бизнес» (сертификат); Довереннность на право подачи заявки от имени предпринимателя,
копия удостоверения личности доверенного лица. Копия удостоверения личности и номер
счета.
«Обязательными условиями бизнес – проекта для реализации новых бизнес – идей являются софинансирование (денежные средства) предпринимателем расходов на его реализацию в размере не менее 10% от обьема представляемого местного гранта, в том числе
личным движимым или недвижимым имуществом, а также создение новых рабочих
мест.».
Справка с Управлении государственных доходов по Жанааркинскому району о не имеющей задолженности по налогам и другим обязательным платежам в государственный бюджет.
2018 жылдың 31 желтоқсанында көлік
құралы салығын төлеу мерзімі аяқталады
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылға көлік құралы
бойынша салықты төлеу мерзімі 2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын ескертеді. Жеке тұлғалардың көлік құралы салығын төлеу тұрғылықты жері бойынша
жүргізіледі. Салықты уақытылы төлемегені үшін өсімпұл есептеледі. Онымен қоса,
салықтық берешек туындаған жағдайда, келесідей шаралар қолданылады:
-Салық кодексінің 24 бабының 15 тармағына сəйкес салықтық берешегі бар азаматтарға,
борышкерлерге банктік мекемелерде банктік шот ашу бойынша қызметтер көрсетілмейтін
болады. Аталған норма заңды тұлғаларға, жеке кəсіпкерлерге жəне жеке тұлғаларға да
қолданылады;
-хабарламаны ұсынған күннен бастап 30 жұмыс күні аяқталғанға дейін салықтық берешекті өтемеген жағдайда, егер берешек 1 АЕК-тен (2405 теңге) асатын болса, салық органы салық бұйрығын шығарады жəне оны сот орындаушыларына жолдайды. Салық
берешегін өндірудің ары қарай шараларын «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот
орындаушыларының мəртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шегінде сот
орындаушылары жүзеге асырады. Жоғарыда аталған шараларды болдырмас үшін көлік
құралы салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеуге үлгеріңіздер. Барлық
қоымша сұрақтар бойынша Атасу к, Тəуелсіздік к, 4 үй мекен-жайы бойынша орналасқан
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе 2-60-76 телефон
нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
6
Жаңаарқа ауданы бойынша 2018-2019 жылғы
мерзімге қазандықтарға жауапты аудан,
кент әкімдері аппаратының жауапты
қызметкерлер мен кәсіпорын басшыларының
тізімі
Қазандықтар жұмысына жауаптылар
Аппараттың жауапты
қызметкерлерінің Кәсіпорындар мен ұйым
Рет Қазандықтардың бай- Топ мүшелерінің бай- байланыс телефон- басшыларының байланыс телефондары
дары
саны ланыс телефондары
ланыс телефондары
Әбілдинов Мейіржан
№1 локалдық жылу
ұялы: 87016714212
қазандығы шебер:
жұмыс: 28149
Әли Алдияр
Бөгенбаев Жангелді
Мұқанов Бақытжан
Балтабаев Қанат
ұялы: 87474143674
ұялы: 87072412848
ұялы: 87476272683
ұялы: 87088442313
жұмыс: 27088
1. жұмыс: 50202
жұмыс: 27008
жұмыс: 26291
Әбілдинов Мейіржан
ұялы: 87016714212
№2 локалдық жылу
жұмыс: 28149
қазандығы шебер:
Қожықаев Қанат
Біргебай Мұхамедқали Қуанышбеков Мейрам
Әли Алдияр
ұялы: 87087088228
ұялы: 87085506825
ұялы: 87759897375
2. ұялы: 87474143674
жұмыс: 26250
жұмыс: 28798
жұмыс: 26088
Әбілдинов Мейіржан
ұялы: 87016714212
№3 локалдық жылу
жұмыс: 28149
қазандығы шебер:
Серіков Бауыржан
Ақыжанов Бекназ
Түсіпов Амангелді
Тиесов Мерзат
ұялы: 87789474643
ұялы: 87088239628
ұялы: 87781082626
3. ұялы: 87770504666
жұмыс: 27598
жұмыс: 26057
жұмыс: 26980
Әбілдинов Мейіржан
ұялы: 87016714212
№4 локалдық жылу
жұмыс: 28149
қазандығы шебер:
Қарабаев Аллаберген
Әбдіков Жантас
Ахметов Нұрсұлтан
Тиесов Мерзат
ұялы: 87765928828
ұялы: 87773555454
ұялы: 87016714212
ұялы: 87770504666
жұмыс: 29201
4. жұмыс: 50075
жұмыс: 27804
жұмыс: 28149
№5 локалдық жылу
Әбілдинов Мейіржан
қазандығы учаске
ұялы: 87016714212
бастығы: Алтынбеков
жұмыс: 28149
Мұратбек
Әштаев Тілеш
Әбдіғожин Алмас
Құдабаев Алмас
ұялы: 87077867789
ұялы: 87025652393
ұялы: 87011220204
ұялы: 87011574702
жұмыс: 29133
5. жұмыс: 28408
жұмыс: 27651
жұмыс: 26291
Әбілдинов Мейіржан
№6 локалдық жылу
ұялы: 87016714212
қазандығы шебер:
жұмыс: 28149
Түсіпов Амангелді
Қазбеков Диас
Ибишев Қайрулла
Икенов Азамат
ұялы: 87787867726
ұялы: 87781082626
ұялы: 87000005833
ұялы: 87754595808
6. жұмыс: 52060
жұмыс: 26980
жұмыс: 28798
жұмыс: 26765
«Жаңаарқа Жылу» КМК бас инженері Рыспеков Жәнібек ұялы: 87712712029;
87009769815. Жұмыс: 28148.
Дін-діңгегім
Дін - адамгершіліктің тірегі
Адам баласы дін арқылы өзінің тірліктен қажитын жанына тыным іздеп, баянсыз дүниеден
берік тірек, мəңгілік тиянақ табуға тырысады. Бірақ, өкінішке орай қазіргі кезеңде бір дінбасыға
бой ұсынып, бір діннің аясында алаңсыз құлшылық ететін заман келмеске кетіп барады.
Өйткені, жаппай сауаттылық, «жаппай ақылдылыққа» жол ашып, соның нəтижесінде, кім
көрінген дін мəселелері жөнінде білгіштік танытып, «бас-басына би болған өңкей қиқым,
бұзбады ма мінеки «діннің» сиқын» дейтін жағдай туындады. Соның салдарынан да дін өзінің
мейрімділік, сабырлылық, бірігу, өркендеу, кемелдік тəрізді сипаттарынан айрылып, өшпенділік,
төзімсіздік, ыдырау, тоқырау, пендешілік сипаттарымен көбірек көрініс бере бастады.
Мұндай жағдайда дін өзінің қарапайым тартымдылығынан да айрылып, көпшілік тарапынан
оған қатысты жақтырмаушылықтың, тіпті жеккөрініш сезімдерінің пайда болуы заңды. Өйткені,
сөздері мен істері үйлеспейтін, көкейге қорқыныш ұялатып, болашаққа қатысты зор
алаңдаушылық тудыратын «ақиқатты» ұстанатын небір əсіре топтардың əрекеттеріне қарасаң,
жалпы діннен көңілің суыйтыны рас.
Дін өзінің ақиқат болмысымен жақсылық жөніндегі шым-шытырық түсініктерді бір ізге салып,
оны бірден-бір тура жолға айналдыратын кемел ілімге айналса, ақиқат өзінің дін ретіндегі
көрінісімен адам жанына кір шалдырмай, оны үздіксіз тазартып отыратын, оның мəңгілік
табиғатын жалғандық қоспалардан аршып, оны нұрландыратын нақты амалға айналады.
Адамгершілік танымның діни таным негізінде қалыптасып, қашанда діннен нəр алып отыратынын түсінетін уақыт жетті. Қазіргі «өркениетті» заманда діннен ажыратылған адамгершілік
ұғымы өзінің рухани тазалық, ар-ұят пен адалдық мəнінен айырылып, тек адам құқығын қорғау
мағынасында ғана қолданыла бастады. Ал, адам құқығын қорғау болса өз кезегінде рухани
тазалықты, ар-ұят пен адалдықты аяусыз таптап жатқан азғындықты қорғауға айнала бастады.
Бұл діннен ажыраған адамгершілік танымның адасып өзінің шынайы мəнінен оңай айырылып
қалатындығының айқын дəлелі.
Шын мəнінде, рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін. Сондықтан
да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Ол екеуін ажыратып, адамгершілікті
жеке дара ілім етіп, оны дінге бəсекелес етіп, сол арқылы дінді өмір сахнасынан аластау əрекеті
не надандық, не болмаса адамзатқа жасалып жатқан зор қастандық болып табылады.
ӨЗ ТІлШІМІЗДЕН
уважаемые граждане!
Оформляя кредиты в банке, заемщики в соответствии с договором банковского займа и графика
погашения, ежемесячно оплачивают комиссии за обслуживание кредита (займа). Взимание банками данной комиссии является незаконной. Оплаченные суммы возможно возвратить как по
действующим кредитам так и по погашенным.
Банки, осуществляющие взимание банковской комиссии: АО «Евразийский банк», АО «ForteBank» (бывший АО «Альянс Банк»), АО «Казкоммерцбанк», АО ДБ «Альфа Банк», АО «АТФ
Банк». 16 ноября с 10 часов до 18 часов, по адресу: поселок Атасу, в Жанааркинском культурно-досуговом центре, пр. Сейфулина, д. 13, проводится бесплатная консультация граждан
по вопросам незаконного взимания банковской комиссии.
Просьба при себе иметь договора банковского займа и графики погашения, удостоверение
личности.
Обращаться по тел. 8 776 213 44 02; 8 705 302 64 31; 8 702 635 39 36
7
ЕскЕ алу
Асқар таудай əкеміз, қамқор да қадірлі ата Төлеуов
Аманжолдың дүниеден озып, бақилық болғанына 22
қараша күні 40 күн толып отыр.
Марқұм анамыз Рымбала екеуі жұбайлық ғұмырында 9
бала тəрбиелеп өсірген ұлағатты жанұя болды. Ұлды ұяға,
қызды қияға қондырып, əрқайсымызды жеке үй етті. Немере сүйді, шөбере көрді, Аллаға шүкіршілік айтамыз. Несібін адал еңбектен тапқан əкеміз балаларын да солай
тəрбиеледі. Тіршілігінде көмек сұрағанда қол ұшын беруге
аянбаған жан еді.
Әкеміздің мейірімін, қамқорлығын сағындық, Күн күн
сайын сағынышымыз артып, «балам» деген жылы сөзін
естігіміз келеді. Амал нешік деп дəтке қуат қыла отырып,
жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа, жаныңыз жəннатта, тəніңіз рахатта болсын,
жұмақтың төрінен орын бұйырсын деп тілейміз.
Дүние шіркін, тар ма екен,
Ернеуі кетік жар ма екен?
Айналайын, Әкем-ай,
Өзіңдей асқақ бар ма екен?!
Асқақтап тұрған тауым еді,
Арайлап атқан таңым еді.
Иманды болсын, Әкешім,
Дұғамызды Алла қабыл ет.
Сағына еске алушылары: балалары Маржан-Нұрлан, Жайна-Қайрат, АлтынайНұржан, Мақсат-Сәуле, Бота-Төлеуғалы, Меруерт-Ерлан, Салтанат-Өмірхан,
Талғат-Райхан, Айнұр, немерелері, шөберелері
22 қараша күні сағат 13.00-де “сұлтан” мейрамханасында әкеміздің өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Сəкен ауылының тұрғыны болған, ардақты əке, қамқор
ата Қалдыбеков Амангелдінің
өмірден өтіп, көз
жұмғанына 17 қараша күні 40 күн толып отыр. Ардақты
əкеміз арамыздан алыстап, бақиға аттанды. Маңайына
мейірім шуағын төгіп, ізгіліктің алып емені болған
қайран əке бабалар көшіне ілесіп, қайтпас сапарға аттанды. Артында бауырын, əкелерін жоқтап бауыры, балалары, немерелері қалды.
Жоқсың əке, сен енді алыстадың,
Құлыным деп балаңмен қауышпадың.
Алла өзі жасатар жасын беріп,
Татар дəмін жаратқан тауысқанын.
Әке деумен кеш батып, атар таңым.
Бұйыртсын Алла сізге жұмақ бағын.
Көшеңіз ол жақтағы жарық болып,
Жай тапсын ана өмірде əке жаның.
Еске алушылар: бауыры, балалары, немерелері, жиендері
17 қараша күні сағат 13.00-де сәкен ауылының “ақбосаға” мейрамханасында
әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
Жәрмеңке-2018
Қаражал қаласында өткен жәрмеңке
3-ші қараша күні
Қаражал
қаласында
ауылшаруашылық
өнімдерінің жəрмеңкесі
өтіп, оған Ақтау ауылдық
округінің шаруа қожалық
иелері,
жəне
жеке
кəсіпкерлер ат салысты.
Атап айтатын болсақ,
«Жансая»
шаруа
қожалығы, «Сырымбет»
шаруа
қожалығы,
«Ақбота» шаруа қожалығы
жəне
жеке
кəсіпкер
Айтқали
Төлеутаев
қатысып,
ауыл
шаруашылық өнімдерін төмендетілген бағамен саудаға шығарды. Ауыл азаматтары 1
тонна сиыр етін, жарты тонна жылқы етін, жарты тонна қой етін жəне жарты тонна сүт
өнімдерін (сары май, құрт, ірімшік, тұз құрт) саудаға шығарды. Ауылшаруашылық өнімдері
базар бағасынан 10-15 % арзан бағамен сатып, қалалықтардың алғысына бөленді.
Аян ҒАЗиЗОВ,
Ақтау ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы
Монополистер тұтынушылар есебінен
29 млрд. теңгеге байыған
Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров
монополистердің шығындарды қасақана
арттырып отырғаны жəне 29 млрд. теңгеге
жасалған күмəнді мəмілелері туралы айтты.
Бұл туралы ол электр, жылу энергиясы тарифтерін қалыптастыру кезінде заңдылық
мəселелері
талқыланған
Бас
прокуратураның алқа отырысында хабарлады.
Мəселен, «Қарағанды ЭТК» электр желі-
лерін жөндеу бойынша «МДМ» жəне «АлмаТрансКомпани» ЖШС 218 млн. теңгеге
келісім-шарттар жасаған.
Орындалған жұмыстар актілерінің болуына
қарамастан, олар іс жүзінде жүргізілмеген.
Сот осы мəмілелерді жарамсыз деп таныды.
Прокуратура монополисті тұрғындардың
ақшасын қайтаруға міндеттеді.
Жаңаарқа ауданының прокуратурасы
10 қараша 2018 жыл
ЕскЕ алу
Арқа сүйер азамат, ардақты əке, сүйікті ата Окумов
Құсбектің өмірден өткеніне биыл 25 жыл, ал шаңырақтың
ұйытқысы, аяулы ана, сүйікті əжеміз Мәжен
Баймағанбетқызының өмірден озғанына 20 жыл толып
отыр. Егерде əкеміз тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді.
Шаңырағының тірегі, отбасының қорғаны болған
ардақты ата-анамыз ағайын-туысқа сыйлы, көршікөлемге қадірлі еді. Өмірдің заңына бағынып, атаанамыздың топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын
деп дұға бағыштаймыз.
Сағынып еске аламыз өздеріңізді,
Сыздайды аңсап-іздеп жүрек мұңды.
Ұрпағың, туған-туыс дұға арнайды,
Жаратқан қабыл етсін дұғамызды.
Өздеріңіз əке, ана тірегіміз,
Еске алып Сіздерді əрдайым жүреміз біз.
Жаратқан жұмақ төрін бұйыртсыншы,
Қабыл боп, Аллаға айтқан тілегіміз.
Еске алушылар: Окумовтар әулеті
Әкеміздің өмірден өткеніне 25 жыл, анамыздың өмірден өткеніне 20 жыл толуына
орай 11 қараша күні сағат 13.00-де «Сұлтан» мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Ынтымақ ауылының тұрғыны, 40 жылдан астам уақыт
қадірлі ұстаз болған, асыл жар, аяулы ана, қимас бауыр,
сүйікті əже Сатаева Сағынышты сұм ажал ортамыздан
алып кеткеніне 5 жыл болды. Анамыздың мейірімді жүзін,
асыл бейнесін сағынышпен еске аламыз. Анамыздың
жатқан жері жарық, топырағы мамық, жолдасы иманнан,
орны жұмақтан болсын деп рухына құран бағыштаймыз.
Тағы келді анамды алған күрең күз,
Аяулы анам, сағынып сізді жүрміз біз.
Әр өткен күн, айлар мен келер жылдарда,
Өзіңсіз Ана бұл өмір неткен сүреңсіз.
Қадірлі едің, жан Ана, жан-жағыңа,
Пенде, шіркін жеткен бе арманына.
Немерелер қызығын көрер шақта,
Іліндірді сұм ажал қармағына.
Жақсы адамның артында із қалады,
Бəрі сізді сағынып еске алады.
Анажан, арамыздан кетсең-дағы,
Нұрлы бейнең жүректе мəңгі сақталады.
Қайтып келмес бірге жүрген жылдарымыз,
Айтып келмес ажалдың құрбанымыз.
Жаратқан топырағыңды мамық етіп,
Қабыл болсын біздің дұға қылғанымыз.
Сағынып еске алушылар: жолдасы-Тілеу, ұлдары-келіндері, қыздарыкүйеубалалары, бауырлары, немерелері, жиендері
Негізгі талап – қызметтік әдеп
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050»
стратегиясында өте жоғары этика жəне
кəсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты
құрудың
негізгі
өлшемі
болып
табылатындығын атап өтті. Бүгінде мемлекеттік қызметшінің əдебі мен мінез-құлық
мəселелеріне үлкен мəн беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153
Жарлығымен «Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің əдеп кодексі»
жəне «Әдеп жөніндегі уəкіл туралы» ереже
бекітілген. Мемлекеттік қызметшілерге
қойылатын талаптардың сақталуын бақылау
жəне заңбұзушылықтарға жол бермеу
мақсатында
тиісті
жұмыстарды
ұйымдастыру əрбір мемлекеттік мекемедегі
Әдеп жөніндегі уəкілге жүктелген.
«Қазақстан
Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық
бақылау жəне қадағалау комитетінің
Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан əріИнспекция) Әдеп жөніндегі уəкілдің
функциясын
басшының
орынбасары
атқарады.
Инспекцияға қарасты 9 аудандық жəне 9
қалалық аумақтық инспекциялардың басшылары мен қызметкерлеріне «Мемлекеттік
қызметшінің əдебі, мінез-құлқы нормалары
мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,
мемлекеттік мүлікті тек қызмет бабында
пайдалану,мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киіміжəне т.б. талаптар туралы»
түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мем-
лекеттік қызмет істері жəне сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаменті
қызметкерлерімен арнайы семинар-кеңес
өткізіліп,
мемлекеттік
қызметкерге
қойылатын негізгі талаптар мен шектеулер
жəне құқықтарытүсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшінің əдеп кодексіне
сəйкес басшы жəне қол астындағы
қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары,
бостандықтары мен заңдық мүдделерінің
сақталуын жəне қорғалуын қамтамасыз етуі
тиіс. Азаматтармен жəне əріптестермен
қарым-қатынас жасау кезінде сыпайылық
жəне əдептілік танытып, мемлекеттік
қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары
мəдениетін қалыптастыруықажет.
Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттің
мүддесіне жəне азаматтардың құқығына
залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы
тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді
сақтауға міндетті жəнехалықта туындаған
сұрақтарды шешуде уақтылы көмек
көрсетіп, сапалы мемлекеттік қызмет
көрсетуі керек.
ҚР АШМ ВБҚКЖаңаарқааудандық
аумақтық инспекциясында Әдеп жөніндегі
уəкілдің қабылдау кестесі мен байланыс телефоны (8-7212-423373) арнайы тақтайшада
ілінген.
Д.МЕРҒАЗиН,
ҚР АШМ ВБҚК Қарағанды облыстық
аумақтық инспекция
басшысының орынбасары, Әдеп
жөніндегі уәкіл
Жарамсыз деп танылсын
Бекмаханов Боранбай Бейсенбековичтің атына берілген жеке басының куəлігі,
жүргізуші куəлігі, “ОК” автокөлігінің техникалық паспорты, Евразия банкінің банкомат карточкасы, “Казхром” мекемесінің жұмыс куəлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
“Ернар” шаруа қожалығына жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану қықығын беру
туралы 19.04.2005 жылы берілген №142 Жаңаарқа ауданы əкімиятының қаулысы жоғалуына
байланысты жарамсыз деп танылсын
ҚҰТТЫҚТаЙМЫЗ!!!
Қызылжар кентінің тұрғыны
ардақты жездеміз Ақсай мен апамыз Гүлжаханды 70-жасқа толған
мерейтойларыңызбен
жəне
екеуіңіздің құрған берік, іргелі
шаңырақтарыңыздың ордалы отбасына айналғанына 50-жыл толған
алтын тойларыңызбен құттықтаймыз.
Осы өмірлерінде 3 баланы
тəрбиелеп,
құтты
орындарына
қондырып
немере
сүйіп,
балаларының қызығына бөленіп, досжаран, туған-туыс ортасында əрқашан мерейлеріңіз үстем, қадір-қасиеттеріңіз зор болып
ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.
Қос қуаныштарыңыз қайырлы болсын.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылсын,
Туған-туыс үйге бүгін ағылсын.
Ақ ниетпен тілеген ақ тілектер,
Періштенің құлағына шалынсын.
Тілек білдіруші бауырларыңыз: Рахметулла-Бану, Әбдіхалық, Мырзахмет,
Файзулла-Сәния, Болат-Гүлнәзия, Ерлан-Гүлғайша
СПОРТ
« Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны
Біздің халқымыз адамның санасын шынықтырып,
ойлау қабілетін жетілдіретін ой спорты түрлерін
ерте кезден ақ ойластырып, жетік меңгерген.
Өскелең ұрпақты тəрбиелеу, ой- саналарын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту ойындарының
қатарына жататын, ойнасаң қызығына тоймайтын,
қиын да, қызықты ой спортының бір түрі«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны. Елбасымыз Н.Ә
Назарбаев «Тəуелсіздік –тəңірдің ұрпаққа берген
үлкен бақыты, халқымыздың мəңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тəуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Еліміздің білім, ғылым, денсаулық,
спорт салалары айрықша даму үстінде» деп көрсеткендей, «Тоғызқұмалақ» ұлттық
ойыны да қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие болып, даму үстінде.
«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны арқылы оқушылардың логикалық ойлау ұғымдарын
кеңейтіп, есептеу дағдыларын шыңдай түсуге болады. Тоғызқұмалақты үйренген балалар
əр нəрсеге жақсы зейін қояды жəне көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға
қойылған мақсатты шұғыл жəне оңай жүзеге асырады. Осыны мақсат етіп, өзім еңбек
етіп жүрген Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінде «Тоғызқұмалақ» үйірмесін
жүргізуді қолға алдым. Кəзіргі кезде «Тоғызқұмалақ» ойынының əліппесін жəне ойнау
ережесін тереңдетіп үйрету үстіндемін. Осыған орай оқушыларымның жетістіктеріне
тоқталатын болсам, 2016 жылы Төлеухан Айкүнім облыстық жекелей біріншілікте
«Тоғызқұмалақ» жарысынан 3-орын иеленді. 2017 жылы аудандық оқушылар спартакиадасында мектеп құрама командасы 2- орында болса, 2018 жылы Наурыз мерекесіне
орай өткізілген «Тоғызқұмалақ» жарысында мектеп құрама командасы 1-орынға ие
болды.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен спорттық,
дене тəрбиеге байланысты тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы, оның ішінде «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы насихаттауды басты міндетім деп білемін.
Б.МЕЙІЗБЕКОВ,
Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
ҚҰТТЫҚТаЙМЫЗ!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, құрметті де ардақты
əріптесіміз Шолпан Хамзеқызы Сізді
60 жасқа
толуыңызбен шын жүректен
құттықтаймыз. Зор
денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық, ұзақ
ғұмыр тілейміз.
Бүгінгі туған күніңіз құтты болсын,
Үйіңізге құт-береке ырыс қонсын.
Бала-шаға, дос, туыс арасында,
100-ге дейін жетіңіз көңіл толсын.
Ізгі тілекпен: аудандық жер бөлімінің атынан Айдын
Қайроллаұлы Құрмашев
ҚҰТТЫҚТаЙМЫЗ!!!
Аудандық спорт мектебінің медбикесі, ұжымда адал
еңбекқор, ортамызда сыйлы əріптес, отбасына мейірманды
ана, асыл жар Хасенова Айсұлу Нақыпқызын 50 жас
мерейлі тойымен шын жүректен құттықтаймыз.
Әріптесімізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасына
амандық, ырыс-береке тілейміз.
Алғы күннен күтер əркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін игі жақсылық.
50-жас мерейлі құтты болсын,
Еңбегіңіз еселесін ел үшін.
Әлі талай қызықтарға кенеліп,
Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісің.
Ізгі ниетпен: аудандық спорт мектебінің ұжымы
Ризашылық
Аудан басшысына алғысымыз шексіз
Аудан басшысынан қолдау тауып биылғы жыл ауылымызда оң өзгерістер орын алуда.
Ауылымызда жылдар бойы ауызсудан көріп келе жатқан қиындығымызды аудан басшыларына жылдар бойы айтып келдік. Жан айқайымызды айтқанымызбен нəтиже көрмедік.
Алайда осы қиындығымызды бүгінгі аудан басшысы Юржан Асанұлына бір ауыз айтып,
өтініш білдірдік. Ауылымыздағы қиындықты көріп бей-жай қарамай, ауыл халқының
өтінішін қанағаттандырға аудан басшысы Юржан Асанұлы ауызсуды ауылға тартуды
тапсырған еді. Тамыз айының 1 жұлдызында басталған жұмыс қарашаның алғашқы күні
аяқталып ауыз су қолдануға берілді.
Ауылымызда жаңадан салынып жатқан мешітімізге көп қолдау көрсеткен,
балаларымыздың білім алатын білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге
қолдау танытқан аудан басшысы Юржан Асанұлына Алла разы болсын дейміз. Алла тағала
екі дүние нығметтерін нəсіп етсін. Халықтың қамын жеген аудан басшысына тек толайым
табыстар тілейміз.
Айдос САҒАНАЕВ,
Ақтайлақ ауыл тұрғындарының атынан ауыл имамы
Вниманию населения!
Впервые в городе целительница првожу прием в городе Темиртау, а также на расстоянии
помогаю детсад Савона по телефону по ватсапу. Гарантия 100%. Сниму порчу, открою дорогу на удачу, на везение соединю любимых, избавлю от алкоголя и многое другое. Камни
Dark перешли от моей бабушки. Мне было 14 лет. С 15 лет я начала принимать людей. За
время моей практики еще никто не жаловался.
Помогу тем кому никто не помогал.
Обращаться по телефону 87782008119.
Болат Мейізбеков атындағы III-ші дәстүрлі Республикалық турнир
2-3 қараша күндері ауданымыздың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР-ның спорт ардагері Болат Мейізбековты еске алуға арналған қазақ
күресінен 2003-2004 жылдары туған жəне 2006-2007 жылдары туған
жасөспірімдер арасында III-ші дəстүрлі Республикалық турнир өтті.
Жарыстың ашылу рəсімінде Қазақ күресінен ҚР-ның мемлекеттік
жаттықтырушы Жеңіс Биткөзов, аудандық мəслихат хатшысы Қуат
Имантүсіпов, спорт ардагерлері Беибіт Хасенов пен Меркеш Өскембеков,
Бөкеңнің қарындасы Алма Мəжікеновалар сөз сөйлеп, спорт пен білім
саласындағы ауданымызға сіңген еңбектерін баяндады.
Республикамыздың түкпір- түкпірінен келген балуандар екі күрес кілемінде
белдесіп, нағыз шеберліктерімен, жақсы дайындықтармен келгендерін
көрсетіп, халықтықтын қошеметіне бөленді. Балуандар 10 салмақ дəрежесінде
белдесіп, жерлестеріміз жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында болып,
спорт шеберлігі кандидат талаптарын орындады. Атап айтсақ: 42 кг- 1 орын
Қасым Азамат, 3 орын- Қайруллаұлы Дархан, 66 кг- 2 орын Қапиятов Аслан,
+73 кг-2 орын Мұхамедия Ерасыл, 3 орын Базаров Айбар (Жаңаарқа ауданы,
Түгіскен ауылы), 46 кг- 3 орынды Үмбетов Асылхан (Жаңаарқа ауданы,
Түгіскен ауылы) мен Жакенов Диас, 38 кг- 3 орын Әкімбек Аян (Жаңаарқа
ауданы, Түгіскен ауылы).
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысының дене
шынықтыру жəне спорт басқармасының жоғарғы дəрежелі Мақтау қағаздары
мен медальдармен марапатталды. Сондай-ақ жүлделі балуандарға
демеушілердің қомақты ақшалай тігілген жүлделері табысталды.
Аудандық спорт мектебі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАлиНА САлТАНАТ АМАНҚыЗы
МЕНШІК иЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ889261201186721004, БиН 010340002761, БиК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1605 дана
Тапсырыс №46
Автор
zhanzbc
zhanzbc190   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
7
Размер файла
24 089 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа