close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№20-21qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 1
№20-21 (9913), 27 сәуір, 2019 жыл
"Бір белбеу, бір жол" атты форум
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан халқының бірлігі күні - мағынасы бойынша ең ауқымды мемлекеттік мереке. Бұл – мемлекеттің, Қазақстан тарихының, еңбектің, бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің күні.
Қазақстан 120 ұлыс өкілдерінің туған үйіне айналды. Сондай –ақ, бұл мереке бізге бірлік пен ынтымақтастықтың қажеттілігін, күшімізді
жұмылдырғанда ғана елімізде шынайы өзгерістерге қол жеткізе
алатындығымызды, шынымен мықты әрі өркендеуші елдер қатарына қосыла
алатынымызды тағы бір еске салады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде бейбітшілікті сақтауға ерекше мән
беріп келеді. «Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр» - бұл біз бірге
жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті
және өсіп-өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда «Қазақстан
- 2050» Стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді»,- деп атап көрсетті Елбасы.
Қадірлі жерлестер!
Халықтар достығы – бізге ата-бабаларымыздан мұра болып қалған аса
құнды игілік. Оны сақтап, көбейтіп, болашақ ұрпаққа табыстау – біздің
ауқымды мақсатымыз бен стратегиялық міндетіміз.
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге мықты денсаулық, табыс және бақыт тілей отырып, барлық істеріңіз
бен бастамаларыңызға, Қазақстанның және Жаңаарқа ауданының игілігі
жолындағы еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілейміз.
Қашанда берекеміз артып, достығымыз нығая берсін!
Юржан Бекқожин,
Қуат Имантүсіпов,
Жаңаарқа ауданының әкімі
аудандық мәслихат хатшысы
Бүгінде біздің еліміз өз дамуының
жаңа кезеңіне кірді. Қазақстанның
Тұңғыш Президенті-Елбасы, "Nur
Otan"
партиясының
Төрағасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
өз өкілеттілігін тоқтату туралы тарихи шешімі еліміздің жаңа кезеңінің
бастау
болғаны
ақиқат.
Барлығымызды алда 2019 жылдың
09 маусымында еліміздің келесі Президентін сайлау күтіп
тұр. Тәуелсіздік жылдары біздің республикамыз үлкен жолды
жүріп
өтті.
Экономикалық, саяси,
әлеуметтік салаларда
түбегейлі
өзгерістер
жүргізілді. Ең бастысы,
елдің дамуы ешқашан
тоқтаған жоқ. Қазақстан
әлемнің дамыған 50
елінің қатарына енді.
Енді біздің мақсатымыз
ең қолайлы отыз елдің
қатарына кіру. Ол үшін
әлі де көп міндеттерді
шешу керек.
Алға
жылжу үшін мемлекет
күшті
және
тиімді
болып
қалуы
тиіс.
Сондықтан "Nur Otan"
партиямыздың басты
мақсаты - Елбасының
с т р ат е г и я л ы қ
бағытының сабақтастығын сақтау. Бұл мемлекеттің
тұрақтылығын, қоғамдағы келісімді сақтауды білдіреді.
Қазақстанның әрбір тұрғынының өмірін жақсарту үшін экономиканы дамытуды жалғастыру басты бағытымыз болып
қала бермек. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 23 сәуірінде
«Nur-Sultan» қаласында өткен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХІХ Съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев президенттікке кандидат ретінде еңбегі
елімізге жақсы таныс, есімі әлемге белгілі саясаткер, бүгінде
Қазақстанның тұнғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Бейжіңде
өткен "Бір белбеу, бір жол"
атты форумның құрметті
қонағы болды. Халықаралық
форумға
жүздеген
аса
маңызды саяси тұлғалар
жиналған. Олардың қатарында
37 мемлекеттің басшылары
мен
премьер-министрлері,
тағы да делегацияның он
шақты мүшелері болды.
Көптеген ірі саясаткерлердің
арасынан Си Цзиньпиннің
сөзін алдыңғы қатарда отырып
тыңдау тек бірнеше президентке бұйырған. Олар: Ресей
басшысы Владимир Путин,
Беларуия президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан
мемлекет басшысы Сооронбай
Жээнбеков, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және т.б.
нұр. Кз.
САЙлАУ-2019
Сайлаудың әділ өтетіне сөз берді
"Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке кандидат ретінде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. "Жаңа басшылыққа халық тарапынан көп сенім артылмақ. Сол
себепті, мен партия төрағасы ретінде президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты
ұсынамын. Ол сенат төрағасы ретінде парламентаризмнің дамуына үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, жылдар
бойы менің сенімді серігім болды", - деді Назарбаев "Нұр Отанның" ХІХ сьезінде. Айта кетейік, ҚасымЖомарт Тоқаев ҚР қазіргі президенті. Осы айдың басында, мемлекет басшысы президент сайлауының 9
маусымда өтетінін мәлімдеді. Сонымен бірге, ол сайлаудың әділ өтетініне сөз берді.
Тарихи сәт қарсаңында!
Елбасыдан кейін ел тізгінін қолына алған Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаевты ұсынды. Елбасы Қасым-Жомарт
Кемелұлын еліміздегі жоғары лауазымға лайықты үміткер
екенін айтып, оның Отан алдындағы сіңірген еңбегі мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.
– Қасым-Жомарт Тоқаев менімен бірге тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарынан бастап қызметтің түрлі саласында
жұмыс істеді. Ол – ұзақ жылдар Сыртқы істер министрлігіне
жетекшілік етіп, Қазақстанның сыртқы саясатын бірге
қалыптастыруға
атсалысқандардың
бірі.Оның
дипломатиялық дәрежесі шетелде жоғары бағаланады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болғанын және тәжірибелі мемлекет саясаткері екенін
жақсы білесіздер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қатысуымен 90шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында бірқатар
маңызды реформа жүргізіліп, ел экономикасын өркендетуге
жол ашылғандығын айтты. Ұсынысты Съезге қатысқан 600ден астам делегат бірауыздан қолдады. Республиканың әр
түкпірінен келіп шараға қатысқан 1500 адаманың қатарында
болып, тарихи сәтті өз көзімен тамашалау бағы бұйырған
әрқайсысымыз алдағы өзімізге жүктелер үлкен жауапкершілікті толық сезіндік. Партияластарының алдында сөйлеген
сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыр дағдарыс
жағдайында басталған тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру
жолы оңай болмағанын еске салды.
– Экономиканың жаппай күйреуі халықтың басым
көпшілігін күйзеліске ұшыратты. Көптеген сарапшылар
этносаралық шиеленістер мен қақтығыстар
болады деп болжам жасады. Бірақ біз өзіміздің
егемен елімізде бейбітшілік
пен
келісім
жағдайында
өмір
сүруге лайықты екенімізді бүкіл әлемге
дәлелдедік. Менің «алдымен
экономика,
сосын саясат»- деген
негізгі
қағидатым
д ұ р ы с т ы ғ ы н
дәлелдеді”, – деді «Nur
Otan»
партиясының
Төрағасы. Елбасы сенген Тұлғаға ел де сенім
білдіреді.
Ендеше
ауданымыздың барлық
азаматтарын
оның
ішінде нұротандықтарды партия шешімін қолдауға
шақырамын! Алдағы өтетін сайлау науқанында еліміз әлем
алдындағы өз абыройын асқақтатып, демократиялы ел ретінде бір қадам алға жылжи түсеміз деп сенеміз.
Ә.Ж.АмАнЖолов,
"Nur Otan" партиясының Жаңаарқа аудандық фииалы
төрағасының бірінші орынбасары, облыстық саяси
Кеңес мүшесі. Партияның кезектен тыс
ХІХ Съезінің делегаты
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 2
облыс әкімінің орынбасары
ауданымызда болды
23-сәуір күні облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров ауданымызға жұмыс сапарымен
келді. Серік Жаманқұлұлын аудан әкімі Юржан Бекхожин бастаған бір топ мекеме басшылары қарсы алды. Сапар барысында С.Шайдаров аудан орталығындағы бірнеше
нысандарға ат басын бұрып, ондағы жүргізілетін жөңдеу жұмыстарының барысымен танысты. Сапар қорытындысында облыс әкімінің орынбасары С.Шайдаров аудан көлеміндегі
атқарылар жұмыстармен толықтай танысып, мекеме басшыларына тапсырмалар берді.
Тазалық сақтау шаралары басты назарда
2
27 сәуір 2019 жыл
облысымызда электр станциясы
іске қосылды
Қазақстанның энергетикалық кешені жаңартылатын энергия көздерінің тағы бір нысанымен толықты. Қарағанды облысында өңірдегі екінші күн электр станциясы іске қосылды.
Ол Балқаш маңындағы Гүлшат кентіндегі шетелдік инвестицияларға салынған.
- Бүгін біздің облыс үшін маңызды күн. Біз екінші ірі күн электр станциясын іске қосамыз.
Алдымызға үлкен бір мақсат қойып отырмыз – Елбасының тапсырмасы бойынша
Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30%-ға жеткізу. Біз оған сенімді түрде қадам басып
келеміз, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов нысанды іске қосу рәсімінде. Биылғы жылдың қаңтар айында Саран қаласында қуаты 100 МВт болатын алғашқы электр
станциясы іске қосылды. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі күн станцияларының бірі. Қазір біз
25-сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Серіковтің басқаруымен аудандық
мәжіліс залында жиналыс өткізілді. Қаралған басты мәселе-аудан көлемінде тазалық
жұмыстарының өткізілуі жайында болды. Бауыржан Қуандықұлы өз сөзінде мекеме
ұжымдарының "Таза бейсенбі" және сенбі күндері сенбілік жұмыстарына бір кісідей атсалысуларын сұрады. Өзін ауданның патриотымын деп танитын әр тұрғын өз шамасынша
тазалық жұмыстарына белсенді араласуы тиіс деп ескертті.
Бауыржан Қуандықұлы күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша мекеме басшыларына
сұрақтарын қойып, қажетті тапсырмалар берді.
Өз тілшімізден
Электронды қызметтер –
ТЫнЫШ ӘрІ ҚАУІПСІз ӨмІр КЕПІлІ
Электронды қызметтер-тыныш әрі қауіпсіз өмір кепілі екеніне бүгінгі таңда көзіміз анық жетуде. “Ал сіз, өз өміріңіздің
қауіпсіз әрі тыныш өтуіне ықпал жасай алып жүрсіз бе”,деген сұрақ туындайды. Ол үшін сізге ЭЦҚ (электронды
сандық қолтаңба), интернет желісіне қосылған компьютер,
смартфоныңыз ғана қажет. Электронды үкімет порталы
«egov.kz» тәуліктің кез-келген уақытында сізге жұмыс жасауға
дайын.
Елбасы, Тұнғыш Президент Н.Назарбаев өзінің
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты
халыққа Жолдауында «Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс»,- деді.
Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы және мекемеге бару арқылы
алуды салыстырсақ. Әлдебір қызметті алу үшін мекемеге бардыңыз делік. Ол жер сізге бейтаныс, қайда барып кімнен сұрайтыныңызды білмей абдырап қаласыз. Біраз уақытыңыз
кетті, жүйкеңіз шаршады, қаржыңыз шығындалды. Ал, тура сол қызметті электронды үкімет
порталын пайдалану арқылы алып көрдіңіз. Ешкіммен тілдесіп, абдырап қалған жоқсыз,
жеңіл әрі өте ыңғайлы болды. Жүйкеңіз де тыныш, қаржыңыз да орнында қалды.
Нәтижесінде сізге электронды нұсқада қызмет алған ұнары анық. Электронды қызмет алу
– өмір сүрудің тетігін жеңілдетеді.Ыбырай атамыздың: «Айшылық алыс жерлерден жылдам
хабар алғызды»,- деген сөзі оймызға дәлел бола алады.
Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеру үстінде. Ғылым мен техниканың өркендеген жаһандану
кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Еgov – бұл қолжетімді жылдам ақпарат алу көзі.
Технологияның қарқынды дамуы қоғамның барлық саласын түбегейлі өзгеріске ұшыратып
отыр. Мысалы, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі жеңілдеген сияқты. Үйде,
жұмыста отырып автобусқа, пойызға билет алуға, мемлекеттік органдардан анықтамалар
алуға, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға (егер сіз заңды тұлға болсаңыз) немесе белгілі
бір мемлекеттік органға тікелей шағымдануға («Виртуалды қабылдау»), коммуналдық
қызметтерді төлеуге, мекен-жай анықтамасын алуға мүмкіндіктері бар.
Еліміз әр жыл сайын бір тарихи жаңалыққа толы кезеңге аяқ басады. Еліміздің мақсатыәлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден
озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс.
Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында
мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас
жасаудың тиімді жолдарын осы электронды үкімет жүйесі арқылы тапты. Мұның тиімді
жақтары айтарлықтай. Қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімді
етеді және шығынның аздығымен әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді. Үкіметтік
ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне елеулі ықпал ете алады.
Үкімет ұсынған қызметтерді халық ақпарат алмасудың жылдамдығы арқасында тез
меңгеруде. Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта
қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі.
Ал электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық.
Мемлекеттік қызметтерді электронды үкіметтің веб-порталы арқылы ала отырып сіз, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауынан алшақ боласыз, жоғарыда айтып өткендей
уақытыңыз, қаражатыңызды үнемдейсіз әрі экономиканың қарқынды дамуына да өз
үлесіңізді қосасыз. Олай болса өз өміріңіздің тыныш әрі қауіпсіз өтуіне өзіңіз кепіл
болыңыз!
ЕрДЕн САҒЫнДЫҚов,
мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер
көрсету басқармасының бас маманы
«Гүлшат» КЭС-ын ашудамыз. Маусым айында тағы бір станцияны Шет ауданында іске
қосуды жоспарлап отырмыз.
Гүлшатта күн станциясы бір жылдан аз уақытта салынып болды. 104 гектар жерге 120
мыңнан астам күн панелі орналасқан. Қуаты 40 МВт құрайтын станция Балқаш сияқты 5
қаланы энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Жыл сайын ол 58 млн кВ/сағ астам
электр энергиясын өндіретін болады.
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов атап өткендей, Қарағанды облысы бүгінде
баламалы энергетиканы дамытуда еліміз бойынша көшбасшы болып табылады. Еліміздегі
күн электр энергиясының өндірісі көлемінің жартысы біздің өңірге тиесілі.
Станция құрылысы мен жабдықтарына 46 млн АҚШ доллары жұмсалды. Бұл – шетелдік
инвестициялар. Құрылыс кезінде нысанға 300 адам жұмысқа алынды. Станцияда 20 маман
қызмет көрсететін болады.
Жоба инвесторлары Қарағанды облысының басшылығына қолайлы жағдай жасағаны үшін
алғыс білдірді. Компания өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға одан әрі
қатысуды жоспарлап отыр.
Күн станциясының ашылу салтанатына Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің
өкілдері, қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының өкілдері, ардагерлер, Балқаш
қаласының құрметті азаматтары, «Жасыл экономика» байқауының жеңімпаздары қатысты.
облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ауданда Қазақстан халқының бірлігі
күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар
бағдарламасы
Іс-шаралар
Өтетін орны
мерзімі
мерекенің басталуы: сағат 11.00
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамына
арналған мерекелік іс-шаралар:
•Аудан әкімінің құттықтауы
•Театрландырылған көріністер
•Мерекелік концерт
•Спорттық жарыстар (кір тасын көтеру, арқан тартыс, Атасу кентіндегі
мәдени-сауық
қол күресі, асық ату)
1.05.2019 жыл
орталығы
•Әр ұлттың ұлттық тағамдарының көрмесі
алдындағы алаң сағат 11.00
•Мерекелік сауда, «Ауыл береке» жәрмеңкесі
9 мамырда өтетін «Қаһарман ұлт – бессмертный
полк» шеруіне қатысу ережесі
Мақсаты: 1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ерлігін естен шығармау және
өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт күннің қадірін түсінуге тәрбиелеу.
Шара соғыста ерлік көрсеткен ардагерлерді еске алу үшін ұйымдастырылады;
Шараға соғыста ерлік көрсеткен ардагерлердің жанұялары, ұрпақтары және кез келген
аудан тұрғыны қатыса алады. «Қаһарман ұлт» маршына қатысушыларға марш алаңын жарнама ретінде пайдалануға және транспаранттарда кез келген символдарды жариялауға
тыйым салынады; Қатысушылардың назарына транспаранттар үшін бірдей стандарттар дайындалды; Жауынгердің суреті қойылған немесе аты-жөні жазылған (егер де суреті болмаса,
аты-жөні, қызметтік лауазымы жазылған плакат жасауға болады) транспарантта полктің логотипінен басқа символ болмауы керек;
Әр қатысушының омырауында қазақстандық Жеңіс лентасы болуы керек,
Транспаранттың өлшемі: А4
Сабы ағаштан немесе пластмассадан жасалу керек.
Фотоны шыны жиектемеге салып, түрлі-түсті етіп шығаруға болады.
Шеру «Мәңгілік Ел» алаңынан басталып, «Әлия» супермаркетінен аяқталады.
«Мәңгілік Ел» алаңының жанында жиналу уақыты сағат 10.00, қозғалу уақыты 10.50 басталады.
«Даңқ» монументі алаңында музыкалық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндер
орындалады.
Қатысуға байланысты сауалдарыңызға жауапты мына телефондар арқылы ала аласыздар: білім бөлімі 5-07-64 Әкімова Асылхан маратқызы, оңғарова Жаннұр
нұртазақызы, ішкі саясат бөлімі 2-69-40 Казимов руслан Әбдіғалымұлы, 2-83-82
Әубәкірова нұргүл Айтбайқызы.
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 3
27 сәуір 2019 жыл
«Жұлдызды сәт» жас таланттардың
байқауы!
24-ші сәуірде ауданымыздың мәдениет
үйінде «Жастар ресурстық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ұйымдастыруымен «Жұлдызды сәт»
байқауы өтті. Жаңаарқаның 90 жылдық
мерейтойы,
С.Сейфуллиннің
125
жылдығына және “Жастар жылына”
орайластырылған байқаудың басты
мақсаты – 14 пен 29 жас аралығындағы
таланттыларды анықтап, оларға өнерде
қолдау білдіру болды.
Қызылжар кентінен, С.Сейфуллин, Целинный, Талдыбұлақ, Бидайық ауылдық округтерінен, өнер мектебінен
және аудан орталығынан келген жастарымыз сайысқа қатысып, өнерлерін
ортаға салды.
Жас таланттарға қолдау білдіріп келген Нұрғалиев Рауан, Нұрдәулет Сәрсенбайұлы, Бекенова Ажар, Қайроллаева Аяжан көрермендерге арнап ән шырқап, көтеріңкі көңіл – күй
сыйлады.
Әділдікті ту еткен әділ қазылар алқасы «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа филиалы
төрағасының орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы, «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы Ералина Салтанат Аманқызы, балалар өнер мектебінің оқытушысы Шекимов Уалихан
Сейітұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қанапин Марғұлан
Бауыржанұлы, мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Әбікеева Айгерім Ақанқызы болды.
Қазылар алқасының шешімімен өнер мектебінің шәкірті Біләлов Ернар жүлделі III-орынды,
Аграрлық колледжден келген Смайлов Асылхан II-орынды, өнер мектебінен Аманжол Сабина I-орынды иеленсе, Қызылжар кентінен келген Алтынбеков Асылхан бас жүлдені
қанжығалады.
Сайыс алаңына түссе де «Сен жақсы өнер көрсеттің, сен мықтысың, сен жеңесің»-деп бір
біріне қолдау білдіріп, бауырмалдық танытып жатқан жастарымызға қарап бір қуанып
қалдық. Міне, қазағымыздың жастары осындай бауырмал, мейрімді, бір үйдің баласындай
өсіп келеді деген мақтаныш кеудемізді кернеді.
Өнерлі де өренді жастарымыздың қанаттары талмай, өнер шыңында қалықтай берсін!
***
***
***
“Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қатты”,- деп Мағжан
Жұмабаев сипаттаған ауданымыздың жалынды жастары 23 сәуір күні бұқаралық спортты
дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық спорт мектебінде
командалық спартакиада ойындарын ұйымдастырды. Ақиық ақын С. Сейфуллиннің 125
жылдығына, Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына және «Жастар жылына» орай
ұйымдастырылған спорттық ойындарға аудан жастары мен қатар ауылдық округ жастары
да атсалысты. Сайыста спортшылар жалпы спорттың жеті түрі бойынша мықтыларды
анықтады. Атап айтқанда, кір тасын көтеру, қол күресі, қыздар арасында пресске арналған
жаттығу, үстел теннисі, арқан тартыс.
Тарландардай тартысқан аудан, ауыл жастары бірінен- бірі озбаса кем түспеді, дегенмен
сайыс болған соң жеңуші мен жеңілуші болатынын жастар жақсы білді. Басқалардан басым
болып командалық есепте 1 – ші орынды М.Жұмажанов ауылының «Аппаз» командасы иеленіп, 2 – ші орынды ауданымыздың студенттерінен құралған Ғ.Жарылғапов атындағы
аграрлық колледжі иеленді, ал үздік үштікті Байдалы би ауылы қанжығаларына байлады.
Бұндай тартысты сайыс пен мәнді де сәнді іс шаралар алдағы уақытта көптеп
ұйымдастырылатын болады. Ендеше барша аудан жастарын белсенді болып, еліміздің патриоты болуға шақырамыз!
Аудандық жастар ресурстық орталығы
3
Сәкен елі - жайнаған Жаңаарқа
Сайдалы Сары Тоқа есімдері жаңаарқалықтардың ғана емес, ұланғайыр республика
жұртшылығының мақтанышына айналған. Сол сияқты әділеттілігімен
қара қылды қақ жарған Телғозының Шоңы, тапқырлығымен
таңқалдырған ел арасындағы ойын-сауықтың туына айналған Төлебай
сал, көмейлерінен жыр нөсерлері саулаған Жолдекей, Бұралқы ақындар
және көптеген қасиетті есімдер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа сыйқұрметі суынбайтын сырлы шежірелер.
Бұл күндері бабалардың мәңгі өшпейтін тамаша дәстүрін әлемге паш
етіп жүрген өнер көгінің жаңаарқалық жұлдыздары көптеп саналады.
Сонау отызыншы, қырқыншы, елуінші, алпысыншы жылдары Байжұман
бастап, Игілік қостап шырқау биіктерге көтерілген әншілік мектеп соңғы
жас толқын, жаңа ұрпақпен жалғасын тауып өзіндік өрнегі бар арнаға
түсіп отыр. Бір кездері Әміре Қашаубаев ән салған Парижде өнер сүйер
қауымды талантымен тамсандырған Қазақстан Республикасының Халық
әртісі Қайрат Байбосынов, Ықылас атасының қасиетті өнерінің құдіретіне
табындырған белгілі қобызшы Сматай Ұмбетбаев бұл күндері
жұртшылық ыстық ықыласпен қабылдайтын әншілер Бекболат Тілеуханов, Серік Оспанов, Қорабай Есенов, Береке Көшенов, Ғалым
Мұхамедин және ондаған қызғалдақтай құлпырып өсіп келе жатқан жас дарын, балауса
өнерпаздар Сәкен елі - Жаңаарқа жерінің орынды мақтанышына айналған. Ауданның халық
театры, ондағы ұлт-аспаптар оркестерлері, эстрадалық ән-би ансамбльдері де жұртшылық
сүйіспеншілігіне ие болған өнер ұжымдары. Жаңаарқалықтардың ғылым мен әдебиетке
қосқан үлесі мол, жерлестері олардың есімдерін зор құрметтейді.
Академик, филология ғылымының докторы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер
институтының директоры Серік Қирабаев, техника ғылымдарының кандидаты, ұзақ жылдар
Теміртаудағы Қарағанды металлургия комбинатының бас директоры болып қызмет атқарған
Махмуд Ақбиев, ғылым докторлары Көбен Әбжанов, Рымжан Сейфуллина, Қарпық
Құсайынов, Еламан Маханов, Ханкелді Әбжанов, Ғайни Мұсылманбекова, Өмір Мәдікенов,
Ғабдолла Құлқыбаев, Кәрібай Садырбаев, Темірғали Көкетаев, Бақыт Кәрібаева, ғылым кандидаттары Ғалым Сарбасов, Әбдірахман Игіліков, Ғалым Тұсбаев, Ғалия Кәрімова, Аманкелді Теменов, Алтай Орманбаев, Сәрсен Аяжанов және көптеген жерлестерміз өздерінің
терең білімдерімен танылған ғалымдар. Бұл шежірелі өңірде ақындар мен жазушылар да
жеткілікті. Әдебиетші, аудармашы, жаңа сөздер жасаушы Ісләм Жарылғапов, тілгер-ғалым
Әмеди Хасенов, ақындар Жақан Смақов, Сайлаухан Нәкенов, Хамит Жаманов, Еркін Игенберлин, Ғалым Жайлыбаев, жазушылар Бұқпа Әшімов, Асан Жұмаділдин, Алдан Смайлов
және көптеген есімдері енді-енді танылып келе жатқан қаламгерлер оқырмандарын жақсы
шығармашылығымен сүйсіндірген дарын иелері.
Жаңаарқаның қасиетті топырағында туып-өскен, елінің еркіндігі халыққа етігімен су
кешіп, тар жол, тайғақ асулардан өткен қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллиннің үзенгілес
серіктері Жанайдар Сәдуақасов, Бәкен Серікбаев, Шәбден Ералиев Қазақстан тарихына
есімдері алтын әріппен жазылған ардагерлер.
Жаңаарқалық өрендер майданда, еңбекте Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбеков,
еңбек ерлері Әлібай Оспанов, Сатан Ысқақов, Шалғынбай Ынтықбаев, Ыдырыс Жұмабеков
ауданның ерлік пен еңбек шежіресінің жарқын беттерін жасаған жандар.
Жүздеген жаңаарқалықтар туған елінің азаттығы үшін құрбан болды. Аудан орталығында
құрбандар құрметіне орнатылған Даңқ мемориалы мен мәңгі алау бар. Жаңаарқа спортта
да жұлдызы жарқыраған өңір. Тұңғыш спорт шеберлері Ғалым Жарылғапов, Дүйсенбай
Бөкенаев, Танау Нығызбаев, Диқанбай Биткөзовтен басталған спорт жолын қазірде жүздеген
спорт сайыпқырандары жалғастырып келеді. Олардың қатарында әлемнің, Еуропаның,
бұрыңғы Одақтың, республикалық бірнеше дүркін чемпиондары Қанат, Талғат, Жанат
Байшолақовтар, Сергей Волобуев, Айбатыр Махмұтов және көптеген түлектер ауданның
спорттық намысына дақ түсірмей елеулі үлес қосқан өрендер. Сәкен атындағы тарихи
өлкетану мұражайы ашылды. Сәкеннің мүсіндік ескерткіші орнатылды. Аудан орталығында
ең үлкен көрікті көшесіне Сәкен есімі берілді. Аудан орталығында С.Сейфуллин орта мектебі бар.
Бағила Ысқақова
Арман қуып Алматыға келдім...
Мінекей, алғашқы студенттік жылым да өте шықты. Әне-міне дегенше 1 курсты да
тәмәмдаймын. Осының өзі уақыттың зырлап өтіп жатқанын меңземей ме?
Кеше ғана мектеп түлегі атанып, Жаңаарқаммен қош айтысып, арман қуып Алматыға келген
сияқты едім... Студенттік өмір - қиындығы мен қызығы қатар жүретін, адамның есте қалар
ерекше кезеңі ғой. Алғашқы кезде үлкен қалада ата-анаңсыз өзіңнің оқуың, жаңа ортаға
үйренісуің, сабақтың қиындығы бәрі-бәрі ауырлық туғызды. Кейінен бәріне бейімделіп кетеді екенсің... Студенттік шақ тәтті әрі ең қызық шақ деседі. Мен де осы қызықтың дәмін
татып жатқандаймын. Университеттегі алғашқы күнім адасумен басталады. Барлық студенттерге таныс жағдай шығар. Өйткені он бір жыл оқып, біліп келген үстеліміз, кабинетіміз
жоқ енді. Бірінші күннен үлкен өмірге қадам басқанымды іштей сезіндім. Одан әрі өзгеше
пәндер орын ала бастады. Мамандығыма сай "Телерадио", "Жанр" сынды сабақтар
өткізілетін болды. Таңдап келген мамандығыма байланысты болғаннан кейн, өзіме ұнады.
Студент атанғалы "мұғалім" деген сөзді "мисс","мистер" деген сөздерге ауыстарғанбыз. Бас
кезінде, барлығы сияқты, үйренісе алмай қойдым. Ал, қазір бұрыннан айтып жүрген сөзім
секілді, аузымнан тастамаймын. Ең қызығы мұнда әр аймақтан келген жаңа достармен таныстым. Жаңа таныстық жаңа өмірге жол ашу. Олардың сөйлеу мәнері, өздерін ұстауы, тіпті
қызық. Кейде мен білмейтін тілде сөйлеп тұрғандай көрінеді. Бірақ уақыт өте келе оған да
көндігісіп кеттім. Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы жылды "Жастар жылы" деп белгілеуі біз
үшін үлкен серпін болды. Жалпы мемлекетімізде жастарға жасалып жатқан мүмкіндік өте
мол. Тек ынта болса болды. Жыл сайын қомақты сомаға гранттар бөлініп, өз ісін ашамын
деген қыздар мен жігіттерге жағдай жасалып отыр. Біліміңді шыңдаймын десең, тек
дәлелде, шет елдің таңдаулы оқу орындарының студенті атанасың. Тек, жігер мен ынта,
еліңе деген сүйіспеншілігің болсын. Студенттік өмірімді барынша қызықты өткізуге тырысамын. Себебі ертең ерекше сезіммен, жүзіме күлкі ұялап, өткен күнді еске алғым келеді.
Сол үшін де, достарыммен қаланың қарыштап дамыған жерлерін көріп, театрға барып, рухани азық алып, мұражайлардың мұраларына қанығып мәз-мейрам болып қаламыз. Былай
қарағанда бұл жерлерге студент болмай тұрып та, барып жүрдік қой. Таңғалатын ештеңесі
жоқ тәрізді болғанымен, жанындағы серіктеріңмен келгендей болмайды екен. Бәрінің де
сәнін келтіретін осы жақындарым. Біз болашағымызды бағамдап, күш-қайратымызды білімге, өнерге жұмсамақ болып, келешегімізден үлкен үміт күтеміз! Мемлекеттің сапалы, саналы, бағалы бір бөлігі болатынымызға сенеміз! Біз алар асу - үлкен!
мөлдір Қасенова,
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 4
4
ПАрК ПоБЕДЫ – СИмвол ЖИзнИ
«Через несколько лет не останется ветеранов Великой
Отечественной войны, в Парк будут приходить их потомки. Парк станет Символом жизни», – так определил
свою основную гуманистическую идею главный архитектор проекта Александр Александрович Золотарёв
(1942 – 2014), Почётный архитектор Казахстана.
Передовая общественная мысль Казахстана стремится
определить пути формирования общенациональных
ценностей через патриотическое воспитание и формирование национального самосознания и единства народа. В этом контексте остаётся вечной тема Великой
Отечественной войны, воплощённой в архитектурных
памятниках и ансамблях, в пластических искусствах.
Главнейшая идеологическая ценность городского пространства Караганды – Парк Победы, который стал своеобразным «зелёным ядром» города. Он же служит
главной рекреационной зоной будущего современного
центра Караганды – Юго-восточного района. Проектная площадь парка составляет в S=13,95 га. Парк разбит в районе памятника Воинам-интернационалистам и ограничен с двух
сторон проспектом Шахтёров и микрорайоном «Орбита».
Главная часть парка спроектирована на основе существующего зеленого массива, общей площадью 16-18 тысяч квадратных метров.
В архитектурно-планировочной концепции парка были
предусмотрены следующие важные парковые объекты.
Строительство декоративного Лебединого пруда.
Пять декоративно-художественных композиций, расположенных на аллее Героев парка (предположительно рельефные
композиции,
посвящённые
темам
национально-освободительного движения в Казахстане, Великой Отечественной войне, защитникам Отечества, труженикам тыла и детям военного времени).
Часовни для религиозных конфессий: мусульманская, православная и католическая (размеры 4х4 м); будут располагаться в зелёном массиве у Лебединого пруда.
Объекты социально-культурного назначения планируется
выполнить в виде павильонов; всего предполагается разместить на территории парка 14 объектов.
Крупные работы по благоустройству и озеленению парка
определены посадкой новых хвойных и декоративных пород
деревьев и кустарников.
Основные парковые аллеи свяжут будущую главную площадь с объектами общегородского центра – супермаркетами,
новым киноконцертным залом на три тысячи мест (находится в проекте), этнопарком, отелями и другими объектами.
Каково же воплощение архитектурно-планировочной концепции Парка Победы? Здесь всё говорит о Победе, о подвиге, о неувядающей славе. Главное украшение парка –
величественная Ротонда Славы.
Облицованные мрамором колонны украшены бронзовыми
барельефами со сценами военных битв (автор барельефов –
художник Игорь Баграмов). Компоновка ротонды с фонтаном
выполнялась благодаря помощи китайских товарищей; отдельные части ротонды делались в Китае, привозились сюда
и монтировались; 80 человек работали здесь непрерывно.
При этом главный архитектор постоянно находился на строительной площадке. В центре Ротонды находится уникальный
цветомузыкальный фонтан «Дружба народов», на котором
установлено 130 мраморных шаров, символизирующих 130
представителей разных национальностей, проживающих в
Казахстане. В республике такой фонтан есть только в столице
Нур-Султан (диаметром – 30 м), теперь появился и в Караганде (диаметром – 34 м).
В ансамбль после соответствующей реконструкции включён
памятник Воинам-интернационалистам «Прерванный полет»
(скульптор Н. Новопольцев, архитектор Ж. Алтаев).
От ротонды через весь парк проходит «Аллея дружбы», это
название символично – ведь победу в той войне добывали
люди многих национальностей. В «Аллею дружбы» «вливаются» остальные аллеи с курдонерами, на которых отражена летопись огненных лет. На одном из них занесены
имена карагандинцев – Героев Советского Союза и кавалеров
ордена Славы; на другом – помещены слова Жамбыла, обращенные к осажденным ленинградцам.
27 сәуір 2019 жыл
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Мне в струе степного ручья
Виден отблеск невской струи…
На третьем – сцены, рассказывающие о славном боевом пути 77-го артиллерийского полка, сформированного
в Карагандинской области и встретившего День Победы
в освобожденной Праге. Не забыты и труженики тыла –
им посвящена рельефная композиция «Всё для фронта,
всё для победы!».
Итак, идея Парка Победы, появившаяся в 2004 году,
осуществилась в основном в 2009.
При возведении парка соблюдалось главное требование:
всё должно быть надёжно, на долгие времена – в отделке
применяли бетон, естественный камень, гранит, мрамор,
бронзу, медь. В целом парк смотрится как законченное
воплощение архитектурной и инженерной мысли. Памятник воинам-афганцам – один из главных фрагментов
Парка Победы – «зазвучал» по-новому: окрылённая фигура
развернулась на 1800С, изменились постамент и внешний
облик прилегающей территории. Композиция пронизана трагизмом и светлой памятью, как весь парк в целом.
Последующие работы в парке ждут своего осуществления.
Есть надежда, что завершится строительство и декоративного Лебединого пруда.
Выдающийся немецкий просветитель и гуманист XVIII
века Г. Э. Лессинг писал, что «внутренняя культура, чуткость
и тонкость души не расслабляют человека при свершении
мужественных поступков, но позволяют ему остаться человеком и в момент смертельной опасности для жизни».
Российский флотоводец Н. Г. Кузнецов, анализируя героизм
воинов в годы войны, отмечал, что «подлинный патриотизм
неотделим от культуры».
Философ и военный деятель, век XVIII и век XX. Разные
эпохи, разная философия, но единая гуманистическая убеждённость в том, что подлинное мужество, героизм невозможны без гуманизма, человечности, что глубокое чувство
патриотизма предполагает высокую культуру личности.
В 2019 году всё гуманистическое человечество отмечает 74летнюю годовщину Победы в Великой Отечественной войне.
Парк будет вечным напоминанием о войнах: первой мировой,
гражданской, Великой Отечественной и афганской. Парк Победы – это символ единения народов в борьбе за будущее
процветание.
лариса золоТАрЕвА,
искусствовед, пр офессор КарГУ им. Е.А. Букетова
Г.Көбеева ғылыми жобаның рәсімделуін түсіндірді.
Ғылыми-практикалық конференцияның түйіндемесі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Жамауова
«Дара жол» бағдарламасының желісімен
«Ғибратты ғұмыр ағайынға асыл, ғалымда «Ғасыр
адамы» атанған Темірғали Көкетаев» атты жас
Ғылыми-конференция
Ғылымға құштар жас өрен
Жаңаарқа
ауданының
90
жылдық мерейтойы
қарсаңында «ХХ
ғасыр адамы», ҚР
Жоғарғы
ғылым
академиясының
академигі, профессор, физика-матем а т и к а
ғылымдарының докторы, жерлесіміз Темірғали Әбілдаұлы
Көкетаев атындағы «Ғылымға құштар жас өрен» атты
ғылыми-практикалық
конференциясы
Б.Амалбеков
атындағы орта мектебі базасында өткізілді. Конференция
мақсаты: әлем таныған академиктің тұлғалық қасиетін
өскелең ұрпаққа үлгі ету, ғылымға құштар жас өрендердің
танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық
қабілетін дамытуға жағдай жасау.
Конференцияға академик Т.Ә.Көкетаевтың өзі қатысып,
жас өрендерге байқауда сәттілік тіледі.
Конференцияның салтанатты ашылуы аудандық балалар
өнер мектебінің «Арқа сазы» ансамблінің (жетекшісі Уали-
хан Шекимов) күйімен басталып, аудандық білім бөлімінің
басшысы Тілеш Әштаевтың алғы сөзімен басталды. Жас
өрендерге өзінің ақ тілегімен
конференцияға сәттілік тілеген
Темірғали
Әбілдаұлы
аудандық білім бөліміне, мектеп ұжымына алғыс білдірді.
Конференцияға
аудан
мектептерінің 1-11 сынып
оқушыларынан
93
жас
ғалымдар 7 секция бойынша
қатысты. Жас өрендер төрт
бағыт бойынша 4 түсті шарфтармен ерекшеленіп жүрді.
Зерттеу
жұмыстарының
аңдатпалары
конференция
жинағында жарияланды.
Конференциямен
қатар
аудандық
білім
бөлімінің әдіскері
Ж.Қоңқашова
ауданның физика
п ә н і н і ң
мұғалімдеріне
арналған семинарп р а к т и к у м
ұйымдастырып,
мектебіміздің физика
пәнінің
мұғалімдері М.Рахымжанова,
Д.Сәлкенов, №132
мектебі физика
пәнінің мұғалімі
Ш.Сейдуалина
тәжірибе таратты. Аудан мектептерінің ғылыми
қоғамдарының
жетекшілеріне
«Ғылымға
қадам»
тақырыбында шеберлік сағатта өз тәжірибесімен
мектебіміздің «Ұшқын» ғылыми қоғамының жетекшісі
А.Құсбекова бөлісіп, аудандық білім бөлімінің әдіскері
зерттеушілердің Ғасыр адамымен кездесу өткізді.
Мектебіміздің ғылымда, білімде жетістікке жетіп жүрген бір
топ оқушыларымыз ғалымға сұрақтарын қойып,
сұхбаттасып, музыкалық сәлемдемелерін жолдап Темірғали
Әбілдаұлының туған жеріне деген сағынышын басып, әсерлі
кештің куәсі болды.
Конференция барысында мектептің бірінші қабатында технология пәні мұғалімдері Б.Шабдаров, Н.Сухарева, Б.Асамиданова жетекшілігімен оқушылар шығармашылығынан
көрме ұйымдастырылды.
Конференция соңында жеңімпаздар марапатталып,
оқушылардың үздік деп танылған зерттеу жұмыстары
Т.Көкетаев туралы естеліктер жазылған жинаққа еңгізілді.
Осы оқу жылында өз жобаларымен республикалық
байқауларға қатысқан үздік оқушылар ескертқіш
сыйлықтарымен, оларға жетекшілік жасаған ұстаздар
аудандық білім бөлімінің Мадақтамаларымен марапатталды.
Жинақтың редакция алқасының төрағасы аудандық білім
бөлімінің басшысы Т.Әштаев, мүшелері Г.Көбеева, С.Бибосынов, Г.Аханова, А.Құсбекова.
Елбасы Н.Назарбаевтың сөзімен айтқандай: «Қазақстан
ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты
мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек».
ДІлнАз орАлҚЫзЫ
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 5
27 сәуір 2019 жыл
5
Кең өріс
ұлы даланың жеті қыры
Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Жаңаарқа ауданында
да кең көлемде жүзеге асуда. Елбасының «Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақаласы сол бағдарламаның жалғасы іспетті.
«Қазақтың арғы-бергі тарихында біз ұялатындай ештеңе жоқ»
дегенді бұрынырақта айтқан Елбасы бүгінде түп-тамырымызды
білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмелі түйінің
шешуге мүмкіндік туып отырғанын білдіріп, төл тарихқа оң
баға берілуін, төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болатындығына сенім артады.
Мақалада аталған мол мәдени жетістіктер шоғыры даламызға
сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен
Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Мақала негізінен «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт»
және «Тарихи сананы жаңғырту» атты екі тараудан турады. Алғашқы тарауда алғаш ұлы дала төсінде
пайда болған материалдық мәдениет сөз етіліп, атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия,
аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны секілді
тақырыптар қозғалған. «Тарихи сананы жаңғырту» тарауында алдағы уақытта бірқатар маңызды идеяларды жүзеге асыруға шақырған. Осы мақалада көрсетілген идеяларды іске асыруға бағытталған, оның
ішінде келешек ұрпақты ұлтжанды және отансүйгіш ретінде тәлім-тәрбие беретін көптеген ауқымды шаралар аудан көлемінде атқарылып жатыр және де жалғасын таба беретініне дау жоқ. Ауданымыздың
ұлтжанды, біртуар ұлдарының бастамасымен іске асқан жақсы бастамаларды айтпай кетуге болмайды.
Атасу кентінде орналасқан «Аралбай батыр» ескерткіші, Мәңгілік Ел аллеясында орын тепкен «Ана мен
бала» монументі және болашақта іске асатын, атақты жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерей
тойына сый ретінде ашылатын саябақ және тағы басқалар.
12 сәуір күні Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның
отырысы мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің басшылығымен өтуі. Оның барысында «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының іске асырылу
қорытындылары, сонымен қатар жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлары қаралуы тегін емес. Кәзіргі
таңда мемлекеттің қоғамдық және тарихи сананы жаңғыртуды басты мақсат еткені өте көңілге қонарлық
шешім екені даусыз. Қазақтың қайырлы тағында ұлы қағандар армандаған Мәңгілік Ел шын мәнінде рухани жаңғырып, жаһан жұртына парасат биігінде өзін көрсетіп келеді. Бүгін жүз есімге ілігіп – елімізді
ілгерлетуге күш салатын жастар қазақтың қазыналы көшін жарқын болашаққа ертең лайықты жеткізетініне кәміл сенесің.
Ә.ӘБДІрАзАҚов,
Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының басшысы
радон және оның тірі ағзаға әсері
Қазіргі заманда адам, оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін, оған үнемі қатер төніп
турған жағдайда өмір сүреді. Табиғат сүргіндерінен, өндірістік апаттар мен зілзалалардан, әлеуметтік
күйзелістер мен адам кінәраттарынан (ішімдік, есірткі және шылым) басқа, не түсі, не иісі жоқ, адам
денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатерлі жау бар, оның атауы - радиация.
Егер радиация туралы сөз қозғасақ, онда радиация барлық жерде кездесетіндігін және цивилизация
дамуының сонау басынан адаммен қатар жүріп келетіндігін түсіну қажет. Адам "радиация теңізінде" өмір
сүреді, ол әрқашан адаммен бірге. Бүгін біз "Қорғау, қауіпсіздік және бақылау радиациялық қауіпсіздік
проблемалары жайлы әңгіме қозғаймыз.
- Радон дегеніміз не?
- Радон - бұл ауыр табиғи радиоактивті газ, мөлдір, түссіз және иіссіз, адам оны не көре алмайды, не
сезе алмайды. Радон Rn-222 жер қайнауының қабығында әртүрлі таулы жыныс құрамына кіретін уран
мен торийдің ыдырауы нәтижесінде пайда болады, дегенмен оның мөлшері әрбір жерге байланысты қатты
өзгеруі мүмкін. Радонның пайда болуы мен таралуын геология зерттейді, өйткені дәл таулы жыныстар
оның алғашқы шығу көзі болып табылады. Ең алдымен радонның қоршаған ортада болуы жыныс пен
топырақтағы аналық элементтердің шоғырлануына байланысты. Сондықтан қоршаған ортада радонның
таралуы жайлы алғашқы түсінікті геологиялық карта бере алады. Радиоактивті элементтердің қандай да
бір мөлшерде барлық жерде кездесетініне қарамастан, олардың жер қабығында таралуы біркелкі емес ,
әсіресе гранитке Радон топырақтан жердің бетіне еңіп, атмосферада тез ериді, атмосферада радонның
шоғырлануы өте төмен. Бірақ, егер де радон топырақтан ғимараттар сияқты жабық аумаққа енетін болса,
онда ол кейбір жағдайларда адамдардың денсаулығына зиян шоғырлануға жинақталады. Үйлерге радон
жерден төлелер арқылы енеді, көп мөлшердегі құрылыс - өңдеу материалдарынан бөлінеді. Таза ауадан
гөрі ғимараттар ішіндегі ауа алмасуының деңгейі төмен болғандықтан, радонның шоғырлануы, әсіресе
қысқы уақыт кезінде, жоғарырақ болады.
Радон суда өте жақсы ериді және ванна бөлмесі мен ас үйде интенситвті шоғырланады (зерттеулер
нәтижелері бойынша, ыстық суды 30 минутқа ағызып қойған кезде ванна бөлмесіндегі Rn-222
шоғырлануы 20 - 25 есе өседі). Скважина арқылы алынған суды қолданған кезде радонның шоғырлануы
аса интенсивті болады.
- Радонның қаупі неде?
- Радонның радиоактивті бөлінуі кезінде басқа радиоактивті бөлшектер пайда болады, яғни бөлінудің
туынды өнімдері. Газ күйінде радон өкпеге еніп, биологиялық ткандарды сәулеленуге әкеліп соқтырады,
ары қарай ол рак ауруын тудырады. Қазіргі кезде өкпе рагы ауруымен ауырғандардың жалпы санының
жартысының көп бөлігі, бұрынырақ шылым шегудің нәтижесінде ауырса, ал қазір дәл осы жоғарғы
құрамды радонды жерлерде жүретіндігінің салдарынан осы ауруға шалдығып отыр. Көпжылдық
зерттеулердің нәтижелері бойынша, радонмен сәулелену салдарынан АҚШ тұрғындары өлімдерінің жиілігі жылына 20 мың оқиғаға дейін жетеді.
- Радонмен байланысты проблемалар қайда кездеседі?
- Геологиялық карталар мен алдын - ала зерттеулер Қазақстанның тұрғындары көбінесе радонды қауіпті
территорияларда тұратындығын көрсетті. Радонның жоғары деңгейлері Алматы, Жезқазған, Көкшетау,
Шығыс - Қазақстан облыстарында табылған.
- Осыған орай қандай әрекеттер жасау керек?
- Өзінің денсаулығы және жанұясының амандығының қамын ойлаған адамның әрекет жасаудағы ең
маңызды қадамы - ол үйінде, кеңсесінде немесе пәтерінде радонды табатын арнайы тесттер жасауы.
Мысал ретінде адамдар өз денсаулықтары үшін қалай мазаланатындары жайлы өзімнің жеке
бақылауларымнан деректер келтірейін. Ең оңай тәсіл дәріханаға барып дәрілерді сатып алу (бірақ маман
дәрігермен емес, ал дәріхана сатушысымен кеңесу). Біз дәрілерге 5 мыңнан 10 мыңға дейін ақша
жұмсаймыз. Салыстырсақ, радонның мөлшерін зерттеудің бағасы 3 мыңнан аспайды. Ең алдымен, тұрғын
үй, әлеуметтік, әкімшілік және өндірістік ғимараттарда радон құрамының деңгейін зерттеу қажет. Бұл
зерттеуді радиолог мамандар мен арнайы құрал жабдықтардың көмегімен жасауға болады. Мұндай зерттеулер сізге ғимаратта радонның қатерлі деңгейлері бар немесе жоғы жайлы ақпарат береді. Осындай зерттеулерді жүйелі түрде өткізіп тұру қажет. Егер де радонның қандай да бір мөлшері үйдің іргетасында
табылған болса, онда мұндай ғимаратта тұрудан бас тартып, басқа жаңа жерге көшу керек. Бірақ бұл проблема шешімінің ең ақырғы шарасы болып табылмайды, егер де радонмен байланысты проблемалар туындап жатса, радон деңгейін азайтудың оңай, тиімді және қымбат емес бірнеше шаралары бар. Өзіңіздің
үйіңізді, кеңсеңізді немесе пәтеріңізді тексеру үшін сіз біздің мамандарымызға радонның шоғырлануын
өлшеу үшін. ҚР денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды
облысы бойынша филиалының Жаңаарқа ауданыдық бойынша бөлімшесіне хабарласа аласыз. Өлшем
радиометр радон РРА-01м-01 өлшеу құрал жабдығымен жүздеге асырылады.
н.Аманбаева,
ДСм ҚДСК "ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ рмК Қарағанды облысы бойынша Жаңаарқа
аудандық бөлімшесінің санитарлық-гигиеналық зерттеу зертханасының маманы
маман кеңесі
Фитосанитариялық қауіпсіздік
саласындағы көрсетілетін
мемлекеттік қызметтер
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарыҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12
қаңтардағы №21 бұйрығымен фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы
«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында
тасуға карантиндік сертификат беру, «Карантинге жатқызылған өнiмдi
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарттарын бекітті. Осы Стандартқа сәйкес, мемлекеттік
қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңаарқа
аудандық инспекциясында көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру;
1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz,
www.elicense.kz веп порталы; 3) «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік
корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамы; Мемлекеттік қызметті
көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде беріледі.
Фитосанитариялық сертификатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес
жұмыс күнінен, ал карантиндік сертификат үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рәсімделеді. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін
көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген
қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі көрсетілетін қызметті
алушының қалауы бойынша электрондық кезекті www.e.gov.kz,электрондық
порталы арқылы «броньдауға» болады.
Жеке және заңды тұлғалар карантиндік сертификат немесе
фитосанитариялық сертификат алу үшін уәкілетті органның аумақтық
бөлімшелеріне немесе мемлекеттік корпорацияға мынандай құжаттар береді:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшасына сәйкес
нысан бойынша өтінім. 2) Жеке басын куаландыратын құжат және
көрсетілетін қызметті алушының өкілдігіне өкілеттілігін куаландыратын
құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады. Порталға
жүгінген кезде: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім. 2) жеке тұлғаның жеке басын
куаландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта
тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беуші және қызметті
алушы«электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден
алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық
қызметтердің байланыс телефондары www.mcх.gov.kz интернет-ресурсында
орналастырылған.
Бірыңғай байланыс орталығы:1414. Инспекция
ғимаратының дәлізінде көрнекті жерде «Карантиндік тексеріске жататын
өнімдерге карантиндік және фитосанитарлық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартары туралы ақпарат стенді ілінген. Бұл стендіде Мемлекеттік инспекция комитетінің, облыстық аумақтық инспекциясының және
аудандық аумақтық инспекциясының сенім телефондары көрсетілген.
Б.ДІнов,
« Қр АШм АӨК мИК Жаңаарқа аудандық
аумақтық инспекциясы» мм бас маманы, өсімдіктер
карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
нәтижелі жұмыспен қамтуды және
жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 –
2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746
қаулысының 5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар
беру туралы заңына сәйкес Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға
өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру
республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындарында немесе "Бастау Бизнес" жобасы бойынша
кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өткен, бағдарламаның бірінші
бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік
бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған бағдарламаға
қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік
гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.
NEET санатындағы жастар мен аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасы
мүшелеріне, аз қамтамасыз етілген еңбекке жарамды мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беріледі.
Мемлекеттік гранттар қажетті мүкәммал (инвентарь), еңбек құралдары,
технологиялық жабдықтар, жануарлар, мал, құс сатып алуға пайдаланылады.
Мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды
өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді жалға алу үшін төлем ретінде
өндіруге берілмейді.
Мемлекеттік гранттарды алуға бағдарламаға қатысушының бір рет құқығы
бар.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекеттік
гранттар беру қағидаларында айқындалады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі
туралы мына мекенжай бойынша біле аласыздар: Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы 5, «Халықты жұмыспен қамту орталығы», тел.:
8(710-30)2-80-40, 2-68-64. Эл.мекен-жай: janaarka_centr@mail.ru
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 6
27 сәуір 2019 жыл
6
ТАзАлЫҚ САҚТАУ - орТАҚ мАҚСАТ
БоС УАҚЫТТЫ ТИІмДІ ӨТКІзУГЕ
нАзАр АУДАрЫлСА
Қыс пен жаздың ауысуына байланысты да, яғни мезгілге байланысты туындайтын
мәселелер болады. Осы уақытта ел
болып, жұрт болып, білек сыЖаз шығуымен байланысты тағы бір мәселе - балалардың бос уақытын ти"Көкей кесті" ме,
бана кірісетін шаруа ол
імді өткізу. Сабақтарын тәмамдаған балалардың енді күн ұзаққа босқа
әлде "көкей тесті" ме? Қалай
тазалық
сергелдеңге салынбауына үлкен мән берген дұрыс. Бұл жалпы біздің
ойлайсыз? Не болса да бүгін
жұмыстары.
ауданымызда ғана емес, бүгінгі таңда қоғам алдында балалардың
Тазалық
бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мәселесі тұр. Дегенмен
көкейімізде көптен қадалып,
д е н с ау л ы қ
қалалық жерде мүмкіндік мол. Қалтаңыз көтерсе қосымша
маза бермей жүрген мәселелер болса алға
кепілі.
үйірмелер бар. Қаласаңыз, балаңыз асыр салып ойнайтын
тартуды ұйғардық.
Алысқа
түрлі ойын сауық орындары жеткілікті.
бармайАуданымызда әрине, оқушының сабағын жан-жақты игеруі
Біздің мақсат - күрмеуі қиын, шимайланып
ақ,
өз
үшін түрлі білім орталықтары есігін ашты. Би үйірмелері
қалған проблемалардың шешімін үкімет тарапы- де бар. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері де ауыз толнан талап етіп, халық пен билік арасына от жағу тырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүр. Дегенмен,
аулаңызды,
ж ү р г е н
мектеп жасына дейінгі балаларымызды сергітіп, ойнатуға
емес. Тек сіз бен біз болып қалай етсек деп, өзара
жеріңізді реттеп отырсаңыз, осы арқылы аудан
апаратын жер таппай қиналатынымыз рас. Баланың
ымырашылдықпен ауданымыздың гүлденуіне үлесімізді физикалық тұрғыда шынығуына әрі логикалық ойын да
көлеміне қосқан үлесіңіз мол болмақ.
қосу болмақ.
Көктем шығып, қар ерісімен қыс бойы тасталған
дамытуға септігін тигізетін ойын сауық орталықтары
қоқыстардың көрініп қалатыны белгілі. Аудан әкімі
Санаңызда бір жылт етіп, арасында қылаң беріп, ашылса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, бос уақытты тиЮржан Бекқожиннің бастамасымен тазалық
імді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен
тағы да "ұйықтап кететін" бір ойларыңыз болса, ықпалын тигізеді.
жұмыстарының қызу қолға алынатыны да тап
бірақ "осыны былай етсе, қалай" деген
осышақ. Мекеме қызметкерлері қолдарына тырма,
Жасыратыны жоқ, бүгінде озық технологияның дамығаны
сыпырғыш, күректерін алып жұмысқа кіріседі. шешімдеріңіз болса немесе ұсынылған мәселеге бір соншалықты тіпті әлі жауырынын жерден көтере алмай
Ағаштар мен бордюрлер әктеліп, көше сыпырылып,
жатқан бала қолына ұялы телефонды ұстап алады. Тілі
маңызды ой-пікіріңіз болса онда, мархабат!
көшелер жарқырай түседі.
шықпай жатса да ұялы телефонды бес саусағындай меңгеріп
Тек, тағы қайталап айтамын,
Бірақ, бір алаңдатын жай бұл тазалық жұмыстары тек меалады. Ол әрине дұрыс та шығар, бірақ ұялы телефонның зиякеме қызметкерлеріне ғана жүктелетін тәрізді түсінік
көксейтініміз біріншіден - бейбітшілік! нын барлығымыз да жақсы білеміз. Сондықтан, баланы сергітетін, уақытын пайдамен өткізетін орындар қажет-ақ.
қалыптасқан.
Тату жолмен аймағымыздың
Тұрғындардың кей жағдайда салғырттық танытатыны көңіл
Бос уақыт – қоғамдық және тұрмыстық еңбектен тыс, адам еңбек
өркендеуіне титтей болсын
көншітпейді. Көше бойында, есігінің алдында сенбілік жүріп
әрекеті
кезінде
жетілдіруіне
жатқанын көре тұрып, қосыла тазартудың орнына терезеден
мүмкіншілігі
жетпейтін,
өзінің
еңбек
үлесімізді қосайық!
сығалаудан әрі аспайды. Көп қабатты үйлердің маңында арнайы қоқыс
икемділігі мен басқа да қабілеттерін жетөгетін орын белгіленгені баршамызға мәлім. Десекте, кейбір кісілер белгіленген
тілдіре алатын уақыты.
Сондықтан,
баланың
орынға жетер-жетпестен кір суын, полиэтилен қалдықтарын, қыс бойы
қызығушылығын ескеріп, оның
жиналған күлдерін төгіп жатқандығын көзіміз көріп жүр.
Тазалық мәдениетін ұғынбауды былай қойғанда,
танымдық дүниесіне әсер ете алатынөзіміз тұратын ауланы ластап түрлі экологиялық
дай мамандар қызмет ететін, қажетті
белгілерді тудырып жатамыз. Осылайша
құрал-жабдықтармен жарақталған
шарбағынан ары асқанда адамдар өздерінің қоқыс
арнайы орындар болса тамаша болар еді!
құрсауында қалғандығын байқамай да қалады. Ол
Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы.
жерде өздері де жүреді, балалары да ойнайды. МенТүрлі
ойын
шігіндегі нақты жер болмаса да барлық тұрғынның
баланың рухани және дене
жалпы пайдаланатын аумағы емес пе?!
күші жағынан, танымдық
Тіпті балаларға да кішкентай кезінен түрлі
үрдістері,
эстетикалық
талғамы жағынан жетілдіқоқыстарды тек арнайы
жерлерге ғана салуды
реді,
тәртіптілікке
дағдыландыру
қажет.
шақырады,
айналасын
Яғни, өзіміздің санамызда
тануға көмектеседі. Бала
ойында
күштілік,
ж и н а қ ы л ы қ т ы ,
тиянақтылықты
шапшаңдық, төзімділік, айқалыптастыру арқылы
лакерлік
сияқты
дене
балаларымызға үлгі болақасиеттеріне дағдыланады,
мыз. Іс әрекетіңіз арқылы
денсаулығы
нығаяды.
Баланың
өмірге
қадам
қоғамға
үлкен
үлес
қосып, бойымызда жауапбасардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының
кершілікті тәрбиелейміз.
ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай
Қорыта келгенде айтарымыз, тазалық сақтау
жұмыстары ол тек белгілі
бір ұйымға, мекемеге немесе басшыларға ғана
КөК
і
т
с
е
К
й
е
жүктелген міндет емес. Ауданымыздың игілігі үшін, отбасымыз үшін, тіпті өзіміз үшін
тазалық сақтаудың қажеттілігін барлығымыз түсінуіміз шарт. Өзіңіз де сақтаңыз, өзгеге де
айта жүріңіз! "Жаңаарқалықпын!",- деген, "Жаңаарқамды сүйемін!",-деген әр патриот осылай әрекет етуі тиіс.
баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ал, сіз не дейсіз?
Бетті дайындаған: Салтанат БАлТАБАЙҚЫзЫ
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 7
27 сәуір 2019 жыл
7
ЕСКЕ алу
Асқар таудай әкеміз, адал жар, қамқор ата Бақырбаев
Базардың (Кәкен) өмірден өткеніне 3 мамыр күні 1 жыл
толады. Ардақты әкеміздің жатқан жері жайлы, топырағы
торқа болсын деп Алладан тілейміз.
Бір жыл өтті асқар тауым құлағалы,
Бір жыл өтті анамыз іздеп жылағалы.
Әр танымыз сағынышпен өтіп жатыр,
Жүрегіміз “әке” деп соғып жатыр.
Тәрбиені беріп едің жасымыздан,
Ешкім енді сыйпамайды маңдаймыздан.
Әкешім, сағынышпен еске аламыз,
Табылсын біздің әр кез қасымыздан
Сағына еске алушылар: жұбайы-майра, балалары, немерелері
3 мамыр күні сағат 13.00-де “Сәт” мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне 1
жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, аяулы анамыз, асыл
әже Ақбала Имашқызының өмірден өткеніне 3 мамыр
күні 40 күн толып отыр. Анамыз көзден кетсе де, көңілден
кеткен емес. Ақ жарқын, ақ көңіл бейнесі әрқашан
жүрегімізде сақталады. Анамыздың жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болсын.
Өмір өтіп, мезгіл жылжып, күнді айналсын,
Періштелер сөзімізді тыңдап қалсын.
Сіздің бейнеңіз біздер үшін гүлге айналып,
Құранымыз сауап болып нұрға айналсын.
Өсіріп бала-шағаңызды мәпелеп,
Немерені еркелеттіңіз жетелеп.
Топырағыңыз торқа болсын, жан ана,
Жұмақ жайды бұйыртсыншы Алла тек.
Еске алушылар: балалары- раушан-Амантай, Айткүл-Ерасыл, Қанат-Ақмарал,
Жанат-зарина, немерелері-мақсат, Жанислам, Аружан, Айым, және жиендері
3 мамыр күні сағат 13.00-де “Сұлтан” мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Өрттен сақ болайық!
Өрт - тілсіз жау
Көктемнің жылы күндері басталып, әр отбасы өзінің
ауласының тазалық жұмыстарын жүргізуі басталады және
мекемелерде де сенбіліктер өткізілу басталады.
Осыған орай, бұрында ескерткендей, аулада от, яғни
қоқыс - қорда жағуға қатаң тиым салынғаның ескертеміз. Өткен жылы, одан бұрында аудан бойынша
осы мерзім аралығында азаматтардың аулада
қоқыстарды өртеу салдарынан көптеген өкініш
қалдыратын өрт оқиғалары тіркелді.
Көшеде, үй аулаларында қыстан қалған қоқыстарды
өртеу салдарынынан, желмен қызып жанған от, үлкен
өрт ошағына айналып, нәтижесінде маңындағы
қоражай немесе басқада ғимараттарға, қоқыстардан өрт
ошағы тиіп кетіп мүмкін және де едәуір мүліктік зауал келтіруі мүмкін.
Осыған орай, өрт қауіпінің алдын алу мақсатында аудан және селолық округтерінің
тұрғындарының есіне саламыз өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуға төтенше жағдайлар бөлімінің
қызметкерлерінің тарапынан әкімшілік шара қолдануға апарып соғады.
Сондықтан осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі
ережелерін әрбір азамат қатаң сақтап, ауладағы қоқыс-қордаларды өртеуге жол бермеу, тиесілі мекемелерімен келісіп, мүмкіндік келгенше арнайы қоқыстарды жинайтын орынға
шығарып тастаған жөн.
Е.Ерденбай,
Жаңаарқа ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты
Хабарландыру
Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған математика және жаратылыстану
бағытындағы облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп интернаты
конкурстық негізінде 2019-2020 оқу жылына 5 сыныптарға оқушылар қабылдайды.
Анықтама телефоны:8 (7212)45-02-46, 8 (7212)45-16-49.
E-mail адресі: krg_7mektep@mail.ru
Еске алу турниры
СПорТ
18-21 сәуір Павлодар қаласында өткен «Қайыржан Қазисұлы Тұрсұқпаевты еске алуға
арналған бокстан 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының
«Солтүстік» аймақтық чемпионатында Жаңаарқа ауданының балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебінің оқушылары өте жақсы корсеткіш көрсетті.
Атап айтсақ: Диас Шабанов 30кг салмақ дәрежесінде І орын, Мұхамеджан Жәмкенов 63кг
ІІ орын, Сағындық Мынжасар 54 кг ІІІ орын. Жаттықтырушылары (Қ.Хасенов,
Ш.Салкенұлы)
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі
ЕСКЕ алу
мәңгілік жүрегіміздесің.
Ия, тоғыз ай, он күн көтеріп мынау жарық дүниеге әкеліп,
өмір сыйлаған анадан күшті, анадан қымбатты жан бар ма
екен. Осындай құдіретті де қасиетті ананың бірі біздің анамыз орал Амантайқызы, Кәрібай әулетінің келіні еді.
Өмірден жас кеткен әкеміздің орнын жоқтатпай бәрімізді
өсіріп, бағып, бәрімізге жоғары білімді диплом әперді.
Қиындыққа толы өмір шанасын жалғыз сүйреп, бәрімізді
бір-бір үй қылды.
Осының бәрі оңай болған жоқ қой, әрине. Қайыспай қара
нардай қайран анам ай, қандай қиындық көрсе де, бізге
шаршағанын білдірмейтін осындай асыл анамыздан бір-ақ
күнде айырылып қалғанымызға да жыл толыпты.
Анамыздың бізге істеген әр жақсылығын сағына еске алып,
жүрегіміз ауыра, көзімізге жас толады. Анашым, сен біздің
Жүруші едің, асылдың сынығындай,
Көңілің таза, тұманың тұнығындай.
Қимай, қимай аттандың бақилыққа,
Бізге қарап, жалғанның тұрын қимай.
Сағындырып, сарғайтып бәрімізді,
Мәңгілікке мекен еттің құба түзді.
Жаннаттан жай тапсын деп әз жаныңыз,
Әр күні бағыштаймыз дұғамызды.
Ұрпағыңның кетпесін бастан бағы,
Болсын ұзақ өмірдің баспалдағы.
Мәңгіге енді тербетсін жер бесігің,
Сөнбес жұлдыз, жарық ай аспандағы.
Сағына еске алушылар: балалары-раушан-Темірхан, райхан-Аяужан, Жаңыл-Бауыржан, оразхан-Гүлбану, Жүмкен-Төлеукүл, Жұмажан-ләйлә, Жанжұман-Жанара,
бауырлары, немерелері, жиендері, шөбересі-Ясмина және туған-туысқандары
4 мамыр күні сағат 13.00-де “Сұлтан” мейрамханасында аяулы анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, асқар таудай әкеміз,
асыл жар, ардақты бауыр Әбілқасым (Кәкім)
Үздікбаевтың өмірден өткеніне 1 жыл толып отыр.
Өмірдің жалғандығы осы шығар. Мәпелеп өсіріп отырған
балаларының да шаттығын көре алмай өкіндіріп,
жүрегімізді сыздатып өмірден өтіп кетті. О дүниеде орның
жұмақтың төрі болсын. Біз сізді әрдайым жадымыздан
шығармаймыз. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа
болсын.
Торқа болсын мамықтай топырағыңыз,
Қабіріңе жағылсын шамшырағың.
Жатқан жерің нұр төгілер тұрақ болсын,
Алланың саған берері тек жұмақ болсын.
Ақ пейіл сізге деген адал жүрек,
Рухыңыз қолдап жүрсін желеп, жебеп.
Жан әке, өзіңізді еске аламыз,
Құран оқып, қол жайып дұға тілеп.
Сағына еске алушылар: аға-жеңгесі-Әмет-Қалипа, жұбайы-Айтжамал, қарындасыГүлзат-Жақсыгелді, Жасұлан-Алтын, балалары-Ержан, нұрлан, Қымбат, бауырлары
Көңіл айту
Аудандық ардагерлер ұйымы еңбек ардагері
КЕнЖЕБАЕв ТӨКЕннІҢ
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
Жазғы өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздік
шараларын жергілікті атқарушы органдармен,
Жаңаарқа ауданының ПБ және Жаңаарқа
ауданының ТЖБ бірлесіп ерікті өрт сөндіру
құрылымының күштерімен құралдарын тексеруге
арналған жоспар кестесі:
№
р/п
Ауылдық
округтің атауы
Атасу кенті
1 Байдалы би а/о
Қызылжар кенті
2 Түгіскен а/о
Ақтүбек а/о
3 Ералиев а/о
Айнабұлақ а/о
4 Қараағаш а/о
Тексеріс жүргізу
мерзімі
02.05.2019ж.
03.05.2019ж.
06.05.2019ж.
08.05.2019ж.
5 Ақтау а/о
10.05.2019ж.
Ақтасты а/о
6 М.Жұмажанов а/о 13.05.2019ж.
Бидайық а/о
7 Целинный а/о
14.05.2019ж.
8 С. Сейфуллин а/о
15.05.2019ж.
Жаңаарқа ауданы
ТЖБ тексеріс
жүргізетін
қызметкерлер
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Ж.Садыков
Е.Ерденбай
Жаңаарқа ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау кіші лейтенанты
Жаңаарқа ауданы
әкімі аппаратынанТексеріс жүргізетін
қызметкерлер
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Қ.Балтабаев
Б.Мускинов
Жаңаарқа
ауданының ПБ
тексеріс жүргізетін
қызметкерлер
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Жамангарин
Е.Көпеев
Е.Ерденбай
№20-21qxp_Жанаарка газеті 26.04.2019 17:16 Страница 8
Құттықтаймыз!!!
Ынтымақ ауылының тумасы, балаларының асқар таудай
әкесі, асыл жар, қамқор да қадірлі бауырымыз Жампейсов
Алпысай Әбдікамалұлын 28 сәуір күні 50 жасқа толар
туған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Деніне
саулық, отбасына амандық тілеп, бауырларың бүтін,
төңірегін түгел болсын дейміз. Алла тағала жұбайың Бекзат
екеуіңе балаларыңның қызығын қызықтап, мәнді де сәнді
өмір сүруге нәсіп етсін.
Көпке сыйлы қара шаңырақ иесін,
Құттықтайды аға, бауыр, жеңгесі.
Ақ жүректі, жарқын жүзді Алпысай,
Құтты болсын жаңа жастың белесі.
Бауырымыз ердің жасын еңсеріп,
Елу жастың шыңына да шығыпты.
Отбасыңа жақсылықты тілеп біз,
Болсын дейміз ғұмырларың қызықты.
Ізгі ниетпен: бауырлары Сақыш-Жанат, Сақыт-Абдулла, мешітбай-Жадыра,
марғұлан-Құралай, Барқыт, Бақыт-Қайрат, Бақтыбала, Жақсыбала
«Бір аймақ-бір кітап» акциясы
Қазақтың атақты ақыны, жалынды
жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекет қайраткері қазақ
әдебиетінің
негізін
қалаушы
С.Сейфуллиннің туғанына биыл 125
жыл толып отыр.
Осыған орай биылғы 2018-2019 оқу
жылында «Бір аймақ-бір кітап акциясы бойынша С.Сейфуллиннің
«Тар жол тайғақ кешу» романы
оқырмандарға ұсынылған болатын.
Бар ғұмырын елінің жарқын
болашағына
арнаған,
еліміздің
тәуелсіздігі мен егемендігі үшін
күресе білген Алаш ардақтысын оқушыларға жан-жақты таныстыру, оқушылардың кітап
оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында желтоқсан айынан бастап, сәуір айының
аралығында Ақтайлақ негізгі орта мектебінде С.Сейфуллиннің шығармаларын насихаттауға
арналған біршама іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, жоспарға сәйкес стенд жасақталып, кітап кормесі қойылды. “Жырлы –Сәкен,
Сырлы-Сәкен” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, женімпаздар арнайы
сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталды.
«Тар жол,тайғақ кешу» романың кең көлемде оқушыларға түсіндіру бойынша танымдық
сабақтар өткізіліп, дөнгелек үстел ұйымдастырылды.
Сәкен Сейфуллин шығармаларына арналған іс-шаралар мектебімізде әлі де жалғасын таба
берері анық.
Басты мақсатымыз оқушылар бойына «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына»
екенін түсіндіре білсек, ұлтжандылыққа тәрбиелей алсақ, егемендігіміздің болшағы зор әрі
нық боларына кәміл сенемін.
А.ӘБЖАнов,
Ақтайлақ негізгі орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ат спорты ойындарының жарысы
Жыл сайын, Талдыбұлақ ауылының бұдан 15-20
жыл бұрын мектеп бітірген жстары 25 мамырда
тай, құнан жарыстарын, аламан бәйге, жаяу жарыс
тағы басқа ұлттық ойындарды өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Орталарынан қаражат шығарып,
жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар алдыртып, марапаттайды.
Осындай шара биылда жалғасын табады.
Ауданның ардагерлер ұйымы, Талдыбұлақта 2019
жылдың мамыр айының 25 жұлдызында ақын,
қоғам қайраткері, жерлесіміз С.Сейфуллиннің 125
жылдығына, Жаңаарқа ауданынына 90 жыл толуына байланысты ұлттық ат спорты аударыспақ
түрінен
Қазақстан
Республикасының
жеңімпаздары Матай Спатаев және марқұм
Қаршыға Төлеповтың атындағы аудандық ашық турнирді өткізуді ұйымдастырып отыр.
Матай Спатаев ақсақал биыл 85 жаста. 1968 жылдары Жаңаарқа ауданының намысын
қорғап Алматыда өткен республикалық спартакиадада жеңіл салмақтан республика
жеңімпазы болды. Ол кісінің балалары - Әмен атбапкер, Мәди аударыспақтан облыс, аудан
чемпионы, ауданның алғаш рет ұйымдастырылған көкпар командасының мүшесі. Матай
қарияның немересі - Ердәулет 2018 жылы Нұра ауданында өткен облыстық спартакиадада
аударыспақтан өз салмақ дәрежесі бойынша орын алып, спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындап, куәлік алды.
Қаршыға Төлепов аударыспақтан республика жеңімпазы, теңге ілу, қыз қуу жарыстарының
облыстық, аудандық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Кеңес заманында мал
бастарының өсуіне, шаруашылықтың дамуына сүбелі үлес қосқан азамат.
25 мамыр күні Талдыбұлақ ауылында сағат 10.00-ден бастап аударыспақтан (70 кг, 80 кг
жоғары) салмақта Матай Спатаев пен марқұм Қаршыға Төлеповтың атындағы аудандық
ашық турнир өткізіледі. Сағат 15.00-ден бастап тай, құнан жарыстары, аламан бәйге жарыстары өтеді. Балалардың жаяу жарысы ұйымдастырылады. Көкпар ойыны болады.
Аудандық ардагерлер ұйымы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕрАлИнА САлТАнАТ АмАнҚЫзЫ
мЕнШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИн 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБЕ 16,
рнн 240400001948, Ао “народный Банк Казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Құрметті Гүлжахан Сайлаубайқызы!!!
Сізді 30 сәуір күні 55 жасқа толар мерейтойыңызбен шын
жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге
деніңіздің саулығын,шаңырағыңызға ырыс байлығын,
жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің
шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан
танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан
ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы
көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей,
еркін жүзе беріңіз. Әріптестер мен туған – туыс алдында
абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Ізгі тілекпен: Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Кмм ұжымы
мықтылар анықталды
СПорТ
Б.Амалбеков атындағы орта мектепте мемлекет және қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің
125 жылдығына, Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған волейболдан
(40 жастан асқан ерлер арасында) Атасу кенті әкімі атындағы ашық турнир өтті. Турнирді
аудандық мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов ашып берді. Атасу кенті ардагерлер кеңесінің
төрағасы Б.Қасенов пен Атасу кенті әкімі А.Түсіпов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға
сәттілік тіледі. Жарысқа 8 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Жарыс
қорытындысы бойынша Атасу кенті әкімі атындағы кубокқа І орын алған Қарағанды
қаласынан келген «Сарыарқа» командасы ие болды. ІІ орынды Жаңаарқа «Ардагерлер»
командасы, ІІІ орынды «Мұнайшы» командасы иеленді. Жеңіске жеткен командаларға
Атасу кенті аппараты ұйымдастырған мақтау қағаздар мен арнайы медальдар, бағалы
сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, командалардағы ең үлкен ардагерлер мен жарысқа
қатысқан барлық командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Атасу кенті әкімі аппараты мм
«Қауіпсіз интернет»
Ақтүбек ЖОББ мектебінде 14 – 17 сәуір аралығында
«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық
компаниясының ұсынысымен жоспар бойынша информатика пәні мұғалімі
М. Жүнісов 511 - сынып оқушылар арасында «Қауіпсіз
Интернет» тақырыбында баяндама оқып,слайдпен жұмыс жүргізді.
Мектеп психологі Г.Жақыпова 5-10- сынып
оқушыларынан интернетті тиімді пайдалану,
интернет тәуелділіктің алдын алу мақсатында
сауалнама алды. Сауалнама нәтижесі бойынша
оқушылардың басым көпшілігі интернетті тиімді
пайдаланатыны анықталды және интернет тәуелділік
шегінде тұрған оқушы анықталған жоқ. 4- сынып оқушыларымен З. Мырзамбетова
«Қауіпсіз интернет еліне саяхат» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие
сағатында оқушылар интернетті тиімді пайдалан, смартфон, компьютердің денсаулыққа
тигізетін зияны туралы мағлұматтармен алмасты. «Интернет дегеніміз не?»
тақырыбында 8- сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Б.Киштаев пікірталас өткізді.
Интернеттің пайдасы, оны тиімді түрде пайдалану жөнінде оқушыларға толық мағлұмат
берілді.
Мектеп психологі, тәлімгер, сынып жетекшісі Р.Мұханова 9- сынып ата-аналарымен
«Жасөспірім бойында интернет - тәуелділік қалыптасуының алдын алу» тақырыбында
тренинг элементтерін пайдалана отырып жиналыс өткізді. Ата-аналар топтарға
бөлініп, тақырып бойынша видеороликті талқылап, постер қорғап, ақпарат, кеңестер берілді
және соңында «Алма ағашы» әдісімен кері байланыс жасады.
Мектебіміздегі « Өзін – өзі басқару» ұйымы «Интернеттің пайдасы мен зияны»
тақырыбында дебат өткізді.Оқушылар интернет туралы көп ақпарат жинап, ізденгендігі
байқалды.
«Қауіпсіз интернет» тақырыбында 5-10- сыныптар қабырға газеттерін шығарды.
Ақтүбек ЖОББ мектебінде « Қауіпсіз интернет» шарасы өз деңгейінде өтті.
Б.Кіштаев,
Ақтүбек ЖоББ мектеп тәлімгері
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1905 дана
Тапсырыс №20-21
Автор
zhanzbc
zhanzbc215   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
15
Размер файла
5 414 Кб
Теги
21qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа