close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 2qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№2 (9891), 12 қаңтар, 2019 жыл
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп
беру кездесулерін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық
атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің,
ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016
жылғы 5 ақпанындағы №190 Жарлығына сәйкес
қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде
жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету,
атқарушы органдардың және ұлттық жоғары оқу
орындарының халық алдындағы ашықтығын,
жауаптылығын, есептілігін арттыру мақсатында:
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін 2019 жылдың қаңтар айының 14-нен 31-ші
жұлдызы аралығында өткізу, ал аудан әкімінің кент
және ауылдық округтердегі есептік кездесулері кент
және ауылдық округтер әкімдерінің тиісті әкімшілік
аумақтың орталықтарында өткізілетін есептік кездесулерімен бірге өткізілуі қамтамасыз етілсін;
Аудан әкімінің халыққа қорытынды есеп беру кездесуі 2019 жылдың ақпан айының 8-ші жұлдызында
өткізілсін;
1. Аудан әкімі, кент және ауылдық округтер әкімдері
есептік кездесулер барысында жасалатын есептерінде
алдыңғы есептік кездесулер барысында түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша
атқарылған іс-шаралар туралы, елде және аймақтарда
жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асырылуы,
мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан
халқына арналған Жолдауларында және бес
әлеуметтік бастамасында берген тапсырмаларының
іске асырылуы туралы, Елбасының қоғамдық сананы
жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру» және «Ұлы
даланың жеті қыры» атты бағдарламалық
мақалаларын жүзеге асыру барысы туралы, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың (сол өңірге
қатысты мәселелер бойынша) орындалуы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы
күрес шеңберінде қабылданған шаралар туралы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтікэкономикалық дамуының міндеттері мен негізгі
бағыттары, әкімшілік-аумақтық бірліктің негізгі
мәселелері және оны шешу бойынша атқарылып
отырған жұмыстар туралы, әкімнің алдағы жылға
және жақын болашақтағы іс-қимыл бағдарламасы туралы баяндамада болуын қамтамасыз етсін;
2. Аудан әкімінің, кент және ауылдық округтер
әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізудің желілік
кестесі бекітілсін (№1, №2 қосымша). Ол аудандық
«Жаңаарқа» газеті беттерінде жариялансын;
3. Тұрғын халықтың ұсыныстарын, ескертулерін
және үн қатуларын жинақтау, есептік кездесулердің
өту тәртібін жасау, адамдардың көп жиналатын орындарына стационарлық жәшіктердің жеткілікті санын
орналастыру, әкімдіктерде «ыстық желілер»
ұйымдастыру аудан әкімі аппаратының басшысы
А.Әбдіғожинге жүктелсін;
4. Аудан әкімінің есептік баяндамасының жобасын
дайындауды және оны аудандық газет бетінде жариялауды қамтамасыз ету, кент және ауылдық округтер
бойынша аңықтама құжаттарды әзірлеу аудан әкімінің
орынбасарлары
Б.Серіковке,
Қ.Қожықаевқа,
Б.Мұқановқа, аудан әкімі аппаратының басшысы
А.Әбдіғожинге жүктелсін;
5. Есеп беру науқаны кезінде елді мекендерге баратын автокөлік жолдарының қардан тазалығын және
жол қауіпсіздігін сақтауды ұйымдастыру аудан
әкімінің орынбасары Б.Мұқановқа, аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы С.Сағынтаевқа тапсырылсын;
6. Есеп беру науқаны мерзімінде аудандық газет беттерінде есеп беру кездесулерін өткізуге байланысты
тұрақты айдарлар ашу ішкі саясат бөлімінің басшысы
Р.Казимовқа, аудандық «Жаңаарқа» газетінің редакторы С.Ералинаға жүктелсін;
7. Әкімдердің есептік кездесулерінде тұрғын
халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге
асыру жөніндегі іс-шаралар соңғы есеп беру кездесуі
өткізілген күннен 10 күннен кеш емес уақыт ішінде
бекітілсін;
8.Есеп беру кездесулеріне байланысты тұрақты мониторинг жүргізу аудан әкімі аппаратының басшысы
А.Әбдіғожинге, аудан әкімі аппаратының бақылау
және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Ақыжановқа тапсырылсын;
9. Әкімдердің есеп беру кездесулері кезінде тұрғын
халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары экономика және
қаржы бөліміне ұсынылсын;
10. Әкімдердің есептік кездесулеріне дайындық және
өту барысында тұрғын халықтан түскен ұсыныстар
мен ескертулерді жүзеге асыру жөнінде бекітілген ісшаралардың іске асырылуы туралы тұрғын халықты
ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы тоқсан сайын хабардар ету аудан
әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Ақыжановқа
жүктелсін;
11.Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму
қорытындыларына сәйкес кент және ауылдық округтер әкімдері қызметін рейтингтік бағалау кезінде
әкімдердің есеп беру кездесулерінде тұрғын халықтан
түскен ұсыныстар мен ескертулерді орындаудағы
атқарып отырған жұмыстары ескерілсін;
12. Осы өкімнің орындалысына бақылау жасауды
өзіме қалдырамын.
Жаңаарқа ауданының әкімі
Ю.Бекқожин
Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар
үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен
жылғы 5 қазандағы Жолдауында
оны – Жастар жылы деп жариялаған
болатын.
Президент жастардың бүгіні мен
Тұрақтылық пен татулық басты байлығымыз
21 қараша күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы
даланың жеті қыры" мақаласы жарияланды. Бұл мақала «Рухани жаңғыру:
болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы екенін Бидайық ауылдық округ
әкімі Н.Жамауов түсіндіре отырып, ауыл тұрғындарына "Ұлы даланың
жеті қыры" мақаласын таныстырып өтті. «Ұлы даланың жеті қыры»
мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік
пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім
Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті
қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отырғаны адамдарды ойландырады.Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің негізін
қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Ұлы дала халқы терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі
әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек
жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты
да елеусіз қалмады.
Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы
төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма
жүктеді. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау,
түркологтардың дүниежүзілік конгрессін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты
ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды
міндеттер бар екені айтылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзіне асырудың алғашқы
кезеңінде атқарылған іс-шаралар алдағы уақытта атқарылатын
жұмыстарға бағыт-бағдар екендігін түсінеміз. Осыған орай, Бидайық
ауылдық округінің әкімшілігі мен тұрғындары «Рухани жаңғыру»
бағдарламасындағы міндеттер мен бағыттар бойынша алдағы уақытта
жүйелі түрде жұмыстарын жалғастырып, Елбасының «Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақаласына орай төмендегідей іс-шараларды бірінші кезекте
ескеру қажет деп санайды:
– Қазақ жазуының латын графикасына көшуіне байланысты Бидайық кітапханасында жаңа әліпбиді үйретудің ғылыми-әдістемелік кешенін
жасау; аудандық тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, оның оқуәдістемелік жабдықталуын қамтамасыз ету, оқытудың тиімді
инновациялық тәсілдерін қалыптастыру және тағы басқа жұмыстарды
жүргізу.
Біз әлемдік қоғамдастық лайықты түрде таныған өзіміздің қазақстандық
жолымызды бастадық. Қазақстан өзінің оң жетістіктерін, өзінің іркіліссіз
ілгері басуын жыл сайын әлемге паш етуде.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген
сөзінде еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр деген үш сөзге
сыйып тұрғандығын ерекше атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің тұғыры –
келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Әлем
елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі
көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның
басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады.
Ж.Жақиянова,
Ж.Жақиянова,
Бидайық ауылдық округінің жетекші маманы
қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы
білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар», – деген еді
өз сөзінде.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір
жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып
жүргендері баршылық.
Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі
сайыстарға қатыстырып, арнайы
грант ұтып алған жастар көп. Ал
оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға
қаржылық қолдау қажет.
Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы
қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып,
басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін. Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі
инновациялық жобаларды мақұлдау қажет.
Талантты, талапты жастар ауылда да жүр. Ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп
мүмкіндіктен қалыс қалуда. Елбасы мұны да қаперге салды. Ол ауыл жастарына кәсіп ашып,
іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті.
Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың
идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. 2019 жыл
жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!
Жүзім РахымЖанова ,
№ 132 ЖоББм бастауыш сынып мұғалімі
Жастар - қоғамның қозғаушы күші
болашағына қамқорлық жасауды өз
саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі
Жолдауларында жастар саясатын
жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені
жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.
Президент қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Оның қазақстандықтарды, бәрінен
бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді.
Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты.
Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа
зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық ісқимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты.
Н.Ә. Назарбаев: «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу
12 қаңтар 2019 жыл
2
Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғындардың
ұсыныстары мен ескертулері жазылған хаттарын
салатын жәшіктер қойылған орындар:
Рет
саны Елді-мекен атауы
1
атасу кенті
2
қызылжар кенті
ақтүбек ауылдық
округі
айнабұлақ
ауылдық округі
ақтау ауылдық
округі
Бидайық
ауылдық округі
Байдалы би
ауылдық округі
Ералиев ауылдық
округі
м.Жұмажанов
атындағы
ауылдық округі
қараағаш
ауылдық округі
Сейфуллин
ауылдық округі
Талдыбұлақ
ауылдық округі
Түгіскен
ауылдық округі
Целинный
ауылдық округі
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Рет
саны
2
1
3
4
5
6
7
8
9
Тұрғын халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерге арналған
жәшіктердің елді-мекенде орналасқан жері
Аудан әкімдігі, Атасу кенті әкімдігі, С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана,
Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты, аудандық пошта торабының
ғимараты, аудандық аурухана, №28 жол дистанциясы, локомотив депосы.
Орта мектеп ғимараты, пошта ғимараты
Ақтүбек ауылы – мектеп ғимараты, Өркендеу елді мекені – мектеп ғимараты,
Атасу станциясы – мектеп ғимараты, Манадыр станциясы – мектеп ғимараты
Айнабұлақ ауылы – клуб ғимараты, мектеп ғимараты
Ақтау ауылы - мектеп ғимараты, Қылыш елді мекені – мектеп ғимараты.
Оросительное ауылы - мектеп ғимараты, №69 разъезд – станция ғимараты,
Ақтайлақ елді мекені – мектеп ғимараты
Атасу ауылы – клуб ғимараты, №117 разъезд – станция ғимараты
Ералиев ауылы – мектеп ғимараты, №189 разъезд – мектеп ғимараты,
Жомарт станциясы – мектеп ғимараты
М.Жұмажанов атындағы ауылы – мектеп ғимараты,
Байғұл елді мекені – мектеп ғимараты
Ынталы ауылы – мектеп ғимараты,
Орман шаруашылығы елді мекені – мектеп ғимараты
Ынтымақ ауылы - мектеп ғимараты,
Жаңаталап елді мекен – мектеп ғимараты
Талдыбұлақ ауылы – клуб ғимараты, мектеп ғимараты
Түгіскен ауылы - мектеп ғимараты,
Кенжебай-Самай елді мекені – мектеп ғимараты
Орынбай ауылы - мектеп ғимараты, клуб ғимараты, Бидайық-2 елді мекені –
мектеп ғимараты
аудан әкімінің «Барлық деңгейдегі әкімдердің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«26» желтоқсан 2018 жылғы № 64 нқ өкіміне №1 қосымша
аудан әкімінің тұрғын халықпен есепті
кездесулерін өткізудің
ЖЕлІлІК КЕСТЕСІ
Есептік кездесудің өтетін жері
Есептік кездесудің өтетін
күні және уақыты
Есептік кездесуді
өткізетін орын
Қараағаш ауылдық округі
15.01.2019 ж сағ 15.00
Клуб ғимараты
С.Сейфуллин ауылдық округі
17.01.2019 ж сағ 15.00
Қызылжар кенті
21.01.2019 ж сағ 11.00
Айнабұлақ ауылдық округі
М.Жұмажанов ауылдық округі
Ақтау ауылдық округі
23.01.2019 ж сағ 11.00
Байдалы би ауылдық округі
25.01.2019 ж сағ 15.00
Бидайық ауылдық округі
28.01.2019 ж сағ 15.00
Целинный ауылдық округі
15
18.01.2019 ж сағ 11.00
Ақтүбек ауылдық округі
Ералиев ауылдық округі
12
14
17.01.2019ж сағ 11.00
21.01.2019 ж сағ 15.00
Талдыбұлақ ауылдық округі
13
15.01.2019 ж сағ 11.00
Түгіскен ауылдық округі
10
11
аудан әкімінің «Барлық деңгейдегі әкімдердің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«26» желтоқсан 2018 жылғы № 64 нқ өкіміне №2 қосымша
Атасу кенті
Атасу кенті
23.01.2019 ж сағ 11.00
25.01.2019 ж сағ 11.00
28.01.2019 ж сағ 11.00
30.01.2019 ж сағ. 11.00
8.02.2019 ж сағ 11.00
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
№
п/п
1
Кент және ауылдық
округтер атауы
Айнабұлақ ауылдық
округі
2
Қараағаш ауылдық
округі
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Кент және ауылдық
округтер әкімдерінің Есептік кездесудің
тегі, аты-жөні
күні және уақыты
15.01.2019 ж
сағ 11.00
Ж.Адикамов
Ғ.Оспанов
3
М.Жұмажанов
атындағы ауылдық
округі
Д,Бүкірбаев
4
Сейфуллин ауылдық
округі
Н.Абдиков
5
Ақтау ауылдық округі
А.Отарбаев.
7
Түгіскен ауылдық
округі
Ө.Кенжетаев.
6
8
Қызылжар кенті
Ералиев ауылдық округі
Р.Балкенов
Е.Мамбетов
9
Ақтүбек ауылдық округі
Е.Орманов
10
Талдыбұлақ ауылдық
округі
Ғ.Камиев
11
Байдалы би ауылдық
округі
Ж.Тажитов
12
Целинный ауылдық
округі
М.Сәдуақасов.
13
Бидайық ауылдық
округі
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Кент және ауылдық округтер
әкімдерінің халық алдында есептік
кездесулерінің
ЖЕлІлІК КЕСТЕСІ
Н.Жамауов
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ
Мәдени-сауық орталығы
Рухани жаңғыру
Жаңғыру арқылы дамуға қадам басамыз
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында
тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи
кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани
жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты
пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір
түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі
жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп
отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас
ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың
маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің
дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Ұлттық жаңғыру дегеніміз
– ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел
ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге
қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген,
жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» , дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім
деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас,
бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде
танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет
басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп
түсінеміз.
Рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім
мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!
ақмарал нұРланқызы,
аудандық қорғаныс істер бөлімінің маманы
14
Атасу кенті
А.Түсіпов
14.01.2019 ж
сағ 11.00
15.01.2019 ж
сағ 15.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
17.01.2019 ж
сағ 11.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
17.01.2019 ж
сағ 15.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
16.01.2019 ж
сағ 11.00
18.01.2019 ж
сағ 11.00
21.01.2019 ж
сағ 11.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
21.01.2019 ж
сағ 15.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
16.01.2019 ж
сағ 11.00
23.01.2019 ж
сағ 11.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
16.01.2019 ж
сағ 11.00
18.01.2019 ж
сағ11.00
23.01.2019 ж
сағ 16.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
25.01.2019ж
сағ 11.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
25.01.2019 ж
сағ 15.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
28.01.2019 ж
сағ 11.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
16.01.2019ж
сағ 11.00
28.01.2019 ж
сағ15.00
14.01.2019 ж
сағ 11.00
16.01.2019 ж
сағ 11.00
18.01.2019 ж
сағ11.00
21.01.2019 ж
сағ 11.00
30.01.2019 ж
сағ11.00
ТұРҒынДаР назаРына!
Есептік кездесудін
өтетін орны
Айнабұлақ ауылы
Орман шаруашылығы
елді мекені
Ынталы ауылы
Байғұл елді мекені
М.Жұмажанов ауылы
Жаңаталап елді мекені
Ынтымақ ауылы
Қылыш елді мекені
Айшырақ елді мекені
Ақтау ауылы
Қызылжар кенті
Кенжебай-Самай елді
мекені
Түгіскен ауылы
189 рзд, Ақбастау елді
мекені
Жомарт стансасы
Ералиев ауылы
Атасу стансасы
Манадыр стансасы
Өркендеу елді мекені
Ақтүбек ауылы
Алғабас ауылы
Талдыбұлақ ауылы
117 рзд
Атасу ауылы
Бидайық-2 елді мекені
Орынбай ауылы
Ақтайлақ елді мекені
69 рзд.
Оросительное ауылы
С.Сейфуллин атындағы
негізгі орта мектебі
ТЧ-15(Депо)
О.Жұмабеков атындағы
орта мектебі
ПЧ-28
Б.Амалбеков атындағы
негізгі орта мектебі
Аудан әкімінің, кент және ауылдық округтер әкімдерінің тұрғындармен есепті
кездесулерінің өтулеріне орай, әр тұрғынның жергілікті атқарушы органдардың
жұмыстарына байланысты ұсыныстары мен тілектерін, өтініштерін ортаға салып хабарласуы үшін аудан әкімдігінде, барлық ауылдық округтерде арнайы тікелей телефондар
жұмыс істейді.
ТЕлЕФон нӨмІРлЕРІ:
Ю.Бекқожин
- аудан әкімі
Б.Серіков
- аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қожықаев - аудан әкімінің орынбасары
Б.Мұқанов
- аудан әкімінің орынбасары
А.Түсіпов
- Атасу кентінің әкімі
Р.Балкенов
- Қызылжар кентінің әкімі
Д.Бүкірбаев
- М.Жұмажанов ауылдық округінің әкімі
Е.Орманов
- Ақтүбек ауылдық округінің әкімі
Ж.Адикамов - Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі
А.Отарбаев
- Ақтау ауылдық округінің әкімі
Н.Жамауов
- Бидайық ауылдық округінің әкімі
Ғ.Қамиев
- Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі
Ж.Тажитов
- Байдалы би ауылдық округінің әкімі
Е.Мамбетов
- Ералиев ауылдық округінің әкімі
Ғ.Оспанов
- Қараағаш ауылдық округінің әкімі
Н.Абдиков
- С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі
Ө.Кенжетаев
- Түгіскен ауылдық округінің әкімі
М.Сәдуақасов - Целинный ауылдық округінің әкімі
2-61-01
2-75-98
2-62-50
2-88-73
2-69-80
5-08-03
5-18-96
2-53-79
87105951857
87105953061
2-47-05
5-03-22
2-45-00
2-96-13
2-41-95
2-43-55
2-34-46
5-21-86
3
ұлы Даланың жеті қыры
ұлттық рухты оятатын мақала
Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі
сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі.Мәдени құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи жаңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап
беретіні анық.
Қазіргі ұрпақтың тарихи санасы еуропалық таным-түсінікте жазылған тарих негізінде
қалыптасты. Президент мақаласында осы қалыптасқан қасаң тарихи сананы қайта жаңғырту
қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын атап-атап көрсетіпті. Алдымызда енді соны науқанға айналдырмай, аса біліктілікпен, іскерлікпен ел игілігіне айналдыруымыз қажет. Тарихты қолдан жасауға болмайды. Бірақ бар тарихқа байыппен қарап,
кезінде түрлі-түрлі себептермен орын алған кемшіліктерді ғылыми зерде елегінен өткізіп,
екшеп отыру; жақсысынан үлгі-өнеге алып, жетілдіру; жаманынан безініп, алда оның
қайталануына жол бермеу–бәрімізге ортақ міндет болмақ. Тарихқа қалам тартқан әр тарихшының оқумен тапқан білімін, өмірден түйген білігін домбыраның сазды әуен шығарған
қос шегіндей үйлестіре білумен бірге, қаламына өзінің ар-ожданын қатаң бақылаушы еткені
жөн. Сонда ғана ұлтына, адамзатқа адал қызмет етіп, ұрпақ санасын дұрыс
қалыптастыратын тарих жазылмақ.
Елбасымыз аталмыш мақаласын: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның
өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», деп бастап,
мұның «жай ғана әдемі афоризм еместігін» ескертіпті. Айтылған ойдың астарынан «бұл –
тарихи шындық» деген тұжырым сығалап тұр. Демек уақыт пен кеңістіктің көкжиегі
тоғысқан кезде басталған осы ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете
танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұмтылу – баршамызға ортақ міндет. Басқаша
айтқанда, төл тарихымыздың төлтума болмысын өзіміз ғана біліп қоймай, оның ешкімнің
тарихынан кем еместігін өзгелерге де танытарлық тарихқа деген дұрыс ұстанымымыз болуы
қажет. Бұл ретте Президент мақаласында санамалап көрсеткен Ұлы Даланың жеті қыры арқылы біздің ғалымдарымыз бен тарихшыларымызға ежелгі ұлыдалалықтардың адамзат баласы жасаған өркениеттің бастауында тұрғанын меңзеп, «Қазақстан тарихы да жеке
жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда
түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз жеткілікті» дейді. Шындық сөз. Расында
да, оған қажетті дәйектер жетіп-артылады. Тек көре білер көз, тани алар мол таным, жүзеге
асырар ынта болсын деңіз.
Рысты мұздыбаева,
Б.амалбеков атындағы ЖоББм бастауыш сынып мұғалімі
адам. қоғам. заң
ашықтық пен жариялылық - басты міндет
Қаңтар айының 10-ы күні Жаңаарқа аудандық сотында 2018 жыл бойынша атқарылған ішкі
жұмыстарын қорытындылауға бағытталған баспасөз конференциясы өткізілді. Дәстүрге
айналған жиынды сот төрағасы Ж.Е.Кенжин ашып, жүргізіп отырды. Есеп беру жиналысына
аудандық сот судьялары мен қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Ә.Ж.Аманжолов, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.
Сот төрағасы жасалған баяндамасында өткен жылдың он екі айында атқарылған
жұмыстарды саралап шықты. Сот пен сот төрелігінің жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот
ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны айтылды. Сондайақ, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді.
Сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асыру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларға
тоқталып өтті. Осыған сәйкес, Жаңаарқа аудандық сотының сот мәжіліс залдары бейне және
таспаға жазу құралдарымен толық жабдықталған, сот процестері бейне және дыбыстық
таспаға жазылады. Бұл соттар жұмысының ашықтығы мен айқындылығының көрсетуге себепші болса, бір жағынан соттар мен судьяларға негізсіз шағым жасауға тыйым салады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асановтың "Сот жүйесін
дамытудың жеті түйіні" бүгінгі күні іске асырылуда. Жеті түйіннің алғашқысы әділеттік,
екіншісі судьяның жауапкершілігі мен тәуелсіздігін көтеру, үшіншісі сотқа дейінгі балама
әдістердің аясын кеңейту, төртіншісі әкімшілік юстиция, бесіншісі тергеу судьясының
қажеттілігі, алтыншысы соттардың біліктілігі, соңғысы цифрландыру мәселесі.
Өткен жылдың тағы бір жағымды жаңалығы "Виртуалды сот" ақпараттық жүйесінің
қосылуы. Қараша айында іске қосылған жүйе арқылы 4 азаматтық, 1 әкімшілік іс қаралып,
шешімін тапқан.
Жиын соңында жасалған есеп бойынша қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Аудандық сот төрағасы Ж.Е.Кенжин алдағы уақытта жаңадан енген оңтайлы
жүйелердің жұмысын ширатып, дамыта беру, аудан әкімшілігімен меморандумға отыру,
ауылдың бетке ұстар ақсақалдарынан тұратын билер алқасын құру, аудандық сот ғимаратын
соңғы үлгідегі стандартқа сай күрделі жөндеуден өткізу секілді жоспарлар тұрғанын айтып
өтті. Сол сияқты осы жылдың ауқымды оқиғасы С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл,
ауданымыздың 90 жылдығына байланысты шараларға өз тараптарынан ат
салысатындықтарын жеткізді.
Ашықтықтық пен жариялылықты ұстанған қазіргі қоғам үшін осындай жиындардың мәні
мен маңызы зор болмақ.
Салтанат БалТаБайқызы
12 қаңтар 2019 жыл
Сәкен әр қазақтың жүрегінде
Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай
ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып
кетті.Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып
дүние сырына тоймай тамсана жазған талай
дана адамдар болды.Өмірге жұлдыз болып келетін,халықтың еркесі,халық жүгін көтеретін
дара адамдар ,дарынды жандар аз-ақ.Бірақ
қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік
деңгеймен салыстырғанда 20-сыншы ғасырда
кенже қалған емес.Керісінше өзінше жаңа
қырымен дами бастады.Қандай марғасқа
,жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол
кезеңде.Айтқым келгені әр адамның өз келбеті,өз
жан-дүниесі болады.
Егер ақынға сезім мен сұлулықты,қосып берген
жағдайда одан нағыз керемет дүниелерді күтуге болады.Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай
сері адам болатын.
Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне
түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал
Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай
оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне
тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ
күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады .
Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен , оның
қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы « Жұбату » атты тұңғыш
көркем әңгімесін жазды , « Тар жол , тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922
жылы « Қызыл Қазақстан » журналында жарияланды . Бұл – Сәкеннің прозамен ерте
шұғылданғанын көрсетеді . « Тар жол , тайғақ кешу » романының атқарған ролі зор . Бұл
тарихи – мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны , оның
жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені , бақытты өмір орнатудың қандай қиын
өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған . Сондықтан да бұл роман
– революциялық күрестің көркем шежіресі .
Сәкен Сейфуллин — адам жанының күйініш-сүйініштерін, алуан сипатты сезім күйлерін,
ынтық, құштар жүректің нәзік сыр, ыстық толқындарын шебер де әсерлі суреттеген тамаша
лирикалардың авторы.Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге
сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы,
мезгіл суреттері, аң-құсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты
тақырыптары.Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады.
Ақынның әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен
кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады. Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық
жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді. Сәкеннің күрес жолындағы кейіпкерлерінің елге, туып-өскен
жерге деген сезім күйлері табиғатқа- ынтықтығы арқылы ашылады. Мысалы, «Қамаудан»
деген өлеңінде жау қолында зарыққан тұтқын туған жер табиғатынан жанына демеу табады.
Табиғат қамаудағы тұтқынның жабырқау көңілін жадыратып, бойына бостандыққа деген
сенім ұялатады. «Сағындым» атты өлеңінде де «туғалы қапас көрмеген», еркін өскен бұла
жастың «Сарыарқа сары белі бар» қырын, «өзенді, көлді жайлаған, көрмеге тұлпар
байлаған» ауылын, «еркесі қырдың бұралған» сәулесін, «айналып-толғанып өсірген» анасын
сағынуы табиғаттың әсем суреттерімен, ел өмірінің әсерлі көріністерімен астастырыла берілген. Лирикалық кейіпкердің қыр тіршілігіндегі өзгерістерге сүйінген қуанышты көңіл
күйін ақын «Қырда», «Далада» атты өлеңдерінде еркелей, шаттана ескен дала желі арқылы
бейнелейді.Табиғаттың кіршіксіз тазалығы
«Ақша қар» өлеңінде кір-лас дүниеге қарсы қойылған. «Күздігүні далада», «Жаздыгүні далада» атты өлеңдерінде де ауыл тіршілігі табиғат суреті арқылы көрсетіледі. Ғашықтық,
сүйіспеншілік сырлары көбінесе табиғаттың қошеметі мен қолдау-құттауы аясында ашылады. Ақын махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді.
«Тау ішінде», «Біздің жақта», «Жазғы түнде» өлеңдеріне осы сипаттар тән. Оларда туған
өлкенің сырлы табиғаты жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдерімен жарастық тауып,
оқырманды ерекше әсерге бөлейді. Ал «Анаға хат», «Анаға жауап» өлеңдерінде аналықбалалық махаббаттың, сағыныш-мұңның, өкпе-наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас
үйірілтіп, ет жүректі елжіретер нәзік лирикалық сезім жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқаспен
келетін өлең өрнегімен аса сәтті бейнеленеді. Ақын «Сыр сандық» өлеңін досына хат
түрінде жазған. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық
пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне,
алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған.Сәкен
адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр
сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр
сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.Өлеңде жаныңды түсіне
білетін шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін
жанама достар» қарсы қойылған. Сөйтіп, Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей,
оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытып, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының
үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды. Сәкен Сейфуллин шығармашылырына тән тұрақты сипаттардың
бірі — аллегориялық тәсілді символ бейнеге жиі пайдалануы. Оның «Аққудың айырылуы»
поэмасында да мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден бергі түсінігінде
(аңыздарындағы) тазалық пен сұлулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы саналатын аққу бейнесі алынған.Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын маржан
сөз, шымкесте өлең өрнегін төгілдіріп, алдымен әлгі көлдің кісіні тамсандырғандай көркем
суретін салады.Көл бетін мекендеген қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсыр, қасқалдақ
үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті десеңізші! Сөйтсе де ақын көңілі мұның
бәрін олқысынады. Өйткені «аққу әні— жүрегінің тілегі» — жұбай аққу көл бетінде
көрінбейді.Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеріп, жайнап, жанданып сала
береді. Поэма адал махаббатты мадақтайды, өмірдің мәні мен сәні шынайы сүйіспеншілікте
екеніне нандырады. Сонымен қатар, ақын өмірдегі де, табиғаттағы да ұлы жарасымды, гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын көрсетеді, адамдарды абай
болуға үндейді.
Дүниедегі сұлулықты Сәкен ақынның өлең жолдарымен сипаттауға болатындай.Жезді
мекен Жезқазған жерінің тумасы Сәкен ақын қазақ халқының жүрегінде.Себебі өмірдің өзі
бізге үлгі тұтатын жандарды сыйлап отыр.Біз солармен мақтануымыз керек.
Ділназ ТЕмІРҒали,
Б.амалбеков атындағы ЖоББм 9-а сынып оқушысы
12 қаңтар 2019 жыл
ӨТКЕн Жыл қоРыТынДыланып,
4
Ө.Кенжетаев, Түгіскен ауылдық округінің әкімі:
-Түгіскен ауылдық округінде жалпы халық саны 2149
адам. Тұрғындардың 835-і экономикалық белсенді топқа
жатса, соның 321 адамы тұрақты жұмыста, 356 адам өзінөзі қамтушылар санатына жатады,
тіркелген
жұмыссыздар саны 6 бірлікті құрайды.
Ауылда 225 адам зейнеткер, 85 адам мүгедектер, 84
батыр аналар, 20 адам тыл еңбеккерлері және 1 адам
Ауған соғысына қатысушы.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі- 373 348 гектар,
оның ішінде 37956 гектар елді мекен жері, 335392 гектар
жайылым жерлері.
Шаруа қожалықтарының иелігінде -113 444 гектар жер
бар.
Ауылда жалпы орта білім беретін мектепте 340 бала
білім алып , 55 мұғалім дәріс беруде.
Желтоқсан айында 2018 жылы облыстан бөлінген 105 млн теңгеге Қарағанды қаласындағы
«Казремстрой» мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 8 айдың ішінде құрылыс жұмысын
аяқтап, жаңадан учаскелік амбулатория пайдалануға берілді.
Бүгінгі күннің ең бір маңызды салаларының бірі- ауылшаруашылық саласы. Ауылда 55
шаруа қожалықтары және 1(бір)жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Округтегі
мал басы 2019 жылдың 1 қаңтарында ірі қара 8466, жылқы- 12566, қой- 16648, ешкі – 3621
басты құрап отыр.
Ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар аясында алдағы уақытта әлеуметтік жобалар әзірленуде.
«Азат» шаруа қожалығының жетекшісі А.Шадиев ауылдағы көп жылдан бері иесіз,
қараусыз қалған ескі темір жолының вокзал ғимаратын алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп,
2018 жылы қараша айында 80 млн. теңгеге «Азат» мейрамханасын ашып, пайдалануға берді.
2015-2018 жылдар арасында А.Дәулетбеков, Ж.Сәдуақасов және С.Ысқақов көшелеріне
жарық шамдар орнатылып, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 2,593 мың
теңгеге А.Даулетбеков, Ж.Садуақасов көшелерінің жолдарына қиыршық тастар төселіп,
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен бөлінген 75 млн. теңгеге ауылдың 3 шақырым ішкі жолдары тегістеліп, асфальт төселді.
1988 жылы мектеп бітірген түлектер өз қаражаттарына ауыл орталығына автобустар
тоқтайтын алаңға аялдама салып берді. Мектепті бітіргендеріне 20 жыл,15 жыл және 10
жыл болған жастар мәдениет үйінің жанына «Жан жүрегім Түгіскен» белгісін орнатып,
орталық мешітке керекті құрал жабдықтарды стол,орындықтыр, кітаптар т.б. сыйға тартты.
Жалынды жастардың ғибратты ісі көпке үлгі болып отыр.
Түгіскен ауылдық округі әкімінің аппаратына өткен жылы бюджеттен берілген қаражат 15
млн. теңге толығымен игерілді. 375 мың теңге жолдарды қардан тазалауға, 250 мың теңге
көше жарық шамдарына, 2,093 мың теңге бір көшенің жолын жасауға, 650 мың теңге мектеп
оқушыларын тасуға, ал қалған 9 млн. 793 мың теңге жалақыға және басқадай шығындарға
жұмсалды.
Түгіскен ауылдық округі бойынша алдағы уақыттарда тұрған міндеттері: ауылда шағын
және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жүргендерге, өз кәсібін ашуға ықпал
жасап, жұмыссыздықты азайту, ауылдың ішкі жолдарын жөндеуді толық аяқтау, барлық
көшелерге асфальт жол салу, ауылды одан әрі көркейту, инфрақұрылымын арттыру, «Еркетай» балабақша үйінің маңына балалар алаңын салу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту,
сыртқа шығарылып сатылатын мал өнімдерінің сапасын арттырып, сапасын арттыру.
а.отарбаев, ақтау ауылдық округінің әкімі:
-Ақтау ауылдық округі бойынша жер көлемі 479680 га,
халық саны 569. Ауылды 67 шаруа қожалығы, 16 жеке
кәсіпкерлер, 5 шағын кәсіп иелері жұмыс атқарып келеді.
Ауылдық округтің негізгі жұмыс бағыты – мал
шаруашылығы.
Ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік
қызмет көрсету бойынша ауыл тұрғындарынан 137
өтініш түсіп шешімін тапты. Ауызша айтылған 12 өтініш
100% орындалды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың цифрлы Қазақстан
бағдарламасын іске асыруда әкімшілік және мектеп
ғимаратында өзін - өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, арнайы 2 компьютер қойылды. Осы уақытқа дейін
115 ауыл тұрғыны egov сайты арқылы өздеріне қажетті
құжаттарды алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде жұмыстарды ұйымдастыру үшін жетекші
маман Ғазиз Карибаев өкім арқылы бекітілді.
3 жиын өткізіліп, сенім телефоны жұмыс
істеп тұр.
Осы тақырыпта аудан прокуроры А.Қ.Әділханов келіп, мекеме басшылары, ауыл
тұрғындарымен жиын өткізді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруда ауыл тұрғындары, ақсақалдар алқасы
бірлесе жұмыс атқарып, жауапкершілікті бөлісуде.
Ауылда жұмыссыздар саны азайды. Биылғы жылы 16 адам жеке кәсібін ашып, үкіметтік
бағдарламалар бойынша 56 млн. 200 тг қаржыға мал сатып алды, тағыда 10 адам шаруа
қожалығын құрды.
Ауылды қыста жиналған қоқыстан тазартуға “Жансая” шаруа қожалығының жетекшісі
С.Оспанов жүк тиегіш тракторын және 2 КамАЗ көлігін беріп, осы шаруашылық мүшелері
Ұ.Оспанов, А.Оспановтар жұмысты тыңғылықты атқарып келеді. Тазалық айлығы барысында
2 мың тонна қоқыс сыртқа шығарылды.
Ауылымызда денсаулық, білім беру, мәдениет, кітапхана, тұрғындарды су, электр
Ғ.оспанов, қараағаш ауылдық округінің әкімі:
-Қараағаш ауылдық округі – 1929 жылы құрылды, жер
көлемі – 115 390 га (жайылым жері - 100 047 га; шабындық
жерлер - 2 954 га; егістік жерлер - 2 807 га; мемлекеттік
қорық жері – 6800; басқа жерлер – 2 782 га. Әкімшілікаумақтық бөлініс бойынша екі елді мекеннен – Ынталы
мен Лесхоздан тұрады, халық саны – 1036 адамды құрады.
Экономикалық белсенді топ - 472 адам, оның ішінде
жұмыспен қамтылғаны – 464 адам, өзін-өзі жұмыспен
қамтыған халық – 154 адам, жұмыссыздар саны - 8 адам.
Зейнеткерлер саны – 115 адам, мүгедектер саны – 31 адам.
Әкім аппаратына ауыл тұрғындарынан 11 өтініш түсіп,
барлық өтініштерге уақытылы жауап берілді.
2018 жылдың бюджеті төмендегідей болып қалыптасты:
барлық бөлініп бекітілген қаражат көлемі 14 млн 257 мың
теңге, оның ішінде аппараттың жұмысын қамтамассыз
етуге 12 млн 248 мың теңге, көше жарықтандыруға 214 мың теңге, қысқы мезгілде автокөлік
жолдарын қардан тазалауға – 375 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстарына
(«Е-Халық» жобасына компьютер сатып алуға) – 300 мың теңге, «Өңірлерді дамыту
бағдарламасы» шеңберінде 1 млн 120 мың теңге бөлінді.
Округтегі абаттандыру және көгалдандыру айлығы бойынша Ынталы ауылының 107 тонна
күл – қоқысы ауылдың шаруа қожалықтарының техникаларының көмегімен ТҚҚ төгу орынына тасылып, тазартылды. Әр үй өз ауласындағы күл-қоқыстарын тазартып, тиісті орынға
апарып төкті. Тазалық айларында әрбір шаруа қожалықтары өз техникасын шығарып, бір
кісідей атсалысты. Абаттандыру жұмыстарына 113 адам қатысты, оның ішінде 4 адам
жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылды. 3 банер орнатылды.Барлығы
қатысқан мекеме саны-7.
2018 жылы ауылдық округтің кешенді даму жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар
атқарылды:
1.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017—2021
жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қайта даярлау курстарына жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған тұрғындар Д.Төлеуов,А.Адихановалар оқып,сертификаттарын алды.
2.2018 жылы мал басын көбейту бағыты бойынша Д.Төлеуов «Игілік» бағдарламасы бойынша 4 млн теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қолдау қоры» АҚ арқылы несие
алды.
3.Жеке кәсіпкер И.Бекетаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге туың тік»
бағыты бойынша өз қаражатынан (18 млн теңге) Ынталы ауылында 20 орындық монша
салып, 2018 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, халықтың пайдалануына берілді.
4.«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде 1 млн 120 мың теңге
бөлінген
қаражатқа Ынталы ауылы орталығындағы саябақ қоршалуда.
5.Жаңаарқа ауданы әкімінің 500000 теңге көлемінде грантын ұтып,жас кәсіпкер А.Алин өз
ісін ашуға мүмкіндік алды.(Бағыты-Қаз және күркетауық өсіру).
2019 жылы Қараағаш ауылдық округінде келесі жұмыстар атқарылады: «Рухани
жаңғыру»бағдарламасының «Туған жерге туың тік» бағыты бойынша өз қаражаты (3 млн.тг)
есебінен Қараағаш ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратының алдындағы парк ішінен тарихи тұлғаларға арналған тақта мен 8кв.м фонтан салу көзделуде. Жоба жетекшісіК.Ә.Арыстанғали. Мерзімі-2019 жылдың маусым айы. Жеке кәсіпкер И.Бекетаев өз қаражаты
(7 млн тг) есебінен наубайхана құрылысын жүргізіп, 2019 жылдың қазан айында пайдалануға
береді, 2 адам жұмыспен қамтылады.
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы»бойынша 1200,0 мың теңге Шоң Телғозыұлы көшесіне
жарықшамдар қойылады.
жарығымен, байланыспен қамтамасыз ететін салалық жүйелер жұмысын жоспарлы түрде
жүргізіп, сапалы қызмет көрсетуде.
Мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзуге үйрету бассейні ашылып,
облыстық телеарнадан көрсетілді.
Ауылға ауыз су жүйесіне және көшеге 2 трансформатор қойылды.
Ақтау ауылдық округінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуда нәтижелі жұмыстар атқарылды.
Шаруа қожалықтарымен жеке ауладағы мал бастары өсті.
Ауылдық округтегі «Жамаллиден» асыл тұқымды «Сенім» жылқы шаруашылығы, асыл
тұқымды ірі қара малын өсіретін «Рамазан» шаруа қожалығы 3 миллион 150 мың теңгеге 21
бас асыл тұқымды бұқалар сатты.
Жаңа 10 шаруа қожалығы құрылды. Шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мемлекеттік
бағдарламаларға қатысып, 237 млн 548 мың теңге қаржыны игерді. «Алтын асық»
бағдарламасы бойынша Ынтықбаев Азамат 16 млн 500 мың теңгеге 550 бас қой, Серіков Бекзат 8 млн теңгеге 267 бас қой сатып алды.
"Сыбаға" бағдарламасы бойынша Шармағанбетов Асет 6 млн теңгеге ірі қара сатып алды.
"Құлан" бағдарламасы бойынша 7 шаруашылық 28 млн теңгеге 100 бас жылқы сатып алып,
жұмыстарын жүргізуде. 23 шаруа қожалығы 122 млн теңгеге күн сәулесі батереяларын орнатты.
Биылғы жылы экспортқа мал өткізу біршама жақсы жолға қойылды. Тамыз айында 1269
бас қой экспортқа жіберілді.
Ірі қара малынан «Жаке» бордақылау алаңы арқылы экспортқа мал өткізген шаруашылықтар:
«Рамазан» шаруа қожалығы 15 бас 3 тонна, «Мирас» шаруа қожалығы Искаков Нұрлан 7
бас 1,4 тонна, «Дарат» шаруа қожалығы Омарова Алтынкүл 29 бас 5,8 тонна, «Жансая»
шаруа қожалығы Оспанов Сатберген 172 бас 34,4 тонна, барлығы 44 тонна 600 келі өткізілді.
«Рамазан» шаруа қожалығы желтоқсан айында «Сабындыға» 25 бас ірі қара, 4 тонна ет
өткізді.
Мал басын бірдейлендіруде берілген жоспар 100 пайыз орындалды. Барлық мал таңбаланып,
сырға салынып, тіркеліп, электрондық базамен сәйкестендірілді.
Ақтау ауылдық округінің халқы қай салада болса да алға басып даму үстінде, 2019 жылы да
ауыл халқы аудан әкімшілігі алға қойған міндеттерді табысты орындауға күш салады.
5
мақСаТТаР айқынДалДы
н.К.Жамауов, Бидайық ауылдық округінің әкімі:
Бидайық ауылдық округінде халық саны 2018 адамды
құрайтын 4 елді мекен орналасқан. Бидайық ауылының
тұрғындары саны-1230, экономикалық белсенді бөлігі
980 адамды құрайды. 2018 жылы дүниеге келген сәби
саны-20, зейнеткерлер саны-159, барлық топтағы
мүгедектер саны-32 адам
Бидайық ауылдық округінің жер көлемі 42 747 гектар,
оның ішінде егістік-1054гектар, жайылым – 13 285, суармалы жер-1 117 гектар.
Жалпы Бидайық ауылдық округіне бөлінген қаражат 18
млн 912мың тенгені құрайды.
Елбасымыздың 2018 жылдың қазан айында жолдаған
жолдауын Бидайық ауылдық округінде
негізгі
басылымдықтарын түсіндіру, насихаттау, талқылау
мақсатында бойынша семинар, жиындар өткізілді.
Жолдауды түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары,
ақпараттық-насихаттау топтары құрылды.
2018 жылы есептік кездесуінде халықтан түскен өтініштердің кейбірі толығымен орындалып, кейбіріне түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Мәселен, Ақтайлақ ауылына ауыз су құбыры тартылса, су алу қаупін алдын алу мақсатында
тас жолда су ағар арналарын орнату, жеке меншік малдарды бағу үшін бақташы болса,
Бидайық ауылына балабақша салынса,Бидайық ауылы, Достық көшесіне жарық шамдарын
орнатылса, берілген жедел жәрдем бар, бірақ медбикелер елді мекендерге жаяу барады деген
мәселелер көтерілген болатын.
Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес жүргізіледі және Елбасының Қазақстан
халқына арналған Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындауға мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыруға, жоғарғы тұрған атқарушы және өкілді органдардың алдында,
Е.мәмбетов, Ералиев ауылдық округінің әкімі:
Ералиев ауылдық округі бойынша халық саны
2054.Экономикалық белсенді халық саны - 968. Ералиев
ауылдық округінің жер көлемі 326109 га.
Ералиев ауылдық округіне 2018 жылы қаңтарда бекітілген
қаржылық жоспар 16 млн 448 мың теңгені құрайды.
1 млн 50 мың теңге Ералиев әкім ғимаратының жылу
жүйесін ағымдық жөндеу жұмыстарына «Алтын Орда Фирдаус Құрылыс» ЖШС –мен келісім шарт жасалып,
толығымен игерілді.
Өткен жылы ауыл тұрғындарынан КТП трансформатор
орнатуға ықпал етуді, сапалы көмір беруді, дәрігерлік
амбулаториясының жұмысы жақсарса, медбикелер саны көп
болса, су құбырын тарту, автобус аялдамасын орнатуды, жер
құжатын реттеуді, электр желілерін жөндеуден өткізуді, қыс
айларында жолдарды қардан уақытында тазалау секілді
Р.Б.Балкенов, қызылжар кентінің әкімі:
12 қаңтар 2019 жыл
нормативтік-құқықтық актілерін орындауға бағытталған. «Өңірлерді дамыту»
бағдарламасының алдағы мақсатын жүзеге асыру үшін округте жергілікті қоғамдастық
құрылып , оның құрамына 7 адам сайланды.
Бидайық ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиындары өткізіліп коғамдастық
өкілдерінің қатысуымен 11 тұрғыда жиын өткізілді
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 2 елді мекенге балалар ойнайтын
алаңы орнатылды.
Қызылорда-Павлодар маңызы бар тас жолынан көлік қозғалысына апатты жағдайды тудырмау үшін ара қашықтығы 500 метр болатын мал өтетін арнайы белгілері орнатылды.
2019 жылдың аяғына дейіңгі жоспарлар: кооперативтің жұмысын дамыту, кезең-кезеңмен
ауылдың көшелеріне жарық шамдарын орнату, ауылдың ішіндегі жолдарды заңдастырып,
жөнге келтіру, қираған ғимараттарды бөлшектеп бұзып, шығару, ескірген электр бағандарын,
электр желілерін айырбастау. Бидайық су қоймасының дамбасына жөндеу жұмыстарын
жүргізу, спорттық кешен салу.
Біздің басты мақсатымыз - өңірлердегі даму бағдарламаларының барысын назарға алып, жетілдіру. Сол арқылы бөлінген қаражатты тиімді игеру. Тиісті құжаттарды уақытылы және сапалы орындау. Бюджеттік сұранымдарды дер кезінде өткізу.
Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағында 7 дүкен,2 жеке монша, 1 шаштараз, 1 наубайхана,
2 асхана, 1 шеберхана халыққа қызмет көрсетуде.
2018 жылы «Халықты жұмыспен камту орталығы» мекемесіне ауылдық округ бойынша 18
адам өтініш білдірген, оның ішінде қоғамдық жұмысқа-8 адам, тұрақты жұмысқа -10 адам
жұмыспен қамтылды.
2019 жылға тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жоғарлату, соның ішінде жұмыссыздықты
азайту бойынша кәсіпкерлікті дамыту, өз істерін ашу, қысқа мерзімді кәсіптік оқулары бойынша мамандығын алу сияқты жұмыстар жоспарлануда.
Бидайық ауылы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж -10 отбасы. Мүшелеріндегі 41
адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.
мәселелер жөнінде өтініштер түскен еді. Барлық өтініштер мен ұсыныстар өз шешімін тауып,
тиісті жауаптар берілді.
Ағымдағы жылы Елбасының жүргізіп отырған саясатын жүзеге асыру, “Рухани жаңғыру»
бағдарламасын жүзеге асуына ықпал ету,ауылшаруашылық саласын одан әрі дамытуды қолға
алу, балабақша салу, ауыл көшелерінің жолдарын ретке келтіру (тас төсеу, асфальт төсеу),
Ақбастау елді мекеніне баратын жолды жөндеу, Ақбастау елді мекеніне баратын жолдағы
көпірдің жобалық құжаттарын ретке келтіру, 2019 жыл «Жастар жылы» аталуына байланысты, жастарды қолдау, жастардың спортпен айналысатын орын салдырту (сияқты
жұмыстарды атқару жоспарларымызда бар. Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратын күрделі
жөндеуден өткізу, жұмыссыз азаматтарды түрлі курстарға жіберіп, өз ісін ашам деген
тұрғындарға қолдау көрсету, қатты қалдықтарды төгетін полигонды қоршау, жаңадан
салынған моншаның құжатын ретке келтіру, Жомарт елді мекен жерін аумағын бекітіп,
құжаттарын ретке келтіруге ықпал ету, Шығыс, Батыс, Мектеп көшелеріне су тарту
жұмыстарын жоспарлар отырмыз.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Атаулы
әлеуметтік көмек алатын 3 отбасы бар. Округ бойынша 6 дүкен, 1 шағын наубайхана, 1 тойхана, 1 көпшілік монша бар.
Қызылжар – орта экономикалық даму сатысындағы кент. Жалпы
аумағы – 16982 га, халық саны – 1700 адам, соның ішінде
экономикалық белсенді адам саны – 709, жұмыспен қамтылғаны
– 696, өзін – өзі қамтитын адамдар саны – 130, жұмыссыздар саны
– 10 адам, зейнеткерлер саны – 184, мүгедектер саны – 19,
әлеуметтік жағдайы төмен отбасы саны – 17, мектепте оқитын
оқушылар саны – 301 бала, мектеп жасына дейінгі балалар саны –
217, жоғары және арнаулы оқу орындарында – 50.
Кент әкімінің өткен жылғы есептік кездесуінде 2 кент
тұрғынынан сегіз өтініш мен ұсыныс түсті. Түскен ұсыныстардың
төртеуі орындалды, екі мәселені шешу бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
Өткен жылы өңірлік даму бойынша бюджеттен бөлінетін 1,497
млн теңгеге кент аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, толығымен игерілді.
Кентте кәсіпкерлікті дамыту барысында да қыруар жұмыстар атқарылып, 22 адамнан тұратын
ауылшаруашылығы мал бордақылау кооперативі құрылды, әр- түрлі бағыттағы 4 сауда орны
ашылды, ең бастысы кентімізде бұрын болмаған наубайхана салынып халықты ыстық нан және кондитерлік тағамдармен қамтамасыз етуде.
2018 жылғы сүйінші хабар облыс әкімінің қолдауымен Сарысу өзенінен өтетін өткел – көпір(мост)
салуға жобалау сметалық жұмыстарын жүргізу үшін 30 млн теңге жобасында қаржы бөлінді. Сонымен бірге мәдениет үйі, балабақша ғимаратын жылытатын жылу қазандығын салу үшін 7 млн теңге
жобасында қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жылу науқаны аяқталысымен бастау жоспарлануда.
Бұл бүгінгі күнгі 25 орындық балабақшаны 45-50 орындық балабақша жасауға мүмкіндік береді.
Кент тұрғындарының әлеуметтік жағдайын шешудегі басты проблеманың бірі - кенттегі фельдшерлік –акушерлік бөлімшені отбасылық дәрігерлік амбулаторияға айналдыру. Кент тұрғындары
малының жайылымы үшін жер мәселесін шешу; кентішілік тас жолды жөндеуден өткізу; көшені
жарықтандыру жұмысын аяқтау;
Кент аумағында жұмыссыздықты төмендету бойынша іс – шаралар бекітілген. «Өрлеу»
бағдарламасы бағыттары бойынша жеңілдіктерді пайдалануға сегіз өтініш түсіп, бір адам осы
бағдарлама бойынша өз ісін ашуға 245 мың теңге қаржы алды. 2016 жылы сегіз адам нақтылай
әлеуметтік жәрдемақы алып келсе, өткен 2017 жылы үш-ақ адамға төленді.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қысқы жылу беру маусымына жүргізілген дайындық барысында ФАП үйінің шағын қазандығы ауыстырылды, мектептің ақаулы қазандығы жаңартылды,
мәдениет үйі қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кент ішілік төменгі кернеулі
электр желілері мен ток таратушы ТП-ларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қыс мезгілінде
кіреберіс жолды ұстап тұруға 350 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлінді.
2016 – 2019 жылдарға арналған кешенді даму жоспары бекітілген және осы жоспарға сай жұмыстар
жүргізілуде.
Ж.з.Тажитов, Байдалы би ауылдық
округінің әкімі:
Байдалы би ауылдық округінің тұрғындарының
саны - 922 адам. Округті Атасу ауылы және 117ші разъезд елді мекендері құрайды. Округте 51
шаруа қожалығы тіркелген.
2018 жылы 4 шаруа қожалық жалпы аумағы 1325
гектар жерге дәнді дақылдар салды. Округте жеке
аулалар мен шаруа қожалықтарындағы мал
бастарының саны да арта түсті. Ірі-қара мал саны
2017 жылы 2530 бас болса, 2018 жылы 2764 басқа
жетті. Жылқылар саны 2677-ден 3060 қа жетті.
Қойлардың саны 3835тен 4162 артса, ешкі саны
890 бастан 1028 басқа жетті, құстар саны 1150 ден
1234-ке жетті.
Жылдың қыс айларында көше жолдарын қардан тазалау жұмыстарына 375 мың
теңге қаражат бөлініп, Атасу ауылы және 117-ші разъезд елді мекендерінің
арасындағы және көшеішілік жолдар тазаланып отырды.
Жыл басында төтенше жағдайлар кезіндегі еріктілер тобы құрылып, техникалар
жұмылдырылып, жаздың ыстық айларында 2 мәрте дала өрттері құрықталып, сөндіру
жұмыстары жасалды.
Аудан әкімінің «Екі айлық сенбілік өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында
6 аудандық, 2 облыстық, 1 республикалық сенбілік өткізіліп, оған тұрғындардың 70
пайызы жұмылдырылды.
Ауылымыздың мектеп ғимаратының 3-ші қабаты жөнделіп,төбесінің шатырлары
жасалды. Жылыту жүйесі жөнделіп,2-ші қазандық іске қосылды.
Мектеп
қабырғасында заманауи робототехника сыныбы ашылды.
Сондай-ақ мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп 7,5 млн. қаражат жұмсалды.
Сонымен қатар, Атасу ауылының орталығында орналасқан иесіз ескі ғимараттар жойылып, орындары тегістелді.
«Арка құрылыс-2009» ЖШС-нің демеушілігімен 600 метр ауылға кіре берістегі асфальт жасалды. Құны 1 млн.525мың теңге.
Ауылымызда 9 үйдің құрлысы басталып салынды, соның 4 үй пайдалануға берілді.
Ескі ауыл көшесінің 450 шаршы метр көтерме жолының 350 метрі жасалды. Сонымен
қатар 117 разъезд халқының трассаға шығар жеріне көтерме жол жасалды.
Су тасқынының алдын алу мақсатында ауыл тұсының өзен жағасына қосымша құм
төгіліп,көтерілді. Қарағанды облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасынан
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Мешіт» шаруашылығы 18 млн. теңге несие алып
660 бас қой алса, »Самға» шаруашылығы «Іскер» бағдарламасы бойынша 10 млн.
500 мың теңге несиеге 32 бас жылқы алып, малдарының бастарын көбейтті.
12 қаңтар 2019 жыл
қазақстан Республикасының
қазынашылық қызметіне 25 жыл
6
Қазақстан елінің тәуелсіздік алуымен елімізде бірнеше жаңа қаржы-бюджеттік құрылымдар
құрылды, солардың бірі Қазақстан Республикасының Қазынашылық қызметі жүйесіне 2019
жылдың қаңтар айында 25 жыл толып отыр.
Аудандық маслихатта бекітілген аудан бюджетінің жоспардағы сомалардың осы қазынашылық
жүйесі қызметі арқылы екінші деңгейлі банкілерге аударылып, еңбекақы және басқа да әлеуметтік
төлемдер болып күнделікті күнкөріске керек теңгеге айналады.
2018 жылғы аудан бюджетінің көлемі 5,4 млрд. теңгеге дейін жетіп отыр, аудан бюджеті өткен
жылдармен салыстырғанда жылдан-жылға өсу үстінде және негізгі бөлігі әлеуметтік саланы
қаржыландыруға арналған.
Елімізде қолға алынып отырған индустриялық-инновациялық жобалардың оң шешілуі, өнеркәсіп
және ауыл шаруашылық өнімдерінің көбейуі төл теңгеміздің тұрақтылығының кепілі.
Қазынашылық қызметінің қаржы, банк, бюджет жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан
аудандық қазынашылық қызметінің жұмысын атап өтсек.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі қазынашылық Комитетінің Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің Жаңаарқа аудандық қазынашылық басқармасы
республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету,
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу,
қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелердің қаржы бақылау шоттары мен мемлекеттік
мекемелердің шоттары бойынша операцияларды өткізу функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қазынашылық басқармасы өз қызметінде республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен
ұсталынатын мемлекеттік мекемелердің шоттарынан аударым операциясын жүргізу және оларды
есепке алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен өзара қарымқатынас жасайды.
Қазынашылық басқармасының негізгі қызметтік функциялары:
-республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету;
-қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне (ҚБАЖ) түсімдер мен төлемдер
қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық
жоспарын және өзгерістерді есепке ала отырып анықтамаларды еңгізу;
-республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
төлем шоттарын еңгізу және бекіту;
-республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жеке жоспарларын және кассалық
шығыстарын, сондай-ақ ақылы қызметтер, депозиттік және өзін-өзі басқару қаржы бақылау шоттарында ақшаны уақытылы орналастыру, мақсатты қаржыландыру және мемлекеттік мекемелердің
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған өзгеде шоттарды есепке
алуды қамтамасыз ету;
-республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру;
-төлемдерді өткізу барысындағы төлем шоттарын тексеру кезінде төмендегі сәйкестіктерге
ағымдық бақылау жасауды жүзеге асырады:
төлем бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына;
тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге;
бірыңғай бюджеттік сыныптамаға;
қаржы құжаттарының формасы, толықтығы мен дұрыс толтырылуы заңмен бекітілген талаптарға
сәйкестігі.
-мемлекеттік мекемелердің ұсынған құжаттары негізінде, бюджет қаржысын алушылардың
анықтамалығын жүргізу;
-бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салық және уәкілетті органдардың төлем
құжаттарын орындау, не оларды салық берешектерін өтеу есебіне жатқызу;
-республикалық және жергілікті бюджеттері есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету;
-Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен соттардың және өзге де
органдардың қаулылары бойынша инкассалық тапсырмаларды орындау;
-Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы күнделікті, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, және жылдық
есептілікті қалыптастыру және оларды атқарушы, уәкілетті және салық органдарына ұсыну;
-Мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру
жоспарларының, төлемдерді қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының және оларға өзгерістер енгізу туралы
анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар
актілерінің және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құжаттардың,
азаматтық-құқықтық мәмілелердін бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеру;
-мемлекеттік мекемелердің анықтамалығын жүргізу;
-бағдарламалық-ақпараттық және телекоммуникациялық кешенді сүйемелдеуді және қауіпсіздік
талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тағы басқалары.
Аудандық қазынашылық басқармасының штат саны – 7 , штат толық қамтылған.
Қазынашылық басқармасы аудан бойынша 40 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетеді, олардың
32-аудан бюджетінен, 4-облыстық бюджеттен және 4 – жергілікті 4 деңгейлі бюджеттен
қаржыландырлады.
Осы аталған мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарынан бөлек, олардың 31 депозиттік
шоты, 1 ақылы қызмет көрсету шоты мен 10 өзін-өзі басқару шоттарына қызмет жасалады.
Қазынашылық басқармасының 2018 жылғы атқарылған қызметтеріне тоқталсақ.
- Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерден 23782 төлем шоттары қабылданып, оның 23113
орындалып, қателіктеріне байланысты 669 төлем шоты қайтарылды немесе 2,8%;
-Келісім шарттарды тіркеуге арналған 744 өтінім қабылданып, оның 710 орындалып, 34
қателіктеріне байланысты қайтарылды немесе 4,5%;
-1241 қаржыландыру жоспарлары мен оларды өзгерту мен толықтыруға арналған анықтамалар
қабылданып, оның 1229 орындалып, 12 қателіктерін байланысты қайтарылды немесе 0,9 %.
Осы кезеңде мемлекеттік мекеме басшылары мен жауапты тұлғаларының қатысуымен 3 семинар-кеңес өткізілді, бұл семинар-кеңестер тақырыбы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне,
Бюджетті орындау мен оған кассалық қызмет көрсету Тәртібіне еңгізілген толықтырулар мен
өзгерістер жайлы және «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат алмасу жүйесін мемлекеттік
мекемелерге еңгізу мәселелерін түсіндіруге және төлем құжаттарының орындаусыз
қайтарылуының себептері талқыланды.
2013 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік мекемелердің төлем жүргізулерін
«Қазынашылық-клиент» электрондық құжат алмасу жүйесі арқылы жаппай жүргізіле бастады.
01.01.2019 жыл бойынша 40 мемлекеттік мекеменің 40 немесе 100%, осы «Қазынашылық-клиент»
электрондық құжат алмасу желісін пайдалана отырып төлемдер жүргізуде.
Осы жүйені іске асыру арқылы бюджет шығындары үлкен мөлшерде үнемделетіні айқын.
Аудандық қазынашылық басқармасы бюджет шығындарының мақсатты жұмсалуы мен бюджеттің
сапалы орындалуына өз қызмет аясының шеңберінде күнделікті қызмет жасай береді.
Б.аБСамаТов,
Жаңаарқа аудандық қазынашылық басқармасының басшысы
мұз айдыны ашылды
28-желтоқсан күні «Орталық саябақта»
қысқы спорт түрлері маусымының басталуына орай мұз айдынының ашылуы
өткізілді. Кент әкімі А.Түсіпов спортшыларды келе жатқан жаңа жылмен
құттықтап,
спортшыларға
мықты
денсаулық тіледі. Қысқы спорт түрлерімен
айналысу
адамды
шымырлыққа
тәрбиелейтінің айтты және қысқы демалыстарын көңілді өткізуге шақырды.
№132 орта мектептің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімдері күшімен мұз айдыны
құйылған болатын. Ашылу салтанатын
ұйымдастырған мектеп ұжымы мен оқушылар көңілді көріністер көрсетті. Конькиде
әдемі сырғанаған спортшылар, түрлі жаттығулар жасаса, хоккейшілер жолдастық кездесу өткізді. Мұз айдыны кент тұрғындары үшін есігін ашты. Қыстың саф ауасын
жұтып, конькимен сырғанап, шаңғымен жарысуға шақырамыз.
Шаңғы жарысы
14- желтоқсан күні «Тәелсіздік саябағында» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күніне арналған шаңғы жарысынан 2002-2004 ж.т, 2005-2007 ж.т жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті. Турнир қортындысында 2002-2004ж.т (қыздар)І-орын
Г.Зекен, ІІ-орын И.Төлегенова, ІІІ-орын А.Қабылда (ұлдар) І-орынД.Жәкенов, ІІ-орын
Е.Веник, С.Сарыбай, 2005-2007ж.т (ұлдар) арасында І-орын А.Кәкіш, ІІ-орын Ж.Абдрахмет ІІІ-орын А.Кудиков, (қыздар) І-орын А.Довбич, ІІ-А.Исина, ІІІ-орынды Т.Берік
иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және
спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды.
Ә.майшин атындағы турнир
Жылдағы дәстүр бойынша желтоқсан айының соңғы күндері «Модуль» спорт кешені
және №132 орта мектебінде спорттың волейбол түрінен ауданымыздың спорт ардагері
Ә.Майшин атындағы турнир өтті. Турнирді кент әкімі А.Түсіпов ашып, жарысқа
қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге Қарағанды қаласы, Жайрем кенті, аудан
орталығы және селолық округтерден барлығы 20 команда қатысты. Қызықты да тартысты өткен ерлер арасындағы волейбол ойынында Ынтымақ ауылы І-орын, Бидайық
ауылы ІІ-орын, ІІІ-орынды Қарағанды қаласынан келген МКД командасы иеленсе,
әйелдер арасындағы жарыста Бидайық І-орын, №132 ОМ ІІ-орын, аграрлық колледж
жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Жарыстың үздік ойыншылары болып Ж.Шайқыбек,
А.Керімбай, Ұ.Тынысбаев, А.Қалдыбаева, Л.Забикова, С.Мейрамова, К.Лобова,
Ә.Әбедбай танылса, ең жас ойыншы Ш.Бейбітова атанды. Жарыс жеңімпаздары мен
жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен демеушілер тарапынан
тағайындалған мақтау қағаздар, медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарысты ұйымдастыруға белсенділік танытқан аудандық ардагерлер
ұйымына ризашылығымызды білдіреміз.
Тоғызқұмалақ
Желтоқсанның 13-15 аралығында Қарағанды облысы, Абай қаласында Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тоғызқұмалақтан Қарағанды облысы
бойынша командалық чемпионаты өтті. Оған аудан құрамасы қатысты. Аудан
құрамасы жүлделі III орынға ие болды. Командалық жеңіске үлес қосқан спортшылар
С.Меизбеков, Қ.Байғабылов, Д.Коммунар, М.Исатаев, Х.Жакешова, Д.Балағазина,
Ш.Абдрахманова, А.Жағыппарова. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды
облысының әкімдігі және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының
мақтау қағаздарымен және кубогімен марапатталды.
Бокс
Жақын арада Қарағанды қаласында бокстан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының
чемпионы, Вэла Баркер кубогының иегері Серік Сапиевтің жүлдесіне арналған 20032004 ж.т жасөспірімдер арасында дәстүрлі VII ашық республикалық турнир өтті. Республикамыздан барлық облыстарынан және Ресей,
Қырғызстан, Тәжікстан
мемлекетінен турнирға 300-ден астам балғын спортшы қатысты. Ауданымыздың
БЖСМ шәкіртері, Б.Амалбеков тірек мектебінің қос оқушысы Дарын Дүйсенбаев 70
кг салмақ дәрежесінде ІІ-орын, Әлібек Тайшықов 50 кг салмақта жүлделі ІІІ-орынға
ие болды. Бапкерлері - Қайрат Хасенов және Шыңғыс Сәлкенұлы.
***** ***** *****
Павлодар облысы Ақсу қаласында бокстан 2003-2004 ж.т жасөспірімдер арасында
Қазақстан Республикасының Солтүстік-Шығыс аймақтық чемпионатта өнер
көрсеткен жерлесіміз Б.Амалбеков ЖОББМ-нің оқушысы 70 кг салмақта Дахбай
Нұрасыл жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Бапкері - Шыңғыс Сәлкенұлы.
Дзю-до
Желтоқсан айының мереке күндері аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзю-до күресінен 2006-2008ж.т. кіші жасөспірімдер арасында аудандық ашық
турнир өткізілді. Турнирге Қарағанды, Қаражал, Жайрем қалаларынан жалпы 260
балғын спортшы қатысты. 20кг салмақта А.Нұрлан, 23кг салмақта М.Абүйір, 26 кг
салмақта С.Серіков, 29кг салмақта Е.Сұлтанбеков, 32кг салмақта Н.Бақытжан, 35 кг
салмақта Н.Шалабай, 38 кг салмақта Р.Темірбай, 42кг салмақта А.Ержан, 46 кг
салмақта И.Мақажан, 50 кг салмақта К.Қанат, +50кг салмақта Е.Ханафин өз
салмақтарында чемпион атанды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық
спорт бөлімінің мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтары тапсырылды.
волейбол
Жақында №132 және Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ң спорт залдарында және «Модуль» спорт кешенінде волейболдан аудандық жарыс өткізілді. Барлығы 70 спортшы
қатысқан жарыста І орынды Ынтымақ командасы, ІІ орынды Б.Амалбеков командасы,
ІІІ орынды Байдалы би командасы жеңіп алды. Жарыстың үздік ойыншылары
С.Ізтөлеуов, Д.Жолдасов атанды. Ал, қыздар арасындағы жарыста І орынды №132
ОМ, ІІ орынды Б.Амалбеков атындағы ОМ, ІІІ орынды №132 ОМ(2) иеленді.
Жарыстың үздік ойыншылары Ф.Тишмагамбетова, Ә.Әбетбай атанды.
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
ЕскЕ алу
Сәкен ауылының тұрғыны болған, шаңырағымыздың
7
ұйытқысы,асыл жар, ардақты анамыз, сүйікті әжеміз
аманжолова Күләш мұқатайқызының бақилық
болғанына 19 қаңтар күні 40 күн толады. Барлық балаларына аналық мейірімін төгіп, бар жақсылығын аямаған
анамыздың о дүниедегі барар мекені пейіштің төрі болғай
деп рухына дұға бағыштаймыз.
Жаны жайсаң жан едің,
Отбасымыздың сәні едің.
Сағындық қой, жан ана,
Өмірдің мәні сен едің.
Жұмақта мекен еткейсің,
Пейіш төріне жеткейсің.
Өмірден мәңгі кеткенмен,
Көңілден мүлде кетпейсің.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Дәулетбай, балалары, келіндері, күйеубалалары,
немере-жиендері
19 қаңтар күні сағат 13.00-де с.сейфуллин ауылдық округінде “ақ босаға” тойханасында анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
ЕскЕ алу
Ағайын-туысқа ардақты, бауырларға ақылшы, қамқор болған қайрат Темірбайұлы
тірі болғанда 19 қаңтар күні 50 жасқа толар еді. Аяулы баламызды еске ала отырып,
төмендегі жыр жолдарын арнаймыз.
Тірі болсаң, Қайратым,
Келер едің елуге.
Мәз болып туыс, дос-жаран,
Отырушы едік төріңде.
Інілеріңнің баласын,
Өз баландай көруші ең.
Жасұланды мойныңа,
Мінгізіп ап жүруші ең.
Айданаңды жетектеп,
Көшеге мәз боп шығушы ең.
Құдай беріп тілекті,
Артыңнан ұрпақ жалғасты.
Айзадаң міне бүгін де,
Жоғарғы оқу орнында.
Өмірде жоқсың бүгінде,
Өртенді менің өзегім.
Амал бар ма тағдырға,
Жазылған соң маңдайға.
Құдайдан енді тілерім,
Иманың өзіңе серік боп,
Пейіш болсың мекенің.
Сағына еске алушылар: анасы-Күлпаш, жұбайы, бауырлары, баласы-айзада
Сенім телефоны
Жаңаарқа ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді
қызметтік ар-намыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 2-87-42 нөмірлі сенім телефоны
жұмыс істейді.
“Жаңаарқа ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мм
***
***
***
Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді қызметтік ар-намыс
кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды
бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 2-83-28 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді.
“Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімі” мм
Баланың болашағы – бұл әр ата-ананың міндеті!
Бүгін әрқайсысымыздың және балаларымыздың болашағы тікелей білімнің деңгейіне байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын төлеу мәселесін
соңғы сәтке қалдырады, сол сәтте БАНКТЕН ТИІМСІЗ КРЕДИТ НЕ БІРЕУДЕН ҚАРЫЗ АЛУ
соңғы шешім болып көрінеді.
Осы ретте ақшаны жоспарлы түрде жинақтау – үйде, банк ұяшықтарында және әртүрлі депозиттерде жинау бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдарының бірі болуы мүмкін.
Депозиттер нарығында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде іске асырылатын «AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан жыл сайын ақшалай көтермеленуінің
арқасында ең тиімді қаржы құралы болып табылады.
«AQYL» білім беру депозиттері бұл:
1.мемлекеттен жыл сайын ақшалай сыйлықақы алу. «AQYL» білім беру депозитіне
банктің сыйақысынан бөлек жинақталған сомадан 5-7 % мөлшерінде ақша түрінде мемлекет
сыйлықақысы есептеледі. Осылайша мемлекеттің қолдауымен оқуға шығындарды едәуір
азайтып, отбасылық бюджетке түсетін салмақты біршама жеңілдетуге, сәйкесінше болашақта
кепілді түрде баланы оқытуға болады.
2. Салымдардың кепілдендірілуі. «AQYL» білім беру депозиті 10 млн.теңгеге дейінгі
сомаға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Осылайша, білім
беру депозиттері толықтай қорғалған.
3. Өндіру шараларынан қорғалуы.«AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан, әрі
үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір өндіріп алудан қорғалған.
Сондықтан білім беру депозиттері толық қорғалған.
4.Салымдардың мерзімділігін өз бетінше белгілеу мүмкіндігі. Салымшы ашылған депозитке жасалатын жарналардың мөлшері мен олардың жиілігін отбасылық бюджеттің
мүмкіндіктеріне қарай өзі белгілейді. «AQYL» білім беру депозиттерін кассалар, Nur&Pay
интернет-банкинг арқылы, сондай-ақ картадан жинақтау шотына аудару арқылы толтыруға
болады. Бұл салымшыға өте ыңғайлы, әрі бірталай уақытты үнемдейді.
5. оқу орнын таңдауға шектеу қойылмайды.
6. Жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ. Білім беру депозитенде кез келген адам қаражат
жинақтай алады. «AQYL» білім беру депозитін ай сайын 2-5 мың теңгеден балаға ғана емес,
өз атыңа да ашуға болады. Осылай, ЖОО- ға немесе колледжге оқуға тапсыратын кезде біршама қомақты сома жиналады. Бүгінде 20 мыңға жуық білім беру депозиті ашылды.
Жауапкершілік жүгінен арыл! Балаңның болашағын қазірден ойла! Көштен қалма!
ЕскЕ алу
12 қаңтар 2019 жыл
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған аманбаев мейірхан Тапашұлы халқына аяулы ұл, үлкенге жақсы іні, кішіге
абзал аға, анамызға тірек, балаларына қамқоршы бола білді.
Адамгершілігі мен азаматтығы тең, парасаты мен пайымы
кең әкеміздің бақилық болғанына 19 қаңтар күні 40 күн толады. Арада 40 күн өтсе де, арамызда жоғыңа көңіл сенбей
қимаймыз. Тағдырдың жазғынына не шара?!
Әкеміздің жатқан жері жарық, топырағы мамық болсын.
Соңындағы ұрпағыңа бір Алла ұзақ ғұмыр сыйласын.
Әкежан, еліңе үлгі етеміз қадіріңді,
Мейірім себелейтін жан үніңді.
Көлеңке кірбің басса көңілдерді,
Сен келіп сыйлаушы едің жарығыңды.
Аңқылдақ ақ ниетің балашатын,
Жаныңа жарық көңіл жарасатын.
Бойыңда ізгі ниет қанша болса,
Ойыңда соншатұғын парасатың.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Рыскүл, балалары, бауырлары,немерелері, туғантуысқандары
19 қаңтар күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында әкеміздің өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған ардақты да құрметті
құдамыз аманбаев мейірхан Тапашұлының өмірден
озғанына 19 қаңтар күні 40 күн толады.Мезгілсіз келген ажал
құдамыздың отбасын есеңгіретіп, жандарына қайғы жарасын
салды. Қайтеміз. Алланың жазғанына еш шарамыз жоқ.
Құдамыз Мейірханның жатқан жері жайлы, топырағы торқа
болып, қабірі нұрға толса екен дейміз.
Аңқылдаған дархан еді көңілің,
Ешбір жанның қалмасын деп көңілі.
Мейірімді жылуы мол бәріңе,
Есімізде сақталады мәңгіге.
Еске аламыз сағынышпен мұңайып,
Ойлағанда қалар көңіл құлазып.
Біз білмеппіз бұл өмірдің жалғанын,
Көтереміз жаратқанның салмағын.
Сағына еске алушылар: құда-құдағиы-Сейдрахман-Тиыштық, күйеубаласы мен
қызы-Дархан-Жадыра, жиендері-Жансұлтан, Елназар, Шолпан-Еркін, айманалмаз, Дастан-Жансая
Кеңестік Одақ кезінде,
Атанды “Спорт шебері”.
Қазақша күрес, самбода,
Мейрханым ер еді.
Батыр еді бауырым,
Қаймықпаған жырақта.
Екі дүркін чемпион,
Орта Азиялық сынақта.
МЕйірхан бауырға
Қанат қақты жас қыран,
Мұқағали ұядан.
Гүлім, Мақпал, Жадыра,
Бағын тапты қиядан.
Парасатты, ақылды,
Рысгүлің аяулы.
Балаларың шаршатпас,
Болса дағы қаяулы
Азаматым сен едің,
Текті атаның затынан.
Алладан “жұмақ” тілейміз,
Бауырлардың атынан.
құрметпен:
панаш Жүкенов
Будущее ребенка-это не детская задача, а твоя!
Благополучие каждого из нас и наших детей сегодня напрямую зависит от уровня образования. Однако для многих казахстанских родителей вопрос оплаты обучения ребенка в ВУЗ переносится на последний момент, при поступлении в ВУЗ, и тогда финансовым решением
может стать – НЕПОДЪЕМНЫЙ КРЕДИТ В БАНКЕ ЛИБО ВЗЯТЬ В ДОЛГ У ДРУЗЕЙ.
Одним из лучших решений проблемы может стать планомерное накопление денег – сберегать дома, копить в банковских ячейках и на различных видах депозитов.
На депозитном рынке самым выгодным финансовым инструментом, за счет ежегодного денежного государственного стимулирования, является государственный образовательный депозит «AQYL», реализуемый в рамках Государственной образовательной накопительной
системы. Государственные образовательные депозиты «AQYL» это:
1.Ежегодное денежное вознаграждение от государства. Кроме вознаграждения банка на
государственный образовательный депозит «AQYL», ежегодно начисляется государственная
премия в денежном эквиваленте в размере 5-7 % от накопленной суммы. Вместе с государством можно существенно сократить затраты на обучение, значительно снизить нагрузку на семейный бюджет и в будущем гарантировано обучить ребенка.
2. Гарантирование вкладов. Государственный образовательный депозит «AQYL» застрахован Казахстанским фондом гарантирования депозитов на сумму до 10 млн. тенге.
3. защищенность от взысканий.Государственный образовательный депозит «AQYL» также
защищен от любых взысканий, как со стороны государства, так и третьих лиц. Таким образом,
образовательные депозиты полностью защищены.
4. возможность самостоятельно определять периодичность взносов.Вкладчик сам определяет размер и регулярность пополнения депозита, исходя из возможностей семейного бюджета. Пополнить государственный образовательный депозит «AQYL» можно через кассы,
интернет-банкинг Nur&Pay, с помощью переводов с карты на накопительный счет. Это удобно
и значительно экономит время вкладчиков.
5. нет ограничений по выбору места обучения.
6. нет ограничений по возрасту. Копить на образование может каждый. Открыть государственный образовательный депозит «AQYL» можно не только на ребенка, но и на себя,
откладывая даже незначительную сумму, по 2-5 тыс.тенге ежемесячно, и к моменту поступления в ВУЗ или колледж,накопится существенная сумма. На сегодняшний день уже открыто
порядка 20 тыс. образовательных депозитов.
Сними груз ответственности! Обеспечь ребенка «подушкой безопасности» на будущее! Будь
в тренде!
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, қадірменді құдамыз абдишев
марат Түйтебайұлын зейнеткерлік жас 63 жасқа шыққан
мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасына береке, деніне саулық, отбасына амандық, шаңырағына
шаттық тілеп, өзінен өрбіген ұрпағының қуанышқызығына қуанып, солардың ортасында бақытты баянды
ұзақ ғұмыр кешіңіз демекпіз.
63 жас - ақылды жас,
Ғасырдың арасында теңелген жас.
Ақыл мен парасатты бірге ұстап,
Ел ағасы дегенге бөленген жас.
Торқалы той 63 жас құтты болсын,
Денсаулық әрдайым мықты болсын.
Балалар мен ұрпағыңыз аман болып,
Үйіңізге қуаныш пен бақыт толсын.
Ізгі тілекпен: құда-құдағиы орал-венера және балалары
Құттықтаймыз!!!
Аяулы ана, сүйікті әже макишева Боташ
Тұбырханқызын 50 жасқа толған мерейтойымен
құттықтаймыз. Асыл анам 50 жасыңыз құтты болсын. Мені
өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге
жеткізгеніңіз үшін алдыңызда мәңгі қарыздармын. Анашым жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліпойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Елудің де асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Ізгі тілекпен: балалары мақпал-Думан, немерелері-нұрислам, Ерасыл
Құттықтаймыз!!!
Жанашыр, әрдайым қолдаушы әпкеміз макишева Боташ
Тұбырханқызын мерейтойымен құттықтаймыз.
Қуанышыңыз құтты болсын. Әпкемізді мерейлі жасымен
құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының
аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке ел ге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз.
Шаттық пенен нұрға толсын жүрегіңіз,
Жайнасын туған күнде гүл өңіңіз.
Бөленіп қызығына балалардың,
Әрқашан сау болыңыз-тілегіміз.
Той-думан болсын өміріңіз сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
Ізгі тілекпен: бауырлары Кенжегүл, ақтөре
Тұрғындар назарына!!!
Құттықтаймыз!!!
Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінде жас ұрпаққа
сапалы
білім,
саналы
тәрбие
беруде
қажымас
қайратымен,өнегелі үлгісімен, адамгершілік қасиетімен,
ұстаздық жолын көрсете білген Бидайық ауылының
тұрғыны,аяулы жар, ардақты әке,сүйікті ата, ұлағатты
ұстаз Сүйіндіков алпысбай!
Еңбегіңіз еленіп зейнеткерлік жасқа жеткен қуанышты
күніңіз құтты болсын! Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіз, сіздің
алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл ұстаз,
аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей
қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз.
Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген
әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз
өмір мектебі екендігі даусыз. «Білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар
басына алқынбай жеткен ұстазымыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек
соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің
ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы
кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша еркін, мейіріміз
қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды мақтаныш етеміз.
қадірлі алпысбай Сүйіндікұлы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен
зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
Құтты болсын зейнеткерлік жасыңыз,
Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз!
Деніңіз сау,аман болып басыңыз,
Тек жоғары домаласын тасыңыз!
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі,аудандық кәсіподақ ұйымы және
Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы
абыройды асқақтатқан алты қола
Қоғам талабына сай жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиеге үйретуге арналған
пәндік олимпиадалар, түрлі жарыстар мен сайыстар, зияткерлік ойындар бар. Осындай
шаралардың арқасында оқушы өзінің білімі мен білігін, бәсекеге қабілеттілігін, басқа да
қабілеттерін көрсетіп, шыңдай алады. Осы орайда, ауданымыздың мектеп оқушылары жыл
сайын өткізілетін дәстүрлі Республикалық пәндік олимпиадаларда биіктен көрініп,
ауданымыздың абыройын асқақтатып жүр. 2018 жылдың 6 - 7 желтоқсанында
республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңі өтіп, жүлделі І орын алған 20 оқушы
3 – 5 қаңтар аралығында өтетін облыстық олимпиадаға жолдама алған болатын. Олардың
барлығы Н.Нұрмақов атындағы және «Мұрагер» мамандандырылған мектеп - интернаттары базасында 13 пәннен бақтарын сынап, нәтижесінде 6 оқушы жүлделі орындарға ие
болды. Атап айтқанда, Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінің
оқушылары Жарас Ахмедия (физика пәні бойынша, мұғалімі –Думан Салкенов Маратұлы),
Боранбай Ділназ (география пәні бойынша, мұғалімі – Аринова Дәмеш), Василенкова Анастасия (орыс мектебіндегі қазақ тілі, мұғалімі Қадірсізова Ғалия Есенқызы), О.Жұмабеков
атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінің оқушылары Төлеутай Қуаныш
(Қазақстан тарихы, мұғалімі – Ізтөлеуова Назым Далбайқызы), Молдазаимова Малика
(қазақ мектебіндегі орыс тілі пәні бойынша, мұғалімі – Рахымбекова Алтынай Аманқызы),
Ынтымақ ЖОББМ – нің оқушысы Серікбай Мөлдір (қазақ мектебіндегі қазақ тілі мен
әдебиеті пәні бойынша, мұғалімі – Исина Алданыш Жолбарысбекқызы) ІІІ орындарды
қанжығасына байлап, абыроймен оралды.
Аудандық білім беру саласының қызметкерлері осы жеңіс тұғырынан көрінген
оқушылардың бұдан да биік белестерді бағындыра алатынына сенім білдіре отырып,
оларды дайындаған пән мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілейді.
Г. КӨБЕЕва ,
білім бөлімінің әдіскері
«Тазасу» КМК-ны Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің № 3-6/4428 14.12.2018 жылғы келісімімен
01.01.2019 жылдан бастап су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге
төмендеген сараланған тарифтер бекітілгенін хабарлайды:
- айына бір адамға суды тұтыну көлемі 3,6 текше метрден аспайтын жеке тұлғалар үшін
м3 ҚҚС-сыз 97,03 теңге мөлшерінде;
- айына бір адамға суды тұтыну көлемі 3,6 және 4,1 текше метр арасында жеке тұлғалар
үшін, сонымен қатар бекітілген нормативтік-техникалық ысыраптар көлемдерінің шегінде
жылу энергиясын өндірумен, берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындар, су таратушы колонкалар арқылы тұтынушылар және бюджет қаражаттарының есебінен
ұсталатын ұйымдар үшін м3 ҚҚС-сыз 127,17 теңге мөлшерінде:
- айына бір адамға суды тұтыну көлемі 4,1 текше метрден асатын жеке тұлғалар үшін және
суды жеке есептеу құралдары жоқ жеке тұлғалар үшін, сонымен қатар заңды тұлғалар үшін
м3 ҚҚС-сыз 132,52 теңге мөлшерінде.
Кәріз жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге төмендеген сараланған тарифтер бекітілсін:
-тұрғындар үшін м3 ққС-сыз 111,71 теңге;
- басқа да тұтынушылар үшін м3 ққС-сыз 259,78 теңге.
“Тазасу” КмК
Түгіскен ауылдық округінің тұрғыны аймуханов мухаметгали Балмухановичтің
атына 14.07.1994 жылы берілген үйді жекешелендіру туралы №56 келісым шарты, 2004
жылы берілген №9 өкімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
2018 жылғы 1 қарашадан бастап «е nbek.kz»
nbek.kz» порталында еңбек шартына қосымша
келісім жасауға және оларды бұзуға мүмкіндік беретін электрондық еңбек шарт тарды тіркеу бойынша сервис қосылды.
Осыған байланысты, Электрондық еңбек биржасы порталында еңбек шарттарды
тіркеу бойынша жұмыс берушілерге арналған нұсқаулықты қолдана отырып жобаға
қосылуынызды сұраймыз. Нұсқаулық «enbek.kz
» порталындағы «Көмек» бөлімінде
«enbek.kz»
орналастырылған.
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мм-сі
На портале «enbek.kz
» с 1 ноября 2018 года запущен сервис по регистрации элек«enbek.kz»
электронных трудовых договоров, который также позволяет составлять дополнительные
соглашения к трудовым договорам и расторгать их.
В связи с этим, просим пользуясь инструкцией для работодателей по регистрации
трудовых договоров на портале Электронная биржа труда подключиться к проекту.
Инструкция размещена на портале « enbek.kz»
enbek.kz» в разделе «Помощь».
ГУ «отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района»
аУДанныҢ БаРлық ЖұмыС БЕРУШІлЕРІнЕ
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРалина СалТанаТ аманқызы
мЕнШІК иЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ276017171000000078, Бин 010340002761, БиК HSBKКZKX, КБЕ 16,
Рнн 240400001948, ао “народный Банк Казахстана”
Жарамсыз деп танылсын
вСЕм РаБоТоДаТЕлям Района
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1900 дана
Тапсырыс №2
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
10
Размер файла
37 670 Кб
Теги
2qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа