close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

майраға

код для вставкиСкачать
Шынар Таңатарқызы №35 Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясының
бастауыш пәні мұғалімі. Ол жаңартылған бағдарлама бойынша жеткіншек
ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен
жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүрген ұстаздардың
бірі. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін
мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналасындағы адамдарды тез баурап
алады. Ұқыптылық пен жауапкершілік Шынар Таңатарқызының ең басты
қасиеті. Жинақталған білім тәжірибесін оқушыларға көмек беруге және әр
істі тыңғылықты атқаруға, жұмылдыруға жұмсайды.
Шынар Таңатарқызы тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай,
ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Ата-аналар арасында
каучингтер ұйымдастырып, әр ата –анаға жаңаша көз-қарас қалыптастырып
жүреді. Әрбір білім алушыны тұлға деп танып, оның жетістікке жетуіне
тыңбай атсалысады. Оқушының жетістігі әрине, ұстаздың тыңғылықты
еңбегі емес пе?
Шынар Таңатарқызы әр сабағын жаңа форматта жүргізіп, кері байланысты
өте ұтымды пайдаланады. Топтық жұмыстарды, Джиксо әдісін, сана аллеясы
әдістерін үнемі қолданып, сабақтарын Де Бононың 6 қалпақ әдісімен,
Дананың кілттері әдісімен, свот және синквин әдістерімен оқушыға
талдатып, сабақтың құрылымына жаңаша негіз қалыптастырып отырады.
Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашықта,
анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға
деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі
беріп отырады.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі
заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей
етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан
балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз.
Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай,
тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген
жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.
Шынар Таңатарқызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға
қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары
молайуына тілектеспіз.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
0
Размер файла
13 Кб
Теги
майраға
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа