close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№31-32qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 1
№31-32 (9922), 29 маусым, 2019 жыл
Аптаның маңызды жаңалықтары
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 маусым күні Арыс қаласында болды. Қазақстан
Президенті облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын
ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан Президенті зардап
шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.
Қаланы айналып шығу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс
салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралап көрді.
Қазақстан Президентіне эвакуация жұмыстарының барысы және жарылыс ошақтарын
тоқтатып, өртті сөндіру жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару
органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты және
жұмыстардың осы қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды.
Мемлекет басшысы төтенше жағдай болған аймақтан көшірілген тұрғындарды орналастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Президент қауіпсіз
жерлерге көшірілген Арыс қаласының тұрғындарын ыстық тамақпен, медициналық
жәрдеммен қамтамасыз етіп, басқа да барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігі мен олардың дүние-мүліктерінің
сақталуын бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне, әсіресе балаларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
– Осы тәртіппен жұмысты жалғастырыңыздар. Үкіметке қалаға және оның тұрғындарына
көмектесу туралы тапсырма берілді. Қазір біз ең бірінші кезекте адамдардың, қала
тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек.
Екінші – көрсетілетін көмектер. Арнайы қор құрылды. Арысқа бүкіл Қазақстан
көмектеседі. Мен халықпен жұмыс істеп жатқан қаланың жұртшылығына, ардагерлерге
ризашылығымды білдіремін. Жарылыстың себептерін анықтау қажет. Қылмыстық іс
қозғалды, тергеу-тексеру басталды. Егер кінәлілер болса, олар заңмен қатаң жазаланады.
Алдағы уақытта Арыс жарылғыш құрылғылардың барлығынан тазартылуы тиіс, – деді
Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев өрт пен оқ-дәрілердің жарылыс болған жерлерді қалпына келтіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
28 маусым күні Арыс қаласына тұрғындары қайта кіруге рұқсат алды.
*** *** ***
Қарағанды облысында жаңа жолдар пайда болады. Қазір Қарағанды-Теміртау тас
жолының 15 шақырымын қайта құру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұнда негізгі
жұмыстармен қатар бетон төсемінің ақауларын жояды. Биылғы жылдың сәуір айында
Қарағанды-Балқаш тас жолында жөндеу жұмыстары басталды. 2022 жылы бұл бөліктегі
жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Балқаш қаласынан Алматыға қарай
ұзындығы 143 км трасса учаскесінде жұмыстардың белсенді кезеңі келесі айда басталады.
Жергілікті маңызы бар автожолдарға келетін болсақ, ұзындығы 17 шақырымды құрайтын
"Новодолинка-Шахан-Молодецкое" трассасын қайта жаңарту жалғасуда.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша "Қарағанды-Саран-Шахтинск" автожолында
ұзындығы 19 шақырым күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
*** *** ***
Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері мен Қарағанды облысы
Мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы туралы айтылды.
- Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері енгізілді.
Қабылданған түзетулер оларды қолданысқа енгізудің үш режимін көздейді. Әлеуетті өнім
берушінің қаржылық тұрақтылығы, сондай-ақ алдын ала біліктілік іріктеуіне байланысты
сатып алу түріндегі жаңа біліктілік талаптарына қатысты түзетулер 2019 жылғы 1
қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржылық тұрақтылық төленген салықтар, айналым және негізгі құралдардың болуы,
еңбекақы төлеу қоры сияқты параметрлер бойынша анықталатын болады, - деп хабарлады
Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мұрат Кәдеков Өңірлік коммуникациялар
қызметінде өткен брифингте.
*** **** ***
Қарағанды облысында «Спасск» полигонында 27 маусымда «Сары-Арқа – Антитеррор –
2019» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының
терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуының соңғы кезеңі өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан құзыретті органдарының
күштері мен құралдары қатысты.
Қонақтар ретінде ШЫҰ бақылаушы-мемлекеттерінің, ТМД терроризмге қарсы
орталығының және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының өкілдері шақыртылды.
Оқу-жаттығу кезінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін
халықаралық террористік ұйымға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар
пысықталды.
Оқу міндеттері жоғары сапалы деңгейде және толық көлемде орындалды. Терроризмге
қарсы құрылымдарды басқару кезінде басқару органдарының үйлесімді іс-әрекеттері
қамтамасыз етілген. Лаңкестік әрекеттерге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізудің жаңа
нысандары мен әдістері қолданылды.
Терроризмге қарсы операцияның күштік фазасын өткізу кезінде ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттердің арнайы бөлімшелерінің тәжірибелік дағдылары жетілдірілді.
Терроризм актілерінің салдарын азайту және жою бойынша өзара іс-қимыл пысықталды.
Аудан әкімдігінде
Тазалық жұмыстары жалғаса береді
26 маусым күні аудан
әкімі Юржан Бекқожин
ауданымыздың тазалық
жұмыстары және абаттандыру қарқынымен танысып қайтты. Мекемелерге
жүктелген аймақтар бойынша
жүргізілген
тазалық
барысын
бақылап,
тиісті
нұсқаулықтар берді.
Тазалық - аудан көркі.
Әрі уақыт өткен сайын
дамып, өркендеп келе
жатқан аймағымыз үшін
тазалық жұмыстары басты
назарда болуы шарт. Осыны ескерген аудан басшысы, Тәуелсіздік стелласын, әкімшілік
алдындағы төсемтастарды әлі де болсын ретке келтіріп, таза бейсенбі, сенбілік жұмыстарын
жандандыруды тапсырды.
Өз тілшімізден
Аудандық мәслихаттың кезекті 43
сессиясы туралы ақпараттық хабар
26 маусым күні аудан
әкімдігінің мәжіліс залында
аудандық мәслихаттың кезекті
43 сессиясы болды. Сессияны
сессия төрайымы, депутат
Н.Орынбасарова
ашып,
жүргізіп отырды. Сессияға
аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қожықаев аудан әкімдігінің
бөлім басшылары, кент әкімі,
аудандық қоғамдық кеңестің,
«Нұр
Отан»
партиясы
Жаңаарқа
аудандық
филиалының өкілдері, мекеме, кәсіпорының басшы-
лары қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі
қаралған әр сала бойынша
атқарып отырған жұмыстары
және алға қойған міндеттері
туралы
аудандық
білім
бөлімінің басшысы Т.Әштаев,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
М.Мұқажанов,
аудандық жұмыспен қамту
және
әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Ибраева есептерін
беріп, баяндамаларын жасады.
Сессияда 2018 жылғы аудандық бюджеттің орындалысы жөніндегі есебі бекітілді.
Аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрайымдығына №5 Теміржол сайлау
округінің депутаты Ә.Рахманқұлова сайланды.
Сессияда талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты
Өз газеттеріңіз "Жаңаарқаға"
жазылыңыздар!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті басылымдарыңыз
"Жаңаарқа" газетіне жазылу жүріп жатыр. Газетке аудандық пошта торабынан, газет
редакциясынан жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282 6 айға - 1248 теңге;
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282 6 айға - 996 теңге.
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 2
2
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
Атасу кенті
№51/01
20 маусым 2019 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы
№30/02 «Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау
туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
29 маусым 2019 жыл
Постановление акимата Жанааркинского
района
пос.Атасу
(Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2019
жылдың 25 маусымда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №5397 болып тіркелді)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,2016 жылғы 6 сәуірдегі
«Құқықтық актілер туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы»
Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін
атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» №264
бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №30/02«Жаңаарқа ауданының
аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3774
болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 16 мамырында,
«Жаңаарқа» аудандық газетінің 2016 жылы 21 мамырында №24 (9754) санында
жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда
мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан
Қуандықұлы Серіковке жүктелсін.
3. Осы қаулы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ю. Бекқожин
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2019 жылғы « __ »_______
№_____қаулысына қосымша
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 30/02 қаулысына қосымша
11. Ақтүбек ауылы
Айнабұлақ
12. ауылы
13. Ақтау ауылы
14. Атасу ауылы
Талдыбұлақ
15. ауылы
16. Бидайық ауылы
17. Ералиев ауылы
М.Жұмажанов
18. атындағы ауылы
19. Ынталы ауылы
20. Түгіскен ауылы
21. Ынтымақ ауылы
22. Орынбай ауылы
Байтерек 14 көшесіндегі алаң
Достық көшесі, 11 ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
Достық 8 көшесіндегі алаң
Тәуелсіздік көшесі, 5,ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
Тәуелсіздік 2 көшесіндегі алаң
Орталық 3 көшесіндегі алаң
Орталық көшесі, 13,ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
С.Сейфуллин 7 көшесіндегі алаң
Тәуелсіздік көшесі, 2 орталық саябақтың алаңы
Ы.Жұмабеков көшесі, 48, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
Саябақ көшесі, 15, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
Мектеп көшесі, 7, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Бірлігі берік елдің болашағы
жарқын
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы халқымыздың әл-ауқаты,
табыстың тұрақты өсуі мен өмір сапасына байланысты болды. Маңызды
құжатта қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған алты нақты
қадамын атап өтілді. Жолдаудың басты ерекшелігі алға қарышты қадам жасап
келе жатқан елімізге тың серпін беруінде. Жалпы Елбасының әр жылдардағы
Жолдаулары мен бағдарламалары елдің өркендеуіне үлес қосып, бағыт-бағдар
беруде. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында ауданымызда қаншама үйлер салынып, халық иігіліне берілсе, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір бөлігі
туған жерге тағзым бойынша аудан мен ауыл мектептеріне абаттандыру
жұмыстары жасалды.
Отанымыздың гүлденуіне үлес қосу - жастардың қолында екені шындық.
Аға ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау
біздің міндетіміз. Еліміздің басты құндылығы елдегі бейбітшілік пен бірлік,
экономиканың тұрақтылығы, этносаралық татулық пен толеранттылық екенін
жастарға түсіндіріп, әр адамзат баласы жақсы істің жалғасын біліп, дүниені
көркейтуге өз үлесін қосуы тиіс. Бұл болмыста өмір сүруі дегеніміз әлеуметтік
шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен үйлесімдікті орнатуға атсалысу.
Мемлекетіміздің халықтың әл-ауқатын көтеруге жасаған жарқын қадамы
қарқынды дамыған елу елдің қатарынан көрінудің баспалдағы деп білемін.
Елбасының ел қамын ойлаған бағдарламалары халықтан қолдау тауып, өз жетістігін көрсете бермек.
Кенжегүл ЫсқАқОВА,
Ю.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
20 июня 2019 года
(нормативный правовой акт зарегистрирован в реестре нормативных правовых актов
за №5397 от 25 июня 2019 года в департаменте юстиции Карагандинской области)
В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», 6 апреля 2016 года
«О правовых актах», 12 апреля 2004 года «О регулировании торговой деятельности», приказа исполняющего обязанности министра национальной экономики Республики Казахстан
от 27марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли», акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1.Внести в постановление акимата Жанааркинского района от31 марта 2016 года №30/02
«Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на
территории Жанааркинского района» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3774, опубликовано в информационно-правовой системе «Әділет» 16 мая 2016 года, в районной газете «Жаңаарқа» 21 мая 2016 года №24
(9754)) следующее изменение:
приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению
к настоящему постановлению.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима
района Серикова Бауыржана Куандыковича.
3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней
после дня его официального опубликования.
Аким района
Ю. Беккожин
Приложение к постановлению акимата
Жанааркинского района от «___»_______ 2019 года №_____
Приложение к постановлению акимата Жанааркинского района
от 31 марта 2016 года №30/02
Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі
сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген
орындар
Елді мекенінің
атауы
№ р/с
Орналасқан орны
1. Атасу кенті
Тәуелсіздік даңғылы, 30 А, аудандық байланыс торабы ғимаратының алдындағы алаң
2. Атасу кенті
Абай 31 көшесіндегі алаң
3. Атасу кенті
Абай көшесі, 36, Тәуелсіздік саябағының алаңы
4. Атасу кенті
С.Сейфуллин даңғылы, 13, «Мәдени сауық орталығы» ғимаратының алдындағы алаң
5. Атасу кенті
С.Сейфуллин даңғылы 20, «Микроқаржы ұйымы» ғимаратының алдындағы алаң
6. Атасу кенті
Ш.Уалиханов көшесі, 18Б, жеке кәсіпкер «Ж.Жұмабаев» монша ғимаратының алдындағы алаң
7. Атасу кенті
С.Сейфуллин даңғылы, 15а, орталық алаң
8. Атасу кенті
С.Сейфуллин даңғылы, 61, теміржол вокзалы ғимаратының алдындағы алаң
9. Атасу кенті
С.Сейфуллин даңғылы, 22, «Сұлтан» тойханасының алдындағы автотұрақ алаңы
10. Қызылжар кенті
Даулетбеков көшесі, 14, вокзалдың алдындағы алаң
№51/01
О внесении изменения в постановление акимата
Жанааркинского района от 31 марта 2016 года №30/02 «Об
определении специально отведенных мест для осуществления
выездной торговли на территории Жанааркинского района»
№
п/п
1.
2.
3.
4.
5.
специально отведенные места для
осуществления выездной торговли на
территории Жанааркинского района
Наименование населенного пункта
Место расположения
поселок Атасу
Площадь перед зданием районного узла связи, проспект Тәуелсіздік, 30 А
поселок Атасу
Площадь по улице Абая, 31
поселок Атасу
Площадь парка Тәуелсіздік, улица Абая, 36
поселок Атасу
Площадь перед зданием «Культурно – досуговый центр», проспект С.Сейфуллина, 13
поселок Атасу
Площадь перед зданием «Микрофинансовая организация», проспект С.Сейфуллина, 20
Площадь перед зданием бани индивидуального предпринимателя «Ж.Жумабаев», улица
6. поселок Атасу
Ш.Уалиханова, 18Б
7. поселок Атасу
8. поселок Атасу
9. поселок Атасу
поселок
10. Қызылжар
11. село Актубек
12. село Айнабулак
13. село Актау
14. село Атасу
15. селоТалдыбулак
16. село Бидаик
17. село Ералиево
село им.
18. М.Жумажанова
19. село Инталы
20. село Тугускен
21. село Интумак
22. село Орынбай
Центральная площадь по проспекту С.Сейфуллина, 15а
Площадь возле железнодорожного вокзала, проспект С.Сейфуллина, 61
Площадь автостоянки перед зданием тойханы «Сұлтан», проспект С.Сейфуллина, 22
Площадь перед зданием вокзала, улица Даулетбекова, 14
Площадь по улице Байтерек, 14
Плошадь перед зданием сельского дома культуры, улица Достык, 11
Плошадь по улице Достык, 8
Плошадь перед зданием сельского дома культуры, улица Тәуелсіздік, 5
Плошадь по улице Тәуелсіздік, 2
Плошадь по улице Орталық, 3
Плошадь перед зданием сельского дома культуры, улица Орталық, 13
Плошадь по улице Сейфуллина, 7
Плошадь центрального парка. улица Тәуелсіздік, 2
Плошадь перед зданием сельского дома культуры, улица Ы.Жұмабекова, 48
Плошадь перед зданием сельского дома культуры, улица Саябақ, 15
Плошадь перед зданием сельского дома культуры, улица Мектеп, 7
Бағыт - бағдарымыз анық,
жолымыз - жарқын
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі
тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз
Қазақстанның
жаһандану
дәуіріндегі
рухани
кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы
ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын
көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге
құрылған маңызды құжат.
Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан,
ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік
құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы
өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды
екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу
үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты
болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап
қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі
міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.
Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі
ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз
үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы –
бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Ж.РАХМЕТОВА,
“Ақерке” бөбекжайының тәрбиешісі
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 3
29 маусым 2019 жыл
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес баршаның
ісі
Бүгінгі танда мемлекеттің
сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы функциясын құқық
қорғау
органдарының
жұмыс тұрғысынан ғана
қарау мүмкін емес. Себебі
мемлекет басшысының бастамасы бойынша бағыт
алған әкімшілік және
конституциялық реформаларды іске асыру жүйесі
ерекше маңызға ие болып, бүгінгі таңда өз нәтижесін
беріп отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен
мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
күшейтуге,
азаматтардың
құқықтары
мен
бостандықтарын қорғау жүйесін әрі қарай нығайтуға
бағытталған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзінөзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің
шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де
қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрестілген.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы
бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру
жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген.
Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары
қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда
болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар
атқаруды қамтамасыз етеді.
«Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ-сі, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары мен аудан әкімінің бекіткен медиа – жоспарын
басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес
мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске
асырудағы іс-шаралар жүйесін жетілдіруді, өкілеттік
құрылымдардың нормативтік – құқықтық актілерінің
аталған заңға сәйкестігін қамтамасыз ету мен атқаруды,
бақылау жүйесін әрі қарай жандандыруды күнделікті
жұмыс барысында басты назарда ұстауда.
Мемлекеттік
қызмет
саласында
сыбайлас
жемқорлықтың алдын-алу мақсатында, «Атасу кенті
әкімінің
аппараты»
мемлекеттік
мекемесінде
қызметкерлердің құқықтық білімін арттыру бойынша
ауқымды жұмыстар жүргізіліп, оқу түсіндірме шаралары
жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты
насихаттау жолында кәсіпкерлердің,
қоғамдық
ұйымдардың және басқа мүдделі ұйымдардың
қатысуымен
дөңгелек
үстелдер,
кездесулер
ұйымдастырылуда.
Кент әкімінің, орынбасарының азаматтарды қабылдауы
апта сайын жүргізіліп, берілген ұсыныстары,
шағымдары бақылауға алынып, тиісті шаралар
қабылдануда.
Осы жұмыстарды оңтайластыру мақсатында
азаматтардың арыз-шағымдарын салатын кент
аумағындағы мекеме, кәсіпорындар ғимараттарының
көрнекі
жерлеріне
«стационарлық
жәшіктер»
орналастырылған. Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері электрондық базаға енгізіліп, есепке алынуда.
Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын,
лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және
мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу,
азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау
мүмкіндігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін
«Сенім телефонының» үздіксіз жұмыс істеуі
ұйымдастырылған.
Қорытып айтқанда, кез-келген өркениетті қоғам үшін
сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті
ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа
шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі
күмәнсіз.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып
осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Аталған
күрделі мәселемен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл
әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдау
керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді болу
қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.
А.ТүсіПОВ,
Атасу кенті әкімі
3
Ықыласқа ие болған игі істер
Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт – санасы мен
дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Н.Ә.Назарбаев жыл
басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші
жаңғыру басталды деп жариялады.
Қайта жаңғырудың екі процесі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыруды бүгінде жер – жерде қолға алып
жатыр. Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары,
мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізетіні анық.
Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған
жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.
Мақалада: «Адам баласы –шексіз зерденің ғана емес,
ғажайып сезімнің иесі. Туған жер әркімнің шыр етіп жерге
түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай
жанның өмір бақи тұратын мекені.
Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан
баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт –
дәстүріне атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды
көріністерінің бірі» делінген.
Алаш арысы Әлихан Бөкейхан: «Халыққа қызмет ету-білімнен емес мінезден», деп бекер айтпаса керек. «Туған жер»
бағдарламасы ауылымыздың жомарт жандардың туған ауы-
лына шарапатын тигізіп, үлкен іс –
ш а р а л а р ғ а
үлестерін қосуда.
Бүгінде Ақтүбек
ауылы азаматтарынан 30 жылдық
мектеп түлектері
Ақтүбек ауылының кіреберіс жолына арка жасатып, орнатты.
Құны - 2 млн теңге. Биіктігі - 4 метр, ені-11 метр. Түлектер
абыройлы істі ұйымшылдықпен атқарды. Осы игі шараға
мұрындық болған:А.Әбүйіров, С.Жәкенов, М.Кенжебаев,
Ж.Діңкаев, Ә.Тащанов, М.Аманбаев, Е.Қызданов, А.Әкішев,
Қ.Сағынтаев, С.Рахимова т.б. азаматтарға айтар алғысымыз
шексіз.
Әрқашанда игі істердің жаршысы бола беріңіздер. Тәуелсіз
Қазақстанды өркениет көшінің алдыңғы легіне апаратын жаңа
бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына мен ықыласына
бөленеді.
Н.НҰРЖАНБАЕВА,
жетекші маман
Ертеректе көшпелі бабамыз жаз жайлауды той-думандатып өткізсе, қысқы
күнде ит жүгіртіп, құс
салып саятшылық құрған.
Сөйтіп, аңға салатын
құстарды қыран бүркіт, мінетін атты – жүйрік ат,
құмай тазы, айлалы сұңқар
деп ерекше қасиеттерімен атаған. Осындағы құмай тазының
қасиетіне тереңірек тоқталсақ деген ниетпен Талдыбұлақ
ауылының тұрғыны, жас тазы баптаушы Алпысбаев Нұржан
Елдо сұлымен
сұхбаттасқан едік.
-Халқымыз тазының
ең
күштісіне,
жүйрігіне
«нағыз
құмай екен, қанатты құмай екен» деген секілді мадақ
сөздер айтқан, оның ерекше қабілеттеріне сүйсінген. “Ит
жақсысы – тазы” деп те жатады. Жалпы құмай тазы
жайлы айта өтсеңіз.
-Тазының ең жүйрігін, аң алғыш, ұшқырын құмай, құмай тазы
деп атайды. Өз бойына біткен ептілік, жылдамдық,
әдісқойлық, түлкі-қоянды құйындай соғатын, тіпті арқарға,
қасқырға шабатын қасиеттердің бәрі құмайға тән. Құмай тазы
өзінің ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу
мүсінімен өз аталастарының ішіндегі төресі деп есептелген.
Асылы, құмайдың ерекше белгілері күшік кезінен-ақ
байқалады.
-Аңшылар тазының алғыр болып қалыптасуын, оның
құмай дәрежесіне жетуін қатаң қадағалаған. Тазыны
қанша айдан бастап аңшылыққа баулу керек?
-Құмайды алты айынан бастап аңшылыққа баулып, 8-9 ай шамасында ұсақ аңдарға салады. Саятшылық кезіндегі мінезқұлқына да аса мән береді. Тіпті халқымыз тазының атына да
аса мән берген. Мысалы, лашын құстай ұшқыр болсын деген
оймен Лашын деп атаған. Сол сияқты айта берсек мысал көп.
-Бүгінгі күнде қанша тазы ит асырайсыз және оны
асыраудың қиындығы, баптау тәсілдері туралы ой
бөліссеңіз.
-Қазір төрт тазы итім бар. Өзім бала күннен хоббиім десем болады. Тазының қай түрі болмасын, өте жылдам, өте еңбекқор.
Тазы сенің көзіңе қарап-ақ не қалап тұрғаныңды сезеді. Өте
талапшыл. «Асыраймын» деп шешсеңіз, тұқым туралы жақсы
білу керек. Қаны шатыспас үшін, таза тазылармен ғана қосу
керек. Жылуды жақсы көреді. Тамағына жақсы көңіл бөліп,
етті бір қайнатып берген дұрыс. Ал күшіктеріне 6 айға, яғни
ит тісі шыққанға дейін ет беруге болмайды. Тамағы құнарлы,
бірақ аз болуы тиіс. Тым тойып алса, қозғалуы қиынға айналады. Тазылар адамға шаппайды. Оларды байлауға болмайды,
көп жүгіруі керек.
-”Тазыны қайыру”- деген бар. сол жайлы айтсаңыз.
- "Ұясына толған" кезде басқа аң алып өзге тазымен бірге
ауызданып, кейін өз бетімен "тырнақалдысын", яғни алғаш өз
бетімен аң алу ойдағыдай шықты деп бағаласа, өз бетімен аңға
қоса береді. Ол көзіне түскен аңды құтқармайтын желдей
ескен жүйріктігіне қоса алғыр, күшті, айлалы болса, тазы келер
ж ы л ы
аңшылар тілімен айтқанда,
"екінші
қар
басқанда"
жыртқыш аңға салып тексеріп көреді. Дегенмен, тазы төрт
жасқа толғанда денесі толық жетіліп толады. Осы кезден
қасқырға қосуға жарайды деп есептейді. Тазыны сонарға
шығар алдында баптайды. "Ат семірсе сауыры томпақ келер,
ит семірсе тұмсығы кертеш келер," деген өзі жұнттай болып,
тойынған иттің ішін айдатып, тазалап, қоясын түсіреді. Себебі
семіз ит те семіз ат сияқты ұзақ шабысты көтере алмай қызыл
май боп түтігіп кетеді. Сондықтан асықпай қар жауғанша
қайырып алады. Иттің "қоясын түсірудің" амалы аушы құстай
емес, өте оңай. Оған бар болғаны қойдың құйрық майын не
жылқының майын ерітіп, бір шарасын ішкізсе болғаны.
-сұхбатыңызға рахмет!
P/S:Ғасырлар бойы халқымыздың жансерігі, өзінің айрықша
қасиеттерімен халқымызға сүйкімді болған, сүйсіндіре білген,
алғырлығымен, жүйріктігімен, қырағылығымен бабалармызды
тәнті еткен құмай тазы бүгінгі қазақтың санасынан алыстап
барады. Көпшілігіміздің құмай қасиетін танымай (құмай
тұрмақ, қарапайым тазының өзін жете білуіміз екіталай),
қазақтың саятшылық өнерінен бейхабар ұрпақ болып келе
жатқанымыз өкінішті-ақ, әрине. Десе де, жоғалудың сәл-ақ алдында тұрған осынау түрді қайта қалпына келтіру – бүгінгінің
еншісіндегі іс. Бүгінде саятшылықты ұлттық спорт түрі ретінде дамытуды дұрыс жолға қойып, тазының, оның ішінде
құмай тұқымының құрып кетпеуін қадағалауға қолға алған.
Болашақта еліміздегі барлық тазыны арнайы тізімге алып,
асылдандыру, аңшы өнімдерін қымбат бағаға сатып алу секілді
істер қолға алынса, бәлкім, құмайдың қасиеті арта түсер.
сұхбаттасқан Мөлдір қАсЫМ
Ұлы даланың жеті қыры
Тазы баптау – ата кәсіп
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 21-маусым күні
Б.Амалбеков атындағы
ЖОББМ
базасындағы
тірек мектебінде өтті.
Аудан бойынша 2019жылы барлығы 293 түлек болды. Биылғы
жылдың ерекшелігі мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ді 3 рет
тапсыруға мүмкіндік алды. Қаңтар, наурыз айларында ақылы
тестілеу болса, маусым айында білім беру грантына үміткерлер
қатысты. Қаңтар айындағы ҰБТ-ге 85 түлек қатысып, оның 61і шекті деңгейден өтті. Наурыз айында 225 түлек қатысып, 168і шекті деңгейден өтсе, күні кеше өткен ҰБТ-ге 220 түлек
қатысып, 177-і шекті деңгейден өтті. Қаңтар, наурыз
айларындағы ҰБТ сертификатымен мектеп бітіруші түлектер
шекті деңгейден өткен болса, кез-келген жоғарғы оқу орнына
ақылы негізде түсе алады.ҰБТ-ге дайындық барысында барлық
мектептерде қабырға стендтері дайындалып, ата-аналар мен
түлектерге ҰТО жетекшісі, АББ-ң әдіскерлерімен және
мектептердің директорлары мен оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары бірлесе отырып түсіндірілу жұмыстары жүргізілді.
ҰБТөткізу технологиясы сақталу мақсатында БҒМ өкілдерімен
мемлекеттік комиссия мүшелері тестілеуді өткізу кезінде
талапқа сай ережемен сәйкес қызмет атқарды, технологияны
сақтады. Аудандық денсаулық сақтау мекемесінің бұйрығымен
ҰБТ өту күні және апелляция күні дәрігерлер кезекшілік жасады. Барлық түлектер мектеп ауласында жиналып сағат 8.00 -
ҰБТ -2019
ден бастап кіргізілді. Рамалы
металл іздегіштен өткен кезде
әр мектептің техникалық
хатшыларының бақылауымен
оқушылар бір-бірлеп өтті.
Дайындалған 8 аудиторияларға жеке басын куәландыратын
құжаттың, жеке басын сәйкестендіру анықтаманың, рұқсатнама
түбіртегінің негізінде кіргізілді. Емтихан материалдарын акт
арқылы 2-3 түлектің қатысуымен министрлік өкілдері ашып,
жауап парағымен кітапшаларын санап алды. Кезекшілер жауап
парақтарының толтырылуын түсіндірді, қызметтік сектор толтырылып болған соң, сұрақ кітапшалары таратылды, сырты
толтырылды. Ішіндегі беттерінің толықтығы, типографиялық
ақауы жоқ екендігін мектеп бітірушілер тексерді.
Содан кейін ғана тақтаға ҰБТ-ның басталу және аяқталу
уақыты жазылды. Тестілеу 9.00-9.30 аралығында басталды.
Бейнебақылау
камералары
мен
ұялы
байланыс
телефондарының
сигналдарын
сөндіру
құралдары
қолданылды, үздіксіз жұмыс істеп тұрды, ҰБТ ережеге сай өтті.
Өткізілу технологиясы сақталды. Министрлік өкілдері,
қауіпсіздік комитетінің өкілдері бірлесе жақсы жұмыс жасады.
Ардана қҰсПЕКОВА,
БҒМ Министрлігі «Ұлттық тестілеу
орталығының» Атасу кентіндегі
филиал сарапшысы
Білім таразысы жақсы өтті
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 4
29 маусым 2019 жыл
4
сәкеннің ескерткіші
1997 жылдың
қараша
айы.
Аудан
әкімі
Шайдаров Серік Жаманқұлұлы екеуміз көшелердің тазалығын
және абаттандыру жұмыстарының орындалысын аралап,
аудан ішінде келе жатырмыз. Бір кезде ол кісі: "Осы Лениннің
ескерткішін алып, орнына Сәкен Сейфулиннің ескерткішін
қойсақ, қалай болады?",-деді. Бірден жауап бере алмадым.
"Бұл істі қалай жүзеге асырамыз, жолын қалай тапсақ екен"
деген сұрақтар көкейді аралап кеткен еді.
Қаражат мәселесі ол кезде қиын. Сол мезетте қазіргі мәдениет үйі,
бұрыңғы "Сәкен және компания" мекемесінің жанындағы қаулап өскен үлкен талдар арасында Сәкеннің ескеркіші тұрғаны есіме түсе кетті. Айтып едім, жұмыс орнынан жақындап
қалғанына қарамастан, Секең көлікті кері бұрғызып, сол жерге келдік. Ескерткіш қай жылы
қойылды, авторы кім деген секілді аз-кем зерттеу жүргізіп, жұмысқа қайта оралдық.
Кабинетте жайбарақат отыра алмадым. -Қазір ескерткішті орнат десе, ол құлап үгітіліп
жатса не боламыз- деген ойлар маза бермеді. Ақырында кеш түсіп қалған мезгіл болса да
ескерткіштің жанына қайта бардым. Өзім мүсінді қолыммен ұстап, егжей-тегжейлі тексердім. Подстамент пен аяқ жағына қарасам болтпен бекіткен екен. Бар ойым, ескерткішке
зақым келтірмей орнын ауыстыру болып тұр.
Партия кезінде бірінші хатшы жұмыс уақыты аяқталмай кетпейтін, бөлім басшылары да
жұмыстан кетпейтін. Осы тәртіп қатты сақталатын. Кабинетіме қайтып келіп, ойымды
жинақтадым. Ішім бірдеңені сезгендей еді, тікелей телефон шыр ете қалды. Секең екен.
"Келіп кетіңізші",-деді. Кабинеттеріміз қарама қарсы орналасқан еді. Кірсем, ол да ойға
шомып отыр екен. Ол кісі орысшасымен:
-Слушай, у нас что нибудь получится?-деді.
Мен де осындай сұрақтың боларын білгендей: Может получится,-дедім.
Барып көріп келгенімді, өз көңіліме түйгендерімді айтып бердім.
Секең: "Если рассыпится?", "А как собираешься демонтировать?", "А как будешь устонав-
ливать?" -деген сұрақтарды қойды. Барлығын алдын ала
ойластырғандықтан тиісті жауаптарын бердім.
-А где технику и материал где возьмешь?-дегеніне кідірместен: "у Бахытбека Шайхина и Гагуа Толика",-дедім. Осылайша пікірлесіп, үйге
қайттық. Енді түнімен ұйқы келсейші. Түрлі ойлар санама еніп алған. Негізінде осылайша
ескерткішті орнынан алып, басқа жерге орнатқанын естігенім бар. Ертеде оқушы кезімде
теміржол вокзалының артындағы кіші парктің ішінде тұратын Карл Маркстің бюстін
жаңадан құрылған Карл Маркс (қазіргі Ералиев ауылы) совхозына апарып қойған.
Секең келісімін беріп, осы істі орындауға кірісіп кеттім. Іңір түсе, бүкіл қажетті техниканы
жинап, басқа керек материалдарды, адам күшін сол кездегі комхоз басшысы Б.Шайхиннен
алып, тәуелсіздігіміздің туын ұстап, егемендігімізді сезініп, қазақтың дауылпаз ақыны, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі, Қазақ ҚСР-нің халық комиссарлары кеңесінің алғашқы төрағасы Сәкен
Сейфуллиннің ескерткішін аман-есен алып келіп, орнаттық. Істің барысын әкімшілік
ғимаратының екінші қабатындағы кабинетінің терезесінен Серік Жаманқұлұлы бақылап
қарап тұр екен. Тапсырманың сәтті өткеніне ол кісі де қуанып қалды. Енді ескертіштің айналасын безендіруді ойластыру керек болды.
Ауданның белгілі азаматы, футбол ойынының шебері Болат Сақауовқа барып, қолқа салдым. Ол кісі балаша қуанып, інісі Самат сылақ жұмыстарын тегін жасап беретінін айтты.
Ал, материалдарына Нығмет Әбдірахманов, қазынашылық бөлімнің 1994 жылғы бірінші
бастығы Дулат Далбаев демеушілік етті. Бұдан кейін бірнеше рет әр жылдары өзімнің бастамаммен ескерткіштің сыртқы келбеті өзгеріп тұрды.
Жаңаарқаның 80 жылдық мерейтойында, сары күз уақытында, аудан әкімі Омаров Хамит
Нұрланұлы маған ескерткішті алтын түске бояп, жан-жағын мәрмәр таспен әрлеп, алдындағы
тақтасын өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. Бұл тапсырманы да сәтті орындадық.
Сәкен бабамыздың ескерткіші жаңарған кейпімен өзі аңсаған егеменді еліне куә болып,
үнемі халқына биіктен қарап тұрғандай.
Марат ӘБдішЕВ,
еңбек ардагері
ЖАҢА ӘліПБИді МЕҢГЕРЕйіК
Көкшетау
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,
Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,
Суретті шежіресі өткен күннің,
Сілекей ағызады ертегісі.
Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Талай сыр ертегіні ел айтады,
Ызындап таудан соққан жел айтады.
Сырласып сыбырласқан жапырақтар,
Күндіз-түн күңіренген көл айтады.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған,
- Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес
Басына атсаң-дағы оғың жетпес.
Толғанып төмен қарап шал айтады,
Тамсанып-таңырқанып бала айтады.
Тау-тасты тұнжыраған куә қылып,
От басы қатын-қалаш - бәрі айтады.
Ертегі болмаса да хатта қалған,
Аузында шежіренің қартта қалған.
Қарттардың баян қылған әңгімесін
Есіткен кейінгілер жаттап алған.
Өр рухты сәкен баба
Ор рухты, әділетті Сәкен Баба,
Жастайыңнан болып ең елге пана.
Дана Сәкен, Ақын Сәкен, Сән Сәкенді,
Туыпты Жаңаарқада Жамал - Ана.
Ту көтердің, аспанға ана тілін,
Қорғадың астына алып қанатыңның.
Өкімет, шенеуніктер менсінбейді,
Ерте білдің, тілдің тәлкек болатынын...
Сезсең егер тіліміздің ауыр халын,
Жебеші аруағыңмен дауылпазым.
Ана тілде сөлемейтін бай-манаптың,
Құдай берсін жазасын - әділ қазым.
Заманның саңқылдаған - сұңқары едің,
Жалыңнан сыйпатпайтың Тұлпары едің.
Ұстаз Сәкен, Сұлу Сәкен, Батыр Сәкен,
Өзіңе, сөзіңе ел іңкәр еді.
Кез болды заманына мына “Жарық”,
Күйзелді, кедейленді қара халық.
Бірігіп шенеуніктермен, қылмыстық топ,
Бейне бір “ала жылан-тоймас балық”...
Зарладық “Ақсақ киік” әнге басып,
Қамықты, құлазыды көңіл жасып.
Қалды ғой тау-тау болып еті сасып,
Кетті ғой мүйіздері шекара асып.
Қалмады ен далада бөкен-киік,
Жауыздар қырып салды көзі қиын.
Сұлуы Сары-Арқаның жойылуда,
Отырмын сыртым бүтін, ішім күйік.
Ән айттың “Тау ішінде” ауылыңда,
Жаралы “Ақсақ киік” ауыр мұңда.
“Кептер қыз”, сырсандықтың сырын шертіп,
Демалдың Көкшетаудың бауырында.
“Аққуың айырылып” сыңар болды,
“Экспресс” жүйткіді оңды-солды.
Еліктеп өнеріңе, өміріңе,
Ән-жырың ұрпағыңа “тұмар” болды.
Ажалыңа жеткізді жапқан жала,
Әлі күнге жоқтайды тау мен дала.
Өткізейік ел болып мерей тойын,
Иманды бол, бақұл бол Абыз-Дана.
Адам АМАНОВ,
саран қаласы
Kókshetaý
Arqanyń kerbez sulý Kókshetaýy.
Damylsyz sulý betin jýǵan jaýyn.
Jan-jaqtan erteli-kesh bulttar kelip,
Júredi bilip ketip esen-saýyn.
Bir jutsań Kókshetaýdyń juparynan,
Ólgenshe kókiregińnen qumar ketpes.
Sary altyn Kókshetaýdyń erte-keshi,
Taý men kún súıiskendeı erkelesip,
Sýretti shejiresi ótken kúnniń,
Silekeı aǵyzady ertegisi.
Seksen kól Kókshetaýdyn saıasynda,
Árqaısy altyn kese aıasynda.
Aýasy dertke daýa, jupar ıisti
Kókirek qansha jutsa, toıasyń ba?
Talaı syr ertegini el aıtady,
Yzyndap taýdan soqqan jel aıtady.
Syrlasyp sybyrlasqan japyraqtar,
Kúndiz-tún kúńirengen kól aıtady.
Yrǵalǵan kókke boılap qaraǵaıy,
Qasynda kók jelekti áppaq qaıyń,
Jibekteı jelmen sharpyp tóńirekti,
Balqytyp mas qylady ıis maıy.
Qaraǵaı bıik shyńdy qıalaǵan.
Esh adam ony baryp qıa almaǵan,
- Shańqyldap taý jańǵyrtyp, shyńǵa qonyp,
Jalǵyz-aq kók qarshyǵa uıalaǵan.
Kókpeńbek shyń basynan munar ketpes
Basyna atsań-daǵy oǵyń jetpes.
SÁKEN SEIFÝLLIN
Tolǵanyp tómen qarap shal aıtady,
Tamsanyp-tańyrqanyp bala aıtady.
Taý-tasty tunjyraǵan kýá qylyp,
Ot basy qatyn-qalash - bári aıtady.
Ertegi bolmasa da hatta qalǵan,
Aýzynda shejireniń qartta qalǵan.
Qarttardyń baıan qylǵan áńgimesin
Esitken keıingiler jattap alǵan.
сӘКЕН
Табиғат ерекше боп туған едің,
Халқыңа көсем болар тұлға едің.
Ақ -қызыл тәлкегіне душар болған,
Даланың еркін өскен тұлпары едің.
Қайтпас қайсар, сабаз-ай,
Елім деген боздақ-ай.
Қайда жатыр аруағың,
Іздедік сені бауырым-ай.
қайырмасы
Ей, Жаңаарқа,
Өтті-ау жалған.
Қалды-ау арман,
Сұм ажал қызыл көз боп,
Сәкенді алған.
Еліңе бақыт құсын қондырам деп,
Дауылпаз, қызыл сұңқар болып едің.
Сол бақыт қызыл көзді тажал ма деп,
Сірә, сен сол заманда ойлап па едің.
Қапы кеткен арман-ай,
Зая төккен қан-тер, ай.
Енді Сәкен туама,
Сағындық сені бауырым-ай.
Даланың дәл өзіндей дархан едің,
Тәкәббар, қазаққа тән, сал-сері едің.
Жан дүниең ақ бөкендей таза нәзік,
Сыр-сымбат бір өзіңе жинаған едің.
Сәнді, нұрлы асыл-ай,
Қайталанбас ер тұлға-ай.
Қандай адам қиды екен,
Ажалға сені, бауырым-ай.
сөзі және әні Ғалым ТӨТЕйҰлЫ
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 5
29 маусым 2019 жыл
5
Көпшілікке белгілі
“1000 теңгеге баспана”
акциясымен
Харекет
қайырымдылық қоры
Өнерпаздар кубогы
ұйымдастырып жатқан шаралар қазіргі таңда қазақ елінен
қалың қолдау табуда.
«Жігітке жеті өнер де аз» демекші жүректері мейірімге
толы Жаңаарқаның жігерлі
ж і г і т т е р і н і ң
ұйымдастыруымен шағын
футболдан
Жаңаарқа
өнерпаздар кубогы өтті.
Аталмыш
шараға
ауданымыздың белсенді әрі
өнерлі жастары: Уәлихан
Шекімов, Медет Жаманов,
Аңсаған Тоқсанбаев, Жарас
Ізтілеу, Абзал Сағындықов т.б
өнер майталмандардың бастауымен өткен сайыста
өнерпаздардың
басты
мақсаты бас жүлдеге таласу емес “Харекет” қайырымдылық қорының идея авторы әрі басшысы Г. Мұқанқызын қолдап, аз да болсын үлестерін қосу еді. Дегенмен тек алға ұмтылатын
Тәжірибе алмасу семинары
Жұмысшы жастар арасында ағымдағы
айдың 19- жұлдызында Жастар
ресурстық
орталығының
ұйымдастыруымен семинар - тренинг
өтті.
Семинарға қатысушылар
жастармен тығыз байланыста
жұмыс
атқаратын
б о л ғ а н д ы қ т а н ,
семинарымыздың
басты
мақсаты
бүгінгі күнгі
жастардың ұстанымдары мен
ерекшеліктері, сондай - ақ талаптары туралы ой қозғау
болды.
Сондай-ақ,
жастардың тәлім – тәрбиесін
нығайтып, білімді де білікті,
салауатты жастар тәрбиелеу
үшін қандай бағытта көбірек
жұмыс атқару керек, қандай
жаңа идеяларды жүзеге
асыру керектігін ортаға салу.
Жастар саясатын дамытуға,
әр мекеме және ауылдық
округ мамандары арасында
тәжірбие алмасып, жаңа
идеялар мен ой жинақтауға арналған жиын көтеріңкі көңіл күйде өтті.
АдАМ. қОҒАМ. ЗАҢ
Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау,
қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
жұртшылыққа таныстыру мақсатында ағымдағы жылы "Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол жоқ!"
атты акция өткізілу жоспарланған. Акцияны өткізу барысында жергілікті полиция қызметкерлері
сенім телефонының қауырт желінің жұмысын ұйымдастыру, азаматтар көп жиналатын орындарда
тақырыптық билбордтар мен плакаттар орналастырып, жадынамалар мен буклеттер тарату, жергілікті полиция қызметі басшылығының азаматтарды жеке қабылдау жолымен мобилдік акциялар
өткізу, брифингтер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.
27-маусым күні аудандық мәжіліс залында отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ,
тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу жөнінде жергілікті полиция және ішкі саясат бөлімі
қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Оған аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Ғалым Төтеев, Жаңаарқа ауданының ПБ ЖПҚ бөлімшесінің бастығы, полиция
подполковнигі Жантас Әбдіков, ПБ ЖПҚ бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау
жөніндегі тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Думан Рымбеков, аудан әкімі
аппаратының АХАТ бөлімінің заңгер-кеңесшісі Майгүл Нәбиева және орталық аурухана, колледж, мектеп және балабақшалардың психологтары мен әлеуметтік педагогтары қатысты.
Жиынды ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұргүл Әубәкірова ашып, жүргізді. Дөңгелек үстел
барысында мамандар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Түрлі
пікірлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын алға тартты. Айтылған мәселелердің барлығы бала
тәрбиесі, отбасындағы кикілжіңнің алдын алу, әрі туындаған қиын жағдайларда оның шешімін
табу жайында болды.
Әсел МҰЗдЫБАЕВА
өнерпаздар үшін бұл сайыс алғаш рет
болса да тартысты өтті. Осы игі істі
ұйымдастыруға мүмкіндік берген барша
Қарағанды облысының ерікті жастарына
үлкен алғыс білдірді.
Сайыс барысында арнайы
қайырымдылық
жәрмеңкесі
өткізілді.
Өнерде
жүрген
алдыңғы буын мен кейінгі жігерлі жастар қатысқан сайыста 3
– ші орынға «Сұңқар» командасы қол жеткізіп, Тұлпар
командасы 2 – ші орынды иеленді. Ал, осы қайырымдылық
турнирі үшін арнайы жасалған
өнерпаздар кубогын «Хан»
командасы қанжығаларына байлады. Кеш соңында өнерпаздар
Қазақстанның барлық жанашыр
жандарға сәлемдерін жолдап,
Қарағанды облысының барша
өнерпаздарына эстафета түрінде
жолдады. Аталмыш шараны
ауданымызда, өнерпаздар арасында түрлі спорт түрлерінен ай
сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Аудандық жастар
ресурстық орталығы
Семинар
барысында
барша мекем е л е рд е н ,
ауылдық
округ
мамандары
жақынырақ
танысып,
тез
үйренісіп, берілген тапсырмаларды
тиянақты әрі барынша жаңаша
оймен орындады.
Тренинг барысында жұмысшы
жастар өздерін көпшілік ортада
емін еркін сөйлеуге дағдылап, тіпті
басқа мекеме мамандары болып,
топтық жұмыс жасап, өздерін жаңа
қырларынан көрсетті.
Алдағы уақытта осы бағыттағы
жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Аудандық жастар ресурстық
орталығы
Жүлдегер атанды
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің
инновациялық технологиялар колледжі Елбасының
халыққа
Жолдаулары,
"Рухани
жаңғыру"
бағдарламасын орындау мақсатында және 2019 жыл
"Жастар жылы" деп жариялануына орай, Қарағанды
қаласының 85 жылдығы, белгілі ақын, жазушы, алаш
қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы, сәулет
құрылыс факультетінің 60 жылдығы мерейтойларының
қарсаңында Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің инновациялық
технологиялар колледжі "Жаңа
ғасыр жастары" атты жас ақындар
мүшәйрасын өткізді. Мүшәйраға
Октябрь ауданы, Қазыбек би
ауданы, Қарағанды қаласындағы
№48 ЖББОМ, №36 мектеп, №4
орта мектеп, Теміртау, Абай
қаласындағы мектеп оқушылары
қатысты. Қарағанды қаласындағы
Ж.Б.Букенов атындағы банк колледжі,
Қарағанды
көліктехнологиялық
колледжінің,
Жезқазған
бизнес-көлік
колледждерінің
студенттері
жарысқа түсті.
Аудан бойынша қатысқан жерлесіміз, О.Жұмабеков атындағы мектептің 11-сынып
оқушысы Төлеутай Қуаныш, А.Ауданбайұлы Алғыс хатпен марапатталды.
"Мұғалім оқушыны қалай тәрбиелесе, сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға артылатын міндет өте ауыр",-деп Елбасы атап айтқандай, ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Оқушы тәрбиесіне оң көзбен қараған Сақауова Жұлдыздың шәкірті қатысып,
мүшәйрада білім парасатын жоғары деңгейде көрсетті.
Қиыншылығы мен қызықшылығы жетерлік ұстаздың жолына тек сәттілік тілейміз.
Бағила үкенқызы
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 6
29 маусым 2019 жыл
6
Бәйге десе делебесі қозбайтын
қазақ бар ма? Бұл
бабаларымыздан
қанымызға сіңген
қасиеттің бірі әрі
бірегейі. Кермесінен қыл құйрығы
үзілмеген
қ а з а қ
сахарасындағы ұлы жорықтар мен шайқастардың
барлығында батырларымыздың сенімді серігі аты мен
бес қаруы болғаны анық. Әлімсақтан жеткен аңыздар
мен әпсаналардың барлығында батырларымызбен бірге
оның астындағы аты да әспеттеліп, әдемі суреттеліп,
ынтықтыра түседі. Қазақ пен қазанат емес текті батыр
мен тұлпар, турасын айтқанда тау тұлғалы, шапса
қылыш өтпейтінін батыр бабамыз бен қанатты құсқа жететін тұлпардың қасиетін оқып өстік. Бабамыздың
батырлығына мақтанып, марқайсақ, шашасына шаң
жұқпай, алты айлық жерге алты күнде жеткізген
арғымаққа сүйсіндік. Рухы мықты қазақ пен тақ тұяқты
тұлпар бірін-бірі толықтырып тұратынына көзіміз
жетті. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры»
мақаласында атқа міну мәдениеті бізден басталғаны
соның айғағы. Қазақ баласының атқа жақындығы түпкі
тамырында екені шындық.
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан»,-дегендей заман
өзгеріп, атты автокөлік алмастырған бүгінгі күні отарын мотоциклмен бағып, жылқысын джиппен қайырған
қандастарымыздың арасында соңғы жылы ат баптайтын атбегілер легі белең алып келеді. Қазақтың ұлттық ойындары
жанданып, жігіттеріміз аударыспақта алысып, көкпарда
салым салып, жамбы атуда жарысып, ептілікпен теңге іліп,
бақ сынасуда. Осы ұлттық ойындарымыздың жандануынан,
сұраныстың жоғарылауынан қазақы аттардың қатарына
асыл тұқымды жылқылар қосылып жатыр. Кеңестік кезеңде
көмескіленіп қалған қазақы ұлттық ойындарымыз, салтдәстүрлеріміздің жандануына арқау болған егемендігіміз екені жасырын емес.
Тәуелсіздіктің туы көтерілгеннен
кейін әр ауылдарда ат жарыстары
болып,
бәйгеге
бәс
тігу
басталғаны ақиқат. Отыз жыл бұрын жылына бір бәйге
өтсе, қазір Аллаға
шүкір ай сайын аламан жарыс
ұйымдастырылуда. Биылғы жылдың өзінде ауданымызға
қарасты Атасу кенті, Ескене, Ақтау ауылдарында ат жарыстары өтті. Бәске тігілген сыйлықта қомақты қаржы
тұрады.
Бағалы сыйлықтың жарнамасы жетіп, ат жарысының
өтетінінен құлағдар болған алыс-жақындағы ағайын
Бәйгетөбеге шоғырланып, бабы келіскен аттың бағын
сынайтын шағы ол бір үлкен мереке. Топ-тобымен
шоғырланып, жүйрік атты сынайтын сыншылар, атбегілер, тұлпарларды тұрқына қарап танып, осы бәйгеде
қайссының шоқтығы биік болатынын айтысып, өзара
кеңесіп, кейде дауласып жатады.
Атбегілер арасынан бұндай тобырға қосылмай, бәйгеге
қосар жүйріктерін айналшақтап жүретін Темірхан
Тоқбергеновпен тілдесу ойда бар болатын. Орайы келмей жүрген сұхбаттың сәті 25 -мамыр күні
Талдыбұлақта өткен жарыста түсті. Кекілін түйген
құнанының жабуын сыпырып, шабандоз баласына абай
болуды тапсырып жатқан атбегі бәйге аяқталған соң
жолығатынын айтып, атын жетелеп кете барды.
Темірхан Қазкенұлының «Слаңгер» атты тайы ауданда
өткен наурыздағы тай жарысында бірінші орын алған
болатын. Ақ қар, көк мұзға қарамай қазақы тайлардың арасында топтан озған болатын. Бүгінгі тай жарысында оны
қоспапты. Жарыс деген, оның ішінде тай жарысы бір қызық.
Кілең баланы жаяу жарысқа жібергендей кекілін кесіліп,
құйрық жалы күзелген тайлар кермеде тыпыршып тұра алар
емес. Алдағы аламаннан бейхабар тайлар қалың тобырға
оқыранып қарап қояды. Қызыл жалау желп етіп төмен
түскенде тапырақтай шаба жөнелген жас малдың соңында
шұбатылған шаң қалды.
Келесі кезекте құнан жарысы басталды. Қиқуға–қиқу
қосылып, құнанның делебесін қоздырып кете барды.
Жарықтық жылқы текті мал ғой, құнан тайлардай емес, ересек, содан болар айналымнан шығып адасқаны болмады.
Екінші айналымнан бастап көсіле шапқан құнанның
қуат аласың. Менің де бұл өнерге бет бұруыма 1993
жылғы болған тай жарыстан Нұрмыхан бауырым шабандозы болған тайдың бірінші келуі қатты әсер етті. Содан бастап қолымыздағы қазақы жылқылардың тайларын таңдап,
баптай бастадым. Жыл сайын тәжірибем арта түсті. Баладай
баптаған жылқыңның бабы келіспесе бағы жанбайтынының
сан куәсі болдым. Қателескен жерімді түзетуге асықтым. Ат
баптайтын алдыңғы буын ағалардан
тәлім
алып,
үйренгенімді іске асыруға асықтым. Нәтижем жаман емес,
жемісін көріп жүрмін. Қазақы аттар ұзаққа шабады. Олар
қашықтыққа шапқан сайын бауыры жазылып көсіле түседі.
Ал, асылтұқымды жылқы арынды, ұшқыр, екпіні қатты болады. Кейінгі уақытта осындай таза қанды асыл тұқымды
жылқы өсіруді қолға алдым. 2006 жылы Түгіскенде тұратын
атбегіден алған «Қарлығаш» атты сәйгүлігім
талай топтан озып, олжа салды.
-Тұлпарларыңыздың
тұяғы тозбасын.
қарлығашыңыздың қомақты олжасы қандай
болды?
-Жүйріктерімді
құлын күнінен танып,
баптағандықтан жарысқа қосқан тайларым
Аллаға шүкір алдыңғы үштіктен көрініп жүр. Тай
жарыстың өзіне жиырмаға тарта тай қостым.
Құнан жарыстарында да бәйгенің алдында болып
жүр. Осыдан 4-5 жыл бұрын бір жарыста қос атым
бірдей келді. Аламаннан «Қарлығашым» мотоцикл, құнаннан «Қорланым» квадрацикл ұтты.
Былтырғы жылы Ақтоғай ауданының тойында
«Болашағымның» бағы жанып, 1 орын алды.
Жалпы жүйріктерім жаман емес.
-«Байтал шауып бәйге алмас» - деген сөз бар.
сіздің аттарыңыздың есіміне
қарағанда
ұрғашы мал сияқты. Ендеше шын жүйрік
оған қарамайтын болды ғой.
-Жылқы сезімтал, өте есті мал. Ол сенің көңіл күйіңді
бірден сезеді. Немқұрайлық, жүрдім-бардым қарасың мен
күтіміңді қаламайды. Кейде бабы келіспесе бәйгеге
қосқаныңмен жүгірмейді. Сондықтан ат баптау үшін
жануардың жанын
түсіну
керек сияқты.
Иә, мен
баптаған жылқылардың көбі
ұрғашы мал. Аяғын ауыртқан
соң Қарлығаштың төлін алуды жөн
көрдім. Оның алғашқы төлін алматылық азамат сатып
алған болатын. Былтырғы жылы Атырауда өткен аламанда
иесіне автокөлік сыйға тартыпты. Бұл қуанышты жағдайды
сүйіншілей хабарлаған атбегі тұлпарымның тұқымынан әлі
де алғысы келетінін айтып жеткізді. Аты шыққан малдың
тұқымына қызығушылар көбейді. Алла амандығын берсе
жүйріктерді өсіріп, баптай беремін.
-Тұлпардың жүгіруі шабандозға да байланысты.
шабандоздарыңыз кім?
-Арнайы атқа шабатын адам даярлаған емеспін. Үйдегі інім
Нұрмыханнан басталған шабандоздықты
Жансерік, Санжар, Байболат, Жанболат, Дінмұхамед, Әнуар жалғастырып
кетті. Барлығы біздің әулеттің балалары ғой. Бір-бірінен
үйреніп, машықтанып алған. Олар аттың сырын
жақсы біледі.
-Отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз?
-Әкем мен анам бөле-жармай үйдегі 8 баласын
тәрбиелеп, ер жеткізді. Бүгінгі жеткен жетістік
пен биігіміз сол кісілердің арқасы. Барлығымыз
аяқтанып, қанаттандық. Ақ жаулығы желбіреп,
немере-шөбересіне елжіреген анамыз арамыздағы
ақылшымыз. Алдымда
Дәурен, Дәулетхан
ағаларым, Сәуле, Зәмзагүл апаларым, соңымда
Мырзахан, Нұрмыхан інілерім мен Нұрлыгүл
қарындасым бар. Жарым -Ақтоты ауылда кітапханашы. Балаларымның алды - Байболат
Қарағанды қаласындағы “Ұлан” гвардиясында,
екіншім - Жанболат облыс орталығындағы
С.Сейфуллин театрында жұмыс істейді, өнер жолында жүр. Дінмұхамед - 9 сынып бітірді,
Ақзерім - мектеп оқушысы,- деген атбегі асығыстық кейіп
танытты.
Тұлпар баптау оңай болмағанымен ата кәсіпті ұстанып, ат
жүгіртіп, аламаннан ат оздырған Темірхан Қазкенұлына
жақсылық тілей қоштастық.
салтанат АМАНқЫЗЫ
жатаған укекіремен лас болғандарына алып-сатуға және
оларды осы мақсатта залалданған шарушылықтардан және
ауданнан тыс шығаруға тыйым салынады. Карантин деп
жарияланған шаруашылықтарынан және аймақтарынан
азық-түлікті және жемдік астықты тасымалдау, тек қана
аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі
қызметінің берген карантиндік, фитосанитариялық сертификаттарымен жүргізіледі. Қарағанды облысы бойынша ҚР
АШМ АӨК МИК аумақтық инспекциялары мен жергілікті
атқарушы органдардың 2019 жылға бірлескен іс-шаралар
жоспарына сәйкес, қызғылту кекіре ошақтарын оқшаулау
және жою жөніндегі карантиндік іс-шараларды жүзеге асыру
қажеттігі туралы ауылдық округ әкімдеріне хабарлама және
шаруашылық жетекшілеріне нұсқамалар таратылып берілді.
Сонымен қатар, ауылшаруашылық құрылымдарымен
жатаған укекіремен күресудің кешенді шараларын жүзеге
асыру үшін агротехникалық шараларды жүргізу жоспарлану
керек. Карантинді объектілермен күрес шараларын
орындамаған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарты-
лады.
шаруашылық құрылымдары басшыларының назарына! Химиялық өңдеуге жататын ошақтарға белгі
тақталары қойылсын. Сонымен қатар, бұл ластанған жер телімдерін пайдалануға және мал бағуға тыйым салынады.
Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мерізіміне шаруа
қожалығының бұйрығымен, жүргізілетін жұмыстарды
ұйымдастырға және қадағалауға жауапты адам бекітілсін.
Химиялық өңдеу жұмыстары барысында пестицидтерді
қолдану
Қазақстан
Республикасының
аумағында
пайданалануға рұқсат етілген пестицидтер тізбесіне енгізілген болу керектігі және сақтау, тасымалдау кезінде ереженің
талаптары қатаң сақталуы керек. Қазақстан Республикасы
бойынша гербицидтерді таратуға рұқсаты бар фирмалар
жөнінде мәліметтерді Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясынан (Жамбыл көшесі 124) аласыздар.
Б.діНОВ,
«қР АшМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
жылдамдығына көз ілеспейді. Қара жердің апшысын қуыра
арындай түскен жануарлардың қос танауы делдиіп
құйғытып барады. Соңғы айналым, көз ұшында үш қара
бір-бірімен іркес-тіркес келген құнандардың жарысында
Темірханның құнаны үшінші келді.
-Атбегілік- ата кәсіп, сіз ат баптауды қайдан үйрендіңіз?
- Атбегілікке қызығушылығым бала жастан болғанымен мен
бұл кәсіппен тек әскерден келген 1992 жылдардан бастап айналыса бастадым.
Әкем Қазкен
р
а
л
р
а
п
ұл
т
ң
ы
н
ан
х
р
і
м
е
Т
н
а
ғ
р
а
Топ ж
ау ы л
мектебінде сабақ берген, 40 жыл өмірін балаларға білім
беруге арнаған құрметті ұстаз. Анам-Тишкен бала
тәрбиесімен айналысқан жан. Нағашы әкеміз жылқышы
болған кісі. Құмай тазысын жетегіне ертіп, құрығы қолынан
түспеген нағашы атамыз жылқының жай күйін жақсы білген
кісі еді. Маған бұл өнер сол кісіден дарыған болу керек. Бала
жастан атқа құмар болып өстім. Аты озған азаматтарға
қызығушылығым осы өнерді кәсіп етуге әкелді десем артық
айтпағаным. Бүгінгі таңда тек ат баптаумен айналысып отырмын. Жүйрігің топтан озса марқаясың, жетістігіңді көрсең
ы
Карантиндік арамшөп-жатаған (қызғылт ) укекіреге қарсы күрес шаралары туралы
Жаңаарқа ауданы бойынша карантиндік объектілерді
уақытылы анықтау және ошақтарын айқындау үшін
«Республикалық фитосанитарлық диагностикалық және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік
мекемесі қызмет етеді. Ауданда карантиндік объект жатаған
(қызғылт) укекіре болып табылады. Республикалық және
жергілікті маңызы бар автомобиль жол жиектерінде,9
ауылдық округте,7 шаруа қожалығының 4373,3 га жерлері
залалданған. Карантин режимі енгізіліп, карантиндік объектілерді оқшаулау және жою жұмыстары жүргізіледі. ҚР
«Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 18 бабы 2 тармағы
1 тармақшасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы объектілер мен жер
учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын
оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жеке және заңды
тұлғалардың қаражаты есебіне жүргізіледі. Ластану
дәрежесіне қарамай укекіремен ластанған тұқымдарды себуге
кесімді түрде және ластанған жерлерде ауылшаруашылық
дақылдарының тұқымдық учаскілерін орналастыруға тыйым
салынады. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымының
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 7
29 маусым 2019 жыл
Өмірі өнермен ұштасқан
Оспанов
Бейсенбай
Пазылұлы
өнер атты
к и е л і
құдіреттің
әлемін
б а ғ ы н д ы р ы п ,
қуанышына
сүйініп,
өкінішіне күйініп қана
қоймай, өнерді бар
өмірім деп түсінетін жан. Ол кісінің майда қоңыр дауысын,
әдемі дикциясын білмейтін аудан
тұрғыны кемде кем. Бейсенбай аға қажет кезде
шарықтатып, атой салдыратын, бірде мамыражай
көңіл-күйге
түсіретін,
кейде керісінше көңілдің
ең нәзік пернелеріне дөп
тиіп, көзге жас алдыратын
тамаша дауыс иесі. Ол кісі
сізге бұл күйді шырқап ән
салмай ақ, жай ғана
әдемілеп
мәнерлі
мақаммен сөйлеу арқылы
сыйлай біледі. Себебі, бұл
кісінің
бойында
жүргізушілікпен бірге актерлік шеберлік астасып
жатқаны аян. Бейсенбай
ағаның
ерекше
жүргізушілік икемі мен
қабілетін алғашқы рет
байқаған ауданымызға танымал тұлға, мәдениет қайраткері, марқұм Мәруаш Еленбаева
екен.
-Негізгі мамандығым - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі,-дейді Бейсанбай аға өнердегі алғашқы қадамдарын
еске алып. -Оқуды аяқтасымен Чехославакияда Отан
алдындағы борышымды өтедім. Келгеннен соң, Қарағанды
облысы, Сұрыптау станциясында ішкі істер органдарында 3
жыл қызмет еттім. Өмірім өнер арнасына бұрылады деп ойлаппын ба? Одан 4 жыл бойы келісім-шарт арқылы Зеленая
балка жерінде қызметте болдым.
Өздеріңізге белгілі әскери өмір адамды қаталдыққа бейімдейді. Мінезіңде өзіңе деген, өзгеге деген қаттылық болмаса,
еліңді
қорғау қиын. Ал, өнер иесі керісінше жаны нәзік, сезімтал
болуы тиіс. Ішімдегі осы өнер иесі үнемі бұғып отыратын.
Келісім-шарт уақыты аяқталып, туған жеріме оралдым. Отбасын құрдым. Қазақтың жиын-тойы біткен бе, жайлап
асабалықпен айналыса бастадым. Бұл әрі жаныма жақын
жұмыс болды. Осындай тойдың бірінде Мәруаш
Еленбаеваның назарына іліктім. Сол кісінің ықпалымен 2000
жылы аудандық мәдени-сауық орталығына жұмысқа орналастым.
-демек, өнер жолындағы өміріңіз осы кезден
басталды ғой...
-Дұрыс айтасыз. Жүргізушілік қызметте
жүріп, көптеген жетістіктерге жеттім. 2004
жылы Қарағанды облысы бойынша Оралхан
Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері
арасындағы сайыста І орынды иелендім. 2005
жылы "Ауыл береке" жәрмеңкесі бойынша
ұйымдастырылған сайыста "Ең үздік
жүргізуші" номинациясы бұйырды. Осымен
қатар өзімнің актерлік қырымды да сынап
көруге бел байладым. Әрине, жүргізушілік те
үлкен актерлікті талап етеді. Кештің райына
қарай дауысыңды да мың құбылтып, түрлі
мақамға салып көрерменнің көңіліне әсер
етуді ойлау қажет. Әрі үнің мен бет-бейнең де
үндесіп отыруы қажет. Тыңдарманды селт еткізіп баурап алмаса, айтылған дүниенің бәрі бос
шаруа.
Алғашқы рет марқұм Мәруаш Еленбаева жетекшілік ететін
халық театры сахналаған "Қыз Жібек" пьесасында
Төлегеннің жолдасының рөлін ойнадым. "Думан" әзіл-сықақ
7
театрында да рөлдерді шығарып жүрдім.
-Бүгінде осы серік Ысқақов атындағы халық
театрының режиссері өзіңізсіз. "Жылдың үздік театр режиссері" атандыңыз. қойылымдарыңыз облыстық,
республикалық байқауларда жүлдегер атанып жүр...
-Иә, шүкір деймін. Үлкен еңбек пен маңдай тердің нәтижесі
бұл. Мәруаш Еленбаева қайтыс болғаннан кейін халық
театрының жұмысы тұралап қалды. Үш жыл
болды театр жұмысы өзіме тапсырылып,
жандандыруға барынша ат салысып жатырмыз. Осы күнге дейін "Бір түп алма ағашы",
"Жеңгетай", "Шырмауық", "Сәкен аманаты"
қойылымдарын
сахнаға
шығардық.
Халықтың оң бағасын алып, қошеметіне
бөлендік. 2016 жылы "Шырмауық" пьесасымен облыстық байқауда ІІ орынға ие болдық.
2019 жыл біз үшін жемісті жыл болып тұр.
"Жылдың үздік театр режиссері" атты
Қарағанды облысы әкімдігінің сыйлығына
ие болдым. Қарағанды облысының
мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасы мен облыстық мәдени-сауық
және халық шығармашылығының ғылымиәдістемелік орталығы С.Сейфуллиннің
туғанына 125 жыл толуына арналған
көркемөнерпаздар театр ұжымдарының
облыстық байқауында "Жеңгетай" комедиясын шынайы шеберлікпен сахналап, байқау
биігінен
көрінгені,
өнердің
озық
үлгісін
танытқаны үшін театрымызға І дәрежелі
диплом табыстады. Оған қоса 350 000
(үш жүз елу мың) сомалық сертификат
берілді.
Жақында ғана Атырау қаласынан
театр ұжымы іс сапардан келді. Бос келген жоқпыз, қанжығамыз майлана келді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
күйші-композитор, Атырау өңіріндегі
алғаш халық театрын құрушылардың
бірі Нариман Үлкенбайұлының 80
жылдығына арналған І республикалық
халық театрлары фестиваліндегі шығармашылық
жетістігі мен шеберлігі
үшін "Үздік әйел адам
бейнесі" номинациясы бойынша біздің театр марапатталды және 300
000 (үш жүз мың) теңгеге сертификат табысталды. Жалпы бұл сапарымыздан алған
әсеріміз керемет болды. Атырау халқының
қонақжайлылығы, өнерді құрметтейтін үлкен
ілтипаттары ұнады. Жалпы мұндай үлкен
байқауға театр ұжымы соңғы рет 1989 жылы
Курск қаласына шыққан екен. Сондықтан, біз
үшін бұл үлкен сынаққа, тәжірибе алмасуға
толы, түрлі көзқарастар түйіскен сапар болды.
-Кезекті пьесаны таңдағанда нені
басшылыққа аласыз?
-Біздің театрдың дәрежесі "халықтық"
болғандықтан, актерлердің барлығы әуесқой.
Пьесаны оқи отырып, ондағы бейнелерді актерлерім ойнап
шыға ала ма, алмай ма соны ойланамын. Себебі, маған
туындымның халық жүрегінен орын алып, өміршең
болғандығы қажет. Ол үшін қойылым сахналанғанда әр образ
көрерменді өзіне сендіре алуы қажет. Ол үшін талант пен
талап, таудай еңбек керегі даусыз. Бұл орайда командамда сенімді актерлерім баршылық. Олар осы мәдени-сауық
орталығының қызметкері Иманұр Айтжан, Жалын
Сыздықов, Айдын Аханбаев және Б.Амалбеков атындағы
мектептің ұстазы Ардана Құспекова. Театрдың жұмысы ол
ұжымдық жұмыс. Жеткен жетістіктеріміз осы ұжымның
еңбегі мен бірлігі арқасында келіп отыр.
Осы театр жұмысынан
бөлек портреттік кештер,
түрлі тақырыптағы өнер
кештерін ұйымдастырып,
жүргіземін.
-Биыл ауданымыз үшін мерейлі тойлар жылы. Осыған
орай қандай жоспарларыңыз бар?
-Белгілі драматург, Жазушылар Одағының мүшесі, ақын
Ғазиз Ештанаевқа арнайы тапсырыспен пьеса жаздырғалы
жатырмыз. Бұл игілікті жұмыс үшін аудан әкімі Юржан
Бекқожиннің бастамасымен арнайы қаражат бөлінбекші.
Әрине, Сәкен бабамыз жайында жазылған сахналық
шығармалар жетерлік. Бірақ, оның ешқайсысында Сәкеннің
туған жері, туған-туыстары, жанында жүрген адамдары жайында кеңінен айтылмаған. Ол пьесада Иманақ тауы, ауданға
алғаш рет теміржолдың келуі, жалпы ұлы тұлғаның қатысы
болған жайттардың барлығы көрсетіледі деп жоспарлануда.
-Енді кейінгіге шегініс жасасақ. Өнер деген құбылыс ол
туа бітті адам бойына даритын қасиет. Өнер сізге қай
жағыңыздан келді?
-"Домбыраның жақсысы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы
нағашыдан" демекші, нағашы ағаларым әнші, күйші болған
азаматтар. Анам төркін жағынан келген өнерді үнемі айтып
отыратын. Анам өзі өмірге 6 ұл, 4 қыз әкелген батыр ана.
Әкем Ұлы Отан соғысының ардагері, теміржол саласында
ұзақ жылдар қызмет еткен еңбек ардагері, 2002 жылы көз
жұмды.
-Өмірдегі әріптестеріңіз жайында айтып өттіңіз. Енді
өмірдегі тірегіңіз, жарыңыз жайында, отбасыңыз турасында әңгімелесеңіз.
-Жұбайым - Аханова Гүлмира Рахметқызы. Б.Амалбеков
атындағы мектеп директорының орынбасары. Қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің маманы. 2003 жылғы облыстық "Жыл
мұғалімі" байқауының жүлдегері. Менің өмірдегі де, өнердегі
де
серігім,
сырласым.
Отбасының
ұйытқысы,
балапандарымның анасы. Гүлмира өзі де шығармашылыққа
жақын, себебі өнерлі өлке Ақтоғай өңірінің тумасы. Менің
өнер әлемінде алаңсыз жүруім, көптеген жетістіктерге қол
жеткізуім осы жарымның арқасы. 2015 жылы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыстық деңгейінің жеңімпазы
атандық. Тұңғышым-Ақниет Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика
мамандығы бойынша оқып жатыр. Қазақстан ұлттық арнасы
ұйымдастырған "Әуесқой тілші" байқауының І орын иегері,
Қазақ радиосы ұйымдастырған М.Мақатаевтың өлеңдерін
мәнерлеп оқудан І орын иегері, облыстық Абай оқулары
байқауының
жеңімпазы,
Сарыарқа
телеарнасы
ұйымдастырған "ҚарМУ аруы" атағының иегері,
халықаралық "Тұлға" фестивалінің көркемсөз номинациясы
бойынша ІІ орын иегері. Сахнада үш жасынан бастап ойнап
келеді. "Сәкен аманатындағы" Сананың рөлін сомдаған,
жалпы балалардың образын ашу ол үшін қиындық келтірмейтін. Баламның қабілетін ұштап, білмеген үйрететін бірінші
ұстазы әрине өзім. Бүгінде қосымша "Хабиби" атты
шығармашылық топта еңбек етеді.
Екінші балам - Мәди Б.Амалбеков мектебінің 8-сынып
оқушысы, оқу үздігі. География пәнінен облыстық
олимпиадада ІІІ орын иегері атанған. "Ақберен"
облыстық байқауында көркемсөз номинациясы
бойынша І орын алған, Қарағанды қаласында
өткен "Туған өлке" ғылыми жобасының ІІ орын
иегері, облыстық Абай оқуларында эссе номинациясы бойынша мадақтама алған. Аудандық
"Ұлы даланың жеті қыры" форумында ғылыми
зерттеу жобалары бойынша І орын, Т.Көкетаев
атындағы аудандық ғылыми-практикалық конференциясында І орын алған. Спорттың бокс
түрінде бағын сынап, жүлделі орын иегері
атанған. Кенжем - Нұрмұхаммед 2-сынып
оқушысы. Сауат ашу пәнінен Кио олимпиадасынан І орынды жеңіп алған, аудандық С.Сейфуллин
атындағы
"Жырлайды
жүрек"
байқауында көркемсөз номинациясы бойынша І
орынға ие болды.
-Өміріңізге де, өнеріңізге де тек сәттілік тілейміз!
Жетістіктеріңіз арқылы аймағымыздың аты шартарапты шарласын!
салтанат БАлТАБАйқЫЗЫ
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 8
29 маусым 2019 жыл
28 маусым - журналистер күні
8
сүйінші!!!
АМАНдЫқ РАХҰлЫ «қАЗАқсТАННЫҢ қҰРМЕТТі ЖУРНАлИсі» АТАНдЫ
Аудандық «Жаңаарқа» газетінде алғаш еңбек жолын
бастаған, “Жаңаарқа” газеті
қанат қаққан алтын ұясы
болған, жерлесіміз Амандық
Рахұлы марапат биігінде.
Еселі еңбегі мен алғырлығы,
журналистика
саласына
сіңірген
еңбегі
еленіп,
“Қазақстанның құрметті журналисі” атанды.
Рахұлы Амандық - 1952 жылы
Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында туған.
Жаңаарқа өңірінен шыққан танымал журналистердің бірі.
1979 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Қазақстан
Журналистер
одағының мүшесі.
Еңбек жолын 1974 жылы аудандық "Жаңаарқа" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып
бастап, Ақадыр аудандық "Ағадыр таңы" газетінде (1976-83 ж.ж.) жауапты хатшы,
редактордың орынбасары, Приозерный ауданының "Ленин жолы", "Ленинский путь"
газеттерінің (1983-85 ж.ж.) бас редакторы, Жезқазған облыстық "Жезқазған туы" газетінің
(1985-96 ж.ж.) бөлім меңгерушісі, облыстық әкімшілікте бас инспектор, қалалық "Сарыарқа"
газетінің (1997-2002 ж.ж.) бас редакторы болып қызмет істеді.
2002 жылдан бері Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің Жезқазған
аймағының тілшісі.
2008-2014 жылдары Жезқазған аймақтық "Мысты өңір" газетінің бас редакторы болды.
Баспасөздегі ұзақ жылғы қызметіне орай, Жезқазған облыстық кеңесінің, Қазақстан Журналистер одағының, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Амандық Рахов 1995 жылы "Қазақ энциклопедиясы" бас редакциясынан шыққан
"Боздақтар" кітабын шығаруға қатысып, редакция алқасының мүшесі болған.
2004 жылы шыққан "Жезқазған" энциклопедиясын құрастырушыларының бірі.
2009 жылы Астанадағы "Фолиант" баспасынан жарық көрген "Ауған оты шарпыған" және
"Жүрек жарасы" кітаптарына очерктері мен деректі әңгімелері енгізілген.
“Сарыарқа” сериясымен жарық көрген бірнеше томдық кітаптарға көптеген очеректер
жазған. “Тарпаң тірлік” атты кітаптың авторы.
2013 жылы облыс әкімінің “Алтын сұңқар” сыйлығын иеленген. Бүгінгі күні белгілі журналист Жезқазған аймақтық “Сарыарқа” газетіне қалам тербеп жүр.
Қарағанды қаласындағы «Достық» үйінің салтанатты
залында
үлкен жиын өтті. Бұл
облысымызға қарасты барлық қала
мен
аудандардағы баспасөз өкілдері мен теледидар
және
радио
торабындағы журналистер
қауымының бас қосқан отырысы. Бір шаңырақ астына топтасқан журналистер қауымымен
кездескен облысымыздың басшысы Ерлан Қошанов жиналған қауымды журналистер
күнімен құттықтап, өңірімізде
қоғаммен біте қайнасқан журналистер легінің қалыптасқанын
мақтанышпен жеткізді. Ауылда
шыңдалып, аймақ пен өлкемізге
аты мәлім журналистердің көбі
арқа төсінен қанаттанғанын баса
айтқан
облыс
басшысы
аймағымызда
тарайтын
телеканалдардағы
өзекті
бағдарламаларды даярлап, тарататын тележурналистер мен газеттерге айшықты мақала жазып,
мәселе көтеретін журналистердің
бағдарламалары
мен
мақалаларына тоқталып өтті.
Елмен етене жұмыс жасайтын
баспасөз өкілдерінің қоғамдағы
рөлінің жоғары екеніні атап
өткен облыс басшысы барша
журналистерге толайым табыстар мен жетістіктер тіледі.
Келесі кезекте журналистер күніне орай ұйымдастырылған облыс әкімінің «Алтын
сұңқар» байқауының үздіктері анықталып, жиынға арнайы қатысқан қонақтар мен облыс
әкімі Ерлан Қошанов байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Марапат төрінде біздің «Жаңаарқа» газетінің журналисі - Қасым Мөлдір Ерсайынқызы да
бар.
«Алтын сұңқар»
марапатының
иегері
Мөлдір Ерсайынқызы
«Жаңаарқа» газетіне
студенттік жылының
алғашқы курсында келген болатын. Өткенге
шегінсек, 2012 жылы
аядай бөлменің есігін
ашып: “Сәлеметсіздер
м е ? ” - д е г е н
жарқылдаған дауысқа
бәріміз жалт қарадық.
Көзінен ұшқын атқан
ұзын бойлы ширақ қыз
бөлмеге енді. Өзін:
“Мен,
Мөлдір
Қасыммын,
Евней
Бөкетов
атындағы
Қарағанды Мемлекеттік
университетінің
журналистика
факултетінің 1 курс
студентімін”,- деп таныстырды. Сол кездегі «Жаңаарқа» газетінің редакторы Бахтияр
Көшмағанбетов Мөлдірге жетекші етіп мені тағайындады. Ойын ортаға ашық айтып, өзінің
көзқарасының бар екенін байқатқан Мөлдір бірден жұмысқа кірісті. Мамандығын жақсы
көргендігі, өзінің журналист болуға деген құштарлығы болар Мөлдір сол тәжірибе
жинақтауға келгеннен бастап бір күн жұмысты босатып, жұмыстан қалған емес. (Жалпы
біздің ұжымға тәжірибе жинақтауға келетін студенттердің жұмыстан қалуға деген, тәжірибе
жинақтауға қатыспай қоюға деген сылтауларының көп болатыны жасырын емес).
Тапсырманы беріп, Мөлдірді
тілшілер
қауымының қызық та, қиын
жұмысына
жұмсауым басталды. Көргенін көркем сөзбен
кестелеп жазуын қадағалап қоямын. Нақты,
дәйекті жазу басты бағыт екенін аңғартқан
Мөлдірдің аяқ алысы келгеннен-ақ көріне басталды. Қолындағы қағазға түртіп алғанын
әдемілеп, тартымды және татымды ақпарат беруге баулыған сайын қызыға түсетін. Өткен
іс-шараларды қамтыған мақалаларының қатарына еңбекте шыңдалған азаматтар жайлы
жазған ақпараттары қосылып, шыңдала түсті. Тәжірибе жинақтау уақыты бітіп, Мөлдір
бізбен қимай қоштасып, оқуына қайтты. Сол жылдың жазында: «Мен жазғы демалысымда
сіздермен бірге жұмыс істегім келеді»,-деп қайтып келген Мөлдірді біз қуана қарсы алдық.
Қолбаладай жүгіріп, жұмсаған жеріңе барып, ақпаратты алып келетін, оны жазып даярлайтын, жұмысқа ынтасы зор Мөлдір бізді осылай баурай түсті. Ақысыз-пұлсыз үш ай жұмыс
істеген жас журналист оқуына қайыра кетті.
Қаладан демалысқа келсе алдымен келіп, сәлем беретін «Жаңаарқа» газеті оны, ол газетті
сағынатын қалге жеттік. Келген сайын газеттерді ақтарып, қандай өзгеріс, жаңалық болып
жатқанын сұрап, өз ойын айтып жүретін. Біздің газетте орын болса жұмысқа тұратынын да
үнемі еске салатын еді.
2013 жылдың жазында біздің ұжымда бала күтіміне байланысты демалысқа кеткен маманымызды уақытша алмастыруға Мөлдір жұмысқа қабылданды.
Жұмыс пен оқуын қатар алып келе жатқан Мөлдір 2015 жылы оқуын тәмәмдап, дипломды маманға айналды. Қаламы мен ойының ұшқыр екенін мақала жазуы арқылы
байқатқан Мөлдірдің мақалалары 2012 жылдан бастап біздің газетте жарияланып келеді.
Ойы озық, жазу стилін қалыптастырған Мөлдір ақпарат беруде өз шеберлігін байқатып
келеді.
Бір үйдің аяулы қызы бүгінде бір отбасының инабатты келіні атанған Мөлдір жары
Рүстем Шарипов екеуі Әлихан атты балаларын тәрбиелеп отыр.
Мөлдірге тапсырылған әр тапсырма уақытылы орындалады. Негізгі жүктелетін міндет
зерттеулер мен сұхбаттар жүргізу, хат қоржынына түскен материалдарды қорыту, өңдеу,
алдағы шығатын газетке қажетті мақала дайындау, мерекелік шаралар, өткен іс-шараларды
айшықтап газетке дайындау болса, берілген тапсырманы нақты әрі тез атқаратын Мөлдір
өзін өте қабілетті, жігерлі және талантты журналист ретінде көрсетеді. Мөлдір тапсырған
жұмысты дер кезінде, кейде – мерзімінен бұрын, орындайтын қабілетің иесі. Ол өткізген зерттеулер жан-жақты,
жете және анық, ал
тексерген фактілері
айқындылығымен
ерекшеленіп
тұрады.
Ол
мақалаларды
айқын, қысқа және
мәнерлі жазады.
Көркемдеу стилін
д
е
қалыптастырған.
Ортасына сыйлы,
қандай тапсырма
болмасын шапшаң
әрі тез орындап,
тиянақты жазатын
Мөлдірдің бұл марапаты еңбегінің
жемісі.
Талғамы
зор
талантты
қызметкер Мөлдір
Ерсайынқызының
өз мамандығына
деген сүйіспеншілігі, жанының нәзіктігі мен пейілінің дархандығы, бойындағы жақсы
қасиеттері оны әлі талай биіктерден көрсететіні анық. Мөлдірдің тартымды туындылары,
әсерлі әңгімелері топтасқан кітаптың жарық көретіні болашақтың еншісінде және мен оған
кәміл сенемін.
салтанат АМАНқЫЗЫ
салтанат
Мөлдір - марапат төрінде
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 9
29 маусым 2019 жыл
ТУҒАН ЖЕР. сӘКЕН ЖӘНЕ «ЖЫНдЫ» ӘБЕН
Туған жерін сағынып еске алмайтын адам болмайды. Біздің
қазақ туған жеріне кіндігінен
байланып, арқандаулы аттай
соны айналып жүретін халық
қой. Аз уақыт ұзап кетсең де,
есіңнен шықпайды, сол жерде
өткен балалық шағың, жастығың
еске түседі. «Ер туған жеріне, ит
тойған жеріне»- деп тегін айтылмаған болар. Мен туған жер
– Қарағанды-Жезқазған теміржолының бойындағы Жаңарқа
ауданы. Аудан орталығынан асфальт жолмен Жезқазғанға
қарай жүрсең, 70 шақырымдай өткен соң «Бес маршал» деген
жер кездеседі. Бұрын Жезқазғанға қатынайтын автобус аялдамасы да солай аталған.
Елуінші жылдардың бас кезінде зейнетке шыққаннан кейін
біздің әкей (Смайыл Қирабаев) осы жерден қоныс теуіп, үй
тұрғызған екен. Соны көріп, өзімен құрбы тағы төрт шал
(ішінде Көкі, Жүкен деген аталас туыс-замандастары бар) үй
салыпты. Бұрын бұл жерде қыстау көрмеген бір өкіл өтіп
бара жатып, қасындағы Өндібай деген жігіттен бұл кімдердің
үйі деп сұрапты. Сонда қуақы Өндібай: «Мұнда бес маршал
тұрады» депті. Содан сол жер «бес маршал» аталып кеткен.
Кейін әкем өзін сол жерге жерлеуді өсиет етті.
... Құрылыс аяқталған соң сол жылы әкейді бірінші ауылға
ауылдық кеңестің төрағасы етіп жіберді. Ауылдық кеңестің
орталығы «Еңбек» колхозында болатын. Мен төртінші класты сол ауылда оқыдым. Бұл – Жаңарқаның шығыс бетінде,
Оспен (Нілді) руднигіне таяу ауыл еді. Әкейге еріп рудникті,
ағылшындар тастан салған үйлерді, мектепті (кезінде Сәкен
оқыған) көрдім. Сәкеннің аты бұл кезде дүрілдеп тұрған. 1936
жылы оның шығармашылық қызметінің 20 жылдығы аталып,
мектептің алдында суреті мен плакат ілінген екен. Әкей мен
оған еріп барғандарға рудникті көрсеткен адамдар Сәкен
атын мақтанышпен атағаны есімде. Бұл ауылда бір жарым
жылдай тұрдық. Аштықтан жүдеп шыққан елдің тіршілігі
ұлғайып, есін жиғанына куә болдық. 1936 жылғы КСРО Конституциясын қабылдау (әуелде жобаны талқылау), КСРО
Жоғарғы Кеңесінің бірінші сайлауын өткізу сияқты
науқандарды абыроймен өткізген әкейді 1937 жылдан бастап
айналдыра бастады. Жаңарқа аудандық партия Комитетінің
бірінші хатшысы Мәжит Ордабаев ұсталды. Абдолла Асылбеков, Мансұр Ғатаулиндермен бірге Қарағандыда өткен
атақты сот процесінің шешімімен атылып кетті. Нұғман
Тәукин ұсталды. «Халық жауларын әшкерелеу» ауданда
қатты жүрді. Смайыл Тондығұлов деген аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы қатыгез, әпербақан адам еді. Сол Сәкен
Сейфуллин, Жанайдар Садуақасов сияқты сол елден шыққан
адам-дардың елге келген кезінде кездескен, әңгімелескен
адамдарын, туған-туыстарын (ішінде Сәкеннің қарт әкесі
Сейфолла да бар) тізімдеп, түрмеге тықты. 1936 жылы
Жаңарқада үлкен бір жәрмеңке өткен. Бұл тұрмысы жүдеу
елдің малын сатып, керек-жарағын алуына, саудаға араласуына көмектесетін шара есебінде ұйымдасқан бо¬латын.
Сол жәрмеңке мал басын кемітіп жі¬берді, әдейі
қастандықпен жасалды деп, оған қатысқан, мал сатқан,
жәрмеңкені ұйымдастырған адамдардың бәрін ұстады.
Ішінде талай сауатсыз, саясаттан хабары жоқ қарт
адамдардың кеткенін көзімізбен көрдік.
Бұл жылдары мен аудандық мектепте оқыдым. Біз 1-ауылға
көшерде екі қабатты жаңа мектеп салынып жатқанын
көргенмін. Мектебіміз орта мектеп дәрежесін алып, сол жаңа
үйге көшкен екен. Бесінші кластан бастап, бітіргенше мен сол
мектеп қабырғасында тәрбие алдым. Мұғалімдерімнің
көпшілігін қазір ұмытыппын. 5-6-кластарда қазақ тілі мен
әдебиетінен Балғатайдың сабақ бергені есімде. Тарихтан
Ақтай Ишмұхамедов берді. Сәнді киінетін, сыпайы, жас жігіт
еді, қысқы демалысқа шығып қайтып келсек, аудандық комсомол комитетіне хатшы болып кетіпті. Содан өсіп,
Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
болды. Ол кеткеннен кейін тарих сабағын Дамыл Ысқақов
жүргізді. Алаңғасарлау, тілін шайнап сөйлейтін, аузына келгенін айта салатын, балалардың алдында ұстаздық этиканы
сақтай бермейтін… География сабағынан берген жақсы
мұғалім Төлеухан Хамитов есімде қалыпты. Картаны жақсы
білетін және салмақты түсіндіретін еді. Соның арқасында
география менің жақсы көретін пәндерімнің біріне айналды.
Соғыс кезінде әскерге алынып кеткен осы ұстазымды 1944
жылы мен Қарағандыда кездестірдім. Жаңа қалада Киров
көшесінің бойымен келе жатыр едім, облыстық оқу бөлімінен
қос қолтығына балдақ тіреген, аяғын баса алмай бір мүгедек
адам шығып келе жатты. Көзіме жылы ұшырай кетті. Таныдым – Төлеухан ағай екен. Тоқтап сәлем бердім. Аты-жөнімді,
өзінен оқығанымды айттым. Ол да есіне түсірді. Соғыста
қатты жараланып, госпитальда ұзақ жатып, елге қайтыпты.
«Елде жұмыссыз жүруге болмайды ғой, оқу бөліміне кіріп,
Қарқаралыға жолдама алып кетіп бара жатырмын» деді.
Кейін кездескен емеспін. 8-9-кластарда әдебиеттен сабақ
беріп, менің осы пәнге деген ықыласымды оятқан мұғалім –
Жарылғапов, атын ұмыттым. Әскерге кетіп, қайтпай қалды.
Химиядан Мұқан (Мұқым) Қайыржанов дейтін мұғалім
сабақ берді, ол да соғыстан қайтпады. Соның ілтипатымен
9
мен химияны да жақсы оқып едім. «Сенен химик шығады»
деуші еді ол. Кейінгі жағдайлар (оқудан қол үзіп қалуым) оны
бұзып кетті. Химия сияқты ғылым үнемі жаттығуды,
зертханалық жұмысты талап етеді ғой. 9-10 класта математикадан мектеп директоры Бименде Амалбеков сабақ берді. Бұл
да адам ретінде де, ұстаз ретінде де аяулы азамат еді. Білімді,
сыпайы, кісілігі бар – нағыз зиялы.
Негізінен кісі үйінде жатып оқыдым. Қайда жататынымды
әкей шешеді. Үш жылдай Әбдібектің Мәтісінің үйінде жаттым. Ол – әкейдің туған нағашысының жақын туыстары еді.
Мәті, Күлшіман, жалғыз ұлы Қаратай – үшеуі-ақ, бастары
шағын, Қаратайға серік болады, басқаша салмақ түсірмейді
деп әкей келісіпті. Осы үш жылдың ішінде сол үйдің өз баласындай болып кеттім. Мәтекең әкемдей, Күлшекең анамдай, Қаратай ағамдай болды. Кейін олар өмірден өткенше
сыйластығымыз бұзылған жоқ. 6-ауылда біздің әкей 1942
жылдың басына шейін істеді, 1941 жылдың сәуірінде
Төлеупас апам қайтыс болды. Бүкіл отбасымыз, ағайын-туыстарымыз жетім қалғандай күй кешті. Аяулы кісі еді. Жаздың
аяғына қарай әкей қайта үйленді. Айтыман деген жас келіншекті көрші ауыл – «Жеткіншектен» алып келді. Отыздың
ішіндегі көрікті адам екен, күйеуі 1937 жылы ұсталып кетіпті.
4 жасар қызымен бар, аты – Шайда. Біздің үйдің балаларына
тез үйреніп кетті. Кейін Смаилова боп мектепке барды,
тұрмысқа шықты, туған қарындасымыздай біздің
ошағымыздың бір жағын толтыруға жарады. Айтыман анамыз да балаларды өз туғанындай бауырына басып, ағайынтуыспен, елмен тез тіл табысты. Айтыман келгеннен кейін
менің қызық көріп танысқан адамым – жынды Әбен. Сәкен
Сейфуллинмен аталас, бір ауылда өскен, оның қасында көп
жүрген, сайқымазағы, қалжыңқой серігі болған Әбен Айтыман түскеннен кейін «құтты болсын» айта келіп, бір ай
жатты. Соның аузынан алғаш рет Сәкен жайында әңгімелер
естідім. Аузына берік Әбен оңаша қалғанда, үй ішінде жас
кезін, Сәкенмен бірге жүрген күндерін, күлкілі оқиғаларды
есіне түсіреді. Сәкеннің дүрілдеп тұрған кезінде Алматыға да
барыпты. Кейін Сәкен ұсталғанда, онымен байланысы бар
деп Әбенді де тұтқындапты. Ауылдың сауатсыз шалы,
сайқымазақ, қулығынан басқа қолынан келері жоқ, саясаттан
хабарсыз адамның жаулығын дәлелдей алмай, бірер жылдан
кейін босатып жіберіпті. Сонда қайтып келген Әбен: «Менің
қадірімнің кетіп жүргені осы кез ғой. Әйтпесе, мен дәретке
отырғанда екі жағымда екі милиция күзетіп тұрушы еді»
депті. Осы сөзді өз аузынан естідім. Кейін Сәкен
шығармаларын оқыған кезде Сәкеннің «Сол жылдарда»,
«Қызыл сұңқарлар» сияқты шығармаларында байдың жалшы
жігіті, қуақы Әбеннің күлкілі оқиғаларын жазғанын көрдім.
«Сол жылдарда» романында Әбен орындайтын «Қараторғай»
әнінің нұсқасы жайында жазыпты. Оны мен де тыңдағам.
Аудандық теміржол клубында Қарағандыдан артистер келіп,
біреуі «Қараторғайды» айтқанда, Әбен: «Қарағым,
«Қараторғайды» олай емес, былай айтады» деп
орындағанының куәсі болғам.
Шынында, Әбеннің «Қараторғайы», оның шиқылдап кеп
қайырылатын қайырмасы ерекше әсерлі болатын. Сызылып
шығатын, әдемі жіңішке дауысты Әбен әнді аса шебер орындайтынын Сәкен: «Еққу-ее-е-е дегенде көмейін бүлкілдетіп,
дыбысты көмейінен, тамағынан шығарып, қараторғайдың
сайрағаны сияқтандырып, көмейін, тамағын қылқылдатып,
үнін қайырып, қысық көздерін онан сайын қысып, жылтырата күлімдеп, мойнын қылқың еткізеді» деп суреттеген. Осы
жіңішке дауыспен оның ұзатылған қыз боп сыңсығанын,
толғатқан әйел боп зарлағанын мен Әбеннің өз аузынан естідім. Сәкен туралы әңгімелерге кейде Айтыман да қосылып,
жас кезінде Сәкенді ауылға келгенде көргенін, ауылдың
қыздарына бір-бір иіс сабын, иіссу сыйлағанын, соны өзі
ұзатылғанша сақтағанын айтады. Әбеннің тағы бір ерекшелігі – малжандылығы еді. Өмірінде қолмен еңбек етпеген, мал
бақпаған, егін екпеген, тек ерке боп ел үстінде жүрген Әбен,
табиғатынан ба екен, малжанды еді. Ол бір ай жатқанда біздің
үйдің таңертең ұстатпай, желіге байлаудан қашып жүретін
құлындарын қолға үйретіп кетті. Бірдеңе деп олармен өзінше
сөйлесіп, жалын қасып, еркелетіп бойына үйретіп алды. Бізден қашқан құлындар Әбенді көргенде алдына барып тұра
қалатын. Халық жиналып Әбеннің әңгімелерін тыңдайды,
күледі, мәз-мейрам болады. Сөзді сыпайы, өзі күлмей, ел
күлетіндей тауып айтады. Юморы да, кекесіні де бай адам
еді. Қақырынып, жөткірініп отырып, қақырығын есікке қарай
атып жібергенде, ол өзіне ұнамаған біреудің бетіне сарт ете
түсетін. Қақырығының өткірлігіне, өзінің мергендігіне
таңғаласың. Сол жылы соғыс басталды. Соғыс басталар алдында күн тұтылды. Күн бетін ай түгелдей көлеңкелеп,
қараңғы түсіп, ит үріп, сиыр мөңіреп, қой маңырап, у-шу
болған. Жұрт жаманшылыққа жорыған еді.Мен ауданда
оқығанмен, ауыл арасы таяу, оның үстіне анамыздың қайтыс
болғаны бар, екі ортада жүргенім көп болды. Сөйтіп, әкей
ауылдағы қызметінен ауысып, ауданға келгенше жүрдім.
Әкей аудандық мемлекеттік сақтандыру бөліміне бастық
болып бекіп, қыс ішінде ауданға көшіп келді. Айтыманның
күйеуі әскерге кеткен немере сіңілісі (аты – Сәлкен) бар еді,
соның үйіне кірдік. Үш бөлмелі үйдің бір бөлмесінде екі баласымен өзі қалып, екі бөлмесін бізге берді. Осы үйде Айтам
серік қИРАБАЕВ,
академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
босанып, ұл туды, атын Сәбитке ұқсатып, Совет қойдық.
Кейін Майра (1945), Мария (1948) атты қарындасты болдық.
Бірақ Советтің өмірі ұзақ болмады, жаңа жүгіріп жүрген кезінде өмірден өтіп кетті. Майра мен Мария бойжетіп тұрмыс
құрды. Балалы-шағалы.
1942 жыл – біздің соғыс ауыртпашылығын қатты сезінген
жылымыз. -Нанды карточкамен аламыз, оның өзі дүкенде
үнемі бола бермейді. Әкей келісіп, аудандық асхананың буфетінен алатын етіп тіркетіп қойды. Оған мен барам. Нанды
аз берген күні бізге жеткізбей, асхананы ғана қамтамасыз
етеді. Басқа тамақ та карточкаға беріле бермейді. Ауыл да
жүдеп біткен, одан келетін көмек жоқ. Кейде есебін тауып,
әкей мал сойған болады, басқа тамақ болмаған соң, бір етпен
күнелту де оңай емес. 6-ауылда жүргенде етке салатын нанды
илейтін ұн болмай, ауданнан келген бір өкілге таза ет асып
бергеніміз есімде. Сол өкіл ертеңіне: «Смайылдың үйінде
неғып ұн болмады екен?!» деп әрі таңырқап, әрі сенімсіздік
көрсетіп кеткенін естідік. Оның үстіне 1942 жылдың
көктемінен бастап әкейді қайта-қайта әскери комиссариат
шақырып, мазалай бастады. Сол жылы елуге шыққан адамды
әскерге алады деген ойымызда жоқ еді… Өзі кетсе,
балалардың үлкені – салмақ маған түсетінін сезді ме, білмеймін. Жазғы мектептен бос кезімізде мені аудандық банкке
ертіп әкеп, бухгалтердің шәкірті етіп орналастырды. Мен аз
күннің ішінде банктің есеп-қисабын игере бастадым. Бір күні
іссапармен келген облыстық банк бастығының орынбасары
Мұхамедьяров деген кісі мені көріп, жүргізіп жатқан есепқисаптарды қарап: «Балам, талабың бар екен, Қарағандыда
үш айлық банктің бухгалтерлерін дайындайтын курс ашып
жатырмыз. Соған барасың ба?» – деді. Мен жасқаншақтап,
жауап бере алмадым. Әрі оқу орыс тілінде жүретінін естіп,
жүрексіндім. Әкеме айтып едім: «Тәуекел, бірдеңе ғып
үлгеріп кетерсің, бар. Заман қиын боп барады ғой, қызметке
үйренгенің дұрыс» деді. «Тәуекел» деп, Қарағандыға тартып
кеттім. Қарағандыда баратын үйім – Рақымбектің Құлжан
деген баласының үйі. Айтыман шешемнің жақын туыстары.
Әкесі Рақымбек қажыға барған, кезінде беделді адамның бірі
болған екен, кеңес тұсында балалары ел ішінде қуғын көріп,
Қарағандының шахтасына түсіп, қара жұмыс істеп кеткен.
Інісі Қойшыбай екеуі бір үйде қатар тұрады. Қарағандының
шахтерлерге арнап салған 16 пәтерлік, барак типтес үйі. Әр
үй бір бөлмелік қана. Құлжанның бір бөлмелі үйінен қонақ
үзілмейді. Мен барған тұста Шибұт деген туысы
Қарағандының жұмысына шақырылып, елден сол әйелімен
келіп жатыр екен. Шибұт, Нұрлыкен ¬Тишмағанбетовтер
біздің елдің бір қадірлі азаматтары еді. Айтыман түскеннен
кейін олармен туыстығымыз жарасып, көп араластық. Ескі
Қарағандының (ол кезде ескі қала, жаңа қала деп бөлінетін)
арасына электр пойыз қатынайды. Шибұт оған қай жерден,
қалай міну керек екенін, нешінші аялдамадан түсетінімді
айтты. Сол жобамен барып, жаңа қаладағы облыстық банкті
таптым. Аудандық банктың берген жолдамасын тапсырып,
оқуға қабылдандым. Соғыстың ауыр кезі ғой, алғашқы
күндері адам жиналмай, оқу бір жетідей кешігіп басталды
және үш ай емес, екі айда аяқталды. Орысша нашар білгендіктен, мұғалімдердің айтқандарын түгел түсініп те болғам
жоқ, дегенмен, есеп жұмысының біраз сырына қанықтым.
Ауылдан шықпаған маған Қарағандыда болған екі айым
үлкен бір мектеп болды. Соғыстың шын ауыртпашылығын
осында көрдім. Қайда барсаң да жетіспеушілік, жоқшылық.
Жатын үйімнің тұрмысы да жұпыны. Шахтерлер ақша табады, бірақ ақшаға сатып алар ешнәрсе жоқ. Кей күндері
капустаның өзін турап, етсіз суға қайнатып, борщ жасап ішеміз. Нан өлшеулі, 500 грамм, әйтеуір уақытында береді.
Есіктің алдында дүкен бар. Су да сатулы. Оны карточкамен
шелектеп аламыз. Карточка да сатылады. Ескі Қарағандының
екі қабатты пошта үйінің жанында Шмидт көшесі, 32 үйде
тұрамыз. Оның сырт жағында теміржол вокзалы («Караганда–Угольная» деп аталады), базар бар. Қатар салынған 8
пәтерлік (екінші беті де солай, түптестіріп салынған) үйдің
бір жақ шетінде біз де, екінші шетінде Қайып Айнабеков
тұрады.
1929 жылы «Қырдың қызыл гүлдері» атты өлеңдер жинағы
шыққан, Сәкеннің қайнағасы, ақын, Сәкеннің көмегімен сол
тұстағы совдеп жұмысына араласқан Қайып Сәкен
ұсталғаннан кейін бой тасалап, шахтаға түсіп кеткен екен.
Бұл жайды маған Құлжан айтты. Сол кезде алпысқа жете
қоймаған Қайып еңкіш тартып қалыпты, кірген-шыққанда
сыртынан қарап қалам. Оқуға барғанда, үзіліс кезінде, оқудан
шыққаннан кейін Қарағандының жаңа қаласында көретін
өмірім де сұрғылт, жүдеу. Әйтеуір түскі тамақты банктің ішінен ішеміз. Тойып емес, талғажау боларлық қорек береді.
Көшеге шықсаң, тамақ ішетін жер таппайсың. Банктің қарсы
бетінде әскери госпиталь бар. Неше түрлі соғыс мүгедектері
есік алдындағы бақ ішінде отырады. Қолы жоқ, аяғы жоқ
мүгедектердің талайын көрдім. Бір жолы өтіп бара жатып, екі
қолы жоқ бір жап-жас жігіттің қасында екі-үш адам үйіріліп
тұр екен. Мен де тоқтадым. Жігіт қолсыз өмірдің қиындығын
айтады – не тамақ іше алмайсың, денеңнің бір жері қышыса,
қаси алмайсың. Бұдан екі аяқты берген артық қой, – дейді.
Қайбір жетісіп айтады дейсің, аяқсыз өмір де ауыр ғой.
Жаның ашиды, қамығасың, көңілің жүдейді.
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 10
29 маусым 2019 жыл
10
Жаңаарқа ауданының құрылғанына 90 жыл
Б
и
ы
л
ауданымыздың
90
жылдық
мерейтойының
қарсаңында
аудан келбеті
жаңару үстінде.
Басты
көшелер
мен ел көп жиналатын
орындардың
барлығына күрделі жөндеу жұмыстарын жасап жатыр.
Оның ішінде аудан орталығындағы Тәуелсіздік саябағы мен
стадион және О.Баубеков атындағы саябақты атауға болады. Бұл екі нысан қазіргі кезде аудан тұрғындарының
күнделікті серуендейтін жеріне айналды.
Аталған екі саябаққа ауданымызға спорт саңылағы ретінде танылған, «Қазақстан барысы» жүлдесінің қүміс белбеу иегері Бәрменов Асыл Әуезханұлы басшылық етіп
отыр.
2016 жылдан бастап, ауданымыздағы «Демалыс саябақтары
және стадионды басқару» КМҚК-ның басшысы ретінде
қызмет жасап келе жатқан Асыл Бәрменовты күрделі жөндеу
жұмыстары жайында әңгімеге тарттық.
-Әңгімемізді Тәуелсіздік саябағында жасалып жатқан
күрделі жөндеу жұмыстарынан бастасақ.
- Биылғы аудынның 90 жылдығына орай, облыс әкімінің
бюджетінен қаржы бөлініп, аудан әкімі Юржан Бекқожиннің
қолдауымен күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Сәуір айынан бастап Тәуелсіздік саябағы мен стадионда
жөндеу жұмыстары қолға алынса, қазіргі кезде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалып жатыр. Бұл құрылыс
жұмыстарын ауданымыздың мердігері «Т.М.Жанқозин»
ЖК және «Инсаат Инжиниринг» ЖШС-нің қызметкерлері
жасап жатыр. Барлығы 25 адамға жуық қызметкерлер
жоспарлаған жұмыстарды уақытылы аяқтау үшін аянбай
еңбек етуде.
Бұған дейін, саябақтың алдыңғы қатардағы қоршаулар
толығымен ауыстырылып, заманауи үлгіде жасалды. Одан
кейін, стадион ішіне 6800 шаршы метр газон және сыртын
айнала қоршаған тартан жолын
(жүгіруге арналған) төседік.
Қосымша орындықтар ауыстырылып, 40 метрге жуық трибуна,
яғни 3-5 қатарлы көрермен
орындары жасалды. Стадион
алаңына 10 үлкен прожектор
жарық шамдары орнатылатын
болады, - деп атқарылған
жұмыстар мен жоспарда тұрған
жұмыстары жайлы бөлісті.
Келесі кезекте саябақ мәселесіне келер болсақ, төсемтастар
мен жиектер (бордюр, брусчатка) салынып, саябаққа сән
беріп тұрған, кіре берістегі қақпа барлығы бірден көз
тартарлық кейіпке еніпті. Толығымен аяқталмаса да, жұмыс
сапасы бірден көрініп-ақ тұр. Саябақтың дәл ортасында 7
метрлік субұрқақ (фонтан) толығымен жасалып тұр. Су
жүйесін бұйырса алдағы күндері қосатынын Асыл
Әуезханұлы сөз арасында жеткізді.
-Саябақта сонымен қатар, балалардың алаңсыз ойнауына
ерекше көңіл бөлініп, балалар ойнайтын алаң да қалыпқа
келтіріліп жатыр. Бұрыңғы тұрған құралдар сырланып,
әктеліп жаңа кейіпке енсе, қосымша 150 кг-ға дейін
көтеретін әткеншек (карусель), 5-8 орындық әткеншектер
қою жоспарда тұр. Осылайша балалар алаңы жаңа заттармен
жабдықталып, қолданысқа беріледі.
«Тәуелсіздік ескерткіші» аталып кеткен саябақ ортасында
тұрған ескерткіш те жаңартылады. Саябақтың шеткі жақтағы
волейбол алаңына газон төселді. Ішкі қоршаулары әктеліп,
жаңару үстінде,-деп саябақтың қосымша бөліктерімен таныстырды.
«Жыр қойнауы - Жаңаарқа» дегендей, Жаңаарқа жерінің әнжырсыз еш мерекесі өткен емес. Осыны жұмыс жасап
жатқан құрылысшылар да ескерсе керек, саябақ төрінде
орналасқан жазғы сахнаның құрылысына ерекше мән беріпті. Сыртқы келбеті заманауи үлгіде қапталып, жан-
саябақ - аудан сәні
жағының барлығы сахнаның сәні мен ажарын айшықтап тұр.
Қазір құрылысшылар сол бөлікті жасау үстіне. «Әр
жұмыстың сапалы болуын қадағалап, уақытында аяқтау үшін
барымызды салып жатырмыз»,дейді
құрылысшылар.
Жоғарыда аталған «Демалыс саябақтары және стадионды
басқару»
КМҚК-ның
мекемесінің
қарамағына Модуль спорт
кешені де бар. Былтырғы
жылы спорт кешенінің
соңынан қосымша бөлік салынып, кеңсе кабинеттері
қолданысқа берілген болатын. Бүгінгі әңгіменің кейіпкері
Асыл
Әуезханұлының
жұмыс
орны – осы Модуль спорт
кешенінде орналасқан.
-Модуль спорт кешені
2007 жылы ашылған болатын. Сол уақыт аралығында спорт кешенінде түрлі
жарыстардың куәсі болдық. Қандай да бір аудандық,
облыстық іс-шаралар болса да осы спорт кешенінде өтеді.
Биыл да кішігірім жөндеу жұмыстары өтіп, едендері мен
қабырғалары жаңаланып, қосымша жарық шамдар, бейне
бақылаулар орнатылды.
Біздің жұмыс орнымыз осы жерде. Барлық штаттағы
адамдар осы жерде отырады. Қазір штатта 26 адам
қызмет жасайды. Оның
7-еуі
Тәуелсіздік
саябағында қызмет жасаса, 6-ауы О.Баубеков
атындағы саябақта өз
қызметтерін атқардады.
Ол қызметкерлер арасында,
күзетшілер,
электрик, бақылаушы,
қойма меңгерушілер
сынды
азаматтар
жұмыс жасайды.
Ал, қалған қызметкерлер осы мекемеде қызмет атқарады.
Барлық қызметкерлер ұжымда бір-бірімен тату, сіз-бізіміз
жарасып, бірлесе жұмыс жасап келеміз. Ұжымда көп жылдан
бері қызмет атқарып келе жатқан білікті мамандарымыз да
аз емес. Атап айтсақ, Бақытгүл Башенова, Мұрат Шахманов,
Өміржан Арыстанов және орынбасарым, әрі жолдасым – Игілік Шораев. Бұл аталғандардың барлығы өз ісінің шеберлері,-деп, ұжымы жайында тебірене сөйледі.
Спорт кешенінің жұмыс уақыты - әр түрлі екен. Ісқағаздармен жұмыс жасайтын топ, кешкі алтыға дейін
жұмыс жасаса, қалғаны кешкі уақытта Модуль спорт кешені
өзінің тұрақты спортпен айналысатын спортшыларына
қызмет жасайды. Жұмыс уақыты аяқталған соң, кіші футбол,
волейбол сынды секцияларға қатысатындар келіп,
жаттығады. Одан бөлек, біздің аудан спортшылары үшін кешенде арнайы жаттығу залы бар. Сол залда түрлі
жаттығуларға арналған зіл темірлермен шынығатындар және
басқа да жаттығулар жасап, жаттығатын адамдарға
арналған құрылғылар жетерлік. Уақытының көбісін
жаттығу залында өткізетін спортшылар үшін барлық
жағдай жасалған. Киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлме барлығы да заман талабына сай жасалып,
жұмыс жасап тұр. Спортпен шұғылданамын деген
жандарға аптаның 7 күнінде де есігіміз ашық дейді
кешен басшысы.
Келесі кезекте, аудан тұрғындарының қазіргі таңда
жиі-жиі бас қосып, серуендеп, сүйікті демалыс орнына арналған - О.Баубеков атындағы аудандық
саябақ.
Саябақ негізін салушы - Отыншы Баубековтың
атына байланысты 1995 жылдың маусымында
аталған саябақ ашылған болатын. Сол жылдан бастап, аудан орталығына көрік беріп келе жатқан демалыс орындарының бірі. Бүгінгі күнге дейін
саябақта түрлі күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізілген. Кейінгі күрделі жұмыс былтырғы жылы
болды. Жастар алаңына төсемтастар төселіп, аң-құс бейнеленген мүсіндермен толығып, жаттығу алаңы ашылып,
жарық шамдармен, түрлі үлгідегі орындықтармен
жабдықталған еді. Сонымен қатар, «Саябақ көркі - жасыл
ағаш» дегендей, аудан әкімдігі мен аудандық жастар
орталығының қолдауымен «Жасыл ел» еңбек жасағы және
аудан тұрғындарымен бірлесе өткізілген түрлі акциялар аясында кейінгі жылдары
отырғызылған
ағаштар
саябаққа сән беріп тұр.
-Саябақ ішінде көлеңке
көп болу, онда демалуға
келген адамдарға барлық
жағдай жасау үшін әртүрлі
талдардың өсіп тұрғаны
абзал. Оларлы уақтылы суарылып, күту біздің бірінші
міндетіміз, -дейді саябақ
бақылаушысы
Өміржан
Арыстанов мырза.
Өміржан аға 2008 жылдан
бастап «Демалыс саябақтары және стадионды басқару»
КМҚК-ның қызметкері ретінде жұмысқа орналасып, 2013
жылдан бастап, О.Баубеков атындағы саябақтың
бақылаушысы болып қызмет жасап келеді.
-Саябақ іші көгалданып, абаттанып, көріктенген сайын демалу үшін келушілер саны күннен күнге өсуде. Бүгінде
саябаққа келетіндердің жартысынан көбі - балалар. Жазғы
демалыстарында асыр салып, осы саябақта ойнағанды жақсы
көреді. Биылдан бастап, түрлі балаларға арналған самокат,
ролик, скейтборд, гироскутерлер жалға беріледі. Соларды
қызықтап, кешке дейін ойнап жүреді.
Біздің басты жұмысымыз - қыста жолдарды қардан тазартып, мұзды ойып, саябақ ішінен өтетін аудан тұрғындары
үшін жағдай жасап отырдық. Көктем шыға салысымен күлқоқыс шығарып, қураған талдарды кесіп, ағаштарды бұтап,
түбін ақтадық. Содан бері, әр түрлі гүлдер егіп, саябақтың
көреюіне ат салысып келеміз. Кейбір адамдар серуендеп
жүріп, қоқыстарын шашып та кететін кездер кездесіп жатады. Біз сондай жандарға айтарымыз түрлі қоқыстарды
шашпай, керісінше басқаға үлгі көрсетіп саябақты тазартып,
адамдарды қоршаған ортасына қамқор болуға үйретуге,
туған жерін құрметтеуге шақырамыз. Өйткені, саябақ – аудан
тұрғындарының ортақ демалыс орны деп білемін,-дейді
Өміржан аға.
P:S Біздің саябақтар аудан бойынша адам жиі жиналатын үлкен демалыс орны боп саналады. Жаңаарқаға ат
басын бұрған қонақтар да алдымен осында бас сұғады.
Жыл сайын саябақтың көкжиегі кеңейіп, көркейіп келеді. Олардың барлығы кезең-кезеңмен іске асуда.
қарқынды қызу жұмыс нәтежесінде болашақта қала
саябағынан кем болмайтынына хақ сенеміз.
Рахат ӨМіРБЕКқЫЗЫ
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 11
29 маусым 2019 жыл
11
ЕСКЕ алу
АсЫлБЕКОВА МАНАТ ЖАқЫПБЕКқЫЗЫ (руы
Тарақты) 1964 жылы 4 сәуірде дүниеге келген еді. Бірақ,
тағдырдың жазуымен 54 жасында бұл дүниеден бақилыққа
озды. Аяулы жар, ардақты ана, немерелерінің сүйікті әжесі,
ұл-қыз тәрбиелеп, ер жеткізді.
Өзі ауырып жатып кенже қызы Ақмаралды ұзатуға
асығып, батасын беріп шығарып салды. Немересі Айлинді
иіскеп, қырқынан шығарғанына тәуба қылып өмірден озды.
Алланың ісіне шара жоқ. Ардақты, асылымызды сағына
еске алып, жаратқаннан жұмақтан орны бұйыртсын деп тілейміз. Оқытқан дұғаларымыз қабыл болғай.
Ана сізді сағынып, еске аламыз,
Аялаған, әлпештеп үш балаңыз.
Қысқа ғұмыр кешкенге өкінеміз,
Әмірін Жаратқанның бағынамыз.
Еске алушылар: отағасы-қалдыбай, балалары-Зәуре, Нұрболат, Ақмарал,
күйеубалалары Бекзат, Алдияр, келіні-Нұргүл
4 шілде күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” тойханасында аяулы анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Жаңа кітап
қалыбек Түгелбай шежіресі жарыққа шықты
Құрастырған, жүйелеген, ғылыми-танымдық деректері мен талдауын жазған - Ғалым Төтейұлы. Ғалым
Төтейұлы - жоғары білікті инженер-механик, ақын-сазгер, сөзтанушы, тарих зерттеушісі. Кітаптың демеушісі - Қобыланды Рақметжанұлы Салжанов. Отыз
шақты әулеттің ата-тегін талдап, тарқатып берген
кітап осы жұрттың ұрпақтары үшін ғана емес, жиендері, нағашылары, құда-жекжаттары, шежіре жинаушы көзі қарақты жандар үшін де тамаша тарту
болмақ. Шежіре-кез келген отбасында әулеттің
төлқұжаты. Әр шаңырақта, әсіресе, қара шаңырақта сандықта сақталар қымбат
қазына.
Болат СыздыҚОв
Қазақ шежіресі өте ертеден бері ауызша айтылып келген. Шежіре атадан балаға, бабадан
ұрпаққа ауызша берілген. Осыған байланысты шежіредегі ауытқулар, әр елде, әр жерде
әртүрлі айтылып келуі заңды құбылыс. Әр ру, әр тайпа шежірені өздеріне жақындатып
айтуға тырысады. Бұл қалайда болатын жағдай.
Қазақ шежіресін жинақтауда ерекше еңбек сіңірген Мәшһүр Жүсіптің өзі шежіренің өте
ертедегі бастау көздеріне дүдәмал оймен қараған. Түрік шежіресін жазған Әбілғазы да өзінің
келтірген шежірелерін нақты ақиқат деуден қашқақтап «бұның бәрін бір Алла біледі» деп
отырған.
Әрине, шежіренің тарих тұңғиығына тереңдеген кездерін бұлынғыр деуге болады. Ал
рулардың кейінгі кезеңдеріндегі шежірелері нақты екендігі түсінікті. Солай болса да, кез
келген шежіреден тарихи шындықты қарапайым адамдар жобалап, ал ғалымдар зерттеп,
анализ-синтез жасап түсінуіне болады.
Сондықтан да, қазақ шежіресінің тарихи маңызы өте жоғары. Болашақ ұрпақ үшін де шежіре аса қажет дүние және қасиетті рухани қазына. Шоқан Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп,
Шәкәрім сияқты ірі тұлғалардың, тағы басқа орыс-қазақ зерттеушілерінің ғылыми
еңбектерінен басқа, қазақ шежіресінің қағазға түсуінің ерекше тарихы бар.
1872 жылы Меккеге қажылыққа ұзын саны 120-ға жеткен қазақтың үш жүзінен атақты
адамдар барған екен. Солардың ішінде орта жүзден Құнанбай қажы, кіші жүзден Досжан
қалпе сияқты басты тұлғалар болған. Меккеде осы кісілермен ноғай, татар,сарт сияқты
ұлттардың өкілдері де араласып жүрген.
Қазақтардың киім киісі, жүріс-тұрысы ерекше болғандықтан Мекке басшысы бәріне сұрау
салып қандай халық екендігін білгісі келген екен. Яғни, ол кісі ноғай, татар, сарттарды
танып, қазақты танымаған. Намыстанған Құнанбай «біз қазақ деген халық боламыз» деген
екен. Мекке басшысы «қазақ деген халықты білмейміз, естіген де, еш жерден оқыған да
жоқпыз» деп таң қалады. Мұндай сөз намыстарын жаныған қазақтар ақылдасып, Меккеден
қазақ жайлы жазба тарихты іздестіреді. Бірақ еш дерек таба алмайды. Сонда біреу тұрып
«бір табылса Бағдаттағы Имам Ағзам кітапханасынан табылады» деп бағыт-бағдар берген.
Содан ұйымдасып ақша жинап Досжан қалпені Бағдатқа аттандырады. Досжан қалпе іздегендерін, қазақ шежіресін тауып әкеледі. Шежіренің бұл нұсқасында қазақ Әнес сахабадан
тараған ел болып шығады. Бұған рухтанған қажылар ақша жинап, «қазақ» атын қалдыру
үшін, қажылыққа келген қазақтар түсуі үшін «Қазақ тәкиесін» салдырып, оны Құнанбайдың
атына жаздырады. Осы табылған шежіре бойынша қазақ шежіресі ең бірінші рет (әрине,
шежіренің бас жағы), Досжан қалпенің әкелуіне байланысты кіші жүзде қағазға түсе бастайды. Содан кейін қазақ шежіресінің әртүрлі нұсқалары әр жерде шыға бастаған.
Біздің жазып отырған шежіреміз Қалыбек руының Түгелбай тармағына арналған.
Мақсатымыз: кейінгі ұрпаққа із қалдыру және ата тегін танып, бір-бірін біліп жүрсін, жалпы
қазақ тарихымен рухтанып өссін деген ізгілікті ой.
Шежіренің бас жағы, яғни тарихтың терең тұңғиығына арналған тұстары қағазға түскен
шежіре нұсқаларын салыстыра отырып, өзімізге ыңғайы келеді, тарихи шындыққа жанасады
деген деректер келтіре отырып жазылды. Сондықтан, оқып-тоқып жүрген, көзі қарақты
оқырман біздің келтірген нұсқалармен келіспеген жағдайда, өздері ұнатып қабылдап жүрген
пікірлерінде қалуына қарсылығымыз, ренішіміз жоқ. Сол сияқты, сіздер де реніш білдірмей
не қабылдап, не өз пікірлеріңізде қалсаңыздар ризашылық. Себебі, шежіренің нақтылығын
дәлелдеуге ешкімнің қолы жеткен емес.
Ал, шежіренің соңғы кезеңдері, яғни жеті атаның алды-арты тікелей кәзіргі тірі
ұрпақтардың өздерінен алынды. Бұл ұрпақтардың немқұрайлы қарайтындары аталары туралы дұрыстап мәлімет бермегендіктен шежіреде қателіктер кетуі мүмкін. Кей жерлері жетіспей жатады. Сондықтан, ұрпақтардан дұрыс мәлімет ала алмаған біздің де кемшілігіміз
бар. Бірақ естеріңізде болсын, бұл жерде негізгі жауапкершілік дұрыстап, ықтяттылықпен
аталары туралы анық мәлімет бермеген ұрпақтардың мойнында.
Қалай болғанда да, шежіренің жазылып, шығуы өте абзал дүние. Жоғарыда атап өттік бұл
ұрпақ үшін керек. Жер ортадан асып кеткен біз жастарға білгенімізді қалдырып кетуге
тырыстық. Келешекте жастар, ұрпағымыз жетпей жатқан жерлерін толықтырып, қателерін
түзеп, жаңадан қайталап Түгелбай шежіресін шығарып отырады деген сенімдеміз.
Ата – бабаларымыздың аруағы риза болсын! Өзіміздің рухымыз байып, өсе берсін !
Ғалым ТӨТЕйҰлЫ
ЕСКЕ алу
Бізге пана болып, нардың жүгін көтеріп өсірген,
бойындағы барын берген, ақ сүтін, нәрін берген, әкеміз
Түкішке адал жар болып, ұлын ұяға қондырып,
немерелерінің қызығын көрген анамыз, сүйікті әжеміз
РЗЫқИя қОЖАНТАйқЫЗЫНЫҢ өмірден озғанына 7
шілде күні 40 күн толады. Анамыздың жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болсын деп Алладан тілейміз.
Жайлы болсын мәңгі мекен, бесігің,
Періштелер ашсын жұмақ есігін.
Бауыржаның ұмытпайды ешқашан,
Жүрегімде сақталады есімің.
Елес болып жарқын бейнең қалды шын,
Жатқан жерің жайлы болсын, анашым!
Енді міне, қабылдайсың тек үнсіз,
Балалардың дұғасы мен алғысын.
Еске алушылар: келіні-Баян, баласы-Бауыржан-сәуле, немерелері-шөберелері
7 шілде күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында аяулы анамыздың өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
аСҚа ШаҚыРу
Тірі адам тіршілігін жасайды. Сәкен ауылының тұрғындары болған, туған-туысқа
сыйлы, құрметті болған, панамыз, алып бәйтерегіміз, асқар таудай әкеміз ПАЗЫл
КӘдіРБЕКҰлЫНА өмірден озғанына биыл 34 жыл, сүйенсек сүйеу, құласақ тіреу бола
білген аяулы анамыз үМіТЖАН КүлМАҒАНБЕТқЫЗЫНА 26 жыл толып отыр. Қос
бәйтерегіміздің жанымызда жоқ болғанына үйренгенімізбен, жүректе ауыр мұң бар.
Қолдан келер шара аруақтарына құран бағыштап, артында қалған бала-шағаларын қорғапқоршап жатуларын қол жайып тілеу ғана.
Сағымға толы елестерден іздеп, асқан сағынышпен еске ала отырып, жатқан жерлері
жайлы, топырақтары торқа, жандары жәннатта болсын дегіміз келеді.
Әкеміздің өмірден өткеніне 34 жыл, анамыздың өмірден өткеніне 26 жыл толуына
орай, 6 шілде күні сағат 13.00-де сәкен ауылының тойханасында ас беріледі. Асқа
ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаң, жора-жолдас, көз көрген адамдарды
шақырамыз.
Ас берушілер: балалары, немерелері
ӨРТ- ТілсіЗ ЖАУ
Орманды өрттен сақтайық!
Орман – табиғаттың сыйы!
Орман – адамдарға емдік әсер ететін, күші мен қайратын
қалпына келтіретін, өсімдіктер мен
жануарлар
дүниесінің әртүрлігінен эстетикалық ләззат алуға
мүмкіндік беретін денсаулық қоймасы.
Орманда өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан
бәрі әп-сәтте өртпен аяусыз жойылады.
От – орманның қатыгез жауы. Өрт табиғатқа орны
толмас және мағынасыз зиян келтіреді.
Өрттен
орман өсімдіктері ғана емес, көптеген құстардың
түрлері, жануарлар дүниесі, терісі бағалы аңдар жойылып немесе басқа жаққа ауып кетеді. Сонымен
қатар өрттен шыққан түтіннен біз демалатын ауа қатты
ластанады.
Орман өрттері негізінен адамдардың кінәсінен туындайды.
Өрт көбіне шаруа қожалықтарының маусымдық шөп дайындау
кезінде тракторларды техникалық талаптарға сай емес пайдаланғаннан, өртке қарсы шараларды дұрыс сақтамағаннан болады. Мысалы трактордың күшіне сай емес нормадан тыс
жүк тасу шоқ лақтыруға алып келеді.
Өрт қауіпі бар маусымға дайындалу мақсатында «Орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық мемлекетік мекемесі орман өрттері туындай қалған жағдайда олармен күресу үшін өртке қарсы іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Орман заңдылықтарын сақтау жөнінде орманды алқаптарға жақын орналасқан Қараағаш,
Ақтау, С.Сейфуллин, Айнабұлақ ауылдық округтерінің шаруа қожалықтарымен
меморандумға отырып, орман және дала өрттерінің алдын алу жөнінде ескертпе үнпарақтар
таратылды. Ағаш өскен жерлер соқамен жыртылып, минералды жолақтар салынды.
Қараағаш орманшылығында күнделікті ерікті өрт сөндіру командасы құрылады.
Өртке қарсы Қараағаш орманшылығының ерікті өрт сөндіру жасағының күштері мен
құралдарының, Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері, «Қазавиақұтқару» АҚ, Жаңаарқа
ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, Жаңаарқа аудандық ауруханасы, орман шаруашылық
мекемелері бірлесіп, өзара әрекет ету дайындықтарын пысықтау мақсатында 17 мамыр
күні Қараағаш орманшылығында табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқужаттығу өткізілді.
Жаттығу қорытындысына сәйкес қатысушылар жақсы дайындығы мен олардың алдына
қойылған міндеттерді орындай алатындарын іс жүзінде көрсетті.
Қорыта айтқанда аудан жұртшылығын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтап, өрт бола
қалған жағдайда аудан халқын бірлесіп сөндіруге шақырамыз!
д.КОЗЫБАЕВА,
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы»
КММ-нің Орман қорғау және күзету инженері
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Көктал орта
мектебінің педагогикалық ұжымы мектеп директоры Гүлнар Ахметоваға, мектептің
ұстаздары Әлия, Сайлаукүл, Жұлдыз, Ғабдуллаға
әкелері ТілЕУХАН АХМЕТОВТЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
№31-32qxp_Жанаарка газеті 28.06.2019 19:09 Страница 12
ҚҰТТыҚТаЙМыз !!!
Ш.Ералиев ауылдық округінің тумасы, асыл жар, асқар
тау әке, ардақты ата, ауылдастарына сыйлы арда азамат
МҰХАМЕдіҒАлЫ УӘлИҰлЫ ӘЗБАЕВ мерейлі 70
жастың желкенін көтеріп отыр. Осы ауылда ұзақ жыл бас
инженер, ауыл әкімі ретінде табанды тер төгіп, ел дамуына елеулі үлес қосқан асыл жанды осынау төл мерекесімен құттықтай отырып, деніне саулық, басына
амандық тілегіміз келеді. Алып бәйтерегіміздей
жайқалып, төріміздің сәні, өміріміздің мәні болған
қастерлі қалпы, бөлек болмысы біз үшін қашан да қымбат.
Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелері мен
жиендерінің шуағына бөленген өмір-даңғылы өрнекті де
шуақты болғай. Мың жасаңыз, ардақты жан!
Құтты болсын осы 70 жасыңыз,
Сексеннің де сеңгірінен асыңыз.
Қуат алып денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп, жүзге қадам басыңыз.
Балалардың арасында жүріңіз,
Үзілмесін еш уақытта ізіңіз.
Тілек еттік шын жүректен бәріміз,
Мықты болып, ұзақ өмір сүріңіз.
Тілек білдірушілер: жұбайы-Табиғат, балалары-самал, Әсемгүл-Азамат,
Ғабдулқадыр-Назгүл, Гүлжәмила-Асқар, немерелері мен жиендері-Мақсат, Айша,
Жаннұр, Балнұр, Аружан, Исмаил, Мейрам, Мансұр
шуақты жаз
лагерь - 2019
Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінде 3 маусымнан бастап, оқушылардың
жазғы сауықтыруын, демалыстары мен жұмысқа қамтылуын және бос уақытын
ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері 3 маусым күні «Армысың жаз!» атты лагердің ашылу салтанатымен ашылды. Балалар ән
шырқап, билерін тарту етті. Мектеп директоры Б.Шибутова балаларды мерекесімен
құттықтап, балаларға жақсы демалыс тіледі. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа
толы ұмытылмас күндерін жазғы сауықтыру лагерінде қызықты да ұмытылмастай етіп
өтуіне тілек білдірді. 1 маусымға 16 әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен аз
қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылар тартылды. Жазғы лагерде балалардың
сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша
балаларға таңғы ас пен түскі ас беріледі. «Бала күлкіге тоймас» дегендей балалардың
көңілді демалысын ұйымдастырып, көңілдерін әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі
іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіліп жатыр. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып,
өлең жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер,
сайыстар өтеді. Мақал-мәтел сайысы, логикалық ойындар, тренингтер, әр түрлі
тақырыпта қызықты әңгімелер, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, балалардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына тәрбиешілер бар күш-жігерлерін, өнерлерін
ортаға салуда. Мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізіп отырады. Балалардың осындай қызықты да ұмытылмыс күндері таусылмасын деген тілектеміз. Жаздағы жақсы демалыс - жыл бойына қажетті күш –қуат.
Г.АМАНБАЕВА,
лагерь басшысы
дүБүРлі дОдА
сПОРТ
Жақында Қарағанды қаласының «Шахтер” стадионында, Н.Әбдіров атындағы спорт
сарайында Қарағанды облысы ауыл жасөспірімдерінің І жазғы ойындары өтті.
Жарысқа спорттың 7 түрінен облысымыздың барлық аудандарынан 2003-2005 жылдары туылған спортшылар қатысты.Жекелей командалық жарыс өте тартысты, қызықты
жағдайда өтті. Нәтижесінде кіші футболдан аяқ доп шеберлеріміздің командасы І
орынды жеңіп алса, волейболдан ұлдар командасы 2 орынды, тоғызқұмалақтан жекелей
ұлдар арасында 2-ші тақтада Қызбалин Әділжан ІІ орын, қыздар арасында 1-ші тақтада
Балағазина Ділназ ІІ-ші орын алып, командалық 4-ші орынды иеленді. Жарыс
жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды облысының әкімдігі мен Қарағанды
облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдары, грамоталарымен
және кубоктармен марапатталды.
Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
Жшс басшысы - бас редактор
ЕРАлИНА сАлТАНАТ АМАНқЫЗЫ
МЕНшіК ИЕсі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті Жшс
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИН 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБЕ 16,
РНН 240400001948, АО “Народный Банк Казахстана”
лагерь -2019
қызыққа толы жазғы лагерь
Балалардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін
дамыту, ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту
мақсатында Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінде
ұйымдастырылған жазғы сауықтыру лагеріне көп балалы, аз қамтылған, толық емес
отбасының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан барлығы 58 бала
қамтылды. Лагерге келген балаларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Жазғы лагерде балалардың сапалы
тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға
2 мезгіл тамақ беріледі.
Лагерь жұмыс мазмұнының жоспары балалардың ынтасын дамыту, патриоттық тұлға
тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша құрылып, лагерь тәрбиешілері
Ф.Тишмаганбетова, Т.Әбдіқұлова, үш тілді оқытушы мұғалім Б.Назарбекова, дене
шынықтыру мұғалімдері И.Күлмаганбетов, Н.Шегіров, ән-күй, би мұғалімі Д.Әлжанов,
медбике А.Жакаева, электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуші М.Шожина
балалардың жағы демалысының есте қаларлықтай өтуіне атсалысуда. Лагерь ұжымы белгіленген күн тәртібі негізінде жұмыс жүргізіп отыр. Таңғы жаттығумен басталатын күн
тәртібінде түрлі тәрбиелік сағаттар, спорттық ойындар, ертегілер бойынша қойылымдар,
саяхат, тренинг, ағылшын тілі және орыс тілін үйрету қамтылған.
Лагердің алғашқы күнінде «Сәлем, жаз!» тақырыбында салтанатты ашылуы өз мәнінде
өтті. Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету
мақсатында «Тазалық туралы әңгіме», «Дәрумендер еліне саяхат», «Денсаулығым –
байлығым» тақырыптарында тәрбиелік сағаттар және «Мен және менің дансаулығым»
акциясы өткізілсе, балалар мейірімділік, жанашырлыққа үйрететін «Жолдас көмекке
асығады» мультфилімін қызыға тамашалап, «Сен үшін» тақырыбында достарына арнап
сурет салды. Балалардың спортқа және дене шынықтыру сабақтарына
қызығушылықтарын арттыру мақсатында сергіту жаттығулары, көңілді старт,
қозғалмалы спорттық ойындар ойнатылады.
Жоспар бойынша белгіленген «Кітап күні» балалар мектеп кітапханасына саяхат жасап,
түрлі жанрдағы кітаптармен танысты. Кітапханашы Р.Рысмағамбетова НЗМ «Book Star»
жобасы арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятты. Тәрбиешілер
«Кітап – білім бұлағы» тақырыбында тәрбиелік сабақ өткізді. Сондай-ақ Б.Өтешов
атындағы үлгілі балалар кітапханасына саяхат жасады. Кітапхананың оқу залында
балаларға «Елбасы Жолдауы – білімге қолдау» атты ақпарат сағаты өткізілді. Бұл
ақпараттық сағатының мақсаты Елбасымыздың биылғы халыққа жолдаған Жолдауы, өмір
жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беріліп, насихатталды.
Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан аудандық балалар өнер мектебінің ұжымы және мәдени-сауық орталығының ұжымына үлкен алғыс
айтқымыз келеді. Балалар өнер мектебінен келген өнерпаз оқушылар лагерь балаларына
арнап би билеп, ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сондай-ақ, мәдени-сауық орталығының балалар мен жасөспірімдер бөлімінің
меңгерушісі А.Айтжанованың, оператор Е.Әбжанов және концерттік бағдарламаны
жүргізген Қ.Қайыркен, Б.Серік, әнші А.Бекенованың ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарлама балалар көңілінен шықты. Осылайша мектеп жанындағы жазғы
сауықтыру лагері қызықты өтуде.
Н.МҰХАММЕдЖАНОВА,
лагерь басшысы
КРЕдИТЫ НА РЕМОНТ И сТРОИТЕлЬсТВО
От Азиатского Кредитного Фонда
БЫсТРО, УдОБНО, БЕЗ КОМИссИй
29 (Ардак)
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
до 20 000 000 тенге
До 60 месяцев
Мы ждем вас! Наш адрес: п.Атасу, ул.Абая, 19,
Контактный телефон:
8(71030) 2-71-94, +7 771 266-57-00 (Нурсултан)
+7 771 747-06-85 (Акмарал), +7 771 790-62-
Газет “арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1737 дана
Тапсырыс №31-32
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
9
Размер файла
7 315 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа