close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 48qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№48 (9884), 24 қараша, 2018жыл
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті
күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дәл осы күні, 1 желтоқсанда, Тұнғыш Президентіміз сайланып, мемлекеттік
дамуымызға оң ықпал еткен Қазақстан Республикасының президенттік институты
өмірге келді.
Бұл - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа, тәуелсіз мемлекеттің негізін
қалаушы ретіндегі ерен еңбегіне деген құрметті паш ететін көпұлтты
Қазақстанның ортақ мерекесі.
Мемлекет басшысы - халықтар бірлігінің, азаматтар құқығы мен өмірінің айнымас кепілі - Ата Заңымыздың нышаны һәм кепілі.
Ұлт Көшбасшысының көрегендігі Қазақстанды алға жетеледі, тәуелсіздік
жылдарыңдағы қиындықтарды жеңіп, елдің экономикалық дамуының стратегиясын әзірлеуге, күрделі реформаларды іске асыруға негіз болды.
Біз өз мемлекетімізді мақтан тұтамыз және ел Президентіне біздің өңірге деген
үнемі қамқорлығы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.Ұлт Көшбасшысының
жіті назары мен қамқорлығы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазіргі күні Қазапқстанның әрбір азаматы Мемлекет басшысының сарабдал саясаты нәтижесінде, тәуелсіз әрі гүлденген Қазақстанның болашаққа деген
құлшынысын терең түсініп, қолдауы тиіс деп сенеміз.
Жаңаарқа ауданының барлық тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына
амандық, бейбіт және бақуатты өмір, ұзақ ғұмыр, ортақ Отанымыз - Қазақстан
Республикасының гүлденуі жолындағы істеріңізге жеміс тілейміз!
Юржан Бекқожин,
Жаңаарқа ауданының әкімі
Қуат Имантүсіпов,
Аудандық мәслихат хатшысы
Аудан әкімдігінде
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
20-қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ю.Бекқожиннің
төрағалық етуімен кезекті кеңейтілген аппараттық кеңес өткізілді. Кеңеске аудан
әкімінің орынбасарлары, барлық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ
әкімдері қатысты. Күн тәртібінде өзекті екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе –
аудан көлеміндегі ағымдағы жұмыстар бойынша әкім орынбасарлары есеп берді.
Келесі мәселе - «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның атқарған
жұмыстары туралы аталмыш мекеменің директоры Марат Әбдішев баяндама жасады.
Аппараттық кеңес соңында аудан басшысы баяндама жасаған орынбасарларына,
бөлім басшыларына, сондай-ақ, ауылдық округтердің әкімдеріне қойған сауалсұрақтармен қатар, баяндамалардан туындаған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі
тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз
жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер
қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі
Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл
– орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да
Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан
мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде
қарастыруға болады.
Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға
терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым
тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.
Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі
Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.
Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен
Теріскейге таралды.
Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы
ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер
Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі
болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен
тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі
түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи
этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ.
Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ
Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген
көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих.
Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және
конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне
қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл
соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай
білуіміз керек.
Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз
жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.
Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.
І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы
десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген
бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай
техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды
адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі
қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың
беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
1. Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба
жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.
Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты
сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен
қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының»
айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер
жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның
жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа
міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде
ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша
кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді.
Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған
жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне
шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.
(жалғасы 2 бетте)
24 қараша 2018 жыл
(басы 1 бетте)
Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер
атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің
«мұрагерлері» екені белгілі.
Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан
сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман
мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның
ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге
шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және
неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша
жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп,
күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын
тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп
өтетін көбебұзарға айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап
тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның
оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең
маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да
алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия
көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына
баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда
болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге
дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І
мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында
көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың
ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал
етті.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа
кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі
өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс
аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып,
қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары
алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық
ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында
табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған
әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен
қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының
бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті
технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын
көрсетеді.
3. Аң стилі
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп,
өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты
тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың
дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз
жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі
тұрғындарының озық мәдениеті болды.
Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен
рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың
өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің
рухани бағдарын айқындап отырған.
Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың
суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның
символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек
кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары
өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның
ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және
құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі
әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені
әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.
4. Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол
ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық –
1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған,
өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон»
деген атқа ие болған «Алтын адам».
Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің
бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған.
Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі
шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін
аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің
зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш
етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның
мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан.
Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі
бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия
аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі
ең көнесі.
5. Түркі әлемінің бесігі
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар
ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі
әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І
мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып,
Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.
Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы
көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірінбірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның
экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін
қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік
өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік
сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың
гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар
қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу
Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан
қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
6. Ұлы Жібек жолы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия
құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің»
пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл
2
құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы,
Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет
саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар
арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік
ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.
Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін
қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта
ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты
дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта
теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы
картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын
қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған
кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық
ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті
дамытуға септігін тигізді.
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи
отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым,
бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер
осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір
де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының
отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті
әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың
генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы
баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы
алғашқыда Жерорта
теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге
таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы
ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі
күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге
болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань
тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда
болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ
ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін
жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.
Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар,
олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының
«ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең
зерделеуді
талап
етеді.
Сондай-ақ
біздің
дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің
және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.
Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады
деп ойлаймын.
1. Архив – 2025
Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге
қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи
жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге
жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап
өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса,
ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр.
Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді
қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар
дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив –
2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған
арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен
өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеузерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек.
Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс.
Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі
зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы
үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру
қажет.
Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық
тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан
мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды.
Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін
қалыптастырады.
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен,
тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген
халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының
есімдерін мақтан тұтады.
Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз
мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады
әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне
септігін тигізіп отыр.
Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс,
Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да
көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.
Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен
олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері»
атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.
Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру
арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы
және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел
билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды
қолға алу қажет. Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан
тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де
пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық
қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен
шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн. Үшіншіден,
еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы
Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды
шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет.
Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға
болады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен
қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет
елдегілер де білетін болады.
3. Түркі әлемінің генезисі
Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара
шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр
түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа
елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.
Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан
қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба
аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік
конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі
халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ,
Википедияның
үлгісінде
Қазақстанның
модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың
бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды.
Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды
дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін
жүйелі түрде арттыру қажет.
Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани
орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі
орын болып саналады.
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін
ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын
адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін
көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға
болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды
археологиялық
ескерткіштер
мен
археологиялық
кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи
дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық
салаларының даму үдерісін көрсетеді.
Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты
жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып,
соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де
өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының
дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар
өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды
тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір
мезгілде жүргізуге болады.
Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері
мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала
қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара
қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ.
Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға
баса мән берілуі қажет.
5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен
мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері
– ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары
жинақталады. Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра,
сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып
шығару қажет. Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын
жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін
арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды
тарту маңызды.
Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері
мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі
зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде
дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді
жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті
форматта болуы керек.
Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында
ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи
аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды
нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар
фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін
Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеузерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі
Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде
кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында
фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми
монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ
рөл атқарады.
Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының
үздіксіз
дамуын
көрсететін
деректі-қойылымдық
фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды
көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.
Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында
отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді,
актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің
басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер
үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы
блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи
теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту
қажет. Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық және
фольклорлық материалдарын пайдалануға болады.
Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол
ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық
сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да
талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз–тек
Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге
лайықты тұлғалар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа
шықты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын.
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа
компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық
мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі
сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны
жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін
халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан
тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң
көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
24 қараша 2018 жыл
3
Рухани жаңғыру
Ұлттық құндылықтарымызды
ұлықтайық
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы ретінде 21 қараша
күні мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
жарыққа шықты. Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен
дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың
мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық
құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол.
Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі
тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. Ал, оған
жетер жолда төл тарихымызды ұмытпай қайта жаңғырту мақсатында
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ұсынып отыр.
Бұл мақалада көне мәдениетіміз бен салтымызды айтар болсақ, ежелгі
атқа міну мәдениеті, аң стилі, алтын адам, Ұлы Жібек жолы сынды атабаба тарихымыздың асыл мұрасын қайта дәріптеу жөнінде айтылған.
Жалғасын табатын жарқын істердің жүзеге асуына Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа айтылған әр Жолдауында халыққа үнемі бағытбағдар берері сөзсіз. Бұл жариялаған мақаласы да бүгінгі күннен бастап,
зиялы қауым өкілдері, білім алушылар рухани жаңғырудың, озық ойсананың, ұлттық рух пен патриотизмді насихаттайтын жарқын істердің
көшбасында жүреді деп сенемін.
М.ӘБІЛДИНОв,
аудандық мәслихат депутаты
Ұлттық рухтың салтанат құруы
«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Елбасының «Ұлы даланың
жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз
болған ерекше оқиға болды. Жылқы мінезді жұрттың мінезін, өмірінің
әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қатыстыра суреттеуі – бұл құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті
болғанына дәлел. «Ер қанаты – ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтаған. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейтін
болған. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу
Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсіндік. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымызға қастерлі міндет. Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда
ұлттық болмыстан.
И.ДӘУЛЕТОв,
жастар ресурстық орталығының маманы
Қарағанды облысының
әрбір тұрғыны
тұрмыстық жемқорлықты
жоюға өз үлесін қоса
алады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен (одан әрі – Департамент) «Қоғамдық
бақылау картасы» жобасы іске қосылды. Аталмыш
бастама туралы алғаш рет ағымдағы жылы
қаңтардың соңында өткен Агенттіктің алқа отырысында Агенттіктің Төрағасы Алик Шпекбаев сөз
қозғаған болатын.
Департамент басшысы Жандос Сәрсеновтің айтуы
бойынша аталмыш жоба үш түрлі форматта жүзеге
асырылады:
Бірінші – қоғамдық бақылау картасы – танымал
әлеуметтік желілер, колл-орталықтардың негізінде
құрылған. Бұл форматтың артықшылығы азаматтар
үшін ыңғайлы болуында. Оларға қандай да бір
қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Күнделікті
қолданыстағы әлеуметтік желілерді пайдаланып немесе қоңырау шалса жеткілікті. Әлеуметтік желілерді
қолдану мемлекеттік орган мен халық арасындағы
көпір қызметін атқаратын болады.
Екінші – қоғамдық бақылау картасы – азаматтарға
арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы
қамтамасыз етіледі. «Qamqor» қосымшасы арқылы
келген хаттар автоматты түрде уәкілетті органға жолданатын болады.
Үшінші – қоғамдық бақылау картасы – аймақтық
арнайы мониторингтік топтардың желісі негізінде
жүзеге асырылады. Қарағанды облысында қалалық
және аудандық деңгейдегі арнайы мониторингтік
топтардың желісі құрылды.
Азаматтармен қарым-қатынас жасаудың
жоғарыдағыдай схемасы қоғамдық бақылаумен әрбір
қала, аудан және ауыл аймақтарды қамтуға мүмкіндік
береді.
«Мұндай жұмыс алғаш рет іске қосылып отыр,
осыған орай, мен, облысымыздағы барлық азаматтарды осы мүмкіндікті пайдаланып, жемқорлық фактілері жайлы хабарлауға шақырамын», - деп атап өтті
Департамент басшысы Жандос Сәрсенов.
Тағы да бір еске сала кететін жәйт, қолданыстағы
заңнамаға сәйкес, дәлелденген жемқорлық фактілері
жайлы хабар берген азамат 30-дан 100 АЕК дейін
көтермеленеді.
Әкімдікке үміткерлерді халық қалаулылары тыңдады
Қазақстан Республикасының
аудандық маңызы бар қаланың,
ауылдық округтері, ауылдық округтің
құрамына кірмейтін кенттерімен
ауылдары әкімдерінің сайлауын
өткізу қағидаларының 20-тармағына
сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясына
кент
және
ауыл
әкімдіктеріне үміткерлер тіркелген
болатын. Тіркелген үміткерлермен
ағымдағы жылдың 20 қарашасында
депутаттар аудандық мәслихаттың
мәжіліс залында Атасу кент әкіміне
және Ақтүбек, Бидайық ауылдық
округтеріне
әкімі
лауазымына
үміткерлермен
кездесіп,
бағдарламалары тыңдалды.
Аудандық мәслихат аппараты
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – жаңа белестер бағдары
Елбасының әрбір Жолдауы – тарихи құжат. Қайсы
бірін
алып
қарасаңыз
да
стратегиялық
маңыздылығын мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге
бағытталғанын айқын аңғарамыз.
Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу:
табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа
Жолдауы көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Елбасы биылғы Жолдауында еліміздің әлеуметтік –
экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және
қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру
міндеттеріне тоқталды және де үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.
Сандай-ақ, 1 қаңтардан бастап ең төменгі
жалақыны – 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін
өсіруді үкіметке тапсырды. Сонымен қатар денсаулық
сақтау, білім, ауылшаруашылық, құқық қорғау тағыда
Каждый житель
Карагандинской области
сможет внести свой вклад в
искоренение
бытовой коррупции
Департаментом Агентства Республики Казахстан по
делам государственной службы и противодействию
коррупции по Карагандинской области (далее - Департамент)презентован проект Карта общественного
контроля. Запуск данной инициативы впервые был
озвучен Председателем Агентства Аликом Шпекбаевым на итоговой коллегии ведомства в конце января
текущего года.
По словам руководителя Департамента ЖандосаСарсенова, «реализация данного проекта будет осуществляться в трех самостоятельных форматах:
Первое – карта общественного контроля, выстроенная на основе популярных социальных сетей, коллцентра. Преимущество данного формата заключается
в удобстве для граждан. Им не надо загружать какиелибо приложения. Достаточно воспользоваться социальной сетью, которой они пользуются повседневно,
либо позвонить. Использование социальных сетей
будет служить мостом между государственным органом и населением.
второе – карта общественного контроля, которая
будет обеспечена за счет мобильного приложения
Qamqor для граждан. Благодаря приложению
«Qamqor», поступающие через него обращения автоматически будут направляться в уполномоченный
орган.
Третье– карта общественного контроля, сформированная на основе сети региональных специальных
мониторинговых групп. В Карагандинской области
создана сеть специальных мониторинговых групп на
городских и районных уровнях.
Такая схема взаимодействия с гражданами позволит
охватить общественным контролем каждый город,
район и сельский округ».
«Такая работа ведется впервые, и я призываю всех
граждан нашей области использовать эту возможность и сообщать о фактах коррупции», - отмечает руководитель Департамента Жандос Сарсенов.
Также хотелось бы напомнить, что в соответствии с
действующим законодательством граждане, сообщившие о подтвердившихся фактах коррупции, поощряются в сумме от 30 до 100 МРП.
басқа салаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Елбасы жастар мен отбасы институты мемлекеттің
дамуының негізгі тетігі екенін атап өтті. Елбасы жастар мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған
емес. Елдің келешегін, тәуелсіздіктің тұтқасын әрі
қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық
межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар
екені даусыз.
Сондықтан да, Елбасы қашан да жастардың
мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір Жолдауында
жастарға үлкен сенім артып, ықылас танытады. Келер
жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы –
ауданымыздағы жастар саясатына тағы да бір үлкен
серпіліс беретініне сенімдіміз.
Әдіғаппар АҚЖОЛТАй,
Талдыбұлақ ауылы
С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай
таңба (эмблема) жасауға конкурс
жарияланады
Жаңаарқа ауданының әкімдігі С.Сейфуллиннің 125 жылдығының
таңбасын жасауға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіргендерге мынандай талаптар қойылады:
-Бейнелеу өнерінің құралдары арқылы С.Сейфуллинді жан-жақты сипаттайтын тарихи келбетін беру.
Жобаларды қабылдау мерзімі 2018 жылдың 24 қарашасынан 24
желтоқсанына дейін.
Конкурсқа қатысуға тапсырмалар мына мекен-жайда қабылданады:
Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 5.
С.Сейфуллиннің 125 жылдығының таңбасын жасауға конкурстың шарты:
Таңбаның көркемдік шешімінде мынандай символикалық тақырыптар
болуға тиісті:
-С.Сейфуллиннің өмір кезеңдерінен үлгі;
-Ел тәуелсіздігін, ұлтымыздың салт-дәстүрін, туған өлкенің табиғат
байлығы мен әсемдігін байланыстыру.
Осының барлығы қоршаған ландшафтың ерекше сипаттарымен
байланысуға тиіс.
Қонкурсқа С.Сейфуллиннің 125 жылдығының таңбасының нобайлы (эскиздік) жобасы қағаз материалға А3 форматында салынып, толық біткен
шығармалар қабылданады және таңбаның әдеби жазбаша түсіндірмесі қоса
тапсырылуы керек.
Аталған жұмыстың жеңімпазы ақшалай сыйақыға ие болады.
Жұмыстар 24.12.2018 жылға дейін қабылданады.
Послание Президента - значимое
событие
Ежегодное Послание Президента РК народу Казахстана – одно из самых
значимых политических событий в нашей стране. Каждое новое обращение Президента страны своему народу ожидаемо и давно уже стало этапным рубежом развития нашего государства и стратегически важным
документом. Я, Бондарева Ольга Александровна слушая Послание нашего Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева вместе со всем коллективом понравилось, что он обратил внимание на образование, а
именно предложил разработать закон о статусе педагога и работников детских дошкольных учреждений.
Особенно мне понравилось, что он обратил внимание на раний возраст.
Именно основы мышления, умственные и творческие способности формируются в самом раннем детстве.
Еще понравилось то, что наш Елбасы предложил пересмотреть квалификационные требование в системе оплаты труда воспитателей и других работников детских садов.
Я, работник дошкольной организации блогодарна нашему Президенту,
что он думает и заботится о подрастающем поколении и о тех, кто дает им
знание и любовь!
О.БОНДАРЕвА,
воспитатель КГКП ясли-сада «Ақерке»
24 қараша 2018 жыл
4
Мәслихат депутаттары- халық алдында есеп берді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында (21-бап, 2
тармақ 2) «Депутат өз округi сайлаушыларымен тұрақты
байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның
тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi,
мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің
депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына кемінде бір
рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын
ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға міндетті» деп
белгіленген.
Аталған Заң талабына сәйкес, Жаңаарқа аудандық
мәслихатының депутаттары 10-30 қазан күндері алдын-ала
жасалған жоспарға сәйкес, өз сайлау округтері бойынша кент
және ауылдық округтер әкімдерімен бірлесе отырып тұрғын
халықпен кездесулер өткізген болатын.
Аудандық мәслихат аппараты қызметшілерінің аудандық
кенттер мен ауылдық округтер әкімдерімен бірлесе отырып
ұйымдастырылған кездесулерге, «Нұр Отан»
партиясының аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары және аудан әкімдігі
бөлімдерінің басшылары мен жауапты
қызметшілері, сондай-ақ аудандық мекемелер
мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Кездесулер барысында алдымен Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018
жылғы 5 қазандағы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:
Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты
биылғы Жолдауы кеңінен насихатталды.
Есептік кездесудің күн тәртібі бойынша депутаттар,
ағымдағы
жылда
аудандық
мәслихаттың сессиялары мен тұрақты
комиссияларының отырыстарында қаралған
маңызды
мәселерге
және
депутаттар
корпусының аудан әкімімен бірлесе отырып
атқарған жұмыстары, сондай-ақ өз сайлаушы-
ларынан әртүрлі түйткілді мәселелер бойынша түскен
бірқатар өтініштер мен ұсыныстар бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар туралы баяндама жасады. Кездесуге
жиналған тұрғын халық жиналыс барысында жасалған баяндамалар бойынша өз ой-пікірлерін білдіре келіп, аудандық
мәслихат депутаттарына ел ішіндегі халықтың
көкейінде жүрген сұрақтары мен өтініштерін білдірді.
Осыған орай, 20 қараша күні өткен аудандық
мәслихаттың
тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысында, сайлау округтері бойынша
көтерілген
маңызды
мәселелер
аудандық
мекемелер
мен
кәсіпорындар басшыларының назарына ұсынылды.
Аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері
және аудандық мекемелер мен
кәсіпорын басшылары қатысқан отырыс барысында, аудандық мәслихат
аппаратының бөлім басшысы Ө.Уалиев кездесулер қорытындысы бойынша хабарлама жасады.
Мемлекет тарапынан жүргізіліп
жатқа
түрлі
әлеуметтік-экономикалық
бағдарламалар арқасында ауыл халқының
тұрмыс-тіршілігі жақсарып, ауылдық елді мекендердің
инфрақұрылымдарын жетілдіру бағытында
бірқатар кешенді іс-шаралар жүргізіліп
жатқаны белгілі. Аудан көлеміндегі кенттер
мен ауылдық округтерде
шағын
кәсіпкерлік нысандары
көбейіп,
мал
шаруашылығымен айналысып
отырған
ш
а
р
у
а
қожалықтарының
жұмысында
даму
көрсеткіштері
байқалады.
Алайда жергілікті жерлерде тиімді іс-шараларды ұйымдастырып,
оңтайлы шешімдерді қажет етіп отырған
түйткілді мәселелер де бар.
Әлеуметтік қолдау бағытындағы
бағдарламалардың оң нәтижесінде
байқалып отырған демографиялық өсім
мен Атасу және Қызылжар кенттерінде тұрған халықтың
өсуіне байланысты мектептер мен балабақшаларға
балалардың сыйымдылық мәселесі орын алуда.
Елді мекендерде көбіне көтерілген мәселелер: жарық желісі
және электр бағаналарының тозуы, трансформатордың
қажеттілігі (Атасу кенті, Ақтау, Байдалы би, Бидайық,
Қараағаш, С.Сейфуллин, Айнабұлақ), жол мәселесі, елді мекендердегі ішкі жолдарды жөндеу, жолдарға арнайы белгілер
орнату (Айнабұлақ, Ақтау, М.Жұмажанов, Ақтүбек,
Қызылжар, Талдыбұлақ, Атасу кенті), маңызды мемлекеттік
нысандардың жай-күйі (Талдыбұлақ, Целинный, Ақтау),
дәрігер маманы жоқ (Ақтау), электр, байланыс, пошта
қызметі мамандарының жетіспеушілігі (Талдыбұлақ, Целинный, М.Жұмажанов), көше тазалығы, иесіз ит-мысықтарды
уақытылы аулау мен жою (Атасу кенті, Целинный, Түгіскен),
интернет және ұялы байланыс мәселесі (Қараағаш,
Айнабұлақ, Ақтау, Целинный).
Сонымен қатар Атасу кентінде темір жолдың арғы бетінде
орналасқын үйлер тұрғындарының қауіпсіз қатынасын
қамтамасыз ету мақсатында, автокөліктер мен жаяу
жүргіншілер үшін көпір салу, Талдыбұлақ ауылында ауыл ортасынан өтетін өзенге көпір салу және аудан орталығында сүт
және ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар ашу, Атасу кентінде көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін, шатыры мен
жылу жүйелерін қайта жөндеу, қалыпқа келтіру жөнінде
көптеген көкейде жүрген мәселелер күн тәртібінде көтерілді.
Тұрақты комиссиялар отырысының қорытындысында қаулы
қабылданып, кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне жергілікті жерлерде тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарды
үнемі назарда ұстау, мәселелерді алдағы уақыттарда елді мекендерді дамытудың жоспарларына енгізу, комиссия отырысында баяндалған мәселелер бойынша жүргізілген жұмыстар
мен қолға алынған іс-шаралар барысы туралы халықты
ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Кездесулер барысында осы аталғандардан бөлек аудан
тұрғындарынан аудандық мәслихат депутаттарына басқа да
көптеген өтініштер мен ұсыныстар болғанын айта кету керек.
Кейбір сұрақтар бойынша жиналыс барысында түсіндірме
жұмыстары жүргізілсе, бірқатар мәселелер бойынша депутаттар тарапынан тиісті аудандық және облыстық мекемелерге сұраныстар жолданды.
Сонымен қатар депутаттардың жергілікті жерлер бойынша
мұқтаж азаматтарға қаржылай және материалдық тұрғыдан,
сондай-ақ тиісті сұраныстар
бойынша азаматтар мен мекемелерге демеушілік көмектер
жасап жүргенін айта кету
керек.
Депутаттар тұрғындармен
есеп беру кездесулері барысында қойылған сұрақтар мен
айтылған
өтініштерді
атқарушы билік назарына
ұсына отырып, маңызды
сұрақтарды
шешу
үшін
қажетті қаражатты қарастыру
жолдарын аудан бюджетін бекіту және нақтылау барысында ескеретін болады.
Жаңаарқа аудандық
мәслихат аппараты
24 қараша 2018 жыл
Бірлігі- бекем, еңбекпен өркен жайғандар
5
Аудан іргесіндегі Талдыбұлақ ауылы соңғы уақытта күн
санап жаңарып, жасарып келеді. Олай деуімінің басты себебі ауылдың іргесі кеңейіп жаңа үйлердің бой көтеруі мен
ескі үйлердің жаңадан шатырланып, қоршалып, жөнделуі.
Бұл мекендегі әр үйдің ауласынан комбайынның қаңқасын
көру таңсық емес. Себебі бір кездері астықтың атасы сары
бидайдың астында қалып, қамбаға сыймаған қызыл бидай
аулаларында жатқанына ел куә. Ауылдың ажарлануы ондағы
тұрғындардың қал-ахуалдарының жақсаруында.
Ауылда азаматтық танытып, ауылдың ілгерлеуіне қолқабыс
жасап жүрген азаматтардың бірі
«Орда» шаруа
қожалығының жетекшісі Абайділдин Жасұлан Бөгенбайұлы.
Жасұланның ауласындағы үлкен баз бен шеткі гаражда
тұрған жаңа жүк тиегіш трактор бірден көзімізге түсті. Есік
алдында үйілген мая малдың аз еместігін аңғартқандай.
Қаңтарулы тұрған шалғы, тырнауыш пен шөп итергіш тіркелген К40 тракторы өз қызметтерін толықтай атқарған.
Әкпен сыланған үлкен базға енгенімізде ондағы әр заттың
ықтиятты әрі нақты қажетке жарайтын болып жасалғанын
көріп таң қалдық. Шөп салатын оттықтар мен су құятын
астау, мал байлайтын орындардың барлығы талапқа сай. Жас
бұзауларға арналған орында 3-4 бұзау тұрса, әріректе
қозысын ерткен қойлар жүр. Ал, бордақы алаңында тұрған
ақбас таналар ештемеге қарамай алдарындағы жемінен бас
көтерер емес.
-Бұл көргендеріңіз
бордақылар
мен
төлдеген малдар. Бар
мал Жұмандағы жайлауда, -деді жүзін күң
қақтаған
шаруа
қожалық
иесі
Жасұлан.
Бізді үйге бастаған
Ж а с ұ л а н
шаруақожалығының
жай-жапсарымен таныстырып өтті.
-Әкем Бөгенбай осы
ауылдың
тумасы.
Әкесі ауыл аймаққа
белгілі қарасуды теріс
ағызатын білімдар молда болған кісі екен. Әкем әскерде
жүргенде қайтыс болыпты. Ал, Шәкен әжеміздің көзін
көрдік. Сол кісінің бауырында болып, етегіне оралып өстік.
Әкем осы ауылдағы мектепте ұстаздық қызмет еткен жан.
Ауылдағы кейінгі буын ағалар әкемнің шәкірттері. 17 жыл
мектепте директорының орынбасары (завуч) болып, 3 жыл
директор болып еңбек етіп, 2007 жылы қайтыс болды.
Еңбекпен есейген әкемнің қай қырын айтсамда үлгі
тұтарлықтын. Ол кісі білгенін үйретуден жалықпайтын,
қолына алған шаруасын тиянақты аяқтайтын, айтқанын істейтін кісі еді. Өнер десе жанып тұратын. Ауылдағы «Ескене» ансамблінің негізін қалаушы әрі жетекшісі болған.
Қолына қандай аспап алсада оны түрлендіріп ойнайтын өнер
иесі еді.
Анамыз Бейбіғайша зейнеткерлікке шыққанша сол мектепте аспаз болып жұмыс істеді.
Үйдегі шаруа, ұсақ
–түйек малға қарау кішкентай
болсақта біздің мойнымызда
болатын. Кейін біздер ержете
бастағанымызда әкеміз: Асылан, Жасұлан, міне, атжалын
тартар жасқа жеттіңдер.
Аллаға шүкір өсіп келесіңдер.
Енді шаруақожалық құрсақ
оны алға жылжыта аласыңдар
ма?-деді.
–Әрине –деп қостай кеттік.
Әкеміздің сенімін ақтауға бірден келістік.
Сонымен
2005 жылы
«Орда» ШҚ құрылды. Ол уақытта ауылдың барлығы егін салатын. Сөйтіп жер алып, егін салдық. Егін оруға комбайын
мен МТЗ-80 трактор сатып алдық. Бір-екі жыл егін бітік
шығып, жұмысымыз ілгерлей түсті. 2007 жылы әкеміз
өмірден озды.
Ақылшы, пана, қамқорыңнан айрылу оңай
емес. Сол жылдардан бастап егін түсімсіз
болып, ауылдағы ірі шаруақожалықтар ет
бағытына ауыса бастады. Шаруақожалық
менің атыма
ауысты.
2015 жылы
жеңілдетілген «Сыбаға» бағдарламасымен
қаржы алып, 47 бас аналық сиыр сатып
алдым. Ағам
Асылхан мен
інім Шыңғыс
үшеуміз бірлесе жүріп,
осы
үлкен
б а з д ы
с а л д ы қ .
Бүгін игілігін
көріп
отырмыз.
-«Мал баққанға бітеді»-демейме малды өсіру үшін оның
жай-күйін жақсы білуің керек.
Мен өзім мектепте жұмыс істеймін.
Мектеп-тәртіппен
тәрбиенің
ортасы
болғандықтан
жұмысыңды
адал атқарғаның
дұрыс.
Сондықтан
менің бар
уақытым
мектепте десем
артық айтпағаным.
-Кешіріңіз, ұстаздық пен
шаруақожалықты
қатар
алып жүру ауыр емес пе?
-Жоқ. Адам
бойында
құлшыныс бар да игеремін
деген жұмысын атқара алады
деп ойлаймын. Біздің отбасы
ұстаздық жолмен жүріп келеміз. Әкем, мен, қарындасым,
бауырым осы жолды таңдадық. Мектеп бітіргеннен кейін
Саран педагогикалық училищесін қазақ тілі мамандығы бойынша бітіріп, ауылға жұмысқа тұрдым. Қазақ тілі мамандары көп болатын. Содан екінші оқуды тарих және георафия
факултеті бойынша Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдап, тарих пен географиядан сабақ бердім.
Осы тұста әкей қайтыс болып, арнайы курстан өтіп,
денешынықтыру пәнінен сабақ беруге тура келді. Кейін
ҚарМУ-ге осы сала бойынша оқуға түсіп, аяқтадым. Қазір
денешынықтырудан сабақ беремін. Жарым Нұргүлде ұстаз.
4 баламыз бар. Ағам Асылханның да 4 баласы бар, жары
Гүлзада банк қызметкері. Қарындасым Алмагүл Саранда
ұстаз Жолдасы Ерсін екеуі 3 бала тәрбиелеп отыр. Інім
Шыңғыс Қарағанды мемлекеттің университетінің түлегі. Әке
жолын қуған жігіт.
Қай салада болмасын жұмыс нағыз еңбекқорлардан
қашатыны аян. Сондықтан еңбек етуден қашпау керек.
Бүгінде алдымыздағы малымыз өсіп, үш жыл болды жаз
жайлауға көшетін болдық-деген Жасұлан мектепке баратынын айтып, бізді шығарып салды.
Қара жусанымен бетегесінің басын қар шалған маңғаз
даладағы табаны
терең жолға
түсіп, «Орда»
шаруақожалығының отырған жеріне бет түзедік. Қалың
қараған арасында жатқан сиырлар мен бұйратта тебендеген
жылқы осы шаруашылыққа тиесілі екенін ауыл әкімі
Ғанибет Рахатұлы айтып өтті. Қараған арасындағы жылқы
үйездейтін күрке мен мал қорадан өзге жаңадан бой
көтерген үй алыстан көз тартады. Бізді қарсы алған Асылхан
Бөгенбайұлы:
-Соңғы үш жыл ішінде шаруамыз алға басып, мына үйді
салдық. Нұра ауданына барып, қысқы мал семіртуге бидай
әкелген бетіміз деген Асылхан үйге бастады.
-Бірлік бар жерде еңбек өнім береді. Мен үлкені болып,
інілерім соңымнан еріп қолқабыс жасап осындай күнге
жеттік. Әлі де еңбектене береміз. Болашақта ауылға тек
бордақы малды қойып, қалған малды осы жерден өсіреміз
бе деген ойдамыз. Шөбі шүйгін ендалада, бұлақтың балдай
суын ішкен мал қоң жоғалтпайтыны сөзсіз. Бұл жерге жайлы
қора-қопсы мен баз салып алсақ болды. Қалың қар бізді
қаймықтыра алмас. Қазір техниканың неше түрі барғой
деген Асылхан шаруақожалық мейлінше өсіп, ірілене түскен
сайын ауылдың да ажары өзгеретінін айтып қалды. Біздің
ауыл тау бөктерінде орналасқаннан кейін бе қар қалың
түседі. Қыстай мектептің, мешіттің, мәдениет үйінің
маңайын қардан тазалап береміз. Бұл біздің ауылға жасаған
көмегіміз. Ауылды көрдіңіздер еңсесін тіктеп келеді. Сол
ауылдағы әр шаруақожалық жетістікке жетсе екен дейміз.
Ауданға таяу болғандықтан болашақта сүтті бағытта мал
ұстап, сүт өткізсек деген ойымыз бар-деген Асылхан әкесі
мен шешесінің берген тәрбиесінің
зая кетпегеніне
тоқталды.
Төрт бөлмелі үй салып, жайлауларына жайлы қоныс
жасаған ағайындылардың кенжесі Шыңғыс күрең қасқа
атын тебініп, мал қайырып жүр. Аяздан домбыққан беті нарттай болып тұрғанымен, малды түгендегенін ағасына
баяндаған жігіт –тоңдың ба? -дегенімізге басын шайқады.
«Адамды-адам
ететін еңбек» десек, сол еңбектің
бағындырмайтын биігі, алмайтын
асуы жоқ. Біз де бүгін береке мен
бірліктің, еңбектің арқасында шаруасы
шалқыған
Абайділдиндердің
өрелі ісінің
куәсі болдық. Ауылдан қалаға жастар жөңкіле көшіп, пәтер жалдап,
күй кешкенде жапандалаға үй
салып, шаруасын дөңгелеткен
жігіттердің ісі шынымен өзгеге
үлгі. Қашаннан ырзық-несібесін
төрт түлігінен көрген қазақтың ата
кәсібін
өзінен артық ешкім
жүргізе алмайды десек атаның ақ
таяғын ұстанған жігіттер әлі ақ
алға қойған мақсаттарына жететіні анық. Олай болса азаматтарға тек сәттілік тілейміз.
Салтанат АМАНҚЫЗЫ
24 қараша 2018 жыл
6
Пара ұсыну - парақорлыққа жол ашу
Сыбайлас
жемқорлық з а м а н
ағысымен
бірге
өсіпөркендеп, мол
қаражат және
қоғамдық
бәсекелестік
пайда болған
жерлерге там ы р ы н
ж а й ы п ,
бүгінгі күнге
дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Сыбайлас жемқорлық әдетте күшті әрі зиянды
жағынан кез келген елдің экономикалық және
әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң
талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер
әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық
парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан,
кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет
атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып,
азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды
мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар
жүргізуі
тиіс.
Мемлекеттік
органдардардың
ұжымдардың,
жергілікті
өзін-өзі
басқару
органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр,
бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз
етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық
қылмыстар
және
осы
тұрғыдағы
құқық
бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең
алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік
ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек.
Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа
немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да
парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Сыбайлас жемқорлықты, яғни осы кесапатты
болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің
алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның
ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке
жұмыла атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда
ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және
халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті
шара қолданудың негізі – сыбайлас жемқорлық алдын
алу жұмыстарының тиімділігін арттыру, қызметтік
этика нормаларын сақтау.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан
Республикасының Конституциясын және заңдарын
сақтауға,
басқа
адамдардың
құқықтарын,
бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін
құрметтеуге міндетті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына кезекті Жолдауы 2018 жылдың 5 – ші қазан
күні
жарияланды.
«Қазақстандықтардың
әл
–
ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру».
Жолдау еліміздің әлеуметтік –
экономикалық дамуының өзекті
мәселелеріне
және
Қазақстандықтардын әл – ауқатын
одан әрі арттыру міндетіне арналды.
Аудандық орталықтандырылған
кітапханада
ақпараттық
–
библиографиялық
бөлім
меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе
Картайқызы
кітапхана
қызметкерлері арасында Елбасы
Жолдауын насихаттап, тарату, кешенді міндеттер мен көптеген іс –
шаралар оқырмандар арасында
өткізу жайлы ұсыныс жасады.
Елбасы Жолдауы алты бағытта
Қазақстан халқының табысы мен
тұрмыс
сапасын
арттыруға
аталған шараларды тиімді жүзеге
асырылуы, жалақының өсуі мен
жаңа жұмыс орындарының ашылуы Қазақстан азаматтарының табысын арттырады. Қай кезеңде де
Әділет кеңес береді
Заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуын тіркеу
Кейінгі кезде көптеген азаматтар мен заңды тұлға
өкілдерінен заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы бойынша өтініштер берген кезде қателіктер немесе заң талабын
түсінбеушілік жағдайлар орын алуда. Сол себепті, заңды
тұлғаның қызметінің тоқтатылуы бойынша қандай құжаттар
қажет екендігіне тоқтала кетейін.
Әділет органдары аталған өтінішті қарау кезінде Қазақстан
Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы
Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңын және Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі
№ 112 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу
жөніндегі» Нұсқаулықты басшылыққа алады.
Заңды тұлғаның таратылу негіздемесі бойынша қызметінің
тоқтатылуын тіркеу үшін:
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі» Нұсқаулыққа 51
қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2. Заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі
уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрі
басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды
тұлға органының шешімі;
3. Құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлік;
4. Заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлімдеудің тәртібі мен мерзімдері туралы Қазақстан
Республикасы Әділет Министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
5. Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, кредиторлар
мәлімдеген талаптардың тізбесі туралы мәліметтер
қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау
нәтижелері;
6. Тарату балансы;
7. Заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе заңды тұлғаның
мөрі басылған аралық және тарату баланстарын бекіту ту-
Елбасы Жолдауы–
жақсылықтың бастауы
ралы шешімді қабылдаған өзге органнның шешімі;
8. Заңды тұлғаның мөрінің жойылғандығы туралы құжат;
9. Таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен
өкілдіктерінің
(олар
болған
жағдайда)
есептен
шығарылғанын растайтын құжат;
10. Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
11. Акция шығарылымдарының (акционерлік қоғам үшін)
күші жойылғандығы туралы уәкілетті органның хабарламасы;
12. Заңды тұлғалардың қызметін тоқтатқаны және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені үшін бюджетке
салым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс
етіледі.
Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға
қызметінің тоқтатылуын тіркеу, сот шешімінің негізінде
жүзеге асырылады.
Егер тексеру процесінде таратудың немесе қайта
ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар
анықталмаса, әділет министрлігінің аумақтық органдары
(тіркеуші орган) он күн ішінде заңды тұлға қызметінің
тоқтатылғанын тіркейді.
Табиғи монополия субьектісі қызметінің тоқтатылуын
тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті
бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті
органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың
белгіленген тәртібін бұзушылық анықталған жағдайда тіркеуші орган тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған
заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы
мәліметтерді қамтитын заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік Тіркелімге ол туралы жазба енгізілген кезде заңды
тұлға өзінің қызметін тоқтатты деп есептеледі.
Ә.ӘБДІРАЗАҚОв,
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының басшысы
Салық төлеушілерге мәлімет үшін
ДБФ бар БКМ: қызмет түрлерінің
тізбесі толықтырылған
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті, ҚР Қаржы министрінің 2018ж. 02.16.№208
бұйрығына өзгеріс кіргізілгенін салық төлеушілерге мәлімет
үшін
жеткізеді:
салық
төлеушілер
Қазақстан
Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда
ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолданатын қызмет түрлерінің тізбесі
толықтырылған.
Сондықтан, 2018жылдың 1-ші қазанынан бастап салық
төлеушілер келесі қызмет түрлерін жүзеге асырғанда ДБФ
бар БКМ міндетті түрде қолдану керек:
1.Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату.
2.Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және
жөндеу.
3. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құралсаймандарды көтерме саудада сату.
4. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құралсаймандарды бөлшек саудада сату.
5. Сусындарды көтерме саудада сату.
6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату.
7. Тоқыма бұйымдарын сату.
8. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және
шыныларды сату.
9. Киімдерді сату.
10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату.
11. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату.
12. Ломбард қызметі.
13. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі.
14. Сыйақы үшін немесе келісім шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару.
15. Жарнама агенттіктерінің қызметі.
16. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі.
17. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол
шетел
валютасымен
айырбастау
операцияларын
ұйымдастыру қызметі.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы
Как зарегистрироваться по месту проживания онлайн
Уважаемые жители Жанааркинского района, МВД РК принимаются меры по улучшению
качества оказываемых государственных услуг, в том числе регистрации по месту жительства и месту временного проживания.
В конце 2015 года по республике была введена регистрация
по месту жительства через Портал «электронного правительства». С прошлого года , также стало возможным оформить
в режиме онлайн регистрацию по месту временного пребывания.
Обращение на Портал за оказанием данной услуги имеет
преимущество.Заявка подается онлайн, не выходя из дома
или офиса, за счет чего экономится время на поход в ЦОН и
ожидание в очереди.
Для подачи заявки собственнику жилья необходимо зайти
в личный кабинет на Портале, выбрать услугу по регистрации и адрес регистрации (населенный пункт, улица, номер
дома и квартиры). После чего в личный кабинет поступит
уведомление о завершении регистрации.
В случае если заявитель не является собственником жилья,
необходимо направить запрос в личный кабинет собственника жилья для получения согласия на регистрацию по месту
жительства.
Только за 9 месяцев этого года в новом формате, без требования лишних документов, зарегистрировано через Портал
«электронного правительства» 47,5 тысяч человек, из них
29,7 тысяч- по месту постоянной регистрации, 17,7 тысячпо месту временного проживания.
Кроме того, в целях оптимизации процесса услуги по ре-
табысқа деген нық сенім және
халықтың
бірлігі
ғана
ел
тағдырын шешкен.
2019 жыл «Жастар жылы» деп
жариялауда еліміздің болашағы
жастарды ынталандырып, тұрғын
үй, қолжетімді баспана, субсидия
беруді оңтайландыру жұмыстарын
алға қойды.
Осы бағытта халық сенімі мен
рухымызды
жігерлендіріп,
бағындыратын белестер алда, сол
мұраттарға жетуді бүгінгі күннің
талабы екенін түсіндірді.
Жолдаудағы тапсырмаларды
қолдап қызмет көрсету бөлімінің
меңгерушісі Г.Ахмедина мен кітап
толықтыру бөлімінің меңгерушісі
Ж. Смайлова өз ойларын білдірді.
Жастар атынан
Г.Аманбаева,
С.Бақышева,
А.Жаншораева,
Г.Бергенова,
А.Әбдірашитова,
Б.Сатпаевалар жастарға берілген
мүмкіндіктерге өз қуаныштарын
білдіріп,
Елбасы
Жолдауын
қолдайтындарын және ел сенімін
ақтайтын табысты жастар бола
алатындарын айтты.
С.Сейфуллин кітапханасы
ақпараттық –
библиографиялық бөлім
гистрации населения по месту
жительства, Министерством
внутренних дел прорабатываются вопросы: -регистрации через Портал детей, в том
числе проактивно при рождении ребенка (при регистрации
рождения одновременно он будет регистрироваться по месту
жительства родителей); -взаимодействия с услугополучателем при продлении временной регистрации по месту пребывания (проживания) путем запроса на его мобильное
устройство; -использования одноразового пароля путем направленияя СМС – сообщений на телефон при регистрации
через Портал (как альтернатива электронно-цифровой подписи)
ГМС ОвД Жанааркинского района
Базарбеков Мұқан Базарбекұлы
1937 жылы 23-наурыз күні «Жеткіншек» ұжымшарында
қазіргі С.Сейфуллин ауылында туған.
Мектеп қабырғасында жүріп, еңбекке белсене араласып
1954 жылы 17 жасында «Тың және тыңайған жерлерді
игергені үшін» медалімен марапатталған.
1962 жылы Кеңестер одағы кезінде Қарағанды партия
мектебіне қабылданып, 1965 жылы бітірген.
Жаңаарқа аудандық партия комитетінің нұсқаушысы
(1965-1975), Жезқазған облыстық мемлекеттік дайындау
инспекциясының, Жаңаарқа ауданы бойынша бас мемлекеттік инспекторы (1975-1986), Жаңаарқа аудандық
агроөнеркәсіп бірлестігінің бас зоотехнигі (1986-1987),
аудандық тұтынушылар одағының директоры, Жезқазған
облыстық жоспарлау бірлестігінің селекция және тұқым асылдандыру бөлімінің зоотехнигі, бас зоотехнигі, (1988-1993) Жаңаарқа аудандық ауылшаруашылығы басқармасының
информатика жөніндегі маманы (1993-1995), Жаңаарқа аудандық мәслихаттың аға референті (1995-2000) қызметтерін абыройлы атқарған.
Жары Тойбала Төкенқызымен 58 жыл отасып, алты бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінгі
күні балалары, немерелері әр салада жемісті еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне елеулі
үлес қосуда.
Ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып, еңбек сіңірген Жаңаарқа ауданының Құрметті
азаматы Мұқан Базарбекұлының жарқын бейнесі мәңгі ұмытылмайды.
Ю.Бекқожин, Қ.Имантүсіпов, Қ.Қожықаев, Б.Серіков, Б.Мұқанов, А.Әбдіғожин,
А.Түсіпов, А.Аманбаев, Ғ.Төтеев, Х.Сәтжанов
Ер, балуан -Жаңаарқаның Исатайы
Бимендин Исатай (1904-2004) ғасыр жасаған, шежіреге
жүйрік, зерделі жан еді. Жылқышы, әуесқой күйші- сазгер, жылқы фермасының бригадирі. Балуан, сері адам
болған. Исекең ақсақал қазақтың толғаулы көк сүңгісі
Сеңгірбек батырдың тұқымы. Арқа тамасының алғашқы
болысы Итемген бидің ұрпағы, Қылыш әулиенің неменесі.
Қазақтың зиялы ғалымдарының бірі Бақыт Кәрібаева өз
еңбектерінде Исекеңнің ата тегін тарқата отырып, ол
кісінің өз заманының Һас балуаны ретінде айғақтайды.
Исекең атақты Балуан Шолақтың батасын алған Битабар
балуанның ізіне ерген серіктерінің бірі.
Жаңаарқалықтар Шубай, Кәдірсіз, Исатай, Мұхамеджан
сынды балуандарды айрықша ардақ тұтады. Сол
уақыттағы тойларда әр рудың балуандары күреске
шығып отырған. Исатай Бимендеұлының есімі Қарағанды
облысының энциклопедиясында “Қазақ балуандары” жинақтарына енген. Исекеңнің
балуандығы еркін күрестен, қазақ күресінен спорт шебері, сыңар қол балуан баласы
Өзаманға дариды. “Жалғыз қолды найзағай” атанған ол бірнеше рет аудандық, облыстық
жарыстардың жеңімпазы болды. Шолақ қолымен қарсыласының қолын орап алып,
қимылдаттырмай, айла тәсіл жасауға мүмкіндік бермейді.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Исекеңнің үлкен қызы Роза апайдың мұрағатында,
әкесінің шығарған күйлері жинақтаулы. Ел ішінде “Бастау”, “Зарлау”, “Жоқтау”, “Жерлеу”,
“Толғау”, “Аттаныс”, “Қоңырқаз”, “Әринекөк”, “Жеңіс” тағы басқа бір шоғыр күйлері белгілі. Қазірде әке жолы күйшілік өнерін балалары Өзбек пен Рымкүл жалғастыруда.
Күйшінің бай мұрасын қызы Рымкүл нотаға түсірген.
Исатай аты шулы, бір беткей, батыл адам болған. Қылышынан қан тамған Кеңес үкіметіне
қарсылығын білдіріп, соғысқа барудан бас тартқан азамат “Қашқын Исатай” танған. Бұл
қиыншылықтан аман-есен өтіп, бейбіт өмірге араласып, атақты жылқышы болып еңбек
етті. Ғасыр жасап, бейнетінің зейнетін көріп, бала-шағасының қызығын көрді.
Қатарластарының арасында көпті көріп, көңілге түйгенін зерделей жеткізіп, шежіре
тарқатып, абыз қарияға айналған жанның балуандығы бір төбе.
Ғалым Төтейұлы,
аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы
Көңіл айту
Аудан әкім аппараты еңбек ардагері
БАЗАРБЕКОв МҰҚАННЫҢ
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
Аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық мәслихат аппараты бұрынғы аудандық
мәслихаттың қызметкері, еңбек ардагері
БАЗАРБЕКОв МҰҚАННЫҢ
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
Аудандық “Жаңаарқа” газетінің ұжымы еңбек ардагері Базарбекова Тойбалаға
жолдасы МҰҚАН БАЗАРБЕКОвТЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Аудандық ардагерлер ұйымы еңбек ардагері
МҰҚАН БАЗАРБЕКОвТЫҢ
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
Аудандық аурухана ұжымы мен кәсіподақ ұйымы аудандық аурухананың балалар бөлімінің
меңгерушісі Базарбекова Алмагүл Мұқанқызына
ӘКЕСІ МҰҚАННЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Аудандық аурухана ұжымы мен кәсіподақ ұйымы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар
бөлімінің медбикесі Жарылғапова Гүлжанға
АҒАСЫ БАҚТИяРДЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Целинный ауылдық округінің әкім аппараты
БАҚТИяР ЖАРЫЛҒАПОвТЫҢ
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
7
24 қараша, 2018 жыл
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, Дәрия кентінің тұрғыны
болған асыл жар, ардақты ата, өз ортасында сыйлы дос
болған Төкенұлы Сағаттың өмірден озғанына 1 жыл
толды.
Сұм ажал қатыгез, о, неткен!!!
Пенденің көз жасың көл еткен.
Ел, жерін жанындай сүйетін,
Бір жүрек тоқтады кенеттен.
Халқын сыйлап өзі де сыйлы болды,
Дәретпенен намазға ұйытқы болды.
Шежіре тарихпенен уағыз айтып,
Отырған отырыстың көркі болды.
Пенде шіркін тағдырға бағынады,
Асыл бейнең көкейден табылады.
Артыңдағы Мүбәрәгің дұға қылып,
Жан жүрегі елжіреп сағынады.
Мен де көне алмай жүрмін, өмірде сенің жоғыңа,
Алаңдаушы едің бұралаң менің жолыма.
Басыңа барып, егіліп жылап қайтамын,
Келері осы жарыңның бейбақ қолынан.
Еске алушылар: жұбайы-Сәлима, балалары- Жасталап, Ғалымжан, БауыржанСамал, немерелері - Шолпан, Әдемі, Мүбәрак, Аянат
8 желтоқсан күні сағат 14.00-де Дәрия кентінде марқұм сағаттың өмірден өткеніне
1 жыл толуына орай құдайы ас беріліп, құран бағышталады
асқа туған-туыс, құда-жекжат, дос-жарандарды, сыныптастарды, сағаттың
көзін көргендерді шақырамыз
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы да қадірлі анамыз,
адал жар, сүйікті де қымбатты әже бола білген Салықова
Роза Жақыпқызының тал бесіктен жер бесікке
аттанғанына 1 желтоқсан күні 1 жыл толып отыр.
Тағдырдың жазуына бағынбайтын пенде бар ма, өкінішке
орай ардақты да асыл жанды арамыздан ерте алды.
Жүрегіміз қимастық сезімге толып, екі көзге мөлтілдеп
жас келеді. Енді қолдан келері, құран оқып, дұға бағыштау,
марқұмды еске алып, көрмей кеткен қызығын артында
қалған балаларына берсін дейміз. Анамыздың жаны
жәннатта, тәні рахатта болғай.
Тағдырдың жазғанына бар ма шара?!
Жан едің кең пейілді жеке-дара.
Сәні боп ортамыздың жүруші едің,
Асыл жан кең жүректі жеке-дара.
Қас пен көздің арасында кете бардың,
Көл болды ғой көз жасы балалардың.
Жұмақ болсын мекенің бақилықта,
Қабыл болсын тілегі дұғалардың.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Егеубай, балалары-Қаныш-Мекен, Даныш-Алуа,
немерелері-Іңкәр, Дәурен, Елдар, Төреғали
1 желтоқсан күні сағат 13.00-де “сұлтан” мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Хабарландыру
Қараша айының 30-шы жұлдызында Жаңаарқа ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен
аудан тарихында ерекше аты шыққан арқалы балуан, әуесқой күйші сазгер Бимендин Исатай
атындағы қазақша күрестен турнир өтеді.
Жарыс спорт мектебінде болады. Салтанатты ашылуы сағат 12.00-де.
Келіңіздер, көріңіздер, қызықтаңыздар!
Жаңаарқа ауданының ардагерлер ұйымы
Маман кеңесі
АИТв және ЖИТС–дегеніміз не?
АИТВ – дегеніміз адамның иммун тапшылығы вирусы, ЖИТС -дегеніміз – жұқтырылған
иммун тапшылығы синдромы.
Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС)- адамның иммун жүйесінің АИТВ –
дан қатты зақымдануынан болған белгілер байқалатын АИТВ- инфекциясының соңғы сатысы.
Бұл ауру ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал.
Берілу жолдары : - жыныстық қатынас - негізгі жұғу жолы
-вирустың бірден қанға түсуі (әр түрлі медициналық іс-шаралар – иньекция, оталар жасау,
қан құю ), -анасынан нәрестеге жұғу жолдары - жүктілік және босану, нәрестені емізу кезінде
АИТВ –қандай жағдайда жұқпайды?
Тұрмыстық жағдайда -ауа арқылы, қол алысу, сүйісу (кез-келген), ыдыс-аяқ, киімдер,
ванна, дәретхана,бассейнге барғанда және жәндіктердің шағуы кезінде жұғу мүмкін емес.
Аурудың клиникалық өтуі. ЖИТС-тің жасырын кезеңі 3 айдан 15-18 жылға дейін болады,
оның үстіне жыныстық жұқтыру кезінде, әдетте қан құю кезіндегіден қысқа болады. АИТВ
жұқтырған адамдардың 50% -де, жұқтырған кезінен бастап 2-4 аптадан соң-ақ, 2-10 күн
ішінде, тамақ баспасының, лимфожүйесінің, бауырының, көкбауыр талағының ұлғаюымен,
қалтырауымен сипатталатын, хал-жағдайы байқалатындығын бақылау жасау айғақтап отыр.
АИТВ- жұқтырған кезден бастап өлімге ұшырағанға дейінгі сырқаттанудың орташа
ұзақтығы орта есеппен 13-15 жылды құрайды.
Кейбір науқастар мезгілінен едәуір ерте өледі, жекелеген пациенттер 20 жылдан астам өмір
сүреді.
Емделу: АИТВ жұқпасын емдеуге арналған дәрі-дәрмек әлі ойластырылып табылмаған.
Бірақ бүгінгі таңда науқастың өмір сапасын жақсартуға және өмірін ұзартуға әсер ететін
дәрі-дәрмектер бар.
О.Байзақова,
Жаңаарқа ауданы қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы жетекші маманы
Құттықтаймыз
Сүйікті жар, ардақты әже, аяулы анамыз Ақыбаева
Оразкүл Әбдікенқызын 28 қараша күні 60 жасқа толар
туған күнімен құттықтаймыз. Баршамыздың ақ бесігімізді
тербетіп, түн ұйқысын төрт бөліп, ер жеткізуге барлық
мейірім-шуағы мен қажыр-қайратын жұмсаған теңдесіз
жан анашымызға әлемдегі бар жақсылықты тілейміз.
Көрер қызығыңыз көп болып, ортамызда жүре беріңіз.
Біз сіздің аялы құшағыңызда қамқорлығыңызға бөленіп
жүре берейік.
Аяулы ана, ардақты жан ең қымбат,
Бір өзіңнен табылады бар сымбат.
Құшағыңда шалқып-тасып ер жеттік,
Мәпелеген әлдиіңді біз тыңдап.
Ауырмаңыз, жүз жасаңыз, өсіңіз,
Жақсылықтың мол күндерін кешіңіз.
Өзіңізбен күліп атсын әр таңдар,
Сізбен бірге батсын ылғи кешіміз.
Игі тілекпен: жолдасы- Жанат, балалары-Қайрат-Айдана, Айжан-Асылзат, Арайлым-Шоқан, Гүлжан, немерелері-Аружан, Аяла, жиендері-Кәусәр, Аяулым, Диар,
Данияр, Ділназ
Құттықтаймыз
Ардақты да, аяулы қызымыз Садулова Ләйлә
Әуезханқызын 24 қараша күні 40 жасқа толған туған
күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бала-шағаң, отбасың
аман болсын. Жұлдызың жоғары, еңбегің бағалы, мерейің
үстем болсын.
Құрдасыңдай аялай бер күздің күнін,
Өйткені ол сеніңде туған күнің.
Арман қуып жетегінде жүрсеңде,
Қырық күзің өзіңмен құрдас бүгін.
Туған күнің қараша қоңыр күзің,
Көтеріңкі сән берген жарқын жүзің.
Талабың зор таудай елге мақтан етем,
Үлкендерден бата алған Ләйлә-қыз.
Құттықтаймыз
Бидайық ауылының тұрғыны, адал жар, аяулы ана, асыл әже,
Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінде көп жылдан
бері еңбек етіп келе жатқан осы мектептің кіші қызметкері
Тұрғанова Ардақ Бахытқызын 50 жас мерейтойымен
шын жүректен құттықтаймыз.
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын,
шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі
жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған
шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете
беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында
қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған –
туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың
асуларына жете беріңіз!
Елу – деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген – даналық қой, ол анық!
Оған жетсе елжірейді әр кісі.
Құттықтайды ұжымыңыз қол алып.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңізді балаларыңыз арқаласын,
Жасыңызға дәл осындай жас қосылып,
Көңіліңіз дариядай жарқырасын.
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Бидайық жалпы
орта білім беретін мектебінің ұжымы
Құттықтаймыз
Аяулы да сүйікті қызымыз, қамқор да қадірлі бауыр, жолдасына адал жар, балаларының сүйікті анасы Ардақ
Балтабайқызын 40 жасқа толуымен шын жүректен
құттықтаймыз. Аяулы жанға зор денсаулық,отбасына береке, күйеубаламыз Айдын екеуі балапандарының
қызығын көріп, өмірлерінде тек қана қуанышты сәттер
болсын деп тілейміз.
Ұзақ болсын өмірің,
Өмір жолы - керуен,
Таусылмасын қызығың.
Ортасында келеміз.
Қадірлі бол, сыйлы бол,
Аққу қанат 40 жас,
Керуен соңы демеңіз. Ортасыңда құрбыңның.
Тілек білдіруші: әкесі-Әуезхан, анасы-Гүлнәр, бауырлары Бауыржан-Назым,
Асыл-Жанерке, Раяна, Сания, Мұхамед, Нұрасыл, Ерасыл
Табиғатты қорғау
баршаға ортақ міндет
Табиғатты қорғау
барша адам баласының
басты парызы. Жер бетіндегі тіршіліктің өсіпөнуіне,
қоршаған
ортаның өркен жаюына қолдау көрсетсек,
тылсым табиғатымызды паналаған аңқұстардың көбеюіне мол мүмкіндік болары
ақиқат. Алайда, заңсыз аң аулаушылардың
салдарынан табиғатты мекендеген аң –
құстардың азайып кеткені де жасырын емес.
Аң-құс, жануарлар мен жәндіктер –табиғат
деген алып дүниені құрайтын бөлшектері,
экологияда айрықша орны бар жаратылыстар. Жануарлардың бір түрін жою – өзге
түрлерінің өзгеруіне, азаюына алып келеді
де табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады.
Хайуанаттар табиғаттың қайталанбас,
генетикалық бірегей туындысы, олардың әр
біреуін толықтай жою дегеніміз –
табиғаттың баға жетпес сыйынан айрылу.
«Орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММнің 6800 гектар ерекше қорғалатын
Республикалық маңызы бар қорықта аң-құс
жануарларды аулауға мүлдем тыйым
салынған, ал басқа аумақтарда заңсыз
аулауға болмайды.
Сондықтан, заңсыз аулау Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кодексінің 382 бабы бойынша «Жануарлар
дүниесін пайдалану талаптарын және аң
аулау қағидаларын бұзу барысында осы
баптың бірінші бөлігінде көзделген, ерекше
қорғалатын
т а б и ғ и
аума қ т а рд а
жас алған
әрекет
бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болып
табылады»,- деп көрсетілген.
Ал, әкімшілік құқық бұзушылық заң аясында аң аулаушының заттары және құралы
тәркілене отырып, жеке тұлғаларға -70,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –бір мың
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салынады немесе аң аулау
құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге
айыруға әкеп соғады.
Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық
туралы 367 бап ормандарда өрт қауіпсіздігі
талаптары мен санитарлық қағидалар
бұзылған жағдайда осы баптың бірінші және
екінші бөліктерінде көзделген, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған
әрекеттер үшін жеке тұлғаларға –бір жүз,
кәсіптік субъектілеріне –екі жүз елу, орта
кәсіптік субъектілеріне-төрт жүз, ірі кәсіптік
субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қазақстан Конституциясына сәйкес
жануарлар дуниесі мемлекеттік меншікке
жатады-бүкіл халықтың игілігі.
Н.ШӘКЕНОв,
«Орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы»
КММ-ның аңшылық маманы
ӨЗ ГАЗЕТТЕРІҢІЗ «ЖАҢААРҚАҒА» 2019
ЖЫЛҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті
басылымдарыңыз “Жаңаарқа” газетіне 2019 жылға жазылу басталды. Аудан
аймағындағы жаңалықтың жаршысына айналған, сексен жылдық тарихы бар
сүйікті газеттеріңіз Сіздердің көңілдеріңізден шығатынына сенімдіміз. Халықтың
игілігіне қызмет етуден танбайтын аудандық басылымның өздеріңізбен алдағы
жылда бірге болуы үшін газетке жазылудан кеш қалмаңыздар.
Газетке аудандық почта торабынан жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282
1 жылға 2496 теңге
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282
1 жылға 1992 теңге
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИН 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБЕ 16,
РНН 240400001948, АО “Народный Банк Казахстана”
Ағайын достық көңілің,
Санар едім бір жасқа.
Ел жұрттың сенімін,
Байрақ еттің намысқа.
Әрі сырлас, әрі досың құрдасың,
Арман құсың аялдамай қырға ассын.
Немере сүй, шөбере сүй гүл жайнап,
Шаңырағыңның ұйытқысы бол
қымбаттым.
Тілек білдірушілер: ата-анасы-Балташ-Рыскен, бауырлары- Жанар, Шолпан,
Гүлім, Нұрбол-Айжан, Алмаз-Ұлжан, Темірғали-Қанағат, Ерболат-Гүлмайра
АЗИАТСКИй КРЕДИТНЫй ФОНД
предлагает
Быстрые кредиты до 500 000 тенге!
Кредиты для работающих и для пенсионеров (по возрасту)
Мы выдадим Вам кредит на разные цели
Преимущества кредитов АКФ:
•Требуется только один документ (удостоверение личности, пенсионная книжка
для пенсионеров)
•Отсутствие комиссионного сбора
•Без ограничения возраста заемщиков (от 21 года)
•Быстрое рассмотрение заявки на кредит! Мы ценим Ваше время!
Наш адрес: п.Атасу, ул. Тауелсиздик, д. 5\1.
Контактные телефоны: тел. 8 (71030) 2-80-47
Нурсултан + 7 771 266 57 00
Акмарал
+ 7 771 747 06 85
Медиация тәртібімен неке бұзу ісі қысқартылды
Жаңаарқа ауданының тұрғыны азаматша
Ж. некені бұзу туралы талап арызымен
сотқа жүгініп, жауапкермен 2007 жылдан
заңды некеде тұрғанын, осы некеден төрт
баласы барын, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.
Сот отырысы барысында тараптар дауды
судья медиатордың көмегімен реттеу туралы
келісімге келіп, татуласып, істі өндірістен
қысқартуды сұраған.
Жаңаарқа аудандық соты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы
келісімін бекітті.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Некені бұзу туралы талап арызы бойынша
азаматтық іс өндірістен қысқартылды.
Елімізде медиация тәртібінің яғни судья
медиатордың арқасында бір отбасы
татулығы, төрт баланың толық отбасында
тәрбиелену тағдыры сақталып қалды.
Ашуға бой алдырмай, сабырмен, қандай да
болмасын дауды мәселені медиация
тәртібімен келісімге бекітсеңіздер нұр үстіне
нұр болар еді демекпін.
Г.КАСЕНОвА,
Жаңаарқа аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1605 дана
Тапсырыс №48
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
1
Размер файла
55 099 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа