close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

сакен Жанаарка газеті

код для вставки
№11/1 (9903), 23 ақпан, 2019жыл
Алаштың сырбаз Сәкені
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл
Сәкен
Сейфуллин (Сәдуақас)
(1894-1938) - қазақтың
атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды
драматург,
білікті ұстаз, мемлекеттік
қайраткері,
Қазақстанның қазақ
әдебиетінің
негізін
қалаушылардың бірі.
Қазақ КСР-інің Халық
Комиссарлары
Кеңесінің
алғашқы
төрағасы
болған.
Қарағанды
облысы
Жаңаарқа ауданында
дүниеге келген.
Жаңаарқа тарихы үшін
бүкіл қазақ елі үшін
мақтанышқа айналған,
сұлулықтың символы болған, сегіз қырлы, бір
сырлы, қоғам, мемлекет қайраткері, дауылпаз
ақын Сәкен Сейфуллиннің өмірге келгеніне
биыл 123 жыл толады.
Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты
училищеде оқыған. 1914 жылы Қазан
қаласында «Өткен күндер» деп аталған
тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған.
Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы
басшыларының бірі болған. 1917 жылы
Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ
берген. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын
көрсеткен. Ақтар көтеріліс жасап, Ақмола совдепшілерін тұтқынға алған. Сәкен Сейфуллин
атаман Анненковтың «азап вагонынан», 1919
жылғы сәуірдің 3-де адмирал Колчактың
Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. 1920
жылғы мамырдың 7-де Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары
және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болған.
Осы жылғы қазанның 4-де Қазақ Кеңес
Автономиялық Республикасын жариялаған
Кеңестердің Бірінші Құрылтай съезі делегаты
болып қатысқан, Орталық Атқару Комитеті
Президиумының мүшесі болып сайланған.
Жер-су комиссиясының жұмысына және
баспасөз ісіне басшылық жасаған. «Еңбекші
қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту
комиссарының орынбасары, Қазақ КАСР
Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы,
Халық ағарту комиссариаты жанындағы
ғылым орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің
партия тарихы бөлімінің меңгерушісі,
Қызылордадағы халық ағарту институтының,
Ташкенттегі
қазақ
педагогикалық
институтының директоры, «Жыл құсы» альманахы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы,
қазақ мемлекеттік институтының доценті,
«Әдебиет майданы» журналының редакторы,
Қазақтың
коммунистік
журналистика
институтының профессоры қызметтерін
атқарған. Осы кезде жаңа өмір жолында
күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер
жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар»
атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс»,
«Тұрмыс толқынында» атты поэтикалық
жинақтары жарық көрген. Жаңашыл ақын поэ-
зия
мен драматургияға көп
жаңалықтар
енгізді.
Өлеңнің
түрі
мен
мазмұнында түбегейлі
өзгеріс жасап, қазақ
халқының поэтикалық
дәстүрін
дамытты.
С.Сейфуллин өмірде де,
әдебиетте де белсенді
күрескер
болды.
«Көкшетау», «Қызыл
ат»
дастандарында
заманалық мәселелер
көрсетілген.
«Қызыл
атта» 30-жылдардың бас
кезінде Қазақстанның
ауыл шаруашылығында
орын алған асыра сілтеу
оқиғалары сыналады.
«Ақсақ киік», «Аққудың
айрылуы» шығармаларында туған даланың
табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби
сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек
етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ
әйеліне арналған алғашқы прозалық,
шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол
жылдарда» туындыларында замандастар өмірі
бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының
патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол,
тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың
ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның
қатысуымен
«Қазақтың
ескі
әдебиет
нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы
- осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің
бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол
жинап, пайдаланған бұл зерттеуінде қазақ ауыз
әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп,
идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық
жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста
әдебиетке келген қаламгерлер М.Қаратаев.,
К,Бекхожин, Ж.Саин, тағы басқалары
С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға
көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының
шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне
аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен
өнерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігіне
қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш
рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір
бейне» повесі,Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов,
Қ.Бекхожин, тағы басқалардың поэмалары,
Е.Ысмаиылов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, тағы
басқа ғалымдардың әдеби зерттеулері, естеліктері жарық көрген. 1938 жылы қуғын-сүргінге
ұшырап, Алматыда атылды. 1958 жылы
ақталған. С.Сейфуллин есімімен көптеген
ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана,
көшелер аталады. 1985 жылдан Целиноград
қаласында (қазіргі Астана қаласы) С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істейді.
Жігіттің жақсы болмағы –
нағашыдан
Қазақта «Үйдің жақсы болмағы – ағашынан,
ұлдың жақсы болмағы нағашыдан» деген сөз
бар. «Ер тағайына тартады» деп те айтады. Бұл
жерде тағайы- нағашысы. Нағашы жұртың –
сыншыл. Жақсыңа сүйінеді, жаманыңа күйінеді,
әрдайым тілекші, тілеуқор боп жүреді. Онысын
ғасыр ғана халқына ұсынады, маңдайына біткен
асыл жұлдызының бірі ретінде дүниеге келтіреді. Сондай тұлғалардың бірі Сәкен Сейфуллин.
Сәкеннің ерлік пен қаһармандыққа толы жүрегі
халқым, ел-жұртым деп соқты, арман мұраты
асқар, елінің өзгелермен терезесі тең болғанын
қалады.
1968 жылы Әбішұлы Рахымжан бабаларының
шежіресі жазды. Сол шежіре бойынша Сәкен
Сейфуллин анасы Жамалдың әкесі – Тышанбай.
Тышанбайдың атасы Қонақбай мыңдаған
жылқысымен аты шыққан Арқадағы ең бай
адам болған екен. Сәкеннің анасы Жамал Алтай елінің Алсай руының Ақбура деген
табына жататын Тышанбай деген ірі байдың қызы.
Тышанбайдың төрт ұл, төрт қыз тараған. Ұлдары – Асқар, Әбіш, Жағыпар, Жақия,
қыздары – Жамал, Зияда, Әсия, Ғазия.
Олардың жері Атасу бойындағы Желтау, Қабантау, Ақтау деген өр Алтайлардың
тұрағы. Жамал Тышанбайқызы ұзатылып, Сәкен дүниеге келгеннен соң, төркіндеп
талай келген. Мәжит Сейфуллин құрастырған «Қызыл сұңқар» атты естелік кітапта
(1971ж., Алматы) Сәкенге нағашы жақтан ауған қасиеттер көп, нағашы атамыз Тышанбай тура сөйлейтін, бетті, қара нардай қайыспас, елге өте сыйлы, ел басқарған,
болыс болған кісі екен. Бірде Жамал шешей Сәкенге: «Сен менің Әбіш деген інімнен
айнымайсың. Ол өте сымбатты, қияқтай мұрты бар, домбыраны тамаша шертуші
еді»,- депті. Сәкеннің анасы Жамал (ол кісінің келіні марқұм Әмина ананың айтуы
бойынша) сауықшыл, жыршы, өнерлі адам болыпты. Жазушы Сейділ Тайжановтың
«Сейфолланың Сәкені» повесінде (Алматы, 1959 ж.): «Жамал орта бойлы, тығыз денелі әйел еді. Маңдайы керіле біткен, көз жанары ұшқын шашып тұратын, ақсұр бетіне үйлескен әдемі қыр мұрын, езуін тартып күлгенде жұқа еріндерінің арасы
ашылып кетсе меруерттей ұсақ кіршіксіз ақ тістері көріне қалатын да, жайдары жүзіне
әдемі реңк беретін»,- деп жазылған.
Журналист Төлеухан Ілиясұлы «Сәкеннің соңғы мүмкіндігі» мақаласында – Сәкенге
әрі құрдас, әрі нағашысы болып келетін Жәкейұлы Ермекбай екеуінің өмірі туралы
жазған. Онда Арқа жерінде Жәкей байдың әкесі Қунақ байға он бес, он алты мыңға
дейін жылқы біткенін, жылқысымен ғана емес мырзалығымен аты шыққанын, бес
биенің терісінен тігілген Қунақтың «Қаракөл» сабасынан үйрек ұшқанын көрген ел
аңыз қылып айтқанын келтіреді. Шежіреде Ермекбай Алсай руының ішіндегі Бигелдіге жатады. Қазақтың белгілі қоғам қайраткерлері мен өнер адамдары, ішінде Әліби
Жангелдин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ораз Жандосов сияқты зиялы қауым
азаматтар ауылды сағынғанда осы Ермекбайдың үйінен табылатын, әсіресе, өзінің
замандасы әрі жиені Сәкен елге келгенде Ермекбай үйінің қадірменді қонағы болған.
Ермекбай жас кездеріндегі өмірді еске алып, қайран сол күндер, көзден бұлбұлдай
ұшып бара жатыр ғой деп күрсінеді. Сәкеннің серіктері тегіс ұсталған, тықырдың
Сәкенге келіп қалғанын іші сезеді. Өзінен нән семіз соғым алған НКВД-да істейтін
таныс адамы оны шақыртып алып: «Ермекбай, сен тегінді жасырып жүрген байдың
баласы екенсің ғой»,- деп біраз қысқан екен. Содан қалайда жан сауғалау керек болды.
Оның Сәкенмен жолдастығынан бұрын Қуандықтан тарайтын туысқандығы бар. Әрі
жақын жиені. Сонан Ермекбай Сәкенді қалайда ана пәлекеттердің қанды тырнағынан
алып шықпаққа белді бекем буады. Бұнысын сезген Сәкен: «Сенің осындай жүрек
жұтқан ерлігіне мың да бір рахмет. Осыдан аман – сау қалсам, маған жасаған
жақсылығынды ұмытпаспын, әрекетіңнің ерлікпен пара-пар екені рас. Олай дейтінім
үш күннен бері осы үйге бір жан баласы жолай қоймады, не хабарласпай қойды.
Әркім өз басымен қайғы, ал сен болсаң басынды оққа тігіп, түн ішінде мені алып кетемін деп келуіңді көзсіз ерлікке теңеймін», - дейді. Ермекбайдың қимай тұрғанын
байқап, көңілін аулағысы келіп:
-Нағашы! Мен қазақ деген халықтың Сәкенімін. Өкіметті өз қолыммен құрыстым.
Мүмкін арандатушылық болар. Мұндай бассыздыққа жол берілмей, әлі де аныққанығына жетіп, мені ақтап шығар. Маған жанын ашыса, өзің кете бер! Жолың
болсың, нағашы!, – депті. Ермекбай сол кеткеннен Қырғызстан, Өзбекстан асып, тек
«қанды қырғын» басылғанда Алматы облысына оралды. Бұл оқиғаны Жәкей байдың
Мүрсәлім баласының баласы Дәулетхан айтқан. Мүрсәлім мен Ермекбай бірге туған.
Дәулетхан Алматыда тұрып, прокурор болған. 1994 жылы Иманақтың бойында Сәкен
Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай бір ауыл Сәкеннің нағашысы «Тышанбай ауылы» деген атпен шығып, аруағына риза қылған.
С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық
тарихи-өлкетану музейі қорынан
23 ақпан 2019 жыл
2
Cұңқар Сәкеннің әкесі - Сейфулла Оспанұлы
Өткен ғасырдағы сталиндік қатал тәртіптің болыпты. Сейфолланың «Қос шертпе» атты
жазықсыз жандарды қырып-жойған зорлық- күйін Созақтың Құлтас деген күйшісі ел аралап
зомбылығының шырқау шыңы деп 1937 жүріп үйренген. Кейіннен інісі Файзолла
Үрмізов дейтін күйшіге үйреткен.
жылды атауға әбден болар.
Бұл жылы қуғын-сүргін құрбанына айналған Сәкен бір әңгімесінде былай дейді: «Әкем саятшы, аң аулағыш,
қазақ
халқының
аяулы Сәкеннің анасы-Жамал
домбырашы,
ақ
перзенттерінің бірі – Сәкеннің
жарқын жайдары
әкесі Сейфолла Оспанұлы еді.
адам.
Шешем
Әкесі Оспан 23 жасында
әңгімені жақсы айқайтыс болғанда Сейфолла бетушы еді. Кешке
сікте қалып, Оспанның ағасы
жақын әкем аң
Мақажанның қолында өскен.
аулап келгенде, от
19 жасында Алсай Ақбура
басында отырып
Тышанбайдың қызы Жамалға
әңгімелесетін едік.
үйленіп,
екеуі
Сәкен
Әңгімеде аңшылық
(Сәдуақас,Мәлік (Мәлгаждар),
жайын
айтып,
Әбен (Әбумүслім), Мәжит
оның
ақырын
(Ғабдулмәжит) атты ұлдарын,
домбыраның зарлы
Рақима, Қалима, Сәлима деген
күйімен бітіретін.
қыздарын тәрбиелеп өсірген.
Әкем
мен
Әбен дейтін баласы жасында
шешемнің үлгісі
өлген.
бойынша
ел
Мәжит пен жұбайы Әминадан
аузындағы әңгіме,
– Орынбек, Амангелді, Төлеген
қызықты ертегідеген ер балалар, Рымжан,
лерге мен де бой
София, Бағдат атты қыз балаұрып, қиялды жүгіртуші едім».
лар туған.
Рымжан
Мәжитқызы
–
биология Сейфолла туралы ел ішінде Сәкеннің әкесі
ғылымдарының кандидаты. Алматының болғандықтан ғана 71 жасында жазықсыз
зоотехникалық-малдәрігерлік институтын біті- ұсталып кеткен деген пікір қалыптасқан.
ріп, сол институттың доценті, кафедра Алайда, архив мәліметтері мен ІІХК (НКВД)
меңгерушісі қызметтерін атқарды. С.Сейфул- деректері Сейфолланың қоғам қайраткері
лин атындағы мәдени-ағарту, мейірімділік деңгейіндегі ел қамын жеген біртуар азамат
қорының төрайымы. 60-тан астам ғылыми болғанын дәлелдейді.
еңбектің, екі анықтамалық монографияның, Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстанда
бірнеше ғылыми-өндірістік нұсқаулық кітап- болған алғашқы ашаршылық кезінде Жаңаарқа
шалар, оқу-әдістемелік құралдардың авторы. ауданының көлемінде түрлі ел дүрлігулері мен
София — ауыл шаруашылығы ғылымдарының наразылық көріністері жиі орын алып отырған.
Оларды ұйымдастырушылардың қатарында
кандидаты.
Сәкен Орынбекұлы Сейфуллин «Фуд-Ма- Сейфолланың немере інісі Дәулетбек
есімі
аталса,
дем
стер» компаниясының бас директоры, «Альянс Мұстафаұлының
Полис» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, берушілерінің бірі Сейфолла Оспанұлы болған.
«Сеймар Альянс Қаржы Корпорациясы» АҚ- Бұл жылдары Сейфолланың ел ішіндегі беделі
ның басқарма бастығы, ҚР шахмат аса жоғары болған. Және бір айта кететін
федерациясының құрметті президенті, Алматы жағдай: кеңес үкіметі тұсында Сәкенді
технологиялық университетінің құрметті про- кедейдің баласы ретінде
мақсатында
фессоры
болды.
«Құрмет»
орденімен суреттеу
әкесінің тұрмыс жағдайы
марапатталған.
Сейфолланың Жамал дүниеден өткеннен жұпыны болған деп
кейін алған әйелі Сәлимадан Сапар атты ұл түсіндіріліп келді. Ал,
шындығында Сейфолла
туады. Сапардан тоғыз ұл-қыз бар.
Сейфолланың ата-бабалары текті адамдар дәулетті адам болған.
ІІХК
(НКВД)
болған. Сәкеннің «Бабаларыма» өлеңіндегі:
құжаттарында «известЕскене, Бәйбек, Жәнібек – бергі атам,
ный влиятельный бай
Қайырлы деуші еді ғой берген батаң,
деген үш бабасынан Енең Тоқасы елінің билігі, Жана – Аркинского райболыстығы кетпеген. Бәйбек, Жәнібек бойына она Оспанов Сейфолла»
кісілік біткен, терең ойлы, зиялы жандар деген жолдарды кездестіболған. Ауыл тұрғындарын дінге тартып, ес- руге болады.
Жезқазғандық ғалымдар
кіше сауатын ашуды мақсат тұтқан Жәнібек
және
Байбекұлы Нілді болысының басқарушысы Т.Алланиязов
болып тұрған шағында 1858 жылы Ақмола А . Т ә у к е н о в т і ң
уезінің бастығы подполковник Фроловқа хат Қарағанды ішкі істер
жолдап, Қотыраба дейтін жерден мешіт салуға басқармасының архивінен іздеп тауып, белгілі
рұқсат алғандығымен белгілі.
Бұл мешіттің құрылысы 1869 жылы з е р т т е у ш і
Жәнібектің баласы, Енең-Тұңғатар болысының М . Ә б с е м е т о в т і ң
басқарушысы Мұстафаның тұсында аяқталған. Сәкеннің Халық КомисКеңесін
Жәнібектің Мұстафасы заманында белгілі, зер- сариаты
делі, шешен адам болыпты. Сейфолланың әкесі басқарып тұрған кезеңі туралы кітабында
жарияланған Сейфолла туралы деректер
Оспан да сөзге жүйрік, әңгімешіл болған.
Сейфолла ауылы әрдайым ойын-сауықтың, қызығушылық туғызады.
қызық-думанның ортасы, Арқаға аты әйгілі 1930 жылы Новотроицк қаласында қазақ
өнерпаздардың соқпай кетпейтін жері болған. халқының аса көрнекті азаматы, Алаш зиялысы
Сейфолланың өзі де сауықшыл, домбыра мен Жақып Ақпаев құрылтай шақырып, Тельман,
гармонда бірдей ойнап, ән салатын сері адам Шет, Жаңаарқа, Шұбартау, Қоңырат, Шу,
Ел ауызындағы Сәкеннің әкесіне қатысты
тілге тиек етілетін күйдің бірі –
«Сейфолланың шертпесі». Бұл мәселеде де
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, шежіреші, күйші Файзулла Үрмізұлына жүгінемін. «Шежіре-дастан» кітабынан
үзінді: «1918 жылдың күз мезгілі.Колчактың елге бүйідей
тиіп,ел жақсыларын теріп ұстап асып-атып, жанталасып
жатқан кезі. Қаратаудан Қызылжар өңіріндегі құдасына жол
шеккен Мәлік төре бұрын жапа тармағай көшіп-қонып
жүрген елдің, інге кірген аңдай бұғып, үрейленіп отырғанын
көрді. Колчак жайын білген Мәлік төре, қауіпті болса да ел
шетіне келген соң, баяғы Сейфолла ауылына соғып, ағасына
сәлем беруді жөн көрді. Жаудан бой тасалап жеткен Мәлік
төре, Сейфоллаға сәлем бергенде, селқос сәлем алып,
танымаған кейпін білдірді. Ұрты суалып, бет әлпеті
жүдеген,еңсесі түсіп, саруайым қайғыға ұшырағаны көрініп
тұр.
- Ағасы, мені танымадыңыз ба, баяғы Мәлік төремін,-дегенде өңі жылып, көңілін көлдей жайып, ақтарыла сыр шетті.
Сөзін налып бастаған Сейфолла:
Мойынқұм аудандарынан және Алматы,
Фрунзе қалаларынан елдің бас көтерер беделді
азаматтарын жинаған. Бұл жиынға араларында
Алашорда үкіметінің мүшелері Әлімхан Ермеков, Имам Әлімбеков, Бодаубек Райымбеков,
қоғам қайраткерлері Орынбек Беков және Ілияс
Ахметов, Сейфолланың руласы, кезінде Петерборда
оқыған
Тақай Жәкенов,
Ш ұ б а р т а у
болысының билеушісі
болған
Исағұл Меңаяқов,
Ағыбай батырдың
шөбересі Мәулен
І б і ш ұ л ы ,
Иманжүсіптің
жақын
туысы
Мұқаш Нарбаев,
Жанғұтты бидің
немересі Аманбек
Тәттібеков, әйгілі
күйшілер Әбди
Рысбеков
және
Әбікен Хасенов,
кезінде Керенский
партиясының
мүшесі
болған Сәкеннің әкесі-Сейфулла
Қ ұ с а й ы н
Қожамберлин бар, 40-тан астам адам жиналады. Жаңаарқа ауданынан делегат болып баласы Мәжитті ерте келген Сейфолла Оспанов
қатысады. Құрылтайдың күн тәртібіне екі
мәселе қойылады: көтеріліс ұйымдастыру және
мал-жандарымен Қытай шекарасынан арғы
жерлерге қоныс аудару.
Аталған жылы Сейфолла Алматыға барып, екі
айдай Сәкеннің үйінде жатады. НКВД тергеушісі Рязанцевтің Топан Тәшікбаевтан,
Қайырберлі Оспановтан, тағы басқа Шет
ауданының тұрғындарынан алған жауаптарына
қарағанда, Сейфолла барарында және
қайтарында
Шұбыртпалы
болысының
бұрынғы басқарушысы Еркебек Дүйсеновтың
үйінде бірнеше күн қонақта болған. Елге алда
келе
жатқан
ашаршылық нәубетін
түсіндіріп,
Қытайға
көшуге
үндейді.
Сәкеннің
де
көтерілісшілерді
қолдайтынын сездіріп,
Еркебек Дүйсеновке
хат және наган беріп
жібергенін айтады.
Нәтижесінде, «Еженің
еспесі» деген жерде
Кәрсөн,
Керней,
Әлтеке,
Сарым,
Қояншы,
Тағай,
Қыпшақ,
Жалайыр,
Шұбыртпалы, ДаданТобықты, Тоқа, Алсай,
Нұрбай,
Сайдалы,
Тарақты, Тама, Алшын,
Шеркеш, Жағалбайлы
рулары
Еркебек
Дүйсеновті ақ киізге
көтеріп, хан сайлайды.
Кенесары мен Ағыбай батырдың туларын
көтерген жігіттер ББСБ (ОГПУ) қосындарын
шабуылдайды. Нашар қаруланғандарына
қарамастан, Еркебектің сарбаздары Стамқұлов
бастаған комвзводпен 7 сағатқа созылған
ұрыста жеңіске жетеді. Көтерілісшілерге соққы
беру үшін үкімет кәсіби әскерге қоса
СЕЙФОЛЛАНЫҢ ШЕРТПЕСІ
- Төре, Колчак деген көк темірлі бәле көктен түскендей елдің
шырқын бұзып, берекесін алып барады. Елдің көзі ашық
жақсысын торға қамап, асып, атып жатыр. Қазағымның күні
не болады екен? Уһ! – деп күрсініп салды. Тұнжырай отырып, домбырасын алған Сейфолла мұңлы бір күй шертті.
Байқаймын, кеудесін кернеген мұң мен шер, арылмас қасіретқайғынын лебі домбыраның күй сарынынан білініп тұр. Домбыра мен шерін тарқатқан Сейфолла:
- Төре, сен кеткеннен кейінгі (1897 ж.) туған балама Мәлік
деп сенің атынды қойдым. Қазір ол балам жиырма бірге
келді. Көріспегенімізге 22 жыл болыпты. Баяғы өзің көтерген
ағаш әлі сақтаулы тұр. Әңгімесі толастағанда әлгі мұңлы
күйін шертіп қояды. Сейфолланың бұл мұңлы күйінің сыры,
ел билігіне араласқан бір баласының (Сәкеннің –С.О.) Колчак
түрмесінде атылады деген суық хабарына қатысты екен.Мен
соның үстіне барған екенмін, -деді.
Сол Мәлік атам маған: «Балам, күйші болмасам да Сей-
зеңбіректерді де пайдаланады. Алайда,
Дүйсеновтің
отряды
қатты
шығынға
ұшырамай, бір жылдай соғысады. Тек
опасыздық жасаған руластарының арқасында
ғана ББСБ (ОГПУ) көтеріліс басшыларын
қолға түсіріп, 1931 жылы этаппен Алматыға
жөнелтеді. Көтеріліске қатысқан күйші-композитор Әбікен Хасенов осы
оқиғаға арнап, «Қоңыр»
атты күй шығарады.
Еркебек
Дүйсенов
басқарған халық көтерілісі
аяусыз
жаншып
басылғанымен, елдің бір
бөлігі Қытай жеріне көшіп
үлгеріп,
жаппай
қырылудан аман қалады.
Жаңаарқа ауданы Киров
атындағы
колхоздың
мүшесі Сейфолла Опанов
1937 жылы 8 желтоқсанда
ІІХК (НКВД) үштігінің шешімімен ату жазасына кесілді. Онымен бірге 8
желтоқсан
күні
жаңаарқалықтар:
№4
ауылкеңестің
төрағасы
Қайып Аязбеков, №3
ауылкеңестің
төрағасы
Көшкімбай Есембаев, Жаңаарқа ауданы байланыс бөлімінің меңгерушісі Мәдікен Жартыбаев, аупарткомның насихатшысы Мүрсәлім
Ысқақов, Жанайдар Сәдуақасовтың әкесі
Сәдуақас Жалмақанов, ақын Өксікбай Матышев, ТОЗ төрағасы Әлімұса Сырттанбаев,
қатардағы колхозшылар: Мәжібек Сырттанбаев, Мәнсұр Әужанов, Жарұлла Мақанов,
Молдаәкім Берғожин, Есжан Мәлтіков, Түсіп
Тоқсанбаев, Жұмаділда Шалқарбеков, артель
жұмысшысы Беспек Рымбеков, теміржол
жұмысшысы Ерубай Өтебаев – барлығы 18
адам өлім жазасына кесілді.
Қарлаг тұтқындарын ату рәсімі төмендегідей
тәртіппен орындалып жүрді. Лагердің
орталығы
Долинка
кентіндегі
Қарлаг
басқармасының ғимаратына таяу І оперчекистік бөлімнің жертөлесіне өлім жазасына кесілгендерді қамайтын болған. Үкім шығысымен
сол түнде оларды қазіргі Долинка кентіндегі
саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау
мұражайынан 3-4 км жердегі күні бұрын басқа
тұтқындардың қолымен қазылып, дайындалған
терең ұраға алып барып, тізерлеп отырғызып,
желкесінен пистолетпен атып, шұңқырға
құлатып отырған. Әрбір шұңқырға 3 қатардан
қол-аяқтарына рет сандары жазылған
қаңылтыр білезік кигізген 15 өлікті көмген.
Сейфолла мен оның жерлестері де Долинка
кентінің төңірегіндегі қамауда болғандарға
арналған 4 қорымның бірінде жерленген болуы
керек.
Қарлаг тұтқындары көмілген осы қорымдар
қоршалып, естелік тақталар қойылса дұрыс
болар еді. Аталған 4 қорымның тым болмаса біреуін шартты түрде белгілеп, шарбақ орнатса,
оларды есте тұту үшін әрбір әкімдік өз ауданынан атылған саяси тұтқындардың аты-жөндері
жазылған стелалар тұрғызса, сауапты іс
болмақ. Бұл қорымдар болашақта ұрпақтары
тәу етіп барып, дұға оқып қайтатын киелі
орынға айналар еді.
Ібірахым ІСЛӘМҰЛЫ,
өлкетанушы
фолла шерткен екі күйдің басталар жерін
тыңда, - деп домбыраның үш-төрт пернесін
астын-үстін басып көрсеткен еді де: «Күй
желісінің сарынын бұзбай, нақышына келтіріп тарту
қолыңнан келеді. Мен толық тарта алмаймын. Өзің
толықтырарсың, - деген.
Сейфолла серілікпен ғұмыр кешкен,
Әсем ән, қоңыр сазды күйін шерткен.
Алтын саусақ, бал бармақ күйші еді,
Көнеден екі күйі бізге жеткен.
Колчактың түрмесіне Сәкен түсті,
Бала бауыр, Сейфолла қасірет шекті.
«Атылады» деп суық хабар естігенде,
Қайғырып азалы бір күйін шертті», деп өлең жазған құйма құлақ қария Файзолла төре Үрмізовтің
орындауында Сейфолланың шертпесі бізге осылай жеткен
еді...
Серік ОСПАНОв пен Назгүл САПияНОвАНЫҢ,
«Сәкен Сейфуллиннің музыкалық мұрасы» кітабынан.
(Астана.2014жыл. «Жасыл Орда» баспаханасы)
Ш
Ақы
Же
198
обл
199
ара
дан
23 ақпан 2019 жыл
3
1926 жылы С.Сейфуллин демалыстан қайтып келе жатып Нілді
болыстық комитетінің төрағасы, қазақтың ірі ақыны Қайып
Айнабековтың Күйеусайдағы үйіне түседі. Оның ағайындармен,
әсіресе төңкеріс кезінде бірге болған Жақия, 1923 жылы
кеңестердің 3-съезіне делегат болып барған Салық
Айнабековтардың бұрыннан аралас-құраластығы бар болатын.
Сәкен аттанарда Қайып Қызылжарда оқып жатқан немере
қарындасы Гүлбаһрамға сәлемдеме жібереді. Сәкен
Гүлбаһрамды шақырып алып, сәлемдемені тапсырады және
Қайыптың «Қырдың қызыл гүлдері» деген өлеңдер жинағының
қолжазбасын таза қағазға көшіріп беруін сұрайды. Осылайша
кездесу сәтінде Сәкен көңілін білдіреді. Гүлбаһрамға арнаған
«Совпарттағы қарындасыма-Гүлбаһрамға» деген өлең жазады.
Ол «Еңбекші қазақ» газетінде 1926 жылдың 19 қарашасында
жарияланып, 1926 жылдың аяғында екеуі отбасын құрады.
Сәкендей қайраткерлік дәрежеде өмірдің ащысы мен тұщысын
татып үлгерген азаматтың қырағы көзі Гүлбаһрамға түсе қалуы
да тегін болмағандай.
Гүлбаһрамға арналған өлеңінде мынадай жолдар бар:
Елден келдің қалаға
Оқу іздеп, шырағым!
Жүрмегейсің ұмытып
Ауылдың асыл-жырағын.
Сүйгенімнен айтамын
Бұл ақылды, шырағым!
Есіңнен бір тастама
Елдің алыс шырағын!..
Сәкеннің «Айдай әлемге әйгілеп, жар боламын» деп дүйім елге
жария етуі Гүлбаһрамды ойландырып, сүйген жүректің үніне тіл
қатып, жар болуға келісімін береді.
Гүлбаһрамның Сәкен үшін күресі таңғаларлықтай.1938 жылы
қоярда-қоймай жүріп Сәкенмен кездескенде үміт оты сөнбеген.
Гүлбаһрамның 1940 жылы 24 желтоқсанда КСРО бас прокурорынан «Күйеңіздің ісін қайта қарауға ешбір негіз жоқ» деген мейірімсіз жауап алуына қарағанда Сәкенді ақтау жолында талай
мекемелерге арыз бергенін көреміз. Сталин дүниеден өткен соң
өтініш-арызды жоғарғы жаққа толассыз жаза бергенге ұқсайды.
1956 жылы 25 мамырда заң подполковнигі Сидакиннен алған
жауабы үміт отын жағуға себепші болып, хат үстіне өтініш, арыз
үстіне шағым жазуды үдете түсіп, 1957 жылы 30 наурызда
Сәкенді ақтап алады. Бұл Қазақстанға жеткен ең алғашқы
қуанышты хабар еді. Біздің арыстарымыз осыдан кейін ғана
ақтала бастады. Гүлбаһрам Сәкен мұрасын жариялауда да үлкен
азаматтық танытты. Сәкеннен қалған қолжазба мен
бұйымдарды, киім-кешекті республика мұражайларына таратып
берді. Сәкеннің естелігін қарағандылық жазушы Жайық
Бектұров жазып алып «Сәкеннің соңғы сәті» деген атпен жариялады.
Сәкеннің баласы Лаура 1931 жылы (Сәкеннің еркелетуінде
Дәрідана), ал Мұхтар Әуезов атын қойған Аян 1936 жылы
дүниеге келеді, бірақ екеуі де жастай шетінейді. Тұрсынбек
Кәкішев «Еріне сай жар» деген мақаласында былай әңгімелейді:
«Бірде Сәбит Мұқанов пен Мәриямның Мәскеудегі шағын
пәтерінде тұрып, ондағы тұрмыс өте ауыр, азық-түлік карточкамен берілетін уақыт, сол кездері қызы Лаура ауырып, 1932 жылы
жаз ортасында Қызылордаға келгенінде қаза табады. Бұдан соң
Гүлбаһрамның өмірде көрген жақсылығы адам айтса нанғысыз.
Сәкен мен Гүлбаһрамның сүйікті ұлы Аянның 1936 жылы
дүниеге келген шілдеханасында болып, есімін Аян деп қойған
Мұхтар Әуезов екенін бірі біледі дей алмас едім. Сол Аян
Көкшетаудың қазақ зиратында 1938 жылдың ызғарлы күнінде
Гүлбаһрамның «АЛЖИР»-ге айдалып бара жатқанында көз
жұмған. Міне, содан бері 60 жыл уақыт өткенде көкшетаулық
ғалым, саясаткер Қажыбай Қабыловтың әдейілеп іздеуімен
Аянның қабірін тауып, басына ескерткіш-тақта орнатылады. Бұл
Оспан 23 жасында өмірден озып, Тақауи, Сейфолла деген екі баласымен әйелі жесір қалады.
Сейфолла әкесі өлгенде бесіктегі бала болса
керек, Оспанның ағасы Мақажан екі баланы
қолына алып қамқор болып өсіреді. Сәкеннің
азан шақырып қойған аты Сәдуақас,анасы
Жамал Тышанбайқызы жақсы көріп еркелетіп
Сәкен деп атаған, бұл есім кейінде құжатқа еніп,
сол есіммен тарихта қалды. Ақпарат беттерінде,
“Сейфолла малшы, шаруа болған кісі, өте
сыйлы және өнерлі-аңшы бүркіттер мен тазы
иттерді өсіріп үйрететін, күйші, домбырашы,
көңілді әнгімешіл кісі болған. 1923 жылы Нілді
және басқа ұсақ болыстар біріктіріліп,
Асанқайғы болысы болғанда, осы болыстықты
басқарған”,-деп жазылған. Сейфолла “малшы,
шаруа болған” деген саясатқа байланысты
болар, малшы адам мал қора салып, қар бекігенге дейін Аққұдықта отыруы қисынсыз ғой.
Шын мәнінде Сәкеннің ата тегі бақ қонған, бай
болған.
Сәкен Сейфуллиннің туған жері туралы әркім
әртүрлі пікірлер айтып, онысын жүзеге асырып
жүр. Қазақта “мен не деймін, домбырам не
дейді” деген сөз қисынға келмеген ойға байланысты айтылған сөз. Шындыққа жанаспайды
деген ойларым мынадай: Сәкен Сейфуллин өз
қолымен толтырған өмірбаянында “1894 жылы
тудым” делінген. Ал, Сәкеннің көзін көрген аталас туыстары Ақабеков Әпенде мен Омаров
Қамажан ақсақалдар “Сәкен ұлу жылы демек
жыл санау бойынша 1892 жылы Иманақ
тауының шығысындағы Бестоған деп аталатын
қоныстағы Сейфулланың жайлауындағы
Көкқауғада тамыз айында туған. Өспендегі
орыс мектебіне түсерде мектеп жасынан артық
болған соң кеміткен”,- деп жазады, жазушы
Асан Жұмаділдин. Асекең бұл кісілердің ауы-
Ақынның жары
хабарды Бақберген Амалбек «Егеменді Қазақстан» газетінің тілшісі жариялады. Бұдан артық адамшылық, қаншылдық, адамзатты сүю бар ма екен, сірә?!
Гүлбаһрам 1932 жылы Мәскеудегі Цветмедзолото
институтының дайындық курсына түсіп, стенографистер мектебінде 1934 жылға дейін оқиды. Алматыға оралғаннан кейін
Сәкеннің шығармашылықпен айналысуына бірыңғай жағдай
жасап, қаңқұйлы 1937 жылдың 24 қыркүйегіне дейін тату-тәтті
өмір сүреді. Гүлбаһрам Батырбекқызы 29 жасында тұл қалса да
Сәкен абыройына дақ түсірмей өткен адал, батыр анамыз. 1938
жылы 8 ақпан күні қоярда-қоймай жүріп, Сәкенмен соңғы рет
кездеседі. Зорлықтың күштілігімен Ақмолаға жер ауып, милиция
бақылауында жүреді. Сәкен мен Гүлбаһрамға өмір бойы адал
қызмет еткен Жақия Рахымбеков көп жәрдем жасап, ел қатарына
қосқаны бір қасіретті хикая. Гүлбаһрамның ақтап алу жолында
жүргізген еңбегі адам таңғаларлық қажырлық пен қайраттың жемісі. 1938 жылы түрмеде кездескеннен кейін жан-жаққа арыз
жазып, көп жылдар сот-тергеу орындарының мазасын алып, азаматын ақтап алуға талпынды. Тек 1957 жылы ғана Сәкенді ақтап
алды. Біздің ардагерлеріміз осыдан кейін ғана ақтала бастады.
Табиғатынан өте сезімтал, психолог Сәкен қазақы тәрбиенің
майы тамып тұрған қыз еуропалық мәдениеттен де алыс емес
екен деген шешімге келеді. Кейіннен Гүлбаһрамға арнап елдің
бәріне таныс өлеңін жазады.
Келесі кездесуінде Сәкеннің өзіне тұрмысқа шығуын өтінгенде,
«Еуропалық үлгіде шляпа киіп, трост ұстаған адам ауыл
қызының жары бола алмайды» дегеніне Сәкен «Қажет емес деп
тапсаң, бұл екеуінен де бас тартайын, тек жоқ деме». Хат жазып
тұруға рұқсат беруін өтінеді.
Егер де бұл қыз мені сүйсе, онда ол менің басыма түсетін
қуаныш пен қайғыны бірге бөліседі және қандай қиындыққа болсын төзе алады, оған мойымайды, соңғы демі шыққанша маған
адал жар болады деп түсінген.
Қызылордаға келгеннен кейінгі жерде Сәкен Гүлбаһрамға хатты
үсті-үстіне жазып оның жары болуын сұраумен болады.
Гүлбаһрам әкесінен ақыл сұрағанда, оған әкесі:
-Сәкен - қазақ елінің азаматы, ол талантты ақын, жазушы,
оның сенен бұрын да әйелі болған, сенен кейін де болады. Тілімді алсаң, оған тұрмысқа шықпа, шығатындай болсаң, маған
келіп көзіңнің жасын көрсетпе. Жүрегін тыңдай білген
Гүлбаһрам Сәкенге жеделхат жолдап, өзінің бара жатқанын хабарлайды.
зынан диктафонға жазып алғандарын көпшілік
отырған жерде оларға тыңдататын, соны
тыңдаған жанның бірімін.
Сәкен Ортаудың Қарашілігінде тумағандығын
2001 жылы Жезқазған қаласынан шығатын
“Сарыарқа” газетінде Қарағанды облысы Шет
ауданының тұрғыны Балқаш Жұмағұлов
“Сәкен Аққұдықта туған”
деген
де-
Кітапта “Сәкен Сейфуллин Жарықта туған,
Айғыржал совхозына жүрер жолда. Шәлденбай
бұлағының етегінде Сейфолланың шымнан
салған үйінде 1894 жылы Сәдуақас туады деп
Әмен Ахметов айтқан
еді”,деп
жазады.
Осы кітапта
“туған
жерім
Көктіңкөлге 50 шақырым деп жазған
еді” деп жаза отырып, Сәкеннің қай
шығармасында жазғандығын көрсетілмейді.
Елу шақырым жер Көктіңкөлдің қай бағытында
екені
де
айтылмаған.
Сейфолланың
Аққұдықтағы жайлауы Көктіңкөлден 50
шақырымдай аралықта. Бұлардың айтып
отырған жері Қаракесек руының жері,
сондықтан Сейфоллаға басқа басқа рудың адамдары өз жеріне үй салдыра қоймас. Шындыққа
үш қайнаса сорпасы қосылмайтын тағы бір ой,
ол Сәкен Қызылшілікте туған деушілердің
айтқандары. Олар Сәкеннің туған күні 15
қазанда туған деген тұжырым жасайды.
Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай,
Қыстың басы біреу ерте, біреуі жай.
“Ерте барсам жерімді жеп қоям”,-деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай,деп ұлы Абай ақынның осы өлең шумағында
Сейфолла сияқты ауқатты адамдар күзде
қыстауға бармайтындығын, оны орындамаса
қыстың аяғында ақ сирақ болып қалатындығын
еске салып отыр. Сейфолланың жазғытұрым
және қар бекігенге дейін малдарды қара
суықтан қорғайтын Аққұдықтағы жайлауында
базы мен өздері отыратын үйлері болған. Осы
жерде Сәкен өмірге келген. Қарашілікте туған
деген сыбыс шыққанша жаз айында туған деп
ьойлап жүрдік.
қ
ы
й
а
п
с
ада
н
а
д
з
мы
ы
х
и
р
Та
р е к т і
мақаласында дәлелдеген. Онда,
ол Сәкенмен шешесі бөлек інісі Сапардың,
Сәкеннің замандастарының және кіндік
шешесінің
айтуы
негізінде
Есеннің
Аққұдығында туды деген. Тура осы ойды,
Жаңаарқаның жезтаңдай әншісі Шайхин Жаролла былай баяндады, “Елуінші жылдардың
орта тұсында аң аулап Ақтау жақты көп араладым, сонда Баязит ақсақалдың үйінде жиі
болып сусын ішіп жүрдім. Ол кісінің анасы сол
кезде тоқсанды қусырып қалған жан болатын
анасының ақыл-есі түзу, сөзі ширақ болған соң,
әңгімесін көп тыңдадым. Ән тыңдауға құмар
әжеге құдай берген дауысты аямай сұраған
өлеңін домбырамен сүйемелдеп орындап беремін, мен-өлең, әже әңгіме айтады. Бірде, “Мен
Бесқұдық аталатын жердегі Аққұдықта Сәкен
туып, әйелдер кіндігін маған кестірген еді”,- дегенін естідім. Сонда, Сәкеннің туған жері
бұрмаланғаны анық болып отыр.
“Қазақта “мұртқа өкпелеп жүргенде сақал
шықты” демей ме. Жақында “Үшқиян” баспасынан Тайтөлеу Асқартегі Жылқыбайұлы мен
Гүлмира
Сығызғанқызы
Кулджинаның
“Жарықтың аққан жұлдызы” деген кітабында
Сәкеннің анық туған жері Жарық деп жазады.
Ерге шығу үшін Гүлбаһрам плацкарт вагонның үшінші полкасында жатып, өзінің айтуы бойынша, қара көйлек, оның сыртында күпәйке, аяғында үш-төрт размер үлкен еркектің
ботинкасы. Вагоннан түскен Гүлбаһрамды көргенде Сәкен
оның бейнесіне қарап таңғалып, үйге әкеліп, аяғына киетін аяқ
киімнің мөлшерін білмегендіктен, жіппен өлшеп киімдерге
тапсырыс береді. Өзіне әдейі тіктіргендей киімдері екі
сағаттың ішінде дайын болып Көп ұзамай қарапайым ғана
үйлену тойын өткізеді.
Әпкемнің жүрегі Сәкен деп соғатын, оны ұстап әкеткенде
бұл қателіктен болды, қайтып келеді дегеннен жазбады. Халық
«Ол Сәкенге адал жар болды, сол қалпынан бір сәтте
ауытқымады» дегенді ауыздарынан тастаған емес. Гүлбаһрам
Сәкен тірі, ол келеді деген үмітпен көз жұмды. Сәкен
ұсталғанда әпкем 28 жаста болатын. Одан барлығы сырт
айналғанда ол өз туыстарынан пана табады. Ол қайғы үстінде
айдалып кетіп бара жатқанда Аяны ауырып жолда өлгенде
түскен жерін білмегендіктен қайда жерленгенін білмейді.
Әпкем өмірден озғаннан кейін бір иманды азамат тауып, белгі
қойған.
Жұбайы мен ұлының қайда жерленгенін білмеу, «халық
жауының» жұбайы деген ат тағылып, жұмысқа орналаса алмау
оңай дүние емес. Залымдықтың үстемдік жасауына
мүмкіншілік бермей, өзі бауырларына қол үшін береді. Әкесінің
некесіз туған баласына, ағасының жетім қалған үш қызына
қорған болады. Іс тігу арқылы өмірдің қиындығын көрген
бауырларының арқасүйері болған.
Келген күннің ертеңінде мені ертіп дүкенге апарып жібек мата
сатып алып, маған әдемі үлгідегі көйлек тігіп беріп, сол көйлекті
киіп әпкем екеуміз суретке түскен едік. Көйлектің ұнағандығына
риза болғандықтан болар, «Сәкен ағаға киім тіккен кезіңіз болды
ма?» деп сұраппын
-Ол үшін киім тіккен емеспін, киімді сатып алатын. Сол кезде
қытай жібегінен (чесучи) пиджак кию сәнге айналды. Сәкенге
білдірмей матаны сатып алып, киіп жүрген костюмінің мөлшерін
алып тігіп, қызметке бара жатқанында киюін өтіндім. Сәкен бұл
әрекетіме өте риза болып, менің таңдауым бойынша қол іс машинасын сатып берді. Сол машина Шора мен Бозтайдың үш
қызын асырауыма септік болды».
Сәкеннің пайдаланған, ұстаған заттарының бәрін сақтадым:
баскиім, бешпент, костюм, ботинка (Сәкен 41-размерлі аяқ
киімнің орнына аяғына еркіндік беру үшін 42-размерді сатып
алатын), моншаға баратын кішкентай қобдишасы, үш дана алтын
сағат, трости, піл сүйегінен жасалған мундшук(ол өзі темекі
шеккен емес), ол тамақ ішкен ыдыстар. Оның алтын сағаттарын
Жәйманың қарындасы орамалға байлап беліне тығып жүрді. Өз
қолымен бұраған сағаты 7 сағат 15 минут көрсетіп тоқтаған.
Сәкенді ұстап әкеткенде Аян екеуімізге Алматыда тұруға тыйым
салды. Ақмола, Қарағанды апарып, одан кейін Семипалатинск –
Көкшетау – Ақмола бағытымен бес-алты тәулік жүрдік. Жолда
Аян ауырып Көкшетауға түсіп дәрігерге көрсетті, одан көмек
болмады.
«Халық жауы» деп Кеңестер Одағының зиялы қауымын атқан,
итжеккенге айдауды жүзеге асырушы, олардың жұбайларын
Қазақстан аумағында пайда болған «Карлаг» пен «Алжирде»
және «Степлагта» ұстауды ұйымдастырушы бар болғаны бастауыш мектептің екі класын бітірген Н.И. Ежовқа деген ызасын
сыртқа шығарумен өмір кешті.
Гүлбаһрам Сейфуллинаны жерлегенде белгілі үлкен ақын
Әбілдә Тәжібаев сөз сөйлегенде: «Біз Сәкен ағамызды қолдан
арулап қоя алмадық, бүгін Сәкен жарын, қадірлі Гүлекеңді, етегін жел шалмаған қазақтың абзал әйелін жерлеп тұрмыз, бұған
да шүкіршілік», - дейді. Батыстың «көбелек» қыз-келіншектеріне
еліктемей, бүгінгі қыздар Гүлбаһрамдай аналардан ғибрат алса
ғой дегені болар.
Сәкеннің 100 жылдығын тойлар қарсаңында
Мәжит Сейфоллаұлы Сәкен ауылындағы ең
жақын бауыры Рымбек Тақауиевтің үйіне келіп,
“Сәкеннің кіндік қаны тамған жерге апарып
көрсетіндерші” дегеннен кейін сол кезде мен
сол ауылда бас агроном болып қызмет атқарып
жүргенімде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұхамедқасым Шәкенов бар
Бестоғанның Есенге қарайғы өңірінде
орналасқан Сейфолланың жайлаудағы отырған
жеріне бардық,- деп еске алады қазірде көзі тірі
Ақтүбек ауылының тұрғыны Кенжеқара
ақсақал. Сейфолланың жайлаудағы үйінің және
қорасының орны бар екен соны көріп, Мәжекең
ағай “Үлкендерден естігенім болмаса, Сәкен
ағамның туған жерін көрмеген едім.
Мұхамедқасым қарғам, сенің мұрындық
болуының арқасында мұны да көрдім,
Жаратқан иемнің пешенеме жазғанына да көп
рахмет!”,- деп ұзақ ойланғанына куә болдым.
“Жақсыға әркімнің-ақ бар таласы” деген емес
пе? Қазақ халқы қарын бөле болуға дайын
тұрады, онымен қоймай ұлы адамдарды өз жерінде тудыруға бейім. Қазіргі кезде шындыққа
жүгінбей, оны таптап өтіп өздері өмір сүретін
елді мекенінде ұлыларды тудырып жатыр.
Соның бірі С.Сейфуллиннің өмірге келген жері
турасында. Сәкен жалпы қазаққа ортақ
болғанымен, туған жері ортақ болуы мүмкін
емес. Сәкеннің туған жерін көкпар қылудың
қажеті жоқ, ендігі кезекте оны “Қазақ
әдебиетінде” бір ізге түсірген жөн деп санасақ,
Сәкен қазан айының он бесінші жұлдызында
Сейфолланың Қарашіліктегі қыстауында туды
деген ойдан шығарған қате пікірден бас тартуымыз керек.
Мұса ТАЙТөЛЕуОв,
еңбек ардагері, зейнеткер
23 ақпан 2019 жыл
Ғалым Жайлыбай,
ақын, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері,
халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты,
«Жұлдыз» журналының бас
редакторы
Сәкен Сейфуллин. Соқтықпалы,
соқпақты тар жол тайғақ кешулі
ғұмыр кешіп Алаштың аспанынан ағып түскен жарық жұлдыз.
Сәкен десе көз алдыңа жұртымның сыры мен жыры, әні мен
сәні, жаны мен ары келеді. Ол – әсемдіктің, тазалықтың символындай есім. Біз білетін, біздің буынның санасына
адамзаттың аққуы секілді орныққан менің Сәкен ағам.
Өмірімен де, өлеңімен де ол осындай абыройға лайық тұлға.
Алыстаған сайын биіктейтін тау¬лар сияқты қазақ
қауымының көңіл көлінде Сейфолланың Сәкені жарқырай
беруге тиіс жалқы құбылыс, біртуар ер.
Кейде оңынан, кейде солынан соққан замана желі біздің
халықты тәуекелдің желқайығына қанша рет мінгізді екен.
Сондай бір мың өліп, мың тірілген сын сағатта халқының сөз
бастаған шешені, топ бастаған көсемі Сәкен еді.
Күндердің керуені ұзап, айлар алыс¬тап, жылдар жылжып
жатыр. Сынаптай сырғыған уақыттың өз айтары бар. Қоғам
өзгерді, заман өзгерді, адам өзгерді. «Жақсының аты,
ғалымның хаты қалады» – деп бұрынғылар бекер айтты дейсіз бе? Осы тұста өткенге зерделі тұжырым, әділ баға беру
де халықтың арына сын. Арзан ой, үстірт пікір жаңсақ
ұғымға жетелейді. Қанша заман өзгерсе де Сәкен секілді
күрделі тұлғаға біржақты кесім де, шешім де айтуға болмай¬ды. Үлкен ақын, дарынды әнші-композитор, талантты
қоғам және мемлекет қайраткері, биік парасат иесі, арлы азамат. Сәкен – халқының бақыты үшін басын бәйгеге тіккен
боздақ. Ол бүгін де, ертең де солай болады. Сәкен – ең алдымен халқының ұлы, уақыттың перзенті.
«Бар жазам күштілермен алысқаным,
Жыртқаным сорлы жұрттың намыстарын.
Теңдікке нашар жұртты жеткізуге
Көп жауыз ұлықтармен қарысқаным» –
дейді Сәкен бір өлеңінде. Осы жолдарда оның сезім дірілі,
жан сыры, жүрек лүпілі бар.
Сәкеннің атағы – мәңгілік атақ. Небәрі 43 жас қана өмір
сүріп, оның өзін талас-тартыста, халқының бақыты үшін толассыз күресте өткізген Сәкен аға, көзінің тірісінде-ақ аты
аңызға айналып, халқының жүрегіне берік ұялаған. Сол сегіз
қырлы, бір сырлы сұлу Сәкен, дауылпаз Сәкен, еліне сіңірген
еңбегімен де, қайталанбас дара тұлғасымен де, тіршіліктегі
үлгі-өнегесімен де, артына қалдырған мол мұрасымен де, екпіндей жарқырап жиырма бірінші ғасырға енді. Ол Сәкен
даңқы ғасырдан ғасырға жетті деген сөз.
Сәкеннің аты, әні, сәні ел аузында, қайраткерлігі халық
жүрегінде. Тарихта, қазақ өмірінің жылнамасында мұн¬дай
өміршең тұлға санаулы-ақ қана. Ол артына, халқына асыл
мұра қалдырып, кетті. «Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз
күн шалмас қараңғы көңілді шалады. Күн жылытпас суық
көңілді жылытады. Асылы, адам да, нәрсе де тозады,
жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Сәкен мақсатына
тулаған толқындармен алыса отырып жетті» – деп
толғаныпты Сәкеннің тұстасы, аса ірі жазушы Ғабиден
Мұстафин. Дәлелді де, әдемі айтқан.
Сәкен көкірегі ояу қазақ баласы үшін қасиетті ұғымға
айналғалы қашан? Биыл «Қазақтың ірілері, Абайдың інілері
Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің» (К.Салықов) туғанына 125 жыл.
Әлгінде айтқандай, тағдыры бір, танымы ортақ, тұғыры биік
тұлғалар жұрттың санасына Сәкен, Ілияс, Бейімбет, яки Үш
Арыс болып орныққан. Ол ешбір ресми бұйрықсыз-ақ, қазақ
дейтін киелі жұрттың арының айдынына, көңілінің көліне
қонған қастерлі құрметтің белгісі.
«... Жас күніңнен жайсаң тай,
Ұлы дуда жарыстың.
«Тар жолдарда» тайсалмай
Жау қолында алыстың.
Жауға туды тулатты,
«Асығып тез аттандың».
Жұртың жауды қиратып,
Майдан сайын мақтандың.
Алуан әсем күйменен,
Айтыңдаршы кімге обалым,
Қаным қайда төгілген.
«Ат» деген кім, атқан қайсың,
Қабірім қайда, көмілген?!
Сәкен
Сәкен-рух
4
Әндеттің «Сыр сандығын».
Тәтті ой, өткір тілменен
Кең даланы жарды үнің.
Қызыл желдей гулеткен,
Сөзді сенің қаламың.
Ұлы ұранға күй шерткен,
«Домбырасы» даланың.
... Жырламасқа теңіздей,
Қуаныштың шегі жоқ.
Ардақталған өзіңдей,
Қазақта ақын тегі жоқ» − деп
ағынан ақтарылады «Тұлпарға» деген өлеңінде қазақ
жырының Құлагері Ілияс Жансүгіров. Ағынды Ақсудай
ағы¬лып төгілген ақынның осы өлең жол¬дарынан-ақ
Сәкеннің шын қадіріне жет¬кен жанның оған деген ыстық
ықы¬ла¬сын аңғарасың.
Енді Бейімбет Майлиннің пікіріне ден қояйық:
«...Көркем сөз шебері, сенің еңбегіңмен жақын
танысқаным 17-жылдың басы еді. Әлі есімде, түнгі ауылдың
тұншыққан сарынын суретте¬ген бір шығармаң сол жылы
«Абай» журналының ең ақтық бетіне басылып еді. «Абай»
журналының сол санында басқа қандай шығарманың
басылғаны ешкім¬нің есінде жоқ шығар, бірақ сенікі
ұмытылмастық.
Сенің шығармаң миллиондаған қазақ еңбекшілеріне
арналған еді, еңбекшілер жұртшылығы сен сияқты пролетариат жазушысын – өз жазушысын тани алды. Сенің
шығармаң миллионның қазынасы болды. Саған еліктеп
мыңдаған жастар шықты».
«Сәкен ақындығының зор қасиеті – шыншылдығы» – дейді
ұлы Мұхтар Әуезов. «Оның шығармаларына біткен сезімнің
барлығы да айқын, ашық. Тұтас білімді, жоталы тұлғадан
туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Белгілі
шығармаларынан өлеңін, әңгімесін, поэмасын алсақ –
барлығында да сүюі мен ашуы, ырзалығы мен наразылығы,
үміті мен күдігі әрқашан барынша шын сезімнің толқыны
боп білінеді». («Қазақ әдебиеті», 1936, 12 шілде).
Сәкен Сейфуллин барлық жанрда қалам тербеді. Ол – қазақ
әдебиетіндегі «Тар жол, тайғақ кешу» секілді дүбірге толы
дүниенің дүрмекті оқиғаларынан құралған кең құлашты
романның, «Көкшетау» секілді көркем де шоқтықты
поэманың авторы болуының өзі Сәкен есімін ғасырлардан
ғасырларға арқалап апарар еді. Сәкен есімі ұғымға ғана емес,
қазақ дейтін қастерлі жұрттың жиынтық бейнесіне айналып
кеткендей. Сәкеннің достарының бірі, орыстың белгілі
қаламгері Галина Серебрякова: «... Қазақстанда барлығы да
шетсіз-шексіз, ұлан-ғайыр, құнарлы жері де, мыңғырған
малы да, таусылмас қазынасы мен арқырап аққан өзендері
де, ең бастысы – табиғат дарынды аямай берген адамдары
да – ғажайып.
Мен Сәкен Сейфуллинді осы Қазақстанның кішкене бір
бөлігі деп ұқтым. Және өз халқы мен еліне жан-тәнімен берілген үлкен азамат екенін білдім» деп тебіренеді.
Қазақстанның кішкене бір бөлігі... Қандай тамаша теңеу
еді? Сәкенмен таныс-білістігінің өзіне кейін
сор болып жабысарын Галина сұлу білді ме
екен? Қайран, заман-ай, десейші.
Сәкен – қай жағынан алып қарасаң да болмысы бөлек, жаратылысы жалқы біртуар
тұлға. 1914 жылғы Қазан қаласында «Өткен
күндер» атты алғашқы жыр жинағы жарық көргеннен бастап
оның ғұмыры, қайраткерлік жолы, шығармашылық асулары
бәрі-бәрі жұртының көз алдында өтті. 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс тұсында ол бұқара халық жағында болды.
Сәкеннің қайраткер тұлға ретінде қалыптаса бастауы 1917
жылғы Қазан төңкерісімен тұспа-тұс келеді. Кеңес өкіметін
орнату кезеңінде ақ гвардияшылардың қолына түсіп, атаман
Аннековтың азап вагонында, Колчак түрмесінде азап пен
қорлық көрген тұстары қайраты мұқалмай, жігері жасымай
қайраудағы ұстараның жүзіндей алмағайып заманның
зобалаңдарымен егеске түскендей әсерде қаласың.
Жиырмасыншы жылдары ол Қазақ кеңестік
республикасының саяси-қоғамдық өміріне белсене араласты. КазЦИК-тің мүшесі, республика халық ағарту
комиссарының орынбасары, Қазақстан халық комиссарлары
кеңесінің төрағасы және тағы басқа толып жатқан қоғамдық
істер ғасыр тоғысында, екі түрлі идея, екі дүние арасында
нар атандай жүк арқалаған Сейфолланың Сәкенінің тұғырын
биіктете түседі.
Сәкен секілді тағдырлы таланттың кез келген шығармасы
өз алдына зерделеп, зерттеуді қажет етеді. Жаратылысынан
қайраткер тұлғалар қашанда өз бағытын өзі айқындап,
болмысқа барлау, болашаққа бағдар жасаған. Оның
жаңашылдығын, өзгеше ізденістерін түсінгісі келмеген, болмаса қасақана бұрмалаған пиғылдар ол кезде де аз болмаған.
Сәкенді революционер ақын ретінде зерттеп, ғылыми еңбек
жазған көрнекті ғалым Е.Ысмайылов ақынның кейбір
шығармаларын көпе-көрнеу бұрмалаушылар болғанын айта
келіп, сол кездегі ҚазАПП басшыларының бірі
М.Қайыпназаровтың мынандай пікірін келтіреді. «Соңғы
кезде басылып шыққан Сәкеннің «Көкшетауы» салт-сана
жағынан ба¬рып тұрған зиянды кітап. Ақсүйектер дәуірін
жырлайды. Қазіргі Көкшетаудағы жаңа социалды қатынасты
айтпайды». Міне, ақынға деген өктем саясаттың көзқарасы.
Қай заманда да биліктің бишігі шын ақынның маңдайын да,
маңайын да осып өткен. Әлгіндей пікірлерді естіген
Сәкеннің ет жүрегі езілмеді, жаны күйзелмеді дейсіз бе?
Қазақ әдебиетінің көзі тірі абыз ақ¬сақалы, академик Серік
Қирабаев «Сәкен туралы жаңа сөз» («Қазақ әдебиеті», №38,
23 қыркүйек 1994 жыл) мақаласында: «Сәкен революцияның
қызыл туын көтеріп әдебиет¬ке келгенде, Қазақстанда онымен қатар тұрар адам болмайтын. Жалғыздығына
қарамастан, ол жаңа әдебиеттің ұраншысы болды, оның жас
кадрларын тәрбиелеп, оларға бағыт сілтеді. Еңбектерімен
және жаңа құрылған жас күштерді жинап, жаңа әдебиеттің
негізін қалады, қабырғасын тұрғызды, аяғынан тік қойды.
Мұны қазақ әдебиеті зерттеушілерінің бәрі айтқан,
мойындаған. Тарихи бұл бағаға ешкім таласпайды» деп
түйінді сөз айтады.
Сәкеннің 100 жылдық мерейтойы кезінде жазылған
«Сәкеннің тарихтағы орны хақында» мақаласында көрнекті
сәкентанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев: «... Сонымен
кеңес құлады, партия тарады, коммунистік идеология
мансұқталып жатыр. Тарихтағы жаңа бет − кеңес заманы
дегеннің серкесі де, еркесі де, жыршысы да, жаршысы да
болған Сәкенді қайтеміз? Оның тарихтағы орны қайсы?
Қандай ісін қадірлеп, қандай ісін мансұқтаймыз?»
Осыдан ширек ғасыр бұрын Тұрсынбек Кәкішұлының аузымен айтылған осы сауал әлі де күн тәртібінен түскен жоқ.
Сәкен секілді тағдырлы тұлғаға жаңа уақыт, жаңа
ұрпақтың көзімен қарау керек. Оның есімін ұлықтау,
еңбектерін басқаша саралау – тек мерейтойлар кезінде
өткізілетін шара болмауға тиіс. Сәкенге қандай да бір баға
берерде сол уақыттағы қазақ қоғамының саяси өмірін ескеріп, тарих таразысына салмаса болмайды.
Сәкеннің мерейтой жылы кезінде айтар ойдың бір парасы
осы еді. Өркені өскір өркениетті елдің өрендері
Сейфолланың Сәкенінің атына да, затына да шаң түсірмей
келер күндердің көш-керуенінде де жүрек түкпінде
жарқыратып сақтауға тиіс.
Себебі, аңыз Сәкен, абыз Сәкен, ақын Сәкен – менің
халқымның РУХЫ!
Қабірің қайда, ағажан?!
Қабірің қайда, қабірің қайда, бауырым,
Қасіреттің бұдан естіген жоқпын ауырын.
Өрт шалған жердей өшіріп кеттің ізіңді,
Қатыгез неткен, қан құсқан сенің дәуірің.
Қабірің қайда, шарық ұрып іздеп таппадым.
Сібірді шарлап, Тайганың төсін таптадым.
Қабіріңді көріп өлсем-ау деген үмітпен,
Білмеймін, қанша тірліктің таңы атқанын.
Білмеймін, қанша қасірет жасы төгілген,
Қабіріңді іздеп, қабырғасы елдің сөгілген.
Басыңа барып бір құран оқып қайтам деп,
Үмітін үзбей әкем де өтті өмірден.
Тұрағың қайда, қайдасың баба, белгі бер,
Қазағың барда қай дұшпан сені өлді дер.
Сен өскен өлке, топырақ мынау киелі,
Табаның тисе, толқып бір жаным елжірер.
Ұрпағың барда белгісіз болып қалмайсың,
Бізбенен бірге тірліктің көзін жалғайсың.
Сұлулық пен сымбаттың сөзсіз символы,
Ақ сұңқар құсым, биікте мәңгі самғайсың.
Биіктік қана мәңгілік сенің тұрағың,
Ғасырдан ғасыр жалғанып жатыр жыр-әнің
Мәңігілік не бар опасыз мынау жалғанда,
Жаныңа барып бір күні мен де тынамын,
Арманда кеткен ақ сұңқар құсым, қыраным!
Зағыпар ШӘкЕНТАЕв
23 ақпан 2019 жыл
5
қарамағына өтті. Содан бері мектепті мыңдаған
бала бітіріп шықты. Оның ішінде өте үздік бітіріп,
алтын, күміс медальдердің және ерекше үлгідегі
үздік аттестаттардың иегерлері атанған оқушылар
да болды.
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп ісінің ілгері дамуына, нәтижелі болуына
үлкен көмек көрсеткен мектеп директоры Асан
Жұмаділдин ағамыз еді. Одан соң ұзақ жылдар
осы мектепте директор болып істеген
белгілі
ұстаз
С а д ы қ б е ко в
Жампейіс пен
оқу
ісінің
меңгерушісі,
Ұлы Отан соғысының ардагері
Имашев Мұқажан ағаларды
С.Сейфуллин
мектебінің алтын діңгектері деп айтпасқа болмас.
Мектеп тарихында өшпес із қалдырған Х.
Балмағанбетов, К.Мектепбаев, Ү.Жұмағұлова,
Ш.Әлімішев, Р.Смайылова, Н.Хасенова, И. Жаханбетов, М.Мұсанова, К.Үсенбаев, И.Ошақбаев, Г.Ерденова,
Қ.Сембекова, З.Сұлтанов, Е.Игенберлин, М.Мұқажанов, Т.
Салықов, Д.Ақынжанова, А.Мұхтарова сынды бүгінгі күні ортамызда өздері жоқ болса да, сайрап жатқан іздері бар тамаша
жандардың орны бөлек.
К.Өскенбекова, Ж.Жәкенова, Ш.Алпыспаева, Г.Оспанова,
Р.Сембаева, Б.Мұздыбаева, Қ.Байболова, Б.Ысқақова, Е.Хамитова, Г.Қаңтарбаева, Г.Мәтенова, Б.Дүйсенова, Қ.Ақбаева мектеп
мақтанышына айналған, көпшілік құрметіне бөленген, ұстаздар.
Аудан көлемінде сан жылдар бойы абыройлы еңбек еткен Ме-
шітбай Алдабергенов, Мұса Тайтөлеуов, Амангелді Әбжанов
тәрізді азаматтар еңбек жолының алғашқы жылдарын осы мектептен бастаған еді.
Мектеп түлегімен даңқты. Осынау жылдардың ішінде ұлағатты
ұстаздардың ұшан-теңіз еңбектерінің нәтижесінде бұл мектептен
талай-талай саңлақтар өмір шыңына түлеп ұшты. Олардың
әрқайсысының өмір жолы бірбір кітапқа арқау
боларлықтай, Олар
жайлы мектебіміздегі әр сынып
оқушылары зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, түрлі альбомдар, буклеттер, қабырға газеттерін шығарып, туыстарымен, ұрпақтарымен, реті келсе
өздерімен кездесулер өткізіп жүр. Бұл құжаттардың бәрі мектеп
мұражайында сақтаулы. Өмір жолдары бүгінгі және кейінгі
ұрпаққа үлгі болатын, өзіміз мақтанышпен еске алатын абзал
азаматтарымыздың біразын атап кетейік. Олар: мектепті алтын
медальмен бітірген, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, еңбек физиологиясы және гигиенасы институтының директоры Ғабдолла Құлқыбаев, Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер,
«Оқжетпес» санаториясының бас дәрігері Әбілхакім Ақмұрзин,
мектепті алтын медальмен бітірген, ҚР мемлекеттік
сыйлығының иегері, ҚР халық әртісі, ҚР парламент депутаты
Бекболат Тілеухан, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
Қайырбек Мұқажанов, Қарағанды медицина академиясының кафедра меңгерушісі, доцент Мұхамедия Тебенов, Қарағанды
қаржы институтының директоры, экономика ғылымдарының
кандидаты, профессор Жанкелді Бөкенов, Алматы қаласындағы
«Жетісу» қонақ үйінің директоры Әбікен Әбдірахманов, белгілі
сазгер, әнші Қорабай Есенов.
і
н
е
к
е
м
у
р
е
б
Білім
Ауданымыздағы іргелі оқу орны, білімнің қара шаңырағы
атанған Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің
құрылғанына алпыс жылдан асып отыр. Бұл мектеп сонау 1953
жылы теміржол бойындағы №69 орыс мектебінен №175 жеті
жылдық қазақ мектебі болып бөлініп шықты. Алғашқы мектеп
директоры - Асан Жұмаділдин. 1957 жылдан бастап 1964 жылға
дейін №161 қазақ орта мектебі, ал 1964-65 оқу жылынан бастап
жергілікті жердің шешімі бойынша даңқты жерлесіміз Сәкен
Сейфуллиннің есімі берілді. Бұрын теміржол бойына қарайтын
мектеп 1975-1976 оқу жылынан бастап аудандық білім бөлімі
Рухани орда
Жаңаарқа ауданының орталығында орналасқан киелі
мекен білім мен парасат ордасы кітапхананың
құрылғанына 75 жыл толып отыр. Сонау 1930- шы
жылдары «Қызыл Отау»
ұйымдастыру жұмыстары
қолға алынып 1943 жылы
кітапхана құрылды.
Осы кезде аудандық
кітапхананың ашылуына
Қадиша Әубәкірова, Әлкен
Оспанова,
Рашид
Мақсұтов, Асан Есеновтер
көп еңбек сіңірсе, кітапхана
жұмысын
ұйымдастырып жүргізген
Қайша Қасымова (19431950жж.),
Ғайша
Жосқанова
(1946),
Балғатай Өтешов (19511955жж),
Рымтай
Шагировалардың еңбектері орасан зор. Кітапхананы
Роза Қалимолдаева (1969-1992жж), Клара Уатаева
(1992 -1997жж), Гауһар Жарылғапова (1997-2011жж),
Ғалия Исаберлина (2011-2018жж) басқарды. 2018
жылдың ақпан айынан бастап Өскенбаева Шынар
Түлкібайқызы
кітапхана
директоры болып
тағайындалды.
Жалпы оқырман сұранымына жауап беретін
ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алар орны
ерекше. ОКЖ-нің кітап қоры жүйелі түрде жаңа
әдебиеттермен: кітаптар, журналдар, ақпараттық басылымдармен толықтырылып отырады. Қазір жүйе бойынша 20 кітапхананың кітап қоры 226 мыңнан асып,
(оның ішінде қазақ тілінде 153704) оны 17 000-нан
астам оқырман пайдаланады. Жыл сайын 345 мыңға
жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны 139 мың оқырманды құрап отыр. Жылына кітапхана 775 тарта мерзімді басылымдарды жаздырып
алады.
Аудандық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Өлкенің
шығармашылық әлеуеті», әлеуметтік қорғаусыз қалған
мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет етуге
бағытталған«Шапағат» жобасы, кітапханашыларға
жаңаша жұмыс түрлерін және әдістерін оқыту-үйрету
мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
2019 жыл “Жастар жылы” болып жариялануына байланысты «Зерделі жастар» жобасы арқылы жастар
арасында кітаптарды насихаттау және жастар қауымын
кітап оқуға шақыруды қолға алынды. Қазіргі кезде
ОКЖ
бойынша
қызығушылық
клубтары
Кітапханашылардың еңбегіне қарай жеткен жетістіктері жетерлік.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған «Ауыл энциклопедиясы» байқауына С.Сейфуллин, Бидайық, Ақтау,
Целинный ауылдық округтерінің кітапханалары
қатысып, жүлделі орынды иеленіп, бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
«Кітап, мәдениет,
төзімділік» атты жоба аясында «Асыл қазына – алтын
ұрпаққа» жобасы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Байдалы би ауылының кітапханашысы
Б.Амансарина, Ш.Ералиев ауылының кітапханашысы
Қ.Төлеуова, ОКЖ әдістемелік бөлім меңгерушісі
З.Қызылбаева «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясын жеңіп алды.
ОКЖ директоры Ғ.Исаберлина
Қазақстан Республикасының Ұлттық
кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен
марапатталды. Кітапхананың бас есепшісі М.Сейдуа-
лина ауыл-шаруашылығы қызметкерлерінің салалық
кәсіптік одағының III дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды. Ең үздік виртуалды көрме
«Менің өлкем –
м е н і ң
мақтанышым» номинациясы
бойынша жас маман
Г. Б е р г е н о в а ,
ақпараттықбиблиографиялық
бөлім меңгерушісі
А.Оралбаева Жаңа
Қазақстанды
қоғам құру ісіндегі
облыстық
қоғамдық-саяси
өміріне белсенді
қатысқаны үшін
Қ а р а ғ а н д ы
облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Қарағанды жастарының арасындағы облыстық ХIІ
Абай оқулары «Абай тағылымы – халық даналығы»
атты сайысында Д.Қайруллина бас жүлде, Ә.
Төлеуғали ІІ орын иеленді.
Кітапхана тарихы мен жетістіктері – ол тек қана мерзімдер мен көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге кітапханада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен адамдардан
тұрады.
Олар:
Р.Қалимолдаева,
К.Уатаева,
Г.Жарылғапова, Ғ.Исаберлина және Т.Ысқақова, Ұ.Алшынбекова,
Ж.Айнабекова,
Б.Шарипова,
Л,Әбсаматова,
К.Бейбітова,
Б.Мақажанова,
Ж.Кәрібаева, А.Жандәулетова, З.Қызылбаева, С.Шайхина, М.Ахметова, С.Акимова, К.Құмарханова, Г.Сиязова, Л.Райымбаева, Г.Оспанова, Р.Сағынтаева,
Ш.Иманбаева, Қ.Төлеуова, Б.Бұлқайырова, А.Оралбаева, Ж.Нығманова, Г.Ахмедина, Ж.Смайылова, Р.Серікбаева, С.Нығманова.
Аудандық орталықтандырылған кітапханада осы
ұжымның жұмысын жүргізуге атсалысып отырған
жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ғ.Исаберлина, Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының
меңгерушісі
Г.Жақыпова,
ақпараттықбиблиографиялық бөлімінің меңгерушісі А.Оралбаева,
кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу
бөлімінің меңгерушісі Ж.Смаилова, оқырмандарға
қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Ахмедина,
электронды қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Г.Аманбаева.
Кітапхана саласының жаңа бағытта дамуына өзіндік
үлесін қосып жүрген жас мамандар: А.Жаншораева,
Г.Аманбаева, Г.Жақыпова, С.Бақышева, Қ.Әлиева,
Ш.Оспанова, И.Әлмағанбетова, Г.Көпбаева, Н.Ибраева,
Н.Естаева, Г.Жұмасейітова, Ж.Әділова, Б.Сәтбаева,
А.Агимова, Р.Қожамберлина, Н.Садуов, т.б. Ауыл
кітапханашыларының арасында да осы салаға еңбегі
сіңген кітапханашылар да жетерлік.
Ғасырлардан-ғасырларға, ұрпақтан-ұрпаққа кітаптарды жеткізуші кітапханашылар еңбегі туған еліміздің
игілігі жолындағы қызметімізде шығармашылық
табыстарға жете берсін! 75 жылдық тарихы бар кітапханамыз оқырманға толы болсын! Елімізде бейбітшілік
болып, рухани байлығымыз арта берсін!
Г.ТөРЕБАЕвА,
Жаңаарқа ауданының
ОкЖ-нің кітапханаларды дамыту және
әдістемелік бөлім меңгерушісі
Бар қазына мұражайда
Қарағанды облысының
мәдениет, архивтер және
қ ұ ж а т т а м а
басқармасының «Сәкен
Сейфуллин
атындағы
Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі»
КМҚК ҰОС ардагері,
тарих мұғалімі болған
Далбай Ізтөлеуовтың бастамасымен және сол
кісінің жеке еңбегімен
1960 жылдардан бастап
аудан
тарихынан
жәдігерлер жинала бастады. Алайда музей 1984 жылы ресми түрде ашылды.
Музейге 1984 – 1993 жылдары Манат Қасенова, ал 1993 жылдың соңынан
1994 жылғы тамыз айына дейін Бақтияр Көшмағанбетов басшылық етті. 1994
жылғы 10-ші қазаннан 2006 жылғы тамызға дейін басшы Хамит Дәрібаев
болса, 2007 жылдың 17 қаңтарынан осы уақытқа дейін музей басшысы Аманов Зәмзәм Мияшұлы.
Музейдің мақсаты: Жаңаарқа елінің, жерінің тарихын жан – жақты зерттеп,
елдің тіршілігіне байланысты қол өнер дүниеліктерін, түрлі заттарды жинап
сақтау, ел игілігіне – болашақ ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсету. Ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиет пен мәдениетте қалдырған іздерін, шексіз ерліктерін, данышпандықтарын жұртқа жария ету. Музей “Дәстүрлі бұйымдар
және туған жер”, «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы»,
«Жаңаарқа тарихы», «Даланың Дара тұлғалары» деген 4 бөлімнен тұрады.
«С.Сейфуллин өмірі және шығармашылығы» залы
С. Сейфуллиннің кілемге тоқылған бейнесін1964 жылы Сәкенге 70 жыл толуына байланысты Алматы тоқыма фабрикасы жасаған.
«Сәкеннің арғы
тегі,туыстары» бөлімінде
Сәкеннің
әкесі
Сейфолланың,
анасы
Жамалдың портреттері
тұр. Cәкеннің ру шежіресі
жасалған. Гүлбаһрамнын
қызы Лаурамен, Сәбит
Мұқановтың әйелі Мариямен және 1960 жылы жеке
түскен суреттері басқа да
туысқандарының суреттері бар. «Өсу жылдарында» бөлімінде Сәкен
1903 – 1905 жылдары бөлімінде Өспенде оқыған мектеп үйінің көрінісі
сақталған. Омбыда оқыған үйі, ұстазы Александр Никитич Седельниковтің
суреті бар. Сәкен Сейфуллиннің шапаны бар. «Төңкеріс жылдары» бөлімінде
Н.Нұрмақовтың, З.Катченконың бейнелері бар. Сәкенмен бірге оқып, кейін
ақын- революционердің Ақмоладағы Совдеп құрысқан жолдасы Мұқан және
Бәтима Әйтпеновтердің және олардың Омбыдағы үйінің суреттері ілінген.
1919 жылы Наурыз айында Омбы түрмесінен қашып шыққанда Сәкен осы
үйде жасырынған.
«Тар жол, тайғақ кешу» диорамада Ашайдың әңгімесін тыңдап отырған
Сәкен Сейфуллин, бәйбішесі қазан асып қарапайым отбасы бейнеленген.
Сәкен ұстаған ыдыс аяқтар ақұман, кесе, етік құралдары, қамшысы және
Сәкеннің шығармалары қойылған.
«Сәкен ел есінде» бөлімінде Сәкеннің аудан көлеміндегі ескерткіштерінің
суреттері берілген. «Зұлмат жылдары» бөлімінде Сәкеннің түрмедегі ең
соңғы суреті орналасқан. Сәкеннің әкесі Сейфолла суреті тұр. Сәкеннің
досы Әлкей Өтекиннің, Жанайдар Садуақасовтың, туыстары Мұқажан
Сарбиевтің, Иса Рүстембековтің, Әлмұса Бармұхамбетовтің бейнелері тұр.
Сәкенге байланысты «Протокол обыска», «Приговор», «Справка о выполнении казня» құжаттары бар. «Сәкен тойына тартулар» бөлімінде мерейтойына
арнап жасалаған тартулар бар.
23 ақпан 2019 жыл
Сәкен әр қазақтың жүрегінде
Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай
ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып
кетті.Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып
дүние сырына тоймай тамсана жазған талай
дана адамдар болды.Өмірге жұлдыз болып келетін,халықтың еркесі,халық жүгін көтеретін
дара адамдар ,дарынды жандар аз-ақ.Бірақ
қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік
деңгеймен салыстырғанда 20-сыншы ғасырда
кенже қалған емес.Керісінше өзінше жаңа
қырымен дами бастады.Қандай марғасқа
,жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол
кезеңде.Айтқым келгені әр адамның өз келбеті,өз
жан-дүниесі болады.
Егер ақынға сезім мен сұлулықты,қосып берген
жағдайда одан нағыз керемет дүниелерді күтуге болады.Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сон-
дай сері адам болатын.
Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне
түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал
Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай
оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне
тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ
күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады .
Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен , оның
қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы « Жұбату » атты тұңғыш
көркем әңгімесін жазды , « Тар жол , тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922
жылы « Қызыл Қазақстан » журналында жарияланды . Бұл – Сәкеннің прозамен ерте
шұғылданғанын көрсетеді . « Тар жол , тайғақ кешу » романының атқарған ролі зор . Бұл
тарихи – мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны , оның
жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені , бақытты өмір орнатудың қандай қиын
өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған . Сондықтан да бұл роман
– революциялық күрестің көркем шежіресі .
Сәкен Сейфуллин — адам жанының күйініш-сүйініштерін, алуан сипатты сезім күйлерін,
ынтық, құштар жүректің нәзік сыр, ыстық толқындарын шебер де әсерлі суреттеген тамаша
лирикалардың авторы.Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге
сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы,
мезгіл суреттері, аң-құсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты
тақырыптары.Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады.
Ақынның әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен
кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады. Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық
жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді. Сәкеннің күрес жолындағы кейіпкерлерінің елге, туып-өскен
жерге деген сезім күйлері табиғатқа- ынтықтығы арқылы ашылады. Мысалы, «Қамаудан»
деген өлеңінде жау қолында зарыққан тұтқын туған жер табиғатынан жанына демеу табады.
Табиғат қамаудағы тұтқынның жабырқау көңілін жадыратып, бойына бостандыққа деген
сенім ұялатады. «Сағындым» атты өлеңінде де «туғалы қапас көрмеген», еркін өскен бұла
жастың «Сарыарқа сары белі бар» қырын, «өзенді, көлді жайлаған, көрмеге тұлпар
байлаған» ауылын, «еркесі қырдың бұралған» сәулесін, «айналып-толғанып өсірген» анасын
сағынуы табиғаттың әсем суреттерімен, ел өмірінің әсерлі көріністерімен астастырыла берілген. Лирикалық кейіпкердің қыр тіршілігіндегі өзгерістерге сүйінген қуанышты көңіл
күйін ақын «Қырда», «Далада» атты өлеңдерінде еркелей, шаттана ескен дала желі арқылы
бейнелейді.Табиғаттың кіршіксіз тазалығы
«Ақша қар» өлеңінде кір-лас дүниеге қарсы қойылған. «Күздігүні далада», «Жаздыгүні далада» атты өлеңдерінде де ауыл тіршілігі табиғат суреті арқылы көрсетіледі. Ғашықтық,
сүйіспеншілік сырлары көбінесе табиғаттың қошеметі мен қолдау-құттауы аясында ашылады. Ақын махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді.
«Тау ішінде», «Біздің жақта», «Жазғы түнде» өлеңдеріне осы сипаттар тән. Оларда туған
өлкенің сырлы табиғаты жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдерімен жарастық тауып,
оқырманды ерекше әсерге бөлейді. Ал «Анаға хат», «Анаға жауап» өлеңдерінде аналықбалалық махаббаттың, сағыныш-мұңның, өкпе-наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас
үйірілтіп, ет жүректі елжіретер нәзік лирикалық сезім жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқаспен
келетін өлең өрнегімен аса сәтті бейнеленеді. Ақын «Сыр сандық» өлеңін досына хат
түрінде жазған. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық
пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне,
алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған.Сәкен
адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр
сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр
сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.Өлеңде жаныңды түсіне
білетін шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін
жанама достар» қарсы қойылған. Сөйтіп, Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей,
оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытып, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының
үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды. Сәкен Сейфуллин шығармашылырына тән тұрақты сипаттардың
бірі — аллегориялық тәсілді символ бейнеге жиі пайдалануы. Оның «Аққудың айырылуы»
поэмасында да мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден бергі түсінігінде
(аңыздарындағы) тазалық пен сұлулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы саналатын аққу бейнесі алынған.Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын маржан
сөз, шымкесте өлең өрнегін төгілдіріп, алдымен әлгі көлдің кісіні тамсандырғандай көркем
суретін салады.Көл бетін мекендеген қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсыр, қасқалдақ
үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті десеңізші! Сөйтсе де ақын көңілі мұның
бәрін олқысынады. Өйткені «аққу әні— жүрегінің тілегі» — жұбай аққу көл бетінде
көрінбейді.Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеріп, жайнап, жанданып сала
береді. Поэма адал махаббатты мадақтайды, өмірдің мәні мен сәні шынайы сүйіспеншілікте
екеніне нандырады. Сонымен қатар, ақын өмірдегі де, табиғаттағы да ұлы жарасымды, гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын көрсетеді, адамдарды абай
болуға үндейді.
Дүниедегі сұлулықты Сәкен ақынның өлең жолдарымен сипаттауға болатындай.Жезді
мекен Жезқазған жерінің тумасы Сәкен ақын қазақ халқының жүрегінде.Себебі өмірдің өзі
бізге үлгі тұтатын жандарды сыйлап отыр.Біз солармен мақтануымыз керек.
Ділназ ТЕМІРҒАЛи,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ 9-А сынып оқушысы
6
Сәкен – қазақтың
қайталанбас тұлғасы
Сәкен
–
қазақтың
қайталанбас тұлғасы, біртуар
перзенті. Ол қайшылығы
мол ХХ-ғасырдың қазақтың
жаңа
руханиятының
көшбасшысы.Мұндай ілкі
қасиет қазақ қоғамының
құбылысы,
Сәкен
сол
үрдістің
көшбасшысы
атанған
азамат.Сәкен
қазақтың
ар-ұжданын
жоқтаған,елдігін
мұрат
тұтқан
қазақшыл
жан.Сәкеннің
ата
тегі
Қарпықтан тарайтын айтулы
Тоқа руының Енең тоқасы аталатын
бұтағынан.Оның ішінде Ескенеден тарайды.
Сәкеннің әкесі Сейфолла мен шешесі Жамалдан жеті бала болған,төрт ұл,үш қыз.
Сәкен 1905 жылы Нілді (Успенский) мыс
қорыту заводындағы орыс-қазақ (русскокиргизское училище) түскенге дейін Енең
Тоқасының бірі атасы Қарнақ ағашаяқ молда
атанған Өнербектің Бармұханбеттен ерекше
сабақ алған. Нілдідегі орыс түскен соң, онда
жұмысшы қызметкерлердің баласымен бірге
оқиды. Сәкен оқуға түскен жылы 1905
жылдың желтоқсанында саяси көтеріліс
болған еді.
Тама еліндегі Сапалай, Мүсәйіп деген ақынәншілер де Сәкеннің жақын достары болған.
Әшек Бітімбай деген ақын-әншілермен де
дос болған. Ақмолада Сәкеннің үлгі тұтқаны
Ғазиз әнші мен ел арасына аты жайылған
Құтпаннның Иманжүсіпі болған. Сәкен
орыс мектебіне түскенннен бастап орыс
ақын-жазушыларын орыс тілі арқылы басқа
елдердің классиктерінің шығармаларын оқи
бастайды. Сәкен жазда елге келгенде көп
кітап ала келеді екен, көбі орыс
тілінде.Оның ішінде ауыл жастары түсініп
қызығып оқитындары «Қыз Жібек», «Алпамыс», «Қобыланды», «Мұңлық-Зарлық»,
«Көрұғлы» дастандары, Абай өлеңдері және
«Айқап» журналы болған. Ауылда өтетін
ойын-сауықтарда Сәкеннің де домбыра тартып, ән салып өлеңмен жеңіл айтыстарға да
араласып жүрген. Сәкен домбырада Сайдалы
Сарытоқаның
«Саржайлауын»
Дайрабайдың «Дайрабай», «Қосбасар»
Тәттімбетттің майда қоңыр күйлерін тартады екен. Сәкен 1913 жылы Омбы
қаласындағы оқыту семинариясында түсіп,
оны 1916жылы бітіріп шығады. Мағжан
Жұмабаев екеуі бірге оқыған. Омбыда
Сәкеннің терең білім алуына жол ашумен
қоса саяси қоғамдық және ақындықэстетиқалық көзқарасын қалыптастыруға
қолайлы жағдай тудырады. 1913 жылы Омбыда оқитын қазақ жастарының «Бірлік»
атты мәдени ағарту ұйымы құрылып,оған М
Жұмабаев, С.Сейфулллин, Шәймерден
Әлжановтар белсене қатысады. “Біздің програмамыз және көздеген қазақ арасына
мәдени ағарту жұмысын жүргізіп, қазақ
әдебиеті
арқылы
патша
үкіметінің
қысымшылығына қарсы идея тарату еді.
Арасына мәдени ағарту жұмысын жүргізіп,
қазақ әдебиеті арқылы табыс үкіметінің
қысымшылығына қарсы идея тарату еді ,дейді. Сәкен осы мақсатты ісіне асыру ниетімен 1914 жылы Сәкеннің «Өткен жылдар»
атты өлеңдер жинағы басылып шығады.
Онда ел жастарын өнер – білімге шақырады.
Омбыда оқып жүргенде Сәкеннің «Айқап»
журналында бірнеше өлеңі мен қазақ тіліндегі тұңғыш пьеса Манас туралы сын
мақаласы басылады.
1916 жылғы қазақ халқының патша
үкіметіне қарсы көтерілісі кезінде Сәкен сол
көтерілген қалың елдің ортасында болып,
халық арасына патша үкіметінің әділетсіз
қатал заң тәртібін әшкерелеп үгіт насихат таратады. Елге келіп санақ алып жүргенде
солдат бермейміз деп қол жинап жатқан
Тақыр Омарға Шоңның Оспаны мен Ахметжан
қажыға
жолығып
беттеріңнен
қайтыңыздар деп ақыл берді.
Сәкеннің орыс классиктерін, сондай – ақ
Абай шығармаларын тереңдей оқып,
ақынның өнерін анағұрлым жетілте, дамыта
түскен мезгілі 1915 –1917 жылдар арасы
екені байқалады.
1917 жылы ақпан төңкерісі
жеңгеннен кейін Сәкен
Ақмола қаласына келіп,
саяси қоғам жұмысына белсене араласады. Одан алған
әсері жөнінде ниетін Сәкен:
“1905 жылы жазушылардың
көтерілісін көрдім. Орыс –
шешендердің сөздерін естідім.
Көтеріліс
жасаушылардың қозғалысы
менің ой дүниемде тұр”,деп жазды. Сәкен Нілді мектебінде үш жыл оқығаннан
кейін Ақмола қаласына келіп, Приходская
школда екі жыл, үш кластың қалалық училищиеде үш жыл оқыды.
Сәкеннің өмірі танып – білуінің ақындыққа
алғаш бой ұруының негізі факторларын өзі
өскен ортаның ақыны мен әншілері, яғни
халықтың теңіздей мол поэзиясы. Сәкенге
ерекше әсер еткен Құлмағанбет деген
өлеңші, гармоншы өнерпаз ақын болған. Өз
ауылындағы Әзімхан деген Сәкеннің ең
жақын досының бірі – сері, әзілқой,
сауықшыл, құрған қиссаларды жатқа айтатын Сатай, Сүйіндік деген жігіттер де
Сәкеннің ел аралап, аң аулап, саятшылық
құрғандығы өнерпаз, балуан сері достары
екен. Әлеуметтік сазы қалың өлеңдерді
Нілді заводының ұстазы әнші жігіт Ыбырайдан естіп құмарта тыңдайды. Жұманың
Ыбырайы Сәкендермен аталас екені
Тоқасының естімес бұтағынан тарайды.
1905 жылғы Нілдегі көтерілістің басшысы
Байшардың Әлісінің туысы. Сәкен Нілде
Ыбырайдың үйінде жатып оқыған.
1917 жылы мамыр айында қазақ комитеті
құрылғанда Сәкен әуелі орынбасар, біраздан
кейін оның бастығы болып сайланады. Осы
кезде Сәкен Абдуллла Асылбеков, Бәкен Серікбаев бастаған төңкерісшіл топ қазақ комитетімен қатар «Жас қазақ» ұйымын
құрады. «Тіршілік» атты газет шығара бастайды. Бұның бетінде Сәкеннің «Асығып
тез аттандық», «Кел, жігіттер», «Тергеген
болсаң, айтайын», «Ақша қар», «Далада»,
«Қырда», сияқты өлеңдері, көптеген мақала,
фельетон, очерктері басылады.1917 жылы
жазылған «Бақыт жолында» атты пьесасы
жазылды. 1917 жылдың күзінде Сәкен
Ақмола қаласында Совет үкіметін орнату
жұмысына белсене қатысады. Ақмолада
ұйымдасқан тұңғыш совдепте Сәкен президиум мүшесі және Ақмола уезіндегі ағарту
жұмысының комиссары болып сайланады.
1918 жылы 3 маусымда Ақмола совдепті
Сәкен
бастаған
топ
тұтқындалып,
Анненковтың азап вагонымен Омбы
түрмесіне жеткізіледі, тұтқын лагерінде
болып, одан қашып шығады.Дүйсенбі
Асылұлы деген атпен қашып шығып Павлодар одан Баянауылға одан өз еліне келеді.
Сәкенің басқан ізін аңдып жүрген Колчак
бандалары соңына түсіп,Нілді заводындағы
полиция ұстамақшы болады. Арқадан
қашқанда Жалғызағаштағы Шаққан Ахмет
қажының
үйінде
болып,
батасын
алады.Ахмет қажы Сәкенді Шуға көшіп
бара жатқан Тарақты еліне жеткізіп салу
үшін қасына Битабар балуанды қосып береді.
Сәкен қоғамдық істерге де белсене
араласқан.
Жазушылар
Одағын
ұйымдастырады,Қазақстан Орталық Атқару
комитетінің мүшесі, Жазушылар Одағы
президиумының мүшесі болып сайланады.
Сәкен Сейфуллин – Жаңаарқа елінің символы, сапалық эталоны іспетті. Кейінгі
онжылдықтар шеңберінде ақынның мүшел
тойлары
өтіп
келеді
1994
жылы
республикалық көлемде аталып өткен 100
жылдық мерекесінің қызық –қуаныштары ел
жадында сақталуда. Жаңаарқа ауданында
жыл сайын Сәкеннің туған күні аталып,
ақындар өлеңдерін оқиды, естеліктер айтылады.
Жаңаарқа ауданының
орталықтандырылған
кітапханалар жүйесі
Сәкен – ақын, композитор
7
Сейфуллин —
адам
жанының
к ү й і н і ш сүйініштерін,
алуан
сипатты
сезім
күйлерін,
ынтық,
құштар
жүректің
нәзік
сыр,
ыстық
толқындарын
шебер де әсерлі суреттеген тамаша
лирикалардың авторы.
С ә к е н
лирикасының
өзіндік сыр-сипаты
алуан түрлі. Туған
ж е р г е
сүйіспеншілік,
табиғат көріністері
мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл
суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын
лирикасының басты тақырыптары.
Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне
жырлады. Ақынның әйгілі "Көкшетау" поэмасы қазақ
жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы-дертке дауа, жұпар исі,
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Ырғалған көкке байлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайын.
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған,
Еш адам оны барып қия алмаған.
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұяларан.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң-дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Біз бұл өлең шумақтарынан онда суреттелген мөлдіреген
күміс айнадай сексен көлдің аясында, көк мұнарға оранып,
көшкен бұлттармен есен-амандык сұрасып, сұлу жүзін әлсінәлсін ақ жауынмен жуып, нұр жайнаған кербез ару Көкшетау
табиғатының көріністерін өз көзімізбен көріп, жұпар ауасымен рахаттана тыныстап, көк қаршығасының шаңқылы мен
қалың қарағай, көк желекті ақ қайыңдарының сыбдырын өз
құлағымызбен естіп тұрғандай әсер аламыз.
Ғашықтық, сүйіспеншілік сырлары көбінесе табиғаттың
қошеметі мен қолдау-құптауы аясында ашылады. Ақын
махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу
табиғатты куә етеді. "Тау ішінде", "Біздің жақта", "Жазғы
түнде" өлеңдеріне осы сипаттар тән. Оларда туған өлкенің
сырлы табиғаты жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдерімен жарастық тауып, оқырманды ерекше әсерге бөлейді.
Ал "Анаға хат", "Анаға жауап" өлеңдерінде аналық-балалық
махаббаттың, сағыныш-мұңның, өкпе-наздың, жүрек қылын
шертер, көзге жас үйірілтіп, ет жүректі елжіретер нәзік
лирикалық сезім жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқаспен келетін
өлең өрнегімен аса сәтті бейнеленеді.
Ақын "Сыр сандық" өлеңін досына хат түрінде жазған.
Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл
өлеңнің ішкі ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр
шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне,
алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық
мұраттарын ірікпей толғаған.
Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны
биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос
жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін
баса алмақ.
Әр адамның ішкі сыры —
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.
Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда
Сырласарлық жан керек.
Сын сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын.
Өлеңде жаныңды түсіне білетін шынайы достарға "қолыңда
жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар" қарсы қойылған.
Сөйтіп, Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей,
оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытып, жаңа
мүмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін
тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен
махаббаттың шабытты жыршысы болды.
Сәкен Сейфуллин шығармашылырына тән тұрақты
сипаттардың бірі — аллегориялық тәсілді символ бейнеге жиі
пайдалануы. Оның "Аққудың айырылуы" поэмасында да
мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден
бергі түсінігінде (аңыздарындағы) тазалық пен сұлулықтың,
махаббатқа шексіз адалдықтың символы саналатын аққу бейнесі алынған.
Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын
маржан сөз, шымкесте өлең өрнегін төгілдіріп, алдымен әлгі
көлдің кісіні тамсандырғандай көркем суретін салады.
Арқада бір жер бар еді,
Жібек самал саясы,
Саяда бір көл бар еді,
Сырлы кесе аясы.
Маржан құмы, күміс суы,
Көл еді кең айнадай.
Мұнартқан торғын буы,
Көк кестелі айнала...
Әдемі еді мөлдіреген,
Айна көлдің өрнегі.
Су бетінде үлбіреген,
Ақ шашақтар өрнегі.
Шай шымылдық, жасыл құрақ,
Қалың біткен ну құрақ.
Кейде аққулар жасырынады,
Шымылдыққа судырап.
Айна көлдің суы күміс,
Жұбай аққу көркі еді.
Көрсе көзің алар таныс,
Екі сәулем ерке еді.
Көлдің басы ертелі-кеш
Мың құбылған ән еді.
Екі ғашық ертегідей,
Көлдің көркі — сәні еді.
Лирикалық кейіпкер анда-санда бой жазып, демалуға
осында келеді екен. Бұл жолы да әдетінше еркелеп келіп, көл
жағасында жатып, оның көрінісін тамашалайды. Бұрын
байқамаған жаңа сипаттарына ғажаптана таңырқайды.
Кең айнадан өзін көріп,
Құстар билеп, ойнайды.
Су түбінен маржан теріп,
Сүңгіп терең бойлайды,
—деп көлдегі тіршілік базарының бір көрінісін көзге тосады.
Көл бетін мекендеген қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсыр,
қасқалдақ үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті
десеңізші!
Сөйтсе де ақын көңілі мұның бәрін олқысынады. Өйткені
"аққу әні— жүрегінің тілегі" — жұбай аққу көл бетінде
көрінбейді.
Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеріп,
жайнап, жанданып сала береді. Жұбай аққудың бір-бірімен
жолығысып, мауқын басьш көңілдері көншіген ерке, назды
шағы — махаббат салтанаты өмір қызығына айналады.
Ақын да шат сезім, ыстық шабытпен үздіге жырлайды. Махаббат лирикасының сирек ұшырасатын інжу-маржандай
үздік шумақтарын тудырады.
Жалғыз аққу жырақтағы
Әнге салды "келем" деп.
Сыңар аққу құрақтағы
Тұрды күтіп, көлеңдеп.
Сыңқылдатып, жарып көлді,
Жұпар майын жағынып;
Жұбайына аққу келді,
Алыс жерден сағынып.
Бөлек екен екі ғашық,
Жайқынға кеп түйісті...
Сыпайы ойнап, сыңқылдасьш,
Тәтті айқасьш, сүйісті.
Күміс суды жұмсақ сүйіп,
Екі сұлу сыланды;
Сылдырлатып моншақ тізіп,
Ақ көбікке бұланды.
Дөңгеленіп сәнін түзеп,
Айна көлге қаранды;
Екі сұлу әнін түзеп,
Жуынды да таранды.
Екі кербез қатар түзеп,
Көлдің келді шетіне:
Көлдегі әппақ шашақты үзіп
Иіскей басты бетіне.
Иіскеп нәзік иісін жұтып,
23 ақпан 2019 жыл
Көлбеңдеді айнала,
Ақ шашақты талдап түтіп,
Шашты мөлдір айнаға.
Талдап түтіп ақ шашақты,
Алып әппақ жұпарын;
Ақ тәніне сылап жақты:
Қандыруға құмарын.
Екі сұлу еркелесті,
Бір-біріне жарасып;
Тағы нәзік "не-не?" десті,
Бір-біріне қарасып...
Біз бұл шумақтарды оқи отырып, ондағы айтылғандардың
бәрін лирикалық кейіпкерлермен бірге көріп, қызыға, сүйіне
тамашалап тұрғандай әсер аламыз.
Ақынның сұлулықты сезінуі және соны көзге анық елестейтін құбыла кұлпырған жанды суретке айналдыру шеберлігіне
тәнті боламыз. Табиғат әлеміндегі жарастық: күміс айдын,
оның жиегіндегі судырлаған торғын шымылдық, су бетінде
сүйісіп, ләззатқа бөленген кербез, сұлу аққулар — бәрі-бәрі
қандай әсерлі бейнеленген.
Сол арада қамыс арасында жасырынған сұр мерген жұбай
аққудың бірін атып өлтіреді. Осылайша табан астында махаббат пен сұлулықтың, тазалықтың символы тас жүрек
қатыгездіктің құрбаны болады. Жұбайынан айырылған сыңар
аққудың жан азабы, шарасыз күйі трагедиялық
шамырқаныспен суреттелген. Серігінен мәңгі айырылған
жалғыз аққу, сыңарының өлімі өзегін шоқтай қарып, жанын
қоярға жер таппай, зар жылайды:
Сыңсып аққу суды шашып,
Шырқ айналды зәлімді.
Сұр мергенге төсін ашып:
"Мені де ат!",-деп жалынды.
Қып-қызыл қып қолын қандай
Ақ сұлудың қанына;
Мерген кетті шыдай алмай,
Күйіктінің зарына...
Сұр мергенді шырқ айналып,
Жылап аққу қалмады;
Өзегі өрттей күйіп-жанып,
Қаққан қанат талмады...
Біресе аққу шырқап биік,
Көкке жылап зарлады;
Біресе кеп жерге тиіп,
Көзден жасы парлады,
Біресе кеп жерді сабап,
Жер бауырлап ыңқылдап;
Біресе ұшып желді сабап,
Назаланды сұңқылдап.
Ақын талантының күштілігі соншалық, біз әңгіме кәдуілгі
құс (мейлі, аққу-ақ болсын) жайында емес, екі асылзада жас
— ғазиз ғашықтар жайында болып жатқандай, оқиғаның өзі
көз алдымызда өтіп жатқандай, өзімізді соның жанды
куәгерлеріндей сезінеміз, шын қайғырып, тамағымыз кеберсиді.
Сыңарынан айырылған аққу ендігі өмірін мағынасыз, керексіз санайды. Сондықтан: "Мені де ат!" — деп қанша жалынса да, мұны да өлтіруге жүрегі дауаламаған сұр мергеннің
алдына көктен құлап, жан тапсырады.
Төмен ағып қадалды да,
Найзадай боп шаншылып,
Сұр мергеннің қақ алдына
Жығылды аққу шаншылып!
Күйікті жар құлап өлді,
Ақ төсінен қан ақты;
Жұбайына: "Ырза бол!" — деп,
Бір-ақ серіпті қанатты.
Өлімді де шіркін ғашық
Сүйгенімен бір көрді;
Жан күйігін мәңгі басып,
Жұбайымен бірге өлді!
Поэма адал махаббатты мадақтайды, өмірдің мәні мен сәні
шынайы сүйіспеншілікте екеніне нандырады. Сонымен
қатар, ақын өмірдегі де, табиғаттағы да ұлы жарасымды, гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын
көрсетеді, адамдарды абай болуға үндейді.
Сәкен Атаман Анненковтың «Азап вагонында» адам төзгісіз
азап көріп, 7 жолдасынан айырылып ал тірі қалғандары
Омбының түрмесіне қамалды. 1919 жылы Омбыдағы
түрмеден шығып Сәкен Баянауылда тұратын әкесінің
нағашыларын сағалайды. Солардың қолында болып, бір-екі
ай есін жияды. Осы елде көрген қорлығы мен азабын бейнелейтін «Бабаларыма шағым» әні туады. Ал елге деген
сағынышы «Біздің жақта» әні болып өріледі.
1918 жылдары туған революцияшыл қазақ жастарының
әнұранына айналған, француз композиторы Эжен Потьенің
әніне жазылған «Жас қазақ марсельзасы» және рухты оятатын «Жолдастар» әні.
Сәкен 1925-1926 жылдары Жаңаарқаға келгенде немере
апасы Бәтжанның үйіндегі жиендеріне ескерткіш болсын деп
«Жеткіншегім тартынба» әнін үйретіп кеткен (әнді үйреніп
жеткізуші жиені Ботабай Мамыраев).
Ерболат ШуБАЕв,
С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихиөлкетану музейінің таныстырушысы
Бәйбек
Ескене
Мақажан Мұстафа
Битабар
6 ұл бар
Кәкен
Тақай
Оспан
Біләл
Тақауи Сейфолла
Тәлік
Ырымбек, Сағат
Қайрат Сәулет Талғат
Шежіре
Әлібек
Жәнібек
Жақыпбек
Қожантай
Арун
Әнуар
Қанат Самат
Шұғай
Орынбек, Амангелді Төлеген
Сәкен,
1 ұл
Әбжан
Қарашолақ
Қаппас
Мақсат
Сәкен Мәлік Мәжит
Аян
(Лаура)
Мұсабек
Шайқау
Ғани
Саржан
Жәркеш
Асанхан
Заңғар
1 ұл
Сәкенге байланысты шежірелік тарқатуда Жаңаарқа жұртшылығы білуге тиістілері ғана аталып өтілді.
Осындағы Мұстафа Нілді болысын басқарған, Омск қаласына этнограф ретінде танылған немересі Тақай Петербургте Герцен атындағы институтта оқыған. Тақауиден тараған Сәулет “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының
Жаңаарқа ауданы филиалының директоры. Мәжиттің Орынбек деген баласынан туатын Сәкен «Фуд Мастер»
компаниясында қаржы инспекторы, «Альянс Полис» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Сеймар Альянс
Қаржы Корпорциясы» АҚ –ның басқарма бастығы қызметтерін атқарған. Шұғай Қаппасұлы ұзақ жылдар Ақтау
ауылын басқарды. Әнуарұлы Мақсат Ақтау ЖОББ мектебінің директоры, Шайқауұлы Ғани ПЧ мекемесінде
басшылық жұмыста болды. Асанхан Жәкешұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ауыл
шаруашылығы бөлімінде жұмыс істеп, онда нұсқаушыдан бөлім меңгерушісінің орынбасары дейінгі жолдан
өтті. 1954 жылы оны Орал облысына халық шаруашылығын қайта қалпына келтіруге, көмекке облыстық атқару
комитетінің бірінші орынбасары ретінде қызметке жібереді. КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне жұмыс істеген.
Асанханның ұлы Заңғар Жәркешев Одаққа белгілі спортшы болды. Халықаралық дәрежедегі және
КСРО-ың спортқа еңбегі сіңген спорт шебері. Ол баптаған команда КСРО-ың және Европаның екі дүркін
жеңімпазы аталды. Заңғар Асанханұлы Жәркешев Совет Одағына еңбек сіңірген жаттықтырушы. Алматының
«Буравестнигін» әлемдік деңгейге көтерген еңбегі ұлт тарихындағы жарқын сәттердің бірі.
Ақынға арналған бұрыш
Аудандық кітапхананың
қызмет көрсету бөлімінде
ірі қоғам қайраткері,
жалынды
жазушы
Сәкен Сейфуллиннің
125 жылдығына арнайы Б.Амалбеков
атындағы ЖОББМнің
7
сынып
оқушыларымен экск у р с и я
ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында
Сәкен Сейфуллинге
«Сәкен мұрасы –
асыл қазына» атты
кітап
көрмесімен,
Сәкен бұрышымен таныстырылып, кітаптарына шолу жасалды. «Сырлы Сәкен – жырлы Сәкен»
Сәкенге
Қарапайым өлең жолмен арнаймын,
Алып тұлға Сәкенді мен жырлаймын.
Арқада самырұқтай самғаған,
Сәкенді биік тұлға деп санаймын.
Замандастан озық болған Сәкенді,
Пір тұтады қазіргінің жастары.
Әр өлеңі тәрбиелік бастауы,
Отан сүю махаббаттың дастаны.
Өнермен ұштастырған әр кезін,
Өлеңмен сезіндірген әркімді.
Дара тұлға,дарынды Сәдуақастың,
Ізбасарлар көбейіп те келеді.
Төлеу Темірлан,
С.Сейфуллин ЖОББМ 5-сынып оқушысы
атты
тұрақты көрме
ұйымдастырылды.Сәкен
Сейфуллиннің
125
жылдығына арналған
мерзімдік басылымдардан картотека толтырылып,
папка
жинақталады. “Сәкен
тарих төрінде” атты
ұсыныс
тізімі
құрастырылды.
«Сәкен есімі – ұрпаққа
өнеге» атты презентация өткізілуде. «Сәкен –
халқымыздың рухы»
атты өмірбаяны туралы
буклет
жазылды.
Алдағы уақытта «Сәкен
мұрасы – асыл қазына»
атты поэтикалық марафон өткізіледі.
Сәкен аға
Еліктемей ел-жұртқа,
Шықпас адам қияға
Менде еліктеп келемін,
Сәкен атты ағама.
Өлеңменен мұңдасқан,
Шер толқытып сырласқан.
Сөз қадірін түсініп,
Өлең жолын сый қылған.
Үлгі болған жастарға
Кең пейілді достарға.
Өшпес,өлмес ешқашан.
Өлең мен жырлары да.
Саған еріп өлең жазғам.
Атақты ақын болмасам да,
Өлеңіне зейін қойғам.
Нұрлыжан ШЫРЫНБЕкОв,
С.Сейфуллин ЖОББ 8 «А» сынып оқушысы
Ұлт үшін құрбан болған арыстарым
Табанға таптатпаған намыстарын,
Тарихтың парағынан білеміз-ау,
Орыстың жағамыздан жабысқанын.
Талай мәрте тайса да бастан бағы,
Дұшпанынан қаймығып жасқанбады.
Арыстардың біреуі Сәкен десем,
Жұлдызда жерге түседі аспандағы.
Күніменен қапа боп,түніменен,
Сәкен деп жазамыз-ау бүгін өлең.
Ұлт үшін құрбан болған қайран Сәкен,
Өлгенше маңдай тері жібімеген.
Сәкен аты өшірілді, сызылды,
Сәкенсіз-ақ толықтырдық тізімді.
Сәкен әні айтылмады тойларда,
Домбырада Сәкен сазы үзілді.
Ұмытқан боп ұлы ақынның есімін,
Ойға қырға қудаладық жесірін.
Майып болды Аян бала жазықсыз,
Сұм заманға бола ма енді кешірім?!
Ербота РАхМЕТОЛЛА,
С.Сейфуллин ЖОББМ 8 «Б» сынып оқушысы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛиНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІк иЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ889261201186721004, БиН 010340002761, Бик KZKОкZKX, кОД 17,
РНН 240400001948, АО “казкоммерцбанк”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Сәкен - елдің сәні,
жүректің әні
Аудандық Балғатай Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы
өлкеміздің мақтанышы, мемлекет қайраткері, ақын, жазушы Сәкен
Сейфуллиннің
125
жылдық
мерейтойына
орай
жас
оқырмандарымызға арналған көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып
өткізуде. "Саялы өлке, сазды өлке - Жаңаарқа" тұрақты көрмесі аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған "Сәкен - елдің
сәні, жүректің әні" атты кітап сөресін Жақыпова Гүлмайра
ұйымдастырып, көпшілік оқырмандарға насихаттауда. Сөреде "Сәкен
Сейфуллин" энциклопедиясы, "Сырсандық" естеліктері, мақалалары,
эсселер, "Сыр сандықты ашып қара", Сакен Сейфуллин "Тернистый
путь", "Сарыарқа кітапханасы" сериясымен жарық көрген "Сәкен
Сейфуллин шығармалары", Тұрсынбек Кәкішұлының "Сәкен аялаған
арулар", Сәкен Сейфуллиннің көптамдық шығармалар жинағы ІІ том,
Сәкен Сейфуллин "Тар жол, тайғақ кешу" роман-эссесі І том, "Тау
ішінде", "Аққудың айрылуы" өлеңдер жинағы топтастырылып
қойылып, библиографиялық шолу жасалуда.
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің 6-сынып оқушылары Сәкен
Сейфуллиннің "Бандыны қуған Хамит" әңгімесін дауыстап оқып,
мазмұндап берді. Шараның мақсаты: оқушыларға Сәкен
Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
Шығармаларын түсіне, мәнерлеп оқуды үйрету; Ақын өміріне,
шығармашылығына деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке
тәрбиелеу. Алдағы уақытта аудан тұрғындары арасында «Ақын Сәкен
Сейфуллин туралы не білесіз?» сауалнамасы, «Атамекен» өлкетану
клубы аясында «Сәкеннің сара жолы» әңгіме сағаты, күз мезгілінде
«Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым...» ақын өлеңдерін
мәнерлеп оқу сайысыұйымдастырылады. Шаралардың мақсаты - жас
ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаштың
ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып-білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, өмір жолы мен шығармашылығы
туралы білімдерін толықтыру, ақынның өлеңдерін оқу, талдау, осы
өлеңдері арқылы Сәкеннің ұлы суреткер екендігін ашып көрсету.
Аудандық Б.өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы
Сәкен - сәні қазақтың
Өмірі үлгі ғажап тым, Сәкен - сәні
қазақтың. Дәл осындай атаумен
ақпанның 20-сы күні №132
мектептің ұстазы Нұргүл
Ш а м а е в а н ы ң
ұйымдастыруымен тәрбиелік
мәні
зор
кеш
ұйымдастырылды.
Өз заманының төл перзенті,
дауылпаз жаршы-жыршысы
болған, өз халқының бақыты
мен болашағы жолында жалынды күрескен болған, арысымыз
Сәкен Сейфуллиннің өмірін үлгі етіп,
шығармашылыққа шыңдау, ақын өлеңдерін
сүйе білуге, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге,
оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру
мақсатын көздеген шара әсерлі де тартымды өткізілді.
№ 132 мектептің 5-сынып оқушыларының ат салысуымен
өткізілген кеште сырбас ақынның күрескер болмысы,
шығармашылығы жайында айтылды.
Ақынның өзінің туындыларымен қоса, ақынға арналған жыр
шумақтары нақышына келтіре орындалды. Әсіресе, ақынның
"Аққудың айырылуы", "Ақсақ киік" атты поэмаларын еш
мүдірместен, актерлық барлық өнерін салып орындаған Бекжан
Мәди мен Ақгүл Қадыркей секілді керемет талапты оқушылардың
бар екендігін көргенде мақтанышпен марқайып қалдық.
Аудандық Сәкен Сейфуллин атындағы өлкетану мұражайының
қызметкері Ерболат Шубаев ақынның мұражайда сақталған құнды
дүниелерінен шағын көрме жасап, сол жерде таныстырып өтті.
Кеш қонақтары болған "Нұр Отан" партиясының аудандық
филиалының орынбасары Әсет Аманжолов, аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Орынбасарова, №132 мектеп директоры Махаббат
Балабаева және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баян
Алашбаева өз сөздерінде келер ұрпақтың тәрбиесінде алар орны
мол болған тағылымды кеш үшін ұстаз еңбегіне, оқушыларға
алғыстарын білдірді.
Салтанат Балтабайқызы
Газетке материалдарды жинақтаған:
М.Тайтөлеуов, өлкетанушы, ұстаз;
Ә.Аманжолов, “Нұр Отан” партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасар.
Газетке демеушілік жасаған:
С.Сейфуллин қоры және С.Рымбеков кәсіпкерлер палатасының
директоры.
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1800 дана
Тапсырыс № 11/1
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
3
Размер файла
40 226 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа