close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 52 Жанаарка газеті

код для вставки
№52 (9888), 22 желтоқсан, 2018жыл
Тәуелсіздік – тұғырым
Биыл егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі –
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 27 жыл!
Жылдағы дәстүр бойынша бұл мерекені жаңаарқалықтар
биыл да ерекеше түрде, кең көлемде атап өтті. Аудандық
мәдени-сауық орталығында өткен «Тәуелсіздік – тұғырым!»
атты салтанатты іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер мен
аудан тұрғындары қатысты.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын еліміздің
Әнұранын орындауынан
басталды.
Салтанатты мер
е
к
е
шымылдығын әрі
қарай аудан әкімі
Юржан Асанұлы
қ ұ т т ы қ т ау
сөзімен ашты.
- Біз өз
жетістіктеріміздің
бәріне де еңбек
пен маңдай теріміз арқылы жеттік.
Биылғы
жылы
ауданымызда
алға
қойған міндеттерді орындау жолында
да
көптеген игі ша-
ралар атқарылды. Халқымыздың Тәуелсіздігін баянды ету,
балаларымыздың болашағын жарқын ету жолында
еңбекқорлық
пен
ынтымағымыздан айнымаймыз,- деді салтанатты жиында сөз
сөйлеген аудан әкімі
Юржан Бекқожин.
Бүгінде Қазақстан
әлем таныған жас мемлекет көшбасшылар
қатарынан көрініп келеді. Бұл тұтас қазақ
халқы үшін үлкен
мәртебе.
Тәуелсіздіктің 27
жылдығына арналған
салтанатты жиында
осы жайттар кеңінен
көрініс тапты. Кешегі ақтабан шұбырынды заманды
еңсеруден басталған қаһармандық істер мен бүгінгі буынның
жарқын болашағы елдің көз алдынан өтті. Елбасының "Ұлы
даланың жеті қыры" атты мақаласындағы жеті қырға
тағылымды көрініс арқылы
кеңінен тоқталып, ұлт ретінде
өткенімізді ойға оралтты, рухымызды
көтерді,
тарихымыздың
тереңдігін,
оның байлығын паш етті.
Содан соң қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп
жүрген бір топ азаматтарды
салтанатты түрде сахна
төріне шығарып, марапаттарын табыстады. Тәуелсіздік
мерекесіне
орай
О.Жұмабеков
атындағы
мектептің
ұстазы
З.Қуанышбаева "Астанаға - 20 жыл" мерекелік медалімен,
ауданымыздың
еңбек
ардагері
Б.Мырзашевты
Республикалық ауылшаруашылығы ардагерлер ұйымының
қоғамдық бірлестігінің "Құрметті ардагері" төсбелгісімен,
Е.Игенбековты ҚР ауылшаруашылығы қызметкерлерінің
салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы"
төсбелгісімен марапаттады. ҚР Мәдениет және спорт
министрлігінің Алғыс хатымен Ералиев ауылдық округінің
мәдениет үйінің қызметкері Ж.Көпбосынов, Астананың 20
жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға белсене
қатысқаны үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің
Алғыс хатымен Ж.Әбілқасым марапатталды. Тұңғыш Президент күніне орай, Астана қаласында өткен халықаралық
"Таңғы шұғыла" фестиваліне қатысып бас жүлдені
қанжығалаған "Алақай" қуыршақ үйірмесінің (жетекшісі
А.Айтжанова) қатысушыларын марапаттады. Олар: №132
ЖОББМ оқушылары З.Достаев Н.Тылтыш, Х.Амангелді,
З.Дәулетова, даярлық сыныбының оқушысы
М.Сайлаубай және
О.Жұмабеков ат.
ЖОББМ оқушылары Қ.Қайыркен, Е.Ибраева марапатталды.
Жиын барысында бірқатар сала үздіктері
мен белсенді азаматтар аудан әкімінің
“Құрмет грамоталарымен” және “Алғыс
хаттарымен” марапатталды.
Мереке аудан өнерпаздарының мерекелік
ән-шашуымен жалғасты. Кештің құрметті
қонағы ретінде шақырылған "Х-ФАКТОР"
жобасының әншілері Фархат Сапан мен
Аружан
Мәнжі
танымал
әндерін
жұртшылықпен қоса орындады.
Айтулы күнді барша қауым ерекше көңілкүймен, үлкен қуанышпен атап өтті. Әуезді
ән қалықтап, мың бұралған биге бөленген
мерекеде аудан тұрғындары естен кетпес
қызықтың куәсі болды. Кеш соңы мерекелік
отшашуға ұласты.
Рахат АйТжАновА
22 желтоқсан 2018 жыл
2
ұЛЫ ДAЛAнЫҢ жEТІ ҚЫPЫ
Мәнді мақала талқыланды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті
қыры" мақаласы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының
жалғасы екенін Бидайық ауылдық округінің әкімі Н.Жамауов түсіндіре
отырып, ауыл тұрғындарына "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын таныстырып өтті.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады.
Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады.
Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім ұлы даланың жеті
қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі
жылқыға ерекше мән беріліп отырғаны адамдарды ойландырады.
Қазақ халқы жылқының қолға үйретіп, атқа мінуі мәдениетінің негізін
қалады. Бес қаруын асынған, салт атты сарбаз, айбарлы көшпенділер
империяларының тарих сахнасына шыққан дәуірінің символына айналды.Ұлы дала халқы металл өндірудің терең тарихымен мақтана
алады. Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған
Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ
даласының сулы, нулы табиғаты да мақалада елеусіз қалмады.
Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді.
Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде «Архив–2025» жеті жылдық
бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін
ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар екені айтылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзіне асырудың алғашқы
кезеңінде атқарылған іс-шаралар алдағы уақытта атқарылатын
жұмыстарға бағыт-бағдар екендігін түсінеміз. Осыған орай Бидайық
ауылдық округінің әкімшілігі мен тұрғындары «Рухани жаңғыру»
бағдарламасындағы міндеттер мен бағыттар бойынша алдағы уақытта
жүйелі түрде жұмыстарын жалғастырып, Елбасының «Ұлы даланың
жеті қыры» атты мақаласына орай төмендегідей іс-шараларды бірінші
кезекте ескеруді қажет деп санайды:
– Қазақ жазуының латын графикасына көшуіне байланысты Бидайық
кітапханасында жаңа әліпбиді үйретудің ғылыми-әдістемелік кешенін
жасау; аудандық Тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, оның
оқу-әдістемелік жабдықталуын қамтамасыз ету, оқытудың тиімді
инновациялық тәсілдерін қалыптастыру және тағы басқа жұмыстарды
жүргізу.
Біз әлемдік қоғамдастық лайықты түрде таныған өзіміздің
қазақстандық жолымызды бастадық. Қазақстан өзінің оң жетістіктерін, өзінің іркіліссіз ілгері басуын жыл сайын әлемге паш етуде.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген
сөзінде еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр деген үш сөзге
сыйып тұрғандығын ерекше атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің
тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор
болмақ. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның
даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі,
қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен
этносаралық татулық болып табылады.
ж.жАҚияновА,
Бидайық ауылдық округінің жетекші маманы
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХXVІ
сессиясы өтті
20 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХXVІ сессиясы
болды. Депутат Р.Рахимов төрағалық тізгінін ұстаған сессияға аудан әкімі
Ю.Бекқожин, аудан әкімінің орынбасарА.Әділханов,
лары, аудан прокуроры
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы
ардагерлер
аудандық
Х.Сәтжанов,
ұйымының төрағасы Ғ.Төтейов, «Нұр
Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Ә.Аманжолов, аудан әкімдігінің бөлім
басшылары, кент, ауылдық округтер
әкімдері, мекеме, кәсіпорының басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші
мәселе бойынша «2019-2021 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы»
аудандық экономика және қаржы бөлімінің
басшысы А.Аманбаев хабарлама жасады.
Депутаттар бір ауыздан қолдап, үш жылға бағдарланған ауданның бюджеттін бекітті. Екінші мәселеде «Жаңаарқа
ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атқарып отырған жұмыстары және алға қойған міндеттері
туралы» Жаңаарқа ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ж.Қасымжанов хабарлама жасады. Сессияда аудандық мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов аудандық мәслихаттың 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы
есебін баяндады. Осы сессияда қаралған негізгі мәселелер бұдан бұрын аудандық мәслихаттың тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралып, кеңінен талқыланып, депутаттар тарапынан жасалған
ұсыныстар ескерілген болатын. Сондықтан депутаттардың тарапынан қолдау тапты.
Сонымен қатар сессияда аудандық мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Сессияда аудан әкімі Ю.Бекқожин, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Х.Сәтжанов сөз сөйлеп, депутаттарға
ризашылықтарын айта келе, аудан халқының әл-ауқатын артып, әлеуметтік-экономикасын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыратына сенім білдірді. Сессияда талқыланған мәселелер бойынша
тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты
Мазмұны терең, мол тағылымды мақала
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақаласы біздер сияқты шәкірт тәрбиелеп
жүрген ұстаздар қауымына да үлкен ой салды десем
артық емес.
Мазмұны терең, мол тағылыммен жазылған мақала
жас ұрпаққа тарихты зерделеп, ұлы даланың ұлттық
болмысына үңіле отырып, ел мен жердің бүгінге дейінгі
белгісіз болып отырған мұраларын ашуға тағы бір
мүмкіндік тудырғаны деп білеміз.
Осынау мақаланы оқыған кезде ұлы даланы жайлаған
қазағымыздың қырағылығы, ұлылығы, батырлығы
қайта жаңғырғандай әсер етті. Ертеден әйгілі бишешендерінің тапқырлығы, дала заңына бас ұрған
данышпандығы, темірден түйін түйіп, болатты
«Атасу кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қоғамдық
кеңес алқасының кенттегі көше тұрғындарының қатысуымен өткізген
қоғамдастық жиналыстың № 3 ХАТТАМАСЫ
Атасу кенті
19.12.2018 жыл
жиналыс төрағасы:
Атасу кентінің әкімі- А.Түсіпов
жиналыс хатшысы:
Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы – Б.Қалжанов
КҮн ТӘРТІБІнДЕ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24
ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес қала, аудан, кент және
олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта
атау мақсатында Жаңаарқа ауданының Атасу кенті атауын
қайта атау мәселесі.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24
ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес көшелерге атау беру
және оларды қайта атау мақсатында Атасу кентіндегі Павлодар-Қызылорда тас жолының бойындағы айналма жолдың
солтүстігіндегі құрылыс алаңындағы №1 көшеге атау беру
мәселесі.
жиынға қатысқандар: Жаңаарқа ауданының қоғамдық кеңес
мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Нұр Отан»
партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, зиялы қауым өкілдері. Жалпы қатысқандар саны – 210
адам.
1.Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселе бойынша
Сөз алғандар:
- Атасу кентінің әкімі - А.Түсіпов:
2017 жылы 28 ақпанда № 17-388-5 Елбасының жергілікті жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және
қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық
танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою туралы барлық билік
тармақтарына қатаң ескерту жөнінде тапсырмасы келген болатын.
Бүгінгі таңда аталған тапсырмаға сәйкес жергілікті жерлерде
тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Дегенмен, кейбір өңірлерде
әлі де жоғарыдағы тапсырманы сақтамай, сондай-ақ
қолданыстағы заңнамада көрсетілген ономастика жұмысының
критерийлеріне сәйкес келмейтін кісі есімдерін беру мәселесі
кездеседі.
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру
мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары»
және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері жобасы әзірленіп, Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілді. Сондай-ақ,
аталған тізім жобалары 2018 жылдың 12 наурызында өткен
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясының отырысында
қаралып, мақұлданды.
Осыған орай, объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге,
олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау
жұмыстары
Қазақстан
Республикасы
Президенті
Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су
атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдеріне сай жүргізілуі
керек. Аудан орталығы Атасу кентіндегі Павлодар-Жезқазған
айналма тас жолының солтүстігі құрылыс алаңындағы №1
көшеге қандай атау ұсынасыздар? Ұсыныстарыңыз бар ма?
-Жаңаарқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төтеев:
Құрметті жерлестер! Біз осы мәселені өз арамызда бірнеше рет
талқыға салып, ақылдасқан болатынбыз. Елбасының осы
салиқалы көзқарасымен толықтай келісеміз. Қазіргі уақытта
белгісіз кісі есімдері нысандарға, көшелерге көп ұсынылады.
Идиологиялық тұрғыдан ескірген атауларға жаппай кісі есімдерін бере беруді біз де құптамаймыз. Сондықтан, ардагерлер
кеңесінің мынадай пікірі бар.
Атасу кентіндегі Павлодар-Жезқазған айналма тас жолының
солтүстік құрылыс алаңындағы №1 көшеге «Жаңа Нұр» атауын
беруді және Атасу кентіне Жаңаарқа атауын беруді ұсынамыз.
-Жаңаарқа ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Х.Сәтжанов:
Құрметті жиналған қауым! Осы мәселе көтерілгеннен бастап,
аудандағы қоғамдық кеңес мүшелері жиналып, бұл мәселені
қарадық, әрбіріміз өз ойымызды ортаға салдық. Бірлесіп шешілген мәселе әсте жаман болмайтынын барлығымыз жақсы білеміз. Сондықтан, біз осы таңдалған атауларға тоқтаймыз.
«Атасу» кентінің «Жаңаарқа» кенті деп атау өте дұрыс деп білемін.
шЕшІМ:
1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
1.1. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы №138
Қаулысы негізінде Жаңаарқа ауданының «Атасу» кентін
«Жаңаарқа» кентіне ауыстыру Республикалық ономастикалық
комиссиясына ұсынылсын.
1.2. Атасу кентіндегі Павлодар-Қызылорда тас жолының
бойындағы айналма жолдың
солтүстігіндегі құрылыс
алаңындағы №1 көшеге «Жаңа Нұр» атауын жиынға
қатысқандардың 100% пайызы қолдағандықтан, облысттық
ономастикалық комиссиясынан сұралсын.
жиналыс төрағасы,
Атасу кентінің әкімі
А.ТҮСІпов
жиналыс хатшысы,
Атасу кенті әкімдігінің бас маманы Б.ҚАЛжАнов
балқытқан ұсталығы, атқа міне білу мәдениеті, аң стилін
көрсете отырып, адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабиді өмірге әкелген Отырар, Қожа Ахмет Яссауи ілім
алған Түркістан қалаларын тарих сахнасында қайта
жаңғыртуды тілге тиек ете отырып, түбі бір түркі
дүниесінің тарихын Елбасымыз қайта түгендеген екен
деген ойға келдім.
Олай болса, ұлттық санасын жаңғыртқан, тарихын
түгендеген, атына қайта мінген арда қазақтың алар асуы
әлі де биік екені даусыз.
Т.Мұсабекова,
о.жұмабеков атындағы жоББМ базасындағы
Тірек мектебінің мұғалімі
Елбасы жолдауына үн қосамыз
жастар жылы-жастарға серпін береді
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауы
еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймын. Қоғамның даму
үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі
ақиқат дүние.
Елбасы жастар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған
емес. Елдің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарпай
ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз.
Сондықтан да, Елбасы қашан да жастардың мәселесіне
ерекше назар аударып, әрбір Жолдауында жастарға
үлкен ықылас танытады. Келер жылдың «Жастар
жылы» деп жариялануы – өңіріміздегі жастар саясатына
үлкен серпін беретініне сенемін.
Ы.жеңісұлы,
«Қызылжар кенті әкімі аппараты» ММ маманы
Сертификатсыз сатуға болмайды
Жанаарқа ауданы көлемінде 2018 жылдың 18
желтоқсаннан 2019 жылдың 3 қаңтарына дейін, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шаралар өтуіне
байланысты. Қазақстан Республикасы Инвестиция
және даму министірлігінің аумақтық техникалық реттеу
және метрология комитеті бөліністерімен, сондай-ақ
тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
уәкілетті органдармен бірігіп, техникалық тәртіп талаптарына сәйкес келмейтін сәйкестігін растау
саласындағы (сәйкестілік сертификаттың болмауы)
пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысатын
тұлғаларды Қазақстан Республикасының әкімшілік
құқық бұзушылық кодексінің 415-бабы және 436, 483,
196-баптары
бойынша
жауапкершілікке
тартылатындығын ескертеміз. «Мереке және жаңа
жылдық мейрам күндері қарсаңында азаматтық
пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату
және пайдалану, қолдану, сатып алу, тасымалдау
тәртібін тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме
жеткізушілерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда» Тел: 2-64-70, 102.
Б.нұРшин,
азаматтық және қызметтік қару айналымын
бақылау тобының инспекторы,
полиция капитаны
Еңбек есейткен азамат
3
Аты айтып тұрғандай Нұрша Ақпанұлы Игенбаевты-еңбек
есейткен. Олай деуімнің басты себебі өрімдей жастың
сонау 1979 жылы кешегі ата-бабасының құтты мекені
болған туған жерге оралып, ақтылы қойға ие болып, 25 жасында алдындағы бір отар аналықтың жүзіне жүз бірден
қозы ертіп, көштің басына шығуы. Содан басталған еңбектің
көрігін әлі де басып, ұрпаққа үлгі болуы еңбекқорлығының
белгісі. Ата кәсіпті әулетке мұра етуі азаматтығы.
Нұрша Ақпанұлының ата-бабасы осы Атасудың бойын
жайлаған іргелі ел. Күні кеше торқалы 90 жылдығын атап
өткен Сарысу ауданының негізі осы арқада қаланғанына
көне көз қариялар куә болса, арқа төсіндегі жұрттың аласапыран кезеңде аштықтан жансауғалап, үдіре көшкеніне
тарих куә. Шуды сағалап, өзегін өзеннің балығымен жалғап,
аман қалған елдің көбі Сарысу ауданының тұрғыны болып
сол Жамбыл облысының аумағында мекендеп қалды. Нұрша
ағаның үлкен әкесі Игенбай ақсақалдың Шудан балық сүзіп,
аш-арыққа пана болып, елді асырағанын сол көштегі
көпшілік бертінге дейін азаматтығын, ағайыншылдығын,
адамгершілігін үлгі етіп айтып отырады екен. Міне
тағдырдың айдауымен оңтүстіктің тұрғыны болған Ақпан
ағай ауылшаруашылық институтын бітіріп, елінің
өркендеуіне үлес қосып, қызмет атқарған азамат. Жары
Гүлжаһан екеуі он бала
тәрбиелеп өсірген.
Ауылшаруашылығының дамуына үлес қосқан Алпекең
Шымкентте жоғары оқу оқып жүргенде Нұрша ағамыз
Шымкент қаласында дүниеге келіпті. Балалық шағы
Байқадамда өтіп, Мәскеуде азаматтық
борышын өтеген азамат, үйленгеннен
кейін шаңырағын өзінің құтты мекені, ата-бабасының атақонысы туған
жерге тігуге бел буып, 1979 жылы
жары Жұмакүлді ертіп, осы Ш.Ералиев ауылындағы апасы Ұлболсынға
келген екен. Біржолата қалатынын
айтқанда апасының қуанышында шек
болмапты.
-Жас кезім, алдыма бір отар қой (700
бас) алып, совхоздың берген киіз үйін
тігіп, ақ таяқты қолға алып, мал
бағуға кірістім. Ерте тұрдым, кеш жаттым, еңбегім еш кетпеді. Мал бағу
оңай емес. Демалысы жоқ, тоқтатуға
болмайтын тіршіліктің қамытын
мойынға асып, соның
нәтижесін
көруге күш жұмсадым. Ақ ұлпа мен
қызыл құмның бұрқасынына төтеп
беріп, ақшұнақ аязбен жағаласып,
аптап ыстықпен араласып мал бағудың
қыр-сырына қанықтым. Жаз жайлауға
шығып масаттанып, қыс қыстауға
келіп күйбең тірлікпен араласып жүріп
міне, 40 жыл уақытым мал бағуға арналыпты. Көшіп-қонып, шопанның
бітпейтін тірлігін бастан өткеріп, зейнеткерлік жасқа жеттік.
Бүгінде қолымдағы шаруамды балаларым алып, бейнеттің
зейнетін көріп отырмын,-деген Нұрша ағаның омырауында
«Құрметті ардагер» медалі, «Сарысу ауданына -90 жыл» мерекелік медалі, ҚР ауылшаруашылық Министрлігінің «Ауыл
шаруашылық саласының үздігі» төсбелгісі жарқырайды.
-жас кезіңізде ат баптап, аламанға ат қосып, тұлпар
баптаған атбегі болыпсыз, бүгінде жүйрік ат ұстайсыз ба?
-Ат-әр қазақтың серігі, әр азаматтың қанаты,
қазақтың қанында бар атбегілік пен саятшылық
бұл біздің басты қасиетіміз. Бұны Елбасымыз
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да
айтып, жіті тоқталды. Мына дамыған заманда
аттың орнын небір автокөліктер алмастырып
жатыр. Кешегі замандағыдай діттеген жеріңе
жету үшін ат емес автокөлік мінесің. Ат
жарықтықты мал бағуға да тұтынбайтын заман
келді. Көбі малды мотацикл, автокөлікпен
бағатын болды. Дегенмен ат дегенге жететін жануар жоқ. Заман қанша құбылғанымен ат өзінің
бағасын жоғалтпайтыны анық. Кешегі
бабаларымыздың
сенімді
серігі
болған аттың бәсте бағасы басым.
Атбегілікпен айналыстым, жүйрік
баптадым, аламанға ат қостым,
бәйгеде тұлпарларым топ жарды.
Осы өзіміздің аймағымызда Жолдыбай ақсақалдан кейінгі ат сыншысы
ретінде ат бапкерлері келіп ой бөлісіп
тұрады. Білгенімді үйретуге әзірмін.
Ат баптау оңай шаруа емес. Ол адамға
үлкен жүк. Оны ақтау, атты баптау
әркімнің қолынан келе бермейді.
Соңғы уақытта ат баптамай кеткенім рас. Бірақ
алдағы уақытта қайра қолға алмақпын. Алла
бұйыртса енді балам Жүрсіннің тұлпарлары топ
жаратын болады.
-«Аралқұм» шаруа қожалығы қашан
құрылды? Мемлекет тарапынан жеңілдіктер
алып көрдіңіз бе?
-Мен сонау 1991 жылы әлі совхоз тарамай тұрып
алдымдағы малымды, қыстақ пен жайлауымды
қыруар қаржыға сатып алып, жекеменшікке
шыққан болатынмын. Онда әлі жаппай жекешелендіру басталмаған еді. Жиналған қаражатқа
малды алып, өз күнімді өзім көруге бел буған
болатынмын. Шаруақожалықтың атына Аралтөбе
жайлауымның атын бердім. Содан бергі аралықта
27 жыл болды еңбегіміздің жемісін көрудеміз.
Ауылшаруашылық саласына мемлекеттің
жеңілдетілген несиелері бар. Біз «Сыбаға»
бағдарламасымен етті бағытта сиыр алдық.
Қазір бордақыланған малдарды етке өткізіп жатырмыз. Оған қоса жылқы малымен қой бар.
Техникамен жабдықталғанбыз. Шөп шабатын, үйетін, жинайтын тракторларымыз бар. Мал азығын өз күшімізбен дайындаймыз.
Әрине әр шаруаның дөңгелеуіне жақсы көмекшің болғаны
абзал. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші өз күшіміздің
арқасында жұмысымыз жанданып келеді. Менің көмекшім
ол жарым Жұмакүл десем артық айтпағаным. Ер адамның
бағы жарына байланысты. Мен түздің адамымын. Тапқан
таянғанымды шашау шығармай іске асырып, қажетке жаратып, ұқсатып отырған ол Жұмакүл.
Шаруамыздың
шалқып, еңбегіміздің жануына отбасымыздағы бәріміз
ұйымшылдықпен жұмылдық. Кішкентай күндерінен бастап
балаларды еңбекқорлыққа тартым. Балалардың жас кезінде
Жұмакүлдің бауырлары көмектесіп, қолқабыс жасады.
Сөйтіп Ерсін, Еркін, Жүрсінім өсіп, айтқанымды екі етпей
қолқанатқа жарады. Бүгінде шаруа қожалықты Жүрсін мен
Айжан келінім дөңгелетіп отыр. Ерсін «Жалын» кеншінде
жұмыс істейді, үйленген, екі баласы бар, Еркін Қарағандыда
өндіріс бөлімінің басшысы, отбасылы үш баласы бар,
Гүлнәзім Алматы қаласында мемлекеттік қызметте,
тұрмыста, 2 жиенім бар.
-Қай кезеңде де тырманып, еңбек етіп жатқандар
табысқа жетеді. «Еңбек –бәрін де жеңбек»,- дейміз. осы
еңбек жолыңызда кедергілер болды ма?
-Өмір болғаннан кейін әр түрлі жағдайлардың болуы
заңдылық. Алға шықсаң етегіңнен тартатын, өрге жүзсең
аяғыңнан шалатын жайлар әрине болды.
Бірақ солардың барлығы
мені
қайраттандырды, намыстандырды, жігерлендірді. Қайта одан сайын өркендеуге,
шаруамның қырын келтіруге тыраштандырды. Бірақ адам шаршайды екен. Ақ
адал еңбегіңе қара күйе жағылған кездерде адамдардың пасықтығына, қара ниеттеріне қайран қаламын.
Алла жар болып, алпысты алқымдап,
зейнеткер деген жасқа жеттік. Ендігі
арман балалардың арасында аталықтан
абыз ақсақалға айналу. Біздің міндет
ұрпақ сабақтастығына қылау түсірмей,
ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіру.
Биыл аудан басшыларының ұсынуымен
ҚР ауылшаруашылық Министрлігінің
«Ауыл шаруашылық саласының үздігі»
төсбелгісін салтанатты түрде аудан әкімі
Юржан Бекқожин тағып берді. Міне,
еңбектің еш кетпегені. Барын бағалайтын,
атқарған еңбегіңді саралайтын ел азаматтарына алғысым шексіз. Сенім бар жерде
серпін бар.
Кеудемізге қадаған бұл
белгінің жүгі ауыр. Ел сенімін ақтау
азаматқа сын. Болашақта осы бағыттан
ауытқымай еңбек етеміз деген ойдамын.
-Рахмет аға, Алла тілегіңізге жеткізіп, жұмакүл жеңгей
екеуіңіз немере-шөберенің қызығына қанбай, бақыттанбақытқа кенеле беріңіздер.
Салтанат АМАнҚЫзЫ
Салт-дәстүр имандылықтың негізі
Дәстүр- әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыстіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар
бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың
жиынтығы. Әрбір ұлттың ұстанар діні, өзіндік ғұрыпы,
дәстүр сабақтастығы мен бір ұлтты екінші ұлттан
өзгешелейтін мінез-құлық ережесі және өмір сүру ерекшелігі
болады. Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің
болуы қажет, яғни, діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы,
ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Біз – өзіндік
ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Діні мен дәстүрін бөліп жармай,
бір белдеудің көлемінде ұстануды жөн көрген атабабаларымыздың діни дәстүрді қалыптастырғаны тарих бет-
терінде анық бейнеленген.
А.Сейдімбек мәдениетіміздегі ислам дінінің орны туралы:
«Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол
діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр»
дейді. Дәстүр мен дін аясында айтылатын және сарапталатын
дүниелер саны көп. Әр салтымызға діни көзқараспен қарар
болсақ, өткен дәуірдегі ата-бабаларымыз ұстанған дара әрі
хақ жолдың келер ұрпаққа қаймағы бұзылмастан келгенін
тілге тиек ете аламыз. Кез-келген дәстүр өз тамырын діннен
алады, неге дейсіз ғой, себебі дін ол Хақты қалап, әділдікті
талап ететін жалғыз ғана тура жол. Соның ішінде мейірімділік, ата-ананы құрметтеу, жалған сөзден тыйылу, қызды
22 желтоқсан 2018 жыл
Дін-діңгегім
қырық үйден тыю мен оның тәрбиесін, адамгершіліктің кемелін, сонымен қатар ұят пен ардың, ождан мен тәртіптің
қайталанбас тұғырлы төрін көрсетеді. Қазақ халқының бойына сіңген салт-жоралғылар мен халықтық ғұрыптар тізгінін қазіргі уақытта жастарға ұстатар болсақ, келешекте оның
сақталып қаларына үлес қосқан болар едік. Себебі, дәстүрді
не болмаса көне түсініктерді тек ақсақалды қарттарымыз бен
ақжаулықты аналарымыз ғана жадыларына құйып кетер
болса, біз келешек ұрпақ, діни дәстүрдің дәмін сезіне алмай
кетуіміз ғажап емес.
Ғ.ТөТЕЕв,
аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы
22 желтоқсан 2018 жыл
Тәуелсіздік миллиондардың қанатты үміті,
4
жастарға қолдау көрсетілді
Бүгінгі таңда өз ісін бастағысы келетін жастар жетерлік. Дегенмен, олардың барлығы
бірден өз ісін ашып, кәсібін одан әрі өрбітіп әкетуге мүмкіндіктері келе бермейді. Осы
мәселені жеңілдету мақсатында сол жас кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетіп, кәсіпкерлікті
дамыту үшін жыл
сайын
еліміздің
барлық қалаларында
және аудандарында
жастар
арасында
әлеуметтік
маңызы
бар
жобаларды
қолдауға және жүзеге
асыруға
арналған
грант бөлінеді.
11 желтоқсан күні
аудан
әкімдігінің
мәжіліс залында ауданымызда әлеуметтік
маңызы бар бизнес
жобаларын
жастар
арасында
жүзеге
асыруға және оларды
қолдауға
арналған
Жаңаарқа
ауданы
әкімінің гранты бойынша комиссия отырысы өткізілді. Жобаға қатысуға ниет білдірген
24 жас кәсіпкер комиссия алдында өз жобаларын ұсынып, жобаның аудан үшін әкелер
пайдасы мен тиімді тұстарын алға тартты. Барлық жобалар жан-жақты талқыланып, ішінен әлеуметтік маңызы бар және тұрғындар сұранысына ие деп саналған 8 жоба таңдалып
алынды.
14 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай
өткізілген мерекелік іс-шарада грант иегерлері Данияров Азамат Даниярұлы, Айтбекова
Алданыш Мақсатқызы, Шәмшиев Ерасыл Кәрімұлы, Рашитова Ерсінай Ақыжанқызы,
Қадірбаева Гүлшахар Қалиқызы, Совет Шұға Мұратқызы, Алпысов Бекмұрат Съездұлы
және Алин Алмат Бейсетайұлын аудан әкімі Бекқожин Юржан Асанұлы әрқайсысын 500
мың теңге көлеміндегі грант сертификаттарымен марапаттады.
Жас кәсіпкерлеріміз үкімет тарапынан көрсетілген мүмкіндіктерді игі бастамаларында
тиімді пайдаланып, беделді кәсіпкерлер қатарына қосылып, ауданымыздың әлеуметтік дамуына зор үлестерін қосады деген сенімдеміз.
жастар ресурстық орталығы
Тәуелсіздік кубогі мықтыларға бұйырды
Спорт
14-желтоқсан күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, демалыс саябақтарын
және стадионды басқару мекемесі мен
жастар ресурстық орталығының
ұйымдастыруымен Тәуелсідік күніне арналған «Тәуелсіздік кубогі» атты аудандық тур-
нир өтті. Аталған турнирде ерекше ойынымен көзге түскен Сырым Тынысбаев – «Үздік
ойыншы», Мәдибек Ахметов– «Үздік қорғаушы», Айтбек Маратов – «Үздік қақпашы»
номинациялары бойынша марапатталды. Тартысты өткен турнирдегі ойын қорытындысы
бойынша Бидайық ауылдық округінің командасы ІІІ орынды, «Арлан» командасы ІІ
орынды, «Тұлпар» командасы І орынға ие болды. Үздіктер және жеңімпаздар мақтау грамоталарымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
жастар ресурстық орталығы
Екі сәби мереке күні дүние есігін ашты
Тәуелсіздік күні ауданымыздың тұрғындары Шынар Исатаева мен Айдана Ерденбаева
үшін қос мереке болды. Себебі аталған екі жан осынау
ұлы мереке Тәуелсіздік
күнінде сәбилі болып, ел демаграфиясына өз үлестерін
қосты.
Айтулы мерекеде дүниеге
сәби әкелген аналардың
қуанышын бөлісуге аудан
әкімі Юржан Бекқожин
перезентханаға
арнайы
барып, аналарды аудан
тұрғандарының
атынан
құттықтады.
Аналарды
құттықтауға
аудандық аурухананың перзентхана бөліміне аудан
әкімі Ю.Бекқожинмен қатар,
аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, аурухана басшысы С.Қүлмағанбетов, дәрігер акушер гениколог Р.Жақанова және кезекші дәрігерлер барып құттықтады. Тәуелсіздік
күні өмір есігін ашқан сәбилер мен жас аналарға тілектерін айтып, естелік сыйлық табыс
етті.
- Аудан тұрғындары атынан сіздерді зор қуаныштарыңызбен құттықтаймын. Сіздерге
және кішкентай сәбилеріңізге денсаулық тілеймін, ал медицина қызметкерлеріне
алғысымды білдіремін, - деді аудан басшысы.
Дүние есігін ашқан қос сәбидің бірі – Әбілмәнсүр атты ер бала болса, бірі- Аяулым есімді
қыз бала екен. Әбілмәнсұр - Шынар Исатаеваның отбасында төртінші бала. Ал Аяулым
– Айдана Ерденбаеваның екінші қызы.
Сәбилердің де, аналардың да жағдайы өте жақсы. Біз де жас аналарды құттықтай келе,
әр қазақ отбасына сәби сүю бақыты жұғысты болсын дейміз.
өз тілшімізден
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты
мерекелік іс-шара ауданымыздың «Ер-Төстік» бөбекжайында өтті. Еліміздің ең ұлық мерекесіне жиылған ата-аналар мен бөбекжай қызметкерлерін, бүлдіршіндерді бөбекжай
меңгерушісі Гауһар Зекенқызы құттықтап, Тәуелсіздік туралы тебірене сөйледі.
– Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Жұмыр жер бетінде азаттығын аңсап, бостандыққа қол жеткізе
алмай
жүрген
ұлттар
көп.
Халқымызға
ғасырлар
бойы
арман
болған
Тәуелсiздiк бiздiң
ұрпаққа бұйырып
отыр. ХХ ғасырдың
басында
Алаш
көсемдерiнiң басты
мақсаты – туған
халқын, елiн терезесi тең, Тәуелсiз
мемлекетке айналдыру басты арманы
болған
едi.
Тәуелсiздiктiң 27
жылында елiмiз ұланғайыр белестердi абыроймен бағындыра бiлдi. Тәуелсiздiк
шежiресiнiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. Жылдағы дәстүр бойынша бұл күнді біздің бөбекжай үнемі үлкен дайындықпен атап өтеді. Осындай ұлы мерекені бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру біздің ең бірінші парызымыз. Кешті ұйымдастырып,
отырған біздің тәрбиешілерге ризашалағымды білдіремін,- деді.
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты мерекелік іс-шараны «Ботақан» тобының тәрбиешілері
Орынтай, Сандуғаш апайлары ұйымдастырды.
Үлкен дайындықпен ортаға шыққан бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Еліміз, Елбасымыз, Отан жайында патриоттық тақпақтарын айтып, «Егенмен Қазақстан» әнін
хормен айтып, көріністер қойды.
Бойға жігер, жүрекке жалын беретін кешке қатысқан ата-аналар «Тәуелсіздік тұғырлы»
болсын деп тілек тілесіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
өз тілшімізден
5
22 желтоқсан 2017 жыл
орындалған ғасырлық арманы
Бір жылда біз бағындырған белестер аз емес-дейді бишілер
Мәдениет үйінде мерекелік шара басталып, салтанатты
марапаттауға кезек берілді. Сахна төріне «Балдәурен» үлгілі
бишілер тобы шақырылды. Сахнада қаздай тізілген биші
балғындардың жүздері бал-бұл жайнайды. Аудан басшысы
Юржан Асанұлының қолынан мақтау қағаздары мен
сыйлықтар алған балалардың өнеріне аудан жұртшылығы
қанық. Мерейлі сәтті қалт жібермей осы топтың жетекшісімен сұхбаттасуды жөн көрдік.
Аудандағы өтетін әр шараны бимен көркемдейтін
даланып, оны жарыққа шығарып, іске асырушылармыз. Білікті көшбасшы, қазақ елінің Тәуелсіздігінің негізін
қалаушы
Елбасының
«Дипломмен
ауылға»
бағдарламасының аясында осы
ауданға келіп, еңбек етудемін.
Аудан басшылары мен мәдениет
бөлімі,
мәденисауық
орталығының
басшыларынан
қолдау тауып, жұмысымды өткен
жылы бастағанмын. Міне, содан
бергі аралықта жеткен жетістіктеріміз жылға жүк болғандай.
Биылғы жылы балалар күніне
орай, 9 айдың қорытындысы ретінде
«Ғажайып өрнек» атты
«Балдаурен» тобы есеп беру мен
«Тұмар» бишілер тобының тұсау
кесер
концертімізді өткіздік.
«Тұмар» мен «Балдәуреннің»
өнеріне көрермендеріміз тамсанып, концертімізді
жылы
қабылдады. Концертімізде бізге
көп көмек берген мәдени сауық
орталығының жастары А.Ақанбаев, Ж.Ізтілеуов,
М.Сәдуов, А.Әбекеева, А.Молдабаева, Е.Әбжанов,
Е.Бекетаевқа және әдіскер Сәуле Абайқызына
алғысым шексіз.
Қазақ халқы қыз баланы жан-жақты тәрбиелеген. Қазақ
қыздарының бойындағы қасиет инабаттылық пен ізеттілік,
«Балдәурен» мен «Тұмар» би тобының жетекшісі Гүлдана
Меңдібаева. Былтырғы жылы қыркүйектен бастап «Тұмар»
тобын құрған көркемдік жетекшінің еңбегі орасан. Тал
шыбықтай бұралған биші шығару үшін талай тер төгу
керек болса Гүлдана Қасымжанқызы сол еңбектің жемісін
көре бастады. «Балдәурен» үлгілі бишілер тобының негізі
1989 жылы Қорлан Мұқатаеваның жетекшілігімен құрылып
1991 жылы осы топқа «Үлгілі» деген атақ берілген болатын. Кейін бұл топты ҚР мәдениет қайраткері Ләззат
Жұмабекова басқарып, талай биіктерді бағындырды.
«Балдәурен» үлгілі бишілер
тобы
республикалық,
халықаралық байқауларда жүлделі орындарға табан тіреді.
2017 жылдың күзінен бастап бұл топтың жетекшісі хареограф Гүлдана Меңдібаева. «Балдәурен» тобы осы жылдың
көлемінде облыстық, республикалық байқауларда олжалы
болып, өз өнерлерінің жақсы деген бағасын алды.
-Өнер –әр адамға берілетін Алланың сыйы. Біз соны пай-
көркемдік пен әсемдік би қимылдары арқылы көпшілікке
жету керек. Би композициясы жайдан құрылмайды. Оның
айтар ойы мен жеткізер
мәні бар. Біз әр мерекелік
шараларға
тақырыпқа
сай
би
дайындасақ, облыстық,
республикалық,
х а л ы қ а р а л ы қ
байқаулардың талабына
сай оларға да өзгеше
би
дайындаймыз.
Жалпы биылғы барған
байқаулардан құр алақан
келмедік. Барлығында
жүлделі үштіктен орын
алып, мерейіміз өсіп
оралдық. Атап айтсам: Республикалық «Әдемі -ай» балалар
байқауында «Балдәурен» үлгілі бишілер тобы ІІ орын,
Астана қаласында өткен «Астана STARS» халықаралық
байқауында «Тұмар» тобы ІІ орын, Астанада өткен «Гранд»
фестивалінде «Тұмар» тобы ІІ орын, Қарағанды қаласында
өткен «Шоқ жұлдыздар» байқауында ІІІ орын, Алматыда өткен халықаралық ХҮ
«Ақ көгершін»
байқауында «Балдәурен» ІІІ-дипломант атанды.
-Халықаралық, республикалық байқауларға
қатысушылардың көп болатыны айдан анық. Сол
додада бақтарыңыз жанып, бәйгенің алдында
болуларыңыз бұл сіздердің еңбектеріңіз. Болашаққа
жоспарыңыз қандай? Биші балаларыңыз жайлы не
дейсіз?
-Әрине, топты баламен іссапарға шығу оңай емес.
Әр топтың өз ата-аналар ұйымы бар. Атааналарымыздың көмегіне көп жүгінеміз. Әр байқауға
біз жақсы би дайындасақ, «Тұмар» тобының ата-аналары киім тіктіруге өздері демеуші болады. Бұл
топтың киімін көбіне жеке кәсіпкер, ісмер тігінші
Қаламқас Әштаева тігеді. Ал, «Балдәурен» үлгілі би
тобының киімдеріне мемлекет тарапынан қаржы
бөлінеді. Осы орайда алдағы уақытта «Тұмар» тобында «Үлгілі» би ансамблі етуді мақсат етудемін.
Ал, «Балдәурен» би тобын шетелдерге шығарып,
биші қыздарымның өнерлерін жаһанға көрсету арманым.
Әр бала менің өз баламдай. Олардан ұқыптылықты,
тәртіпті талап етемін. Екі топта жүзден аса бала бар.
Жоғарғы, орта, кіші топ болып бөлінетін 5 топтың өз жұмыс
кестесі бар. Әр топ аптасына 3 рет би үйренуге келеді.
Балаларымның жетістігі менің еңбегімнің жемісі.
Сондықтан әр балаға ерекше ықыласпен қарап, олардың
қабілет қарымының жоғары болуына ықпал етемін. Жүзден
аса ата-анамен жүздесіп, пікірлесемін. Ерекше атап өтейін
әр ата-ана жанашырым деп білемін. Ата-аналар ұйымының
жетекшісі Ақнұр Әлжаппаркеліні үнемі қолдау танытып,
балаларға демеушілік жасаса, өткенде бір жарыста Данияр
Кұдыкенов азаматтық танытты. Мәдени-сауық орталығының
директоры Айгүл Үмбетжанқызының қолдауы зор. Бүгінгі
мерекелік шарадағы аудан басшысының еңбегімізді бағалап,
балалардың барлығына сыйлық тапсыруы бұл өнерге деген
құрмет. Еңбегің еленіп, балаларың бағаланып жатса, мерейің
тасиды екен. Рахмет аудан басшысына. Өнер қолдаушылары
барда біз әлі биіктерді бағындырамыз.
-Сұхбатыңызға рахмет. Арман-мақсаттарыңызға
жетіңіз. Өнер бәрімізге ортақ. Біздің балалардың жетістігі бұл ауданымыздың мәдениет саласының жетістігі.
Олай болса өнерлі жастарымыздың өрісі кеңей берсін.
Салтанат АМАнҚЫзЫ
22 желтоқсан 2018 жыл
6
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Құрметті құдамыз Ынтымақ ауылының тұрғыны жәлел
Әбдиғожинді
70
жасқа
толар
мерейтойымен
құттықтаймыз. Аяулы құдағиымыз Зәуреш екеуі қол
ұстасып, зор денсаулықта болып, ұрпақ қызығына кенеле
беріңіздер.
Тілеген арман, ойлаған мақсаттарыңызға
жетіп, талай мерейтойларды еңсеруге жазсын.
Құтты болсын 70 деген жасыңыз,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Туған-туыс, бала-шаға қызығына кенеліп,
Алланың берген жасын жасап, ортамызда жүріңіз.
Денсаулық қуат берсін қартаймайтын,
Шаңыраққа шаттық берсін ортаймайтын.
Әрдайым абыройыңыз арта берсін,
Жасыңызға жас қосылсын, біз тойлайтын.
игі тілекпен: құда-құдағилары-Рымкеш, Кенжебай-Айман, Әбушахма-Әйгерім
және Кокиндер әулеті
«о результатах аудита финансовой отчетности
в учреждениях Карагандинской области»
Цель аудита финансовой отчетности состоит в выражении мнения о достоверности финансовой (бухгалтерской) отчетности проверяемых учреждений и организаций, повысить
степень уверенности соответствия порядка ведения бухгалтерского учета законодательству
Республики Казахстан.
Именно аудит достоверности финансовой отчетности на сегодняшний день должен осуществляться в обязательном порядке организациями, которые соответствуют критериям Закона Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности».
Департаментом внутреннего государственного аудита по Карагандинской области в соответствии с перечнем государственного аудита на 2018 год и поручением комитета внутреннего государственного аудита Министерства финансов Республики Казахстан осуществлен
аудит финансовой отчетности за 2016-2017 г.г. в 2-х подведомственных учреждениях Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Карагандинской области.
Проведенным аудитом выражено мнение, что аудиторский отчет по финансовой отчетности
принят с оговорками, так как допущены нарушения влияющие на искажение финансовой
отчетности. В соответствии с порядком ведения бухгалтерского учета в государственных
учреждениях, содержащихся за счет республиканского и местных бюджетов, финансовая
отчетность Департаментов достоверно представило финансовое положение на конец отчетного периода по всем существенным аспектам. В РГУ «Департамент Комитета охраны общественного здоровья министерства здравоохранения Республики Казахстан по
Карагандинской области» установлены нарушения на общую сумму 17118,8 тыс.тенге в том
числе финансовые нарушения на сумму 2322,7 тыс.тенге и процедурные нарушения 14796,1 тыс.тенге. Подлежит возмещению в доход бюджета-96,1 тыс.тенге, которые в ходе
аудита возмещены в полном объеме. Восстановлению по бухгалтерскому учету-2231,1
тыс.тенге. За 2017 год по 17-ти серверам, которые не были установлены и не использованы
по прямому назначению по бухгалтерскому учету начислено амортизация на сумму 2 231,1
тыс.тенге.
Допущено совершение гражданско-правовых сделок до вступления договоров в законную
силу на общую сумму 13081,8 тыс.тенге, произведено излишнее списание горюче-смазочных материалов на 61,6 тыс.тенге.
В РГУ«Департамент Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Карагандинской области» установлены нарушения на общую сумму
1326,2тыс.тенге, в том числе финансовые нарушения- 1286,2 тыс.тенге, процедурные нарушения-40,0 тыс.тенге.
Подлежит возмещению в доход бюджета-636,1 тыс.тенге, восстановлению-650,1тыс.тенге,
которые в ходе аудита возмещены в полном объеме и восстановлены по бухгалтерскому
учету. По бухгалтерскому учету допущены неверные бухгалтерские проводки в сумме 686,5
тыс.тенге, за 2016-2017г.г. допущена необоснованная выплата премии на сумму 622,5
тыс.тенге.
На основании вышеуказанного следует отметить, что прозрачность и достоверность финансовой отчетности организаций определяет долгосрочные перспективы финансового развития и лежит в основе его инвестиционной привлекательности.
отдел аудита соответствия №2 департамента внутреннего
государственного аудита по Карагандинской области
Көңіл айту
Аудандық ішкі саясат бөлімі, “Жаңаарқа” газетінің ұжымы, жастар ресурстық
орталығының ұжымы ішкі саясат бөлімінің есепшісі Лаура Бекболатқызына
атасы ҚАйЫРжАн жАХМЕТовТЫҢ
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Ынтымақ ЖОББ
мектебінің ұжымы осы мектептің ұстаздары Сейдуалина Айткүл, Мыңжасарова
Ғайнижанға
ЕнЕЛЕРІнІҢ
қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады
жарамсыз деп танылсын
жылқыбаева ұлпан жамбылқызының атына 2012 жылы Бидайық орта мектебін бітіргендігі туралы берілген №0420071 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп
танылсын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қараағаш ауылының тумасы. Бір әулеттің алға ұстар ағасы.
жанғозин Тәттімбек Мұқыұлы Сізді 60 жасқа толған
торқалы мерейтойыңыбен шын жүректен құттықтаймыз.
Өмір жолында еңбексүйгіш, нағыз азаматтық қасиеттерге
ие, ірі тұлға ретінде өз ортаңыз, еліңіз қатты қадірлейді.
Еңбекке ерте араласып ауыл шаруашылығының дамуына
мал басының көбейіп өсуіне барынша еңбек етсеңіз.
Бүгінде Орман шаруашылығында табиғат тыныштығының
сақталуына, қоршаған ортаның қорғалуына қызмет етіп келесіз. Осынау игілікті істе қажыр қайратыңыз талмай еңбек
ете беріңіз.
Кемел жас – 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға
мәлім.
Мерейтойыңызды отбасының алтын қазығы болған жанжарыңызбен бірге бала-шағаның, ағайын-туыстың шаттыққа толы ортасында қарсы
алып отырсыз.
Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілген шақта, өзіңізге
және отбасыңызға амандық, деңінізге саулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ тілейміз.
нағашылары: имантүсіповтер әулеті
Мәуліт мерекесі Бидайықта
Жақында, Бидайық
ауылдық округінде,
адамзаттың
асыл
тәжі
болған
Мұхаммед
(с.ғ.с)
Пайғамбарымыздың
туған
(Мәуліт)
айының құрметіне
о
р
а
й
ұйымдастырылған
діни-мәдени шара,
мерекелік деңгейде
өткізілді.
Ауданымыздың
бас имамы болып
келгеніне көп уақыт
өтпесе де, өзінің
білім
тәжірибесінің, шыншыл да турашыл
ой-жүйесінің, өзінен
де, өзгеден де талап ететін әділетті болмысының нәтижесінде аудан жұртының кеңінен
лайықты бағасын алып жүрген Асхат Қанай, кездесуді құран оқумен бастап,
Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмыры жайлы әсерлі де ұғымды баяндаған еді. Одан соң
ауыл имамы А.Бакарамов, сондай-ақ Бидайыққа қарасты Ақтайлақ ауылының имамы
А.Сағанаев сөз алып, Ислам шариғатының әлемдік рухани деңгейі, барлық адамзатқа
түсірілген соңғы кітап Құранның баға жетпес қасиеті, өмір қағидаларына сай келетін
ұлағатты өсиеті, қырлы да сырлы, мәңді де сәнді өмірбаяны жайлы әңгімелеп берді.
Арасында ауыл ақсақалдары Тамабай, Серік, Сейтжан сынды қажырлы қариялар сөз
сөйлеп, баталарын берсе, өзет клуб меңгерушісі Э.Кимнің дайындаған оқушы балалары,
діни тақырыпқа тақпақ оқып, әндер орындады. Мәуліт мерекесінің қорытынды сөзін
қарапайым да білімді әкім Н.Жамауов сөйлеп, арнайы барған имамдарға, өнерпаз балаларға
және жиналған ауыл тұрғындарына алғыс айтты.Игілікті де ізгілікті шара, өзіндік ерекшелігімен мағына мен өсиетке толы болды.
п.жҮКЕнов
Қызылша ауруынан алдын ала сақтанайық
Қызылша (корь) – адамдардың сезімталдығы 93-95 % құрайтын, аса жұқпалы инфекциялар тобына жататын жұқпалы ауру. Қызылша вирусы ауа-тамшылы жолмен таралады. Ауру
жұқтырған науқас қоршаған ортаға денесіне бөртпе шыққан 2-4 күндер аралығында қауіпті
болып есептеледі. 5-інші күннен, бөртпесі солғындау тартқаннан бастап қоршаған ортаға
қауіпі сейіледі. Ауру 9-17 күндерге, көп дегенде 21 күнге ұласады. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының 38-39С, тіпті 40С-қа дейін көтерілуінен, жоғарғы тыныс алу
жолдарындағы және көзінің сілемейлі қабаттарының зақымдалуы себепті мұрны бітеліп,
құрғақ жөтел пайда болуынан, жарыққа қарай алмауынан басталады. 2-4 күн өткеннен кейін
ашық дақты-папулезді бөртпе пайда болады, ол ұсақ немесе ірі болуы мүмкін, жылтырап
тұратын да қасиеті бар. Әр бөртпеге тән қасиет кезең-кезеңмен, кезек-кезекпен шығу
қызылшаға да тән. Әуелі бетке, одан кейін денеге шығады, ақырындап-ақырындап аяқ-қолға
көшеді. Бөртпе көшкен сайын бұрынғы шыққандары азая береді.
Қызылшамен ауыратын науқастарда отит, өкпе қабынуы, іш өту, көз көруінің жоғалуы,
постинфекциялық энцефалит және өте аз кездесетін жеделдеу склероздық панэнцефалит
сияқты бір немесе оданда көп асқынуларына алып келуі мүмкін.
Үй жағдайында өздігінен емделуге болмайды. Алғашқы белгілері білінген жағдайда
тұрғылықты мекенжай бойынша емханаға, жедел жәрдем станциясына, жұқпалы аурулар
ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмекке жүгіну қажет.
1 және 6 жас аралығында жүргізілетін екпе шараларын қабылдау нәтижесінде ғана
қызылша ауруының алдын алуға болады.
ЕСІҢІзДЕ БоЛСЫн!
Қызылшадан сақтанудың тиімді жолы – ол вАКЦинАЦияЛАУ.
жаңаарқа ауданының қоғамдық денсаулық сактау басқармасы
Қылқан жапырақты ағаштарды қорғау айлығы жарияланды
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі
Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі мемлекеттік Орман қоры жерлерінде 225 гектар көлемінде қылқанжапырақты қарағай ағаштары өсіп
тұр. Бұл қарағай өскен аймақ Үкімет Қаулысымен ерекше
қорғалатын аймақ болып табылады. Бұл аймақта ағаш кесуге қатаң тиым салынған.
Заңсыз ағаш кескен жағдайда Қазақстан Республикасының
қылмыстық Кодексінің 340, 341, 342 баптарына сәйкес
қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Жаңа жыл қарсанында қалыптасқан дәстүрге сәйкес, мекемелерімен тұрған үйлерде шырша қойлатыны белгілі. Ал
кейбір азаматтар білместіктің салдарынан орман қорында өсіп
тұрған қарағайды шыршамен шатастырып, заңсыз кесіп әкету
фактілеріде кездесіп жатады.
Осы келеңсіздіктің алдын алу мақсатында мекеме
қызметкерлері табиғат қорғау полицейлерімен бірлесіп, орман
алқаптарында рейд жүргізеді.
Сондықтан аудан халқын табиғатқа залал келтірмей, жас
қарағай ағаштарды бірлесіп қорғауға шақырамыз.
н.Көшмағанбетов,
«орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі
жаңаарқашаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің Техника қауіпсіздігі инженері
22 желтоқсан 2018 жыл
7
ЕСкЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, ардақты әкеміз, асыл
жар, қамқор ата ибраев Сәбит Мейрамұлының дүниеден
өткеніне жыл толды.
Отбасымыздың қорғаны, қамқоршымыз болған әкеміздің
орны ойсырап, төріміздің сәні мен мәні кеткендей жанжүрегіміз қайғы мұң шекті.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда үлкен жүректілігімен
өшпес із қалдырған аптал азаматтың жаны жәннатта болып,
топырағы торқа болуына тілекшіміз.
Көзден кетсеңізде көңілден кетпейсіз, сағынышпен еске
ала отырып, Алланың нұры, Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағаты
жаусын.
Артында қалған анамызға, балалары мен бауырларына
Алла тағала ұзақ та бақытты ғұмыр нәсіп етсін.
Аттамаған ала жібін ешкімнің,
Сақтамаған көңілінің кірбінің.
Адал едің, ақ едің ғой өмірде,
Татпадың-ай, неге дәмін өмірдің?!
Қош, Әкежан, ендігі өмір мәңгілік,
Ұрпағыңа келе берсін таң күліп.
Асыл бейнең, жарқын жүзің сақталып,
Жүрегімізде жүреді әр кез жаңғырып.
Еске алушылар: ибраевтар әулеті
7 қаңтар күні сағат 13.00-де Қарағанды қаласында Жаңа мешітте әкеміздің өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы ас беріліп, құран бағышталады
ЕСкЕ Алу
Ардақты да асыл ана, адал жар, сүйікті де мейірімі мол
әже болған Қасымқызы Тиыштық иманбайкелінінің
арамыздан
алшақтап, о дүниелік
болғанына 29
желтоқсан күні 40 күн толды.
Шашақты шаңырақтың панасы, ордалы ошағының тілеуі, бала-шағасының қорғаны, әкемізге өмірлік серігі
болған аяулы анамызды сағынышпен еске аламыз.
Анамыздың арамызда
болмауы
қабырғамызды
қайыстырып, туған үйдің төріндегі орны ойсырап
тұрғаны жанымызды жабырқатады.
Анажан шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық ана, сізді баршамызда.
Жан- ана, ұл-қызыңның тірегі едің,
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,
Айтқан сөзің, құлынымдаған даусың жадымызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандарың еске алады.
Өзіңізбен өткен әрбір күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Еске алушылар: жолдасы-Аманкелді, балалары, немерелері, шөберелері
29 желтоқсан күні сағат 13.00-де “Сәт” мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСкЕ Алу
Түгіскен ауылының тумасы, Жәйрем кентінің тұрғыны
болған ардақты әкеміз Сүйменов Күзек Ердешұлы арамызда болғанда 24 желтоқсан күні 59 жасқа толар еді.
Әттең өмір, ол күнді көруді маңдайына жазбапты.
Әр сәт үйіміздің қорғаны, немерелерінің сүйікті атасы,
балаларының ақылшысы болған асқартау әсемізді сағына
еске аламыз.
Елу тоғызға келетін еді әкеміз,
Еске аламыз сағынып енді әркез біз.
Алланың берген өмірі осы болыпты,
Қарсы келмедік, не шара, енді қайтеміз?!
Қадірлі еді туғанға да, жатқа да,
Ниеті түзу өзі түгелі басқаға.
Үлкен де демей, кіші де демей әкетай,
Жүре беретін әр тойды өзі басқара.
Әкеміз біздің жүрегі алтын жан еді,
Көңілі таза, жаны бір сондай әдемі.
Танитындар сағынып еске алады,
Жаратушыға жақсы адам екен керегі.
Жиенді болып, ұшырып қызды қияға,
Немере сүйді, қондырып ұлды ұяға.
Жан Әке! Сізге құран бағыштап отырмыз,
Бақытыңызға осылар ғана сыя ма?!
Анамыз қалды, егіліп күнде жылайды,
Ұлдары болса Тәңірден сабыр сұрайды.
Немерелері “Ата” деп қалған кездері,
Жанарымыздан амалсыз тамшы құлайды.
Барлық шараға сіз арнайтынсыз өлеңді,
Кейде шағындау, кей кезде тіпті көлемді.
Ал, енді міне біз Сізге арнап отырмыз,
Жәннатта болсын жаныңыз Әке өнерлі!
Еске алушылар: анасы-Қадиша, жары-жұмакүл, балалары-Дархан-Мөлдір, Дастан-Роза, Айнұр-Дархан, Бекзат-Мәдина, немерелері-Айару, Аяжан, Айша, Аяна,
Әбілмәнсұр, Айсұлтан, жиендері-Аржан, Арнұр, Арсен.
жАХМЕТов ҚАйЫРжАн жҮКЕнұЛЫ
14-желтоқсан күні ауданымызға белгілі азамат
Жахметов Қайыржан дүниеден озды.
Қайыржан Жүкенұлы 1947 жылы Жаңаарқа ауданында туған.
1971 жылы Целиноград инженерлік құрылыс институтын “Инженер құрылысшы” мамандығы бойынша бітірген.
1971-1973 жылдары еңбек жолын Жаңаарқа
ауданының ПМК-1015 мекемесінің техникалық
бөлімінің инженері болып бастады.
1973-1983 жылдары Ертіс канал құрылыс
мекемесінің техникалық бөлімінің инженері, прораб, участок басшысы, техникалық қызмет көрсету
бөлімінің бастығы, бас инженер болып қызмет
атқарады.
1983-1993 жылдары ПМК-78 мекемесінің бастығы,
ПСЭО “Жезқазған мелиорация” мекемесінің бас инженері болып істеді.
1993-1997 жылдары Ертіс канал су құрылысы мекемесінің бас инженері және директоры
қызметтерін атқарған.
Ертіс канал құрылыс мекемесіндегі істеген еңбектері үшін бірнеше рет алғыс дипломдарымен және “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
1997-2000 жылдары ЖРЭС электроэнергия мекемесінде еңбек етті.
2000-2002 жылдары аталған мекеменің конкурстық басқарушысы болды.
2002-2005 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты.
2005 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша Жаңаарқа ауданы коммуналдық
шаруашылық мекемесінің директоры қызметін атқарды.
ҚР “Құрметті құрылысшы” төс белгісі медалімен, республикалық, облыстық, аудандық
деңгейдегі Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Зейнеткерлікте болса да еңбек жолын әрі қарай жалғастырды.
Қ.Жахметов сараптамалық жұмыстар және инженерингтік қызметтер жөніндегі
сарапшылық мәртебесі берілген және осы қызметтің техникалық қадағалау түрі бойынша
жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілерге технологиялық жабдықтар
бөлігінде мамандығына байланысты жұмыстарды жүзеге асыру құқығы берілген.
Аудан бойынша бірінші шақырылған округтік сайлау комиссиясының төрағасы болды.
Жолдасы Гүлнәр өзіне сенімді, адал жар, балаларына ардақты ана болды.
Балалары Айнұр, Төрехан, Назгүл отбасылы, үлгілі шаңырақ иелері.
Қайыржан Жахметовтың жарқын бейнесі танитын барлық адамдардың жүрегінде мәңгі
сақталады.
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, ардақты жан.
Ю.Бекқожин, Қ.имантүсіпов, Қ.Қожықаев, Б.Серіков, Б.Мұқанов, А.Әбдіғожин,
А.Түсіпов, А.Аманбаев, Ғ.Төтеев, Х.Сәтжанов, Б.Қасенов
шІКІРов ТАйЛАҚ (АМАнБАй)
Шікіров Тайлақ 1945 жылы Жаңаарқа ауданында
дүниеге келген.
Сол кезеңдегі
ата-дәстүрге
сай Атасу
стансасындағы Шікір әкесінің бауырында болып,
тәрбиесіне өскен Тайлақ ерте есейді.
Тайлақ Шікірұлы еңбек жолын автокөлік
жүргізуші болып, ерте бастады.
Көп жылдар Ақтау совхозында автокөлік
жүргізушісі, машина-трактор цехының басшысы,
бөлімше меңгерушісі қызметтерінде болды.
Қай қызметте болсада Тайлақ Рахметұлы өз ісіне
жауапкершілікпен қарады.
Өзі басқарған бөлімше алдыңғы қатарда болды.
Совхоздың мал басының өсуіне, шаруашылықтың
дамуына оң әсерін беріп отырды.
Ауыл тұрғындарының, жолдастарының арасында
Тайлақ Шікірұлы сыйлы, құрметті болды.
Адал еңбегінің арқасында аудандық, облыстық, дәрежедегі марапаттарға ие болды.
Өмірлік жары Танакүлмен сыйластықты 50 жылдан астам өмір сүріп, дүниеге 12 бала
әкелді.
Адамгершілік биігінен көрінген абзал азаматтың жарқын бейнесі оны танитындардың
мәңгі есінде.
Жатқан жері жайлы, топырағың торқа болсын.
Аудандық ардагерлер ұйымы
БЕззАЛоГовЫЕ КРЕДиТЫ
ДЛя пЕнСионЕРов
от Азиатского Кредитного Фонда
БЫСТРо, УДоБно, БЕз КоМиССий,
нА ЛЮБЫЕ ЦЕЛи
марал+7 771 7470685
•Сумма кредита – до 500 000 тенге
•Срок кредита – до 18 месяцев
•Быстрое оформление – решение
в день обращения
•Документы – удостоверение личности и пенсионная книжка
Мы ждем вас!
наш адрес: п.Атасу, ул.Тауелсиздик, 5\1,контактныйтелефон:
тел. 8 (710-30)2-80-47,
нурсултан + 7 771 266 57 00, Ак-
Тәуелсіздік – баға жетпес
байлығым
Болашағы біздің елдің
Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-
аңсарының жүзеге асқан ақиқаты дейтін болсақ, еліміздің әрбір азаматы
үшін, Тәуелсіздік күні − ерекше қастерлі күн. Бұл күн біздерге оңай келмегені рас. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір
азаматы үшін қастерлі мереке.Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік
үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу
міндеті тұр.
Осы мақсатта 12-желтоқсан күні «Қарлығаш» балабақшасында,
«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты тақырыпта және
балабақшамыздың ашылғанына 13 жыл толуына орай балабақша
бүлдіршіндерінің қатысуымен ертеңгілік өте жоғары дәрежеде өтті. Қазақ
елінің басынан өткерген тарих толқындарын тәрбиешілер сомдап, еліміздің
Әнұраны орындалып, бүлдіршіндердің жырларынан шашу шашылып,
әдемі би қойылымдармен жалғасты. Осындай ұлттық патриоттық тәрбие
беріп отырған балабақша тәрбиешілері Темірбекова Маржан, Омарова
Айнұр, Жүнісова Қастерлес апайлардың ерекше еңбегі зор деп айтқымыз
келеді.
«Қарлығаш» балабақшасының басшысы Жумкина Динара Боранқұлқызы
әрқашан да әрқайсымыздың кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ
ұлы Отанымыздың Тәуелсіздік күні құтты болсын дей келе, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін,
балабақшамыз көркейіп, тәрбиелі ұрпақ көбейте берсін деген ізгі тілекпен
ертеңгілікті аяқтады.
«Алан» тобының ата-аналары
Тәуелсіздік басқа қонған бақ
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнен барлық қиындықтарын
жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді.
Осы мақсатта ауданымыздың қара шаңырақ білім ордасы О.Жұмабеков
атындағы орта мектепте “Білім негізі бастауышта” сынып оқушыларымен
ұстаздары Тәуелсіздікке онкүндік арнады. Онкүндікте әр түрлі іс-шаралар
жүргізілді.
Бірінші сынып оқушыларының қарым қабілетіне қарай Тәуелсіздік туралы мағлұмат беріп, еліміздің өркендеу жолындағы жетістіктеріміз туралы баяндалды. Он күндік барысында оқушылар арасында сурет
байқауын ұйымдастырып, елордамыз Астананың бүгінгі келбеті бейнеленді. Балаларға рәміздер туралы баяндап, Тәуелсіздіктің құндылықтары
туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәуелсіздік жайлы өлеңдер
жаттатқызып, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақ екенін яғни өздері екенін
түсіндірді.
Аталмыш шараны ұйымдастырған сынып жетекшісі Мырзабекова
Жарқын Асқарбекқызы. 2006 жылдан бері ауданымыздағы О.Жұмабеов
атындағы орта мектепте бастауыш сынып ұстазы болып қызмет атқаруда.
Жарқын Асқарбекқызы өз ісінің шебері, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып адамгершілік
рухты бағыт бағдар беріп келе жатқан рөлі ерекше жан. Сондықтан да ол
әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаз жас ұрпақтың рухани
сәулеткері, қоғам халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді
өкілі. Ол кісі сол сенімді ақтай отырып зерделі де зерек парасатты, ұлттық
және адамзаттың құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды
тәрбиелеуде.
Саналы ұрпақ тәрбиелеп, олардың бойына Отансүйгіштік қасиетті сіңіре
білген ұстаздың ашық сабағы өте жоғары деңгейде өтті.
ж.ТАҒАЕв, А.ХАСЕновА,
1-Б сыныптын ата-аналары
“Аудандық “жаңаарқа” газеті редакциясы”
жшС басшысы - бас редактор
ЕРАЛинА САЛТАнАТ АМАнҚЫзЫ
МЕншІК иЕСІ: аудандық ”жаңаарқа“ газеті жшС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ889261201186721004, Бин 010340002761, БиК KZKоКZKX, КоД 17,
Рнн 240400001948, Ао “Казкоммерцбанк”
Елбасы Н.Назарбаевтың
“Сіздер мен біздер тек
болашақ буынды емес жалпы
адамзаттық қадір қасиеттердің
мән- маңызын түсінетін жаны
да, тәні де таза, патриот азаматтар буынын тәриелеуге
міндеттіміз”,- деп айтқандай
бала біздің болашағымыз,
бала
тәрбиесі
еліміздің
әлеуметтік
дамуының,
құрылымының
келешегін
айқындаушы деп есептейміз.
Егемен еліміздің көк туын
желбіретер ертеңгі болашақ
яғни, бүгінгі бүлдіршіндер
тәрбиесі аса ауқымды, назар
салатын мәселелердің бірі. Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ. Бүгінде білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып
келетін уақыты. Міне, еліміздің Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толғалы отыр. Осы мерекеге байланысты №132
ЖОББ мектебінде “Тәуелсіздік-тұғырым” атты 2-Б сыныбында тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Онда
оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, өлең шумақтарын оқып, патриоттық флешмоб билеп,
өздерін жан-жақты қырларынан көрсете білді. Осы мерекеге мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушілерінің
ұйымдастыруымен мектепішілік патриоттық ән сайысы өткізілді. Бұл шараға №132 ЖОББМ бастауыш сынып
ұстаздары ән сабағынан аянбай білгендерін үйретіп, сыныптарымен жүлделі орындарға ие болды. Айта кетсек,
2-Б сынып оқушылары “Болашағы біз елдің” атты әнді шырқап жүлделі ІІ орынды иеленді.
Мерекелік шараға қатысқан ата-аналар ризалышылығын білдірді. Қазір бейбіт өмір, бейбіт елдің ұрпағымыз.
Дербес мемлекет ретінде көк Туымыздың желбіреп тұрғанын көрудің өзі зор қуанышқа бөлейді. Еліміздің Егемендігі жасай берсін!.
Фариза иСЛяМовА
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Себебі, осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Биыл
осы мерекені «Балдырған»
балабақшасы да ерекше атап
өтті.
Балабақшаның «Қарлығаш»
тобының бүлдіршіндері мерекеге сай безендірілген залға
жиналды. Мерекелік шараны
ата-аналар
мен
бірге
балабақшаның қызметкерлері
тамашалады.
Балалардың Отан туралы
алған білімдерін, мемлекеттік
рәміздер туралы түсініктерін
жетілдіріп, Тәуелсіздікке қалай
қол жеткізгеніміз туралы
мағлұматтарды ұғындырып, Отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін оятуды мақсат еткен шара тартымды
өтті. Рухани байлықтарды бала бойына сіңіре білген топтың тәрбиешілері Бибісара Омарова, Гауһар
Ақтанберлиева, Сайраш Тәжмағанбетова мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге бағытталған патриоттық ән-жырлар көптеп айтылды. Топтың балалары ортаға шығып, көрініс көрсетіп, тақпақтар мен өлеңдер айтып, би биледі. Бұл мерекеде балаларға Отан,
Астана жайында сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға балалар белсене қатысып, білімдерін шыңдай түсті.
Мерекенің барысында «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Райхан Темірбайқызы ата-аналар мен балаларды мерекемен құттықтап, мерекенің маңыздылығын түсіндіріп өтті.
өз тілшімізден
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік” деген тақырыпта 3-В сыныбында ашық тәрбие
сағаты өтті. Аталған
сынып сағатын сынып жетекші Жүзім Рахымжанова
ұйымдастырып өткізді.
Тәуелсіздік
тарихына
шолу
жасау
арқылы
о қ у ш ы л а р д ы ң
танымдылық қабілетін жетілдіріп, олардың өз бетімен ізденуге бейімдеп,
шығармашылығын
ұйымдастыру,
ҚР-ның
рәміздерін
құрметтеп,
Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеуді көздеген тәрбие сағатына оқушылар өте белсенді қатысты. Желтоқсан
құрбандары Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабира атты азаматтарды еске алды.
“Қайрат тергеуші алдында” атты көріністер келтіріп, партиоттық әндер шырқап, өлең -жырлар оқыды. Серік
Алтайбек, Әбілдә Шахрияр, Серікбай Айғаным, Хангелді Нұрислам көрініс көрсетсе, Мәнсүр Фатима, Файзрахман Аружан, Бейсенбаев Диас, Ерғалиева Әмина, Аманбай Ділнәз патриоттық өлең оқыды. Төкен Инабат
“Қара бауыр қасқалдақ” әнің орындады.
Тәрибе сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баян Алашбаева құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ақ тілегін
арнады.
3-в сыныбының ата-аналары
Құрылтайшысы: жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1600 дана
Тапсырыс №52
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
9
Размер файла
94 633 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа