close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 47qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№47 (9883), 17 қараша, 2018жыл
кәсіби мереке
Қаржыгерлер марапатталды
15-қараша қаржыгерлер күніне орай
аудан әкімдігінің мәжіліс залында
аудан әкімінің орынбасарлары мен
мекеме басшылары, ауданымыздың
экономика және қаржы бөлімінің мамандары, мекеме
есепшілері
қатысқан кездесу өтті.
Ұлттық
теңгеміздің айналымға
шыққанына 25 жыл
толуы мен
қаржыгерлер күнімен аудан әкімі
Юржан Бекқожин құттықтады.
- Құрметті қаржыгерлер! Сіздерді
Ұлттық валюта күнімен және
Қазақстан Республикасының қаржы
органдарының
қызметкерлерінің
кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
1993 жылы ел Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Жарлығымен ұлттық валюта – теңге
айналымға енді. Бұл күн Қазақстан
тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, теңге – біздің ел
мемлекеттілігінің басты белгісіне
айналды. Мемлекет басшысының
сарабдал
саясатының
нәтижесінде,
тәуелсіз
мемлекетіміздің
нышанына
айналған теңге Тәуелсіздігімізді
одан әрі түсті.
Теңгенің айналымға енуі
еліміздің ұлттық нарық инфрақұрылымының
қалыптасуына,
қаржылай-несиелік және бюджеттік-салықтық саясатты жүзеге
асыруға,
реформалар
б а с т а у ы н д а ғ ы
макроэкономикалық
тұрақтылықтың тиімді тұстарын
ұстануға
қажетті
қадамдарымызды айқындауға септігін тигізді. Теңгені қалыптастыру және нығайту жолында күн сайын біздің елдің
қаржыгерлері ерекше үлес қосуда.
Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, тың
жаңалықты игерудегі басымдықты, шынайылықты қажет етеді. Осы орайда, құрметті
қаржыгерлер, Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде, біздің аудан экономикасы
үдемелі дамып келе жатқан аймақтардың қатарынан орын алуда.
Сіздерге шын жүректен жемісті еңбек, кәсіби табыс, қаржы ісіндегі тұрақтылық пен жаңа
табыстар тілеймін!-деген аудан басшысы қаржы саласында қызмет етіп жүрген мамандарды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды.
Мәдени-сауық орталығының қызметкерлері әнмен әрлеген кездесуге қатысқан мамандар
аудан әкімінің төл мерекелеріне назар аударғанына алғыстарын білдірді.
Өз тілшімізден
Рухани байлыққа толы кездесу
Өткен аптада Қарағанды облысы КХА төрағасының орынбасары, Қарағанды облысының
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Жезқазған қаласының мәслихат депутаты, білім меценаты - Алтынбеков Бекзат Комарұлы ауданымызға келді.
Бекзат Комарұлы келген бір күндік сапарында аудан
халқымен кездесулер өткізді. Алғашқы кездесуі аудан
әкімдігінің мәжіліс залында өтті.
Бұл кездесуге ауыл әкімдері, аудандық ардагерлер
ұйымының төрағасы мен мүшелері, аудандық қоғамдық
кеңес мүшелері, аудандық іскер әйелдер қоғамының
мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Кездесу барысында ел ағасы өз ойын ортаға салып, елімізде
болып жатқан оқиғаларға қатысты пікірін білдірумен қатар,
өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, басқосу кезінде ұрпақтар сабақтастығын
сақтау,
басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» мақаласы тұрғысынан рухани-адамгершілік
құндылықтар, білім, өмірлік философия, қазақ халқының
мәдени, тілдік ерекшеліктері төңірегінде пікір алмасты.
Бұл кездесуден кейін Бекзат Қомарұлы ауданымыздағы
«Арай» дамыту орталығына, С.Сейфуллин атындағы аудандық мұражайға, Б.Амалбеков
атындағы ЖОББМ мен О.Жұмабеков атындағы ЖОББ мектептерге атбасын бұрып,
мекемелердің қызметкерлер, ұстаздар және оқушыларымен кездесу өткізді.
Бұл кездесулерге қатысқан әр адам өзіне рухани байлық алып, әр жұмыстың жауапкершілігі жөнінде айтып, жастарды патриоттыққа, бәсекеге қабілетті болуға шақырды. Сондайақ, жастарды жаңа технологияларды меңгеруге және қазіргі бар мүмкіндікті дұрыс
пайдалану қажеттігіне тоқталып, Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болуы
үшін бүгінгі жас ұрпақтың білімді болуы керектігін баса айтты.
Рухани байлыққа толы кездесу барысында жиынға деген пікірлер аз болған жоқ, соның
бірі О.Жұмабеков атындағы орта мектептің ұстазы, оқу ісінің меңгерушісі Қарашаш
Байтуғанова былай деді.
– Жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты қоғам талаптарына сай
қалыптастыру оңай шаруа емес. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды таңдап, өскелең
ұрпақты салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызға сай тәрбиелесек, ұтарымыз мол. Ұлттық
сана біздің идеологиямыздың және қазіргі қоғам дамуының негізі. Рухани дамыған салада
тәрбиеленген ұрпақ міндетті түрде мемлекетіміздің дамуына қызмет етеді. Бүгінгі
кездесудің бүгінгі ұрпаққа берері мол. Білім меценаты, білім беру ісінің құрметті
қызметкері Бекзат Комарұлы сынды ел ағалары білім ошақтарына, жастарды тәрбиелейтін
орталықтарға жиі атбасын бұрып, кездесу өткізіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Кездесуге
қатысқан әр оқушы мен ұстаздардың санасына рухани нұр сепкен сізге зор алғысымызды
білдіреміз, - деп ризашылығын білдірді.
Рахат ӨміРбЕкҚызы
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Елбасы: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи
технологияларды құрылыс саласында да
пайдалану аса маңызды. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі айтылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын
арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет
көрсетілуі үшін барлық жағдай жасалуы керек», - деді Президент. Тиімді мемлекеттік
басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудағы негізгі басымдықтар.
Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай,
ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық
салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған.
Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары
жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінген
қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы тиіс.Тек, сонда ғана өркениетті елдер
сияқты мемлекеттің ілгерілеп дамуы болады деген ойдамын.
А.АкимбЕковА,
С.Сейфуллин атындағы Жобб мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Елбасының Жолдауы-халықтың қолдауы
2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы
дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсеткен.
«Адамзат өндірістік революция кезеңіне
қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді
өзгертіп жатыр. Қазақстан осы
күнде
мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс»,- деді мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің
барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын
маңызды бағыттар. Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан –
Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет.
Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Бірінші кезекте
Рухани жаңғыру
17 қараша 2018 жыл
2
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Жолдау талқыланып -қолдау тапты
Елбасымыздың биылғы қазан айында
жолданған Жолдауын насихаттап, талқылау
мақсатында Бидайық ауылдық
округі
әкімінің міндетін атқарушы Н.Жамауовтың
төрағалығымен «Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз» атты кеңес өткізілді.
Жұртшылықпен кездесу барысында
Елбасының атына көптеген жылы сөздер айтылды. Сондай-ақ, бес негізгі міндет аясында өндіріс үдерістерін сандық негізге
көшіру арқылы индустрияландыруды
өрістету, білім беруді жаңа сипатта дамыту,
қаржы секторын қайта қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді
мемлекеттік басқару жүзеге асатынына
сенім білдірді.
Бағдарламалық құжаттағы дағдарысқа
қарамастан, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындайтыны,
яғни азаматтарымыздың әл-ауқат деңгейін
одан әрі арттыру мүмкіндігі бар екенін ауыл
тұрғындары ризашылықпен қабылдады.
Елбасымыздың жаңа Жолдауы барша
қазақстандықтарға жігер беріп, болашаққа
деген сенімдерін арттырды деп ойлаймын.
Ендігі кезекте Елбасымыздың Жолдауын әрі
қарай насихаттап жүзеге асыруға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлестерін қосу керек.
Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге
асыру, қай салада қызмет атқарсақ та
баршамыздың алға қойған мақсат-міндетіміз.
Отырыс соңында ауыл басшысы
Елбасының Жолдауымен мұқият танысып,
алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруда өз
үлестерін қосуға шақырды.
Ж.ЖАкияновА,
бидайық ауылдық округінің
жетекші маманы
Рухани жаңғыру
мектебіміздің мерейі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа
жолдаған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы
негізінде өріс алған балаларға білім беру
саласының майталмандары да өз міндеттерін абыроймен атқаруда.
Айтарлық, біздің мектебіміздегі жоғары
санатты мұғалім Батталова Айнаш
Рахымқызының
ғылыми-зерттеу
жұмыстары облыстық, республикалық,
халықаралық
байқауларда
жоғары
бағаланып, жүлделі орындарға ие болып
жүргендігі, біздер үшін де үлкен қуаныш.
Былтырғы оқу жылында аудандық “Жыл
мұғалімі” байқауында І-ші орынға ие болған
Айнаш биылғы жылы да “Үздік ұстаздарға”
арналған 50 мың теңге сертификатын аудан
әкімі Юржан Бекқожиннің қолынан алуы да
үлкен еңбегінің айғағы болатын.
Сондай-ақ, Алматы қаласында өткізілген
“Үздік авторлық бағдарлама” конкурсының
жеңімпазы болып табылған Айнаш
Батталоваға Қазақстан Республикасы білім
және ғылым министрлігі атынан арнайы
дипломның табыс етілуі - ауылымыздың
ғана емес, ауданымыздың білім саласы үшін
де мақтануы дей келе, болашақтағы,
ұстаздық жолына зор табыстар тілейміз.
Г.ӘбдіҚАСовА,
Ақтүбек Жобб мектебінің директоры
Атасу кенті тұрғындарының
назарына!
«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды
қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде
тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысының 8-тармағы 1-тармақшасына
сәйкес, 2018 жылдың 19-желтоқсаны күні сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінде Атасу
кентін қайта атау және Атасу кентіндегі Павлодар-Жезқазған айналма тас жолының
солтүстігі құрылыс алаңындағы №1 көшеге атау беру мәселелері бойынша жергілікті
қоғамдастықтың жиналысы өтеді.
Аталған қоғамдастық жиналысқа кент тұрғындарының қатысуын сұраймыз.
Аталмыш мәселелер бойынша барлық ұсыныстар мен ескертпелер «Атасу кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
«Атасу кенті әкімі аппараты» мм
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға
дейін латын әліпбиіне көшу керектігін және болашақта
барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы
қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ,
Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты
қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өткен болатын. Бұл
мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика
көлемінде
әрбір
мекеме,
ұйымдарда
іс-шаралар
ұйымдастырылуда. Осындай бір игі шараның бірі
ауданымыздағы
Оразалы
Жұмабеков атындағы мектепте
«Латын жазуы – мемлекеттік тілдің
сенімді тірегі, жарқын болашағы»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған жиынды осы мектептің кітапханашылары Ботагөз Ибраева
мен
Эльмира
Әкімовалар
ұйымдастырды. Шараға мектептің
ұстаздары мен жоғары сынып
оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - латын
әліпбиіне көшудің маңыздылығы
туралы
оқушыларға
терең
мағлұмат беру, қоғамдық пікір
қалыптастыру. Қоғамда өздерін
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
ХАЛыҚҚА дЕГЕн ҚАмҚоРЛыҚ
Қазақстан
Президенті
Нұрсұлтан
Назарбаевтың биылғы Жолдауы «Жастарға»
арналып отыр. Мемлекет басшысы біз өмір
сүріп жатқан жаңа жаһандық жағдайда күтіп
отырмай, болашаққа сенімді қадам басқан
және қатерлерге қарсы әрекет еткен
халықтар ғана жеңімпаз атанатынын
осының алдында да айтқан болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге
үндеп,
осы
бағытта
оқыту
бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. ITбілімді,
қаржылық
сауаттылықты,
ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу
қажеттігін сөз етті. Елбасы білім беру саласында өз Жолдауында маңызды мына
жағдаяттарға тоқталып өтті. Білім беруде
мектеп реформасын жаңалау керектігін жеткізді. Барлық мектептер стандартты
жағдайда НИШ деңгейіне тартылу керек.
Мектептерде баға қоюды халықаралық
стандартқа сай құрылу қажет. Ең бастысы
бала қауіпсіздігін 100 % қамтамасыз ету
үшін жағдай жасау керектігін айтты. 20192020 оқу жылында мектептерде үш ауысымды оқуды қысқарту үшін бюджеттен 50
млрд теңге бөлінді. Келесі жылдан бастап
мұғалімдердің жүктемесін азайту керектігін
жеткізді. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі күшейту талап етіледі.
Бүгінде ғылым саласы баланың ойлау
қабілетінің негізі, ақылы алты жасқа дейін
қалыптасатынын айтуда. Осы мәселеге тиісті деңгейде мән беріліп отырған жоқ. Бұл
салада біліктілік талаптарын, оқыту
әдіснамасын,
тәрбиешілер
мен
балабақшадағы өзге де қызметкерлердің
еңбегін төлеу жүйесін қайта қарап шығу керектігін мәлімдеді. Жоғары білім саласында
оқу орындарына талаптар қатая түседі.
Гранттардың санының өскендігін, ендігі кезекте жауапкершілікті арттыратын уақыт
келгендігіне
тоқталды.
ЖОО-ның
табыстылығының басты талабы - оқу біткеннен кейін студенттердің жұмыспен
қамтылуы, олардың жоғары айлығы бар
жұмысқа орналасуы болмақ. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Білім және ғылым министрімен сөйлескенін атап өтті. Елбасы
биылғы
Жолдауында
2019
жылы
«Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң
қабылданатынын айтты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-лар қалуы керек. Жаһандық
университеттермен
ынтымақтастықты
жалғастырып, Назарбаев Университеттің
тәжірибесі бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек. Қазіргі білім беру
инфрақұрылымының базасы негізінде Назарбаев Университеттің үлгісі бойынша
тағы бір аймақтық ЖОО ашу керек деп
есептеймін», - деді Президент. Елбасы Жолдауы халықтың көңілінен шығады деп ойлаймыз!
С.бАттАЛовА,
Ақтүбек Жобб мектебінің
кітапханашысы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси
кеңесінің соңғы кеңейтілген кеңесінде:
«Партияның өңірлік филиалдары жергілікті
жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мақсатты
ұйымдастырылған
күресті
өрістетуі керек. Сыбайлас жемқорлықпен
және парақорлықпен бірлесе отырып, бүкіл
халық болып күресуге болады. Біздің партия
осы күрестің алдыңғы шебінде екенін
көрсетуге тиіс»,- деп қадалап тұрып айтқан
еді.
Аудандық әділет басқармасымен
өткізілген іс-шараларға «Нұр Отан» ХДП
Жаңаарқа
аудандық
филиалының
төрағасының бірінші орынбасары А.Аманжолов ұдайы қатысып отырады. Елбасының
Қазақстан халқына арнаған Жолдауын
ақпараттық
сүйемелдеу
мақсатында
басқармада құрылған ақпараттық-насихат
тобымен бірге елді мекендерде болып,
халықтың өтініш-тілектерін бірге қабылдап,
оларды шешуге ықпал етеді. Олар жөнінде
тиісті уәкілетті органдарға хабардар етіп,
қабылданған шешім туралы өтініш иесіне
жауап беріледі.
Осы уақыт аралығында жемқорлықпен
күреске қатысты жағдайларды қарап отыру
үшін тараптар бірлескен кеңестер өткізеді.
Кеңестерде қолданылатын мүмкіндіктер
қарастырылып, шаралар жасалынады, сондай-ақ, ынтымастықтың жаңа салалары
айқындалады.
Жалпы, қоғамдағы қауіпті құбылыс –
сыбайлас
жемқорлықпен
күресті
науқаншылыққа
айналдырмасақ
қана
жеңіске жететініміз сөзсіз. Аудан әкімдігі,
құқық қорғау, бақылау, қадағалау органдары,
«Нұр Отан» ХДП осы принципті берік
ұстанып отыр. Олардың қолға алып,
атқарып жатқан батыл шараларына халық
қолдау көрсетіп, сенім білдіруде.
Ә.ӘбдіРАзАҚов,
Жаңаарқа ауданының әділет
басқармасының басшысы
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
-Біздің ұйымдастырып отырған шарада бүгінгі күннің
Рухани жаңғыру өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» ту-
Латын әліпбиі – жарқын болашақ Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл
ралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз.
көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа
қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары
жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар латын графикасы туралы өз ойымен бөлісіп, латын графикасына көшіру жайлы
көзқарастарын білдіріп, өз ұсыныстарын айтты.
мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі
қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер
айтылып жатыр. Осы мақсатта оқушылардың да пікірін білу
үшін осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұрамыз- дейді
осы мектептің кітапханашысы Ботагөз Ибраева.
Бүгінгі шарада белсенділік танытқан жоғары сынып
оқушылардың ұстазы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Гүлшат Көпжасарованың ерен
еңбегі көрініп-ақ тұрды. Оқушылар
өз ойларын айтуда өздерінің білімдерін жан-жақты көрсете білді.
Тәрбие ісінің меңгерушілері Лаура
Забикова мен Жанар Жолдасбаева,
ағылшын
тілінің
мұғалімі
Бақтыберлі Көшмағанбетов, қазақ
тілінің
мұғалімі
Тұрсынай
Мұсабекова, әлеуметтік педагог
Ақнұр Шекимовалар өз ойларымен бөлісіп, латын тілінің келер
ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап
өтті. Кездесу соңында естелік суретке түсті.
Рахат АйтЖАновА
17 қараша 2018 жыл
3
Ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдеріне
кандидаттар тіркеу туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
Қазақстан Республикасының
аудандық маңызы бар қаланың,
ауылдық округтері, ауылдық
округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу қағидаларының
20-тармағына сәйкес аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы кент
және ауыл әкімдіктеріне төмендегі
кандидаттарды тіркеді:
1.Аманбаев Ерқанат Сембайұлы 1990 жылы туған, Жаңаарқа
ауданы, Ақтүбек ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы,
Ақтүбек ауылында тұрады, ұлты
қазақ.
2.Анафин Мадияр Зейнуллаұлы 1984 жылы туған, Жаңаарқа
ауданы, Ақтүбек ауылдық округі
Ақтүбек орта білім беретін
мектебінің
алғашқы
әскери
дайындық
пәнінің
мұғалімі,
Ақтүбек ауылында тұрады, ұлты
қазақ.
3.
Ахметов
Нұрсұлтан
Дүйсембекұлы - 1989 жылы туған,
Жаңаарқа
ауданы
әкімі
аппаратының
ұйымдастыру
Атасу кенті әкімінің лауазымына
ҮміткЕР
жұмысы бөлімінің басшысы, Атасу
кентінде тұрады, ұлты қазақ.
4.Бакиев Қайнар Қанатұлы - 1983
жылы туған, Жаңаарқа ауданы,
сәулет және қала құрылыс
бөлімінің басшысы, М.Жұмажанов
ауылдық округінде тұрады, ұлты
қазақ.
5. Жалмағанбетов Қайрат
Орынбайұлы – 1969 жылы туған,
Жаңаарқа
ауданы,
Бидайық
ауылдық округі Бидайық орта білім
беретін мектебінің алғашқы әскери
дайындық
пәнінің
мұғалімі,
АХмЕтов нұРСұЛтАн дҮйСЕмбЕкұЛы
бөлімінің басшысы қызметінде.
Өмірбаяны
Ахметов Нұрсұлтан Дүйсембекұлы 1989
жылдың 13-қарашасында Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген.
2010 жылы Алматы қаласында Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
университетін бітірген. Мамандығы:
халықаралық қатынастар бакалавры.
2012 жылы Жезқазған қаласында
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған
университетін
тәмамдаған.
Мамандығы: экономика ғылымдарының
магистрі.
Еңбек жолын 2012-2015 жылдар
аралығында «Жаңаарқа несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде несие инспекторы болып
бастаған.
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін
«Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінде ұйымдастыру
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда төмендегідей жұмыстарды атқарамын:
- Кентіміздің тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін барынша дамыту, тұрғындардың өмір
сүру дәрежесін биік деңгейге көтеру мақсатында «Smart City» «эталонды» стандартын
қалыптастыру.
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын арттыру арқылы бизнесті жаңа өрістерге
шығару.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында демеушілер есебінен қаржы тарту.
- Бюджеттің кіріс жағын көтеру үшін «Көлеңкелі» экономиканың көлемін төмендету.
- Ескірген электр желілерін жаңартып, жергілікті халықты электр қуатымен, ауыз сумен
үзіліссіз қамтамасыз ету.
- «Жаңа Нұр» ықшам ауданында тұратын кент тұрғындарының орталыққа қатынауын
қамтамасыз ету үшін көлік маршруттарын ұйымдастыру.
Атасу кенті әкімінің лауазымына
ҮміткЕР
бАкиЕв ҚАйнАР ҚАнАтұЛы
Өмірбаяны
Бакиев Қайнар Қанатұлы 1983 жылдың 30-маусымында Қарағанды облысы, Жаңаарқа
ауданы, М.Жұмажанов атындағы ауылында
дүниеге келген.
2005 жылы Қарағанды қаласында Қарағанды
Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген. Мамандығы: сәулет бакалавры.
Еңбек жолын 2007-2014 жылдар аралығында
«Жаңаарқа ауданының құрылыс, сәулет және
қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып бастаған.
2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Жаңаарқа
ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінде басшы қызметінде.
бағдарламасы
Осы
қызметке
сайланған
жағдайда
төмендегідей жұмыстарды атқарамын:
- Атасу кентінің бас жоспарын, нақты жобалау
жобаларын әзірлеу. Қала құрылысын бас
жоспарға сәйкес әрі қарай жаңдандыруға, дамытуға ықпал жасау.
- Елбасының Жолдауының бесінші міндетін орындау мақсатында кенттегі жеке меншік
тұрғын үй құрылысы үшін алаңдарды айқындау жұмыстарын жүргізу. Оларға инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру жұмыстарын жүргізу.
- Кентті абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына аса көңіл бөлу.
- Нақты эскиздік, сәулеттік жобаларды ұсыну.
- Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс
сапасын жақсартуға ерекше мән беру.
Бидайық ауылында тұрады, ұлты
қазақ.
6. Жамауов Нұржан Қадырбайұлы
– 1965 жылы туған, Жаңаарқа
ауданы Бидайық ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы,
Бидайық ауылында тұрады, ұлты
қазақ.
7. Орманов Ерлан Серікұлы – 1988
жылы туған, Жаңаарқа ауданы,
Ақтүбек ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы, Ақтүбек
ауылында тұрады, ұлты қазақ.
8.Түсіпов Амангелді Бақышұлы –
1978 жылы туған, Жаңаарқа
ауданы, Атасу кент әкімінің орынбасары, Атасу кентінде тұрады,
ұлты қазақ.
9. Шибұтова Бахыт Ауданбайқызы
– 1964 жылы туған, Жаңаарқа
ауданы, Бидайық ауылдық округі
Бидайық орта білім беретін
мектебінің директоры, Бидайық
ауылында тұрады, ұлты қазақ.
Жаңаарқа аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Атасу кенті әкімінің лауазымына
ҮміткЕР
тҮСіпов АмАнГЕЛді бАҚышұЛы
Өмірбаяны
Түсіпов Амангелді Бақышұлы 1978
жылдың 29 мамырында Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Ынталы орта мектебінде 11 жылдықты
аяқтап, еңбек жолын «Қасқа қошқар» ШҚ
жұмыскері ретінде бастаған. 1996-2000
жылдары
Е.А.Бөкетов
атындағы
Қарағанды Мемлекеттік Университетінде
«Алғашқы әскери дайындық және дене
тәрбиесі» мамандығын тәмамдаған. 20052007жылдары Қарағанды маңызды білім
беретін
«Болашақ»
институтында
«Заңгер» мамандығы бойынша білім
алған. 2003-2004 жылдары Жаңаарқа
ауданы №132 орта мектебінің дене
тәрбиесі пәнінің мұғалімі. 2004-2005
жылдары Ынталы орта мектебінде волейбол үйірмесінің жаттықтырушысы,
Қаражал қаласы «Дене шынықтыру және
спорт бөлімі» ММ бас маманы. 2006-2008
жылдары Жаңаарқа ауданы Қараағаш ауылдық округінің әкімі. 2008-2018жылдары
Жаңаарқа ауданы, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы. 2018-2018 жылдары Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті әкімінің орынбасары. 04.10.2018ж. Жаңаарқа ауданы,
Атасу кенті әкімінің міндетін атқарушысы. Отбасылы. Үш баланың әкесі.
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда төмендегідей жұмыстарды атқарамын:
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында кент басындағы барлық
мекемелермен және кәсіпорындармен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеу;
- «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
аясында кентте орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу
жұмыссыздық деңгейін азайту.
- ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес
кентттегі идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді қайта атау жұмыстарын жүргізу;
Кенттегі абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру;
- Кенттің ішкі және сыртқы жолдарының жазда және қыс айларында тазалығына аса көңіл
бөлу; Халықты ауыз сумен, жарықпен үзілсіз қамтамасыз етіп, қыс айларында орталық жылу
беру қазандықтардың жұмысына қадағалау жасау; «Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық
орталығы» КММ мен бірлесе отырып кенттегі жастардың мәдени іс шараларға белсене
қатысып, спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер жасау; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясында кенттің сәулеттендіру жұмыстарына демеушілер тарту.
Ақтүбек ауылдық округі әкімі лауазымына
ҮміткЕР
АмАнбАЕв ЕРҚАнАт СЕмбАйұЛы
Өмірбаяны
Аманбаев Ерқанат Сембайұлы 1990 жылдың
22-мамырында Қарағанды облысы, Жаңаарқа
ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келген.
2011 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
Мемлекеттік университетінің техника және
технология мамандығы бойынша бітірді.
2013 жылдан бастап «Ақтүбек ауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы
болып жұмыс істейді.
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда мен
төмендегі бағытта жұмыс атқарамын:
- Адамның басты капиталы – білім. Осы
тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен
үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі
деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай
жасау.
- Округтегі өндірілетін ауыл шаруашылығы
өнімдерінің түрлерін кеңейту.
- Көше жолдарын жөндеуден өткізу, жарық
шамдарын жөндеу және санын ұлғайту.
- Тұрғындардың демалыс және салауатты өмір салтын ұстануына демалыс және спорт
алаңдарын салу мәселесін қолға алу.
17 қараша 2018 жыл
4
бидайық ауылдық окургі әкімінің лауазымына
ҮміткЕР
ЖАмАУов нұРЖАн кӘдіРбАйұЛы
Өмірбаяны
Жамауов Нұржан Кәдірбайұлы 1965
жылдың 9 наурызында Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Жезқазған политехникалық
институтын бітірген.
1993-1994
жылдары
Жезқазаған
қаласында мыс заводында , 1997-2006
жылдары Бидайық ауылында «Бірлестік»
шаруа қожалығының жетекшісі болып,
2006-2013 жылдары Жаңаарқа темір
жолының ӘТЖК қүзетші болып жұмыс
істеген.
2013 жылдан Бидайық ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы
болып жұмыс істейді.
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда мен
төмендегі бағытта жұмыс атқарамын.
- Мемлекеттік «Өнірлерді дамыту»
саясатының округ бойынша тиімді орын-
далуына ықпал етіп, қалдағалау.
- Ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімдерін ұлғайту және мақсатты пайдалануын
қамтамасыз ету.
- Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз тұрғындардың арнайы білім алып,
жұмысқа тартылып, баспанаға қол жеткізуіне ықпал ету.
- 2019-2020 жылдары елді мекендердегі көшелерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша серпінді жұмыстар атқару.
бидайық ауылдық окургі әкімінің лауазымына
ҮміткЕР
ЖАЛмАҒАнбЕтов ҚАйРАт оРынбАйұЛы
Өмірбаяны
Жалмағанбетов Қайрат Орынбайұлы 1969
жылдың 27 қарашасында Қарағанды
облысы, Шет ауданы, Көктінкөл ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Қарағанды дене тәрбиесі және
спорт училищесін бітірген.
2004 жылы Карағанды Мемлекеттік университетін бітірген.
1992 жылы Бидайық орта мектебінде
әскер және дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі болып кәзіргі уақытқа дейін
жұмыс істейді.
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда мен
төмендегі бағытта жұмыс атқарамын.
- Ардагерлер алқасымен тығыз қарымқатынаста жұмыстар атқару, мемлекеттік
жастар саясатын жүзеге асыру.
- Ауылшаруашылығын одан әрі дамыту,
жер телімдерін кеңейту, олардың тиімді
пайдалануын қамтамасыз ету
- Округтегі өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің түрлерін кеңейту
- Көше жолдарын жөндеуден өткізу, жарық шамдарын жөндеу және санын ұлғайту
- Тұрғындардың демалыс және салауатты өмір салтын ұстануына демалыс және спорт
алаңдарын салу мәселесін қолға алу.
бидайық ауылдық окургі әкімінің лауазымына
ҮміткЕР
шибУтовА бАХыт АУдАнбАйҚызы
Өмірбаяны
Шибутова Бахыт Ауданбайқызы 1964 жылы
15 мамырда Қарағанды облысы, Жаңаарқа
ауданында дүниеге келген.
1986 жылы Жезқазған Педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолы 1986-2005 жылдары
аралығында Ағадыр орта мектебінде
мұғалім болып істеді.
2005 жылдан бастап Бидайық орта мектебінде директор болып жұмыс істейді.
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда мен
төмендегі бағытта жұмыс атқарамын.
- Тұрғындардың демалыс және салауатты
өмір салтын ұстануына демалыс және спорт
алаңдарын салу мәселесін қолға алу.
- Ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімдерін ұлғайту және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету.
- 2019-2020 жылдары елді мекендердегі көшелерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша серпінді жұмыстар атқару.
Ақтүбек ауылдық округі әкімі лауазымына
ҮміткЕР
АнАФин мАдияР зЕйнУЛЛАұЛы
Өмірбаяны
Анафин Мадияр Зейнуллаұлы 1984 жылы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Ақтүбек ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды Мемлекеттік университетін
бітірген. Мамандығы: «Алғашқы әскери
дайындық және дене шынықтыру» бакалавры. 2006-2007 жылдар аралығында
Қапшағай қаласында инженерлік-саперлік әскери бөлімінде борышын өтеген.
Еңбек жолын 2006-2008 жылдар
аралығында Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды Мемлекеттік университетінің
колледжінде дене шынықтыру пәні
мұғалімі болып бастаған.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін
Ақтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнін
оқытушысы және ұйымдастырушысы
қызметінде.
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда төмендегідей жұмыстарды атқарамын:
- Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс
сапасын жақсартуға ерекше мән беру.
- Елбасының Жолдауында айтқан «мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту»
мақсатында балабақша ашу.
- Елбасының келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты ауыл
жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуына және ауыл мектебіне
спорт зал салу.
- Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі
байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасау.
Ақтүбек ауылдық округі әкімі лауазымына
ҮміткЕР
оРмАнов ЕРЛАн СЕРікұЛы
Өмірбаяны
Орманов Ерлан Серікұлы 1988 жылдың
13-маусымында Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында
дүниеге келген.
2017 жылы Қарағанды экономикалық
университетін тәмамдаған. Мамандығы:
экономика саласын құқықтық реттеу бакалавры.
Еңбек жолын 2007-2008 жылдар
аралығында Жезқазған қаласының
Халыққа қызмет көрсету орталығының
инспекторы болып бастаған.
2008-2009
жылдары
«Ұлар-Үміт»
зейнетақы жинау қорының менеджері
болып жұмыс атқарған.
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін
«Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші
маманы болып жұмыс істейді.
бағдарламасы
Осы қызметке сайланған жағдайда төмендегідей жұмыстарды атқарамын:
- Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстау, көгалдандыру мен абаттандыру
жұмыстарын жүргізу, ішкі автокөлік жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеу, ауыл
тұрғындарын жаппай ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету және ескірген электр қуаты желілерін ағымдық жөндеуден өткізу.
- Мемлекет басшысының Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Болашақ жас ұрпақтың еншісінде демек, ауыл жастарының спортпен шұғылданып,
түрлі жарыстарға қатысуларына жағдай жасау. Жастардың ауылда тұрақтануына жағдай
жасау.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыстар атқару.
- Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени,
қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастыру.
- Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс
қалдырмай, қамқорлық жасау.
Өз ГАзЕттЕРіҢіз «ЖАҢААРҚАҒА»
2019 ЖыЛҒА ЖАзыЛыҢыздАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті
басылымдарыңыз “Жаңаарқа” газетіне 2019 жылға жазылу басталды. Аудан
аймағындағы жаңалықтың жаршысына айналған, сексен жылдық тарихы бар
сүйікті газеттеріңіз Сіздердің көңілдеріңізден шығатынына сенімдіміз. Халықтың
игілігіне қызмет етуден танбайтын аудандық басылымның өздеріңізбен алдағы
жылда бірге болуы үшін газетке жазылудан кеш қалмаңыздар.
Газетке аудандық почта торабынан жазыла аласыздар.
заңды тұлғалар үшін индекс 16282
1 жылға 2496 теңге
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282
1 жылға 1992 теңге
17 қараша 2018 жыл
5
Ел арасында өз өнерлерімен, ұлағатты істерімен
ерекше көзге түсіп, құрметке бөленіп жүрген жандар аз
емес. Солардың бірі – біздің Дәметкен мұғалім еді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата – баба
мұрасы ежелгі халық өнері өшпейтін байлық, сыр –
сандық. Адам өміріндегі өзіндік шығармашылық
қолтаңбасы, ізденіс жолдары бар, өнер ошағының бірі
а у д а н д ы қ
мәдениет
үйі
жанындағы
халық
театры
десек
артық
айтпаған болармын.
Өзінің
ширек ғасырлық
ғұмыры ішінде
бұл ұжымның
өнер өлкесінде
кең қанат жайып,
өрлеп өскенін
қ а л ы ң
жұртшылық,
көрермен қауым
жақсы
біледі.
Х а л ы қ
театрының осылайша өсіп, өнер
мен
еңбекті
т е р е ң
ұйымдастыра
білген актеріміз
міне
біздің
Д ә м е т к е н
мұғалім болатын.
1990 жыл. Ауданымыздағы мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің
45 жылдығы құрметіндегі көркемөнерпаздар ұжымының
байқауы өтіп жатқан. Бүгінгі кезек С.Сейфуллин атындағы
орта мектептікі. Сахнаға Дәметкен мұғалім шыққанда зал
тына қалды.
Ол әуелі халық әні «Екі жиренді» шырқады. Сазды да назды
әуен баяу қалықтап тыңдаушының көңіліне қонып
жатқандай.
“Е, бәсе, көп жаса айналайын!, Ән деп осыны айт”-деп ардагер қариялар қозғалақтап барып тыншыды. Енді бір сәт
әнші тас түйіліп Қасым Аманжоловтың «Дариға сол қыз»
әнін бастап кеткен еді. Келемін қайтып
Өлеңімді айтып,
Қайда екен қайда,
Дариға – ай сол қыз!
Әншінің жүзі мың құбылды. Жеңімпаз жауынгердің
мақтанышын да елге деген сағынышын да ән әуенімен есіп
Дәметкен жанарында жазылып тұрғандай. Жұртшылықтың
Дәметкен Ақыжанованы әдемі әнші ретінде қабылдауы да
сондықтан. Ол оның бірі қыры ғана.
Иә, Дәметкен Ақыжанова Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ
орта мектебінің мұғалімі. «Жақсының жақсылығын айт,
нұры тасысын»- деп дана халқымыз айтпақшы ертеңгі
күндеріміздің өрендері – жеткіншек ұрпаққа білім нәрін бе-
Жақсының аты өлмейді
біздің дәметкен
румен қатар, халық театрының күнделікті жұмысына үзбей
атсалысып жүрген Дәметкеннің атына қандай да болмасын
ырзалық сөздер айтуға болады.
«Талаптыға нұр жауар»- дегендей көп жылдар бойы киелі
Жаңаарқа жерінде, сахна төренде спектакльдер қойып, апа,
әже, ана рөлдерін сомдап шығып, жерлестерінің,
шәкірттерінің үлкен құрметіне ие болды. Өнерлі ұстаз
көптеген жетістіктерге жетті. 2005 жылы «Қазақтың
Шәмшісі» атты әң байқауына қатысып жүлдегер атанса, 2004
жылы «Жаңа есімдер» фестиваліне қатысып, алдыңғы
қатардан көрініп, “Құрмет” грамотасымен марапатталды.
Дәметкен Қазақ ССР-інің өнер фестивалінің лауреаты
атанды. Ерекше өнерлігінің арқасында көптеген табыстарға
қол жеткізіп, отбасына жүлделі болып оралған жұлдызды
күндері жетерлік еді. 1970 жылы В.И.Лениннің 100
жылдығына орай өткізілген көркемөнерпаздар фестивалінің
дипломанты, 1987 жылы болған халық шығармашылығы
фестивалінің ІІ турының лауреаты.
Дәметкен өзінің негізгі жұмысымен қоса сахна өмірінің
қыры мен сырын толық меңгеруге талпынады. Ал «Ажар
мен Ажал», «Табалдырығыңа табын», «Абай», жерлес жазушымыз марқұм Асан Жұмаділдиннің «Келіншек» және
басқадай көптеген спектакльдерде ойнап, көрермен көңіліне
өзінің өмірге деген іңкәрлігімен терең жол таба білді.
Дәметкен Ақыжанованың суреті аудандық мәдениет үйінің
Құрмет тақтасында ілулі тұр. Мектепте жүргенде
Дәметкенмен әңгімелесе қалсаңыз ол мұғалім күнде ізденіп,
оқып отыруы керек. Әр сабаққа дайындықпен барғанда ғана
еңбек жемісін көресің деп жымиятын.
Иә, тәжірибелі ананың бұл жүрекке түйген сыры бұлжымас
заңы. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін
қолдан келгенің бәрін де пайдалануға жете көңіл бөлетін.
Сол жылдары мектепте сынып жетекшілерінің
диагностикалық картасында сынып ұжымын қалыптастыру,
қиын оқушыларды қамқорлыққа алу, оларды үйірмелерге
қатыстыру, ата-аналармен жұмыс отбасын зерттеу
әдістемесін меңгеру, оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту және олардың бос уақыттарын
ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, еңбекке баулу,
мектептен тыс мекемелер мен тығыз байланыс орнықтыру
секілді шарттар қарастырылған. Осы сала бойынша
Дәметкен Ақыжанованың жетекшілік ететін 9 «б» сыныбы
ең жоғары балл алған болатын. Дәметкен Ақыжанованың
бала тілін тауып оқушының жан сарайын тани білетін білікті
ұстаз екені даусыз. Дәметкен сабақ беретін сыныптардың
қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша үлгерімі жоғары болды.
Оның мектептегі әдістемелік бірлестікте жазған «Қазақ тілі
сабағын тиімді әдіспен өткізу», «Сабақта шығармашылық
жұмыстар жүргізу тәжірибесі» атты баяндамалары жоғары
бағаланып,
Қазақстан
Республикасының
Білім
Министрлігінің “Құрмет” грамотасымен марапатталды.
Ұлағатты ұстаздың сыныптан тыс жұмыстары да жетерлік.
«Күй атасы – Құрманғазы», «Ұлыстың Ұлы күні», «Достық
зорлық – зомбылыққа жол жоқ
Халқымыз қашанда ер-азаматты шаңырақ иесі санаса, әйелді отбасының алтын қазығына балаған.
Мемлекетімізде гендірлік саясатты жүзеге асыру мақсатында келелі шаралар атқарылуда. Солардың бірі
«Отбасы – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» заңның қабылдануы және бұл
тұрғыда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде.
Біздің мұны айтуымызға құдай қосқан қосағынан зәбір көргендердің болған жайтты жасырып қалатыны
себеп болып отыр. Мысалы, сарапшылардың мәліметінше, еліміздегі әрбір үшінші әйел психологиялық,
ал, әрбір жетіншісі физикалық, тоғызыншысы экономикалық, оныншысы сексуалдық зорлық-зомбылыққа
ұшырайды. Мұндай жайттар нәзік жандыларды қорғау шараларын одан әрі күшейту қажеттігін көрсетеді.
Елімізде ажырасулар санының өсуі де осы мәселемен тығыз байланысты екені жасырын емес. Соның
салдарынан бүгінде жалғызбасты аналар қатары басым. Сондықтан, әйелдер қауымы қалыпты өмір
ырғағын бұзатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын білуі, соған сай заңды
құқықтарын қорғауға ұмтылуы тиіс.
«Көш жүре түзеледі» демекші, еліміздің гендерлік саясаты әлемдік үрдістер бойынша жаңғыртылып,
қоғамдық саяси құрылымдарды әйелдердің қатысуын арттырудың маңызды аспектілері бойыша
құқықтық база қалыптасуда. Мәселен, Қазақстан 1998 жылы 29 маусымда әйелдерге байланысты
кемсітудің барлық түрін жою жөнінде БҰҰ конвенциясына қосылып, «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияларды бекітті. Осындай қадамдар гендерлік
саясатты жүзеге асыруға оң ықпал етуде.
Гендерлік саясат ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі, мемлекетіміз адам
құқықтары бойынша алпыстан аса халықаралық келісім шартқа қол қойды. Республиканың барлық
өңірінен әйелдерге арналған зорлық – зомбылыққа қарсы дағдарыс орталықтары ашылды. Нәзік
жандылардың тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбанына айналмауы Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссияның жіті назарында.
Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегі 2016 жылы Парламенттегі әйел депутаттардың саны бойынша Қазақстан дүниежүзінде 144 мемлекеттің арасында 48-орынға шыққанын көрсетіп отыр.
Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік
саясат тұжырымдамасы бекітілген. Аталған шаралардың бәрі қыздарымыз бен аналарымызды ерекше
сыйлайтын дәстүрлі үрдісі бар қазақ қоғамында гендерлік саясат заманауи реңкпен жүзеге асып
жатқанына дәлел бола алады. Сондықтан гендерлік саясатты қолдап, нәзік жандыларды қорғауды
күшейтейік демекпін!
Г.ҚАСЕновА,
Жаңаарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
дегеніміз не?» атты сынып сағаттары әсерлі тартымды
өтті.
Кезінде Дәметкен Ақыжанова сол жылдары жетекшілік еткен сынып оқушылары аудандық семинарда
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты жас ұландар
жиынын өткізіп, семинарға қатысқан мектеп
мұғалімдері өте жоғары бағалаған болатын.
2013 жылы әжесі Дәметкен немересі Санжар екеуі «Жақан
Смақов – балалар ақыны» атты тақырыбына жоба дайындап,
26-28 қаңтар айында Щучинск қаласында өткен
оқушылардың VІІІ республикалық конкурсында Санжар ІІ
дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жолдасы Ақыжанов Сапарғали 1966 жылдан аудандық
мәдениет бөлімінде, ауданаралық Жаңаарқа фильм прокаттау
базасында меңгеруші болып қызмет етті. 1980 жыл Алматы
кинотехникумын бітірген. Мәдениет ардагері ерлі-зайыпты
Дәметкен мен Сапарғали Ақыжановтар Жаңаарқа халық театрына, «Асыл қазына» атты ардагерлер ансамбіліне үзбей
қатысты.
Сапарғали мен Дәметкен 1966 жылдан бері зейнетке
шыққанша Жаңаарқа халық театрына үзбей қатысып,
көптеген рөлдер сомдаған.
1991 жылы Ресейдің Курск қаласында өткен бүкілодақтық
театрлар байқауында «Қыз Жібек» либреттосына қатысып,
бүкілодақтық байқаудың лауреаттары атанған.
Аудандық мәдениет үйінде өткен отбасылар жарысына
қатысып, Ақыжановтар отбасы І орын алған.
Бізде мұғалімдер ұжымы мектепішілік жаңа жылда, 8 наурыз, мұғалімдер күнінде бас қосып, сол жылдары Еркін
Игенберлин, Зарлық Сұлтановтар астыңғы қабаттың үлкен
залында жүгіруден жарысқа шыққан кезде Дәметкен мұғалім
бір бұрыштан шыға салып, мұғалімдермен жүгіруден
жарысқа шығып І орын алған болатын. Ол кездегі
мұғалімдердің бір-біріне сыйластығы, өте есте қалады.
Дәметкен мұғалім ешқашан жарыстардан қалмай
мұғалімдермен бірге жүретін. Дәметкен мұғалім әрқашан отырыста да күлдіріп көңілді отыратын.
Сапарғали мен Дәметкен 5 бала тәрбиелеп өсірді. Үлкені
Гүлзира-Алматыдағы
Абылайхан
атындағы
қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде
ағылшын тілінен дәріс береді. Талғат- электр жүйесінің
жұмыскері. Жазира-Қарағанды облысы мемлекеттік
мұрағатының аудио визуалдық құжаттама және ақпараттық
технология бөлімінің басшысы. Бекзат -«Қазахмыс» корпорациясы «Нұрқазған» кең байыту фабрикасында ауысым шебері. Кенжесі Бекназ- аудан әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы.
Сөз соңында айтарым әуесқой әртіс, мұғалім, аяулы әже
Дәметкен Ақыжанованың өмірден өткеніне жыл болды.
Мектеп ұжымы мұғалім Дәметкен Ақыжанованы әрқашанда
ұмытпайды. Оның жымиып отырып күлдіретіні бәріміздің
есімізде.
Егерде Дәметкен ортамызда тірі жүрсе 18 қараша күні 70
жасқа толар еді. Оның ақжарқын мейірімді бейнесі, сахнада
шырқаған әңдері есімізде мәңгілік қалады.
бағила ыСҚАҚовА
Электронная торговля - одно из
приоритетных направлений
деятельности государства
Развитие электронной торговли является одним из приоритетных направлений деятельности государства, который вступает в эпоху Четвертой промышленной революции: технологических, экономических и социальных
изменений.
С 1 января 2018 года предусмотрены налоговые льготы предпринимателям, осуществляющим свою деятельность через интернет-магазин или интернет-площадку. В частности, юридические лица освобождаются от
уплаты корпоративного подоходного налога, индивидуальные предприниматели – от индивидуального подоходного налога. Интернет-продавцы
должны учесть, что освобождение от этого вида налога возможно только в
случае, если доходы бизнеса от осуществления электронной торговли с физическими лицами будут составлять не менее 90% от совокупного годового
дохода хозяйствующего субъекта.
Данные льготы применяются при соблюдении одновременно трех обязательных условий: 1. расчет за товары должен производиться безналичным
способом; 2. договор с покупателем должен быть заключен в онлайн-режиме; 3. у предпринимателя обязательно должна быть собственная служба
доставки либо заключен договор с лицом, которое занимается перевозкой,
пересылкой, доставкой товара.
Это дает возможность бизнесу легально работать через интернет-площадки, но при этом защищает интересы покупателей, если вдруг продавец
предоставит им товар, не соответствующий заявленному на сайте. Покупатель товаров в интернет-магазинах, имеет возможность проверить наличие
того или иного интернет-продавца в списке легально работающих лиц на
портале Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (kgd.gov.kz
Управление государственных доходов
по Жанааркинскому району
17 қараша 2018 жыл
шертпе күйдің шебері-Фазыл тұтқабеков
6
елді мекенінде және іргелес жатқан Бұрма кентінде мал дәрігері болып еңбек еткен.
-Фазыл ағай екеуміз бірауылдың тумасымыз.
Күйшілік өнер оған қанымен берілген. Әкесі
Қасекең күйші болатын. Күйді өте нәзік, майда
тартатын болғандықтан майда Қасым атанған
кісі еді. Ал, ағай домбыраны ес білген кішкентай үш-төрт жас кезінен шерткен болу керек.
Өйткені ол мектеп табалдырығын аттаған кезінде
күйді нәшіне келтіріп орындайтын мықты орындаушы болатынына ел куә. Содан бергі
ғұмырында оның қолынан домбырасы түскен
емес. Ол шертпе күйдің отаны арқа күйшілері
Тәттімбет, Дайрабай, Қыздарбек, Әбікен сынды
күйшілердің шығармаларын кейінгі ұрпаққа қазқалпында жеткізуші, насихаттаушы. Ғұмырының
барлығы күймен өрбіген Фазекең облыстық,
аймақтық,
республикалық
байқауларда
Аудандық мәдениет үйіне жиналған көпшіліктің назары қанжығасы майланып, жоғарғы ұпаймен жеңіс биігінен
сахнада. Манадан бергі қарттар күніне арналған мерекелік көрінетін. Ол жоғарғы білім ордаларын бітірмегенімен зешараны тамашалап отырған көпшілік
йінімен
талантының
сахнаға шыққан ауданымызға танымал
арқасында өзін өзгелерге
азаматтарға қошемет жасап, құрмет көрсетсе
мойындатқан жан. Өнер
Аңыз адам
бұл жолы сілтідей тына қалды. Сахнаға
қонған
Фазекең өз
Мына
өмір
қысқа
еді
алдамшы
еді,
сылти басып шыққан ақсақалдың қолындағы
ортасының
сыйлы,
Жылағанмен, таусыла ма жалған шері.
домбырасы жан серігі екені байқалып тұр.
қадірлі
азаматы
болды.
Осыдан бір жыл бұрын Арқа елінде,
Оқалы
шапанын желбегей жамылып,
Ол күйші әулетінің ізін
Қара
домбыра
қара
жамылып
қалған
еді.
орындыққа нығарлана отырған ата домбыражалғастырушы ғана емес
сын қолына алып, салалы саусақтарымен
қазақтың
күй өнерін
Жақсы әке, жақсы көрген немерені,
қағып қалды.
ұрпаққа насихаттаушы,
Жақсы
өмірі,
ел-жұртына
өнегелі.
Көрермен залынан: -Фазыл!
Қоңырды
жас
күйшілерді
Қазақтың күй қоржынын бір томпайтқан,
шертші, қоңырды-деді бір қария.
тәрбиелеуші
болдыАңыз адам шертпе күйдің шебері еді.
Домбыраның шанағынан шыққан дыбыс сайдейді,- інісі Әбдіқадыр
сүйегіңді сырқыратып, тұғиыққа тарта
Көшмағанбетұлы.
Кім қисын бақилыққа жақсы адамын,
жөнелді. Азалы үн біресе ботасын жоқтаған
-Күй
естісем, болмаса
Бәрін берер өлместіктің тапса амалын.
аруанадай боздаса, біресе үйірінен адасқан
күй
туралы
әңгіме айСары дала сағына еске алады,
жылқыдай кісіней шарқ ұрды. Қазақ сахаратылса есіме әкем түседі.
Өр
тұлғалы
тұңғатардың
ақсақалын.
сын жайлаған ашаршылық пен айтулы азаМен үшін әкем мен күй
маттарынан айрылған зобалаң кезеңнің зары
бір
арна. Екі бөлек дүние
Жас төккен суындай бір дарияның,
күңіреніп кете барды. Жоқтау күйдің сарыны
бір-бірімен
біте
Бұл
сағынышы
артта
қалған
жанұяның.
ет жүрегіңді елжіретіп, езілтіп, шымырлап
қайнасып, бір әлемге
Ағайын-туыс
болып
дұға
қылдық,
өзіне тарта берді. Кеңістікті бөгде әлем үйіріп
тоғысқандай. Кішкентай
Барар жері жұмақ болсын қарияның.
кете
барды.
Анда-санда
егілген
күнімізден
күймен
Айбек
Ағланұлы
Еділбаев
көрермендердің күй зарына езіліп ухлегені
оянып, күймен ұйқыға
мен өксіктері естіліп қалады. Шырқау биікке
жататын біздің әулет
жеткен
күй үздігіп барып, саябырсып
үшін күй мен әкенің
тоқтады. Шерлі әуеннің сиқырына бөленген
қадірі ерекше. Әкемді
көпшілік қозғалақтап қойғандарымен әлі де күй құдіретінен күйсіз елестете алмайарылар емес. Залдағы мұңды сейілтейін деді ме күйші ата мын. Әкем-күйге, күйекінші бір күйді құйғыта жөнелді. Бұл жолғы күй керсінше әкеме
айналғандай.
ынтызар етіп, ойнақы орындалып кете барды. Қыздарбектің Әкем есіме
түссе
«Сылқым қыз» күйін шерткен ағаның домбыраның кеңістіктің
барлығы
шанағында ойнаған салалы саусақтары перне бойы күмбір-күмбір
күй
тоқтамай қуаласпақ ойнаған баладай жүгіріп, өзінің де шерткендей күй кешеқабағы манағыдай емес жызылып, жанары ұшқын атып мін. Ал, күй естісем
шыға келді. Залдағы тыныштық сейіліп: “Беу де! Пах шіркін! әкем келе жатқандай
Тарта түс!”-деген дауыстар әр жерден бой көтеріп, зал іші елегзеймін.
қиқуға ұласты. Бірінен соң бірін алмастырған күйші аға кеИә, менің әкем әлі
лесі кезекте Тәттімбет пен Дайрабайдың күйлерін шертіп, зерттелмеген,
ешкім
көрермендердің алғысына кенелді. Бұл республикамызға, шертпеген тұңғиық бір
облысымызға, жалпы қазақ еліне аты таныс, ауданымыздың күй әлемі. Күй біздің
тұрғыны Фазыл Қасымұлы Тұтқабеков еді.
әулеттің
жүрегіне
Жаңаарқа жері дарындардан кенде емес. Топырағы киелі жақын, құлағына сіңіп,
құтты өлкеден мақтанатын, мақтан ететін азаматтардың көкірегіне ұя салған
шығуы ол туған жердің киелі қонысынан деп білеміз. Сондай құдірет. Олай деуіме
дарындардың бірі, әрі бірегейі ол -Фазыл күйші екенінде басты себеп әкемнің
күмән жоқ. Бала жасынан домбырасын серік етіп, «Шерте күйшілік
өнері.
күйдің шебері» атанған ағаның өмір белесі күймен астасып Отбасымыздың тірегі
жатыр. Ел арасында «күйші Фазыл» атанған ағаның өскен әкемнің
күйшілік
елі мен танитын алыс-жақындағы ағайын ол кісінің өнеріне өнерге ден қоюы қанында бар қасиеттен дарыған. Атамыз
жастайынан қанық.
Қасым ақсақал күйді өте
шебер орындайтын, жеріне жеткізе шертетін жан болған екен.
Ал, әкеміз сол әке жолын қуған
жан.
Бұдан 7 жыл бұрын әкемнің
жетпіске толған мерейтойы
облыс көлемінде аталып өткен
болатын. Сол кешке жанжақтағы
күйші
әріптес
өнерпаздары, шәкірттері арнайы
келіп өнер көрсеткентін.
«Өнер Алланың берген сыйы»дейтін әкем күйші ретінде талай
додаларға түсіп,
жеңіспен
оралды. Елге танымал ағалар
мен өнер зерттеушілері арнайы
үйге келіп, күйдің тарихы туралы әңгімелесіп, күй шерткізіп,
әкеммен сұхбаттасатын. Әр
Тұтқабеков Фазыл Қасымұлы 1942 жылдың қаңтарында күйдің шығу тарихын баяндап, күйді орындап беретін әкем
дүниеге келген. Қарқаралы ветеринарлық техникумының оның орындалысына көп мән беретін. Әкем естіген әуенін
түлегі Фазыл Қасымұлы ауданымызға қарасты Айнабұлақ бірден қалт жібермей қағып алатын құйма құлақ еді. Бала
кезімізде теледидардан естіген әуендерді әкемізге қайталап
беруін өтінетінбіз. Әкем айнытпай қайталап беретін.
Өмірінің соңына дейін домбырасын серік еткен әкеміздің
«Сағыныш» атты күйі бар. Бұл бауырларым Биғазы мен Медеттен мәңгілік көз жазып қалғанда шығарған күйі. Жалпы
өмірден өткенінше әкем қолынан домбырасын тастамады.
Балаларын, немерелерін маңайына жинап, күймен әлдилеп
жататын. Ол кісі аңыз әңгімелерді шебер айтатын. Қалт еткенде маңайына топтасып, әңгімесіне құлақ түретін едікдеген баласы Жағыппар қолындағы күйші ағаның “Қоңыр”
күй жинағын көрсетті.
-Файзекең тума талант. Жақсы мен жайсаңның қасында
жүрген жан. Өткен күнді еске алсақ, ол кезде жаспыз
ауданның үшінші хатшысы Әбілғазы Күленов академик
Әлкей Марғұланды күтіп, қонақ етті. Сол басқосуда
күйшілер Құндақбай Өтешов, Мейрам Ұлмағанбетов пен
Файзекең күй тартысты. Отырыстың соңында Әбекең академиктен -мыналардың қайссы жақсы екен?-деп күйшілерге
баға беруді өтінді. Әлекең:-Барлығыңда күйшісің, біріңнен
бірің асып тұрсың. Дегенмен елеуіштен ұн елегендегі бетіндегі сәңкесі мына екеуі болса, сен астына түскен
майдасысың деді Файзекеңе. Міне, бұл әке өнерінің
майдалығының баласына берілуі. Файзекең күй шерткенде
өзгеше бір күйге енетін. Ол кісі алыс-жақындағы барлық
күйшілермен хабарласып, дидарласып жүретін еді.
-Алматыға барсам жазылып кетем дейтін. Ол жаққа
байқауларға барғанда игі жақсылармен табақтас болып, күй
шертетінін жырғып айтатын еді. Көбіне Мырзатай
Жолдасбековтың өзінің күй шертісіне риза болып, бірнеше
күйді шерткізетінін мақтанышпен жеткізетін.
Файзекең балаларының қазасынан кейін мұңға батып
қайғының дәмін татты. Сол кезде туған «Сағыныш» күйін
естігенімде өне бойым шымырлап, ет жүрегім езілген болатын. Бұл жалғыз оның ғана сағынышы емес барша
жұрттың боздақтарын еске алған күйі деп білемін. Таспаға
түскен күйлері қазақ радиосынан үнемі беріліп тұратын.
Өте шапшаң жан еді. Еске сақтау қабілеті өте мықты болатын. Бір ауылда өскеннен кейін біз ол кісінің әке-шешесін
көрдік, өзімен сыйлас болдық -дейді Қанат Байғұтов.
Өмірден озғанымен артына өлмес мұра қалдырған күйші аға
жары Жібек анамыз екеуі ұлын ұяға, қызын қияға қондырған
жандар. Балаларының барлығы бірдей күйші болмағанымен
өнерге жақын. Бүгінде ұрпақтары өнер саласында жүр.
Ернұры Астана қаласында өнерпаздарға дәріс берсе, Алмасы «Серпер» продюссерлық орталығын қайта ашқан,
«Аға» киносының режиссеры, режиссерлық қырынан танылып жүр. Қарлығашы консерваторияда оқыса, Әйгерімі
Қарағанды қаласында күйші. Міне, әке аманатын, өнерін
жалғастырушы ұрпақ өсіп келеді.
«Өнерлінің өрісі кең» демекші жайқалған жапырақтары
әкеден берілген ізгі қасиетті жалғастыратынына сенім мол.
Қазақтың құдыретті күйі барда күйшілердің өлмейтіні
ақиқат.
Салтанат АмАнҚызы
7
ЕскЕ алу
Талдыбұлақ ауылының тұрғыны, бірімізге адал жар, бірімізге ардақты әке, мейірімді ата бола білген тұтқабеков
Фазыл Қасымұлы 2017 жылдың 29 қараша күні көз
жұмды. Сағынышпен еске ала отырып, әкеміздің жатқан
жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болып,
бақилықта иманды болсын деп дұға бағыштаймыз. Асыл
да ардақты бейнең әрқашан жадымызда сақталады.
Жан әке жоқсың бүгін арамызда,
Сақталасың жылдар бойы санамызда.
Жан едің біздер үшін жаны игі,
Желеп-жебеп жүргейсің бәрімізді.
Ақыл еді айтатын әрбір сөзің,
Асқар таудай бәріне қамқоршы едің.
Ортамызда жақсың өзің өкінеміз,
Жайлы болсын, әкетай, жатқан жерің.
Еске алушылар: жұбайы- Жібек, балалары-мағрипа-Серік, Жағыпар-Әсемгүл,
Жетпіс-Гүлнәз, Ернұр, Елубай-іңкәр, шынар-Ерғазы, Гүлім-Аян, немерелері- АрайЕрлан, Аруна-нұрбол, Ақнұр, Әлібек, Алмас, Қарлығаш, медина, нұрбақ, Қазбек,
ұлпан, інжу, Арыстанбек, Ақсұңқар, Әйгерім, Ақгүл, Айым, Айсұлтан, Аружан, досхан, нұрай
24 қараша күні сағат 13.00-де Талдыбұлақ ауылының дәмханасында әкеміздің өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Алғабас ауылының тумасы Қаражал қаласының тұрғыны
болған, ардақты жар, аяулы жан, ақ көңіл, асыл әже,
шаңырағымыздың ұйытқысы болған анамыз Алтын
бекмағанбетқызының арамыздан алыстап мәңгілік мекеніне аттанғанына 40 күн болды.
Ақ көңіл арай төккен маңайына,
Аз ғұмыр жазылды ғой маңдайыңа.
Сағына еске аламыз жан Анашым,
Тек қана суретіңе қараймызда.
Жоқтығыңа сене алмай елеңдейміз,
Жаратқанның ісіне бағынамыз.
“Ана” деген ең биік қастерлі есім,
Мәңгі бақи сақталар санамызда.
Еске алушылар: балалары, немерелері, шөберелері
анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 30 қараша күні сағат 12.00-де
Қаражал қаласында «Нұр» мешітінде құдайы ас беріліп, құран бағышталады
көңіл айту
Аудандық білім бөлімі, білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы осы ұйымның төрғасы
Мұхамеджанов Оразхан Әлиханұлына
кҮйЕУбАЛАСыныҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
Аудандық білім бөлімі, білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы және Ынтымақ жалпы орта білім
беретін мектептің педагогикалық ұжымы осы мектептің қызметкері Мұқышева Жанарға
АяУЛы АнАСыныҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
ӨРт-тіЛСіз ЖАУ
Адам өмірін сақтау әр азаматтың
өзінен басталады
Өрт–адам өміріне, денсаулығына зардабын тигізетін, үлкен материалдық шығынға
ұшырататын тілсіз жаулардың бірі. Қоғамның бұл апаттан толық арылуы мүмкін емес, дегенмен өрт оқиғаларының санын неғұрлым азайтуға болады. Ол үшін әр адам мүмкін деген
өрттің салдарын санасына сіңіріп, өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Облыс аумағында соңғы 9 ай ішінде 1212 өрт оқиғасы тіркеліп, өрт салдарынан 23 адам
қаза тауып, 43 адам жараланған. Сараптаманы зерттеп, зарделей келе адамдардың қайғылы
жағдайға әкеп соқтыратыны яғни, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан
туындайтынына көз жеткіздік. Бұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін келесі өрт
қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігін естеріңізге саламыз.
-Балаларға сіріңкемен ойнауға тыйым салып, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
-Жертөле, қора, шатыр төбелерінде және т.б. жерлерде ашық отты (шамшырақты, май
шамды және т.с.с.) пайдаланбаңыз.
- Аула аймағында от жақпаңыз, сөнбеген темекі мен сіріңкелерді жерге тастамаңыз.
- Электр желісін қысқа тұйықталудан және артық электр жүктемеден қорғайтын қолдан
жасалған, стандартқа сай келмейтін автоматтарды және басқа да электр құралдарын
пайдаланбаңыз. Тоқтағы жылу құралдарын қараусыз қалдырмаңыз. Бір розеткаға бір
уақытта қатарынан бірнеше электрқұралдарын қоспаңыз. Тез өртенетін заттарға үтік, пеш
және т.б. жылу құралдарын қоймаңыз, өртенбейтін тіреулерді пайдаланыңыз.
Егер электрқұралдар, теледидар өртенген жағдайда, алдымен тоқтан суырып, үстін тығыз
матамен жабу керек. Жылыту пешін жанбайтын негізде орнату керек. Тұрғын үйдің ағаш
және басқа да жанатын құрылғылары мен пештің, құдықтың қызатын бөліктері арасы
қалындығы 38 см-ден кем емес кірпішпен қалануы тиіс. Пештің алдында 50х70 см өлшемді
қаңылтыр орнатылуы керек, пеш есігі жақсы жабылуы тиіс, пештің жанында жаңғыш заттар
жатпауы керек, және де жанып жатқан пешті қараусыз қалдырып кетуге болмайды. Пешті
тұтату үшін тез жаңғыш сұйықтықтарды пайдалануға болмайды. Жылыту кезеңі басталмастан бұрын пеш құдығы мен мұржасын күлдеу керек, жарық жерлері лаймен сыланып, ізбеспен әктелуі керек.
А.иГЕмбЕков,
Жаңаарқа ауданының тЖб аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты
ЕскЕ алу
17 қараша, 2018 жыл
Қараағаш ауылының тұрғыны болған ел ағасы, ардақты
әке, аяулы ата, асыл жар шомыт (Сағи) доскенұлының
фәниден бақиға озғанына бір жыл толады.
Асқар таудай әкеміз, арқа сүйер ақылшы-тірегіміз, адамгершілік
пен
адалдықтың,
ұстамдылық
пен
қайырымдылықтың жарқын үлгісіндей ізгі қасиеттерімен
ерекшеленетін жан еді.
Жазмыштан озмыш жоқ. 82 жасқа қараған шағында о
дүниелік болды. Артында қалған балалары, туысқандары
Алладан шын тілеп, жатқан жерің жайлы, топырағың
торқа болсын деп дұға бағыштаймыз.
Сағына еске алушылар: балалары, келіндері, немерелері
25 қараша күні сағат 13.00-де Қараағаш ауылында
әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай ас беріліп, құран бағышталады
Аяулы аға
шомыт (Сағи)доскенұлының рухына
Жеткен кезде суық хабар алқымдап,
Жайбарақат жаным кеткен толқындап.
Ғұмырында бетіме бір келмеген,
Қайран ағам.... егілдім-ау солқылдап.
“Сабыр
Жер қозғалса қозғалмайтын салмақтым,
Жұрт сыйлаған абыройым, ардақтым.
Жарық күндей жалт етіп бір өттің-ау,
Кім өтпейді, бірақ Сіздей болмақ кім.
Жақындастырған ағайынның арасың,
Елдік үшін ерен тұлға-дара шың.
Асыл арлы Адамзаттың өрнегін,
Аманаттай бізге тастап барасың.
Мынау жалған баянсыз ғой расында,
Озды өмірден сексен екі жасында.
Айтуға иман бола алмадым басында,
Білсем егер отырар ем қасында.
түбі- сары алтының жарылқап”,
Жадау тұста көрген жоқсың жабырқап.
Ойыңа озық, аз сөзіңе алтындай,
Көп ұйыған күрт серпіліп, таңырқап.
Кең мінезді қасиеті мол бұл кісі,
Кісілік пен кішіліктің үлгісі.
Әрқайсыңды бауыр санап, дос тұтқан,
Мысқылдаса кімнің келмес күлкісі.
Он сегіз ғаламға еткен әмірін,
Бет алдыңнан жарылқасын тәңірім.
Тектілігің түйсіктерге тағылым,
Сасқан жанға қонақтасын - сабырың,
Нұрға толсын мәңгі мекен-қабірің.
інісі болат Асанов
ЕскЕ алу
Ақтау ауылының тұрғыны болған, адал жар, асқар таудай
әке, қамқор ата Жұмабай орынбайұлының өмірден
озғанына 1 жыл толып отыр. Ардақты азаматымыз арамыздан мәңгілікке кетіп, орны ойсырап, жан-жүрегіміз қайғы
шекті. Біз үшін ештеңемен теңдеспейтін, орны толмайтын
асыл тұлға әкеміз бүкіл ғұмырын еңбекке арнап әр
баланың, көкірегіне асыл қасиеттерді сіңіре тәрбиеледі.
Әкеміздің асқар таудай бейнесі, ақжарқын келбеті
әрқашанда жадымызда сақталады. Әкеміздің жатқан жері
жайлы болып, рухы пейіштің төрінде шалқысын деп дұға
бағыштаймыз.
Жүрегің жарқын жан едің,
Отбасымыздың сәні едің.
Сағындық қой, әкешім,
Өмірдің мәңі сен едің.
Жұмақты мекен еткейсің,
Пейіш төріне жеткейсің.
Өмірден мәңгі кеткенмен,
Жүректен мүлде кетпейсің.
Сағына еске алушылар:жұбайы -Рымбала, балалары-Аян, нұрғали-Гүлнәр,
Жасұлан-Жанар, динас-Самал, Алтынбек-баян, немере-жиендері
ЕскЕ алу
Ақтау ауылының тумасы, өнер десе, өлең десе жанып
тұратын ардақты да қимас досымыз, балалықтың балғын
шағын бірге өткізген сыныптасымыз Қазенов нұрлан
келкенұлының өмірден озғанына 5 жыл толып отыр.
Сынаптай сырғыған уақытта арамызда жарқылдап жүріп,
жасындай жоқ болған ардақты досымызды сағына еске
алып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа, қабіріңе
Алланың нұры жаусын деп тілейміз.
Жыр жазамыз бүгін сені сағынып,
Бұл тағдырдың амалына бағынып.
Бақилықта саған иман тілейміз,
Бір Аллаға жалбарынып, жалынып.
Иман тілеп мәңгілік тұрағыңа,
Орын бергей жаратқан жұмағынан.
Жатқан жерің, қабірің нұрға толсын,
Дұға арнадық өзіңе бір Алладан.
Сағына еске алушылар: Aқтау орта мектебінің 1990 жылғы түлектері
Жарамсыз деп танылсын
Аханова замзагүл Сәтжанқызының атына 1996 жылы Ақтүбек орта мектебін бітіргендігі туралы берілген ОАІІ № 0436804 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп
танылсын
маман кеңесі
медициналық көмекпен қамту, созылмалы
жұқпалы емес ауруларды басқаруды
қамтамасыз ету
Қазақстанда тегін медициналық көмектің
кепілді көлемінің (ТМККК) жаңа пакеті
құрылған.
Бұл
барлық
санаттағы
азаматтардың алғашқы медициналықсанитарлық көмекке (АМСК); шұғыл
жағдайларда
шешімін
күттірмейтін
медициналық араласуды керек ететін
медициналық көмекке; әлеуметтік-маңызды
ауруларды, АМСК деңгейінде басқарылатын
негізгі
созылмалы
жұқпалы
емес
аурулардың диагностикасымен емдеуіне;
қоршаған орта үшін қауіпті жіті жұқпалы ауруларды емдеуге тең дәрежеде қол жеткізу.
ТМККК
оңтайландыру
динамикалық
қадағалау тізбесінне жататын аурулардың,
әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесін
қысқартудан басталды, сондай-ақ ескірген
диагностика және емдеу әдістерін алып тастау. Аз тиімді онкологиялық скринингтер
қысқарды.
Стационарлық көмек бойынша
пациенттердің 20 % ағыны стационарды алмастыратын көмек деңгейіне ауыстырылды.
Осыған байланысты, стационарлық көмекке
арналған шығыстардың төмендеуі және
үнемді стационарды алмастыратын көмекке
қол жетімділігін арттыру күтілуде.
Медициналық қызметтердің кепілді пакетінде нысаналы скринингтер, жүкті
әйелдерді бақылау және балалар патронажы
қалады.
Бұқаралық іс-шараларды медициналық
қамтамасыз ету, сот-наркологиялық сараптама және сот-психиатриялық сараптамалары кепілдік берілген көлемнен алынып
тасталды.
Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру
(МӘМС)
жүйесі
сақтандырылған азаматтарға әр адамның
өмір
сүру
сапасын
жақсартатын
медициналық көмек, сондай-ақ болашақ
ұрпақ денсаулығы негізін құрайтын көмекті
алуға кепілдік береді.
Сақтандырылған азаматтар кепілдендірілген көлемінен басқа, қымбат тұратын
зертханалық
және
диагностикалық
қызметтерді, КТ және МРТ сияқты, тегін ала
алады,
стационарды
алмастыратын
медициналық көмектің кең көлемі, қымбат
жоспарлы стационарлық көмек, қалпына
келтіру емі, медициналық оңалту және
профилактикалық тексеруге қол жеткізе
алады. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар,
мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар
МӘМС
жүйесінде
тегін
стоматологиялық көмек ала алады.
Ф. ҚопобАЕв,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қоры» кАҚ Қарағанды облысы
бойынша филиалының директоры
Міндетті медициналық сақтандыру
жүйесінде көрсететін медициналық көмекті,
меншік түріне қарамастан әлеуметтік
медициналық
сақтандыру
Қорымен
медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан медициналық ұйымдар
көрсетеді және олар мемлекеттік және жеке
меншік денсаулық сақтау субъектілерінің
теңдігі негізінде Қордың қойылатын талаптарына толық сәйкес келуі тиіс.
«Қор медициналық қызмет көрсетуді сапалы, жоғары деңгейде көрсететін өнім берушілерден сатып алатын болады, бұл
механизм медициналық ұйымдар арасында
бәсекелестікті арттырады. Шарттар жасаудабасым құқығына денсаулық сақтау
саласындағы
аккредиттеуден
өткен
медициналық ұйымдар ие болады» - деді
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қоры» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша
филиалының директоры Фазыл Қопобаев.
«Денсаулық сақтау субъектілерінің МӘМС
жүйесінде медициналық көмек көрсеткен
қызметтеріне ақы төлеу шарттық міндетте-
мелерін бақылау бойынша медициналық
қызмет көрсетудің сапасы мен көлеміне,
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік
бақылау және қадағалау нәтижелерін ескере
отырып жүзеге асырылады. Осылайша, Қор
жосықсыз медициналық қызмет көрсететін
өнім берушілерге экономикалық шаралармен
әсер ету арқылы пациенттердің
құқықтарын қорғауға қатысады» - деді
Фазыл Копобаев.
Азаматтар медициналық көмек алу үшін
меншік түріне қарамастан және уәкілетті органмен бекітілген медициналық көмектің
көлемін көрсететін, міндетті медициналық
сақтандыру Қорымен шарт жасасқан кезкелген медициналық ұйымды таңдауға
құқылы.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС
жүйесінде қызмет көрсететін өнім берушілер болып табылатын жеке медициналық
ұйымдардың тізбесін Қордың ресми сайтынан алуға болады.
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесіндегі пациенттердің
құқықтары
бокс-нағыз ерлер спорты
Жезқазған қаласында 8-11 қараша күндері Қарсақбай кентінің бокс спортының негізін
қалаушы Қапан Мәшәріпұлы Мақажановты еске алуға арналған бокстан 2005-2006 және
2007-2008 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасындағы І аймақтық турнир өтті. Турнирге
Астана, Қарағанды (А.Молдағұлова атындағы спортқа дарынды балаларға арналған интернат), Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев, Приозерск қалалары, Жайрем кенті, Нұра ауданы,
Қарсақбай және Жаңаарқа ауданынан барлығы 300-ден астам спортшы қатысты. Шаршы
аландағы былғары қолғап шеберлерінің кездесулері тартысты болды.Нәтижелері: І-орын:
Д.Шабанов (32 кг, №132 ОМ), Д.Ошақбай (38 кг, О.Жұмабеков ОМ), В.Самажонов (54 кг ,
№132 ОМ), Ш.Қали (60 кг Б.Амалбеков). ІІ- орын: Е.Бақтыбаев (34 кг №132 ОМ), А.Қайрат
(36 кг, №132 ОМ), С.Мыңжасар (54 кг, Жаңаарқа ОМ), М.Пазыл (+70 кг, Б.Амалбеков ОМ),
ІІІ-орын Н.Бұхарбай (30 кг, №132 ОМ), Н.АӘрмия (32 кг, О.Жұмабеков ОМ), А.Алдаш (34
кг, О.Жұмабеков ОМ), Е.Қанат (36 кг, О.Жұмабеков ОМ), Ж.Мұхажанов (42 кг, № 132 ОМ,
М.Боранқұл (44кг, С.Сейфуллин ОМ), М.Жұмкен (58 кг, Б.Амалбеков ОМ ), М.Балтабаев
(+70 кг, С.Сейфуллин ОМ).
БЖСМ тәрбиеленушісі Диас Шабанов, ең үздік техника көрсеткен үшін арнайы кубокпен
және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Спортшыларды дайындаған аудандық балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері Қайрат Хасенов, Қанат Кіштаев және Шыңғыс
Сәлкенұлы.
Аудандық спорт мектебі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖшС басшысы - бас редактор
ЕРАЛинА САЛтАнАт АмАнҚызы
мЕншік иЕСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖшС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ889261201186721004, бин 010340002761, бик KZKокZKX, код 17,
Рнн 240400001948, Ао “казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Айнабұлақ ауылының тұрғыны, құрметті де ардақты
мәди Сейдахметұлын 24 қараша күні 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз. Айнабұлақ
кеншарында 50 жылдан аса еңбек етіп,
ауылдастарының құрметіне бөленген еңбек ардагеріне
зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға ырыс-береке
тілейміз. Өміріңіз сыйластық пен қуанышқа толы
болып, алдағы мақсат-мұраттарыңыз орындалып,
ұрпақтарыңыздың
қызық-қуанышына
кенеліп,
бейнетіңіздің рахатын көре беруіңізге тілектеспіз.
игі тілекпен: аудандық ардагерлер ұйымы мен
Айнабұлақ ауыл азаматтары
Құттықтаймыз!!!
Ардақты да қадірлі әкеміз, немере-жиендеріне сүйікті де
боран
қамқор
ата
Саққұлақұлын 22 қараша
күні 70 жасқа толатын мерейтойымен
шын
жүректен
құттықтаймыз.
Жанұядағы
әрбір өнегелі ісімен бізге үлгі
бола білген, сабырлы, ақкөңіл,
ешкімге теңгермейтін әкемізге
дүниенің бар жақсылығын,
қуаныш-қызығын
тілейміз.
Анамыз шәкіжан екеулеріңіз
бәрінен де дендеріңіз сау болып,
ортамызда біздің тірегіміз, ақылшымыз болып ұзақ өмір сүрсе екен дейміз.
Бәйтеректей мәуелі бұл шағыңыз,
Кейінгіге төгіліп тұр шуағыңыз.
Жалғассын бақытты ғұмырыңыз.
Сарқылмасын көретін қызығыңыз.
Мейірімін ұлы Алла төге берсін,
Бақ пен дәулет төріңізде мекендесін.
Денсаулық әрдайым мықты болып,
Шаңырағыңыз шаттыққа тола берсін.
Құттықтаушылар: балалары және күйеубала, келіні мен немерелері Әлтаир, Раян,
Саянұр, Әлижар, тоғжан
шаруа (фермерліқ) қожалықтарына бірыңғай жер салығын төлеушілерге ескертеді
2018 жылдың 1 қантардан бастап 1 қазанына дейін кезең үшін есептелген салық және
төлемдердің сомасын 2018 жылғы 10 қарашадан кешіктірілмей төлеуге қажет:
• бірыңғай жер салығын
• су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.
Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша бюджетке
жүргізіледі. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем сомасы рұқсат
құжатында көрсетілген арнайы су пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
Бірыңғай жер салығынан басқа:
-төлем көзінен ұсталатын, жеке табыс салығын,
-міндетті зейнетақы жарналары,
-әлеуметтік аударымдар,
-және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін аударымдар және (немесе)
жарналар.
Олар бойынша төлем ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жүргізіледі.
Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді "электрондық үкімет" веб-порталында төлеуге болады (еGov.kz) (авторизациялау және электрондық цифрлық қолтаңбамен
қол қою қажетсіз).
Ол үшін «Салық және қаржы» - «Төлемдер» - «Салықтарды және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөліміне өтіп, «Онлайн төлеуге» басу арқылы қызметке
тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік жіктеу кодын енгізгеннен кейін, жүйе автоматты түрде
салық төлеу бөліміне ауысуды ұсынады. Толық рәсім аяқталғаннан кейін, төлеу фактісін
растайтын электрондық чек ұсынылатын болады.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы
бокс
Қыздар жеңіс төрінде
Қарашаның 1–3 аралығында, Абай қаласында, жасөспірім қыздар арасында БЖСМ
КММ ашық біріншілігі өтті. 50кг салмақта Ә.Исина І-орын, 28кг салмақта Ш.Такаева
ІІ-орын, +60кг салмақта М.Төлеуова ІІ-орын, 36кг салмақта А.Сариева ІІ-орын, 30кг
салмақта М.Ғайни ІІІ-орын, 52кг салмақта К.Күйкентай ІІІ-орын, 48кг салмақта
А.Қыдырбайқызы ІІІ-орын, 57кг салмақта М.Бақытжанова ІІІ-орын +60 салмақта
А.Нарбаева ІІІ-орын иеленді. Бапкерлері Хасенов Қайрат, Сәлкенұлы Шыңғыс.
Жерлестерімізге алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Аудандық спорт мектебі
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1605 дана
Тапсырыс №47
Автор
zhanzbc
zhanzbc198   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
2
Размер файла
19 619 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа