close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 4qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№4 (9893), 26 қаңтар, 2019 жыл
2019 жыл - Жастар жылы
Жастар жылы салтанатты түрде ашылды
Елімізде 2019 жыл Қазақстан еспубликасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауына сәйкес «Жастар жылы» болып бекітілді.
23-қаңтар күні Астана қаласы, EXPO-2017 көрме
орталығындағы "Нұр Әлем" орталығында Жастар
жылының басталуына орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
қатысуымен жастар жылының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты іс-шараға жастардың барлық санатының өкілі
қатысты: актерлер мен орындаушылар, "Қазақстандағы 100
жаңа есім" байқауының қатысушылары, "Болашақ"
түлектері, жас ғалымдар мен әскери қызметкерлер, балалар
үйінің тәрбиеленушілері, спортшылар мен дарынды балалар қатысты. Қонақтардың ішінде
әнші Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматшы Жансая Әбдумәлік,
бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы және тағы басқалары қатысты.
Салтанатты ашылуды еліміздің арналары тікелей эфирде ұсынды. Қазақстанның түкпіртүкпірінен жиналған жастар, әр түрлі салалардағы жетістіктерімен бөлісіп, алдағы уақытта
жастарға қажетті тың идеяларды ұсынды. Бұл шараның өтуін біздің аудан жастары да тікелей эфирден тамашалады.
-Биылғы 2019 жылды мемлекет “Жастар жылы” деп атап, жастарға көңіл бөліп жатқаны
қуантарлық жағдай. Бүгін Жастар жылының ашылу салтанатында Президент тарапынан да,
жастар тарапынан да көптеген жақсы ұсыныстар айтылды. Мемлекет басшысы Үкімет пен
жергілікті атқарушы органдарға арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл жас
қазақстандықтарды қол жетімді әрі сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және отбасын құру
жөніндегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейтін нақты қолдау шараларын
қамтуға тиіс. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айтып, әр адам өзіңнің жарқын
болашағын құру үшін аянбай тер төгу керектігін ұғындыра білді. Бағытымыз айқын, енді
іске асыру үшін қызмет жасауымыз керек,- дейді аудандық жастар орталығының басшысы
Жалғасбек Жәнібекұлы.
Рахат Айтжанова
Әлеуметтік дүкен ашылды
Кеше аудан әкімі Юржан Бекқожин бірқатар жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандарды
аралаған болатын. Басын сұққан сауда орындарының бірі – аудан орталығының сырт
жағында орналасқан «Сарыарқа» дүкені.
Маңдайшасында осылай деп жазылған азық-түлік сатылатын орынның иесі – Күнсая
Сүлейменова. Кәсіпкер өз иелігіндегі нысанға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп,
азық-түлік дүкенін ашып отыр. Осыған дейін аудан орталығының сырт жағында тұратын,
сондай-ақ, «Жаңа нұр» ықшам ауданында мекендейтін аудан тұрғындары үшін
орталықтағы дүкендердің алыстығы қиындық тудыратын. Ал, осындай азық-түлік пен үй
тірлігіне қажетті тауарлар сатылатын дүкеннің іске қосылуы біраз жаңаарқалықтың
Ауданымызда – жаңа нысан
Жыл басы жағымды жаңалықпен басталды. Аудан орталығында көптен күткен «Сапаржай»
автостанциясы ашылды.
Сапаржайдың салтанатты ашылуына мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер және
аудан тұрғындары қатысты.
Игі іс-шараға аудан әкімі Юржан Бекқожин арнайы барып, аудан тұрғындарына
құттықтау
сөз
сөйледі.
Құрметті
жаңаарқалықтар!
Бүгін баршамыз тағы
бір үлкен қуанышқа
бөленіп,
ауданның
қоғамдық өмірі үшін
маңызы
зор
сапаржайдың салтанатты ашылу рәсіміне
жиналып
тұрмыз.
А
у
д
а
н
тұрғындарының игілігіне арналған жаңа
нысанның ашылуымен
баршаңызды
шын
жүректен
құттықтаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты мақаласында
барша қазақстандықтарды «туған жерге ту тігуге» шақырса, бүгінгі атқарылып отырған
үлкен игі істі Ұлт Көшбасшысының үндеуінің көрініс тапқаны деуімізге болады. Осы
орайда, өзінің жерлестеріне зор қуаныш сыйлап, сапаржай ашып отырған кәсіпкерге аудан
тұрғындарының атынан асқан ризашылық пен риясыз алғыс білдіріп, бастаған ісіне мол
жеміс тілеймін!- деді аудан басшысы.
Аудан басшысының сөзінен кейін, аудандық қоғамдық кеңес ұйымының төрағасы, еңбек
ардагері Хамзе Сәтжанов сөз алып, сапаржайдың иесіне ризашылығын білдірді.
Аудан халқының игілігіне сыйға беріп отырған сапаржай иесі, жас кәсіпкер,
ауданымыздағы ірі азық-түлік “Шона” дүкенінің иесі Мердан Атамұрат та құттықтау сөзінің
легін жалғап, аудан халқы үшін аянбай еңбек ететінін айтты.
Мәдени сауық-орталығының өнерпаздарынан құралған әншілер ән-жырдан шашу шашып,
лента қию рәсіміне кезек берілді.
Салтанатты лентаны аудан әкімі Ю.Бекқожин, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы
Ғ.Төтеев және сапаржай иесі М.Атамұрат қиды.
Сапаржайда жолаушыларға арналған үлкен күту залы, касса, медициналық бұрыш, механиктер бөлмесі барлығы заманауи үлгіде жасақталып, жабдықталған. Тіпті, ана мен бала
үшін өте ыңғайлы арнайы бөлме де қарастырылған. Қысқасы, жолаушыларға қажеттің бәрі
бар мұнда.
-Бұл сапаржай тәулік бойы жолаушыға қызмет көрсететін болады. Түрлі бағыттарға жүріп
жатқан автобустар осы жерге тоқтайды. Жолаушыларға қажеттіліктің барлығын алдан ала
ойластырып, ыңғайлы болу үшін барлығын да жасап жатырмыз. Жолаушылар баратын жерлеріне билеттерін касса арқылы ала алады. Халықтың сұранысын қамтамасыз ету,
кәсіпкердің басты жұмысы, сондықтан ел игілігіне қызмет жасау біздің міндетіміз,- дейді
Мердан Атамұраттың анасы, белгілі кәсіпкер Тоғжан Ускембаева.
Сапаржайдың ішкі көрінісімен танысқан аудан тұрғындары жеңіл тағамдардан жасалған
дастарханнан дәм татып, сапаржай иелеріне ризашылықтарын білдіріп, алдағы
жұмыстарына сәттілік тіледі.
Рахат ӨміРбеКқызы
Кәсіпкерлер аудан басшысының
үнемі назарында
қажетін ашуда.
Дүкен иесі Күнсая Сүлейменова бұл сауда орынын ашуға 4 млн. теңге қаражат
жұмсапты. Кәсіпкер мен аудан әкімдігінің арасында бағаны тұрақтандыру жөнінде өзара
ынтамақтастық меморандум жасалған. Меморандум аясында аталмыш дүкендегі
әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың кіріс бағасына 5 және 10 пайыздан аспайтын үстеме
баға қосумен шектеледі.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Аудан басшысы Юржан
Бекқожин аудан кәсіпкерлеріне
үнемі қолдау көрсетіп, олардың
тыныс-тіршілігіне
бейжай
қарамайды. Осы орайда, аудан
әкімі таяуда ашылған «Жанар»
киім-кешек дүкеніне арнайы
барып, жаңа ісін бастаған
кәсіпкер - Жамал Қайырбековаға
сәттілік тіледі. Кәсіпкердің қызы
екеуі бірігіп, осыған дейін де
дөңгелетіп отырған кәсібі бар.
Аудан орталығында әртүрлі
қызмет түрлерін көрсететін «Жанар» сән салоны жұмыс істеп тұр. Ендігі кезекте, кәсібін
үлкейтіп, сән үйінің жанынан киім сататын орын ашты. Бұл жаңа бастамасына кәсіпкер 5
млн. теңге қаражатын жұмсаған екен.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
2
26 қаңтар 2019 жыл
Аудан әкімінің есептік кездесуі
басты мақсат - тұрмыстың түзелуі мен халықтың
хал-ахуалының көтерілуі
Елбасының сындарлы саясатын бағамдайтын әр жылғы Жолдауы халық қолдауына ие болуда. Биылғы жылғы Жолдауында халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын көтеру басты назарда
екені баса айтылды. Елбасының әр бағдарламасы мен ұсынған жобасын халық арасында
таратып, сол бағытта жұмыс атқарудың нәтижесі соңғы жылдары айқын байқалып келеді.
Халықтың тұрмысының түзелуінің арқасында ел арасындағы шешімін таппай отырған
мәселелердің жоқтығына себеп болуда. Тұрғын халыққа алдымен керек жарық, су, байланыс
жүйесі , көше жолы мен аудан аралық жолдар, дәрігерлік орталық пен мәдени ошақтарының
жұмысы, мектеп үйінің жылы болуы сияқты басты мәселелер барлық ауылдарда да бір
арнаға тоғысып, жақсы жолға қойылған. Десек те аудан әкімі қатысқан ауыл әкімдерінің
халық алдындағы есептік кездесуінде осы айтылған жағдайлардың бірінің ақау тұстары
кездесіп жатты.
17 қаңтар күні аудан әкімі Юржан Бекқожин бастаған аудан басшылары М.Жұмажанов
ауылында болып, ауыл әкімі Д.Бүкірбаевтың есебін тыңдады. Бұл жиынға аудандық
мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Х.Сәтжанов, аудан
әкімінің орынбасары Б.Серіков, аудан прокуроры А.Әділханов, аппарат басшысы
А.Әбдіғожин, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Сағынтаев, кәсіпкерлер палатасының
басшысы С.Рымбеков, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Баязитов,
аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Құрмашев, аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Әштаев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Ж.Бөгенбаев, «Тазасу» КММ басшысы Ж.Рысбеков,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Мұқажанов, аудандық
халықты жұмыспен қамту орталығының директоры В.Тоқанова, аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Мұсабекова, аудандық орталық аурухананың
директоры С.Құлмағанбетов,
аудандық «Жаңаарқа Жылу» КМК ның директоры
М.Әбілдинов, аудандық “Қазпошта” мекемесінің директоры А.Тажитова, аудандық
“Қазтелеком” мекемесінің қызметкері және ауыл тұрғындары қатысты.
Ауыл әкімі Д.Бүкірбаев ауылда атқарылған жұмыстар жайлы және алда тұрған міндеттер
жайлы баяндады. Ауыл әкімінің баяндамасы барысында алдағы жылы ауылға тартылып
жатқан таза су құбыры толығымен аяқталып, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ауыл
тұрғындарының көмегімен ауылда мешіт пен спорт кешенінің салынатынын айтып өтті. Мал
басы артып, ауыл көркі ажарланып келе жатқан ауылдың тұрғындарының көбі жаңа
мектептің салқындығына, аудан мен ауыл арасын жалғайтын жолдың жөндеу көрмегеніне
наразылықтарын білдірді. Көше бойында жарық шамдардың жоқтығы, тоқ көзінің желілік
сымдарының тозуы, мектептің салқындығы мен жолдың тозуы жайлы жарыса баяндаған ауыл
тұрғындарына аудан басшысы жауап берді.
-Аудан мен ауыл арасындағы жол біздің ауданға тиесілі емес. Сондықтан өзгенің иелігіндегі
жолға мемлекеттің қаражатын жұмсай алмаймыз. Биылғы жылы “КазТранс Ойл” мекемесімен келіссөздер жасалынып жатыр. Егер жолды біздің иелігімізге берсе бірден жөндеу
жұмыстарын жүргіземіз –десе, мектептің жылу беру құбырларына батарея қосуды және
жылу беру жүйесін қайта қарауды тиісті мекеме басшыларына тапсырды. Ауыл тұрғындары
атынан сөз алған К.Бейсенбаев ауыл жастарының, қолынан іс келетін азаматтарының
атқарып жатқан жұмыстарына көңіл толатынын жеткізіп, сол азаматтардың еңбектері
бағаланып, даталы күндері марапаттарға ұсынылса деген ойын білдірді. Ауыл ақсақалдары,
зейнеткерлері мен жастар өз талап ұсыныстарын ортаға салған жиында тұрғындардың
жолдаған сауалдары жауапсыз қалмады.
С.Сейфуллин ауылындағы жиын сағат 15.00-де басталды. Ауыл тұрғындарымен есептік
кездесуге арнайы келген мекеме басшылары алдында ауыл әкімі Н.Әбдіков баяндама жасады. Өң өзгерістерге бет бұрған ауылдың ажары айшықталып, атқарылған шаруалар қатары
көбейген. Күні кеше басшылыққа тағайындалған жас әкімнің ауыл жастарын
ұйымдастыруы, бірлесе жұмыс жасауы ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, ауыл
ақсақалдары ризашылықтарын білдірді. Көпшілік атынан сөз сөйлеген Сартбас ақсақал
аудан әкіміне ауылға назар салып, қолдау жасап жатқаны үшін ауылдастарының атынан
алғыс білдірді.
18-қаңтар күні есептік кездесу Ақтау ауылында өтті. Ауданнан шалғай орналасқан, кедергісі көп жолдың мехнатын тартатын ақтаулықтардың негізі табысы қорадағы малы.
Қолында дипломы бар жастарының дерлігі мектепте жұмыс істейді. Соңғы жылдары бала
туу көрсеткіші артып, мектептерінде бала саны артқан ауылдың тыныс-тіршілігі ілгерлеудің
үстінде. Қаладан қашық, ауданнан алыс болғанымен жарық, су, байланыспен толықтай
қамтылған бұл ауылдың аудан әкімінен жыл сайын сұрайтын сұранысы көліктерінің көбесін
сөгіп, тамтығын қалдырмайтын ой-шұңқыры көп жолдың жөнделуі болатын. Өткен жазда
жиырма шақырымнан артығына асфальт төселген жолдың биылғы жылы жалғасын табатынына қуанған ауыл тұрғындары аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді. Ауыл әкімі Ахметжан Отарбаевтың атқарылған жұмыстары мен алға қойған мақсаттары жайлы
баяндамасын тыңдап, алдағы жылы мектеп түлектерінің рухани жаңғыру бағдарламасы
аясында ауылға жасайтын жұмыстарымен танысқан көпшілік ауылдағы атқарылған
жұмысқа мұрындық болған ауыл әкімінің жұмысына ризашылықтарын білдірді. Ауылдық
ардагерлер ұйымының төрағасы Мәнсүр Әбдіғалымов аудан басшысы Юржан Асанұлына
ауылдастарының атынан Ақтау ауылына қаржы қарастырып, шешімін таппаған мәселелердің
түйінін тарқатқаны үшін ауыл тұрғындары атынан алғыс білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі. Сөз
кезегінде жылдан-жылға шегеріліп келе жатқан ұялы байланыс жүйесінің жақын уақытта
орнатылуына көмектесуін өтінді.
Жиын барысында аудан әкімі Елбасының Жолдауына тоқталып, аудан көлемінде атқарылып
жатқан игі істерді баяндады. Аудан көлемінде ауқымды шара ойластырылып, торқалы тойға
тоқсан игілікті шара ұйымдастырылатын атап өтті. Сырбас Сәкен ақынның 125 жылдығын
кең көлемде аталып өтетінін де айтып өтті. Осы игілікті шаралардың барлығына бір кісідей
атсалысуға шақырды.
21 қаңтар күні Қызылжар кентінде болған кент әкімінің есептік кездесуге аудан әкімімен
бірге есептік кездесуге қатысып жүрген мекеме басшылары қатысты.
Павлодар -Қызылорда тас жолы мен шойын жолдың бойында орналасқан Қызылжар кентінің
тұрғындарының көбі жұмыспен қамтылған. Кентке жақын кен орындары мен теміржол
бойында еңбек ететін тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылығы ауылдағы жаңадан бой
көтерген үйлерден ақ байқалады.
Аудан әкімі тас жол бойынан орын тепкен жеке кәсіпкер Е.Ермахановтың «Қызылжар» кафесінде болып, жұмыс барысымен танысты. Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімінің
қайтарымсыз 500 000 теңге грантын иеленген, өз ісін ашуға талаптанған Е.Шамшиев көлік
жөндеу орталығының жаңадан қабырғасын көтеріп, салып алған екен. Көлік жөндеуге қажетті
құрылғыларды сатып алып жатқан жас кәсіпкер көлік жөндеу орталығының ауылдары үшін
аса қажет екенін айтты. Ауыл тұрғыны А.Түбекова халыққа қолайлы етіп «Әнел» дүкенін
ашқан екен. Сөрелерін сан түрлі затқа толтырып, халыққа қажетті заттарды ұсынып отырған
дүкен иесінің жұмысына сәттілік тілеп, кенттің мектебіне ат басын бұрдық. Мектеп ауласына
өнерлі оқушылар қардан киіз үйдің макетін және тұрмысқа қажетті заттар сандық, ат
әбзелдері, ер-тұрман, саба, күбі, қазан, т.б мүсіндерді қардан жасап орналастырыпты.
Оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары мен робототехника үйірмесінде жасаған түрлі
бұйымдары мектеп фоесіне көрмеге қойылыпты. Аудан басшысына өздері жасаған робот
бұйымдарын таныстырған оқушылардың қиялы үшқыр.
Мәдени сауық орталығына жиналған көпшілік алдында атқарған жұмыстары жайлы
баяндаған кент әкімі Р.Балкеновтың халық игілігіне жасаған еңбегіне көпшілік риза болып,
тұрғындар қанағаттанарлық баға берді. Көпшіліктің ұсынысымен тілектерін тыңдаған аудан
басшысы халық қамын ойлаған Елбасының ауылшаруашылығы саласын өркендетуге
арналған бағдарламаларының мерзімінің ұзарғанын айтып, өзін-өзі жұмыспен қамту бойынша аудан көлемінде жақсы жұмыстар атқарылғанын көп азаматтардың төмен пайыздағы
қол жетімді несие алып, мал өсірумен айналысып жатқандарын жеткізді. Халықтың
тұрмысын түзеуге бағытталған бұндай тиімді жобаларды дұрыс пайдалану керектігін баса
айтты. Түгіскен ауылына қарасты жеке кәсіпкер А.Шадиевтің иелігіндегі «Азат» шаруа
қожалығының жұмысымен танысқан аудан басшысы мал бордақылау алаңында болып, мал
қыстатуға арналған баздардың жай-күйін көрді. Жол бойынан жайлы қоныс салып, шаруасын дөңгелеткен Азамат Шадыұлы күре жолда сапарлайтын жолаушыларға арнап асхана
және қонақ үй салыпты. Жылы әрі жайлы қонақ үйге тоқтайтындар жетерлік. Биылғы жылы
Түгіскен ауылында үлкен тойхана салып, халық игілігіне жаратқан Азаматқа
ауылдастарының айтар алғысы зор.
(жалғасы келесі бетте)
26 қаңтар 2019 жыл
3
(жалғасы. Басы 2 бетте)
Түс ауа Түгіскен ауылының мәдениет үйіне ауданнан арнайы келген аудан әкімі мен мекеме
басшылары және ауыл тұрғындары алдында Түгіскен ауылының әкімі Ө.Кенжетаев сөз
сөйлеп, жыл бойы жасалған жұмыстары жайлы баяндады. Ауыл әкімінің есебін тыңдағаннан
кейін ауыл тұрғындары атынан сөз алған Р.Үмбетов атқарылған жұмыстың нәтижесін көріп
отырғандарын баяндап, ауыл әкімінің есебіне тұрғындар атынан қанағаттанарлық деген баға
берді. Келесі кезекте сөз алған С.Омаров жаз айларында ауылда ауыз су тапшылық ететінін
және жөнделіп жатқан жолдардың сапасы төмен екендігін айтып өтті. Аудан басшысы Юржан
Асанұлы бүгінгі таңда ауданымызда атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында берілген жеңілдіктерге қол жеткізген жас кәсіпкерлер мен өз
ісін ашуға ниеттенген жастар туралы айтып өтті. Ауыл тұрғындарының иелігіндегі жерлерді
электронды картаға енгізу керек екенін түсіндіріп өткен аудан басшысы қыс мезгілі ауыл
тұрғындарына толықтай жететін ауыз судың жаз шыға бау-бақша мен мал суаруға
қолданылып жетіспей қалатынын баса айтып, судың да сұрауы бар екенін ескертті. Ауылдың
үлкені Шады ақсақал ауданнан келген басшылардың еңбегіне табыс тілесе, Түгіскен өңірінде
құрылған Сарысу ауданының тағдырдың тауқыметімен Жамбыл өңіріне қоныс теуіп, күз
айында мерейлі 90 жылдығын атап өткені жайлы баяндаған
ауыл тұрғыны, Сарысу
ауданынының атынан аудан әкімінің кеудесіне мерейтойлық медаль қадады.
23 қаңтар күні Ш.Ералиев ауылдық округі әкімінің есептік кездесуіне барған аудан әкімі
алдымен ауыл әкімшілігінің ғимаратына соғып, биылғы жылы жөнделген жылу жүйелерінің
жұмысымен танысты. Соңғы жылдары ауыл халқының санының артуы оның ішінде бала
санының өсуі байқалып отырған Ералиев ауылындағы О.Әлібаев атындағы мектепте болған
аудан басшысы мектеп алды шағын орталықтардағы балалардың орналасқан бөлмелерін аралап, мектеп асханасының жұмысымен танысты. Мектеп оқушыларының қардан жасаған
мүсіндері көз сүйсіндіреді. Ауыл тұрғындары арасынан шағын бизнесті дамытуға атсалысып,
«Бірлік» азық-түлік дүкенін ашқан Ә.Мейірмановамен жүздесті. Шағын дүкеннің ішінде азықтүліктің дерлігі қамтылып, әлеуметтік бұрыш ашылып қойылған екен. Аудан басшысы жас
кәсіпкерге сәттілік тілеп, жастарға қолдау танытып жатқандығын айтып өтті. Болашақта шағын
дүкеннің іргесін кеңейтіп, кәсіпкерлігін әрмен қарай үлкейтуге тілек білдірді. Ауыл халқы
үшін тойхана салуды қолға алған, «Назлы» киім-кешек және азық түлік дүкенін салып, еңбек
жасап отырған ауыл азаматы Д. Жанұзақовпен жолығып, еңбегіне береке тіледі. Мамандығы
құрылысшы-инженер аға туған жер төсіне жаңадай үй салып қоныстаныпты. Ендігі мақсаты -
Аудан әкімінің «барлық деңгейдегі әкімдердің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«26» желтоқсан 2018 жылғы № 64 нқ өкіміне №1 қосымша
Аудан әкімінің тұрғын халықпен есепті кездесулерін өткізудің
ЖеЛіЛіК КеСТеСі
Рет
саны есептік кездесудің өтетін жері
1
Целинный ауылдық округі
3
Атасу кенті
2
4
Бидайық ауылдық округі
Атасу кенті
есептік кездесудің өтетін
күні және уақыты
28.01.2019 ж сағ 11.00
28.01.2019 ж сағ 15.00
30.01.2019 ж сағ. 11.00
8.02.2019 ж сағ 11.00
есептік кездесуді
өткізетін орын
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Б.Амалбеков ЖОББМ
МСО
Аудан басшысы жас кәсіпкерге
сәттілік тіледі
Біздің аудан арқылы «Қызылорда - Павлодар» бағытындағы автокөліктер өтіп, бұл тас
жолдың біршама бөлігі
біздің аудан сыртынан орын тепкен. Өткен-кеткен
жолаушылардың жолай ауқаттанып алуына мүмкіндік тудырып отырған – Әділет
Қалкешов. Жас кәсіпкер таяуда республикалық маңызы бар тас жолдың бойына жеңіл
және жылдам дайындалатын тағамдар әзірлейтін дәмхана ашты.
Бүгін аудан әкімі жаңадан ашылған «Бистро» деп аталатын дәмханаға арнайы барып,
дәм орыны иесінің жұмысына сәттілік тіледі.
Әділет Қалкешов дәмхана тұрғызу үшін аудан әкімдігінің қолдауымен жер алып, ісін
бастауға 3,5 млн. теңге қаражатын жұмсапты. Бүгінде Әділет 3 адамды жұмыспен
қамтып отыр.
«Мен сияқты жас кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсететін Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлына және аудан басшысы Юржан Асанұлына шексіз алғысымды білдіремін,»дейді кәсіпкер.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
елбасы Жолдауына үн қосамыз
ауылдастарының әжетін ашып, той-томалақ өткізетін заманауи тойхананың құрылысын аяқтап,
қолданысқа беру.
Аудан әкімі мен мекеме басшылары және ауыл ақсақалдары бас болып жиналған есептік кездесуде ауыл әкімі Е.Мәмбетов атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері жайлы баяндады. Ауылдық ақсақалдар ұйымының төрағасы М.Сүйіндіков ауыл әкімінің есебін
қанағаттанарлық деп танып, халық атынан алғыс білдірді. Ауыл іргесіндегі қатты қалдықтар
төгетін полигонды қоршауға, ескірген тоқ бағаналарының сымдарын жаңартуға, ішкі жолдарды жөндеуге аудан әкімінен қолдау көрсетуді сұрады. Сонымен бірге жалақысын ала алмай
жүрген электриктердің де мәселесін құлаққағыс етті. Ауыл азаматы Д.Қалмағанбетов техникасы болғанымен тендрге түсе алмай, шабындық жер ала алмай жүргенін айтып, ренішін білдірді. Ауыл анасы, ұстаз М.Әлібаева ауылдың қазіргі тұрмысының түзу, әл-ауқатының жоғары
екенін айтып, аудан басшыларының еңбегіне толайым табыстар тіледі. Аудан басшысы жиын
барысында айтылған ұсыныстар мен сұрақтарға толықтай жауап беріп, аудан көлемінде
атқарылған шаруаларға тоқталды.
Ақтүбек ауылына жаңадан тағайындалған жас әкім Е.Ормановтың баяндамасында биылғы
жылғы атқарылған жұмыстар толығымен айтылып, алдағы міндеттер баяндалды. Ел бірлігін
сақтауға ұйытқы болып, кейінгі ұрпаққа үлгі болған дуалы ауыз қарияларға бай Ақтүбек
ауылының ақсақалдарының үлкені С.Есжанов ауылдың қыркүйек айына дейін әкім болған
А.Тапашұлының еңбегін ауыл болып бағалайтындарын айтып, атап өтті. Басталған істің басықасында болып, қызмет жасаған жас маман бүгінгі әкім Е.Серікұлының да жұмысының жақсы
екеніне тоқталған ақсақал ауыл маңына таяу шабындық жерге ауыл малын түсірмей, жайлауға
бармайтын малды қадағалап, бақтыру керектігін айтты. Т.Кенжебаев ақсақал салауатты
өмірдің негізі спортты сүйетін жастар мен балаларға арнап жабдықталған спорт кешені салынса деген ойын білдірді. Өткен жылғы жиналыста қозғалған балаларды мектепке тасымалдайтын көлік пен газет-журналдың тасымалдауындағы олқылық жайлы ауыл азаматы
Б.Танауов сөз қозғады.
Бірлігі бекем Ақтүбек ауылының тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдаған аудан басшысы
аталған жайлар бойынша жауап беріп, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Ауыл
көркінің ажарланып, тұрмысқа қажетті жағдайлардың жасалынып жатқанын айтқан аудан
басшысы рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әр ауылдың тумасы өз ауылына
қамқорлық жасап, ауыл тұрғындарына қажетті мәселелерге көмектесу керектігін айтып өтті.
Өткен күндермен салыстырғанда жағдайдың көш ілгері түзеліп, қорамыз малға, ауламыз
көлікке толған берекелі күндерде әр азаматтың өз ауылына жәрдемдесуі заңдылық. Олай
болса ауылдың өркендеуі сол ауылдың азаматтарына тікелей байланысты.
Салтанат Аманқызы
Даму жоспары белгіленген құжат
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы
маған бірден сірескен ресми құжат емес, әрбір қарапайым адамды қуантқан жағымды
хабар әрі шенеуніктерге берілген нақты тапсырмадай көрінді. Негізі, мемлекетті
басқарудың шарты халықтың жағдайын жақсартуға қызмет ету екені белгілі. Осы
тұрғыдан алғанда Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауы нақ осы мақсатқа
жұмылдырылғанымен маңызды.
Қолайсыз жаһандық экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан экономикасы үнемі
ілгерілеп келеді. Ал, негізгі экономикалық көрсеткіштер тұрақты дамуды байқатады.
Жолдауда білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініпті,
«Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы» делінген. Саламаттығы бекем адам –
жасампаз істің локомотиві. Елеусіздеу көрінгенімен, Мемлекет басшысының елді спорт
ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысуға үндеуі, ол үшін аулаларды, саябақтарды жабдықтау қажеттігі, жақын арада 100 дене шынықтыру-сауықтыру
кешенін салу тапсырмасы бүгінгідей интернет заманында үлкеннің де, кішінің де компьютерге не ұялы телефонға байланып қалған мезгілінде соғылған дабыл деп есептеймін. Жолдауда айтылған мақсаттардың іске асуына тілектеспін. Ал, қоғамды сапалы әрі
жүйелі дамыту ісі – мемлекеттік қызметкерлердің, саяси партиялардың, кәсіпкерлердің,
этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, үкіметтік емес сектордың, кәсіподақ ұйымдары
және діни бірлестіктердің, барлық адамдардың қатысуымен жүзеге асатын ұжымдық
жұмыс.
қасиет мұқАТАев,
мәдени сауық орталығының қызметкері
Атасу кентіндегі көп қабатты тұрғын үй
иелеріне хабарлама
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 31 бабының 2
бөлігінің талабына сай, кондоминиум объектісі ретінде тіркелген үй-жайлар (пәтерлер)
иелері көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде құбыр жарылғанда, төбедегі шатырдан су кеткенде оларды жөндеуге мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейтіндігін
және оларды жөндеу пәтер иелерінің өздеріне тиесілі екіндігі айтылған. Алайда, пәтер
иелерінің оларды жөндеуге мүмкіншіліктері болмаған жағдайда, Үкіметтің “Өңірлерді
дамыту - 2020” бағдарламасы арқылы қайтарылымды көмек алуға
болатындығынстүсіндіреміз.
Осы туралы кеңес алу керек болған жағдайда тұрғындарға, Атасу кенті, Тәуелсіздік
даңғылы 5-ші ғимаратында орналасқан Жаңаарқа ауданының “Тұрғын үй инспекциясы”
бөліміне хабарласуға болатындығын ескертеміз.
Телефон 2-87-42.
“Жаңаарқа ауданының тұрғын үй инспекциясы” мм бөлімі
4
26 қаңтар 2019 жыл
Жаңаарқа ауданының әкімі Ю.А.бекқожиннің 2018 жылдың әлеуметтікэкономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және 2019 жылы
алда тұрған міндеттері туралы есебі
Құрметті аудан тұрғындары! Міне, тағы бір жылды
шығарып салып, жаңа жылға қадам бастық. Қалыптасқан игі
дәстүр бойынша өздеріңізге 2018 жылғы аудан бойынша
атқарылған жұмыстың есебін ұсынып отырмын. Біздің
жұмыстың басты өлшемі халықтың берер бағасы.
Еліміз өзінің ширек ғасырлық белесіне үлкен жетістіктермен
жетті. Бұл әрине Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сұңғыла саясаты мен ерен
еңбегінің арқасы. Елбасының әр жылдары қабылдаған
бағдарламалары мен айқындап берген бағыт-бағдарлары елімізді әлемдік аренада жаңа қырымен танылуына зор ықпал
етіп келеді. Аудан экономикасын дамытудың негізгі
бағыттары «Қазақстан - 2050» Стратегиясында, Елбасының
бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясындағы
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, «Төртінші өнеркәсіптік
революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Жолдауында және ел дамуының 2025 жылға дейінгі
Стратегиялық жоспары мен өткен жылда қабылданған қос
бірдей Жолдауы елге серпін беріп, «Ұлы даланың жеті қыры»
атты мақаласы тарихи санамызды одан әрі жаңғыртқан болса,
2018 жылдың 5-қазанындағы «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп
аталған Жолдауының басты артықшылығы нақты әлеуметтік
салаға, яғни әр азаматтың ахуал-тұрмысына бағытталды.
Елбасының Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең
басты құжат болып табылады. Мемлекет басшысының саяси
құжатын түсіндіру және насихаттау жұмыстары бойынша
ауданымызда желілік кесте, медиа-жоспарға сәйкес қоғамдық
ұйымдар мен сала белсенділерінің қатысуымен Жолдауды
талқылау бойынша аудандық активтер өткізілді. Сондай-ақ,
әр кент және ауылдық округтерде өткен барлық деңгейдегі
әкімдердің есептік кездесулерінде түсіндіріліп, насихатталды. Бұл насихаттау шаралары әрі қарай жалғасын тауып,
Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында
жұмыстар жүргізілетін болады.
Былтырғы жылы барлық деңгейдегі әкімдер 16-қаңтар мен
9-ақпан аралығында барлығы 38 есептік кездесу өткізді.
Оған 2950 адамның қатысуы қамтамасыз етілді. Осы кездесулерде халық тарапынан көтерілген көптеген мәселелер мен
ұсыныстар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламаларына сәйкес шешіліп келеді. Есептік кезеңде
тұрғын халықтан барлығы 141 ұсыныс-тілек, өтініш түсіп,
орындалысы 2018 жылдың әр тоқсан сайын және жылдың
аяғына дейін аудан әкімінің ресми сайтында жарияланып отырды. Өткен жылы аудан әкімдігіне жазбаша берілген 723
өтініштердің 95 пайызы және ауызша айтылған 356
өтініштердің 100 пайызы орындалды. Аудан әкімшілігінде
арыз-шағымдармен жұмыс істеу мәселесі үнемі бақылауда
болып, аппараттық кеңестер отырысында айына бір рет
талқыланып отырды. Бұл ұсыныстар мен тілектердің негізі –
тұрғын үймен, ауыз сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру,
жолды жөндеу, ұялы байланыс орнату, электр желілерін
жөндеу, шаруашылықты рәсімдеу мәселелері өз шешімін
тапты. Есептік кезеңде Елбасы, Үкімет тапсырмаларының
орындалуы үнемі қадағалауымызда болды. Ал шешімін
таппаған өтініштердің ағымдағы жылы орындалуы жоспарға
қойылып, бақылауға алынды.
қадірлі жерлестер! Өздеріңіз білесіздер, 2018 жыл
Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға
толы болды. Елбасымыз да алыс-жақын талай шет елде
болып, салиқалы келіссөздер жүргізді. Бірнеше ауқымды ісшаралар аталып өтті.
Жоғарыда атап өтілген Жолдаудан туындайтын міндеттерді
орындау үшін бізде қажетті ресурстар да, білікті де білімді
кадрлар да жеткілікті. Ел болып жетістіктерге қол жеткізуге
облыс көлемінде әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары
Жаңаарқа ауданының да қосқан үлесі баршылық деп білемін.
2018 жылдың қорытындылары бойынша жалпы өнеркәсіптік
өнім көлемі 4 млрд. 849,7 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен
салыстырғанда 115,1% (2017 жыл 4 млрд. 213,2 млн. теңге)
болса, ал жоспар 118,3% орындалды (2018 жылдың жоспары
4 млрд. 98,7 млн. теңге).
2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8
млрд. 767,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда
75,8% (2017 жылы 11 млрд. 565,8 млн. теңге), ал жоспар
115,7% орындалды (2018 жылдың жоспары 7 млрд. 575,0 млн
теңге). Ауылшаруашылық өнімін шығару көлемі 21 млрд.
952 млн. теңге көлемінде орындалып, 2017 жылғы жоспармен
(20 млрд. 575,0 млн.) салыстырғанда 106,7%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіппен айналысатындар саны 5022
адамға жетті.
Ал өндірілген өнім, атқарылған жұмыс және көрсетілетін
қызмет көлемдері 13 млрд. 253 млн. теңгеге орындалып,
105,4%-ды құрады. Бөлшек сауда айналымы былтырғы жылмен салыстырғанда физикалық көлемінің индексі 118,1%-ды
құрады.Инфляциялық процесстерді тежеуге байланысты
аудандық штаб және жұмысшы топтар құрылды. Құрылған
жұмысшы топ үш бағытта (медикаменттерге, коммуналдық
қызметтерге ақы төлеу, әлеуметтік қажеттілігі бар азық түлік
тауарларына) күн сайын бағаларға қадағалау жүргізуде. Осы
іс-шара аясында ауданның азық-түлік дүкендерінің басшыларымен 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік
өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында сырттан
әкелінген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 5
пайыз мөлшерден артық негізсіз бағаны көтермеуге аудан
әкімі 112 азық-түлік дүкендерінің жетекшілерімен
ынтымақтастық меморандумға отырды. Барлық дүкендерде
әлеуметтік бұрыштар ашылған. Сонымен қатар, мереке
күндері
ауданымыздың
орталығында
жәрмеңкелер
ұйымдастырылады.
Жаңаарқа ауданы бойынша экономикалық дамуының іс-шаралар жоспарына сәйкес 9 кәсіпкерлік нысанның ашылуы
жоспарланған. Нақты 19 нысан ашылып жоспар 2 есеге
орындалып отыр. 2018 жылы жалпы аудан бойынша 792 млн.
54 мың теңгеге 198 жоба несиеленіп, 187 адам жұмыспен
қамтылды. Атасу кентінде кәсіпкерлікті қолдау картасынан
тыс 3 өндірістік нысан ашылды.
Біріншісі: «Жаңаарқа құрылыс жабдықтау» ЖШС шлакоблок
кірпіш, төсемтас, бардюр, темір-бетон құрылыс материалдарын шығаратын цехін іске қосты. Директоры Бекбаев Е.Қ.
Жоба құны – 40 млн. теңге. 5 жаңа жұмыс орны ашылды.
Екіншісі: «Ертай сервис» ЖК жылу тиімділікті, құмнан жасалатын кірпіштер шығаратын цехін іске қосты. Жетекшісі
Тойбаев М.Е. Жоба құны – 10 млн. теңге. 25 жаңа жұмыс
орны ашылды. Жобалық қуаты күніне 500 кірпіш.
Үшіншісі: 2018 жылдың маусым айында «Арқа Құрылыс
2009» ЖШС асфальт-бетондық қоспа өндіретін зауытты және
фракциялық ұсақ тас шығаратын уатқыш қондырғысын іске
қосты. Директоры Базарбеков Серік Мұқанұлы. Жоба құны
– 180 млн. теңге. 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобалық
қуаты - сағатына 80 тонна асфальт-бетондық қоспа және
фракциялық ұсақ тас шығарады. Зауыттың ашылуы
өнеркәсіптік өнім көлемінің артуына септігін тигізді.
Былтырғы жылы 70,6 мың тонна асфальт-бетондық қоспа
өндірілген, бұл ақшалай мәнде 682,3 млн. теңге. 2018
жылдың мамыр айында «Орда Group» ЖШС «Тау-кен ісі»
мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінде тегін оқуға білім грантын бөліп, жеңімпазды
анықтау үшін конкурс өткізген болатын. Конкурс
нәтижесінде С.Сейфуллин орта мектебінің оқушысы білім
грантын жеңіп алды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен
дамытудың біріңғай бағдарламасы және «Ауылдағы жастар
кәсіпкерлігін дамыту және қолдау бойынша облыс әкімінің
гранттары – 4,6 млн.теңгеге 5 жоба, 8 жұмыс орны ашылады.
Аудан әкімінің гранттары бойынша 4,0 млн.теңге, 8 жоба, 12
жұмыс орны ашылады.
Ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлесін қосып келе
жатқан тағы бір сала – ауылшаруашылық саласы. 2018
жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша 21 млрд 952 млн. тенгенің өнімі өндіріліп,
өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (20 млрд 575,0
млн), 6,7 пайызға өсті. Физикалық көлемінің индексі 103,1
пайызды құрады. Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша 14846,7 тонна ет (тірі салмақта), 47447,5 тонна сүт,
2 млн. 625,8 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша ірі қара
малдары 64668 басқа, қой-ешкі 113547 басқа, жылқы 63849
басқа, түйе 201 басқа, шошқа 111 басқа, құс 20806 басқа
жетті.Шартты мал басы 129146 басты құрап, өткен жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда (116370 бас)- 11,1% артты.
Етті мал шаруашылығын дамыту бойынша да тиісті
жұмыстар жүргізілуде. «Аграрлық несие корпорациясы»
және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдары арқылы «Сыбаға» бағдарламасының аясында несиеленген 13 шаруа қожалығы 335 млн. 980 мың
теңгеге ТМД елдерінен 569 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын алу үшін келісім-шарт жасап, жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі күнге Ресейдің Орынбор қаласынан «Мақсат» шаруа
қожалығы 140 бас етті-сүтті бағытындағы асыл тұқымды
«Сименталь» тайыншаларын әкеліп, өсіруде. Сол сияқты
«Көнек» шаруа қожалығы Кемерово қаласынан 30 бас Герефорд асыл тұқымды ірі қара малын тасымалдап отыр. Сонымен қатар, «Нұр - Әлі» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен
23 млн. 690 мың теңгеге Павлодар облысынан 91 бас асыл
тұқымды қазақтың ақ бас ірі қара малын алып, өсіруде. «Агроэкспорт ЛТД» мал бордақылау алаңына үстіміздегі жылы
171 тонна экспортқа ірі қара мал етін өткізу жоспарланған бо-
латын. Жыл ішінде 172,1 тонна ет өткізіліп, жылдық жоспар 101,0%-ға орындалып отыр. Сонымен қатар, өткен
жылы ауданымыздың 7 шаруа қожалықтары экспортқа
1389 бас немесе 27,4 тонна қозы етін өткізді. Оның ішінде
«Арай kz» бордақылау алаңы арқылы Қытай ХР-на 122
бас (2,1 тонна) қозы өткізілсе, «Агроэкспорт ЛТД»
бордақылау алаңына экспорт үшін 1267 бас (25,3 тонна)
қозы өткізілді. «Жеңіс асыл тұқымды зауыты» ЖШС және
ауданымыздың 3 ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
арқылы 144 млн 480 мың теңге несие алып, 4816 бас
отандық қой малын алды. Сонымен қатар, «Бірлестік»
шаруа қожалығы (басшысы Ахметов Қ) өз қаражаты есебінен 19 млн. теңгеге 960 бас қой малын алып, өсіруде.
Қараағаш ауылдық округіне қарасты «Жанболат» шаруа
қожалығы (басшысы Арфилова Р) Қытай Халық Республикасынан өз қаражаты есебінен жобалық құны 20 млн.
теңге тұратын ет өңдейтін шұжық цехының
қондырғыларын алған болатын. Қазіргі кезде цехтың
құрылысы аяқталу үстінде. «Жанболат» шаруа
қожалығының «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру»
бойынша дайындалған инвестициялық жобасы аумақтық
үйлестіру кеңесінде қаралып, кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Сол сияқты ірі қара мал етінің экспорттық
әлеуетін арттыру мақсатында «Жәке» мал бордақылау
алаңына 1443 бас бұқашықтар өткізілді.
Өткен жылы барлығы жоспарға сәйкес 12000 гектар жерге
егін салынды. Оның ішінде, 2500 гектарға бидай, 9200
гектарға арпа, 300 гектарға сұлы егілді. Барлық орылған
алқаптан 13200 тонна астық жиналды. Оның ішінде, 2500
тоннасы бидай, 10400 тоннасы арпа және 300 тоннасы сұлы.
Таза жиналған астық көлемі 11904 тоннаны құрады. Оның
1200 тоннасы тұқымға құйылды, қалған 10704 тоннасы жемдік азыққа жұмсалуда. Сонымен қатар, 1000 гектар жерге көп
жылдық шөп (житняк) егіліп, шаруа қожалықтарымен 28 гектар жерге жер жұмыр, 1 гектар жерге көкөніс отырғызылды.
250 мың тонна шөп дайындалды.
2018 жылы ауыл шаруашылық саласына салынған
инвестициялық салымдардың жалпы құны 1 млрд. 310 млн.
теңгені құрап, жылдық жоспар (788,3 млн теңге) 182,6%
орындалды.
Бүгінгі күні ветеринария саласының маңыздылығы мен
салмағы да қоса артып келеді. Ең алдымен, бұл сала мал
басының індеттерден аман, ал мал өнімдерінің
ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай болуын көздейді.
Бұл бағыт бойынша ауданда 2018 жылы ірі қара, ұсақ мүйізді
малдармен жылқы малын бірдейлендіру жоспарлары
толығымен орындалды. Жоспарланған ветеринариялық
профилактикалық іс-шаралар толығымен атқарылды. Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 590 бас жойылды. 2017 жылмен
салыстыратын болсақ, 2018 жылы бруцеллезге шалдыққан
ірі қара мал басы 35 пайызға азайып отыр. Эпизотияға қарсы
іс-шараларға 96 млн. 300 мың теңге бөлініп, жоспарланған
іс-шаралар толығымен орындалды. Ауыл шаруашылық
жануарлардың аса қауіпті аурулары және өлім- жітім тіркелмеген.
Ал, ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерді айналымға енгізу мақсатында 2018 жылы өткізілген конкурстардың
нәтижесінде 37 661 га жер телімі жер пайдалануға беріліп, 37
жаңа шаруа қожылығы ашылды. 2017 жылмен
салыстырғанда пайдаланылып отырған егістік жердің көлемі
10 % ұлғайды. 13 шаруа қожалығы пайдаланбай отырған
жалпы көлемі - 1742,6 га егістік жер телімдерін ауданның арнайы жер қорына өз еркімен тапсырды. Қазіргі уақытта ауданымызда
ауылдық
округтердегі
ауылшаруашылық
мақсатындағы жер телімдерін конкурс арқылы айналымға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бизнес объектілері үшін арналған жер телімдеріне аукцион өткізілді.
Аукцион нәтижесінде жалдау құқығын сату арқылы бюджетке – 3 882 200 тг түсті. Жер пайдаланушылармен тікелей
жұмыс нәтижесі бойынша 176 жер пайдаланушы, жалпы
көлемі – 145650 га жер телімдерін игеруді бастады, яғни
жайылымдық жер теліміне мал басының жүктемесі 20 пайыздан артық мал басы тіркеді және 20 жер пайдаланушы, жалпы
көлемі – 13972 га жер телімдерін өз еріктерімен ауданның арнайы жер қорына қайтарды. Елімізде қазіргі таңда әлеуметтік
салалардың әлеуеті артуда. Бұл салаға бөлінетін қаржы да
жыл сайын өсіп келе жатыр. 2018 жылы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
барлық
бағдарламаларға 156820,0 мың теңге жұмсалды. Оның
ішінде: жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 181
отбасының 32 отбасына шартсыз ақшалай көмек 7422,4 мың
теңге, 149 отбасына шартты ақшалай көмек 23 100 мың тенге
төленді. Тұрғын үй көмек 89 отбасына 4600,0 мың теңге
төленді. Ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және
жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражат есебінен
біржолғы әлеуметтік көмек 1271 адам өтініш беріп, 1 адамға
12000 теңгеден төленді. 15 ақпан күні Ауғанстаннан кеңес
әскерінің шығарылуы қарсаңында 19 Ауған соғысының ардагерлеріне 95,0 мың теңге төленді. Чернобыль атом
электростанциясындағы болған апатқа қатысқандар 10
адамға 100,0 мың теңге төленді. Ұлы Отан соғысының Жеңіс
күнін атап өту қарсанында жалпы 149 адамға 1920,0 мың
теңге төленді.
26 қаңтар 2019 жыл
1 қазан қарттар күні қарсанында Зейнетақы төлеу
орталығының тізімі бойынша 898 қарт адамға 4490,0 мың
теңге төленді. 8 қазан Мүгедектер күніне І-ІІ-ІІІ топ мүгедегі
және 16 жасқа дейін мүгедек балалар 1378 адамға 6890,0 мың
теңге төленді. 1 желтоқсан Президент күні мерекесі
қарсанында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және соған
теңестірілген азаматтарға 121 адамға 1210,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен бір реттік материалдық көмек
көрсетілді.«Д» есепте тұрған туберкулез ауруына шалдыққан
30 адамға 2164,5 мың теңге жергілікті бюджет есебінен бір реттік материалдық көмек төленді. Өмірлік қиын жағдайларына
байланысты 38 азаматқа 1955,3 мың теңге материалдық көмек
көрсетілді. І-ІІ топтағы жалғыз басты мүгедек зейнеткерлер
Облыстық бюджет есебінен бір есептік көрсеткіш қосымша
төлем 21 адамға 615,7 мың теңге төленді. Мүгедектерді
әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
мақсатында, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламалары бойынша облыстық бюджет есебінен сурдотехникалық
құралдармен 10 адам, міндетті гигиеналық құралдармен 101
мүгедек, тифлотехникалық құралдармен 18 адам, арнаулы
жүріп-тұру құралдары кресло-арбалармен 8 адам қамтамасыз
етілді. 53 адам Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан протездік-ортопедтік құралдарға жолдама алды. І топтағы 54
мүгедектерін жеке көмекшілеріне
14764,0 мың теңге
төленді.Үйде оқып және тәрбиеленіп отырған 22 мүгедек
балаларға құралдармен қамтамсыз ету үшін 771,0 мың теңге
жәрдемақы төленді. Шипажай курорттық емделуге 46 мүгедек
жолдама алды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша: 2018 жылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін
1242 адам өтініш білдірген, тұрақты жұмысқа тұрғызылғандар
1043 адам. Оның ішінде:
І бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға жоспар
бойынша 42 адамға 15 541 мың теңге бөлініп, жұмыс
берушілердің сұраныстары бойынша нақты 100 қатысушы
жолданды. ІІ бағыты бойынша 57 адамға бағдарлама бойынша
460 719 000 тг шағын несие беру жоспарланды, нақты 146
адам (256 %) 631 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.
III бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 40 адамға бөлінген қаражат 11 789 мың теңге, қаңтар
айынан бастап нақты 50 адам (125%) 12 айға жолданды. Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 40 түлек мекемелерге жолданды.Қоғамдық жұмыстарға 669 адам жіберілді.
Аудан бойынша 36 білім беру нысаны бар. Мектептер бойынша компьютерлік база 1596 бірлік. Оқушы саны- 5926, 1
компьютерге 4 баладан келеді. 2018-2019 оқу жылынан бастап
3,6,8 сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті.
Үстіміздегі оқу жылы 2,5,7 сыныпқа сабақ беретін
мұғалімдерге 30 % үстеме ақы қосылды. Аудан бойынша 17
орта мектеп робот техникасы зертханасымен жабдықталып, 7
мұғалім оқу курсынан өтіп келді. Сонымен қатар, 10 мектепте
IT- кабинеттер ашылып, олар 64 жаңа буынды компьютермен
жабдықталды. Алдағы уақытта тағы 7 мектепте ІТ-кабинеттер
ашылу жоспарланып отыр. Қарағанды қаласында наурыздың
30-31 күндері ІҮ Халықаралық «ROBOLAND 2018» фестивалі
өткізіліп, фестивальға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және
Польша мемлекеттерінен 771 команда қатысып, Соның ішінде
аудан мектептерінен 37 оқушыдан құралған құрама командасы
қатысып жүлделі І-ІІ орындар иеленіп, біріншіліктің кубогын
алып келді. Биылғы жылы 9 мектепке республикалық және
жергілікті бюджеттен 150 млн бөлініп, жөндеу жұмыстары
жүргізілді. 2017 – 2018 оқу жылы мектептерге 12 жас маман
жұмысқа орналасса, соның 9-ы «Дипломмен-ауылға»
бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрды. Түгіскен ауылында
50 орынды «Еркетай» бөбекжайы пайдалануға берілді. Ақтау
мектебінде демеушілер қолдауымен жүзуге үйрету бассейні,
Ақтүбек мектебі жанынан мектеп түлектерінің көмегімен
ботаникалық бақ ашылды. Ауданымыздың білім сапасы соңғы
жылдары көтеріліп келеді. Мектеп түлектерінің 158-і ЖОО
студенті атанып, оның 61-і мемлекеттік грант иегері атанса,
125 оқушы колледждерге қабылданып, оның 26 - сы грантқа
түсті. Жыл басынан бері мерекелі күндер мен календарлық
жоспарға сай 12 айдын ішінде 74 спорттық жарыстар өткізілді.
Облыстық
«Сарыарқа-2018»
ХХХІІ
жазғы
ауыл
спортшыларының спартакиадасында Жаңаарқа ауданы
командалық есепте ІІІ орын алды. Жалпы аудан бойынша
спортпен айналысатындардың саны 30 пайызға жетті. Өткен
жылы тұңғыш рет облыстық және аудан маслихаттары депутаттары арасында облыстық спартакиада Қарағанды
қаласында ұйымдастырылып, оған аудандық маслихаттың депутаттары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жыл
сайынғы дәстүрлі
әйелдер арасындағы облыстық
спартакиадаға аудан құрамасы қатыстырылды. Ағымдағы
жылы да осы жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.
Адам капиталының сапасы денсаулық сақтау саласының тиімді жұмыс жасауына тікелей байланысты. Денсаулық
саласының 2018 жылғы демографиялық көрсеткіштер бойынша ана өлімі тіркелмеген. Туберкулезбен ауырғандар саны
биылғы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 10 адамға,
онкологиялық ауруға шалдыққан адамдар саны 5 адамға
азайды. Бала туу деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда
18,4 пайызға өсті. Бүгінде ауданда «Даму-мед» мобильді
қосымшасы ашылған. Аудан тұрғындарының біршамасы осы
қосымшаны пайдаланып, игілігін көруде. Бұл қосымша – кешенді медициналық ақпараттық жүйенің бір бөлігі.
Қосымшаның тұрғындар үшін берері мол. Мәселен,
смартфонның көмегімен бірнеше минутта дәрігер
қабылдауына жазылуға не болмаса, үйге шақыруға мүмкіндік
бар. «Даму-мед» мобильді қосымшасына аудан бойынша
8445 адам тіркелді.
Жергілікті бюджеттен орталық ауруханамызға халыққа қызмет
көрсету жағдайын жақсарту мақсатында Электроэнцефалограф анализатор
электрокардиографа, ЭКГ и АД-
5
Монитор,Тредмил жүйесі алынып, қолданысқа берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекет пен жеке
меншік серіктестігінің қолдауымен ауруханамызда гемодиализ
орталығы қолдануға берілді. Сондай-ақ, облыс орталығына
сырқат адамдарды жедел жеткізу мақсатында іші толығымен
жабдықталған реанимобиль көлігі алынды. Аудан әкімдігі мен
"Сарыарқа-ENERGY" ЖШС компаниясы арасындағы өзара
түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумның
шеңберінде аталмыш компаниядан бөлінген 15 млн. теңге
қаражатқа ақ халатты абзал жандарға арналған 5 пәтерлі
тұрғын үй жөнделіп, кілттері табысталды. Қазіргі таңда
ауданымыздың медицина саласының 4 жас маманды жұмысқа
алынып, үймен қамтамасыз етіліп отыр. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа «Түгіскен» дәрігерлік
ауруханасының құрылыс жұмысы аяқталып, қолданысқа берілді.Профилактикалық іс-шаралар жүргізу нәтижесінде, аудан
аумағында тіркелген жалпы қылмыстардың саны 2017 жылмен
салыстырғанда 12,5 пайызға төмендеген. Оның ішінде:
қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар, онша ауыр емес
және орташа ауырлықтағы қылмыстар, алаяқтық, бұзақылық
жасау, бөтен мүлік ұрлығының тіркелуі, пәтер ұрлықтары, мал
ұрлығы төмендеп, қылмыстың ашылу пайызы жоғары болып
отыр. Құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті
қамтамсыз ету мақсатында аудан орталығының негізгі жол
қиылыстары мен халық көп шоғырланатын орындарына
қосымша 35 дана бейнебақылау камералары орнатылып, ішкі
істер бөлімінің қарауына берілді. Сонымен қатар әлеуметтік
маңызы бар нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына, білім беру, балабақшаларға да бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл жұмыстардың атқарылуына аудандық
ішкі істер бөліміммен бірлесіп, Атасу кентінің әкімі үнемі
бақылау жасауда. Осының нәтижесінде Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары бойынша «Мүлдем төзбеушілік» қағидасына жататын
сандық көрсеткіштер осылайша қалыптасты.
Ауданда атқарылған жұмыстардың қатарында мемлекет
басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Атамекен» бағытын жүзеге асыру мақсатындағы шаралар да бар.
«Рухани жаңғырудың» бұл бағыты бойынша жалпы құны 88,8
млн. теңгеге 9 жоба іске асырылуда. Аталған жобалардан 7-і
жүзеге асты. Ағымдағы жылы 57,0 млн теңгеге жалпы 24 жобаны, ал «Тәрбие және білім» шағын бағдарламасы аясында 3
жобаны жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Қоғамдық-саяси ахуалға талдау жүргізу мақсатында
электрондық және баспа бұкаралық ақпарат құралдарына,
соның ішінде әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг
жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін билікке қарсы акциялар, пикеттер немесе басқа заңсыз әрекеттер аудан аумағында орын
алған жоқ.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 46 жасты
жұмыспен қамтып, «Жаңаарқа жылу», «Таза су» мекемелері
және ЖК «Жаңғозин» «Жасыл ел» штабымен отырған келісім-шарт бойынша әрбір «Жасыл ел» сарбазына 28 284
теңгеден, «Жасыл ел» штабының тарапынан 32 162 теңге
жалақы төленді. 2018 жылы ауыл жастары арасында
кәсіпкерлікті дамытуға арналған Қарағанды облысы әкімінің
грантына Жаңаарқа ауданынан 7 жас кәсіпкер ұсынысын білдіріп, олардың 3-нің әрбіреуі 1млн. теңге мөлшерінде грант
ұтып алса, аудан әкімінің грантына 24 үміткер ұсыныс білдіріп,
8 жастың әрқайсына 500 мың теңгеден, жалпы 4 млн. тг.
көлеміндегі қаражат табысталды. Биылғы жыл Қазақстанда
Жастар жылы деп жарияланды. Бұл дегеніміз, жастар мәселесі
Үкіметтің, Елбасының назарынан тыс қалмайды деген сөз.
Аудандық мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен ҚР
Мәдени саясатын жүргізуге негіз болатын Ұлттық және Мемлекеттік мерекелер бұқаралық, халықтық сипатта өтеді.
Өткізіліп
жатқан
шаралар
«Рухани
жаңғыру»
бағдарламасының, Астананың 20 жылдығы, Бұқар жыраудың
350 жылдығы, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы
«Жаңаарқа» газетінің 80-жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесінде өнерпаздар
облыстық, республикалық, халықаралақ байқауларға және
фестивалдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ауданымыз алғаш рет І аймақтық «Арқа аруы – 2018» сұлулық
байқауы ұйымдастырылып, қазан айында «Тамадалар шеруі»
атты шоу бағдарлама өткізіліп, кеш соңына таяу жиналған
қаржы есептеліп, теңдей бөлініп, осы кешке арнайы
шақырылған денсаулықтары сыр бергенімен қоғамда өзіндік
орыны бар жетім-жесірге, мүгедектерге және шұғыл ота жасатуды қажет ететін адамдарға үлестірілді. Латын графикасын
насихаттау мақсатында насихат тобы құрылып, түсіндіру
жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ауданда үштілділік
жұмыстары қолға алынды. Қыркүйек айынан бастап, тегін
ағылшын курсы ұйымдастырылып, оған 15 адам тартылып,
сертификаттар алды. Курсқа мемлекеттік қызметкерлер мен
басқа да мекеме қызметкерлері қатысты. Жол картаны
кезеңімен орындау мақсатында былтырғы жылы Ынталы,
Талдыбұлақ, Бидайық елді мекендерінің құрылыс салу және
дамыту схемаларын, яғни жеңілдетілген бас жоспарларды
әзірлеуге жергілікті бюджеттен 11,0 млн тенге қаражат
қарастырылды. Бас жоспарлар толығымен әзірленіп,
мәслихаттың шешімімен бекітілді. Биылғы жылы Ақтау,
Орынбай, Сейфуллин, Айнабұлақ елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу жоспарда тұр. Атасу кентінің бас жоспарына
сәйкес солтүстік-шығыс ауданындағы жалпы алаңы – 14 га бос
тұрған алаңға 96 учаскеге жеке меншік тұрғын үй құрылысы
үшін 2500 метр су желілері, жалпы сметалық құны – 20200,0
мың теңге, 2300 метр электр желілері, сметалық құны 12600,0
мың теңгені құрайтын инженерік – коммуникациялық
инфрақұрылымдар жүргізілді. Дайын учаскелер жеке меншік
тұрғын үйлер салу үшін тұрғындарға кезек тізімі бойынша
үшін 1000 шаршы метрден, яғни, 10 соткадан берілді. Биылғы
жылы сол ауданнан осындай 150 учаскеге жеке меншік тұрғын
үйлер салу үшін нақты жобалау жобасы әзірленді. Жергілікті
бюджеттен жалпы құны 37,6 млн теңге, оның ішінде су желілерін тартуға – 22971,0 мың теңге, электр желілерін тартуға –
4734,0 теңге қарастырылды. Алдағы уақытта инженерік –
коммуникациялық инфрақұрылымдар жүргізілетін болады.
Қарағанды облысының экономикалық өсімін қамтамасыз ету
үшін 2018 жылғы арналған іс шаралар жоспарына сәйкес
Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үйлерді пайдалану жылдық
жоспар 10283 шаршы метрді құраса, орындалысы 16195
шаршы метрді құрады, яғни 157 пайызға орындалды.
Кейінгі жылдары өлкемізде қайта қарқын ала түскен тұрғын
үй құрылысы жұмыстарын айтуымызға болады. Елбасы өзінің
кезекті Жолдауының бесінші бағытында тұрғын үй құрылысы
саласына басты назар аударды. Былтыр "Қолжетімді баспана2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында
"Нұрлы жер"
тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша
салынған 8 және 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып,
24 пәтер қолданысқа беріліп, кілттері табысталды.Екі қабатты
16 пәтерлі үш тұрғын үйлердің құрылыстары аяқталу үстінде.
Ағымдағы жылдың мамыр айында үйлер меншік иелеріне табысталатын болады.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында 2018 жылы
аудан бойынша 27 млн.тенгеге 4 көп қабатты тұрғын үйге
жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аудан бойынша
2 көп қабатты тұрғын үйге пәтер иелерінің коперативі (КСК)
ашылып, әділет басқармасына тіркелді. Бұл жұмыс ағымдағы
жылы да жалғасын тауып, Атасу кенінде 6 үйге көп қабатты
тұрғын үй жөндеуден өтіп, пәтер иелерінің кооперативтері
(КСК) ашылатын болады.
Ең маңызды міндеттердің бірі - энергия, су және жылу
жүйелерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. 2018-2019 жылдарға арналған жылу беру маусымы
бірқалыпты өтуде. Аудан бойынша 7 локалдық
қазандықтарымен 45 дербес қазандықтары көпқабатты тұрғын
үйлерді және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды жылумен қамтамасыз етеді. Былтырғы жылы 12 млн теңгеге
Атасу кентінде орналасқан 2 локалдық қазандықтың 12
қазандығы айырбасталды. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мақсатында 9 млн. теңгеге «Манадыр», «Ақтайлақ»
мектептерінің ішінде орналасқан дербес жылу қазандықтары
сыртқа шығарылды. Ағымдағы жылы Атасу кентінің Жолкен
Дүйсенов орамындағы көпқабатты тұрғын үйлерге
орталықтандырылған кәріз жүйесін салу үшін облыстық бюджеттен 39 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан тұрғындарының 87 пайызы орталықтандырылған таза
ауыз су мен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда М.Жұмажанов
ауылдық округінің су жүйесін қайта қалпына келтіру бойынша
ағымдағы жылы республикалық 6 шақырым су құбырын
тарту жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда 2,7 шақырым су
құбыры
тартылды.
Ақтайлақ
елді
мекенін
орталықтандырылған су жүйесіне қосу мақсатында ұзындығы
2,6 шақырым су құбырлары салынды.
Атасу кентінің мектеп орамының кәріз су желілерінің
құрылысын салу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары
атқарылуда Бүгінгі күнге атқарылған жұмыс көлемі 1,5
шақырым кәріз жүйесі тартылды, 61 дана құдықтар орнатылды. Ағымдағы жылы қолданысқа берілетін болады.
Аудан бойынша Ақтасты, Ералиев, Атасу, Қылыш, Орынбай,
Ынталы, Ынтымақ,189 разъездіне, Жомарт станциясы,Манадыр станциясы, Өкендеу, Жаталап ауылы, Бидайық, Лесхоз
ауылдарына аудандық маңызы бар біршама жолдар жөндеуден
өтті. Атасу кентінің 0,5 шақырым ішкі жолдарына ағымдық (ой
шұңқырларды бітеу) жұмыстары жүргізілді.
Сонымен
қоса, аталған С.Сейфуллин көшесінің 2 шақырым жолдың
жиек тастары гранит тастарына ауыстырылды. Қазіргі таңда
Түгіскен ауылының 3 шақырым ішкі жолдарына тегістеу
жұмыстары жүргізілді, Қызылжар кентінің ішкі жолдары
жөндеуден өткізілуде және кіреберіс жолдағы өткелге жобалау
сметалық құжаттары әзірленуде.
Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Атасу кентінің орталық
көшелеріне бағдар шамдар орнатылып, жолақтар салу
жұмыстары атқарылды. Атқарылған жұмыстар аз емес, алайда
алда тұрған маңызды міндеттер одан да көп. Биыл жерлесіміз, қазақ халқының біртуар ұлы, ақын, қоғам қайраткері Сәкен
Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойы болса, жасампаз
Жаңаарқамыздың даланы думандатып, өткеніне көз тастап,
руханиятын жаңғыртатын 90 жылдық торқалы тойы да осы
жылға табан тіреп отыр. Иә, Сарыарқаның сары даласына
қоныс тепкен киелі Жаңаарқа топырағында үлкен мереке болатыны сөзсіз. Іргетасы тоқсан жыл бұрын қаланған
ауданымыздың осынау мерейтойы қарсаңында аймағымызда
айтулы оқиғалар орын алып, ауқымды шаралар тындырылуда.
Қос мерекені атап өту үшін аудан бойынша комиссия құрылды.
Оның ішінде, «Атасу қоғамдық қайырымдылық қоры»
құрылып, Қарағанды облысы Әділет басқармасында тіркеуден
өткізіліп, құжат арнайы заңдастырылды,есеп шоты ашылды.
Бүгінгі күнде ауданның 90 жылдығына тарту ретінде «90 игі
іс» атқару қозғалысы бастау алып, бұл үрдіске ауданның бүкіл
кент, ауылдық округтері мен кәсіпкерлерін, ауданның
сырттағы тумаларын және жеке азаматтарды тартудамыз.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасы шеңберінде алғашқы игі бастамалар да жүзеге
асырылуда. Игілікті шараға атсалысып жүрген азаматтарға
шексіз ризашылығымды арнай отырып, жақсы істер үзілмей,
жалғаса берсін деген ниетімді білдіремін! Қос бірдей мерейтойды жаңа табыстармен қарсы алу үшін баршаңызды «90 игі
іс» шараларына бір кісідей атсалысуға шақырамын!
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары мен
бағдарламаларында елімізді жаңаша дамыту тұрғысында
бірқатар маңызды міндеттер қойылған. Бұл біздің жаңа тарихи
жағдайда 30 дамыған мемлекеттің қатарына енуімізге бастайтын сара жол. Оны іске асыру аудан тұрғындарының, әр
азаматтың өз кәсібіне адалдығы мен жоғары жауапкершілігін
қажет етеді. Олай болса, бекем бірлігімізден, ырысты
ынтымағымыздан танбай, жаңғыру жолында еселі еңбек етуге
жұмылайық, ағайын!
26 қаңтар 2019 жыл
6
ұлы даланың жеті қыры
ұЛы ДАЛАныҢ ЖеТі еРеКШеЛіГі
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында
ұланғайыр даламыздың қасиет-киесін, ұлтымыздың
ұлылығын,
еліміздің
ерекшелігін,
атабабаларымыздың қызғыштай қорып, ұрпағына
аманаттаған мұрасы жайлы оқып, ойымызды бір
жаңғырттық.
Елдігіміз
бен
тарихымызды
айқындайтын жеті ерекшелік - халқымыздың
мәдениеті мен құндылықтары. Жаһандану кезеңінде
ұлттың мәдени,тарихи, әдеби құндылықтарын білу,
насихаттау, әрі сақтау – елді бекемдеудің тікелей кепілі. Тарихын, ұлттық құндылықтарын білген ел ғана
өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып,
жетістіктерге жетеді. Мақаладағы деректер ұлттық
сарындағы жаңа туындылардың дүниеге келуіне себепші болатыны белгілі.Әр тақырып жаңа бағдар мен
тың сұраныс, зерттеу жұмыстарына сұранып
тұрғандай. Қай ғылым саласынан болсын алып
қараса, тамаша өнімдер туындары сөзсіз.
Атты ер қанаты деп бағалап, ел мен жерді қорғауда
таптырмас серігі, көлігі есептеген әрбір батыр қазақ
жылқы малының алуан қасиетін тануға жөргегінен
тәрбиеленген. Атқа міну мәдениеті жағынан бабаларымыз жайлы ертеректе археолог, этнографтар,
ғалым-ғұламалар еңбектері де бар екені тарихтан
мәлім.Ұлы дала төсінде металл өндіру, өңдеу ісі
жүргізілгенін көне деректерден байқаймыз. Ашық
аспан табиғат аясында ғұмыр кешкен бабаларымыз
мықты саятшы, аңшы бола білген, «аң стилі»
үлгісіндегі өнерді дамытқан. Ат спортына жетік, темірден түйін түйген ұста, зергер, мықты сәулетші,
құрылысшы, сауда-саттық кәсібіне төселген
кәсіпкер, тіпті отырықшы әрі көшпелі тұрмыс кешіп,
жер өңдеп, бау-бақша шаруашылығын меңгерген.
Ұлы даламыздың ғажайыптары бұлармен бітпейді.
Қазақ жерінде табиғаттың тағы да бір кереметі атақты жауқазындар,
жабайы қызғалдақтар
жайқалуда.Әлемнің жетекші биологтары мен гүл
өсірушілері жер бетіндегі осынау алау гүлдер,
сұлулықтың нышаны дала қызғалдағының ата жұрты
-Қазақстан екенін дәлелдеп отыр. Қызғалдақ –
ұлтымыздың төл мерекесі Наурыздың да басты атрибуты.
Ендеше, даламыздың сәні, бірақ ешкім елеп-ескеріп
жатпайтын қырдың қызғалдағы жайлы біз біле бермейтін осынау мәліметтер көптің назарынан тыс
қалмай, ойтүрткі болар деп ойлаймын.
Қазақтың ерке гүлі қызғалдаққа Ұлы Жібек жолы
арқылы жерімізден өткен саудагер, саяхатшы, ғалым,
жалпы адамзат мойын бұрып, тамсанып, өз
өңірлеріне тұқымын алып кетуі, біріншіден оның
шипалылығынан.
Биологтардың
айтуынша,
қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар. Расында, адам қызғалдақ арасында бірнеше сағат
жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып, бір сергіп
қалатынын сезеді.
Мұсылмандар қызғалдақты жұмақ гүліне
балайды.Тіпті осы дала гүлдері туралы «таң сәріде
періштелердің нұрынан жаралған киелі гүлдер»
деген аңыз да бар.
Әйтеуір, қызғалдақ ежелден-ақ, ақындарды да,
ғалымдарды да, патшаларды да таң-тамаша қылып,
өзіне ынтықтырып келеді. Содан да болар,
Шығыстың тағы бір атақты шайыры
Хафиз
қызғалдақтың нәзіктігіне, әдемілігіне, кипаристей
сымбаттылығына тіпті раушан гүлі де тең келмейді
деп жырлайды.
Қазақ қолөнерінде де қызғалдақ бейнесі көп
бұйымдарда
бедерленген.
Олар:
ер-тұрман
жабдықтары, тері белдік тоғалары, сақина, білезік,
қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар.
Өсімдік пен гүл пішіндері кестелерде де, сырмақ, текемет, кілем, алашаларда да бар. Шеберлер алтын
жіппен ұлттық киімдерге, киіз үй жабдықтарына,
қоржын-дорбаларға да қызғалдақтың бейнесін салып
әшекейлеп, кестеледі.
Әйгілі сақ ханшайымы Тұмар ханым Кир патшамен
шайқасқа түсердің алдында әскерін жинап: «Артымызда ата-бабаларымыздың зираттары мен
даламыздың қызғалдақ гүлдері.Осынау қасиетті
топырақ пен оған өскен гүлдерді таптатып,ар-намысымызды аяққа басқызбауымыз керек.Жаумен
айқаста ажал құшатын болсақ,көктемде рухымыз сол
алау гүлдер болып,туған жер бетіне шығады.
Алға,сарбаздарым» деген екен ханшайым. Қызғалдақ
ғұмыры да, адам өмірі сынды баға жетпес
құндылығымен әсерлі.Сондықтан, табиғаттың
ерекше сыйы-қызғалдақты еркіндіктің, азаттықтың
гүлі ретінде қасиет тұтуға тиіспіз. Қазақстандықтар
үшін қызғалдақ гүлі - Отанымыздың қасиетті бір
рәмізі, рухани әлеміміз бен ерекше діліміздің белгісіндей.
Ұлы даланың жеті қыры, жеті ерекшелігі, бұл- елімізге бұйыртқан Тәңірінің сыйы. Халқымыздың бойына берілген ерекше дарыннан туындаған ортақ
жәдігерлерді терең түсініп, біліп, ұлттық санасы кемелденген, рухани жаңғыру жолында тарихы
түгенделген, рухы асқақтап атына қайта мінген
қазақтың кеудесін ешкім баспасы айдан анық.
Ж.САқАуовА,
о.Жұмабеков атындағы Жоббм базасындағы
тірек мектебінің мұғалімі
Рухани жаңғыру
Өз өлкеңді тану – рухани жаңғырудың
даңғылы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласында қозғалған өлкетану ісін
дамыту мәселесін өңір мұғалімдері толық
қолдайды. Оқытушылардың ойынша, жастар өз Отанын сүюді туып, өскен
өлкелерінен бастаулары керек. «Рухани
жаңғыру» өлкені танудан басталады деген
ойдамын.
Туған өлке төсіндегі тылсым табиғат пен тамыры терең тарихты,
шаруашылық пен саясатты, мәдениет пен тұрғындардың тіршілік ету
әрекетін қосып, адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану, мәселе
ретінде өзінің өзектілігін жойған емес. Бұл ретте, біздер де бай өлкенің кешегі көрінісі мен бүгінгі бейнесін жастарға насихаттаудан еш тынбауымыз
керек.
Туған өлкенің аңызы мен тарихын болашақ ұрпаққа айтып, аманаттап
отыру ата-бабалардан қалған дәстүр екенін ұмытпаған абзал.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Байдалы би есімі берілген
өрісті мекен бар. Осы ретте әңгіменің түп-төркіні Байдалы би ауылдық
округі туралы болмақ. Бүгінгі Байдалы би ауылдық округінің тарихи
тағдыры сонау XVII-XVIII ғасырлардан басталған болатын. Атабабаларымыздың бұл өлкені ата қонысына айналдыруы «ақтабан
шұбырынды» оқиғасынан бастау алып, Х1Х ғасырларда қыстаулар салу,
мал қораларын тұрғызу істері қолға алынған. Қазақ хандығы дәуірінен кейінгі аға сұлтан, болыс-билер мен әскери губернаторларға да бағынышты
кезеңді өткерген де осы өлке болатын.
Алғаш совхоз болып шаңырақ көтерген Атасу ауылын орталығына
айналдырған «Дружба» совхозының құрамында Аққыз, Қарашоқы,
Манақа, Ескене, Талдыбұлақ, Үлгі, Жанбаба жері қарады. Алғаш құрылған
өлкеге кезінде Ленин, Ынталы, Ақтүбек, Өркендеу, Байғұл, Ақтау
бөлімшелері қосылған болатын.
Байдалы би селосы әуел баста 1929 жылы ТОЗ болып біріккен екен. Бұл
кейінгі Атасу колхозының жері. Ол кезде қазақтар ТОЗ-ды «мойынсерік»
деп те атаған. Мойынсеріктің төрағасы болып Бақажаев Көпбай сайланады.
1933 жылы ел жаппай аштықтан қырылған кезде ТОЗ тарап кетеді. 1934
жылы жергілікті халық Атасу колхозына бірігіп, 1941 жылға дейін
басқарма төрағасы Тоқанов Сәтжан болды.
Қазіргі таңда ауылымызда Атасу жалпы орта білім беретін мектебі,
мәдениет үйі, Байдалы би үлгілі кітапханасы, әкімшілік, мешіт ауыл
халқына өз қызметтерін көрсетуде.
Қорыта айтқанда, туған өлкенің, жергілікті жердің тіпті, аймақтың өз ерекшеліктерін, табиғатын, тарихын, халқы мен тұрмысын сипаттайтын факторларды зерттеп, оны жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өзінің
маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. Өлкетану жұмыстары тұлғаның
дүниеге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мен сенімін нығайтуға
негіз болады.
А.ӘЛЖАновА,
Атасу жалпы орта білім беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Жаңаарқа ауданына 90 жыл
Ауылшаруашылық саласының даму кезеңдері
Ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі өмір
салтының,
мал
шаруашылығымен
айналысудың сипаты 1928 жылғы ұлы
кәмпескеге дейін өзгерген жоқ.
Асанқайғы, кейін Жаңаарқа атанған
ауданның мекемелері ішінде кенжелеп
құрылған
мекеме
ауылшаруашылық бөлімі еді. Жер
бөлімі,
РайЗО,
кейін
ауылшаруашылық
бөлімі,
ауылшаруашылық басқармасы
атанып, кеңес үкіметі тарағанға
дейін өмір сүрген мекеменің
атқарған жұмыстары да аудан тарихынан өшпес орын алды.
1929 жылы Алпысов Ақыжан
басқарған мойынсеріктің 17 үйі Сарысу өзені мен Аппаз өзенінің
қосылатын жер бұрынғы Құрақбай байдың
жайлауына
жаңадан
үй-қора
салып
қоныстанған еді. Сол жылдың қысында аудан
орталығы осы 17 үй мойынсерік мүшелері салған үйлерге орналасты. 1930 жылы мойынсерікке ұйымдасқан үйдің саны 32-ге жетті.
Одан ол "Ленин әртелі" атанып, ортаға мал ұйымдастырды. 500-дей қой, 100 қаралы
жылқысы болды. Әртел бастығы әуелде Мергенбаев Қасен (1896-1969 ж.комВУЗ бітірген),
Аязбеков Қайып, Шалқарбеков Жұмаділдар басқарған. Соңғы екеуі 1937 ж. халық жауы
болып ұсталып, атылған. Артель мемлекеттің қарызсерік кооперативінен ақща алып,
ауылшаруашылық құрал-саймандарын сатып алған. Ортада 20 шөп машинасы, 15 лобогрейка,
бір астық соғатын молотилка алған. Қойдың саны 2500 жетіп, сиыр фермасы ұйымдасқан,
қой мен сиыр сауып, сүтін машинаға тартып, май өндірген.
Ленин артелінен ұйымдасқан шаруалардан басқа елдердің мойынсерікке ұйымдасу қадамы
әрқилы болды. Иманақ, Шотан, Есен өзенінің бойын жайлайтын Барқы, Күшікбай, БәйтерекҚарнақ деп аталатын рулардан тараған ел бір ауылдай болды. 1930 жылы 450 үй бар еді. Кеңес
ағасы Битабаров Шалғынбай. Бұл ел 1929 жылы кедейлерді, орта шаруаларды серіктестікке
ұйымдастырмақ болған. 1930 жылы Шилаша, Шолақеспе деген жерден Можыбаев Сарместің
бастауымен егін де салады. Бірақ егінді ел қырманға түсірмей ұрлап, тауысады. Мойынсерікке
мүше болғандар тарап кетеді. Содан 1933 жылға дейін бұл өңірдің елі дара шаруа қалпында
қалады.
Осы жылы ауданда жер бөлімі деген мекеме ашылды. Оның алғашқы бастығы Тоқа Жетімек
Қожамберлин Құдайымберлі болған еді. 1935 жылы жер бөлімінің бастығы болып ақын
Ғабдиман Игенсартов (1902-1976) келді. Ол аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып ауысқан соң, 1936 жылы жер бөліміне Жұмабаев Ғарифулла бастық болды. Бұл
кісі 1937 жылы халық жауы болып ұсталған соң Мусин Мұқатай (соғыстан оралмаған),
Дәуренбеков Рақым, Текебаев Боранқұл, Жидебаев Аман, Бекбаев Мырзағұл, Жақин Әбсалам
бастық болып тұрғанда 1953 жылы жер бөлімі тарап, оның орнына ауылшаруашылық инспекциясы құрылып, бастығы Күлмақанов Өтебай, Жүсіпбеков Қаңтай болды. Бұның өмірі
ұзаққа бармады. 1960 жылы ауылшаруашылық басқармасы құрылды.
Жаңаарқа ауданында 1935 жылдың қаңтарынан бастап МТС орнады. Ол кезде Жаңаарқа
ауданы Қарқаралы округіне қарайтын. МТС-тің алғашқы директоры Ақыжанов Абдолла деген
кісі Қарқаралыдан келді. МТС-тің орталығы Алғабас колхозында болды. МТС-ке арналып
кеңсе, клуб, шеберхана, ұста цехтары салынды.
Жеті жылдық мектеп болды. Директоры Қаспақбаев Ермекбай, Қарауылтөбе селПО-сы
ашылды, бастығы Әбікеев Ілияс, дүкенші Әзілбеков Сәкен еді. МТС-тің алғашқы
қызметкерлері жергілікті жерден Тұяқбаев Аман, Рысқұлов Алти болған еді. Сол жылы наурыз айында Қарағандының №2 учкомбинатына ауданнан 32 жігітті механизаторлық оқуға
жіберді. Олар - Бекенов Мүбәрәк, Ақмедин Сапар, Түсіпбеков Сапар, Түсіпбеков Ісләм, бұлар
механиктік курста оқыған, Төлеков Рымқұл, Әшімов Мәдіхан, Ыбышев Қанат, Әбдісадықов
Саққұлақ, Дүйсенбеков Әбдуәли, Омаров Әбдіғалым сияқты жігіттер еді.
1936 жылы МТС-қа Саратов маркалы екі комбайн келді. Алғашқы комбайншылар Жақыпов
Жаманбай, Шамаев Өскенбай еді. Бұл жылы тағы 15 трактор алынды.
Бекенбаев Мүбәрак жазда 6-ауылға қарасты колхоз, мойынсеріктердің жұмысына бөлінген
тракторлардың бригадирі, қыста шеберханаға механик болып істеген. ХТЗ тракторының
күндік жұмыс нормасы, тың жерден 3,5 га, аңыздан 4,5 га жер жырту. Бұрын жерді аяқпен
басып, көлік соқасымен жыртып келген ел үшін трактордың күші ауызбен айтуға келмейтін
құбылыс болып көрінген еді. Бұл істерді атқаруда Кәдірбеков Пазыл, Мұқышев Жұмағұл,
Әбдісадық Саққұлақ, Дүйсенбеков Әбдуали, Торғайбеков Бекен сияқты трактористер нормаларын асыра орындап, мақтауға ие болды.
"Жаңаарқа" энциклопедиясынан
26 қаңтар 2019 жыл
7
"Ақжүніс" арнайы бетінің бүгінгі қонағы үлкен әулеттің ибалы келіні,
білікті ұстаз Ысқақова Кенжегүл Сәрсенбайқызы:
“енем шүкіршілікке үйретті”
-Кенжегүл мұғалім, жанұяңызбен "мерейлі отбасы" республикалық
байқауына қатысып, аудан бойынша бірінші орынды еншілепсіздер, құтты
болсын!
- Рахмет! Әріптестер, басшылар тарапы қолқа салып, ойлана келе осы
сайыста бақ сынауды ниет еттік. Құжаттарын жинап, шарттарын
орындадық. Уақыты келгенде аудан бойынша І-орын иеленгенімізді
естідік. Облысқа жолдама алып, ол жерде лауреат атандық. Біз секілді
24 отбасы марапатқа ие болды. Жалпы осындай үлгі тұтарлық,
өнегелі отбасылардың көп екендігі көңіл қуантты.
-байқауларға жиі қатысасыз ба?
-Байқау, сайыс дегендер адамның бәсекеге қабілеттігін шыңдайды,
жаңашылдыққа ұмтылдырады, түрлі көзқарастар, алуан
пікірлердің қалыптасуына түрткі болады. Сондықтан
мүмкіндігінше сайыстардан тыс қалмауға тырысамын және
жүлделі орындарды иелендім, тіпті 2005 жылы "Жыл мұғалімі" жарысында І-орын алдым.
-осындай қызықты әрі шыжықты ұстаздық қызметіңізбен
қатар үлкен бір әулеттің жүгін арқалаған тәжірибелі келінсіз,
үлгілі анасыз. Әрі көп балалы отбасынан шықтыңыз. екі бірдей
ененің тәрбиесінен өттіңіз...
- Үйде он баланың тоғызыншысы болдым. Әкеміз ерте өмірден өтіп кетті.
Бар ауыртпалық анама түсті. Үйдің де, түздің де қара шаруасын қаймықпай
атқара жүріп, анамыз біздерді өсіріп жеткізді. Алдымда төрт апам, төрт жеңгем
болды. Сондықтан болар үй шаруасына мүлдем араласпайтынмын. Бірақ көрген, білгенімді көңіліме тоқып жүретінмін. Қазір анам 84 жаста. Кенже ұлының қолында бейнетінің
зейнетін көріп отырған жайы бар. Ол кісіні қорған көріп, әлі де әулетіміздің ақылшысы ретінде есептейміз.
Жолдасым жеті ағайынды. Бір үйде төрт келінбіз, бір қайынапам, екі қайынсіңілім бар.
Барлығы үйлі-жанды өз алдарына жеке
отау
құрған.
Татулығымыз,
ымырашылдығымыз әлі берік.
Оқуымды аяқтасымен 18 жасымда
тұрмысқа шықтым. Үй шаруасын көзбен
көргенім болмаса, қолмен істеп көрген
емеспін. Алаңсыз жастық күндерімді
бір-ақ сәтте артқа тастаған менің бір
әулеттің қызындай болып сіңісіп кетуіме
енелерімнің қосқан үлесі мол болды.
Үлкен енем 90 жасқа келіп, өмірден
озды. Жастайынан тағдырдың көп
сынағынан өткен, талай қиындықты бастан кешірген кісі болатын. Алты жыл
бірге тұрдық. Отырған жерінде
"шүкірлік етіңдер", "тәубелеріңді
ұмытпаңдар", "барға қанағат, жоққа
сабыр етіңдер" деуден шаршамайтын.
Апамыздан қолдағы барды бағалап,
қанағат етуді үйрендік.
Атамды көрген емеспін. Ол кісі
өмірден ерте өткен екен. Кезінде ауданымызда басшылық қызметтерде болған,
абыройлы азамат болыпты. Екінші енем
өте салмақты, түсінігі мол адам болатын. Ол кісі өзі де 16 жасында келін
болып түсіп, бір әулеттің шаруасын мойнына алған екен. Қаланың жап-жас қызы
ауыл өміріне мойынсұнып, ешқашан көрмеген, білмеген ауыр істерге араласып, ошақ отын
маздатады. Әрі үлкен енеміздің "әй" дегенде ауылды аузына қаратқан адам болғанын ескерсек,
бұл міндеттің оңай болмағаны белгілі. Отбасының алдындағы жауапкершілікті сезінген,
үлкенді құрметтеп, кішіге мейірім төккен асыл қасиетті адамдар еді.
Келін болып босаға аттаған күннен бастап енем туған анамдай жылы ұшырай қарсы алды.
"Әйел нәзіктігімен күшті" деген тәмсіл әйел затының
бар болмысын суреттеп тұрғандай. "Нәзік жанды" деп
әдемілеп атағанымыз болмаса, "Әйел - бір қолымен бесікті,
бір қолымен әлемді тербетеді".
Ата-бабаларымыздан келе жатқан өсиет бойынша да, әйел
заты қашанда өзінің нәзіктігімен, даналығымен ғана ер
адамды қасында ұстай алады. Егер әйел нәзіктігін жоғалтып,
өзін ер азамат секілді өктем, дөрекі ұстайтын болса, ол өзіне
ғана емес, айналасындағыларға да өте ерсі екенін түсінуі
керек. Шалбар киген әйелден етегі төмен көйлек киген әйел
әдемі, темекі шеккен әйелден, саусақтары майысып, іс тіккен
әйел әдемі, ішімдік ішкен әйелден, ерінің шайын құйып, дастарханын жайнатып қоятын әйел әдемі. Өйткені әйел – ең
алдымен азаматының жары, балаларының анасы, одан кейін
ғана кәсіпкер, іскер әйел, саясаткер, бастық екендерін
ұмытпағаны жөн. Әйел өз орнын бірген отбасында ғана береке болады. Қазіргі заманда іскер әйел, ең алдымен ол – табысты әйел. Жұмыс уақытын дұрыс жоспарлайтын, өмірде
не қалайтынын, өз алдына қойған мақсатын анық білетін
Бір ауыр сөз айтып, кеудемнен итерген емес. Бірде мындай қызық болды. Ол кездері
(1995 жылдары) мұздатқыш деген жоқ, ет сарайда тұрады. Күнделікті тамаққа
етті молдау қылып турап, жылы-жұмсағынан жұмсай беріппін. Көктемге
қарай тек сүйек-саяқ қана қалады. Оны білген енем мүлдем ренжіген жоқ.
Керісінше білмегенімді үйретумен болды. Адамда ынта мен ниет болса
жасалмайтын шаруа жоқ екен. Бүгінде бие де, сиыр да сауамыз, нан
пісіреміз, жазда бақша саламыз, тағы басқа жұмыстарды атқарып
үйрендік. Аудан орталығында тұрсақ та, төрт түлік малдан қол үзген
жоқпыз. Оның өзі шағын шаруашылық. Көп еңбекті талап етеді.
Біздің үйдің адамдары дайын тағамдар, жартылай фабрикат
тағамдарды мүлдем тұтынбайды. Барлығын өз қолымызбен дайындап, табиғи өнімді ғана қолданамыз. Бір жағынан бұл кәсіптен
нәсіп көреміз.
-отбасыңыз жайында айтып өтсеңіз
-Жолдасым - Тәйкенов Дархан Есенбайұлы Ю.Гагарин мектебінде оқу ісі меңгерушісі болып қызмет етеді. Қарағанды мемлекеттік университетін физика-информатика мамандығы бойынша
тәмамдаған.
Тұңғышымыз - Әлішер Қарағанды медициналық университетінде
грантта оқиды. 2017 жылы мектепті "Алтын белгі" көрсеткішімен
аяқтаған.
Абылай да Қарағанды мемлекеттік университетінде тарихшы мамандығын
меңгеріп жатыр. Грант иегері. Мектеп қабырғасында жүргенде жергілікті және
облыстық олимпиадаларда үздік көрсеткіштерке қол жеткізді. Жанайдар Сәдуақасов
атындағы ғылыми жобаға қатысып, жеңімпаз болды.
Ерасылымыз 3-сынып оқушысы. Оқу үздігі. Биыл "Зерде" байқауының облыстық кезеңінде
"Рубик текшесі" тақырыбында ғылыми жоба қорғап, ІІІ орын иегері атанды.
Кенжеміз Хақназар 3 жаста, балабақшаға барады. Тәуелсіздік күніне байланысты
ұйымдастырылған сурет байқауына
қатысып, І орын алды. Алғашқы жетістігіне
қатты
қуандық.
Негізі
балаларымыздың барлығы сурет салуға,
қол өнерге жақын. Ол әкелерінің бойынан
дарыған қасиет.
Өзім Жезқазған педагогикалық училищесінен білім алдым. Оқу бітірсімен, Ю.Гагарин атындағы мектепте еңбек жолымды
бастадым.
2011
жылы
"Көкше"
академиясының түлегі атандым. Осы білім
ошағындағы әріптестер бірнеше жылдар
ішінде жақындарыма айналып кеткендей.
Қазір 4-сыныптың ұстазымын.
Бос
уақытымда домбырамен ән салғанды
жаным сүйеді.
-Сөз соңында жас келіндерге не айтар
едіңіз?
-"Келіні жақсы үйдің керегесі алтын"
дейді халық нақылы. Келін ол үйдің берекесі, шамшырағы, өрісі. Ал, келіннің
ұстазы - ене. Өзінің білгенін үйретіп,
"балам" деп жақын тартса, демеп отырса
кез келген қыз бала үлгілі отанасына айналары анық. Өзімнің жанымдағы жоражолдастарым,
туысқандарым,
әріптестерім барлығы енесін сыйлайды.
Егер бірлі жарым енесімен ерегіскен келіншек кездестірсем: "Егер жарың жақсы болса, онда оны туған анасы да жақсы" деп үнемі
айтып отырамын.
Сондықтан, имандылықтан, ибалықтан аттамай үлкендерді сыйлай білсек, тағдырдың
жағымды сыйы да мол болмақ дегім келеді.
Әйел нәзіктігімен күшті
жан. Іскер де табысты болу оңай емес. Оған күнделікті еңбек
пен өзін-өзі кемелдендірудің арқасында қол жеткізуге болады.
Ең алдымен әйел өз құқығын өзі қорғай білуі керек. Өзіне
зорлық көрсетілуіне жол бермеуге тиіс. Сондықтан ол өзінөзі дамытып, қаржылық жағынан тәуелсіз болуға, отбасын
құру мен ана болуға шешімді саналы түрде қабылдауға, өзіне
өзі сенімді, өз мүмкіндіктерін саралай білуге барынша
ұмтылуы қажет. Әйел адам қашан да өзін-өзі дамытуға, білімін арттыруға, иамынын күшейтуге тырысқанда ғана түрлі
қиындықтарды жеңе алады. Ол үшін әрине, ізденіс керек.
Қазіргі кезде отбасылардың ажырасуы, ер адамдардың
әйелін, бала-шағасын тастап, басқаға кетуі, әйелдердің жесір,
балалардың жетім қалуы немесе отбасында табыстың болмауы, жасөсіпірімдердің қылмысқа баруы,жас қыздардың
ерте жүкті болып, жасанды түсік жасатуы немесе баланы
туып, қоқысқа тастап кетуі, басқа да түрлі жағдайлар
біздің қоғамда бар. Осындай жағдайларды алдын алу үшін
ең алдымен әйел адам өзін өзі дамытып, өзінің де, отбасының
да үйлесімде өмір сүруіне жағдай жасау керек.
Әйел – отбасының алтын қазығы. Мемлекеттік қызметте,
басшылық орында, жалпы қай салада болсын, әйелдер
қауымының орны ерекше. Бүгінде еліміздегі арулар, аналар
саясатта, бизнес пен әлеуметтік салаларда белсенді еңбек
етіп келеді. Сондай-ақ әрбір әйелдің арманы әрі міндеті –
дүниеге бала әкелу, ұрпақ тәрбиелеу. Осындай өмірдегі ең
маңызды міндеттер әйелге текке жүктелмесе керек. Өйткені
олар әрлайым нәзік те биязы қалыптарын сақтайды,
айналасындағыларға жылылық сыйлай алады. Бұл қасиеттер
тек әйел затына тән, олар сонысымен де сұлу, әлсіздігімен
мықты. Сондықтан да психологтардың айтуынша, әйел заты
ерлерге ұқсамайтындығымен ерекше.
бетті дайындаған:
САЛТАнАТ бАЛТАбАйқызы
26 қаңтар 2019 жыл
8
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
Құрметті оқырмандар және жас достар!
Биылғы жылдан бастап, өздеріңіздің сүйікті газеттеріңіз «Жаңаарқа» газеті оқушылар мен балаларға арналған
«Ақбота» атты қосымша бетті ұсынып отыр.
«Ақбота» қосымша беті балалар шығармашылығына жол ашу мақсатында қолға алынды. Балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту және оны шыңдау – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік
көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың
нәтижесі. Сондықтан жастайынан баланың сөздік қорын, сөзді байланыстыруын, сауаттылығын, сөйлеу қабілетін дамыту үшін балалар беті оқырмандарына жол тартты. Баршаңызға сәттілік!
Редакция ұжымы
Бірде атам екеуіміз қол ұстасып, ұзын көше бойында серуендеп
келе жаттық. Көп қабатты үйлердің ауласында бір топ бала ойнап жүр.
Кенет, өзара келісе алмай, тартысып қалған екі-үш баланы көзіміз
шалды. Сол балалардың қасында тұрған ұзын бойлы бала: «Енді сенімен
дос
болмаймын,
достығымыз
осымен
аяқталды»,-деп, өзімен
шамалас
баланың
иығынан қағып, өз бетімен
кете барды. Текетірестің шетінен бақылып келе жатқан атам екеуміз
үнсіз өтіп кеттік.
Біраз жүре келе, ауланың алдында тұрған орындықтардың біріне
жайғастық.
Санамды мазалаған жаңағы бір жәйт, ойымнан кетпеді. «Не үшін келісе алмады екен?», «Достығынан неге бас тартты екен?» «Адал дос
деген қандай болады?» деген сұрақтардың жауабын білгім келді.
Содан атама сұрақ қойдым.
- Ата достықты нығайтатын не?,-дедім.
- Достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, туыстық, бауырмалдық
нығайтады,-деді.
- Кеңінен түсіндіресіз ба?
- Балам, достық пен жолдастықты дамытатын ынтымақ, бірлік, теңдік,
бауырмалдық деген шын достарға ғана тән дүние. Есіңде болсын, шын
дос үнемі ақылмен бәрін жеңеді. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз»,
«Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па?» деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрену керек. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі.
«Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді», деген нақыл сөз де бар. –деп, ғибрат аларлық сөздерін айтты.
мирас Сайлаубай,
№132 Жоббм-ң 3 сынып оқушысы
АТА ӨСиеТі
Асық ойыны – ұлттық қазынамыз
Қазіргі кезде қоғамда оның ішінде жастар интернеттен бас көтере алмайды. Смартфон телефонсыз бос уақытын өткізе алмайтын жандар қоғамда белең алып келеді.
Ешбір қимыл-қозғалыссыз күні бойы бір орында тапжылмайтын телефонға телмірген
адам ауруға ұшырайтыны да баршаға мәлім. Қоғамда әсіресе балалар смартфонға өте
қатты үйір. Баланы смартфон
емес,
спортқа,
ұлттық
ойындарға баулу керек.
Ұлттық спорт демекші, баланы смартфон, планшет,
компьютерлерден құтқаратын
ең оңай және өте тиімді
амалдың бірегейі – асық
ойыны деп білемін.
Қазақ халқының салтдәстүрінде
ұлттық
ойындардың орны ерекше.
Ертеден келе жатқан ұлттық
ойындарымыз бір кезде ұмыт
болып, кейінгі жылдары
қайта жаңғырып, ел арасында
кеңінен таралып жүр. Ұлттық
ойындарымыздың тәрбиелік
мәні, оған қосымша рухани байлық пен денсаулық үшін пайдасы орасан зор.
Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда
ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ,
шыдамды болып келеді.
Асық ойынының түрлері Асық ойынының түрлері: үш табан, алты атар, шық етер,
хан, арқаласпақ, сақа атар, сасыр, құжтәйке, асық иіру, жаппай, шеңбер, омпа, қора,
бес қақпай, алшы атар, құмар деп аталады.
Кеңінен тоқтала кетер болсақ:
Алты атарды алты адам ойнайды. Ол үшін асық ойнайтын алаңды алдымен сызып
алады. Алаңның мөлшері алты табаннан 12 табан болып, алаң ортасында кенейлер
тігіледі. Әр ойыншы біреуден тігеді.
Шық етерде көп бала ойнаса, өте қызықты болады. Түзу сызыққа қатар тігілген кенейлерді алыстан (бес-алты адам) кезектесіп атады.
Арқаласпақты екі бала ойнайды. Олар иіру арқылы кезек алысып, бірінің сақасын
бірі атады. Егер сақа тисе әлгі баланы сол араға дейін арқалап апару керек. Бұл ойын
көбінесе бір ауылдан екінші ауылға барғанда жолда ермек үшін ойнаған.
Асық ойынының балаларға берер пайдасы мен тәрбиелік мәнін жан-жақты танып білдім. Сондай-ақ асық түрлерінің атауларымен таныстым. Жалпы асық ойынының
түрлері сан түрлілігімен де ерекшеленеді. Қазіргі кезде осы ойынды балалар арасында
көп ойнатылса, ұлттық ойынымыз дами түсері анық. Асық ойынын жас ұрпаққа танутуымыз керек деп ойлаймын.
Әсел Дулатқызы,
қызылжар Жоббм-ң 11 сынып оқушысы
ті
бет ған:
а
ы
қыз
ынд
дай мірбек
ат Ө
Рах
отаным – қазақстан
Күн шуағы өзіңнен нұр береді,
Туған жерім сол нұрмен түрленеді.
Кең байтақ егеменді туған жерім,
Елбасының еңбегімен гүлденеді.
Ақорда - Алашымның астанасы,
Бәйтерек - ең үлкен баспанасы.
Даласында Сарыарқаның самал ескен,
Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.
Асылжан Төлеухан,
о.Жұмабеков атындағы
Жобб мектебінің
6 сынып оқушысы
мен қазақтың ұланы
Қазақ болып туғаныма мақтанамын
Қазақтың сөзін сөйлеп, шаттанамын
Қазақтың әнін айтып, күйін тыңдап,
Қуанудан күнде мен бақ табамын
Тоғжан Сәбитқызы,
№132 Жоббм-ң 4 сынып оқушысы
Ауылым
Ауылым деп соғады жас жүрегім
Бар қызына ауылда екен, бас иемін.
Түтіні мен жұпар иісі аңқығанда
Сағынышқа толады пәк көңілім.
Жаңаарқа, Бидайықтай – туған өлкем,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
мерей орынбай,
бидайық Жоббм-ң 6 сынып оқушысы
Жаңаарқа ауданына 90 жыл
Жер жәннаты - Жаңаарқа
Туған жер әрбір адам баласы үшін қасиетті де киелі мекен. Мен өз елімді, жерімді мақтан етемін.
Бұл жерде Ақселеу Сейдімбек, Ісләм Жарылғапов, Серік Қирабаев, Темірғали Көкетаев, Игілік
Омаров, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеуханов, Қанат Байшолақов, Қарақат Әбілдина сынды
ұлы тұлғалар, атақты жазушылар, әнші-күйшілер, спортшылар дүниеге келген. Осы аталарымызды үлгі тұтып, осы кісілерге қарап бой түзеймін және осындай аталарымның жерлесі
болғанымды мақтан етемін.
Менің туып- өскен жерім Жаңаарқа. Біздің ауданда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Бәрі тату-тәтті
бақытты өмір кешіп жатыр.
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» - деген мақал текке
айтылмаған. Мен үшін туған жерім бәрінен де ыстық. Себебі,
әрбір адам баласы үшін кіндік қаны тамған жері,
бақытты да баянды өткен
балалық шағы
қашанда
аса
маңызды. Мен жазғы демалыста басқа қалаларға, ауылдарға туыстарымның
үйіне қонақ болып барамын. Бірақ қай жерде болсам да, өзімнің
туған жеріме жетпейді және өз туған жерімді қатты сағынамын. «Туған жердің
қадірін, шетте жүрсең білерсің» деген мақал осыған себепші болып тұр. Осындай сәттерде туған
жеріме деген сүйіспеншілігім одан бетер арта түседі.
Жаңаарқамыз да жылдан жылға көркейіп келеді. Ауданымызда көз тойдырар әдемі ғимараттар
жыл санап көбейіп келеді. Маған әсіресе «Жан жүрегім Жаңаарқа» жазбасы өте қатты ұнайды.
Жаңаарқаға келген қонақтардың барлығы сол жерге барып, естелік суретке түседі. Мен өз туған
жерімді жанымдай жақсы көремін.
Ділназ оралқызы,
б.Амалбеков атындағы Жоббм-ң 9-А сынып оқушысы
26 қаңтар 2019 жыл
Рухани азық болған - мәуліт кеші
9
Адамзаттың асыл тәжіне
теңелген
Мұхаммед
(с.ғ.с.)
Пайғамбардың
жүріп
өткен
жолы
мұсылман баласы үшін
ардақты. Күллі әлемге
рақым етіп жіберілген
Алла тағаланың сүйікті
құлы діни ахуалдың
мүшкіл кезеңінде мейірім
мен
мейірбандықтың,
адамгершілік
пен
парасаттылықтың, ізгілік
пен
жақсылықтың,
көркем мінез құлықтың
үлгісін көрсетті. Сол себепті де хазіреті пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік күні
бүгінге дейін артпаса кеміген жоқ. Барша мұсылман
жұртшылығының сүйікті Пайғамбары, әлемнің жарық нұры
екі дүние абыройы - хазіреті Мұхаммед с.ғ.с. туған айы –
Мәуліт айын ерекше атап өту дәстүрге айналды. «Мәуліт»
туылған күн деген мағынаны білдіреді. Яғни, екі дүние
сәруары - Алланың елшісі пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.
дүниеге келген күн. Ол қараңғы дүниені өзінің нұрымен
нұрландырып, надандықтан адам баласын құтқарып, білім
сәулесін шаша келді.
Рухани азыққа мол мереке өткен аптада аудандық мәдениет
үйінде "Мәуліт айы құтты болсын!" деген тақырыпта кеңінен
аталып өтті. Ауқымды шарада бірде-бір бос орынның бол-
мауы адамзаттың асылы болған Мұхаммед (с.ғ.с.)
Пайғамбарымызға деген халықтың ыстық ықыласы мен
сүйіспеншілігін аңғартқандай.
Шараға Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы
Бекқожа, Әзірет-Сұлтан мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет,
мешіт жамағаттары, мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары
мен тұрғындар қатысты.
Үлкен маңызға ие бұл кешті ауданымыздың бас имамы
Асхат Қанайұлы қасиетті Құранды оқумен ашты. Бұдан соң
сахна төріне танымал айтыскер ақындар Тілеген Әділов пен
Айтбай Жұмағұлов шығып, кешті жүргізіп отырды.
Сөз өнерінің қадірін ақсақтатқан қос ақын пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның сүннет амалдары жайында,
өмірбаяны жайлы айтып, ғибрат аларлық, өсиет боларлық
әңгімелер айтты.
Алғашқы сөзді Қарағанды облысының өкіл имамы
Өмірзақ қажы Бекқожа аудан тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтай келе Мәулітті атап өтудің
маңыздылығын толғанысқа толы оймен жеткізді.
– Бүгін жер бетіндегі мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке – Мәуліт күні. Бұл мейрам – екі дүниенің сардары
болған
адамзаттың
ардақтысы
Пайғамбарымыздың туған айы. Қасиетті мереке қарсаңында игі жақсы амалдар жасап,
бір-біріне сый-сияпат таратып, тәлім мен
тәрбиеге толы кештер өткізу ләзім. Бүгінгі
кешті осы игілікті істің бір бөлігі деп санаймын. Мұсылмандардың өміріндегі басты
идеал болған Пайғамбардың өнегелі өмірі мен
өсиетін, тағылымға толы ғибратын халқымызға
насихаттау – баршаға ортақ игі іс. Бұл ислам
дінін
насихаттаудың,
жас
ұрпақты
имандылыққа, өнегелі іске шақырудың орайлы
бір сәті. Ендеше, біз де осы күнді пайдалана отырып еліміз аман, жұртымыз тыныш болып,
халқымыздың береке бірлігі мен ырысы
әрдайым арта берсін, - деді өз сөзінде.
Құрметті қонақтар қатарында болған ӘзіретСұлтан мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өнеге толы өмірінен үзік
сыр шертіп, уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, аудандық
мәслихат хатшысы Қуат Анасұлы мұсылман қауымды
Мәуліт мерекесімен құттықтап, бұл кештің маңызы өте зор
екендігін атап айтты.
Келесі кезекте діни әндер мен тағылымды жырларға кезек
берілді. Сахна төріне көтерілген белгілі айтыскер ақын
Дидар Қамиев «Пайғамбарға (с.ғ.с.) арнау» айтып, жұрт
Сот залынан
медиативтік келісімге келді
Жаңаарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық
қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Т.-ға қатысты әкімшілік
іс қаралды.
Істің құжаттарына сәйкес, азамат Т. мас күйінде өзінің жұбайы С.-ны
қорлап тиісіп, балағаттап, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық
қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.Сот
отырысында жәбірленуші С. құқық бұзушы Т.-ға кешірім беретінін, олар
өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып яғни бітімгершілікке келулеріне байланысты осы істі
тоқтатуды сұрады.
Соттың қаулысымен Т-ға қатысты әкімшілік іс қысқартылды.
Жоғарыдағы мәліметте келтірілгендей қандай жағдайда болмасын сотқа
жүгінген кезде, медиация заңың басшылыққа алып яғни қарсы жақпен
бітімгершілікке келу арқылы кез келген даулы жағдайды шешуге болатынын түсіндіремін. «Тек жүрсең, тоқ жүресің» демекші негізі дауга
қалмай, өзара бітімгершілікте шешіп, бейбітшілікте жүріңіздер демекпін.
Ә.РАХымЖАновА,
Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
«Цифрлық агент»
қошаметіне бөленді.
Кеш көрігін ақындардың айтысы
қыздыра түсті. Зерделі сөз шеберлері
айтыскер ақындарымыз Тілеген
Әділов, Айтбай Жұмағұлов, Дидар
Қамиев, Мақсат Аханов, және
Нұрмұхаммед Байсүгіров әдемі айтыс
өрнегін келтіріп, кештің шырайын кіргізді.
Кеш соңында ауданымыздың бас
имамы Асхат Қанайұлы сахна төріне
шығып, сөз алды.
-Жыл сайын әлем мұсылмандары
сағына көрісетін, Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.) туған күні Мәуліт
мерекесі – рухани бірлігімізді
нығайтатын, рухани мерейімізді өсіретін мейрам. Мәңгілік
елдің алтын тұғыры – рухани байлық. Рухани байлықтың ең
бастысы – діни байлық, яғни, имандылық. Егер рухани тір-
лігіміз, тіліміз бен діліміз бір болса, «Мәңгілік елге» айналатынымыз ақиқат. Сондықтан, имандылығымыз күшейе
берсін! Мәуліт мерекесі қарсаңында ауданымыздың жомарт
азаматы Боқанов Өмірзақ ағамыз мешітке өзі мініп жүрген
көлігін сыйға берді. Осындай жомарт жандар арамызда көп
болсын. Осы кешті ұйымдастыруға қол ұшын беріп, көмегін
көрсеткен барша жанға ризашылығымды білдіремін,-деп
алыстан арнайы осы кешке келген қонақтарға «Жаңаарқа»
деген жазуы бар, тігулі шапандарды сыйға тартты.
Көрерменді ойға салып, шүкіршілік етудің, достықтың
қадірін жете түсіндірген, рухни тағлымы мол игі іс шара
соңында "Харекет" қайырымдылық қорының және аудандық
мешіттің ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді.
Мәуліт мерекесінің соңы аудандық мешітте дастархан жайылып, ас берумен жалғасты.
Рахат ӨміРбеКқызы
Хабарландыру
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау
мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап
коммуналдық бағаларды төмендету бойынша
атқарылған жұмыстар.
«Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік
жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019
жылдың 4 қаңтардағы №3 бұйрығына сәйкес аудан бойынша жылумен қамтамасыз ететін «ЖаңаарқаЖылу» КМК-ның жылу энергиясының бағалары 2 %
- ға төмендетілді: -локалды жылу қазандықтарынан
жылу тұтынушыларға әр шаршы метріне 119 теңгеден
117
теңгеге
төмендетілді;
-дербес
жылу
қазандықтарының тұтынушыларының жылу бағасы
146 теңгеден 144 теңгеге төмендетілді.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Қарағанды облысы бойынша департаметінің 2018
жылдың 14 желтоқсанындағы № 3-6/4428 хатына
сәйкес аудан бойынша ауыз су және кәріз су
жүйесімен қызмет көрсететін «Тазасу» КМК-ның
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігімен «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды.
Аталған мобильды қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады.
Ол үшін «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді
қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала
мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін агенттіктің тиісті аумақтық
бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзыреті шегінде әрекет етеді.
Қәзіргі уақытта қызмет алушылар халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және
аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, сондай-ақ, еңбек, әлеуметтік қорғау және
көші-қон комитетінің департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын
бағалай алады.
Енді әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс бере отырып,
агенттіктің көмегімен мәселесін шеше алады.
мқіжСЖқА қарағанды облысы бойынша департаменті
бағалары 3 % - ға төмендетілді. Атап айтсақ: -ауыз су
1 м3 - 132,10 теңгеден – 128,14 теңгеге төмендетілді; кәріз су 1 м3 қа – 169,52 теңгеден – 164,43 теңгеге
төмендетілді.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Қарағанды облысы бойынша департаметінің 2018
жылдың 25 мамырдағы № 3-5/1705 дәлелді
қорытынды хатына сәйкес 1 маусымнан бастап «Казэнергоцентр» ЖШС-нің электр тоғының бағалары
төмендетілді: -жеке тұлғаларға – 14,78 теңге; -жеке
кәсіпкерлерге – 20,38 теңге; -мекемелерге – 30,04
теңге.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша 4
% ға төмендетілді. - тұрмысқа жайлы тұрғын үйлерге
(1 адамға) – 250 теңгеден – 240 теңгеге төмендетілді;
- тұрмысқа жайлы емес тұрғын үйлерге (1 адамға) –
310 теңгеден – 300 теңгеге төмендетілді.
Ақпарат телефоны: 8(71030)2-70-88., 2-83-85.
Ж. бөгенбаев,
бөлім басшысы
«Цифровой агент»
Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию
коррупции запущено в действие мобильное приложение «Цифровой агент» (Digital agent).
Примущества данного приложения в том, что услугополучатель в режиме реального времени
имеет возможность оценить качество оказания государственных услуг.
Для этого нужно скачать приложение через сервис «Play Market» и «App Store». После
установки приложения, необходимо пройти регистрацию. Затем выбрать город и организацию, которую хотели оценить. После отправления запроса территориальное подразделение
Агентства соотвествующего региона будет реагировать в пределах своих компетенций.
В настоящее время услугополучатели могут оценить качество оказания государственных
услуг в Центрах обслуживания населения, управлениях государственных доходов в городах
и районах, департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции.
Теперь у каждого гражданина есть возможность дать обратную связь по оказанным услугам
и решить свою проблему при поддержке Агентства.
Департамент АДГСиПК по Карагандинской области
26 қаңтар 2019 жыл
10
Тегін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды беру барысын бақылаудың нобайлы
жобасының қорытындысы
Тегін дәрі-дәрмек пен медициналық
мақсаттағы бұйымдарды беру барысын
бақылау мақсатында қолға алынған нобайлы жобаның алғашқы нәтижелері
белгілі болды.
Өткен жылдың соңында Денсаулық
сақтау министрлігі, МСҚ мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлесіп SMS-хабарлама
жүйесін іске қосқан болатын. Атап
айтқанда, 2018 жылдың қарашажелтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек
алғандар тізіміне енген пациенттердің
телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Барлығы 191 мың SMS жіберілген. Хабарламада рецептінің нөмірі мен
дәрінің берілген күні көрсетілді. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттерге
SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдау немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439
байланыс нөміріне қоңырау шалу ұсынылған болатын.
SMS-хабарлама қорытындысы бойынша, Қорға 2 881 пациенттен жауап келді. Оның ішінде
441 пациенттің дәрі-дәрмек алмағаны белгілі болды. Тағы 32 адам – диспансерлік есепте
тұрмайды және ешқашан тегін дәрі алмаған болса, 10 адамға дәрі-дәрмек ішінара берілген.
Дәрі-дәрмек қолға тимегені туралы хабарламаның басым бөлігін Атырау, Қызылорда, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Астана
қалаларының тұрғындары жолдаған. Сондай-ақ, бұл мониторинг жазылған рецептілер мен
қолма-қол берілген дәрі саны бір-біріне сәйкес келмейтін 10 медицина ұйымын анықтауға
мүмкіндік берді. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысындағы Защита темір жол ауруханасы, Өскемен қаласындағы №1 және №2 емханалар, Қарағанды қаласындағы №1 емхана, Түркістан облысы Келес аудандық «Абай» ауруханасы, Алматыдағы №5 қалалық
клиникалық аурухана мен №23 емхана, Астанадағы «Шипагер» отбасылық денсаулық
орталығы бар.
Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдың басында кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына
ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын. Яғни, қор былтыр дәрі қолма-қол берілген және «Дәрідәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне енгізілген рецептілерге ғана ақы төлеуге
көшті. SMS-хабарламалар жүйеге пациенттердің өздерін тартуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде ақпараттық жүйедегі мәліметтер мен дәрі-дәрмекпен нақты қамтамасыз ету
көрсеткіші арасында едәуір алшақтық бары анықталды.
Мониторинг нәтижесі өкілетті органдардың тексеруіне негіз болып отыр. Тексеруді Фармация комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
жүргізбек. Оның нәтижесі бойынша қабылданған шешімдер құқық қорғау органдарына беріледі. МСҚ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек
(ТМКК) пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен
қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінің операторы. 2018 жылдан бастап Қор ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын
төлеп келеді. Ал, МӘМС пакеті бойынша қызмет көрсету 2020 жылы басталмақ.
Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды «СК-Фармация» ЖШС сатып
алады (МСҚ-мен арадағы келісімшарттан түскен қаржы есебінен). «СК-Фармация» дәрі мен
медициналық бұйымдарды келісім-шарт бекіткен медицина ұйымдарынан түскен өтініштер
негізінде сатып алады. 2018 жылы МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС арасында 101,9 млрд
теңгеге контракт бекітілген болатын.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАқ-ның
қарағанды облысы бойынша филиалы
ЖемқоРЛықПен КҮРеСу ТуРАЛы
ЕСкЕ
Алу
Ақтау аулының тумасы,аяулы
анамыз,ардақты әжеміз
Шәмші Әшірбекқызының өмірден өткеніне бір жыл
толды.Аяулы анамыздың орны пейіштен болып, жатқан
жері нұрға толсын деп тілейміз.
Асыл анам, жан анам, есіл анам,
Сағынып елжіреймін,есіме алам.
Дидарыңды құша алмай тебіреніп,
Рақым ет деп тілеймін бір Алладан.
Мейірімге шөлдегенде өзіңсіз,
Суретіңе қарай берем тек үнсіз.
Өшпейтін тұғыр болған жүрегіме,
Асыл бейнең көз алдымда кіршіксіз.
Бесігін тербеп мәңгілік сағыныштың,
Ұрпағың жалғастырар өмір көшін,
Алладан иман тілеп, дұға арнаймын,
Анашым, жатқан жерің нұрға толсын!
Сағына еске алушылар: балалары: мұрат-Тұяқ, Рзықия, қазақбай-бақыт, орал,
бүркіт-марал, Жан-мереке, Сексен-Ләйла, Азамат-Жаңагүл, Данияр-Үміт, наурызбай және немере-шөберелері, жиендері
27 қаңтар күні сағат 13.00-де ағайын-туыс, дос-жаран, құда-жекжаттарымызды
Қаражал қаласының «Нұр» мешітінде анамыздың рухына бағышталған құдайы асқа
шақырамыз
Аудан ардагерлері бастауыш ұйымдарындағы
есеп беру - сайлау жиналыстары
Өткен 2018 жылы Жаңаарқа ауданы бойынша ардагерлердің бастауыш ұйымдарында есеп
беру - сайлау жиналыстары өтті.
Барлық ауылдық округтерде және Атасу, Қызылжар кенттерінде жыл бойында
жиналыстардың өтуі ауыл әкімдерінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жиналыстарда елдің
әлеуметтік, тұрмыстық, шаруашылық жағдайлары қарастырылып, көп мәселелер оң шешімін тапты.
Ауылдық округтер мен кенттерде болған есеп беру - сайлау жиналыстарының нәтижесінде
ардагерлер бастауыш ұйымдарының төрағалары болып төмендегі ардагерлер сайланды:
1. Атасу кенті бойынша Қасенов Бейбіт.
2. Ақтау округі бойынша Әбдіғалымов Мансұр.
3. Айнабұлақ округі бойынша Сейдахметов Мәди.
4. Ақтүбек округі бойынша Танауов Берік.
5. Байдалы би округі бойынша Сәтжанов Далабай.
6. Ералиев округі бойынша Сүйіндіков Махмұт.
7. Бидайық округі бойынша Қожаев Сейітжан.
8. Талдыбұлақ округі бойынша Байғұтов Қанат.
9. Жұмажанов округі бойынша Тишмағанбетов Амангелді.
10.Түгіскен округі бойынша Копбаев Свет.
11. Қызылжар кенті бойынша Исмаилов Иманғазы.
12. Целинный округі бойынша Әміржанов Ахмет.
13. Сейфуллин округі бойынша Туғанбаев Нәсіп.
14. Қараағаш округі бойынша Шәкенов Жақия.
Ғ.Төтейұлы,
Жаңаарқа ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы
Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар
қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын,
сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық
өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін
өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдардан арқылы заңда
көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз
беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып
есептелінеді. Халық арасында жұлын құрт, індет аталып кеткен
осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны
ауыздықтаудың, тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың бөлең алатыны да рас.
Стратегияның негізгі мақсаты салық қызметі органдарында жемқорлыққа жол бермеу жүйесін
жақсартуда. Өз кезегінде бұған қол жеткізу жан-жақты әрі реттелген шараларды белгілеу мен жүргізуді
қарастырады, ол үшін салықтық қарым-қатынастардың барлық саласындағы сыбайлас жемқорлық белгілерін болдырмауға қатысты шараларды жүргізуде басты міндеттерді атқару қажет.Осындай
шаралардың бірі салықтық шағымдар болып табылады. Салықтық шағымдар салық төлеушіге салықтық
тексеріс нәтижесінде салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер заңсыз есептелген жағдайда,
салықтық тексеріс актісіне шағым беруге, сөйтіп өз заңды құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Салықтық тексеріс нәтижесін қарастыру жоғары тұрған салық қызметі органымен (Қостанай облысы
бойынша мемлекеттік кірістер департаменті), уәкілетті мемлекеттік органмен (ҚР Қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер комитеті) және сотпен жүргізіледі.Шағым салық төлеушіге хабарлама тапсырылған
соң отыз жұмыс күнінің ішінде берілу керек. Бұған қоса шағым көшірмесі шешім шығарылғанға дейін
салықтар, төлемдер мен өсімпұл сомасы өндіріліп алмас үшін тексеріс жүргізген салық органына тапсырылады, өйткені шағымның берілуі шағымдалған хабарламаның орындалуын жазбаша шешім
шығарылғанға дейін тоқтатады. Өз кезегінде шағым қарау барысында орасан зор жұмыс жүргізілетінін
айтып өту керек. Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетелдің уәкілетті мемлекеттік органдарына,
банк мекемелері мен жеке құрылымдарына қажетінше сұраулар жіберіледі. Сонымен бірге шағымды
объективті қарау мақсатында жоғары тұрған салық органы шағымда айталған мәселелерге қатысты
тақырыптық тексеріс тағайындай алады.Шағым қарау нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша шешім шығарылады.
Жоғары тұрған орган шешімімен келіспеген жағдайда, салық төлеуші бұл шешімге қатысты ҚР Қаржы
министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне немесе сотқа шағым беруге құқылы.
Қорытып айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған
қарсы тұруға шешім қабылдау керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді болу қажет, сонда ғана
жемқорлыққа жол берілмесі анық.
Жанаарқа ауданы бойынша мКб
Сенім телефоны
Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді арнамыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 6-46-63 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді.
Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімінде
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметшілерінің
әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарды бұзған фактілері жөнінде хабарлау үшін 2-62-64 номерлі
сенім телефоны жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.
Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі мм
“Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі” ММ сенім телефоны жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
қағидалары), “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлықпен күрес
туралы” Қазақстан Республикасының заң нормаларының бұзылу фактілері туралы ақпаратты 2-71-80 телефоны бойынша хабарлай аласыздар.
“Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мм
«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің
мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет,сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарын бұзған фактілері жайын
хабарлау үшін 2-75-02 сенім телефоны жұмыс істейді.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі
Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік
қызметшілердің қызметтік ар-намыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды бұзған фактілер жайында хабарлау үшін 2-68-51 сенім телефоны жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
«Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм
Жарамсыз деп танылсын
Талдыбұлақ ауылдық округі, Бірлік көшесі №17 үйдің иесі Дарибаев бибол
құсайынұлының атына 2013 жылы берілген б/н жеке меншік иесінің өз еркімен
салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі жоғалуына байланысты
жарамсыз деп танылсын
ЕСкЕ
Алу
Аяулы анамыз, сүйікті әжеміз Акишева Рымкеш
Амантайқызының дүниеден озып, бақилық болғанына 2
ақпан күні 40 күн толады.
Көзден кетсе де, көңілден өшпейтін аяулы анамызды
қимасақ та, өмірдің жазғанына не шара.
Марқұм анамыз жүрегі кең, қолы ашық, жүзінен мейірім
шуағы шашылып тұратын ерекше жан еді.
Анамыздың артында қалған балалары, немерелері, туғантуыстары Аллаһтан иман тілеп, жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болсын деп дұға бағыштаймыз.
Анажан шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық, ана Сізді баршамыз да.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандарың еске алады.
Өзіңізбен өткізген күндеріміз,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушы: балалары-нұрлан-Фариза, құралай, Жұмакүл-Жанат, Сәулеқаршыға, Ақмарал, Амангелді-несіпгүл, Аманжол-Жанка, Жангелді-Айнұр, Данияр-Әсел, немерелері, шөберелері
Анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 2 ақпан күні сағат 13.00-де
Ақтүбек ауылында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСкЕ
Алу
Өткен 2018 жылдың 29
желтоқсанында Бидайық
ауылының тумасы, аяулы әже, ардақты жар, асыл ана,
Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінде қырық жылдан астам уақыт ұстаздық еткен ұлағатты да құрметті зейнеткер ұстаз имашева Тиышбала имашқызы дүниеден
өтті. Жаныңдағы жақсы да жайсаң адам өмірден өтіп кетсе
де, көңілден ешқашан өшпек емес. Оның артында
ұстанымы жақсы ұрпақ, қабырғаны қайыстырған қимастық
пен асқар таудай сағыныш қалатыны сөзсіз. Отбасында да,
қызметте де, туған-туыс, дос-жарандарының арасындағы
өткен өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмыры және өмірге
деген құштарлығы көпшілікке мәлім. Өз бойына құдіретті
табиғи,адами қасиеттерді мол дарытқан ғибратты абзал
жан Тиышбала Имашқызы айналасындағы адамдарға байсалды мінезімен,ықыласты мейіріммен танылып, маңайына
жүрек жылуын арнап келген еді. Байыптылығы мен іскерлігі,
кәсіби шеберлігі мен жоғары біліктілігі әлдеқашан танымал болған, өз саласының жілігін
шағып, майын ішкен маманы болған еді. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен
өтті. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздардың ұстазы бола білді. Еңбек жолын өзі оқыған
мектебінен бастап, зейнеткерлік жасқа дейін қажымай алтын ұя мектебінде еңбек етті.
Нағыз бала жанының бағбаны еді. Өмірде қандай ақжарқын, адал адам болса, қызметіне
де солай қарады. Үлкенге –кішіге бірдей қамқорлықпен қарап өтті. Иә, бүкіл саналы
ғұмырын болашақ ұрпаққа тәрбие беру жолына сарп еткен әріптесіміз Тиышбаланы еске
алғанда көз алдымызға тек оның жақсылықты жар салып жүретін ақ пейіл мінезі мен
қамқорлығы келеді. Еңбегімен елінің есінде қалған, тумысынан тәрбиеші, тәлімгер қимас
ұстазымыз қаншама шәкіртті қанаттандырып, үлкен өмірге жолдама берді. Адамның асыл
қасиеті, ақыл-парасаты көзі тірісінде емес, өзі өмірден озғанда айқынырақ бағалана ма
деп ойлайсың. Қазір ол кісінің айтар ақылы, әрбір істі шешердегі сабырлылығы, турасын
кесіп айтар нақтылығы жетіспей, орны үңірейіп, ойсырап тұрғандай. Кез келген қиын
жағдайда тығырықтан шығар жолды ойланып, толғанып, ақыл таразысына салып, ең
соңында кесімді пікірің қысқа ғана тұжырымдау – Тиышбала Имашқызына тән асыл
қасиет еді. Адамдарға ұдайы шапағат нұрын шашып, әркімнің жетістігін іштей бағалап
әрі байсалды мінезбен ақырын ғана мынаны былай ету керек еді деген ықыласын білдіруші еді. «Жақсының аты өлмейді» – деген шындық шығар, сірә. Шәкәрім Құдайбердіұлы:
«Өткен адам болады көзден таса, өлді, өшті болады көзден таса, ол кетсе де белгісі
жоғалмайды, керектісін ескеріп ұмытпаса», – демекші, қимас жанымыздың жақсылықтары
өшпейді, рухы біздің арамызда мәңгі бірге жасай бермек.
Сағынышпен ұжымыңыз еске алады,
Ақ көңіл адал едіңіз аңқылдаған.
Жүректен мейірімі сарқылмаған,
Ешқашан кісі көңілін қалдырмаған.
Сұм ажал тым ертерек септі мұзын,
Көрсетпей бейнетінің көп қызығын.
Жәннаттың төрінен орныңыз болсын,
Ақ адал жан едіңіз көпшіл елдің.
Қош бол, ардақты, абзал қимас жан! Жатқан жеріңіз жайлы,топырағыңыз торқа
болып,рухыңыз пейіш нұрында шалқысын дейміз.
еске алушылар: аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі
және бидайық орта мектебінің ұжымы
ЕСкЕ
Алу
Киелі, құт мекен Байдалы бидің топырағыңда дүние есігін
ашып, тал бесіктен жер бесікке аттанған қимас досымыз
нұрасылды сағына еске аламыз. Нұрасыл жаны таза,
үлкенді құрметтей білетін, өте мейірімді жан еді...
Балғын балалық шақтың бал күндерін бірге өткізіп, тайқұлындай асыр салып ойнақтаған сәттеріміз әлі күнге
ұмытылған жоқ. Сол күндердің тек елес боп қаларын біліппіз бе?! Амал не, ортамыздан ерте кетіп сенің орнын ойсырап бос қалғанына да көп айдың жүзі болды.
Егер сен ортамызда болғанда қаңтардың 25-і күні небәрі
15 жасқа толар едің.
Достарың, ата-анаң, әжең, бауырларын артынан дүға
жасап, өзіңді әрдайым жадыларында сақтайды. Жатқан
жерің жайлы, топырағың торқа, пейіште нұрың шалқысын
демекпіз.
Өң мен түстің арасында қалғандаймыз,
Қайғы қысқан мұзды шарпиды мұз.
Бір Алла мейірімге бөлесін деп,
Қол жайып, құран оқып дұға бағыштаймыз.
Сағына еске алушылар: сыныптастары байдалы би ауыл мектебінің 9 сынып
оқушылары мен сынып жетекшісі Д.балташева
11
26 қаңтар 2019 жыл
ЕСкЕ
Алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, асыл жар, аяулы әке бола
білген арыстандай азамат, адамгершілігі мен азаматтық ісәрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік
нұры тұла бойынан төгіліп тұрған ардақты әкеміз
ермекбайұлы
бақытжанның
қаңтардың
28-ші
жұлдызында 60 жасқа келер мерейтойын тойлау басымызға
жазбаған тағдыр-ай...
Бес ай өтті асқар тауым құлағалы,
Бес ай өтті анам іздеп жылағалы.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен,
Жүрегіміз әке деп соғады әлі.
Тәрбиеңді көріп өстік жасымнан,
Ешкім сіздей сыйпамаған басымнан.
Түсіңе алмай қалдық әке артында,
Кетуінде болды-ау бізге тосыннан.
Алла салды басымызға сынақты,
Жиі еске алсын деп пе жылатты.
Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай,
Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.
Сағына еске алушылар: жары-Күлпаш, балалары Жасұлан-Динара, зиядинқарлығаш, Аңсаған, немерелері-Ризадин, Раяна, жиендері-Айтуар, мадина,
нұрасыл
ЕСкЕ Алу
Жаңаталап (бұрынғы Киров) ауылының тумасы, ардақты да қымбатты бауырымыз
Түсіпова Айгүл Кеңесқызының бақилық болғанына 40 күн толып отыр.
Аяулы бауырымызды сағына еске алып, Ұлы жаратушымыз Алла Тағала жатқан жерін
жайлы, топырағын торқа, жанын жәннәтта қылсын дейміз.
Ерекше жаратылған жан бауырым,
Көтердің тағдырыңның қатал сынын,ауырын.
Періште боп ұштың анаң,ағалардың жанына,
Ойсырап қалды қас-қағымда орының.
Жұмақта болсын мекенің,
Жеткейсің пейіш төріне.
Кетсең де жалған өмірден,
Қаласың мәңгі көңілде.
Сағына еске алушылар: әкесі - Кеңес, бауырлары, жиендері және туғантуысқандары
31-қаңтар, бейсенбі күні сағат 13.00-де "Сұлтан" дәмханасында бауырымыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСкЕ
Алу
Алланың жазуымен жалған өмірден бақилық мекеніне
аттанған жанұямыздың алтын діңгегі, адал жар, аяулы ана,
Қызыровтар әулеттің инабатты келіні болған немерелерінің
қамқор әжесі Әлмағанбетова Гауһар нүркенқызының
ортамыздан алыстағанына ай болды. Жылдың соңы
жағымсыз жаңалығымен жанымызға жазылмас жара салып,
қос әулеттің қабырғасын қайыстырып, аяулы анашымызды
мәңгілік мекеніне алып кете барды. Мейірімді жүзі
жүрегімізді жылытып, аялы алақаны арқамыздан қағатын
алып жүректі анашымыз арамызда болғанда 26 қаңтар күні
55 жасқа толар еді. Әттең ... Алланың сүйген құлына берер
сынағы көп. Аяулы анашым! Жанымыз желініп, өкінішке
толы өксікпен өзіңізді сағына еске аламыз.
Бұл өмірдің мәңгілікке тұрағы жоқ,
Тірліктің келгені ғой сынағы боп.
Немерелер әжелеп іздеп жатыр,
Күнде жылап бізге айтар, сұрауы көп.
Көңілің кем еместін даламыздан,
Мәңгілікке өшпейсіз санамыздан.
Елу бесті ел болып тойлаушы едік,
Тым ертерек аттандың арамыздан.
Бір Алладан мінәжат сұрап,
Таптың мәңгілік тұрақ.
Жалған мына дүние алар, бізді сынап,
Барған жерің болсын жұмақ.
Өзгелерден ерекшеленіп тұратын адамгершілік қасиетің мен кішіпейілділігің, жанымызды жадыратар иманды жылы сөздерің өмір бойы есімізде қалмақ. Алладан
сұрайтынымыз, пайғамбардың шапағаты тиіп, ұстағаны шырақ, мінгені пырақ болып,
жұмақ бағын бұйыртса екен.
Сағына еске алушылар: жолдасы-балтабай қызыров, балалары, немерелері
Жаны жайсаң Гаухардың қайтыс болғанына 40 күн толуына орай “Сәт” мейрамханасында 2 ақпан күні сағат 13.00-де құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСкЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған ардақты да қымбатты
бауырымыз Әлмағанбетова Гауһар нүркенқызының
өмірден өткеніне бір айдың жүзі болды. Егер де ардақты бауырымыз тірі болғанда 26 қаңтар күні 55 жасқа толар еді.
Қайран жалған дүние! Отбасының ұйытқысы, балаларының
тірегі болып отырған Гауһарымызды тосыннан келген ажал
арамыздан ерте алып кетті. Осы бір ардақты жанның бейнесі
көзімізден кетсе де, көңілімізден кетер емес. Бауырымыздың
топырағы мамық, жатқан жері жарық болсын
Аз ғана өмір сүрдің мағыналы,
Бауырлар өзіңді ойлап қамығады.
Еске алып туған-туыс ағайының,
“Гауһарым қайдасың?”-деп сағынады.
Алғыр болып, зерек болып бой жеттің,
Алғысында алып едің сен көптің.
Жаратқаның жұмақ бағын бұйыртып,
Топырағың торқа болып тербетсін.
Рахмет айттық халыққа,
Азаны бірге бөліскен.
Алғыс жекжат-туысқа,
Қайғырып жылап көріскен.
Сағына еске алушылар: бауырлары Әлмағанбетовтер әулеті
Допты хоккей
Қаңтардың 14-18 күндер аралығында тәуелсіздік саябағында дәстүрлі Атасу кентінің
әкімінің жүлдесі үшін допты хоккейден турнирі өтті.
Турнирге №132ЖОББМ, Ю.А.Гагарин ЖОББМ, Б.Амалбеков ЖОББМ, С.Сейфуллин
ЖОББМ және Жезқазған индустриалды гуманитарлық колледжі спортшылары қатысты.
Бес күнге созылған турнир нәтижесінде №132 ЖООББМ І-орын, ЖИГК ІІ-орын, Б.Амалбеков ІІІ-орын иеленді.
Жарыс қорытындысында сөз алған кент әкімі А.Түсіпов және аудандық дене шынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы А.Қарабаев жас хоккейшілерді құттықтап, алдағы өтетін жарыстарына табыс тілеп, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен, медалдарымен және арнаулы кубокпен марапаттады.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
Өрт бізбен дос емес
23-қаңтар күні Жаңаарқа ауданының ТЖБ және № 50 өрт сөндіру бекетінің
қызметкерлерінің қатысуымен «Ақерке» бөбекжайында тәрбиеші Шекимова Дидар
Түлкібайқызының ұйымдастыруымен «Өрт бізбен дос емес» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Құттықтаймыз!!!
Бүкіл өмірін балаларына арнап, ардақты ана бола білген,
ұлын ұяға қондырып, қызын қияға қондырып, немерелерінің
сүйікті әжесі болып отырған асыл анамыз майра
мұқтарқызының 80 жасқа толған мерейтойымен шын
жүректен құттықтаймыз.
Ардақты да аяулы ана! Сізге зор денсаулық, бақытты да
ұзақ ғұмыр сүруіңізді тілей отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз.
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің.
Құтты болсын мерейтойың, Анажан,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығы байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген,
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен.
игі тілекпен: балалары- мейрам-балкүміс, Әрмия, Сәуле-Шалқар, немерелері,
жиендері
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы ана, сүйікті әже сыныптасымыз Тишмағанбетова Ләззатты 28 қаңтар күні 60
жасқа толар мерейтойымен құттықтаймыз. Отбасына
амандық, береке, деніне саулық, шаңырағына шаттық
тілеп, немерелерінің қуаныш-қызығына Айтжан екеуі
қуанып, солардың ортасында бақытты да баянды ғұмыр
кешіңіздер демекпіз.
Талай жас қосылсын жасыңызға,
Жамандық түспесінші басыңызға.
Бақытты боп әрқашан осы өмірде,
Жақсы жандар жүрсінші қасыңызда.
Ақ ниет тілегіміз қабыл болсын,
Әрдайым қуанышқа жүрек толсын.
Жақсылық, игіліктер молынан кеп,
Құдайым ұзағынан сүйіндірсін.
ізгі тілекпен: 10-б сыныбының атынан Төкім-Ақбала, мереке, Ғайша, нығметқұралай, қайрат-бижамал, балтабай-Гүлнар, бақытжан-Айсұлу, қанат-Рая,
Айдос-Гүлшат, бұрхан-Таңсық, нәсіп
Ризашылық
еңбектерін жансын, айналайындар!
Аталған шарада балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері көрнекі көріністер көрсетті.
Көріністің тақырыбы дала өрті мен орман өртінен жан-жануарларды құтқару және
балалардың тентектігінен болатын өрттер туралы әртүрлі оқиғаларды қамтыды. Сондай- ақ
балалар өрт қауіпсіздігіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнады.
Іс-шара соңында Жаңаарқа ауданының ТЖБ инженері, азаматтық қорғау кіші лейтенанты
Ерденбай Ернар Қайроллаұлы тәрбиешілер мен балаларға отты және тұрмыстық электр
құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау туралы және № 50 өрт сөндіру
бекетінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Коммунар Сұңғат Бауыржанұлы
өрт сөндірушілердің күнделікті жұмыстары мен өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары
туралы әңгімелеп берді.
Жаңаарқа ауданының ТЖб және № 50 өрт сөндіру бекеті
внимАние! внимАние! внимАние!
Адвокатская Контора осуществляет возврат незаконной комиссий за обслуживание банковского займа (кредита) по действующим и погашенным кредитам.
Период взыскания с момента заключения договора по настоящее время (практически за
все года), со следующих банков: ФОРТЕ БАНК (АЛЬЯНС БАНК), ЕВРАЗИЙСКИЙ БАНК
(автокредитование), КАЗКОММЕРЦБАНК, АТФ БАНК, АЛЬФА БАНК.
При себе иметь удостоверение личности, договор, график погашения.
Адрес: г. Караганда, ул. Гоголя, 31/1, каб.5 (бизнес Центр за ТД «заводъ»)
Телефоны: 8-776-213-44-02, 8-702-635-39-36, 8-778-679-60-16,8-705-106-39-50
Хабарландыру
Балхаш қ. ә/б 53898, Приозерск қ. ә/б 06708; Саран қ. ә/б 44803; Қарағанды қ. ә/б
50185,14776,31775,85510 әскери бөлімдеріне келісім шарт бойынша әскери қызметке әскери
міндетті азаматтарды қабылдайды.
Сұрақтармен, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жинақтау
тобына хабарласуын сұраймын.
мекен жай: Транспорт орамы № 9 үй. Тел: 2-71-66
Жаңаарқа ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
еРАЛинА САЛТАнАТ АмАнқызы
менШіК иеСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ276017171000000078, бин 010340002761, биК HSBKКZKX, Кбе 16,
Рнн 240400001948, Ао “народный банк Казахстана”
Адам баласының өмір мен өлім арасында жан ұшыратын сәттері
кездеседі. Тап осындай
жағдай жақында өз басымнан өтті. Жүкті
болып
жүрген
келінімнің
ойда
жоқта екі бүйрегінен
бола, қан қысымы
көтеріліп
кетті.
Алғышқыда өң түсі
бұзылып кеткен баламның
денсаулығында қандай кінәрат
болғанын да білгем жоқ. Тездетіп
аудандық ауруханаға жеттік. Осы жағдайда
шұғыл әрекет еткен дәрігерлер Құмарова Нұргүл Аманкелдіқызы мен Алшынбаева Меруерт Айдосқызына айтылар алғыс шексіз. Біліктіліктерінің арқасында диагнозды тура
қойып, қажетті ем шараны қолданды. Бірінші Алла, екінші осы мамандардың арқасында
келінім де, немерем де аман қалды. Қатерлі кезең артта қалды. Қазір дәрігерлердің
бақылауында болғанымен, алда жарқын күндер күтіп тұрғанына сенеміз.
Нұргүл мен Меруерттей ел алғысына бөленіп жүрген абзал жандарға өркендері өсіп,
еңбектері жемісті болуына тілектеспін. Жақындарың аман, дендерің сау болсын! Аналық
жүрегіммен бар жақсылықты тілеймін!
игі тілекпен: Күмісжан әже
ЖШС “Казэнергоцентр” тұтынушыларына
ақпарат!
ЖШС “Казэнергоцентр” 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңаарқа ауданының
тұтынушыларына энергиямен жабдықтау бағасының төмендеуін хабарлайды:
Тұрмыстық тұтынушы:
-тариф, теңге ҚҚС қоспағанда 13,00;
-тариф, теңге ҚҚС есебімен 14,56;
ЖШС “Казэнергоцентр” әкімшілігі
информация для потребителей Тоо
“Казэнергоцентр”!
ТОО “Казэнергоцентр” уведомляет о понижении цены на энергоснабжение для потребителей Жанааркинского района с 1 января 2019 года.
Бытовые потребители:
-тариф, тенге без НДС 13,00;
-тариф, тенге с НДС 14,56
Администрация Тоо “Казэнергоцентр”
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1900 дана
Тапсырыс №4
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
6
Размер файла
22 427 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа