close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 51qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№51 (9887), 15 желтоқсан, 2018жыл
Тәуелсіздік - тұғырым, Мәңгілік ел - мұратым
Жаңа ғимарат-жанға шипа береді
Тәуелсіздікке тарту
даталы күндеріне тарту ретінде лентасы кесіліп, халық игілігіне
пайдалануға беріліп жатқан ғимараттар мен үйлер елдің әлеуетінің
артқанын көрсетуде. Бұндай игі бастамалар біздің ауданда жетерлік.
Күні кеше ел Президенті күніне орай Түгіскендегі тойхананың лентасы қиылып, халық игілігіне берілсе, Тәуелсіздік күніне орай бұл
ауылда тағы бір ғимарат ауыл тұрғындарына айқара есігін ашты.
Қазығы көктемде қағылып, іргетасы сәуірде қалана басталған бұл
ғимаратты «Агропрэмстрой» ЖШС салған. «Агропрэмстрой» ЖШС
директоры Сатыбалды Жолдыбаев ауданымызға таныс азамат. Бұдан
бірнеше жыл бұрын ауданымызға қарасты елді мекендерге ауыз су
тартып беруге атсалысқан азамат халық игілігіне берілетін дәрігерлік
амбулаторияны діттеген мерзімінен бұрын салып, тәуелсіздік мерекесіне тарту етті.
Іргесі сөгілмей, береке-бірлігі ажырамаған, ынтымағы жарасқан
ауыл тұрғындары үшін бұл ғимарат өте қажет. Он екі мүшесінің
сау болуын Алладан тілеген әр пенденің анда-санда болса да ауырып қалатыны бар. Сол кезде ақ халатты абзал жанның шипасына
жүгініп, еміне дәру іздегенде маңдай тірейтіні де осы жер. Заманауи
құрылғыларымен жабдықталып, жаңадан салынған ғимарат жылы
әрі ыңғайлы екен. Ғимараттың ашылу салтанатын аудандық мәдени
сауық орталығының «Зерде» жылжымалы мәдени сауық кешенінің
өнерпаздары жүргізді. Ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен
Егемендік алып, етек жеңімізді жинап, Тәуелсіз ел болғанымызға міне, 27 жыл толды. Елім
дейтін ерлердің, ұлт көшбасшысының көрегенділігінің арқасында қазақ елінің көші бейбіт
жолда биік белестерді бағындырып, іргелі елдердің қатарына қосылды. Қазақ елін әлем
білді. Сайын даланың текті ұл-қызының тегеурінді мінезін, қайсарлығын, өрлігі мен ерлігін
ел танып, қазақ деген ұлттың болмыс бітіміне қызығушылық танытты.
27 жыл. Қазақтың жыл санауындағы екі мүшел жастан асқан азат ел. Ат жалын тартып
мініп, азаматтығын елге таныта білген, ұлы достықтың мызғымас берік Отанына айналып,
елдіктің туын бекем ұстаған 27 жастағы ақыл тоқтатып, көшбасшыға айналған азамат ел.
Осы егемендік алған жылдарымызда Қазақстанның әр аймағында іргелі істер атқарылып,
ел ағалары
елдің гүлденуіне аянбай еңбек етуде. Егемендік алған алғашқы
жылдардағыдай емес, алға жылжудың айқын бағдарламаларын Елбасы ұсынып, халық сол
ұсынысты қабыл алып, дамудың даңғыл жолына түсті. Соңғы жылдары ауданымызда
ілгерлеудің ілкімді істері атқарылып, халық игілігіне пайдалануға берілуде. Аумағын
кеңейткен ауданымызда әр жылдың еншісіндегі Тәуелсіздігімізге тарту болған көп қабатты
тұрғын үйлер қаншама отбасының ыстық ұясына айналды. Аудан тұрғындарының пайдалануы үшін салынған әр ғимарат бүгінгі күні қарқынды жұмыс үстінде. Қазақстанның әр
Құрметті аудан тұрғындары!
16 желтоқсан күні біз еліміздің басты ұлттық мерекесі - Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі күнін атап өтеміз!
Атаулы мереке - Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген азаматтық жауапкершілік
пен ұлттық тұтастықтың нышаны.
Тау етер Тәуелсіздігіміз - ұлы бабаларымыздың сан ғасыр бойғы мақсат-мұратының
жемісі.
Бұл мереке - Отанымыздың еркіндігі мен ертеңге деген сенімінің нышаны. Қазақстан
халқы қысқа мерзім ішінде демократиялық, құқықтық және экономикасы үдемелі дамушы мемлекет құра білді.
Осы күні Президентіміз,Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен
тығыз байланысты жас мемлекеттің орасан жетістіктерін зор мақтанышпен паш етеміз.
Қазақстанның егемендігін нығайтуға Жаңаарқа ауданының тұрғындары да қомақты
үлес қосып келеді.Өтіп бара жатқан жыл экономикамыз бен әлеуметтік саладағы оң
өзгерістерге толы болды.
Алдағы уақытта да әрбір жаңаарқалықтың еңбегі еліміздің экономикалық қуатын және
саяси беделін, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалардың сәтті
жүргізілуіне септігін тигізе берсін.
Сідерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, жемісті еңбек, бейбіт әрі жарқын болашақ
тілейміз. Әрбір шаңырақтан ауыз-біршілік, ырыс-береке, шаттық арылмасын. Әрбір
қазақстандықтың еңбегі бақытты болашағымыздың кепілі болғай.
Юржан Бекқожин,
Қуат Имантүсіпов,
Жаңаарқа ауданының әкімі
аудандық мәслихат хатшысы
құттықтаған аудан әкімі Юржан Асанұлы:
-Президент Н.Назарбаев Халыққа арналған Жолдауларында елді мекендерде алғашқы
медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуы керектігін баса айтып, әрбір
қазақстандық отбасының саулығына басымдық беру керектігін айтты. Бүгінде Елбасының
тапсырмасы жүзеге асырылып, «Агропромрэмстрой» ЖШС мердігер болып, осы ғимарат
тұрғызылып отыр.
Ұлт көшбасшысы тілге тиек еткендей, адамзаттың өмірі мен денсаулығын сеніп тапсыратын
ем орындарының жауапкершілігі қашан да зор. Ендеше, бүгінгі ашылып отырған отбасылықдәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарының дертіне шипа беретін құтты орынға айналатынына кәміл сенеміз,-деді. Аудан басшысы мезгілінен бұрын ғимаратты салып берген
«Агропрэмстрой» ЖШС-нің директоры С. Жолдыбаевқа аудан және ауыл халқының атынан
рахметін білдіріп, аудан әкімінің «Құрмет» грамотасын табыстады.
Келесі кезекте сөз алған ауыл ағасы, еңбек ардагері Совет Көпбаев пен ардагер ұстаз,
көпбалалы ана Баян Ақтаева, аудандық мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов ақжарма тілектерін арнап, халықтың денсаулығының жақсаруына септігін тигізетін жаңа орталықтың
дәрігерлеріне толайым табыстар тіледі. Әнмен шашуы шашылып, өнерпаздардың ыстық
лебізі білдірілген шара барысында лента қию рәсімі өтіп, ауыл ақсақалы Шады Есболов
бастаған қауым жаңа ғимаратты тамашалауға кірісті.
Жиналған қауым жаңа ғимаратты салуға мұрындық болып, ауыл тұрғындарының талапарыздарының орындалуына атсалысқан аудан басшысына алғыстарын білдірді.
Салтанат АМАнҚызы
15 желтоқсан 2018 жыл
Желтоқсан Тәуелсіздікке бастаған
күн
Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамыТәуелсіздік күнін атап өтуде. Бұл мереке-қазақ
халқы үшін ұлы мереке. Қазақтың ежелден ең
асыл мұраты, арманы-еңселі ел болу еді. Елім,
жерім деп еңіреген ақындарымыз: «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»- деп
жырлайтын еді.
Қазақ жерінде атқан Тәуелсіздік таңы-кең
даламыздың мына дархан төсін қанымен, терімен
суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің
заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.
Желтоқсан оқиғасы –халқымыздың бастан кешкен тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі
қалады, ешқашан ұмытылмайды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні өрімдей жастар
азаттық үшін, тәуелсіз ел үшін өз бастарын құрбан
етті. Сол кездегі олардың ерлігі-батырлықтың ерлігі.
Мен ол уақытта Алматы қаласындағы Абай
атындағы Қазақтың педагогикалық институтының
ІV курс студенті болатынмын. 1986 жылдың 1617 желтоқсанында Алматыдағы сол кездегі Брежнев алаңына мыңдаған адам жиналды. Олар
Дінмұхамед Қонаевтың қызметтен кетуіне байланысты наразылық білдіріп, бірінші хатшылыққа
жаңадан келген Колбиннің орнына қазақ азаматын
тағайындауды талап етті.
Алматының барлық оқу орындарының студенттері, жұмысшылары алаңға жиналды. Негізінде
алаңға бейбіт жастар шықты. Жастардың санасында күш көрсетеміз деген ой болған жоқ. Ел
мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас
көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың
бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Осы бір
көрініс менің көз алдымда мәңгі бақи сақталып
қалды.
Ол ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті
талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан
шағы еді. Қазақ елінің тарихында осы бір ұлы
оқиға ешқашан ұмытылмақ емес. Біздің
жоғалтқанымыз,
ең
асылымыз-еркіндік,
тәуелсіздік еді.
Бұл-қазақ халқының тарихында ерекше орын
алатын оқиға. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі
үшін, мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын
қозғалысын еш уақытта тоқтатпаған. Егемендікке
жетудің жолында жасалған көп қадамның біріЖелтоқсан оқиғасы.
Жапа шеккендер-жазықсыз жастар қауымы.
Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды.
1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы Брежнев
алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруі
қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл,
маскүнем» деген кінә тағылды. 1986 жылы
желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1991 жылы 16
желтоқсанда Тәуелсіздік таңын тудырды.
Бүгінгі өз келешегіне бет алған Тәуелсіз
Қазақстан –бұл біздің ортақ мақтанышымыз.
Тәуелсіздік күні-Қазақ елінің тарихындағы ең
атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық
арманының орындалған күні.
Тәуелсіздік күні қарсаңында барша Қазақстан
халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен
тыныштықтың белгісі болып отырған осы
айырықша мерекемен құттықтаймын.
н.Хасенова,
«С.Сейфуллин атындағы ЖоББМ» КММ
директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары
2
Ата-баба аңсаған -Тәуелсіздік
Тәуелсіздік-киелі ұғым. Егемендік елдіктің белгісі болса, Тәуелсіздік егемен
елдің еркіндігінің, азаттығының айғағы. Батыр бабаларымыз білектің күші,
жүректің мысы, тегіндегі тектілігімен жауының табанын тидірмей ұлан байтақ
даланы ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Аласапыран кезеңдерді басынан өткізіп,
алмағайып заманда ұлттық құндылықтарын жоғалтпай баба аманатына қиянат
жасамай бүгінгі күнге жетті. Жетпіс жыл бодандықтың бұғауында болғанымен
тектілігіне нұқсан келтірмеді. Ұлы Отан соғысына бір кісідей атсалысып, бауырлас мемлекеттерді жаудан азат етуге бар күш қайратын жұмсады. Қаншамасы
майдан даласында қалды. Жаралы жүректеріндегі болашаққа деген, азаттыққа
деген үміт алға жетеледі. Сол азаттыққа құштарлықтары 1986 жылғы
желтоқсанда ақ қар, көк мұзда лықсып, жастардың қайраты болып төгіліп,
жігіттердің жігерімен жанылып, арулардың арыменен алаулап үлкен көтеріліске
әкеліп соқты. Желтоқсан көтерілісінде қаншама жас қыршынынан қиылып, үкілі
үміттерін үзгенменен Тәуелсіздіктің отын тұтатып кетті. Азаттықты аңсаған аға
апаларымыз, отқа оранып, жазықсыз жапа шеккендерімен қазақ деген ұлттың
қайсарлығын, ерлігін жаһанға паш етті. Жалынды жастардың бұл көтерілісінде
ұлы дала елінің бостандыққа деген бұлқынысы, тәуелсіздікке деген талпынысы
бар еді.
1991 жылы қазақ елі егеменді ел болып жарияланды. Тәуелсіздігіміздің,
егемендігіміздің нышаны болып көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қазақ елі
әлемге танылды. Сарыарқаның төрінде алып шаһар дүнеге келіп, әлем назарын
өзіне қаратқан ЭКСПО көрмесі өтті. Жаһанда қазақ деген өр рухты ұлттың, қазақ
деген дархан пейілді елдің бар екенін әлем білді.
Елбасы өзіне сенім артқан елінің биік белестерді бағындыруы үшін не істеп,
қандай жолмен жүруін сараптап, халыққа бағыт-бағдар беретін Жолдауларын
ұсынуда. Әр Жолдауының ел дамуына қосатын үлесі зор, әрі салмағы басым.
Сонымен бірге бірнеше бағдарламалар өмірге келіп, жүзеге асуда. Экономикамыз
қалыпқа келіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Қазақстан жер асты
байлығының Отаны ғана емес, ауызбіршілік пен достығы нығайған, берекесі мен
бірлігі бекем ұлыстар мен ұлттардың Отаны.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы біздің еліміздің бүкіл тарихын
талдап, қолға ұстатқандай талдап тереңнен сараптаған. Елімізде «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылып, тарихи және
мәдени ескерткіштер жаңартылып, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп
жатса, біздің де ауданда бұл жұмыстар қолға алынуда. Соңғы жылдары
тарихтың қатпарында қалыс қалып, аты ұмытылып бара жатқан, халық қамын
жеп елге беделді болған адамдардың аты аталынып, мазарлары қайта қалпына
келтіріліп, белгі тастар орнатылып, олардың тарихтағы алатын орыны
айқындалып келеді. Қаза елінің ұлан байтақ жерін қорғауға атсалысқан жүз
басы, мың басы болған батыр бабалардың соңынан ерген батырларымызда қайта
жаңғырылып, аты аталуда.
Ұлы дала баласының өмірімен астасқан ұлы даланың жеті қыры бұл қазақ елінің
өзіне ғана тән белгілері. Қазақ елін әлем басқа қасиеттеріне сараламай ақ осы
жеті қырынан ақ танитын болады.
Егемендігімізді еншілеп, елдігіміздің іргесін нығайтып, азаттығымыздың ақ
таңы атқанына да міне 27 жыл болып отыр. Тәуелсіздігіміздің аясында еліміз сан
белестерді бағындырып, озық елдердің қатарынан сап түзеді. Елімізді қай сала
болмасын әлем танитыны ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік ел болуға қарышты
қадам жасаған қазақ елінің мақсаты айқын, елдігі мығым, еңсесі биік болғай.
Шынар ӨСКЕнБАЕвА,
«орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры
Мәнді мақала-жаңа серпін береді
Елбасы өзінің «Ұлы даланың Жеті қыры» мақаласында, төл тарихын білетін,
бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенетінін
және өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң
көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі екенін халқымызға паш етті.
Жаңа бағдарламалық мақаланы оқыған әр қазақтың кеудесіне мақтаныш сезімін
ұялатып, еңсесін тағы бір тіктеп алуға түрткі болардай серпін берді. Жалпы бұл
бағдарламалық мақаладан ұлттық рухтың айрықша салтанат құрғанын көруге болады.
Әлемнің озық елдерінің мақтан тұтатын тарихи мұрасын мысалға тартқан Елбасы, біздің де тарихымыз тереңде жатқандығын атап өтті.
Тарих арқылы, болашаққа бағдар жасап, даңғыл жол салуға үндейтін мақаланың
мәні тереңде. Айталық құнды еңбекте атты қолға үйретіп, оған ер салу, металлургия мен алтынды өңдеу технологиялары біздің қасиетті жерде пайда болғаны
айтылады. Шынтауайтында осы жайт батыс тарихнамасында жабулы күйінде тұр.
Сондықтан, атамекенін ардақ тұтып, Отанын сүйген Ұлы даланың әрбір баласы
Елбасы меңзеген мәнді мақаланы жүрегімен түйсінуі қажет.
А.Сыздық,
Қызылжар кенті
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Елбасы мақаласы – елінің ертеңі
2018 жылдың 5 қазан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жариялады. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен,
табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екенін атап өтті. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің
барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.
Елбасы сынға алып, өзектілігін ашық айтқан мәселенің барлығы – қарапайым қазақстандықтардың көкейінде жүрген түйткілдер.
Мәселен, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызмет пен
құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасы өзі тарқатты. Ерекше қуантатыны,
халықаралық ұстаздар күніне арналған Елбасының екі жақсы бастамасы, ол – біріншіден, жалақы көтеру, бұл енді экономикалық
жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс — ол 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабылданатындығы. Шынымен де, қоғамды алға бағыттап, тәрбиелейтін — ұстаздар. Білім жүйесі дегеніміз, бұл тек
қана білім беріп қана қомай, белгілі бір мөлшерде балаға ақпарат беру жүйесі емес— бұл шындап келсек, әлеуметтендіру институты!
Мемлекет басшысының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы аса қуантарлық жағдай екені анық. Осы арқылы ол өзінің жастарға
үлкен сенім артатынын көрсетіп отыр. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын жастар
қолдайды! Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті.
Біз Елбасымыздың бізге, яғни жастарға артқан үмітін ақтауға дайынбыз!
Ә.Рымбек,
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі
Жаңаарқа бөлімшесінің оқытушысы
Жыр арқауы - Тәуелсіздік
Тәуелсіздік –
туған күнім
Құтты болсын тәуелсіздік,
Тудым мен осы айдың он жетісі.
Жасай берсін Мәңгілік ел,
Қазағымның қасиетті мол жемісі.
Тәуелсіздік жыр – дастандар,
Орындалды басты армандар.
Тәуелсіздік жолында,
Ажал құшты талай жастар.
Тәуелсіздік – арман әні,
Жақсылығын шырқар бәрі.
Тәуелсіздік - шың биігім,
Сенсің әнім өмір нәрі.
Жарқын ҚАлКЕновА,
9 «в» сынып оқушысы
Б.Амалбеков атындағы орта
мектебі
Ғажапстан
Бар болашақ біздердің қолымызда,
Жігер, намыс дарыды бойымызға.
Тәуелсіздік алды біздің еліміз,
Мәңгілікке айналу ойымызда.
Еліміз азат, бақытты Қазақстан,
Елбасымыз көшбасшы ер- Нұрсұлтан.
Азаттығын паш еткен жер жаһанға,
Орнатамыз біз әлі ғажапстан.
Ернұр ҚАБдулХАМИТов,
9 «б» сынып ушысы
Б.Амалбеков атындағы ЖоББМ
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – бабамыздың бастауы,
Тәуелсіздік – ата-бабам дастаны.
Тәуелсіздік – елімнің зор асқары,
Тәуелсіздік – бағымның мың асқаны.
Тәуелсіздік – ана тілім, өз тілім,
Тәуелсіздік – мәдениет пен өз дінім.
Тәуелсіздік өмір сүрген қоғамда
Сақталады әдет-ғұрып,өз жырым.
Айғаным Ғалым,
о.Жұмабеков атындағы ЖоББМ
базасындағы тірек мектебінің
10 сынып оқушысы
Мәңгілік ел
Тәуелсіздік таңы атты,
Жылуын елге таратты.
Қазақстан айбынды,
Әлемді өзіне қаратты.
Бейбіт құсы самғайды,
Қанаты еш талмайды.
Шарықтай бер туған ел,
Мәңгілік болу арманы
Аманкеш ЖАМБыловА,
Ж.Сәдуақасов атындағы ЖоББМ
4-сынып оқушысы
Тәуелсіз
Қазақстаным
Тәуелсіз Қазақстаным,
Ол менің ұлы -Отаным.
Кен далам, бақыт құшағы,
Жасай бер Ұлы Отаным.
Бөлей бер, ел жұртымды,
Сан алуан қуанышқа.
Інжу ШӘРІпБЕКовА,
№132 ЖоББМ-нің 1-”ә”
сынып оқушысы
Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл
еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізі!
Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекет-тік қызмет
түрлеріне қол жетімділігін арттыру бағытында-игі бастамалар жүзеге асырылуда.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік
қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар
қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік
органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік
қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап
барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен
тығыз байланыста болатындығы белгілі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде
халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды
қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа
мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік
қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. Қазіргі қоғамда мемлекеттік
қызметтің қоғам өмірінде үлкен орындалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет
сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет
көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың
өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің
негізгі қағидаттары: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк,
лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез-келген өзге
жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; -мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөз бұйдалық көріністеріне жол
бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және
ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;- мемлекеттік қызметтер
көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік
қызметтер көрсетуге міндетті. Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.
Стандарт және регламент дегеніміз не? Стандарт дегеніміз - мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін
қамтитын нормативтік құқықтық акт. Ал, регламент - мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін
қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер
көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Мемлекеттік корпорация мен өз ара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін
айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады. Жаңаарқа бөлімшелік
көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетуді
« Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 10-бабының 1-ші тармақшасына сәйкес және Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 28 сәуір № 217
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы мен
Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №557 «Халықтың санитариялық –эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіті туралы»
бұйрықтарын басшылыққа ала отырып жүргізіп келеді. 2016 жылдың 1
қаңтарынан бастап Басқармада рұқсаттама құжаттарды беруwww.egov.kz
«электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсесі, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Басқарма бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бес түрі жүргізіледі: «Эпидемиологиялық
маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актлерге және гигиеналық
нормативтерге сәйкестігі( сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық
қорытынды беру»; «Тамақ өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»;
«Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау
және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің , курорттық
аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі
жоспарлау жоспарларына »; «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және
оны сақтау шарттарын келісу туралы »; «Балалар тағамдары өнімдерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) » санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
қызмет түрлері көрсетілуде. Басқарма бойынша 2018 жылдың ағымында
радиотехникалық объектілер жобасына және жолаушылар вагондарына
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
(бір жолаушылар вагоны
санитариялық талаптарға сәйкес емес) берілді. Аталған мемлекеттік көрсетілетін
қызмет заң талаптарына сәйкес мерзімде қаралып, 15 күнтізбелік күн ішінде жеке
және заңды тұлғаларға рұқсаттама құжаттары тапсырылды. Басқарма бойынша
жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тегін негізде
атқарылады. Өтініштерді қабылдау www.egov.kz «электрондық үкіметтің» вебпорталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сонымен қатар халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет
нәтижелерін беру Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті ,Абай көшесі
43 үйде 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбі-жұма күндері сағат
9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Көліктегі тұтынушылардың
құқықтарын қорғау Басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет алам деушілерге
әрдайым заң аясында қызмет етуге дайын.
М.БІРІМЖАновА,
Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі
қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы
3
15 желтоқсан 2018 жыл
Тәуелсіздікке тарту
Салауаттылықтың нышаны -суға жүзу
Ақтау жалпы орта білім беретін мектебінің жетістіктері жетерлік. 2011 жылы жаңа ғимаратқа қол
жеткізген мектеп ұжымының ұстаздары мен оқушыларының жаңа идеялары ауданымыз емес
облысымыздың таңдандыруда. Ауданнан шалғайда жатқан ауылдағы мектеп ұжымының әр ісі өзге
өңірлер
мен
аймақтарға
үлгі.
Қ а ш а н н а н
ізденімпаздығымен
көзге түсіп жүрген
мектеп
директоры
Мақсат Әнуарұлының
бұл жолғы жаңалығы
мектептегі жүзу бассейні.
Мектеп
болашақтың негізін
қалайтын өнерлі әрі
білімді
ұрпақтың
ұясы болғандықтан әр
қияға
самғайтын
қарлығаштарының бойына ұлтжандылық
пен елжандылықты,
өнертапқыштық пен
еңбекқорлықтың
дәнін кішкентай кездерінен сіңіретін мектеп ұжымы бұл жолы
дене шынықтырудың
маңыздылығына назар
а у д а р ы п т ы .
Ре спубликамыздың
өзге
мектептеріне
балық өсіретін акварюмы мен
жеміс
өсіретін жылыжайымен таныс Ақтаудың мектебіне табан тіредік.
150 орындық мектептің көркі көз сүріндіреді. Ұстаздары мен оқушылары бірдей киінген мектептен
жылылық лебі сезіледі. Ардагер ұстаздар Әбдіқадыров Жарулла ағай мен Қазақстан Республикасының
үздік ұстазы Төребекова Зекен апай бастаған ұстаздар легі алдымыздан қарсы алды.
Мектеп жетістіктері арнайы стен арқылы жасалынып, фоеге орналастырылыпты. Аудан әкімі
Юржан Асанұлы бастаған қонақтар легін мектеп басшысы ұжым жетістіктерімен таныстырып өтті.
Мектеп ішілік телеарнадан ауданымыздың өмір тарихы көрсетілсе, редакция алқасы қазан айында
жарық көрген алғашқы өнімдерімен таныстырды. Работотехника үйірмесінде жасалынған роботтың
өнерін тамашалаған көпшілік негізгі шараға ауысты.
Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауларында бұқаралық спортқа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға
ерекше басымдылық берілген. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу
спортының алатын орны ерекше. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жерге туыңды
тік!»-деп өз өскен ауылымызды көркейтуге атсалысуға шақырған болатын. Осы орайда ауыл
азаматтарының кешегі мектеп түлектерінің алтын ұя мектептерінің гүлденуіне зор үлес қосуда. Мектептегі жүзу бассейіні соның бір көрінісі. Салтанатты шарада аудан әкімі Юржан Асанұлы
құттықтау сөз сөйлеп, жаңа бассейінге құтты болсын айтты. Облыстық білім беруді дамытудың
оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Зәуреш Түкбаева ақжарма тілегін арнап, еңбекте табысты
болуға тілек қосты.
Аудан басшысы Юржан Бекқожин мен аудандық мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов, ардагер ұстаз
Жарулла Әбдіқадыров лентасын қиып, ел анасы Мәрия әжеміз шашу шашып, бассейнге беттедік.
Мөлдір суға толған жүзу орталығының қауіпсіздігі, судың қалыпты мөлшері, су қондырғылары
мен орналасуы туралы толықтай мәлімет берген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әділхан
Рахымбайұлы келесі кезекте оқушыларын суға жүзуге шақырды. Арнайы киім киініп, қәуіпсіздік
желетін киген оқушылар суға түсіп, жүзудің алғашқы жаттығуларын орындады.
Балалардың суда жүзуге үйретіп, суда жүзу қабілетін арттыруға арналған бассейнге түскен оқушылар
мәз-мейрам.
Облыс көлемінде алғашқы болып ашылған мектеп бассейінін салуға 2 миллион 300 мың теңге кетіпті. Мектеп түлектерімен ауыл кәсіпкерлері А.Арунова мен Б.Серіковке мектеп ұжымы алғыс білдірді.
Салтанат АМАнҚызы
15 желтоқсан 2018 жыл
4
Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы Қ.А.Имантүсіповтың аудандық
мәслихаттың 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі
Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан
Қазақ Елі өзінің 2050 жылға дейінгі даму
стратегиясын айқындап алды.Бәсекелестікке
қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына
қосылуды мақсат еткен еліміз бұл межені
бағындырып, енді әлемдегі ең дамыған озық
30 мемлекеттің қатарына қосылуға бағыт
түзеді. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда
халық аманатын арқалаған мәслихат депутаттарына да үлкен жауапкершілік жүктелгені
анық.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері
жұмыстарында үлгілі дамудың өзіндік модельдерін қалыптастырып, жаңа сипат алып
келе жатқан жергілікті өкілді органдардың
да қосып отырған үлесінің зор екендігі
баршаға аян.
Өзінің қалыптасқан 24 жыл ішінде
мүмкіндіктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусықоғамды одан әрі демократияландыруға,
халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, халықтың тұрмыс
жағдайын
жақсартуға
бағытталған
экономикалық және саяси реформаларды
жүргізуде өз белсенділіктерін танытып келеді. Бүгінгі қоғамымызда өзінің орны бар,
жауапты міндеттер арқалаған алтыншы
шақырылымдағы
Жаңаарқа
аудандық
мәслихаты жаңа құрамымен қызмет атқаруда.
Депутаттардың
құрамында
медицина,
шағын және орта кәсіпкерлік, коммуналдық,
ауылшаруашылық, білім салаларының
өкілдері бар. Олар халық арасында жиі
болып, қай мәселені болса да байыппен терең
ойластыра шешетін, істің көзін таба білетін
жандар. Өмірдің барлық жақтарын көріп
ысылған, білімді, парасатты, жауапкершілігін
сезіне білетін белгілі ауылдың азаматтары.
Олардың халық арасындағы беделі мен
ықпалы да зор. Олардың көпшілігі өздерін
іскер басшы, ұйымдастырушы ретінде
көрсете біліп, қалың бұқара мен билік органдары арасында алтын көпір бола білуде.
Аудандық
мәслихат
депутаттары
ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Халық
қалаулылары өз сайлаушылары алдында
есеп беріп, олардың мұң-мұқтажын дер кезінде аудан әкімдігімен тығыз байланыса отырып, бірлесіп шешуде. Аудандық
мәслихаттың барлық депутаттары «Нұр
Отан» саяси партиясының мүшелері.
Сондықтан олардың барлығы аудандық
мәслихат сессиясының шешімімен «Нұр
Отан» партиясының аудандық филиалы
қоғамдық бірлестігінің депутаттық тобына
тіркелген.
Мәслихат өзінің бақылау функциясына
заңдылыққа сай зерделеп отырып, атқарушы
органдармен өзара тіл табыса, бірлесе отырып, жұмыс істесе ғана жұмыс нәтижелі
болатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді.
Сондықтан аудандық депутаттық корпусымен атқарушы органмен арасында өзара
түсіністік, іскерлік байланыс, өзара үйлесімді
жұмыс қалыптасқан. Ауданды өркендетудің
перспективалық жоспарлары, түрлі салалар
бойынша экономикалық және әлеуметтік
бағдарламалар қабылданып, олардың орындалысына бірлесе үлес қосып келеді. Аудан
әкімінің
қатысуымен
сессияларда,
мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау
және заңдылықты сақтау, бюджет, аймақтық
саясат жөніндегі тұрақты комиссияларының
бірлескен отырыстарында аудан мекемелері,
кәсіпорындар және аудан әкімі аппаратының
тиісті бөлімдері басшыларының ауданның
әлеуметтік
–
экономикалық
даму
бағдарламаларын жүзеге асыру барысы бойынша есептері үнемі тыңдалуда. Жалпы
алғанда халық қалаулары ауданның
әлеуметтік – экономикалық дамуының оң
нәтижесін атап көрсетуде. Атқарушы органдармен осындай тығыз байланыста бірлесе
жұмыс жасау өңірдегі ең күрделі мәсәлелерді
шешуде оң септігін тигізеді деп ойлаймын.
Аудандық мәслихат өз жұмысын Қазақстан
Республикасы
Конституциясының,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасы Заңы,
Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы
Жолдауларында айқындалатын маңызды
басымдықтары, аудандық мәслихаттың регламенті, келешектегі және ағымдағы жұмыс
жоспарлар негізінде жүзеге асырылуда.
Жұмыс жоспарлары депутаттардың және
аудандық әлеуметтік-экономикалық даму
жоспары мен міндеттерін жүзеге асыру
жөніндегі атқарушы органның ұсыныстарын
ескере отырып, депутаттық корпусының
рөлі мен беделін арттыру үшін әзірленіп,
бекітіледі.
Аудандық мәслихат қызметінің негізгі түрі
сессия.
Ағымдағы
жылы
аудандық
мәслихаттың 14 сессиясы өткізілді, олардың
барысында 31 шешім қабылданды, онын
ішінде негізгі мәселелер бойынша 10 шешім
(11 айдың қорытындысы бойынша).
Аудандық мәслихаттың сессияларында
есепті жылы негізгі мәселелер ретінде келесі
мәселелер қаралды:
-Жаңаарқа ауданы бойынша 2018-2019
жылдарға арналған жайлымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды
бекіту туралы;
-2016-2020 жылдарға арналған Жаңаарқа
аумағын дамыту бағдарламасының орындалысы туралы есепті бекіту туралы;
және
түзетулер
енгізіліп,
аудан
экономикасының дамуына байланысты аудан
бюджетінің кіріс бөлігін толықтыруға ықпал
етті.Сонымен қоса биылғы жылдан бастап
елді мекендердің біраз бөлігі соның ішінде
Жаңаарқа өңірі бойынша төртінші деңгейлі
бюджет ретінде бірқатар кент және ауылдық
әкімдеріне өздерінің дербес бюджетін
қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Осыған
байланысты Атасу кенті, Ералиев, Бидайық.
Түгіскен ауылдық округтерінің төртінші
деңгейлі бюджеттері бекітіліп, төрт рет
нақтыланды.
Аудандық мәслихаттың депутаттары аудан
әкімдігі жанындағы түрлі консультативтіккеңесші органдардың құрамына енгізілген.
Атап айтқанда: Жаңаарқа ауданының бюджеттік комиссиясы,
жеке және заңды
тұлғаларға жер телімдеріне меншік немесе
жер пайдалану құқын беру жөніндегі комиссиясы, кәмелетке толмағандардың істері
және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссиясы, қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы жүргізу жөніндегі комиссиясы, терроризмге қарсы, төтенше
жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы, құқық бұзушылықтың алдын-алу
жөніндегі
комиссиясы,
кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі ведоствоаралық комис-
-Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті
полиция қызметінің атқарған жұмыстары туралы;
-2017 жылғы аудандық бюджеттің орындалысы туралы есепті бекіту туралы;
-Жаңаарқа ауданы әкімінің өзіне жүктелген
функциялары мен міндеттерінің орындалуы
туралы;
-Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан
Республикасының жер заңнамасына сәйкес
пайдаланылмайтын
ауылшаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін арттыру
туралы;
-Атасу кенті әкімінің атқарып отырған
жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы;
-Жаңаарқа ауданы бойынша жергілікті
қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы тағы да басқадай.
Осы қаралған маңызды мәселелерге байланысты тиісті шешімдер қабылданды.
Ал, кезектен тыс шақырылған сессияларда
бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің
ағымдағы өзгеруіне байланысты биылғы
жылға арналған бюджет төрт рет қаралды
сиясы.Сонымен қатар, депутаттар өз округтері бойынша қоғамдастық мүшесі болып
табылады.
Қазақстан Республикасының «Нормативтік
құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес
сессияның құқықтық нормалар берілетін шешімдері әділет органдарында мемлекеттік
тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмір беріле отырып, нормативтік құқықтық актілерінің
мемлекеттік реестіріне жазылды. Осы уақыт
аралығында облыстық әділет басқармасына
16 нормативтік – құқықтық акті тіркеліп,
жергілікті «Жаңаарқа» газетінде жарияланды. Осы қабылданған шешімдердің орындалысы тұрақты бақылауға алынды.
Мәслихат шешімдері орындалуымен
құнды. Сондықтан шешімдердің орындалуы
аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік
қорғау және заңдылықты сақтау, бюджет
және
аймақтық
сақтау
тұрақты
комиссиялардың бақылауына қойылған.
Қабылданған
шешімдердің,
бағдарламалардың
орындалу
барысы
тұрақты комиссия отырысында тыңдалып
отырады.
Аудандық мәслихат аппаратының
қызметкерлері депутаттары өз өкілеттігін
жүзеге асыруға , белсенділігін артыру үшін
қажетті жұмыстарды ұйымдастырып отыр.
Мәслихат аппаратының жұмыс істеуіне
барлық
жағдай
жасалған.
Оның
материалдық-техникалық базасы нығайтып,
депутаттармен жұмыс істуіне қажетті
техникалық құралдардың бәрі дерлік
алынған. Ақпараттар мен методикалық материалдарды электрондық құралдар арқылы
жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық
почта, интернет кеңістігіне компьютерлерді
қосу іске асырылды.Компьютерлік Заңдар
жинағы енгізілді.
Аудандық мәслихаттың салалық
бағыттардағы екі тұрақты комиссия өздерінің
қызметін бекітілген жұмыс жоспарларына
және аудандық мәслихаттың ағымдағы
жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. Олар аудандық мәслихаттың бюджет
және аймақтық саясат жөніндегі (төраға
М.Әбілдинов) , халықты әлеуметтік қорғау
және заңдылықты сақтау жөніндегі (
төрайымы Б.Бекежанова) тұрақты комиссиялар. Тұрақты комиссиялар өз жұмыс жоспарларына сәйкес 25 отырыс өткізіп, 75 әр түрлі
салалардағы маңызды мәселелер бойынша
сұрақтар талқылады. Онын ішінде негізгі
мәселелер: «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасы Занының аясында
2017 жылы аудан бойынша аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің атқарған
жұмыстары туралы есебі», «Аудандық
спорт және денешықтыру бөлімінің есебі»,
«Аудандық
білім
бөлімінің
есебі»,
«Аудандық орталық ауруханасының есебі»,
«Аудандық ішкі саясат бөлімінің есебі»,
«Аудандық «Жаңаарқа» газетінің есебі»,
«Аудандық «Жастармен жұмыс жасау»
ресурстық орталығының есебі», «Аудандық
экономика және қаржы бөлімінің атқарып
отырған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы», «Ақтау ауылдық округі
әкімінің атқарып отырған жұмыстары және
алға қойған міндеттері туралы», «Аудандық
құрылыс бөлімінің
атқарып отырған
жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы», «Аудандық сәулеттендіру және қала
құрылыс бөлімінің
атқарып
отырған
жұмыстары және алға қойған міндеттері
туралы», «Аудандық
тұрғын
үй
инспекциясының
атқарып
отырған
жұмыстары және алға қойған міндеттері
туралы», «Аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің есебі», «Аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімінің
атқарып отырған жұмыстары және алға
қойған міндеттері туралы», «Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімінің
есебі»,
«Аудандық
жер қатынастар бөлімінін
атқарып отырған жұмыстары және алға
қойған міндеттері туралы», «Аудандық ветеринария
бөлімінің
есебі»,
«Аудандық фитосанитария мекемесінің
есебі», «Аудандық ветеринариялық станция»
КМК
есебі», «Аудандық
тұтынушылар
құқықтық
қорғау
басқармасының есебі», «Түгіскен ауылдық
округі әкімінің
атқарып
отырған
жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы», «Ералиев ауылдық округі әкімінің
атқарып отырған жұмыстары және алға
қойған міндеттері туралы» тағыда басқа
мәселелер.
Сонымен қоса ағымдағы жылы бюджет
және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты
комиссияның кеңейтілген отырысында 2017
жылғы аудандық бюджеттін орындалысы
және ауданның дамыту әрбір бюджеттік
бағдарлама
әкімшісі
бөлігінде
қарастырылды. Осы орайда биылғы жылы
мамыр айында аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты
комиссияның отырысында аудан бюджетінің
2017 жылы атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысының
есебі тыңдалды. Отырысқа қатысқан
Қарағанды облыстық тексеру комиссияның
мүшесі аудандық бюджеттің 2017 жылғы
атқарылуына
жүргізген
бақылау
нәтижелерімен таныстырды.
Жалғасы келесі бетте
15 желтоқсан 2018 жыл
5
жалғасы
Баяндамашы тексеріс қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, олардың
ведомстволық ұйымдарының қызметін бюджеттік қаржыны немқұрайлы игеруден бюджеттік
бағдарламаның тікелей нәтижелеріне және қойылған міндеттерге қол жеткізуге қайта бағдарлау бойынша шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасының заңнама бұзушылықтарын ескерту және жою
үшін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішкі қызметінің ұйымдастырылуына талдау жасау,
бағдарлама қатысушыларының аймақтағы мәселелерді біртіндеп шешу бойынша ведомстволық өзара
әрекеттесуін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жасады. Бұл орайда ауданымыздың әлеуметтік
жағдайы, халықтың көп сұраныстары қаржыссыз шешілмейді де, ол қаржыны бірінші кезекте қай
салаға жұмсау керек екені де-өте жауапты, басты назар аударатын мәселе кені анық.Ал, бюджеттің
түсімін өсіру, оның дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалау, жіберілген кемшіліктерді дер кезінде
тұзетуге ұсыныстар енгізу-депутаттар ұшін негізгі бағыт болып отыр.
Депутат-халық қалаулысы. Халықтың қоғамдағы талабы мен тілегі, мүддесі мәслихатқа депутат
арқылы жеткізіледі. Сондықтан, аудандық мәслихатта депутаттық сауалдар мен жоғары тұрған
органдарға ұсыныстар енгізу сияқты пәрменді және ұтымды жұмыс формалар да кеңінен
қолданылады. Бүгінгі күні мәслихат депутаттары тиісті мекемелерге 20 сауал жолданып, бірқатар сауалдар оңды шешімі табылды, ал қалғаны мәселелер қаржының тапшылығына байланысты келер
жылы жоспарына енгізілетін болды. Депутаттарға жүгінген азаматтардың басым көпшілігі жұмыспен
қамту, жағдайы жоқ азаматтарға жәрдем беру, тұрғын үй алуды, зейнетақы жүйесін жетілдіруге, ауыз
су мен электржарығы қатысты мәселелерді қозғайды. Депутаттардың ықпал етуі арқасында
сайлаушылардың аз қамтамасыз етілген отбасыларға демеуішілік көмек көрсету, қайырымдылық акцияларды өткізу, коммуналдық мәселелерді шешу, қар тазалау және автожолдарды жөндеу,тағы сол
сияқты түрлі проблемалық мәселелер шешімін тапты.
Аудандық мәслихат депутаттары өз өкіттіліктерін атқару барысы және басқа да мәселелер бойынша
сайлау округтерінде бекітілген кестеге сәйкес кент, ауылдық округтерінде сайлаушылармен кездесу
өткізді. Кездесулер барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар аудан тұрғындарынан аудандық мәслихат депутаттарына
көптеген өтініштер мен ұсыныстар түсті. Кейбір сұрақтар бойынша жиналыс барысында түсіндірме
жұмыстары жүргізілсе, бірқатар мәселелер бойынша депутаттар тарапынан тиісті аудандық және
облыстық мекемелерге сұраныстар жолданды. Кездесудін қорытындысы аудан әкімінің орынбасары,
бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысумен аудандық
мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында талқыланды.
Өткен жылы аудандық мәслихатқа заңды және жеке тұлғалардан бірқатар жазбаша және ауызша
өтініш келіп түсті, олардың барлығы мезгілінде қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекемелерге сауалдар жолданып, бірқатар өтініштер оң шешімін тапты. Мысалы аудындық ардагерлер
ұйымының төрағасы Ғалым Төтейұлы атынан Атасу кентіндегі тыл ардагерлеріне аудандағы коммуналды моншаға тыл ардагерлеріне тегін түсуіне жағдай жасау туралы өтініш түскен. Нәтижесінде
«Жаңаарқа-Жылу» КМК-ға қарасты орталық моншаға Атасу кенті тыл ардагерлерге тегін түсіруге
рұқсат етілді. Сонымен қоса Түгіскен ауылдық округінің тұрғындары ауылдағы теміржол вокзалында билет сататын кассир қажет екенін,сонымен қоса тұрғындар жолаушылар поезды 1 жолға
үздіксіз тоқтауына көмек сұраған еді. Осы мәселе бойынша «ҚТЖ-жүк тасымалы» акционерлік
қоғамының «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» директоры М.Ибраевтан жазбаша жауап келіп, жолаушылар
поезға отыру үшін 3 жолға белгіленді. Сонымен қоса бүгінгі күні жол жұру құжаттарын билетерін
ауылдағы «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшелерінің байланыс қызметтері арқылы ресімдеуге мүмкіндігі
жүзеге асыруда, сонымен қоса жолсеріктерге жолаушылар пойыздарының жалпы вагондарында жол
жүру құжаттарын сатуға рұқсат берілген туралы хабарлады. Ал, қалған тұрғындардың көтерген
күрделі мәселелер бойынша, атап айтқанда ауылшаруашылығы өнідірісін жүргізу үшін жер телімдерін
жалға беру туралы, атаулы әлеуметтік көмек алу туралы, шағын кәсіпкелікті дамыту туралы, жеке
меншік тұрғын үй салу үшін жер телімін алу туралы, көпір салу туралы, электр желілерін жөндеу
туралы, электр тоғын беретін қосымша КТП қою туралы, орталықтандырылған кәріз құдығын және
жылу жүйесіне қосу туралы тағы басқа да мәселелер алдағы уақытта назарда болатының хабарланды.
Өкілетті органның қызметін насихаттау, сайлаушылармен аудандық мәслихат жергілікті бұқаралық
ақпарат құралдарымен белсенді түрде қарым-қатынас жасайды.
Есеп кезең ішінде жергілкті газетте аудандық мәслихаттың ақпараттық жұмыстары шеңберінде 12
мақалалар, сұхбаттар жарық көрді. «Жаңаарқа» аудандық газетінде «Жолдау-ел дамуының басты
бағдары» (аудандық мәслихат хатшысы (Қ.Имантүсіпов), «Жаңа белестерді бағындаруға жетелейтін
тарихи құжат» , «Болашақ кілті-білімді ұрпақта» (депутат М.Әбілдинов), «Келешектің кемел бағыты»,
«Елбасы Жолдауы-ел қамы» (депутат Н.Орынбасарова), «Жолдау-ел дамуының даңғыл жолы» (депутат Б.Бекежанова), «Жақсылыққа жетелеген игі істер» , «Тіл тағдыры-берекелі ел тағдыры» (депутат
Ө.Айтжанов), «Игілікті шара жалғасын табуда» (депутат Ж.Жуанышбаев), «Жаңа серпін берген Жолдау» (депутат Р.Рахимов), «Ұлттық сипатты сақтай отырып, әлемдік өркениетке қосылу» (депутат
Т.Мұсаев) депутаттардың мақалалары жарық көрді. Телебағдарламаларға аудандық мәслихаттың депутаттары Н.Орынбасарова, С.Рымбеков, М.Әбілдинов және басқа да әріптестеріміз қатысты.
Жергілікті ақпарат құралында және аудандық мәслихаттың сайтында аудандық мәслихаттың
сессияларындағы депутаттық корпусы, салалық бағыттардағы тұрақты комиссиялардың отырыстары
тұрақты түрде жарияланып келеді.Сайтта мәслихат қызметі, өткізілген сессия, тұрақты
комиссиялардың отырыстары және тағы да басқалары мәселері бойынша ақпараттар үнемі жарияланып отырады.
Барлық депутаттар өз округтерінде әлеуметтік жағдайына байланысты мектеп оқушыларына оқу
құралдарын, мектеп формасын, спорт киімдерін және аяқ киімге жан – жақты көмек көрсету
мақсатында «Бақытты балалық шақ» жобасы мен Республикалық «Мектепке жол» аясында «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты. Халық қалаулылары Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері
З.Қуанышбековтың және Халықаралық қарттар күніне орай еңбек ардагерлердін шаңырақтарына
барып, , сый – сыяпаттар жасады. Олар жалпы ауданда өтетін түрлі көпшілік мәдени, спорттық
шараларға, саяси және ұлттық мерекелерде демеуішілік жасап, тіпті кез-келген уақытта әрдайым
халыққа қолдарынан келгенше көмек жасауда. Жалпы аудандық мәслихат депутаттары
қайырымдылық іс-шараларға кеңінен араласып, көптеген мұқтаж жандарға өз қамқорлығын аяған
емес.
Елбасының салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту туралы
тапсырмасын орындау аясында осы жылдың мамыр айында Қарағанды қаласында өткен облыстық,
қалалық,аудандық мәслихаттардың депутаттары мен аппарат қызметшілері арасында тұнғыш рет
спартакиада өтті. Оған аудандық мәслихаттың депутаттары мен аппарат қызметкерлерінен
жасақталған команда қатысты.Халық қалаулылары, сонымен қоса мәслихат аппаратының
қызметшілері алты спорт түрлері бойынша сынға түсті.Нәтижесінде аудандық мәслихаттардың депутаттары мен аппарат қызметшілері командасы дойбыдан ІІ орын, үстел тенистен ІІІ жүлделі орын
алды.
Әдетте, жүргізілген жұмыстар жөнінде есеп беру барысында, тек өткен кезең, атқарылған істер ғана
қорытындыланып қоймайды,сонымен қоса, органның қызметін жетілдіру мақсатында одан әрі
дамудың бағыт-бағдарлары белгіленді.
Осыған байланысты біздің аудандық бюджетті қалыптастыру, басқа да мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды, ауданымызды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысын қарау кезіндегі
атқарушы органдармен біріккен жұмысымызды тағы да бір рет қайта қарау, сөйтіп қаражаттардың
орынды пайдаланылуына депутаттық бақылауды қамтамасыз ету қажет деп білеміз.
Біздің жоспарымызда-аудандық қоғамдық ұйымдары және түрлі мемлекеттік емес ұйымдарымен,
жалпы алғанда, тұрғындармен, сайлаушылармен өзара іс-қимыл тәжірибесін барынша кеңейтуге
қарастырылған.
Сонымен қатар, Жаңаарқа аудандық мәслихаты аудандық өкілетті органның қызметін ақпараттық
тұрғыда қамтамасыз ету көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Аудандық өкілетті орган өз қызметін одан әрі жетілдіріп, жаңдандыра түсетініне, атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен және аудан тұрғындарымен өзара әрекетін
күшейтетініне сенім білдіруге рұқсат етіңіздер. Аудандық мәслихаттың депутаттары өздерінің міндеттері мен парыздарын білетініне, сайлаушылар алдындағы жауапкершіліктерін толық сезінетініне
сенемін.
дін - діңгегім
діннің негізі - имандылық
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір
қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі
ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі,
тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік,
сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер
имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс
қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай
көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік
қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз
болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп,
жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр
істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық
дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі
нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға
бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен
имандылыққа уағыздау деп саналған.
Имандылық – әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты
сүйіспеншілігінен туған аса ізгі қасиет. Яғни, әрбір имандылықта адамгершілік бар
болса да әрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта
имандылық - ауқымы аса кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие, ерекше мәнді ұғым.
Бабамыз иманды - өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты деп
ұққан.
Қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз
сөзімен ғана айқындаған.
Асхат Қанайұлы,
Жаңаарқа ауданының бас имамы
Мемлекеттік қызметтегі этикалық
бақылау – сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу негізі
Тәуелсіздік жылдарында жүргізіліп
келе жатқан көп векторлы сындарлы
сыртқы саясат пен ішкі тұрақтылықтың
нәтижесінде Қазақстан бүгінде бүкіл
әлемдік қауымдастықтың белсенді
мүшесіне айналып келеді. Жемқорлық
қаупі
бүгінде
жалпы
жаһан
жұртшылығын
толғандырады.
Сондықтан, сыбайласқан қылмыстық
әрекеттерді жою мақсатында жұдырық
болып жұмыла жұмыс істеген жөн. «100
нақты
қадам»
жоспарының
жемқорлықты болдырмауға байланысты
бағыттарын бағамдап, болашақтағы
жоспарларымен
бөлістік.
Қай
мемлекеттің болмасын, іргерілуін іркілтетін ішкі індет бар. Ол – жемқорлық.
Жаһанның
жағасына
жармасқан
жұқпалы дерт Қазақстанда да жоқ емес.
Оның ұлттық қауіпсіздікке қатер
төндіретінін Елбасы үнемі ескертіп келеді. Осыған орай, 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес стратегиясын бекіткен болатын.
Қоғамымыздың барлық саласына дендеп, еніп бара жатқан жемқорлықтың
жолына батыл тосқауыл қойып, олардың
зардаптарын жою және мүдделілерді
жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты
міндеттерінің бірі.
Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық
болып қолға алсақ қана тоқтату мүмкін.
Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру. Бүгінгі таңда,
мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және
сыбайлас
жемқорлықпен
күрес
саласындағы
ең
басты
назары
экономикалық даму процестерінің
басқарылуына, ұйымдық – құрылымдық
буындардың тиімді жолдарына, ішкі
өзін – өзі бақылау жүйесін құруға және
қылмыстылықты тазартуға аударылуы
тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас
жемқорлықпен күрестің басты бағыты –
оның алдын алу, яғни оның себептері
мен шарттарына ықпал жасау керектігін
еркергеніміз жөн демекпін.
Ж.РАИМБЕКов,
Жаңаарқа аудандық сотының сот
приставы
Экстремизммен бірлесе күресейік
Жақын арада "Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ-нің бастамасымен діни
экстремизмді және терроризмді алдын алуға бағытталып құрылған аудандық
ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ғ.Әбдікәрімов және Халық мешітінің бас
имамы А.Қанайұлы
Б.Амалбеков атындағы
ЖОББ мектебінде кездесу өткізді.
Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни
экстремизмнің алдын
алу және олардың бойында қазақ халқының
дәстүрі
мен
мәдениетіне сай келетін құндылықтарды
қалыптастыруға
ерекше көңіл бөлінді.
Жалпы дін туралы кең түсінік бере келе, жастардың қоғамдағы адамдар арасына
іріткі салар басқа да ұйымдардан аулақ жүруі керектігін, әсіресе, жастар діни экстремизм мен терроризм субъектілері тарапынан жасалған идеологиялық
шабуылдардың алдында қорғансыз болып келетінін, интернеттің жалған
ақпараттарына алданып қалмау керектігін атап өтті. Осы тақырыпқа байланысты,
экстремизм мен терроризмнің XXI ғасырдың індеті екендігін жеткізді. Оның алдыналуда жастардың рөлін ерекше атап өтіп, оның қандай да белгілерімен бірлесе
күресуге шақырды.
Түсіндіру барысында оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің дәстүрлі діннен айырмашылығы туралы және олардың қауіп-қатері жайлы айтылды.
Өз тілшімізден
15 желтоқсан 2018 жыл
6
“Шаңырақ” - отбасымның жемісі
Желтоқсан айы - бұл кәсіпкер үшін ерекше ай. Себебі, бұл
айда оның бала күнгі арманы орындалып, үлкен
кәсіпке жол ашқан ай. Осыдан тура 18 жыл бұрын
25 желтоқсанда, бүгінде аудан бойынша ең ірі
асхана атанған "Шаңырақ" дәмханасы
ашылған болатын. Дәмхананың бүгінгі
тыныс тіршілігімен танысу мақсатында,
аталмыш дәмхананың иесі - Айнагүл
Бекбаева бүгінгі біздің әңгімемізге арқау
болмақ.
Сәні мен салтанаты жарасқан
"Шаңырақ" дәмханасы ауданымыздың
орталық
көшелерінің
бойында
орналасқан. Тұрған жері де халық көп
шоғырланып, сауда-саттық көп жасалатын жер. Ал, сол тұтынушылардың ассуын қамтамасыз етіп, ел алғысына
бөленген зәулім асхананың іргетасы
алғаш 6 метрлік вагоннан басталғанын
біреу білсе, біреу біле қоймас.
Осы орайда дәмханахана иесі, бүгінгі таңда
Жаңаарқа еліне танылған жеке кәсіпкер,
кәсібінің қыр-сырын жан-жақты меңгерген
Айнагүл ханымды әңгімеге тарттық.
-Айнагүл апай бізге өзіңіздің
өмірбаяныңызды баяндап берсеңіз?
қысқаша
-Мен 1963 жылдың 1 желтоқсанында Байдалы Би ауылында
жұмысшы отбасында 5-ші бала болып дүниеге келіппін. Сол
кезде, әкем Шүленбай (Шөмек) 60-ты алқымдаған кісі екен.
Анам Қадыш марқұм әкемізден бір шама жасы кішірек
болған. Отбасымызда 8 бала болдық. Шалдың балалары
болғандықтан ба білмеймін, әйтеуір барлығымыз биязы мінездері жұмсақ болып өстік. Әйтеуір бар еститін сөзіміз, «ұят
болады», «обал болады», «жаман болады» үш қатты еститін
сөзіміз еді, осы сөзбен тәрбиелендік.
Қазіргі кезде сол 8 баланың, яғни бауырларымның барлығы
өсіп, отбасылы болып, немере-шөбере сүйіп отырған жайы
бар.
Өз жеке өміріме келер болсам 8 сыныпқа дейін Н.Крупская
атындағы мектепте оқыдым, әрі қарай 10 сыныпты Қаражал
қаласында аяқтадым. Тұтынушылар одағының училищесін
бітірдім. Әкем бір мамандық болса да, оқу оқып алыңдар деп
қатты тапсыратын. Ол заман басқа еді ғой, сыныпта 32 бала
болса, оның 10 шақтысы ғана оқуға түсетін еді. Қалғандары
бірден жұмысқа кірісетін. Оқуды бітірген соң, Қаражал
қаласындағы трикотаж фабрикасына жұмысқа тұрдым.
Жастардың комсомол бригадасында бригадир болдым,
қарамағымда 30 қыз болды. Патриотизммен жұмыс істеп мәз
болып, 3 жыл жұмыс істедім. Партияға өткізіп, одан бетер
мәз қылып, қолдап қолпаштап қойды. Сол кездегі жастарға
жұмыс істетудің тәсілі екен ғой деп кейде өзім ойлап қоямын.
2000 жыл
Кейін 1983 жылы Жаңаарқаға тұрмысқа шықтым.
-Жас кезіңізден бастап, еңбекке араласыпсыз, асхана ашу тұрмыс құрғаннан соң ойыңызға келді ме?
-Тұрмысқа Бекбаев Қайрат деген жанға шықтым. Отау
құрған соң, бір-екі жылдай үйде отырдым. Сәбилі болдық.
Бала күтімі, үй-шаруасы дегендей. Содан 1987-1997 жылдар
аралығында ОРС-та дүкенші болдым. Ол кезде ірі сауда
орталығының бірі болатын. Қарапайым жұмыскер болып кірген мен, ол жерде адал қызмет атқара жүріп, қойма
меңерушісі болдым.
Сол кез 90-жылдардың құлдырауы еді. Үлкен сауда
орталығы жабылып, біраз ел жұмыссыз қалды. Жұмыс іздеп
жүріп,
1998-1999
ж ы л д а р ы
теміржолдың Депо
мекемесінің асхана
меңгерушісі болып
2 жылдай жұмыс істедім.
Сөйтіп жүріп, өзіме
түрлі ойлар келетін,
"асханам болса екен"
дегендей армандап
қоятынмын.
90жылдың тоқырауы
бұл мекемені де айналып өтпей, асхана жұмысы да тоқтатылып, жұмысшылар
жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.
2018 жыл
-Дегенмен бала күнгі арманыңызды да жүзеге асыру
ойыңызда бар дейсіз ғой?
-Ия, оны да армандап қоямын (жымиып). Қиын кездердің
бірі ғой сол уақыт, күнделікті тірлігімізді көру мақсатында
базарға шығып, кішігірім ұсақ-түйек заттар сата бастадым.
Бір-екі ай өткен соң, күнде бір кісі таңертең сағат 10-11-дің
Кәсібің - нәсібің
аралығында пакетін толтырып, алдымнан өтеді да, шамала білімі бар. №132 ЖОББМ-де ағылшын тілінің мұғалімі,
уақыттан соң пакеті бос боп артқа қайтатын. Біршама бүгінгі таңда бала күтімі бойынша декреттік демалыста. Бірі
күн бақыладым. Күнде солай қайталанады. Сосын шет тілі маманы болса, екіншісі экономист мамандығы.
бір күні әлгі ападан сұрадым "Сіз осы күнде Күйеубалам Асқар жеке кәсіпкер. Ол өте еңбекқор жан. Аудақайда барасыз" -деп, сөйтсем, ол кісі үйінен нымыздан "Жанаарка Строй Сервис" ЖШС-нің ашып,
жеңіл –желпі бәлішті үйден пісіріп, ба- ауданымыздығы кәріз суларының бетон жабдықтарын жасап
зарды жағалап сатушыларға сатады екен. жатыр. Бұл үлкен істі ұлым Ерғазы екеуі бірлесе ашып отыр.
«Көп пісіруге шамам келмейді, пісірге- Екеуі қаражат жинап Ресей елінен кәсіптеріне керек аппарат
німше пісіріп, сатушыларға алып келе- алғызып, 2016 жылдан бері қызметтерін бірге жасап келеді.
мін, ыстық күйінде жеп, маған рахметін
Ерғазы да екі бірдей мамандықтың иесі. Бірі заңгер болса,
айтып жатады, кейде жетпей қалады»,- бірі инженер. Қазіргі кезде жасап жатқан кәсібіне байланыдейді жаңағы кісі. Содан соң, үйге сты ҚарМУ-дың құрылыс бөлімінде білімін жалғастырып
келіп біраз ойланып жүріп, жолдасыма жатыр. Ұлым 2009 жылы Жарылғап - Әлия Үсеновтардың
шағын асхана ашса қалай болады екен Гүлім атты қыздарымен отбасын құрды. Келінім Гүлім
деген оймен бөлістім.
жоғары білімді жан. Екеуі бүгінде 4 немеремді тәрбиелеп
Көп ұзамай жолдасым арманымды отыр. "Балаларым басты байлығым" дегендей, баға жетпес
жүзеге асыру жолында 6 метрлік үлкен байлықтарым - балаларымның немерелерімнің барына
вагон сатып алып, базардың қасына ор- шүкіршілік етемін.
наластырып берді. Содан соң, өз ісімді
Ал, Құндыз қызыма келер болсам, ауданымызға белгілі теашуды қолға алдым. Бастапқыда өте қиын міржолшылар Әбілқасымов отбасының келіні. Болат
болды. Вагон ішін тамақ ішуге жайлы, әрі күйеубаламмен сүйкімді ұл балаларын өсіріп, бақытты
қолайлы
болатындай
етіп,
жөндеу отбасылық ғұмырларын кешуде. Болат балам да кәсіптен құр
жұмыстарын жасап, ішіне қажетті барлық за- алақан емес. Ол да автобөлшек дүкенін ашып, шағын бизнесттарды үйден әкеп, "буржуйка" пеш пен
пен айналысуға бет бұрған.
газ пеш қойып, шағын асхана аштық.
Алланың берген үш перзенті бақыттарын өз
Түні бойы отбасыммен, балалажерімізден
тапқанына
өте
рыммен бірге, тұшпара сынды
қуаныштымын. Құда-жекжаттарымтағамдарымды
жасап,
мен
аралас-құралас
болып,
тоңазытқышқа салып
қызығымызды қызықтап, үнемі
қоятынбыз. Таң атпай
хабарласып, жиі араласып
жұмысқа жүгіріп,
тұрамыз.
Осындай
бәліш, чуберекжақсылармен құда-туыс
терді
пісіріп,
қылған
балаларыма
сағат 9-ға қарай
ризашылығым шексіз.
ашып,
ша- Алла сіздерді тілй ы м д ы
көзден сақтасын.
қайнатып
Енді
әңгімемізді
жұмысымды
"Шаңырақтың"
баст айтынбүгінгі тынысымен
мын. Осыжалғастырсақ.
л а й ш а
- 2000 жылы
жұмысым
ашылған соң, асхаалға басты.
нада күн демей, түн
Күнделікті
демей
қызмет
дайындаған
атқарып келеміз. Бірасым сол күнішама адамдарды жаақ өтіп отырды.
ныма көмекші ретінде
Аз уақыт ішінде
алдым. Тұтынушы халық
шағын 6 метрлік вакөп болған соң, асханамды
гонды жолдасым 12
кеңейту мақсатында 2014
метрлік вагонға ауыстыжылы
асхананың
қазіргі
рып берді. Қуанышымда
құрылысын бастадық. Аллаға
Айнагүл ханым балаларымен бірге
шек болмады. Ол жерге де
шүкір қазіргі кезде аудан орталығына
жөндеу
жұмыстарын
жасап,
көрік беріп тұрған ғимараттардың бірі деген
жұмысымызды жалғастырдық. Басындағы
сенімдемін.
жеріміздің іші тар болғандықтан шамалы қиындықтар
Бүгінде "Шаңырақ" асханасында 7 қызметкер жұмыс жатуғызған еді, 2 есе үлкен жерге көшкен соң көңілім де ор- сайды. Олар аспазшы, қамыр илеуші, сатушы, ыдыс жуушы,
нына түсіп, жұмыс барысын жалғастырдық. Осылайша үш көмекші, пеш жағушы, еден жуушы сынды қызметкерлер.
жылдай уақыт вагонда жұмысымызды жасап жүріп, 1999 Жалақы мәселесіне келер боосақ, уақытылы беріп тұрады.
жылы шағын асхананың құрылысын бастадық. 2000 жылдың Жұмыскерлерімнің
барлығы
өте
жақсы
жандар.
25 желтоқсанында "Шаңырақ" атты асЖұмыстарына үлкен жауапкершілікхана аштық. "Шаңырақ" деп атаудың да
пен қарап,
өздерінің екінші
бір себебі бар, бұл істі ашуға барша
үйлеріндей көреді.
отбасымның үлкен үлесі бар. Жоғарыда
8 жылдай менімен бірге жұмыс
айтып
кеткендей,
балаларымның
атқарып келе жатқан Шолпан
барлығы да түні бойын тағам дайындауға
Ділмағанбетова деген аспазшы "оң
көмектесетін. Жолдасым Қайрат та өз
қолым" бар. Менің жанашырым, көп
көмегін аямайтын еді. Осы отбасымның,
жанға үлгі болатын адам. Шолпанға
яғни шаңырағымның үлкен жемісі реосы асхананың кілтін сеніп тапсыратінде асхана атауын "Шаңырақ" деп
мын, ол өте адал жан. Одан соң 4
атауға шешім қабылдадық.
жылдай адал еңбек етіп келе жатқан
-"Шаңырағыңыздың" құрылуына
Арызгүлді де атап өткім келеді. Бізге
ыдыс жуушы болып орналасып еді,
отбасыңыздың атқарған рөлі орасодан бері өзінің пысықтығымен,
сан зор екен. Осы орайда
тазалығымен жұмысқа кірісе кетіп,
отбасыңыз
жайында
сөз
Ұлы - Ерғазы мен күйеубаласы - Асқардың бүгінде аспазшы қызметін атқарады.
қозғасаңыз?
жасап жатқан кәсіптерінен көрініс
Арызгүл өте еңбекқор жан. Аталған
- Жолдасым Қайрат екеуміз отау құрған
қызметкерлерімнен бөлек, Ақнұр,
соң, Ләйлә, Ерғазы,
Ардақ, Жанар, Маржан сынды қыздарым да адал еңбек етіп
Құндыз атты үш баламыз өмірге келді.
Қайратқа келер болсақ, ол өте сабырлы келеді.
Ас мәзіріміз үнемі жаңартылып отырады. Ыстық
жан болатын. Тұрмыс құрған жылдары ол
механик, шопыр сынды қызметтер тамақтарды да бүгін пісіргенін ертең қайталамауға тырысаатқарды. Кейінен ол да өз кәсібін машина мыз. Бағалары да ел көңілінен шығып жатыр.
Таңертең 9-30-дан кешкі 18-00-ге дейін күнде тұрақты түрде
жөндеу орталығын ашып, өзі қызмет
жасап жүрді. 2002 жылы екеуміздің де халық үшін қызмет атқарып келеміз. Көбіне түскі ас кезінде
кәсібіміз оң нәтиже беріп келе жатқанда, халық өте көп келеді. Аудан халқынан бөлек, ауылдардан кеҚайратым дүниеден озды. Үлкен қызымыз летін жандардың бәрі бізден тамақтанады. Жылы, әрі жанға
- Ләйлә ол кезде студент еді, ал ұлымыз - жайлы жерде тамақтанған соң, алғыстарын айтып,
Ерғазы және кенжеміз Құндыз ол кезде ризашылықтарын білдіріп кетеді. Күнделікті халыққа қызмет
көрсетуден бөлек, түрлі іс-шараларға тапсырыстар аламыз.
мектеп қабырғасындатын.
Тағдырдың басқа салғанына төзе біліп, Сонымен қатар, қайырымдылық шараларын да ұжым боп ат
балаларымның оқу оқып, білім алып, өз мамандық иесі салысып тұрамыз. 2015 жылы 45 ардагер жанға
атануға барымды салдым. Қабақтарына кірбің түсірмей, қайырымдылық шарасын өткізіп, ыстық тамақпен
өмірде өз жолдарын табуға, адал жолмен жүруге бағыттадым. қамтамасыз етіп, облыстық ардагерлер ұйымының "Алғыс хаАллаға шүкір бүгінде үшеуі де отбасылы жандар. Үшеуі тымен" марапатталған едік. Жалпы қазақ айтады ғой "оң
де өз бақыттарын Жаңаарқадан тауып, жақын жермен қолыңмен бергенді, сол қолың білмесін" деп, сол сияқты
басқа да қайырымды шараларды тізбектегім кеп тұрған жоқ,
құдандалы етіп отыр.
Асқар мен Ләйлә қазіргі кезде 4 баланың ата-анасы. Рахи- - дейді ақкөңіл, үлкен жүректі Айнагүл ханым.
Рахат ӨМІРБЕКҚызы
мовтар әулетінің келіні атанған Ләйләнің екі бірдей жоғарғы
ЕскЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, анамыздың асыл
жары, асқар таудай әкеміз, қамқор ата Базарбеков Мұқанның
дүниеден озғанына 20 желтоқсан күні 40 күннің жүзі толады.
Арада күндер зулап, өтіп жатса да әкеміздің жарқын бейнесін
сағынып, жүрегімізді мұң шалады. Әкетайымыз тіршілігінде
халқына қадірлі, қызмет жасаған ұжымында сыйлы, отбасында жанашыр, асқар таудай пана бола білді. Алланың
әміріне шара бар ма? Қанша егіліп, көз жасымызды көл етсек
те, құдіретті Тәңірдің ісіне сабырлық танытып, әке рухына
дұға тілеп, күлімдеп жүретін нұрлы жүзін сағынып күн кешеріміз анық. Жан әке, жатқан жерің жайлы, жаның жәннатта
болғай.
Асыл әке, жан едіңіз анық текті,
Санамызға ақылың жарық төкті.
Қайырымсыз ажалдың қара түні,
Бір-ақ күнде сізді бізден алып кетті.
Жаның көкте, мекен етті аспанды,
Сені іздеген көңілдерден жас тамды.
Сағыныш пен өкініші атасқан,
Әке, сенсіз күндер енді басталды.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Тойбала, балалары, немерелері
20 желтоқсан күні сағат 13.00-де “сәт” мейрамханасында әкеміздің өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы да ардақты ана, балалары мен немерелерінің қамқоршысы, тірегі болған асыл әже
Бейсенбаева Кәмилә Әбдірахманқызының өмірден
өткеніне 15 желтоқсан күні 10 жыл толып отыр. Әжеміздің сабырлы жүзі, айтқан әрбір ақыл сөзі, асыл қасиеттері әлі есімізде. Әжеміз саналы ғұмырын балаларына арнап, тәрбиелеп
ел қатарына қосты. Тіршілігінде өте еңбекқор, ақкөңіл, көпшіл
болатын. Аяулы ана, сүйікті әжеміздің жатқан жері жайлы,
топырағы торқа, қабірі жарық болсын.
Сағыныштың сазы шертіп жүректі,
Жанымызда мұң ұялап жүреді.
“Алды жұмақ, арты кеніш болсын”,-деп,
Жаратқаннан біз тілейміз тілекті.
Ана есімін ардақ тұтқан балаларың,
Еске алады абзал “Ана” ұрпақтарың.
Адам қонақ бұл өмірде ұғамыз,
Қабыл болсын сізге деген дұғаміз.
Сағына еске алушылар: балалары-Серік-Қалдыбала, Алма, Гүлнәр, орал-Мұрат,
Айгүл-Жандулла, немерелері-нұрмұхамед-Шынар, Сағидулла-Эльмира, АйнұрАйдос, шөберелері- Мәдина, Райана, Малика, Ескендір, Әбілмәнсүр, Рахила
ЕскЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, аяулы ана, ардақты әже
Рымжан (Рымбала) үмбетқызының бақилық болғанына 21
желтоқсан күні 40 күн толады. Егерде аяулы анамыз тірі
болғанда 17 желтоқсан күні 76 жасқа толар еді. Тұрлауы жоқ,
талабы қатал тағдырдың жазуынан адам баласы аттап кете
алған ба? Анамыз өмірден озса да, жарқын бейнесі
көңілімізден кетпейді. Өмір бойы аңсап, сағынып, қалдырған
өнегесінен нәр алып өтерміз. Анамыздың топырағы мамық,
қабірі жарық болғай деп рухына арнап дұға бағыштаймыз.
Өзіңсіз 40 күн өтті аяулы ана,
Сағынып еске алады барлық балаң.
Жайлы жат, топырағың торқа болсын,
Дұғамыз қабыл болсын бағыштаған.
Немерелер өзіңді ойлап күрсінеді,
Көңілімнің күмбір қағып пернелері.
Ер жетіп, азамат боп жүрсек-дағы,
Адамға ана екен ғой ең керегі.
Сағына еске алушылар: Мұқыш әулеті, баласы мен келіні-Болат-Жанна, немерелері-Азат, Мақсат, Ақнұр
21 желтоқсан күні сағат 14.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында аяулы анамыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ Алу
Өмір - жалған. Олай деуімізге әлемнің жарығы – асыл анамызды бақилыққа алып кеткен ажал кінәлі. Көңілі баладай,
дастарханы даладай парасатты жан – Қарлығаш
Қаженқызының да о дүниелік болғанына 40 күн толыпты...
«Иығына міндірген, тау еңсені идірген» ананы жаратқан
жақсы жандардың арасына әкетті...
Қарлығаш Асанованың рухына
Анажан, шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық, ана, сізді баршамыз да.
Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің,
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгінде жанымызда,
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандарың еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады!
Сағына еске алушылар: жолдасы – Өмірзақ, балалары
7
15 желтоқсан, 2018 жыл
АМАнБАЕв МЕЙІРХАн ТАпАШҰлы
Ауданымызға белгілі азамат Аманбаев Мейірхан Тапашұлы
12 желтоқсан күні 65 жасында дүниеден озды.
Аманбаев Мейірхан Тапашұлы 1953 жылдың 23 қараша күні
Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында туған.
1976 жылы Алматыдағы дене тәрбиесі институтын аяқтады.
Самбодан және қазақ күресінен спорт шебері. Орта Азия
және Қазақстан біріншіліктерінің екі дүркін чемпионы. Самбо
күресінен ҚазКСР кубогінің иегері.
1972-1975 жылдар аралығында Қарағандыда самбодан өткен
космонавтар Пацаев, Волков, Добровольский атындағы
турнирдің екі мәрте жүлдегері.
Жаңаарқа ауданы, Дружба орта мектебінде мұғалім, Көктал
орта мектебінде 17 жыл директор болып істеді.
2008-20????? жылдар аралығында Атасу кентіндегі С.Сейфуллин атындағы орта
мектептің директоры қызметін атқарды.
2016 жылы еңбек демалысына шықты. Зейнеткерліктеде аудан өмірінен тыс қалмай
өмірінің соңына дейін өз үлесін қосты.
Мейірхан Тапашұлы бойына біткен қажыр-қайратымен, ұйымдастырушылық
қабілетімен өзіне жүктелген қызметтерді адал әрі лайықты атқарып, қарамағындағы мамандармен сыйласып қызмет жасады, әрқашан да талап қоя білетін, әділеттілігінен
айнымаған білікті басшы бола білді.
Отбасында адал жар, асқар таудай әке, қадірлі әріптес, адал дос, ел сылаған азамат Мейірхан Тапашұлының жарқын бейнесі жүрегімізде сақтала бермек.
Ю.Бекқожин, Қ.Иматүсіпов, Қ.Қожықаев, Б.Серіков, Б.Мұқанов, А.Әбдіғожин,
А.Түсіпов, А.Аманбаев, Ғ.Төтеев, Х.Сәтжанов, Т.Әштаев, А.Қарабаев, С.Тынысбаев
КүлМАҒАнБЕТовА ЖАМАл
Желтоқсан айының 11 жұлдызында ұлағатты ұстаз, аяулы
ана Жамал Күлмағанбетова өмірден озды.
Жамал Күлмағанбетова 1940 жылы 10-қыркүйекте Ақтау
ауылына қарасты Айдаһарлы деген жерде өмірге келген.
1958 жылы 10-сыныпты Жаңаарқа ауданындағы мектептен
бітіріп, жоғарғы оқу орнына түскен.
1963 жылы жоғары оқу орнын бітірген алғашқы қыз
мұғалімдер сапында болған жас маман еңбек жолын 19631964 жылдары Айшырақ орта мектебінде химия, биология
пәндерінен мұғалім болып бастайды. 1964 жылдан бастап
Ақтау орта мектебі құрылып, еңбек жолын осы мектепте
жалғастырады.
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде
ізеттілік пен
инабаттылықты, кішпейілдікті қару етіп, шәкірттерінің бойына сіңіре білді.
Қарапайым әрі биязы ұстаздың басқан ізі білінбей, сабырлы кейіпінен айнымай
оқушылары мен бірге өзінің балаларын да адал әрі шыншыл болуға тәрбиеледі.
Жарынан ерте айрылған ұстаз балаларының ер жетіп, жоғары білімді, әрі білікті маман
болуларына ықпал етті.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұрпақ бойына қазақы мінез-құлықты, салтдәстүр мен ар-ожданды сіңіруге үлес қосты.
Бар ғұмырын білім беру саласына арнаған аяулы ұстаздың мейірбан жүрегі
тоқтағанымен, оның алдында отырған шәкірттері мен оқушыларының жүрегінде мәңгі
сақталады. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын.
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және
Ақтау ЖоББ мектебінің педагогикалық ұжымы
Көңіл айту
Аудан әкім аппараты мен аудандық мәслихат аппараты спорт ардагері, бұрынғы спорт
мектебінің басшысы
МЕЙІРХАн ТАпАШҰлының
қайтыс болуына байланыст ы марқұмның отбасы мен туған туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
Аудандық спорт мектебінің ұжымы бұрынғы спорт мектебінің басшысы, спорт ардагері,
зейнеткер
МЕЙІРХАн ТАпАШҰлының
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
Аудандық білім бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, білім қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымы, еңбек, спорт ардагері
АМАнБАЕв МЕЙІРХАн ТАпАШҰлының
мезгізсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына
қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Көктал орта
мектебінің педагогикалық ұжымы осы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Құнанбаев
Жасұланға
анасы ЖАМАлдың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Бидайық жалпы
орта білім беретін мектебінің ұжымы осы мектептің кіші қызметкерлері Баймұханов Алпысбай мен Тұрганова Ардаққа
аяулы аналарының
қайтыс болуларына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
Аудандық білім бөлімі, білімқызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және№ 144 Маңадыр негізгі орта мектебінің ұжымы осы ұстазы Әбікенова Ләззатқа
әкесі ӘБІлдӘнІң
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс
тамақтануы
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің
басым міндеттерінің бірі әлеуметтік
маңызды инфекциялық емес аурулардың
алдын алу және мониторинг жүргізу бойынша шараларды жандандыру.
2015-2020 жылдарға арналған азық-түлік
және тамақтану салаларында пайдалы
тамақты (тұз, қант, май құрамы аз, таза
және экологиялық таза) тұтынуды насихаттау жұмыстары күшейтілген. Азық-түлік
өнімдері арқылы тұзды тұтынуды азайту
қажетті қадам, жаңа үрдіс және жақын
арада тамақ өнеркәсібі үшін басты проблема болып табылады. Көптеген
халықаралық ұйымдар бұл мәселені шешу
үшін жұмыс істейді. Мақсат - дайын
тағамдардағы тұз мөлшерін азайту. Бүгінгі
таңда мектеп оқушыларының салауатты
тамақтануы - Қазақстан азаматтарының
денсаулық жағдайын және болашағын
анықтайтын шартсыз ұлттық басымдылық.
Жұқпалы емес аурулардың өсу қаупі
жоғарылауда.
Жаңаарқа ауданында 1-4 сынып
оқушыларын ақысыз тамақтандырудың
болмауына байланысты, фасфудтардың
көптүрлілігі, энергетикалық сусындар ішу,
попкорн, кока-кола және т.с. тағамдарды
ішіп-жеу өсетін ағзаның негізгі тамақ
заттарындағы қажеттілігін қанағаттандыра
алмайды, мұның өзі ішек-асқазан
жолдарының ауруларына, семізділікке,
бүйрек ауруларына, қант диабетіне
шалдықтырады. Балалардың денсаулығын
сақтау және нығайту бойынша негізгі
бағыттардың бірі- мектеп тағамын дұрыс
ұйымдастыру. Дұрыс дайындалған тамақ
балалар мен жасөспірімдердің денесі мен
ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні
зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың
бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп,
организмнің
әр
түрлі
ауруларға
қарсыласуын төмендетеді, ал артық
Құттықтаймыз!!!
тамақтану — зат алмасу процесін бұзып,
астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді
тамақтану
балалар
мен
жасөспірімдердің
жасына
қарай
организмнің негізгі нәрлі заттарды
қажетсінуін және олардың ара қатынасын
ескере отырып ұйымдастырылуы қажет.
Бүгінгі күні мемлекеттік бағдарламалар аясында балалардың тамақтану рационына
дәруменді-минералды
кешенмен
байытылған
тамақ
өнімдерін
қосужұмыстары жүзеге асырылуда.
Қырыққабат, саумалдық (шпинат) және
қызылша - бұл көкөністер ағзадағы зиянды,
улы заттармен күресіп, әлсіреуден, түрлі
дерттерден сақтайды. Балықтың құрамы
фосфорға, омега-3 қышқылына бай екені
көпшілікке белгілі. Міне, осы екеуі мидың
жұмысына жауап беретін және өте қажетті
минералдар болып табылады. Сұлыдан
жасалған ботқасы жас ағзаға күш-қуат
беріп, Е, В дәрумендерімен, калий, мырыш
элементтерімен толықтырып отырады.
Интелектуалдық белсенділігін де арттырады.
Балаларда қандай да бір тағамдық
тәуелділіктің алдын алудың, салауатты
тағамдық дағдылар мен талғамға үйретудің
ең тиімді тәсілі – отбасында салауатты
тамақтану ережелерін сақтау. Отбасының
барлық мүшелерінің ыдысында табиғи,
өңделмеген өнімдер, сүйіспеншілікпен
және қамқорлықпен әзірленген пайдалы
тағам болғаны жөн. Баласының қандай
тағамды тұтынуға үйренуіне алдымен, атаанасы жауапты. Балалардың саулығы
өзімізге байланысты.
Балалардың денсаулығы мықты, ақылды
және белсенді болып өсуі үшін дұрыс
таңдау жасап, бүкіл отбасы болып дұрыс
тамақтаныңыздар.
Жаңаарқа аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы
Хабарландыру
2018 жылдың 20 желтоқсан күні, сағат 15-00-де аудандық
мәдениет үйінде, ауданның барлық жұмыс берушілерін
және жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматттарды «Бос
жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қатысуға шақырамыз.
Хабарласу мекен жайы: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы
5, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, тел: 2-80-40.
«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
Бидайық аулының тұрғыны,аяулы жар,асыл ана,ұлағатты ұстаз
нұрланова Риза Мучурбекқызы!
Еңбегіңіз еленіп зейнеткерлік жасқа жеткен қуанышты күніңіз
құтты болсын!Біз сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы
тұлға ретінде жақсы білеміз. Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен
кәсіби шеберлігіңіз,
әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді
білікті маман, ақжүрек ұстаз ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге мықты денсаулық, қажымас
күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Әрдайым
отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай - сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы
әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген
бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Сізге
жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең асылын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі,білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
және Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы
Рухани жаңғыру
Тілге шешен, сөзге жүйрік
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясында, Бұқар Жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына, М.Жұмабаевтың 125 жылдығына,
Астананың 20 жылдығына орай, С.Сейфуллин атындағы кітапхана залында тіл мамандары арасында «Сөзмерген» атты аудандық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілді насихаттау; тіл мамандарының шығармашылық
қабілеттерін жаңғырту; сөйлеу мәдениеті деңгейін арттыру; Қазақстандық рухани бірлікті
қуаттап, отансүйгіштік сезімді арттыру.
Ауданымызға қарасы О.Жұмабеков, Ю.Гагарин, Б.Амалбеков және №132 ЖОББ мектептердің
ұстаздарының қатысуымен өтті.
Сайыс барысында кезеңдер бойынша тұрақты сөз тіркестерінің, көнерген сөздердің мағынасын
ашу, мақал-мәтелдер жазу, жұмбақтар шешу сияқты тапсырмалар орындалды. Әр мектептен
қатысқан тіл мамандары өз мектебінің үмітін үкіледі.
Сайыс соңында әр топ «Сөз зергері», «Тіл шебері» «Көсемсөз шебері», «Тапқыр ойыншы» номинациялар бойынша қатысушыларды марапаттады. Алғыс хаттар мен сыйлықтарды «Нұр
Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов пен
бөлімнің бас маманы Марғұлан Қанапин табыстады.
Сайыс барысында сөзге шешен, тілге жүйрік екендерін дәлелдеген барлық ұстаздар қауымына,
ұйымдасырушылар алғыс білдірді.
Өз тілшімізден
Рухани жаңғыру
Исатай Бимендиннің еске алу турнирі
Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне және
спорт ардагері Исатай Бимендинді еске алуға арналған қазақ
күресінен 2002-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында
Төленбек Ердәулет (БЖСМ, Түгіскен), 3 орын Жәкенов Диас
(БЖСМ, Жаңаарқа), 51 кг 1 орын Әбілқасов Данияр (БЖСМ,
Түгіскен), 2 орын Сағиев Серіжан (БЖСМ, Жаңаарқа), 3 орын
I-ші аудандық ашық турнир өткізілді. “Рухани жаңғыру” аясында өткізілген жарысқа – жас ұрпақты аудан тарихымен таныстыру, алдыңғы өткен ата бабаларының даңқты жолдарын
үлгі ету мақсаты қойылды. Жарысты өткізуге аудандық ардагерлер ұжымы мен аудандық дене шынықтыру, спорт бөлімі
және балалар жасөспірімдер спорт мектебі ұжымының
жаттықтырушылар құрамы ықпал етті. Салтанатты жағдайда
турнирді аудан әкімі Ю.А.Бекқожин ашты. Палуанның өткен
өмірі, жасаған еңбегі толығымен қамтылып айтылды.
Жарысқа қатысушыларды аудандық ардагерлер ұйымының
төрағасы Ғ.Төтеев, облыстық маслихаттың депутаты, спорт
ардагері Ғ.Жарылғапов, спорт ардагері Т.Жәкенов және Исатай палуанның балалары атынан еңбек ардагері, ұстаз Ө.Исатаев сөз сөйлеп, құттықтады.
Турнир өз мәнінде өткізіліп, төмендегідей қорытындыланды.
42 кг 1 орын Қайролла Дархан (БЖСМ, Жаңаарқа), 2 орын
Жаңабаев Олжас (БЖСМ, Түгіскен), 3 орын Төлтай Елжас
(БЖСМ, Жаңаарқа), 3 орын Әрмия Мадияр (БЖСМ,
Жаңаарқа), 46 кг 1 орын Қасым Азамат (БЖСМ, Жаңаарқа),
2-орын Үмбетов Асылхан (БЖСМ, Түгіскен), 3 орын
Тайлақ Ернұр (БЖСМ, Жаңаарқа), 3 орын Жанғозин Асылбек
(БЖСМ, Қараағаш), 57 кг 1 орын Нұрлан Жақсыкелді
(БЖСМ, Жаңаарқа), 2 орын Айтқожин Мұхтар (БЖСМ,
Жаңаарқа), 3 орын Әбүйіров Жандос (БЖСМ, Түгіскен), 3
орын Кәкен Айбат (БЖСМ, Жаңаарқа), 64 кг 1 орын
Әбдухамит Нұрболат (БЖСМ, Жаңаарқа), 2 орын Сағатаев
Серікбол (БЖСМ, Жаңаарқа), 3 орын Әлмусин Ержан
(БЖСМ, Қараағаш), 3 орын Қазкенов Ұлан (Жәйрем), 72 кг 1
орын Капиятов Арстан (БЖСМ, Жаңаарқа), 2 орын Дәулет
Азамат (БЖСМ, Жаңаарқа), 3 орын Жолбарысхан Құлмырза
(Жәйрем), 3 орын Құлжанбек Диас (БЖСМ, Жаңаарқа), +72
кг 1 орын Еламан Аман (БЖСМ, Жаңаарқа), 2 орын
Мұхамедиян Ерасыл (БЖСМ, Жаңаарқа), 3 орын Мақашев
Жанбота (БЖСМ, Жаңаарқа), 3 орын Ауғамбаев Айболат
(БЖСМ, Түгіскен).
Жалпы қатысушылардың саны 72 спортшы. Жарыс
жеңімпаздары мен жүлдегерлер Исатай палуанның балалары,
немерелері тағайындаған бағалы сыйлықтар, медальдар және
мақтау қағаздарымен марапатталды.
Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі
объявление
20 декабря 2018 года в 15-00 часов в районном здании дом
акультуры будет проводиться «Ярмарка свободных рабочих мест». Просим принять участие всех работодателей
района у которых имеются свободные рабочие места, а так
же безработных граждан ищущих работу.
Обращаться по адресу: пос.Атасу, пр.Тәуелсіздік 5, КГУ
«Центр занятости населения Жанааркинского района», тел:
2-80-40.
КГу «Центр занятости населения
Жанааркинского района»
Жарамсыз деп танылсын
Карпенко Александр демидовичтан Ибраева Айман
Калуовнаға 18.05.2007 жылы жасалған С.Сейфуллин
даңғылында орналасқан №61 үйдің 3 пәтеріне № 1974
сыйға тарту келісім шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***
***
***
***
***
***
Сары тоқа көшесі №13-1 үйдің иесі Салащенко Михаил
николаевичтің атына 29.01.1993 жылы берілген №657 жекешелендіру келісім шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Желібаева Кенжегүл Аманғалықызының атына 2010
жылы Атасу орта мектебін бітіргендігі туралы берілген
№0106533 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАлИнА САлТАнАТ АМАнҚызы
МЕнШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИн 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБЕ 16,
Рнн 240400001948, Ао “народный Банк Казахстана”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1600 дана
Тапсырыс №51
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
5
Размер файла
20 207 Кб
Теги
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа