close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

13 Жанаарка газеті compressed

код для вставки
№13 (9905), 9 наурыз, 2019жыл
АРУ КӨКТЕМ, АРМЫСЫҢ!!!
Мың рақмет, саған, қазақ елі!
Көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» күні. Елбасымыздың
Жарлығымен белгіленіп, күнтізбеден орын алған осы
күннің тарихы тереңде. Бұл
күннің
көктемнің
алғашқы
күніне
сәйкес келуінің
өзі қазақ елінің
көктемдей
м ау ж ы р а п ,
мамыражай
т і р л і к
кешіп,
ж а л п ы
жұртты
жатсынбай бауырына баса
а л а т ы н
өзінің
бір
ерекшелігінен
бастау алғандай.
А д а м з а т
б а л а с ы н ы ң
тарихындағы сан тегеурінді тірлікті бастан кешкен
қазақ сахарасы, тағдыр тауқыметімен жер аударылып,
босқын болып келген өзге ұлт өкілдеріне кең құшағын аша
білді. Түрі, діні, тілі бөлек өзге ұлттың өкілін пешенесіне
жазылғанын көрген адамзаттың бірі деп қарап, жатсынбай
бөлісіп, ақ дастарханынан дәм
берді.
Қазақстан олардың
туған Отанына айналды.
Алғыс айту күнінің негізі мәңгілік ел болуды
мұрат еткен қазақ
ұлтына деген махаббат
пен
ризашылық,
рақмет
пен
құрмет.
А уд а н ы м ы з д а
“Алғыс
айту”
күніне арналған
і с - ш а р а
көпшіліктің
көкейінен шықты.
Бұл шараға аудан
әкімі бастаған аудан
басшылары, аудандық мәслихат хатшысы мен мәслихат депутаттары, мекеме
басшылары, ұстаздар қауымы және алғыс
айту мерекесіне арнайы келген, ауданымызда
қоныстанған өзге ұлт
өкілдері қатысты.
Аудандық мәдениет үйінде ауданымызда тұратын
әр ұлт өкілдері көрме
ұйымдастырды.
Көрмеге қолөнер
бұйымдары мен
ұлттық тағамдар
қойылды. Ауданда
мекендейтін он сегіз
ұлттар
мен
ұлыстардың
өздерінің асханасында даярланған
түрлі тағамдар таныстырылып, жасалу
жолдары
айтылды.
Алғыс
айту күніне
арналған мерекелік шарада аудан әкімі Юржан
Бекқожин ақ тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Келесі кезекте сөз алған ауданымыздың “Құрметті азаматы”
Лидия Посохина өткен күннен естеліктер айтып, қазақ
түйіні қазақ халқына деген алғыстармен астасып, шын пейілдегі ризашылықтармен көмкерілді.
бауырына тарта түсті. Иен даласынан қоныс беріп, төріне
шығарып, кең дария пейілін көрсетті. Қолындағы барымен
елінің мейірбан, қонақжай, дархан пейілі туралы сөз
Салтанат АМАНҚЫЗЫ
қозғады. Ауданымыздың өркендеу жолында еңбек
еткен азаматтар мен азаматшалар туралы естелікпен бөліскен Лидия Степановна қиын
қыстау кезінде қазақ елінен сая тауып,
осында қоныстанған барша қауымның
атынан қазақ еліне мың алғыс деп,
тағзым етті. «Жаңаарқам менің өз
елім», –деп сөз бастаған өзбек
ұлтының өкілі Якубжан Раззаков
сонау алпысыншы жылдары шекара асып Қазақстанға өткенін
одан “Ертіс-Канал” құрылысы
басталғанда біздің ауданға келгенін, қазақ отбасына күйеубала
болып, ұрпақ сүйгенін баяндап, бауырмал қазақ халқының
өз
туғанындай болғанын мақтана жеткізді. Бірге тумаса да бір туғанына
айналған дархан жүректі қазақ елінен
тағзым етіп, шексіз рақметін білдірді.
Бір шаңырақ астында тәту-тәтті өмір
сүріп жатқан ұлыстар мен ұлт өкілдерің
ортақ үйі, Отанына алғыс білдіру күні мерекелік концертке ұласты. Әр ұлт өкілдері ән
шырқап, ұлттық билерін биледі. Тартымды кештің
9 наурыз 2019 жыл
2
Конкурс өткізу туралы хАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы»
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194
қаулысымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге» сәйкес, Жаңаарқа
аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі аудандық жұмыс тобы
Жаңаарқа аудандық Қоғамдық кеңесінің 18 (он сегіз ) мүшесін коммерциялық емес
ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан сайлау үшін конкурс жариялайды.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Жаңаарқа ауданының
аумағында тұратын азаматы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес
ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық
қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні
ішінде «Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіне (Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы №5, электрондық пошта maslihat-zhanaarka@mail.ru) жазбаша түрде
ұсынылады.
ескерту: Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық
кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Жаңаарқа аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын
қалыптастыру жөніндегі аудандық жұмыс тобы
ОБЪЯвЛеНИе о проведении конкурса
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года «Об общественных
советах», постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года №
1194 «Об утверждении Типового положения об Общественном совете», районная рабочая
группа по формированию нового состава Общественного совета Жанааркинского района
объявляет конкурс об избрании 18 ( восемнадцать) членов Общественного совета Жанааркинского района из представителей некоммерческих организаций, граждан.
требования, предъявляемые к кандидатам:
Кандидатом в члены районного Общественного совета может быть гражданин Республики
Казахстан, достигший восемнадцати лет, а также проживающий на территорий Жанааркинского района. Кандидат в члены Общественного совета не должен:
1) иметь судимость;
2) быть в установленном законом порядке признанным судом виновным в совершении
коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения;
3) состоять на учете в организациях здравоохранения по поводу психического заболевания, алкоголизма, наркомании или токсикомании.
Для участия в конкурсе представляются:
1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина
о выдвижении кандидатуры в состав Общественного совета;
2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных.
Документы предоставляются в течение десяти рабочих дней после даты опубликования
объявления о проведении конкурса в письменной форме в государственное учреждения «Аппарат Жанааркинского районного маслихата» (поселок Атасу, проспект Тәуелсіздік, 5 электронная почта maslihat-zhanaarka@mail.ru).
Примечание: От одного юридического лица, являющегося некоммерческой организацией,
в Общественный совет может быть избран только один представитель.
Районная рабочая группа по формированию нового состава
Общественного совета Жанааркинского района
Жаңаарқа ауданына 90 жыл
Құтты мекен, қасиетті туған жер
Қазақстанда киелі жерлер көп. Соның бәрі ұлтқа ұя
болған жерлер. Ұлт тарихына қою дерек беретін айғақты
материалдар да осы өңірлерге топтасқан. Сондай киелі
өңірдің бірі, әйгілі Сарыарқаның кіндік тұсы "Жаңаарқа"
деп аталады. Әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғысынан
алғанда бұл өңір бір ауданның - қазіргі Жаңаарқа
ауданының еншісінде. Аумағы аудандық ұғымды білдіргенімен, тарихы әрісі жалпы түріктің, берісі бүкіл
қазақтың тарихымен тұтасып жатқан бұл өңірде Ұлы
Дала көшпелілері өркениетінің бастау алған қайнарын
айғақтар мұрағаттар өте көп. Ғылымда "Андрон
мәдениеті" деп аталатын мәдениетті өмірге келтірген
жұрттың сонау бағзы замандардан-ақ осы өңірді мекендеп, аң аулап, мал өсіргенін, кен қорытқанын
археологиялық зерттеулер қазба материалдар дерегімен
жан-жақты дәлелдеп беріп отыр. Осындай көне
мәдениеттің ошағы болған Жаңаарқа өңірінің төрінде
орналасқан Ортау, Ақтау, Желтау, Қызылтау, Қабантау
секілді өмір сүруге аса қолайлы, ықтасыны мол, суы
тұщы, шөбі құнарлы, жатаған таулардың бағзы заманның
билеушілері Оғыз қаған, Алаша хандардан бастап, ХV
ғасырда шаңырақ көтерген Қазақ хандығының алғашқы
хандары Керей мен Жәнібектен соңғы ханы Кенесарыға
дейінгілердің бәрінің Сырдария мен Шу өзенінің бойынан көктем күшіне ене серпіліп қырға шыққанда еркін
жайлар ен жайлауы болғаны да тарихтан белгілі. Демек,
бұл өңірге ел билеушілерінің ордасы тігулі - осы өңірдің
бағзы замандарда түрік халықтарының, бергі заманда
қазақ халқының әр тараптан ағылып келіп бір бас қосып
тұрар, тоқайласып, елдік мәселелерді шешер құтты
мекен болғанын танытса керек. "Ат аунаған жерде түк
қалады, нар шөккен жерде жүк қалады". Халық жиналып, елдік мәселелер шешкен жерде өміршең салтдәстүрдің қалыптасып, ұлтқа ұлағат қалдырар жақсы
істердің өріс алары белгілі. Сол игі істердің, жасампаз
салт-дәстүрлердің сол өңірді мекендеген жұртқа
жұғысты болып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтаса жалғасып,
бүгінге жетіп отырғаны да ақиқат.
Киелі құтты мекен, қасиетті туған жеріміз
Жаңаарқамыздың аудан болып құрылғанына 90 жыл
толып отыр. Қасиеті ұрпағына дарыған киелі мекеннің
бағы мен абыройы әрдайым арта берсін!
Деректер "Жаңаарқа"
энциклопедиясынан алынды
С ы б а й л а с
жемқорлық
заман ағысымен
бірге
өсіпөркендеп, мол
қаражат
және
қ о ғ а м д ы қ
бәсекеле стік
пайда
болған
жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған
кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы ісәрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық
парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан,
кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет
атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді.
Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың
конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің
бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына
сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды
тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың,
ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау,
заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң
талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат
емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны
шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз
әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің,
азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті
дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Ол үшін
аталған дертке атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет.
Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және
халық сенімінен шығатынымыз анық. Мемлекетіміздің
әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадірқасиетін құрметтеуге міндетті. Кез келген өркениетті
қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті
сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас
жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен
жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке
қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының
негізгі басымдылықтарының
бірі болып осы
зұлымдықпен күресу болып табылады. Әрбір қоғам
дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да
қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалы
жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді,
халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды
кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқасымыздың
азаматтық борышымыз болып табылады. Экономикалық
және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі
өзгертулер тұсында сыбайлас жемқорлық қашан да
қоғамға қауіп төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан
пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды
барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет.
М.Бірімжанова,
Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың
міндетіміз
Бастамалар батыл,
тапсырмалар нақты
"Нұр Отан" партиясының өткен
ХVІІІ
съезінде
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзі
барша
қазақстандықтардың
көңілінен шықты.
Мемлекет басшысы еңбек етіп
жатқан
тұрғындарды
және
халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын
қолдау
саясатын
жалғастырып келеді. Еліміздегі
көп балалы отбасын нақты
қолдау, жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселесін алға тартуы қамқорлықтың ерекше көрсеткіші.
Себебі, ұрпағымыздың бүгінгісін қамтамасыз ету арқылы оларға
жарқын болашақ сыйлаймыз.
Ауылдың қарапайым тұрғыны ретінде біздерге жасалатын
көмектерді естіп бір марқайып қалдым. Ауылшаруашылығы саласы еліміздің күре тамыры екенін ескерсек, бұл салаға құйылған
қаржы өз өзін ақтайтыны даусыз. Мықты мемлекеттің түп қазығы
қашан да оның халқы.
Ал, әлеуметтік жағдайды мығымдамай өркендеуді ойлауымыз
ақылға қонбайды. Сондықтан Елбасымыз тұрмысы төмен
отбасыларға деген қамқорлықты баса назарға алуды тапсырды.
Қол жетімді тұрғын үйлердің салынуына қаржының көптеп
бөлінуі де тамаша бастама.
Жалпы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің қарышты дамуы
үшін баса назар аударатын нақты салаларды алға тартты. Оған
бөлінетін қаржы мөлшерін де нақты айтып өтті. Батыл бастамалар
алға қойылды. Нақты тапсырмалар берілді. Енді барлығын жүзеге
асыру үшін зор еңбек пен жауапкершілік қажет. Баянды бастамаларды біз қашан да қолдаймыз. Жүрген жерімізде осындай
қолдаулардың бар екенін айтып жүреміз.
А.АхМетОв,
ауыл тұрғыны
Ұлы даланың жеті қыры
Мол тарихымызды қастерлейік
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты
мақаласы мәдени-рухани салаға тың серпіліс әкелді. Бұл – тарих
ғылымын жүйелі түрде, жаңаша көзқараспен жазу, қазақ
даласындағы өркениеттердің мәдени даму үдересіне қосқан
үлесін айқындау.
Бұл мақаладан туындайтын нәрсе – қазақ тарихын жазуда қазақ
халқының басқа халыққа ұқсамайтын өзіне тән ерекшелігі бар
екені ескерілген.
Мұнда деректер молынан қамтылған. Ауызша тарих,
археологиялық деректер бар. Қазақ халқының қалыптасуы, ежелгі
орта ғасырдағы қазақтың тұрмысы ешкімге ұқсамайтын тарих
екенін түсінуіміз керек.
Мақалада қазақ халқының мол қазынасы бейнелеп жеткізілген.
Сол қазынаның арқасында халық өзінің байлығымен, мұрасымен
қауышып отыр. Бәрі баянды болып, Қазақстан қазақ халқының
мемлекеті екенін танытайық. Өзіндік табиғи болмысымыз, тарихымыз, мәдениетімізбен ғана әлемдік өркениетке ене аламыз.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы әрбір адамның
жүрегіне ұялап, іске асуына бәріміз атсалысайық. Демек,
барлығымыз осы мақалада айтылған дүниені орындауға білек сыбана кіріссек, құба-құп.
Д.Омарова,
мұғалім
9 наурыз 2019 жыл
3
"Ақжүніс" бетінің бүгінгі тақырыбы - қолда барды бағалау болмақ. Алынған тақырыпты толық ашу үшін енді әр
кезекті санымызда айдарымызға кейіпкер шақырып отырамыз. Яғни, алынған тақырып бойынша айтары көп
адамдардың өз басынан өткізген оқиғалары баяндалатын болады.
Барды бағаламай, опық жедім
Менің өмірім көпке үлгі бола
қоймас. Дегенмен тағдырымнан
жеген таяғым келер жастарға
ойлануға мүмкіндік берсін деп
жатырмын.
Үйдің ортаншысы болдым.
Ата-анам бетімнен қақпай,
желге-күнге тигізбей аялап бой
жеткізді. Тұрмыс-тіршілігіміз
ел қатарлы, біреуден ілгері, біреуден төмен өмір сүрдік. Анам
қыз бала деп шама-шарқы жеткенше
сәнді
киіндіріп,
сұрағанымды тауып беретін.
Қыз баланың ұсақ-түйегі біткен бе мен де құрбыларымнан қалыспай біресе бояу, біресе киім
деп анамның мазасын ала беретінмін. Қазір ойлап отырсам заманның қиын уақытында әкешешемді әжептеуір сарсаңға салған екенмін. Ауылдық жерде тұрақты жұмыс ол кездерде
жоқ. Әкем арасында жалдамалы жұмыстарға шығып келетін. Бір үйлі жанның жан бағып,
қарап отырғаны оншақты қой-ешкі мен үш бас сауын сиыр. Күнмен таласа тұратын анамыз
сиыр сауып, оны өріске айдап, тауықтарға жем шашып, самаурын қоятын. Ошақ астын тазалап, тезек теріп, асымызды әзірлейтін. Қазіргідей электр тоғына сүйенетіндей уақыт емес.
Тағы басқа үй жұмыстары бастан асып жатыр.
Үлкен әпкем анама жақын болып, үнемі жанында
көмектесіп жүретін. Мен болсам осы қу тіршіліктің
салмағының ауырлығын ешқашан сезінбеппін. Барлығы
дайын, сенетін адамымыз бар. Асымыз дайын, киіміміз
жуулы. Кей кездері тіпті шектен шығатын болуымыз
керек анам ұрсып, жекіп алатын. Үйдің қарапайым тірлігіне мені үйрету үшін ақылмен, жайлап та айтатын. Сол
мезетте көмек қолын созсам да, кейін тағы жалқаулығым
ұстап, анамның дауысы шықпаса өзіммен өзім бола беретінмін. Есілдертім тезірек ер жетіп, мектеп бітіріп, қалаға
оқуға кету болды. Ол жақта бір қызық күтіп тұрғандай сезілетін.
Жоғары сыныпқа барған кезде қыздар бой түзеп, ұлдар
жігіт болып бір-біріне алғаш сезімдері оянатыны бар.
Сабақ жайына қалып, түрлі ойға шомып, қиялға берілетіні болады. Мен де өзіммен қатарлас бозбала Асхатпен
сөз жарастырып, бірге уақыт өткізетін болдық.
Қараңғылық басса үйден сытылып кетуге асығатынмын.
Ол да межеленген жерде мені міз бақпай тосып тұратын.
Екеуміз уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай
қалатынбыз. Әйтеуір әңгімеміз таусылмайтын. Тіпті кеш
келіп, анамнан жақсылап таяқ жеген күндерім де болды.
Осылайша жүріп мектепті де аяқтадық. Анам өзі жетелеп апарып, қалаға мұғалімдік
мамандық алатын оқуға тапсыртты. Көңілім қаламай тұрса да жағдайдың орайы солай
болғандықтан қатты қарсыласқан жоқпын. Студенттік уақыттың қызығына еніп кеттім. Жаңа
таныстар, жаңа өмір. Демалыс кездері ауылыма барсам, Асхат мүлдем жат көріне бастады.
Ол оқуға түсе алмай қалған еді. Кезінде қызықты көрінетін қылықтары енді біртүрлі
сүйкімсіз, ерсі болды. Ат-тонымды ала қашып, қашқақтайтын болдым.
Осылайша жүргенде оқудың бір жылы аяқталды. Асхат екеуміздің арамыз тіпті суып кетті.
Оның өз жоспары болғанынан мен ол кезде хабарсызбын. Бір күні әдеттегідей үш-төрт күн
демалысқа көршілес тұратын әпкемнің үйіне келдім. Қайтатын күні Асхат келді. Таңқалып
қалдым. "Осы соңғы кездесуіміз болсын. Мен сені шығарып салайын" деп қоймаған соң келісімімді бердім. Бір жағынан "Жүгімді көтерісіп жіберсе тіпті жақсы" деп ойлап қоямын
іштей. Сыртқа шықсақ жолдасы көлігімен келіп тұр екен. "Вокзалға дейін жеткізіп салады"
деген соң ойымда дәнеңе жоқ, барып отырдым. Ішінде тағы бір жолдасы отыр екен. Бұрыннан
танитын ауылдас балалар болғандықтан амандасып, еркін жайғастым. Сәлдең соң көліктің
басқа бағытта кетіп бара жатқанын байқап қалдым. Сұрағаныммен барлығы кеш болды. Мені
Асхат алып қашып бара жатыр екен. Жүрегім өрекпіп, шошып кеттім. Екі жағымда екі жігіт
қозғалуға мұрша бере ме?
Мені туысқан ағасы тұратын көршілес ауылына апарып түсірді. Жан-жақтан қаумалап, жетектеп апарып отқа май құйғызды. Есім шығып кеткен, қуыршақ тәріздімін. Өң мен түсті
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл,
Арман үшін жүрміз жазып алау жыр.
Жат біреуге бақыт болып туатын,
Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір.
Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар,
Әйелдерсіз тірлігіміз не болар?
«Қой» дейтұғын қожаң егер болмаса,
Еркек байғұс азып-тозып жоғалар.
Әйел – сенің аспазың да күтушің,
Әйел барда биіксің де бүтінсің.
Әйел барда жалынсың – сен, отсың – сен,
Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.
ажыратудан қалдым. Қарсыласып, дөрекі сөздер айтуға барлығы таныс адамдар болған соң
қысылдым. Әрі мұрша да болған жоқ. Осылайша, бір мезетте отқа май құйып, басыма байлам
тағып, келін болып шыға келдім.
Келген қуғыншылар да көп шу шығарған жоқ. Бір-бірін жақсы танитын бір ауылдың адамдары болған соң әрі қарым-қатынасымыз белгілі болғандықтан шығар. Үш-төрт ай
аралығында әупірімдеп той өтті, құдалықтың жоралғылары жасалды. Менің де Асхатқа ептеп
бойым үйрене бастағандай болды. Ата-енеммен, қайыніні, қайынсіңілімен бірге тұрдық. Қазір
ойлап отырсам енем тіпті де жаман болмаған. Тек өзім оның әр сөзінен ілік іздеп, жақтырмай
жүретінмін. Сөз қайтармасам да жұлынып, бұлқынып іс-әрекеттіммен сездіретінмін. Ол кісі
дауыс көтерген емес. Келін ретінде маған қалай шыдады десеңізші. Сиырды өзі сауып, отты
өзі жағатын. Мен бар болғаны үй жинағаныма шаршап жүретінмін. Қайынсіңілімнен де
жамандық көргенім жоқ. Тек өзім оның бір киімі дұрыс жатпаса бұрқылдап сөйлеп
жүретінмін. Қысқасы болмашы нәрседен ши шығаратынмын. Осының барлығын кеш
түсіндім. Уақытында қадірін біліп, осы отбасымды сақтап қалғанда ғой, шіркін. Қазір бұлай
бармақ тістеп отырмас едім. Арасында сабағыма бару үшін қалаға кетуге асығатынмын.
Бейне бір жұмаққа кенелгендей ауылға қайтуға асықпайтынмын. Өзімнің тұрмыста екенімді
ұмытып, әлі бір басы бос қыздай сезінетінмін. Құрбыларыма тұрмысқа шыққанымды
айтпаңдар деп ескертетінмін. Осылайша ойнап жүріп от бастым. Жатақханада бірге тұратын
студент жігітпен танысып, көңілім соған ауа бастады. Ол менің тұрмыста екенімді білмейтін.
Ал мен оған білдірмеу үшін барымды салатынмын. Бойым енді үйрене бастаған Асхаттан
тағы қашқақтай бастадым. Тіпті оны да, үй ішін де көргім келмейтін болды. Үйде болсам,
қабағым түйіліп, үнемі бір жадырамайтынмын. Есілдертім
қала сосын жаңа танысым болды.
Сабақта жүрген бір күні жатақханаға іздеп келген Асхат
үстімізден түсті. Қорқып кетсем де оның алдында
ақталғаным жоқ. Үндеместен теріс айналып кетіп қалды.
Сол мезет оның бәрін білгеніне іштей қуандым. Бір күндік
сезімнің соңында ештеме ойламай қалай өмір сүргеніме
таңқаламын қазір. Өмірі өшпес "Қарабет" деген күйені өзөзіме жақтым. Ата-анамды, бауырларымды ұятқа
қалдырдым. Абыройымды айрандай төктім.
Асхаттың үйіне қайтып барған жоқпын. Ата-анам өкпелеп,
енді көрместей болды. Ғашықпын деп басым айналып
жүрген сүйіктім "мені алдадың" деп ол да кете барды.
Аяғым ауыр болғанын айтсам да қайырылмады. Мен үшін
енді қара түнек күндер туды. Қолда бар асылымнан
айырылғанымды түсіндім. Өткенімді қайтару үшін
барлығын беруші едім. Өз-өзіме қол жұмсасам ба деген
ойлар да келді. Бірақ жақын құрбым әпкеме жағдайымды
айтып, ата-анам өз қолын өздері кесе ме мені жандарына
алғызды. Әкем бұрыңғыдай емес, суық. Жақын тартып,
сөйлеспейді. Анамның ішкі мұңын сезсем де, жақын жанашырым сол. Міне, осы кезден бастап шүкіршілік айтуды
үйрендім. Осы жақындарымның тілеуін тілеп, әр күніме
тәубе дедім. Уақытым келіп, дүниеге қызымды әкелдім. Жас сәбиді алып үйге келгенде
әкемнің түрі әлі есімде. Нәрестені қолына алып, аялай иіскегенде сонша уақыт бойы жиналған
бар реніші бір сәтте жоғалып кеткендей болды. Қызымның арқасында ара қатынасымыз
бұрыңғы қалпына келді. Балалы болуымен өмірім мүлдем басқа арнаға бұрылды. Қызым ес
жиып, есейген соң, ата-анама қалдырып оқуымды аяқтадым. Жұмысқа орналастым. Осындай
қиналған кездері демеу болған ата-анама, бауырларыма алғысым шексіз.
Бүгінде жасым 40-тан асып қалды. Қызым өсіп келеді. Менің жасаған қателігімді
қайталамаса екен деп тілеймін күні-түні. Ер адамдармен жұмыс бабымен болмаса, араласа
қоймаймын. Жалғыздық әрине жаныма батады. Аузы күйген үрлеп ішедінің керімен
қорқақтап жүрмін. Асхат тағы үйленген, балалы-шағалы. Сыртынан көріп қалғаным болмаса,
жақын барып тіл қатуға дәтім бармады. Адам жұпсыз болмайды ғой, бақытты болсын.
Осылайша көп кездері тәубемізді ұмытатынымыз рас. Барымды бағалай білсем, отбасымды
сақтай білуші едім. Жақындарым көп болушы еді. Барлығын кеш түсіндім.
Тура қазір өміріне риза болмай жүрген жандарға айтарым, айналаңа түсіністікпен,
шүкіршілікпен қарай білсең жарқын сәттерің көп екенін ұғасың дегім келеді. Жақын
адамдарыңды сол кемшілігімен қабылдай біл, өйткені сен де кемшіліксіз емессің. Сонда ғана
өмірің де, жүрегің де тыныш болмақ. Барды бағалап, берекелі ғұмыр кешіңіздер!
САНДУғАш (Кейіпкеріміздің аты-жөні белгілі
себептерге байланысты өзгертіліп алынды)
Әйел - сенің ақылшың
тұманбай Молдағалиев
Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,
Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.
Әйел сені, сен әйелді сүйгенсің,
Сен әйелден, әйел сенен сый көрсін.
Өз елінің ұлы болам деген жұрт,
Әйелдерге құл болуды үйренсін.
Әйел, әйел – арман әні, жол әні,
Дүниенің кешкі қоңыр самалы,
Әйел сені құл қып алмай алдымен,
Құдай құлып көтермейді жоғары.
Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын,
Көтер оның мерейі мен беделін.
Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің.
9 наурыз 2019 жыл
Аналарға құрмет көрсетілді
4
ананы ардақтап, құрметтеген. Ана
отбасының жылуы, ұйытқысы. Сіздер
аналық парызбен қатар біздің
қоғамның дамуына да елеулі үлес
қосудасыздар. Әрдайым дендеріңіз
сау боп, отбасыларыңыз аман болсын,
- деген аудан әкімі Юржан Асанұлы
жылы лебізін білдіріп, гүл шоғын
және азық-түлік пен жемістер
салынған себеттерді сыйға тартты.
Ел демографиясына үлес қосқан ана
ол – Рахымкүл Искакова. Рахымкүл
анамыз «Күміс алқа» иегері. 6
баланың анасында арнайы құттықтап
барған аудан басшысы жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Гүлден Сұлтанбекова, Лиза Әбішева,
Шынар Матина сынды көп балалы аналардың да
арнайы үйлеріне барып, құтттықтап, сый-сияпаттарын берді.
«Әйел өмір өзегі, әлем тұтқасы, отбасы ұйытқысы,
бақ-береке бастауы» деген қанатты сөзді ескере
келе, елдің демографиясы үшін өз үлестерін қосып
келе жатқан әр-бір анаға бізде амандық пен саулық
тілейміз.
Рахат ӨМіРБеКҚЫЗЫ
Күлімкөз көктемнің ең көркем мерекесі 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, аудан басшысы Юржан Асанұлы, аудан әкімінің орынбасары
Қанат Шубайұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бсшысы Шолпан Қалуқызы
ауданымыздағы бірқатар көп балалы аналар мен
тұрмысы төмен отбасыларды аралап қайтты.
Қазақтың қарасын көбейтуге қарымды үлес қосқан
алтын құрсақты 10 баланың анасы «Алтын алқа» иегері Анар Бозаеваны алғашқы болып құттықтап
барды.
-Сіздердің мерекелеріңіз көктемгі шуақпен,
адамзатқа жылылық әкелуде. Біздің ұлт қашанда
Аналар асыл жандар, аяулылар
Наурыз
айы
мерекенің бастауы.
Алғыс айту күнімен
басталған
айдың
алғашқы күндерінің
бірі
Халықаралық
әйелдер күні. Қызкеліншектің жүзіне
шаттық ұялатып, ер
азаматтарды әбігерге
салатын аналар мейрамына
дайындық
алғашқы күннен ақ
басталып
кетеді.
Дүкен
сөрелері
сыйлыққа толса, көше
бойы
нәзік
жандыларға арналған
гүл шоқтарын сатушылармен толығады.
Аналар мерекесі балабақшадан бастау алып сатылап кете
барады. Бұл мерекеге әр мекеме, әр ұжым дайындалады.
Себебі барлық жерде нәзік жандылар еңбек етіп, ел
экономикасының ілгерлеуіне үлес қосады.
Ауданымызда да бұл мереке 8-наурыз күнін күтпей ақ басталып кетті. Аудан басшысы Юржан Асанұлы алдымен
көп балалы аналардың үйіне арнайы барып,
сыйлықтар табыс етіп, мерекемен құттықтады.
С.Сейфуллин атындағы орталықтандырған
кітапханадағы «Жаны нәзік рухы батыр» атты
іс-шарада аналардың құрметіне арналды.
Ауданымыздағы «Іскер әйелдер» қоғамдық
бірлестігі
мен «Жаңа тыныс» қоғамдық
бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бұл
шараға көп балалы ардақты аналар, ақ
жаулықты әжелер Рыскүл Төлеуова, Күлтай
Жұмақаева, Рзық Казкенова, Қорлан Сембекова, Нағима Жәкенова, Тойбала Базарбекова,
Тұрсын
Жәкенова,
Роза
Қалимолдаева,
Дәния
Тоқанова,
Әзімжан
Құрманбекова,
Дардана
Құдабаевалар
арнайы
шақырылды.
Мектеп
оқушыларының
б и і м е н
шымылдығы түрілген кеште аудан әкімі аналарымызды
құттықтады.
Құрметті де қадірлі аналар! Сіздер аудан өмірінің
өркендеуіне, өсуіне үлес қосып, еңбек ете жүріп, бала
тәрбиесінде қалт жібермей, ұлықты ұл, қылықты қыз
өсірдіңіздер. Отбасының құндылығын сақтай жүріп, ұлттық
сәлт-дәстүрлеріміздің жоғалмауына атсалысып, ошақ басында қазақы тәрбиені ұрпақ бойына сіңіре білдіңіздер.
Бүгін сіздердің тәрбиелеген балаларыңыз қоғамның әр саласында еңбек етіп, Жаңаарқамыздың гүлденуіне атсалысуда. Сіздер
қиындыққа
мойымай, қажыр
қайраттарыңызды көрсете білдіңіздер. Сіздерге ұзақ өмір,
зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Отбасыларыңыздан қызық-қуаныш
тарқамай,
немере-
шөберелеріңіздің
қызығын
көріңіздер
деген аудан әкімі Юржан
Бекқожин көп балалы
аналарға Алғыс хаттар
мен
гүл
шоқтарын
ұсынды. Ақ жаулықты
әжелердің
немерелері
өздерінің
әжелеріне
әкелген
сыйлықтарын
тапсырып, естелік суретке түсіп, мәре-сәре
болып, тартымды кешті
тамашалады.
Мерекелік шараға келген аналар өткен күннен
естеліктер айтысып, жас
келіндер
мен ару
қыздарымызға тәрбиелік мәні бар тілектерін жеткізді. Кеш
көркін аналарымыздың сүйікті немерелерінің өлең-жырлары, ән мен билері аша түсті. Мәдени сауық
орталығының қызметкерлері де бұл кештен қалыс
қалмады. Тақырыпты аша түскен ауданның әншілеріне
аналарымыз риза болды.
Қасиетті халқымыз қыз баласына төрден орын беріп,
үкілеп, үміт етіп
баптап өсіргені жайлы
аруларымыздың отбасының айнасы, ошағының арожданы болатыны жайлы әңгіме қозғаған әжелеріміз
жат жұртқа жаралған қыз баланың тәлім-тәрбиесі
ошақ басынан басталатынын айтып, ертеңгі келін
болып, босаға аттап, ана болатын қыздарымыздың
төзімді, шыдамды, инабатты болуы керек екеніне
тоқталды.
Кешегі бойжеткен арулардың самайын ақ шалып,
әдемі жүздерін әжім шалғанмен олардың көңілі мен
пейілі жас қалпында. Немерелерін мейірлене сүйіп,
бала-шағаларына, аудан басшыларына алғыс білдірген аналар
қ а у ы м ы
ризашылықтарын
айтып, ақ баталарын беріп тарқасты.
Салтанат
АМАНҚЫЗЫ
9 наурыз 2019 жыл
5
Жердегі “ШолпАН жұлдыздар”
Әйел затының міндеті сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы» секілді қарапайым
көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, балашағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп,
әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді.
шолпан Сауқымбекова - 1957 жылы 3
қарашада туған. 2011 жылдан бастап полиция бөлімінде есепші болып қызмет
атқарады.
шолпан Үрпекова 1958 жылы 5 наурызда
Жаңаарқа ауданында
дүниеге
келген.
Аудандық білім бөлімінде шет тілі және
орыс тілі пәндерінің әдіскері болып
жұмыс істеген. «Зарина»
оқу орталығының иесі.
шолпан хамзе - 1958 жылы 9 қараша
күні дүниеге келген. 2003 жылдан 2017
жылға дейін «Жер қатынастары бөлімі»
ММ-нің басшысы қызметін атқарған.
шолпан Айтжанова
1958 жылы
16 желтоқсан дүниеге
келген. Мамандығы -медбике. Қазіргі
кезде шағын
саудасаттықпен айналысады.
шолпан Жолдаспаева 1958 жылы 28 желтоқсан
күні туған. Ауданымызда
нотариустік
қызмет
атқарады.
шолпан шахметова 1961 жылы 22 қазан күні
дүниеге келген. 2013
жылдан бастап «Ақерке» бөбекжайында
педагог психолог болып жұмыс істейді.
Шолпан – Күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар. Күн мен Айдан кейінгі ең жарық
жұлдыз. Біздің айтып отырғанымыз аспандағы жұлдыз - Шолпан жұлдызы. Ал,
енді 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жердегі әр үйдің жарық
Шолпан жұлдыздар жайлы мәлімет беруді жөн көрдік. Міне, бүгінде ауданымыздағы
Шолпан есімді қыз-келіншектерімізде әр салада қызмет етіп, бірі ауданның
әлеуметтік, экономикалық әл-аухатын көтеріп жатса, енді бірі үйінің тыныс-тіршілігін тындыруда.
шолпан Ибраева 1963 жылы 26 желтоқсан
күні дүниеге келген. «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің
басшысы.
шолпан Имашева 1968 жылы 27 қаңтар
күні туған. Балдырған
балабақшасында
тәрбиеші болып қызмет атқарады.
шолпан шуткубаева 29 мамыр 1975 жылы
Жаңаарқа ауданында
өмірге келген. Қарағанды
балалар
медициналық сауықтыру орталығында
қызмет істейді.
шолпан Жакупова 1976 жылы 1қаңтарда
дүниеге келген. Көктал
орта мектебінде бастауыш сынып
мұғалімі.
шолпан Әбдікәрімова
1977 жылы 27 маусымда дүниеге келген.
2006 жылдан бастап «Қарлығаш»
балабақшасында педагог-психолог
болып
жұмыс істейді.
шолпан Смағұлова 1982 жылы 24 наурыз
күні туған. Қарағанды Экономикалық университетінде мұғалім болып қызмет
атқарады.
шолпан Сәкенова 1989 жылы 7
қаңтарда туған. Дүкенші болып қызмет
істейді.
шолпан ізтөлеуова
1992 жылы 7 тамыз
күні дүниеге келген. Өз
ісімен
айналысушы,
сертификатталған шебер.
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен
мәнін паш етіп келе жатқан тамаша
көктемнің мерекесі қарсаңында сіздерге
және отбасыларыңызға мол береке, бақыт,
шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа
зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.
Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей
құлпырып,
жасара
беріңіздер!
дайындаған
Мөлдір
ҚАСЫМ
Бар жақсылық балаларға
Жыл өткен сайын елдің экономикасы,
тұрмыстық жағдайы жақсарып келеді.
Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы
қарсаңында түрлі шағын жеке кәсіпкерлік
нысандар іске қосылуда. Көп жылдан бері жаңаарқалықтарға
үздіксіз қызмет жасап келе жатқан "Балақай" балалар
дүкенінің иелері Ержан Жүнісбеков пен Меруерт Бекеева өз
істерін кеңейту мақсатында ауданымыздың ортасынан үлкен
ғимаратта орналасқан "Mickey House" атты балалар дүкенін
салтанатты түрде ашты.
Балалар дүкенінің ашылу салтанатына ауданымыздағы мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, іскер азаматтар және
ков құттықтау сөз сөйледі.
- Құрметті аудан тұрғындары, көктемнің алғашқы күнімен
тұспа-тұс келген қуанышты
күнмен баршаларыңызды шын
жүректен құттықтаймын.
Ауданымызға
белгілі
кәсіпкерлер Жүнісбеков Ержан
мен
Бекеева
Меруерттің
тұрғындар қатысты.
Сәні мен салтанаты жарасып безендірілеген дүкен алдына
жиналған жұрт дүкеннің ашылғанын асыға күтті.
Алғаш болып аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Сері-
кәсіптеріне сәттілік тілеймін.
Ауданымыздың 90 жылдық
мерейтойының қарсаңында
аудан көркіне көрік беретін
осындай ғимараттар көп болсын,-деді.
Келесі кезекте белгілі күйші,
ауданымыздың
сыйлы
ақсақалы Мұхаммеджан Тілеуханов сөз алып, батасын беріп, ақ тілегін жаудырды.
Салтанатты шараның легі лента қию рәсіміне ұласты. Лентаны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков, ардагер-
лер ұйымының төрағасы Ғалым Төтеев және
Ғ.Жарылғапов атындағы ауылшаруашылық
колледжінің басшысы Ғазым Жарылғапов қиды.
Аудандық мәдениет үйінің әншілері ән-жырдан
шашу шашып, келген халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Көздің жауын алатын дүкен ішінде балаларға қажет керек
жарақтардың барлығы бар. Киім-кешек, аяқ-киім,
ойыншықтар, жас сәбилерген арналған арбалардың барлық
түрін кездестіруге болады.
Дәл осы күні дүкен иелері алғаш тұтынушы 50 адамға арнайы дайындаған сый-сияпатын ұсынды. Сонымен қатар,
тұрмысы төмен отбасының балаларына 5000 теңге
көлемінде сертификаттарды сыйға тартты.
Жақсылықпен басталған балалар дүкенінің алдағы
жұмыстары да, мейірімділікке, молшылыққа, сәттілікке толы
болғай.
Рахат АйтЖАНОвА
9 наурыз 2019 жыл
6
Әліпов АйТБЕК РЫМБЕКұлЫ
Жаңаарқа ауданында 28 тамызда 1963 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді экономист, заңгер. Экономика ғылымының кандидаты. Жиырмадан астам ғылыми еңбектердің
авторы. Еңбек жолын 1986 жылы Жаңаарқа аудандық қаржы бөлімінде бастаған. 1996 жылдан бастап Қаржы, Кеден, Мәдениет және ақпарат, Кіріс министрлігінде
басшылық қызметтер атқарған. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республиксы парламенті Мәжілісінің Қаржы бюджет комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары
қызметін атқарады.
Ана...
Жан бар ма екен ана десе толғанбайтын,
Жан бар ма екен аналарын сағынбайтын.
Бар ма жүрек ана десе толқымайтын,
Бар ма жүрек ана десе шаттанбайтын.
Жан бар ма екен аналарын тыңдамайтын,
Жан бар ма екен аналарын сыйламайтын.
Ана деген жанға жақын сәби күннен,
Бойындағы нәрін берген, бәрін берген.
Ана деген баға жетпес байлығың,
Жарық өмір сыйлаған.
Тілеу тілеп, еркелігін көтерген,
Бар өмірін баласына арнаған.
Ана деген қасиетті есім ғой,
Үш әріптен тұратын.
Бар жақсыны бойына,
Жиып алған қазына.
Ана деген мөлдір бұлақ нәр беретін,
Қаттыны да жұмсатып,
Танысып ек екеуміз жаз айында,
Асауды да жуасытқан,
Бір көргеннен ғашық оты лаулады ма?
Мейірімнін ошағы.
Жүрек толқып сымбатына сұлулықтың,
Ана деген раушан гүлдей нәзік гүл,
Қарай бердім, қарай бердім көз алмастан.
Күн шуағы болмаса,
Әрбір айтқан сөздерің жанға жағып,
Салқындықтан солатын.
Тыныш жатқан жүрегім оттай жанып.
Сондықтанда ананы тіршілікте аяла!
Аппақ сезім жүрегімде лаулады.
Ана деген баға жетпес байлығың,
Дүрсіл қағып, сүйемін деп тек сені.
Жарық өмір сыйлаған.
Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе,
Тілеу тілеп, еркелігін көтерген,
Сүйемін деп айта алмадым көзіңе.
Бар өмірін баласына арнаған.
Анашым
ғашықтық сезім
Арман қала
Арқа төсі гүлденді,
Бәйшешектер құлпырып.
Қызғалдақтар, сарғалдақтар жайқалып,
Нұр аспанның шуағына шаттанып.
Жылдар жылжып, заман дамып,
Пайда болды картада.
Жаңа қала, сәнді қала - Астана,
Бейбіт қала бас қала.
Таң қалдырып жақын менен алысты,
Күннен күнге бой көтеріп жарысты.
Теңдесі жоқ ғимараттар,
Аспан менен таласты.
Жұмыс қызып,
Арман қуған жастарымыз,
Келіп жатты,
Жан-жақтан.
Бір көргеннен ғашық болған жалған деп,
Жанып тұрған жалын отын басқанмын.
Жақсы көру, ұнату ма білмеймін,
Жан жүрегім оттай лаулап барады.
Балқып денем,
Тұла бойым шымырлап.
Бұндай сезім бұрын-сонды болмаған,
Жан тәнімен сені ғана қалаған.
Сен қымбатсын солтүстіктін ару қызы.
Шабытымды шалқытқан.
Бүгін міне Астана,
Әсем қала сәулетті.
Нұрлы қала гүлденген,
Сарыарқаның төрінде.
Талайларға үміт болған,
Талайларға арман болған.
Талайларға сенім берген,
Нұрлы қала жас қала.
Болашақтын негізі деп,
Қолдап жаттың жастарды.
Сондықтан да мен сені,
Сүйіп өтем Астана.
Нұрға толы, нұр есімі жан-жақтан,
Нұрға бөлеп шуақ шашты әр жақтан.
Сондықтан да көркейе бер әлі де,
Нұр есімі жарасады өзіңе.
Қарлығаштын ұясы
Қарлығаш шыр-шыр етіп ұя салды,
Ұясын қол жетпестей биік салды.
Өзінің балдай сүйген балапанын,
Барымен қорек беріп асырады.
Басында баспана жоқ тарлық қылды,
Бар тапқаны күнен-күнге аздық қылды.
Шырылдап тамақ сұрап жылағанда,
Шықпас жан ата-ананың шырқырады.
Көмек таппай әкімдіктен, қоғамнан да,
Жан жүрегі ата-ананың қақ айрылды.
Ұйқы көрмей бар тапқанын балама деп,
Қиындықпен арпалысып шырылдады.
Көре тұра бұл жайды,
Еш бір жан басын бұрмады.
Шыбын құрлы көрмеді.
Басына түскен сынақ деп.
Бұл сұмдыққа төзбеді ме,
Әмір келіп Алладан,
Жанып кетті...
Ұшып көкке бес жұлдыз.
Тірі болса сәбилер,
Бес әулеттің жалғасы боп.
Қуанышқа бөлер еді,
Қазақ саның көбейтіп.
Бұл қасірет, қасіреттің ауыры.
Сондықтан да пана болсын әр қазақтың басында.
Ұя салу сай-салаға
Жарасқан тек қарлығашқа.
Бақыт деген немене...
Бақыт деген бала күнгі кездерің,
Балалармен асыр-салып жүргенің.
Шаттықпенен күлкі ойнап жүзіңнең,
Ата-анаңмен бірге жүрген күндерің.
Бақыт деген бой жетіп,
Арман қуған кездерің.
Болашаққа көз салып,
Қиял қуған күндерің.
Бақыт деген уақытпенен жанару,
Сәбиліктен бойжеткенге айналу.
Ғашықтықтың сезіміне бөленіп,
Махаббаттың құдіретін сезіну.
Бақыт деген бірге өткізген күндерің,
Бақыт деген ойнап-күлген кездерің.
Бақыт деген болашаққа талпынып,
Сүйіктіңмен жақсы өмір сүргенің.
Бақытты да байқамаймыз кейде біз,
Тұрсақтағы шын бақытқа бөленіп.
Тәкаппарлық танытам деп әр кезде,
Бақытты да ұшырамыз қолдан біз.
Бақыт деген бірге өткізген күндерің,
Бақыт деген ойнап-күлген кездерің.
Бақыт деген болашаққа талпынып,
Сүйіктіңмен жақсы өмір сүргенің.
Сенің арқаң
Ай-жылдардың жасаған барымтасың,
Жақұт-жырмен қайтарсам қарымтасын.
Сенің арқаң - сүйіктім, жан сырласым,
Жаратқаным әрқашан жарылқасын.
Қуаныштың, қызықтың қызуын ап,
Жат қылыққа қарасам суынып-ап.
Сенің арқаң- аяулым, ақ маңдайлым,
Көрінер түс көркіңмен сұлуырақ.
Жемісінен жылдардың жылынып ап,
Жамандыққа шүйліксем суынып-ақ,
Сенің арқаң - ардақтым, асыл жарым,
Өмір - қыздан айрықша сұлуырақ.
Көңіл күйі шертіліп, десті болып,
Сырқауымнан сауықсам, сесті болып.
Сенің арқаң - қамқорым, кең пейілдім,
Ада қылған күдіктен, есті бөліп.
Ақ сүт беріп аялап,
Асқақтатып өсірген.
Әрбір ойды баласына,
Даналықпен жеткізген.
Дүниеде ең асыл жан, АНА деген.
Сен қымбатсың анашым,
Алтын күміс қазынаның бәрінен.
Сендей адам таба алмаспын әлемнен,
Жан жүрегі елжіреген.
Ана саған, көп көңілім аумаған ба?
Анашым деп еркелеп,
Ақыл сұрап жүргенде,
Мандайымнан иіскеп,
Ақыл айтып құшқанда.
Қалай ғана байқамаппын,
Ақ түскенін самайыңа,
Аппақ қардың қырауындай,
Мұздай суық ызғарын-ай.
Айтшы анашым қалай ғана,
Ауыртқанмын жаныңды.
Әлде бұл ақ самайдағы,
Белгісі ме қарттықтың.
Құлыным деп айтқан сөзің,
Мәңгі қалды жүрегімде.
Сен қымбатсың бәрінен,
Асыл туған анашым.
Қартаюдың әсемдігін,
Бар адамға жазбаған.
Аппақ шаштың сұлулығы,
Бар анаға жарасқан.
Қалбақтаған, елгезек қолбалаша,
Қимылыма ағайын оң қараса.
Сенің арқаң - ибалым, жібі түзу,
Жан-жағыңнан ағылса, дорбаласа.
Өнердегі безбендеп кесімімді,
Көп елесе жөнімді, есімімді.
Сенің арқаң - алқаған, ардақ тұтқан,
Шеберлікпен пішкендей шешіміңді.
Ақ білектен өзіңді ұстар мығым,
Арта түссе өмірге құштарлығым.
Сенің арқаң - сыңарым, сезімталым,
Қалжыңыма өзгемен іштарлығың...
Серігімсің, сертіңе сеніп алған,
Сен бар жерде сергекпін кеңіп арқам.
Ұл-қыздарың ұлағат жолын тосса,
Менің арқам - бәрі де сенің арқаң.
Болат АСАНОв
7
Еске алу
Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының тумасы, Қаражал
қаласының тұрғыны болған, сүйікті ұл, аяулы жар және
ардақты әке, мейірімді ата, қымбатты бауыр, бауырмал дос
болған ОСПАНОв ҚҰРАҚБАй ҰЗАҚБАйҰЛЫның
өмірден озғанына 1 (бір) жыл толып отыр.
Өмір көшін алға қарай сүйредің,
Ағайын, дос, туған-туыс қасында
Елге жақпас әдеттерді сүймедің,
Жақсы істердің болдың дәйім басында.
Сол күндерден елес қана қалғаны,
Алдыңда еді көрер қызық - көктемің.
Азамат ең таудан биік арманы Бұл фәниден асыққаның – не еткенің?!
Әуен бөлек, өзгергендей бүгін «ән»,
Ұнатушы ең Күннің нұрын-жарықты.
Уақыт, шіркін, зулап ағар зымыран,
Сен кеткелі жыл айналып қалыпты.
Дәурен кештің бұл тірлікте дүркіреп,
Сездің анық жалған - ғұмыр өтерін.
Қолды жайдық, тіл ұшында бір тілек:
Пейіш төрі болсын мәңгі мекенің!
еске алушылар: ата-анасы Ұзақбай - Нәзима, зайыбы- Зәмзәгүл, бауырлары, балалары
Марқұмның рухына бағышталатын 1 жылдық ас Қаражал қаласы, «Нұр» мешітінде, наурыз айының 16 жұлдызында, сағат 13:00-де беріледі
Еске алу
Ақтау ауылының тұрғыны болған, сүйікті де сүйкімді ұл, орны ерекше бауырымыз, адал
жар, асқар таудай әке Жарылғапов ерғали Өміртайұлының өмірден озғанына 13 наурыз күні 10 жыл толады.
Ұлымызды сағына еске алып, жатқан жерің жарық, топырағың мамық болсын деп рухына
дұға бағыштаймыз.
Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,
Тоя алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,
Әттең-ай, ерте сөнді от ғұмырың.
Балаларың, жарың, бауырларың еске алып егіледі,
Еске түссең жүрегім езіледі.
Үндемес, ақ көңіл, жарқын бейнең,
Сақталар мәңгі біздің есімізде.
Сағына еске алушылар: әкесі-Өміртай, жұбайы-Айгүл, балалары, бауырлары
Дің-діңгегім
еліміздің салт-дәстүрін ұмытпау біздің борышымыз
Салт-дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес
ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік
ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық - өнеге тәжірибесін құраған.
Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтеген,
сақтаған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады.
Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан
балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана,
мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.
Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу,
байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салтдәстүрге жатады.
Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салтдәстүр көрінісі. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда: «Біз қазақ деген мал баққан
елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі
таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз», - деген.
Сонымен қоса, салт- дәстүріміз біздің дінімізбен де тікелей байланысты, себебі көбісі
дініміздің төңрегінен алынған. Қазақ елі салт-дәстүрін, дінін ұмытпау арқылы тарихын
ұмытпаған. Келешегіміздің ашық болуына да салт-дәстүріміздің үлкен үлесі бар екені де
айқын.
Себебі салт-дәстүріміз, дініміз тек дұрыс тәрбие беріп, жақсылыққа шақырады.
ғ.тӨтеев,
аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы
Жылу беру ойдағыдай өтуде
Мен Ж.Дүйсенов орамындағы көп қабатты
үйлердің тұрғынымын. Қыс мезгілі жетсе,
отын іздеп әуреге түспейміз.
Есесіне
"Жаңаарқа
Жылу"
қызметкерлерінің еңбегіне сүйенеміз. Осы
орайда біздің аумақтың шебері Қайролла
Ібішевтің жұмысына деген жауапкершілігін
атап өткім келеді. Жылу маусымына
дайындықты тиісінше жүргізіп, батареялардан ауаны шығарып, барлық қажетті шаруаларды атқарады. Қыс бойы жылу беру
тоқтатылған жоқ. Тіпті жарық өшіп қалған
кезде мекеме өзінің құрылғысын (движок)
алып келіп, жұмысын үзбей жүргізді. Ал, от
жағушылар Қуаныш Мұхамедқалиұлы,
Тілеуқабыл
Қайранбеков,
Берген
Толсынның еңбектеріне де үлкен рахмет айтамыз. Кей күндері үйдің іші ысып, тіпті терезе ашқан кездер де болды. Аталмыш
мекеменің жұмыс барысы өте ауыр әрі жауапты. Осы аты аталған жұмыскерлерге алғыс
айтып, ризашылығымды білдіргім келеді.
Дендерің сау болсын, отбасыларың,
жақындарың аман болсын! Еңбектерің жемісті болсын!
К.ОСПАНОвА,
Ж.Дүйсенов атындағы орам
тұрғындарының атынан
Еске алу
9 наурыз 2019 жыл
Жаңаарқаның тумасы, Аралбай батырдың ұрпағы,
Ынтымақ ауылының тұрғыны, Копей әулетінің келіні, адал
жар, балаларына ардақты ана, немерелеріне сүйікті әже,
ағайын-туыс, бауырларына мейірбанды, ауыл аймаққа
қадірменді, құда-жекжаттарына сыйлы бола білген
Зейнуллақызы Бәтима Насреддин әйелінің фәниден
бақиға аттанғанына 17 наурызда 40 күн толады.
Лайық болдың атыңа, бабаның текті затына,
Қайысады қабырға, айырылып сенен қапыда.
Фәниде болды жүзің нұр, алғаның алғыс, ізің гүл.
Немерелерің сағынып, мұңайып ұл мен қызың жүр.
Шаңырағың жайнады, әулеттің едің жайнағы.
Анадай сені сыйлайды, Жаңаарқаның аймағы.
Балалардың бәрін жеткізіп, ұрпақтан көрдің тек қызық.
Өнеге болдың қадірмен, өмірді мәнді өткізіп.
Алты баланың анасы, бес қайынның панасы.
Бес атаның ардақты, өзің едің данасы.
Әділ болдың ақ болдың, босағаңа бақ болдың.
Ата-енеңді әлпештеп, жақсылыққа жақ болдың.
Төре түсті төріңе, биіктен білдің көріне.
Ғұмырың кенет үзіліп, жеткенде өркен өріне.
Жоқ еді жанға жаттығың, жақтың жанның шаттығын.
Өзіңсіз жылжып уақыт, өзіңсіз батып, атты күн.
Мәңгілік жоқ жалғанда, тұяғы бүтін қалғанда.
Қайғырасың, көнесің, құдайым басқа салғанға.
Жақсылардың көзі едің, жақсының нақ өзі едің.
Сағынғанда бейнеңді, өртенеді өзегім.
Тудырып оңнан Айыңды, ғұмыр берген пайымды.
Жалғыз Алла жұмақтан, сыйласын мәңгі жайыңды.
еске алушылар: Көпеевтер әулеті, жолдасы-Насреддин, балалары: НұрланБақыткүл, Құралай-Қоблан, Айгүл-тоқсан, Назгүл-ержан, хамит-Нұржамал,
Нүргүл-Бақдәулет, немерелері, жиендері
Смайловтар әулеті ағалары - Алдан, Қалкен, інілері - Қыдырбай, Кәдірбай,
Мұқанай-Нағима, сіңілісі Айгерім
17 наурыз күні сағат 13:00-де Жаңаарқа ауданы, «Сәт» мейрамханасында Бәтима
Зейнуллақызының өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
Еске алу
Кезінде Айнабұлақ ауылында тұрғаны, өмірінің соңына
дейін Нұра ауданы, Щербаков ауылының тұрғыны болған
сыйлы да құрметті күйеубала, ардақты да қадірлі жездеміз, апамыздың асыл жары, жиендерімізге асқар таудай әке
Саққұлақов Сәкен Жәкетайұлының өмірден өткеніне
16 наурыз күні 40 күн толады. Ардақты жездеміздің
жарқын да, мейірімді жүзі, кімге болса да бауырмалдық,
қайырымдылық танытатын кішіпейілділігі әлі есімізде.
Ардақты да қамқор жездемізді сағына еске алып, жатқан
жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын деп рухына
дұға бағыштаймыз.
Бізге үлгі жүріп өткен жолдарыңыз,
Арқа сүйер жезде - біздің қорғанымыз.
Бағынамыз бір Алланың дегеніне,
Әрдайым қолдап жүрсін әруағыңыз.
Жайлы болсын жатқан мәңгі бесігіңіз,
Періштелер ашсын жәннат есігін.
Балаларың, туғандарың ұмытпайды мәңгіге,
Жүректерде сақталады есімің.
еске алушылар:анасы -Жидек, балдыздары-Асылбек-Лидия, Бағдат, Жарас-Думан,
талас-Жұпар, Анар, Эльмира, Медет-Әсем, Сабыржан-Айгүл
16 наурыз күні сағат13.00-де Нұра ауданы, Щербаков ауылында ардақты
азаматымыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай балалары мен бауырлары
құдайы дәм беріп, құран бағыштайды
Көңіл айту
Жаңаарқа ауданының полиция бөлімінің ұжымы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы,
полиция майоры Боранбаев Серікбай Іслямбекұлына
апасы шОЛПАННЫҢ
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
Аудандық аурухана ұжымы мен кәсіподақ ұйымы аурухана директорының орынбасары
Ақыбаева Оразкүл Әбдікенқызына
қайынсіңілісі
АМАНКҮЛ іЗтӨЛеУҚЫЗЫНЫҢ
мезгілсіз қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Аудандық аурухана ұжымы мен кәсіподақ ұйымы қабылдау бөлімінің медбикесі Оспанова
Айгүл Пазылқызы мен балалар бөлімінің медбикесі Оспанова Сая Пазылқызына
бауырлары
БОЛАт ПАЗЫЛҰЛЫНЫҢ
қайтыс болуына орай қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және “Қарлығаш”
балабақшасының ұжымы балабақша директоры Жумкина Динара Боранқұлқызына
АНАСЫНЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Аудандық “Жаңаарқа” газетінің ұжымы осы мекеменің журналисті Рахат Айтжановаға
енесі ҚАРАшАштЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
ҚұТТЫҚТАУ !!!
ҚұТТЫҚТАУ !!!
Аудандық ауруханада аспазшы болып көп жылдан
бері еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз Асылбекова
Гүлжан Баязитқызын 13 наурыз күні 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіз өзіңіздің жұмысқа деген қабілетіңізбен
жауапкершілігіңізді таныта білдіңіз. Ұжымда адал,
ортаға сыйлы әріптес, отбасыңызға мейірімді ана,
асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай
қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер
қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз.
Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан
қызық-қуаныш арылмасын.
Шаттық пенен нұрға толсын жүрегіңіз,
Жайнасын туған күнде гүл өніңіз.
Бөленіп қызығына балалардың,
Әрқашан сау болыңыз тілегіміз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
ізгі тілекпен: Бақыт, Құндыз, Рыскүл, Әпия, Дана, Бақытгүл, Әсем, Бота,
Гүлбану
көруді нәсіп етсін.
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы
да сүйікті Назымкүл анамызды 90 жас
және Ақтау қаласының тұрғыны қадірлі
әпкеміз Ләзімді 73 жасқа толуымен
шын жүректен құттықтаймыз.
Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз қызықты
болсын. Балаларыңыздың қызығына
тоймай,
бала-шаға
мен
туыстарыңыздың ортасында 100-ге
келіңіздер. Асыл ана сіздің өмір
жолыңыз ұрпақтарыңызға үлкен үлгі
болып қала бермек. Алла тағала әлі де
ұрпақтарыңыздың қызық-қуанышын
Құрметтің көрдіңіздер талайын да,
Қадірлеріңіз артық қой ағайынға.
Алаңсыз тірлік етіп жүз жасаңыздар,
Немере, шөберенің маңайында.
Көлдей көңіл тілейміз таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Баянды бақыт болсын өмірлерің,
Ешқашан көңілдерінді кір шалмайтын.
ізгі тілекпен: балалары, бауырлары, немерелері, шөбере-жиендері
Мәслихат спартакиадасы өтті
Биыл алғаш рет
аудандық мәслихат депутаттары мен аппараты,
аудандық
мемлекеттік мекемелер
мен квазимемлекеттік
с е к т о р л а р
объектілерінің
қызметшілері арасында
спартакиада өтті. Бұл
жарыс Қазақстан Рес-
публикасы мәслихаттарының
25 жылдығына, «Нұр Отан»
партиясының 20 жылдығына
және Жаңаарқа ауданының
90
жылдығына
орай
ұйымдастырылды. Дүбірлі
додаға аудан бойынша 12
команда қатысты. Атап
айтсақ, аудандық мәслихат
депутаттары
мен
аппаратының
командасы,
аудан әкімдігінің жастар
командасы, Атасу кенті әкімі
аппаратының командасы, полиция бөлімінің командасы,
«Жаңаарқа
аудандық
орталық ауруханасы» командасы, «Азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды
облысы бойынша филиалы,
«Халыққа қызмет көрсету
орталығы» департаментінің Жаңаарқа аудандық бөлімінің
командасы, аудандық №50 өрт сөндіру бекетінің командасы,
аудандық күзет полициясының командасы, ветеринариялық
станциясы командасы, Сейфуллин, Айнабұлақ, Қараағаш,
Талдыбұлақ, Бидайық, Целинный ауылдық округтер
әкімдері аппараттарының құрама командасы, Байдалы би,
М.Жұмажанов атындағы, Ақтүбек, Ақтау, Ералиев, Түгіскен
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының құрама командасы және кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының
командалары қатысты.
Спартакиаданың ашылу салтанатында
аудан әкімі
Ю.А.Бекқожин сөз сөйлеп, барша қауымды айтулы да,
маңызды
мерекемен
құттықтап,
қатысушыларға жеңіс тұғырынан көрінуін
тіледі. Бұдан кейін аудандық Қоғамдық
кеңесінің төрағасы Х.Сәтжанов, «Мешіт»
ШҚ басшысы М.Әбілжанов және Ү
шақырылымдағы аудандық мәслихатының
хатшысы болған М.Әбдішев жарысқа
қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Келесі кезекте аудандық
спорт бөлімінің басшысы, жарыстың бас
төрешісі Алдан Қарабаев спартакиаданың
барысы және тәртібімен спортшыларды
таныстырды. Тартысқа толы бәсекеде
барлық спортшылар белсене қатысып, өз
командасының жеңіс тұғырынан көру
үшін бар күштерін салып, сынға түсті.
Спорттың жеті түрі бойынша бәске түскен
спортшылар сабырлылық пен төзімділікті
талап ететін шахмат ойыны бойынша І орынды аудандық
мәслихат депутаттары мен аппаратының командасы, ІІ
орынды Атасу кенті әкімі аппаратының командасы, ІІІ
орынды аудан әкімдігінің жастар командасы иеленді. Дойбыдан І орынды аудандық мәслихат депутаттары мен
аппаратының командасына, ІІ орын кәсіпкерлер
палатасының аудандық филиалының командасына бұйырса
ал, ІІІ орын халыққа қызмет көрсету орталығының командасына бұйырды. Кір тасын көтеру ойыны өте қызықты өтті.
Спортшылар алдындағы алып тасты қиналмай барынша
көтеруге тырысты. Алдына жан салмаған Жаңаарқа
аудандық №50 өрт сөндіру бекетінің командасы І орынды
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖшС басшысы - бас редактор
еРАЛИНА САЛтАНАт АМАНҚЫЗЫ
МеНшіК ИеСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖшС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИН 010340002761, БИК HSBKКZKX, Кбе 16,
АО “Народный Банк Казахстана”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
жеңіп алса, ІІ орынды ветеринариялық станция командасы
ал ІІІ орынды Атасу кенті әкімі аппаратының командасы
жеңіп алды. Үстел теннисінен І орынды ауданы әкімдігінің
жастар командасы, ІІ орынды аудандық мәслихат депутаттары мен аппаратының командасы, ІІІ орын аудандық
орталық аурухана командалары қанжығаларына байлады.
Арқан тартыстан І орын ветеринариялық станция командасына, ІІ орын аудан әкімдігінің жастар командасына, ІІІ
орын аудандық орталық ауруханасы командаларына
бұйырды. Жерден тартылудан І орынды аудандық мәслихат
депутаттары мен аппаратының командасы, ІІ орынды,
аудандық №50 өрт сөндіру бекетінің командасы, ІІІ орынды
полиция бөлімінің
командасы алды.
Волейболдан
үздік
үштікке
ветеринариялық
станциясы командасы іліксе, ІІ
орынға орталық
аурухана командасы жайғасты. Ал
жүлделі І орынды
аудан әкімдігінің
жастар командасы
иеленіп, жеңіске
жетті.
Жарыс
қорытындысы бойынша
жалпы
командалық есепте
І орынды аудандық
мәслихат депутаттары
мен
аппаратының
командасы иеленсе, ІІ орынды аудан әкімдігінің жастар
командасы олжалады.
ІІІ орынға ветеринариялық станция командасы табан тіреді.
Жарыс соңында жеңіске жеткен спортшылар мақтау
қағаздарымен марапатталып, медаль тағынды.
Мөлдір ҚАСЫМ
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1935 дана
Тапсырыс № 13
Автор
zhanzbc
zhanzbc218   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
5
Размер файла
3 249 Кб
Теги
compressed
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа