close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 3qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№3 (9892), 19 қаңтар, 2019 жыл
Өткен жыл қорытындыланып, жаңа жылда атқарылатын жұмыстар сараланды
Жылда қаңтар айының екінші онкүндігінде басталатын
ауыл әкімдерінің өткен жылда атқарған жұмыстары мен
алдағы жылдағы міндеттері жайындағы есептік кездесуі 15қаңтар күні Айнабұлақ ауылында басталды. Есептік кездесу жиынына аудан әкімі Юржан Бекқожин, аудандық
мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов, аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы Хамзе Сәтжанов, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков, аппарат басшысы Алмаз Әбдіғожин,
аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Саят Сағынтаев,
аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәрсенбек
Баязитов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
Айдын Құрмашев,
аудандық білім бөлімінің басшысы
Тілеш Әштаев,
аудандық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары
бөлімінің басшысы Жанкелді Бөгенбаев, аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Мұқажанов,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Венера Тоқанова, аудандық ветеринария станциясы
КММ басшысы Канат Мұқанов, аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айжан
Мұсабекова, аудандық орталық аурухананың директоры
Серік Құлмағанбетов, аудандық «Жаңаарқа Жылу» КМК-
ның директоры Мейіржан Әбілдинов,
аудандық
“Қазақтелеком” мекемесінің қызметкері Гайдар Сағындықов
және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібіне сай Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі
Жанқозы Адикамов өткен жылы атқарылған шаруаларға
тоқталды. Елбасының сындарлы саясатын оның ішіндегі
биылғы 10-шы қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың
әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы»
Жолдауындағы басым бағыттар туралы баяндады. Ауыл
әкімінің алға қойған мақсаттарын тыңдаған жиынға
қатысушылар келесі кезекте сұрақтар қоюға көшті.
Заманында астықты алқап болып, қамбаға ақ бидайды
толтырған Айнабұлақ елді мекенінде 310 тұрғын бар екен.
Ырзық несібесін жер мен малдан көріп отырған ауылға
биылғы жылы екі жас отбасы қоныстаныпты. Қорасы
малға толған ауылдың жай-күйі жақсы болғанымен, ауыл
тұрғындарының арасынан ауылға өте қажетті деген
сұрақтар қойылды. Шағын ауылдың тұрғындары дәрігерге
көріну үшін алдымен Қараағаш ауылындағы дәрігерге
көрініп барып, ауданға баратындарына наразылықтарын
жеткізіп, қолдау көрсету керектігін сұраған Сұлтан
Дүйсенбековке аудандық орталық аурухананың директоры
Серік Күлмағанбетов жауап берді.
-Ауыл тұрғындарының саны 310 болғанымен дәрігерлік тіркеуде 175 адам түр. Жалпы дәрігерлік амбулатория болу
үшін халық саны мыңнан артық болуы керек, осы орайда
ауыл тұрғындарының жағдайына байланысты Талдыбұлақ,
Айнабұлақ, Қараағаш ауылдық округтерін біріктіріп,
дәрігерлік
амбулаторияны Қараағаш елді мекенінен
ашқанбыз. Бүгінгі күні ол жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта
сіздер ол жаққа бармай тікелей ауданға бара алатын боласыздар. Ол үшін осындағы медпунктке интернет желісі тартылып, сол арқылы сіздер аудандағы ауруханадағы қаралатын
дәрігерлеріңізге кезекке тұра аласыздар. Шұғыл жағдайда
арнайы жасақталған
“шұғыл (экстренный) кабинет”
қабылдайтын болады.
Ауыл электригі Жасқанат Балтин соңғы айларда еңбек
ақысын уақытылы алмағанын айтып өтті. Аудан әкімі бұл
мәселемен айналысып жатқанын, таяу күндері жалақысын
алатындығын жеткізді. Сонымен бірге арнайы қойылған
жәшікке түскен үш сұрақ бойынша да аудан басшысы
жауап берді. Ауыл мектебінің шатыры жөнделсе деген тілекке алдағы уақытта сессияда қаржы қарастырылатын
айтса, байланыс құралдары телефон желілерін ауыстыру
керек деген Г.Ильменовтің өтініші бойынша аудандық
Қазақтелеком мекемесінің қызметкері Гайдар Сағындықов
желілердің ауыстырылып жатқаны баяндады. Ауыл іргесіндегі қыстақ тұрғыны (Птичник) Е.Оспановтың электр
бағаналарына жөндеу жұмыстары жүргізілсе дегеніне ауыл
әкіміне тапсырма берді. Алдағы уақытта
ауыл
тұрғындарымен бірлесе мамандарды тартып, желілерді
жөндеуді тапсырды.
Ауыл әкімінің есебін тыңдаған аудан басшысы Елбасының
тапсырмаларына тоқталып, басым бағыттар аясында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Жыл барысында аталып өтетін үлкен шара Сәкен Сейфуллин бабамыздың мерейтойы мен тоқсанға толар ауданның
торқалы тойына тарту
ретінде
«Тоқсан
игі іс»
бағдарламасы бойынша жұмыс атқарылатын айтып өтті.
Өзекті мәселелер шешімін тауып, ауыл әкімнің атқарған
жұмысына оң баға беріліп, жиын аяқталды.
Қараағаш ауылындағы жиын басталып, аудан әкімі
Юржан Асанұлы ауданнан арнайы келген мекеме басшылары
мен бүгінгі есептік кездесудің күн тәртібімен таныстырып,
ауыл әкімі Ғафиз Оспановқа сөз берді. 2018 жылы Қараағаш
ауылында атқарылған жұмыстар жайлы баяндап жатқан
тұрғындары көп сұрақтың тиегін ағытты. Бірі жарықтың
жиі сөнетіні айтса, екіншісі көше жолының аршылмайтынын, көше бойына орнатылған жарықшамдардың жарығы
мардымсыз екендігін, орман шаруашылығында тұратындарға
жол аршылмайтынын айтты. Жастар атынан сөз алған
Алмат Әлин ауылда спорт пен мәдени шаралардың талапқа
сай еместігін айтып, жастарға қолдау жасалса дей келе, осы
ауылдың тумасы аудандық мәслихат хатшысы Қуат
Анасұлының ауылға жасаған жақсылығын баяндап,
ауылдастарының атынан рахметін жеткізді. Ауыл ақсақалы
Қылыш Халилин
өткен жылы ауылда атқарылған
жұмыстарға көңілінің толмайтынын ашына баяндады. Төрт
баланың әкесі А.Баймағанбетов бастауыш сынып мұғалімі
жарына жұмыс таппай отырғанын әрі әлеуметтік көмек ала
алмайтынын айтса, А.Әшкеев “Рухани
жаңғыру”
бағдарламасы аясында мектеп түлектері бірігіп, ауылда
құдайы тамақ беретін үлкен асхана ашуға ниет білдірді.
Н.Баймағанбетов орман шаруашылығы мекенінен мешіт салынса деген ұсынысын білдірді. Қ.Мұздыбаев ауылға
оқыған, өз ісінің шебері электрик маманы керектігін айтса,
Н.Халилина ауылға тағы бір мейірбике және дәріхана керек
екенін әрі ауыл мен аудан ортасына жүретін маршрутты реттесе деген ойын білдірді Ауылдық ардагерлер ұйымының
төрағасы Ж.Шәкенов өткен жылы ауылдарындағы мәдени
сауық орталығының тек қасбетінің жөнделуіне және
мердігерлердің орнатқан көше жарықтарының мардымсыз
екеніне таңданысын жасырмады. Аудан орталығында өтетін
мектепішілік іс шараларға балаларды апаратын көлік
ұйымдастырылып, балалардың қауіпсіздігі қадағаланса деген
ұсынысын жеткізді. Мектеп директоры
Г.Шәкенова
ынтымағы жарасқан елдің ырысқа кенеліп, ауызбіршілік пен
ұйымшылдық болғанда ғана ауылды өркендету ортақ
мүддеге айналарын баса айтты. Ауылдастарын бірлесе
ауыл әкімінің сөзін жалп етіп сөнген жарық үзіп жіберді.
Жылына бір рет өтетін ауыл әкімінің халық алдындағы есеп
беру кездесуіне ауыл тұрғындарының көбі жиналыпты.
Қараңғыда қарманып отырған көпшіліктің берекесін жарық
түссін деген оймен ашып қойған есіктен соққан ызғар кетіре
бастағанда тоқ бергіш аппаратқа қосылған жарық жанып,
жиналыс қайта жалғасты. Баяндама аяқталып, ауыл
жұмыс атқарып, белестерді бағындыруға шақырды. Жиын
соңында ауыл имамы көпшілікке бата беріп, ағымдағы жыл
сәттілікке толы болғай деді.
Аудан әкімі жиын барысында қойылған сұрақтарға жауап
беріп, ауыл тұрғындарының талап-арыздарына жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берді.
Салтанат АмАнҚызы
19 қаңтар 2019 жыл
2
Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғындардың
ұсыныстары мен ескертулері жазылған хаттарын
салатын жәшіктер қойылған орындар:
Рет
саны елді-мекен атауы
1
Атасу кенті
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Қызылжар кенті
Ақтүбек ауылдық
округі
Айнабұлақ
ауылдық округі
Ақтау ауылдық
округі
Бидайық
ауылдық округі
Байдалы би
ауылдық округі
ералиев ауылдық
округі
м.Жұмажанов
атындағы
ауылдық округі
Қараағаш
ауылдық округі
Сейфуллин
ауылдық округі
Талдыбұлақ
ауылдық округі
Түгіскен
ауылдық округі
Целинный
ауылдық округі
Тұрғын халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерге арналған
жәшіктердің елді-мекенде орналасқан жері
М.Жұмажанов атындағы ауылы – мектеп ғимараты,
Байғұл елді мекені – мектеп ғимараты
Ынталы ауылы – мектеп ғимараты,
Орман шаруашылығы елді мекені – мектеп ғимараты
Ынтымақ ауылы - мектеп ғимараты,
Жаңаталап елді мекен – мектеп ғимараты
Талдыбұлақ ауылы – клуб ғимараты, мектеп ғимараты
Түгіскен ауылы - мектеп ғимараты,
Кенжебай-Самай елді мекені – мектеп ғимараты
Орынбай ауылы - мектеп ғимараты, клуб ғимараты, Бидайық-2 елді мекені –
мектеп ғимараты
Аудан әкімінің «Барлық деңгейдегі әкімдердің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«26» желтоқсан 2018 жылғы № 64 нқ өкіміне №1 қосымша
Аудан әкімінің тұрғын халықпен есепті
кездесулерін өткізудің
ЖеЛІЛІк кеСТеСІ
Түгіскен ауылдық округі
21.01.2019 ж сағ 15.00
Клуб ғимараты
9
Ақтүбек ауылдық округі
23.01.2019 ж сағ 11.00
Байдалы би ауылдық округі
25.01.2019 ж сағ 15.00
Бидайық ауылдық округі
28.01.2019 ж сағ 15.00
Қызылжар кенті
Ералиев ауылдық округі
10
Талдыбұлақ ауылдық округі
12
Целинный ауылдық округі
15
мәслихаттың ревизиялық комиссиясының
төрағасы. 2008-2010 жылдары «Тазасу»
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның
директоры.
2011-2012
жылдары
«Жаңаарқа-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас механигі. 2012
жылдан бүгінгі күнге дейін «ЖаңаарқаЖылу»
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорынның бас инженері.
2019
жылдың 11-қаңтарынан бастап «Тазасу»
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның
басшысы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Жәнібек Сайлаубекұлы «Нұр
Отан» партиясының мүшесі, Жаңаарқа
аудандық мәслихатының III, IV, V, VI
шақырылымдарының депутаты. Отбасылы, төрт баласы бар.
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы
Атасу ауылы – клуб ғимараты, №117 разъезд – станция ғимараты
Ералиев ауылы – мектеп ғимараты, №189 разъезд – мектеп ғимараты,
Жомарт станциясы – мектеп ғимараты
7
14
Юржан Бекқожин аудандағы жаңа
тағайындау туралы ресми түрде хабарлады. Аудандық «Тазасу» мемлекеттік
кәсіпорынының директоры лауазымына
Жәнібек Рыспеков бекітілді.
Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы 1966
жылы 9-қаңтарда Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылында
дүниеге келген. 1982 жылы орта мектепті
бітірген. 1982-1987 жылдар аралығында
Қарағанды политехникалық институтында
«Инженер-механик» мамандығы бойынша
білім алған.
Еңбек жолын 1987 жылы Ақтау совхозында көмекші бригадирліктен бастап,
гараж
меңгерушісі,
инженер
жабдықтаушысы, бөлімше меңгерушісі
болып қызмет атқарған.
Ақтау ауылы - мектеп ғимараты, Қылыш елді мекені – мектеп ғимараты.
Оросительное ауылы - мектеп ғимараты, №69 разъезд – станция ғимараты,
Ақтайлақ елді мекені – мектеп ғимараты
есептік кездесуді
өткізетін орын
13
1994-2003 жылдар аралығында «Жылысай» шаруа қожалығының жетекшісі.
2003-2008
жылдары
аралығында
Айнабұлақ ауылы – клуб ғимараты, мектеп ғимараты
есептік кездесудің өтетін
күні және уақыты
11
Аудандық мәслихат хатшысы, аудан
әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары қатысқан жиында аудан әкімі
Орта мектеп ғимараты, пошта ғимараты
Ақтүбек ауылы – мектеп ғимараты, Өркендеу елді мекені – мектеп ғимараты,
Атасу станциясы – мектеп ғимараты, Манадыр станциясы – мектеп ғимараты
есептік кездесудің өтетін жері
8
Аудан әкімдігінде жаңа тағайындау
Аудан әкімдігі, Атасу кенті әкімдігі, С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана,
Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты, аудандық пошта торабының
ғимараты, аудандық аурухана, №28 жол дистанциясы, локомотив депосы.
Рет
саны
6
Ауданда жаңа тағайындау
Атасу кенті
Атасу кенті
21.01.2019 ж сағ 11.00
23.01.2019 ж сағ 11.00
25.01.2019 ж сағ 11.00
28.01.2019 ж сағ 11.00
30.01.2019 ж сағ. 11.00
8.02.2019 ж сағ 11.00
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ
Мәдени-сауық орталығы
Ұлы даланың жеті қыры
Тарихи сананы жаңғырту – басты бағдар
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық еңбегінің жалғасы екені айқын
көрініп тұр. Бұл мақала қазақ халқының сан ғасырлар бойы атадан балаға беріліп келе жатқан құнды мұрасын жан-жақты қарастырған. Президент қазақ
даласының жеті ерекшелігін көрсетіп, сол арқылы өз елінің тарихын бағалауға
шақырады.
Мақала екі тараудан тұрады. Бірінші тарауды «Ұлт тарихындағы кеңістік
пен уақыт» деп атап, мынадай жеті бөлімге жіктеп жазған: атқа отыру
мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі
әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.
Мақалада қазақ халқының өткені туралы көптеген маңызды мәліметтер келтірілген. Атқа міну мәдениеті, жылқы шаруашылығын жүргізудің қыр-сыры,
қазақ халқының қазіргі замандағы киім кию үлгілерінің шығу тарихы, қазіргі
кезде де көзге түсетін салт аттылардың асқан шеберлігі сияқты көріністердің
түп тарихы ескі дәуірден келе жатқаны туралы сипатталған.
Екінші тарау «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталады. Орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр ӘлФарабиді дүниеге әкелгенін, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының
бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқанын атап
көрсетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби – педагогика, философия, математика, медицина, музыка саласында әлемдік білімді байытқан көптеген құнды
еңбектердің авторы. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар.
Елбасы: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды
көрсетейін деп отырған жоқпыз. Ең бастысы, нақты ғылыми деректерге сүйене
отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға
тиіспіз», - дейді. Шынында, өткен тарихымызда біз мақтанатын жетістік көп.
Елбасы мақаласында тамырсыз ұлт емес екенімізді жақсы жеткізген.
Еліміздің табысты болуы үшін төл тарихын білетін, бағалайтын, мақтан ететін халықтың болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу – басты мақсатымыз болуы
заңдылық. Ал өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу мен
болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі.
Б.ҚуАнышБекОвА,
Б.Амалбеков атындағы орта мектебі
Хабарландыру
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және
өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №256 бұйрығының 7 бабына
сәйкес өтінімдерді қабылдау 20 қаңтардан басталады деп белгіленген. Осы қағидаға байланысты Жаңаарқа ауданының ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесі
субсидиялауға өтінімдерді 2019 жылдың 20 қаңтарынан бастап қабылдайтыны туралы
хабарлайды. Толық ақпаратты Жаңаарқа ауданың әкімдігінің интернет-ресурсында (сайтында
https://akimat-zhanaarka.gov.kz/ru/)
немесе
Жаңаарқа
ауданының
ауылшаруашылығы бөлімінің телефоны 8(71030)26708 арқылы ала аласыздар.
Жаңаарқа ауданының ауылшаруашылығы бөлімі
Рухани жаңғыру
Табысты ел болуымыздың кепілі - Рухани жаңғыру
Елбасы Нұрсұлтан
Ә б і ш ұ л ы
Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру»
бағдарламалық
мақаласы
ел
дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын
көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан
айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен
үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе
көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін
қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі –
саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға
ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа
қалай қадам басатынын және ертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Бір жыл уақыт аралығында Елбасы басты мақсат
еткен бағыттарды орындау аясында кең ауқымды
жұмыстар атқарылды. Білім ошағында білім мен
тәрбие саласының басты бағыт ұстанымы – жас
буын жастар. Иә, жас ұрпақтың бойына ұлттық
құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық
өзгерістерге бейім, әрі патриоттық рухта тәрбиелеу
қашан да өзекті мәселе болып келген. Сондықтан
Президент ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасы
– бала тәрбиесіне жауапты мамандардың басты
бағдарына айналуы заңдылық.
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол –
Ұлы Дала елінің бойында қалғып кеткен құлдық сананы ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сіл-
кініс әкелді. «Ұлттық
код», «білім культі»,
«эволюциялық жол» жаңғыру терминдерін көпке
жол сілтеуші темірқазыққа айналдырды.
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі
тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған
Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз
керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен
нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы
пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан,
ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік
құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы
өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті
Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды
екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық
жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу
үшін болашаққа қалай қадам басатынын және
бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Сонымен қорыта келгенде, бәсеке болған жерде
әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады.
Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық
идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел
болуымыз
үшін
жақсылыққа
ұмтылып,
жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық
қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан
үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Қайрат ОмАРОв,
мемлекеттік қызметкер
3
19 қаңтар 2019 жыл
елбасы Жолдауына үн қосамыз
Алты бағыт – халықтың әл-ауқаты өсуіне бастайтын төте жол
Елбасының Қазақстан халқына әр Жолдауына ел
тұрғындары үмітпен қарайтындығы белгілі. Ал жаңа міндеттерді атқаруды жүктейтін «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»
Жолдауы әрқайсысы бірнеше міндетті жүзеге асыруды талап
ететін әл-ауқатымыздың алты қадамын көрсетеді.
Біріншіден, халық табысының өсуі. Тұрғындардың тұрмыс
деңгейі – халықтың табысы мен шығысын, білімі мен
біліктілігінің дәрежесін, тіршілік әрекеттерінің шарттарын
және қоршаған ортаның жағдайын танытатын күрделі
әлеуметтік-экономикалық категория. Халықтың өмір сүру
деңгейін арттыру дамыған қоғамның негізгі мақсаты болып
табылады. Халық табысының өсуі қоғамдағы экономикалық
өсім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып,
халықтың ұзақ, қауіпсіз және әл-ауқатының табысты шарттарын құрады. Ол үшін «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту, монополияға қарсы
ведомствоның жұмысын реформалау, «Қолма-қол ақшасыз
экономикаға» бет бұру, сауда саясатында селқостықты болдырмау, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық іске
асыру, инновациялық және сервистік секторларды дамыту,
қаржы секторының рөлін күшейту секілді міндеттер
қойылды. Демек, халық табысының өсуі осы міндеттерді
жүзеге асыру деңгейін арттыру арқылы маңызды болмақ.
Екіншіден, тұрмыс сапасын арттыру. Тұрмыс сапасы –
мағынасы кең ұғым. Ол материалдық әл-ауқаттың құрамдасы
болып табылатын өмір сүру деңгейі, эмоциялықтың
құрамдас бөлігі саналатын өмірге деген көзқарас және
уақытша қалыптасатын өмірдің болашақ құбылыстарының
жиынтығы. Аталған құрамдастардың әрбірі адамзат үшін
маңызды. Өмір деңгейі адамның материалдық жағдайы,
әлеуметтік мәртебесі мен құзыреттілік деңгейін көрсетеді.
Өмірге көзқарас адамның жеке басы мен қоршаған ортаға
эмоциялық қатынасымен тығыз байланысты. Бұл құбылыстардың толыққандық алып тасуы адамның өмірлік
болашағын жүзеге асыруға көмектеседі. Жолдауда тұрмыс
сапасын арттыру үшін білім, ғылым, денсаулық сақтау
сала¬ларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі
жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу, мектепке дейінгі
білім беру сапа¬сын түбегейлі жақсарту, білім сапасын
бағалау жүйесін халықаралық стандарттарға негіздеу, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау, медициналық қызмет
сапасын арттыру, өңірлік деңгейде бұқаралық спорт пен
Ауданымызға 90 жыл
Тарихқа шолу
1923 жылы бұрынғы болыстар қосылып, аудан аталғанда
сайлау өткізуге келген Балаубаев Сәлкен ауданның атын
"Асанқайғы" деп қойған. Асанқайғы ауданының құрамына
бұрынғы патша заманында аталған - Қойтас, Сораң, Еркесай, Нілді, Ақтау, Ортау, Алабас, Көнек, Қараағаш дейтін
Алтай-Қарпық руының болыстары енген.
1923 жылы бытыраңқы болыстар іріленіп аудан
құрылғанда, кеңестік жаңа ауданның аты "Асанқайғы" деп
қойылған. 1929 жылы Асанқайғы ауданы Жаңаарқа атанған.
1991 жылы аудан басқарудың ескі жүйесі таратылып,
әкімдік институт кірді.
Жаңаарқа ауданының тұңғыш әкімі болып А.Әдіханов
тағайындалды. Одан кейін С.Шайдаров болды. Жиырма бірінші ғасырдың басында аудан әкімшілігінің дербес құрамы
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару
туралы заңына сәйкес аудан әкімі (С.Шайдаров) аудан
әкімінің екі орынбасары (І.Ісләмов, М.Хишауов), аудан әкімі
аппаратының басшысы (М.Жандәулетов), аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушісі (Ә.Жақин), Атасу кентінің әкімі
(Ж.Елеуов), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Ж.Имашев) шешіліп, аудандық мәслихат сессиясында бекітілген.
Кеңес үкіметі кезіндегі еңбекшілер депутаттарының
аудандық кеңесі атқару комитеті аталатын басқару институты да өзгеріп, аудандық мәслихат атанды (аудандық
мәслихат хатшысы Х.Омаров). Мәслихатқа 12 депутат сайланды.
Нарықтық қатынасқа көшкен аудан жұртшылығы жекешелендіру кезін басынан өткеріп, ХХІ ғасыр есігін кәсіпкерлік
әртүрлі меншік формасымен ашып, психологиялық жағынан
жаңа сипатқа ие болды, масылдық психологиядан арыла бастады.
Аудан территориясы 5088 мың гектардан астам жерді алып
жатыр. Осының 88,3 гектары егістік, 20,6 гектары
шабындық, 3633,4 гектары жайылымдық жерлер.
Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде 569 фермерлік,
шаруа-қожалық шаруашылық, 1 акционерлік қоғам, 4
өндірістік кооператив бар.
ХХІ ғасырдың басында ауданда 36 мектеп, 1 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі, 1 интернат болды. Халыққа
медициналық қызмет көрсететін 1 аурухана, 16 амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт болды.
"Жаңаарқа" энциклопедиясынан
(2003 жыл)
денешынықтырудың қолжетімділігін арттыру секілді
мін¬деттерді жүзеге асыру мәселелері талданды.
Үшіншіден, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру. Өмір
сүруге жайлы орта қалыптастыру – қазіргі қоғамның заманауи экономикалық үлгісінің көрінісі. Сондықтан әрбір азамат тұтыну, қарым-қатынас жасау мен өмір сүрудің
жайлылығын жасауға ұмтылады. Қоршаған ортаның
жайлылығы ең алдымен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігімен
байланысты. Мемлекеттік саясат адам өміріне қолайлы және
мұқтаждықтардың орнын толықтыруға бағытталған сайын
қоғам серпінді түрде дамиды. Көптеген сарапшылар да
дұрыс айтады, жайлы орта қалыптастырған сайын біз экономиканы да тиімді басқара аламыз. Бұл үшін, Жолдауда
айтылғандай, сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй, еліміздің
аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізу, құқық қорғау
органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер енгізу, сот жүйесін одан әрі жаңғырту маңызды.
Төртіншіден, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат. Мемлекеттік басқару мен саясаттың
бюрократиялық үлгісінен бас тарту және мемлекеттік істерді
заман талабына сай жаңа парадигмалар бойынша жұмыс
жүргізудің де маңызы зор. Бүгінде қазіргі заманның жаңа
құндылықтары мен жаһандық сын-тегеуріндеріне жауап беруге бағытталған тұжырымдамалар ғана азаматтар
сұранысына бейімделеді. Сонымен қатар, азаматтар
сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат азаматтық
қоғамның дамуындағы маңызды қадам болмақ. Сондықтан
Елбасы мемлекеттік аппаратты өзгертудің міндеттерін
ұсынады: мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін
түбегейлі арттыру, әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресті
жалғастыру, үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың
жұмысында формализм мен бюрократияны азайту,
реформалардың жүргізілуіне бақылау механизмдерін
күшейту.
Бесіншіден, тиімді сыртқы саясат. Шындығында тиімді
сыртқы саясат – елдегі реформалар мен өзгерістерді сәтті
жүзеге асырудың маңызды шарты. Еліміз тәуелсіздік алған
күннен бастап үлкен жолдардан өтті. Еліміздің көпвекторлы
сыртқы саясаты егемендігіміз бен мемлекеттілігімізді
нығайтуға, халықаралық қатынастар жүйесіне енуге
мүмкіндік
берді.
Қазақстанның
халықаралық
қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болуын қамтамасыз
етті. Елбасы еліміздің бейбіт сүйгіш бағыты мен осы
саладағы нақты айқындалған қағидаттары өзін өзі толық
ақтап отырғанын баяндады. Ресей Федерациясымен қарымқатынас, Орталық Азия өңіріндегі ықпалдастық, Қытай
Халық Республикасы және Америка Құрама Штаттарымен
стратегиялық серіктестік, Еуропалық одақпен қарқынды
ынтымақтастық сынды мемлекетаралық байланыстарды
ерекше атап өтті.
Алтыншыдан, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер
үдерісіне ат салысуы. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, елдегі өзгерістер үдерістеріне азаматтардың
қатысуы елдің жаһандық сын-тегеуріндерге сай жаңғыруын
жетілдіруге септігін тигізеді. Сондықтан Мемлекет басшысы
елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәні және оның
елді өркендету жолындағы маңыздылығын жете түсіну
қажеттілігі жөнінде айтады. Реформаларды табысты жүзеге
асыру үшін қоғам мүшелерінің ортақ мақсатқа жұмылуын
үндейді. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шаралар платформасын қалыптастыру керектігін айта келе, келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.
Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға арнайы
«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосу арқылы өңірлердегі
еңбекке қатысты идеологияны ілгерілету маңыздылығын
атап өтті. «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру
нәтижесінде мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлі
күшейетіндігін түсіндірді. Жолдауда баяндалған әл-ауқат
өсуінің алты бағыты табыс пен тұрмыс сапасын арттыру
арқылы ел тұрғындарының әл-ауқаты өсімінің кепілі болады
және осы құжаттың негізгі міндетін көрсетеді. Елбасы
Қазақстанның бағындыратын биіктерінің әлі алда екендігін
айта келе, осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп,
бойымызға күш-қайрат дарытып, осы сенімді ақтау мұратын
белгілейді.
Елбасының кез келген Жолдауы халықтың көкейінен
шығатын ой-пікірі мен ұсынысы, шешу жолдары, елдің даму
бағытымен тұздықталады. Бұл жолы да солай болды. Экономика саласы, халықтың әлеуметтік-қоғамдық тыныс-тіршілігі, жастар, білім – барлығы қамтылды. Шашау шыққан
дүние жоқ. Тек ретімен жүзеге асыру өз уақытын күтіп отыр.
Ә.ӘБДІРАзАҚОв,
Жаңаарқа ауданының
Әділет басқармасының басшысы
Ұлт руханиятының үлкен тұлғасы, қазақтың асқақ рухты,
ұлтжанды ұлы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл
толмақ. Өмірі қысқа, тағдыры ауыр болса да, артта қалған
ұрпаққа ғибратты да мәнді туындылар мирас еткен тұлғаның
осы мерейтойы қарсаңында аймағымыздың түкпіртүкпірінде ауыз толтырып айтарлықтай іс-шараларды өткізу
жоспарлануда.
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын,
айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің
өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ
тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.
Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға
беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған
азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметіне сеніп, оның
жолын әділдік, теңдік жолы деп ұққан Сәкен басшылық тарапынан саясатты бұрмалаушылық көрген тұста, өзінің ой
сезімін іркіп қалмағандығына тарих тағылымы біздің
көзімізді жеткізді. Ол әрқашан пікірін ашық білдіріп
отырған.
Қазақстанда ұлт өкілдерін «ұлтшылдықпен» айыптап,
қорытқысы келгендерге ашық наразылық білдірген. Бұған
дәлел-оның 1923 жылы Ярославскийге жазған хаты. Ол
Қазақстан үкіметінің басшысы боп жүргенде қазақ тілін
мемлекеттік тіл етіп жариялау, мемлекеттік іс қағаздарын
қазақ тілінде жүргізу, қазақ тілінде кітаптар, газет журналдарды шығаруды ұлғайту мәселелерін көтерген.
Сәкен ең алдымен өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап, оны
қастерлеудің оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл ұлы
тұлға. Құдай берген дарынын сәулелендіруге сазгерлігі
едәуір демесін жасап, сал-серілігі ажарлай түскені тағы бар.
Сәкеннің өзімен қатарлас қанаттас болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінен бір ерекшелігі оның ұлы
ақындығында.
Ал ақындығының ең мәнді сыры жаңашыл
реформаторлығында. Жаңашылдықтың ең негізігі арнасы
өмір сүрген замананың образын жасауында.
Ақын жазушылар қай-қайсысы болмасын өз заманының
образын жасауға талпынады, бірақ ондай дүние кезкелгеннің маңдайына жазылмайтын бақыт.
Өзінің ақындық талантының үлкен бөлігін қоғамдық
өзгерістердің жаңашыл сипатын ашатын саяси тенденциясы
басым азаматтық әуенге арнағанмен, Сәкен поэзияда лирик
ақын есебінде де әдебиетімізде елеулі орын алады.
Сәкен лирикасы тақырыптық және жанрлық сыр-сипаты
жағынан әр алуан. Ол туған даланың табиғатын, өлмес ма-
хаббатты, көңіл-күй әсерлерін
жырлады. Соның бәрінде
ақын адамның сезім
күйін
қоғамдық
өмірмен тығыз байланыста көрсетті.
Бұған дәлел -оның
төңкерістен
бұрын
жазған
өлеңдері.
Мұхтар Әуезов
ол туралы былай
деген: «Сәкеннің
ақындық асуларында
әр жотадан атой бергендей тәкәппар сөз
үндері
«жабы
емеспіз,
тұлпармыз»,
«құладын
емес,
сұңқармыз», — деп, бұрынғы өткен тарихқа бүінгі оянған
табына дабыл ұрады.
Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын
ашық. Тұтас бітімді жоталы тұлғадан туатын көрнекті
бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып
отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын
жүрек шыншылдығы.
Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің
жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды
нағыз Ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар,
белге шығар үлкен еңбек туса,осындай қайнар көзден
шығуға лайық», — деген кемеңгер ой Сәкеннің ұлы
ақындығын қалтқысыз түсініп әдебиеттегі орнын айнақатесіз белгілейді.
Демек, өмір шындығына негізделген шығарманың қайсы
болса да, қандай деңгейде жазылса да елеусіз
қалмайтындығын көреміз. Бұл енді табиғатынан туатын
құбылыс.
Сонымен, шын ақындық қуатпен жазылған шығармалар,
әсіресе поэма-дастандар қазақ поэзиясына Сәкеннің қосқан
інжу-маржандары еді.
Сол туындылардың қадір-қасиеті уақыт озған сайын
құрметтеле береді, жаңа ұрпақпен табыса береді.
ҰЛТ РуХАнияТының ҰЛы ТҰЛғАСы
Ділназ Темірғали,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің
9-А сынып оқушысы
19 қаңтар 2019 жыл
ӨТкен ЖыЛ ҚОРыТынДыЛАнып,
4
Ж.Адикамов,
округінің әкімі:
Айнабұлақ
ауылдық
-Айнабұлақ ауылдық округінде халық саны 310 адамды құрайды, белсенді топ- 230 адам.
Зейнеткерлер саны- 33 адам, мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар -12 адам. Жалпы
жұмыспен қамтылған - 162 адам, жұмыссыздар
саны- 8 адам. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын - 2 адам. Айнабұлақ ауылдық округі
Айнабұлақ ауылы, Белқараған және Көксай елді
мекендерінен тұрады. Ауылдық округтің жер
көлемі 131420 га., оның ішінде жайылымы 23875
га., егістік 11730 га. Ауылдық округте: 1 негізгі
орта мектеп, 1 медпункт, 1 МҮ, 1 кітапхана,
«Қазақтелеком», пошта бөлімшелері, «Жарық»
телестанциясы, 1 дүкен жұмыс істеп тұр. Айнабұлақ ауылдық округінде 21 шаруа
қожалықтары егін және мал шаруашылығымен айналысады. Мал басы: ірі қара –
2437 бас, қой- 7265 бас, жылқы- 2237 бас, құс-1002 құрайды. 2018 жылы асылдандыру
жұмысына 7 бас қазақи ақбас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Одан бөлек «Ерсін»
ШҚ-на өз қаражатына 22 бас асыл тұқымды қошқар сатып әкелінді, «Асылым» ШҚна Түгіскен ауылынан 64 бас асыл тұқымды аналық тайыншалар сатып әкелінді және
«Нұр-Әлі» ШҚ-на 91 бас асыл тұқымды тайыншалар Павлодар облысынан сатып
әкелінді. Осы малдардың басының 2019 жылға 25 % өсуін жоспарлап отырмыз.
2018 жылға экспортқа ет өткізудің жоспары 165 пайызға орындалып «Астана продукт»,«Бақара» ет комбинатына тапсырылды. Ауыл шаруашылығы бойынша
өндірілген өнім көлемі 580 млн теңгені құрайды. Былтырғымен салыстырғанда 0,3 %
өсті. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ербол» ШҚ 6 млн теңге жобасында несие
алып мал алуға келісіп отыр. «Аружан» және «Досбол» ШҚ-тары құжаттарын
рәсімдеп несиелерін тосуда. Серіктестік арқылы «Гүлбол» ШҚ-на 5 млн теңге
көлемінде несие берілді. Келесі мәселе, мектепті бала санымен толтыруға жас отбасыларды ауылда тұрақтандыруға ауылда бір қатар жұмыстар атқарылуда. Әкімшілік
тарапынан және ірі шқ-ның демеушілік көмегімен әр келген отбасына бір реттік көмек
көрсетілуде. Ұялы телефон байланысы болмағандықтан 2015 жылы аудандық бюджеттен әкімшілік ғимаратына 150 мың теңгеге орнатылған интернет жүйесіне 2018
жылдан бастап вай-фай құрылғысын қосып, жастар әкімшіліктің алдында тегін интернет желісіне кіруге мүмкіндік алды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жылдағы халыққа
жолдаған Жолдауын насихаттап отыру үшін ауыл ішінен насихат тобы құрылған. Осы
топ жыл бойы Жолдаудағы өзекті мәселелерді халыққа жеткізіп, талқылап отырады.
е.Орманов, Ақтүбек
ауылдық округінің әкімі:
-Ақтүбек ауылдық округінің
жалпы халық саны -1943 адам.
Еңбекке қабілетті адам 1400,
жұмыспен қамтылғандар 1392
адам,
өзін-өзі
жұмыспен
қамтылғандар
390
адам,
жұмыссыз ретінде тіркелгендер - 3 адам. Ауылдық округке
Ақтүбек
елді
мекенінде
тұратын халық саны -1026
адам, 163 отбасы, Атасу стансасында - 365 адам, 80 отбасы,
Манадыр стансасында - 495
адам, 95 отбасы, Өркендеу ауылында - 57 адам, 14 отбасы, сонымен қатар 152 разъезд ауылдық округ елді мекені құрамына
кіреді. Ауылда халықтың тұрақтылығы сақталған. Ақтүбек
ауылдық округінің жалпы жер көлемі -182147 гектар, оның
ішінде шабындығы 2829 гектар. Жайылым жер -173984.
Ақтүбек ЖОББМ алдына «Туған жерге туыңды тік» аясында
«Ботаникалық бақ» ашылды. Құны - 350 000 теңге. 2019 жылға
Ақтүбек ЖОББМ мектеп түлектерінің көмегімен ғимарат алдына мерекелік шаралар өтетін алаң салу, ауыл тұрғындарының
өз қаражатына Ақтүбек ЖОББМ спорт зал салу, Ақтүбек ауылына және Манадыр стансасына кіре беріс жолдарына арка жасату жоспары тұр. Жаңаарқа ауданының кент және ауылдық
округ әкімінің 2018 жылы өткізген халықпен есептік кездесу
барысында ауызша түскен ұсыныстар: Ақтүбек мектебіне
спорт зал салынса,ауылға ауыз су құбыры тартылса, қыс және
көктем айларында төменгі сынып оқушыларына сабаққа бару
қиындық туғызады, ескі ауылдағы оқушыларды мектепке апару
үшін арнайы көлік бөлінсе, Сарысу өзенінің үстінен көліктер
өту үшін көпір салуға көмек берілсе. Барлық өтініштер мен
ұсыныстарға тиісті жауаптар берілді. Егін жинау бойынша
барлық егіс көлемі-1440 га, алынған өнім - 1019 т таза өнім
- 918 т «Абылай» шаруа қожалығының жетекшісі Альтаев Ерболат лизингке 2 млн теңгеге шөп шабатын агрегат және
қосалқы бөлшектер алды. Экспортқа ет өткізу жоспары бойынша 8,6 тонна ет өткізіліп, 47,8 пайызға орындалды.
Электрондық картаға енгізілетін жер көлемдері жоспарының
орындалысы
70
пайыз.
Ауылшаруашылық
тауар
өндірушілерінің жәрмеңкесіне жылқы малының еті - 15 т 600
кг сатылды, сиыр еті -20 т 700 кг сатылды, қой-ешкі еті -1 т сатылды, құрт - 30 кг, айран – 25 литр, ірімшік -95 кг, сары май40 кг, қаймақ - 21 литр сатылды. Мал санын көбейтіп,
ауылшаруашылығын дамыту мақсатында «Ақтүбек»
ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Құрамында
- 36 адам, оның ішінде 13 адам 36 млн 200 мың теңге несие
алып, жұмыстарын атқаруда. Мал өлексесін тастайтын қорым
6 млн 995 мыңға жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда
қорым сырты цемент бетонмен қоршалып, талапқа сай жасалды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»
бағдарламасының ІІ бағыты бойынша М.Смайлов 5 млн теңге
несие алып, шаруашылығын одан әрі дамытуда. Шағын және
орта бизнесті дамыту бойынша ауылдық округ бойынша
жалпы шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 11 (он бір).
Монша- 1, дүкендер - 2 , ветеринариялық қызмет -1, байланыс
және көлік қызметі-1, қоғамдық тамақтандыру объектілері-3,
АО Казпошта – 3, шағын бизнесте еңбекпен қамтылғандар
саны - 15 адам.
м.Сәдуақасов, Целинный ауылдық округінің әкімі:
-Округтің жалпы аумағы 95,7 мың гектар. Халық саны 652
адам, оның 487 адамы Орынбай ауылында, 165 адамы Бидайық
– 2 ауылында тұрады. Зейнеткерлер 73 адам, мүгедектер саны –
15 адам. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 5 отбасы, оның
ішінде 25 адам алып отыр. Кедейшілік деңгейі 3,6 %.
Жұмыссыздар есебінен 19 адам өтініш білдіріп, оның ішінде
тұрақты жұмысқа – 8 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1
адам тұрғызылды. 2 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді. 1 адам шағын несие алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер» жобасы
бойынша туған ауылымыздың көркеюіне
және ауыл
балаларының демалуларына жағдай жасау мақсатында Көктал
жалпы орта білім беретін мектебінің алаңынан субұрқақ жасауға
жер белгіленіп, технологиялық картасы жасалды. Ауыл азаматтары (фермерлер) кажетті материалдарды (құм,цемент,таудың тасы т.б) және керек құралжабдықтарды жеткізуге көмек жасады. Субұрқақ тоғыз қырлы геометриялық пішінді.Артылған
таудың тастарын қолдана отырып, субұрқақтың жанына сарқырама жасалды. Ауылдық округтің
басты бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, ауыл экономикасының дамуы ауыл шаруашылық
саласын дамытуға бағытталған. Округ бойынша 45 шаруа қожалығы тіркелген. Жалпы аумағы
44,443 га, егістігі – 200 га, тыңайтылған жері – 408 га, шабындығы – 1295 га, жайылымы – 42540 га,
басқадай жері – 41 га. 2019 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша ірі қара басы 2620 болса, оның
ішінде сиыр малы 1507 бас, қой-ешкі 5034 бас, жылқы 1788 бас. Шошқа 20 бас, тауық 745 бас.2018
жылмен салыстырғанда ірі қара малы 36 басқа өсті, қой-ешкі 1414 басқа өсті, жылқы 223 басқа өсті,
шошқа былтырғы жылғы деңгейде, тауық 30 басқа өсті. «Баб» шаруа қожалығының жетекшісі Бакарамов Жанат
«КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік жүйесі арқылы
шаруашылыққа қажетті КДП-4 маркілі шөп шабатын машина алды. «Өңірлерді дамыту»
бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 891 мың теңгеге ауылдың саябағы декоративтік
қоршаулармен қоршалды. Мердігері жеке кәсіпкер Асанова. Шет ауданының Көктіңкөл ауылынан
су ағармен келген су Бидайық-2 ауылының тұсындағы грейдердің екі жерін шайып кеткен болатын,
осыған орай ауыл тұрғындарының көмегімен ұзындықтары 100 және 50 метр, биіктіктері 2 метрден
су бөгет қоршауы жасалды. Округ аймағында санитарлық тазалау, көркейту және абаттандыру
жұмыстары көктемде және күзде жүргізілді. Сенбілікке барлық ұжымдар қатыстырылды. Мәдениет
және білім ошақтарында жылу беру науқаны қалыпты жағдайда өтуде. Ауылдық округ бойынша
жылу беру маусымына барлығы 185 тонна көмір қажет етіліп, толығымен жеткізілді. Ауыл
жасөспірімдері мен жастарының өз денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру
мақсатында мектептерде дойбыдан, шаңғы эстафетасынан, баскетболдан, жазғы президенттік
көпсайыстан, әскери-спорттық тағы да басқа жарыстар өткізіліп тұрды.
н.Абдиков,
Сейфуллин ауылдық
округінің әкімі:
-Сейфуллин ауылдық
округінде тұрғын үй саны137 аула, тұратын халық
саны-621
адам,
экономикалық белсенді
топқа
жататындар-391
адам.
Оның
ішінде
жұмыспен қамтылғандар
– 131 адам, өзін-өзі
жұмыспен қамтығандар118
адам.
Ауылдық
округтің жер көлемі-196
мың гектар жерді алып
жатыр. Оның ішінде шабындық-12 мың гектар, жайылым
жер-175 мың гектар, егістік-6 мың гектар жерді құрайды.
Ауылдық округте - 78 шаруа қожалығы тіркеліп,
ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасап
жатыр. Ауылдық округтің негізгі жұмыс бағыты - мал
шаруашылығы. 2018 жылы округ бойынша шартты мал
басының саны -17 мың 691 бас құрады. Оның ішінде ірі
қара мал басының саны -5 мың 557 бас, қой-ешкі басының
саны – 8 мың 68 бас, жылқы саны-4 мың 66 басты құрап
отыр. Сейфуллин ауылдық округі бойынша мал басын
көбейтіп асылдандыру бағытында біршама шаруа
қожалықтары елеулі жұмыстар атқарды. 2018 жылы
„Жаңаарқа несиелік серіктестігі“ ЖШС
және
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ірі
–қара және жылқы малын және өсіріп асылдандыру
мақсатында төрт жоба іске асырылып «Игілік»
бағдарламасы бойынша ауылымызда 3 жобамен 3 адам 9 млн. теңге қаражат алса, «Іскер» бағдарламасы бойынша
1 шаруа қожалығы 6 млн.теңге қаражат алды.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы
2018 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің ма-
шина трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл көлемінде
біршама жұмыстар жүргізілді. «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы «Жоламан» шаруа қожалығы 7,5 млн.
теңгеге бір МТЗ-82 маркалы тракторын лизинг арқылы
алды. „Жаңаарқа несиелік серіктестігі“ ЖШС арқылы
«Дос-сан» шаруа қожалығы 12 млн. теңгеге бір МТЗ-82
маркалы тракторын агрегаттарымен алды.
Ауыл
шаруашылығын дамыту бағдарламасының аясында
жұмыстарды одан әрі дамытып, жалғастыратын боламыз.
С.Сейфуллин ауылдық округі бойынша 2018 жылы
ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күнге халықты ауыз
сумен қамтамасыз етуде оңтайлы шаралар іске асырылуда.
«Жаңаарқа
ауданының
тұрғын-үй
коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары
бөлімі» ММ-нен Ынтымақ ауылының су мұнарасын
орнатуға 5 млн. теңге қаражат қарастырылып, мердігер
«Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2018
жылдың қазан айында ауылымыздың су мұнарасын қайта
қалпына келтірді. Қазір ауылымыздың тұрғындарының 95
пайызы таза ауыз сумен толық қамтамасыз етілген.
Ынтымақ елді мекені бойынша 93 тұрғын үйге ауыз су
тартылған. Ауылымыз бойынша 1 суағар жұмыс істеп тұр.
Қыс айларында көшені қардан тазалау үшін 375 мың теңге
қаражат бөлініп, тазартылып отырды. 2018 жылы бюджеттен Жаңаарқа-Ынтымақ тас-жол бағытындағы 25 шақырым
жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 129 млн.
80 мың теңге қаражат қарастырылды. «Жаңаарқа ауданы
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-сі бюджеттен
бөлінген қаражатқа конкурс жүргізді. Мердігер «Жаңа –
Арқа – 2006» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, мамыр айынан бастап тамыз айының аяғына дейін жөндеу жұмыстары
толық аяқталып болды. Ынтымақ ауылы бойынша 2 азықтүлік дүкені, 1 монша ауылымыздың тұрғындарының
қажетін өтеуде. Ауылдық округте шағын және орта бизнесті
дамыту үшін әрі қарай жұмыстар атқарылатын болады.
Беков Айдардың демеушілігімен ауылымыздың көшесіндегі
1 км –ге жуық тас жолды асфальттап өз көмегін көрсетті.
Жемқорлыққа қарсы күресу міндетіміз!
С ы б а й л а с
жемқорлық
ел
экономикасынның
көтерілуіне улкен
кедергі
келтіріп
о т ы р ғ а н
қоғамымыздың ең
басты
қауіпқатерлерінің бірі
болып табылады.
Сондықтан да оны
болдыр-мау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Қазақстан
Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен
күресу-әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел
азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді.
Қоғамымыздың барлық баласына дендеп еніп бара жатқан
жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі
күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі
болып табылады. Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым
бағыттарының бірі» деп атап көрсетті. Заңның ең басты
құндылығы,
ол
азаматтардың
құқықтары
менбостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты
құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу
жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз
етуге бағытталған. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік
органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың
парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға
алсақ қана тоқтатуға болады.
Жаңаарка ауданы бойынша мкБ
мАҚСАТТАР АйҚынДАЛДы
5
А.Түсіпов, Атасу кентінің әкімі:
-Бүгінгі күні Атасу кентінде тұратын тұрғындар саны 17359 адамды құрап отыр. Аудан тұрғындарының жартысынан астамы аудан орталығында орналасқандықтан, бізге
жүктелетін жауапкершілік те ауқымды.
2018 жылы кент әкімдігіне барлығы 1319 ( 2017ж. - 855)
жеке тұлға әртүрлі мәселелермен келіп, өтініштердің барлығы
қаралып тиісті шешімін тапты. Айта кетерлік жайт былтыр
келіп түскен өтініштер саны 2017 жылмен салыстырғанда
64%-ға (464 өтініш) артқан.
Есеп беру кезеңінде заңды тұлғалардан түскен 10 (2017 ж 20 ) өтініш әкім тарапынан шешімін тапты. Бұдан басқа кент
әкімі аппараты тұрғын халыққа мемлекеттік қызметтің 3 түрі
бойынша барлығы 425 (2017ж - 439) қызмет көрсеткен.
Сонымен бірге кент әкімі аппаратында жеке қабылдауда
болған 12 (2017ж-24) тұрғынның мәселелері қаралып, тиісті шаралар қабылданды.
2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жұмыспен
қамту орталығына кент тұрғындары тарапынан -1242 адам өтініш білдірді.Есептік
кезең
ішінде кент бойынша жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар саны
- 1242. Өткен жылы тұрақты жұмысқа жіберілгендер - 492. Оның ішінде жастар – 446 (2017ж323). 2017 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 662 болса, 2018 жылы бұл
көрсеткіш - 680 адамды құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданғандар – 50 (2017ж-7). Жастар тәжірибесіне
қатысқандар - 40 (2017ж-22). 2017 жылы кәсіби оқуға 17 адам жолданып, жұмысқа
тұрғызылса, 2018 жылы 100 адам жолданған. Атаулы әлеуметтік көмек алуға 2017 жылы 129
отбасы өтініш білдіріп, 595 адамға 14200,0 мың теңге қаржы төленсе, 2018 жылы 181
отбасыдағы 890 адамға 30 522 619,0 теңге төленіп отыр.
Кентте бүгінгі таңда барлығы 230 кіші кәсіпкерлік кешені тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Кентте тіркелген кәсіпкерлер саны - 865, оларда жұмыс істейтін адам саны - 3275. Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы
аясында субсидиялау механизімі бойынша құны 25,0 млн. құрайтын «Жиһаз» дүкені ашылды.
Кент бойынша тіркелген шаруа қожалығы жоқ, кенттегі 3775 тұрғын үйдің 1048-і, немесе
27,7% ауладағы мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы
жылдың 1-ші қаңтарына кенттегі тұрғындарының мал басының өскені байқалып отыр, атап
айтқанда ірі қара мал басы 3131 бастан 3143 басқа, жылқы 1569 бастан 2204 басқа өссе, қой
4460 бастан 4462 басқа, ешкі 1069 бастан 1075 басқа өсті. Қолдағы малды бірдейлендіру
жұмыстары жыл бойы атқарылып келеді
Өткен жылы кентте жеке меншік ірі қара малды бағу бойынша кент жерінде 7 табын сиыр
бағылымы ұйымдастырылды.
2018 жылы кент әкім атына жеке тұлғалардың өтініштері мен сұранымдарының ішінде
әртүрлі мақсаттарға жер сұрау мәселелері бойынша барлығы 706 өтініш түсті, оның
ішінде тұрғын үй салуға өтініш білдіргендер саны - 300, (оның 96-на өкім шықты, 204
бақылауда тұр). Қосалқы шаруашылық жүргізуге, бау-бақша өсіру үшін, көлікжай салуға,
құрылысы аяқталған тұрғын үйдің жер теліміне жеке меншік құқығын сұрау бойынша
өтініш бергендер саны – 406.
Өздеріңізге белгілі, Атасу кентінде жеке меншік тұрғын үй құрылысы жоғарғы қарқында
даму үстінде. Жалпы алғанда кенттің бас жоспары бойынша құрылыс салуға ҚарағандыЖезқазған автокөлік жолының сыртындағы «Жаңа-Нұр» құрылыс алаңы бөлінген. Бұл жердегі инженерлік коммуникациялар құрылымдары салынғандықтан 96 жер телімдері берілді.
Осымен қатар, 2018 жылы 2 рет аукцион өткізіліп, жеке кәсіпкерлік нысандарын ашу үшін 5
жер телімі берілді.
Кент әкімі аппараты арнайы комиссия құрып, заңсыз жер пайдалану фактілерін анықтап,
олар бойынша акт жасап, ескертулер беруде. Жер телімдерінің шекараларын мемлекеттік актіге сәйкестендірмеген жағдайда бұл тұрғындардың жерлері бойынша материалдар, заңға
сәйкес, облыстық жерді қорғау және пайдалауды бақылау инспекциясына жіберіледі.
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәкес, Атасу кенті әкімінің өкімімен кешкі және түнгі уақыттарда
көпшілік жиналатын жерлер мен көшелерде қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу
мақсатында, меншік түрінде қарамастан, мекеме, кәсіпорын ұжымдары құрамынан кешкі
және түнгі уақытта кезекшілік жасайтын 31 мобилдік топ құрылып, олардын кезекшілікке
шығуы қамтамасыз етілуде. Мобильдік топтардың жұмысын басқару, ұйымдастыруды ішкі
Д.Бүкірбаев, м.Жұмажанов
округінің әкімі:
атындағы
19 қаңтар 2019 жыл
істер бөлімі қамтамасыз етеді.
Мобильдік топтардың жұмысы арнайы кесте бойынша ұйымдастырылып, онда мобильдік
топтың жұмыс істеу мерзімі кешкі сағат 21.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін болып белгіленген. Топтардың кезекшілікке шығуы Атасу кенті әкімі аппараты тарапынан күнделікті
қадағаланып отырады.
Қоғамдық орындарда, көшеде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында адамдар
көп шоғырланатын жерлерге 32 бейнебақылау камералары орнатылды.
Атасу кентінің дамыту жұмыстары бойынша өткен 2018 жылы аудандық бюджеттен
барлығы 68171,0 мың теңге, атап айтсақ ішкі жолдарға – 28299,0 мың теңге, Көшені
жарықтандыру мен электр энергиясына -16545,0 мың теңге, оқушыларды мектепке дейін
және кейін қарай тасымалдау жұмыстарына 3400,0 мың теңге, абаттандыру, көгалдандыру
жұмыстарына – 16242,0 мың теңге, сыртқы тұрмыстық қалдықтар полигонын күтіп ұстау
жұмыстарына 3685,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. 2019 жылы кентті дамыту
жұмыстарына 183626,0 мың теңге, оның ішінде 103479,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен, 80147,0 мың теңге қаржы бақылау шотынан қарастырылып отыр.
Осы аталған жұмыстарға мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша төмендегіше
қаржы жоспарланып, игерілді.
-Көше жарығы жүйелерін жөндеу, күтіп ұстау және электр қуатына ақы төлеу жұмыстарына
– 8642,7 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге кентте барлық көшеде жарықшамдар мен электр
жүйелері жөнделіп жұмыс істеп тұр. Бұл бағытта 2019 жылға 16545,0 мың теңге
қарастырылды.
-Былтырғы жылы 120 жарықшам диодтық электр қуатын үнемдегіш шамдарға айырбасталды. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» (540м), «Тәуелсіздік» аллеяларында (500 м), ішкі жол
айналымында (300 м), Жезқазған қаласынан кіретін жол бойындағы (800м) электр жүйелері
мен жарықшамдары (85 дана) толық айырбасталды.
-Орманбаев, Ж. Сәдуақасов, С.Ахметжанова, Ә.Байбосынов көшелерінің бойына ұзындығы
2400,0 метр жарық желісін тартып 61 жарықшам орнату үшін - 2100,0 мың теңге
қарастырылып, мердігер - «Толағай» ЖШС тарапынан жұмыс толық орындалды;
-Ішкі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына - 9700,0 мың теңге бөлінген, бұл жұмыстар кестеге
сәйкес жүргізілді, оның ішінде жазғы күтіп ұстау жұмыстары бойынша бөлінген 2984,0 мың
теңгесіне ішкі жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді және жолдарды қысқы уақыттарда
күтіп ұстау бойынша жалпы 6716,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді. Жұмысты мердігерлер
ЖК «Сұлтанов», ЖК «Атасу» атқарды. Бұл бағытта биылғы жылға 46511,0 мың теңге
қарастырылды.
-Шұңқыр жөндеу жұмыстарына - 5000,0 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға мердігер
«Жаңаарқа-2006» ЖШС-і кенттің барлық асфальт төселген көшелерінде шұңқыр жөндеу
жұмыстарын атқарды; биылғы жылы да осы жұмыстарды жасау үшін 5000,0 мың
қарастырылды.
-Көгалдандыру жұмыстарына - 4800,0 мың теңге, оның ішінде ағаш көшеттерін сатып алып
отырғызуға -1145,0 мың теңге; гүл көшеттеріне -1320,0 мың теңге; көкжелекті суару
жұмыстарына -2500,0 мың теңге бөлінді. Ағаш көшеттерін сатып алып отығызу бойынша
мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша жеңімпаз мердігер ағаш көшеттерін
әкелмегендіктен Қарағанды қаласына сотқа талап арыз беріліп, жосықсыз мердігерлер
қатарына енгізілді. Бұл бағытта 2019 жылға 6500,0 мың теңге бөлінді.
-Ақпараттық - идеологиялық безендіру жұмыстарына бөлінген 1200,0 мың теңгеге
жоспарланған жұмыс көлемі бүгінгі күнге толығымен орындалып отыр. Биылғы жылы
бұл жұмыстар 1500,0 мың теңгеге жоспарланып отыр.
- Балалардың аулалық ойын алаңдарын салу жұмыстарына 1700,0 мың теңге бөлініп,
тұрғындар сұранысына сәйкес, ойын алаңдары Н.Әбдіров, Ш.Ералиев, Балуан Мұқамеджан,
Жамбыл көшелеріне орналастырылды.
-Кент тұрғындарының сұранысына сәйкес көп қабатты үйлердің аулаларына жалпы соммасы
2821,0 мың теңгеге 50 дана қоқыс контейнерлері жасалып қосымша орнатылды.
-Жауынгер интернационалистерге ескерткіш орнату жұмыстарына 3000,0 мың теңге қаржы
бөлініп, кент орталығындағы алаңға ескерткіш орнатылды.
-Кент тұрғындарының тұрғын үй салу үшін сұраныстарының көбеюіне байланысты «Нұрлы
жер» бағдарламасы аясында 12637,8 мың теңгеге 96 жер учаскесіне ұзындығы 2000 метр
электр желісі тартылды.
-Автобус аялдамасы павильондарын жасап, оны орнату жұмыстарына - 890,0 мың теңге
бөлініп, 4 аялдама жасалып, орнатылды.
-Кенттегі асфальт салынбаған көшелердің жол танабын салуға – 5675,0 мың теңге қаржы
бөлініп, ұзындығы 1600 метр жол танабы салынды.
Аталған жұмыстардың барлығы да биылғы жылы өз жалғасын табатын болады.
ауылдық
-Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық саны - 863
адамды құрайды. Экономикалық белсенді бөлігі – 415 адам,
тұрғын үй саны – 170, жалпы жер көлемі - 145233 га, оның ішінде:
жайылым - 69985 га, шабындық - 49392 га. Шаруа қожалық саны
- 36. Ауылдық округтің негізгі жұмыс бағыты - мал
шаруашылығы.
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2018 жылдың 12 айында
мемлекеттік қызмет көрсету бағытында 21 өтініш түскен болатын.
Олардың 17-сі үй салуға берілген болса, 4 заңды тұлғалардың
өтініші бойынша. Барлық өтініштер бойынша іс-шаралар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Биылғы жаңа оқу жылында мектепте IТ-CLASS ашылды. Жобаның құны – 980 мың теңге.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»
бағдарламасы жеке кәсіпкер Ж.Сабирова жылқы өсіру
мақсатында 6 млн. теңге көлемінде несие алды. Ауылдық округтегі төрт түлік саны жылданжылға өсіп келеді. 2018 жылдың қантарына шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара
2018 жылы – 2490 бас болса, 2019 жылы - 2600 басқа, қой-ешкі 2018 жылы - 3536 бас болса, 2019
жылы – 3876 басқа жетті. Жылқы 2018 жылы - 2852 бас болса, 2019 жылы - 3593 басқа жетті.
Қазіргі уақыт талабына сай ауылымызда шаруа қожалықтарының ірі қара малдарын асылдандыру бағытында асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алуы жылдан-жылға артып келеді.
Бүгінгі таңда ауылдық округтегі шаруа қожалықтарында барлығы 33 бас асыл тұқымды бұқа, 20
бас асыл тұқымды қошқар бар. 6 шаруа қожалығы «Сабынды» арқылы бордақылау алаңына
жалпы 177 бас ірі қара мал өткізді.
Қазіргі кезде М.Жұмажанов атындағы ауылда шағын кәсіпкерлік нысандары бойынша 2 азықтүлік дүкені, 2 монша, 1 жеңіл автокөлік шеберханасы халыққа қызмет көрсетуде.
Инвестиция бойынша 2018 жылдың 12 айының қортындысы 84,5 млн теңгені құрап отыр. Негізгі
қор ауылшаруашылығы саласынан құйылып тұр. (Асыл тұқымды мал алу, техникалар алу)
Алдыңғы кездесулерде Ауыз су халықтын айтқан мәселелері: ауыз су мәселесі. Қазіргі таңда елді
мекенде ауыл тұрғындарының ауладағы құдықтан қолданып отырған ауыз су сапасы санитарлық
нормаларға сәйкес келмейтіні белгілі болатын. Осыған байланысты өткен жылы жобалық
сметалық құжаттар дайындалып, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылға ауыз су
тартуға 220 млн теңге бөлінген болатын. Биылғы жылға «Промстрой XXI Век» ЖШС 100 млн
теңге егіріліп, ауылға ауыз су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су құбырларын тарту
жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.
ғ.Қамиев, Талдыбұлақ ауылдық округінің
әкімі:
Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық
саны – 912 адамды құрайды. Экономикалық белсенді
бөлігі – 590 адам, тұрғын үй саны – 156 үй, жалпы жер
көлемі – 90543,4 га, шаруа қожалықтар саны – 95.
Ауылдық окургтің негізгі жұмыс бағыты – мал
шаруашылығы.
Ауылдық әкім аппаратына 2018 - жылы мемлекеттік
қызмет көрсету бағытында 12 өтініш келіп түскен.
Барлық өтініштер бойынша кешенді іс-шаралар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018
жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдар жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру
және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдары
жөніндегі жоспар бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Ауылдық округ бойынша
мәдени, мерекелік іс-шаралар тиісті деңгейде
ұйымдастырылып, өткізілуде. Биылғы жылға мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу үшін 3
млн 300 мың теңге қарастырылып отыр.
Ауылдық округтегі төрт түлік саны жылдан-жылға өсіп келеді. 2018 жылдың қаңтарына
шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара 3706 бас , қой-ешкі 4425 бас,
жылқы– 2481 бас. Мал басын бірдейлендіру жоспары толығымен орындалды.
Қазіргі уақыт талабына сай ауылымызда шаруа қожалықтарының ірі қара малдарын
асылдандыру бағытында асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алуы жылдан-жылға
артып келеді. Бүгінгі тағы да ауылдық округтегі шаруа қожалықтарында барлығы - 42
бас асыл тұқымды бұқа, 12 бас асыл тұқымды қошқар бар.
Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 50 тонна таза бидай жеңілдетілген бағамен
мал азығы ретінде шаруа қожалықтар мен ауыл тұрғындарына таратылды.
6 шаруа қожалығы «Сабынды» арқылы бордақылау алаңына жалпы 63 бас ірі қара мал
өткізді.
Қазіргі кезде Талдыбұлақ ауылында шағын кәсіпкерлік нысандары бойынша 1 азықтүлік дүкені халыққа қызмет көрсетуде.
19 қаңтар 2019 жыл
6
2019 жылғы I жартыжылдықта Қарағанды облысы,
Жаңаарқа аудандық мәслихатының сайлау
комиссияларының жаңа құрамын құру
қорытындылары туралы ХАБАРы
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі-Конституциялық заң)
және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді
ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының
өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Аудандық мәслихаттың сессиясында 30 сайлау комиссиялардың құрамына 186 мүше сайланды, олардың ішінде: аумақтық-1 (бір), учаскелік сайлау комиссиялары-185 (жүз сексен
бес). 5 (бес) саяси партиялардан және 1 (бір) қоғамдық бірлестіктен ұсыныстар түсті.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 10 және 20-баптарымен белгіленген тәртіппен және
мерзімдерде сайлау комиссияларының бірінші отырысында аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары сайланды.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамы мен орналасқан жерлері туралы мәліметтерді
Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Жаңаарқа аудандық мәслихаты
«Аудандық аумақтық, учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамын бекіту туралы»
Жаңаарқа аудандық мәслихатының XXXVIII сессиясының 2019 жылғы 9 қаңтардағы
№38/271 шешімі.
Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 6, «Жаңаарқа жылу» кмк ғимараты
Төраға-Әкішев Нұрлан, төраға орынбасары-Икенов Азамат Амангелдіұлы, хатшы-Мұқатаев Мейрам
Ахатұлы, комиссия мүшелері-Байтуғанова Қарашаш Төлеуқызы, Шамаева Нүргүл Ноғайқызы, Клепп
Зоя Александровна, Шабдаров Берген Боранбайұлы.
№537 сайлау комиссиясы
Атасу кенті, Б.Амалбеков атындағы мектеп ғимараты, Ә.Оспанова 43 көшесі
Төраға-Бибосынов Сұлтан Сексенбаевич, төраға орынбасары-Қордабаева Гүлназ Алдонғарқызы,
хатшы-Текебаев Ерболат Саламатұлы, комиссия мүшелері- Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлы, Жандаулетов Қайрат, Әбілдин Шахизада, Сауқымбеков Рымжан Ахмедияұлы.
№538 сайлау комиссиясы
Атасу кенті, мәдениет үйі ғимараты, С.Сейфуллин даңғылы 13
Төраға-Мұқажанов Медет Файзрахманұлы, төраға орынбасары-Исина Айгүл Үмбетжанқызы, хатшыКанапин Марғұлан Бауыржанұлы, комиссия мүшелері- Әкіжанов Бекназ Сапарғалиұлы, Арапов Қайрат
Мырзакейұлы, Ибраев Олжас Өмірзақұлы, Болатбекова Ғалия Мақсұтқызы.
№539 сайлау комиссиясы
Атасу кенті, О.Жұмабеков атындағы мектеп ғимараты, А.Сейдімбек 60 көшесі
Төраға-Забикова Лаура Оралқызы, төраға орынбасары-Қазимов Руслан Әбдіғалымұлы, хатшы-Саденова Айсұлу Мұқышқызы, комиссия мүшелері- Біргебай Мұхамедқали Темірбайұлы, Сақауова Жұлдыз
Болатқызы, Смағұлов Бауыржан Абушахманұлы, Бибосынов Оралхан Сұлтанұлы.
№540 сайлау комиссиясы
Атасу кенті, С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана ғимараты, С.Сейфуллин даңғылы 23
Төраға-Ускембаева Шынар Түлкібайқызы, төраға орынбасары-Жаппарқұлов Ертуған Қанатұлы, хатшыСерікбаева Рита Ордабайқызы, комиссия мүшелері- Смайлова Жұмабике Съезовна, Садвакасова Айнұр
Мұхаммедқанапияқызы, Окумов Жандос Бейсенғалиұлы, Жанғозин Тоғайбек Мұқинұлы.
№541 сайлау комиссиясы
Атасу кенті, С.Сейфуллин атындағы мектеп ғимараты, Абай көшесі 20
Төраға-Тұрғынбеков Айтқожа Жексенбекұлы, төраға орынбасары-Смағұлова Райхан Темірбайқызы,
хатшы-Үскембаева Жұбайла Адамқызы, комиссия мүшелері- Елеусізов Мәулен, Бабасов Тоқсан,
Жұмақұл Есіл Мамратұлы, Әкімбекова Аққу Серікқызы.
№542 сайлау комиссиясы
Атасу кенті, Локомотив ДепО ғимараты,Т.Смайлова көшесі 39
Төраға-Алашбаева Баян Әліпбекқызы, төраға орынбасары-Салжанов Алмаз Рахметжанұлы, хатшыҚұдабаев Алмаз, комиссия мүшелері- Қызылбаев Төлеухан, Үскембаева Ләйлә Тлеуғабылқызы,
Өміртаев Еркебұлан Ыдығанұлы, Бейсенбеков Мақсат Кенжебайұлы
№543 сайлау комиссиясы
Қызылжар кенті, клуб ғимараты, Жеңіске 40 жыл көшесі 20
Төраға-Жақанов Дүйсенбай , төраға орынбасары-Жамбекова Алтын, хатшы-Жандаулетова Әминә
Ақпанқызы, комиссия мүшелері- Қарымсақова Манара, Ералиев Жангелді Мендешұлы, Оспанова
Ақтоты Төлеутайқызы, Байтұрсынов Талғат Темірбайұлы.
№551 сайлау комиссиясы
Айнабұлақ ауылы, клуб ғимараты, Достық көшесі 11
Төраға-Оспанов Бекен, төраға орынбасары-Саққұлақова Айнагүл Өкеновна, хатшы-Қоңырова Зәмзәгүл
Кәрібекқызы, комиссия мүшелері: Дүйсенбеков Сұлтан Нұрханұлы, Альмусина Анар.
№552 сайлау комиссиясы
Ақтау ауылы, клуб ғимараты, Жеңіс көшесі 5
Төраға-Арунов Мақсат Ануарұлы, төраға орынбасары-Асанов Аманбай Ермекбайұлы, хатшы-Аубакиров Жар, комиссия мүшелері: Достаев Нүргелді Жақсылықұлы, Игілікова Айсұлу Мағауияқызы, Кенжебеков Ербол Оралұлы, Ғазизов Аян Жұмабайұлы.
№553 сайлау комиссиясы
Бидайық ауылы, клуб ғимараты, Жеңіс көшесі 15
Төраға-Нұрланов Сансызбай Жанқарайұлы, төраға орынбасары-Жампейісов Бегзат Тұяқович, хатшыКим Элла Тян-Сен, комиссия мүшелері: Қожахметов Қайрат Қалиакпарұлы, Исабаев Дауыл Маратұлы,
Мұхиев Ұзақбай Сейтжанұлы, Баязитов Бейсенбек Сағынтаевич
№554 сайлау комиссиясы
Ақтайлақ ауылы, мектеп ғимараты, Ұландар көшесі 3
Төраға-Оспанов Нәжит Төлтаевич, төраға орынбасары-Байғабұлов Қасым Баянұлы, хатшы-Үсенбаева
Алма Кәрібайқызы, комиссия мүшелері: Қызылбаев Аманғали Жарылқанұлы, Кеншілік Серік.
№555 сайлау комиссиясы
Атасу ауылы, мектеп ғимараты, Достық көшесі 1
Төраға-Әлтаева Рсалды Ойратқызы, төраға орынбасары-Рахымжанов Дулат, хатшы-Сағымбеков Асхат
Мәнсүрұлы, комиссия мүшелері:Колабаева Айгүл Қайыргелдіқызы, Қыдыралин Аманғали
Нұрғалиұлы, Кеншімова Береке Нұрғалиқызы, Қоғабаева Гүлнәр Қадырбекқызы.
№556 сайлау комиссиясы
Талдыбұлақ ауылы, клуб ғимараты, Бейбітшілік көшесі 48
Төраға-Еспаева Айнагүл Нығыметқызы, төраға орынбасары-Өксікбаева Жамал, хатшы-Ендаманова
Гүлзат Қабылдинқызы, комиссия мүшелері: Дүйсенбина Гүлбану Ануарбекқызы, Омаров Жангелды
Серғазыұлы, Даулетханова Бақытгүл, Райымбаева Ляззат Хайруллақызы.
№557 сайлау комиссиясы
ералиев ауылы, клуб ғимараты, Орталық көшесі 13
Төраға-Оңғаров Нұртаза, төраға орынбасары-Бейбітов Мұхамеджан, хатшы-Смагулова Гүлбадан
Әбдікәрімқызы, комиссия мүшелері: Құлұмбетова Гүлбану Арқабаевна, Байдилдина Сандуғаш
Қойшыбайқызы, Құтжанов Ислам Амангелдыұлы, Тілегенова Әсел Әлиханқызы.
№558 сайлау комиссиясы
Разъезд №189, мектеп ғимараты
Төраға-Қаратаева Мейрам, төраға орынбасары-Байдильдин Аманжол Боранқұлұлы, хатшы-Қуантаева
Рая, комиссия мүшелері: Жүкенов Бауыржан Сембайұлы, Естаев Құдайберген Ермекұлы.
№559 сайлау комиссиясы
ынталы ауылы, клуб ғимараты, Төлебай сал көшесі 1
Төраға-Бұлқайырова Ботагөз Бұлқайырқызы, төраға орынбасары-Омаров Жұматай Сартайұлы, хатшыБорсынбаев Сәкен Ошақұлы, комиссия мүшелері: Шәкенова Күлжамал Хасенқызы, Қәдірсізов Жанбол
Оқапұлы, Түсіпов Санат Ахмедияұлы, Арыстанбеков Бақтыбай Түгелбайұлы.
№560 сайлау комиссиясы
ынтымақ ауылы, клуб ғимараты, парковая көшесі 11
Төраға-Құмарханова Күлімхия, төраға орынбасары-Шегебаева Әлия Балтабайқызы, хатшыНығматуллина Зайра Гайнитдинқызы, комиссия мүшелері: Аңғалов Мұрат Төлегенұлы, Искакова
Алтынгүл Серікқызы, Туғанбаева Нүргүл Насрединқызы, Мұхатаева Бекзат Ризақызы.
№561 сайлау комиссиясы
Жаңаталап ауылы, клуб ғимараты
Төраға-Сыздықов Кенжеғали Айтпекұлы, төраға орынбасары-Алиманов Жұпар Барақұлы, хатшы-Тамабекова Лалагүл, комиссия мүшелері: Түсіпова Бибігүл Кеңесқызы, Түсіпова Қорлан Кеңесқызы
№562 сайлау комиссиясы
Алғабас ауылы, бұрынғы мектеп ғимараты
Төраға-Шамаев Абай Өксікбайұлы, төраға орынбасары-Ахметова Гүлдерай Көшмаганбетқызы, хатшыАсқаров Бақтияр, комиссия мүшелері: Құдабаев Жолкен Жакенұлы, Дәулетбаев Азамат Дәулетбайұлы
№563 сайлау комиссиясы
Түгіскен ауылы, клуб ғимараты, О.Жұмабек атындағы 49 көше
Төраға-Өтебаев Сембай, төраға орынбасары-Ильясов Рахметулла, хатшы-Батыралина Шакира, комиссия мүшелері: Торғаев Ерғазы Несіпбекович, Нұрланов Жақсытай, Бекмағанбетов Өміржан Омарұлы,
Бейсенбина Амантай.
№564 сайлау комиссиясы
кенжебай-Самай ауылы, мектеп ғимараты
№544 сайлау комиссиясы
Төраға-Сүлейменов Зейнулла, төраға орынбасары-Искаков Әли, хатшы-Бердалин Жақып, комиссия
мүшелері: Копбаев Жақып, Торғаев Сейтқазы.
№545 сайлау комиссиясы
Орынбай ауылы, клуб ғимараты, мектеп көшесі 7
Төраға-Молдабеков Ертай Мүсілімұлы, төраға орынбасары-Рахымқұлов Марат Жанабайұлы, хатшыДюсембекова Айгүл Нұрханқызы, комиссия мүшелері: Тевс Наталья Даниловна, Құнанбаев Жасұлан
Жантөреұлы.
м.Жұмажан атындағы ауыл, клуб ғимараты, С.Сейфуллин көшесі 21
Төраға-Бимендина Күлшат Жакенқызы , төраға орынбасары-Омаров Мейржан Төлегенұлы, хатшыЖұмахожаева Тазагүл Сексенбайқызы, комиссия мүшелері- Қуандықов Нұрбол Бейбітұлы, Шегиров
Жангелді Серғазыұлы, Түлеукенов Айдос Кешубайұлы, Жаркенова Бәтима Боранқұлқызы.
Байғұл ауылы, мектеп ғимараты.
Төраға-Сыздықов Қыдырғали , төраға орынбасары-Шамкенова Гүлнәр Ескермесқызы, хатшыАқпарова Жұпар Қуанышқызы, комиссия мүшелері- Алпысова Әсел, Байпелов Берген.
№546 сайлау комиссиясы
Ақтасты ауылы, клуб ғимараты, Бейбітшілік көшесі 16
Төраға-Жұмасейітов Жұмабай, төраға орынбасары-Жакупбекова Зиякүл Сәкенқызы, хатшы-, Егеубаев
Сағынжан, комиссия мүшелері: Жақаев Құдайберген Жақсылықұлы, Тороохан Аманжол.
№547 сайлау комиссиясы
Ақтүбек ауылы, клуб ғимараты, Бәйтерек көшесі 1
Төраға-Бейсенбаев Жұмабай Жақсыбекұлы, төраға орынбасары-Аманбаев Сенбай, хатшы-, Шамбатырова Жамал Шөмішбаевна, комиссия мүшелері: Қошеметов Қанат Қауқарбаевич, Тоқтыбаева Гүлнәфис
Сәлкеновна, Қуанышев Ермек, Әнишева Бағлан Жұмағұлқызы.
№548 сайлау комиссиясы
Өркендеу ауылы, бұрынғы мектеп ғимараты, мектеп көшесі 1
Төраға-Сағындықов Зәмзәгүл Жылқыбайқызы, төраға орынбасары-Нүрпейісов Егінбай Бодықұлы,
хатшы-Әлмағанбетова Құрмет Түгелбайқызы, комиссия мүшелері:Нұржанбаева Назерке Шұбайқызы,
Жартыбаев Ерғали Құдыкенович.
№549 сайлау комиссиясы
манадыр стансасы, мектеп ғимараты, Тың көшесі 58
Төраға-Мұқанов Еркін Сәлкенұлы, төраға орынбасары-Үтебаев Мылтықбай Боранқұлұлы, хатшыӘбілдина Айнүр Ерғалиқызы, комиссия мүшелері:Жүкенова Раушан, Кокин Абушахман Аманқұлұлы.
№550 сайлау комиссиясы
Атасу стансасы, мектеп ғимараты, Бейбітшілік көшесі 50
Төраға-Сайманов Бекетай Шүкетайұлы , төраға орынбасары-Байменов Салахатдин Сәрсенович,
хатшы-Қоранова Айнұр Манатқызы, комиссия мүшелері: Арыстанов Мұхамедия, Кенжебаева Злиха
Төкенқызы
№565 сайлау комиссиясы
мектеп жасындағы балалардың тамақтануы
Тамақтану және денсаулық өзара тығыз байланысты. Адамның еңбекке жарамдылығы,
оның көңіл-күйі тамақтануға байланысты. Мектепте болған жылдары оқушылар үлкен
жүктемелерді бастан кешіреді, бірақ оған қоса олардың бойы өсіп, денесі қалыптасады,
жасөспірімдік кезеңде – гармондық құрылысы өзгереді.
Балалардың тамақтануын ұйымдастыру мұқият әрі сауатты ойлауды талап етеді. Тамақтану
ұтымды болуы тиіс, яғни: мөлшері тұрғысынан жеткілікті (ағзаның қуат шығындарын
жабуы тиіс), сапалы, уақыт бойынша дұрыс жоспарлануы тиіс. Баланың тағамында барлық
негізгі қоректік заттар – ақуыз, майлар және көмірсулар болуы тиіс, сондай-ақ витаминдер
мен минералдардың мөлшері жеткілікті болуы тиіс. Орташа есеппен мектеп жасындағы
бала күнделікті ақуыздың 90-100г, оның ішінде тағам құрамының аса құнды бөлігі болып
табылатын кемінде 50% - жануар ақуызын (ет, балық, құс, жұмыртқа, ірімшік) алуы тиіс,
өйткені онда ағза үшін қажетті амин қышқылдары болады. Майлар, керісінше, өсімдік майынан қарағанда пайдалы – олар кемінде 30% құрауы тиіс. Олардың құрамында сіңген
майлы қышқылдар мен май ерітінді дәрумендер болады.Тамақтанудың негізгі бөлігі –
көмірсулар болып табылады. Олар екі топқа бөлінеді – қарапайым (қант, тәттілер) және жасушасы, өсімдік ұлпалары бар аса құнды күрделі (жарма, көкөніс, жеміс).
Тамақтағы дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі бірқатар аурулардың
қалыптасуына әкеліп соғады. Мысалы, темірдің жеткіліксіз түсуі немесе игерілуі темір
тапшылығы анемиясының, йодтың, эндемиялық кретинизмнің туындауына әкеледі.
Тамақ ішу интервалы 4 сағаттан аспауы тиіс, соңғы асты ұйықтар алдында 2-2,5 сағат бұрын
қабылдау қажет. Тамақты күніне кемінде 4-6 рет қабылдаған жөн, оның ішінде кемінде 3
рет (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) ыстық тамақты пайалану керек. Балалар көбінесе мектепте болғандықтан оларға міндетті түрде ол жерде ыстық тамақ ұйымдастырылуы тиіс
Қ.ЖҰБАТыРОвА,
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы
7
Азамат еді ардақты, нар тұлғалы
Қаралы хабар. Қара бұлт көктен төніп, айналаны қара
түнек басты. Жер таянтқан жетпістің желкенін көтеріп,
азы қалған өмірдің әр күніне шүкіршілік айтып
отырғанда жеткен «Тайлақ қайтыс болды»-деген қаралы
хабар қабырғамды қақыратып өтті. Ит жылының
жанымызға салған жарасына налып отырғанда жеткен
суыт хабар шаршаған жүрекке әжептеуір жүк болды.
Көз алдыма жымиған қалпы Қош, Әбеке! Қош! Қош!деп кетіп бара жатқан сұлбасы елестеп, орнымнан ұшып
тұрдым.
Беу, дүние! Жақсы менен жайсаңға қарның тоймаған
қара жер тағы бір мәрт азаматты қойныңа жасырып,
көрпеңмен қымтайтын болдың ау, деген лықсыған өксік
қолқама кептеліп, жанарымды тұмшалаған кермек жас
кеудеме тамып, бар өшімді тойымсыз жерден алып, аяқ
астындағы жерді тебе бердім, тебе бердім...
Қайран көз көрген марқасқа, сылқым серілерім. Жігіттік дәуренді
бірге
өткізген ауылдас- сырлас,
құрдастарым. Кешегі көз көрген есіл ерлерім. Қайсы
біріңді айтайын. Бәрің де от едің, жалын едің, өмір едің.
Әттең, өмірлерің қысқа болды. Бабалар көшіне ілесіп,
келместің кемесіне мініп кете бардыңдар.
Ақтау, Ақтау болғалы 55 жылда іргеміз ажырамай, бір
қазаннан ас ішіп, қызық қуанышымызды бірге бөліскен
қатарлас құрдастарымыздың алдының о дүниелік
болғанына да біраз болыпты. Сайдың тасындай іріктеліп, Ақтау совхозының іргесін бірге қаласқан,
қарбаласы көп жұмыстың ауырына жегіліп, жоқтан
барды құрастырған біздің шебер қолды шопырларымыз жетерлік еді ау. Май мен түтін исі киімізге сіңіп,
қолқамызды қапқанымен, гараждың іші ығы-жығы
жұмыс болатын. Бірі көлігін жөндеп, бірі іссапарға аттанып, бірі бұзылып келіп, қиқуласып жататын сол
дәуреннің базары тарқағанына да 25 жыл болыпты.
Алдымыз отызға келіп, кейінгілеріміз жиырмадан енді
асқан кілең жас Ақтау құрылғанда еңбек майданына
араласуға Ақтауға көш түзедік. Совхозға қандай
мамандық керек болса соның барлығы сайға құйған қар
суындай жан-жақтан орталыққа ағылып, сол кездегі
елдің қолы жетпейтін Газ52 автокөлігінің рөліне
отырдық. Бақытты шағымыздың бастауына Ақтау
совхозының құрылуы себеп болып, бел шешпей еңбекке
араластық. Сол кездегі кілең шопырлар Амангелді Рахметов, Ақымаш Игенов, Ермекбай Раймағанбетов, Совет
Карин, Қасым Рахымжанов, Амангелді Садықов,
Сәнуар Жарылғапов, Ғаббас Әбдіқадыров, Тойкен және
Шүленбай барлығымыз
Ақтаудың салынуына,
бөлімшелердің құрылысының жүруіне,
бітпейтін
шаруаның басы-қасында болып, жұмыс атқардық.
Ұмытпасам 1966 жыл болуы керек, ауылға Тайлақ Шікіров ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Атасудан
көшіп келді. Рахметов Аужекеңнің туған бауыры екенін
ұзын құлақтан естіп жүреміз. Бірақ Тайлақ ол туралы
мүлде сөз қозғамайтын. Бар айтатыны Шікір әкесі
жайлы болатын. Өмірінің соңына дейін бауырына
басқан ата-анасының атына кір келтірмей, солардың есіміне күйе жақпай құрметтеумен болды.
Дала заңына сай, дәстүрімізге сіңген ағайын
арасындағы алтын көпірдің негізіне айналған баланы
бауырына салу заңына орай інісін Шікір әкесінің қалай
алып қалғанын Аужекең кейін былай деп баяндаған еді.
-Кішкентай кезім, Тайлақ енді-енді жүріп жүрген.
Көшіп бара жатып жолда Шікір атамызға сәлем беруге
тоқтадық. Қайтар кезде атам мені бала етіп алып
қалатынын айтты. Мен қалмайтынымды айтып тұра
жүгірдім. Менің ұстатпайтынымды білді ме атам есін
әлі білмейтін Тайлақты алып қала берді. Сөйтіп, Тайлақ
Шікірдің баласы болып шыға келді.
Міне, сөйткен екі әкенің арасындағы үзілмес үміт,
жалғаған тағдырдың иесінің алып жүрегі бірақ сәтте
тоқтады да қала берді.
Тайлақ досқа адал, сертке берік, сенімді серік еді.
Оның аңғалдығы бір басқа. Тұла бойында арамдығы
жоқ, аузын ашса, көмекейі көрінетін аккөңіл болатын.
Қиналсаң қоң етін кесіп беруден тайынбайтын
жанашырлығы болушы еді.
Екеуміздің араласқұраластығымыз сол 1966 жылдан басталды. Ол бізден
қаншама жас кіші болғанымен өресі биік еді. Өз ісіне
тыңғылықты болатын. “Сырдың суы сирағынан
келмейтіннің” нақ өзі еді. Жоқ болса жасымайтын, бар
болса тасымайтын, өткенге өкінбейтін жігіттің төресі
еді. Елу жылдан артық жолдас болғанымызда арамызға
сызат түскен емес. Бір-бірімізбен біте қайнасып, бір
туған жандарға айналған едік. Қызығымыз да бірге
шаттансақ, шыжығымыз да бірге күйдік. Бала-шағамыз
ағалы-қарындасты болып,
бірге өсті.
Үнемі
қолтығымнан демер ізетті ініме айналған Тайлақтың
орны мен үшін ерекше.
Ол өмірден озды дегенде бірге өткізген күндердің әр
сәті ойыма орала берді. Бірге жүрген Ғаббас, Түгелбай,
Сәнуар, Аманбай, Амангелді, Сағынжан, Тайлақ,
Құдайберген, Совет, Қасым барлығымыздың таусылмайтын қызығымыз жетерлік еді ау. Ақтаудың әр сай саласында біздің іздеріміз сайрап жатқаны мәлім.
Отбасымызбен бір ортада араласып, думандатып
жүретін едік. Мерекелі күндері үш мәшинеге керекті заттарымызды артып алып, тау кезіп, табиғат аясында дем
алғандарымызды қалай ұмытайын. Қимас күндердегі
сыйлас достарымның әр қайсы бір төбе еді ау. Әр
сәтте бірге бас қосу үшін сылтау табылып, араласқұраластығымыз үзілмей, қара қазанда қайнаған асты
бөлісіп жеп, мәре-сәре болысатынбыз. Шақырысудан
шаршамай, адал асты бір-бірімізсіз ішпейтін едік ау. Ол
күндер жайлы естелік ешқашан таусылмайтыны анық.
Асқақтата салған әні құлақтың құрышын қандыратын,
қырықтың қырқасына шықпай өмірден озған
Құдайберген қандай еді?. Жүрген жерін қызыққа кенелтетін, аяқ астынан сөз тапқыш Ғаббас бір төбетін, Тау
қозғалса қозғалмайтын Аманбайдың мінезі ерек болатын. Қашан барсаң ақ жарқын көңілмен ақ дастарханын
жаятын Қарашашты қалай ұмытарсың. Суретшілігі,
ақындығы, күйшілігі, әншілігі бір басына тоғысқан
Түгелбай жеке тарих болса
шежірешіл, шешен
Сәнуардың ортамызда өз орыны бар еді. Олардың
әрбірінің өзіндік ерекшелігі, қасиеті бар. Бір–бірін алмастыра алмайтын мінездері де әр алуан болғанымен
адалдыққа, достыққа деген көңілдеріне көлеңке
түспейтін.
Сол аяулы достардың, жолдастардың сетінеген бөздей
сыңарларынан айрылып қалуы жүрегімді сыздатуда.
Думанды жылдарды бірге өткізіп, ағалық өмірді қатар
кешкен, ақсақалдық ауылға қатар қонып, әзіліміз жарасып жүрген олардың амандығына не жетсін. Елдің
амандығын, қатарымыздың сиремей, қара жерден аман
болуын тілегенімізбен Алланың ісі байғазы екеніне әр
кезде көз жетуде. Өмір бар жерде өлімнің болары һақ
екені білгеніммен жолдастар мен достарымды, көз
көргендерді қара жерге қия алар емеспін. Соларға деген
қимастық сезім қуыс кеудемдегі бір жапырақ жүрегімді
жаншуда. Жанымда емес дұғамның ішіндегі қимас
қайран асылдарым! Алла жандарыңды жәннәтта
шалқытсын.
Бақұл бол, аяулы досым, Тайлағым! Алла отбасыңа,
аяулы жарың Танакүл мен балаларыңа сабыр берсін.
Сен әр жүректің төрінде, азаматтықтың өріндесің. Сен
жаныңды жүдеткен дертіңе дауа іздеп, тыныстап
жатсың. Сені танитын ел-жұртың, ұрпақтарың барда
Сен мәңгі тірісің. Жаратқан жұмақ бағын бұйыртсын,
ізетті інім, Тайлағым.
Әбілдә енДАмАнҰЛы,
Ақтау ауылы
19 қаңтар 2019 жыл
ЕскЕ
алу
Абзал азамат, аяулы жар, ардақты әке,
асыл дос Рахметұлы Аманбайдың
(мәшхүр аты шікіров Тайлақ) өмір
көшінен
үзіліп,
арамыздан
алыстағанына да қырық күн...
Ел үшін маңдай терін тамшылатып,
бойындағы бар күш-жігерін сарқып,
тәлім-тәрбиесін жұмсай білген ел
ағасын қанағатсыз қара жер қойнына
тапсырғанымызға қырық күн...
Перзенттеріне ғана емес, дүйім жұртқа
асқар таудай әке, ақылгөй ата бола алған
ардақты жанды ортамыздан алшақтатып алғанымызға да қаралы
қырық күн толып отыр...
Арысым-ай, кеттің бе тастап біздерді,
Тәніңді шіркін, торғын топырақ-мұз көмді,
Асыл азамат өзіңдей жоқ қой бізге енді,
Алақан жайып, дұға жасаймыз, бет сипап,
Есімізге алып, асыл әкелер – сіздерді...
Қайран Әке, ұл-қызыңды жеткіздің,
Өміріңді өлермендікпен өткіздің,
Арманымыз болып еді-ау көп біздің,
Дем берсін Алла, жаныңа рақат-шексіз күн...
Әкелерім-ау, асқар тауларым-шыңдарым,
Ешкім білмеген тірлікте қанша күн барын,
Оранып келіп фәнидің мынау құндағын,
Сезбейді пәк жан «ажал» деген сұм барын,
Ұмыт болмай ма мың күн ләззат құрғаның..?
Жыраққа сіңіп, қосасыңдар-ау мұңға мұң...
Біз міне жүрміз тостағанға толмай нұр,
Кетерміз бір күн өмір-сусынға қанбай бір...
Пейіштің төрін мәңгілік өзің тұрақ қып,
Фәниде қалған ұрпағыңды қолдай жүр..!
марқұмның ризалығы үшін алақан жайып, Алладан шапағат
сұрап, еске алушы: жары-Данакүл, балалары, немерелері
Тайлақ әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 27
қаңтар күні сағат 13.00-де “сәт” мейрамханасында құдайы дәм
беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ
алу
14 желтоқсан. Бұл күн біздің әулет үшін
қаралы күн болатынын болжаппыз ба?
Жаны адал отағасы, ұл-қызына асқарлы
әке, еліне сыйлы азамат болған
Қайыржан Жүкенұлы Жахметов
дүниеден көшкелі де 40 күн өте
шығыпты. Ұлын-қызын жетілдіріп, енді
қызығын көреді-ау деген шақта кенеттен
келген қазадан ауыр не бар? Ешкіммен
шәй деспей, ешкімге қарыз болмай,
адамдық парызын адал өткізген жан. Өзі
армансыз кеткен-ақ шығар, артындағы
ұрпағын арманда қалдырып кетті. Сол
өкініш қой өзекті өртейтін...
Жұрт жұбатады: “Орнында бар оңалар”, артында із қалдырған
адамды өлді деуге бола ма?
Өзің жұбанасың, артынан дұға жасайтын ел-жұрты бар, атын
көтеріп жүретін ұрпағы бар. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа
болсын, Әке.
Жан әке, қорған болдың бәрімізге,
Жоқтығын анамыздың білдірмедің.
Аман жүрші, балаларым, бастарың аман,
Тең келмейді расымен саған адам.
Арқаның арысы едің жалындаған,
Бәріне де мейіріміңді аямаған.
Жаннатта жаның болсын рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.
Бақұл бол, аяулы Әке.
Сағына еске алушылар: жұбайы- балалары, бауырлары
26 қаңтар күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында
ардақты әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай
құдайы ас беріліп, құран бағышталады
в карагандинской области
стартовала приписка граждан к
призывным участкам
С января по март 2019 года на воинский учет планируется принять
порядка 7000 казахстанцев 2002 года рождения.
Граждане мужского пола, которым в год приписки исполняется 17
лет, ежегодно с января по март приписываются к призывным участкам. Приписка организуется и проводится соответствующими местными исполнительными органами военного управления в целях
принятия граждан на воинский учет, определения их количества категории годности к воинской службе, установления уровня образования, полученной специальности и уровня физической
подготовленности .О явке на приписку граждан будут оповещать повестками, которые должны вручаться им не позднее двух рабочих
дней до назначенного срока на приписку. Граждане, вызываемые в
местные органы военного управления для прохождения приписки
,должны прибыть на призывные участки своевременно и с документами, указанными в повестке.
Стоит отметить что одновременно в ходе приписки будет проведена
агитационно-пропагандистская работа по поступлению в высшие
учебные заведения МО РК. Юношам расскажут о перспективах после
окончания военных вузов и кадетского корпуса.
Құттықтаймыз!!!
Айнабұлақ ауылының тұрғыны, аяулы ана, асыл әже, ардақты
да сыйлы құрбымыз Ақпарова мәкенді мерейтойымен шын
жүректен құттықтаймыз. Мәкенге мықты денсаулық,
алаңсыз зейнет, ұзақ та баянды өмір тілейміз.Қашанда
жүзіңіз шуақ-нұрға бөленіп, ортаңызда осылай еленіп,
бала-шаға, ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіз деп
тілейміз. Енді бұдан да зор асу-белеске қадам басып,
бақыт пен шаттыққа толы ғұмырды кеше түсіңіз дейміз.
Сарқылмасың өмірлік қуатыңыз,
Жүректегі жарқын жыр, шабытыңыз.
Үйіңізден шаттық той бір үзілмей,
Берекелі болсыншы бақытыңыз.
Бақытпенен тербелсін күндеріңіз,
Орындалсын айтқан әрбір тілегіңіз.
Мерей жастың мерейлі биігінде,
Лүпілдесін шаттанған жүрегіңіз.
Тілек білдірушілер: аудандық ардагерлер ұйымы және Айнабұлақ ауылдық
округінің ардагерлер ұйымы
Құттықтаймыз!!!
Аяулы ана, асыл әже кәдірбаева Үнзияны 21 қаңтар күні 80
жасқа толған мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз.
Сексеннің сеңгіріне шыққан аяулы анамызға зор денсаулық,
ұзақ та баянды өмір тілейміз.
Анамыз шығыпты-ау,
Сексеннің сеңгіріне.
Елің бар, алғыс айтар,
Өлшеусіз ерлігіңе.
Үнзия, анашым-ау,
Қондырдың ұлды ұяға.
Білімді, тәрбиелі,
Бақытты қыз ұяда.
“Генерал” деп атайды,
ағайын көршілерің.
Абырой, сый-құрметті,
Анашым еншіледің.
Ізгі тілекпен: малайсариновтар әулеті
Бақытты ұзақ ғұмыр,
Тілейміз- ел аңсары.
Өзіңді құттықтайды,
Әулетім-Малайсары.
Иманды данамыздың,
Денсаулығы бар болсын.
Ортасында ұрпақтың,
Аллам өзі жар болсын
Құттықтаймыз!!!
Ақтайлақ негізгі орта мектебінің директоры, әріптесіміз
Әлжаппар ғабдулла Қабділмәлікұлын 17 қаңтар күні 60
жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз. Ғабдулла
Қабділмәлікұлы өмірінің көп жылдарын білім саласына
арнады. Ғабуллаға өмірдің арай-шуағын, асыл мұрат-арманын тілейміз.
Құрметпенен қараймыз әркез сізге,
Еңбектегі жолыңыз мұра бізге.
Таусылмасын мереке үйіңізде,
Жылы лебіз-жүректе, шуақ-кезде.
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі, білім
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Ақтайлақ негізгі
орта мектептің педагогикалық ұжымы
Құттықтаймыз!!!
Ақтайлақ елді мекенінің тұрғыны, қадірлі бажамыз,
құрметті де ардақты жезде Әлжаппар ғабдулланы 17 қаңтар
күні 60 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз.
Келіп жеткен мерейтой бақытыңызға жаңа бақыт,
шаттығыңызға баянды бақ қоссын.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Ізгі тілекпен: балдыздары, бажалары
Жарамсыз деп танылсын
Дружба көшесі №1 үйдің 2 пәтерінің иесі Сейткамалов мейркасым камбаровичтің
атына 2016 жылы берілген №2314 тұрғын үйді сыйға тарту келісім шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
көңіл айту
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Ақтайлақ негізгі
орта мектебінің педагогикалық ұжымы осы мектептің кіші қызметкері Исенова Бибіғайшаға
енесі Биязының
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖшС басшысы - бас редактор
еРАЛинА САЛТАнАТ АмАнҚызы
меншІк иеСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖшС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ276017171000000078, Бин 010340002761, Бик HSBKкZKX, кБе 16,
Рнн 240400001948, АО “народный Банк казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Байдалы би ауылының тұрғындары асқар
таудай әкеміз, ардақты атамыз мұсабеков
көжебайды мерейлі 70 жасқа толған
және аяулы анамыз, сүйікті әжеміз
Сыздықова Төлеубаланы туған
күндерімен құттықтаймыз.
Ата-анамызға дендеріне саулық, отбасына амандық, шаңырағына шаттық,
бақыт, қуанышты күндер тілейміз.
70 деген жасыңыз құтты болсын,
Денсаулық бәрінен де қымбат болсын.
Көңіліңіз көктемдей шуақ болып,
Ортамыз өзіңізбен толып жүрсін.
Әлі де көп ұрпағың өмірге енсін,
Еркелеп, ата-әжелеп көңіл бөлсін.
Аман-есен жүріңдер ортамызда,
Біздерге үлкендердің жолын берсін.
Құттықтаушылар: балалары-Қайролла-Сәуле, Бота, Қайрат-Гүлнұр, мұратГүлайым, немерелері- Жансәуле, Бақтияр, Жайық, зере, Айша, Дана, Тоты,
нұрғиса
Құттықтаймыз!!!
Бидайық ауылының тұрғыны,аяулы жар,ардақты ана,ұлағатты
ұстаз зкрина Ажар Бейшовна! Сізді 50 жас мерейлі
тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас
күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте
толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз,
абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін.
Әрдайым отбасыңыз аман, жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз
бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
Той-думан болсын өміріңіз сарқылмайтын,
Бақыт
берсін
ешқашан
таусылмайтын.
Тілейміз
сізге
саулық,
ұзақ
ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі, аудандық кәсіподақ
ұйымы және Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Қараағаш ауылы Ынталы орта мектебінің “Балапан” мектеп алды даярлық тобы жақсы
жұмыс атқарып отыр. Кішкентай бүлдіршіндердің бойына қарапайым математикалық
ұғымды қалыптастыру, заттың пішінін ажырата білуді үйрету, балалардың логикалық ойөрісі зейінін дамыту, дүниетанымын, тіл-байлығын, тақпақтар жаттатып, жадын
қалыптастыру
сынды
жұмыстарда балаларға
жақсы тәрбие беруде.
Жақында
“Балапан”
даярлық
тобында
өткізілген іс-шара өте тамаша өткізілді. Балалар
мерекеге
байланысты
тақпақтарын
жаттап
айтып, әндерін орындады.
Осы
іс-шараны
ұйымдастырған жетекші
тәрбиеші
Жаңагүл
Имантүсіповаға ата-аналар атынан алғыс айтамыз. Қай елдің болсын
бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі, ұлттық тәрбиемен ұштасып жатады. Ел болашағы
өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында, қазақ халқының бай мұраларын бойларына
сіңіріп өсуі басты парызымыз.
ш.РАҚымЖАнОвА
ш.РАҚымЖАнОвА ,
Қараағаш ауылының тұрғыны
Аудан әкімінің кубогы үшін жарыс
Жылдағы дәстүр бойынша аудан
әкімінің кубогы үшін лигалық
ойын қаңтардың 14-і күні басталды. Ашылу салтанатында
сөз алған аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.А.Имантүсіпов
спортшыларға сәттілік тілеп, жарыста тек мықтылар жеңіске
жетсін деген тілек білдірді.
Аудандық аяқ доп шеберлерінің
жеңістерін атап өтіп, осы биіктен
төмендемеңіздер деді.
Осы спорт түрі бойынша
спортшыларға демеушілік жасап
жүрген белгілі кәсіпкер, Б.Дүйсенбаев: -Лиганың басталуымен құтықтап, қазіргі кезде аудан
құрама командасы облыстық лиганың финалында ойын көрсетіп жатқанын қуанышпен жеткізді. Спортшыларға өзінің жүрекжарды тілегін білдірді. Ойын басталды. Лигалық ойынға
12 команда сұраныс берген. Ойын екі айға жуық уақытқа созылады.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1900 дана
Тапсырыс №3
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
15
Размер файла
38 772 Кб
Теги
3qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа