close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 7-9 qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№ 7-9 (9900), 9 ақпан, 2019 жыл
"Нұр Отан" - елмен етене, әлеуметпен әріптес
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының XХIІІ-ші кезектен тыс партиялық конференциясы
Ақпанның 6-сы күні аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық
филиалының XХIІІ-ші кезектен тыс партиялық конференциясы өткізілді. Ауқымды жиынның күн тәртібінде Нұр
Отан» партиясының 20 жылдығына байланысты
жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі, ҚР Президентінің
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы,
«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы
жобасының негізгі ережелерін талқылау, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының конференциясына
делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Конференцияны аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы
Жаңаарқа аудандық филиалының төрағасы
Юржан
Бекқожин ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі бірінші
мәселе бойынша Юржан Бекқожин сөз алды.
-Былтырғы жыл еліміз үшін берекесі артқан толайым табыстар мен Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының
Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты мен батыл бастамалары арқасында қолға алынған саяси
реформалар сәтті жүзеге асқан игілікті жыл болды.
Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл
толып, мерейлі межеге қадам басып отырмыз. Бұл барша
нұротандықтар үшін өткенді саралап, бүгінгі биік
белестердің бастауында тұрған сонау 90-жылдардағы
әрекетімізді ой елегінен өткізуге және партиямыздың жетекші саяси күш ретіндегі Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріндегі рөлі мен маңызына назар аударуға берілген тамаша
мүмкіндік,-деген аудан басшысы партияның осы уақыт
аралығында жеткен жетістіктерін саралап, бағамдап шықты.
- Біздің ауданымыз бойынша «нұротандықтардың» саны жыл
сайын артып келеді. Бүгінгі таңда аудандық филиал
құрамындағы 20 бастауыш партия ұйым мен104 партиялық
топта 3283 мүше бар.
Партиялық жобаларды іске асыру үшін алдымызға
жүйелілік, кешенділік, нақтылық және ашықтық қағидалары
бойынша қызметті одан әрі жандандыру тапсырылды.
Қолға алынған 20 партиялық жобаның табысты жүзеге асырылуы әрқайсымыздың жұмысымызға тікелей байланысты.
Олардың қатарында: мектеп оқушылары үшін 1000 тегін ІТсынып пен ақпараттық технология саласында білікті мамандар даярлау үшін 20 ІТ-орталық ашу, бос жер учаскелері
бойынша
ақпарттар
ұсынатын
Бірыңғай
ұлттық
геоақпараттық онлайн-қызмет порталын құру, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту, дәстүрлі кітапханаларды заманауи білім орталықтарына айналдыру арқылы
трансформациялау, бірыңғай электрондық кітапхана құру
және басқа да жобалар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің
ауданымызда да қолға алынып, нәтижесінде былтырғы жылы
10 ІТ-сынып ашылса, биылғы жылы тағы 10 ІТ сынып ашу
жоспарланып
отыр.
Сондай
ақ,
аудандық
орталықтандырылған кітапханада жастар жылына орай, сәуір
айында білім орталығын (coworking center) ашуды жоспарлап
отырмыз.
«Нұр Отан» партиясы еліміздің Президенті, біздің
партиямыздың Төрағасы бастамашылық жасаған барлық
стратегиялық бағдарламаларды соныен қатар, әр жылдардағы
халлыққа арнаған Жолдауларын іске асыруға белсене
қатысатын болады.
Оның ішінде, Елбасының 2018 жылдың 5-қазанындағы
«Қазақстандықтардың
әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру» деп аталған
Жолдауындағы әр бағыттың жүзеге
асыруын партия үнемі назарда ұстап
келеді.
Мемлекет басшысының саяси
құжатын түсіндіру және насихаттау
жұмыстары бойынша ауданымызда
желілік кесте, медиа-жоспарға сәйкес
қоғамдық ұйымдар мен сала
белсенділерінің қатысуымен Жолдауды талқылау бойынша аудандық
активтер өткізілді. Сондай-ақ, әр
кент және ауылдық округтерде, мекемелерде өткен бастауыш партия
ұйымдарының
кездесулерінде
кеңінен насихатталды. Бұл насихаттау шаралары әрі қарай
жалғасын тауып, Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге
асыру мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Биылғы жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды
Жолдауда. Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты
қолдауға бағытталған маңызды қадам. Ауданымызда
жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ауқымды
жұмыстар тындырылуда. 2019 жылы – «жастар жылында» көптеген ауқымды шаралар қолға алынып,
жастарға зор қолдау жасалатын болады.
Біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу
үшін өзіміздің әлеуетіміз бен шығармашылық
қуатымызды, біліміміз бен білігімізді Отанымыздың
игілігіне бағыттауымыз керек. «Нұр Отан» – ХХІ
ғасырдың партиясы! «Нұр Отан» – болашақтың партиясы!-деді Юржан Бекқожин өз баяндамасында.
Келесі кезекте партия бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау үшін «Нұр Отан» партиясы
Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары Әсет Аманжоловқа сөз берілді. Ол сөзінде
"Нұр Отан" партиясының 2030 жылға дейінгі
бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып өтті.
-Алдағы онжылдықтағы біздің мақсатымыз – әрбір
қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін
елді
жүйелі
жаңғырту.
Бірінші мақсат - белсенді
әлеуметтік
саясатқа көшу, екінші
мақсат - әркімге
қолжетімді болашақ
білімді қамтамасыз
ету, үшінші мақсат дені сау адамдардың
мықты
ұлтын
қ а л ы п т а с т ы р у,
төртінші мақсат жалпыға ортақ игілік
мақсатында экономиканың өсуі, бесінші мақсат - қоғамның
әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау, алтыншы мақсат
- азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау, жетінші мақсат - азаматтардың мүддесіне мемлекеттің тиімділігін арттыру, сегізінші мақсат - жауапты азаматтардың
үйлесімді қоғамын қалыптастыру, тоғызыншы мақсат - жастарды қолдау - үлкен мүмкіндіктер буыны, оныншы мақсат
- "Нұр Отан" партиясының ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін
қамтамасыз ету.
Таяу онжылдық біздің партия үшін Отан игілігіне бұдан да
белсенді жұмыс істеу кезеңі болмақ.
Біз қазақстандықтардың сенімін бағалауымыз керек және
халықтың үмітіне сай болу үшін барымызды салып жұмыс
істейтін боламыз.
Біздің партияның бағдарламасы аясындағы белсенді жұмыс,
еліміздің әрбір тұрғыны жайлы өмір сүру, даму және өзін-өзі
жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әлауқаттық қоғамын құруға мүмкіндік береді.
«Нұр Отан» партиясы – еліміздің әлеуметтік әл-ауқатының
кепілі!-деген аудандық партия орынбасары әр мақсатқа жекежеке тоқталып, оған жетудің жолдарын сараптап, көрсетіп
берді.
Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау
комиссиясының төрағасы, депутаттық фракция мүшесі,
аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Нұргүл Орынбасарова, №132 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі
Н.Шамаеваға сөз берілді. Олар өз сөздерінде партияның
қоғам өмірінде алар айырықша орнын, жеткен жетістіктерін,
болашаққа деген жоспарларын мақтанышпен жеткізді.
Күн тәртібіне сәйкес келесі кезекте «Нұр Отан»
партиясының Қарағанды облыстық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау жүргізіліп, әрі қарай алғыс хаттар мен партия билеттерін тапсыру рәсімі өткізілді. "Нұр
Отан" партиясы Қарағанды облысының төрағасының бірінші
орынбасары Оспанова Қадиша Базарбайқызының алғыс хатымен аудандық маслихатының хатшысы Қуат Имантүсіпов,
еңбек және партия ардагері Бейбіт Қасенов, аудандық
маслихатының депутаты Төлеубай Мұсаев, бастауыш партия
ұйымының төрағасы Шубай Нұржанбаев, аудандық орталық
ауруханасының директоры Серік Күлмағанбетов және
Жаңаарқа аудандық филиал төрағасы Бекқожин Юржан
Асанұлының алғыс хатымен Жаңаарқа ауданы білім
бөлімінің бас маманы Асылхан Акимова, Б.Өтешов атындағы
балалар кітапханасының кітапханашысы Кулайхан Коппаева,
Жаңаарқа аудандық газетінің жауапты хатшысы Салтанат
Балтабай, «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық
филиалының кеңесшісі Гаухар Иманбаева, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі, жастар ресурстық орталығының маманы Санжар Төлеш марапатталды. Сондай-ақ, Анара
Кұрманова, Ақзер Бекбаева, Салтанат Наурызбекова,
Жасқайрат Асамиданов, Тілеужан Камарова, Иртыш
Күлмағанбетов, Маржан Текебаева, Әділет Мироненко, Инабат Икенова деген азамат пен азаматшаларға партия билеттері
салтанатты түрде тапсырылды.
Салтанат Балтабайқызы
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
атасу кенті
№37/263 28 желтоқсан 2018 жыл
Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне
жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға 2019 жылы көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік
кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
туралы
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2019
жылғы 11қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне
№5143 болып енгізілді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және
тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
мөлшерін айқындау туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету
қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы өтініш берген сәтіне жетпіс
еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу
немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес
жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада, бюджеттік кредит түрінде
әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХVІІ сессиясының төрағасы
Р.Рахимов
аудандық мәслихат хатшысы
К.Имантусупов
9 ақпан 2019 жыл
2
Решение Жанааркинского районного маслихата
поселок атасу
№37/263 28 декабря 2018 года
О предоставлении в 2019 году мерсоциальной
поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного
кредита для приобретения или строительства жилья
специалистам в области здравоохранения, образования,
социального обеспечения, культуры, спорта и
агропромышленного комплекса, прибывшим для
работы и проживания в сельские населенные пункты
Жанааркинского района
Нормативно правовой акт зарегистрирован в реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №514311января 2019 года в департаменте Юстиции
Карагандинской области
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики
Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года №183 «Об определении размеров предоставления мер
социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального
обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и
проживания в сельские населенные пункты», приказом Министра национальной экономики
Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года №72 «Об утверждении Правил предоставления
мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы
и проживания в сельские населенные пункты» (зарегистрирован в Реестре государственной
регистрации нормативных правовых актов за №9946), районный маслихат РЕШИЛ:
1. Предоставить в 2019 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района подъемное пособие
в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи
заявления исоциальную поддержку для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, но не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Председатель очередной
XXXVІІ сессии районного маслихата
Р.Рахимов
Секретарь районного маслихата
К.Имантусупов
Бәйге атты баптаудың тылсым сырлары
Ұстазым Рымкүл Төтекеева Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқып, бізге таныстырды. Осы мақаладағы атқа міну мәдениеті бөліміне өте
қызықтым. Ата-бабаларымыздың аттың құлағында ойнағаны
туралы көп мәліметті қызықтыра айтқан ұстазымның
әңгімесі әсер етіп, өзімнің де атқа мінуімнің керек екенін
ұғып, тұлпар баптаудың сыры неде екенін білгім келді.
Ұстазым сабақта ғылыми жоба қорғау керектігін айтқанда
мен бірден бәйге ат туралы қорғағым келетінін айттым.
Қазақтың болмысында жылқының орны ерекше. Ішсең –
сусын, мінсең – көлік, жесең – ас. «Ер қанаты - ат» деген
қанатты сөз бекер айтылмаған.
«Бәйге атты
баптаудың тылсым сырлары» тақырыбында зерттеу жүргізуімнің себебі мені жылқы өте
қызықтыра бастады. Жүйрік тұлпарды қалай баптайды, жарысқа қалай дайындайды деген
сұрақтарға жауап алғым келді. Бұл жұмысты зерттеуге жетекшім септігін тигізсе, үйде әжем мен
анам көмектесті. Әжем қиссалар мен ертегілердегі
тұлпарлар жайлы айтса, анам өзінің 1989 жылы
І республикалық ат ойындары жарысына «Қыз
қуу» сайысына барғанын айтып берді. Сонымен
бірге Ақтау өлкесінде жаз айларында әр сенбі,
жексенбі күндері ұлттық ойындар ойналатынын,
оның ішінде көкпар мен бәйге жарыстарында Сайлаубек атаның аттары үнемі топ жарғанын, ол
кісінің мықты атбегі екенін айтып берді. «Сайлаубек атаның бәйге аттарын қалай баптайтыны сол
кезде барлығымызға беймәлім болатын» - деді
анам. Сондықтан да, осы атты баптаудың тылсым
сырлары мені қатты қызықтырып, ұстазымыз екеуміз ауданымызда
тұратын атбегі атамыздың ұлы Жәнібек
Сайлаубекұлымен
кездесіп,
сұхбаттасып,
өзімді
толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алдым. Жәнібек аға
ат баптаудың қыр-сырымен бөлісті. Жарыстың көбі жаз айларында болатындықтан жүйрік атты қыс айларында жылы
қорада ұстап, бойына суық өткізбей, көктемге жілікті қылып
шығару керек. Қыс айларында жұмасына екі рет жаттығулар
жасалып отырылады. Көктем шыға жай аяңдап мініп, ептеп
денесін етінен арылта бастайды. Жарысқа бір ай қалғанда
Ұлы Даланың жеті қыры
нағыз дайындық басталады. Күнара алғашқы күндері сар желіспен желітеді, әр күн сайын қашықтықты ұзарту керек. Он
шақты күн өткен соң қамау тері алынады. Атқа киіз жабу жабылып, 7-8 шақырымға қаттырақ шауып сосын аяңдап келіп,
арнайы пеш жағылып, ысып тұрған киіз үйге кіргізеді. Әрбір
тер алған күннің ертесіне атты жуындыру қажет. Аттың әлін
кетірмей сақтау үшін биенің сүтін ішкізген өте пайдалы.
Сұлы қосылған биенің сүтін атқа әбден денесі суыған кезде
береді. Жаратқан атқа көде шөп бергенде пайдалы. Бәйгеге
қосатын түнінде аттың ұйқысын алып, атты ұйықтатпай
түнімен жетектеп шығады. Ат ашынып өте сергек болады. Ат
жарыс кезінде шөлдемес үшін шабар алдында бір сағат
бұрын 1 литрдей қара шай ішкізеді. Шапқанда аяғына оратылып, кедергі жасамас үшін аттың құйрық жалын сүзіп, түйіп
байлайды. Көз тимес үшін кекіліне үкі тағады. Көзіне
құйылған терді сүртіп отыру үшін қамшының басына мақта
салып орайды. Жүйрікке шабатын баланың жасы көбі 7–9
жас аралығындағы салмағы 30-35 кг аспайтын балалар
таңдалады. Өйткені жарыста тіпті атқа қамшының өзі ауыр
болады. Сондықтан неғұрлым жеңіл салмақтағы балалар дайындалады.
Зерттеу жұмысымда мен көп жайттарға қанықтым. Әрбір
отбасында ат болғаны дұрыс. Жылқы тек азық және көлік
қана емес, оны міну ер баланың денсаулығына өте пайдалы.
Атты баптаудың өзі қызықты, әрі пайдалы ермек екені рас.
Бұл бос уақытымызды тиімді пайдалануға септігін тигізіп,
пайдасыз ойындарға құмар болуымыздан арылтады.
Бақдәулет ТІлеуБай,
Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ 2 «а» сынып оқушысы
Рухани жаңғыру
ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын
Мемлекет
басшысы
"Болашаққа
бағдар: рух а н и
жаңғыру"
мақаласында
Х
Х
І
ғасырдағы
жаңа ұлттың,
ж а ң а
қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Елбасының
мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагма-
тизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс
әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық,
кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту.
Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана
еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам
алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы
түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани
жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа
ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы
тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі
болмақ.
Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің
жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру
жолында аянбай еңбек ету.
Қорыта айтқанда Елбасының бұл мақаласында қазіргі
Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс
тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте
кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани
жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім,
мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани
жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Ең
бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Қайыржан ОМаРОв,
аудандық ХҚКО маманы
9 ақпан 2019 жыл
3
Сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі
Үздік аруды анықтайтын ауқымды сайыс аудан төрінде тағы
бір мәрте орын алмақ. Сулулар сынына түскелі отырған
аруларға сәттілік тілеу мақсатында оларды әуелі Жаңаарқа
ауданының әкімі Юржан Бекқожин қабылдады. Кездесуде
аудан басшысы орамды ойын нәзік жандылардың елімізде
алар орны мен үлгі боларлық апа-сіңіліреміз жайында
сабақтады.
Облыстық деңгейдегі "Арқа аруы" байқауында көркемдігі мен
ақылдығы келіскен 21 ару қатыспақ.
Өз тілшімізден
есеп беру - билік пен бұқара арасын жақындатады
Өткен 2018 жыл табысты да берекелі жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік секторда елеулі
реформаларды жалғастырды. Еліміздің даму қарқынының
одан әрі жемісті жалғасын табуы Елбасының дер кезінде
қабылдаған шешімдері мен ел алдына қоя білген айқын бағыт
бағдарының нәтижесі. Осындай жүйелі бағыт бағдардың негізі ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл
сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын
айтуымызға болады. Ал биылғы жылғы Елбасының Жолдауы - экономиканы нығайтатын, халықтың әл – ауқатын арттырып, болашаққа деген сенім нығайтатын, елді бірлікке,
ынтымаққа шақыратын негізгі стратегиялық құжат.
Айға жуық уақыт аралығында ауылдық округтерді аралап,
ауыл әкімдерінің тұрғындар алдындағы есебін тыңдап, ауыл
халқының мұң-мұқтажы, талап-тілегін бірге шешкен аудан
әкімі Юржан Бекқожин аудан халқының алдында өзінің
қорытынды есеп беру жиынын өткізді. Жиынға аудан
әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының және
мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлері, кент және ауылдық округ
әкімдері, қоғамдық ұйымдар және жастар өкілдері, аудан
тұрғындары қатысты. Аудан әкімі тұрғындармен кездесуінде
ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарға нақты дәлелдер келтіре отырып, сонымен қатар, кейбір проблемалық мәселелерді шешу
бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Өткен 2018 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды,
ауданның экономикасының ілгерлеуін 2017 жылмен салыстыра отырып, слайд арқылы көрсетіп баяндаған аудан
басшысының баяндамасында барлық сала қамтылған.
Аудан өмірінің өсу жолындағы атқарылған ілкімді істердің
соңын ағымдағы жылы орындалатын мақсаттар мен міндет-
тер түйіндеді.
Биылғы жылы екі қабатты 16 пәтерлі үш тұрғын үйлерінің
құрылыстары аяқталып, тұрғындарға беріледі. Атасу кентінің
Жолкен
Дүйсенов
орамындағы көпқабатты
тұрғын
үйлерге
орталықтандырылған кәріз
жүйесіне
қосылады.
М.Жұмажанов
ауылдық
округінің су жүйесін қайта
қалпына келтіру бойынша
су
құбырын
тарту
жұмыстары жүргізіледі.
Ауданымыздағы
басты
көшелердің
жолдары
жөнделіп,
Тәуелсіздік
саябағы қалпына келтіріледі.
Жас ұрпақты
тәрбиелеу мақсатында балалар сарайы салынып,
бірнеше
ауылдың
мәдениет үйлеріне жөндеу
жұмыстары жүргізіледі.
Сәкен Сейфуллиннің 125
жылдық мерейтойы мен
бірге Жаңаарқа ауданының тоқсан жылдық торқалы тойы да
осы жылдың еншісінде.
Іргетасы тоқсан жыл бұрын
қаланған ауданымыздың
осынау
мерейтойы
қарсаңында аймағымызда
айтулы оқиғалар орын
алып, ауқымды шаралар
т ы н д ы р ы л у д а .
Баяндаманың
соңында
аудан
әкім
Юржан
Бекқожин:
-Ауданның 90 жылдығына
тарту ретінде «90 игі іс»
атқару керек екенін жыл
басынан бері айтып келеміз. Бұл үрдіске ауданның
бүкіл кент, ауылдық округтері мен кәсіпкерлерін,
ауданның сырттағы тумаларын және жеке азаматтарды
т а р т у д а м ы з .
Е л б а с ы м ы з д ы ң
«Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламасы
шеңберінде алғашқы игі бастамалар да жүзеге асырылуда.
Игілікті шараға атсалысып жүрген азаматтарға шексіз
ризашылығымды арнай отырып, жақсы істер үзілмей,
жалғаса берсін деген ниетімді білдіремін! Қос бірдей мерейтойды жаңа
табыстармен қарсы алу
үшін баршаңызды «90 игі
іс» шараларына бір кісідей
атсалысуға шақырамын,деген аудан әкімі Юржан
Асанұлы
жиынға
қатысушылар
арасынан
пікір
білдіріп, сұрақ
қоямын деушілерге кезек
берді.
-Оразалы Жұмабеков
мектебінің жаны төрт
жолдың тоғысқан жері.
Осы жерге жол белгісімен
жаяу жүргіншілер тротуарлары
салынса,деді
Ш.Рысмағанбетова. Аудан
әкімі осы мәселе бойынша
кент әкімі А.Түсіповке тапсырма берді. Сейфуллин даңғылы
тұрғындарының атынан үйлерінің салқын екенін айтылып,
көмек сұрағандарға сол аумақтағы жылу қазандықтарына
қосылған үйлердің жылуы алаңдатып отырғанын айтып,
көмірдің сапасы нашар болғанын, жақсы көмір түсіргеннен
бері жылу беру қалыпты екенін жеткізді. Ол жердегі
қазандықты
қуаты жоғары қазандыққа ауыстыруды
«Жаңаарқа жылу» мекемесінің басшысы М.Әбілдиновке тапсырды. Ертіс канал орамына су тартылса деген Е.Ахановқа
күзге дейін судың тартылатынын айтып, «Таза су»
мекемесінің басшысы Ж.Рыспековке тапсырды. Аудандық
аурухананың дәрігері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы
арқылы келген жас маман М.Камиловтың тұрғын үймен
қамтамасыз етілуі жөніндегі сұрағына, жыл аяғына қарай
үлгермеген мамандарға биылғы жылы несие берілетінін
айтты. Көп балалы ана У.Қожабаева жағдайының жоқтығын
айтып, үйінің жағдайымен танысуға комиссия жіберуін
сұраса, Е.Нұрсұлтанов Орманбаев көшесінің жолына асфальт төселсе деді. Жас кәсіпкер Қ.Шакенова жастар жылы
аясында жастарға қолдау ретінде аудан әкімінің жас
кәсіпкерлерге арналған гранты биыл да бола ма деген сұрақ
қойды. Барлық сұрақтарға тұщымды жауап берген аудан
әкімінің жұмысына аудан ақсақалдары атынан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ғ.Төтеев аудан әкімінің
жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, ардагерлер
ұйымына, аудан ақсақалдары үшін ұйымдастырып жатқан ісшараларына қолдау көрсеткені үшін рахметін білдірді.
Аудандық қоғамдық ұйымының төрағасы Х.Сәтжанов
барлық ауыл, кент әкімдерінің есептік кездесуінде болып,
халықтың әл-ауқатының артқанын, ел арасының ынтымағы
жараса бірлесе еңбек етіп жатқандарын айтып, ауданның ілгерлеу мен өркендеу жолында еңбек етіп жүрген аудан басшысына
алғыс білдірді.
Аудан ақсақалы, күйші
М.Тілеуханов аудан халқын имандылыққа,
ізгілікті
шараларға атсалысуға шақырып, алда өтетін ауқымды шараны ойдағыдай өткізуді қолға алу керектігін баса айтып,
бірлікке шақырды.
Осылайша, Елбасының тапсырмасымен кент және ауылдық
округ әкімдерінің есеп беру жиындарына қатысып,
тұрғындармен пікір алмасып, өткенді шолып, келешекті
бағдарлаған аудан әкімі Ю.Бекқожиннің жұмыс сапары
мәреге жетті. Айға жуық уақыт ішінде аудан әкімі барлық
ауылдар мен округтердегі және кенттердегі кездесулерге
қатысты.
Қойылған жоспарларды іске асыру үшін мүмкіндіктер мен
қаражатты жұмылдыру және экономиканың лайықты даму
деңгейін қамтамасыз ету, аудан халқының сапалы өмірін арттыру - бүгінгі күннің ең зор әрі жауапты міндеті. Ол үшін
аудан халқының бірлігі мен ұйымшылдығы, еңбекқорлығы
мен жұмысқа деген ынта-жігері қажет.
Елбасы тапсырмасымен әкімдердің халық алдында есеп
беру билік пен бұқара арасын жақындататынына, қозғалған
көптеген ортақ мәселелердің, ортаға салынған ұсыныспікірлердің шешімін табатындығына көз жетіп, көңілдерге
сенім ұялағандай болды. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі осымен шектеліп қоймай, алдағы уақытта жалға беретіндігі айтылды.
Салтанат аманқызы
4
9 ақпан 2019 жыл
«ЖаСТаР ЖЫлЫ» ЖаСТаРҒа Не БеРМеК?
«Ел боламын
десең,
бесігіңді
түзе» деген дана
халқымыз.
Мәңгілік елдің
болашағы – жастар
е к е н д і г і
баршамызға мәлім.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев
әрбір Жолдауы мен
мақаласында жастар жайлы сөз
қозғайды.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» бағдарламасында ұлттық біртектілік, бірлік жайында сөз қозғаса, «Рухани жаңғыру»
мақаласында ұлттық бірегейлікті алға тартқан. Сөздің
құрамы әртүрлі болса да , түбірі бір.
Бізге ұлттың мүддесіне келгенде бірлік, ынтымақты сақтау
керектігін жеткізген. Біз біріксек алынбайтын қамал жоқ
екендігін ұмытпаған жөн. Елдің кемел болашағы –
жастардың қолында. Біз өз тарапымыздан рухани жаңғыру
мақсатында еліміздің, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуға
міндеттіміз.
Мемлекет басшысы бұл мақалада жастардың жаңа
инновацияға бейімделуі, жас отбасылардың тұрмыс-тіршілігі
жайлы мәселелерге кеңінен тоқталған. Жаңа технологияны
үйрену, жаңаша ойлау, жаңа идея - міне рухани жаңғыру.
Бұл бағдарлама жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы
жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі
қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа
мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет.
Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік
саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық
санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын
әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру
керек.
Рухани жаңғыру төңірегінде жарық көрген «Ұлы даланың
жеті қыры» атты мақаласы да жастарға жолданған. Ертеңгі
елдің болашағы өз тарихы мен салт-дәстүрін, ұлттық
құндылығын жоғалтпауы тиіс. Тарихын білмеген өскелең
ұрпақ болашағына да дұрыс мақсат құра алмайды деп ойлаймыз.
Өз елін әлемге таныту үшін әрбір жас азамат аянбай еңбек
етуі тиіс. «Елім маған не береді?» - деп емес «Мен еліме не
беремін?» - деп ойлануымыз қажет. Осы уақытқа дейін алған
біліміміз бен рухани азығымызды оңынан қайтартын уақыт
келді деп білеміз. Себебі, біз мәңгілік елдің – тәуелсіз
ұрпақтарымыз!
Елбасының 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру» атты жаңа жолдауы xалық тарапынан
өзгеше қолдауға ие болғаны сөзсіз. Себебі бұл жолғы
көтерілген мәселелер де Қазақстанда өмір сүріп жатқан
азаматтардың қарапайым өз ауласында спортпен
шұғылдануынан бастап қауіпсіздігіне дейінгі сұрақтарды
қамтыды.
Бюджеттік қызметкерлер мен ұстаздарымызға арналған бастамалар бүгінгі қоғамға қажетті өзгерістердің бірі де бірегейі, бұл тапсырмаларды Елбасы жеке назарына алды.
«Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!» деп, Елбасының дәйексөзін келтіргіміз келеді. Себебі, ұлт
арасында еңбекқорлықты дәріптеу маңызды.
Қоғамның әр азаматы өз жұмысын еліміздің дамуына апарар
маңызды істің бөлігі деп білсе, зайырлы мемлекет ретінде
көздеген мақсаттарымыз алыс емес. Елбасының халыққа
жолдауы – тәлімгердің оқушыға деген ақылы,
жаттықтырушының спортшыға деген бағыты, әкенің баласына өсиеті.
Яғни, Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу алгоритмі
жолдауда анық көрсетілген, бастысы – оны дұрыс орындау.
Еске сала кетсек, бұл жолдаудың барасыныда
Президентіміздің жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп
жарияланған болатын.
Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға. Мұның өзінен-ақ бізге берілген көптеген мүмкіндіктерді байқауға болады. Бұл
мүмкіндіктер өз болашағымыз бен ел болашағына тікелей
байланысты. Өз болашағымызды жоспарлай отырып, ел
болашағын қалыптастарамыз. Болашақ деген сөзді естігенде
ең бірінші ойға келетіні - арман, мақсат, жоспар.
Елбасымыз Жастар жылының салтанатты ашылуында
былай деген болатын: “Бұл – мемлекет тарапынан өскелең
ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам.
Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буынбіздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз». Сол себепті арманымыз айқын болса,мақсатымыз мықты, жоспарымыз жалынды болмақ.
Жастар жылында әрбір жалынды жас бар күш-жігерін
салып аянбай жұмыс жасаса, бостандығымыз үшін күрескен
ата-бабамыздың бізге артқан үлкен сенімі мен үміті ақталмақ
деп сенеміз.
Қазір әлем қарқынды түрде дамып келеді. Осыған байланы-
сты Елбасы жаңа технологиялар, роботтандыру және
автоматтандырудың еңбек ресурстары мен адам капиталы сапасына қатысты талаптарды күрделендіріп отырғанын атап
айтты.
Сондықтан әр маман иесі өз саласындағы жетістіктерді саралап, заман талабына сай, жаңа инновацияны жетік меңгеріп
жүруі тиіс. Жыл сайын жаңа дүниелер өмірімізге енуде.
Смартфонның жаңа түрлері, түрлі технологиялар, тағысын
тағы. Бірнеше жылға алға озған елдермен қатар өмір сүруіміз
үшін Елбасымыз әрдайым айтатындай «Бәсекеге қабілетті»
болу керекпіз. Бәсекеге қабілетті болу – еліміздің алға жылжуына зор үлесін қосатын шешу факторлардың бірі болып
табылады.
Жастар жылы біз үшін түрлі форумдар, фестиваль мен ойын
сауықтар ғана емес, қазақ елінің болашағына , мәңгілігіне
біршама пайда әкелетін істерді бастаудың алғышарты деп білеміз. Осы жылы күш жігеріміз бен жаңа идеямызды
жаңғыртамыз деген мақсатпен аянбай еңбек етуге дайынбыз.
Біз жастар қарқынды даму мен бәсекелікке қабілеті бола
алсақ еліміз ең озық дамыған 30 елдің қатарына кіретініне
сенімдіміз.
Қазақта «Жас келсе-іске» деген сөз бар. Ел болашағын
жастарға тапсыруының мәні де осында. Жастар жылы –
жастарға арналуы керек.
Сондықтан 2019 жыл жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай.
Елбасының жастарды ерекше атап өтуі, жастардың бойында
жауапкершілікті арттырады. Жауапкершілікті алу — діттеген
мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді. Жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктер үшін
алғыс білдіреміз!
Биыл Қарағанды жастары «Қолдау. Сенім. Мүмкіндік» атты
ұранмен «Жастар жылында» көптеген іс шаралар мен түрлі
жобаларды іске асырмақ ниетте. Өңірде 140 астам әлеуметтік
маңызы бар шаралардың өтетіні мәлім болды. Аймағымызда
«Жастар» сарайының ашылуы да биылғы жылдың еншісінде.
Қазіргі уақытта аймағымыздың әрбір бесінші азаматы жас
болса, олардың үшеуі облыс халқының 21 пайызын құрап
отыр. Баспана мәселесінің де жастар үшін маңызы зор. Осы
мақсаттағы кешенді жоспар аясында 152 пәтер берілген. Ал,
2 жылда 21 мың жастың екбекпен қамтылғанын ескерсек,
мемлекеттің әрбір бағдарламасынан жастардың қалыс қалып
жатпағанын аңғаруға болады. Жастарға арналған қоғамдық
шаралар және әлеуметтік маңызды жобалар саны артып келеді.
Ағымдағы жыл басынан бері өңірде 5 жұмыспен қамту
орталығы ашылған. Жастарды мерзімді жұмыспен қамту
мақсатында «Жасыл ел» жасағына 1500 жас еңбекпен
қамтылған.
Ал, село кәсіпкерлігін жетілдіру жолында соңғы 13 жылда
43 миллион теңгенің 178 гранты табысталған. Алдағы
уақытта 250 адамды жастар тәжірибесі арқылы оқытып,
қаржылай қолдау жоспары тұр.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы шалғайдағы
селолар да жас мамандармен толығуда. Былтырғы жылы 338
жас білім, денсаулық, агро салада қызмет етуге округтік елді
мекендерге барыпты. Мұның барлығы бізді, яғни жаңа
буынды қуантпай қоймайды. Әрине, студенттердің де
болашаққа деген сенім нығая түспек. Қоғамның даму
үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат
дүние.
Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан
жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге
қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын
анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген. Оқу бітіруші түлектердің мамандықтарына сәйкес жұмыс істеуінің
әлеуметтік-экономикалық астары түптеп келгенде еліміздің
даму индексін анықтайды. Білікті маман шығару және оны
жұмыспен қамтамасыз ету білім беруші және жұмыс
ұсынушы мекемелер арасындағы бар байланысқа жаңаша
сипат беретін болады.
Экономикалық аспектіде еліміздің өркендеп даму стратегиясы жүзеге асатын болса, ал әлеуметтік тұрғыда жас
маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған маман қоғамымыздың
экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Елбасының Жолдауы жоғары оқу орны саласында қызмет
ететін педагогтарға тың серпіліс әкеліп, жаңа форматта
маман даярлау және оның жұмысқа қабылдану траекториясын айқындаудағы басты бағдарымыз деп көрсеткен болатын.
Біз, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің белсенді жастары, «Жас Отан» Жастар
қанатының мүшелері тек университеттің ғана емес, қала мен
облыстың, тіпті республикалық деңгейде еліміздің дамуына
белсенді ықпал етіп келеміз деп нық сеніммен айта аламыз!
Осы уақытқа дейін біз көптеген маңызды саяси, спорттық,
қоғамдық іс-шараларына қатысып, қайырымдылықпен айналысып жүрміз.
Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы “Жас
Отан” Жастар қанаты бөлімшесінің негізгі мақсаты мемлекетіміздің бағдарламалық мақсаттарын және міндеттерін іске асыру болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы жастарының жанжақты дамуы үшін әлеуметтік — экономикалық, саяси және
басқа да жағдайлар жасау, оның рухани-адамгершілік,
интеллектуалдық және физикалық әлеуетін, әлеуметтік
мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық,
экологиялық және рухани мәдениетін арттыру бөлімшеміздің
басты міндеттері.
“Жас Отан” ЖҚ — “Нұр Отан” партиясының белсенді
жолсерігі, елдегі жастардың жағдайын жақсарту және оны
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге
жұмылдыру бойынша практикалық қадамдарды іске асыру
орталығы.
Сондай-ақ, біздің бөлімшеміз университетіміздің
студенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау
мәселелерін
шешу
үшін
қажетті
жағдайларды
қалыптастыруға, азаматтық, мәдени, ғылыми, білім беру,
басқарушылық және әлеуметтік бастамаларды іске асыруға,
жастарды мәдени, ғылыми, экономикалық, спорттық және
білім беру іс-шараларына тарту және ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады.
Біздің белседілер жастардың қарым-қатынасы және
тәжірибе алмасуы үшін жағдай жасау, өзара қолдауды
дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуге бағытталған
студенттерді біріктіруші күш болып табылады. Е.А. Бөкетов
атындағы ҚарМУ “Жас Отан” ЖҚ бөлімшесі 2016 жылы
республикалық байқауда “Жоғары оқу орны жанындағы “Жас
Отан” жастар қанатының үздік бөлімшесі” номинациясы бойынша жеңіске жеткенін айта кету керек.
Қорытындылай келе, жастар жылы кейбір айтулы даталар
сияқты ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Түрлі форумдар мен конференция, флешмоб мерекелерінің берері
қаншалықты? «Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның
мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгінгі бетпе-бет
келіп отырған мәселесі қандай?» деген сұрақтар бойынша
терең зерттеу жүргізіп, оны саралап, нақты істелу керек
жұмыстардың тізімін жасауымыз керек. Дәлірегінде,
қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік
берілуі тиіс.
Сондықтан да нақты ұсыныстар қабылданып, жастардың
жан-жақты көмекке ие болуын қамтамасыз еткен жөн.
Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін
төмендетуге байланысты іс-шаралар қолға алынып, нақты
нәтижеге қол жеткізуін қадағаласақ құба-құп.
Бүгінде 35 жасқа дейінгі жастардың көбінің басында не
баспанасы, не тұрақты жұмысы жоқ. Ауылдан қалаға жұмыс
іздеп келген кейбір жастардың тауы шағылып, түрлі
қылмыстық әрекеттерге бой алдырып жататыны да жасырын
емес. Көшедегі ұрлық-қарлық, кісі тонау оқиғалары да аратұра жұмыссыз жастардың қолымен жасалуда. Олардың бос
сенделіп жүрмеуі үшін мемлекет тиімді бағдарла ма
қабылдап, соның аясында жұмыс істеген абзал.
Мәселен, жас мамандардың, жас отбасылардың баспаналы
болуын тездететін тетіктерді қайта қарап, жеңілдік
қарастырылса, артықтық етпейді. Себебі демографиялық
ахуалға серпін беретін де – жастар. Жас отбасылар өз баспанасына ие болмайынша бала туу санын тежей беретіні айтпаса да түсінікті.
Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету әрбір жас буынға серпіліс берді. Олардың білім алып, білікті маман атануына
жағдай жасау мәселесі де сөз болды. Білімді ұрпақтың негізі
– мектепте қаланады.
Сондықтан барлық білім ұяларында Назарбаев зияткерлік
мектебінің оқу бағдарламасын енгізу керектігі бекер
айтылған жоқ. Сол кезде ғана жастар ғылымға бет бұрып,
өзідігінен салалық ғылымды дамытуға қызығады. Ең бастысы, қазіргі таңда қабылданып жатқан барлық заңдарды,
қолдауларды, жеңілдіктерді дұрыс пайдаланып, терең түсіне
білген жөн.
Айта кетерлік жәйт, бүгінгі жастар креативті пікірге ие.
Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып
жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды
халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы
грант ұтыпалған жастар көп.
Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау
қажет. Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды
жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына
мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып,
басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін.
Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі
инновациялық жобаларды мақұлдау қажет. Кез келген
өркениетті мемлекет өз жастарының алдында қашаннан
қарыздар. Өйткені барша мемлекеттің болашағы – бүгінгі
жастардың қолында. Ал біз өз кезегінде еліміздің болашағы
жарқын болуын үшін талмай еңбек етуге тырысамыз!
аслан КаБеГеНОв,
Наргиз РаХИМГеРей,
Мөлдір ЖаҚаН,
Қаракөз ТІлеуҒаБЫлОва,
е.а. Бөкетов атындағы Қараганды мемлекеттік
университетінің студенттері
9 ақпан 2019 жыл
Тарихымыздан адаспайық
Оспан 23 жасында өмірден озып, Тақауи, Сейфолла деген екі баласымен әйелі жесір қалады.
Сейфолла әкесі өлгенде бесіктегі бала болса
керек, Оспанның ағасы Мақажан екі баланы
қолына алып қамқор болып өсіреді.
Сәкеннің азан шақырып қойған аты
Сәдуақас,анасы Жамал Тышанбайқызы
жақсы көріп еркелетіп Сәкен деп атаған,
бұл есім кейінде құжатқа еніп, сол есіммен тарихта қалды. Ақпарат беттерінде,
“Сейфолла малшы, шаруа болған кісі, өте
сыйлы және өнерлі-аңшы бүркіттер мен
тазы иттерді өсіріп үйрететін, күйші, домбырашы, көңілді әнгімешіл кісі болған. 1923
жылы Нілді және басқа ұсақ болыстар біріктіріліп, Асанқайғы болысы болғанда, осы
болыстықты басқарған”,-деп жазылған. Сейфолла
“малшы, шаруа болған” деген саясатқа байланысты болар, малшы адам мал қора
салып, қар бекігенге дейін Аққұдықта отыруы қисынсыз ғой. Шын мәнінде
Сәкеннің ата тегі бақ қонған, бай болған.
Сәкен Сейфуллиннің туған жері туралы әркім әртүрлі пікірлер айтып, онысын
жүзеге асырып жүр. Қазақта “мен не деймін, домбырам не дейді” деген сөз қисынға
келмеген ойға байланысты айтылған сөз. Шындыққа жанаспайды деген ойларым
мынадай: Сәкен Сейфуллин өз қолымен толтырған өмірбаянында “1894 жылы
тудым” делінген. Ал, Сәкеннің көзін көрген аталас туыстары Ақабеков Әпенде мен
Омаров Қамажан ақсақалдар “Сәкен ұлу жылы демек жыл санау бойынша 1892
жылы Иманақ тауының шығысындағы Бестоған деп аталатын қоныстағы
Сейфулланың жайлауындағы Көкқауғада тамыз айында туған. Өспендегі орыс мектебіне түсерде мектеп жасынан артық болған соң кеміткен”,- деп жазады, жазушы
Асан Жұмаділдин. Асекең бұл кісілердің ауызынан диктафонға жазып алғандарын
көпшілік отырған жерде оларға тыңдататын, соны тыңдаған жанның бірімін.
Сәкен Ортаудың Қызылшілігінде тумағандығын 2001 жылы Жезқазған қаласынан
шығатын “Сарыарқа” газетінде Қарағанды облысы Шет ауданының тұрғыны
Балқаш Жұмағұлов “Сәкен Аққұдықта туған” деген деректі мақаласында
дәлелдеген. Онда, ол Сәкенмен шешесі бөлек інісі Сапардың, Сәкеннің
замандастарының және кіндік шешесінің айтуы негізінде Есеннің Аққұдығында
туды деген. Тура осы ойды, Жаңаарқаның жезтаңдай әншісі Шайхин Жаролла
былай баяндады, “Елуінші жылдардың орта тұсында аң аулап Ақтау жақты көп араладым, сонда Баязит ақсақалдың үйінде жиі болып сусын ішіп жүрдім. Ол кісінің
анасы сол кезде тоқсанды қусырып қалған жан болатын анасының ақыл-есі түзу,
сөзі ширақ болған соң, әңгімесін көп тыңдадым. Ән тыңдауға құмар әжеге құдай
берген дауысты аямай сұраған өлеңін домбырамен сүйемелдеп орындап беремін,
мен-өлең, әже әңгіме айтады. Бірде, “Мен Бесқұдық аталатын жердегі Аққұдықта
Сәкен туып, әйелдер кіндігін маған кестірген еді”,- дегенін естідім. Сонда, Сәкеннің
туған жері бұрмаланғаны анық болып отыр.
“Қазақта “мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты” демей ме. Жақында “Үшқиян”
баспасынан Тайтөлеу Асқартегі Жылқыбайұлы мен Гүлмира Сығызғанқызы
Кулджинаның “Жарықтың аққан жұлдызы” деген кітабында Сәкеннің анық туған
жері Жарық деп жазады. Кітапта “Сәкен Сейфуллин Жарықта туған, Айғыржал совхозына жүрер жолда. Шәлденбай бұлағының етегінде Сейфолланың шымнан салған
үйінде 1894 жылы Сәдуақас туады деп Әмен Ахметов айтқан еді”,- деп жазады. Осы
кітапта “туған жерім Көктіңкөлге 50 шақырым деп жазған еді” деп жаза отырып,
Сәкеннің қай шығармасында жазғандығын көрсетілмейді. Елу шақырым жер
Көктіңкөлдің қай бағытында екені де айтылмаған. Сейфолланың Аққұдықтағы жайлауы Көкітңкөлден 50 шақырымдай аралықта. Бұлардың айтып отырған жері
Қаракесек руының жері, сондықтан Сейфоллаға басқа басқа рудың адамдары өз жеріне үй салдыра қоймас.
Шындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын тағы бір ой, ол Сәкен Қызылшілікте
туған деушілердің айтқандары. Олар Сәкеннің туған күні 15 қазанда туған деген
тұжырым жасайды.
Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай,
Қыстың басы біреу ерте, біреуі жай.
“Ерте барсам жерімді жеп қоям”,-деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай,- деп ұлы Абай ақынның осы
өлең шумағында Сейфолла сияқты ауқатты адамдар күзде қыстауға
бармайтындығын, оны орындамаса қыстың аяғында ақ сирақ болып қалатындығын
еске салып отыр. Сейфолланың жазғытұрым және қар бекігенге дейін малдарды
қара суықтан қорғайтын Аққұдықтағы жайлауында базы мен өздері отыратын
үйлері болған. Осы жерде Сәкен өмірге келген. Қарашілікте туған деген сыбыс
шыққанша жаз айында туған деп ьойлап жүрдік.
Сәкеннің 100 жылдығын тойлар қарсаңында Мәжит Сейфоллаұлы Сәкен
ауылындағы ең жақын бауыры Рымбек Тақауиевтің үйіне келіп, “Сәкеннің кіндік
қаны тамған жерге апарып көрсетіндерші” дегеннен кейін сол кезде мен сол ауылда
бас агроном болып қызмет атқарып жүргенімде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұхамедқасым Шәкенов бар Бестоғанның Есенге қарайғы өңірінде
орналасқан Сейфолланың жайлаудағы отырған жеріне бардық,- деп еске алады
қазірде көзі тірі Ақтүбек ауылының тұрғыны Кенжеқара ақсақал. Сейфолланың
жайлаудағы үйінің және қорасының орны бар екен соны көріп, Мәжекең ағай
“Үлкендерден естігенім болмаса, Сәкен ағамның туған жерін көрмеген едім.
Мұхамедқасым қарғам, сенің мұрындық болуының арқасында мұны да көрдім,
Жаратқан иемнің пешенеме жазғанына да көп рахмет!”,- деп ұзақ ойланғанына куә
болдым.
“Жақсыға әркімнің-ақ бар таласы” деген емес пе? Қазақ халқы қарын бөле болуға
дайын тұрады, онымен қоймай ұлы дамдарды өз жерінде тудыруға бейім. Қазіргі
кезде шындыққа жүгінбей, оны таптап өтіп өздері өмір сүретін елді мекенінде
ұлыларды тудырып жатыр. Соның бірі С.Сейфуллиннің өмірге келген жері турасында. Сәкен жалпы қазаққа ортақ болғанымен, туған жері ортақ болуы мүмкін
емес.
Сәкеннің туған жерін көкпар қылудың қажеті жоқ, ендігі кезекте оны “Қазақ
әдебиетінде” бір ізге түсірген жөн деп санасақ, Сәкен қазан айының он бесінші
жұлдызында Сейфолланың Қарашіліктегі қыстауында туды деген ойдан шығарған
қате пікірден бас тартуымыз керек.
Мұса ТайТӨлеуОв,
еңбек ардагері, зейнеткер
5
ЖаҢааРҚа ауДаНДЫҚ ауМаҚТЫҚ Сайлау
КОМИССИЯСЫНЫҢ ШеШІМІ №2
атасу кенті
4ақпан 2019 жыл
Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148-II Заңын орындау үшін аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы шешім етеді:
1.Ауылдық округтің құрамына кірмейтін Қараағаш ауылы әкімінің сайлауы 2019 жылы 4 сәуірге
тағайындалсын.
2.Ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу жөнінде
күнтізбелік іш-шаралар бекітілсін.
3.Әкімдерге кандидаттар ұсыну 2019 жылдың 5 наурыздан басталып 10 наурызда аяқталады.
4.Әкімдерге кандидаттарды тіркеу 2019 жылдың 8 наурыздан басталып 20 наурызда аяқталады.
5.Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Н.акишев
аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы
М.Мукатаев
4 сәуір 2019 жылға белгіленген Жаңаарқа ауданының
Қараағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі
аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және орналасқан
жері туралы ХаБаРлаМа
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Жаңаарқа
ауданының сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және
орналасқан жері жөнінде хабарлайды:
№ п/п
1.
аумақтық сайлау
комиссиясының орналасқан
жері
Телефон, факс
аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
Жаңаарқа ауданы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы
100500, Жаңаарқа ауданы, Атасу Код 8-71030
Төраға - Акишев Нұрлан;
кенті, Тәуелсіздік даңғылы 8.
тел./факс: 2-67-95 Төраға орынбасары – Икенов Азамат Амангелдіұлы;
Хатшы – Мұқатаев Мейрам Ахатұлы;
Комиссия мүшелері:Шамаева Нұргүл Ноғайқызы;
Клепп Зоя Александровна, Байтуғанова Қарашаш Төлеуқызы, Шабдаров Берген Боранбайұлы.
ҚаЗаҚШа ОҚЫ, лаТЫНШа ЖаЗ!
30 қаңтар күні бөлім әдіскері Әсия Рышкен "Latynsha jazyp daǵdylanamyz" атты кезекті тренингті өнер
мектебінің ұстаздарымен өткізді.
Шара барысында жаңа емле ережесі таныстырылып, өзгеріске ұшыраған әріптер жекелей талданды.
Латын әліпбиімен өз есімдерін жазуды үйренген
ұстаздар алдағы уақытта да тренингтер өткізілсе
деген ұсыныс тастады.
5 ақпан күні "Жаңаарқа ауданының психологиялықпедагогикалық түзету кабинеті" КММ-нде "Latynsha
jazyp
daǵdylanamyz"
атты
тренинг
өтті.
Қатысушылар тренинг басында тапсырмаларды баяу
орындағанымен, түрлі жаттығулар орындау арқылы
латын әріптерімен жазуды оңай меңгеріп алды. Шара барысында түрлі сөйлемдер құрап, бастапқы
жылдамдықтарын арттыра түсті.
еМле еРеЖеСІ ТалҚЫДа
31 қаңтар күні орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде "Жаңа емле ережесі талқыда" атты
дөңгелек үстел өтті. Бұл басқосуға латын графикасын насихаттау жұмыстарымен айналысатын
жұмысшы топ, аудан мектептері мен Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледждің тіл мамандары
жиналды. Шараның шымылдығын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қанапин
Марғұлан Бауыржанұлы ашты. Талқыға түскен мәселе - емле ережесі. Бөлім әдіскері емле ережесіне
қысқаша тоқталып өтіп, әсіресе, шеттілдік сөздер емлесіне келгенде қатысушылардың жекелей пікірлерін сұрады.
Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С.Борамбаева, "Жаңаарқа" газеті редакциясының
редакторы С.А.Ералина, аудан мектептері мен колледждің тіл мамандары М.Абдықадыров,Г.И.Достаева, А.Д.Накипова, Ж.Б.Сақауова, Ә.Окасова т.б пікір білдіріп, ұсыныстар ұсынды.
Барлық қатысушылар бірауыздан латынға көшуді қолдайтындарын жеткізді. Себебі, латын әліпбиіне
көшу - тілдің сақталуына жасалған белсенді қадам.
лаТЫН ӘлІПБИІ ҚаЗаҚ ТІлІН еРКІНДІККе
ШЫҒаРаДЫ
Латын әліпбиіне көшу мәселесі - күні кеше шыққан жаңалық емес. Жаңа әліпбиге ауысамыз дегеннен
бері толассыз толқынмен келе жатқанымыз баршаға аян. Сол толқынның ағысымен келе жатып, талай
кедергілерге тап болуымыз мүмкін, бірақ басты мақсат – жағаға жету, жерге табан тіреу. Бұл дегеніміз
– латын әліпбиіне көшуде көптеген қиындықтарға кездесуіміз мүмкін, бірақ басты міндет – латынша
сауатты жазып, сауатты оқуды үйрену. Бұл жолда, бірінші мәселе - латын әліпбиіне көшудің
маңыздылығын ұғыну қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Біз латын әліпбиіне көшпейміз, біз латын
әліпбиіне қайта ораламыз», - деген. Тарих беттеріне көз тастасақ, 1929-1940 жылдар аралығында біздің
жазуымыз – латын әліпбиі болғаны белгілі.
Екінші мәселе – біз латын тіліне көшеміз деген жаңсақ пікірден аулақ болуымыз қажет. Біз латын тіліне көшпейміз, біз латын әліпбиіне ауысамыз. Демек, тіліміз емес, таңбамыз ауысады. Ендеше, мәселе
тілдің өзгеруінде емес, мәселе таңбаның ауысуында жатыр.
Қазақстанның латын графикасына көшуін тек әліпби мен жазуды ауыстыру деп түсінбеу керек, бұл
әрекетті үлкен идеологиялық серпіліс деп тану қажет. Яғни, жазуда реформа жасаудың өзі қоғамдық
сананы жаңғыртудың алғашқы қадамы болып саналады.
Латын қарпіне ауысу – әлемдік технологияға, білімге тікелей, делдалсыз қол жеткізуге, ұлттық кодымызды жоғалтпай, өзге ұлттардың озық жетістіктерін алуға әрі жаһандану заманында бәсекеге
қабілетті ел болуға және өз тәжірибемізді ғаламдық деңгейдегі аудиторияға таныстыруымызға
мүмкіндік береді.
Әсия РЫШКеН,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері
6
Халық қазынасын қастерлеген
9 ақпан 2019 жыл
Ұстаз-ғалым Берік Серікбайұлы Рахымовтың өнегелі өмір жолынан
Қазыналы Қарағанды облысының қасиетті де
құнарлы Жаңаарқа ауданының топырағынан түлеп
ұшып, ұлы мәртебелі әдебиет пен соқтықпалысоқталы ғылым саласында танымал тұлғалар
қатарында белгілі ғалым Б.С. Рахымовтың орны да,
жөні де бөлек.
Берік (Бекен) Серікбайұлы 1958 жылы 25
желтоқсанда Жаңаарқа ауданы, Айшырақ елді мекеніне қарасты Алтынбұлақ деген жерде дүниеге келген.
Аудан
орталығынан
шалғай
шаруашылықтарының бірі Ақтау селосындағы орта
мектебінің бастауыш сыныбы, Ақтүбек сегізжылдық
мектебінен соң, әрі қарай Атасу орта мектебінде оқып
тәмамдаған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ жанжақты қабілеттілігімен, алғырлығымен ерекшеленген. 7-сыныптан бастап балауса өлең-жырлары,
қауырсын қанат мақалалары мерзімді жергілікті басылымдарда жариялана бастаған.
1976-1981 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде
дәріс алды. Студенттік жылдарда да Б.С. Рахымов
өзінің оқуға зейінділігімен көзге түсті.
1979 жылы дәстүрлі өтетін «Студент жастардың
ғылыми ізденістері» атты ҚР ҒА өткізген конференцияда және Өскемен педагогикалық институттында
өткен студенттер конференцияларында 1-орын алды.
Жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтап, кенішті
қаламыздағы шақырған мәдениет саласындағы қызметке
қарамай, өзінің өтінішімен туған жеріне сұранып, Ақтау орта
мектебінде еңбек жолын бастады.
1982 жылы жас маманның қарым-қабілетін танып, аудандық
комсомол комитетіне қызметке тартылды.
1982-1984 жылдары әскер қатарында борышын өтеп, одан
әрі Жаңаарқа аудандық №12 орта кәсіптік-техникалық
училищесінің комсомол комитеті хатшысы, оқытушысы,
аудан өмірінің айнасы – «Жаңаарқа», «Новая степь»
газеттерінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. Атасу
поселкелік Советінің депутаты болып та ізгі істерімен
көрінді.
1986 жылы өзі жоғары білім алған Қарағанды мемлекеттік
университетіне оқытушылыққа шақырылды. Міне, Берік
Серікбайұлының содан бергі бүкіл саналы ғұмыры ғылым
мен білім саласымен тығыз байланысты. Ол бірден
кафедрадағы шын иесін таппай, әркімге жүктеліп келе жатқан
халық ауыз әдебиеті, көне дәуір әдебиеті пәндерін қалап
алды.
Орталық Қазақстан өңірінің Ұлытау, Балқаш, Қарқаралы,
Жаңаарқа, Ақадыр аймақтарына арнайы фольклорлық экспедициялар жүргізді. Фольклорды жинау, жариялау, зерттеу
мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары
мен бағдарламалар жасауға белсене араласты. Жас
ізденушінің терең пайымы, қалыпты зейін-зердесін таныған
ғалымдар бірден көмек қолын созып, көпшілігі ғылыми іске
кірісуін құптады.
Дәл осы кезеңде Алматыдан ҚарМУ-дің шақыруымен филология
факультетіне
мемлекеттік
аттестациялық
комиссияның төрағасы болып келген, фольклортанушы
ғалым Ш. Ыбыраевпен танысуы бірден ғылым жолына жетелеген еді. Шәкір Ыбыраев та жас ізденушінің талабын танып,
бірден ғылыми жетекші болуға келіскен болатын.
1990 жылы «XVIII ғасырдағы қазақтың ұлт-азаттық
жолындағы күресі оқиғаларына қатысты туған тарихи жырлар» атты кандидаттық диссертация тақырыбы бекітіліп,
1993 жылы бұл жұмыс ҚР ҒА М.О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңесінде
қорғалды. Жұмысқа қатысты ғалымдардың қостаған пікірлері көп айтылып, тарихи эпосқа қатысты әлі де ізденсе деген
тілектерін жеткізген еді. Бұл еңбек телегей теңіз байлығымыз
болып табылатын эпостық мұралар десек, соның бір арнасын
құрайтын тарихи жырлар туралы ізденушінің алғашқы талпынысы болатын. Жұмыста тарихи жырлардың жиналуы,
зерттелуі, тұтастану, жанрлық сыр-сипаты турасында тың
мәселелер айтылды. Алайда, ізденуші бұл тақырыптың тың,
көп мәселелердің әлі де ғылыми тұрғыдан зерттеуді керек
ететіндігін түсінді.
Ғылыми қауымнан бағасын алған «Тарихи жырлар
тағылымы» (1997), монографиясы мен «Эпостану негіздері»
(1998), «Олжабай батыр» (2000) оқулықтарына қатысты
газет-журналдар беттерінде де жылы лебіздер айтылып, ЖАК
тарапынан доцент атағы берілді.
1993-2000 жылдар аралығында филология факультеті деканы орынбасары, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
болып жүріп те ғылымдағы таңдаған тақырыбын бір сәтке
естен шығарған жоқ. Өзі дәріс беретін «Қазақ халық ауыз
әдебиеті», «Ежелгі дәуір және XV-XVIII ғасырлардағы
әдебиеті» курстарымен қоса, жаңадан «Тарихи жырлардың
поэтикасы», «Тарихи жырлардағы шежірелік арқау», «Фольклор теориясы», «Эпостанудың өзекті мәселелері» атты
мамандыққа дайындау тұрғысында жаңа пәндердің тұсауын
кесті.
Қолжазба қорларындағы және өзі жүргізген түз жұмыстары
арқылы тарихи жырлардың үлгілерін жинақтап, әйгілі
«Сәтбек батыр», «Абылай», «Ағыбай», «Кенесары-Наурызбай», «Есет батыр» және т.б. жырларды баспасөз беттеріне
жариялады. Тікелей өз бастамасымен «Орталық
Қазақстандағы әдебиет пен өнердің қалыптасуы мен дамуы»,
«Тағдыры бөлек таланттар», «Олжабай аман болса, ел аман»
атты республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларды мазмұнды өткізді.
2000 жылы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, қажет
болса қатаң талап қоя білетін ғалым-оқытушының алдымен
«Тарихи эпос табиғаты» (1999) атты монографияны, соңынан
«Қазақ тарихи жырларының поэтикасы» атты доктарлық диссертациясы өте сәтті қорғалды. Бұл еңбекте негізінен
қазақтың тарихи жырларының зерттелу тарихы, поэтикасы
мен типологиялық мәселелері, тарихи жырлардың
тұтастануы, ондағы дәуір және уақыт дәстүрі, жырдағы шежірелік арқаулар мен батырлық эпос пен тарихи жырлардағы
уақыт пен кеңістік мәселелері, қаһармандарды типтендіру
концепциясы, сюжет пен мотив, сөз көркемдігі мен тіл өрнегі
секілді күрделі мәселелер ғылыми тұрғыдан тереңдей талданады.
Соның нәтижесінде Кеңес дәуірінде тарихи жырлар тек
XVIII ғасырдан бастап мәлім делініп, сол ғасырдан ғана таратылатын қатаң қағидаға түзету жасалды. Зерттеуші тарихи
жырлардың шығу тегі Қазақ хандығының құрылу кезеңінен
басталатындығын атап, оған дәлел ретінде «Әз Жәнібек»,
«Шора батыр», «Сәтбек батыр», «Еңсегей бойлы ер Есім»,
«Олжаш батыр», «Әз Тәуке» және т.б. жырларын
тақырыптық және сюжеттік жағынан дәлелдеп берді.
Тарихи эпостың дәуірлік жағынан шығу тегі мен пайда болуын үш ғасырға ұзартқан ізденуші болса, тарихи жырларды
хронологиялық жағынан тақырыптық тұрғыда былайша
бөлді:
1) XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының тәуелсіздігі
жолындағы тарихи жырлар.
2) XVIII ғасырдағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысына байланысты туған тарихи жырлар.
3) ХІХ ғасырдағы отарлау саясатына қарсылықты білдіретін
тарихи жырлар.
4) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайындағы тарихи
өлең, жырлар.
Дәуірлік тұрғыдан осылайша бөлінсе, жанрлық синкреттілігіне қарай тарихи жырларды төмендегіше жіктейді:
1) Тарихи жыр (XV-XVIII ғасырдағы жырлар),
2) Реалды – тарихи эпос (ХІХ-ХХ ғғ. басындағы жыр
үлгілері).
Зерттеуші бұл мәселеде тарихи эпос ежелгі эпостың
көптеген белгілерін табиғатына сіңіргендігін дәлелдеп,
алайда жанрлық тұрғыдан өзгешелігі барын дәлелдейді. «Тарихи жыр өз бастауын тарихи өлең, аңыздардан алып, белгілі
оқиғалардың көрінісі ретінде туындаған, қазақ елінің
тәуелсіздік жолындағы күресінің көркемдік шежіресі деп танылуы тиіс», – дей отырып, «Тарихи жырлар мен реалды-тарихи эпоста рулық, тайпалық мақсаттардан бөлектеніп, алаш
бірлігі, жалпы халықтық іс, мемлекеттік мүдделер басты
орынға шығады. Сондықтан тарихи эпосты біртұтас алып,
тұтастай жүйе ретінде қарау ғана нәтиже береді» – дейді.
Осы пікірдің дәлелін зерттеуші өзінің ғылыми еңбегі
арқылы дәлелдеп берді.
Осы еңбектен кейін тарихи жырлар мектеп
бағдарламаларына еніп, ЖОО орындарында кеңінен оқытыла
бастады. «Бабалар сөзі» атты жүз томдыққа енді.
Жалпы бұл еңбекке қатысты фольклортанушы ғалымдар: Р.
Бердібай, О. Нұрмағамбетова, Б. Абылқасымов, А. Сейдім-
бек, Ш. Ыбыраев, С. Қасқабасов, Қ. Мәшһүр-Жүсіп,
Ә. Молдаханов, Е. Тұрсынов және белгілі әдебиетші
ғалымдар: Б. Әбдіғазиұлы, А.С. Еспенбетов, Қ. Алпысбаев, А. Исмакова, М.М. Бағызбаева, К. Матыжанов және т.б. гуманитарлық саланың мамандарынан
бағалы пікірлер айтылды. Ғылыми еңбектің
маңыздылығы
жан-жақты
талданды.
Осы
диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен оны
оқытудың әдістемелері, оқу құралдарының жарыққа
шығуына байланысты 2005 жылы фольклортанушы
Б.С. Рахымовқа профессор атағы берілді.
2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазақ фольклоры және
қазақ әдебиеті тарихына» арналған кафедра ашылып,
осы кафедраның меңгерушілігі Б.С. Рахымовқа сеніп
тапсырылды. Бұл сенімді ақтау жолында еселі еңбек
етіп, 2007 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті шақыруымен
басқа оқу орнына ауысып, филология факультетінің
деканы ретінде елеулі істерімен танылды.
2009 жылы профессор Б.С. Рахымов Қарағанды
қаласындағы «Болашақ» университетінің қазақ тілі
мен әдебиеті кафедрасының профессоры, осы университет жанынан құрылған Орталық Қазақстан
гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры болып, көптеген құнды қазыналарды жарыққа
шығарды. Атап айтқанда, өзінің көптен жинақтаған
тарихи жырларын – «Қазақ тарихи жырлары» деген атпен
хрестоматиялық сипатта дайындап, Орталық Қазақстан
өңірінің әйгілі тарихи тұлғалары «Сәкен Сейфуллин», «Қаз
дауысты Қазыбек», «Бұқар жырау» энциклопедияларын дайындап шығарды. Бұл еңбектер БАҚ арқылы насихатталып,
жалпы оқырман қауым тарапынан толықтай бағасын алды.
2012 жылы Қарағандыда тұңғыш рет «Әлихан
Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі және Қазақстан
Тәуелсіздігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны тікелей өзінің ұйымдастыруымен өткізіп, ғылыми
қауымнан жоғары бағасын алды.
Бүгінде кезінде өзі білім алған академик Е.А. Бөкетов
атындағы ҚарМУ-дің филология факультетінің қазақ
әдебиеті кафедрасының профессоры болып, еселі еңбегімен
елге танылған профессор Б.С. Рахымовтың ғылыми еңбектері
200-ден астам. Соның ішінде шетелде, жақын туысқан мемлекеттерде жарық көрген еңбектері де жеткілікті. Ғалым
халықаралық және республикалық ғылыми жобалар бойынша да еселі еңбек етіп келеді. Оның жетекшілігімен 5
ғылым кандидаты, 14 ғылым магистрлері дайындалған.
Шәкірттері көпке танымал, фольклортану саласында
еңбектеніп келеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «ҚР
Ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін» төс белгісі,
«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалі мен 2016
жылғы Республика ЖОО арасындағы «Үздік оқытушы» грантын жеңіп алуы да ғалым еңбегіне берілген лайықты баға
екендігіне талас жоқ. Ол сонымен қоса қалалық, облыстық
мәдени шараларға шақырылып, қоғамдық істерге белсене
араласатындығымен де көпке танымал.
Көптеген ғылыми журналдардың редакция алқасы мүшесі,
облыстық онамастика комиссиясы мүшесі ретінде де елеулі
еңбек етіп келеді. Фольклортанушы, филология ғылымының
докторы, профессор О.Ә. Нұрмағамбетова тарихи жырлар туралы Б.С. Рахымовтың еңбегін оқып шығып, жазбаша мынадай пікір қалдырыпты: «Тарихи жырлар поэтикасы» атты
ғылыми жұмысты оқып шыққаннан кейінгі ойымыз: «Берік
Рахымов жаңа жаза бастаған, ғылымға жаңа келген жас
ғалым емес. Өз ойы, өз пікірі айқын ғалым әрі өте білімді, білікті педагог есебінде қалыптасқан өз ісінің маманы екені
айқын. Ғылыми және практикалық жағынан алғанда Рахымов
Берік Серікбайұлының еңбегі фольклортану ғылымына
қосылған зор табыс, қазіргі қазақ фольклортану ғылымын өте
жоғарғы биікке көтерер үлкен белес деуімізге болады» депті.
Біз де сол пікірге тоқтадық.
Өткен 2018 жыл – ұлт тарихында жетістіктерге толы
жарқын жыл болды. Осынау мерейлі сәттерге сәйкес, біздің
Берік ағамызда алпыстың асуына шықты.
Алқынбай абыроймен көтерілді. «Алпыс - тал түсті» мойындатты. Ләйім, осы денсаулық, осы бақыт, осы биігі келер
мерейтойларына жұғысты болсын деп тілейміз!
ххх
Ғалым Б.С.Рақымовтың 60 жасқа толу мерейтойына байланысты республикалық ғылыми-практикалық конференция
2019 жылдың 15 наурызында Қарағанды қаласындағы
М.Жұмабаев атындағы № 39 мектепте басталып, әрі қарай
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің мәдениет сарайында
жалғасады. Келем деушілерге есік ашық.
Әлімжан ҚҰТЖаНҰлЫ,
е.а.Бөкетов атындағы ҚарМу-дің
журналистика кафедрасының аға оқытушысы
9 ақпан 2019 жыл
ЕсКЕ алу
Өркендеу ауылының тұрғыны болған, шаңырағымыздың
ұйытқысы, асыл да ардақты анамыз, сүйікті әжеміз
Өтебаева ақан ахметбекқызының бақилық болғанына
16 ақпан күні 40 күн толады. Барлық балаларына аналық
мейірімін төгіп, бар жақсылығын аямаған анамыздың о
дүниедегі барар мекені пейіштің төрі болғай деп рухына
дұға бағыштаймыз.
Жаны жайсаң жан едің,
Отбасымыздың сәні едің.
Сағындық қой, жан ана,
Өмірдің мәні сен едің.
Жұмақта мекен еткейсің,
Пейіш төріне жеткейсің.
Өмірден мәңгі кеткенмен,
Көңілден мүлде кетпейсің.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, күйеубалалары, келіндері
16 ақпан күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, Сәкен ауылының тумасы
болған шаңырағымыздың ұйытқысы ардақты анамыз, асыл
әже Мұқатайқызы Шолпанның бақилық болғанына 1
жыл толады. Бұл дүниенің маңдайына сыймай кеткен
өзіңізді сағына есімізге ала отырып, жатқан жеріңіз
пейіштің төрі болсын дейміз. Өзіңіз көрмей кеткен дүниенің
қызығын Алла жақындарыңызға нәсіп етсін. Анамыздың
жарқын бейнесі санамыздан еш өшпек емес. Жатқан жеріңіз
жайлы, топырағыңыз торқа болсын, жан Ана!
Анажан шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не жоқсыз, бүгін ортамызда,
Сағындық ана сізді баршамызда.
Жан ана балаңның тірегі едің,
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен бірге өткен күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушылар: баласы ерболат-Саягүл, немерелері Сағындық, Саян,
еркежан.
анамыздың өмірден озғанына 1 жыл толуына орай 16 ақпан күні сағат 13.00-де
“Халық” мешітінде құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл
ауғанстан: сөнген шоқ,
өшкен арман...
Отқа оранған ауыр жылдар ел жадында. Биыл 2019 жылдың 15 ақпанында Кеңес
әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Өткен тарихты парақтап,
парықтасақ, 1989 жылдың 15 ақпанында КСРО халқы Әмудария өзеніндегі көпірдің үстінде
Ауғанстаннан қайтқан 40- армияның жауынгерлерін салтанатпен қарсы алды. Кеңес
әскерлерінің жекелеген бөлімшелері 1988 жылдың 15 мамырынан бастап Ауғанстан
аумағынан шыға бастаған. КСРО тоғыз айдың ішінде әскерлерін бұл елден шығаруға міндеттеме алды. Бұл өте күрделі операция болатын. 4 ақпан күні Кеңес Армиясының соңғы
бөлімі Кабулдан шықты. Ал 15 ақпанда 40- армияның қолбасшысы, генерал-лейтенант
Б.Громов Термез қаласында "Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты, артымда
бірде-бір жауынгер қалған жоқ деп" басшылыққа баяндады. Алайда, өзеннің арғы жағында
қалған шекарашылар тағы үш ай бойы Ауғанстанда жауынгерлік тапсырмаларды орындады.Мәскеу тара¬пынан Ауғанстаннан әскерлерді шығару туралы ешқандай ақпарат болған
жоқ. Операция кезінде Кеңес Одағының 523 жауынгері мен офицері қаза тауып, қаншама
адам тұтқында қалды. 40-армия шыққаннан соң да шабуылдаушы моджахедтерге қарсы
қиянкескі шайқастар болды. 1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун» опера¬циясы кеңес
әскерлерінің ауған жерін¬дегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы ұрысы болды.
Біздің Жаңаарқа ауданынан да 20 жауынгер Ауғанстанда ерлікпен өз міндеттерін атқарды,
олар: 1) Трутько Владимир ( Ауғанстанда 07.12.1985 жылы Интернационалдық борышын
орындау кезінде ерлікпен қаза тапты), Сағиев Аманбай, Тынысбаев Ермек, Баймырзаев Көл,
Накипов Бек, Ашкенов Бақытжан, Жылқыбаев Қыдырбай, Текебаев Жұмакелді, Назаров
Оралбай, Крапивин Михайл, Смағұлов Ғабит, Ионов Владимир, Бекетаев Абушахман,
Әбілқасымов Қами, Орынбасаров Сәкен, Далбаев Дәулетбай, Әбішев Сұлтан, Досанов
Еркеш, Ысқақов Қыдырбай, Қыдырбаев Бәделхан.
Жерлесіміз ТРУТЬКО ВЛАДИМИР 1985 жылдың желтоқсан айының 7-ші жұлдызында
Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапты.Ол
Қызыл Жұлдыз Орденымен марапатталды. Біздін ауданда Трутько Владимир туып өскен
көшесіне оның аты берілді және Владимир оқыған Ю.Гагарин атындағы мектебінде мемориал тақтасы орнатылды.
Ауғанстанда қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, каһармандық
танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте
сақтау азаматтық парызымыз болса, бүгінде Жаңаарқа елінде еңбек етіп жүрген Ауғандық
ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің адами борышымыз!
Гүлім ЖаҚЫПОва,
Жаңаарқа ауданының мемлекеттік
архивінің жоғарғы санаттағы мұрағатшысы
Көңіл айту
Аудан әкім аппараты аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Айгүл
Туғанбаеваға
аЯулЫ аНаСЫНЫҢ
қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады
7
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған аяулы да сүйікті анамыз, немере-жиендеріне қамқор әже Сәулетай
Әбдіқұлқызының өмірден өткеніне 22 ақпан күні 40 күн
толады. Амал не, Алланың қалауына араша тұра алмадық.
Сағынышқа толы жүрек тебіренісі күн өткен сайын артуда.
Өкініші мен сағынышы мол өмірде адамзат баласының
барлық арманы орындала берген бе? Анамызға деген
сағыныш, балалық махаббат көкіректі сыздатып, ойсырап
қалған төрдегі орнының қадірін ұқтырғандай. Мәңгілік
тұрағында Алланың нұры, Пайғамбардың шапағаты жаусын деп рухына арнап дұға бағыштаймыз.
Анажан шаңыраққа болдың пана,
Жамандақ қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не , жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық, Ана, сізді баршамыз да.
Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің,
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін жанымызда,
Айтқан сөзің тәтті күлкің жадымызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушылар: ұлдары, қыздары, күйеубалалары, келіндері, немерешөберелері, туған-туысқандары
22 ақпан күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында аяулы анамыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Маман кеңесі
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
Жыл сайын 4 ақпанда бүкіл әлемде обыр мен күресу күні атап өтіледі. Бұл күннің
мақсаты-қоғамның назарын осы маңызды мәселеге аудару, қазір онкологиялық аурулардың
қаншалықты таралғанын еске түсіру және онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді
азайту.
Обыр-бұл дененің кез келген бөлігін зақымдайтын 100-ден астам аурулардың жалпы белгісі.
Бүгінгі күні онкологиялық аурулардың ең көп тараған түрлерін атап өтуге болады: ерлерде
бірінші орында -өкпе, бронх және кеңірдек обыры, бұл барлық онкологиялық диагноздардың
17,8%, екінші орында –қуық асты безі обыры (14,3%), содан кейін- тері обыры (11,5%). Ал,
әйелдерде сүт безі обыры (21%) бірінші орында, 2 орында — меланома және басқа да тері
ісіктері (16,5%), содан кейін колоректалды обыры және аналық без обыры.
Онкология қаупін болдырмау үшін қандай симптомдар ескерту және дереу дәрігерге
жүгінуге мәжбүр ету керек?
1.Ішек немесе қуық жұмысындағы өзгерістер. Оның ішінде дәретханаға жиі бару немесе
керісінше, үлкен дәретке аптасына үш реттен аз бару.
2.Ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жаралар да дәрігерге қаралу себебі болып табылады.
3."Ерекше" қан кету немесе бөлінулер, мысалы, әйелдерде етеккір арасындағы қан кету
(жатыр мойны обырының ықтимал симптомдарының бірі), емізіктерден бөлінулер (сүт безі
обырының симптомы), бұрын сізді мазаламаған басқа да бөлінулер болуы мүмкін.
4.Кеуде немесе дененің басқа бөлігіндегі ісіну немесе кесек (түйін).
5.Ас қорытудың жиі бұзылуы, сондай-ақ жұтынудағы қиындықтар.
6.Адам денесіндегі қалдардың (туған дақтар) түсінің, өлшемінің өзгеруі, сондай-ақ олардың
деформациясы немесе жаңадан қалдар пайда болуы.
7.Сондай-ақ үш аптадан артық жазылмайтын жөтел, ентігу, сырыл өкпенің онкологиялық
ауруының белгілері болуы мүмкін.
Егер сіз осы белгілердің бірін байқасаңыз, онда ең алдымен сіз тіркелген емхана дәрігеріне
жүгіну қажет. Дәрігер, қатерлі ісікке күдіктенген жағдайда,барлық қажетті талдауларды
тағайындап, қажет болған жағдайда онкологқа кеңес алуға жолдама беруі тиіс.
Скрининг бағдарламасы шеңберінде ауруды ерте анықтау және емдеу кезінде обырдан болатын өлім-жітімді төмендетуге болады. Қатерлі ісік белгілерін немесе обыр алды жағдайды
анықтау үшін дені сау халық арасында тестілерді қолдануға негізделген скрининг
бағдарламалары осындай белгілері бар адамдарды диагностикалау мен емдеуге жылдам
бағыттауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде жатыр мойны обырына немесе сүт безі обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмайтын 30-40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер тіркелген орны бойынша емханада онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық медициналық
тексеруден тегін өтуі мүмкін екендігін еске салады. Сондай-ақ полипоз, тоқ ішек обыры
бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер, колоректалды
обырды ерте анықтау үшін профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеруден өтуге
құқылы.
Халықаралық сарапшылар өмір сүру ұзақтығының өсуін ескере отырып, әрбір екінші адам
қандай да бір онкологиялық ауруға тап болуы мүмкін деп санайды. Бұл ретте 10 обырдың
4-інде өз өмір салтын өзгертсе, алдын алуға болады:
1)Темекі шегуден бас тарту;
2)Дененің сау салмағын сақтау;
3)Алкогольді асыра пайдаланбау;
4)Қалыпты күнге күю, белсенді кезеңде күннен аулақ болу;
5)Физикалық белсенді өмір сүру;
6)Дұрыс тамақтану ережелерін ұстану.
Онкологтардың мәліметтері бойынша, бастапқы кезеңде ісіктердің барлығы емдеуге беріледі, ал 99% жағдайда оларды хирургиялық жолмен емдеуге болады. Сүт безінің, аналық
бездің, еркектің жыныстық аясының, бас пен мойын ісіктері жақсы емделеді.
Қазір онкологиялық ауруларды табысты емдеу үшін дәрігерлерде заманауи технологиялар
бар. Бірақ, емделуде жетістікке жету үшін, пациент дәрігерге сенім білдіру керек, ешбір
жағдайда адам қайғысынан табыс табатын алаяқтар мен халық емшілеріне жүгінбеуі керек.
Қазіргі уақытта қатерлі ісік үкім емес, бұл ауруды жеңуге және емдеуге болады.
Фазыл КОПОБаев,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КаҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының
директоры
Құттықтаймыз!!!
Жаңааарқа ауданының тұрғыны, ардақты жан, қадірлі де
құрметті жеңгеміз, сырлас абысын Гүлбану Сапарбекқызын
7 ақпан күні 40 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз.
Мерейтойын тек қуаныш-қызыпен көмкеріліп, өмірін өнегелі
өрістерімен өрнектелсін. Әрдайым әрбір таңды бақыт сезіммен, нық сенім үкілім үмітпен қарсы ала бер. Жасыңа жас
қосылып, өмірдің бар думаның көріп, бақытқа бөленуге тілектеспіз.
Әрбір күнің өтсінші мейрам болып,
Жүрегіңе бақ нұры, шуақ толып.
Күллі әлемнің бақыты бір сенің де,
Өміріңді әркезде жүрсін шолып.
Арамызда айтылмайтын ақ тілек жоқ,
Осы жасың қалмасын елеусіз боп.
Неге жасқа келсең де, абзал құрбы,
Жаннан жігер, жүректен өшпесін от.
Ізгі тілекпен: Нұрбол-еңлік, Рүстем-Жазира, Сырым-Салтанат, ержан-асыл
ІІ облыстық «Ханзадалар мен ханшайымдар»
байқауының ережесі
Мақсаты: Облыс көлеміндегі бүлдіршіндер арасында көркем өнерін дамыту.
Орындаушылық шеберлігі жоғарғы деңгейде көтеру. Қазақстан халқының өнері мен
мәдениетін насихаттау:
Байқаудың шарттары:
1.Өзін-өзі таныстыру
2.Қазақ халқының ұлттық киімдерін қазіргі заманға сай көрсету «Ханзада мен ханшайым»
костюмі
3.Өнерлерін көрсету (ән, би, көркем сөз)
4.«Авангард» сән үлгісі (мата, мех,, тері сияқты заттарды қолдануға болмайды. «Авангард»
- күнделікті өмірде қолданылмайтын заттар. Мысалы: пластик, салфетка, губка т.б заттар)
Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшеліктері.
1.Кіші топ 4 жастан 6 жасқа дейін 10.00-11.30 сағат аралығында
2.Орта топ 7 жастан 10 жасқа дейін 11.30-13.00 сағ аралығында
3.1-ші іріктеу жергілікті жерде өтуі керек
4.2-ші кезең мәдени-сауық орталығында өтеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысатындардың орындау шеберлігі, әншілердің дауыс ырғағы, сахна мәдениеті,
сән үлгісі жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Әр топтан 1 баладан қатыса алады. Байқауға
бұрынғы жүлдегерлер қатыстырылмайды, байқауда алдыңғы көрсетілген киімдерді екінші
рет көрсетуге рұқсат жоқ. Сұраныс 19-22 дейін қатаң түрде қабылданады. «Авангард» киім
немен жасалған туралы жазып әкелуі керек.
Марапаттау:
Қазылар алқасында Халықаралық байқаудың директоры және әнші, бишілер, білім
бөлімінің мамандары болады. Қосымша сұрақтарыңыз болса 2-85-44 телефонына
хабарласыңыздар.
Өтетін күні: 26 ақпан. Өтетін жері: Мәдени –сауық орталығы
Мәдени-сауық орталығы
Жаңаарқа ауданының жұмыс
берушілерінің назарына!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсанындағы № 919
қаулысымен бекітілген «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына 2018 жылғы «13» қарашадағы
№746 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен түзетулерге сәйкес «Халықты жұмыспен қамту
орталығы» КММ-сі «Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыруға» 2019 жылға жұмыс
берушілерден қажетті мамандықтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға өтінімдерді жинауды
жүзеге асырады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудға қатыса алатын адамдар; 1) жұмыс іздеп
жүрген адамдар; 2) жұмыссыздар; 3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге
асырылады; 4) мүгедектер; 5) балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, асырап алушылар,
қорғаншылар (қамқоршылар); 6) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам
есепте тұрған жұмыссыздар; 7) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген)
және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдар; 8) бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар кәсіптік оқытудан басым
тәртіппен өтеді. Осы бағдарламаға қатысам деген жұмыс берушілер (жеке кәсіпкерлер,
шаруа қожалықтары және мемлекеттік мекемелер) және жұмыссыздар төмендегі мекенжайға хабарласуға болады. Ауданның жұмыс берушілері өтінімдерді ағымдағы жылдың 01
наурызға дейін «Халықты жұмыспен қамту орталығына» тапсыру қажет. Толық ақпараттар
бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз: Атасу кенті Тәуелсіздік
даңғылы 5, тел: 2-80-40, 2-68-64, Эл.мекен-жай: janaarka_centr@mail.ru
Халықты жұмыспен қамту орталығы
БеЗЗалОГОвЫе КРеДИТЫ
От азиатского Кредитного Фонда
БЫСТРО, уДОБНО, БеЗ КОМИССИй, На
лЮБЫе ЦелИ
•Сумма кредита – от 100 000 тенге до 1 000
000 тенге
•Срок кредита – от 6 мес до 24 месяцев
•Быстрое оформление – решение в день обращения
•Документы – удостоверение личности (для
пенсионеров-пенсионная книжка)
в связи с расширением ждем вас по новому адресу п.атасу ул. абая д.19 (напротив школы им.С.Сейфуллина).
Контактные телефоны:8 (71030) 2 71 94, Нурсултан +7 771 266 57 00, акмарал +7 771
747 06 85, Нурболат +7 707- 607-88-40
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
еРалИНа СалТаНаТ аМаНҚЫЗЫ
МеНШІК ИеСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИН 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБе 16,
РНН 240400001948, аО “Народный Банк Казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, О.Жұмабеков атындағы
ЖОББ мектебінің директоры, білімді де білікті басшы Рахимов
Рысқали Серікбайұлын 55 жасқа толуымен құттықтаймыз.
Қадірлі де құрметті басшы, білімі мен білігі мол ұстаз бола
білген ардақты азаматқа зор денсаулық, ұзақ өмір, жүрегіне
имандылық, өмірдің бар жақсылығын, жүрек жарды
қуаныш-қызығын, биік абырой, асқаралы белес тілейміз.
Ұрпақтарыңыз өсіп-өркендеп, жанұяңыздың шаттығын
көріп, нұрлы болашақ Сізге әр күн сайын жанды
марқайтар бақытты шақтарын әкеле берсін.
Мерейлі күндеріңіз нұрға толсын,
Әр күніңіз мағыналы жырға толсын.
Алланың несібе еткен бар жақсысы,
Сіз отырған төріңіздің сәні болсын.
Қашанда сый-құрметке бөленіңіз,
Тек қуаныш болсыншы көргеніңіз.
Күш-қайрат, жігеріңіз тарқамай,
Құтты болсын 55-ке келгеніңіз.
Ізгі тілекпен: осы мектептептің педагог-психологтары Индира Жанатқызы Бексейітова және Бибісара Досымқызы Мұңсызбаева
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ардақты жиеніміз, қадірлі бөлеміз
Сырым Серікұлын орда бұзар 30 жасқа толуымен шын
жүректен құттықтаймыз. Сырымға денсаулық, жанұялық
бақыт, армандарының орындалуын тілейміз. Қабағына
кірбің, жүрегіңе мұң ұяламай, күнде шаттанып, мәз-мейрам
болып жүре бер дейміз. Өмірің шуақты, бақытың баянды,
жасың ұзақ болсын.
Нұр себелесін әр күн жаныңа,
Бақыт құсы сайрасың бағыңда.
Құтты болсын туған күнің мерекең,
Сәт сайын арта берсі берекен.
Көңілінде әрдайым күй ойнасын,
Ашық болып аспаның, күн жайнасың.
Жастық өмір, отыздың белесінде,
Шаттық, күлкі, той-думан тыйылмасын.
Құттықтаушылар: Бауыржан-Гүлбану, Нұрбол-еңлік, Рүстем-Жазира, ержанасыл
Жүзден – жүйрік, мыңнан- тұлпар...
Ақпан айының бесінші жұлдызында Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінде
аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақберен» республикалық байқауының
аудандық кезеңі өтті.
Байқау мақсаты: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық
ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу,
тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою,
(ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау ) шығармашылық
қабілеттерін айқындау. Аталмыш байқау көркемсөз оқу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар
мүшәйрасы, шығарма жазу, шешендік өнер және ақындар айтысы атты бірнеше
шығармашылық бағыттарда өтіп, оқушының талабы мен таланты, жетекшінің
шығармашылық қабілеті сынға түсіп жатты. Ауа райының қолайсыздығына қарамай
дүбірді естісе елеңдейтін бәйге аттарындай акт залы үкілеген үміттерге лық толды.
Ашылу салтанатында Б.Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
оқушыларының қазақтың ақберен ақыны М.Мақатаевтың өмір жайлы өлеңдерін оқуы
да кездейсоқтық емес еді. Бұл біріншіден, алдағы күндерде туған күні аталып өткелі
тұрған ақиық ақын рухына тағзым болса, сонымен қатар жарыста бақтарын сынағалы
тұрған үміткерлердің алдаспан ақыннан алған батасындай іспетті болды. Жарыс болған
соң «мыңнан - тұлпар, жүзден-жүйрік» анықталатыны бесенеден белгілі. Үкілеген
үміттерден жүйрігін жазбай танып, қара үзіп мәреге жеткендерді анықтау аудандық
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов пен «Жаңаарқа»
газетінің редакторы Салтанат Ералинаның еншісінде болып, аудан мектептерінің қазақ
тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің қолдауымен аталмыш шара өз мәресіне жетті.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» тарқата келе, облыс орталығына жолдама алған
оқушыларды атап өтсек: «Көркемсөз» номинациясы бойынша Б.Амалбеков мектебінің
оқушысы М.Пазыл, «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша О.Жұмабеков
атындағы мектеп оқушысы С.Жаманқұлов, «Ақындар мүшәйрасы» бөлімі бойынша
Көктал орта мектеп оқушысы Б.Тлеухан, Ынтымақ мектебінен «Шығарма жазу» бөлімі
бойынша Е.Аманкеш және «Шешендік өнер» номинациясынан М.Серікбай иеленіп, аудан
намысын қорғауға аттанады.
«Ақберен» байқауының аудандық кезең жүлдегерлеріне облыстық байқауда сәттілік
тілеп, топ жарып, қара үзіп мәреге жетулеріне тілектестік білдіреміз.
Ә.МҰХаМеДИНа,
аудандық білім бөлімінің әдіскері
Хабарландыру
Жаңаарқа аудандық сот ғимаратында 2019 жылдың 19-ақпанында сағат 09.30-ден 13.00ге дейін сот төрағасы міндетін атқарушы Баубеков Абай Отыншыұлының қабылдауымен
жеке және басқа да сұрақтармен “Ашық есік” күні өткізілетінін хабарлайды.
Жаңаарқа ауданлды сотының баспасөз орталығы
Хабарландыру
Ақпан айының 16-і күні сағат 10.00-де Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентіндегі
“Жібек жолы” кафесінің шығыс жағында “Салбурын” атты жарыс өтеді. Оған құмай тазылар, төбет иттер қоянға жету жарысына, қасқырмен таласқа түсу сайысына қатыстырылады.
Аудан тұрғындарын жарысқа белсенді қатысуға және қызығын тамашалауға шақырамыз.
аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1920 дана
Тапсырыс №7-9
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
2
Размер файла
19 278 Кб
Теги
qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа