close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

23 Жаңаарка газеті

код для вставки
№23 (9915), 18 мамыр, 2019жыл
7-Мамыр - Отан қорғаушылар күні
Мәңгілік елдің қорғаны
Ерлік пен өрліктің жоғарғы шыңы саналатын
Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне биыл 27
жыл. Осы атаулы мерекеге орай ауданымызда 7мамыр күні жазғы сахна алаңында мәдени іс шара
ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Юржан
Бекқожин бастаған мекеме басшылары мен
қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Мектеп мұғалімдері мен арнайы әскери форма киінген
мектеп оқушылары сап түзеп, патриоттық жиынның
айбынды рухын асқақтата түсті.
Аудан әкімі Юржан Бекқожин аудан тұрғындарын
Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, әр отбасына
береке, бірлік, елімізге тыныштық, татулық тіледі.
Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім басшысы, майор Қарабалин Ерден
Ермекбайұлы да өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.
Салтанатты жиын мәдениет үйінің өнерпаздары даярлаған патриоттық әндермен
алма кезек ауысып отырды. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының сапта жүріп ән
айту сайысымен жалғасып кетті. Сайыс нәтижесінде І орынды №132 мектеп, Б.Амалбеков атындағы мектеп, ІІІ орынды О.Жұмабеков атындағы мектеп оқушыларынан
құралған оқушылар тобы иеленді.
Салтанат БАЛТАБАЙ
Ақпарат ағыны
Аптаның маңызды оқиғалары
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты. Қазақстан
Президентіне қаланың қазіргі аxуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму барысы және оның негізгі
көрсеткіштері баяндалды.Қызылорда облысы әкімінің орынбасары-Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Б.Намаев қаладағы тұрғын үй салу, газбен және сумен қамтамасыз ету
жүйелерін жаңарту жөніндегі жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді.Сонымен қатар,
Мемлекет басшысы «Байқоңыр» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тұжырымдамамен
танысты.
*** *** ***
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті.
Қазақстан Президенті Армения басшысына Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін
ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.
– Қазақстанда армян ұлтының өкілдері өзге этностармен жарасымды өмір сүріп, еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Сол кісінің идеясының негізінде
құрылған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз да артып келеді. Сонымен қатар БҰҰ сияқты ғаламдық, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды аймақтық ұйымдарда
да ұстанымымыз жақын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Армен Саркисян тараптардың экономикалық
байланысын арттыруда Астана қаржы орталығының маңызы зор екенін айтты.
– Біз халықаралық ұйымдар аясында да, екіжақты қарым-қатынаста да ынтымақтаса жұмыс істеп
келеміз. Астана қаржы орталығының құрылуы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды
одан әрі дамыта түсетініне сенемін, – деді Армен Саркисян. Тараптар екі ел арасындағы сауда
айналымының өткен жылы 30 пайызға артқанын атап өтіп, алдағы уақытта осы бағыттағы
ынтымақтастықты кеңейте беруге уағдаласты.
*** *** ***
Қарағандыда жыл соңына дейін 7 емхана ашылады. Барлық медициналық мекемелер МЖӘ желісі
бойынша жеке инвестициялар есебінен салынатын болады. Және белгілі болғандай, қала жаңа емханамен толықты. Нысан тұрғын үй массивінде салынды. Ол заманауи жабдықтармен
жабдықталған. Бұл жерде жалпы тәжірибе дәрігерлері қабылдайды. Емшара және егу кабинеттері,
шұғыл көмек көрсету және алдын алу кабинеті бар. Пациенттердің ыңғайлылығы мен кезектің болмауы үшін қажетті барлық жағдайлар ұйымдастырылған. Жаңа денсаулық сақтау мекемесінде
облыс әкімі Ерлан Қошанов болып қайтты. Өңір басшысы медициналық қызметтердің
қолжетімділігі мен сапасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті. «Елбасы емханалардың қалың
елді мекендерде қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша болуын тапсырды. Осыған байланысты бізде жалпы жоспар әзірленді. Биылғы жылы 18 шағын емхана ашу жоспарлануда: Қарағанды
қаласында-жетеуі, қалалар мен аудандарда – 11», – деді облыс әкімі.
Мысалы, Майқұдық шағын ауданында жаңа емхана құрылысы басталды. Инвесторлардың айтуынша, мемлекет қажетті көмек көрсетуде. Құрылыс алаңын аралау кезінде өңір басшысы қол
астындағыларға медициналық орталыққа баратын қоғамдық көліктердің жақсы жүруін
ұйымдастыруды және кірме жолды жөндеу мәселелерін шешуді тапсырды. Ал инвесторлар болса,
өз есебінен емхана аумағын көркейтуге уәде береді. Емханаға 21 мыңнан астам адам тіркеледі деп
жоспарлануда. Жаңа емхана желтоқсан айында ашылады деп жоспарлануда. Ерлан Қошанов
әлеуметтік нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.
"Жасұландықтардың"
қатары толықты
"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік
құндылықтарға, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға жетелейтін қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан
ұйым. Осы себепті де жыл сайын Жас ұлан ұйымына
оқушыларды қабылдауға үлкен мән беріліп келеді. Біздің ауданымызда да бұл шара жыл
сайын салтанатты түрде өткізіліп келеді. Әрі жасұландықтардың маңызды орны "Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасында айтылған. Белсенді жас ұландар мен жас қырандардың басын қосқан
жиын биыл үшінші рет өткізіліп отыр екен.
Бұл айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Қанат
Қожықаев, еңбек ардагерлері, мекеме басшылары және
мектеп мұғалімдері мен оқушылар, ата-аналар қатысты.
Жазғы сахна алаңында салтанатты түрде мемлекеттік Ту
әкелінді. Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Қанат Қожықаевқа берілді. Болашақ отансүйгіш
ұрпақты тәрбиелеу үшін "Жас ұлан" ұйымының маңызы
мен алатын орнын атап өткен аудан әкімінің орынбасары
жасұландықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.Келесі
кезекте марапаттау рәсіміне кезек берілді.
Қарағанды облысының білім саласында балаларға
қосымша білім беруде, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікті дамытып, азаматтық қоғамды дамытуға қосқан
үлесі үшін Кенжебай-Самай мектебінің тәлімгері Камзабаева Ләззат және Талдыбұлақ мектебінің тәлімгері
Кәрібаева Үміткер марапатталды.
Барлығы асыға күткен мерекенің басты бөлімі ұйым қатарына жаңа мүшелерді қабылдау
рәсімі өткізілді. "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының антын қабылдау үшін
ортаға №132 мектебінің 5-сынып оқушысы Ербол Исмаил шақырылды. Ата-анасын
құрметтеп, білім алуға ұмтылуға, елін-жерін сүйіп, Отанына адал қызмет етуге берілген
антқа оқушылар бірауыздан қолдау білдірді. Оқушылар жасұландықтардың негізгі белгісі
болып табылатын көк түсті бас киім мен мойынорағыштарын,төсбелгілерін тағынды.
Өнерлі оқушылар патриоттық әуенге толы өлеңдер оқып, әндер
шырқап, шара ерекше реңкке енді.
Қоғамдық өмірде азаматтық қалыпты сақтай отырып, ата-анасын
шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,
өсиеттерін орындап, Жас ұлан ұйымының қатарына қосылған оқушыларға туған елін шексіз
сүйетін шынайы патриот ретінде қамқорлық жасап, белсенділік көрсеткен оқушыларды марапаттау үшін сахна төріне аудандық білім бөлімінің басшысы Тілеш Әштаев шақырылды.
№132 мектептің оқушысы Ерасыл Ахметов, С.Сейфуллин атындағы мектебінің оқушысы
Назым Еділбай, Ю.Гагарин атындағы мектептің оқушысы Гүлім Сәрсенбай, О.Жұмабеков
атындағы мектептің Қуаныш Төлеутай, Б.Амалбеков атындағы мектептің оқушысы Шұғыла
Қуантай марапатталды. Жасұландықтар атынан құттықтау сөз С.Сейфуллин атындағы
мектептің оқушысы Назым Еділбайға берілді.
Өскелең ұрпақты нағыз елінің жанашыр азаматтары етіп тәрбиелеуде маңызы зор щараның
маңызы да жыл сайын арта бермек.
Салтанат БАЛТАБАЙқызы
18 мамыр 2019 жыл
2
Игі бастама
Көптен күткен қуанышты күн
Қасиетті Рамазан айы
жаңаарқалықтарға жағымды
жаңалықпен басталды. Көптен
бері халықтың сұранысына ие
болып жүрген зәулім мешіт
бой көтермекші. Бұл зәулім
Алла
үйі
ауданымызда
орналасқан "Халық" мешітінің
дәл жанынан салынады.
Басталғалы
тұрған
құрылыстың
жай-күйімен
танысуға аудан әкімі Юржан Бекқожинмен қатар, имамдар, ауданның жауапты тұлғалары,
абыз ақсақалдары және аудан тұрғындары қатысты.
Мешіттің салынуына демеушілік жасап отырған Алматы қаласының жеке кәсіпкері екен.
Қазіргі мешітке 300-ге жуық адам құлшылық ете алатын болса, заман талабына сай
салынғалы тұрған мешітке 1000-ға жуық адам құлшылық ете алады деп жоспарлануда.
Көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, мешіт құрылысын салдыру жөніндегі бастамасын
қуаттап, сауапты ісіне өз ризашылығын білдірді.
- Мұсылман халқының қасиетті айы - Рамазан айымен баршаңызды құттықтаймын. Ауданымызда осындай игі істер көп болсын. Биыл ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына
қарсы мұсылман халқы үшін үлкен бір сыйлық болайын деп тұр. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Оразаларыңыз қабыл болсын,- деді аудан әкімі Юржан Бекқожин.
Қарағанды қаласының "Әл-Машани" мешітінің наиб имамы Әлімжан Рахматоллаев өз
сөзінде осынау тарихи күннің Алла алдындағы үлкен сауапты іс екенін жеткізіп, қасиетті
құрылыс жұмыстарына атсалысудың қаншалықты сауабы мол іс екеніне тоқталып өтті.
-«Кімде кім Алланың разылығын көздеп, жер бетінде мешіт салса, Аллаһ Тағала оған
жұмақтан бір үй салады» деген хадисті айта келе, Құранда Алла Тағала былай деген: «Алла
Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткендер ғана салады». Мешіт
салу - ол үлкен сауап. Жаңаарқа ауданына Алла Тағала береке алып келіп жатыр. Мешіт
салынған соң, оның ішінде құран оқылады, дұға жасалады, еліне, жеріне деген
сүйіспеншілік оянып, иман күшейе түседі. Сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей
сіз болып, біз болып, осы игі істерге ат салыссаңыздар, мол сауапқа ие болсыздар,- деді.
Алла қаласа қарқынды жүретін мешіт құрылысының жұмысы осы жылдың күз айында
толықтай аяқталып, халық игілігіне ұсынылмақшы.
Рахат АЙТЖАнОвА
ЖАңА ӘЛіпБИ неГізінДеГі қАзАқ ТіЛі
еМЛеСінің еРеЖеЛеРі
Түбір сөздер емлесі
қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.
§11. Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa,
turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай
жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet,
qazіret.
§12. Сөздердің және күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы
сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók
емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ
aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken
(baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris, kúnbaǵys, shekara, qyrkúıek, kókónis.
қосымшалардың жалғануы
Комиссия отырысы
Басты мақсат – бюджеттің
орындалысын бақылау
15 мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бюджет және
аймақтық саясат жөніндегі және халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Отырысқа Қарағанды облыстық
тексеру комиссиясының мүшесі А.Б.Таханов, облыстық мәслихат депутаты Ғ.Жарылғапов,
аудандық мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан
әкімінің орынбасары Б.Қ.Серіков, «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Ә.Ж.Аманжолов, аудан әкімдігінің бөлім мен мекемекәсіпорының басшылары, кент, ауылдық округтерінің әкімдері, қоғамдық кеңесінің өкілдері
қатысты. Отырысты аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат туралы тұрақты
комиссияның төрағасы М.Х.Әбілдинов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе
бойынша аудан бюджетінің 2018 жылы атқарылуы туралы аудандық экономика және
қаржы бөлімі басшысы А.Т.Аманбаев хабарлама жасады және аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, депутат Ө.Айтжанов
сөз сөйледі.
Отырыс барысында сөз кезегін алған Қарағанды облыстық тексеру комиссиясының
мүшесі Б.А.Таханов аудандық бюджеттің 2018 жылғы атқарылуына жүргізілген бақылау
нәтижелерімен таныстырды. Баяндамашы тексеріс қорытындысы бойынша жергілікті
бюджеттің тиімді және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және қаржылық тәртіпті сақтау,
өңірдің әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына ең жақсы және тиімді қол жеткізу
қажеттілігіне сүйене отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге
бағдарланған бюджетті әзірлеу және орындау, бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі
уәкілетті органның, салық органының және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру жөніндегі
басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз
ету, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді тиімді пайдалануын қамтамасыз
ету, коммуналдық мүлікті толық есепке алуды және коммуналдық меншікті жалға беруден
және сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен бюджетке түсетін түсімдердің, жергілікті бюджетті толықтырудың басқа да көздерінің мониторингін қамтамасыз ету, аудан бюджетіне
салықтар мен алымдар (бересі) бойынша өткен жылдардың берешегін өтеуге қатысты
мәселелерді реттеу бойынша салық органдарының жұмысын жандандыру жөнінде
ұсыныстар жасады. Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты
ҰЛы ЖеңіСКе 74 ЖыЛ
ҰЛы ЖеңіС – ҰРпАққА АМАнАТ
8 мамыр күні №132 ЖОББМ-ң 3 «А» сыныбында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған
«9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» атты тәрбие сағаты өтті.
Маңызы мол іс шараға мектептің ұстаздары мен сыныптың оқушылары қатысты. Шараны
мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары Баян Әліпбекқызы мен бастауыш сынып-
§13. Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не
жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de,
bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵalim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa.
§14. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе
үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke,
kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa, juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge,
áje-niń.
§15. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік
қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni,
halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy (қырқын беру), kórik – kórki (бетажар), árip – árpi, naryq – narqy (бағасы), paryq – parqy, qulyq – qulqy, oıyn - oıyny.
е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы:
qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq –
qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин) .
ЖАңА ӘЛіпБИ - ЖАСТАР ТАңДАУы
6 мамыр күні Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары "Жаңа әліпби жастар таңдауы" тақырыбында эссе жазды. Бұл танымдық сағаттың ерекшелігі жаңа
әліпбимен жазылуында.
Эссе жазбастан бұрын оқушыларға жаңа әліпбидің қыр-сырын түсіндіру мақсатында презентация көрсетілді. Аталмыш шараға жауапты - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өмірбек Айтжанов.
ЛАТынША ЖАзып МАШықТАнДы
3 мамыр күні бөлім әдіскері "Latyn qarpimen jazyp daǵdylanamyz" атты тренинг-сабақты
Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімінде өткізді.
Жаңа әліпбимен есімдерін жазып дағдылануда бәсеңдік болғанымен, тренинг соңында оң
нәтиже бере білді. Латын әліпбиінде жазылған мәтінді оқуда қиындық келтірген әріптер
қатарында у, ұ, и әріптері болды.
Бөлім қызметкерлері жаңа әліпбидің жаңалығына жатырқамай қарады.
Ал 8 мамыр күні латын әліпбиіне жауапты маман кезекті тренингті Жаңаарқа ауданының
сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұжымына өткізді. Сабақ көпшілікті мазалап жүрген
сұрақтарды қоюдан басталып, әрі қарай жаңа әріптердің сипатын танып-білумен жалғасын
тапты. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар и мен і, ұ мен ү және у әріптерін
шатастырып жатты.
«Өз есімімді латын әліпбиінде жаза алмайтын сияқтымын» деген уақытша қорқулар
болғанымен, кейін қол да, көз де жаттықты. «Қалауын тапса, қар жанады» емес пе?!
«Алдағы уақытта тағы да осындай сабақтар болып тұрса» деген ұжымның ниеті де бар.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
тар арасында оқу ісінің меңгерушісі Саягүл Мергенқызы құттықтау сөзімен ашып,
оқушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан соң, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. «Соғыс қасіреті», «Отан үшін отқа түс»
атты көріністі оқушылар образға кіріп, өте жақсы сомдап шықты. Ұлы Отан соғысының
басталу кезеңін, соғыстың нағыз қызған шағын көрініс ретінде көрсетіп, көрермендерге
өте әсерлі жеткізе білді. Тәрбиелік шараға
барлық оқушылар белсенді қатысты.
Бұл шарадан бір күн бұрын Жайнагүл мұғалім
бастаған,
мектеп
тәлімгері
Перизат
Құдайымберлина қостаған, осы сыныптың
оқушылары мен мектептің жоғары сынып
оқушылары ауданымыздың жалғыз Ұлы Отан
соғысының ардагері, батыр атамыз Зейнулла
Қуанышбековтың үйіне барып, кездесу өткізді.
Батыр атаның әңгімесін тыңдап, сұрақтар
қойып, медальдарын қызықтап, естелік суретке
түсіп, батасын алған болатын.
Тәрбие сағаты барысында арнайы сол кездесу
жайында слайд көрсетілетін бейне тақта
арқылы дайындалған шағын бейнеролик көрсетті. Тағылымы мол тәрбие сағатын
ұйымдастырған сынып жетекшісі Жайнагүл Мұстафина шара соңында соғыс ардагерлерін
құрметтеу, еске алу, оқушыларды патриоттық сезімін ояту мақсатында осындай сабақ
өткізгенін баса айтып, сабағы жоғары деңгейде өткендігіне оқушыларының да үлесі мол
екенін атап өтті. Көрермен ретінде жиналған ұстаздар да ризашылықтарын білдірді.
Рахат АЙТЖАнОвА
3
18 мамыр 2019 жыл
О.Жұмабеков атындағы мектепке 90 жыл
Жаңаарқаның бірінші мектебі
Қарағанды облысының
Жаңаарқа ауданы тарихы
терең, тамаша тарлан таланттар шыққан құтты
мекен екендігі баршаға
аян. Ел шежіресінің
бір парасы, тебірентер тағылымды беттерін
аудандағы
бұрынғы бірінші
мектеп,
қазіргі
О.Жұмабеков
атындағы
орта
мектептің 90 жылдық
тарихынан тануға болады. Бүгінгі ғасырға
жуық уақытты артқа тастап, бір ауданның тағылым
мен тәрбиесінің алтын бесігі,
білім беру шежіресінің бастауында тұрған бұл білім
ордасының тарихы 1928 жылғы Ақтау өңіріндегі Жартас жеті
жылдық мектебінен басталған. Білім ордасының шаңырағын
көтерген Төлеу Жұмақанов болса, оқу ісінің меңгерушісі
О.Жұмабеков еді. Бірден талантты мұғалімдер жинақталып,
есімі ел аузына іліге бастаған бұл мектеп бір жылдан кейін
аудан орталығына көшіріліп,
В.Ленин атындағы қазақ орта
мектебі болып өзгерді. 1993
жылы осы оқу орны №1 қазақ
орта мектебі болып аталса,
2003 жылы ҚР Үкіметінің
№497 қаулысы бойынша
жалпы білім беретін орта мектепке О.Жұмабековтің есімі
берілді.
Бұл
атаудың
заңдылығын алғашқы еңбек
жолын бастаған Оразалы
Жұмабековтың
1930-1933
жылдары дәл осы мектептің
директоры болып істеген, жас
ұрпаққа білім беру жолындағы
еселі еңбегі ерекшелейді. Мектепті биікке көтерген өрім
жастың бұдан әрі аудандық
оқу бөлімінің меңгерушісі,
партия
жауапкершілігімен
жүктелген
басқару
жұмыстарында да «Қазақстан
білім беру ісінің үздігі»,
«Құрмет белгісі» ордендерімен
марапатталулары
жалғасып жатты. Есімі еліміздің тарихында аталып, көптің
құрметіне бөленіп, мектеп атын иемдеген О.Жұмабековтен
кейін бұл қасиетті білім ордасын басқару ісіне Д.Жалқанов,
М.Шауғымбеков, У.Әубәкіров, К.Сәдуақасов, С.Жанпейісов,
Б.Амалбеков, Е.Оразалин, М.Әбсаматов, С.Ахметжанова,
М.Тайтөлеуов, Т.Дакинов, Б.Бекова, А.Тұрғынбековтар араласты. Есімі бірнеше өзгерсе де, бұл мектеп туралы сұрай
қалса, Жаңаарқаның кез-келген тұрғыны «Иә, Жаңаарқаның
бірінші мектебі емес пе!» дегенді көтеріңкі леппен бастайды.
Солай деуге тұрарлық, мақтанарлық мектеп екендігін осы
мектептің майталман маман, білікті ұстаздары дәлелдеп берген.
Білім беру ісіндегі қажырлы еңбектері, іс-тәжірибелерімен
жетістіктері арқылы аудан, облыс, республикаға танымал
болған
Қ.Жолмағанбетов,
М.Сабазов,
Ө.Құсбеков,
М.Тұрсынбеков, Қ.Құлманов, Ә.Тәкешов, Ә.Беков,
Қ.Жүкенов, Ж.Садықбеков, І.Жарылғапов, Б.Балауытов,
М.Ысқақов,
К.Шәленов,
Ә.Жамбаев,
С.Сарыбаев,
Х.Қосмағамбетов, Қ.Қасымбеков, Т.Әлібаев, Р.Орманбаевтар
ұстаздық еңбектің үлгі-өнегесін көрсеткен.
Аудан орталығындағы бұл мектептің мәртебесі артып,
ұстаздардың мерейлі сәттері мен шәкірттердің алаңсыз
балалық бақытты шақтары жалғасып жатты. Әсіресе 19391940 оқу жылындағы мектепті үздік бітірген Х.Беков,
Қ.Қосқұлақов, Ә.Жамбаев, Х.Әбдірахмановтар болса, 19401941 жылдары мектеп бітірген М.Байтурин, Ш.Сапиянов,
Д.Ізтөлеуов, Б.Мұқашев, Е.Молдабеков, О.Нақыпов,
Б.Қанатов, Қ.Үйсінбаевтарды алдағы арман жолына шығарып
салған. Сол жылы сұрапыл соғыс басталып, мектептегі
мұғалімдер мен бітірген түлектерде майданға алынып жатты.
Адамзатқа қайғы-қасірет әкеліп, сандаған шаңырақтың
шаттығын шайқаған екінші дүниежүзілік соғыстан елге
оралмаған, ардагер ұстаздар: М.Шауғымбеков, М.Сапиянов,
Ө.Қожантаев, М.Шәуенов, Х.Қосмағанбетов, Б.Балауытов,
М.Алпысов,
Т.Сасықов,
Р.Сатенов,
Т.Исаберлин,
К.Сәдуақасов, Е.Құттыбаев, Ж.Тоқбаев және тағы басқа арманда кеткен боздақтар аудан тарихында мәңгілік қалды.
Бес жылға созылған сұм соғыс аяқталып, аласапыраннан ел
есін жиғанда, мектеп те еңсесін тіктей бастады. Соғыстан
оралған майдангерлер білімін жетілдіріп, ұстаздық жолға
өмірлерін бағыттады. Олар мектеп мектеп мақтаныштары,
соғыс ардагерлері: Б.Мамыраев, Т.Далбаев, Д.Ізтөлеуов,
С.Бармұхаметов, Ә.Смағұловтар болатын. Омыраулары
орден-медальдарға толы, майдандағы ерлікті еңбекке
ауыстырған ұстаздардың сапта тұрғандағы көріністері де
ерлік пен еңбектің шежіресін түсіндіретін. Оқ пен оттың ортасынан шығып, ендігі ерлік ұстаздық істері мен бүгінде аңыз
болып,
естеліктер
мен
көркем
шығармалардың
қаһармандарына айналған.
Уақыт көшімен өмірде өзгерістер болып жатады. Соғыс
жылдарынан кейін мектепке жаңа леп, жоғары білім алып
келген Б.Өскембеков, Б.Амалбеков, Б.Өтешов, Қ.Қасымбеков,
К.Оралбаева, Х.Сейдімбеков, Д.Ысқақовтар ел құрметіне
бөленген мұғалімдер еді. Олар мектеп және аудан, облыс тарихында сол кезеңде «Республика оқу ісінің үздігі», «Республика мектептеріне еңбегі сіңген мұғалім», «Республика халық
ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақ ССР және СССР
халық ағарту ісінің үздігі» наградалары мен орденмедальдардың иегері атанып, мұғалімдер съездеріне делегат
болып қатысқандар да солардың ішінен шыққан еді. Дәл осылар салған дара жолды одан әрі сара жолға айналдырған
атақты ұстаздар: Х.Жаманов, Ш.Бекішев, М.Әбсаматов,
Ә.Қасмедин, Ә.Бақтыбаев, М.Тойымбаев, А.Бакиров,
Т.Кенжеғұлов, Б.Жакешова, Д.Сайна, Б.Жахамбетова, З.Бралина, С.Зейденова, М.Спатаева, Р.Аманбаева, А.Кәдірбекова,
А.Тажитова, Б.Тұрғымбекова, С.Какенова, Ж.Қуанышова,
З.Омарова, З.Тұрсынбекова, М.Асқарова, Е.Оспанов,
Қ.Матин, Н.Сейсенбекова және тағы басқалар мектептің ескірмес естеліктері екендігі көпке мәлім. Есімдері ерекшелене
аталатын бұл топта жұптары жарасқан, мектепке бірге келгендер көп еді. Олардың көпшілігі ұстаздар отбасы, өнегелі
шаңырақ ретінде де ауданның айтулылары атанды. Зейнетке
шыққанша бір жерде еңбек етіп, тұрақтылықтың тамаша
үлгісін танытты. Ордалы шаңыраққа айналғандармен қатар,
бүгінде зейнеткерлікке шыққан аяулы аналар: Ж.Балтабаева,
С.Төкенова, Б.Далбаева, О.Мұхамеджанова, Ә.Тойжықова,
З.Ахметова, Н.Жобаева және басқалар мектеп мақтанышы
болып қала бермек. Мектептің ұстаздар қауымы әр кез, әр
шақта осылай толысып, қалыптасқан дәстүр сабақтастығы
бүгінде де жалғасып жатыр.
«Мектептің тірегі, жүрегі – ұстаздар» десек, білім
шаңырағының мәртебесін биікке көтерген, жеңісі мен жемісін дәлелдеген шәкірттер екендігі ақиқат. Жаңаарқа
ауданындағы О.Жұмабеков атындағы орта мектептен ел
басқарған көсемдер, шаршы топта сөз бастаған шешендер, ел
дәулетін арттырған атақты майталман мамандар, ғұлама
ғалымдар мен өнерпаз дарындар шықты.
Осы мектептен білім алып, елімізге, шетелге танымал
болған талантты тұлғалар: жазушы, аудармашы, лингвист
ғалым Ісләм Жарылғапов, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, КСРО жазушылар одағының мүшесі, ҚР мемлекеттік
сыйлығының иегері, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер
С.С.Қирабаев,филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, талантты жазушы, ғалым А.С.Сейдімбеков, филология ғылымдарының докторы, профессор
С.Д.Ізтөлеуова, белгілі әдебиеттанушы ғалым, ұстаз М.Жаманов, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Х.Әбжанов, этнология ғылымдарының кандидаты, доцент
Д.Ескекбаев, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Қ.Ахметов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент Ә.Сәрсенов, техника ғылымдарының
докторлары, профессорлар И.Қасымбеков, М.Ақбаев, А.Мамырбеков, Ғ.Сарбаевтар, медицина ғылымының докторы,
профессор, дарынды дәрігер Ғ.Мұсылманбеков,медицина
ғылымының докторы, профессор, майталман маман К.Садырбаев, медицина ғылымының кандидаттары, доценттер
Ғ.Түсбаев, М.Тебенов, Р.Бекенбаевтар және экономика
ғылымдарының докторы, академик С.Аяжанов, заң
ғылымдарының докторы, профессор К.Әбжановтар және т.б.
Білім шаңырағының түлеп ұшқан өнер өрендерінің басында
саңылақ әнші, «ҚР еңбек сіңірген әртісі», ҚР мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, ғылым докторы, профессор Қ.Байбосынов тұрса, одан әрі «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мәдениет
қызметкері», дәулескер күйші М.Тілеуханов, белгілі
күйшілер Ө.Бимендин, Р.Бимендиналар, «ҚР-ға еңбектері
сіңген әртістер» Б.Көшенов, А.Сыздықовтар, ел білетін
әншілер Ж.Сыздықов, А.Әбдіғазымова, Е.Мұқышовтар және
т.б. есімдерді атай беруге болады. Бәрінде бір шағын мақалаға
сыйғызу қиын.
Отан дәулетін арттырып, ел мен жердің шежіресін
еңбектерімен жазған талантты, таңдаулы басшыларда осы
мектептің түлектері. Бұл тұрғыдан келгенде ерен ісі,
ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленген Ж.Шайдаров, С.Шайдаров, Ә.Күленов, Н.Омаров, Ә.Беков,
Х.Сәтжанов,Ә.Әшімов,
З.Шайдаров,
Б.Күжікенов,
М.Әбдіғалымов, Ө.Кішенов, М.Базарбеков, О.Түсіпбеков,
Ә.Төлеубаев, Қ.Жахметов, А.Сәдуақасов, А.Ахметов, С.Пазылов, Қ.Асанов, А.Тайгөков, С.Жұмажанов, Т. Әбдіқадыров,
Д.Смағұлов, Ш.Шуданбеков, Б.Мұсабеков, Ж.Көпбаев,
А.Асқаров, Л.Окумова, Б.Өтешова, Б.Бекова, Н.Өтешова,
Р.Баубекова, Р.Биғанбекова, Е.Көкенов, Б.Далбаева,
З.Жарылғапова, Б.Әлиакпарова, Р.Құсайынбекова, Ж.Жамбаеваларды ерекше атау
орынды. Мектепті бұлардың
бәрі де алтын, күміс медальмен және үздік көрсеткішпен
бітірген еді.
Аудан орталығындағы аталып
отырған мектепті бітіріп,
жоғары оқу орындарындарында оқып, білім алған
түлектер негізінде Жаңаарқа
жерінде кадрлар мәселесі шешіліп отырған. Соның бір
дәлелі ретінде денсаулық
саласының сақшылары, ақ халатты абзал жандар: З.Игенова,
С.Салықов,
И.Жолдыбаев,
Е.Тоқанов,
Ю.Кішкенов, Ж.Шаяхметов,
Ж.Қожабекова, А.Ахметова,
К.Шекімова және т.б. біздің
мектептің түлектері екені
мәлім. Сондай-ақ, ішкі істер
саласының сақшылары атанып, ел мақтан тұтқан азаматтар
атанған
атақты
генералдар: Б.Бекбосынов,
Р.Тілеуханов
және
полковниктер:
Ж.Кішенов,
Б.Рақымжановалар біздің мектептен білім алған еді.
Жаңаарқа өнерімен таңқалдырып, атақты спорт
жұлдыздарымен табындырған аймақ екені белгілі.
Республикаға белгілі спорт майталмандары: Ғ.Жарылғапов,
Ғ.Жарылғапов, Д.Биткөзов, Д. Бөкенайұлы, Б.Жүнісов,
М.Аманбаев, А.Барменов, Қанат пен Талғат Байшолақовтар,
А.Ахметов, А.Ғалымов, Қ.Абзалов, Д.Ізтөлеуов және т.б.
аудандағы ел айтатын бірінші мектепті бітірген болатын.
Ел мен жердің қадір-қасиетін, туған өлкенің тау-тасын
қаламмен тербеген ақын-жазушылар: Х.Жаманов, Б.Әшімов,
А.Жұмадилдин, Қ.Әбілдин, М.Хасенов, Ө.Жақыпов, Е.Игенберлин, С.Мәкенов, Ж.Смақов, Қ.Сейсекеевтер де мектебімізде құрметпен аталып, олардың шығармашылық істері
кеңінен жас ұрпаққа дәріптеледі.
Білім беру ісі қашанда нәтиже мен көрсеткішке жүгінеді.
Бүгінгі ХХІ ғасыр адамын қалыптастыру ісі алдымен білім
беруді ізгілендіріп, қоғам алдындағы жауапкершілікке дайын
болуды жүктейді. Бүгінгі таңда мектепте бұндай ізгі істер
жалғасып жатыр. Жаңа ғасырда ағылшын тілі мұғалімдерінің
ассоциациясының ұйымдастырған конкурсынан өтіп, АҚШтың Чикаго қаласында тегін оқып қайтқан Ә.Әлиакпарова,
сол сияқты Калифорния штатында оқып келген А.Игенбековалар біздің шәкірттеріміз екендігіне қуанамыз. Елімізге
еңбегі сіңген, бүгінде көпшілік құрметіне бөленген білім беру
ісінің үздіктері мектепте еңбек етті.
Жыл сайынғы ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, алтын
белгі, үздік аттестат алған оқушылар саны да жылма-жыл
артып келеді. Жетістіктер қуантып, оқушыларымызды арман
жолына аттандырып жатқан Жаңаарқа ауданындағы
О.Жұмабеков атындағы мектептің іргетасы қаланғанына 90
жыл толып отыр. Өткенге толғанып, істеген іргелі істерге
қуансақта, бізге сол биіктерді аласартпау ең басты ұстаным
болып қалады. Себебі біздің білім беретін алтын ұя – кезінде
тәжірибе алмасу алаңына айналған, елімізге белгілі,
ауданымыздың аңызына айналған мектеп.
Ендеше «Жаңаарқаның бірінші мектебінің» мәртебесі түспей,
абыройы асқақатай берсін.
Р.РАхИМОв,
Жаңаарқа ауданының О.Жұмабеков
атындағы мектептің директоры
18 мамыр 2019 жыл
4
Жеңіс күні – Ұлы күн
Биыл Ұлы Жеңіске 74 жыл толып отыр. 1418 күн
мен түнге созылған екінші дүниежүзілік соғыс әлемнің
61 мемлекетін шарпып, 50 миллионнан астам адам
опат болды. Бұл соғыста қазақстандық 600
мыңнан астам адам, оның ішінде 150 мыңнан
астам қазақ ұлтының өкілдері қаза тапты. Ал
осы аттанған үш мыңнан астам жаңаарқалық
9- мамыр Жеңіс күні
орныққан бұл дәстүрлі мереке биыл да ауданымызда соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет
ретінде көтеріңкі көңіл күймен аталып өтті.
Бұл күні таңертенгілік аудан тұрғындары орталық алаңға ағылды. Ұлы Отан соғысында мерт
болған жаңаарқалық боздақтардың есімі жазылған Даңқ монументі алдындағы мәңгілік алау
жанында майдангерлер үшін ең бір толқулы сәт соғыстан оралмаған боздақтар есімі жазылған
Даңқ монументіне тағзым ету еді. Олар тағзым ете тұрып, өздерімен бірге майдан даласына
аттанған өрімдей жастарды сағынышты сезіммен еске алысты.
Соғыс құрбандарына деген елдің ыстық сезімін білдірген аудан әкімі Ю.Бекқожин бастаған
соғыс және еңбек ардагерлері, мекеме мен оқу орындары ұжымдары Даңқ тұғырына, Ұлы
Отан соғысында мерт болған жерлесіміз Кеңес Одағының батыры А.Дәулетбековтың ескерткішіне гүл дестелерін қойды.
Мерекелік жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Ю.Бекқожин Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы жерлестеріміздің көрсеткен ерліктерін, соғыстан кейінгі елді қалпына келтіру
жолында атқарған еңбектерін, олардың есімін жас ұрпақ қастерлеп өтетінін жеткізіп, Жеңіс
жауынгерлердің бір мыңнан астамы майдан даласында көз жұмды. Арада жарты ғасырдан
артық уақыт өтсе де, сол соғыс зардабы мен қиындығы әлі күнге адамдар санасында
жаңғырып келеді. Ол мәңгі бақи ұмытылмас. Соғыс кезінде бейбітшілік пен тыныштықты ті-
күнімен құттықтады. Мұнан соң, соғыс және тыл ардагерлеріне аудан әкімінің атынан гүл
шоқтары табысталды.
Майдан даласында қаза болған жауынгерлердің құрметіне автоматтан оқ атылып, бір минут
үнсіздік жарияланды. Мұнан кейін полиция бөлімі, теміржол бойының әскерилендірілген
күзет бөлімі, «Семсер» күзет бөлімі қызметкерлерінің және аудан мектептері оқушыларының
әскери шеруі өтті.
Келесі кезекте Ұлы Отан соғысына арналған театрландырылған көрініс басталды. Соғыс
леген адамдардың елеңдей күткені –
Жеңіс деген жалғыз ауыз сөз еді. Ақыры ол күн де
келіп жетті. Яғни, 1945 жылдың 9 мамыры неміс басқыншыларын өз ұясына тықсырып апарып талқандаған – Жеңіс күні. Содан бері бұл күн мереке ретінде тойланып келеді. Берік
басталған жылдардан бастап, майдан даласындағы ерлік, ауылдағы еңбек майданындағы
жұмыс, Ұлы Жеңістің орнауы аралығындағы оқиғаларды тартымды етіп суреттеп керемет
әсер қалдырды. Көріністен соң, аудан өнерпаздарынан құралған әнші, бишілер концерттік
бағдарламасы ұйымдастырды.
Бұл күні түрлі спорт ойындары өткізіліп, жеңімпаздар анықталып жатты. Жеңімпаздар марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
Мерекелік шарада қаз-қатар тізілген сөрелерде ауылшаруашылық өнімдерінен жәрмеңке,
сауда-саттық ұйымдастырылды.
Рахат ӨМіРБеКқызы
18 мамыр 2019 жыл
5
Ұрпаққа ұлағат – тарихқа тағзым
Ұлы даланың жеті қыры
Елбасының былтырғы жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласының жалғасы болған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
көпшіліктің
көңілінен шығып,
жұртшылықтың
жүрегіне
жол
тапты.
Осы мақаланы
арқау
еткен
ауд а н ы м ы з д ы ң
білім бөлімі «Ұлы
даланың
ұлы
қырлары» атты
білім
беру
ұйымдарының І
аудандық форум
ы
н
ұйымдастырып,
өткізді. Ауқымды шараға аудан көлеміндегі 27 мектеп пен 6 балабақша қатысты. Тұңғыш
Президент Н.Назарбаевтың тарих арқылы болашаққа бағдар жасап, даңғыл жол салуға
үндейтін «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында өткен бұл форум Б.Амалбеков
атындағы орта мектептің оқушылары велошерумен бастады. Бұл шерудің басты мақсаты
мақалада айтылған жеті бағытты ұлықтап, көрсету болды. Олар: Атқа міну мәдениеті, Ұлы
даладағы ежелгі металлургия , Аң стилі, Алтын адам , Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек
жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.
Форумның ашылу салтанатында аудан әкімі Юржан Бекқожин:
-Ұлы даланың жеті
қыры, жеті ерекшелігі,
бұл - елімізге бұйырған
Тәңірдің
сыйы.
Халқымыздың бойына
берілген ерекше дарыннан туындаған ортақ
жәдігерлерді
терең
түсініп, біліп, ұлттық
санасы кемелденген,
рухани жаңғыру жолында
тарихы
түгенделген,
рухы
асқақтап атына қайта
мінген қазақтың кеудесін ешкім баспасы
айдан анық. Бүгінгі
аудандық білім бөлімі
ұйымдастыруымен өтіп
жатқан маңызды шара осыған дәлел бола алады. Ауданымыздың білім беру мекемелерінің
қатысуымен өткізіліп отырған «Ұлы даланың Ұлы қырлары» атты І аудандық Форумның
жұмысына сәттілік тілей отырып, оқушылардың бойындағы ұлттық рухты оятуға, оларға
ерлік пен елдіктің маңыздылығын ұғындыруға бүгінгі шараның берері көптігіне сенімді екенімді айтқым келеді, - деді аудан басшысы өз сөзінде. Ауқымды шара барысында осы 7
бағыт бойынша тарихымызды ұлықтайтын концерттік қойылымдар қойылып, патриоттық
әндер айтылып көрерменнің рухын бір серпілтті. Мерекелік шара қола дәуірінен бастап
бүгінге дейнгі салт-санамызды, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін этноауыл
көрмесімен жалғасын тапты. Бұл көрме жиналған жұртшылыққа Ұлы даланың жаһандық
тарихтағы жәдігерлерін тың көзбен қарауға мүмкіндік берді. Байырғы қазақ халқының
Сән салоны ашылды
Еліміздің әлем көшбасшыларының қатарына
қосылу жолындағы мұраты айқын. Қол жеткізген жеңісі мен жетістіктері жетерлік. Мемлекет тарапынан нәтижелі жұмыспен қамтуды
және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
бағдарламасы аясында ауданымыздың өзінде
ауқымды жобалар іске асуда. Соның бірі ре-
тінде заман талабына сай аудан
орталығында сән
салоны ашылды.
Жас
кәсіпкер
А с ы л т а с
Әлиқызы заман
талабына
сай
жабдықт а лған
сән салонында 5
а д а м д ы
ж ұ м ы с п е н
қамтып отыр. Бұл да болса ауданымызда жұмыссыздықтың азаюына бір септігін тигізіп
отыр. Сән салоны шаш қию, шаш үлгілерін жасау, тырнақ күтімінің барлық түрлерін
көрсету, кірпік жалғау, бет әрлеу және басқа да қызмет түрлерін ұсынатын болады.
«Жастарға кәсіп ашуға, сол арқылы өз-өзін жұмыспен қамтуға кеңес беремін.
Нарықтық қоғамда «Жеміс піссе екен, аузыма түссе екен »- деп жатуға болмайды. Мына
қоғам жалқаулықты көтермейді», – деді өз сөзінде салон иесі кәсіпкер Асылтас Искакова.
Жаңа салон аудан тұрғындарына барынша қызмет көрсетпек. Өйткені, сән мен салтанат
құрған жерде кәсіп те дөңгелейді.
тыныс-тіршілігі, қазақ әйелінің күнделікті күйбелең шаруасы, қайнаған қазан-ошақ, жайылып
жатқан
құрт, сабада пісіліп жатқан қымыз,
ұлттық нақышта
безендірілген киіз
үйлер, сойылып
жатқан
қой,
ұлттық киімдегі
қазақ әйелдерінің
жүн сабауы, у-шу
балалардың дауысы,
осының
бәрі
шынайы
түрде көрсетілді.
Қ а з а қ т ы ң
қонақжайлығын
көрсете білген бұл «Этноауылдан» кірген адамның қайтқысы келмейтін әсерде болды. Салтанатты шара
мәдениет үйнде жалғасын тапты. Онда мектепшілік сахналық
қойылымдардан, кино түсіруден, ғылыми-зерттеу жоба қорғаудан үздіктер анықталды.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» сахналық қойылым бойынша барлығы 9 мектеп әзірлеме
тапсырды,соның ішіндегі жүлделі І-орынды Атасу ЖОББМ , ІІ-орынды Қызылжар
ЖОББМ, «Ұлы даланың ізімен...» балалар киносының сырттай байқауы бойынша 9 мектеп
кино түсірді, оның ішінде
жүлделі орындарға І-орынды
Қызылжар ЖОББМ, ІІ-орынды
Ақтүбек ЖОББМ, «Мәдени
жетістіктер шоғыры- Ұлы
дала» оқушылар арасында
ғылыми- зерттеу жобалары
байқауына 13 мектеп қатысып
жүлделі
орынға
І-орын
Ю.А.Гагарин ЖОББМ 2 сынып
оқушысы Б.Тілеубайға, ІІорын Б.Амалбеков ЖОББМ 8
сынып оқушысы М.Пазылға,
ІІ-орын
Ақтау ЖОББМ 8
сынып
оқушысы
Т.Құдайбергенге,
ІІ-орын
Қызылжар ЖОББМ 10 сынып
оқушысы П.Уақбаеваға, ІІІорын
Бидайық ЖОББМ 5
сынып оқушысы М.Аманжанова, ІІІ-орын №135 ЖОББМ 3
сынып оқушысы С.Ибрагимге
бұйырды. «Шеберлер ауылы»
мен «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» тақырыбында өткен
көрмеге І-орын Ақтайлақ НОМ, ІІ-орынАтасу ЖОББМ мен Б.Амалбеков ЖОББМ және
Қызылжар ЖОББМ, ІІІ-орын №132 ЖОББМ мен О.Жұмабеков ЖОББМ ал «Шеберлік
сынып» байқауында І-орын Талдыбұлақ ЖОББМ, ІІ-орын №132 ЖОББМ, Көктал ЖОББМ,
ІІІ-орын Жаңаарқа ЖОББМ марапатталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи
сананы жаңғыртуға бағытталған. Тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын
болашаққа жол тауып, жетістікке жетеді.
Жас келсе – іске
Бүгінде өз кәсібін бастағысы келетін жастарға мемлекет тарапынан берілетін көмек жетерлік. Жас
кәсіпкерлерге қолдау ретінде жыл сайын еліміздің
барлық жерлерінде жастар арасында әлеуметтік маңызы
бар жобаларды қолдауға және жүзеге асыруға арналған
гранттар бөлінеді.
Біздің ауданымызда да жыл сайын аудан әкімінің
гранттары бөлініп, отырады. Былтырғы жылы өз ісін
бастаймын деген 8 жас кәсіпкер аудан әкімінің грантын
ұтқан болатын. Бүгінде аталған грант иегерлері өз
кәсібін ашып, аудан тұрғындарының игілігіне қызмет
етуде. Осы ретте
аудан әкімі Юржан
Бекқожин бастаған
бір топ мекеме басшылары
жас
кәсіпкерлер «Сюрприз» дүкенінің иесі
Шұға Совет пен
« L U C K Y »
ш е бе р ха н а с ы н ы ң
иесі
Бекмұрат
Алпысовтардың жұмыстарымен танысып қайтты. Жас кәсіпкерлер мемлекет тарапынан
өздеріне жасалып жатқан мүмкіндіктерге алғысын білдірсе, аудан әкімі Юржан Бекқожин
еңбектеріне табыс тіледі.
Бетті дайындаған: Мөлдір қАСыМ
18 мамыр 2019 жыл
6
ҚҰТТЫҚТАУ !!!
Ұлы Жеңіске 74 жыл
құрметті құрдастарым Матжан Шалғынбаев, Жәлел Әбдіғожин,
Жанайдар Сұлтанов, Серік Төлегенов, Бөкен Смаилов, Көжебай
Мұсабеков, Шакар Досанова, Әдиша Аманжолова, Рыскүл Ахметбекова, Бәтима Әбілдина, несіпбала Бакарамова, Үміт Төлеуова!
Қысқа жіпті күрмеп жүріп, шашқанымызды жинастырып берекеге кенелеміз дегенімізше, барымыздың өзі сағымдалып сала бергенін аңғармай-да жатырмыз.
Жұмбаққа толы өмірдің ортаңғы кезеңінен асқанда, ақылың толысып, ессіздіктің,
аңғалдықтың тармақтарынан аттап, басты өміріңнің тұжырымды мән-мағынасына
ой жүгіртіп таразылаған шаққа да жеткендерің қуанышты құбылыс болып отыр.
Бұл күндерге жетпей, қатарларымыздың сиреп қалғанына өкінішіміз аз емес.
Сыздық Көпеев, Дыбыс Үйсінбаева, Төлеу Бейсенбаев, Сәрсенбай Әлкенов, Алтын
Елеусізова, Секер Рахтаева, Бөпетай Битжанова, Рыскүл Есенова, Әмзеш Махмұтов,
Гүлсағира Жексенбекова, Аманкеш Айткенов, Жәкетайлар Ақашевалар өмірден
ерте озды. Артында қалған жолдастарына, ұрпағына төзімділік тілейміз!
Бүгініңді бір күн ойлап, өткеніңді жүз күн ойлап, әттеген-айыңды
қайталағаныңмен қайта оралмайтын мүмкіндіктердің ауылы алыстап кеткені
шындық. Қалай болғанда да, ортаңғы кезеңдегі өмірдің өз қызығы, рахаты мен жетістігі болғаны рас. Елдің ішінде жүріп, еңсең төмендемей, қадір-қасиетіңді
жоғалтпай, отбасыңның берекесін кетірмей жәйлап жүріп жетпіске жеткенімізге
шүкіршілік жасайық.
Алла тағаланың осы өмірді бізге сыйлаған құнды байлығын бағалап, тәубә дейік.
Өздеріңмен бірге балалықтың бақытты шағын қызықтап, жастығымыздың жақсы
кезеңдерін бөліскен, азаматтықтың саналы сатыларын қатар жүріп қалыптастырған
қайырымды жылдарымыздың барлық құндылықтарын естен шығармай, бір-бірімізге деген қадір-қасиетімізді жоғалтпай осы жасқа жеткенімізге ризашылығымды
білдіремін.
...Ұмытылмас балалық,
Жастық жалын шалалық.
Есейіп ерте ес білдік,
Кезеңнен орта асқанда,
Шындығын тағдыр кеш білдік.
Немерем айтты - “Ата ескірдің”,
Қоғамнан, әйелдер қауымынан.
“Шал”,- деген сөзді естідік.
Ойпырмай ойдан тосылып,
Ұлғайған жасты кеш білдік.
Істелмей жатқан ісің көп,
Кірісем десең күшің жоқ.
Көсемсіп кейде шыққан мен,
Көркің тозған, пішін жоқ.
Жетпіске келдік жаяулап,
Жүрісіміз қалды баяулап.
Тозбаған көкірек арманға,
Жеткізсе дейміз таялап...
Осы жылы жетпіске келген құрдастарымды тегіс мерейтойларыңмен
құттықтаймын. Дендеріңе саулық тілеп, саналы ғұмырларыңды сабырлықпен
меңгеріп, ұрпақтарыңның ұлағатты істері мен жетістіктеріне кенеле беріңдер! Жас
келді деп жасымай, жігер-қуаттарың азаймасын!!!
Игі тілекпен: Бақоңыр Ижанов
Менің атам - майдангер
Адамзат тарихына қара таңба салған 1941-1945 жылдардағы екінші
дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат
құрғанына 74 жыл толды.
Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала
әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ат ауыздықпен су ішіп, толарсақтан саз кешіп,
тұтқиылдан шабуалдаған жаумен қиян-кескі алысып, қызыл
қанға боялып, от пен оқтың арасында шыбын жандарын
шүберекке түйіп Отан қорғаған батырлардың жанымен жеткен
Ұлы Жеңіс күні 9-Мамырдың салтанатты мерекеге
айналғанына да 74 жыл. Бейбітшілік орнаған өмірге де 74 жыл
толды.
Біз сияқты кішкене бүлдіршіндердің ата-әжесіне, ата-анасына
елжірей қарап, еркелікпен сыңғырлаған күлкілеріне 74 жыл.
Менің атам - Баубеков Өмірәлі Баубекұлы 1911 жылы Жаңаарқа
ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда атам 31 жаста
екен. 1941 жылы соғысқа аттанған атамды соғыс кезеңі жағдайына байланысты жеделдетілген
командирлер дайындайтын әскери училищеге 6 айлық командирлер дайындайтын курсқа жібереді.
Осы әскери курсын тәмәмдап сержант шенін алып, соғыс жүріп жатқан алғы шепке жіберілді.
Әскери эшолонмен алғы шепке жеткен әскерлер маршал Георгий Константинович Жуковтың
қарамағындағы генерал Крюковтың 2-ші гвардиялық атты әскер кавалериялық корпустың
құрамындағы 1126-шы гвардиялық кавалериялық атты әскер полкіне бөлімше командирі болып
тағайындалады. 1942 жылдың қараша айында бас қолбасшы Иосиф Виссарионович Сталиннің
бұйрығымен 5-ші самаралық кавалериялық дивизиясымен, генерал Крюковтың 2-ші гвардиялық
кавалериялық атты әскер корпусы 1126 атты әскер полкі аға гвардия сержанты атамыз Баубеков
Өмірәлі Баубекұлы басқарған бөлімшелерде Москва бағыты бойынша Волокаламск тас жолына
неміс басқыншыларына қарсы тойтарыс беруге жібереді. Осы атты әскер құрамында атамыз
басқарған бөлімше жауды басып алған шебінен тайдырып, Москваға барар жолды кесіп тастайды.
Өзіне бекітіліп берілген бөлімшесімен жаумен шайқаста ерлік көрсетіп "За отвагу" орденімен наградталады.
Атамыз осы кескілескен шайқаста ауыр жараланады. Госпитальда емделген соң осы 2-ші
гвардиялық кавалериялық корпустың 97-ші атқыштар полкнде бөлімше командирі, 1117 атқыштар
полкінде бөлімше командирі, 143-ші атқыштар полкінде бөлімше командирі ретінде соғысты. Осы
атты әскерлер құрамындағы жедел жүретін атты әскер болғандықтан Отанымыздың бірнеше
қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге жан сала отырып қатысты. Соғыс аяғына қарай 5ші самаралық атты әскер дивизиясы, 2-ші гвардиялық атты әскер корпусы, 9-шы танк бригадасымен,
маршал Конеевтің 5-ші атқыштар дивизиясымен және маршал Буденный атты әскер құрамаларымен
бірігіп Квантун армиясымен соғысты. Халкин голге жақын Чита қаласын азат етті. Осы сұрапыл
соғыста жапондық 20 000 самурайдың көзі жойылды. Бүкіл Квантун армиясы тұтқынға түскен. Осы
соғыстарда жеткен табыстары жеңістері үшін атамыз басқарған бөлімшеге гвардия бөлімшесі атағы
берілді.
Атамыз Ұлы Отан соғысынан аман-есен елге оралып, анамыз Серікбайқызы Зубайрамен некесін
қиып, отау тігеді. Еңбек жолын жол бойы ОРС НОД 3 жұмысшы жабдықтау бөлімінде қойма
меңгерушісі, аудандық тұтынушылар одағында қойма меңгерушісі, халықтың бақылау комитетінде
қоғамдық санитарлық инспектор қызметкер ретінде қызмет етеді. Еңбек ардагері медалімен марапатталды. 9 бала тәрбиелеп, өсіріп, тату-тәтті өмір сүрді. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш
болып, соғыс өрті болмасын деп тілейміз.
нұржігіт Аманжанұлы БАУБеКОв,
шөбересі
Талапкер - 2019
Жоғары оқу орнына түсем деуші талапкерлердің назарына!!!
Бүгінгі
таңда
Қазақстан
Республикасының
Үкіметі
стратегиялық маңызы бар аграрлық
салаға
аса
көңіл
бөлуде,
ауылшаруашылық
және
малшаруашылық өнімдерін өндіретін
шаруашылықтарға қаржылай көмек
көрсетіліп жатыр. Осы тұрғыдан
алғанда ауылшаруашылық мамандарын дайындау заман талабы болып
отыр. Қазақтың білім және ғылым
саласының қара шаңырағы аталған Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
ғылыми педагогикалық, өндіріс мамандарын дайындауда республикада
маңызды
орын
алады.
Университеттің 90 жылдық тарихы
бар. Бүгінгі таңда университетті академик Т.И.Есполов басқарып отыр.
Осы уақытқа дейін университет 100
мыңға жақын мамандарды дайындады, олардың ішінде қоғам
қайраткерлер, ғалымдар, әкімдер,
аграрлық сала бойынша білікті мамандар жеткілікті. Қазақ ұлттық
аграрлық университетінің жастары
толыққанды білім алып, қызықты
студенттік өмір сүреді. Барлық факультеттерде студенттік кеңестер,
өзін-өзі
басқару
комитеттері,
кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.
Жыл сайын жас ғалымдар мен
мамандардың қатысуымен конференциялар, ғылыми-техникалық форумдар, олимпиадалар жүргізіледі. Осы
іс-шаралар болашақ мамандардың
тұлға ретінде қалыптасуына септігін
тигізіп, рухани-мәдени денгейін
өсіреді.
Сонымен
қатар
университеттің ағылшын тілін жетік
менгерген студент жастары және магистранттары шет елдің университеттерінде білімдерін жалғастыруға
мүмкіншілік алады. Биылғы жылы
университет 90-шы
рет жас
түлектерді қабылдау жасағалы отыр.
Жыл
сайын
жоғары
талап
деңгейіндегі дайындап, шығарып
жатқан маман-кадрлары бұл күндері
өмірден өз орындарын тауып,
республикамыздың түкпір-түкпірінде
жемісті еңбек етіп жатқандары біз
үшін орны бөлек қуаныш. Қазір
аграрлық саладағы ғылымның еліміз
үшін беріп жатқан пайдасының орасан екеніне халықтың көзі жетті. Бұл
орайда тәлімді тәжірибе жинақтаған
университетіміздің профессорлық
оқытушы құрамының қосып отырған
үлесі қомақты деп айтуға болады, ол
жетістігіміз іс жүзінде дәлелденіп келеді.
Білім
мен
ғылымның
көшбасшысы
атанып,
ұлттық
статусының мәртебесіне ие болған
университетімізде өмірдің өзі талап
етіп отырғанындай, сан-салалы
маңызы
жоғары
мамандық
атаулының бәрі бар. Қоғамға қажетті
білікті де білгір маман-кадрларды өз
мәнінде даярлап шығаруды басты парызымыз деп білеміз. Біздегі
оқытушылар құрамының 40 –қа тарта
академиктен, 400-ге жуық оқытушыпрофессорлардан және доктор, кандидаттардан,
доценттерден
тұратындығының өзі университет
деңгейінің қандай дәрежеде екендігін
көрсетіп бере алады. Нарық талаптарына
сәйкес
және
жұмыс
берушілердің есебі мен көзқарасына
орай мамандықтарға тағы жаңа
мамандықтар енгізілді. Олар «Ауыл
шаруашылығын
энергиямен
қамтамасыз ету» және «Өсімдік
қорғау
және
карантин»
мамандықтары.
Қазіргі уақытта 42 мамандық бойынша бакалавриатта, 39 магистратурада және 16-сы PhD докторантурада
біліктіліктерін жетілдіру үстінде.
Биылғы, яғни 2019-2020 оқу
жылының
Қарағанды
облысы,
Жанаарқа
ауданы түлектерін
білімнің қара шаңырағы Қазақ
Ұлттық Аграрлық университетіне
оқуға шақырамыз.
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті талапкерлерді мемлекеттік білім
гранты негізінде және ақылы-келісім
шарт негізінде, күндізгі және сырттай
оқу бөліміне қабылдайды.Университетте төмендегідей факультеттер бар:
-Агрономия,агрохимия және өсімдік
қорғау факультеті;
-Экономика және қаржы факультеті;
-Энергетикалық және ақпараттық
жүйелер факультеті;
-Инженерлік-техникалық факультеті;
-Орман, және су ресурстары факультеті;
-Ветеринария факультеті;
-Технология және биоресурстар факультеті;
Аталған факультеттер 41 мамандық
бойынша мамандар дайындалады.
Әскери кафедра білім алған студенттер лейтенат әскери атағын дипломмен қоса алады. Сонымен қатар
О.Сулейменов
атындағы
«Әлеуметтік-уманитарлық
және
тәрбие беру институты» жұмыс істейді.
Қосымша
мәліметтерді
төмендегі оқытушыларға телефон
шалып
білесіздер
-профессор
К.А.Ахметов 87772899345, доцент
К.Т.Майхин 87011966594, профессор
А.А.Алимов 8701301247, профессор
О.Т.Төребеков 87711204353.
АДАМ.қОҒАМ.зАң
Технологиялық жаңғырту-уақыт талабы
Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету
мақсатында сот ісін жүргізуде жаңа електронды технологияларды
қолдану аясын кеңейту – сот жүйесінің басым бағыты болып табылады.
Осыған орай, Жаңаарқа аудандық сотында сот отырысы залдары
толық аудио-бейне жазба тіркеу құралдарымен толық қамтамасыз
етіліп, қазіргі уақытта 100 % қылмыстық, азаматтық, әкімшілік,
өзге де істер міндетті түрде аталған құралдардың қолдануымен
қаралуда.
Сонымен қатар, сот төрелегін ашықтығын қамтамасыз ету үшін
сот төрелігін қашықтықтан жүргізуге бағытталған бейне байланыс
құралдарын пайдалануға мүмкіншілік бар.
Атап айтқанда, Жаңаарқа аудандық сотында «Виртуалды сот» жобасын іске асыру мақсатында, «Мобильді бейнеконференец байланыс» мобильді қосымшасы қолдануда. 2019 жылы 1- ші тоқсанында
аталған қосымша арқылы 8 азаматтық және 1 әкімшілік іс қаралды.
Сотта істерді интернет байланыс арқылы қашықтықтан қарауыазаматтардың уақытын және материалдық шығындарын үнемдеуге
мүмкіндік береді. Сонымен қатар сот төрелігінің тиімділігін
арттыруға және істердің қарау мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.
Бұл үшін «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы арыз беру
жеткілікті және қолда интернетке қосылған смартфон болса болды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда халықтың көпшілігі сотқа келмей ақ,
интернет арқылы « Сот кабинеті» сервисін пайдаланып, талап арызын немесе шағым беру құқығын пайдалануда.
Сот төрелігін жүзеге асыру процесіне ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу – уақыт талабы.
Заманауи технологияларды қолдану мақсаты –халықтың сотқа
деген сенімін нығайту, сот жұмысының ашықтығы мен
жариялылығын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың сот
отырысына қажеттілігін арттыру.
Ж.КенЖИн,
Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы
Көңіл айту
Аудандық “Жаңаарқа” газетінің ұжымы бұрынғы редактор Амантай Нығатайұлына
АпАСының
қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады
ЕскЕ АлУ
Тұлымшағымыз желбіреп, сонау бір 1979 жылы Қараағаш ауылының Ынталы орта
мектебінің табалдырығын аттап, 1989 жылы он жылдық білім алып, үлкен өмірге қанат
қаққан едік. Міне, зымыраған уақыт тоқтасын ба, көзді ашып жұмғанша 30 жыл да өте
шығыпты. Балалықтың бал дәуренін бірге өткізген сол күндерді кері қайтара алмасақ та,
достықтың алтын белгісін сол қалпында жүрек түкпіріне сақтаған күйімізде, қасиетті мекенімізде білімнің қара шаңырағы Ынталы орта мектебінде 30 жылдық мерейлі мерекемізді атап өтуге бел будық. Осындай атаулы күндерімізде ортамыздан ерте кеткен арыстай
алты сыныптастарымыздың орнының үңірейіп тұруы қабырғамызға қатты батты.
Атап айтсақ, Алина Анар Ауданбайқызы, Сәрсеков НұрғалиТөлеутайұлы, Шалқарбеков
Бауыржан Мақсатұлы, Шотова Райхан Шотқызы, Әкімов Мұрат Айдарханұлы, Оспанов
Сансызбай Әдіханұлы өздеріңе деген сағыныш бізде басылар емес.
Кешегі сендердің тәтті қылықтарың, әзілдерің, жүріп- тұрғандарың бәрі-бәрі көз алдымызда, жадымызда. Өздеріңдей адал дос, парталастарды ұмыту мүмкін емес, ұмытуға
қақымыз да жоқ. Әрқайсыңның орның біз үшін бөлек еді, тұрлаусыз тағдырға не дерміз?
Арттарында қалған ата-аналарына, ұл-қыздарына, ағайын туыс-тума, бауырларына ұзақ
ғұмыр тілей отырып, асыл дос-парталастарымыз Анар, Бауыржан, Нұрғали, Райхан,
Мұрат және Сансызбайдың рухтарына арнап дұға бағыштаймыз.
Рухтарың бейіштің төрінде болғай !!!
еске алушылар: ынталы орта мектебінің 1972 жылы туылған түлектері
құрметті жаңаарқалықтар!
Ломбард “ALMAR” өзінің пайызын төмендетіп, алтынды бағалау құнын өсіргенін хабарлайды. Алтындарыңызды жоғары бағалатып, тиімді шарттармен қолданғыңыз келсе Абай
көшесінде орналасқан №23 “Әлем” дүкеніне (“Бөбек” дүкенінің қасында) келіңіздер! хабарласу телефондары 87089112199, 87765197171.
Динамично развивающейся
«Микрофинансовой организации «Азиатский
Кредитный Фонд» требуются сотрудники!
Мы приглашаем в команду АКФ профессионалов, которые разделяют наши ценности, готовых
учиться и приобретать новые навыки, помогать
жителям нашей страны стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
Став частью коллектива Азиатского
Кредитного Фонда,
вы сможете получить:
Интересную и разнообразную работу
Справедливую оплату труда
Профессиональное общение
Обучение и развитие навыков
Возможности для самореализации
Признание ваших достижений
Создание успешной карьеры
Участие в полезных проектах.
Кассир
Открыта вакансия
Требования:
•Средне-специальное/высшее образование
•Опыт работы в должности кассира не менее 1-го года (желательно)
•Знание 1С бухгалтерии (желательно)
•Знание кассовой дисциплины
•Отличное знание ПК, казахского и русского языков
•Умение работать в команде
•Честность, аккуратность, инициативность и трудолюбие
Место работы:
Место работы: Карагандинская область, Жанааркинский район, п. Атасу.
вы можете прислать или принести свое резюме по адресу: п. Атасу, ул. Абая 19, ориентир: на против сш им:С.Сейфуллина. телефон/факс: 8 (71030) 2 71 94. cот: +7 771 266 57
00 или в головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10. Тел/факс: 8 (727) 250 61 90. Email: hr@acfund.kz. Наш сайт: www.asiancreditfund.com
после обращения в офис АКФ по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей
горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся и с вами!
7
ЕскЕ АлУ
18 мамыр 2019 жыл
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, аяулы да асыл анамыз, ардақты да сүйікті әжеміз Орал Сәтиқызының
(Сәтмағанбет) жарық дүниеден бақиға аттанғанына 18
мамыр күні 40 күн толды. Тіршілігінде анамыз еңбекқор,
көпшіл, бауырмал, ақылшы адам еді. Күндер зымырап
өтсе де осы бір жаны жайсаң, жақсылыққа жомарт жанды
сағына еске алып, жүрегімізді қимастық тербеп, анамызға
деген аңсар сезім артып барады. Еш сөзбен жеткізгісіз осы
бір қимастығымыз жанарымыздан тамшы боп тамып,
көкіректен күрсіне шығады. Анамыздың өмір жолын
өнеге тұтып, есімін ардақтап, бақилықта жүзі жарқын,
қабірі жарық болсын деп дұға бағыштаймыз.
Алла басқа салғанын көреміз де,
Жазмышына не шара көнеміз де.
Жалған дүние өлшеулі тіршілікте,
Есімің жасайды бірге жүрегімізде.
Асыл ана-ау, ойсырап тұр орының,
Жүректерде қалды зілді нала мұң.
Сағынады, зарығады әулетің,
Дұға қылып, төрін тілеп пейіштің.
Сағына еске алушылар: балалары-Рысты, Рымкеш-Алдан, Тлеубек, АманкүлСағынтай, Алтынбек-Бақыткүл, Күміскүл-қанат, Батырбек-Жанар, МейрамбекТолқынай, Кенжегүл-Дархан, Асылбек-Әсем және немерелері-жиендері, шөберелері
18 мамыр күні сағат 13.00-де және ауыз бекіткендерге кешке ауызашар уақытта
“сәт” мейрамханасында анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы
дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ АлУ
Ақтүбек ауылының тұрғыны болған, асыл жар, ардақты
бауыр, асқар таудай қамқор әке, мейірімді ата Кенжебаев
Төкеннің өмірден өткеніне 30 мамыр күні 40 күн толып
отыр. Ардақты азаматымыз ақ көңіл, ашық мінезді,
еңбекқор, өмірде қамқор әке, адал жар, ата болды. Ардақты
әкемізді сағынышпен еске алып, дұға бағыштап, топырағы
торқа, жаны жәннатта болсын деп Алладан тілейміз.
Әкешім, шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не жоқсың бүгін ортамызда,
Сағындық, әке, сізді баршамызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен балалары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер,
Жүрегімізде мәңгі сақталады.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Дәрияш, балалары, немерелері, туғантуысқандары
30 мамыр күні сағат 13.00-де Ақтүбек ауылының мәдениет үйінде және кешке ауызашар уақытта үйінде әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм
беріліп, құран бағышталады
хАБАРЛАнДыРУ
Құрметті аудан тұрғындары, мамыр айының 17-сі мен 18-і күндер аралығында Халыққа
қызмет көрсету бөлімінің алаңында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы
жүргізіледі. Акция сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін өтеді. Қабылдауды Жаңаарқа полиция
бөлімінің қызметкерлері жүргізеді. «Жолда қабылдау» республикалық акциясының мақсаты
- көші-қоны полициясы бойынша сұрақтарға жауап беру, айыппұл төлемдерін төлеу жолдарын түсіндіру, сонымен қатар автокөліктерді тіркеу жолдарын түсіндіру, жүргізуші
куәлігін рәсімдеу жолдарын түсіндіру.
С.Сағынтаев,
Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі
Жарамсыз деп танылсын
Ералиев ауылдық округі, О.Әлібаев көшесі №23 үйдің иесі Конурова Гульжазира
Жамановнаның атына 20.10.2017 жылы берілген №61 НҚ әкімнің өкімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Ақтүбек ауылдық округі, Маңадыр стансасы, Манадыр көшесі 51-1 үйдің иелері Жунусов
Асет Дуйсекеевич пен Илюбаева Тамара Рахметулловнаның арасында 9.11.2012 жылы
жасалған №4798 тұрғын үй жер учаскесіне меншік құқығымен сатып алу сату шарты
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Тұрғындар назарына!!!
Жаңаарқа ауданы әкімінің сайтына кіріп, өзіңізді дауыс берушілер тізімінен тексеріңіз!
https//akimat-zhanaarka.gov.kz/kk/ 871030 8 87 98
Уважаемые жители Жанааркинского района!
АзИАТСКИЙ КРеДИТныЙ ФОнД предлагает
БеззАЛОГОвые И зАЛОГОвые КРеДИТы
•Групповой кредит (группа от 3 до 10 человек)
до 1 000 000 тенге на каждого участника
•Индивидуальный беззалоговый кредит – до 1
000 000 тенге
•Залоговый кредит – до 20 000 000 тенге
Преимущества кредитов АКФ:
•Отсутствие комиссионного сбора
•Быстрое рассмотрение!
•Снижение процентной ставки
•Индивидуальный (гибкий) график погашения
наш адрес: п.Атасу, ул.Абая, 19. Контактные телефоны: тел. 8 (710-30) 2-71-94
Нурсултан + 7 771 266 57 00, Акмарал + 7 771 747 06 85
О зық
ТӘЖіРИБе
14-мамыр күні Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ
базасындағы тірек мектебінде дәл осы атаумен барлық аудан
мектеп мұғалімдерінің басын қосқан ауқымды семинар
болып өтті. Маңызды басқосуға үздік тәжірибе үлгілерін
көрсеткен аудан мектептерінің ұстаздары, мектеп директорлары қатысты.
Назарбаев зияткерлік мектебінің (НЗМ) тәжірибесін трансляциялау
бойынша
жүргізілген
жұмыстарды
қорытындылауға арналған жиын "Шаңырақ" атты тренингпен басталды.
Ашылу рәсімінде аудандық білім бөлімінің бастығы Тілеш
Әштаев сөз алып, жалпы озық тәжірибелермен алмасу
алдағы жемісті жұмыс үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Жалпы әр мектептің жеткен жетістіктері, мақтан етер
тұстары жеткілікті тек оны жарқыратып көрсету жағын қолға
алу керектігін ескертті. Б.Амалбеков ЖОББ мектеп дирек-
торы Сұлтан Бибосынов семинар қатысушыларына сәттілік
тіледі.
Келесі кезекте Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ
директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары, НЗМ
тәжірибесін тарату бойынша координатор Гүлмира Аханова
Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибесін трансляциялауды жүзеге асыру барысы бойынша аналитикалық талдау
жасады.
-2016-2017 оқу жылы "Назарбаев зияткерлік мектебі" дербес білім беру ұйымы тәжірибесін трансляциялау сертификатына ие болғаннан бастап жобаны жүзеге асырудың нақты
қадамдарын жүйелеп алдық. Көшбасшылық қасиетті дамыту
арқылы серіктес мектептермен
ынтымақтастықты
жүзеге асыру мақсатында
бізге 2017-2018 оқу жылында
Жаңаарқа ауданы жалпы
орта
білім
беру
мектептерінің практикасына
инновациялық тәжірибені тарату яғни, НЗМ ДББҰ
тәжірибесін
трансляциялауды қамтамасыз ету үшін
13 мектеп бекітіліп берілді.
Тәжірибе алмасу барысында
13 білім беру ұйымдарының
директорлары, 45 оқытудың
технологиялары мен әдістері
бойынша мұғалімдері және
13 директордың орынбасарлары, 45 оқытудың технологиялары
мен
әдістері
бойынша мұғалімдері және 13 директор орынбасарлары
үшін мектебімізде оқыту семинарларын ұйымдастырып, бір-
лесіп жұмыс атқардық. Бірлесе атқарылған жұмыстар өзінің
оң нәтижесін берді. Жаңа оқу жылына жаңа міндеттер
-
КӨпКе ОРТАқ
жүктелді.
Негізінде зияткерлік мектептердегі тәрбие жүйесі
теңгерімді, шығармашыл
және аса өнегелі, бәсекелі
ортада табысты әрекет
етуге қабілетті, азаматтық
жауапкершілік жүктелген
тұлға
қалыптастыруға
бағытталған жүйе болып
табылады.
Сондықтан
бүгінде НЗМ тәжірибесі бойынша серіктес мектептерді қосқанда алты
таңдаулы әлеуметтік жоба
жалпы білім беретін мектеп т е р д е
оқушыларды оқу тәрбие процесімен толық қамту
мүмкіндіктеріне орай жалғасын табуда. Тағы бір
қуантарлық жайт, серіктес мектептерде осы жобаларды жүзеге асыратын шығармашылық топтар
құрылды.
НЗМ тәжірибесін трансляциялау бойынша "Ұлы
дала
мұрагерлері"
облыстық
форумында
оқушыларымыз жүз кітап жобасы бойынша
драмалық қойылым көрсетсе, бір оқушымыз ТЕDх
форматындағы ой алаңында сынға
түсті. Химия пәнін оқытудағы әдістәсілдер тақырыбында жас маманымыз шеберлік сағатын өткізді.
Серіктес
мектептер
арасында
аудандық көп тілді меңгерген
мұғалім сайысы ұйымдастырылды.
Lеsson study зерттеу әдісін мектеп
тәжірибесіне енгізу арқылы тоқсан сайын
білім сапасы төмен сыныптарға жеке пәндер
бойынша зерттеу жасалып, мұғалімдерімізге
әдістемелік көмек көрсетілуде. НЗМ
тәжірибесі бойынша мектебімізде жеті рет
оқыту семинарлары ұйымдастырылып, төрт
серіктес мектеппен тәжірибе алмастық.
Мектебіміздің базасында өткен әрбір
аудандық, облыстық іс-шараларда әр
сәрсенбіде өтетін мектепішілік әдістемелік
күнде НЗМ тәжірибесінің әлеуметтік жобаларын басшылыққа алып келеміз. Жақында ғана жастар жы-
лына тарту ретінде мектебіміздің жас мамандары арасында
өткен "Жас маманның бір күні" атты мектепішілік шарада он
бір жас маман НЗМ жобалары бойынша бақ сынады.
Сарыарқа дарыны аймақтық ғылыми
практикалық орталығы ұйымдастырған Б.Амалбеков атындағы математика пәнінен облыстық пән
олимпиадасында биология пәні бойынша өткен
аудандық семинарда келген қонақтарға НЗМ
тәжірибесі негізінде шеберлік сағаттар өткізілді.
Жақын арада мектебімізде аудандық мектеп кітапханашылары арасында НЗМ әдіс-тәсілдер бойынша семинар өткізу жоспарлануда.
Жылдың үлкен жетістігі Қызылорда қаласында
ғылыми жобалар бойынша НЗМ өткізген "Ғарыш",
"Ғылым", "Интеллект" тақырыбындағы кездесуге
облыс бойынша 4 оқушы қатысып қайтқан болатын, оның үшеуі облыстық ғылыми сайыстың
жеңімпаздары біздің мектептің оқушылары екенін
мақтанышпен айтамыз.
Қорыта айтқанда, НЗМ тәжірибесін насихаттау жұмыстары
барысында түйгеніміз: ұстаздардың кәсіби біліктілігін арт-
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
еРАЛИнА САЛТАнАТ АМАнқызы
МенШіК ИеСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИн 010340002761, БИК HSBKКZKX, Кбе 16,
АО “народный Банк Казахстана”
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
тыруда үлкен қолдау көрсету арқылы оқушының білім
сапасының оң нәтижеге жетуіне ықпал етуге болады,-деп
аяқтады баяндамасын Гүлмира Рахметқызы.
Семинардың келесі бөлімі шеберлік сағатына ауысты. Бұл
жерде "Өтірік өлең", "Жылдам оқу және ойша есептеу",
"Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу" тақырыбында
өткілген ықшам сабақтарда ұстаздар өз шеберліктерін
көрсете білді. Шағын ғана уақыт ішінде оқушыларға негізгі
тақырыпты жеткізуге болатындығын дәлелдеді.
Ал, әлеуметтік жобалар алаңы отбасы құндылықтарын
түсіндіріп, тарихымыздың
рухани мұрасын жеткізді.
TEDx жобасы, кітаптың рухани азық екенін алға тартатын READx
жобасы
Ссминарға қатысушыларға
өзгеше көңіл-күй сыйлады.
Шеберлер қалашығындағы
көрмеден
орын
алған
оқушылардың қолдарынан
шыққан небір туындылар
көздің жауын алды.
"Кәсіби
идеяларды
тәжірибемен
ұштастыру"
бөлімінде
"Жаңашылдық.
Жаңаша әдіс - оң нәтиже"
және
"Сабақты
зерттеу
тәжірибесін өткізу кезеңдері"
тақырыбында ұстаздар өз біліктіліктерімен бөлісті.
Соңғы "Шығармашылық салон" бөлімінде "Қазақтың 100
әні", "100 кітап жобасы" бастамаларына көңіл бөлінген екен.
Семинардың басым бөлігінде өздерінің білімімен,
ізденімпаздығымен, жаңашылдығымен көрінген ұстаздар
бұл бөлімде өнері мен шығармашылығын ортаға салды.
Әсіресе С.Сейфуллиннің 125 жылдығына тарту ретінде
сахналанған "Сәкеннің соңғы мүмкіндігі" қойылымы ерекше
бағаланды. Сондай ақ, "Барыңды бағала" қойылымы тамашаланып, дәстүрлі әндер шырқалып, көрермендердің үлкен
ықыласына ие болды.
Семинар қорытындысында осы іске белсене қатысқан бір
топ ұстаздар қауымы марапатталды. Тағы бір айта кететін
жайт, осындай НЗМ тәжірибесін тарату бойынша бірлескен
іс әрекет нәтижесі бүгінде "Таратуға тұрарлық идеялар"
тақырыбында жинақ болып жарық көріпті. Озық тәжірибе
үлгілері осы кітапта топтастырылған.
Көшбасшылық қасиетті дамыту арқылы серіктес мектептермен ынтымақтастықты жүзеге асыру, "Назарбаев зияткерлік мектебі" ДББҰ тәжірибе бағдарламасының
интеграцияланған идеясын жалпы мектептерге тарату
бағытын ұстанған жиын діттеген мақсатына жетті деген ойдамыз.
Салтанат БАЛТАБАЙқызы
Газет “Арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1908 дана
Тапсырыс № 23
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
8
Размер файла
3 714 Кб
Теги
№23 Жаңаарқа газеті
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа